text
stringlengths 3
252k
|
---|
I Баязит (осман. بايزيد اول — Bâyezid-i evvel; 1357 – 8 наурыз 1403) — Осман империясының 4-ші сұлтаны, қолбасшы.
## Өмірбаяны
I Баязит 1357 жылы османлы сұлтаны I Мұрат шаңырағында дүниеге келді. Ол сұлтандық отбасысында кіші бала болды. Шамамен 1381 жылы Баязит гермиян әмірі Сүлейменнің Дәулетшаһ деген қызына үйленді. Жасау мүлкі ретінде гермияндар өздерінің кейбір иеліктерін берді. Содан кейін Баязит әкесінің үкімімен Кютахьяның санжақбейі болып тағайындалды.
### Сербия жаулауы
15 маусым 1389 жылы әкесінің өліміне байланысты Баязит османлы сұлтаны болып жарияланды. Анасы Гүлшешек қатын грек болу себебімен Баязитті сұлтан ретінде османлылардың христиан вассалдары көруді қалаған. Ал түріктердің көбісі Баязиттің үлкен ағасы Жақып шаһзаданы жақтаған. Соған байланысты Баязит үлкен ағасы тарапынан ешқандай бүлік көрмес үшін оны өлім жазасына кесті. Осылайша "аға-іні өлтірушілік" дәстүрі пайда болды. Баязиттің ойынша, сұлтан аға-інісіз қалса, елде ешқандай бүлік, көтеріліс болмайды. Баязиттің ұрпақтары, яғни келесі сұлтандар да "аға-іні өлтірушілік" дәстүріне бағынып, тақты осы әдіспен сақтап қалып отырды.
Косово жазығындағы шайқаста османлылар толықтай жеңіске жетті. Ал I Баязит әкесі үшін кегін алды: серб князі Стефан Вулковичпен келісім жасап, Сербияны Османлы мемлекетінің вассалы етті, ал оның әпкесі Оливера Вулковичті әйелдікке алды.
### Анадолы жаулауы
Османлы әскері Балқан түбегінде болған кезде, түрік бейліктері османлылардан өздерінің бұрынғы жерлерін қайтаруға кірісті. Алайда мұны сезген I Баязит өз әскерін лезде Анадолыға асырып, түрік бейліктеріне үлкен жорық жасады. Осы жорықта I Баязит Айдын, Сарухан, Гермиян, Ментеше және Хамит бейліктерін жаулап алды. Бұл жаулаулар османлыларға Жерорта теңізі мен Эгей теңізіне жол ашты. Жаңа құрылған Османлы флоты Хиос аралын ойран етті, Аттика жағалауларына шапқыншылықтар жасады, және теңіздегі басқа аралдарға сауда шектемесін қоюға тырысты.
1390 жылы I Баязит Қараман бейлігінің елордасы Коньяны жаулап алды. Келесі жылы қараман бейі Алаеддин бей I Баязитке қарсы соғысты жаңартты, алайда шайқас кезінде жеңіліс тауып, I Баязит үкімімен өлім жазасына кесілді. Сонымен қатар I Баязит Кайсери, Сивас бейліктерін және Кастамону әмірлігін жаулап алды. Кастамону жаулауы османлыларға Қара теңіздегі Синоп кемежайына жол ашты.
Жаулап алынған бейліктер басқаруын I Баязит жергілікті намангерлерге тапсырып, өзі көп уақытын Еуропада өткізді. I Баязит саясатының әкесі I Мұраттың саясатынан айырмашылығы — ассимиляция саясатын ұстанбады.
## Садрағзамы |
Сосновка — Абай облысы Бородулиха ауданы, Новодворов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Бородулихадан солтүстік-шығысқа қарай 20 км-дей жерде.
## Дереккөздер |
II Мұрат (осман. مراد ثاني — Murâd-ı sânî; маусым 1404 – 3 ақпан 1451) — Осман империясының 6-шы сұлтаны, қолбасшы.
## Өмірбаяны
II Мұрат 1404 жылы Амасьяда дүниеге келді.
Әкесі I Мехмет қайтыс болғаннан кейін 17 жастағы Мұрат шаһзада таққа отырды. Билеген жылдарының басында II Мұрат Мұстафа шаһзада жалған есімді адаммен соғысуға мәжбүр болды. Ақыры, 1422 жылы Бұрсаға жақын жерде II Мұрат әскері жалған Мұстафа әскерін ойсырата жеңді, ал өзін өлім жазасына кесті.
1422 жылдың маусымында сұлтан Константинопольді қоршады, бірақ бұл қоршауы сәтсіз өтті. Флоты да, артилериясы да жоқ османлы әскері бәрі-бір византиялық елордаға 28 тамыз 1422 жылы шешуші шабуыл жасады. Бұл шабуыл да сәтсіз аяқталды, османлылар үлкен шығынға батты. Көп ұзамай II Мұрат бұл шабуылды аяқтауға мәжбүр болды, себебі шығыстағы түрік бейліктері — Айдын, Гермиян, Ментеше, Сарухан және Хамит төңкеріс жасады. Бұл төңкеріс тек 1426 жылы ғана басылды. Қараман Бейлігінен басқа бүкіл түрік бейліктері қайтадан османлыларға өтті.
1430 жылы II Мұрат Венецияға тиесілі болған Фессалоники қаласын басып алды. Тұрғындардың кейбіреулері өлтірілді, кейбіреулері құлдыққа алынды, ал ойрандалған қалаға түрік халқын қоныстардырды. Сөйтіп Фессалоники қаласында ассимиляция үдерісі басталды. Одан кейін османлылар Валахия мен Сербияны жаулады, алайда 6 ай бойы қоршалған Белград қаласы османлыларға өтпеді.
1441 жылы Османлы Сұлтандығына қарсы одаққа немістер, поляктар және албандар қосылды. 1441-1444 жж. крест жорығында крестшілер 1443 жылы Ниш пен София қалаларын, ал 1444 жылы османлыларға қатты соққы берді. 12 маусым 1444 жылы II Мұрат Эдирне қаласында мажар патшасы III Владиславпен бітім шарт жазысты. Бұл келісім бойынша османлылар Мажарстанмен шекаралас серб жерлерінің тәуелсіздігін мойындады. Бұл жайттарға қапаланған II Мұрат тақты 12 жасар баласы II Мехметке тапсырды, ал өзі мемлекеттік істерден уақытша безді. Мұны пайдаланған мажарлар бітім шартты бұзып, Болгарияға басып кірді. Баласы II Мехмет бұйрығымен Мұрат османлылар әскерін басқарып, Варна шайқасында Янош Хуньяди бастаған әскерді талқандады.
Жаңа шеріктердің төңкерісі және Ескендір бейдің Албаниядағы төңкерісі II Мұратты 1446 жылы таққа қайтуға мәжбүрледі. Бұдан кейін османлылар Мореяны жаулап, Албанияға басып кірді. 1448 жылдың қазанында болған Косово шайқасында 50-мыңдық османлы әскері Янош Хуньяди бастаған крестшілерді талқандады. Бұл жеңіс османлыларға балқандық халықтарды өз қарамағында бірнеше ғасыр бойы ұстауын қамсыздандырды. 1449 жылы және 1450 жылы II Мұрат Албанияға жорықтар жасады, бірақ олар сәтсіз аяқталды. 1451 жылдың қысында II Мұрат сырқаттанып 3 ақпан 1451 жылы туған қаласы Эдирнеде қайтыс болды.
## Садрағзамдары
## Дереккөздер |
Новосёлов ауылдық округі – Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Новосёловка, Аққұдық, Құрқуыс, Сосновка ауылдары кіреді. Орталығы – Новосёловка ауылы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1713 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Жарбұлақ (2018 жылға дейін — Екінші Бесжылдық) — Абай облысы Бородулиха ауданы, Құнарлы ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Бородулихадан оңтүстік-шығысқа қарай 47 км-дей жерде.
## Дереккөздер |
Ивановка — Абай облысы Бородулиха ауданындағы ауыл, Новодворов ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Бородулихадан солтүстік-шығысқа қарай 21 км-дей жерде.
## Дереккөздер |
Дмитриевка — Абай облысы Бородулиха ауданындағы ауыл, Дмитриев ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Бородулихадан солтүстік-батысқа қарай 9 км-дей жерде.
## Дереккөздер |
Ключики — Абай облысы Бородулиха ауданы, Жаңа Шүлбі ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Бородулихадан оңтүстік-шығысқа қарай 39 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
Тұрғыны 70 адам (2009). |
Потапенково — Абай облысы Бородулиха ауданы, Жаңа Шүлбі ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Бородулихадан оңтүстік-шығысқа қарай 45 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
Тұрғыны 49 адам (2009). |
Солоновка — Абай облысы Бородулиха ауданы, Жаңа Шүлбі ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Бородулихадан оңтүстік-шығысқа қарай 39 км-дей жерде.
## Дереккөздер |
Кондратьевка — Абай облысы Бородулиха ауданы, Таврия ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Бородулихадан шығысқа қарай 32 км-дей жерде орналасты.
## Халқы
Тұрғылықты тұрғыны жоқ (2009).
## Дереккөздер |
I Сәлім (осман. سليم اول — Selîm-i evvel; 10 қазан 1465 — 22 қыркүйек 1520) — Османлы мемлекетінің 9-шы сұлтаны (1512-1520), Ислам халифатының 74-ші халифі (1516-1520), ақын, қолбасшы.
Османлы тарихындағы ең ұлы жаулаушылардың бірі болып саналады. Сонымен бірге ол өзінің қатігездігімен ерекшеленеді. Еуропа патшалары одан қорқып, онымен соғыс жүргізуден қашқақтайтын. Қол астындағы уәзірлері оның бір қарағанынан үрейленетін. Бірақ оның қатігездігі мемлекетке өте үлкен пайда әкелді: жаулаулар нәтижесінде жер ауданы екі жарым есеге ұлғайды (2 375 000 км²-ден 6 557 000 км²-ге дейін), ірі олжалар арқасында қазына толды, парсы елінен айдап әкелінген өнер адамдары Ыстанбұлға көшірілгеннен соң османлы өнері күрт дами бастады, Сәлім 1516 жылы "халиф" атағын алғаннан соң, Османлы мемлекеті халифат ретінде ислам әлемінде ең беделді елге айналды.
## Өмірбаяны
I Сәлім 1465 жылы османлы сұлтаны II Баязит шаңырағында дүниеге келді. II Баязит өмірінің соңғы жылдарында 3 қана ұлы қалған еді: Қорқыт, Ахмет, Сәлім. Үшеуі де билік үшін талас бастады. Баязит Ахмет шаһзаданы басқалардан артық көріп, оған өз тағын қалдыруға сөз берген еді. "Фатих заңы" бойынша таққа отырған османлы сұлтаны өзінің аға-інілерін өлім жазасына кесу керек еді. Сондықтан Сәлім өзінің тағдыры үшін алаңдап, әкесіне қарсы Константинопольге жорық жасады. Оның жоспары бойынша, елордадағы төңкерісшілер Сәлімді қолдап, оны сұлтан деп мойындаулары тиіс еді, алайда бұл жоспары жүзеге аспады. Үлкен әскерді бастаған II Баязит Сәлімді оңай жеңді. Сәті болмаған шаһзада Қырымға қашты. Сол кезде Сәлімнің жалғыз тірі қалған баласы Сүлеймен шаһзада (келешектегі I Сүлеймен) Кефенің санжақбейі еді. Қырымда Сәлім қызылбасылардан әскер жинап, қайта елордаға жорық жасады.
Ауыр науқасқа шалдыққан II Баязит 25 сәуір 1512 жылы азамат соғысынан құтылу үшін тақты Сәлімге қалдырды. Константинопольге сұлтан ретінде кірген I Сәлім османлы әулетінен болған барлық шаһзадаларды өлім жазасына кесті. Бұндай жауыздығы үшін оған Жауыз Сәлім деген лақап ат қойылды. Тіпті әкесін де Дидимотикаға жіберіп, сол жерде уландырды деген де пікірлер бар. Бірақ бұл ресми құжаттармен және тарихи куәліктермен расталмаған.
I Сәлім тұсында османлылар жаппай соғыстар жүргізді. Сол кезде сефевид шаһы I Ысмайыл Иран, Ирак, Ауғанстан және Орта Азияны жаулап алып, Таяу Шығыстағы беделін арттырды. Алайда I Сәлім одан үрейленбей, сефевидтерге соғыс жариялады.
1513 жылы Анадолыдағы 7-ден 70 жасқа дейінгі 35-40 мың шииттерді қырып тастады. Себебі, анадолылық шииттер сефевидтермен ортақ діни көзқарастарға байланысты бірігіп, османлыларға қарсы шығулары әбден мүмкін еді.
1514 жылдың мамырында I Сәлім Таяу Шығысқа аттанды. Сивас пен Эрзурумға соқпай өтіп, I Ысмайыл иеліктеріне басып кірді. Қызылбасылар ашық шайқастан қашқақтап, османлы жауынгерлерін шаршату үшін оларды елдің тереңдігіне кіргізе берді.
23 тамыз 1514 жылы Шалдыран шайқасында сұлтан шаһты ойсырата жеңді. Екі аптадан соң I Сәлім сефевидтік елорда Тебризге басып кірді. Бірақ жұтты қыстан қорыққан жаңа шеріктер сұлтаннан отанға оралуды сұрады. Османлылар Ереван, Карс, Эрзурум, Сивас және Амасья арқылы өтіп, шаһтың қазынасын және гаремін алып, Константиниеге мыңдаған шебер қолөнершілерді өзімен бірге алып келді.
Жолда османлылар өзіне Диярбақыр, Битлис, Хасанкейф, Мийяфарикин және Нежти жерлерін өзіне қаратты. Алайда I Сәлім бұл жерлерден кеткен соң, I Ысмайыл бұл жерлерді қайтадан өзіне қайтарып, Диярбақырдағы османлы гарнизонын жыл бойы қоршады.
1515 жылы Елбістанды билеген Алаеддин сұлтанның басын алып, Зүлқадір әулетін жойды. Одан кейін сұлтан Мысыр жорығына дайындала бастады. I Сәлім Диярбақырды сефевид қоршауынан арылтып, Кочхисар шайқасында сефевидтерді қайтадан жеңді. Сұлтаннан Күрдістанды жаулап алуға рұқсат алған Ыдырыс атты күрд Мардин, Диярбақыр, Синжар және Қосөзенді жаулады. Осыдан кейін I Ысмайыл өмірінің соңына дейін османлылармен соғысудан қашқақтады.
Мәмлүк сұлтаны Кансух Гури Күрдістанды жаулап алуға кедергі бола бастады. I Сәлім мәмлүк сұлтанымен бітімге келуге үміттенді. 1516 жылдың шілдесінде османлы елшілігі Каирге келіп, мәмлүктердің қантын сатып алуды талқылады. Бірақ 1516 жылдың 5 тамызында османлылар мәмлүк шеркештеріне шабуыл жасады.
24 тамыз 1516 жылы Марж Дабик шайқасында османлылар мен мәмлүктер шайқасты. Бұл шайқаста соңғы сөзін османлы артиллериясы айтты. I Сәлім үлкен зеңбіректерін арбалардың арасында жасырып, керек кезде шығарып, оқ атуды бұйырды. Сөйтіп шеркештер жермен жексен етілді, ал Кансух Гури шайқас кезінде қаза тапты. Мәмлүк тағын Тұман бей иеленді.
29 тамыз 1516 жылы өзіне "Екі киелі қаланың қызметкері" (яғни Мекке мен Мединенің) деген атақ алды. Қыркүйекте османлылар қарсылықсыз Сирияға, ал 9 қазанда Дамаскіге кірді. Қарашаның соңында I Сәлім Палестина жорығын Ғазаның жаулауымен тәмамдады. Тұман бей жаңа әскер жасақтады, алайда бұл әскер 25 желтоқсан күні Бейт Шеан шайқасында талқандалды.
1517 жылдың қаңтарында I Сәлім Мысырға басып кіріп, Каир қамалын жойды. Тұман бей қаладан қашты, бірақ көп ұзамай кішігірім әскермен қайтып келіп, түнде қалаға басып кірді. Нәтижесінде қалада үлкен қырғын болды: 50 мыңдай бейбіт тұрғын қазаға ұшырады. I Сәлім Каирді алғаннан кейін 800 мәмлүк шонжарларын басынан айырды. Ал Тұман бей әлі екі ай бойы Ніл сағасында османлылармен күрес жүргізді, бірақ мәмлүктерді өзінің қанаушылары деп санаған мысырлық бәдеуилер бейді сатып, 13 сәуір 1317 жылы Каир қақпасының астында дарға асты.
1517 жылдың сәуірінде I Сәлімге Мекке мен Мединенің кілті беріліп, күллі Хижаз османлылардың иелігіне айналды. Венеция Кипр аралы үшін алым-салық төлей бастады. Тіпті Йеменді жаулап алған мәмлүк жасағы сұлтанға бағынды.
1518 жылы османлылар Мажарстанмен бітім шартқа келді. Ал Алжир билеушісі Қызыр Қайыреддин паша 1519 жылы сұлтанның вассалы болды.
## Садрағзамдары
## Өнерде
* «Assassin's Creed: Revelations» компьютерлік ойыны (2011 жыл)
* «Сүлеймен сұлтан» телехикаясы (2011-2014, I Сәлім рөлінде — Мүхаррем Гүлмез) |
Таврия ауылдық округі – Абай облысы Бородулиха ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Буркотово, Сохновка ауылдары кіреді. Орталығы – Буркотово ауылы. Округ құрамында болған Богомолово, Кондратьевка ауылдары 2018 жылы таратылған.
## Дереккөздер |
Озёрный ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Озёрное, Бауман, Қарақамыс ауылдары кіреді. Орталығы – Озёрное ауылы. Округ құрамында болған Ақбалық ауылы 2018 жылы таратылған.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1167 адамды құрайды.
## Дереккөздер |
Таврия ауылдық округі – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Ақтөбе, Гагарино, Пролетарка, Таврическое ауылдары кіреді. Орталығы – Таврическое ауылы.
## Тарихы
2013 жылы таратылған Гагарин ауылдық округінің 2 елді мекені қосылды. Сол жылы Южное ауылы таратылды.
## Дереккөздер |
Красный Яр — Абай облысы Бородулиха ауданындағы ауыл, Краснояр ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Бородулихадан оңтүстік-шығысқа қарай 58 км-дей жерде.
## Дереккөздер |
Речное — Абай облысы Бородулиха ауданы, Краснояр ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Бородулихадан оңтүстік-шығысқа қарай 57 км-дей жерде.
## Дереккөздер |
Сохновка, Сахновка — Абай облысы Бородулиха ауданы, Таврия ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Бородулихадан шығысқа қарай 46 км-дей жерде.
## Дереккөздер |
Қарғалы ауылдық округі:
* Қарғалы ауылдық округі – Ақтөбе қалалық әкімдігіне қарасты таратылған әкімшілік бірлік.
* Қарғалы ауылдық округі – Алматы облысы Жамбыл ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Қарғалы ауылдық округі – Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Қарғалы ауылдық округі – Түркістан облысы Отырар ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Әулиеағаш (2023 жылға дейін – Воскресенка) — Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы ауыл, Әулиеағаш ауылдық округі орталығы. КАТО коды — 554845100.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Тереңкөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 51 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Чапаев ауылдық округі:
* Чапаев ауылдық округі — Ақмола облысы, Жақсы ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Чапаев ауылдық округі — Алматы облысы, Іле ауданындағы Байкент ауылдық округінің бұрынғы атауы.
* Чапаев ауылдық округі — Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Чапаев ауылдық округі — Қарағанды облысы, Осакаров ауданындағы таратылған әкімшілік бірлік.
* Чапаев ауылдық округі — Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Павлов ауылдық округі – Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Павловка, Апановка, Евгеновка ауылдары кіреді. Орталығы – Павловка ауылы.
## Тарихы
2013 жылы таратылған Нелюбин ауылдық округі қосылды. 2017 жылы Барсуковка, Нелюбинка ауылдары таратылды. 2019 жылы Евгенов ауылы қосылды. 2021 жылы Қоржынкөл ауылы таратылды.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2096 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Михайличенково — Абай облысы Бородулиха ауданындағы ауыл, Андреев ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Бородулихадан оңтүстік-шығысқа қарай 16 км-дей жерде.
## Дереккөздер |
Фёдоров ауылдық округі – Қостанай облысы, Фёдоров ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Фёдоровка, Александрополь, Владыкинка, Затышенка, Жаркөл, Копыченка, Приозёрное ауылдары кіреді. Орталығы – Фёдоровка ауылы.
## Тарихы
2008 жылы Жаркөл ауылдық округінің Целинное ауылы таратылды. 2013 жылы таратылған Жаркөл ауылдық округінің елді мекендері қосылды. 2023 жылы Андреевка ауылы таратылды.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 8798 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Фёдоров ауылдық округі:
* Фёдоров ауылдық округі — Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданындағы Теректі ауылдық округінің бұрынғы атауы.
* Фёдоров ауылдық округі — Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Фёдоров ауылдық округі — Қостанай облысы, Фёдоров ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Фёдоров ауылдық округі — Павлодар облысы, Тереңкөл ауданындағы Томарлы ауылдық округінің бұрынғы атауы. |
Фёдоров ауылдық округі – Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданындағы әкімшілік бірлік. 2019 жылы құрамына қысқартылған "Карл Маркс ауылдық округінен" 2 елді мекен қосылды.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Фёдоровка, Сибирка, Сокол, Үкіатқан ауылдары кіреді. Орталығы – Фёдоровка ауылы..
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2257 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Қарағайлы (2011 жылға дейін – Арбузное) — Абай облысы Бородулиха ауданы, Новопокров ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Бородулиха ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 35 км жерде.
## Дереккөздер |
Қоңырөзек ауылдық округі – Павлодар облысы Успен ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Вознесенка, Дмитриевка, Қоңырөзек, Надаровка, Чистополь ауылдары кіреді. Орталығы – Қоңырөзек ауылы. 2006 жылға дейін Павловка ауылдық округі деп аталды. 2018 жылы округ құрамына таратылған Надаров ауылдық округінен Вознесенка, Надаровка (орталығы), Чистополь ауылдары қосылды.
## Дереккөздер |
Ақши (2018 жылға дейін — Пролетарка) — Абай облысы Бородулиха ауданы, Жаңа Шүлбі ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Бородулихадан оңтүстік-шығысқа қарай 41 км-дей жерде.
## Дереккөздер |
Баскөл ауылдық округі – Павлодар облысы Май ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Баскөл, Бозша, Жаңатілек ауылдары кіреді. Орталығы – Баскөл ауылы. 2004 жылы округ құрамында болған Комсомол, Қарағанды, Талды ауылдары таратылды.
## Дереккөздер |
Сарыноғай — Абай облысы Бородулиха ауданы, Новопокров ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Бородулиха ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 28 км жерде.
## Дереккөздер |
Жақсылық (2018 жылға дейін – Романовка) — Абай облысының Бородулиха ауданы, Подборный ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылды.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Бородулиха ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 24 км-дей жерде.
## Дереккөздер |
Михайловка – Абай облысы Бородулиха ауданы, Подборный ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Бородулиха ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 22 км-дей жерде.
## Дереккөздер |
Баскөл ауылдық округі – Абай облысы Бесқарағай ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Қарағайлы, Баскөл, Бөкебай ауылдары кіреді. Орталығы – Қарағайлы ауылы.
## Дереккөздер |
Покров ауылдық округі – Қостанай облысы Денисов ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Покровка, Досов ауылдары кіреді. Орталығы – Покровка ауылы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 759 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Покров ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Покровка, Еңбек, Есіл, Мальцево ауылдары кіреді. Орталығы – Покровка ауылы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2442 адамды құрайды.
## Дереккөздер |
Мурзово — Абай облысындағы Бородулиха ауданы, Құнарлы ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Бородулиха ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 57 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 3 адам (2009).
## Дереккөздер |
Жаңа Васильевка — Абай облысындағы Бородулиха ауданы, Құнарлы ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Бородулиха ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 64 км-дей жерде.
## Дереккөздер |
Шаған – Қазақстандағы Абай облысының аумағында орналасқан жасанды көл.
## Тарихы
Шаған көлі 1965 жылы жасалған алғашқы кеңестік өнеркәсіптік термоядролық жарылыс нәтижесінде Шаған өзенінің ағысында Семей полигонының бір алаңы - Балапан сынақ алаңында пайда болған. Кеңес оқымыстылары «бейбіт атомды» жоюға арналған, соның ішінде, әсіресе, ерінді су шоғырланатын су қоймалары қатарын жоспарлаған.
Мұндай су тоғандарының түбі жарылыс нәтижесінде еритін де, су қоймасына дәл қажетті орынға айналатын еді. Оқымыстылардың есептері бекерге шығып, әлі күнге дейін Атом көлінің суы жұқпалы әрі ішуге жарамсыз. Қазіргі кезде Атом көлі - Семей полигонының негізгі туристік объектілерінің бірі болып табылады.
## Сипаттамасы
* Ауданы — 5,92 км².
* Көлемі — 19,1 млн куб. м.
* Тереңдігі — шамамен 100 метр |
* Полтава ауылдық округі – Ақмола облысы Атбасар ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Полтава ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданындағы Ардақ ауылдық округінің бұрынғы атауы.
* Полтава ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Преснов ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы әкімшілік бірлік. 2013 жылы құрамына қысқартылған "Железин ауылдық округінен" 1 елді мекен қосылған.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Пресновка, Железное ауылдары кіреді. Орталығы – Пресновка ауылы. Железин ауылдық округінің құрамында болған Богатое, Лапушки ауылдары 2013 жылы, округ құрамында болған Островка ауылы 2018 жылы таратылған.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 6539 адамды құрайды.
## Дереккөздер |
Сарытерек ауылдық округі:
* Сарытерек ауылдық округі — Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Сарытерек ауылдық округі — Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Ақсу ауылдық округі – Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы әкімшілік бірлік. 2009 жылға дейін Белый ауылдық округі деп аталды.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Ақсу, Ақшарбақ, Бекалқа, Жазаба ауылдары кіреді. Орталығы – Ақсу ауылы. Округ құрамында болған Талды ауылы 2014 жылы таратылған.
## Дереккөздер |
Новомихайловка — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы, Белоусов кенттік әкімдігі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Глубокое кентінің солтүстік-шығысында 28 км жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Көкжайық ауылдық округі — Абай облысы Көкпекті ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Көкжайық, Ақой, Қарағандыкөл, Қарамойыл ауылдары кіреді. Әкімшілік орталығы – Көкжайық ауылы.
## Тарихы
2009 жылы Жұмыскер, Талапкер ауылдары таратылды. 2013 жылы таратылған Қарағандыкөл ауылдық округінің Қарағандыкөл елді мекені қосылды.
## Дереккөздер |
Қабанбай ауылдық округі:
* Қабанбай ауылдық округі – Абай облысы Мақаншы ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Қабанбай ауылдық округі – Жетісу облысы Алакөл ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Қабанбай ауылдық округі – Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Маралды ауылдық округі:
* Маралды ауылдық округі — Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Тассай ауылдық округі — Түркістан облысы, Сайрам ауданындағы таратылған әкімшілік бірлік. 2014 жылы құрамындағы барлық ауыл Шымкент қаласына берілгендіктен таратылған.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Достық, Таскен, Қызылсай, Тассай, Тәжірибестанса (Опытная станция) ауылдары кірді. Орталығы – Достық ауылы болған..
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 11 852 адамды құрайды.
## Дереккөздер |
Пригородный ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Покровка, Красный Октябрь, 2591 км аялдамасы ауылдары кіреді. Орталығы – Покровка ауылы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1046 адамды құрайды.
## Дереккөздер |
Аврора — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы, Краснояр ауылдық округі құрамында болған теміржол станциясы, 2024 жылы таратылды.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Глубокое кентінің солтүстік-батысында 30 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Пригородный ауылдық әкімдігі – Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Пригородное ауылы кіреді. Орталығы – Пригородное ауылы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 3028 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Белов ауылдық округі:
* Белов ауылдық округі — Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Белов ауылдық округі қазір Ақсу ауылдық округі деп аталады — Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Алтай — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Глубокое кентінің солтүстік-шығысында 9 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Калинино — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы, Алтай кенттік әкімдігі қарамағында болған ауыл, 2024 жылы таратылды.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Глубокое кентінің солтүстік-шығысында 11 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Белокаменка — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы, Белоусов кенттік әкімдігі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Глубокое кентінің солтүстік-шығысында 6 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Заречное — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы, Веселов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Глубокое кентінен солтүстік-батысқа қарай 13 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Берёзовка — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы ауыл, Берёзов ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Глубокое кентінің солтүстік-батысында 20 км жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Веселовка — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы ауыл, Веселов ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Глубокое кентінен солтүстікке қарай 18 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Пригородный ауылдық округі – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық әкімдігі аумағында болған бірлік, 2013 жылы таратылған. Құрамына Пригородное, Жоғарғы Хайрузовка, Коноваловка, Ливино, Поперечное ауылдары кірді. Аэродромное, Громатуха, Ермолаевка, Новая Королевка, Сегізінші Март, Крольчатник, Синюшонок ауылдары 2009 жылы таратылған. Тұрғыны 1851 адам (2009). Орталығы – Пригородное ауылы болды.
## Дереккөздер |
Красная Заря — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы, Берёзов ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Глубокое кентінің солтүстік-батысында 19 км жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 151 адам (74 ер адам және 77 әйел адам) болса, 2009 жылы 69 адамды (42 ер адам және 27 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Тассай ауылдық округі:
* Тассай ауылдық округі — Абай облысы, Көкпекті ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Тассай ауылдық округі — Ақтөбе облысы, Хромтау ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Тассай ауылдық округі — Түркістан облысы, Сайрам ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Әуезхан Қодар (12 маусым 1958, Қармақшы ауданы, Абыла ауылы - 9 шілде 2016, Алматы қаласы) – мәдениеттанушы, философия ғылымдарының кандидаты. Байұлы тайпасының Алтын руынан шыққан.
ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) заң факультетін бітірген (1982). 1982 – 85 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауаткомының жасөспірімдер жөніндегі комиссияның хатшысы, 1989 – 94 жылы Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы көркем аударма және әдеби байланыстар жөніндегі редакторы бас алқасында орыс бөлімінің меңгерушісі, 1994 жылдан Қазақстан халықтарының мәдениетін қорғау жөніндегі «Алтын ғасыр» қоғамдық бірлестігінің президенті. 1997 – 98 жылы Неміс театр академиясында философия тарихынан дәріс берді. 1999 жылдан «Тамыр» журналының бас редакторы. Қодар «Туған күн», «Ақеділдің анты» пьесаларының (1986), «Қанатты өрнек» (1990), «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» жинағының (1996), «Еске алмау шеңбері» (1998), «Қазақ әдебиетінің тарихына шолу» (1999) кітабының, «Қанағат қағанаты» жинағының (1994) авторы. Қазақ тіліне Е.Замятиннің «Аттила» драмасын, М.Хайдеттер, Х.Гасеттің философиялық еңбектерін, Швиттерстің өлеңдерін, орыс тіліне Абай, Мағжан, Ж.Жақыпбаевтың шығармаларын аударған. Қодар республикалық шығармашылық жастар «Жігер» фестивалінің лауреаты.
## Дереккөздер |
II Сәлім (осман. سليم ثانى — Selîm-i sânî; ақындық лақап аты — Сәліми (түр. Selîmî); 28 мамыр 1524 — 13 желтоқсан 1574) — Османлы мемлекетінің 11-ші сұлтаны, Ислам халифатының 76-шы халифі, ақын.
Бұл сұлтанның тұсында Османлы мемлекетінің жалпылама әлсіреуі басталады. Саясатына әпкесі Михримах сұлтан мен әйелі Нұрбану сұлтан үлкен ықпал тигізгені үшін оның тұсында "Қатындар сұлтанаты" атты тарихи кезең өз жалғасын табады. Жер аумағы ұлғайса да (14 893 000 км²-тан III Мұратқа 15 192 000 км²-қа дейін), бұған сұлтан емес, садрағзам Соколлы Мехмет паша өз септігін тигізді. Садрағзам мемлекеттік істермен айналысқанда Сары Сәлімнің маскүнемдікке салынып, гаремде өзінің күңдерімен көңіл көтеріп жүретін. Соған байланысты османлылар арасында сұлтанның Маскүнем Сәлім деген лақап таралды. "Халық қандай — билеуші сондай" деген мәтелге сәйкес Маскүнем Сәлімнің тұсында османлылардың рухани дүниесі де түсе бастады: Сүлеймен жапқан кофеханалар қайтадан ашылды, халық арасында шараптар тарала бастады және т.с.с.
## Өмірбаяны
I Сәлім 1524 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны I Сүлеймен шаңырағында дүниеге келді. Басында 1542 жылдан бастап Коньяның санжақбейі болды. Кейін 1544 жылы үлкен туған ағасы Мехмет шаһзада қайтыс болғанда, Сәлім шаһзада ағасының орнына Манисаның санжақбейі болып тағайындалды. 1548 жылы I Сүлеймен Парсы жорығына шыққанда, Константиниеде Сәлімді өзінің орынбасары ретінде қалдырды. Ал 1553 жылы өгей ағасы Мұстафа шаһзада әкесінің бұйрығымен өлім жазасына кесілгенде, сұлтан Сәлім шаһзаданы басты мұрагер етіп жариялады.
### Баязит шаһзадамен алауыздығы
1558 жылы анасы Хүррем сұлтан қайтыс болғаннан кейін, інісі Баязит шаһзадамен алауыздық күшейді. Бұл алауыздық — жылдар бойы болған нәрсе, бірақ екеуінің аналары Хүррем сұлтанның беделінің әсерінен бұл алауыздық ушықпады. Ал енді Хүррем сұлтан қайтыс болған соң ағайындылар алауыздығына кедергі жасайтын әкелерінен басқа ешкім қалған жоқ. Ал әкелері оларға кедергі жасау үшін 1558 жылы оларды бір-бірінен өте алыс санжақтарға жібереді: Сәлім шаһзада Коньяға аттанса, Баязит шаһзада Амасьяны басқаруға кетеді. Бірақ бұл шешім еш пайда әкелген жоқ: Баязит шаһзада жолда ағасына қарсы әскер жинай бастайды.
1559 жылы Баязит шаһзада жиналған әскерімен Сәлім шаһзаданың санжағы Коньяға жетеді. 1559 жылдың мамырында болған Конья шайқасында Сәлім шаһзада өз інісінің әскерін талқандайды, ал Баязит шаһзада парсыларға қашады. Алайда 1561 жылы сефевид шаһы Тахмасп Баязит шаһзаданы I Сүлейменге 400 000 алтын үшін тапсырды. 25 қыркүйек 1561 жылы Баязит шаһзада өлім жазасына кесілді.
### Әкесінің соңғы жылдары
1562 жылдан бастап әкесінің ажалына дейін Сәлім шаһзада Күхатия санжақбейі болды. Ең қызықтысы, осы санжақты 1555-1558 жылдары інісі Баязит шаһзада басқарған.
5 қыркүйек 1566 жылы әкесі I Сүлеймен Сигетвар қамалын қоршаған кезде, өз шатырында қайтыс болды. Сәлім шаһзада үш аптадан кейін Кютахьядан Константиниеге келіп, османлы садрағзамы Соколлы Мехмет паша қолдауымен таққа отырды.
### Сұлтанатының сипаты
II Сәлім тұсында барлық мемлекеттік істермен османлы садрағзамы Соколлы Мехмет паша айналысты. Бұл замандағы Османлы мемлекеті абсолюттік монархиядан гөрі конституциялық монархияға көбірек ұқсады. Себебі, сұлтанға қарағанда мемлекетте садрағзам беделдірек болды. Сұлтан тек қол қою үшін, шерулерге қатысу үшін және монархиялық мәртебені сақтау үшін ғана қажет болды. Ал нағыз мемлекеттік мәселелерді садрағзам шешіп отырды. II Сәлім мемлекеттік мәселелердің көбісін Соколлы Мехмет паша кеңесімен ғана шешіп отырды.
### Аштархан жорығы
1569 жылы Аштарханға сәтсіз жорық ұйымдастырылды. Константиниеде Еділ мен Дөң өзендерін арық арқылы қосу жоспары құрылған. 1569 жылы жаңа шеріктер мен татарлардың атты әскері Аштарханды қоршап, Еділ-Дөң мойнағында құрылыс жұмыстарын бастады. Сол кезде Османлы флоты Азақ қаласын қоршауға алды. Бірақ 15-мыңдық орыс әскері османлылар мен татарларға шабуыл жасап, ары қарай шегіндірді. 1570 жылы Османлы мемлекеті мен Орыс патшалығы бітім шартқа отырды.
### Иосиф Наси
Сарайда Соколлы Мехмет пашадан кейінгі ең жақын досы — португалдық көпес Иосиф Наси еді. Бұл көпес II Сәлімге сыйлық жасау үшін алтын мен әшекейлерді аямайтын. Жауап ретінде сұлтан Иосиф Насиге Наксос аралын сыйлады. Алайда көпес елордада тұрып, сұлтаннан бүкіл османлы жерінде шарап сату монополиясына қол жеткізді. Венеция елшісі былай айтады:
### Ажалы
1574 жылдың 13 желтоқсанында II Сәлім моншаның құрылысын тексеруге барғанда, моншаның мәрмәрлық тақтасына басын соғып, қайтыс болды.
## Садрағзамдары
## Өнерде
* «Роксолана» телехикаясы (1996-2003 жж., II Сәлім рөлінде — Константин Степанков)
* «Хүррем сұлтан» телехикаясы (2003 жыл, II Сәлім рөлінде — Атилай Ұлуысық)
* «Сүлеймен сұлтан» телехикаясы (2011-2014 жж., II Сәлім рөлінде — Енгин Өзтүрік)
## Қызықты деректер
* II Сәлім сұлтан ретінде әскери жорыққа шықпаған алғашқы османлы билеушісі.
* II Сәлімді османлылар Маскүнем Сәлім деп атап кетті. Сұлтан шарап ішуді ұнатқан, алайда тура мағынада маскүнем болмаған. Оның үстіне Сәлімнен оған дейінгі басқа сұлтан I Баязит те ішімдікті ішкен. Сонымен қатар османлы халқы II Сәлімді Сары Сәлім деген лақап ат қойған. Біріншісіне қарағанда бұл лақап ат дұрысырақ, себебі, шынымен де, сұлтан анасы секілді сары шашты болған.
* II Сәлім шарапқұмарлығына қарамастан, ақындық өнері де болған. Көбінесе сұлтан өзінің зайыбы Нұрбану сұлтанға махаббат сезімін жеткізу үшін өлеңдер жазған. |
* Приишим ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Раздольный ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Раздольное, Ақбидай ауылдары кіреді. Орталығы – Раздольное ауылы.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 566 адамды (285 ер адам және 281 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Каменный Карьер – Ақмола облысы Целиноград ауданының солтүстігіндегі тау.
## Географиялық орны
Қарамеңді батыр ауылынан солтүстікке қарай 4,5 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 357 м. Батыстан шығысқа қарай 1,5 км-ге созылған, ені 1 км. Таудың шығысында тасты жерлер жер бетіне шығып жатыр, батыс етегінде батпақты шалғын қалыптасқан.
## Геологиялық құрылымы
Палеоген тау жыныстарынан түзілген жер қыртысын құмсазды келген элювийлі-делювийлі шөгінділер жапқан.
## Өсімдігі
Даланың сортаңдау қызғылт қоңыр топырағында бетегелі-селеулі өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
III Мұрат (осман. مراد ثالث — Murâd-ı sâlis; ақындық лақап аты — Мұради (түр. Muradi); 4 шілде 1546 — 16 қаңтар 1595) — Османлы мемлекетінің 12-ші сұлтаны, Ислам халифатының 77-ші халифі, ақын, қолбасшы.
III Мұрат өзінің Парсы жорығы арқасында және т.б. соғыстар арқасында, жер ауданын 15 192 000 км²-тан 19 902 000 км²-қа дейін ұлғайтты. Бұл Османлы мемлекетінің аумақтық кеңеюінің шегі еді. Мемлекеттік істерде III Мұрат Соколлы Мехмет пашаның білімі мен тәжірибесіне сүйеніп отырды. Бірақ бұған қарамастан сұлтан көп уақытын диуанда емес, гаремде өткізді. Бұған дәлел — сұлтанның әртүрлі күңдерден туған 20 ұлы мен 27 қызы.
## Өмірбаяны
III Мұрат 1546 жылы Маниса санжақбейі Сәлім шаһзада (келешектегі II Сәлім) мен оның сүйіктісі Нұрбану сұлтан шаңырағында дүниеге келді. Мұраттың құлағына азан шақыру рәсіміне атасы I Сүлеймен, әжесі Хасеки Хүррем сұлтан және т.б. Османлы әулетінің мүшелері қатысты. Сәлімнің тұңғыш перзенті Нұрбанудан туғандықтан, соңғысына "сұлтан" атағы беріліп, Сәлімнің басты күңіне айналды. Атасы Сүлейменмен Мұратта әкесінен гөрі жақсы қарым-қатынас болды: атасы немересін Эдирнеге аңшылыққа және жорықтарға алып отыратын. Атасының тұсында 1558 жылдан бастап Ақшаһар санжағын биледі. Кейін 1566 жылы атасы өлгендіктен, әкесі Сәлім таққа отырды, ал Мұрат Маниса санжақбейі болды.
Манисада Мұраттың жеке гаремі болатын. Сол гаремге 1560 жылдары София Баффо атты сұлу қыз түседі (ол Мұраттың анасы Нұрбану сұлтандай венециялық Баффо әулетінің мүшесі). Гарем ережесі бойынша қызды атын Сафие деген атқа өзгертті. Сафие Мұратта бірден ұнап қалды және ұзақ уақыт бойы шаһзада тек соны ғана қалады. Тарихшылар осы ынтықтықты Мұраттың азбандығы кесірінен деп санайды, себебі шаһзада азбандықтан жазылған соң өзінің артынан көп ұрпақ қалдырды (20 ұл мен 27 қыз), яғни ол аурудан жазылған соң Сафиеден басқа көптеген күңдермен бірге болды. Мұрат атасы мен әкесіне қарағанда Сафиемен ешқашан неке қиған жоқ (атасы Сүлеймен Хүрреммен, ал әкесі Сәлім Нұрбанумен неке қиды). Алайда османлы тарихшы Мұстафа Әли Сафиені Мұраттың әйелі деп жазған-ды. Венециялық елші Морозини 1585 жылы былай жазды:
Уақыт өте келе Сафие қызғаншақты жеңіп, Мұратқа тіпті жаңа күңдерді әперіп отырған, сондықтан Сафие Мұраттың ризашылығына бөленді. Манисада Сафие Мұратқа 2 ұл мен 2 қыз туып берді (келешектегі III Мехмет, Махмұт шаһзада, Айша сұлтан мен Фатима сұлтан).
### Билігінің алғашқы жылдары
1574 жылдың 22 желтоқсанында II Сәлім қайтыс болды. Мұраттың Манисадан Константинопольге жеткенше дейін бұл жаңалық құпия болды. Қайтыс болған сұлтанның әйелі Хасеки Нұрбану сұлтан мен османлы садрағзамы Соколлы Мехмет паша сұлтанның мәйітін мұзды жәшікке салды, себебі Мұрат тек 12 күннен кейін ғана Топқапы сарайына жетті. Келе салысымен Мұрат тақ залына келіп, жаңа сұлтан болып жарияланды, ал Соколлы Мехмет паша садрағзам лауазымда қалды. Сол түні, төңкерістерден сақтану үшін III Мұрат өзінің 5 інісін тұңшықтыруға бұйрық берді, ал Нұрбану сұлтаннан тумаған II Сәлімнің қыздары Ескі сарайға көшірді.
### Гаремі
III Мұраттың анасы Уәлиде Нұрбану сұлтанның гаремдегі беделі артты, алайда алғашқы 4 жыл II Сәлімнің әпкесі Михримах сұлтан гаремнің басшысы болды. Михримах сұлтан гаремді анасы Хасеки Хүррем сұлтан ажалынан кейін және өз ажалына дейін 1558-1578 жылдары 20 жыл биледі. Ақырында, Михримах сұлтан қайтыс болған соң, 1578 жылы Уәлиде Нұрбану сұлтан гаремнің жаңа басшысы болды. Нұрбану сұлтанның гаремдегі тұтас билігі оның ажалына дейін, 1583 жылға дейін, жалғасты. Сонымен қатар Нұрбану сұлтан мемлекеттік істерге де ықпалы зор болды, себебі III Мұрат мемлекеттік мәселелерге қатысты шешімдер қабылдаған кезінде анасының кеңесін тыңдайтын. Паоло Контарини дожға жазған хатында былай дейді:
III Мұраттың тұсында "қатындар сұлтанаты" өз жалғасын тапты, себебі сұлтанға анасынан басқа сүйікті күңі де зор ықпал етті. Сұлтан өз күңін өте қатты сүйді, бірақ Сафиенің ықпалын төмендету үшін Нұрбану сұлтан Мұратқа басқа да күңдер жіберіп отырды. Бұл Уәлиде сұлтанның қолынан келсе де, ақырында сұлтан үшін Сафие ең сүйікті күң болып қала берді. 1583 жылы Нұрбану сұлтан қайтыс болған соң, Сафие өз беделін сезіне бастады. Анасы жанындай жақсы көрген III Мұрат анасының жаназасын зор сән-салтанатпен өткізді және Мимар Синанға анасының құрметіне мешіт салуға әмір берді. Мешіт Әтік Уәлиде мешіті деген атау алды. Бұл мешіт өз ғаламаттығымен Сүлеймение мешітін озуға жақын еді. Ажал құшқанға дейін Нұрбану сұлтан баласы Мехметке кеңестер беріп кетті, бұл жайлы Джанфранческо Моросини былай деді:
Нұрбану сұлтанның қайтыс болғанын Моросини Венециядағы депешесіне хабарлайды:
Сұлтан Мұрат өз анасын мәпелеп, құрметтейтін.
### Парсы жорығы
1578 жылы III Мұрат парсыларға қарсы жорыққа аттанды. Аңыз бойынша, сұлтан өз шонжарларынан атасы I Сүлейменнің қандай соғысы ең қиын болғанын сұрады. Бұл соғыс парсы соғысы болғанын естіп, III Мұрат өз атасынан асуға мақсат қойды. 1579 жылы османлылар Грузия мен Әзірбайжан жерлері жаулап алынса, 1580 жылы Каспий теңізінің батыс және оңтүстік жағалауларын басып алынды. 1585 жылы парсылардың негізгі күштеріне соққы беріліп, қазіргі Иранның оңтүстік-батысы жауланды. 1590 жылы жасалған Константиние бітім шарты бойынша, османлыларға Күнгей Кавказ, Күрдістан, Лүрістан және Хүзестан өтті.
### Соңғы жылдары
1583 жылы сұлтан өз қырымдық вассалының бүлігін басты. Қырымдық татарлар әлсіреп жатқан османлы әскерінің ішіндегі үлкен күшке айналды. Мұрат Венеция республикасымен, Речь Посполитамен және Аустриямен бейбіт келісімшартқа отырып, еуропалық елдермен бейбітшілік қарым-қатынас орнатты.
1594 жылдың күзінде сұлтан өзін нашар сезіне бастады. Бәрі бүйрек-тас ауруының кесірінен болды. 1595 жылдың 16 қаңтарында Мұрат 50 жасында дүниеден озды. Таққа өзінің 19 інісін өлім жазасына кескен III Мехмет отырды.
## Сәулет өнері
III Мұрат әкесін сый-құрметпен Әулие София мешітінің жанына жерледі және сол жерде Мимар Синанға зәулім кесене салғыздырды. Алғашқы жылдары III Мұрат Мимар Синанға Топқапы сарайында бірнеше ғимараттар салуға бұйырды, соның ішінде сарайлық ас үйі, гаремдік хаммам, Тақ Залы және Сұлтан Мұраттың қонақжайы.
## Кейпі
1585 жылы III Мұрат 39 жаста болғанда Моросини былай жазады:
## III Мұрат тұсындағы оқиғалар
* Венециямен келісім жаңартылды.
* 1578 жылы Қасрүлкәбир теңіз шайқасында португалиялықтарды фас-османлы одағы жеңді.
* Испанияға қарсы Англияға жәрдем жасалды.
* 1577 жылы Топхананың артында Такиүддиннің басшылығымен Такиүддин расытханасы құрылды.
* Сұлтан Польша патшасына қарсы шайқасты жеңді және 1577 жылы Польша османлылардың вассалы болды.
* Османлыларға вассал болған Қырым хандығы 1578 жылы Орыс патшалығына соғыс ашты.
* 1578 жылы Сефевидтерге қарсы соғыс ашылды. Шылдыр шайқасында османлылар жеңді.
* 1582 жылы Тифлис қорғанысы басталды. Тифлис пен Ширван жауланды.
* 27 күнге созылған қоршау нәтижесінде Карс қамалы алынды.
* 1582 жылы Османлы тарихындағы ең үлкен ойын-сауықтарының бірі, 40 күн, 40 түн бойы өткен шаһзадалардың сүндет тойы тойланды.
* 1583 жылы османлылар Шырақтар шайқасын жеңді.
* 1585 жылы Тебриз төртінші рет жауланды. Кенже қаласы алынды.
* 1590 жылы Фархат паша келісім шартына қол қойылды. Каспий теңізі османлылардың үстемдігіне алынды.
* 1593 жылы Қасиетті Рим империясына соғыс ашылды.
* 1594 жылы Яныккале жауланды.
* Алтын мен күмістің ара салмағы төмендетілгеннен кейін ел тарихындағы ең үлкен девальвация өткізілді.
## Садрағзамдары
## Өнерде
* «Сүлеймен сұлтан» телехикаясы (2011-2014 жж., III Мұрат рөлінде — Серіхан Онат)
## Дереккөздер |
Раздольный ауылдық округі – Қостанай облысы Науырзым ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Раздольное ауылы кіреді. Орталығы – Раздольное ауылы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1175 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Солнечное — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы, Бобров ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Глубокое кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 43 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Быструха — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы ауыл, Быструха ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Глубокое кентінен солтүстік-шығысқа қарай 39 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Бобровка — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы ауыл, Бобров ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Глубокое кентінен шығысқа қарай 29 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Зимовье — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы ауыл, Быструха ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Глубокое кентінен солтүстік-шығысқа қарай 50 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
* Приречный ауылдық округі – Абай облысы Жаңасемей ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Приречный ауылдық округі – Ақмола облысы Целиноград ауданындағы Ақжар ауылдық округінің бұрынғы атауы.
* Приречный ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Приречный ауылдық округі – Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Хмельницкий ауылдық округі:
* Хмельницкий ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Весёлое — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы, Тарханка ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Глубокое кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 52 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жаңа Үлбі — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы, Тарханка ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Глубокое кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 51 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Таулы Үлбі — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы, Тарханка ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Глубокое кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 56 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер
. |
Кіші Оба – Үбі өзені алабында.
## Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы жерімен ағады.
## Бастауы
Бастауын Үбі жотасының солтүстік-шығыс бөлігінен алып, Выдриха ауылынан шығысқа қарай Үбі өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Жалпы ұзындығы 97 км (Сол Оба өзенімен бірге), су жиналатын алабы 2096 км2. Жылдық орташа су ағымы 0,31 м3/с. Аңғары тар, ағыны қатты.
## Дереккөздер |
I Ахмет (осман. آحمد اول — Âhmed-i evvel; ақындық лақап аты — Бахти (түр. Bahtî); 18 сәуір 1590 — 22 қараша 1617) — Османлы мемлекетінің 14-ші сұлтаны, Ислам халифатының 79-шы халифі, ақын, зергер.
I Ахметтің сұлтанаты бір қатарлы емес: бір жақтан — сыбайлас жемқорлық жойылды, Сафие сұлтанның ықпалы әлсіреді, Жалалилер бүлігі басылды, Ыстамбұлдағы ең ірі мешіт Сұлтанахмет мешіті салынды; басқа жақтан — жер ауданы кеміді, Габсбургтардың императорлық атағы мойындалды, Аустрия алым-салықтан босатылды. Бірақ Ахметтің басқа сұлтандармен салыстырғанда адамгершіліктірек, діншілірек, тақуалырақ екені даусыз. Бұған таққа отырғаннан кейін інісі Мұстафаны аяғаны, Інжу моншақ дүңгіршегінен мүсіндерді алып тастауы, Ыстамбұл өртінде бір үйдің өртін өзі сөндіргені дәлел.
## Өмірбаяны
I Ахмет 1590 жылы Манисада дүниеге келді. Өзінің ізашарларынан айырмашылығы — санжақбей болып тағайындалмай, таққа отыруына дейін тек сарайда ғана өмір сүрді.
21 желтоқсан 1603 жылы 13 жасында таққа отырды. Таққа отыру рәсімінде өзінің жасына қарамастан, Осман Ғази қылышын жеке өзі беліне байлап, биік таққа уәзірлердің көмегісіз отырды. Рәсімнен кейін жаңа жас сұлтан уәзірлерімен кеңесіп, жаңа шеріктер мен басқа жауынгерлерге жалақы төлеп, пәтерлерге орналастырды. Содан кейін ол ат үстінде Константиние көшелерімен жүріп, османлы халқына өзін көрсетті.
Марқұм әкесінде өзінен басқа тағы бір ұлы тірі қалды — Мұстафа шаһзада. Алайда оның есі ауысқандықтан ол ағасының тағына еш қауіп төндірген жоқ. Сондықтан I Ахмет өз інісін өлім жазасына кеспеді. Бірақ сарайда да қалдырмады — кафес павильонына қамап, өмірінің соңына дейін, сол жерде ұстап отырды.
Келесі күні I Ахмет өз әкесінің жаназасына қатысты, тіпті жаназа намазын басқарды. Кейін I Ахмет әкесі III Мехметке арналған Әулие Софья мешітінің жаңында мазар салып, сонда жерледі.
1605 жылы I Ахмет Інжу моншақ дүңгіршегінде орналасқан, Томас Даллам орнатқан механикалық органды жойды. Себебі, сол органда I Ахметтің діни сезімін қорлайтын мүсіндер орнатылған. Сұлтанның ойынша, мүсіндер ислам діні таралған жерден гөрі пұтқа табынушылардың ғибадатханаларында орналасу керек. Бұл оқиға I Ахметтің әкесіне қарағанда діншілірек болғанын дәлелдейді.
### Жемқорлықпен күресі
I Ахмет өз әжесі Сафие сұлтанды Топқапы сарайынан Ескі сарайға қуды. Себебі, сұлтанға Сафие сұлтанның билікқұмарлығы ұнамады. Соның кесірінен III Мұрат пен III Мехмет тұсында сарайда дырду өмір салты қалыптасып, әскер әлсіреп, ел экономикасы дағдарысқа ұшырай бастады. Билікте жемқорлық орын алды, және сол кездегі әр лауазым үшін шенеуніктер ақша төледі. Сол тәртіпсіздікті басу үшін I Ахмет өз билікқұмар әжесін Ескі сарайға қуып, сатылғыш шенеуніктерді биліктен тайдырды.
Сұлтан бала кезінен билікқұмарлықтың жаман жағын көргендіктен, сол бейберекетті жоюға тырысты. Тіпті өз анасы Хандан сұлтанды да билікке жолатпады. Сонымен Хандан сұлтан өз ізашары Сафие сұлтандай беделді бола алмады. Ал 1605 жылдың 26 қарашасында ол белгісіз себеппен сарайда қайтыс болды. Сұлтан өзін нағыз билеуші екенін көрсету үшін өзінің әлсіздігін құлдарына көрсеткісі келмей, жаназадан кейінгі келесі күні Жалалиларға қарсы жорыққа шықты. Алайда халық сұлтанның осы қылығын анасына деген немқұрайлық деп бағалады. Сондықтан жұрт арасында жас сұлтан жайлы жаман өсектер тарай бастады. 1602-1605 жылдары Константиние зынданында отырған ағылшын саяхатшысы Томас Шерли бұл оқиға жайлы былай дейді:
### Шешек ауруы
Бірнеше жыл өткен соң I Ахмет шешек ауруына шалдықты. Кейбір уәзірлер сұлтанның өліміне сенімді болып, I Ахметтің інісі Мұстафа шаһзаданы Ескі сарайдан Топқапы сарайына таққа отырғызу үшін әкеледі. Алайда сұлтан тез жазылып, сол қастандыққа қатысқанның барлығын жазалады. Алғаш рет 12 жасында таққа отырған II Мехметті санамағанда, 13 жастағы I Ахмет ең жас сұлтан болатын. Және де ол таққа отырғанға дейін бала сүймеген. Кейбір тарихшылар сұлтанның сол кемшілігін інісі Мұстафаны аяу себебі болып табылатынын тұжырымдайды. Алайда бұл тұжырым дұрыс емес, себебі 1604 жылдың 3 қарашасында I Ахметтің бірінші баласы Осман (келешектегі II Осман) дүниеге келгенде, сұлтан өз інісін өлім жазасына кеспеді.
### Аустрияға қарсы соғыс
1605 жылы Аустрияға қарсы соғыс барысында I Ахмет әскерді өзі бастап, сол жылдың 3 қазанында Эстергом бекінісін алды. Алайда Жалалилердің және Сириядағы төңкерістер османлылардың Габсбургтермен 1606 жылдың 11 қарашасында Житваторок келісімін жасауға мәжбүрлетті. Келісім бойынша, османлылар енді Аустрияға алым-cалықты төлеттірмеді, және ең бастысы, Габсбургтердің императорлық дәрежесін мойындады.
### Босняк Дәруіш Мехмет паша
1606 жылдың соңында садрағзам болып тағайындалған Босняк Дәруіш Мехмет паша I Ахметтің бала кезінен бері тәлімгері болған. Оның сұлтанға деген әсері соншалық, I Ахмет оны басында сұлтан бөлмесінің қорғаушысы, кейін Дария капитаны (осман. کاپیتان دریا — kapitan-ı derya), яғни Османлы флотының басшысы етіп тағайындады. 1606 жылы османлы садрағзамы Соколлызада Лала Мехмет паша мен дария капитаны Босняк Дәруіш Мехмет паша арасында жанжал туды. Садрағзам белгісіз себеппен қайтыс болып, 1606 жылдың 21 маусымында келесі садрағзамдық Дәруіш пашаға бұйырды. Садрағзам болған соң, Дәруіш паша шейх үл-ислам Суннулла әпендіні орнынан босатады. Оның себебі, шейх үл-ислам Дәруіш пашаның шынайы бейнесін сұлтанға айту ниеті. Жаңа садрағзам қарапайым елордалықтардан салық жинай бастады, ал жаланың бәрін садрағзам бұйрығымен оған сарай салып жатқан еврей көпес-мердігерге артуға қалады. Дәруіш пашаның мемлекеттік істерді қалай шешетіндігі және заңсыз салық жинауы бұқара халыққа ұнамай, шағым I Ахметтің құлағына дейін жетеді. 1606 жылдың 11 желтоқсанында дуан кеңесінің отырысында I Ахмет садрағзам Босняк Дәруіш Мехмет пашаны өлім жазасына кесті.
### Константинополь өрті
1606 жылдың күзінде османлы елордасы Константинопольде үлкен өрт болды. Бұл өрт қаладағы еврей кварталын тұтастай өрттеп жіберді. Сол өрттердің бірін I Ахмет өзі сөндірді. Ноулз сол оқиғаны былай сипаттайды:
### Иранға қарсы соғыс
Сефевидтер шаһы I Аббас османлылардың Жалалилер төңкерісін басып жүргенін пайдаланып, османлы гарнизондарын Әзірбайжан, Грузия және т.б. жерлерден қуды, тіпті османлылардың иеліктеріне шабуыл жасай бастады. 1611 жылы садрағзам болып тағайындалған Насух паша 1612 жылы сефевидтермен келісімге отырды. Бітім шарт бойынша османлылар сефевидтердің жаулауларын мойындады. Алайда бұл бітім шарттың бекітілуіне дейін I Ахметтен екі грузин князьдері көмек сұрады. Сондықтан I Аббас османлыларға тағы шабуыл жасады, ал османлылар бұл қылықты бітім шарттың бұзылуы деп қабылдады. Оның үстіне шаһ сұлтанның елшісін зынданға отырғызды. 1614 жылы османлы садрағзамы Насух паша өлім жазасына кесілді, ал жаңа садрағзам болып Өгіз Мехмет паша болып тағайындалды. 1616 жылы Өгіз Мехмет паша үлкен әскерді бастап, Ереванды қоршауға алды, алайда қоршау сәтсіз аяқталып, ол садрағзам лауазымынан тайдырылды.
### Ажалы
I Ахмет бала кезінен көп ауыратын, және өмірінің соңында да ол бөрітпе сүзек ауруына шалдықты. Ақыры, 1617 жылдың 22 желтоқсанында I Ахмет қайтыс болады. Мәйіті өзі салған Сұлтанахмет мешітінің жаңында арнайы салынған мазарда жерленді. Сұлтанның осылай ерте қайтыс болуы османлы үкіметінде мұрагерлік дағдарыс туғызды. Себебі, I Ахметте ересек ұл болған жоқ. Османлы әулетіндегі жалғыз ересек еркек I Ахметтің інісі Мұстафа шаһзада ғана болды. Сондықтан уәзірлер өзара кеңесіп, таққа Телі Мұстафаны отырғызды.
## Сұлтанахмет мешіті
1606 жылы I Ахмет елордада үлкен діни кешен салуды ойластырды. Осы жұмысты сұлтан османлы сәулетшісі Мехмет ағаға тапсырды. Мехмет аға күллі әлемге танымал Мимар Синанның шәкірті болған, және ол өз тәлімгерін озуды армандады. 1609-1616 жылдары жаңа мешіттің құрылысы болды. 1616 жылы салынып біткен мешіт өзінің бастамашысы I Ахмет атымен "Сұлтанахмет мешіті" деп аталып кетті. Бұл мешіт Константиниедегі ең үлкен және ең басты мешіт болып саналады.
Мұнара саны бойынша мешіт сол кезде бәрін, тіпті Харам мешітін де озды. Бұнын себебі — кәдімгі абайсыздық. Сұлтан мешіт сәулетшісіне төрт "алтын мұнара" салуды бұйырғанда, сәулетші сұлтанды дұрыс түсінбей "алты мұнара" деп естіп, алты мұнара салды. Ол кезде Харам мешітінде тек бес қана мұнара болатын. Османлы мүфтияты осы құрылыстан кейін Харам мешітінің маңыздылығы кеміді деп есептеді, сондықтан сұлтан Харам мешітіне тағы екі мұнара қосып, олардың санын жетіге жеткізді. Осылайша Харам мешітінің маңыздылығы қалпына келді.
## Атақтары
1612 жылы Польша патшасы Сигизмунд Вазаға жазған хатында I Ахмет өзінің атақтарын былай келтіреді:
## Келбеті мен мінезі
Тарихшы Ноулз өзі жазған османлы тарихын 1610 жылда бітіреді. Ол кез I Ахмет билеген жылдарының жетінші жылы еді. Ноулздың шығармасы соңы I Ахметтің келбеті мен мінезі жайлы болады:
## Өнері
I Ахмет ақын болған, және оның Бахти (түр. Bahtî) деген ақындық лақап аты да болған.
Тарихшы Ноулз I Ахметтің мүйізді жүзік жасау өнері жайлы айтады. Сонымен қатар тарихшы османлы әдеті бойынша әр шаһзада балалық шағынан бір өнерді меңгеру керек екендігін де айтады:
## Садрағзамдары
## Өнерде
* «Махпейкер» фильмі (2010 жылы, I Ахмет рөлінде — Көкхан Мүмжі)
* «Ғаламат ғасыр: Көсем дәуірі» телехикаясы (2015-қ.у., I Ахмет рөлінде — Екин Көш)
## Естелік
* Ыстамбұлдағы Сұлтанахмет ауданы.
* Ыстамбұлдағы Сұлтанахмет алаңы.
* Ыстамбұлдағы Сұлтанахмет мешіті.
* Ыстамбұлдағы I Ахмет мазары.
## Қызықты деректер
* I Ахмет — ізбасары баласы емес інісі болған алғашқы сұлтан.
* I Ахметтің үлкен ұлы II Осман әкесі секілді 13 жаста таққа отырды, ал ортаңғы ұлы IV Мұрат әкесі секілді 27 жаста аурудан қайтыс болды. Үшеуі де бала жаста таққа отырып, жастық шақта қайтыс болды.
## Дереккөздер |
Быструха ауылдық округі — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы әкімшілік бірлік. 2018 жылға дейін Куйбышев ауылдық округі деп аталған.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Зимовье ауылы кіреді. Орталығы – Быструха ауылы.
## Дереккөздер |
I Мұстафа (осман. مصطفى اول — Mustafa-i evvel; 1591 — 20 қаңтар 1639) — Османлы мемлекетінің 15-ші сұлтаны, Ислам халифатының 80-ші халифі.
## Өмірбаяны
I Мұстафа 1591 жылы Манисада дүниеге келді.
1595 жылы әкесі III Мехмет, ал 1603 жылы ағасы I Ахмет таққа отырды. II Мехмет енгізген Фатих заңы бойынша елде сұлтанаралыққа жол бермеу үшін таққа отырған сұлтан өз аға-інілерін өлім жазасына кесу керек. Алайда I Ахмет осы заңға бағынбаған алғашқы сұлтан болды. Сұлтанның осындай шешім қабылдауына тарихшылар әртүрлі себептер келтіреді:
* 1. I Мұстафаның есі ауысқаны. Оның есі ауысқанымен, бұл оған сұлтан болуға еш кедергі жасамады. Себебі, Ахмет өз билеген жылдарының басында шешек ауруымен сырқаттанып, кейбір уәзірлер сұлтанның өліміне сенімді болып, Мұстафаны, есі ауысқанына қарамастан, таққа отырғызу үшін Топқапы сарайына шақырды.
* 2. I Ахметтің баласыз болуы. Шынымен де, Ахмет таққа отырғанда баласыз болған, алайда ол бұл жетіспеушілікті тез арада жойды: 1604 жылдың 3 қарашасында сұлтанның бірінші баласы Осман (келешектегі II Осман) дүниеге келді. Егер де Ахмет тек өзінің баласыз екенін ескеріп, інісі Мұстафаны өлтірмесе, онда ол Осман туған кезінде Мұстафаны өлтіру керек еді. Сонда да Ахмет өз інісін өлім жазасына кеспеді.
I Ахмет өз інісін өлтермесе де, оған бостандық бермей, Топқапы сарайындағы кафесте өліміне дейін қамап отырды. 1617 жылдың 22 қарашасында I Ахмет бөрітпе сүзек ауруынан қайтыс болды. I Ахметте ересек бала болмаған соң, тақ I Мұстафаға бұйырды.
## Бірінші сұлтанаты
Сарайда қоғамдық қатынастар I Мұстафаның психикалық күйін жақсартады деген үміт болды. Алайда сарайдағылардың ынтасы еш нәтижеге әкелген жоқ — сұлтан бұрынғыдай есі ауысқан болып қалды. Сұлтан өте оғаш болған: дуан кеңесінің отырысында уәзірлердің сәлделерін бастарынан жұлып, сақалдарынан тартып отыратын. Сонымен қатар оғаш сұлтан құстар мен балықтарға жем орнына тиындар лақтыруды ұнатқан. Бұл оқиғалар жайлы османлы тарихшысы Ибраһим Пешеуи былай айтады:
Бірінші билеген жылдарында (1617-1618) I Мұстафа анасы Халиме сұлтан мен садрағзам Дамат Халил пашаның қолжаулығы ғана болатын. Есі ауысқан сұлтанға қанағаттанбаған әскер 1618 жылы оны тақтан тайдырып, зынданға қамады. Ал келесі сұлтандық II Османға өтті. Алайда төрт жылдан соң, жаңа шеріктер ұйымдастырған төңкеріс кезінде II Осман өлтіріліп, тақ I Мұстафаға қайтадан бұйырды.
## Екінші сұлтанаты
Екінші билеген жылдарында да (1622-1623) I Мұстафа анасы Халиме сұлтан мен жаңа садрағзам Қара Дәуіт пашаның қолжаулығы болды. Сұлтанның психикалық науқастығы тіптен жоғарылады. I Мұстафа II Османның тірі екенін ойлап, оның бөлмесіне есік қағып, өзін тақ салмағынан арылту үшін одан өзіне тақты қайтыруын сұрады.
Сол кездерде жаңа шеріктер мен сыпайларда жанжал туды, ал Анадолыда Эрзурум бейлербейі Абаза Мехмет пашаның төңкерісі басталды. Абаза Мехмет паша II Османның өлімі үшін кек қайтарғысы келді. Төңкерісті тоқтату үшін Халиме сұлтан Қара Дәуіт пашаны өлім жазасына кесті. Алайда төңкерісшілер наразылықты тоқтатпай, 1623 жылдың мамырында Абаза Мехмет паша 40-мыңдық әскерімен Анкараны қоршауға алды. Билікте төрт садрағзам бір-бірін ауыстырып отырды. Ақырында, садрағзамдық Кеманкеш Қара Әли пашаға өтті. Ол Халиме сұлтанды баласын тақтан босатуға көндірді. Халиме сұлтан баласы I Мұстафаның өмірін сақтау шартымен пашаға келісім берді. I Ахмет пен Көсем сұлтанның 11 жасар баласы IV Мұрат келесі сұлтан болды. I Мұстафа қайтадан кафеске қамалып, өліміне дейін сонда отырып шықты. 1639 жылдың 20 қаңтарында I Мұстафа өз ажалымен қайтыс болды. Бұрынғы сұлтан мәйіті он жеті сағат жайбарақат жатты, тек содан кейін ғана оны еш сый-құрметсіз Әулие Софья мешітінің қасындағы Мұстафаға арнайы салынған мазарда жерде жерледі.
## Садрағзамдары
## Өнерде
* «Ғаламат ғасыр: Көсем дәуірі» телехикаясы (2015-қ.у., I Мұстафа рөлінде — Боран Құзым)
## Дереккөздер |
Қасқасу — Түркістан облысы Төле би ауданындағы ауыл, Қасқасу ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Леңгір қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 31 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 ж. 11 шiлдедегі № 151-I Қазақстан Республикасының Заңы 2008.21.11. - Қазақстанның мемлекеттік тілі - қазақ тілі, ұлтаралық тілі орыс тілі және тағы басқа тілдердің ережелері мен заңдастықтарын растайтын және реттейтін нормалар жиынтығы.
## Тарихы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы 1997 жылғы 11 шiлдеде қабылданды.Атап айтқанда, 1998 жылғы 14 тамызда «Мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту туралы», Елбасының 1998 жылғы 5 қазаңдағы № 4106 Жарлығымен бекiтiлген «Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы» тағы басқалары. Бас-аяғы 4-5 жылдың iшiнде тiл жөнiнде 17 құжат қабылданыпты.
## Тілімізді сақтау үшін жасалынған ұсыныстар
* Мемлекеттiк органдарда iс қағаздарын жүргiзуде қос тiлдiлiктен, бiр тiлдiлiкке, яғни қазақ тiлiнде жүргiзуге көшу керек. Ол үшiн тiл туралы Заңның тиiстi баптарына өзгерiс енгiзу қажет.
* Ата Заңымыздың 7-шi бабының «Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады» деген 2-шi тармағын алып тастау қажет.
* Тiл туралы Заңның 24-шi бабында «Қазақстан Республикасының тiл туралы Заңының бұзылуына кiнәлi мемлекеттiк органдардың, кез келген меншiк нысанындағы ұйымдардың 1-шi басшылары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жауапты болады» делiнген. Заңның осы қағидасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажет.
* Аталған Заңның 25-шi бабына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң биылғы жылғы 8-шi қаңтардағы №16 Қаулысымен бекiтiлген Ережеге сәйкес, тiлдер туралы Заңдардың сақталуына бақылау жасауды өз әөзыретiнiҰ шегiнде Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық келiсiм Министрлiгi жүзеге асырады. Осы Ережеге сәйкес облыстық аәпарат және қоғамдық келiсiм Департаментi, прокуратура органдарымен бiрiгiп, тiл туралы Заң талаптарының орындалуына дЎйектi тұрде бақылау жасауды қамтамасыз ету керек.
* Мемлекеттiк органдарда бос лауазымдарға қызметкерлер қабылдағанда, олардың бiлiктiлiк талаптарының тiзбесiне мiндеттi түрде қазақ тiлiнде iс қағаздарын жүргiзе алатындығы енгiзiлуi тиiс.
## Дереккөздер |
Волчиха — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы, Малоубинка ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Глубокое кентінен солтүстік-шығысқа қарай 71 км-дей жерде орналасты.
## Халқы
Тұрғыны 55 адам (2009).
## Дереккөздер |
Стюарттар (алғашқыда гэльс. Stiùbhairt, ағылш. Steward, Stewart, XVI ғасырдан бастап француз тіліне икемделген ағылш. Stuart атауы қалыптасты) — Шотландия (1371—1651, 1660—1707 жж.), Англия (1603—1649, 1660—1694, 1702—1707 жж.), Ирландия (1603—1649, 1660—1694, 1702—1714 жж.) және Ұлыбритания (1707—1714 жж.) патшалықтарын билеген патшалар әулеті.
## Шотландияда
Стюарт әулетінің бірінші танымал өкілі Доль сарайының билеушісінде болған ата-бабадан мұраға беріліп келе жатқан сенешаль Алан Фиц-Флаад болды. Ол XI ғасырда Норманд шапқыншылығынан кейін көп ұзамай Британияға келді. Осыған байланысты зерттеушілер оның шығу тегі туралы ортақ ойға келмеді - ол не бретондық немесе нормандық болуы мүмкін. Алан Шропширдегі иеліктерді берген Нормандық үйден шыққан ағылшын королі Генрих I-ні қолдады. Оның ұлдарының бірі Уолтер Фиц-Алан (1177 ж.қай.) Англиядағы феодалдық анархия кезінде императрица Матильданы қолдады және шотланд патшасы Дәуіт I-мен достасты. Шамамен 1136 жылы Уолтер Шотландияға көшіп, онда Ренфруширде ауқымды иелік алып, өмірінің соңына дейінгі пэрстық және шотландиялық король сарайында мұрагерлікке берілетін Жоғарғы стюард (басқарушы) лауазымын алды. Лауазым атауынан Стюарттардың тегі пайда болды.
Алтыншы лорд-стюарт Уолтер Стюарт (1293-1326) король Роберт I Брюстің қызы Маджорге үйленді. Олардың ұлы Роберт II Брюс әулетінен шыққан нағашысы Дәуіт II қайтыс болғаннан кейін Шотландия тәжін иеленді. Оның ізбасарлары Роберт III, Яков I, Яков II, Яков III, Яков IV және Яков V болды.
## Англияда
Яков V-нің қызы, Генрих VII-нің шөбересі Мария Стюарт ағылшын тағына үміткер болды. Оның ұлы, Яков VI, 1603 жылы Тюдор әулетінің жойылуымен, Яков I атымен Англияның патшасы болды, осылайша ағылшын және шотландиялық тақтарды біріктірді (алайда, ресми уния тек 1707 жылы қабылданды).
Оның ізбасарлары, Англия мен Шотландия королдері - Карл I (1649 ж.т.), Карл II (1660 ж. шақырылған), Яков II, ол тағы Яков VII - Шотландия патшасы (1688 ж. қуылған), Мария II, күйеуі Вильгельм Оранмен бірге билік етті, сонымен қатар Стюарттардың туысы, сондай-ақ Марияның сіңлісі Анна, оның кезінде біріккен патшалық Ұлыбритания құрылды.(1707). 1714 жылы Анна қайтыс болғаннан кейін заңға сәйкес, британ тағына католиктерді таққа жолатпай, Ганновер курфюрсты, Яков I (VI) қызының немересі, жаңа Ганновер әулетінің негізін қалаған, протестанттық Георг I болды.
Сол уақытта, континентінде қуғын-сүргінге ұшыраған Яков II ұлы, Франция, Испания және папа Яков III деген атпен патша ретінде танылды, бірақ оның билікті игерудегі әрекеті сәтсіздікке ұшырады (тағы қараңыз Якобиттер). Стюарттардың үйі 1807 жылы Яков II-нің немересі кардинал Генрих Бенедикттің қайтыс болғаннан кейін тоқтатылды.
*
*
*
*
## Әдебиеттер
* Стюарттар // Брокгауз бен Ефрон энциклопедиялық сөздігі: 86 томдық (82 т. және 4 қос.) — СПб., 1890—1907. |
Маховка — Ресейдегі өзен. Оренбург облысы, Самара облысы жер аумақтарынан ағып өтеді. Өзен сағасы Самара өзенінің оң жағалауынан 359 км қашықтықта орналасқан. Өзен ұзындығы 21 км-ді құрайды.
## Су реестрінің мәліметтері
Ресей мемлекеттік су тізілімінің мәліметі бойынша Төменгі Еділ су алабы өңіріне жатады, өзеннің сушаруашылық бөлігі — Самара Сорочинск су торабынан Елшанка ауылындағы су өлшеу постына дейін . Өзен саласы — Саласы болмайды, өзен алабы — Куйбышев суқоймасының бас жағынан Каспий құйылысына дейінгі Еділ.
Ресей су ресурстары федералды агенттігі дайындаған РФ территориясын сушаруашылығы бойынша аудандастыру жөніндегі геоақпараттық жүйе мәліметтері бойынша:
* Мемлекеттік су реестріндегі су объектісінің коды — 11010001012112100006679
* Гидрологиялық тұрғыдан зерттелу (ГЗ) коды — 112100667
* Су алабының коды — 11.01.00.010
* ГЗ томының нөмірі — 12
* ГЗ бойынша шығарылуы — 1
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ресей Федерациясы Табиғи ресурстар және экология министрлігі Мұрағатталған 26 мамырдың 2015 жылы. |
Кожохово — Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданындағы ауыл, Кожохов ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Глубокое кентінен солтүстікке қарай 5 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Уварово — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы, Ертіс ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Глубокое кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 10 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ушаново — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы ауыл, Ушанов ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Глубокое кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 44 км-дей, Өскемен қаласының шығысында 4 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Степное — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы, Ушанов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Глубокое кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 40 км-дей жерде, Өскемен қаласының шығыс жақ шетінде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
№226-теміржол айрығы — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы, Ертіс ауылдық округі құрамындағы темір жол айрығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Глубокое кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 18 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Черемшанка — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы ауыл, Черемшан ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Глубокое кентінен шығысқа қарай 66 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Карагужиха — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы, Малоубинка ауылдық округі құрамындағы кент.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Глубокое кентінен солтүстік-шығысқа қарай 110 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қарабатан — Атырау облысының Атырау қалалық әкімшілігінің құрамында болған ауыл, Геолог ауылдық округінің құрамына кірді. 2019 жылы қала құрамына енгізілді.
## Халқы
1999 жылғы халық санағы бойынша елді мекенде 107 адам (54 ер, 53 әйел адам) тұрған. Ал 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша ауылда 135 адам (67 ер, 68 әйел адам) тұрды.
## Дереккөздер |
Мұнайшылар қалашығы, Жилгородок (орыс. Жилой городок нефтяников, Жилгородок) — Атырау қаласындағы сәулет өнерінің ескерткіші. Сәулетшілер А. Арафьев және С. Васильковскийдің жобасы бойынша 1943 жылы басталып, 1948 ж. кұрылыс пайдалануға берілген. Ол Атырау каласының оңтүстік-батыс бөлігіндегі Жайық өзенінің көптеген иіндерінің біріне орналасқан. Тұрған жері түбекке ұқсас, ал оның орталық өзегінде Мұнайшылар мәдениет үйі салынған.
Қалашықтың құрылысына көптеген ортаазиялық сәулет өрнектері үйлесімді пайдаланылған. Бірімен-бірі кезектесіп салынған бір, екі қабатты үйлердің әрқайсысы сәулет енерінің сирек кездесетін сұлулык өрнегі сияқты. Қалашықтың батыс жағынан қоршаған қалың ағаш, жасыл желекке бөленген бақ қатты жел, ыстық аңызақ, құм топыракқа корған бола отырып, шығыс жағынан Атырау қаласының шекарасымен шектеледі. Қалашықтың орталығындағы су бассейні, гүлзарлар, айнала орналасқан асхана, дүкен, дәріхана т.б. әлеуметтік орындар бір-бірімен әсем үйлесімдік тапқан.
## Мұнайшылар қалашығының суреттері
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Жилгородок в лицах Мұрағатталған 28 мамырдың 2016 жылы. (орыс.) |
Серік Жамбылұлы Шәпкенов (29 шілде 1979, Қаратөбе ауылы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, 2022 жылдан бері Атырау облысының әкімі.
Бұрын Шәпкенов Қазақстан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2021–2022) және Атырау қаласының әкімі (2016–2018) болған.
## Өмірбаяны
1979 жылы 29 шілдеде Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының Қаратөбе кентінде дүниеге келді. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экономикалық кибернетика факультетін бітірген (2000), экономист-математик.
* 2000 жылдан - М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы.
* 2001 жылдан - Батыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының жетекші маманы.
* 2002 жылдың маусымынан - Батыс Қазақстан Қаржы басқармасының жетекші маманы, 2003 жылдан - бас маманы.
* 2006 жылдың қаңтарынан - БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті шынайы секторлы дамыту бөлімінің бастығы.
* 2006 жылдың наурызынан - БҚО Ауыл шаруашылықдепартаменті әкімшілік бөлімінің бастығы.
* 2007 жылдың қаңтарынан - БҚО Ауыл шаруашылық департаменті директорының орынбасары.
* 2007 жылдың қазанынан - БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті бастығының орынбасары.
* 2009 жылдың қыркүйегінен - Батыс Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы.
* 2014 жылдан - ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
* 2016 жылдан - Атырау қаласының әкімі.
* 2018 жылдан - Атырау облысы әкімінің орынбасары
* 2020 жылдан – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары.
* 2021— 2022 жылдары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
* 2022 жылдың 7 сәуірден бастап Атырау облысының әкімі болып тағайындалды.
## Отбасы
Үйленген. Жұбайы - Шапкенова Анар Асыланбайқызы,үй шаруасында. Ұлдары - Жамбыл Темірлан Серікұлы,Жамбыл Әлібек Серікұлы.
## Дереккөздер
Үлгі:Асқар Маминның министрлер кабинеті |
Дуадақтар тұқымдасы (лат. Otididae) — мамандардың бірі жеке отряд қатарына, екіншілері - тырналармен бірге отряд тармағына жатқызған тырнатәріздес құстар тұқымдасы. Бұл тұқымдаста 8 немесе 11 туыс, 22 түр бар. Нағыз құрлықта өмір сүретін орташа және ірі денелі өте алуан түрлі құстар. Аталықтары басы мен мойны әр түрлі әшекейлейтін қауырсындардың дамуымен ерекшеленеді,оны олар құсойнақ кезінде көрнекі көрсетуге пайдаланылады. Аталықтары аналықтарынан едәуір үлкен. Дене бітімі тығыз, күшті және ұзын аяғында тек қана 3 саусақ болады. Қанаты - үлкен және жалпақ . Ұзындау келген мойнында шағын ғана жалпиған басы бар. Тұмсығының түп жағы жалпақ. Жақсы жүреді және жүгіреді, ашық биотопты ұнатады, ұшуы қиынға соғады. Талғаусыз қоректенеді. Соңғы уақытта бұл тұымдас құстардың саны негізгі биотоптың бұзылуымен азайып кетті. Дуадақ тұқымдастардың Қазақстанда 3 түрі өмір сүреді.
## Дереккөздер |
Ақжал — Абай облысы Жарма ауданы, Ақжал ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 22 км-дей жерде.
## Дереккөздер |
Аққулы ауданы — 1939 жылы құрылған, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында орналасқан аудан және оңтүстік-шығысында Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен, солтүстікте Шарбақты ауданымен шектесіп жатыр, батыста аудан шекарасы Ертіс өзені арқылы өтеді. Ауданның аумағы 806,1 мың гектарды құрайды. Павлодар қаласына дейін ара қашықтық 120 км.Әкімшілік орталығы - Аққулы ауылы.
## Физикалық-географиялық сипаттамасы
### Географиялық жағдайы
Солтүстігінде Павлодар және Шарбақты аудандарымен, шығысында — Ресейдің Алтай өлкесімен, оңтүстігінде — Абай облысы Бесқарағай ауданымен, батысында — Май ауданымен бөлетін кеме жүретін Ертіс өзенімен шектес.Аудан аумағымен Павлодар – Семей автомобиль жолы өтеді.
### Климаты
Аудан климаты қатал континентальды. Қаңтардың орта температурасы −17º-18ºС, шілденікі - +20º+21ºС. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері 250—300 мм құрайды.
### Жер бедері және гидрография
Аудан аумағы бетегелі өсімдігі бар жай толқынды жазық жерлерден тұрады, тұзды көлдер саны өте көп. Топырақ қызғылт және қою қызғылт, механикалық құрамы бойынша — құмайт және құмды, жел эрозиясына тез шалдығады. Алқаптарда — ауыр суглинкалар бар. Жер қойнында келесі табиғи құрылыс материалдары зерттелінген: алебастр, сульфат, гипс, әк.
### Флора және фауна
Оңтүстік-шығыста жолақты қарағай ормандары бар. Жолақты қарағай ормандары мен Ертіс өзенінің алқабында ағаш және бұтақты түрлер: үйеңкі, боз тал, қандағаш, көктерек, қайың, терек, қарағай және басқалары кездеседі. Шөп түрлерінен — жусан, бетеге. Ертіс өзені алқабы — қоғалы жаға. Қасқыр, қоян, суыр, сарышұнақ, аламан секілді аң түрлері мен үйрек, қаз секілді құстар мекендейді.
## Тарихы
Аудан Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңес Президиумының 1939 жылғы 16 қазандағы жарлығымен орталығы Лебяжі ауылы болып Бесқарағай, Каганович және Павлодар аудандарын шағындау есебінен құрылған. Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңес Президиумының 1963 жылғы 2 қаңтардағы жарлығымен Лебяжі ауданы жойылып, аумағы Павлодар ауылдық ауданының құрамына енді. Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңес Президиумының 1964 жылғы 31 желтоқсандағы жарлығымен Лебяжі ауданы қайта құрылды. Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық полигонындағы ядерлық сынақтан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңына сәйкес аудан радиациялық қауіпті аумаққа жатқызылды. 2018 жылғы 4 тамызда ҚР Президенті жарлығымен аудан атауы Аққулы болып өзгертілді.
## Әкімшілік бөлінісі
23 елді мекен 10 ауылдық округке біріктірілген:
## Халқы
### Этникалық құрамы
Ұлттық құрамы (2012 жылдың 1 қаңтарына)
* қазақтар — 11 306 адам (80,9 %)
* орыстар — 1 582 адам (11,32 %)
* украиндер — 215 адам (1,54 %)
* немістер — 241 адам (1,72 %)
* татарлар — 200 адам (1,43 %)
* белорустар — 65 адам (0,46 %)
* басқалары — 421 адам (3 %)
* Барлығы— 14 030 адам (100,00 %)
### Санның серпінділігі
1999 жылы халық саны— 19,6 мың адамды, 2012 жылы — 13,97 мың адамды құрады. Халықтың орташа тығыздығы 2012 жылы 1 км² 1,72 адамнан келді.
## Экономика
### Ауылшаруашылық
Ауданның ауылшаруашылық мамандандырылуы: қой шаруашылығы, табындық жылқы шаруашылығы, жүн өндіру, қарбыз өсіру. Бидай, тары, қарақұмық, күнбағыс өсіріледі, ет, сүт, ұсақ тері шикізаты. Шаруашылықтың негізгі бағыты — мал шаруашылығы. Аудан жібек жүнді қой шаруашылығымен айналысқан, бұл шаруашылықпен колхоздардан басқа— «Бесқарағай» племсовхозы, № 23 совхоз секілді мамандандырылған қой шаруашылықтары да айналысқан. Қазақ ғылыми-зерттеу мал шаруашылығы институты, ал соғыс жылдарынан кейін мал шаруашылығы институтының Шығыс-Қазақстан тәжірибе станциясы қызметкерлерінің көп жылдық, мақсатты селекциялық-асыл тұқымды жұмыс түрінің нәтижесінде, жаңа түр – үлкен салмаққа ие ірі конституциясы бар қазақ мериносы енгізілді. Ауданның ауылшаруашылық өнімін өндірумен 10 ауылшаруашылық, 172 шаруа қожалықтары айналысады, 4332 жеке қоныстар бар. Ауданда 2 наубайхана, 1 жел диірмені, 1 сүтті қайта өндеу цехы жұмыс істейді.
## Әлеуметтік сала
### Білім беру мен ғылым
Аудан аумағында 27 білім беру мекемелері бар, оның ішінде 1 арнайы орта, 18 орта, 4 негізгі, 1 бастауыш, 3 мектеп жасына дейінгі. Сонымен қатар 6 бөлімшесі бар 305 адам айналысатын балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бар.
### Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау объектілері 24, оның 1 орталық аудандық аурухана, 1 туберкулезге қарсы аурухана, 8 дәрігерлік амбулатория, 14 медициналық пункт.
### Мәдениет
Аудан бойынша 18 мәдениет объектілері, 24 кітапхана және 1 жылжымалы «Бұлақ» кешені қызмет атқарады.«Аққу күйі» аудандық газеті шығарылады (1940 жылдан).
## Әйгілі адамдар
Социалистік Еңбек Ерлері:
* Б.Айдарханов,
* Ж.Жанғожин,
* Б. Оспанов,Уақап Сыздықов, Қ. Шарбақбаев
## Дереккөздер |
Канайма Ұлттық паркі (исп. Parque Nacional Canaima) — Венесуэла оңтүстік-шығысында Бразилия және Гайанамен шекарасындағы парк. Аумағы шамамен 30000 км². Боливар штатында орналасқан және шамамен сол Гран Сабана табиғи паркіндей аумақты алып жатыр.
Парк 12 маусым 1962 жылы ашылды көлемі бойынша елде екінші орын алады, тек Парима-Тапирапеко паркіне орын береді."1994 жылы Канайма ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізіміне енді. Парктің басты көрікті орны және құндылығы ондағы тепуилер (жалпақшоқылы таулар).
Парктегі ең танымал тепуи — Рорайма (ең биік және өрмелеу үшін ең қарапайым) және Ауянтепуи, онда атақты ең биік Анхель сарқырамасы орналасқан. Тепуи — Оңтүстік Америка және Африка бір суперқұрлық бөліктері болған кездегі дәуірде қалыптасқан құмдақтар.
Ұлттық парктің аумағы пемон үнді халқының отаны болып табылады, олар тепуи "мавари" рухтарының үйі ретінде санайды. Парк шалғай жерлерде; жолдарды байланыстыратын елді-мекендер өте аз, сондықтан негізгі көлік шағын авиация болып табылады, сондай-ақ жаяу өтпе жолдар және өзендермен каноэмен жүзуге болады.
Жергілікті тұрғындардың көпшілігі — пемондар, негізінен, туризмен айналысады.
## Сілтемелер
* World Conservation Monitoring Centre Мұрағатталған 10 шілденің 1997 жылы.
* Official UNESCO website entry
* Суреттер парк |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.