text
stringlengths
3
252k
Жаңажол ауылдық округі – Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Бүркітті, Қарашоқы, Мәшһүр Жүсіп ауылдары кіреді. Орталығы – Мәшһүр Жүсіп ауылы. 2004 жылы Топбасы, 2005 жылы Ербай ауылы таратылды. ## Дереккөздер
Жаңақала ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Жаңақала ауылы кіреді. Орталығы – Жаңақала ауылы. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 9325 адамды (4643 ер адам және 4682 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Жаңақала ауылдық округі – Қостанай облысы Арқалық қалалық әкімдігіне қарасты әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Әбдіғаппар хан ауылы кіреді. Орталығы – Әбдіғаппар хан ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 411 адамды құрады. ## Дереккөздер
Жетікөл ауылдық округі – Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Жетікөл ауылы кіреді. Орталығы – Жетікөл ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 794 адамды құрады. ## Дереккөздер
Жамбыл ауылдық округі – Павлодар облысы Аққулы ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Әйтей, Жамбыл, Жаңатаң ауылдары кіреді. Орталығы – Жамбыл ауылы. 2017 жылы Широкое ауылы таратылды. ## Дереккөздер
Бурабай — Абай облысы Бородулиха ауданы, Дмитриев ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бородулиха ауылынан солтүстікке қарай 18 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Алексеевка — Абай облысындағы Бородулиха ауданы, Құнарлы ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бородулиха ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 68 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Жаркөл ауылдық округі – Қостанай облысы Жангелді ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Тәуіш, Сарысу, Тентексай, Тоқанай ауылдары кіреді. Орталығы – Тәуіш ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1732 адамды құрады. ## Дереккөздер
Баскөл — Абай облысы Бесқарағай ауданы, Баскөл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бесқарағай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 36 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Андроновка — Абай облысы Бородулиха ауданы, Переменов ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бородулиха ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 26 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Орловка — Абай облысындағы Бородулиха ауданы, Переменов ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бородулиха ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 42 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Полянка — Абай облысы Бесқарағай ауданы, Ерназар ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2017 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бесқарағай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 69 км-дей жерде. ## Халқы Тұрғыны 19 адам (2009).
Жаңақұрылыс ауылдық округі – Қызылорда облысы Арал ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Жаңақұрылыс ауылы кіреді. Орталығы – Жаңақұрылыс ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 890 адамды құрады. ## Дереккөздер
Жаңақұрылыс ауылдық округі – Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Жаңақұрылыс, Қоржынкөл, Покровка, Тегістік ауылдары кіреді. Орталығы – Қоржынкөл ауылы. Округ құрамында болған Пахомовка ауылы 2015 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Қызылтай (2018 жылға дейін — Вознесеновка) — Абай облысы Бородулиха ауданы, Степной ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылды. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бородулиха ауылынан солтүстік-батысқа қарай 33 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 98 адам (48 ер адам және 50 әйел адам) болса, 2009 жылы 58 адамды (29 ер адам және 29 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Железин ауылдық округі – Павлодар облысы Железин ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Аққайың, Железинка, Захаровка, Моисеевка, Пятирыжск ауылдары кіреді. Орталығы – Железинка ауылы. ## Дереккөздер
Троицкое — Абай облысы Бородулиха ауданы, Степной ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бородулиха ауылынан батысқа қарай 38 км-дей жерде. ## Халқы Тұрғыны 17 адам (2009). ## Дереккөздер
Жүзімдік ауылдық округі – Түркістан облысы Келес ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ақсу, Бірлесу, Жүзімдік, Оңтүстік ауылдары кіреді. Орталығы – Жүзімдік ауылы. ## Дереккөздер
Шелехово — Абай облысындағы Бородулиха ауданындағы ауыл, Степной ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бородулиха ауылынан батысқа қарай 32 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Ауыл — Абай облысы Бородулиха ауданы, Бақы ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол бекеті. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бородулиха ауылынан солтүстікке қарай 42 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті (ППУ) — Павлодар қаласындағы мұғалімдерді дайындайтын жоғары оқу орны. ## Тарихы Павлодар педагогикалық институты (ППИ) 1962 жылдың 1 желтоқсанында ашылды. Қарамағында төрт аудиториясы болды, бір жылдай №3 мектептің төртінші қабатында сабақ жүргізді. Тарих-филология және физика-математика факультеттерінде 150 адам оқыды. Сабақты 14 оқытушы жүргізді. Қабылданған студенттердің 50 пайызында екі жылдан астам еңбек өтілі болды. Басқа жерлерден келген студенттер жеке пәтерлерде, №3 мектептің ескі ғимаратында тұрды. 1964 жылдың жазында алғашқы жатақхана салынды. 1964-1965 оқу жылында «Орыс тілі мен әдебиеті», «Математика» және «Жаратылыстану» мамандықтары бойынша студенттер қабылданды. Сол жылы студенттердің саны 284 адамға дейін өсті, 23 оқытушы оқытты. Бос лауазымдарға өткізілген бірінші конкурстан 6 ғылым кандидаты өтті, оның бесеуі доцент еді. Атап айтсақ, олар: ф.ғ.к., доцент И. П. Белоусов, вет. ғ.к., доцент А. Т. Шиянов, фил. ғ.к., доцент А. Г. Митрошкина, т.ғ.к., доцент М. И. Блох. 1963 жылы физика-математика факультетінің биология және химия бөлімінің базасында (студенттер контингентінің көбеюіне байланысты) дене тәрбиесі бөлімі бар химия-биология факультеті ашылды. Даярланған жастарды тарту мақсатында ППИ жанында дайындық курстары ашылып, оған 137 тыңдаушы жиналды. Олардың көбі машина жасау зауытының, ҚБ-2, ҚБ-2 жұмысшы жастары, балабақшалардың, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері мен бастауыш сынып мұғалімдері болатын. Оқу үдерісінің маңызды бөлігі студенттердің педагогикалық және далалық тәжірибе жұмыстары болды. Педагогикалық тәжірибе қаланың № 3, 7, 11, 18, 23 мектептерінде өткізілді. Әр оқытушыға кеңес беру, бақылау және басшылық жасау үшін бірнеше академиялық топ бекітілді. Сондай-ақ студенттер мектептерде пионер вожатыйлары, сынып жетекшілерінің көмекшілері, әртүрлі үйірмелердің жетекшілері болып практикадан өтті. Сонымен қатар, студенттер практикадан Павлодар облысының пионер лагерлерінде де өтті. Химия-биология факультеті студенттерінің оқу-далалық практикадан облыс кеңшарларындағы егіншілік жұмыстарымен және еңбек сауықтыру лагеріндегі жұмыстар ұйымдастырылды. Дала практикасы Алтай, Баянауыл секілді әртүрлі климатты зоналарда 42 күнге дейін жалғасты. ППИ қызметінің басты басымдылығы студенттер мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары болды. Мәселен, ҒЗЖ және СҒЗЖ жаңа нысандары белсенді түрде енгізілді, бірқатар кешендік және шартты-шарушылық жұмыстары жүргізілді, институттың профессор-оқытушылар құрамы ғылым докторы және ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмыстарын жоспарға сай қорғады. (О.З.Зикрин, З.П.Щербинко, А.М.Даткаев және т.б.). ППИ ғылыми-зерттеу жұмысының жандануы Ертіс өңірінің өзекті проблемаларымен айналысқан химия-биология факультетінде ғалымдардың паразитология мектебінің қалыптасуымен байланысты болды. Олар: «Гельминты домашних животных Павлодарской области», «Циркуляция возбудителей описторхоза, трихинеллеза и многокамерного эхинококкоза в Среднем Прииртышье» (И. И. Гуславский, З. И. Обухова, С. П. Хавкин, А. И. Батькаев және т.б.) мектептері болатын. Сондай-ақ мектеп мұғалімдері, эпидемиологтар, медик-паразитологтар үшін гельминтоздарды сақтандыру бойынша практикалық ұсынымдар жасалды. Математика кафедрасындағы ғылыми жұмыс «Единство обучения и воспитания в процессе преподавания математики» тақырыбы бойынша жұмыс жасаған Г. М. Мұқанов, Т. Қ. Шаяхметов, Л. И. Турчинский, М. И. Шаталина сияқты аға оқытушылардың қызметтерімен тығыз байланысты болды. Элементарлық математика кафедрасының аға оқытушысы М. И. Шаталина «О математическом активе класса» мәселесін зерттеумен айналысты. Осы мақсатпен №3 орта мектептің 9 сыныбында математикалық топ құрылды. Жұмыс математика пәні бойынша сабақта және сабақтан тыс дайындықтың байланысын айқындады. Сонымен, 1968 жылы М. И. Шаталинаның «Развитие интереса, самостоятельного творческого мышления и инициативы при обучении математике в средней школе» атты оқу-әдістемелік құралы жарық көрді. Орыс және шетел әдебиеті кафедрасы оқытушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары салыстырмалы талдаудың, көркем шеберліктің, әдеби шығармалардың тарихи маңыздылығының, оларды зерттеу әдістемесінің проблемаларын зерттеумен тікелей байланыста өріс алды. Павлодар облысы мен Павлодар қаласының мектептерінде бағдарламалық оқытуды енгізу ППИ кафедралары мен аймақ мұғалімдерінің кәсіби ынтымақтастығын нығайтты. Ғылыми қалыптасу өз жалғасын тапты. Зерттеу ғылыми-педагогикалық, ғылыми-қолданбалы және әдістемелік сипаттағы тақырыптарда дайындалды. Оның 40-қа жуық пайызын оқытушылар құрамы еңбек еткен топ 41 ғылыми тақырыпты зерттеді. Кафедралар жанында ғылыми зерттеу үйірмелері ұйымдастырылды, отырыстарда баяндамалар, таңдаулы тақырыптар бойынша рефераттар тыңдалды, проблемалық мәселелер бойынша әдебиеттер жаңалықтары зерттелді. Ғылыми-зерттеу жұмысының 42% дейін студент жастар қамтылды. Жоғары оқу орнында ішкі ғылыми конференциялар өткізілді. Ең алғашқы ғылыми конференция «Социализмнен коммунизмге өту жағдайындағы ұлттық қарым-қатынастың дамуына» арналды. Конференцияда т.ғ.к. Г. И. Боранқұлов, аға оқытушы А. Н. Грицков, оқытушы В. И. Лобанов және Р. М. Гейгер баяндамалар жасап, сөз сөйледі. Сонымен қатар, кадр мәселелері де уақытында шешімін тауып отырды. Ғылыми жұмыстың нәтижесінде ППИ-де алғашқы даярлықтан өткен жас мамандармен оқытушылар қатары толықтырыла бастады. Осы үдеріске республикалық және одақтық министрліктермен біріге отырып өткізілген жоғары оқу орнының оқытушыларын арнаулы аспирантураға оқытуға басым бағыт беру саясаты көмектесті. «Мектеп пен өмірдің байланысын нығайту және КСРО-да халыққа білім беру жүйесінің бұдан әрі қарай дамуы» Заңының жүзеге асуы ППИ ұжымын «Педагогикалық білім университетін» ұйымдастыруға көмектесті, бұл арқылы педагогиалық білім таратылды, оқу пәндерін оқыту әдістемесі бойынша өзара тәжірибемен алмасу қамтамасыз етілді. Жоғары оқу орнының қалыптасуы кезінде студенттерді тәрбиелеу жұмысының әдістері мен тиімді нысандарын белсенді іздестіру жүргізілді, тәрбие үдерісін басқарудың негізі қаланды. Ректораттың, деканаттардың, кафедралардың, сонымен қатар партия, кәсіподақ, комсомол ұйымдарының жұмыстары негізінен ұйымдастыру мәселелерін шешуге және оқу мен тәрбие үдерістерін жүзеге асыруға бағытталды. Тәрбие жұмысы институттың партия бюросымен бекітілген жоспар негізінде жүргізілді. Әсіресе тәрбиенің негізгі бағыттары маркстік-лениндік теорияны зерттеу, саяси-тәрбие мен мәдени-көпшілік жұмысы, әскери-патриоттық тәрбие беру, студенттерге арнап өткізілген спорттық-бұқаралық ғылыми жұмыстар жатақханалардағы ұйымдастырылған әртүрлі жұмыстар институттың облыспен және қала ұйымдарымен байланысын қалыптастыруға әсерін тигізді. Жалпы институттық жоспардың негізінде факультеттердегі, кафедралардағы, академиялық топтардағы тәрбие жұмысы жүргізілді. Оған оқытушылар мен институт қызметкерлерінің саяси оқулары енгізілді. Дәрістік-насихат жұмысы, мәдени-бұқаралық шаралар, баспа және радио жұмысы, бұқаралық-саяси және спорттық-бұқаралық жұмыстар, қала тұрғындары мен оқушыларының арасындағы үгіт-бұқаралық іс-шаралар қолға алынды. Оқытушыларды, қызметкерлер мен студенттерді тәрбиелеудің маңызды бөлігі саяси ағарту жұмысы болып есептелді. Студенттік топтардың саяси хабарламашылары үшін марксизм-ленинизм кафедрасының оқытушылары (Г.И.Боранқұлов, Е.П.Дерягин, К.Р.Рахымбердинов, М.В.Вальянов) жүргізген консультациялар өз нәтижесін берді. Оған Еуропа, Латын Америкасы, Қытай Халық Республикасының саяси жағдайының проблемалары жөніндегі тақырыптар енгізілді. Оқытушылардың саяси білімін жетілдіру үшін теориялық семинарлар өткізілді. Марксизм-ленинизмді зерттеу бойынша семинарды марксизм-ленинизм кафедрасының оқытушысы В.И.Грошев, Кеңес Одағы Коммунистік Партиясының (КОКП) тарихын зерттеу жұмысын А.А.Рояк басқарды. Сондай-ақ ППИ-дің комсомол комитетімен Бүкілодақтық Лениндік Коммунистік Жастар Одағының (БЛКЖО) тарихын зерттеу ұйымдастырылды. Құрамы 17 оқытушы мен 21 студенттен тұратын лекторлық топ қала кәсіпорындары мен облыс аудандарында жұмыс істеді. Халықаралық жағдай, КСРО және коммунистік партияның тарихы, сөйлеу мәдениеті туралы, жас кеңес адамының бейнесі, Олимпиадалық ойындардың тарихы жөнінде дәрістер оқылды. Сондай-ақ «Мәдениет университеті» жұмыс істеді. (жетекшісі Ю. А. Адаменко), оның негізгі мақсаты студентердің тереңдету, болашақ мұғалімдердің ой-өрісін кеңейту, эстетикалық дағдыларын қалыптастыру болды. Бүкілодақтық радионың радиокоментаторы М. Горбулинмен, Павлодар ақындары О.Афанасьевпен, В. Семерьяновпен, С. Музалевскиймен, М. Динерштейнмен, композитор В. Ширинкинмен кездесулер ұйымдастырылды. Университеттің тұрақты тыңдаушыларының саны жыл сайын 300-ден астам адамды құрады. Өз күштерімен ұйымдастырылған көркемөнерпаздар үйірмесі таныла бастады. Студенттердің көпшілігінің қатысуымен хор, драма, вокал үйірмелері жұмыс істеді. Үйірменің дамуына көркемдік жетекшісі ретінде педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Р. Н. Сафонов сүбелі үлес қосты. Институттың өз күшімен ұйымдастырылған көркемөнерінің қалыптасып дамуына оқытушылар Ю. А. Адаменко, О. Қ. Жармакин, Г. И. Кирш, Э. Н. Неверова, Е. Е. Солтан, С. М. Хавкин, студенттер Н. Маркин, М. Барац және т.б. көмек қолын созды. Көркемөнерпаздар үйірмесінің мүшелері факультеттерде конкурстарды, кештерді өткізді, үгіт-мәдени бригадаларын жинақтады, үйірмелердің жұмысын бақылады. Олар облыстық және қалалық кәсіпорындарға, кеңшарлар мен ұжымшарларға барып, концерт ұйымдастырды. Институттың эстрадалық квартеті Павлодар телестудиясының жастар бағдарламасында ән шырқады, филология факультетінің деканы Г.И.Кирштің жетекшілігімен қойылған «Юность отцов» пьесасы С.М.Киров атындағы ұжымшарда өзеншілер клубында қойылды. Үгіт-мәдени бригадасы «Педагог бол!» ұраны аясында Павлодар-Қашыр аралығында үш күндік веломарафонын өткізді. Ол егін егі науқаны кезінде «Для тех, кто в поле» атты концерттік бағдарламамен Краснокутск ауданы тұрғындарының алдында концерт қойды. ППИ-дің көркемөнерпаздар үйірмесінің шеберлігі күн санап арта түсті. Ұжымдардың қалалық байқауында институт 1- орынға және «Нам 48, будет 50, затем исполнится нам 200 лет и 300, но, как маяк, останется в веках великая Держава коммунистов!» (1966) монтажы үшін ауыспалы кубокқа ие болды. Келесі жылында да «Широка страна моя родная» монтажы үшін кубок институтта қалды, би және эстрада ұжымдары конкурс лауреаттары атанды, басқа жанрларда орындалған 10 нөмір жеке орындарға ие болды. Қалаған мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыру, оған деген оң көзқарасын қалыптастыру және озат педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында студенттер мен елімізге еңбегі сіңген ұстаздар Е.М.Кассацкая, А.А.Овсянникова, О.Ф.Семенова, Т.И.Васильева және тағы басқалармен кездесулер өткізілді. Студенттер үлгерімі нашар балалармен, пионер вожатыйларымен, сынып жетекшілерімен, көмекшілерімен, сондай-ақ милицияның балалар бөлмелерінде, мектептердегі пионер және комсомол ұйымының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қалалық комсомол комитетінің штаттан тыс нұсқаушыларымен, аула клубтарындағы, спорт нұсқаушыларымен жұмыс жасады. Қоғамдық жұмысты атқару дағдысы мен тиімділігіне ие болуға қоғамдық мамандықтар факультеті көмектесті (ҚМФ), әр жылдарда ҚМФ декандары болып С. Я. Улицкий, А. Г. Гайнанов, Ю. А. Адаменко қызмет етті. ҚМФ-да қоғамдық мамандықты 1226 студент (1970) алды. Сонымен қатар «Педагогикалық білім университеті» жұмыс істеді (жетекшісі педагогика кафедрасының меңгерушісі В. П. Харитонов), ал тыңдаушылары — қала мектептерінің ата-аналары. Дәстүрлі шараларды өткізу бір арнаға түсе бастады. Мысалы, «Бірінші курс студенттеріне» арналған факультет кештері, мерейтойларға және еске алу күндеріне орай тақырыптық кештер өткізілді. Жазушылар мен композиторлардың (В.Шекспир, Т.Шевченко, М.Лермонтов, П.Васильев, Вс.Иванов, С.Есенин, композитор Л.Ван Бетховен) өмірі мен шығармашылықтарына, Павлодар қаласы ақындарына арналған кештер де жиі ұйымдастырылды. Топтарда мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің проблемалары және жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттері бойынша пікірталастар, әңгімелер жүргізілді. Институт өмірі қабырға газеттерінің беттерінде көрсетілді. «Педагог» атты жалпы институттық, факультеттік – «Филолог», «РИЛЛОТ», «Крылатая юность» атты қабырға газеттері шықты. Факультеттерде, жатақханада «найзағайлар», «әскери парақтар» шығарылды. Жоғары оқу орны туралы хабарлар радиогазетте тұрақты шықты, радиоклуб жұмыс істеді (жетекшілері оқытушы — А. В. Михеев, студент Ю. Куготенко). Сол кездегі факультеттердің өмірін баяндайтын фотовитриналар, фотомонтаждар, «бір сағаттық фоторепортаждар» танымал хабарларға айналды. Жатақхана төрағалары А.Прокопенко, Д.Альтергот студенттердің өзін-өзі басқару органы - студенттер кеңесін құрды. Студенттер кеңесі үздік жатақхананы анықтау мақсатында байқау жариялады, жатақханада тұру ережелерін дайындады. Апта сайын сұрақ-жауап ретіндегі тақырыптық кештер, пікірталастар, дәрістер, атақты адамдармен кездесулер, «кафедралар апталары», әңгімелер, адамгершілік-этикалық тақырыптарға арналған баяндамалар мен музыкалық, поэзиялық және КТК кештері өткізілді. Павлодар облысы студенттер жатақханаларының байқауы қорытындысы бойынша №2 жатақхана жеңімпаз атанып, Қазақстан ЛКЖО облыстық комитетінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды. Студенттердің дене шынықтыруын жетілдіру үшін спорт секциялары құрылды, спорт клубтары ұйымдастырылды, олимпиадалар, спартакиадалар өткізілді. Бір жылда 45 спортшы-разрядшы даярланды. Институт командалары «Молодой целинник» газетінің жүлдесіне арналған қалалық эстафетада, қалалық шаңғы жарысынжа жүлделі орындарға ие болды. Студенттердің 25 пайызы спорт секцияларында шұғылданды. Агробиологиялық станса жанында (Черноярка аулы) еңбек спорт-сауықтыру лагері құрылды. Мұнда дене тәрбиесі факультетінің студенттері оқу-жаттықтыру жиындарына тартылды, дала практикасына химия-биология және басқа факультеттердің студенттері қатысты. Негізгі жұмысты дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары А.С.Куц, В.А.Бородихин, В.А.Лыткин, И.З.Калугин жүргізді. Олар спорт секцияларының жұмысын ұйымдастырды, жүзуге үйрету бойынша сабақтарын өткізді, спартакиадаларды басқарды, бір күндік және көп күндік туристік саяхаттарға қатысты. Қамқорлық көмек көрсету шегінде студенттер мен оқытушылар «Чернояр» совхоздағы мектеп үшін футбол алаңы, жеңілатлетикалық секторлары, баскетбол және волейбол алаңдары бар спорт кешенін салды. Спорттық-бұқаралық жұмыстың спорттық, туристік секцияларына балық аулау және аңшылық, денсаулық топтарына институт оқытушылары да қатысты. Институт біріншілігіне тұрақты қатысу мақсатында волейбол, баскетбол, шахмат, бадминтон бойынша оқытушылар командалары құрылды. Қысқы спорт ойындары түрлері бойынша қалалық, облыстық және республикалық жарыстарда көрсеткен жоғары нәтижелері үшін ППИ спортклубы Павлодар аткомының және қала дене тәрбиесі және спорт комитетінің ауыспалы Қызыл туымен марапатталды. ППИ-дің шаңғышылар командасы жоғары оқу орындарының арасында Қазақстанның 3 жүлдегері атанды. «Буревестник» республикалық жарыстарында ППИ спортұжымы волейболдан 1-ші орынды, шаңғыдан 3-ші орынды, жеңіл атлетикадан 5-ші орынды, қол добы бойынша 6-ші орынды иеленді. Студенттік жастар арасындағы республикалық ойындарда Чекмарева (шаңғы), А.Ни (гимнастика), Барабаш, В.Барганников (коньки), В.Пономарев В., В.Попов В (жеңіл атлетика), Ю.Яковлев, К.Түйлықбеков (классикалық күрес) жүлделі орындардан көрінді. Студент В.Барганников юниорлар арасындағы КСРО біріншілігінде жүлдегер атанды және халықаралық жарыстарға Қазақстан атынан қатысты. Еңбек тәрбиесі студенттік құрылыс отрядтары (СҚО), пионер вожатыйы жұмыстары арқылы, пионер лагерлеріндегі спорт нұсқаушыларымен, оқу-жаттықтыру жиындарында жүзеге асырылды. ППИ студенттері Павлодар облысының совхоздарында мал қораларын, тұрғын үйлерді, жатақханаларды, жылыжайларды, кірпіш зауыттарын, механикалық токтарды, моншаларды, балабақшаларын салуда жұмыс жасады. Жұмыстағы жақсы көрсеткіштері үшін көптеген студенттер сыйлықақылар, мақтау қағаздарын, аудандық комсомол комитеттерінің алғысхаттарын алды. «Қоскөл» совхозында орналасқан ППИ отряды әртүрлі оқу орындарының 14 отряды арасындағы жарысда 1-ші орынға ие болып, ауданның ауыспалы туын жеңіп алды. Ауыл мектебіне көмек көрсету айлықтарында барлық совхоздарда мектеп шеберханалары салынды, мектептерді жөндеу жұмыстары жүргізілді, спорт алаңдары жаңадан жабдықталды. СҚО-ның жұмыс істеген кезеңінде барлық совхоздарда демалыс кештері, футбол, волейбол бойынша жолдастық кездесулер өткізілді, жергілікті жерлерде тұрғындарға дәрістер оқылды. СҚО отрядтарына «тәрбиеленуі қиын» оқушылар мен жасөспірімдер қатысты. ## Әнұраны Сөзін жазған: Мұхит ЖақсылықұлыӘнін жазған: Қайырбек Сәтиев ## Факультеттері * Филология факультетіҚазақстан және шетелдер тарихы кафедрасыЭкономика, құқық және философия кафедрасыОрыс тілі және әдебиеті кафедрасыҚазақ тілі және әдебиеті кафедрасыШет тілдері кафедрасы * Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасы * Экономика, құқық және философия кафедрасы * Орыс тілі және әдебиеті кафедрасы * Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы * Шет тілдері кафедрасы * Жаратылыстану және математика факультетіЖалпы биология кафедрасыАнатомия, физиология және дефектология кафедрасыГеография және химия кафедрасыИнформатика кафедрасыМатематика және физика кафедрасыКәсіптік оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасыДене тәрбиесі кафедрасы * Жалпы биология кафедрасы * Анатомия, физиология және дефектология кафедрасы * География және химия кафедрасы * Информатика кафедрасы * Математика және физика кафедрасы * Кәсіптік оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасы * Дене тәрбиесі кафедрасы * Педагогика және спорт факультетіМектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасыПедагогика кафедрасыПсихология кафедрасыМузыкалық білім берудің теориясы мен әдістемесі кафедрасыАлғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы * Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы * Педагогика кафедрасы * Психология кафедрасы * Музыкалық білім берудің теориясы мен әдістемесі кафедрасы * Алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы ## Тағы қараңыз * Павлодар * Педагогика * Институт ## Дереккөздер
Заречный ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Чириковка, Алқа, Гурьяновка, Қараағаш, Луговое ауылдары кіреді. Орталығы – Чириковка ауылы. Округ құрамында болған Жаңалық, Орталық ауылдары 2019 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1793 адамды құрайды. ## Дереккөздер
Ильич ауылдық округі – Қарағанды облысы Абай ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Жон, Тасзаемка, Юбилейное ауылдары кіреді. Орталығы – Юбилейное ауылы. ## Дереккөздер
Иванов ауылдық округі – Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ивановка, Новоспасовка ауылдары кіреді. Орталығы – Ивановка ауылы. ## Дереккөздер
Заречный ауылдық округі – Қостанай облысы Қостанай ауданындағы әкімшілік бірлік. 1998 жылға дейін Абай ауылдық округі деп аталған. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Заречное, Абай, Новосёловка, Осиновка, Ырысбай, Талапкер ауылдары кіреді. Орталығы – Заречное ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 7725 адамды құрады. ## Дереккөздер
Құркелес ауылдық округі – Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы әкімшілік бірлік. 2008 жылға дейін Ильич ауылдық округі деп аталды. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ақниет, Ақ үй, Алғабас, Дастан, Еңкес, Жаңаарық, Жаңаталап, Жылысу, Келес, Құлтума, Құркелес, Нұрлыжол, Ортатөбе ауылдары кіреді. Орталығы – Ақниет ауылы. Округ құрамында болған Бесқұдық ауылы 2023 жылы таратылды. ## Дереккөздер
Берёзов ауылдық округі – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы әкімшілік бірлік. 2018 жылға дейін Калинин ауылдық округі деп аталған. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Берёзовка ауылы кіреді. Орталығы - Берёзовка ауылы. Округ құрамында болған Красная Заря ауылы 2018 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Калинин ауылдық округі – Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданындағы әкімшілік бірлік. 2019-жылы құрамына қысқартылған "Юбилейный ауылдық округінен" 1 елді мекен қосылды. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Береговое, Нагорное, Юбилейное ауылдары кіреді. Орталығы – Береговое ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 3009 адамды құрады. ## Дереккөздер
Бике ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданындағы әкімшілік бірлік. 2021 жылға дейін Ленин ауылдық округі деп аталған. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Бике, Дачное, Октябрь ауылдары кіреді. Орталығы – Бике ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 729 адамды құрайды. ## Дереккөздер
Степной ауылдық округі – Абай облысы Бородулиха ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Шелехово, Орловка ауылдары кіреді. Орталығы – Шелехово ауылы. Округ құрамында болған Троицкое ауылы 2018 жылы, Қызылтай ауылы 2019 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Орловка — Абай облысындағы Бородулиха ауданы, Степной ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бородулиха ауылынан батысқа қарай 33 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Құртай ауылдық округі (2009 жылға дейін — Степной ауылдық округі) – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Степное, Ракитное ауылдары кіреді. Орталығы - Степное ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 778 адамды құрады. ## Дереккөздер
Құнарлы ауылдық округі – Абай облысы Бородулиха ауданындағы әкімшілік бірлік. 2016 жылға дейін Ленин ауылдық округі деп аталған. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Песчанка, Жарбұлақ ауылдары кіреді. Орталығы – Песчанка ауылы. Округ құрамында болған Алексеевка, Жаңа Васильевка, Мурзово ауылдары 2018 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Песчанка — Абай облысындағы Бородулиха ауданындағы ауыл, Құнарлы ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бородулиха ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 58 км-дей жерде. ## Тарихы Іргесі 20 ғасырдың 30-жылдары ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланған. 1959-96 жылдары асыл тұқымды шошқа өсіретін Ленин атындағы кеңшардың орталығы болған. Кеңшар негізінде Песчанкада және округтегі ауылдарда шаруа қожалықтары құрылды. ## Дереккөздер
Комсомол ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Комсомольское ауылы кіреді. Орталығы – Комсомольское ауылы. Округ құрамында болған Первомайское ауылы 2013 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 567 адамды құрады. ## Дереккөздер
Комсомол ауылдық округі – Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Комсомольское, Қоскөл, Ленинское, Чапаев ауылдары кіреді. Орталығы – Комсомольское ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1614 адамды құрады. ## Дереккөздер
Ленин ауылдық округі – Қостанай облысы Фёдоров ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ленин, Жаңақой, Заозёрное ауылдары кіреді. Орталығы – Ленин ауылы. Округ құрамында болған Байқайың ауылы 2023 жылы таратылды. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1448 адамды құрады. ## Дереккөздер
Кемеңгер ауылдық округі – Павлодар облысы Павлодар ауданындағы әкімшілік бірлік. 2019 жылға дейін "Красноармейский ауылдық округі" деп аталды. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Кемеңгер, Шаңды ауылдары және Красноармейка темір жол бекеті кіреді. Орталығы – Кемеңгер ауылы. Округ құрамында болған №2 бөлімше (Мирное) ауылы 2004 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Куйбышев ауылдық округі — Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Боголюбово, Вознесенка, Надёжка ауылдары кіреді. Орталығы – Боголюбово ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2602 адамды құрады. ## Дереккөздер
Қоғамдық қауіпсіздік тұжырымдамасы (ҚҚТ)' — жеке адамды және қоғамды қауіпсіздікпен қамсыздандыру мақсатында ұйымдастырылған тұжырымдама. Сонымен қатар, ҚҚТ дегеніміз — дүниеге және әлемге қатысты белгілі бір көзқарастар жиынтығы. Бұл жерде "қауіпсіздік" сөзі ең күрделі мағынада қолданылып тұр. Яғни осы тұжырымдама адамды және қоғамды дүниетанымдық, тарихи, деректік, қаржылық, гендік, әскери және т.б. қауіпсіздіктермен қамсыздандырады.. Дүниетанымдық қауіпсіздікпен қамсыздандыру үшін ҚҚТ мүшелері Құдай Жазмышы, діндер, Құдай жайлы тұжырымдамалар жайлы сөз қозғап, олардың дұрыс және бұрыс жақтарын түсіндіреді. Тарихи қауіпсіздікпен қамсыздандыру үшін ҚҚТ мүшелері тарихи оқиғаларға саралау жасап, сол оқиғаларға ҚҚТ көзқарасын дәрістер арқылы жеткізеді. ҚҚТ-да қазіргі кездегі және болып кеткен оқиғалар сипаттамасының көбісі әдейі өзгертілді деген ұстаным бар. Деректік қауіпсіздікпен қамсыздандыру үшін ҚҚТ мүшелері теледидар қарауды шектеу, компьютерлік ойындарға елікпеу және т.б. кеңестер береді. Себебі, теледидардағы жаңалықтар адамға жалған ақпарат береді және керексіз сазға еліктеткізеді, ал компьтерлік ойындар адам назарын аудартады және уақытты босқа кеттірткізеді. Қаржылық қауіпсіздікпен қамсыздандыру үшін ҚҚТ мүшелері қаржылық, экономикалық үдерістердің қалай жүріп жүргені жайлы ақпарат таратады. Гендік қауіпсіздікпен қамсыздандыру үшін ҚҚТ мүшелері ГМА-лық, кондитерлік өнімдермен қоректенбеуге, алкоголдік ішімдіктерді ішпеуге, темекілерді тартпауға, есірткілерді және кейбір дәрі-дәрмектерді қолданбауға кеңес береді. ҚҚТ-ның гендік қауіпсіздікпен қамсыздандыруы адамға денсаулық сақтауға, табиғатты қорғауға, салауатты өмір салтын ұстануға жол ашады. Әскери қауіпсіздікпен қамсыздандыру үшін ҚҚТ мүшелері болған және болып жатқан соғыстардың мәнісін тыңдаушыларына түсіндіреді. ## Қоғамды басқарудың жалпыланған құралдары Қоғамды басқарудың жалпыланған құралдары (ҚБЖҚ) — қоғамның дамуына әсер ететін құралдар жиынтығы. Олар 6 бастапқылыққа бөлінеді: * 1 бастапқылық — Дүниетанымдық бастапқылық. Құдай Жазмышы, діндер және Құдай жайлы тұжырымдамалар, методологиялар, идеологиялар. * 2 бастапқылық — Тарихи бастапқылық. Жылнамалар, тарихи оқиғаларының сипаттамасы. * 3 бастапқылық — Деректік бастапқылық. Бұқаралық ақпарат құралдары, фильмдер, ақпараттық технологиялар. * 4 бастапқылық — Қаржылық бастапқылық. Қаржылық, экономикалық үдерістер. * 5 бастапқылық — Гендік қару бастапқылығы. ГМА-лық, кондитерлік өнімдер, алкоголдік ішімдіктер, темекілер, есірткілер, дәрі-дәрмектер. * 6 бастапқылық — Әскери қару бастапқылығы. Жаппай жою қарулары (химиялық, биологиялық, ядролық) және т.б. қарулар.. ## Дереккөздер
Көксу ауылдық округі – Түркістан облысы Шардара ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Айдаркөл қашары, Басланды, Жоласар, Көксу ауылдары кіреді. Орталығы – Көксу ауылы. Кестеде кішірек жазумен тиесілі ауыл маңындағы тұрғылықты тұрғындары ұлттық санақ қорытындысына енген мекен-жайлар көрсетілген. ## Дереккөздер
Красноармейский ауылдық округі – Қостанай облысы Денисов ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Фрунзе, Кочержиновка, Красноармейское ауылдары кіреді. Орталығы – Фрунзе ауылы. Округ құрамында болған Тавриченка ауылы 2019 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2265 адамды құрады. ## Дереккөздер
Иванов ауылдық округі– Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ивановка, Үлгі ауылдары кіреді. Орталығы – Ивановка ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1107 адамды құрайды. ## Дереккөздер
Әбсаттар Қарымсақов (1910 – 15 тамыз 2001) — еңбек және соғыс ардагері. Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, № 3 ауылда туған. ## Өмірбаяны 1910 жылы Қарымсақ пен Ұрқия шаңырағында дүниеге келген. Қызылорда совхоз техникумын тәмамдады, механик (1938), Ленинградтағы Киров атындағы 1-әскери-жаяу әскер училищесін бітірді (1941). Облыста колхозды алғаш ұйымдастырушының бірі. Қызылорда тәжірибе шаруашылығында дақыл өсірумен айналысты, кейін бригадир, шаруашылық басшысы болып қызмет атқарды. Содан соң қолына кетпен ұстап аты аңызға айналған «Шиелі», «Қырықбайтақ» және «Қос апан» сияқты үлкен каналдарды кетпенмен қазуға жұртты жұмылдырып, аңызақ, ашық далаға мол су жеткізді. Бидай егіп, жоңышқа өсірді, ауқымды шабындықтар мен жайылымдықтар жасап, елді еңбекке баулып, аса қиын тығырықтан алып шықты. Ә.Қарымсақов Ұлы Отан соғысы басталғанда туған жерін қорғауға аттанды. Ленинградтағы Киров атындағы 1-әскери-жаяу әскер училищесін ойдағыдай бітірген бойы 1-Украина майданына жөнелтілді. Онда барған соң атқыштар взводының командирі болып тағайындалды. Соғыс техникасының, қару-жарағының тілін біліп, оны көздеген нысанаға бағыттауды жетік үйренген. Ол Украина, Польша, Германияда жауынгерлік үлкен жолдан өтті. Сталинград және Курск үшін болған қан майдандарына қатысты. ## Отбасы * Әкесі – Қарымсақ, Анасы – Ұрқия /өзге мәлімет жоқ/. * Үйленген: зайыбы – Әнипа Бәйменқызы Қарымсақова еңбек ардагері /1910 - 29 қаңтар 1994/, балалары – Итен /1940/ журналист-жазушы, Сейтен /1947/ дәрігер, Дүйсен /1950/ дәрігер, Сұлтан /1953/ дәрігер. ## Марапаттары •«Қызыл жұлдыз» ордені •«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі•«Германияны жеңгені үшін» медалі •«Ерлігі үшін» медалі •«Мәскеудегі халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің алтын медалі», басқа да көптеген жауынгерлік және мерекелік медальдармен, Құрмет грамоталарымен марапатталды. ## Дереккөздер
Жаңаауыл — Абай облысы Бородулиха ауданы, Зубаир ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бородулиха ауылынан батысқа қарай 42 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Сейітқалиев Дәурен Нұхұлы — «Жас Отан» жастар канатының облыстық кеңесшісі, «Жастар таңдауы – Атырау» атты жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Құлсары» жайдарман тобының мүшесі, Атырау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қосымша білім беру педагогы, актер, биші, ұйымдастырушы. ## Өмірбаяны 1989 жылы 5 желтоқсанда Атырау облысы, Атырау қаласында дүниеге келді. Әкесі - Нұх Сембайұлы Сейітқалиев Анасы, анасы - Раиса Сәпиқызы Асхарова. 2016 жылы жұбайы Абитова Жанар Серікқызымен отау құрды. ### Білімі * 2007 жылы Н. Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясында хореорафия мен актер шеберлігі бағытында білім алып, осы академияны тәмамдады. * 2011 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін хореограф-тәлімгер мамандығын бітірді. ### Қызмет жолы * 2011-2013 ж. Қазақстан, Ресей, Болгария мемлекеттерінде өткен «Адами тұлғаның қалыптасуы» тренинг семинарларының қатысушысы. * 2014-2016 ж. Назарбаев Зияткерлік мектебінде қосымша білім беру педагогы, өзін-өзі басқару парламенті жетекшісі, хореограф болып жұмыс істеді. * Атырау қаласы «Жастар таңдауы – Атырау» атты жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы * «Жас-Отан» жастар партиясының беделді мүшесі. Ұйымдастырушы, жетекшілік жұмыстары: * Орал қаласы «42-размер» атты әзіл-сықақ теледидар жобасы. * Атырау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қызылорда қаласының тұрғыны Қорғанбек Жасұланға арналған қоғамдық-қайырымдылық флэшмобы. ## Жетістіктері * 2004 жылы Алматы қаласы «Бозторғай» лауреаты. * 2005 жылы Санкт-Петербург қаласы «Окно в Европу» лауреаты. * 2006 жылы Болгарияда «Усминикито но морето» лауреаты. * 2008 жылы Астана қаласы «Шабыт» конкурс лауреаты. * 2009 жылы Астана қаласы КТК-Жоғарғы лига жеңімпаз тобының мүшесі. * 2010 жылы Польша «7 қаланы аралау» фестивалі, Қазақстан және Шет елдер халықаралық би байқауының лауреаты. * 2015 жылы «Жас Отан» партиясы сертификаты, Қазақстанның «Жас Көшбасшылар» ассоциациясының сертификаты, Назарбаев Зияткерлік мектебінде атқарған елеулі еңбегі үшін алғыс хат иегері болды. * 2015 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хат» иегері атанды. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер "Facebook" әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасы
Барышовка — Абай облысы Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бородулиха ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 17 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Лисаковск — Қазақстанның солтүстік әкімшілік-аумақтық бөлінісі Қостанай облысындағы қала. ## Әкімшілік-аймақтық бөлу Лисаковск қаласының әкімшілік аймағына қатысты: Лисаковск қаласы, Октябрский және Красногорское кенттері. Қаланың әкімшілік-аймақтық ауданы- 0,2 мың ш.шақырым. автомобиль жолдарының ұзындығы- 37222,5 метр. Облыс орталығынан алшақтығы- 120 км. Халық саны – 40865 адам, олардың ішінде: 40511 – қала халқы, 354 – ауыл халқы. ## Географиялық орналасқан жері мен табиғи-климаттық жағдайы Облыстық бағыныштағы Лисаков қаласы Лисаков кен байыту комбинатының («АрселорМиттал Теміртау» АҚ) базасында құрылды. Ол Тобыл өзенінің бас жағында, Тобыл станциясының ірі теміржол торабының оңтүстігіне қарай 18 километрде, облыстық орталық Қостанай қаласының оңтүстік-бастысқа қарай 110 километрде, және Ресейдің шекарасынан 70 шақырымда орналасқан. Қаладан төрт километрде Орталық және Оңтүстік Қазақстан, Ресеймен көлік байланысы жүзеге асырылатын «Қостанай-Жетіқара» автомобильдік жол бар. Ресеймен, Орталық Азия аймақтарымен және Қытаймен теміржол байланысы Оңтүстік-Сібір магистралі бойынша Майлина және Тобыл станциялары арқылы жүзеге асырылады. ## Климаты және жер бедері Қала ауданы Тобыл өзеніне қарай ашық қазан шұңқырын шегінде орналасқан. Аудан бедері Тобыл өзеніне қарай жалпы еңіскендігі бар бөлек шағын арқалықты сәл белестенген жазықтықты білдіреді. Аудан үстінің абсолюттік белгісі 196-дан 218 метрге дейін өзгереді. Аудан климаты кенет континенттік және 1 климаттық ауданшаға жатады. Қысы суық, жиі және қатты борандармен; жазы ыстық және құрғақ, шаңды ыстық желмен. Көпшілік жел бағыты оңтүстік-батып болып табылады. Абсолюттік максимум және минимум температурасы аралығындағы ауытқу амплитудасы -93° (+42°-51°). Массивтік қоршаған құрылыс пен жылытуды жобалау үшін есеп айыратын температура-35°. Жылыту маусымының ұзақтығы 213 тәулікке жетеді. Атмосфера шауын-шашынның ортажылдық көлемі 373 мм құрайды, қыстағы қарлы жамылғының биіктігі 24 см тең. Қатудың қалыпты тереңдігі- 2,5 м. ауаның ортажылдық салыстырмалы ылғалдығы 80-нен 54%-ға дейін өзгереді. Аудан каштанды зонаның жер қыртысындағы құрғақ, бетегелі-бетеге даланың оңтүстік бөлігіне жатады. Әртүрлі механикалық құрамдағы және әртүрлі сотаңдылық деңгейінде қара-каштанды жер қыртысы басым. Олар саздақ, жеңіл саздақ және құмайт топырақты қалдықтар берілген. Алаңның геологиялық құрылымы төртінші және үшінші шөгінде басты текті қабылдайды. Төртінші шөгін делювий-күлді құмайтпен және мардымсыз қуаттағы саздақпен берліген. Үшінші шөгін кең тараған, оларға Лисаков кен қалыңдығы жатады. Оолиттік темір кен ірі құм-малтатастық және құмды шөгінде орналасқан. Ауданның бор шағындағы бокситтік кен орны палеозой негізіндегі карст ойпатына келтірілген. Лисаков қаласының жоғары еңбек, табиғиресурсты, өндірістік пoтенциалы, туризмнің даму мүмкіндігі, пайдалы көлік-географиялық жағдайы бар. Қала аймақтың ірі шикізат көзі мен өтім нарығының Қазақстанның астанасы- Астананың, Ресей Федерациясының, Орал аймағының тікелей таяулығында орналасқан, темір жол магистралының құрылысы Батыс Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан аймаққа жол ашады. ## Экономикасы 2014 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша қалада 395 кәсіпорын тіркелген, оның 4 ірі, 235 орта және шағын бизнес кәсіпорындары, 17 шетелдің қатысуы бар кәсіпорындар. Қалада облыстағы барлық өнеркәсіп өндірісінің 5,4% топталған. 2014 жылы 28,7 млрд. теңге сомасына өнеркәсіп өнімі өндірілді. Өнеркәсіп өндірісінде шамамен 6,0 мың адам жұмыс істейді. Тау-кен өнеркәсібінің кәсіпорындары мыналар: «Алюминий Казахстана» КБКБ АҚ филиалы (боксит өндіру), «Өркен» ЖШС Лисаков филиалы (темір кен қоспасын өндіру), «Шаймерден» АҚ (мырыш кен). Өндеуші өнеркәсібі - «Алтын Өмір» ЖШС (ликер-арақ өнімін, сыра, спирт, алкогольсыз сусындар, нан өнімдерін өндіру), «Алнур и К» ЖШС (спирт, арақ өнімін өндіру), «ДЕП» ЖШС ЛФ (қышқыл сүт өнімдерін, қойытылған сүт өндіру), «Жеңіс Бек» ЖШС (ұн, нан өнімдері мен кондитерлік өнімдерін өндіру). Машина жасауда — «Дон Мар» ЖШС (ауыл шаруашылық егін оратын машина, бүріккіш, қосалқы бөлшектер өндіру) 2014 жылы шағын және орта бизнес кәсіпорындарымен 10,5 млрд. теңге сомасына өнім өндірілді, ол өндірілетін өнеркәсіп өнімінің жалпы қалалық көлемінен 36,5% құрайды. Жеке кәсіпкерлікте 3 мың адамнан артық жұмыс істейді. ## Дереккөздер
Қазақ хандығының ханы — Қазақ Хандығының басшысы, қазақ әскерінің бас қолбасшысы. Қазақ хандарының барлығы Шыңғыс ханның ұрпақтары, яғни Шыңғыс хан әулетіне жатады. Қазақ Хандығы өз заманындағы ең қуатты елдерінің бірі болатын. Қасым хан тұсында қазақ әскерінде жауынгерлер саны 300 мыңға жетті, ал Есім хан тұсында олардың саны 400 мыңнан асты. Осы хандар тек саясатпен ғана емес, соғыс ісімен, заңнамамен де айналысқан. Қасым хан дәуірінде "Қасқа жол", Есім хан тұсында "Ескі жол" және Тәуке хан заманында "Жеті жарғы" атты заңдар жинақтары жарық көрді. Қазақ хандарының резиденциялары әртүрлі замандарда әртүрлі жерлерде болды. Қасым хан тұсында резиденция жуырда жаулап алынған Сарайшық қаласында болды. 1599 жылы Есім хан резиденцияны Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің Үлкен Ақсарай және Кіші Ақсарай атты бөлмелеріне көшірді. Сол кесенеде бірнеше қазақ хандары жерленді. Ал Есім ханның өзінде Түркістан қаласында жеке кесенесі бар. Қасым ханда Сарайшықтағы кесенесі бар. ## Қазақ хандығы хандарының тізімі
Знаменка — Абай облысы Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бородулиха ауылынан солтүстікке қарай 9 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Белағаш ауылдық округі – Ақмола облысы Жақсы ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Белағаш ауылы. ## Дереккөздер
Бековка — Абай облысы Бородулиха ауданы, Белағаш ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бородулихадан солтүстік-батысқа қарай 18 км жерде. ## Дереккөздер
Өмірзақ — Абай облысы Бородулиха ауданы, Белағаш ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бородулихадан батысқа қарай 24 км жерде орналасқан. ## Дереккөздер
№41-темір жол айрығы — Абай облысы Бородулиха ауданы, Белағаш ауылдық округі құрамындағы темір жол айрығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бородулихадан солтүстік-батысқа қарай 38 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Дүйсекен — Абай облысы Бородулиха ауданы, Белағаш ауылдық округі құрамындағы темір жол айрығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бородулихадан оңтүстік-батысқа қарай 41 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Көктерек ауылдық округі – Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Бірлік, Кеңестөбе, Ынтымақ ауылдары кіреді. Орталығы – Кеңестөбе ауылы. ## Дереккөздер
Лесной ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы әкімшілік бірлік. 1999 жылға дейін Ленин ауылдық округі деп аталған. ## Әкішілік құрамы Құрамына Ленинское, Дайындық ауылдары кіреді. Орталығы – Ленинское ауылы. Округ құрамында болған Қызылжұлдыз ауылы 2010 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1512 адамды құрайды. ## Дереккөздер
Көктерек ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Мортық, Көктерек, Қарамырза ауылдары кіреді. Орталығы – Мортық ауылы. Округ құрамында болған Тоспа ауылы 2008 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1001 адамды құрады. ## Дереккөздер
Көксу ауылдық округі – Қарағанды облысы Абай ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Жартас, Көксу, Северное, Южное ауылдары кіреді. Орталығы – Көксу ауылы. Округ құрамында болған Зелёные Ключи ауылы 2023 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Лебяжі ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Құралай, Лебяжье ауылдары кіреді. Орталығы – Лебяжье ауылы. Округ құрамында болған Круглое ауылы 2019 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 979 адамды құрайды. ## Дереккөздер
Лесной ауылдық округі – Павлодар облысы Железин ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Крупское, Лесное, Раздельное ауылдары кіреді. Орталығы – Лесное ауылы. Округ құрамында болған Октябрьское ауылы 2018 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Большие Дубравы ауылдық әкімдігі – Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы әкімшілік бірлік. 2019 жылы Лесной ауылдық округі Большие Дубравы ауылдық әкімдігі болып қайта құрылған. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Большие Дубравы, Ковалёвка ауылдары кіреді. Орталығы – Большие Дубравы ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 802 адамды құрады. ## Дереккөздер
Ломоносов ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ломоносовка, Ставрополка, Степное, Урожайное ауылдары кіреді. Орталығы – Ломоносовка ауылы. Округ құрамында болған Ломоносовское ауылы 2018 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2460 адамды құрады. ## Дереккөздер
Ломоносов ауылдық округі – Қостанай облысы Меңдіқара ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Қасқаат, Көктерек, Шиелі ауылдары кіреді. Орталығы – Қасқаат ауылы. Округ құрамында болған Қаражар ауылы 2017 жылы, Қарамай ауылы 2023 жылы таратылды. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2561 адамды құрады. ## Дереккөздер
Май ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Майское ауылы кіреді. Орталығы – Майское ауылы. Округ құрамында болған Жаңатұрмыс, Найзатомар ауылдары 2008 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 556 адамды құрады. ## Дереккөздер
Май ауылдық округі – Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Майское, Приреченское ауылдары кіреді. Орталығы – Майское ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2273 адамды құрады. ## Дереккөздер
Берёзовка қосшар — Абай облысы Бородулиха ауданы, Новодворов ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бородулихадан солтүстікке қарай 16 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Зенковка — Абай облысы Бородулиха ауданы, Белағаш ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бородулихадан батысқа қарай 23 км жерде. ## Дереккөздер
Байтанат — Абай облысы Бородулиха ауданы, Зубаир ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бородулиха ауылынан батысқа қарай 62 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Успенка — Абай облысы Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бородулиха ауылынан оңтүстікке қарай 13 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Боровлянка — Абай облысы Бородулиха ауданы, Жернов ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бородулихадан оңтүстік-шығысқа қарай 36 км-дей жерде. ## Дереккөздер
* Майбалық ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы әкімшілік бірлік.
Аққулы ауылдық округі – Павлодар облысы Аққулы ауданындағы әкімшілік бірлік. 2018 жылға дейін "Лебяжі ауылдық округі" деп аталды. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Аққулы ауылы кіреді. Орталығы – Аққулы ауылы. ## Дереккөздер
Май ауылдық округі – Павлодар облысы Май ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Еңбекші, Май ауылдары кіреді. Орталығы – Май ауылы. 2004 жылы округ құрамында болған Охра ауылы таратылды. ## Дереккөздер
Буркотово — Абай облысы Бородулиха ауданындағы ауыл, Таврия ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бородулихадан шығысқа қарай 70 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Мереке ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Мереке, Қалмақ ауылдары кіреді. Орталығы – Мереке ауылы. Округ құрамында болған Жайықбай, Карташово ауылдары 2011 жылы таратылған. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 731 адамды (359 ер адам және 372 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Михайлов ауылдық округі – Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Михайловка, Лесное, Терентьевка ауылдары кіреді. Орталығы – Михайловка ауылы. Округ құрамында болған Светлое ауылы 2023 жылы таратылды. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1454 адамды құрады. ## Дереккөздер
Петропавл ауылдық округі – Абай облысы Бородулиха ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Петропавловка, Изатулла ауылдары кіреді. Орталығы – Петропавловка ауылы. Округ құрамында болған Воскресеновка ауылы 2018 жылы, Мещанка ауылы 2019 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Мещанка — Абай облысы Бородулиха ауданы, Петропавл ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бородулихадан батысқа қарай 68 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Беккарьер — Абай облысы Бородулиха ауданы, Белағаш ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылды. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бородулихадан солтүстік-батысқа қарай 17 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Михайлов ауылдық округі – Павлодар облысы Железин ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Красновка, Михайловка, Мыңкөл, Петропавловка ауылдары кіреді. Орталығы – Михайловка ауылы. Округ құрамында болған Благодатное ауылы 2018 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Михайлов ауылдық округі – Қостанай облысы Меңдіқара ауданындағы әкімшілік бірлік. 2019 жылы құрамына қысқартылған "Борков ауылдық округінен" 2 елді мекен қосылды. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Михайловка, Архиповка, Борки, Степановка ауылдары кіреді. Орталығы – Михайловка ауылы. Округ құрамында болған Татьяновка ауылы 2023 жылы таратылды. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 4404 адамды құрады. ## Дереккөздер
Воскресеновка — Абай облысы Бородулиха ауданы, Петропавл ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бородулихадан оңтүстік-батысқа қарай 53 км-дей жерде. ## Халқы Тұрғыны 20 адам (2009). ## Дереккөздер
Мәдениет ауылдық округі – Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Мәдениет ауылы кіреді. Орталығы - Мәдениет ауылы. Округ құрамында болған Сәтбай ауылы 2015 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2352 адамды құрады. ## Дереккөздер
Мәдениет ауылдық округі – Абай облысы Аягөз ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Мәдениет ауылы. Округ құрамында болған Көктал ауылы 2013 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Молодёжный ауылдық округі – Қостанай облысы Арқалық қалалық әкімдігіне қарасты әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Молодёжное, Матросово ауылдары кіреді. Орталығы – Молодёжное ауылы. ## Тарихы 2019 жылы Молодёжное ауылы мен Матросово ауылынан Молодёжный ауылдық округі құрылды. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 744 адамды құрады. ## Дереккөздер
Ілияс Мұхамед-Халелұлы Сүлейменов (1964 жылы 25 маусым күні Алматыда туған) - белгілі қазақ зергері, ғалым, философия ғылымдарының докторы, қолөнердегі "Еуразиялық этномодерн" бағытының негізін қалаушы. ## Өмірбаяны Ілияс Сүлейменов 1964 жылы 25 маусымда Алматыда қаласында белгілі жазушы, аудармашы, ғалым Мұхамед-Халел Сүлейменовтің отбасында дүниеге келген. 1986 жылы Қазақ мемлекеттік университетін тәмәмдаған. Әскердегі қызметтен кейін Қазақ ҒА Философия және құқық институтының аспирантурасына түседі. 1997-1998 жылдары Мәскеу Үкіметінің жанындағы оқу орындарының біріккен академиясының докторантурасында оқиды. ## Дереккөздер
Новопокров ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Новопокровка, Ақсу, Белоглинка, Еңбек, Жаңасу ауылдары кіреді. Орталығы – Новопокровка ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1749 адамды құрады. ## Дереккөздер
* Николаев ауылдық округі – Ақмола облысы Астрахан ауданындағы әкімшілік бірлік. * Николаев ауылдық округі – Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы әкімшілік бірлік. * Николаев ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы әкімшілік бірлік.
Новопокров ауылдық округі – Абай облысы Бородулиха ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Новопокровка, Қарағайлы, Сарыноғай ауылдары кіреді. Орталығы – Новопокровка ауылы. ## Дереккөздер
Новопокров ауылдық округі – Павлодар облысы Успен ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Галицкое, Новопокровка ауылдары кіреді. Орталығы – Галицкое ауылы. ## Дереккөздер
Новопокров ауылдық округі – Қостанай облысы Ұзынкөл ауданындағы әкімшілік бірлік. 2019 жылы құрамына қысқартылған "Варваровка ауылдық округінен" 1 елді мекен қосылды. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Новопокровка, Варваровка, Воскресеновка ауылдары кіреді. Орталығы – Новопокровка ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2278 адамды құрады. ## Дереккөздер
Мағжан ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы әкімшілік бірлік. 2018 жылға дейін Молодёжный ауылдық округі деп аталған. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Жастар, Сарытомар ауылдары кіреді. Орталығы – Жастар ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 660 адамды құрайды. ## Дереккөздер
* Нұра ауылдық округі – Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданындағы әкімшілік бірлік. * Нұра ауылдық округі – Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданындағы Сөгеті ауылдық округінің бұрынғы атауы. * Нұра ауылдық округі – Алматы облысы Талғар ауданындағы әкімшілік бірлік.
Ноғайбай сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: Кісі есімі: * Ноғайбай Айғабылов * Ноғайбай Дәулетбақұлы * Ноғайбай Сүлейменұлы Елді мекендер: * Ноғайбай – Жамбыл облысы Қордай ауданындағы ауыл. * Ноғайбай – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы ауыл. * Ноғайбай ауылдық округі
Ольгин ауылдық округі – Павлодар облысы Павлодар ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ольгинка ауылы кіреді. Орталығы – Ольгинка ауылы. ## Дереккөздер
Ольгин ауылдық округі – Павлодар облысы Успен ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Қызылағаш, Ольховка, Тимирязево ауылдары кіреді. Орталығы – Қызылағаш ауылы. 2013 жылы Ольгин ауылдық округі таратылып, құрамында болған Ольгино, Тимирязево, Ольховка ауылдары мен Успен ауылдық округінің Белоусовка ауылынан Белоусов ауылдық округі құрылып, орталығы Белоусовка ауылы болып белгіленді. 2018 жылы Ольгин ауылдық округі қайта құрылып, құрамына таратылған Белоусов ауылдық округінің Ольгино, Тимирязево, Ольховка ауылдары енді. ## Дереккөздер
Берёзовка емдеу-сауықтыруы — Абай облысы Бородулиха ауданы, Новодворов ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бородулихадан солтүстікке қарай 18 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Озёрный ауылдық округі – Қостанай облысы Қостанай ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Озёрное, Суриковка, Шишкинское ауылдары кіреді. Орталығы – Озёрное ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2721 адамды құрады. ## Дереккөздер
I Мұрат (осман. مراد اول‎ — Murâd-ı evvel; 29 маусым 1326 – 28 маусым 1389) — Осман империясының 3-ші сұлтаны, қолбасшы. Бұл сұлтан Османлы мемлекетінің жер ауданын 95 000 км²-ден 500 000 км²-ге дейін ұлғайтты, дәлірек айтсақ, Анадолы мен Балқан түбегіндегі жерлерді жаулап алды; мемлекеттік басқару жүйесінде кейбір өзгерістер енгізді; Еуропадан ұрланған жігіттерден жаңа шеріктер құрды; сондай-ақ I Мұрат османлы билеушілердің ішінде алғашқы рет "сұлтан" атағын қабылдады. ## Өмірбаяны I Мұрат 1326 жылы османлы елордасы Бурсада османлы ұлыбейі Орхан бей шаңырағында дүниеге келді. Әкесі Орхан бей қайтыс болғаннан кейін оның орнына таққа отырған. Алғашқы кезеңде өзінің кіші інілері Ибраһим шаһзада мен Халил шаһзадаға қарсы тақ үшін күрес жүргізді. Ақырында I Мұрат өз інілерін өлім жазасына кесіп, соғысты аяқтады. 1362 жылы жаңа шеріктердің алғашқы ошағы ашылды. Жаңа шеріктер османлылардың Еуропадағы жорықтарында тонап алынған еуропалық жасөспірімдерден құралды. ### I Балқан жорығы I Мұрат таққа отырғаннан кейін кресшілерге қарсы бірнеше сәтті жорықтар жасады. 1363 жылы Батыс Фракияға кіріп, византиялық Адрианополь мен Филиппополь қалаларын жаулап, олардың маңайындағы бекіністерді басып алып, Анадолы мұсылмандарын қоныстандырды. Кресшілерді үрей билеп, үдере көшіп, Румелия жері мұсылмандар мекеніне айналды. 1364 жылы османлы қолбасшысы қажы Елбек Сербияны жаулап алды.1365 жылы I Мұрат Адрианополь қаласын Османлы бейлігінің елордасына айналдырды. V Иоанн I Мұратпен византиялықтар үшін жағымсыз бітім шартқа отыруға мәжбүр болды. Бұл бітім шарт бойынша византиялықтар болгарлар мен сербтерге түрікмен соғыста көмек бермеуге тиіс, оның үстіне, V Иоанн түріктерге Еуропадағы кеңеюіне жәрдем болу керек. Он жылдан кейін V Иоанн I Мұраттың іс жүзіндегі вассалы болып кетті. 1371 жылы османлылар Марица шайқасында 60-мыңдық біріккен Оңтүстік Еуропалық әскерін ойсырата жеңді. Бұл жеңіс османлыларға Драма, Кавалла және Серре атты макендон қалаларын алуға септік болды. Сонымен қатар I Мұрат Болгария мен Солтүстік Сербия билеушілерін өзіне алым-салықты төлеттірді. ### Азамат соғысы 1370 жылдары османлыларда қысқаша азамат соғысы болды. 1373 жылы I Мұратқа қарсы өзінің туған баласы Саужы шаһзада шықты. Ол византиялық ханзада IV Андроникпен бірігіп, 1376 жылы Константинопольді жаулап алып, V Иоаннды тақтан бездіріп, зынданға қамады. I Мұрат бұл көтерілісті өзі басу үшін Саужы шаһзаданы Фракияда жеңіп, өлім жазасына кесті. Ал V Иоанн сұлтан әскерінің көмегімен зынданнан шығып, таққа оралды. Ол да өз бүлік шығарған баласын аямай жазалады. ### II Балқан жорығы 1380 жылдары I Мұрат батыстағы жорықтарын жаңартты. 1385 жылы ол София қаласын, ал 1386 жылы Ниш қаласын алды. Кіші Азияда Гермиян, Текке және Хамит бейліктерін жаулап алып, ел шекарасын Токатқа дейін ұлғайтты. 1386 жылы Қараман бейлігі басқарған бірнеше түрік бейліктері бірігіп, османлыларға қарсы шықты, алайда жеңіліс тапты. 1387 жылы I Мұрат Қараманұлы Алаеддин Әлиді тізе бүктірді. Содан соң Мажарстан, Хорватия, Полыня әскерлерінен құралған кресшілер әскеріне қарсы аттанды. 1389 жылы 10 тамызда Косово жазығында екі жақтың қолы кескілесе шайқасып, османлы жауынгерлері жеңіп шықты. Кресшілерді бастап келген серб патшасы Лазар мен оның ұлы тұтқынға алынды. Сұлтан осы Косово шайқасынан кейін ұрыс даласын аралап келе жатқан сәтінде серб Милош Обилич қастандықпен өлтірді. Басқа нұсқаға сәйкес, бұл шайқас кезінде Милош Обилич атты серб серісі сұлтан шатырына жалған кейіппен кіріп, сұлтанды өлтірді. Таққа отырған ұлы I Баязит сұлтан денесін Бурса қаласында жерледі. Аз ғана уақыт ішінде өзі билеген мемлекетінің аумағын 5 еседей ұлғайтып, құдіретті елге айналдырған I Мұрат хақында белгілі тарихшы Хаммер былай жазған: ## Садрағзамдары ## Дереккөздер