text
stringlengths
3
252k
Сметанино — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы, Кожохов ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2024 жылы таратылды. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Глубокое кентінен солтүстікке қарай 17 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Джеймс Крофорд Эйнджел (ағылш. James Crawford Angel; 1 тамыз 1899, Спрингфилд, Миссури — 8 желтоқсан 1956, Панама қаласы) — американдық ұшқыш. 1933—1937 жылдардағы Венесуэланың қол жеткізгісіз ауданындағы сарқыраманың үстінен ұшып өткені арқасында белгілі, кейін ол әлемде  ең биік сарқырама екеені белгілі болды; бұл сарқырама ұшқыштың құрметіне Анхель ("ангел", исп. Angel сөзінің испанша айтылуы) деп аталды. Эйнжел 16 қарашада 1933 жылы (ол тау беткейінен көрінетін кенді іздеумен айналысқан) сарқыраманы ұшу кезінде кездейсоқ тауып алады. Сарқырамаға қызыққан Эйнджел ол туралы жазылған венесуэлалық саяхатшы және зерттеуші Феликс Кардон Пуигтың жазбаларынан куәлік іздестіреді және 1937 жылғы наурызда Венесуэлаға оралды, қайтадан Кардонмен бірге сарқырама үстінен ұшады. Ақырында, 1937 жылы 9 қазанда Эйнджел сарқыраманың шыңына қону талпыныс жасады, соның барысында оның ұшағының дөңгелектері балшыққа батып кетіп зақымданды (ұшақ шыңда 1970 жылға дейін қалды, венесуэла билігі оның қалдықтарын қайта қалпына келітіріп, тікұшақпен Каракасқа жеткізді). Эйнджел, оның әйелі және тағы екі серігі 11 күн бойы жүрген. Бұл саяхат бұқаралық ақпарат құралдарын өзіне кеңінен көңіл аудартты және сарқырама ұшқыш атын алды. Эйнжел қайтыс болғаннан кейін оның өсиеті бойынша, күлі сарқыраманың үстіне шашылды. * * 1933-1937 жылдары кездейсоқ ұшып жүргенде оның көзіне Венесуеладағы сарқырама түседі.Сонымен осы сарқырама әлемдегі ең биік сарқырама болып шығады.Осы сарқырама ұшқыштың құрметіне Анхель [Испан тілінен Angel−«періште»] деп аталған.Эйнджел 16 қарашада 1933 жылы кездейсоқ ұшу барысында сарқыраманы көреді.Сарқырамаға қызығып,Эйнджел осы сарқырама жайлы мәліметтер жинайды.Феликс Кардон Пуи деген Венесуелалық саяхатшы және зерттеушіден мәлімет алады,1937 жылы наурыз айында Венесуелаға қайта оралып,сарқыраманың үстінен Ф.Кардонмен бірге ұшады.Соңында 1937 жылы 9 қазанда Эйнджел Сарқыраманың шыңына шығуға бел буады,алайда қону барысында ұшақ батбаққа батып,зақым алады.[ұшақ сарқыраманың шыңында 1970 жылға дейін қалады] Эйнджел,оның әйелі және тағы екі серіктесімен 11 күн бойы аймақтан әрең шығады.Осы оқиға кеңінен таралып ақпарат тез арада тарап,осы сарқырамаға ұшқыштың есімі берілді. ## Қайнар көздері * Кравчук Т. А. Рекордтар табиғат. — Л.: Эрудит, 1993. — 216 с. — 60 000 дана — ISBN 5-7707-2044-1.
Канайма Ұлттық паркі (исп. Parque Nacional Canaima) — Венесуэла оңтүстік-шығысында Бразилия және Гайанамен шекарасындағы парк. Аумағы шамамен 30000 км². Боливар штатында орналасқан және шамамен сол Гран Сабана табиғи паркіндей аумақты алып жатыр. Парк 12 маусым 1962 жылы ашылды көлемі бойынша елде екінші орын алады, тек Парима-Тапирапеко паркіне орын береді."1994 жылы Канайма ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізіміне енді. Парктің басты көрікті орны және құндылығы ондағы тепуилер (жалпақшоқылы таулар). Парктегі ең танымал тепуи — Рорайма (ең биік және өрмелеу үшін ең қарапайым) және Ауянтепуи, онда атақты ең биік Анхель сарқырамасы орналасқан. Тепуи — Оңтүстік Америка және Африка  бір суперқұрлық бөліктері болған кездегі дәуірде қалыптасқан құмдақтар. Ұлттық парктің аумағы пемон үнді халқының отаны болып табылады, олар тепуи "мавари" рухтарының үйі ретінде санайды. Парк шалғай жерлерде; жолдарды байланыстыратын елді-мекендер өте аз, сондықтан негізгі көлік шағын авиация болып табылады, сондай-ақ жаяу өтпе жолдар және өзендермен каноэмен жүзуге болады. Жергілікті тұрғындардың көпшілігі — пемондар, негізінен, туризмен айналысады. ## Сілтемелер * World Conservation Monitoring Centre Мұрағатталған 10 шілденің 1997 жылы. * Official UNESCO website entry * Суреттер парк
Асқаралы – Қалба жотасының солтүстік-батыс бөлігіндегі тау. ## Географиялық орны, жер бедері Абай облысы Жарма ауданында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 731 м. Беткейі тік жарлы келген. ## Өсімдігі Шығыс баурайының қара топырағында бетеге, боз, ақ селеу мен бұталы өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Кәрім Мыңбаев ауылдық округі (2007 жылға дейін – Қызылтау ауылдық округі) – Қарағанды облысы Шет ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы — Қызылтау ауылы. ## Дереккөздер
Ақжайық — Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігіне қарасты Балықшы ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1888 адам (885 ер адам және 1003 әйел адам) болса, 2009 жылы 2191 адамды (1062 ер адам және 1129 әйел адам) құрады. ## Әлеуметтік және мәдени нысандары * М.Отаралиев атындағы орта мектебі — мектеп 1960 жылы қазіргі Ақжайық ауылында (бұрынғы Ширина) бастауыш мектеп болып ашылды. 1962 жылы жеті жылдық мектеп болып қалыптасты. 1976 жылы Балықшы орталау мектебі деп аталды. 1992 жылы мектепке жерлес ақын Марат Отаралиевтің есімі берілді. 2013 жылы апатты жағдайға байланысты ескі мектеп ғимаратының орнына жаңа мектеп салу құрылысы жоспарланды. 2017-2018 оқу жылында 2 қабатты жаңа үлгідегі жалпы білім беретін М.Отаралиев атындағы орта мектеп болып ашылды. ## Дереккөздер
Қызылтау ауылдық округі – Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ақши, Жүсіпбек Аймауытов, Лекер, Үйтас ауылдары кіреді. Орталығы – Жүсіпбек Аймауытов ауылы. 2004 жылы Бабалы ауылы, 2005 жылы Ақтөбе, База 19, Естекбай, Иса, Қарашоқы, Қобдық, Қызыл Октябрь, Қызылтау, Мерген, Рақыш, Старый Угольный ауылдары таратылды. 2013 жылы округ құрамына таратылған Лекер ауылдық округінің Лекер ауылы қосылды. ## Дереккөздер
Красная поляна ауылдық округі – Қарағанды облысы Шет ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Бекет, Деріпсал, Красная Поляна, Қарамұрын ауылдары кіреді. Орталығы – Красная Поляна ауылы. ## Дереккөздер
Белтерек – Семейтау тауларының шығысындағы тау. ## Географиялық орны Абай облысы Жаңасемей ауданында орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 428 м. Тау солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр. Ұзындығы 10 км, ені 3 – 5 км шамасында. Оңтүстік беткейі тік, түпкі жыныстары жалаңаштанған. ## Өсімдігі Қоңыр топырағында бұталар, жусан, астық тұқымдас өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Бұл мақала — 100 мың адамнан көп тұрғыны бар Қазақстан қалалары әкімдерінің тізімі. 1995 жылғы конституцияға дейін лауазым қала әкімшілігінің басшысы деп аталды. Тізім қалалардың халық саны бойынша сұрыпталған, сотталған әкімдер қызыл түспен боялған. Кестелердегі мәлімет 2024 жылғы 23 шілдедегі жағдай бойынша жазылған. ## Алматы ## Астана ## Шымкент ## Қарағанды ## Ақтөбе ## Тараз ## Павлодар ## Өскемен ## Семей ## Қызылорда ## Орал ## Қостанай ## Атырау ## Петропавл ## Ақтау ## Теміртау ## Көкшетау ## Түркістан ## Екібастұз ## Талдықорған ## Рудный ## Кентау ## Жаңаөзен ## Халық саны 100 мыңнан аз бұрынғы облыс орталықтарының әкімдері ### Жезқазған ### Арқалық ## Тағы қараңыз * Қазақстан облыстары әкімдерінің тізімі * Қазақстан аудандары әкімдерінің тізімі ## Дереккөздер
Қаратөбе ауылдық округі – Абай облысы Жарма ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Қаратөбе, Әди, Кеңтарлау ауылдары кіреді. Орталығы – Қаратөбе ауылы. Округ құрамында болған Салқынтөбе ауылы 1998 жылы таратылған. ## Дереккөздер
IV Мұрат (осман. مراد رابع‎ — Murâd-ı râbi; 27 шілде 1612 — 8 ақпан 1640) — Османлы мемлекетінің 17-ші сұлтаны, Ислам халифатының 82-ші халифі, қолбасшы, сазгер. Бұл сұлтанның тұсында ішкі төңкерістерден әлсіреген Османлы мемлекеті қайта қалпына келе бастады. Елдің жалпы ыдырауы тоқтатылды. 1632 жылы Көсем сұлтанның регенттігінен шыққан IV Мұрат қазыларды, жаңа шеріктерді, сыпайларды және қара халықты жинап, Ашық дуан өткізді. Сол дуанда ол зорбалаңдардың көздерін құрту үшін қазылармен және әскермен бірікті. Содан соң әскердің күшімен көптеген заңбұзушыларды қатал жазаларға тарты, қуғын-сүргінге ұшыратты. Соның арқасында әскер күшейді, кофеханалар жабылды, сот жаңартпасы жасалды, темекі мен апиын қолдануға тыйым салынды, елдің табысы ұлғайды, мемлекеттік қазына толды, жер иеленудегі зорлық тоқтады, диқаншылық құтқарылды. Бейбіт заманда IV Мұрат мешіттер мен медреселердің құрылысын құптады. Сұлтанның қолдауына ие болған ғылым мен өнер адамдары көп болды, соның ішінде: энциклопедист Кәтіп шелеби, тұңғыш жасанды қанаттарды құрастырып, сол қанаттарда алғашқы рет ұшқан өнертапқыш-ғалым Хезарфен Ахмет шелеби, тарихшы-ғалым әрі саяхатшы Әулие шелеби, алғашқы зымыран құрастырған өнертапқыш-ғалым Лагари Хасан шелеби, Хасан шелеби, дінтанушы, шейх-үл-ислам Зәкәриязада Жақия әпенді, ақын Нефи. ## Өмірбаяны IV Мұрат 1612 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны I Ахмет шаңырағында дүниеге келді. 1623 жылы жасалған мемлекеттік төңкеріс нәтижесінде Мұраттың жәкесі I Мұстафа тақтан тайдырылды. Енді тақ IV Мұратқа бұйырды. IV Мұрат таққа отырғанда 11 жаста ғана еді. Әрине, Мұрат мемлекетті өзі басқара алмады, сондықтан оның регенті болып анасы Көсем сұлтан тағайындалды. Османлы ғалымы Әулие шелеби жазуы бойынша: Сол кездерде Османлы сұлтандығында өте ауыр жағдай болатын. 1623 жылы басталған, I Аббас бастаған сефевид әскерімен болған, соғыс сәтсіз өтіп жатты. Соғыстың басында парсылар Бағдатты алды, ал келесі жылы сефевидтерге күллі Ирак, Мосул, Басра және шииттердің киелі қалалары Нежеп пен Кербела өтті. Казактардың жорықтары да бітпей жатты. Соғыс қазынаны бос қалдырды. Ақша жетіспеді. Оның үстіне, 1625 жылы елде оба індеті орын алды. Оба індеті бір Константинопольде мың адамның жанын алды. Қазына тек үлкен салықтармен және өлім жазасына кесілген байлардың мүлкін тәркілеумен ғана толтырылып отырды. Ескі лендік әскерді құру жүйесі терең дағдарыста болды. Атты жасақтың шығының толықтыру үшін үкімет жаңа шеріктердің санын көбейтуге мәжбүр болды: олардың саны 100 мыңға жетті. Сұлтан қазынасы осындай үлкен әскерді асырай алмады. Ал жаңа шеріктер өз күшіне сеніп, төңкерістерді жиі-жиі жасап отырды. Анадолыда да соғыс жағдайы болды. Ливан әмірі II Фахреддин марониттерді жақтап, Палестинаны басып алып, итальяндық көпестерден қаржылық көмек алып, бүкіл Левантты Османлы мемлекетінен тәуелсіз етуге ниеттенді. Қырым хандығының жаңа ханы Керей II Мехмет өзінің ағасы қалға Керей Шаһиннің көмегімен Қырымда сұлтандық үлгімен тұтастай билік орнатты. IV Мұратқа парсыларға қарсы соғыста көмектеспей, османлыларға қарсы казактармен әскери одақ құрды. Ал ең үлкен қауіп Эрзурум бейлербейі Абаза Мехмет пашадан болды. Ол II Османның тақтан тайдырылуын құптамай, 1623 жылы IV Мұратқа қарсы төңкеріс ашты. Бұл төңкеріс тек 1629 жылы ғана аяқталды. ### Ашық диуан 1631 жылы төңкеріс жасаған жаңа шеріктер мен сыпайлар IV Мұраттан османлы садрағзамы, сұлтанның досы әрі Көсем сұлтанның күйеу баласы Хафиз Ахмет пашаны ұстап беруді сұрады. Келесі садрағзам Топал Режеп пашаның кеңесімен сұлтан Хафиз Ахмет пашаны ұстап беруді ұйғарды. Алайда келесі жылы Режеп паша сұлтанның бұйрығымен өлім жазасына кесілді. Жаңа шеріктер мен сыпайлар IV Мұраттың бұндай қаһарынан үрейленді. Содан кейін IV Мұрат Босфор жағалауында Ашық диуанды жинап, жаңа шеріктер мен сыпайлардан адалдық антын беруге талап етті. Үрейленген жауынгерлер сұлтанға адалдық антын беруге мәжбүр болды. Сол Ашық диуанда сұлтан қазылармен заңдылықты қалпына келтіру жайлы сөз қозғады. Қазылар сұлтанға әскердің зорлығы мен бассыздығына шағынды. Сол қазылардың біреуі осылай деген: ### Қуғын-сүргін IV Мұрат он мыңдай төңкерісшілер мен диқан төңкерістерінің қатысушыларын өлім жазасына кесті. Алайда, шын мәнісінде, сұлтанның нағыз құрбандары кәпір уәзірлер, жемқор бейлербейлер мен әділетсіз қазылар болды. Себебі, олар зорлық, бассыздық және сыбайлас жемқорлықпен айналысты. Әулие шелебидің айтуынша, IV Мұрат османлы сұлтандарының арасындағы ең қатал әрі ең қанқұмар билеуші болды. Сұлтан тіпті шейхуль исламды да өлім жазасына кесті. Шектен шыққан қанқұмарлыққа батқан IV Мұрат адам өміріне деген құрметтен айырылды. 1635-1638 жылдары IV Мұрат өзінің інілері Баязит шаһзада, Қасым шаһзада және Сүлеймен шаһзаданы өлім жазасына кесті. Бірақ IV Мұраттың бұндай қаталдығы Османлы мемлекетін дағдарыстан құтқарды. Сұлтан әскерді күшейтті, кофеханаларды жапты, сот жаңартпасын жасады, шылым шегу мен апиын қолдануды тыйым салды. Сонымен қатар IV Мұрат елдің табысын ұлғайтты, жер иеленудегі зорлықты тоқтатып, диқаншылықты құтқарды. ### Парсы жорығы 1635 жылы IV Мұрат сефевидтерге қарсы жорыққа аттанды. Аз уақыттың ішінде османлы әскері Тебриз, Ереван және Нахичеваньды жаулап алды. Алайда османлылар бұл жерлерді ойран еткені сонша — тіпті азық-түлікке де қол жеткізе алмады. IV Мұрат әскерді кері қайтарды, алайда сұлтан 1638 жылы көп күнге созылған қоршаудан кейін Бағдатты басып алып, 1639 жылы сефевид шаһымен Зухаб бітім шартын жасасты. Соның арқасында Шандыран шайқасынан (1514 жыл) бері үзілістермен жалғасып жатқан Османлы-сефевид соғысы аяқталды. Бітім шарт бойынша сефевидтерде Ереван мен Кавказ, ал османлыларда Басра мен Бағдат қалды. Бұл бітім шарт IV Мұраттың ең үлкен жетістіктерінің бірі болды. Себебі, бұл бітім шарт бойынша орнатылған Османлы мемлекеті мен Сефевид мемлекетінің арасындағы шекара 97 жыл өзгерілмеген. Шекара тек 1736 жылы ауғандардың шапқыншылығы нәтижесінде, яғни Сефевид мемлекетінің құлауынан ғана өзгерді. ### Азау қоршауы IV Мұрат Османлы флотын жаңартуға бел буды. Себебі, Венеция өзінің Эгей теңізі мен Жерорта теңізіндегі флотымен және үлкен табыстарымен сұлтаннын ашуын келтірді. Оның үстіне, 1637 жылдың 18 маусымында дон казактары 4-мың запорождықтардың көмегімен Азау қаласын басып алды. Алайда Михаил Федорович бұл жайттан беймәлім болды. IV Мұрат орыс билеушісіне елші жіберіп, осы хабарды жеткізді. Жауап ретінде Михаил Федорович осылай деді: Ал казактар өз жеңісі жайлы хабар жеткізгенде орыс патшасы оларды жазғыра бастады, алайда кейін олжалар тізімін әкелуді де бұйырды. Патша сұлтанмен бейбітшілік өмір сүргендіктен осы жайттардан ресми түрде аулақ болды, алайда бейресми түрде казактарға ақша мен дәрі жіберіп отырды. 1641 жылдың 7 маусымында Османлы флоты Азовты қоршап, казактарды сол жерден қуды. ### Ажалы 1640 жылы IV Мұрат барлық мемлекеттік істерді тастап, маскүнемдікке берілді. Сонын кесірінен сұлтан қалтырау ауруына шалдықты. Сұлтаннан басқа Османлы әулетінің ер мүшесі тек Ибраһим ғана болатын. Өлім алдында сұлтан өз тағын Қырым ханы Керей I Баһадүрге қалдыруды ойлады. Сондықтан IV Мұрат өз інісі Ибраһимді өлім жазасына кесуге бұйрық берді. Алайда бұған анасы Көсем сұлтан кедергі болды. IV Мұрат қалтырау ауруынан қайтыс болды, ал інісі Ибраһим келесі сұлтан болып атанды. Мәйіті Сұлтанахмет мешітінің жаңындағы I Ахмет мазарында жерленді. ## Садрағзамдары ## Өнерде * «IV Мұрат» фильмі (1981 жыл, IV Мұрат рөлінде — Жиһан Үнал) * «Ыстамбұл қанаттарымның астында» фильмі (1995 жыл, IV Мұрат рөлінде — Бурак Серген) * «IV Мұрат. Күрзі мен даңқ» романы (2010 жыл) * «Ғаламат ғасыр: Көсем дәуірі» телехикаясы (2015-қ.у., IV Мұрат рөлінде — Мәтін Ақдүлгер)
Талды ауылдық округі — Жетісу облысы Панфилов ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Еңбекші, Жерұйық, Талды ауылдары кіреді. Орталығы – Талды ауылы. ## Дереккөздер
Талды ауылдық округі: * Талды ауылдық округі — Жетісу облысы, Панфилов ауданындағы әкімшілік бірлік. * Талды ауылдық округі — Қарағанды облысы, Шет ауданындағы әкімшілік бірлік.
Қаратөбе ауылдық округі – Түркістан облысы Төле би ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Балдыберек, Қаратөбе, Қостөбе, Майбұлақ, Төңкеріс ауылдары кіреді. Орталығы – Қаратөбе ауылы. ## Дереккөздер
Қаратөбе ауылдық округі – Түркістан облысы Сайрам ауданында болған әкімшілік бірлік. 2014 жылы құрамындағы барлық ауыл Шымкент қаласына берілгендіктен таратылған. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Әбділабад, Бадам, Базарқақпа, Тұрдыабат ауылдары кірді. Орталығы – Әбділабад ауылы болған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 14 624 адамды құрайды. ## Дереккөздер
Қаратөбе ауылдық округі – Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Баспақкөл ауылы кіреді. Орталығы – Баспақкөл ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1756 адамды құрады. ## Дереккөздер
Ақжарқын ауылдық округі (2009 жылға дейін – Совхозный ауылдық округі) – Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ақжарқын, Ащыкөл ауылдары кіреді. Орталығы – Ақжарқын ауылы. Округ құрамында болған Бауырқамыс ауылы 2008 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1285 адамды құрайды. ## Дереккөздер
Әди (1993 жылға дейін — Мариновка, 2015 жылға дейін — Былқылдақ) — Абай облысы Жарма ауданы, Қаратөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 49 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Терістаңбалы, терістамғалы — Найман тайпасының бірлестігі. Шежіре деректерінде Найманнан Терістаңбалы (кейде Елата), Саржомарт (Ергенекті Найман), Төлегетай тараған. Этнограф Ә.Марғұланның жазбасында: * Найманнан - Тоқпан, Елата, Өкіреш. * Екінші ұлынан - Келбұға, Кетбұға (Кетбұқа) * үшіншісінен - Төлегетай тараған. Терістаңбалы адам есімі емес, лақап атауы болуы да мүмкін. Бұл жайында бір ізгілік жоқ. Көптеген шежірелерде Терістаңбалыдан (Елата) тараған, Келбұғадан - Балталы, Кетбұғадан - Бағаналы ру болып қалыптасқан. Кетбұғаның таңбасы да Бағаналымен бірдей. Халық екеуін қатар айтады. Енді бір шежіреде Терістаңбалыдан - Мәмбет, Рысқұл, сірә бұл екі ата Бағаналы, Балталыдан ілгері ата болса керек. Терістаңбалы Наймандар 19 ғ-да Ертіс бойын, Көкшетау аймағын мекендеген. 1839 ж. дерек бойынша Терістаңбалы 557 түтін (үй). ## Тұлғалар * Ғалымжан Жақиянов * Райымжан Мәрсекұлы Мәрсеков * Алтай Сәрсенұлы Аманжолов * Сәрсен Аманжолұлы Аманжолов ## Дереккөздер
Аршалы (1993 жылға дейін — Криуши) — Абай облысы Жарма ауданындағы ауыл, Аршалы ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 100 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Жарықтас (Жалпақбас, 1993 жылға дейін — Шереметьевка) — Абай облысы Жарма ауданы, Аршалы ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 134 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Делбегетей — Абай облысы Жарма ауданы, Суықбұлақ кенттік әкімдігі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан солтүстік-батысқа қарай 105 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Q-pop (/kju pɔp/, ағылш. Qazaq pop (Қазақ поп) сөзінен шыққан аббревиатура) — 1990 жылдары батыстық  электроника, электропоп, хип-хоп, билейтін музыка, заманауи ритм-н-блюз (R’n’B) элементтерін өз бойына сіңірген, Оңтүстік Кореяда құрылған K-pop жанырынан бастау алған жаңа музыкалық жанр, субмәдениет. Бұл субмәдениет Қазақстанда алғаш рет 2015 жылы пайда болды, ал осы жанрда алғаш рет өнер көрсеткен 5 жігіттен құралған топ – Ninety One. Алғашқы осы жанрдағы топ болған соң олар Q-pop бағыттан басқа да жаңа топтар, әншілер пайда болуына үлкен жылжытпа берді. Екі жылда Қазақстанда осы бағытта көптеген топтар, әншілер пайда бола бастады.Одан соң басқа да топтар және әншілер шыға бастады. Жасөспірімдерге арналған Q-pop жанры әлеуметтік желілерде кең аудиторияға ие. Ninety One тобы Q-pop-ты жасөспірімдер арасына ұсынып бұрын соңды болмаған дүрлікпе жасады. Q-Pop атты жаңа музыкалық жанр қазіргі таңда бүкіл әлемде өз айналымын алып жатыр. Q-pop'тың бастаушылары Ninety One Оңтүстік Кореяға бастапқы сыртқа танылу жолдарын сол жақтан бастау үшін Сеулдың Хондэ студенттік ауданында өнер көрсетті, айта кететін ақпарат Хондэ студенттік аудан жастардың орталығы, ол жақта күн сайын неше түрлі жаңа тенденциялар пайда болады және өз өнеріңді көрсетуге арналған өте керемет жер деп айтуға болады. Қазақстаннан келген айдолдарға корейлік көрермендер өте жылы құшақпен қабылдады. Қазіргі таңда бұл жанрда Ninety One, DNA, Madmen, EQ, Crystalz, 10iz, Ayanat, Iceblue, Divine, Youngsters, Alien, Sevenlight, W атаулы топтар және де жеке әншілерден Ziruza , Ayree , Malika Yes , Riza , C.C.TAY , Kyle Ruh ,DiUooU , Alba , Young Khan , Tamiris , Madi Rymbaev , AJ , KAKEY , Arsenaleen, Aniko секілді әншілер үлкен саханада өздерінің бақтарын сынап жүр. Бұл музыкалық бағытқа көп уақыт болмаса да сол уақыт ішінде Black Dial , Newton , Stereo E, Ozge, Juzim , Buira секілді топтардың құрылып кейіннен тарап кетулеріне тура келді. Сонымен қатар мынадай дыбысжазу компаниялар және таланттарды іздеу агенттіктері бар, мысалы JUZ Entertainment, YB Entertainment, Ai Production, Trend Entertainment , SevenQ Lab, MM Entertainment , DEM Entertainment , Dara Entertaiment , Lion Pride Entertaiment сияқты компаниялар бар. . ## Сын Q-POP 2015 жылдан құрылғанан бері халықтың менталитетінің әсерінен үлкен сынға ұшыраған болатын. "Неге олар шаштарын бояды, неге сырға тағады, қазаққа тән емес, жігіт олай жасамайды, ұят" деген ел арасында сөз шыққан болатын. Ninety One тобының қиыншылықтарға қарамай батыл жасалған протестінен кейін қазіргі таңда олардың фанаттары көбейіп хейтірлері азайған болатын. ## Термин Q-pop терминін интернет қолданушылар қазақ әндерін басқа әлемдік поп-музыкадан айыру үшін ойлап тапқан. Бұл термин Қазақстандағы неше түрлі музыкалық стильдерді сипаттауға жиі қолданылады, оған поп, рок, рэп, соул және де билейтін музыкада жатады. Сонымен қатар Q-pop белсенді түрде әлемге танылу үстінде. Қазіргі таңда фанаттар жалғыз Қазақстанда емес сонымен қатар бүкіл әлемде оны тыңдау үстінде. Мысалы алатын болсақ: Оңтүстік Корея, Тайвань, Қытай, Америка, Германия, Түркия және т.б. ## Сипаттама Интернет арқылы және цифрлық контент арқылы K-pop кең пейілде аудиторияға таралған. Оңтүстік Корея Поп-мәдениеті қазіргі таңда жастардың қозғалыс факторы десекте болады. Соған байланысты Қазақстанның көптеген жасөспірімдер негізі сол жанрдағы әндерді тыңдайды. Ninety One тобының продюсері Ерболат Беделхан оңтүстік кореялық жүйені Қазақстанға еңгізді, ол жүйе арқылы жас әншілерді музыкалық бизнеске дайындау міндеті кіреді. Осы жүйе арқылы ең алғашқы жұмыс істеген JUZ Entertainment. Бұл лейбл арқылы ең алғашқы Q-pop Қазақсандық Ninety One тобы болды. Ерболат Беделханның сөзі бойынша: ## Дереккөздер
Кеңтарлау – Сарыарқаның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі аңғар. ## Географиялық орны Балқаш көлінен солтүстікке қарай 40 км жерде, Еспе және Қарақұдық өзендерінің арнасына жалғасады. ## Сипаты Оңтүстіктен солтүстікке қарай 90 км-ге созылып жатыр. Аңғар табаны өзен шөгінділерінен, құмсаз, гипс, саз, құмайтты жыныстардан құралған. Қоңыр, бозғылт қоңыр топырақты жерлерінде жусан, баялыш, көкпек, тобылғы, қараған өседі. Жер асты суы (ащы) әр түрлі тереңдікте кездеседі. Аңғар күзгі, қысқы, көктемгі жайылым. ## Дереккөздер
Балықтыкөл — Абай облысы Жарма ауданы, Белтерек ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 61 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Сегізінші Наурыз — Абай облысы Жарма ауданы, Белтерек ауылдық округінің құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 45 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Түрксіб — Абай облысы, Жарма ауданы, Аршалы ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2007 жылы таратылған. ## Географиялық орны Ауыл орны аудан орталығы - Қалбатау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 108 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 29 адам (16 ер адам және 13 әйел адам) болды. ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Қапанбұлақ – Абай облысы Жарма ауданындағы ауыл. * Қапанбұлақ – Абай облысы Жарма ауданындағы темір жол бекеті.
Қарашоқы — Абай облысы Жарма ауданы, Белтерек ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2017 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан батысқа қарай 47 км-дей жерде орналасты. ## Дереккөздер
Қапанбұлақ — Абай облысы Жарма ауданы, Қапанбұлақ ауылдық округі құрамындағы темір жол бекеті. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 63 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Төлеуғали Әбдібеков ауылы (2019 жылға дейін — Қызылжұлдыз) — Абай облысы Жарма ауданы, Қапанбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 64 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Ноғайты — Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сам ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2016 жылға дейін таратылған Ноғайты ауылдық округі орталығы болған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Бейнеу ауылынан шығысқа қарай 55 км жерде орналасқан. ## Халқы ## Транспорты 2015 жылы «Сыңғырлау – Сам – Ноғайты – Тұрыш» автожолы пайдалануға берілді. ## Дереккөздер
№14-темір жол айрығы — Абай облысы Жарма ауданы, Қапанбұлақ ауылдық округінің құрамында болған темір жол айрығы, 2009 жылы жабылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 79 км-дей жерде орналасты. ## Халқы Тұрғыны 13 адам (2009). ## Дереккөздер
Әріпбай Әлібайұлы Әлібаев (12.1. 1926 жылы туған, Райымбек ауданы, Жалаңаш ауылы) — қоғам және мемле­кет қайраткері, ауыл шаруашылығы ғылыми кандидаты (1968). Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан. 1951 жылы Алматы зоотехнологиялық-малдәрігерлік институтын бітірген соң, Алматы, Талдықорған облысының шаруашылықтарында, пар­тия және кеңес ұйымдарында әр түрлі жауапты қызметгер атқарған. 1962-64 жылдары Шығыс Қазақстан облысы партия комитетінің, 1964- 67 жылдары Павлодар облысы партия комитетінің 2-хатшысы, 1967-72 жылдары Павлодар облысы атқарушы комитетінің төра- ғасы, 1972-78 жылдары Талдықорған облысы партия комитетінің 1-хатшысы. 1978-85 жылдары Қазақ КСР Ет және сүт өнеркөсібі министрі болды. 1986 жылы дербес зейнеткерлік демалысқа шығып, Қазақтың шабындық-жайылым институтын басқарды. Алыбаевтың Қазақстанда ауыл шаруашылығы салаларын дамыту мәселелеріне арналған бірнеше моноғрафиясы, сондай-ақ "Замана толқындары" (1999) атты естелігі мен жыр жинағы жарық көрген. Ленин, Халықтар достығы, 4 мәрте Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет белгісі" ордендерімен марапатталған. ## Дереккөздер
Өмірзақ Өзбеков (10 қараша, 1947, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас (ауыл)) - Қазақстанның саясатшысы, дипломаты, саяси ғылымдардың кандидаты ## Өмірбаяны * Алматы мал дәрігерлік институтын бітірген (1971), ветеринар дәрігер. * Қорам темекі кеңшарында, "Авангард" кеңшарында мал дәрігері болып жұмыс істеген. * 1971 - 1985 жылдары "Таусүгір" кеңшарының компартия комитетінің хатшысы. * 1985 - 1990 жж. Т.Қабылов атындағы кеңшар директоры. * 1990 - 1991 жж. Шелек аудандық атқару комитетінің төрағасы. * 1991 - 1992 жж. Алматы облысының ауыл шаруашылық басқармасы төрағасының орынбасары. * 1992 - 1994 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары * 1994 ж. қазанынан - 1996 ж. наурызына дейін - Алматы облысының әкімі. * 1996 ж. наурызынан - 1997 ж. мамырына дейін - Талдықорған облысының (соңғы) әкімі. * 1997 жылдың маусымынан - 2003 жылдың шілдесіне дейін - Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды. * 2003 жылдың шілдесінен 2008 жылғы қаңтарға дейін - Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі. * 2008 жылғы қаңтардан 2011 жылғы 13 қазанға дейін - Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігінің басшысы. * 25 сәуір 2013 жылы - 10 жылға бас бостандығынан айырылды. ## Ғылыми еңбектері Саяси ғылымдардың кандидаты, диссертация тақырыбы: "Қазақстан-Өзбек қатынастарының саяси аспектілері", (2000). ## Марапаттары * "Құрмет" ордені (2003) * "Астана" медалі (1998) * «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) * «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) * «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) * «Астананың 10 жылдығы» (2008) ## Отбасы * Әйелі: Өзбекова Гүлжазира Махмутқызы * Балалары: қыздары - Әйгерім (1970), Ақмарал (1973), ұлдары - Дәуір (1975), Данияр (1979). ## Дереккөздер
Тәжен — Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы ауыл, Тәжен ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орналасуы Аудан орталығы – Бейнеу ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 76 км жерде, Өзбекстанмен шекараға жақын орналасқан. ## Тарихы Ауыл Маңғыстау облысы мәслихатының 2006 жылғы 28 шілдедегі N 16/288 шешімі және Маңғыстау облысы әкімінің 2006 жылғы 31 мамырдағы N 188 қаулысы бойынша құрылды. ## Халқы ## Инфраструктурасы 2015 жылы «Тәжен мектеп-балабақша кешені» ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ауылда медпункт, кітапхана, клуб, полиция, әкімшілік, мектеп жұмыс істеуде. ## Дереккөздер
Қаратөбе (1993 жылға дейін — Терентьевка) — Абай облысы Жарма ауданындағы ауыл, Қаратөбе ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 21 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Ұзынжал (1992 жылға дейін — Карповка) — Абай облысы Жарма ауданы, Суықбұлақ кенттік әкімдігі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан солтүстікке қарай 96 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Отпан ауылдық округі — Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Тұщыбек, 15 бекет ауылдары кіреді. Орталығы – Тұщыбек ауылы. ## Тарихы 2007 жылы Жыңғылды ауылдық округінен бөлініп шығып, құрамына Тұщыбек, 15-бекет ауылдары берілді. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 352 адамды (178 ер адам және 174 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қазақстан жерінде болған болыстар тізімі ## Семей облысы ### Қарқаралы уезі Ведомость о волостях Каркаралинского внешнего округа (1831 г.) ### Зайсан уезі ### Семей уезі ## Ақмола облысы ### Ақмола уезі ### Атбасар уезі ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз ## Сыртқы сілтемелер
Төртқара Апыр батыр (1700 -Қазіргі Ұлытау ауданы Үлкен Бұлақ деген жерде дүниеге келген – 1739) — қазақ батыры. Қалмақтарға қарсы соғыстарға көл бастап қатысқан аға батыр. Орта жүздегі Найманның Матайынан туған Төртқара руынан. Жоңғарларға қарсы Әбілқайыр хан бастаған Бұланты мен Білеуті өзендері аралығындағы шешуші ұрыста ерлігін көрсеткен. Орта жүздің 10 мыңға дейін жеткен біріккен қолын басқарған. Туған кезде-ақ, жұртты таңғалдырған екен, себебі нәресте ірі болып туылыпты. Сол кезде ауылда 90 жастан асқан кейуана бесікке салуға келіп, "апырай, апырай мұндай ірі бала туады екен ғой" деп таңғала беріпті. Баланың аяғы бесікке симай, шығып жатқан екен. Содан ауыл адамдары осы кейуанаға "өзіңіз баланың есімін қойыңыз" деп қолқа салған. Содан күні бойы таңғалған ана "апырай, апырай" дей беріппім, бұл нәрестенің аты "Апыр" болсын депті. Өсе келе Апыр өзінен жасы үлкен балалармен ойнап, күреске, жарысқа әуес болыпты. Жас кезінде атпен теңге алу, аударыспақ, көкпар ойындарында көзге түскен, одан басқа жылқы күзетінде, барымта болғандарын іздеп тауып әкелумен айналысыпты. Жоңғарлардың қазақ еліне шабуылы Апырды да намысқа жүгіндірмей кете алмады. Содан өзі бастап ауыл азаматтары мен туыстарының басын қосып, бірнеше жүздеген адаммен Қаракерей Қабанбай батырдың жасағына қосылады. Осы жерде Апыр өзінің ерліктерімен көзге түсіп, Қаракерей Қабанбай батырдың туын ұстау мәртебесіне дейін көтеріліп, көптеген ұрыстарда аты шығады. Бұл тудың діңгегі осы уақытта Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде сақтаулы тұр. Дене бітімі зор, алып күштің иесі болыпты, талай жекпе-жектерде жеңіске жетіпті. Қанжығалы Бөгенбай батыр Апырға "Ерлік көрсеттің, талай жаумен жекпе-жекте жеңіске жеттің, батыр атына лайық екенсің" - деп өз алдараспанын сыйға тартыпты.Елді жоңғарлардан азат ету кезенінде Қабанбайдың бөлек тапсырмасымен Апыр қырғыз батыры Шабдарханды тізе бүктіреді. Шабдархан жоңғар жағында болып, қазақ ауылдарын шауып, малдарын айдап, қыз-келіншектерін алып кетіп отырған. Сол батырды Апыр арнайы іздеп, ұйықтап жатқан жерінде, бұлақтың басында найзасымен табанынан түртіп оятып, елінің кегін алуға келгенін айтып жекпе-жекке шақырады. Қырғыз батыры оның ұйықтап жатқанында басын алмағанына ырза болып, үш жылғы шауып алған малдарын есесімен қайтарыпты, сыйлыққа түйе бастаған "тоғызын" беріп, өзінің қызын Апыр батырға қосып, той думан жасап шығарып салыпты. Бұдан кейін Шабдархан батыр жоңғарларға қазақтар жағына шығып, талай шайқастарға қатысыпты. Апыр батыр Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген. * * ## Дереккөздер * Бағдат Қазкенов. 06.08.2015. Абылайдың бір серігі Апыр батыр [1] * Қалкен Смайыл. 17.08.2016. Арғын Алтай Аралбай батыр [2] Мұрағатталған 10 қазанның 2016 жылы. * Алма Джуманбаева. 27.08.2015. Героям Буланты от благодарных потомков [3] * Алма Джуманбаева. 22.10.2014. Обелиск в память о битве Буланты [4] * Төкен Әлжантегі. 25.07.2003. Апыр батыр [5]
II Ахмет (осман. آحمد ثانى‎ — Âhmed-i sânî; 25 ақпан 1643 — 6 ақпан 1695) — Османлы мемлекетінің 21-ші сұлтаны, Ислам халифатының 86-шы халифі. ## Өмірбаяны II Ахмет 1643 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны Ибраһим мен Қадиша Муаззез Сұлтанның шаңырағында дүниеге келді. Ағалары IV Мехмет пен II Сүлеймен билеген жылдарында II Ахмет кафесте қамауда отырды. ### Билеген жылдары Ағасы II Сүлеймен қайтыс болған соң II Ахмет таққа отырды. Оның тұсында Киелі Лигаға қарсы сәтсіз соғыс жүріп жатты. 1691 жылдың 19 тамызында османлылар Сланкамен шайқасында Людвиг Вильгельм Баден-Баден бастаған габсбург әскерінен үлкен жеңіліске ұшырады. Сол шайқас кезінде садрағзам Көпрүлі Фазыл Мұстафа паша қаңғыма оқтан қайтыс болды. ### Ажалы 1695 жылдың 6 ақпанында II Ахмет Эдирне сарайында қайтыс болды. Мәйіті Сүлеймение мешітінің жаңындағы I Сүлеймен мазарында жерленді. ## Садрағзамдары
Жаңаөзен (2007 жылға дейін – Новореченск) — Абай облысы Жарма ауданындағы ауыл, Ақжал ауылдық округінің орталығы. ## Географиялық орны Ауыл орны аудан орталығы - Қалбатау ауылынан батысқа қарай 4 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Батыр Қапай (2007 жылға дейін - Васильковка) — Абай облысы Жарма ауданы, Қалбатау ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Ауыл аудан орталығы - Қалбатау ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 3 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Бүрліағаш — Абай облысы Жарма ауданы, Қалбатау ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2013 жылы таратылған. ## Географиялық орны Ауыл орны аудан орталығы - Қалбатау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 5 км-дей жерде. ## Дереккөздер
II Сүлеймен (осман. سليمان ثانى‎ — Süleymân-ı sânî; 15 сәуір 1642 — 22 маусым 1691) — Османлы мемлекетінің 20-шы сұлтаны, Ислам халифатының 85-ші халифі. ## Өмірбаяны II Сүлеймен 1642 жыл османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны Ибраһим шаңырағында дүниеге келді. Ағасы IV Мехмет билеген кезде кафесте қамауда болды. 1687 жылы жаңа шеріктер көтерілісі нәтижесінде IV Мехмет тақтан тайдырылып, тақты II Сүлеймен иеленді. ### Билеген жылдары Сұлтан өте діншіл жан болды, және уақытты көбінесе Алла Тағалаға ризық етумен, намаз, дұға оқуумен өткізді. Ал мемлекеттік істермен садрағзамдар мен уәзірлер айналысты. Солардың ең көрнектісі — Көпрүлі Фазыл Мұстафа паша. Киелі Лигамен соғыс жалғасты, Аустрия 1688 жылы Белградты және Боснияны жаулап алды. 1889 жылы аустриялықтар шапқыншылығы тоқтатылып, 1690 жылы Оршова мен Белград қайтарып алынды. ### Ажалы II Сүлеймен 1691 жылдың 22 маусымында жүрек шеменінен қайтыс болды. Мәйіті Сүлеймение мешітінің жаңындағы мазарда жерленді. ## Садрағзамдары
Балықтыкөл — Абай облысы Жарма ауданы, Қапанбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 44 км-дей жерде. ## Дереккөздер
II Мұстафа (осман. مصطفى ثانى‎ — Mustafâ-i sânî; ақындық лақап аты — İkbâlî; 6 ақпан 1664 — 29 желтоқсан 1703) — Османлы мемлекетінің 22-ші сұлтаны, Ислам халифатының 87-ші халифі, аңшы, қолбасшы. ## Өмірбаяны II Мұстафа 1664 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны IV Мехмет шаңырағында дүниеге келді. Өзінің көкелері және ізашарлары II Сүлеймен мен II Ахметтен айырмашылығы — кафесте қамалмай, Эдирнеде емін-еркін өмір сүрді. Көкесі II Ахмет қайтыс болған соң таққа отырды. Таққа отырған кейін Киелі Лигаға қарсы сәтсіз соғысты жеңуге әрекет етті. 1696 жылы Балқан жорығын өзі бастады. Сұлтан әскер аустриялық әскерден сан жағынан басым болғаннан кейбір жетістіктерге жетті. Алайда 1697 жылы садрағзам Алмас Мехмет паша бастағана османлы әскері ханзада Еуген фон Савойен бастаған габсбург әскерінен жеңілді. 1696 жылы орыс әскері Азауды алды. 1699 жылдың 26 қаңтарында Карловци бітім шарты жасалды. Бұл бітім шарт бойынша Венецияға Морея мен Далмация, Аустрияға Мажарстан мен Трансильвания, ал Польшаға Подолье өтті. Бұл оқиға елдің Әлсіреу дәуірінің бастамасы еді. 1700 жылдың 14 шілдесінде жасалған Константиние бітім шарты бойынша Ресейге Азов өтті. Соғысты аяқтаған соң көбінесе Эдирнеде аңшылықпен айналысты. 1703 жылдың тамызында оған қарсы көтеріліс басталды. Көтерілісшілерге жаңа шеріктер де қосылды. Біріккен соң олар сұлтан тұрып жатқан Эдирнеге жорық жасады. Сұлтан ұланы көтерілісшілермен кездескенде солардың жағына өтті. Содан кейін II Мұстафа тақтан безді. Тақты інісі III Ахмет мұралады. ### Ажалы 1703 жылдың 29 желтоқсанында II Мұстафа қайтыс болды. Мәйіті әжесі Тұрхан Қадиша сұлтан салған Жаңа Валиде сұлтан мешітінің жаңындағы мазарда жерленді. ## Садрағзамдары
Еңрекей — Абай облысы Жарма ауданы, Үшбиік ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2017 жылы таратылған. ## Географиялық орны Ауыл орны аудан орталығы - Қалбатау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 148 км-дей жерде орналасты. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 175 адам (100 ер адам және 75 әйел адам) болса, 2009 жылы 103 адамды (57 ер адам және 46 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
III Ахмет (осман. آحمد ثالث‎ — Âhmed-i sâlis; ақындық лақап аты — Нәжіп (түр. Necib); 12 желтоқсан 1673 — 1 маусым 1730) — Османлы мемлекетінің 23-ші сұлтаны, Ислам халифатының 88-ші халифі, ақын. ## Өмірбаяны III Ахмет 1673 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны IV Мехмет шаңырағында дүниеге келді. ### Билеген жылдары Қырым ханына Ресейге қарсы соғыста көмектесті. 1709 жылы Полтава шайқасында жеңілген швед патшасы XII Карл III Ахметтен баспана сұрады. Османлы үкіметі шведтердің ресейліктерге жеңілісіне аса таңғалды. 1710 жылы османлы-ресей соғысы басталды. Ресейдің 1711 жылғы Прут жорығы балқандық христиандардан көмек таппаған І Петр үшін сәтсіз аяқталып, қоршалған ресейлік әскер берілді. 23 шілдеде Прут бітім шарты бекітілді. Бұл бітім шарт бойынша ресейліктер османлыларға Азовты өткізді. Сондықтан ресейліктер азов эскадрасын жоюға мәжбүр болды, бірақ 4 кемені жоймай, османлыларға тиімді сатты. 1715 жылы османлылар Венецияға соғыс ашып, Мореяны оңай жаулап алды. Ал 1716 жылы Аустрия османлыларға соғыс ашты. Еуген фон Савойен бастаған аустриялық әскер османлы әскерін 1716 жылдың 5 тамызында Петерварадин шайқасында, ал 1717 жылы Белград түбінде жеңіп, қаланы басып алды. 1718 жылдың 21 шілдесінде жасалған Пожаревац бітім шарты бойынша османлылар аустриялықтарға Солтүстік Босния, Солтүстік Сербия, Белград, Банат және Кіші Валахияны өткізді. ### Қызғалдақтар дәуірі Соғыс аяқталған соң, III Ахмет османлылардың еуропалықтардан соғыс өнері, ғылым, мәдениет және т.б. салаларда артта қалғанын көріп, елдің осы салаларда даму іс-шараларын ұйымдастыруға кірісті. Сұлтан бұйрығымен Францияға елшілік жіберілді. Бұл елшілік Францияның мемлекеттік құрылымын, ғылымын, мәдениетін, француздардың тұрмысын зерттеу үшін жіберілді. 1720 жылы Францияға келген елшілік керекті деректерді "Сапарнама" кітабында жинады. Мехмет әфенді бастаған елшілік елге оралып, диуанда сұлтан мен уәзірлерге Франция жайлы мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде француздардың ғылым мен мәдениетте, соғыс ісінде жасаған жетістіктері жайлы айтылды. Сапаратнама кітабында сипатталған француздардың тұрмысы мен еуропалықтардың сән-салтанаты османлы шонжарларын өте қызықтырды. Сондықтан сол кезде Османлы мемлекетінде қызғалдақтарды өсіру сәнге айналды. Кейін қызғалдақтардың өсірілуі сәнге айналғаны сонша — 1718-1730 жылдар османлы тарихында "Лала дәуірі" (түр. Lâle Devri) деген атаумен әйгілі. Садрағзам Наушаһарлы Дамат Ибраһим паша басшылығымен елде сауаттылық деңгейі өсті, османлы тіліне көптеген ғылыми еңбектер аударылды. Ғалым Ибраһим Мүтеффериқа алғашқы османлы типографиясын ашты. 1729 жылдың 31 қаңтарында бұл типографияда 1 000 данамен алғашқы османлы тіліндегі кітап басылды. ### Тақтан тайдырылуы 1720 жылдары ауған падишаһы Ашраф ханның Иранға кіруін пайдаланып, османлылар сефевидтерге батыстан шабулдап, Күнгей Кавказ бен Батыс Ирандағы көптеген жерлерді жаулап алды. Бірақ жолда олар Ашраф хан әскеріне кезігіп, ауғандардан жеңілді. Бұл хабар Константинопольге жеткенде, Патрон Халил төңкерісі басталып, 1730 жылдың 1 қазанында садрағзам Наушаһарлы Дамат Ибраһим паша өлім жазасына кесілді, ал келесі күні сұлтан III Ахмет тақтан тайдырылды. ### Ажалы Сұлтан тайдырылуынан алты жыл өткен соң, 1736 жылдың 1 маусымында III Ахмет қайтыс болды. Мәйіті әжесі Тұрхан Қадиша салған Жаңа Уәлиде сұлтан мешітінің жаңындағы мазарда жерленді. ## Суреттері * * * * ## Садрағзамдары
Жайма — Абай облысы Жарма ауданы, Суықбұлақ кенттік әкімдігі құрамындағы ауыл. Бұрынғы Жайма ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан солтүстік-батысқа қарай 98 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Первомайское — Абай облысы Жарма ауданы, Қапанбұлақ ауылдық округінің құрамында болған ауыл, 2000-шы жылдардың басында таратылған. ## Географиялық орны Ауыл орны аудан орталығы - Қалбатау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 80 км-дей жерде орналасты. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 83 адам (48 ер адам және 35 әйел адам) болды. ## Дереккөздер
I Махмұт (осман. محمود اول‎ — Mahmûd-u evvel; ақындық лақап аты — Себкати (түр. Sebkati); 2 тамыз 1696 — 13 желтоқсан 1754) — Османлы мемлекетінің 24-ші сұлтаны, Ислам халифатының 89-шы халифі, ақын. ## Өмірбаяны I Махмұт 1696 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны II Мұстафа шаңырағында дүниеге келді. Патрон Халил төңкерісі нәтижесінде өзінің жәкесі III Ахметті тақта ауыстырды. I Махмұт билік құрған жылдарының басында Константинопольдегі билік шын мәнісінде Патрон Халил мен оның жолын қуушыларының қолында болды. Алайда 1731 жылдың 15 қарашасында сұлтан Патрон Халилді өлім жазасына кесті. Содан кейін Патрон Халил жолын қуушыларының көтерілістерін басып отырды. I Махмұт тұсында Ахмет паша есімімен әйгілі Клод Александр де Бонневаль басшылығымен Османлы әскерін еуропалық әскерлердегідей жетілдіру іс-шаралары жүргізілді. Бірақ жаңа шеріктердің бұған қарсылығы әсерінен бұл шаралар жүзеге аспады. 1731-1735 жылдары және 1741-1746 жылдары османлылар парсылармен соғыс жүргізді. Соғыс барысында 1720 жылдары османлылар жаулап алған жерлер қайтадан парсыларға өтті. 1746 жылғы бітім шарт бойынша 1639 жылғы Қасришырын бітім шартына сәйкес шекаралар орнатылды. 1736-1739 жылдары османлылар ресейліктермен және аустриялықтармен соғыс жүргізді. Аустриялық әскерге көптеген жеңілістер әкелген османлылар Белград бітім шарты нәтижесінде жоғалтып алынған жерлерді қайтарып алды, яғни Солтүстік Сербияны, Белградты және Кіші Валахияны. Ал Ресейден Азауды қайтарды. ### Ажалы 1754 жылдың 13 желтоқсанында жұма намазынан кейін Топқапы сарайына қайтып бара жатқан I Махмұт аттан құлап, қайтыс болды. ## Суреттері * * ## Садрағзамдары
II Әбділмәжит (осман. عبد المجید ثانی‎ — ʿAbdü'l-Mecîd-i sânî, түр. II. Abdülmecid; 29 мамыр 1868, Долмабахче сарайы, Ыстанбұл — 23 тамыз 1944, Париж) — Осман империясының 32-ші сұлтаны Әбділғазиздың алты ұлының бірі және 1922—1924 жылдары басқарған 102-ші, яғни соңғы ислам халифасы; 1926 жылдың 16 мамырынан 1944 жылдың 23 тамызы аралығында — Османлы әулетінің отағасы, суретші һәм музыкант. Немере ағасы Мехмет Уәхидеддін тақтан безіп, елден қашып кеткен соң, Осман империясының халифаты сұлтандықтан бөлініп, сұлтан билігі жойылды. 1922 жылдың 18 қарашасында Ұлы ұлттық мәжілісінің шешімі бойынша, халифа лауазымына Әбділмәжит тағайындалды. Ол «мұсылман үмметтінің халифасы» (түр. halîfe-i Müslimîn) атағын 1924 жылдың 3 наурызына дейін, Османлы халифатын ресми түрде аяқтаған № 431 Заң қабылданғанға дейін иеленді. Түркия һәм дүниежүзілік тарихқа Әбділмәжит соңғы османлы халифасы (түр. Son Osmanlı Halifesi) ретінде кірді. ## Өмірбаяны II Әбділмәжит 1868 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны Әбділғазиз шаңырағында дүниеге келді. Немере ағасы VI Мехмет тұсында Әбділмәжит таққа үміткер мұрагер болды. 1922 жылдың 17 қарашасында сұлтандық жойылып, VI Мехмет елден қашып кеткендіктен, халиф атағынан айырылады. Сөйтіп 1922 жылдың 18 қарашасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі II Әбділмәжитті халиф етіп тағайындайды. Әбділмәжит тек дінбасы ретінде ғана саналып, мүлдем саясатқа кіріспеді. Түркия 1924 жылдың 3 наурызында халифатты жою және Османлы әулетінің мүшелерін елден қуу жайлы заңды қабылдайды. Сондықтан II Әбділмәжит Түркияны тастап кетуге мәжбүр болды. Ажалына дейін Османлы әулетінің басшысы болып есептелді. Кейін Францияда өмір сүріп, 1944 жылы Парижде қайтыс болады. Мединедегі Бақи Жәннәт зиратында жерленді. ## Суреттері * * * * ## Дереккөздер * Фрили Дж. Османлы әулетінің құпиялары. Сұлтандардың жеке өмірі / Ағылшын тілінен орыс тіліне аударылған. — Смоленск, 2004. — ISBN 5-8138-0504-4.
* №18-темір жол айрығы – Абай облысы Аягөз ауданындағы темір жол айрығы. * №18-темір жол айрығы – Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы темір жол айрығы.
Черниговка — Абай облысы Жарма ауданы, Шалабай ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2007 жылы таратылған. ## Географиялық орны Ауыл орны аудан орталығы - Қалбатау ауылынан солтүстікке қарай 37 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 239 адам (120 ер адам және 119 әйел адам) болды. ## Дереккөздер
Солнечное — Абай облысы Жарма ауданындағы ауыл, Әуезов кенттік әкімдігі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қалбатау ауылының солтүстігінде 41 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Шалабай ауылдық округі – Абай облысы Жарма ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Шалабай ауылы. Округ құрамында болған Мөртас, Қостөбе, Черниговка ауылдары 2007 жылы, Жаңаауыл ауылы 2019 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Жарық (1992 жылға дейін — Воронцовка) — Абай облысы Жарма ауданындағы ауыл, Жарық ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан оңтүстікке қарай 85 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Қызылқайың (1992 жылға дейін — Засимовка) — Абай облысы Жарма ауданы, Жарық ауылдық округінің құрамында болған ауыл, 2013 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан оңтүстікке қарай 99 км-дей жерде. ## Халқы Тұрғыны 81 адам (2009). ## Дереккөздер
Малай — Абай облысы Жарма ауданы, Жарық ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 56 км-дей жерде. ## Дереккөздер
III Мұстафа (осман. مصطفى ثالث‎ — Mustafâ-i sâlis; 28 қаңтар 1717 — 21 қаңтар 1774) — Османлы мемлекетінің 26-шы сұлтаны, Ислам халифатының 91-ші халифі. ## Өмірбаяны III Мұстафа 1717 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны III Ахмет шаңырағында дүниеге келді. Сұлтан өте белсенді әрі көреген билеуші болды. Ол еуропалық державалардан артта қалмас үшін Османлы әскерін және мемлекетттік құрылымды жаңартқысы келді. Алайда оның тұсында елдің жалпы ыдырауы тоқтатылмады. Әскерді жетілдіру әрекеттері жалпы ыдырауды тоқтатуға жетіспеді. Кертартпа көзқарастары бар жаңа шеріктер мен дінбасылар кедергісінің кесірінен кез келген жаңартпа жүзеге аспады. Жаяу әскер мен зеңбіректерді жаңарту үшін сұлтанға еуропалық кеңесшілер қажет болды. Сонымен қатар III Мұстафа Математика, теңізде жүзу өнері және ғылым академиясын ашуға бұйрық берді. Соғыс ісі жағынан еуропалықтардан артта қалғанын түсінген III Мұстафа кез келген қақтығыстан алшақтанды. Алайда Ресейдің Польшадағы шапқыншылығы және де француз мәмілегерлігі сұлтанды Ресейге соғыс ашуға мәжбүрлетті. Бұл соғыс үлкен жеңіліспен аяқталды. ### Ажалы 1774 жылдың 21 қаңтарында сұлтан қайтыс болды. Мәйіті III Мұстафа мазарында жерленді. ## Садрағзамдары
Ортабұлақ — Абай облысы Жарма ауданы, Қалбатау ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Ауыл аудан орталығы - Қалбатау ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 20 км-дей жерде. ## Дереккөздер
IV Мұстафа (осман. مصطفى رابع‎ — Mustafâ-i râbi'; 8 қыркүйек 1779 — 16 қараша 1808) — Османлы мемлекетінің 29-шы сұлтаны, Ислам халифатының 94-ші халифі. ## Өмірбаяны IV Мұстафа 1779 жылы османлы елордасы Константиниеде османлы сұлтаны I Әбділхамит шаңырағында дүниеге келді. Ағасы III Сәлім тақтан тайдырылған соң, IV Мұстафа бұрынғы сұлтанның жаңартпаларын, соның ішінде "Низами Джедид" атты әскери жаңартулар жиынтығын жойды және көтерілісшілердің басшысы Қабақшы Мұстафа пашаны садрағзам етіп тағайындады. Ресейліктерге қарсы соғыс өз жалғасын тапты. Шанаққала бұғазындағы оқшаулауды бұзу әрекетін жасаған Османлы флоты Афон теңіз шайқасында Ресей флотынан жеңілді. 1807 жылдың тамызында бітім шарт жасалды. Бітім шартқа сәйкес Ресей Молдова және Валахия елдерін жаулауды жалғастыруға рұқсат алды. 1808 жылы Әлемдар Мұстафа паша өзіне адал жауынгерлермен Константинопольге жорық жасап, III Сәлімді қайтадан таққа отырғызуға ниеттенді. IV Мұстафа жақтаушылары Әлемдар Мұстафа пашаға күшті қарсылық таныта алмады. Шайқас кезінде IV Мұстафа өз ағасы III Сәлімді және өз інісі Махмұт шаһзаданы (келешектегі II Махмұт) өлім жазасына кесуді бұйырды. Алайда соңғысын баскесерлер таба алмады. Топқапы сарайына басып кірген Әлемдар Мұстафа паша IV Мұстафаны қамап, III Сәлімді құтқаруға үлгермегендіктен, Махмұт шаһзаданы тауып алып, оны таққа отырғызды. ### Ажалы 1808 жылдың 16 қарашасында IV Мұстафаны таққа қайтадан отырғызуға ниеттенген жаңа шеріктер II Махмұтқа қарсы көтеріліс жасады. Бірақ II Махмұт сол кезде IV Мұстафаны өлім жазасына кесуді үлгерді. ## Садрағзамдары
I Әбділхамит (осман. عبد الحميد اول‎ — Abd ül-Hamîd-i evvel; 20 наурыз 1725 — 7 сәуір 1789) — Османлы мемлекетінің 27-ші сұлтаны, Ислам халифатының 92-шы халифі. ## Өмірбаяны I Әбділхамит 1725 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны III Ахмет шаңырағында дүниеге келді. Ол өте тақуа жан болды. Оның тұсында Османлы мемлекетінің қаржылық жағдайының төмендігі сонша — жаңа шеріктерге кәдімгі жалақыны төлеуге ақша жетпеді. Ресейге қарсы соғыс Козлуджа шайқасындағы жеңіліспен және Кішіқайнарша бітім шартымен аяқталды. 1774 жылдың 21 шілдесінде жасалған бұл бітім шарт бойынша Ресей Қара теңізде өзінің флотын құруға құқық алды. Османлылардың артта қалуы сұлтанды әкімшілік және әскери жаңартпалар жасауға мәжбүрлетті. Сирия мен Мореядағы көтерілістерді басу сәтті өтті. Алайда 1783 жылы Қырым хандығы Ресейге құрамына тұтастай кірді. Османлылар жаңа соғыс мүлдем дайын болмады, бірақ қоғамдық пікір әсерінен сұлтан ресейліктерге соғыс ашуға мәжбүр болды. 1787 жылы Ресеймен жаңа соғыс басталды, ал 1788 жылы соғысқа Аустрия қосылды. Аустриялық патша II Иосиф Ресей патшайымы II Екатеринаның жағында болды, және патшайымның Қырымға салтанатты кіруіне көмектесті. 1788 жылы Очаков Ресейге өтті. ### Ажалы 1789 жылдың 7 сәуірінде I Әбділхамит инсульттен қайтыс болды. Мәйіті I Әбділхамит мазарында жерленді. ## Садрағзамдары
№12-темір жол айрығы — Абай облысы Жарма ауданы, Қапанбұлақ ауылдық округінің құрамында болған темір жол айрығы, 2009 жылы жабылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 65 км-дей жерде орналасты. ## Халқы Тұрғыны 23 адам (2009). ## Дереккөздер
II Махмұт (осман. محمود ثانى‎ — Mahmûd-u sânî; 20 шілде 1785 — 1 шілде 1839) — Османлы мемлекетінің 30-шы сұлтаны, Ислам халифатының 95-ші халифі, ақын, сазгер. ## Өмірбаяны II Махмұт 1785 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны I Әбділхамит шаңырағында дүниеге келді. II Махмұт Әлемдар Мұстафа пашаның төңкерісі нәтижесінде таққа отырды. Таққа отырған соң өзінің ізашары IV Мұстафаны дәне оның қолдаушыларын өлім жазасына кесті. Османлы мемлекетінің саяси және әскери әлсіздігінен II Махмұт III Сәлімнің жаңартпалық саясатын жалғастыруға себеп болды. II Махмұт жаңартпаларының ең атақтысы және ең маңыздысы: 1826 жылы жаңа шеріктерді жою. Оның орнына сұлтан жаңа әскер жинады, және бұл әскерді ұйымдастыру үшін Мольтке бастаған көптеген әскери нұсқаушыларды шақырды. II Махмұт Османлы мемлекетінде зайырлы білімді таратуға (кітап басу ісін дағдыландыруға, әдебиет пен журналистиканы құруға); ішкі басқаруда дұрыс әкімшілікті енгізуге, сыбайлас жемқорлықты жоюға, намангерлерді орталық билікке бағынышты етуге тырысты. Оның қайраткерлігін дінбасылар да, шонжарлар да, халық та қолдаған жоқ. Наразы халық көптеген наразылық іс-шараларға шығып отырды. Жаңартпашы сұлтан нанымға, ырымға, салтқа, ғұрыпқа, тіпті ұлттық киімге қарсы шығуға тура келді. Әлі өз әскери қабілеттігін жинай алмаған II Махмұттың жаңа әскері Грекия мен Ресейге қарсы соғыста пайдалы бола алмады. ### Ажалы 1839 жылдың 1 шілдесінде II Махмұт туберкулез бен бауыр циррозынан қайтыс болды. Мәйіті өзіне арнап салынған II Махмұт мазарында жерленген. ## Суреттері * * * ## Садрағзамдары
III Сәлім (осман. سليم ثالث‎ — Selîm-i sâlis; сазгерлік лақап аты — İlhami; 24 желтоқсан 1761 — 28 маусым 1808) — Османлы мемлекетінің 28-ші сұлтаны, Ислам халифатының 93-ші халифі, сазгер. ## Өмірбаяны III Сәлім 1761 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны III Мұстафа шаңырағында дүниеге келді. III Сәлім 1789 жылы өзінің көкесі I Әбділхамитті тақта ауыстырды. Жаңа сұлтанда османлы әскерін еуропалық үлгімен жаңарту ниеті болды. Бірақ елдің қаржылық жағдайы осы жоспарларды жүзеге асыруға кедергі болды. III Сәлім таққа отырған кезде османлылар Ресеймен соғысып жүрген, ал сұлтан бұл соғысты 1791 жылы Яссы бітім шартымен аяқтады. 1798 жылы француз генералы Наполеон Бонапарт бастаған француз әскері Мысырға басып кірді. Сондықтан III Сәлім Францияға соғыс ашты. Сол соғыс тек 1802 жылы аяқталған соң, сұлтан өзінің жаңартпаларын жүзеге асыра бастады. Ол әкімшілік аппараттағы пайдалы жаңартулар жасады (әсіресе бұл бюджет мекемелеріне қатысты), лендік иеліктердің әскери басқармасын жойды, халық арасында ағарту ісі мен білімді таратты, сұлтанның қолдауымен көптеген еуропа тілдерінде, әсіресе француз тілінде жазылған соғыс ісі, математика және т.б. қатысты кітаптар османлы тіліне аударылды, 1792 жылы типография өз жұмысын қайта бастады. Бірақ сұлтанға ең қажетті нәрсе — жаңа шеріктердің ықпалынан құтылу болды. Себебі, бұл әскери бірлестік өз білгенінше сұлтандарды бір-бірімен ауыстыратын, оған қоса соғыста пайданы өте аз әкелетін. III Сәлім Орас Себастьяни атты француз генералын шақырып, соның көмегімен "Низам-и Джедид" (осман. نظام جديد‎ — Nizam-ı Cedid) атты әскери жаңартпа жиынтығын жүргізе бастады. Алайда халық пен әскер бұл жаңартпаларға мүлдем дайын болмады. Оның үстіне өте қымбат салықтарға наразы болған ауылдар мен қалалар тұрғындары сұлтанның жағдайын одан әрі ушықтырды. Ақырында наразы тұрғындар көтеріліс жасап, Константинопольді жаулап алып, IV Мұстафаны таққа отырғызды. ### Ажалы III Сәлім 1807 жылы тақтан тайдырылғаннан кейін Топқапы сарайындағы зынданға қамалды. Келесі жылы Әлемдар Мұстафа паша бастаған III Сәлім қолдаушылары оған тақты қайтару ниетімен Константинопольге басып кіріп, бұрынғы сұлтанды қамаудан босатпақшы болды, бірақ қолдарынан келмеді. Себебі, 1808 жылдың 28 маусымында IV Мұстафа III Сәлімді өлім жазасына кесуге үлгерген. ## Реформалары Сұлтан үкiметi мүлдем әлсiреп, еуропалықтарға тәуелдiлiгi күшейе түстi. Империяны мүлдем күйреуден сақтап қалудың ең соңғы жолы тез арада реформа жүргiзу керек болды. Бұл мiндеттi жаңадан таққа отырған түрiк сұлтаны III Селим (1789-1807) атқарды. Ең бiрiншi кезекте елдiң әскери күш-қуатын сақтап қалу үшiн әскери реформалар жүзеге асырылды. Тұрақты жаңа әскер қалыптастырылып, оны еуропалық үлгiде даярлауға көшiрдi, флотты қайта құрды. Жаңа тұрақты әскердiң құрылуы янычарлардың наразылығын тудырды. Олар өздерiнiң барлық жеңiлдiктерiнен айырылып қалудан қауiптенген едi. Сөйтiп, янычарлар консервативтiк топтардың реформалық әрекеттерге наразылығын қолдап, 1805 жылы бүлiк жасайды. Көтерiлiс еуропалық бөлiкте басталып, одан әрi Стамбұлға тарады. Янычарлар көтерiлiсi салдарынан 1807 жылы III Селим тақтан кетiрiлiп, жазаға тартылды. Барлық реформалар жойылып, оны жақтаушылар жазаланды. Реформалық әрекеттер осылайша сәтсiздiкпен аяқталды.Осман империясында реформа жасау әрекеттерiн жалғастыруды Румелиядағы билеушi Мұстафа паша Байрақтар қолға алады. Тақта отырған, жаңалық атаулыға жаны қас, консервативтiк пиғылдағы IV Мұстафа орнынан түсiрiлiп, сұлтан тағына жас II Махмұт отырғызылды. Мұстафа Байрақтар өзi ұлы уәзiр қызметiне ие болып, реформаларды жалғастыру әрекетiне кiрiседi. Бiрақ Мұстафа Байрақтар реформа жүргiзуде III Селим жолын қайталамауға тырысады. ## Сазгерлік өнері III Сәлім сазды өте ұнататын. Сұлтан танбур мен нее деген аспаптарда ойнайтын, бірақ ең бастысы — ол әнді өзі шығаратын. Османлылар оның басқа сұлтандардан осындай айырмашылығына байланысты Сазгер (түр. Bestekâr) деген лақап ат қойды. III Сәлім, шынымен, сазгер ретінде, мугам стиліндегі 14 композицияның авторы болып саналады. Сонымен қатар сұлтан Османлы мемлекетінде сол кезде өмір сүрген көптеген сазгерлерді, соның ішінде Деде әфенді мен Амбарцум Лимонджянды қолдап отырды. ## Садрағзамдары
Жаңаауыл — Абай облысы Жарма ауданы, Шалабай ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылды. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан солтүстікке қарай 42 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Төртқара Апыр батыр (1700 -Қазіргі Ұлытау ауданы Үлкен Бұлақ деген жерде дүниеге келген – 1739) — қазақ батыры. Қалмақтарға қарсы соғыстарға көл бастап қатысқан аға батыр. Орта жүздегі Найманның Матайынан туған Төртқара руынан. Жоңғарларға қарсы Әбілқайыр хан бастаған Бұланты мен Білеуті өзендері аралығындағы шешуші ұрыста ерлігін көрсеткен. Орта жүздің 10 мыңға дейін жеткен біріккен қолын басқарған. Туған кезде-ақ, жұртты таңғалдырған екен, себебі нәресте ірі болып туылыпты. Сол кезде ауылда 90 жастан асқан кейуана бесікке салуға келіп, "апырай, апырай мұндай ірі бала туады екен ғой" деп таңғала беріпті. Баланың аяғы бесікке симай, шығып жатқан екен. Содан ауыл адамдары осы кейуанаға "өзіңіз баланың есімін қойыңыз" деп қолқа салған. Содан күні бойы таңғалған ана "апырай, апырай" дей беріппім, бұл нәрестенің аты "Апыр" болсын депті. Өсе келе Апыр өзінен жасы үлкен балалармен ойнап, күреске, жарысқа әуес болыпты. Жас кезінде атпен теңге алу, аударыспақ, көкпар ойындарында көзге түскен, одан басқа жылқы күзетінде, барымта болғандарын іздеп тауып әкелумен айналысыпты. Жоңғарлардың қазақ еліне шабуылы Апырды да намысқа жүгіндірмей кете алмады. Содан өзі бастап ауыл азаматтары мен туыстарының басын қосып, бірнеше жүздеген адаммен Қаракерей Қабанбай батырдың жасағына қосылады. Осы жерде Апыр өзінің ерліктерімен көзге түсіп, Қаракерей Қабанбай батырдың туын ұстау мәртебесіне дейін көтеріліп, көптеген ұрыстарда аты шығады. Бұл тудың діңгегі осы уақытта Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде сақтаулы тұр. Дене бітімі зор, алып күштің иесі болыпты, талай жекпе-жектерде жеңіске жетіпті. Қанжығалы Бөгенбай батыр Апырға "Ерлік көрсеттің, талай жаумен жекпе-жекте жеңіске жеттің, батыр атына лайық екенсің" - деп өз алдараспанын сыйға тартыпты.Елді жоңғарлардан азат ету кезенінде Қабанбайдың бөлек тапсырмасымен Апыр қырғыз батыры Шабдарханды тізе бүктіреді. Шабдархан жоңғар жағында болып, қазақ ауылдарын шауып, малдарын айдап, қыз-келіншектерін алып кетіп отырған. Сол батырды Апыр арнайы іздеп, ұйықтап жатқан жерінде, бұлақтың басында найзасымен табанынан түртіп оятып, елінің кегін алуға келгенін айтып жекпе-жекке шақырады. Қырғыз батыры оның ұйықтап жатқанында басын алмағанына ырза болып, үш жылғы шауып алған малдарын есесімен қайтарыпты, сыйлыққа түйе бастаған "тоғызын" беріп, өзінің қызын Апыр батырға қосып, той думан жасап шығарып салыпты. Бұдан кейін Шабдархан батыр жоңғарларға қазақтар жағына шығып, талай шайқастарға қатысыпты. Апыр батыр Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген. * * ## Дереккөздер * Бағдат Қазкенов. 06.08.2015. Абылайдың бір серігі Апыр батыр [1] * Қалкен Смайыл. 17.08.2016. Арғын Алтай Аралбай батыр [2] Мұрағатталған 10 қазанның 2016 жылы. * Алма Джуманбаева. 27.08.2015. Героям Буланты от благодарных потомков [3] * Алма Джуманбаева. 22.10.2014. Обелиск в память о битве Буланты [4] * Төкен Әлжантегі. 25.07.2003. Апыр батыр [5]
I Әбділмәжит (осман. عبد المجيد اول‎ — Abd ül-Mecîd-i evvel; 23 сәуір 1823 — 25 маусым 1861) — Османлы мемлекетінің 31-ші сұлтаны, Ислам халифатының 96-шы халифі. I Әбділмәжит тұсында Османлы мемлекетінің мемлекеттік туы мен әнұраны қабылданды, мұсылман болмаған азаматтар әскерде қызмет ету құқығын алды, Османлы заңнамасы Наполеон кодексі үлгісімен өзгертілді, темір жол мен телеграф пайда болды. ## Өмірбаяны I Әбділмәжит 1823 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны II Махмұт шаңырағында дүниеге келді. Қожа Мұстафа Рәшіт паша кеңесімен "Шәріп Хат" (осман. خط شريف‎ — Hatt-ı Şerîf) атты құжат шығарып, сол құжат бойынша османлы азаматтарына теңдікті және олардың мүліктері мен өмірлеріне қожайындық ету секілді бұрынғы сұлтандық құқықтан бас тартуын жариялады. Сұлтан ұстанымды мінез иесі болмады және қоршаған адамдардың ықпалында болды, сондықтан жүргізген жаңартпалары жүйесіз болды. ### Сыртқы саясат Британ үкіметінің қарсылығына қарамастан, 1840 жылдары сұлтан Ирландиядағы ашаршылық кезінде ирландықтарға ақшамен және нанмен көмектесті. 1850 жылы сұлтан, Ұлыбритания қолдауымен, 1848 жылғы төңкерістегі поляк төңкерісшілерін Аустрия мен Ресейге тапсыруға бас тартты. Жауап ретінде аустриялықтар 1852 жылы османлыларды Черногориядан қуып жіберді. ### Қырым соғысы 1850 жылдарының басында православиеліктер мен католиктерде Құдыстағы киелі жерлер үшін жанжал басталды. Осы шіркеулердің жанжалына І Николай мен III Наполеон кірісті. Бұл тайталас мәмілегерлік патқа әкеп соқты, османлылар Ұлыбритания мен Францияның қолдауымен Ресейге соғыс ашты. Осылайша Қырым соғысы басталды. Бұл соғыс басында ресейліктерді әлсіздендірген, бірақ 1860 жылдан бастап Ресей флоты жаңартылды, Қара теңіздегі бекіністер қайта салынды, ал 1870 жылдан кейін тіпті 1856 жылғы Париж бітім шартына сәйкес шектеулерге бағынбай бастады. ### Соңғы жылдары 1856 жылдың 30 наурызында жасалған Париж бітім шартына христиандар да, мұсылмандар да қанағаттанбады. Босния, Болгария және Албания секілді елдерде көтерілістер болды, Дамаск пен Ливанда христиандардың қырғыны болды. ### Ажалы 1858 жылы I Әбділмәжит сұлтандық қазынаның дағдарысын жариялады. Сұлтан халық алдында масқараға ұшырады. Бұл сәтсіздіктер оның еңсесін түсірді, сұлтан мемлекеттік істерге енді араласпады, өз уақытын көбінесе сарайда өткізді. Араққұмарлық пен құмарпаздық оның нашар денсаулығын одан әрі нашарлатты. 1861 жылдың 25 маусымында I Әбділмәжит туберкулезден қайтыс болды. Мәйіті өзіне арнап салынған I Әбділмәжит мазарында жерленді. ## Суреттері * * ## Садрағзамдары
Кіші Қарасу — Абай облысы Жарма ауданындағы ауыл, Қарасу ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан солтүстік-батысқа қарай 75 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Қызылағаш — Абай облысы Жарма ауданындағы ауыл, Қызылағаш ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 123 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Кезеңсу — Абай облысы Жарма ауданы, Шар қалалық әкімдігі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан солтүстік-батысқа қарай 58 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Қаратоған — Алматы облысы Талғар ауданы, Нұра ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Талғар қаласынан солтүстікке қарай 42 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Боздақ – түйе жүні. Елді мекендер: * Боздақ – Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданындағы ауыл. * Боздақ – Ұлытау облысы Ұлытау ауданындағы ауыл.
15 бекет — Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы, Отпан ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Шетпе ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 35 км-дей жерде. ## Халқы ## Ауыл суреттері * * ## Дереккөздер
Қызылағаш ауылдық округі – Павлодар облысы Аққулы ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Бесқарағай ауылы кіреді. Орталығы – Бесқарағай ауылы. 2005 жылы округ құрамында болған Подпуск ауылы таратылды. ## Дереккөздер
Қостөбе — Абай облысы Жарма ауданы, Шалабай ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2007 жылы таратылған. ## Географиялық орны Ауыл орны аудан орталығы - Қалбатау ауылынан солтүстікке қарай 49 км-дей жерде орналасты. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 107 адам (67 ер адам және 46 әйел адам) болды. ## Дереккөздер
Нарын (қыр. Нарын) — Қырғызстандағы қала, Нарын облысы мен Нарын ауданының әкімшілік орталығы. Халқы — 34800 адам (2009). Қала аумағының көлемі — 40,5 мың км² ## Географиясы Қала Нарынтау жотасының баурайындағы Нарын қазаншұңқырында, теңіз деңгейінен 2000 м биіктікте, Нарын өзенінің бойында, Бішкек — Торугарт автомобиль жолының қиылысында орналасқан. Қаладан 180 км солтүстікке қарай, Ыстықкөлдің жағасында Балықшы темір жол станциясы орналасқан. Қытаймен шекарада, Нарыннан оңтүстікке қарай орналасқан "Торугарт" шекара пунктіне дейінгі арақашықтық  — 186 км. ## Климаты Қысы суық, көбіне қарсыз және жазы салыстырмалы түрде салқын болып келетін континентті климат. Шілденің орташа температурасы +15 ˆС-тан +30 ˆС-қа дейін, қаңтарда -15 ˆС-тан -18 ˆС-қа дейін. Жауын-шашын жылына орта есеппен 200-ден 300 мм-ге дейін жауады. ## Тарихы Көптеген өзге де ортаазиялық қалалар сияқты Нарын да Шығыс Түркістаннан (Қашғар) Орта Азияға апаратын сауда жолы бойындағы шағын қамал ретінде құрылған болатын. XIX ғасырдың ортасына дейін бұл жерде айтарлықтай қала болған емес. Орта Азияның Ресей империясына қосылуынан кейін 1868 жылы осында орыс гарнизоны орналасты және осы сәттен бастап қала құрылысы басталады. 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін Нарын Қызыл армия бақылауына өтті, бірақ 1920 жылы осында кеңес әскерлері мен ақ гвардияшылар арасында қақтығыс болды. Кейін қантөгіс айқастардан кейін мұнда Кеңес үкіметі орнады. 1927 жылы Нарын сол кезде құрылған Нарын облысының әкімшілік орталығы болды. Қазіргі кезде Нарын өзімен аттас облыстың мәдени-әкімшілік орталығы болып табылады және "Нарын" еркін экономикалық аймағында орналасқан. Дәл осы жерде қалалық және облыстық бағыныстағы мемлекеттік, жеке және қоғамдық ұйымдардың бас кеңселері, Қырғызстан СІМ-нің консулдық бөлімі, "Торугарт" кеден басқармасы орналасқан. ## Оқу орындары * С.Нааматов атындағы Нарын мемлекеттік университеті * Нарын медициналық училищесі * Нарын педагогикалық училищесі ## Белгілі тумалары * Мұратбек Рысқұлов — драматург * Жұмамүдін Шерәлиев — композитор * Тәттібүбү Турсунбаева — театр және кино актрисасы ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Қырғызстан қалаларының ассоциациясы сайтында Мұрағатталған 14 желтоқсанның 2014 жылы.
Боздақ — Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы, Сайөтес ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Шетпе ауылынан шығысқа қарай 68 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
«Бас жазу» (ағылш. The Hangover) — режиссёр Тодд Филлипс пен сценаристтер Джон Лукас, Скотт Мур кинокомедиясы. Фильм бюджеті 35 миллион доллар болып, Солтүстік Америкада 5 шілде 2009 жылы экранға шықты. «Бас жазу» бірден коммерсиялық сәттілікке қол жеткізіп, көрермендер алғысына ие болды. Ол бүкіл әлем бойынша түсімнен 467 млн. доллар жинап, 2009 жылғы он ең кассалық фильмдер қатарына кірді. ## Басты рөлдерде ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ресми сайты * «Бас жазу» (ағыл.) Internet Movie Database сайтында * Бас жазу (ағыл.) AllMovie сайтында
Қызылағаш ауылдық округі – Абай облысы Жарма ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Қызылағаш, Қарасу ауылдары кіреді. Орталығы – Қызылағаш ауылы. Округ құрамында болған Қаратоған ауылы 2013 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Еспе — Абай облысы Жарма ауданы, Шар қалалық әкімдігі құрамында болған ауыл, 2013 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан солтүстікке қарай 78 км-дей жерде орналасты. ## Халқы Тұрғыны 44 адам (2009). ## Дереккөздер
Жарма — Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы, Ақтөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орналасуы Аудан орталығы - Шетпе ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 63 км қашықтықта орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Көшек — Абай облысы Жарма ауданы, Шар қалалық әкімдігі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан солтүстік-батысқа қарай 28 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Қызылшар — Абай облысы Жарма ауданы, Шар қалалық әкімдігі құрамында болған темір жол айрығы, 2009 жылы жабылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан солтүстік-батысқа қарай 44 км-дей жерде орналасты. ## Халқы Тұрғыны 10 адам (2009). ## Дереккөздер
Сарыарқа — Абай облысы Жарма ауданы, Шар қалалық әкімдігі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан солтүстік-батысқа қарай 45 км-дей жерде. ## Дереккөздер
№7-темір жол айрығы — Абай облысы Жарма ауданы, Шар қалалық әкімдігі құрамында болған темір жол айрығы, 2009 жылы жабылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан солтүстік-батысқа қарай 42 км-дей жерде орналасты. ## Дереккөздер
Суырлы — Абай облысы Жарма ауданы, Шар қалалық әкімдігі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан солтүстік-батысқа қарай 29 км-дей жерде. ## Дереккөздер
№6-темір жол айрығы — Абай облысы Жарма ауданы, Шар қалалық әкімдігі құрамында болған темір жол айрығы, 2013 жылы жабылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан солтүстік-батысқа қарай 60 км-дей жерде орналасты. ## Халқы Тұрғыны 28 адам (2009). ## Дереккөздер
Сазды — Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы, Ақтөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орналасуы Аудан орталығы - Шетпе ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 80 км қашықтықта орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Болашақ — Маңғыстау облысы, Қарақия ауданындағы ауыл. Болашақ ауылдық округінің орталығы, темір жол бекеті. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Құрық ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 187 км-дей жерде. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 764 адамды (474 ер адам және 290 әйел адам) құрады. ## Тарихы Болашақ 2012 жылы темір жол станциясының базасында құрылды. Ауылдың әкімшілік-аумақтық құрамына Бестөрткөл, Құрмаш және Тайғыр разъездері кіреді.. Болашақ - Солтүстік - Оңтүстік халықаралық транспорт дәлізінің шығыс тармағында орналасқан шекаралық теміржол станциясы. 2013 жылдың 11 мамырында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түрікменстан президенті Гурбаноғлы Бердымұхаммедов станцияны салтанатты түрде ашты. 2014 жылдың желтоқсанына қарай станцияда 500-ге жуық адам өмір сүрді. Станция тұрғындарының негізін теміржол жұмысшылары құрады. Станциядан жұмыс күндері "Жаңаөзен - Болашақ" пойызы жүреді. Станция дәрігерлік амбулаториясымен, бірнеше балалар алаңымен, моншамен, наубайханамен, асхана және дүкенмен қамтамасыз етілген. ## Халқы Ауылда тұрғындар саны – 514 адам (2014). Соның ішінде 5 жасқа дейін – 116 бала, жасөспірімдер саны – 98, 15 жастағылар саны – 5, 16-58 жастағылар саны – 290, зейнет жасындағылар саны – 5-еу болды. 2014 жылы туған бала саны – 19, қайтыс болғандар саны – 3 адам болды. ## Инфрақұрылымы 2013 жылдың 2 қыркүйегінде ауылда 80 орындық орта мектеп ашылды. 2013-2014 оқу жылы 84 оқушы қамтылса, 2014-2015 оқу жылында оқушы саны 136-ға жетті. Мектепте барлығы 43 қызметкер жұмыс жасайды. Мектеп қызметкерлері баспанамен қамтамасыз етілген. 2014 жылға қарай ауылда аудандық емханадан іс-сапармен 1 терапевт пен 1 медбике жұмыс жа­сап жатыр. Ауыл көгілдір газбен, ауыз сумен, электр энергиясы­мен 100 пайыз қамтылған. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Болашақ станциясы тұрғындары қалай өмір сүруде?
Қаратоған — Абай облысы Жарма ауданы, Қызылағаш ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2013 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 136 км-дей жерде орналасты. ## Халқы Тұрғыны 53 адам (2009). ## Дереккөздер
Қарасу — Абай облысы Жарма ауданы, Қызылағаш ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 102 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Сазды: ## Елді мекендер * Сазды — Ақтөбе қалалық әкімдігіне қарасты ауыл. * Сазды — Қызылорда облысы, Арал ауданындағы ауыл. * Сазды — Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданындағы ауыл. ## Өзен * Сазды — Ақтөбе облысындағы өзен. ## Бөген * Сазды — Ақтөбе облысындағы бөген. ## Тағы қараңыз * Саз * Сазды ауылдық округі
* I Мұғауия — 661 жылдан бастап билік құрған Умәйя әулетінің бірінші халифасы әрі негізін қалаушы. * II Мұғауия — Умәйя әулетінің бірінші халифасы, I Йазидтің ұлы.
Болашақ ауылдық округі: * Болашақ ауылдық округі — Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданындағы әкімшілік бірлік. * Болашақ ауылдық округі — Маңғыстау облысы, Қарақия ауданындағы әкімшілік бірлік.
Талды: ## Елді мекендер * Талды — Алматы облысы, Кеген ауданындағы ауыл. * Талды — Жетісу облысы, Панфилов ауданындағы ауыл. * Талды — Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданындағы ауыл. * Талды — Қарағанды облысы, Шет ауданындағы ауыл. * Талды — Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданындағы таратылған ауыл. * Талды — Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданындағы таратылған ауыл. ## Өзен * Талды — Нұра алабындағы өзен (Қарағанды облысы).