text
stringlengths
3
252k
Айгерім Ғалиқызы Сарыбай (18 ақпан 1997 жыл, Алматы) — қазақстандық спортшы, семсерші. Семсерлесуден Олимпиада ойындарына қатысып жатқан тұңғыш қазақ қызы ## Карьерасы 13 жасынан бастап спорттың осы түрімен айналысты. 2019, 2021, 2022 жылдары командалық сайыста Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. 2018 жылғы Жазғы Азия ойындарында да командалық сайыста қола жүлдеге қол жеткізді. 2024 жылдың сәуірінде БАЭ-де өткен халықаралық турнирде 2024 жылғы Жазғы Олимпиадаға лицензияны жеңіп алды. Жарыс финалында Гонконгтың өкілі Ку Винг Чудан 15:13 есебімен басым түсті. Бірақ Олимпиадада 1/8 финалдан аса алмады. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Олимпке жол
Қазақ-жоңғар соғысы (1643–1759 жылдар аралығында) — Қазақ хандығы мен Жоңғар хандығының арасындағы XVII ғасырдың 40-шы жылдарынан XVIII ғасырдың ортасына дейін созылған қарулы қақтығыстардың сериясы. ## Тарихы XV ғасырдың ортасында Өзбек хандығының жеріне бірнеше рет жорық жасап, ойраттарды ауыр жеңіліске ұшыратты. 1457 жылы Үш-Темұртайшы басқарған Әбілқайыр мен ойрат әскерлерінің Сығнақ маңында шайқасы болды. Ұзақ сағатқа созылған шайқас Әбілқайыр ханның жеңілуімен аяқталды, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болып, Сығнақ қабырғаларының артына тығылады. Ойраттар Ташкент, Түркістан, Шахрухия қалаларын тонап, қиратты. 1460 жылы Әбілқайыр хан ойраттардан жеңіліс тауып, әлсіреген кезеңде Әбілқайыр ханның қатал саясатына наразы Шыңғыстар Жәнібек пен Керей өз қол астындағылармен шығысқа Жетісуға, Моғолстанға қоныс аударып, өз мемлекетін құрды. Қазақ хандығы. Олармен бірге кеткен тайпалар өздерін өзбек-казактар ​​деп атай бастады («еркін өзбектер», түркіден «казак» еркін дегенді білдіреді). Кейінірек тек «казак», «казактар» деп аталды. 16 ғасырдың аяғында Тәуекел хан ойраттардың жорықтарын тойтарып, олардың руларының бір бөлігін бағындырды. Бірақ қазақ хандығының ішкі алауыздықтан әлсіреуі 17 ғасырда ойрат тайпаларының (ойраттардың батыс бөлігі) «сол қанаты» құрған жаңа мемлекет – Жоңғар хандығының позицияларының күшеюіне әкелді.) Қазақ пен жоңғар хандықтарының арасындағы алғашқы қақтығыстар жаңа мемлекет пайда болғаннан кейін бірден 1635 жылы басталды. ## Соғыстың алғышарттары XV ғасырда Қазақстанның қазіргі аумағына батыс моңғол тайпалары – ойраттар қоныс аудара бастады. Ойраттар Орталық Азия халықтарының жайлымдары мен Жетісу арқылы өтіп жатқан сауда жолдарын басып алуды көздеді. ## "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" XVIII ғасырдың бас кезіндегі қазақ-жоңғар қарулы қақтығыстары көп жағдайда ойраттардың үстемдігімен аяқталып, қазақ қоғамының экономикалық, саяси және басқа әлсіз жақтарын көрсете бастады. Тәуке ханнан соң билікке келген Болат хан (1718—1729 жылдары) тұсында қазақ қоғамында феодалдық бытыраңқылық үстемдік алады. Кіші жүз бен Орта жүздің біраз бөлігі Әбілқайыр сұлтанды ақ киізге отырғызып, хан көтереді (1718—1748 жылдары). Ташкентте Ұлы жүздің өкілдері Жолбарыс сұлтанды хан сайлайды. Орта жүздің қалған бөлігі Сәмекені хан ретінде мойындайды. Орталық биліктің әлсіреуі жаңа жоңғар басқыншылығына жол ашқан еді. XVIII ғасырда қазақ-жоңғар қатынасының асқынып кетуіне байланысты да сол жер мәселесі тұрды. Қонтайшы Севан Рабдан Жетісуды біржола ойраттарға қалдырып, сонымен бірге Түркістан арқылы өтетін сауда жолын да иемденуден үміттенді. Жоңғар хандығы бұл кезде біршама экономикалық және саяси өрлеу кезеңінде тұрды: егіншілік бұрын болмаған көлемге жетті, көрші елдермен сауда қатынасы өсті, қонтайшы Тибетті, Шығыс Түркістан]][[ мен қырғыздардың біраз бөлігін өзіне қаратты. Темір өндіру технологиясын игерген ойраттарға орыс шебері Зеленовский мен швед офицері Ренат мылтық және зеңбірек құю ісін, оқ-дәрі жасауды жолға қойып берді. 1723 жылы жоңғар қалмақтарының үлкен күші Жетісу арқылы Талас өңіріне, одан әрі Қаратауға жетіп, Түркістан мен Ташкенттен бір-ақ шығады. "Жұт — жеті ағайынды" дейді халық. Жұт әкелген ауыр қыстан соң, жайсыз көктемге енді ғана іліккен Ұлы жүз бен Орта жүз қазақтарының біразы қырғынға ұшырап, бірнеше мыңы тұтқын есебінде қалмақ жеріне айдалып, қалғаны мал-мүлкін тастап, Ходжент пен Самарқанға, Кіші жүз қазақтары Хиуа мен Бұхараға жетіп паналайды. Демограф М.Тәтімовтің болжамы бойынша, осы қасіретті кезеңде қазақ елі миллионнан астам адамынан айырылған. Осы оқиғаның ізін ала қазақ жұртына келген орыс елшісі А.И.Тевкелев елдің жағдайын білдіре келіп: "Қазақтар ойрандалды, тоз-тоз болды, жұрдай болып жұтады", — деп жазды. Оқиға қазақ елінің тарихына "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" деген атпен енді. 1730 жылы Ұлы жүз Саңырақ, Орта жүз Бөгенбай, Кіші жүз Тайлақ батырлар бастаған қазақ қолдары Бұланты өзенінің бойында ойрат әскерін талқан етіп жеңеді. Кейін бұл шайқас өткен жерді халық "Қалмаққырылған" атап кетеді. Келесі ірі жеңіске қазақ қолдары 1730 жылы Балқаш көлінің батыс жағындағы "Аңырақай" деген жерде жетеді. Шамамен осы мезгілде Қойгелді Сартұлы, Тоқсанбай, Мәлік және Кеген билер бастаған халық көтеріліп, Түркістанға жақын маңда орналасқан қонтайшының өкілі Барша хан мен оның кеңесшісі Саңғалды өлтіріп, шағын әскерін тұтқынға алады. 1730 жылы Цин империясы әскерінің басқыншылығына ұшыраған ойраттар енді қайтып қазақ жеріне басып кіру мүмкіндігінен айырылады. Өз жерінен ауа көшкен қазақ елі енді атамекеніне орала бастайды. ## Састөбе құрылтайы Тәуелсіздік үшін күрес, терең күйзеліске ұшыраған шаруашылықты жандандыру қажеттілігі XVIII ғасырдың 30—50-жылдары қазақ елінің басқарушы тобы алдына мемлекет тұтастығын қалпына келтіру мәселесін үнемі қоюмен болды. Бұл мәселеге байланысты қоғамның саяси өмірінде өзара қарсы бірнеше ағымның қалыптасқаны анық байқалды. Олардың бірі — Сәмеке хан, Күшік хан сияқты ірі тайпалық одақтардың басында тұрған хан, сұлтандар саяси бытыраңқылық жағдайды қанағат тұтса, Әбілқайыр хан бастаған екінші топ Ресейдің қолдауына сүйеніп, бүтін хандық билікті қалпына келтіруден үміттенді, ал үшінші — Төле би мен Абылай сұлтан бастаған топ қазақ билеушілерінің арасындағы алауыздықты жеңіп, өзара ымыраға келу арқылы жалпыұлттық мемлекеттікті қайта жандандыру жолында тұрды. 1729 жылы әкесінен қалған хандық билікті әлсіретіп алған Болат хан өмірден өтті. Жоңғар қаупі біржола жойылмаған жағдайда қуатты хандық билікті қалпына келтіру мәселесі билеуші саяси топ арасында қайтадан талқыға түсе бастайды. 1730 жылы көктемнің жазға ұласар сәтінде, Сайрамға жақын маңдағы Састөбеде — үш жүздің билеушілері бас қосып, талқыға екі мәселе түседі. Бірі — қаһарлы жоңғар қаупі жағдайында Тәуке хан тұсындағы Түркістандағы ұлы хандық билікті қайта жаңғыртып, соған сай жалпы қазақ ханын сайлау, екіншісі — бұл кезде босқыннан оралған үш жүздің "енші мекенін" анықтау. Әйтеке би бастаған топ ұлы хандық таққа Кіші жүздің билеушісі Әбілқайыр ханды ұсынады. Бірақ бұл ұсынысқа Қазыбек би мен Тастемір би (Төле бидің орнына келген) бастаған қалған екі жүздің өкілдері қарсы шығып, бір жетіге созылған тартыс нәтижесіз аяқталады. Бұл кезде төре тұқымдары арасындағы аса белсенді де жігерлі, айлалы Әбілқайыр ханға тура соның деңгейінде баламаға түсе алатын басқа қайраткер де жоқ еді. Ұлы жүздің ханы Жолбарыс Әбілқайырға бауыр, оның айтқанынан шықпайтын, ал Орта жүзді билеуші Әбілмәмбет хан мен Сәмеке, Күшік сұлтандардың жеке бас қасиеті мен ел арасындағы беделі ұлы хандық таққа жетімсіз еді. Абылай мен Барақ сұлтандар бұл кезде әлі жас болатын. Сонымен құрылтай үш жүздің "енші жерін" анықтаумен аяқталады. Сөйтіп, Састөбе құрылтайы қазақ жүздерінің феодалдық бытыраңқылық жолына бет бұрғандығын ресми түрде бекітіп берген тарихи кеңес болды. Бұл кеңес Қасым хан заманынан бері, әсіресе Әз Тәуке хан тұсында тұрақты өтіп тұрған үш жүздің ең соңғы бас қосуы. Бұдан былайғы уақытта іс жүзінде әр жүз өз мәселелері бойынша дербес шешім қабылдауға құқылы болды. Басқаша айтқанда, Састөбе құрылтайы қазақ елінің саяси өмірінде жаңа тарихи кезеңнің, яғни саяси бытыраңқылықтың біржола үстемдік алғандығын көрсеткен оқиға. ## Төле би мен Абылай XVIII ғасырдың алғашқы жартысындағы қауырт саяси оқиғалар, әсіресе "Ақтабан шұбырынды" оқиғасы ел басқару ісімен, оның ішкі және сыртқы қатынас мәселелерімен арнайы кәсіби деңгейде айналысатын топтың қалыптасуына түрткі болды. Бұл топ тек төре тұқымынан ғана тұрған жоқ, оның арасында қара сүйектен шыққан би мен батырлар да, бай мен ақын-жыраулар да бар еді. Оның басында тұрғандардан Төле би Әлібекұлын (1663—1756 жылдары), Қазыбек би Келдібекұлын (1667—1763 жылдары) және Әйтеке би Бәйбекұлын (1644—1700 жылдары) атауға болады. Қоғам өмірінде Бұқар жырау сияқты қайраткер-ойшылдардың, Жәнібек тархан, Сартай батыр Байжанұлы, Жылқыайдар батыр, Жылқыаман батыр, Итемген-Сүтемген батырлардың және т.б. сияқты батырлардың орны да қомақты болғаны даусыз. Сақталған деректік материалдардан қазақ басқарушы тобының жалпыұлттық мынадай үш мәселені ел алдына міндет етіп қойғанын аңғаруға болады. Олар — жалпыұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру және орнықтыру, халықтың белгілі бір бөлігін біртіндеп отырықшы тұрмысқа аудару және жалпыұлттық мүддеге бет бұру еді. XVIII ғасырдың 50-жылдарының алғашқы жартысында Түркістандағы Төле биге Көкшетаудан Абылай сұлтан бастаған өкілдік келеді. Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің "Шeжipeciндe, және Абылай туралы тарихи жырда: "Сапарға келушілердің мақсаты — "Қазақ хандығының тұрағын анықтау" болды деп көрсетеді. Бұл кезде Ұлы жүздің соңғы ханы Жолбарыс хан қаза тауып (1740 жылы), билік Төле бидің қолында еді. Бидің 1748—1749 жылдары Барақ сұлтанды Ұлы жүз ханы етіп қою әрекетінен ештеңе шықпайды. Ал бұл жолы қартайған Төле бидің үш жүз алдында бірдей беделді Абылай сұлтанмен арада болған келіссөзде сұлтанды Орта жүз бен Ұлы жүздің тең билеушісі ретінде мойындағандығы жөнінде тұжырым жасауға толық негіз бар. Абылай сұлтанның ресми түрде хандық билікке сайланғанға (1771 жылы) шейін-ақ Ұлы жүз билеушілерінің өтінішімен қырғыздар мен Қоқан хандығына әскери жорықтар жасауы (1766 жылы, 1770 жылы) соның айғағы. "Ақтабан шұбырынды" оқиғасы көшпелі мал шаруашылығына сүйенген экономиканың әлсіз жақтарын көрсетіп, оны реформалау қажеттігі туралы мәселе қойды. Төле би алқалы кеңесте сөйлеген сөзінде халыққа: "...Дұрыс жолға түс, жер емшегін ем, орнықты болсаң, карның тойынар, киімің бүтінделер! Аяқты малға сенбе, мал — бір жұттық... төрт түлік жиған малыңнан күндердің күні келгенде бір үзім нан артық!" — деген үндеумен қайырады. Бидің түсінігі бойынша, егіншілік пен дәстүрлі мал шаруашылығы қатар дамуға тиіс. Мәшһүр Жүсіп Көпеев Төле би заманында 22 наурызды Жаңа жылдың басы ретінде (наурыз мейрамы) қарсы алу, осы күннен бастап егіншілік қамына кірісудің қазақ арасында дәстүрге айналғандығын жазады. Тура осы мазмұндағы пікірді Абылай хан да ұсынады. Ол Қалдан Серенмен болған әңгімеде: "Қазақ орнықпай жүрген ел еді, бір жерге орнықтырып, отырықшы өмірге кіргізіп өлсем, армансыз болар едім" деген ойын білдіреді. Қар астынан қылаң берген жауқазындай бас көтерген қоғамдық өмір мен ойдағы бұл үдерістер бұдан былайғы уақытта өзінің табиғи жалғасын таба алған жоқ; мемлекеттіліктің қалыптасуы соңына жетпей үзілді, енді ғана басталған қоғамның белгілі бөлігінің отырықшы тұрмысқа өтуі тоқтап қалды, коғамдық санада рулық- жүздік жіктелуден ұлттық тұтастыққа көшу аяқталмады. Ал осы іргелі мәселелер аталмыш тарихи мезгілде неге өз шешімін таппады? Көшпелі мал шаруашылығына негізделген экономика және өмір салты тұрақты басқару аппаратына сүйенген мемлекеттік жүйенің тамыр жайып, орнығуына қолайлы жағдай туғыза алған жоқ. Сонымен бірге экстенсивті көшпелі мал шаруашылығын жүргізуге тиімді үлкен аумақ сан жағынан аса көп емес халыққа интенсивті экономикалық жүйеге көшуге аса қолайлы фактор емес-тін. Сондай-ақ елде білім беру саласының мүлдем жоқтығы, сауаттылықтың өте төмен деңгейі шаруашылық пен қоғамдық өмірдің тиімді жүйесіне кешуде негізгі кедергілердің біріне айналды. ## Дереккөздер
Қазақстан орыстарының туған жылдар бойынша есімдер тізімі. Есімдер құжаттағы жазылуы бойынша берілген. Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша. ## Ерлер ## Әйелдер ## Тағы қараңыз * Қазақ есімдері ## Дереккөздер
Қазақстан қазақтарының туған жылдар бойынша фамилиялар тізімі. Фамилиялар құжаттағы жазылуы бойынша берілген. Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша. ## Тізім ## Тағы қараңыз * Қазақ есімдері ## Дереккөздер
Қазақстан қазақтарының бас әрпі бойынша есімдер тізімі. Есімдер құжаттағы жазылуы бойынша берілген. Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша. ## Ерлер
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті — зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомствосы. ## Міндеттері * зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласындағы реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын орындау, сондай-ақ стратегиялық функцияларды орындауға қатысу * адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз етуге, жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға қатысу арқылы қазақстандық қоғам мен мемлекеттің орнықты және үдемелі дамуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттің реттеушілік саясатын іске асыруға бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу; * Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру ## Қарамағындағы ұйымдар * «Ұлттық зияткерлік меншік институты» ШЖҚ РМК ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті — атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомствосы. ## Міндеттері * реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын орындау, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындаудың мемлекеттік саясаты саласындағы стратегиялық функцияларды орындауға қатысу; * жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға қатысу арқылы, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің орнықты және дәйекті дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік реттеу саясатын қалыптастыру және іске асыру ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті — заңды тұлғаларды тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді, азаматтық хал актілерін және апостиль қою, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, жылжымайтын мүлікті кепілге қоюды тіркеу, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру, заң қызметтерін ұйымдастыру және лицензиялау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомствосы. ## Міндеттері * заңды тұлғаларды және филиалдар мен өкілдіктерді, азаматтық хал актілерін, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, жылжымайтын мүлікті кепілге қоюды тіркеу, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру, заң қызметтерін ұйымдастыру және лицензиялау саласындағы реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын орындау, сондай-ақ стратегиялық функцияларды орындауға қатысу; * адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз етуге, жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға қатысу арқылы қазақстандық қоғам мен мемлекеттің орнықты және үдемелі дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті — табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомствосы. ## Міндеттері * төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру; * Комитет құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету ## Дереккөздер
Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 7 қазандағы № 166 қаулысымен бекітілген. ## Бейнеу ауданы ## Қарақия ауданы ## Маңғыстау ауданы ## Мұнайлы ауданы ## Түпқараған ауданы ## Ақтау қаласы ## Дереккөздер
Беріктас (немесе Бұғымүйіз) — Іле алабындағы өзен. Алматы облысы, Жамбыл ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 42 шақырым. ## Сипаттамасы Жетіжол жотасының солтүстігінен бастау алады. Дегерес тауларының аңғарларымен ағып, жазыққа жеткен соң Беріктас аулынан өте бере құмға сіңіп кетеді. Ені 3-4, кей тұстары 5-6 метрге дейін жетеді. Суы мол жылдары Кірөзек өзеніне жалғасып, Қопа өзеніне дейін жеткен. Ауыз суға да пайдаланылады. ## Жағасындағы елді-мекендер * Бесмойнақ аулы * Қараарша аулы * Беріктас аулы ## Салалары * Қарарша өзені * Арна (Бұғымүйіз немесе Бесмойнақ).өзені ## Сілтемелер * Топографиялық карта k-43-10 * Гидрологическая изученность. 13 Том. Орталық және Оңт. Қазақстан. 2 шығарылым. Балқаш көлі алабы (орыс тілінде) / Л.: Гидрометеоиздат, 1967. — 304 бет
I Сағадат Герей (қырымтат. I Saadet Geray; 1492—1538) — 1524-1532 жылдары Герей әулетінен шыққан Қырым ханы. І Меңлі Герейдің ұлы. ## Өмірбаяны 1511/1512 жылы Қырым ханы I Меңлі Герей сұлтан тағы үшін інілерімен бірге соғысқан күйеу баласы Осман ханзадасы Сәлім Явузға көмекке өзінің ұлы Сағадат бастаған үлкен татар жасағын жіберді. Татар әскерімен ханзада Сәлім Ыстанбұлға келді, сол жерде жаңа шеріктер оның жағына өтті. Ескі сұлтан II Баязит өзінің ұлы Сәлімнің пайдасына биліктен бас тартуға мәжбүр болды. Содан кейін I Сағадат Герей татар атты әскерімен бірге түрік әскерімен бірге бүлікші Сәлім бауырларына қарсы шайқасты, Анадолыдағы халықтық тәртіпсіздіктерді басуға қатысты. Сағадат Герей жаңа сұлтанның ең сенімді адамдарының бірі болды, ол тіпті өзінің қызын тұрмысқа берді. Кейіннен ұзақ уақыт Ыстанбұлда құрметті кепіл ретінде өмір сүрген Қырым ханзадасы Сағадат Герей Османлы сұлтаны Сәлімнің, содан кейін оның ұлы Сүлейменнің ықыласына бөленді. 1523 жылы наурызда Қырым ханы I Мехмет Герей және оның үлкен ұлы әрі мұрагері Баһадүр Герей Астраханды сәтті басып алғаннан кейін одақтастары Мамай мен Ағыш ноғай мырзалары оларды қапияда өлтірді, содан кейін Қырым әскері талқандалды. Наурыз айының соңында ноғай мырзалары Қырым хандығына басып кіріп, татар ауылдарын тонап, қиратты. Ноғайлар ауылдарды өртеп, табын-табынымен малдарды айдап, жергілікті тұрғындарды өлтіріп, тұтқынға алды. Тек қана бекіністі қалалар мен шалғайдағы таулы аймақтар аман қалды. Ірі Қырым мырзалары 12 мыңдық әскер жинап, ноғайларға қарсы жорыққа шықты, бірақ жеңіліске ұшырап, түрік гарнизонының қорғауымен Орқапыны паналады. Сол уақытта казак жасақтарымен Очаков бекінісін қоршауға алып, қиратқан Каневтің басшысы Евстафий Дашкевич Қырым ұлыстарына шабуыл жасады. 1523 жылдың күзінде Ноғай ордасы кеткеннен кейін Қырым ақсүйектері қайтыс болған Мехмет Герей ханның аман қалған ұлдарының үлкені I Ғазы Герейді хан тағына отырғызды. Алайда, Қырым бейлері үміткер жайлы Ыстанбұлмен мақұлдаспады. Османлы сұлтан Сүлеймен бұл үміткерді қабылдамай, біраз уақыттан кейін Ыстанбұлдағы сұлтан сарайында ұзақ уақыт өмір сүрген ағасы Сағадат Герейді хан етіп тағайындады. Бұдан басқа, негізгі қырым мырзасы Меміш Шырын бей жас Ғазы Герей ханның билігіне наразы болып, Ыстанбұлға барып, сол жерден сұлтаннан Сағадат Герейді жаңа хан етіп тағайындауды сұрады. 1524 жылы сәуірде І Сағадат Герей түрік жаңа шеріктер жасағымен Ыстанбұлдан Қырымға жүзіп келіп, Кефеге тоқтады. Сұлтан растаған жаңа Қырым ханы өзінің інісі Ғазы Герейден ант қабылдау үшін оның келуін талап етті. 20 жастағы Ғазы Герей өзінің бауырлары Баба мен Шобан Герейлермен бірге Кефеге келді. О. Гайворонскийдің айтуынша, Ғазы Герей ханмен алғашқы кездесуінде өлтіріліп, оның бауырлары Баба мен Шобан Герейлер түрмеге қамалды. Хәлім Герей сұлтанның айтуынша, Қырым ханы Сағадат Герей інісі Ғазы Герейге қалғай шенін берген. Алайда, үш айдан кейін хан оның адалдығына сенімсізденіп, Ғазы Герейді шақырып алып, оны өлтіруге бұйрық береді. Жаңа қалғай болып бірінші Қырым ханы I Қажы Герейдің немересі Өзбек Герей тағайындалды. Сағадат Герай билікке келгенде Қазан I Мехмет Гереймен одақтастық келісім негізінде және оның Астраханға қарсы жорығымен қатар бастаған Қазан мен Мәскеу арасындағы соғыс жалғасты. Сағадаттың сыртқы саясаттағы алғашқы қадамдарының бірі бейбітшілікке делдал болу болды, бірақ Мәскеу одан бас тартты. Сағадат, сонымен бірге, Астрахан хандығымен бейбіт қатынастар орнатып, мүмкіндігінше сол кезде бірде-бір үкімет болмаған Ноғай Ордасының жеке мырзаларымен бейбіт қатынастар орнатуға тырысты. I Сағадат Герей таққа отырған кезде елді шонжарлар шайқасы әлсіреп, ноғай шапқыншылығы салдарынан күйреген күйде болды. Ол мемлекеттегі тәртіпті қалпына келтіріп, бірнеше маңызды қайта құруларды жүзеге асырды. Атап айтқанда, ол саяшы штатын Османлы үлгісі бойынша ұйымдастырып, артиллериялық бөлімдерді құрай, әскерді жаңартты (оған дейін Қырым әскері тек атты әскерлерден тұрды). Қырым ханы мен татар ақсүйектері қарым-қатынасы шиеленісті болды. Сағадат Герейдің түрікшіл саясатына қырымдық бейлер наразы болды. Хан өзін түрік шенеуніктері мен сенімді адамдарымен қоршады. Шырын руынан қолдау алу үшін хан өзінің ағасы Ахмет Герейдің жесірі Шырынбекке үйленді. 1524 жылдың көктемінің соңында Сағадат Герей татар ақсүйектерінің көпшілігімен татуласты. Қырым ханы Сағадат Герей (1524-1532) мәскеулік, поляк және литва жерлерінің оңтүстік иеліктеріне шапқыншылық ұйымдастырып, шабуыл жасады. 1524 жылы маусымда Сағадат Герей Ұлы Литва кінәздігіне қарсы жорық жасады. Төрт ханзада: Өзбек Герей қалғай, Ислам Герей, Бүшек Герей және Жантұр Герей бастаған Қырым татарлары ордасы Литваның шекарасындағы иеліктерге басып кірді. Сапар сәтсіз аяқталды. Күзде, қайтып келе жатқанда, қырымдықтар Днепр өткелінде Семен Полозович пен Криштоф Кмитиц бастаған украин казактары тарапынан жеңіліске ұшырады. Сол 1524 жылдың күзінде І Сағадат Герей І Мехмет Герейдің тірі қалған ұлдарының үлкені — I Ислам Гереймен хан тағына таласуды бастады. Ислам Герей хандыққа өзінің құқығын жариялап, көптеген ірі бейлік рулардың қолдауына ие болды. Сағадат Герей ханның түрікшіл саясатына наразы болған көптеген қырымдық бейлер І Ислам Герейді қолдады. Хан інісін өлтіруге бұйрық берді. Серіктестері ескерткен Ислам Герей Қырымнан ноғай қоныстарына қашып кетті. Көп ұзамай Ислам Герей Қырымға оралғанда көптеген мырзалар оның жағына өтті. Алдымен Ислам Герей Орқапы маңында ханның отарын, содан кейін Сағадат Герейдің анасы Махмұт Сұлтанды қолға түсірді. Ислам Герей өз әскерімен Қырым қаласын басып алды, онда оның жақтастары оны хан деп жариялады. Тақтан айырылған хан Сағадат Герей солтүстікке қашып, Орқапыны паналады. 1524 жылы қарашада Ислам Герей өз әскерімен Орқапы бекінісін қоршауға алды. Қоршау үш айға созылды. Нәтижесінде Сағадат Герей татар бейлерінің көпшілігін Ислам Герейді тастап, оның жағына өтуге көндіре алды. 1525 жылы қаңтарда Ислам Герей Орқапы маңынан Ноғай ұлыстарына, Сүтана өзеніне қашып кетті. Тақты қайта иемденгенде, Сағадат Герей бұрын Қазан ханы болған бауыры Сахиб Герейді қалғай етіп тағайындады. 1525 жылдың көктемінде Ислам Герей жаңа күш жинап, Қырымға басып кіріп, онда Қырық Ор қабырғалары түбінде шайқаста Сағадат Герейді жеңді. Түрік жасағымен (1700 адам) ханға көмекке келген Кефе пашасы да жеңіліске ұшырады. Ислам Герей өзінің қарсылас ағасын қуып, астананы екінші рет басып алды. 1525 жылдың күзінде ірі қырым мырзалары Бақтияр Шырын мырза және Дәулет Бақыт Барын мырза Ислам Герей ханға қарсы шығып, оны Қырымнан кетуге мәжбүр етті. Сағадат Герей хан тағына қайта оралды. Ислам Герей аздаған жақтастарымен ноғай қоныстарына шегінді. 1526 жылдың басында Ислам Герей тағы да Орқапыға жақындады. Аға мен іні ымыраға келіп, бітім жасасты. Сағадат Герей хан тағын сақтап қалды, ал Ислам Герей қалғай атағын алды. Қырым ханы Сағадат Герай Очаковты (Ақшақұм) және оған іргелес аумақты інісі Ислам Герейге берді. Бұрынғы қалғай Сахиб Герей ханнан Төменгі Днепрдегі шекара бекіністерін алды. 1526-1527 жылдың қысында 30 мың адамнан тұратын қырым татарлары ордасы Польшаның және Ұлы Литва кінәздігінің оңтүстік жерлеріне басып кірді, олар көптеген есірейлер мен бай олжаларды қолға түсірді. 1527 жылы 27 қаңтарда қайтып келе жатқанда, қырымдықтар Киев түбінде Ольшаница өзеніндегі шайқаста Литва әскерінің ұлы Литва гетманы, кінәз Константин Иванович Острожский бастаған литвалық раттан толық жеңіліске ұшырады. 1527 жылдың күзінде 40 мыңдық татар ордасының басында тұрған Ислам Герей қалғай оңтүстік орыс жерлеріне қарсы үлкен жорық жасады, бірақ орыс воеводалары Ока өзенінің жағасынан тойтарыс берді. Мәскеу воеводалары Дон өзеніне қарай шегініп бара жатқан орданың соңына түсіп, жол бойында бірнеше ірі татар жасақтарын талқандады. 1528 жылдың басында Қырым ханы Сағадат Герей інісі Ислам Герей қалғаймен күресті қайта бастады. Наурызда хан інісін жеңді. Шайқаста көптеген дегдар татар мырзалары, Ислам Герейдің жақтастары қаза тапты. Олардың арасында Шырын бейі Мемеш мырза болды. 1528 жылдың күзінде Ислам Герей Литваның оңтүстігіндегі иеліктерге келіп, Шеркесі маңында тұрақ құрып, сол жерден поляк королі әрі Литваның ұлы кінәзі Кәрі Сигизмундтен қолдау сұрады. Сигизмунд Казимирович украин казактарына Ислам Герейге әскери көмек көрсетуді бұйырды. 1529 жылдың көктемінде Ислам Герей Орқапыға жылжыды, ал украин казактары Днепр бойымен өзен кемелері арқылы жүзіп келді. Қырым ханы Сағадат Герей татар мырзаларының көп бөлігі інісінің жағына өтіп кетеді деп қорқып, оған бітім жасасуды ұсынып, хат жіберген. Ислам Герей Сағадат Герейді хан деп танып, Очаков бекінісін іргелес ұлыстармен бірге қайтарып алды. 1531 жылдың күзінде Қырым ханы Сағадат Герай ірі татар руы Шырын арасындағы қарым-қатыныс шиелініске түсті. Шырындардың басты мырзасы Бақтияр бей ханға қарсы қастандық ұйымдастырды. Қастандық жасаушылардың арасында Шырынбек (Сағадат Герейдің әйелі) және ханның немере інілері Бұшақ пен Жүсіп Герейлер болған. Бақтияр Шырын бей Шырындардың ата қонысы Қырымда (Ескі Қырым) ханды өлтіруді жоспарлап, сонда шақырды. Қырым ханы Сағадат Герей өзімен бірге Сахиб Герей қалғайды алып, Шырындарға аттанды. Хан мылтықтармен қаруланған түрік жаңа шеріктер мен сыпайлар жасақтарын ертіп шықты. Екі шырындық мырзалар - Доқұзақ пен Жүніс - ханға қашып, оған қастандық туралы хабарлады. Хан өз әскерімен Қырымды және бүкіл Шырын ұлыстарын басып алды. Сағадат Герейдің бұйрығымен Бұшақ пен Жүсіп Герей ханзадалар, Бақтияр Шырын бей ұлдары және інілерімен бірге тұтқынға алынып, өлім жазасына кесілді. Хан өзінің адал Доқұзақ мырзаны жаңа Шырын бейі етіп тағайындады. Шырынбек ханша Қырық Ор бекінісіне қамалды. Тірі қалған Шырын мырзаларының бір бөлігі Ислам Герейге қашып кетті. 1531 жылдың соңында Ислам Герей ағасымен хан тағына таласуды жалғастырды. Ханзада Орқапының жанында Шырын мырзаларымен бірге болды. 1532 жылы ақпанда Ислам Герей Шеркесі мен Каневтің қасына келіп, сол жерден ұлы Литва кінәзі Кәрі Сигизмундтан көмек пен қорғауды сұрады. 1532 жылдың көктемінде Татар ордасының басында Қырым ханы Сағадат Герей түрік жаңа шеріктер жасақтары (1500 адам) және артиллериямен Литва шекарасындағы иеліктерге қарсы жорық жасады. Сағадат Герей Шеркесіні қоршауға алды, оны қорғауын Шеркесі мен Канев қожайыны Евстафий Дашкевич басқарды. Шеркесі қоршауы бір айға созылды. Евстафий Дашкевич бастаған Литва гарнизоны жаудың барлық шабуылдарын тойтырды. Осы уақытта ханзада Ислам Герей өзінің жақтастарымен бірге Доннан тыс далада Мәскеу үкіметімен келіссөздер жүргізді. 1532 жылы мамырда Қырым ханы Сағадат Герей хан тағынан өз еркімен бас тартып, Ыстанбұлға кетті. Кейінірек Сағадат Герей Сефевидтік Иранға қарсы жорығы кезінде Сүлеймен сұлтанмен бірге жүрді. Сағадат Герей сұлтаннан үлкен зейнетақы (жылына 300 000 ақша) алды. 1538 жылы 46 жастағы І Сағадат Герей тақтан бас тартқаннан кейін алты жылдан соң дүниеден өтіп, Ыстанбұлда жерленген. ## Дереккөздер
Тайыр Жарықұлы (26 қыркүйек 1908 жыл, Хан Ордасы ауылы, Астрахан губерниясы (қазіргі Батыс Қазақстан облысы) – 11 наурыз 1965 жыл, Алматы) — қазақ ақыны. ## Өмірбаяны Байұлы тайпасы Шеркеш руынан шыққан. * 1923 — 1927 жылы Орынбордағы Қазақ халық ағарту институтында * 1928 — 1932 жылы ҚазПИ-де * 1934 — 1935 жылы Ленинград тарих философия және әдебиет институтының аспирантурасында оқыған. * 1932 — 1933 жылы жаңадан құрылған Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастыру комитетітінің хатшысы * 1933 — 1934 жылы Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының редакторы * 1936 — 1938 жылы “Қазақ әдебиеті” газеті редакторының орынбасары * 1938 — 1942 жылы Жамбыл Жабаевтың әдеби хатшысы қызметтерін атқарды. * Ұлы Отан соғысына қатысқан. * 1946 — 1965 жылы Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында (қазіргі “Жазушы” баспасы) жауапты қызметтер атқарды. ## Ақынның шығармашылығы Ақынның алғашқы өлеңдері * “Аэроплан” * “Күлімдейді күміс күн де” 1927 — 1928 жылы жарияланды. Бірінші өлеңдер жинағы 1932 жылы * “Жұлдыз жарығы” деген атпен басылып шықты. Әр жылдарда * “Нефстан” * “Мотор жыры” * “Күн тіл қатты” (1934) * “Мұз тұтқыны” (1935) * “Тасқын” (1937, 1949) * “Нарын” (1935) * “Тастағы жазу” (1940) * ”Бақыт жырлары” * “Жапанды орман жаңғыртты” (1949) * “Қырда туған құрыш” (1954, 1955, 1956) * “Жыр қанаты” (1956) * “Құмдағы дауыл” (1958) * “Тау жырлайды” (1962) * “Теңіз баласы” (1963) * “Тасқынға тосқын” (1965), т.б. кітаптары жарық көрді. * Ақынның таңдамалы шығармаларының 1958 — 1959 жылы екі томдығы * 1972 — 1975 жылы төрт томдығы * 1951 — 1978 жылы бір томдығы басылды. ## Тақырыптары Жароков, әсіресе, саяси-әлеуметтік лириканың шебері. Ақын поэзиясына өмір жаңалықтарын дер кезінде көре біліп, оны публицистикалық леппен, романтикалық сезіммен шабыттана жырлау тән. “Күн тіл қатты” поэмасында кеңес ұшқыштарының 1934 жылы 22 км биіктікке көтеріліп, дүниежүзілік рекорд жасаған ерлігін романтикалық қуатпен шаттана жырлады. “Тасқын” поэмасында 1921 жылы Алматыда болған су тасқынын суреттей отырып, «Қайсар мен Жамал» секілді қарапайым жастардың бейнесін типтік дәрежеде жасай білді. Ақын бұл тақырыпқа кейін қайта оралып, “Тасқынға тосқын” (1965) поэмасын жазды. Бұл шығармалар тек Жароков шығармашылығының ғана емес, қазақ поэзиясының елеулі табысы ретінде бағаланды. 1940 жылы жазылған “Нарын” поэмасында ақын тарихи өлкенің өткені мен бүгінгісін салыстыра отырып жыр төгеді. “Қырда туған құрыш” поэмасы Қазақстан магниткасы — Теміртауға арналған. Ақын қазақ өлеңі өрнегіне өзіндік өзгерістер әкеліп, жаңашыл ақын атанады. ## Аудармалары Жароков аудармашылық өнермен де айналысты. Ол А.С. Пушкиннің “Цыгандар”, “Кавказ тұтқыны”, “Коломнадағы кішкене үй”, “Ағайынды қарақшылар”, “Граф Нулин”, “Қысқы кеш”, “Қысқы ертеңгілік”, М.Ю. Лермонтовтың “Черкестер”, “Қылмыскер”, сондай-ақ, Ш.Руставелидің, Т.Шевченконың, Н.Некрасовтың, В.Маяковскийдің, М. Алигеридің, А.Сурковтың шығармаларын қазақ тіліне аударады. ## Марапаттары * Екі мәрте Еңбек Қызыл ту орденімен * “Құрмет Белгісі” орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Жози Бартель (фр. Josy Barthel; 24 сәуір 1927, Мамер, Люксембург — 7 шілде 1992, Люксембург) — люксембургтік жеңіл атлет, 1500 метр қашықтыққа жүгіруде 1952 жылы Олимпиада чемпионы атанды. 1948, 1956 жылдары да Жазғы Олимпиадаға қатысты. Елдің астанасындағы басты футбол стадионы Жози Бартельдің атымен аталады.
Азамат Герей (қырымтат. Azamat Geray; 24 маусым 1632 қай.) — нұреддин (1610-1623, 1625-1627, 1628-1631) және қалғай (1631-1632), Қырым ханы I Селәмет Герейдің (1608-1610) үлкен ұлы. ## Өмірбаяны 1610 жылы Азамат Герейдің әкесі Қырым ханы I Селәмет Герей қайтыс болды. Түрік сұлтаны I Ахмет жаңа хан етіп Жәнібек Герейді (1610–1623) сайласа, ол өз кезегінде Азамат Герейді нұреддин етіп тағайындады. 1615 жылдың көктемінде нұреддин Азамат Герей оңтүстік поляк иеліктеріне үлкен жорық жасады. Азамат басқарған Қырым татарларының әскері Украинаның оң жағалауын ойсыратты. 1617–1619 жылдары Жәнібек Герей ханмен бірге нұреддин Азамат Герей Осман империясының Парсыға қарсы сәтсіз әскери жорығында болды. 1621 жылы Азамат Герей Поляк-Литва мемлекетіне қарсы Жәнібек Герейдің жаңа жорығына қатысып, нәтижесінде Хотын түбіндегі шайқаста түрік-қырым татар әскерлері поляк-казак әскерлерінен жеңіліс тапты. 1623 жылдың көктемінде Жәнібек Герей ханды жаңа Османлы сұлтаны Мұстафа тақтан түсіріп, Родос аралына жер аударды. Азамат Герей нұреддин лауазымынан айырылып, түрік иелігіне кетіп қалды. Жаңа Қырым ханы III Мехмет Герей хан тағына бекінген соң, бауыры Шаһин Герейді қалғай, ал Дәулет Шобан Герейді жаңа нұреддин етіп тағайындады. 1624 жылдың көктемінде түрік сұлтаны IV Мұрат қияңқы мінезді III Мехмет Герей ханды биліктен аластатып, Жәнібек Герейді екінші рет Қырым ханы етіп тағайындады. Мамыр айында Жәнібек Герей қалға Дәулет Герей және нұреддин Азамат Гереймен бірге түрік әскерімен Кефеге жетті. Алайда, III Мехмет Герей хан мен қалғай Шаһин Герей Қырымда үлкен әскер жинап, Кефені қоршауға алып, сұлтанның шешімін орындаудан бас тартты. Тамыз айында Жәнібек Герей түрік әскерімен Кефеден Бақшасарайға қарай аттанады, бірақ Қарасубазар түбіндегі шайқаста жеңіліп, Қырымнан қашты. Ханзада Азамат Герей Жәнібек Герей сияқты кетпей, Қырымда қалды. III Мехмет Герей Азамат Герейді өзінің нұреддині етіп тағайындады. 1625 жылдың күзінде III Мехмет Герейдің оңтүстік поляк иеліктеріне қарсы жорығына нұреддин Азамат Герей де қатысты. Қырым және ноғай жасақтары Бар, Галич және Львов қалаларының төңірегін ойрандап, Кіші Польшаға еніп кетті. Бұл жорықта 50 мыңға жуық адамды тұтқындаған қырым татарлары мен ноғайлар қаза тапқан, тұтқынға түскендері жағынан үлкен шығынға ұшырады. 1626 жылдың тамыз-қазан айларында Азамат Герей Польша-Литва мемлекетіне қарсы жаңа жойқын жорық жасады. Қырымдықтар Киев жерлерін жоюға тырысты, бірақ үлкен шығынға ұшырады. Ақ шіркеу түбіндегі шайқаста поляк-казак әскері Азамат Герейдің негізгі күштерін талқандады. 1627 жылы Азамат Герей III Мехмет Герей ханға қарсы шығып, Бұжақ мырзасы Қантемірмен бірге, алдымен, Қырымнан Бұжаққа, одан Осман иелігіне қашады. Келесі 1628 жылы Азамат Герей Қантемір мырзамен бірге Қырымға басып кіріп, III Мехмет пен Шаһин Герейге қарсы соғыс қимылдарына қатысады. Сол 1628 жылы Османлы сұлтаны III Мехмет Герей ханды тақтан тайдырғанын және Жәнібек Герейді хан тағына қайта отырғанын жариялады. Жәнібек Герей түрік әскерімен Кефеге жетіп, Қырым ақсүйектерінің қолдауына ие болып, Бақшасарайды басып алды. Ағайынды Мехмет пен Шаһин Герейлер Қырымнан Запорожеге қашып кетті. Ханзада Азамат Герей Жәнібек Герейдің жағына өтіп, оны екінші рет нұреддин дәрежесіне бекітті. 1631 жылы қарашада қалғай Дәулет Герей қайтыс болғаннан кейін Жәнібек Герей хан бұрынғы нұреддин Азамат Герейді жаңа қалғай етіп тағайындады. Көп ұзамай Жәнібек Герей мен қалғай Азамат Герейдің арасында жанжал туындады. 1632 жылы маусымда хан қалғайға түсіндіру үшін өзіне шақырады, сол кезде Азамат Герей Жәнібек Герейдің бұйрығымен өлтірілді. ## Әдебиет * Новосельский А. А. Борьба Московского государства с татарами в 17 веке. — М.—Л.: Издательство Академии наук СССР, 1948. * Гайворонский Олекса. Повелители двух материков. — Т. 2. — Киев—Бахчисарай, 2009. — ISBN 9789662260038
Нариман Хусанжанұлы Құрбанов (6 желтоқсан 1997 жыл, Алматы) — қазақстандық гимнаст, 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Ұлты ұйғыр. ## Карьерасы Гимнастикамен бес жасынан бастап айналысты. Алғашқы бапкері — өзінің әкесі. 2022 жылғы Азия ойындарында қола жүлде алды. Сол жылы Доһада өткен Азия чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді. 2023, 2024 жылғы Азия чемпионы. 2024 жылғы Жазғы Олимпиаданың шешуші финалында 15,433 ұпай жинады. Бағдарламаның күрделілігі 6,7, орындалуы 8,733 деп бағаланды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер
М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті – ҚР жоғары оқу орны. Дулати университетінің білім беру қызметінде қазіргі кезеңде бакалавриатта – 103, магистратурада – 61, докторантурада – 9, барлығы 173 білім бағдарламасы бар. Университетте әскери кафедра жұмыс істейді. Сонымен қатар, 6 факультет, 1 институт, колледж және 3 студенттік жатақханасы бар. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма төрағасы-ректоры – физика-математика ғылымдарының  кандидаты, доктор PhD, қауымдастырылған профессор  Байжұманов Мұхтар Қазбекұлы. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жұмысы – оқу, ғылыми-инновациялық, тәрбие беру, өңірдің экономикалық, әлеуметтік және мәдени тіршілігімен тығыз байланысты. Себебі, университет көптеген мамандықтар бойынша мамандарды үш сатылы даярлауды іске асыратын және аймақтың жоғары білікті мамандарға қажеттілігін қамтамасыз ететін бірден-бір өңірлік жоғары оқу орны. Университте 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің (РХТУ) филиалы ашылады деп жоспарлануда. Дулати университеті Әлем бойынша 3000-ға жуық жоғары оқу орындарының арасында рейтингте 1201-1400 орынға жайғасты. Times Higher Education World University Rankings 2024 жалпы рейтингіне «репортер» мәртебесімен енді. 2024 жылдың 18 наурызында Дулати университеті жалпы есепте QS Stars «3 жұлдыз» артықшылығына ие болды. QS Asia University Rankings рейтингінде 857 университет арасында 601-650 және Орталық Азия рейтингінде 30-орынға ие болды. Қазақстандағы 95 жоғары оқу орнының рейтингінде Дулати университеті сегізінші орынға ие болып, «А+» мәртебесін алды. 2023 жылғы тәуелсіз халықаралық қазақ ұлттық h-index рейтингінде Дулати университеті 151 ұйымның ішінде 31-орынға ие болды.«Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік» рейтингінде Қазақстан университеттері арасында 8-орынға ие. ## Бүгінгі жағдайы Университетте бір мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 320- ғылым докторы мен кандидаты және философия докторы бар. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әлем бойынша 3000-ға жуық жоғары оқу орындарының арасында рейтингте 1201-1400 орында. ## Тарихы Дулати университетінің тарихы 1958 жылдан бастау алады. Алғашында Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиясы институты болып құрылған. 1962 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ауылшаруашылық институтының гидромелиоративтік факультеті негізінде Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты ашылды. 1963 жылы – Қазақ химия-технологиялық институты филиалының негізінде Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты құрылды. 1996 жылы – Жамбыл педагогикалық институты негізінде Жамбыл университеті құрылды. 1997 жылы Жамбыл университетіне Мұхаммед Хайдар Дулатидің есімі берілді. 1998 жылы – Жамбыл университеті, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты және Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты бірігуі негізінде М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті құрылды. ## Факультеттер * Педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультеті * Жаратылыстану ғылымдары факультеті * Экономика және құқық факультеті * Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті * Технологиялық факультет * Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті ## Институттар * Су шаруашылығы, экология және құрылыс институты ## Колледж * Қаратау тау-технологиялық колледжі ## Университет ректорлары * 1958-1972 – Сейітов Хамза Сейітұлы * 1962 ж – Жулаев Рахмет Жанғазыұлы * 1972-1987 - Мұхаметқалиев Тасболат Марденұлы * 1987-1991 – Владимир Миллер Иосифович * 1991-1998 – Мәдиев Өскенбай Қабылбекұлы * 1973-1992 – Үркімбаев Марс Фазылұлы * 1992-1998 – Сүлейменов Жүсіпбек Тәшірбайұлы * 1996 ж – Бишимбаев Қуандық Уәлиханұлы * 1998—2001 - Бишимбаев Қуандық Уәлиханұлы * 2001-2008 - Бектұрғанов Әбдіманап Елікбайұлы * 2008-2012 – Әшімжан Сүлейменұлы Ахметов * 2012-2020 – Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков * 2021 жылы – Ержан Әмірбекұлы * 2021-2022 – Ешенқұлов Талғат Ілияұлы * 2022 ж 1-желтоқсаннан Байжұманов Мұхтар Қазбекұлы ## Ғылым және коммерцияландыру Дулати университетінде «Ғылым және коммерцияландыру» департаменті жұмыс істейді. Елдің және Жамбыл өңірінің өзекті, басым проблемалары бойынша, оның ішінде нанотехнологиялық және биотехнологиялық бағыттар бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ олардың нәтижелерін өндіріске енгізуге жәрдемдеседі. Инновациялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды жандандырып, Жамбыл өңірінде жаңа инновациялық өндірістерді құруға атсалысады. Ғылыми зерттеулердің оқу-тәрбие процесімен байланысын оқытушыларды, студенттерді, магистранттарды, аспиранттарды ҒЗЖ-ға кеңінен тартып, білім беру процесінде ғылыми зерттеулердің нәтижелерін белсенді пайдалану жолын нығайтады. ## Халықаралық қызмет 2023-2024 Оку жылыӨзара тиімді, бірлескен келісім-шарттар мен меморандумдар жасауБілім беруді интернационалдандыру университет қызметінің маңызды стратегиялық басымдығы болып табылады. Интернационалдандыру стратегиясын іске асыру және академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамыту үшін университет бүкіл әлем бойынша серіктес жоғары оқу орындарымен 185 шартқа қол қойды. Оның ішінде: алыс шетелде – 60 ЖОО, ТМД елдерінде – 68 ЖОО, Қазақстан бойынша - 57 ЖОО.Шетелдік ғалымдарды тарту келесі бағдарламалар бойынша жүзеге асырылуда: Erasmus+, DAAD,Fulbright (АҚШ елшігінің қаржыландыруымен), Оңтүстік Корея елшілігінің қаржыландыруы, республикалық бюджет есебінен. ## Серіктес университеттер * Гангнам Ұлттық Ғылым және технологиялар университеті, Корея * Томаша Бата университеті, Чехия * Анталья туризм академиясы, Түркия * Еге Университеті, Түркия * Скандинавия Академиялық ұтқырлық институты, Финляндия * «Неофит Рильски» Оңтүстік –батыс университеті, Болгария * Сегед университеті, Мәжірстан * Хайльбронн университеті, Германия * Гданьск технологиялық  университеті,  Польша * Пшасныш лингвистикалық -техникалық университеті,   Польша * Лодз университеті, Польша * Браганса политехникалық институты, Португалия * Малага университеті, Испания * Витаутас Магнус университеті|, Литва * Вайнштефан Триздорф университеті, Германия * Гливице қаласындағы Силезиялық технология университеті,  Польша * Острава техникалық университеті, Чехия * Бельгиялық білім беру кеңесі Брюссель, Бельгия * Султан Сюриф Касим Риу мемлекеттік ислам университеті, Индонезия * Варна экономика университеті, Болгария * Сельчук Университеті, Түркия * Мугла Сыткы Кочман Университеті, Түркия * Афина Ұлттық техникалық университетінің теориялық және есептеу физикасы зертханасы, Греция * Небраска университеті, АҚШ * Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов ұлттық зерттеу мемлекеттік университеті, Ресей * А. Н. Косыгин атындағы Ресей мемлекеттік университеті  (Технологии. Дизайн. Искусство), Ресей * Иванов мемлекеттік политехникалық университеті, Ресей * Мәскеу мемлекеттік педагогикалық  университеті, Ресей * Томск мемлекеттік  педагогикалық  университеті, Ресей * Беларусь мемлекеттік мәдениет және өнер университеті,  Беларусь Республикасы * Беларусь мемлекеттік өнер академиясы,  Беларусь Республикасы * И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, Кыргызстан * Украина державск  химия-технологиялық  университеті, Украина * Джизақ политехникалық институты, Өзбекстан * Армения ұлттық сәулет және құрылыс университеті, Армения * Баку еуразиялық университеті, Әзербайджан * Шота Руставели  атындағы Батуми мемлекеттік  университеті, Грузия * Акакия Церетели Университеті, Грузия * Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институты, Қарақалпақстан Республикасы * Альфраганус университеті, Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы ## Университет құрылымы Академиялық жұмыс жөніндегі департамент Маркетинг және кәсіптік бағдарлау департаменті Стратегиялық даму басқармасы Жобалық басқару және цифрландыру орталығы Халықаралық ынтымақтастық басқармасы Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы Кітапханалық-ақпараттық орталық Ғылым және коммерцияландыру департаменті «Бауыржантану» ҒЗО «Дулатитану және өңір тарихы» ҒЗО «А.С. Ахметов атындағы наноинженерлік зерттеу әдістері» инженерлік бейіндегі ғылыми-зерттеу зертханасы «Гидравлика және гидротехникалық құрылыстар» «Спектрофотометрия зертханасы» «Инфрақызыл спектроскопия зертханасы» «Хроматографиялық зертхана» «Атом-эмиссиялық спектрометрия зертханасы» «Тампонаждық материалдар мен бұрғылау ерітінділерінің қасиеттерін зерттеу» «Суды тазарту және материалдар» Техникалық қолдау және IT қолдау орталығы Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлім Әлеуметтік жұмыс басқармасы Ақпарат және медиакоммуниция орталығы Мұражай Әкімшілік-шаруашылық басқармасы «Dulaty university» баспасы Студенттерді есепке алу бөлімі Білім алушыларға қызмет көрсету бөлімі Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу орталығы Дінтану орталығы Студенттердің шығармашылығын дамыту орталығы Сұңқар спорт клубы DU UNION жастар орталығы Қоғамдық қабылдау бөлімі
Бегімсал Орынбекұлы (1911 жыл, Қарағанды облысы, Шет ауданы - 1985 жыл, Қарағанды облысы, Босаға ст.) - күйші-домбырашы. Арғынның Қаракесек Кәрсөн руынан. Бегімсалдың өскен ортасы күйшілік өнерді айрықша қастерлен, ғажайып дәстүр қалыптастырған. Оның әйгілі өкілдері Тәттімбет, Тоқа, Ықылас, Дайрабайлардың ұлы мұрасын жалғастырушы Қыздарбек, Әбди, Сембек, Мақаш, Баубек, Ахметжан, Манарбек Ержанов, Әбікен Хасенұлы, Мағауия Хамзин сияқты қүйші-домбырашылар қатарында Бегімсалдың есімі де құрметпен аталады. Арқаның күйшілік дәстүрін барынша игерген Бегіммсалдың репертуарында жетпіске тарта күй болған. Әсіресе, Абылай ханның, Тәттімбеттің, Тоқаның, т. б. күйлерін нақышына келтіріп тартқан. Өз ұстаздарының өлмес өнерін үйренген Бегімсал өз кезегінде С.Мүхамеджанов, М.Хамзин секілді музыка саңлақтарының дарынын ұштауға ықпал еткен. Бегімсал домбырашылығына қоса, өз жанынан "Бес перне", "Мырза шертпек", т.б. күйлер шығарған. ## Дереккөздер
Нариман Хусанжанұлы Құрбанов (6 желтоқсан 1997 жыл, Алматы) — қазақстандық гимнаст, 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Ұлты ұйғыр. ## Карьерасы Гимнастикамен бес жасынан бастап айналысты. Алғашқы бапкері — өзінің әкесі. 2022 жылғы Азия ойындарында қола жүлде алды. Сол жылы Доһада өткен Азия чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді. 2023, 2024 жылғы Азия чемпионы. 2024 жылғы Жазғы Олимпиаданың шешуші финалында 15,433 ұпай жинады. Бағдарламаның күрделілігі 6,7, орындалуы 8,733 деп бағаланды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Калаи-Муг (тәж. Қалъаи Муғ — сиқыршы бекінісі, — мұсылманға дейінгі діни қызметкер) — Құм және Зеравшан өзендерінің сол жағалауында Тахматсой өзенінің сағасына қарама-қарсы орналасқан Муг тауындағы қамал (бекініс), археологиялық ескерткіш. 7-8 ғасырларда Тәжікстанда, Айнин ауданы Хайрабад ауылынан 3 км, Пенжикенттен шығысқа қарай шамамен 60 км. Құрылыс Құм өзенінің Зеравшанға құяр жерінен 120 м биіктіктегі тік тауда орналасқан және ауладан және 18,5 × 19,5 м өлшемді тас пен кірпіштен жасалған екі қабатты ғимараттан тұрды бес күмбезді бөлме арқылы өтетін өткел. 1932 жылы Тәжікстанның Хайрабад ауылының қойшысы таудағы қирандылардан көне құжаттардың фрагменттері салынған қоржын тауып алды. Біраз уақыттан кейін олжа Ленинградқа белгілі шығыстанушы А. А. Фрейманға жеткізілді, ол құжатта соғды тіліндегі мәтін бар екенін анықтады. 1933 жылдың күзінде ашылған жерге А. А. Фрейман басқарған экспедиция ұйымдастырылып, ол үлкен құжаттар мұрағатын ашты: 74 соғды тілінде, біреуі араб тілінде, біреуі көне түркі тілінде және бірнешеу қытай тілінде. Сондай-ақ көптеген тұрмыстық заттар (жібек, мақта, жүн маталар, былғары аяқ киім, ағаш ыдыстар), қару-жарақ, тиындар табылды. Соғды жауынгерінің бейнесі бар былғарымен қапталған ағаш қалқан ерекше қызығушылық тудырады. Соғыстан кейінгі кезеңде Якубовский А. Ю-ның басшылығымен қазба жұмыстары жалғасты. Бекіністен табылған құжаттар – хаттар, іс қағаздары, келісім-шарттар 8 ғасырдың басында оны анықтауға мүмкіндік берді. амал соғды билеушісі Пенжикент Деваштичтің араб жаулап алушыларынан жасырынған соңғы баспанасы болды. Қамал араб деректерінде Абғар (Абаргар) сарайы деп аталады. Құжаттардың мұрағаты қазіргі уақытта Ресей ғылым академиясының Шығыс қолжазбалары институтында, ал материалдық олжалар Эрмитажда. ## Тағы қараңыз * Пенжикент фрескалары ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Якубовский А. Ю. Древний Пянджикент // Ежелгі мәдениеттердің ізімен. — Госкультпросветиздат. — М., 1951. — 262 с. * Калаи-Муг // Историзм — Канди. — М.: Советская энциклопедия, 1953. — С. 389. — (Большая советская энциклопедия: [в 51 т.] / гл. ред. Б. А. Введенский; 1949—1958, т. 19). ## Сілтемелер * MUGH, MOUNT // Encyclopædia Iranica: [англ.] / ed. by E. Yarshater. — 1985 —. * Л. Кафанова. Тарих сағатында бес минут. www.chayka.org. Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 сәуір 2023. Тексерілді, 17 желтоқсан 2019.
II Сағадат Герей (қырымтат. II Saadet Geray; 1560-1587) — 1584 жылы Қырым ханы, Қырым ханы II Мехмет Герейдің үлкен ұлы. ## Өмірбаяны Әкесі Қырым ханы Мехмет Герей (1577-1584) тұсында Саадет Герей алдымен қалғай, одан кейін нұреддин (ол хандық тарихындағы алғашқы нұреддин) қызметін атқарды. 1579 жылдың жазында ханзада Саадет Герей әкесінің Күнгей Кавказға жорығына қатысып, Қырым ордасы Ширванды талқандап, көптеген тұтқындар мен бай олжаларды басып алды. Сол 1579 жылы Мехмет Герейдің бауыры қалғай Әділ Герей Иран тұтқынында қайтыс болғаннан кейін Қырым ханы өзінің үлкен ұлы Саадет Герейді бос қалған қалғай лауазымына тағайындайды. Алайда қалғай лауазымын басқа ханның бауыры Алып Герей де талап етіп, оны басқа бауырлары да қолдады. Мехмет Герей Күнгей Кавказдағы парсы иеліктеріне қарсы татар жорығын басқарудан бас тартқан Алыппен күресуді ұйғарды. Алып пен Селәмет Герей ханзадалар Қырымнан Ыстанбұлға қашты, бірақ жол бойында украин казактары оларды ұстайды. Поляк елшілігімен бірге ханзадалар Османлы астанасына келіп, онда олар Сұлтан сарайында қолдау тапты. Мехмет Герей бауырларымен татуласуға мәжбүр болды. Алып Герей Қырымға оралып, қалғай лауазымын алады. Саадет Герей ханның екінші тең билеушісі әрі мұрагері нұреддин дәрежесін алады. 1584 жылдың көктемінде Османлы сұлтаны III Мұрат Қырым ханы II Мехметті тақтан түсіріп, оның бауыры II Ислам Герейді жаңа хан етіп тағайындады. Қырым ханы Мехмет Герей 40 мың адамдық татар әскерін жинап, көтерілісші ханды құлатып, тұтқынға алу үшін Қырымға келген Османлы қолбасшысы Осман паша тұрған түріктердің Кефе бекінісін қоршауға алады. 1584 жылы мамырда жаңа Қырым ханы Ислам Герей түрік жаңа шеріктері жасақтарымен Кефеге келеді. Қырым татар бейлері өз жасақтарымен Мехмет Герейге опасыздық жасап, Ислам Герейдің жағына өтеді. Биліктен құлатылған хан Семіз Мехмет Герей жанұясымен және аздаған жақтастарымен Қырымнан Ноғай Ордасына қашып, сол жерде күресті жалғастыру үшін жаңа әскер жинауға үміттенеді. Алайда Орқапы маңында Мехмет Герейді Алып Герей қалғай қуып жетіп, оның бұйрығымен өлтіріледі. Бұрынғы нұреддин Саадет Герей бауырлары Мұрат және Сафа Герейлермен бірге Кіші Ноғай Ордасына қашады. Оны Мансұр руынан шыққан ноғай мырзалары (Есеней мен Арсланай Дебейлер) қолдады. Саадет Герей Қырым ханы Мехмет Герейдің ұлдарының үлкені болғандықтан, ағасы Ислам Гереймен хан тағына таласады. 1584 жылдың жазында 15 мыңдық ноғай әскерін бастап Саадет Герей Қырым түбегіне тереңдей енеді. Оның қасында бауырлары Мұрат пен Сафа Герей де болды. Ноғайлардан басқа Саадет Гереймен бірге құмықтар мен Дон казактарының шағын жасағы да болды. Саадет Герей Бақшасарайға жақындап, ханның астанасын қоршауға алады. Қоршау жеті күнге созылады. Қырым ханы Ислам Герей түнде Бақшасарайдан Балықлаваға қашып, ол жерден Кефеге жетеді. Ханның қашқаны жайлы хабардар болған ноғайлар таң атқанда артынан қууға тырысады, бірақ жете алмайды. Кефеге Алып Герей қалғай мен Селәмет Герей де қашты. Саадет Герей Бақшасарайды басып алып, ханның қазынасын тартып алады. Биліктен тайдырылған хан Ислам Герей інісіне қарсы күресте әскери көмек сұрап Ыстанбұлдағы Османлы сұлтанына жүгінеді. III Мұрат кефелік бейге Ислам Герейды қолдауды бұйырды. Ыстанбұлдан Кефеге 4 мың жаңа шерік жасағы бар галералар беттейді. Бақшасарайдан Саадет Герей ноғай әскерімен ағасын ақыры жеңу үшін оған қарсы аттанады. Кейбір Қырым бейлері Саадеттің жағына өте бастайды. Ескі Қырымда татар мен ноғай бейлері Саадет Герейді хан тағына көтереді. Саадат Герей өзінің бауыры Сафа Герейді (1591 қай.) қалғай етіп, тағы бір бауырын Мұрат Герейді (1591 қай.) нұреддин етіп тағайындады. Саадет Герей тақтан тайдырылған Ислам Герей хан мен оның бауырлары тығылған түріктердің Кефе бекінісін қоршауға алады. Қоршау екі жарым айға созылады. 1584 жылдың күзінде түрік әскері Кефеге келеді. Жаңа шеріктерді бастаған Алып Герей қалғай өзінің бүлікші інісі Саадет Герейге қарсы шықты, ол ноғай әскерімен бірге Кефеден шегінуге мәжбүр болды. Индол өзенінің аңғарында болған кескілескен шайқаста Саадет Герей толық жеңіліске ұшырайды. Бұл шайқаста Саадет Герейді жақтаған көптеген ноғай мырзалары, оның ішінде Мансұр руының басшысы Есеней бей де қаза табады. Саадет, Сафа және Мұрат Герей ханзадалар аз ғана жақтастарымен Қырымнан ноғайлардың қосындарына қашады. Келесі 1585 жылдың көктемінде Саадет Герей Қырым хандығына қарсы екінші жорығын жасады. Бірақ Қырымның шетінде оны Алып Герей қалғай басқарған қалың татар әскері күтіп алады. Саадет Герей амалсыз қайтып оралса, Алып Герей қалғай оны Шамәлі Тынық өзеніне дейін қуады. Қайта-қайта сәтсіздікке ұшыраған соң ағайындылар бөлініп кетеді. Саадет Герей Құмықстанға барып, Шопан шамқал оған өз иелігінде пана береді. Сафа Герей Шеркесияға, Мұрат Герей Астраханға келіп, Мәскеу патшасы Федор Иоанновичтің қызметіне кіреді. Ағайынды Саадет пен Сафа Герей Ресей мемлекетімен келіссөздерге кірісті, ал олардың бауыры Мұрат Герей 1586 жылдың көктемінде Мәскеуге келіп, оны патша Федор Иоанновичтің өзі үлкен құрметпен қабылдайды. 1586 жылы қыркүйекте Астрахан наменгері болып тағайындалған Мұрат Герей ханзада астанадан Еділ бойынан Астраханға жіберіледі. Оның ағалары Саадет пен Сафа Герейлер Астрахан маңында үлкен ноғайлармен көшіп-қонып жүруге рұқсат алады. 1586 жылдың күзінде Сафа Герей Құмықстанға келіп, үлкен ағасы Саадет Герейге қосылады. Орыс үкіметі Мұрат Герейдің атынан екі ханзадаға елшілер жіберіп, Астраханға шақырады. Саадет Герей отбасымен Астраханға келеді, ал оның бауыры Сафа Герей Ресей үкіметімен ынтымақтасудан бас тартады. 1587 жылдың күзінде Саадет Герей Астраханда кенеттен қайтыс болады. Ол Астраханды Османлы бодандығына беру туралы Ыстанбұлмен жасырын келіссөздер жүргізгенінен хабардар болған Мәскеу үкіметінің бұйрығымен өлтірілді деп есептеледі. Бақшасарайдағы отбасылық дүрбеде жерленген. Кейіннен Саадет Герейдің кенже ұлы Шаһин Герей қалғай әкесінің орыстар қолынан қаза тапқанын тікелей айтады. ## Дереккөздер
Ширин Текели ( 28 ақпан 1944 жыл, Анкара –13 маусым 2017 жыл, Бодрум, Мугла) - феминист, академик, аудармашы, жазушы, Түркиядағы екінші толқын феминизмінің белсендісі және пионерлерінің бірі. ## Мансабы 1961 жылы Текели Парижге барып, француз тілін үйреніп, заңгер мамандығы бойынша оқи бастайды. Содан кейін ол бағытын өзгертіп, Лозанна университетіне ауысып, саясаттану мамандығында оқи бастады. 1967 жылы Ширин Түркияға оралады және Стамбул университетінің саясаттану бөлімін басқарған алғашқы әйел академик болады. 1973 жылы Давид Истонның жүйелер теориясы бойынша диссертациясымен PhD докторлық дәрежесін алады. 1978 жылы ол әйелдердің саясатқа қатысуы туралы «Kadınlar ve Siyasal Toplumsal Hayat» (Әйелдер және саяси қоғамдық өмір), сол кездегі «даулы» докторлық диссертациясын қорғап доцент атағын алды. Бұл жұмыс оның дүниетанымына үлкен әсер етті: «Мен «қорқақ феминист» болдым, бірақ мен аяқтаған кезде әйелдердің қысымға ұшырағанын, қаналғанын және қоғамдық ортадан шеттетілгенін анық көрдім. Бұл жағдайды капитализм емес, ерлердің үстемдігі жасады» дейді ол. Диссертацияны аяқтағаннан кейін Текели сайлауға кірісті. Францияға оралып, 1979–1980 оқу жылын «National de la Recherche Scientifique» орталығында картография бойынша оқуда стипендиатпен өткізді. Осы уақыт ішінде ол Түркиядағы сайлаулар туралы барлық деректерден тұратын компьютерлік мәліметтер базасын құрастырады, сондай-ақ Жан Рейнджер және оның командасымен бірге қалалық жерлерде сайлау әлеуметтануын зерттейді. 1980-1981 жылдары саясат социологиясы бойынша семинар ұйымдастырды. Текелидің диссертациясы 1982 жылы кітап түрінде басылып шықты. Барлығы Текели түрік тілінде әйелдер мәселесіне арналған 25 кітап шығарды. ## Белсенділігі Ширин білім беру реформасына қарсы наразылық ретінде академиядан кеткеннен кейін Түркиядағы феминистік қозғалыста белсенді рөл атқара бастайды. 1980 жылдарды «іс-қимыл жылдары» деп санай отырып, ол өзін Түркияда науқандар мен наразылықтар арқылы әйелдердің жағдайын жақсартуға және хабардарлықты арттыруға арнады. 1990 жылдары Текели қауымдастықтар мен қорларды құруға көңіл бөлді (олардың ішінде: KA-DER, Anakültür Kooperatifi және Winpeace). Түркия «әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы» конвенцияға (CEDAW) сәйкес азаматтық заңнаманы өзгерту қажет емес деп шешім қабылдағаннан кейін ол 1986 жылы конвенцияға сәйкес конституцияға, заңдарға және тәжірибеге өзгерістер енгізуді талап еткен петицияға қатысты белсенді қатысты. 1987 жылы 17 мамырда ол әскери төңкерістен кейінгі алғашқы заңды наразылық акциясына қатысып, тұрмыстық зорлық-зомбылықты тоқтатуды талап етті. ## Марапаттары 1996 жылы Францияның Мәдениет министрлігі Ширин Текелиді академиялық пальмалар орденімен марапаттады. ## Жеке өмірі Ширин Текели Лозанна университетінде оқып жүргенде танысқан заңгер Ахмет Текелиге тұрмысқа шыққан. Олардың некелері Ахмет қайтыс болған 2010 жылға дейін жалғасты. Оны еске алып, Ширин Текели өзіне қалған мұраны пайдаланып, заңгер әйелдерді қолдау жөніндегі «Ширин-Ахмет Текели» қауымдастығын құрды. Текели ми ісігінен қайтыс болды. Ол өз денесін Cerrahpasa медицина факультетіне қайырымдылыққа тапсырды. 2017 жылы Сабанжы университетінің Гендер және әйелдерді зерттеу орталығы Ширин Текелиді еске алуға арналған зерттеу сыйлығын беруді бастады: «Ширин Текели зерттеу сыйлығы». Бұл сыйлық Түркиядағы гендерлік мәселелер бойынша зерттеулерді қолдау және ілгерілету мақсатында тағайындалды. ## Дереккөздер
Абдусамат Чаршанбиевич Дурманов (өзб. Абдусамат Чоршанбиевич Дўрмонов/Abdusamad Chorshambiyevich Do'rmonov; 15 қараша 1965, Термез) — КСРО-лық және өзбекстандық футболшы, футбол жаттықтырушысы. ## Жетістіктері ### Клубтық * Өзбекстан чемпионы: 1992, 1993, 1994, 1995, 2001 * Өзбекстан кубогы: 1994, 1996 ### Халықаралық * Азия ойындары жеңімпазы: 1994 ## Сілтемелер * Статистикасы * Асад Дўрмонов «Ёзёвон-Лочинлари» бош мураббийи * «Пулька». «Ёзёвон-лочинлари» билан «Цементчи» биринчи лигада * Абдусамад Дўрмонов истеъфога чиқди * Абдусамад Дўрмонов "Нефтчи"га қайтди
Абдусамат Чаршанбиевич Дурманов (өзб. Абдусамат Чоршанбиевич Дўрмонов/Abdusamad Chorshambiyevich Do'rmonov; 15 қараша 1965, Термез) — КСРО-лық және өзбекстандық футболшы, футбол жаттықтырушысы. ## Жетістіктері ### Клубтық * Өзбекстан чемпионы: 1992, 1993, 1994, 1995, 2001 * Өзбекстан кубогы: 1994, 1996 ### Халықаралық * Азия ойындары жеңімпазы: 1994 ## Сілтемелер * Статистикасы * Асад Дўрмонов «Ёзёвон-Лочинлари» бош мураббийи * «Пулька». «Ёзёвон-лочинлари» билан «Цементчи» биринчи лигада * Абдусамад Дўрмонов истеъфога чиқди * Абдусамад Дўрмонов "Нефтчи"га қайтди
Жазғы Азия ойындары 1974 (парсы: بازی‌های آسیایی ۱۹۷۴‎) — 1974 жылы 1-14 қыркүйек аралығында Иран астанасы Тегеранда өтті. ## Спорт түрлері * Бадминтон * Баскетбол * Бокс * Күрес * Веложарыс * Су доьы * Волейбол * Жеңіл атлетика * Үстел теннис * Жүзу * Суға секіру * Ауыр атлетика * Нысана көздеу * Теннис * Футбол * Хоккей ## Медальдар ## Сілтемелер
Жазғы Азия ойындары 1970 (тай. เอเชียนเกมส์ 2513) немесе VI Азиада — 1970 жылы 9-20 желтоқсан аралығында Тайланд астанасы Бангкокта өтті. 18 елден 2400 спортшы қатысты. ## Спорт түрлері * Жеңіл атлетика * Бадминтон * Баскетбол * Бокс * Су добы * Волейбол * Велоспорт * Футбол * Көгалдағы Хоккей * Нысана көздеу * Жүзу * Суға секіру * Күрес * Ауыр атлетика * Желкен порты ## Медальдары ## Сілтемелер
Надежда Давыдовна Тоқаева (ивр. נאדז'דה טוקאיבה‎, орыс. Надежда Давыдовна Токаева, Орысша айтылуы: [nɐˈdʲeʐdə dɐˈvɨdəfnə tɐˈka(ɪ̯)ɪva]; 27 қыркүйек 1957 жыл, Төменгі Тагил, Свердловск облысы) — қазақстандық қоғам қайраткері, Қазақстанның екінші Бірінші ханымы (2019–2020), Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұрынғы жұбайы. ## Ерте жылдары және білімі Надежда Тоқаева 1957 жылғы 27 қыркүйекте, Кеңестік Ресейдің Свердловск облысындағы Төменгі Тагил қаласында, ашкеназ еврейлер отбасында дүниеге келген. Ол оқуын Мәскеу тарих және мұрағат институтында бітірген. ## Мансабы 2011 және 2012 жылдары аралығында Тоқаева Біріккен Ұлттар Ұйымы Әйелдер гильдиясының құрметті президенті болды. 2019 жылғы наурызда Тоқаева күйеуінің ізашары, Нұрсұлтан Назарбаевтың 29 жылдық билігінен кейін орын алған отставкасынан бастап Қазақстанның бірінші ханымы болды. ## Өз өмірі Тоқаева Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен ажырасқан. Күйеуімен бірге оның бір Тимур (1984 жылғы 15 ақпанда туған) есімді ұлы бар. 1998 жылы ол саяси тұрғыдан әшкереленген тұлға ретінде танылмағанына қарамастан ұлы Тимурмен бірге Credit Suisse банктік шотын ашты. 2005 жылы ол 1.5 миллион АҚШ долларын құрап, шыңына жетті. Күйеуі Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевадағы кеңсесінің бас директоры болғаннан кейін 2012 жылы есепшот жабылып, отбасы Британдық Вирджин аралдарында 5 миллион доллар активтерімен бірге Женева мен Мәскеудегі 7.7 миллион долларлық мүліктері бар оффшорлық компаниялар ашты. 2005 жылы Тоқаева Мәскеуде тұрғын үйді жалға беретін жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Тоқаеваның Қасым-Жомарт Тоқаевпен ажырасуына оның Ресей азаматтығы себеп болуы мүмкін деген болжамдар бар. ## Қосымша ақпарат ## Дереккөздер
Алтай Найманбайұлы (1697-1783 ж.ж.) – би, шешен, Жетісуды жоңғарлардан азат етуге ат салысқан тұлға. Ұлы жүз құрамындағы Албан тайпасының Қызылбөрік руынан шыққан. ## Өмірбаяны Жетісудың Таутүрген мен Таушелек өңірлері арасында (қазіргі Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы) дүниеге келген. Ұлы жүздің Албан тайпасының Қызылбөрік руы, Есен-Еламан-Найманбайдан Алтай, Әжібай және т.б. тарайды. Алтай би өзінің бірге туған інісі Әжібай батырмен және Өтеген, Хангелді, Райымбек, Тауасар, Есбол батырлармен және өзге азаттық үшін күрескерлермен бірігіп Жетісуды жоңғарлардан босату жолындағы азаттық күреске белсене араласқан. Батыр және би ретінде қалмақтармен болған азаттық шайқастарда танылды. Алтай би Жетісу өлкесін жоңғар шапқыншылығынан қорғауда батырлығымен, әрі әділдігімен есімі елге танымал болған би. Сол кездегі қазақтың төбе билері Қазыбек би, Әйтеке би, Төле билермен ақылдаса отырып, қазақ халқының Абылайдың ақ туының астына бірігіп, қазақ халқын жоңғар шапқыншылығынан азат етуге тікелей араласқан тұлға. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» уақытында Жетісу өңірі қазақтары Сарыарқа, Қаратау, Түлкібас пен Қазықұрт өңірлеріне босып кеткен еді. Енді азат етілген аймаққа Сарыарқа, Қаратау, Түлкібас пен Қазықұрт жерінен халықты қайтаруды іске асыруды қолға алған тұлғалардың көш басында Алтай би Найманбайұлы тұрды. Капитан И.Г. Андреевтің 1785 жыл 1790 жыл аралығындағы а «Описание средней орды киргиз-кайсаков» жазбасында ХVIII ғасырдағы Алтай би мен Әжібай батырлар қонысын Тарбағатай өңірінде, қытай шекарасына жақын орналасқан, жазда көшпелі қоныстары осы Тарбағатай өңіріндегі шұрайлы жерлерде, ал қыста Тақтатау трассасының жоғары жағын Қызылбөрік Алтай бидің елінің мекен еткенін жазады. Алтай би Найманбайұлының жатқан жері кезіндегі 1853 Патшалық Ресейдің карталарынан табылып отыр. Ол жер қазіргі Жетісу облысы Сарқан ауданы Лепсі станциясының қасында Көктерек (бұрыңғы атауы Максим Горький) ауылына жақын жерде. Нақтысы, Көктеректің қасында Молдабай деген қыстақтың түбінде «Магила Алтай би» бейіт орны табылған. Алтай бидің осы мекенде жерленгенінің тағы бір ескерткіші қазіргі күнге дейін Алтай көлдері деген көлдер атауының әлі сақталынып тұруын атауға болады. Қазіргі уақытта Алтай би ұрпақтары Алматы обылысы, Кеген, Райымбек аудандары мен Алматы қаласында өмір сүріп жатыр. 2022 жылдың 28 желтоқсанында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты және Түркияның Анкара қаласындағы Хаджеттепе университеті, И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті ғалымдарының қатысуымен «Дала экспедициясы негізіндегі деректер және ел бірлігін еселеген Алтай би Найманбайұлы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп, онда Алтай би Найманбайұлының өмірі мен қызметі, елді даудан, жерді жаудан қорғаудағы ақылгөй даналығы мен ерлік істері жан-жақты талқыланды. ## Дереккөздер
Павлодар облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі Павлодар облыстық әкімдігінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 106/2 қаулысымен бекітілген. ## Ақтоғай ауданы ## Баянауыл ауданы ## Ертіс ауданы ## Железин ауданы ## Май ауданы ## Павлодар ауданы ## Тереңкөл ауданы ## Успен ауданы ## Шарбақты ауданы ## Ақсу қаласы ## Екібастұз қаласы ## Павлодар қаласы ## Дереккөздер
Сегізінші Жазғы Азия ойындары 1978 — 1978 жылы 9-20 желтоқсанда Тайланд астанасы Бангкокта өтті. 25 елден 3842 спортшы қатысты. ## Медальдар ## Сілтемелер
Хайрие Айше Нермин Нефтчи (1924 жыл – 20 тамыз 2003 жыл) — түрік заңгері және саясаткері. ## Өмірбаяны Нермин Нефтчи 1924 жылы Ыстанбұлда Реджеп бей мен оның әйелі Эмина Музейен ханымның отбасында дүниеге келген. Ол Ыстанбұлдағы бастауыш және орта мектепте оқыды, содан кейін Анкарадағы қыздар орта мектебіне ауысты. Анкара университетінің заң факультетін бітірген. Оқуды бітіргеннен кейін ол Эминоню әкімшілігінде, содан кейін Ыстанбұл провинциясының әкімшілігінде жұмыс істеді. 1969 жылы Мушадан Ұлы Ұлттық Мәжіліске депутат болып сайланды. Нермин Нефтчи Түркияның шығысынан Ұлы Ұлттық Мәжіліске сайланған алғашқы әйел болды. Ол сондай-ақ Ұлы Ұлттық Мәжіліс төрағасының орынбасары болып сайланды. Ол осы лауазымды атқарған алғашқы әйел болды. Ол 1973 жылғы парламенттік сайлауға қатыспады, бірақ Сади Ырмак үкіметіне Мәдениет министрі болып кірді. Нефтчи бұл қызметті 1974 жылдың 17 қарашасынан 1975 жылдың 31 наурызына дейін атқарды. Нермин 1972 жылғы 24 сәуірде 1971 жылғы 12 наурыздағы төңкерістен кейін тұтқындалған Түрік халық азаттық армиясының үш мүшесін өлім жазасына кесу туралы дауыс беруге қатысты. Нефтчи қарсы дауыс берген 48 парламентарийдің қатарында болса, 273-і қолдап дауыс берді. Президент үкімге қол қойғаннан кейін Дениз Гезмишті қоса алғанда, үш адам да 1972 жылы 6 мамырда дарға асылды. Бұл орындау ұзақ уақыт бойы қызу пікірталастың тақырыбы болды. Нермин Нефтчи бірнеше газет-журналдарда очерктер, мақалалар мен бағандар жазды. Ол сондай-ақ түрік тілінің құрылымы мен Киркук ирак түрікмендерінің фольклоры туралы кітап жазды. Нефтчи 2003 жылы 20 тамызда Бодрумда қайтыс болды. Оның Салих (1947–2009) және Синан атты екі ұлы болды. ## Дереккөздер
Ышылай Сайгын (түр. Işılay Saygın ; 1947 жыл, 4 сәуір, Буджа, Измир – 27 шілде, 2019 жыл, Измир) — түрік сәулетшісі, саясаткер және министр. ## Өмірбаяны Ол Измирдің Буджа аймағында Осман Нури Сайгын мен оның әйелі Фатманың отбасында дүниеге келген. Эгей университетінің сәулет факультетін оқып бітірген. 1973 жылы Ышылай саясатқа араласып, Әділет партиясына қосылды. Ол екі мерзім аудан басшысы қызметін атқарды. 1980 жылғы төңкерістен кейін ол өз орнын жоғалтып алды. 1980-1983 жылдары аралығында сәулетші болып жұмыс істеді. 1983 жылы ұлтшыл-демократиялық партияға мүше болып, сол жылы осы партиядан Түркия парламентіне депутат болып сайланды. 1987, 1991, 1995 және 1999 жылдары қайта сайланды. 1986 жылы ХДП ыдырап, одан кейін Сайгын Отан партиясына қосылып, 1995 жылы партиядан шығып, «Нағыз жол» партиясына өтті, бірақ 1997 жылы Отан партиясына қайта оралды. 2003 жылы ол саясаттан кетті. Төрт рет министрлік қызметте болды. Тансу Чиллер үкіметінде Ышылай Сайгын Айсел Байкалдың орнына әйелдер және отбасы істері жөніндегі мемлекеттік министр қызметін атқарды. Сайгын бұл қызметті 1995 жылдың 5 қазанынан 30 қазанына дейін атқарды. Келесі Чиллер үкіметінде ол 1996 жылдың ақпанына дейін бұл лауазымды атқарды. Келесі күні Сайгын Қоршаған ортаны қорғау министрі болып тағайындалды, 1996 жылы 6 наурызда оның орнына Мұстафа Ташар тағайындалды. Осыдан кейін премьер-министр Месут Йылмаз Сайгынды туризм министрі етіп тағайындады. Ол бұл қызметті 1996 жылдың маусымына дейін атқарды. Түркияның 54 және 55 үкіметінде Сайгын мемлекеттік министр қызметін атқарды. Ол 1998 жылдың қаңтарында берген сұхбатында жүктілік сынақтарын енгізуді қолдайтынын айтқаны үшін феминистер тарапынан сынға ұшырады. ## Дереккөздер
Уммие Кочак (1957 жылы 1 наурызда туған, Адана) — түрік актрисасы, жазушы, фермер және режиссер. ## Өмірі Уммие 1957 жылы Адананың Челемли ауылында 10 балалы отбасында дүниеге келген. Бастауыш сыныптан кейін мектепке жібермеді. Оқыған кітаптары арқылы өзінің тұлғалық дамуына қол жеткізуге тырысты. Тұрмысқа шыққаннан кейін ол Мерсинге көшті. Ауыл әйелдерінің өміріне назар аудару үшін 2001 жылы «Арсланкөй әйелдер театр тобын» құрды. Ол құрған топтың алғашқы пьесасы Ремзи Өзчеликтің «Тас Бадамдары» атты пьесасы болды. Одан кейін сахнаға өз хикаяларынан тұратын «Әйел зары» спектаклін алып шықты. Оның «Сағыныш гүлдері» пьесасы 2006 жылы Сабанжы халықаралық Адана театр фестивалінде қойылды. Ол ауыл шаруашылығынан тапқан табысымен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа назар аударатын «Жүнді Бала» фильмінің сценарийін жазып, режиссерлік етті. Анталья Алтын Апельсин кинофестивалінде тұсауы кесілген фильмімен Нью-Йорк Еуразия кинофестивалінде «Кинодағы Еуразияның үздік әйел суретшісі» жүлдесіне лайық деп танылды. 2017 жылы ол Криштиану Роналдудың қатысуымен Түрік Телекомның жарнамасын басқарды. ## Жазған пьесалары * Қара өрік эскизі; * Озон тығыны; * Қара құдық; * Тегін дәрігер; * Цитрус – бұл өмір; * Гүлдер солып қалмасын; * Сағыныш гүлдері. ## Ойнаған телехикаялары * Ateş Kuşları (2023); * Hayat Devam Ediyor; * Hanımın Çiftliği; * Kasaba (2009); * Seher Vakti (2005). ## Әңгімелері * Елге деген сүйіспеншілік; * Иразканың армандары; * Қансыраған жара; * Тағдыр; * Шұңқыр; * Аяқсыз тұру; * Әке мен осындамын; * Басшыға кандидат Хасрет Ана. ## Фильмдері * Жүнді бала ## Марапаттары * Адана халықаралық театр фестивалінің жүлдесі; * Анкара халықаралық театр фестивалінің жүлдесі; * Дарушшафака білім беру мекемелерінің кәсіпкерлік сыйлығы; * Борнова халықаралық әйелдер суретшілер фестивалінің жүлдесі; * Торос колледжінің білім беруді қолдау сыйлығы; * «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа жол бермеу үшін» үкіметтік емес ұйымдар (Kader) сыйлығы; * Мерсин Өнеркәсіпшілер және Іскерлер қауымдастығы (MESIAD) Жыл өнері сыйлығы; * TİKAV- 2012 Аналар мектебі жобасын қолдау сыйлығы; * Нью-Йорк Еуразия кинофестивалі: «Кинодағы үздік әйел суретші» жүлдесі; * Самсун үкіметтік емес ұйымының кәсіпкерлік сыйлығы; * KAGİDER - қазылар алқасының арнайы жүлдесі. ## Дереккөздер
Биргуль Огуз (1981, Ыстанбұл) — түрік жазушысы. Биругль 1981 жылы Ыстанбұлда дүниеге келген. Біраз уақыт музыкамен айналысқаннан кейін ол бұл қызығушылығын тастап кетті. Бакалавриат білімін Ыстанбұл Билгі университетінің салыстырмалы әдебиет бөлімінде аяқтады. Университетте оқып жүрген жылдары театрға қызығушылық танытып, драматург болып жұмыс істеді. Көркемөнерпаздар үйірмелеріне поэзия, театр, роман тарихы сабақтарын берді. «Интеллектуалдық үмітсіздіктің қысқаша тарихы: Түрік романындағы зиялылардың ақылсыздығы мен өз-өзіне қол жұмсауы» атты диссертациясымен сол университеттің мәдениеттану бағдарламасы бойынша магистратураны аяқтады. 2006 жылы ол Эдинбург университетіндегі Модернизм-Постмодернизм бағдарламасына Хейзель Хьюган қорының стипендиясымен қатысты. Биргульдің Beans Known ( Varlık, 2007) және Hah ( Metis, 2012) атты екі хикаялық кітабы бар, сондай-ақ көптеген әңгімелері, мақалалары және аудармалары Birikim және Felsefe Logos сияқты басылымдарда жарық көрді. 2015 жылы Айова университетінің халықаралық жазу бағдарламасына қабылданды. Бүгінде ол Богазичи университетінде докторлық дәрежесін алуда, сонымен қатар Назым Хикмет академиясында және сән сахнасында дәрістер оқиды. 2014 жылы «Ха» үшін Еуропалық Одақтың әдеби сыйлығымен (EUPL) марапатталған оғыз осы сюжеттік типтегі шығармада психологиялық және меланхолиялық баяндау арқылы аза тұтуға назар аударды. 1968 жылғы ұрпақ және 12 қыркүйектегі төңкеріс сияқты мерзімді тақырыптар жұмыстың саяси атмосферасын құрады. Varlık журналына берген сұхбатында ол Вирджиния Вулф, Джеймс Джойс, Итало Кальвино, Хулио Кортазар, Федор Достоевский, Габриэль Гарсиа Маркес, Фернандо Пессоа, сондай-ақ Ахмет Хамди Танпынар, Огуз Атай, Юсуф Атылган, Бильге Карасу, Сема Кайгусуз және басқада оған әсер еткендердің бар екенін айтты. 2020 жылы оның «Истанция» еңбегін Metis Publications басып шығарды. ## Дереккөздер
Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 111 қаулысымен бекітілген. ## Айыртау ауданы ## Ақжар ауданы ## Аққайың ауданы ## Ғабит Мүсірепов ауданы ## Есіл ауданы ## Жамбыл ауданы ## Қызылжар ауданы ## Мағжан Жұмабаев ауданы ## Мамлют ауданы ## Тайынша ауданы ## Тимирязев ауданы ## Уәлиханов ауданы ## Шал ақын ауданы ## Петропавл қаласы ## Дереккөздер
Шаһин Герей (қырымтат. Şahin Geray; шам. 1585—1641) — Қырым нұреддині (1608-1609) әрі қалғайы (1610, 1623-1628), Қырым ханы II Сағадат Герейдің ұлы (1584), II Мехмет Герейдің немересі және I Дәулет Герейдің шөбересі. ## Өмірбаяны III Мехмет Герей ханның інісі әрі серігі. Әкесі Сағадат Герей айдауда болған Кіші Ноғай Ордасында дүниеге келген. Кейін Шаһин Герей ағалары Дәулет және Мехметпен бірге Қырымға оралды. 1601 жылы Дәулет Герей II Ғазы Герей ханға қарсы қастандық ұйымдастырып, оны өлтіріп, хан тағына отыруды көздейді. Алайда, қастандық әшкереленіп, Дәулет Герей мен кейбір Шырын бейлері тұтқынға алынып өлтірілді, ал Мехмет Герей мен Шаһин Герей ханзадалар Қырымнан қашып кетті. Мехмет Герей Түркияға кетіп, онда бірнеше жыл түрмеде қамалды, ал Шаһин Герей шеркестерді паналады. 1608 жылы Османлы сұлтаны I Ахмет II Ғазы Герей ханның үлкен ұлы әрі мұрагері Тоқтамыс Герейді (1607–1608) биліктен шеттетті. Жаңа Қырым ханы болып II Дәулет Герей ханның (1608-1610) тірі қалған жалғыз ұлы I Селәмет Герейді тағайындады. І Селәмет хан Мехмет Герейді қалғай етіп, оның інісі Шаһин Герейді нұреддин етіп тағайындады. Келесі 1609 жылы ағайынды Мехмет пен Шаһин Герейлер I Селәмет Герей ханға қарсы қастандық ұйымдастырды, бірақ ол да әшкереленді. Мехмет пен Шаһин Қырымнан Солтүстік Кавказға қашып, соғысты жалғастыру үшін ноғайлар мен шеркестерден жасақ жинай бастады. 1610 жылы I Селәмет Герей қайтыс болды. Босаған хан тағына Мехмет Герей (Шаһин Герейдің ағасы) мен қалғай Жәнібек Герей (марқұм ханның асырап алған ұлы) үміткер болды. Алдымен ағайынды Мехмет Герей мен Шаһин Герей Қырымға келіп, Бақшасарайды басып алып, біріншісі өзін хан, екіншісі қалғай деп жариялады. Жәнібек Герей түріктердің Кефе бекінісіне қашады. Қырым татар әскерімен жаңа хан III Мехмет Герей түрік пашасынан ағайынды Жәнібек Герей мен Дәулет Герейді беруді талап етіп, Кефені қоршауға алды. III Мехмет Герей мен Жәнібек Герей Ыстанбұлға сыйлықтармен елшілік жіберді. Османлы сұлтаны І Ахмет (1603-1617) хан тағына Жәнібек Герейді бекітіп, оған әскери көмек көрсетті. Сол 1610 жылы Жәнібек Герей жаңа шеріктермен Кефеден аттанып, Бақшасарайға кіріп, хан тағына отырады. Мехмет Герей мен Шаһин Герей астанадан солтүстік далаға қашты. Көп ұзамай ағайындылар мен олардың жақтастары Бақшасарайды басып алмақ болды, бірақ түріктерден жеңіліп, Бұжақ Ордасына қашып, Қантемір мырзадан пана тапты. Көп кешіктірмей Мехмет Герей Түркияға барып, сұлтанның бұйрығымен Жеті мұнара қамалына қамалды, ал Шаһин Герей Бұжақта қалды. 1614 жылы Қырым ханы Жәнібек Герей қалың әскерін бастап өзінің бүлікші туысын Бұжақ Ордасынан қуып шығу үшін жорыққа шығады. Шаһин Герей Солтүстік Кавказға қашып, сол жерден Иранға көшіп, ирандық шаһ Ұлы Аббастың (1587-1629) қызметіне кіреді. Шаһин Герей Иранда он жыл өмір сүрді. 1616-1618 жылдары Иран әскерінің құрамында Осман империясы мен Қырым хандығына қарсы соғысты. Соғыс қимылдары кезінде Шаһин Герей қолына түскен Қырымның асыл тектілерін өлтіріп, қарапайым жауынгерлерді Қырымға босататын. 1623 жылдың көктемінде Османлы сұлтаны I Мұстафа (1622-1623) Жәнібек Герейді тақтан түсіріп, Мехмет Герейді Қырым ханы етіп тағайындады. 1623 жылы мамырда III Мехмет Герей Қырымға келіп, Бақшасарайда хан тағына отырды. Бұрынғы хан Жәнібек Герей Қырымнан шақырылып, Едирне маңындағы бір иелікке жер аударылды. Жаңа хан III Мехмет Герейдің өтініші бойынша Парсы шаһы Ұлы Аббас Шаһин Герейді Қырымға босатады. 1624 жылы 9 мамырда Шаһин Герей Парсыдан Қырымға келіп, екінші рет қалғай болып тағайындалды. Онымен бірге оның жеке сақшылары болған қызылбастардың үлкен жасағы (2 мыңдай адам) болды. Қайтып келгеннен кейін Шаһин Герей өзінің қарсыластары, қырымдық мырзалар және ағалармен айналыса бастады, кейбіреулері өлім жазасына кесілді, ал басқалары түрмеге жабылды. III Мехмет Герей дербес саясат жүргізе бастады және Парсыға қарсы жаңа соғыста Топқапыға әскери көмек көрсетуден бас тартты. 1624 жылдың көктемінде жаңа Осман сұлтаны IV Мұрат (1623-1640) III Мехмет Герей ханның биліктен шеттетілгенін және Жәнібек Герейдің хан тағына қайта оралғанын хабарлады. 21 мамырда Жәнібек Герей түрік жаңа шеріктерімен бірге Кефеге жетті. Осман үкіметі Мехмет пен Шаһинді Мореа мен Герцеговина наменгері етіп тағайындауды ұсынды. Алайда ағайындылар өздерінің мұрагерлік иелігі деп санаған Қырымнан кетуден бас тартты. Мехмет Герей мен Шаһин Герей түрік қолшоқпары Жәнібек Герейге қарсы соғысу үшін көп әскер жинады. Мехмет әскерінің бір бөлігімен Қарасубазар маңына орналасса, Шаһин әскерінің басқа бөлігімен түріктердің Кефе бекінісін қоршауға алды. Маусым айында Осман сұлтаны Кефедегі Жәнібек ханға үлкен қосымша күш жіберді. 1624 жылы тамызда Жәнібек Герей мен түрік пашасы әскерімен (6 мың адам) Кефеден Бақшасарайға жорыққа шықты. Қарасубазар түбіндегі шайқаста Мехмет пен Шаһиннің басым күштері түрік әскерін талқандады. Жәнібек Герейдің өзі және түрік пашасы жаңа шеріктерінің қалдықтарымен бірге галерада Варнаға қашты. Жеңіске жеткеннен кейін III Мехмет Герей хан астанаға оралды, ал қалғай Шаһин Герей өз әскерімен Кефеге жылжып, оны басып алды. 1624 жылы күзде қалғай-сұлтан Шаһин Герей Бұжақ Ордасына қарсы жазалау жорығына шықты. Жазда III Мехмет Герей мен Жәнібек Герей арасындағы күрес кезінде Бұжақ Ордасының басшысы Қантемір мырза өз еркімен Қырымнан Бұжаққа қоныс аударады. Сонымен қатар, Қантемір мырза оңтүстік поляк иеліктеріне жойқын жорықтарын жалғастырды, ал III Мехмет Герей мен Шаһин Герей Польша-Литва мемлекетімен әскери одақ құруды жоспарлады. Қырым татар-ноғайларының үлкен әскерін бастап Шаһин Герей Бұжаққа басып кіріп, тіпті Ақкерманды басып алды, бірақ кейін түрік әскерлерінің жіберілгенін естіген соң оны тастап кетті. Қантемір мырза бағынуға мәжбүр болып, Бұжақ ұлыстарымен бірге 1624-1625 жылдың қысында Қырымға оралды. 1624 жылдың қыркүйегінде Қырымға түрік шәуіші келді, бұл сұлтанның атынан Топқапының III Мехмет Герей мен Шаһин Герейді Қырым хандығының билеушілері деп мойындағанын жариялады. 1624 жылы желтоқсанда бірінші қырым-казак әскери келісімі жасалды. Қалғай Шаһин Герей жеке өзі Запорожье сечіне келіп, казак гетмандары және старшындарымен келіссөз жүргізді. Шарт бойынша Шаһин Герей Қырым татарларын Запорожье казактарына шабуылдан сақтауға міндеттенді, сонымен қатар оларға өз көмегін беріге уәде етті. Казактар Осман империясына қарсы соғыста Қырымға әскери көмек көрсетуге уәде берді. 1625-1626 жылдары сұлтанның бұйрығымен III Мехмет Герей оңтүстік поляк иеліктеріне бірнеше жойқын жорықтар ұйымдастырды. 1624 жылдан бері поляк үкіметімен келіссөздер жүргізген Шаһин Герей татарлардың Поляк-Литва мемлекетіне жасаған жорықтарына қарсы болып, тіпті 1625-1626 жылғы қыста Қырым әскерінің жорығы туралы поляк қолбасшылығын ескертті. 1627 жылдың көктемінде шеркестерге қарсы жорыққа шыққан III Мехмет Қырымда қалған Шаһин Герейге Қантемір мырзаны тұтқындап, өлтіруді бұйырды. Алайда Қантемір мырза отбасымен, туыстарымен және барлық ұлыстарымен Қырымнан Бұжаққа қашып кетті. Мамырда Шаһин Герей мың адамдық қырым татар жасағын Қантемірді қууға артынан жіберді. Бірақ Қантемір мырза қырымдықтардың бір бөлігін (200 адам) өлтірді, ал қалған бөлігі (500 адам) оның жағына өтті. Бұған жауап ретінде Шаһин Герей қашқан ноғай мырзаларының отбасын қырып тастауға бұйырды. Қантемір мырза Бұжақтан Ыстанбұлға барып, Османлы сұлтаны IV Мұратқа ағайынды Мехмет пен Шаһин Герейді Қырымнан қуып, Жәнібек Герейді қайтадан хан тағына отырғызуға көндірді. Мехмет пен Шаһин Герейлер түріктердің шабуылын тойтаруға дайындала бастады. ІІІ Мехмет Герей Қырымда қалып, қарсыласы Жәнібек Герейдің түрік әскерімен бірге келуін күтсе, Шаһин Герей Бұжақ Ордасына қарсы жорық жасады. 1628 жылы 26 ақпанда Қырым татар әскерін бастаған Шаһин Герей Қырымнан Бұжаққа жорыққа аттанды. Наурызда Қырым татарлары Ақкерман төңірегін ойрандап, Бұжақ ұлыстарын қырып-жойды. Бұжақтан Шаһин Герей шекаралық түрік иеліктеріне беттеп, Килия мен Измаил бекіністерін алып, қиратты. Қантемір мырза ноғайлармен бірге Добруджаға қашып, сол жақта түрік әскерлерімен бірікті. Бабадаг түбіндегі шайқаста Қантемір мырза басқарған 30 мыңдық түрік-ноғай әскері Қырым татар әскерін бастаған Шаһин Герейді толығымен талқандады. Қалғай жанын аман алып әрең құтылып, әскерінің қалғандарымен Қырымға қашып, 23 сәуірде жетеді. Оның соңынан 1628 жылы 29 сәуірде Қантемір мырза үлкен әскермен Қырымға ат басын бұрды. Қантемір мырза үш апта бойы Бақшасарайдағы хан мен қалғайды қоршады. Мамыр айының соңында гетман Михаил Дорошенко мен полковник Олифер Голуб бастаған Запорожье казактарының әскері (4 мыңнан 6 мың адамға дейін) Қырымға келді. Қантемір мырза әскерін бастап казактарды қарсы алуға аттанды. 31 мамырда Бақшасарай маңындағы Алма өзенінің бойындағы шайқаста Запорожье казактары Кантемірді талқандап, оны Бақшасарай қоршауын алып, шегінуге мәжбүр етті. Бұл шайқаста казак гетман Михаил Дорошенко мен полковник Голуб қаза тапты, казактар 100-ге дейін, қырым татарлары екі жүз адамнан айырылды. Казактар Қантемірді бекінген тұрағынан қуып шығып, басып алды. Қантемір мырза әскерінің қалғандарымен Кефеге қашты. Содан кейін III Мехмет Герей хан мен қалғай Шаһин Герей қырым татар-казак әскерімен Кефеге қарсы жорыққа шығып, бекіністің маңындағы шайқаста Қантемірді талқандап, қалаға айдады. Жеңімпаздар түрік бекінісін қоршауға алып, оған зеңбіректерден оқ жаудыра бастады. 1628 жылы 21 маусымда сұлтан тағайындаған Жәнібек Герей хан түрік әскерімен Кефеге келді. Көп ұзамай Қырымның беделді адамдары мен қарапайым халық Жәнібектің жағына өтті. Ақсүйектер мен қарапайым халықтың қолдауынан айырылған Мехмет пен Шаһин Қырымнан қашуға мәжбүр болды. 9 шілдеде Жәнібек Герей Бақшасарайға кіріп, екінші рет хан тағына отырды. Шаһин Герей казак әскерімен аман-есен Қырымнан Запорожьеге шегінді, оған үлкен ағасы Мехмет Герей де келді. Ағайындылар Жәнібек Герейге қарсы күресті жалғастыруға дайындала бастады. Шаһин Герей поляк патшасы III Сигизмунд Васамен хат алысып, Жәнібекке қарсы көмек сұрап Варшаваға елшілік жібереді. Қырымды басып алған жағдайда Шаһин Герей өзін поляк тәжінің вассалы деп тануға уәде берді. Алайда Осман империясымен жанжалдасудан қорыққан поляк үкіметі Мехмет пен Шаһинге тікелей әскери көмек көрсетпей, Запорожье казактарына жан-жақты көмектесуді бұйырды. 1628 жылы қарашада Мехмет пен Шаһин Қырымға қарсы алғашқы жорығын жасады. Бұл жорыққа гетман Григорий Чорный басқарған Запорожье казактары мен Кіші ноғайлар қатысты. Казак-ноғай әскері Орқапыға жақындағанда, ол жерде Жәнібек Герей хан, қалғай Дәулет Герей және Қантемір мырза бастаған қырым татарларының қалың әскері қарсы алды. Казактар шегінуге мәжбүр болды. Қырым татарларының атты әскерінің басында тұрған Қантемір мырза казактардың арттарынан қуып, оларды Днепрге дейін айдады. Алайда жорық тобырының қорғанысымен аттанған казактар жаудың барлық шабуылдарын сәтті тойтарып отырды. Келесі 1629 жылдың сәуір айында ағайынды Мехмет Герей мен Шаһин Герей Қырымға екінші жорық жасады. Гетман Григорий Чорныйдың басшылығымен Запорожье казактарының қалың әскерін (25 мыңнан 40 мың адамға дейін) бастаса, ал Мехмет пен Шаһин 2 мың адамдық шағын ноғайлар жасағын басқарды. Жәнібек Герей өз иелігін қорғау шараларын қолданып үлгерді. Сонау 1629 жылы наурызда Орқапыға қалғай Дәулет Герей мен Қантемір мырза қолбасшылығымен әскер жіберіп, 20 сәуірде Жәнібектің өзі негізгі күштерімен Қырымнан келді. Казактар Орқапыға жақындап, бекіністі басып алмақ болды, бірақ тойтарыс алды. Казактар ​​үш күн бойы Қырым атты әскерінің шабуылына ұшырап, «тобырланып» шегінді. Шегіну кезінде Мехмет Герей хан қарсыласы Жәнібек Герейге берілмек болды, бірақ казактар қолынан қаза тапты. Осыдан кейін казактар одақтас ноғайларды жоюға кірісті. Осы жағдайды пайдаланған Қантемір мырза мен қалғай Дәулет Герей казак тобырына басып кіріп, жауды талқандады. Ұрыстарда казактар 8 мыңға дейін қаза тапты, ал Кіші ноғайлар (қазылылар) көп жағдайда қаза болды. Қырымдықтарда 50-ге дейін мырзадан, 6 мыңға дейін сарбазынан айырылып, 1 мыңға дейін адам жараланды. Жараланған Шаһин Герей қырымдықтардың шағын тобымен Донға, одан Кіші Ноғай Ордасына (Қазы ұлысы) қашады. Жәнібек Герей Шаһин Герейге көмектескені үшін ноғайларға қарсы жазалау жорығын ұйымдастырды. Ханзада Мүбарак Герей бастаған Қырым татар әскері Қобан даласына кірді. Ноғай мырзалары Мүбаракқа бағыныштылықтарын білдіріп, Шаһинге ешқандай көмек көрсетпеуге уәде берді. Шаһин Герей шеркес мырзаларының көмегіне үміт артып, Кіші Ноғай Ордасынан Шеркесстанға қашады. Алайда Мүбарак Герей мен оның әскері ноғайларды тыныштандырып, шеркес мырзаларына қарсы жорыққа шығып, оларды да бағынуға мәжбүрледі. Шаһин Герей Шеркесстаннан Құмықстанға қашып, Терек казактарымен қарым-қатынас орнатуға әрекеттеніп, сәтсіздікке ұшырады. Солтүстік Кавказда бекініп қала алмаған Шаһин Герей Парсы еліне кетіп, оны Ұлы Аббастың немересі әрі мұрагері жаңа ирандық шаһ I Сефи (1628-1642) қабылдады. I Сефи Шаһин Герейді жақсы қарсы алып, оған парсы уәлаяттарының бірінен лауазым берді. 1632 жылдың көктемінде Шаһин Герей уәлаят наменгерін өлтіріп, оны тонап, Ираннан Солтүстік Кавказға қашады. Алдымен Шаһин Герей Құмықстанға келіп, ол жерден Шеркесстанға көшуге мәжбүр болды. Бесленейде Алегук мырза және оның бауыры Адкджуктың қонысында қоныстанды. Сол жерден Шаһин Герей кейбір Қырым мырзаларымен байланысқа түсіп, Жәнібек Герей ханға қарсы шиеленіс туғызды. Бірақ оның хабаршылары ұсталып қалды. Жәнібек Герей қалғай Азамат Герейді өлтіруді бұйырды, ал оның бауырлары Мүбарак Герей мен Сафа Герей қашып кетті. Содан кейін Шаһин Герей Кіші Ноғай Ордасына барды, бірақ ноғай мырзалары оны өз ұлыстарына қабылдамай, иеліктерінен кетуді талап етеді. Азов тұрғындары оны қалаға кіргізубей қойды. Содан кейін шеркес мырзалары, Шаһин Герейдің туыстары мен достары оған пана беруден бас тартты. Осы кезде Османлы сұлтаны Шаһин Герейді Ыстанбұлға тартудың барлық амалын жасады. Мәскеу үкіметі Терек дуанбасыларына Қырым ханзадасымен қарым-қатынаста болуға тыйым салды. Шаһин Герей IV Мұрат сұлтанның мейіріміне сүйенуге мәжбүр болып, сұлтанның өзіне және оның уәзірлеріне арнап үлкен қазынамен Ыстанбұлға елшілік жібереді, содан кейін 1633 жылы тамызда Осман империясының астанасына барады. Сұлтан IV Мұрат Шаһин Герейді Ыстанбұлда құрметпен қабылдап, Родос аралына жөнелтеді. 1641 жылы жаңа сұлтан Ибраһимнің бұйрығымен Шаһин Герей буындырып өлтірілді. Ол Родостағы Мұрат Рейс мешітінің жанында қалғай Фатих Шобан Гереймен бірге кесенеде жерленген. ## Әдебиет * Новосельский А. А. Борьба Московского государства с татарами в 17 веке. — М.—Л.: Издательство Академии наук СССР, 1948. * Гайворонский Олекса. Повелители двух материков. — Т. 2. — Киев—Бахчисарай, 2009. — ISBN 9789662260038 ## Дереккөздер
Мераль Мендерес (түр. Meral Menderes; 1933, Ыстанбұл – 27 желтоқсан, 2011, Малтепе, Ыстанбұл) — дауыс түрі сопрано түрік опера әншісі. ## Өмірбаяны Мераль Мендерес 1933 жылы Айдында Кушадасы қаласында дүниеге келген. Алғашқы ән сабақтарын Стамбул қалалық консерваториясында Мунир Джейханнан алды. Содан кейін ол жаңадан құрылған опера студиясында білім алды. Оның тәлімгерлері әртүрлі шетелдік және түрік вокал жаттықтырушылары болды. Мераль 1960 жылы 19 наурызда 1959 жылы негізі қаланған Стамбул қалалық операсында қойылған Джакомо Пуччинидің «Тоска» спектаклін орындап, өзінің сахналық дебютін жасады. Оның келесі спектаклі «Мадам Баттерфляй» операсында болды. Оның келесі рөлдері: Сантуца («Құрмет Рустикана»; Пьетро Маскани) және «Ла Богеме» фильмінде,Анкарада қойылған «Турандот» операсында; «Гофманның ертегілері» ( Жак Оффенбах) фильмінде Антония рөлін ойнады. Ол сонымен қатар «Макбет» (Джузеппе Верди), «Машерада» (Джузеппе Верди), «Бартерлік қалыңдық» (Бедрич Сметана) және «Иль Троваторе» сияқты операларда өнер көрсетті. Ол жоғарғы вокалдық диапазондағы табиғи және керемет дауысы бар сопрано ретінде танымал болды. Мераль Мендерес Республика дәуіріндегі алғашқы опера әншілерінің бірі болды. Ол 30 жылға жуық сахнада өнер көрсетті. 2010 жылы Түркия мемлекеттік опера және балет театрының бас директоры Ренгим Гёкмен берген Ыстанбұл операсының 50 жылдығына арналған «Өнер сыйлығына» ие болды. Ол 2011 жылы 27 желтоқсанда Ыстанбулда Малтепедегі үйінде 78 жасында қайтыс болды. Ол Сүрейя опера театрында өткен еске алу рәсімінен және Малтепе мешітіндегі діни жерлеу рәсімінен кейін Күчүкялы зиратында жерленді. ## Дереккөздер
Жоламан Назарбекович Шаршенбеков (20 қыркүйек 1999, Талас облысы) — қырғызстандық грек-рим күресі шебері. Әлем және Азия чемпионы. 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. ## Сілтемелер * https://www.iat.uni-leipzig.de/datenbanken/dbwrestling/daten.php?spid=3B08BD9209EC47169D7DD681C3F5020A
Тюркан Сайлан (13 желтоқсан 1935 жыл – 18 мамыр 2009 жыл) — түрік дерматологы, академик, жазушы, педагог және қоғам қайраткері. Ол «Қазіргі өмірді қолдау қауымдастығы» (түр. Çağdaş Yaşamı Destekleme Derneği, ÇYDD) қайырымдылық қорының негізін қалаушысы ретінде танымал. ## Өмірбаяны Тюркан 1935 жылы 13 желтоқсанда Ыстанбұлда жас Түрік Республикасының құрылуының бастауында тұрған алғашқылардың бірі Фасих Галип Бейдің отбасында дүниеге келген, ал анасы исламды қабылдаған швейцариялық Лили Мина Рейман болған, тұрмысқа шыққан соң Лейла – түрік есімін алған. Тюркан Сайлан бес ағайындының үлкені болған. 1944–1946 жылдары Кандиллидегі бастауыш мектепте оқыды. 1946–1953 жылдары Кандиллидегі қыздар мектебінде оқуын жалғастырды. 1963 жылы Ыстанбұл медициналық училищесін бітірді. 1964–1968 жылдары Нишанташи қаласындағы әлеуметтік жәрдем ауруханасында жұмыс істеді және тері ауруларына маманданды. 1968 жылы Ыстанбұл университетінің медицина факультетінде дерматология мамандығы бойынша аға ассистент болып жұмыс істей бастады. 1971 жылы Англияда оқуын жалғастыру үшін стипендия алды. 1974 жылы Францияда, 1976 жылы Англияда жұмыс істеді. 1972 жылы оқытушы, 1977 жылы профессор болды. 1976 жылы ол алапеспен күресіп, алапеске қарсы қауымдастықты құрды. 1976 жылы ол алапеске мамандануды бастады және Халықаралық Алапес Одағының (ХЛ) негізін қалаушылардың бірі болды. 1981-2002 жылдар аралығында университет профессоры қызметін атқарумен қатар Түркия Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Ыстанбұл қаласындағы алапес ауруханасының бас дәрігері болды. 1982-1987 жылдары Ыстанбұл университетінің Медицина, тері аурулары факультетінің ғылыми бөлімін басқарды. 1981 жылдан 2001 жылға дейін университеттің дерматология ғылыми орталығының директоры болды. Тюркан Сайлан 2006 жылға дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында алапес бойынша кеңесші болып жұмыс істеген. Тері патологиясы, Бехчет ауруы және венерологиялық аурулар клиникасын құруға қатысты. Қайырымдылық негізінде ол 1981-2002 жылдар аралығында Ыстанбұл алапес ауруханасында 21 жыл бас дәрігер қызметін атқарды. Ол сондай-ақ Халықаралық алапес қоғамының Еуропалық дерматология және венерология академиясының мүшесі болды және оның жұмысы үшін көптеген марапаттар мен сыйлықтарға ие болды. Ол 2009 жылы 18 мамырда қайтыс болды. ## Отбасы 1957 жылы тұрмыс құрды. Некеден екі ұл туды, олардың бірі суретші, екіншісі дәрігер болды. Сайланның төрт немересі бар. ## Дереккөздер
Акжол Махамаджанович Махмудов (15 сәуір 1999, Ош облысы) — қырғызстандық грек-рим күресі шебері. 2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. 2022, 2023 жылдары әлем чемпионы, 2018, 2022, 2023 жылдары Азия чемпионы, 2022 жылы Азия ойындары чемпионы атанды. ## Сілтемелер * Профилі
Айгерім Ғалиқызы Сарыбай (18 ақпан 1997 жыл, Алматы) — қазақстандық спортшы, семсерші. Семсерлесуден Олимпиада ойындарына қатысып жатқан тұңғыш қазақ қызы ## Карьерасы 13 жасынан бастап спорттың осы түрімен айналысты. 2019, 2021, 2022 жылдары командалық сайыста Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. 2018 жылғы Жазғы Азия ойындарында да командалық сайыста қола жүлдеге қол жеткізді. 2024 жылдың сәуірінде БАЭ-де өткен халықаралық турнирде 2024 жылғы Жазғы Олимпиадаға лицензияны жеңіп алды. Жарыс финалында Гонконгтың өкілі Ку Винг Чудан 15:13 есебімен басым түсті. Бірақ Олимпиадада 1/8 финалдан аса алмады. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Олимпке жол
Нұрбек Рахатұлы Оралбай (11 маусым 2000 жыл, Алматы) — қазақстандық әуесқой боксшы, 2024 жылғы Париж қаласында өткен Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. ## Карьерасы 2018 жылы Будапештте өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль еншіледі. 2022 жылы Амман қаласында өткен Азия чемпионатында қола жүлдені иеленді. Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан әлем чемпионатында Нұрбек Оралбай 80 келі салмақта сынға түсті. Ол әлем чемпионы атағы үшін финалдық кездесуде Қытай елінің атынан сынға түскен этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанды жеңіп әлем чемпионы атанды. ### 2024 жылғы Жазғы Олимпиада Нұрбек Оралбай 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына қатысып, Олимпиада барысында алғашқы кездесуін Австралиялық Каллум Питерске қарсы өткізді. 3:2 есебімен жеңіске жеткен Нұрбек ширек финалда Әзірбайжан елінің боксшысы Мурад Аллахвердиевке қарсы жұрырықтасып, төрешілердің бірауыз келісіммімен жеңіске жетті. Жартылай финалда Доминикалық Кристиан Пиналеспен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды. Олимпиада финалында Украина спортшысы Александр Хижнякпен жұдырықтасып, Олимпиада алтынын сарапқа салды. 80 кг салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіліс тауып, күміс жүлде иеленді. ## Жеке өмірі Нұрбек Оралбайдың егіз бауыры Айбек Оралбай да әуесқой бокспен айналысады. ## Дереккөздер
Санжар Тәкенұлы Ташкенбай (1 маусым 2003 жылы туған, Астана) — қазақстандық әуесқой боксшы, 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатында және 2021 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған. ## Дереккөздер
Леман Бозкурт Алтынчекич (1 қараша 1932 – 4 мамыр 2001) – түрік ұшқышы. Ол Түркия Әуе күштері мен НАТО- да аккредиттелген алғашқы әйел реактивті ұшқыш болды. Леман Бозкурт 1 қараша 1932 жылы Карс провинциясының Сарықамыш қаласында әзербайжан отбасында дүниеге келген. Ыстанбұлдағы қыздар орта мектебін бітіргеннен кейін ол планер ұшқышы мамандығын алу үшін Эскишехир провинциясының Инону ауданындағы Түрік аэронавигациялық қауымдастығының Инону оқу орталығына құжат тапсырады. ## Әскери қызметі 1954 жылы Түрік әуе күштері әйелдерді тіркеуге шешім қабылдағанда, Леман әуе күштеріне өтініш береді. Ол Измирдегі әскери училищедегі ең алғашқы қыз студент болды. Ол 1955 – 1957 жылдар аралығында винттік ұшақтарда оқытылды. Сұхбатында ол алғашында мектепте студент қыздарға арналған интернат болмағанын және офицер отбасының үйінде қонақ болып тұруға мәжбүр болғанын айтады. 1957 жылы 30 тамызда әскери ұшқыш мамандығын бітіреді. Кейінірек мектепке тағы бес студент қыз қабылданғанымен, ол Эскишехир әскери базасындағы авиация бөліміне қосылған жалғыз студент қыз болады. Леман Эскишехирде реактивті ұшқыш ретінде дайындалып, 1958 жылы 22 қарашада екінші лейтенант шенін алады. 1967 жылға дейін ол Республика F–84 Thunderjet және Lockheed T-33 ұшақтарында ұшты. Кейінгі жылдары ол кадрлық қызметті атқарды. Аға әуе полковнигі болып зейнетке шықты. ## Жеке өмірі 1959 жылы Леман Бозкурт Эскишехирдегі әріптесі Тахир Алтынчекичке тұрмысқа шықты. Ол 2001 жылы 4 мамырда Измирде қайтыс болды және Қарабағлар зиратында жерленді. 1984 жылы 1 желтоқсанда түрік әйелдерінің толық сайлау құқығының 50 жылдығында ол «кәсіптегі алғашқы әйел» болғаны үшін тақта алу үшін түрік парламентіне шақырылды. ## Дереккөздер
Мээрим Рахмадиловна Жуманазарова (9 қараша 1999 жыл, Талас облысы) — қырғызстандық еркін күрес шебері, 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, 2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. 2021 жылғы Әлем және Азия чемпионы. 2018 жылғы Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * https://www.iat.uni-leipzig.de/datenbanken/dbwrestling/daten.php?spid=F70AA16B94CE486D9268AAFD8F67260A
Эмине Семие Онасья (Эмине Вахиде деп те танымал, 28 наурыз 1866 жыл, Константинополь – 1944, Ыстанбұл) — түрік жазушысы, мұғалім, белсенді және алғашқы феминисттердің бірі. ## Өмірбаяны Эмине 1866 жылы 28 наурызда Константинопольде дүниеге келген. Ол Ахмед Джевдет пашамен Адвие Рабия Ханымның екінші қызы және жазушы Әлие Фатманың әпкесі. Эмине Семие жеті жыл бойы Франция мен Швейцарияда психология мен әлеуметтануды оқыды. Ол Еуропада білім алған алғашқы Осман империсының мұсылман әйелдерінің бірі болды. 1882 жылдан бастап Эмине Семие Ыстанбұлда және басқа қалаларда түрік тілі мен әдебиетінен сабақ берді. Ол қыздар мектебінде инспектор және Сисли Эфтал ауруханасында кіші медбике болып жұмыс істеді. Эмине «Пікір» және «Ханымдарға арналған газет» газеттерінде жарияланған білім және саясат туралы мақалаларды жазды. Ол 1893 жылы «Hulasa-i Ilm-i Hesap» атты математика оқулығын жазып шығарды. Эмине Семиенің ең танымал шығармалары – «Кедейлік» және «Тозақ шұңқыры» хикаялары. Әпкесі Әлие Фатмамен бірге Эмине Осман империясындағы әйелдер құқығын қорғау қозғалысының ең маңызды тұлғаларының бірі болып саналады. Ол бірнеше қайырымдылық ұйымдарын құруға қатысты, олардың мақсаты әйелдерге көмектесу болды. Эмине әйелдердің құқықтарын кеңейту үшін де күресті. Ол «Бірлік және прогресс» партиясының, сондай-ақ Осман Демократиялық партиясының мүшесі болды. 1920 жылы Эмине Семие Түрік баспасөз қауымдастығының басқарма құрамына кірді. ### Жеке өмірі Эмине ұзақ уақыт бойы Парижде тұрды. Ол екі рет тұрмыста болды. Бірінші күйеуінің аты Мұстафа бей, екіншісі Решит паша. Екі неке де ажырасумен аяқталды. Эминенің Джевдет Лагаш деген ұлы болды. Эмине Семие 1944 жылы Ыстанбұлда қайтыс болды. ## Дереккөздер
Сениха Бедри Гёкнил (1901, Стамбул – 4 маусым 1973, Стамбул) түрік жазушысы, аудармашы және Гете медалінің иегері. Ол түрік ойынының алғашқы аудармашыларының бірі. Сондай-ақ көптеген неміс және француз пьесаларын түрік тіліне аударған. Мұхсин Ертуғрулмен жақын достығы арқасында аударма жасауды бастағаннан кейін ойын саласындағы аудармаларды жалғастырды. Сениха Бедри Гёкнил Фридрих Шиллер, Хенрик Ибсен, Питер Вайсс, Людвиг Фульда, Густав Фрейтаг, Эдмунд Моррис, Герман Судерман, Герхарт Гауптман, Уильям Шекспир, Гете сияқты көптеген авторлардың шығармаларын түрік тіліне аударған. Гетенің «Стелла» пьесасын аударған соң Гете орденімен марапатталды. Рухани өмірін бала кезінен ұстанған Мевлевилік тәртіппен жалғастырды. Сениха – министрдің қызы, кейіннен оның немерелері де жазушы, академик және парламентте жұмыс істеген. ## Өмірі Сениха Бедри Гёкнил 1901 жылы Ыстанбұлда белгілі және діндар ақсүйектер отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Қоғамдық жұмыстар министрі және премьер-министрдің кеңесшісі Гиритли Зия-бей, ал анасы Дилистан Ханимефенди. Сениха Нотр-Дам де Сион орта мектебін бітіргеннен кейін мектептен алған шет тілі білімі мен әдебиетке деген қызығушылығының арқасында аудармамен айналыса бастады. Алдымен ол француз тілін жеке оқу арқылы үйренді, содан кейін 1930 жылдары неміс тілін білікті аударма жасай алатын деңгейде үйренді. Шетелге талай рет саяхаттаған. 60 жастан кейін Шабан-ы Велидің (Пір) ғазалдарының түпнұсқасын оқу үшін Шефик Джанның ақыл-кеңесі мен талпынысымен парсы тілін үйренді. ## Мансабы Гетенің «Стелла» пьесасын аударудағы еңбегі мен табысы үшін 1933 жылы Гете орденімен марапатталды. 1932 жылы аударылып, сахнаға қойылған пьесаның кітабы 1946 жылы жарық көрді. Мухсин Ертуғрулмен жақын достығының нәтижесінде аудармаларына көптеген театр туындыларын қосты. Ол аударған пьесалар 1923-1971 жылдар аралығында, әсіресе Ыстанбұл қалалық театрларында, мемлекеттік театрда, Кент актерлерінде және Оралоғлу театрында қойылды. Сениха Түрік <span typeof="mw:Entity" id="mweA">­</span>театрының құрылған жылдарында түрік тіліне аударған пьесаларымен, әсіресе неміс және скандинавия әдебиетінен, жазған мақалаларымен түрік театрының дамуында маңызды рөл атқарды. ### Фауст Мухсин Ертуғрул қойған «Фауст» пьесасын түрік тіліне аударған. 1935 жылы Медеров сахнаға лайықтап жазған шығарманың мәтінін аударған. Бірінші нұсқасын тым ұзақ тапқан Мухсин Ертуғрулдың ұсыныстарымен пьеса алдында аударманы қайта өңдеді. ## Отбасы Олар отбасын құрған кезде темекі сатушысы болып жұмыс істеген Бедри Недим Гёкнил кейін Демократиялық партияның 4-ші кандидаты болды. Ол Ыстанбұл парламентінің депутаты болды. Үйленгеннен кейін олар Аязпаша ауданына көшті. Сениха қарапайым және рухани өмір сүрді. Осы некеден олардың Назан мен Улья атты екі қызы болды, олар кейін өнертанушы болады. Одан кейінгі жылдары Назан өнертанушы Мажар Шевкет Ипшироглуға тұрмысқа шықты. Ол 2015 жылы қайтыс болды. Осы некеден жазушы, театр сыншысы Зехра дүниеге келді. Оның екінші қызы – 1921 жылы туған Улья Фогт Гёкнил. Оқуын аяқтағаннан кейін Улья өнер және сәулет тарихшысы ретінде Швейцарияда тұрақты тұрақтады және Цюрих өнер тарихшысы Адольф Макс Фогтқа тұрмысқа шықты. Ол 2014 жылы қайтыс болды. Олардың осы некедегі ұлы Недим Питер Фогт швейцариялық заңгер және жазушы болды. Гёкнил 1973 жылы 4 маусымда қайтыс болды. 1973 жылы 6 маусымда Тешвикиедегі жаназа намазынан кейін ол Бүйүкададағы отбасы зиратына жерленді. ## Аудармалары * Фауст (Гете, 1935) * Король лирасы (Шекспир 1937, 3-ші басылым 1967 ж.) * Әлем әдебиеті ­ Таңдамалы пьесалар (1938) * Дон Карлос (Шиллер, 1943) * Бренд (Ибсен, 1945) * Стелла (Гёте, 1946) * Уолластайнның трилогиясы I. Уолланштейннің штаб-пәтері (Шиллер, 1946) * II. Пиколоминис (Шиллер, 1947) * Вильгельм Телл ( Шиллер, 1949) * Құрметті (Судерман, 1950) * Уолланштейннің өлімі (Шиллер, 1952) * Италияға саяхат (Гёте, 1953) * Журналистер (Фрейтаг, 1956) * Пир Гинт (Ибсен, 1956) * Қарақшылар (Шиллер, 1958) * Өтірікшіге қасірет (Гриллпарцер, 1958) * Күн батқанда (Хауптман, 1959) * Мара (Вейс, 1968) ## Дереккөздер
Мээрим Рахмадиловна Жуманазарова (9 қараша 1999 жыл, Талас облысы) — қырғызстандық еркін күрес шебері, 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, 2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. 2021 жылғы Әлем және Азия чемпионы. 2018 жылғы Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * https://www.iat.uni-leipzig.de/datenbanken/dbwrestling/daten.php?spid=F70AA16B94CE486D9268AAFD8F67260A
Айбек Рахатұлы Оралбай (11 маусым 2000 жыл, Алматы) — қазақстандық әуесқой боксшы, 2022 жылы Амман қаласында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы. Қазіргі таңда бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны. ## Мансабы 2018 жылы Будапештте өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль еншіледі. 2018 жылы Аргентина астанасы Буэнос-Айрес қаласында өткен жастар арасындағы Олимпиада ойындарында алтын медаль еншіледі. 2022 жылы Амман қаласында өткен Азия чемпионатына қатысып Азия чемпионы атанды. Айбек Оралбай 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына қатысып, ширек-финалына дейін өнер көрсетті. ## Жеке өмірі Айбек Оралбайдың егіз бауыры Нұрбек Оралбай да әуесқой бокспен айналысады. ## Дереккөздер
Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі№ 58 қаулысымен бекітілген. ## Бәйдібек ауданы ## Ордабасы ауданы ## Отырар ауданы ## Сайрам ауданы ## Сарыағаш ауданы ## Сауран ауданы ## Созақ ауданы ## Төле би ауданы ## Түлкібас ауданы ## Шардара ауданы ## Арыс қаласы ## Түркістан қаласы ## Дереккөздер
Якуп Сатар (11 наурыз 1898 жыл, Қырым, Ресей империясы – 2 сәуір 2008 жыл, Эскишехир, Түркия) — Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңғы түрік ардагері. ## Өмірбаяны Якуп Сатар 1898 жылы 11 наурызда Қырымда дүниеге келген. 1915 жылы Осман армиясына қосылды. Алғашқы әскери дайындық курсында оған неміс нұсқаушылары химиялық шабуыл жасау әдістерін үйретті. 1917 жылы 23 ақпанда шабуыл аяқталғаннан кейін Кутаны британ әскерлері басып алды. Соғыс біткенше тұтқында болды. 1919–1923 жылдары Түркияның азаттық соғысына қатысты. Өмірден өтерден аз уақыт бұрын ол Эскишехир қаласындағы әскери емханада емделді. 2008 жылы 2 сәуірде 110 жасында дүниеден өтті. ## Естелік 2007 жылы Якуп Сатар, Өмер Куюк және Вейсел Тұранның естеліктері негізінде «Соңғы кездесу» (түр. Son Buluşma) деректі фильмі түсірілді. ## Дереккөздер
Арнау Тенас Уренья (ис. Arnau Tenas Ureña; 30 мамыр 2001 жыл, Вик, Испания) — испаниялық футболшы, «Пари Сен-Жермен» клубының қақпашысы. 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. ## Дереккөздер
Мұнарбек Сейітбек Ұлы (1 қаңтар 1996, Ош, Қырғызстан) — қырғызстандық боксшы, 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Олимпиада финалына шыққан қырғызстандық тұңғыш боксшы. ## Өмірбаяны Ош қаласында туған. Ол бокспен сегіз жасында айналыса бастады. Ош мемлекеттік университетінің дене шынықтыру факультетін бітірген. 54 кг салмақ дәрежесінде 2012 жылғы Қырғызстан жастар чемпионатының жеңімпазы 2017 жылдан Қырғызстан құрамасының мүшесі. 2023 жылы әлем чемпионатында қола жүлде иеленді. Жыл соңында Қырғызстанның үздік спортшысы атанды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * https://olympics.com/ru/athletes/munarbek-seiitbek-uulu * https://boxrec.com/ru/boxer/893243
Ахмет Ихсан Кырымлы (түр. Ahmed İhsan Kırımlı; 23 сәуір 1920 ж. – 11 желтоқсан 2011 ж.) — түрік дәрігері, саясаткер, ақын және Қырым татар тектес қайырымдылық жасаушы, Түркия Министрлер Кабинетінің мүшесі, Түркияның Ұлы Ұлттық жиналысының төрт дүркін мүшесі және 1987-2011 жылдары Түркиядағы Қырым татар қауымдастығының президенті. Ахмет Ихсан Кырымлы атындағы әдеби байқау бар. Медициналық туризм, термалды туризм, балаларды сауықтыру және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша ғылыми еңбектердің авторы. Сондай-ақ өлеңдер мен естеліктер кітабын жазған. ## Өмірбаяны Ахмет Ихсан Кырымлы Түркияға қоныс аударған қырым татарларының отбасында дүниеге келген. Оның арғы атасы Бақшасарайдағы жамағаттың мүфтиі болған. 1947 жылы Ыстанбұл университетінің медицина факультетін бітірген. Лондонда тағылымдамадан өткен. Ол АҚШ-тың кейбір ауруханаларында дәрігер болып жұмыс істеді. Ол доктор Зухал Чичек Кырымлыға үйленді және ерлі-зайыптылардың екі баласы болды. ## Саяси қызметі Ахмет Ихсан Кырымлы алты жыл Әділет партиясы төрағасының орынбасары болды, сонымен қатар 1962-1976 жылдар аралығында партияның басқарма мүшесі болды. 1961 жылдан 1977 жылға дейін Ұлы Ұлттық Мәжілістің депутаты болды. Түркияның туризм министрі қызметін атқарған. 1980 жылдың 12 қыркүйегінде Кенан Эврен басқарған төңкерістен кейін ұлтшыл-демократиялық партияның негізін қалаушылардың бірі болды. Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы істер комиссиясының мүшесі, Ұлттық денсаулық комиссиясының төрағасы және Түрік Қызыл Жарты Айы төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. ## Қайырымдылық қызметі Қырым татарларының жер аударылғаны туралы біліп, Англия мен АҚШ-та бірнеше лекциялар оқыды. Ол сондай-ақ 1960 және 1970 жылдардағы Дүниежүзілік антикоммунистік лига конференцияларында көптеген пікірталастарға жетекшілік етті. 1987 жылы саяси мансабын аяқтағаннан кейін ол бар өмірін қайырымдылыққа арнады. Ол 1987-2011 жылдары Түркиядағы Қырым татар қауымының президенті, сондай-ақ болгар, әзірбайжан және қырым түріктері федерациясының президенті болды. Ахмет Ихсан Кырымлының әдеби байқауы бар. ## Марапаттары * ІІІ дәрежелі «Құрмет белгісі» ордені ( 2004 жылғы 2 наурыз, Украина ) — Украина мен Түркия Республикасының гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын дамытуға қосқан елеулі жеке үлесі, Украинадағы қырым татарларын орналастыруға практикалық көмек көрсеткені үшін. * Қырым инженерлік-педагогикалық университетінің құрметті профессоры, 2000 ж. ## Сілтеме * Доктор Ахмет Ихсан Кырымлы кім? ## Дереккөз
Джахиде Сонку (27 желтоқсан 1919, Йемен – 18 наурыз 1981, Стамбул) — түрік кино және театр актрисасы. Алғашқы әйел кинорежиссер және түрік киносының актрисасы. ## Балалық шағы Джахиде сол кезде Осман империясының территориясы болған Сана қаласында дүниеге келген. Оның әкесі Осман империясының офицері капитан Неджати бей, ал атасы Чорапсыз Ибрахим Паша Осман армиясының 7-ші армиясының қолбасшысы болған. Сол жылдары әкесі атасының қол астында болған. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталып, Йемен Осман империясынан құрамынан шыққаннан кейін отбасы Санадан Ыстанбұлға көшіп келді. Әкесі Неджати Бей біраз уақыттан кейін отбасын тастап, олар ажырасқан. Отбасы Фатихтегі паша–атасының үйіне қоныстанады. Джахиденің балалық шағы ауыр өтті, атасы Ибрахим паша қайтыс болғаннан кейін шыққан өртте олардың үйі өртеніп кетеді. Жағдайдан хабардар болған Неджати бей Джахиде мен оның әпкесін өзімен бірге алып кеткісі келеді. Үлкен әпкесі келіседі, бірақ Джахиде анасымен бірге болуды жөн көреді. Джахиде Фатихте бастауыш және орта мектепті және Сұлтан Селимдегі Республика қыздар орта мектебін бітірген. ## Мансабы Джахиде өнермен орта мектепте оқып жүргенде танысқан. Ол небәрі 16 жасында Дарулбедайиға оқуға түседі және уақыт өте Ыстанбұл қалалық театрларының сүйікті актерлерінің қатарынан орын алды. Әуелі Халкевлери театрында, сосын Ыстанбұл қалалық консерваториясында, одан кейін Мухсин Эртуғрулдың ашылуымен Дарулбедайиде (1932- Қала театрлары ) «Жеті ауылдың Зейнебісі» театрларында ойнау арқылы актерлік өнерін бастады. Мухсин Ертуғрул — өз кезеңінің маңызды тұлғаларының бірі. Ол 1933 жылы «Сөз бір Алла бір» фильмімен киноға қадам басты. Кейінірек, 1950 жылы ол өз атымен Sonku Film компаниясын құрды. Ол «Fedâkar Ana» фильмімен алғаш рет режиссерлік етуге тырысты. Ол актер Талат Аркайнакқа тұрмысқа шығып, ажырасқан. Кейін 1943 жылы «Темекі патшасы» атанған кәсіпкер Ихсан Дорукқа тұрмысқа шығып, біраз уақыттан кейін бұл күйеуінен ажырасып кетеді. Кейін Ихсан Дорукқа қайта тұрмысқа шыққан Джахиденің бұл некеден Эндер есімді қызы болады. Сосын олар тағы ажырасып кетті. «Айсель, Батаклы бөгетінің қызы» фильмімен танымал болған актриса фильмдерінде ер адамдардың жүрегін жаралап, қашып кеткен сұлу әйел ретінде көрермен алдына шығады. 1951 жылы Йылдыз журналы ашқан байқауда Отан және Намик Кемаль «Ең үздік фильм», ал басты рөлдердің бірі Джахиде Сонку «Ең үздік әйел рөлі» ретінде таңдалды. Мансап жолына түскен сол жылдары ол Парсех Геврекян есімді мұсылман емес жас кәсіпкермен танысып, екеуі бір-біріне ғашық бола бастайды. Геврекян киномен ерекшеленетін Джахиде Сонкудың жанкүйерлерінің бірі болды. Алайда, мұсылман әйелдің мұсылман емеспен бірге болуы құпталмағандықтан, олар махаббаттарын жасырып өмір сүреді. Көбейген қауесеттерге қарамастан бірге тұруға бел буған ерлі-зайыптылардың бұл шешімінен кейін Джахидені қалалық театрлардан шығару туралы шешім қабылданады. Алайда Мухсин Ертуғрул бұған қарсы болғаннан кейін Джахиде мансабын жалғастырады. Алайда Бейоглу полиция бөлімі Джахидеге үзік-үзік куәлік беру үшін телефон соғып, мазалап тұратын болады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Түркияда «Байлық салығы» заңы шықты. Үкімет салықтың 87 пайызын мұсылман еместерден алу туралы шешім қабылдады. Парсех Геврекянның жылжымайтын мүлкі тәркіленіп, Ашкаледегі жұмыс лагеріне жіберіледі. Джахиде өз ортасы мен сот мекемелеріндегі адамдардың қысымы нәтижесінде Геврекяннан кетуге мәжбүр болады. ## Соңғы жылдары 1963 жылы Джахиде құрған Sonku Film компаниясының ғимараты өртеніп, банкротқа ұшырады. Ол Мухсин Ертуғрулдың арқасында өмірінің соңына дейін қалалық театрда жұмыс істеді, бірақ содан кейін ол сол жерден кетіп, өмірінің соңғы жылдарында алкогольдік тәуелділікпен күресті. Джахиде Сонку 1979 жылы Кино жазушылары қауымдастығының қызмет сыйлығын алды. 1981 жылы 18 наурызда «Алқазар» кинотеатрында ауырып, 61 жасында қайтыс болды. Мухсин Эртуғрул қалалық театрының сахнасында өткен рәсімнен кейін оның жерлеуі Зинжирликю зиратында өтті. Оның құрметіне жыл сайын берілетін «Алтын апельсин Джахиде Сонку» сыйлығы бар. ## Дереккөздер
Евгений Степанович Золотой (9 қыркүйек 1999 жыл, Могилев облысы) — беларусьтік ескекші, академиялық есуден 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * https://olympics.com/ru/paris-2024/athlete/yauheni-zalaty_1538160
Али Гаффар Оккан (24 ақпан 1952; Хендек, Сакария – 24 қаңтар 2001; Диярбакыр) — қылмыскері әлі белгісіз болған қастандық кезінде қаза тапқан бұрынғы Диярбакыр полиция бөлімінің басшысы. Оны Диярбакыр халқы «Ғаффар баба» деп біледі және еске алады. Сакарияның Хендек ауданында дүниеге келген Гаффар Оккан 1973 жылы Полиция академиясын бітіріп, біраз уақыт Измирде комиссардың орынбасары және комиссар қызметін атқарды, содан кейін тиісінше Шанлыурфа және Эскишехир провинциялық полиция бөлімдерінде қызмет етті. 1993 жылы Карстың полиция басшысы болып тағайындалған Оккан төрт жылдай сол жерде қызметін жалғастырды. 1997 жылы ол ұзақ уақыт бойы әртүрлі содырлық ұйымдар жұмыс істеп келген Диярбакыр қаласының полиция басшысы болып тағайындалды. Оккан Диярбакырдағы қызметі кезінде қаланың қауіпсіздігімен қатар әлеуметтік құрылымға да түбегейлі жаңалық енгізіп, кейіннен Диярбакыр халқы сүйетін және құрметтейтін тұлғаға айналды. Диярбакыр халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін террор ұйымдарымен қарқынды күрескен Оккан 2001 жылы 24 қаңтар күні қызметтік көлігінде жасалған белгісіз қарулы қастандық нәтижесінде бес полиция қызметкерімен бірге қаза тапты. Қайтыс болғаннан кейін оның есімі көптеген аймақтарда өмір сүрді, оның есімі көптеген жаңа туған нәрестелер мен Диярбакырдағы жерлерге берілді, ол туралы немесе ол туралы әңгімелейтін телехикаялар мен фильмдер түсірілді. ## Алғашқы жылдары және білімі Али Гаффар Оккан 1952 жылы 24 ақпанда Сакарияның Хендек ауданында дүниеге келген. 1970 жылы 30 қыркүйекте Полиция училищесін, 1973 жылы 29 қыркүйекте Полиция академиясын бітіріп, Измир губерниялық полиция департаментіне комиссардың орынбасары болып тағайындалды. ## Мансабы Измирдегі әртүрлі бөлімшелерде комиссар дәрежесіне дейін қызмет еткен Гаффар Оккан 1983 жылы Шанлыурфа провинциясының полиция бөліміне тағайындалды және 1985 жылы бөлім меңгерушілігіне көтерілді. 1986 жылы Эскишехир провинциясының полиция бөлімінде қызметкер болып жұмыс істеді. Ол 1992 жылы Эскишехир полициясы бастығының орынбасары болды. 1993 жылы 6 желтоқсанда ол Түркиядағы полиция иерархиясындағы екінші жоғары лауазым болып табылатын 1-ші дивизияға тағайындалды. Ол 1-ші дәрежелі полиция бастығына көтеріліп, Карс провинциясының полиция бастығы болып тағайындалды. Окканның полиция басшысы ретіндегі келесі лауазымы оңтүстік-шығыстағы Диярбакырда болды, мұнда PKK және күрд Хизболласы сияқты ұйымдар тарапынан терроризмнің ұзақ тарихы, төтенше жағдайлар және айтарлықтай көші-қон болды. Гаффар Оккан 1997 жылы 18 қарашада Диярбакыр провинциясының полиция басшысы қызметін бастады. Осы аралықта Ыстанбұл университетінің саяси ғылымдар факультетінің мемлекеттік басқару бөлімінде бакалавриат білімін аяқтап, бітірді. ## Диярбакырдағы қызметі Гаффар Оккан Карс полициясының басшысы болған кезде, PKK және Хизболла ұйымдарынан теріс әсер еткен Диярбакыр халқының полиция басшысы болып тағайындалды. Қақтығыс ошағына айналған Диярбакырға келгеннен кейін көп ұзамай Оккан полицияның 3310 радиосы арқылы хабарландыру жасады: Бұл хабарландыру оның басқа полиция басшыларына ұқсамайтынын көрсетеді. Оның қызметке кіріскеннен кейінгі алғашқы ресми жұмыстарының бірі қауіпсіздік мақсатында азаматтардың кіруіне тыйым салынған полиция штабының алдындағы көшені бейбіт тұрғындарға ашу болды. Көп ұзамай ол қала ішіндегі қауіпсіздік тосқауылдарын алып тастап, қылмыстың алдын алу үшін қаланың маңызды жерлеріне камералар орнатты. Гаффар Оккан кешке дейін кеңсесіндегі алып монитордан Диярбакыр көшелерін бақылап отырды. Окканға дейінгі полиция қызметкерлері «үстелдік жұмыста» кеңселерінде қалуды жөн көрген, өйткені Диярбакырдың тәртіпсіздік орнаған көшеге шығу тым қауіпті деп саналған. Оккан барлық полиция қызметкерлерін, ерлер мен әйелдерді көшеге шығарып, қала тұрғындарына мейірімділік пен жанашырлықпен қарауды тапсырды. ## Қастандықпен өлімі 2001 жылы 24 қаңтарда кешкі уақытта Гаффар Оккан Угур Мумжуды еске алу шарасына қатысу және губернатор Ахмет Джемил Серхадлымен кездесу үшін Бас штабтағы кеңсесінен шығады. Окканның шығу уақытын білгеннен кейін шабуылшылар қолдарында ұзын ұңғылы қаруларымен көшеде «Полиция» деген жазуы бар шағылыстыратын кеудеше киіп, ол өтетін бульварда күтеді. Содан кейін шабуылдаушылар аймақтағы электр қуатын өшіріп, адамдарды қуып жібереді. Оккан сағат 17.40 шамасында кеңсесінен әкімдікке қызметтік көлігімен келе жатқанда, ет және балық мекемесі мен Эфлатун саябағы арасындағы Сезай Каракоч бульварында электр қуатының өшірілгенін байқайды. Артынша Оккан мен оның қасындағы полиция қызметкерлеріне белгісіз біреулер шабуыл жасайды. Шабуылшылар Окканның қызметтік көлігін ұзын ұңғылы қарулармен атқылайды. Оқканмен бірге үш полиция қызметкері атыс салдарынан оқиға орнында көз жұмды, қалған екі полиция қызметкері ауруханада көз жұмды. Сондай-ақ төрт полиция қызметкері жарақат алды. Шабуылдан кейін қарулы адамдар Окканның көлігінің есігін ашып, оның өлгеніне көз жеткізу үшін оны жақын қашықтықтан қарап шығып, көлігіне қол гранаталарын лақтырады. Бомбалар жарылғанда Окканның аяқ-қолдары үзілген. Жылдам қашып кеткен шабуылдаушылар арасында ұялы телефон байланысы болмаған. Аутопсия қорытындысына сәйкес, шабуылдан кейін Гаффар Окканның басы мен денесінен барлығы 17 оқ шығарылған. Шабуылда қаза тапқан полицейлердің есімдері Сабри Гюн, Мехмет Сепетчи, Атилла Дурмуш, Селахаттин Байсой және Мехмет Камали, жараланған полицияның есімдері Нури Бозкурт, Мұстафа Динже, Вели Гөктепе және Фатих Гөкчек деп жарияланды. Сондай-ақ қақтығыс кезінде шабуылдаушылардың бірінің жараланғаны хабарланды. Оқиға орнынан 16 түрлі қарудан атылған 469 бос Калашников гильзасы табылды. Полицейлер қылмыскерлерді табу үшін аумақты жан-жақты тінтіп, бірнеше күдіктіні ұстаған. Бұл кісі өлтіру әлі толық ашылмағанымен, оны Хизболла жасады деп болжанған. ## Жеке өмірі Гаффар Оккан 1974 жылы мұғалім Фехиме Зеррин Шенге үйленді. Осы некеден Сезин және Джан есімді екі баласы болды. Оккан өлтірілгенде анасы мен әкесі тірі болған. Оның анасы Имран Оккан 2002 жылы 28 қыркүйекте, ал әкесі Фикри Оккан 2005 жылы 28 қазанда қайтыс болды. ## Дереккөздер
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті — Семей қаласында орналасқан жоғарғы оқу орны. 1995 жылы педагогикалық, зоотехникалық-малдәрігерлік, технологиялық инститтутардың бірігуінен құрылды. Қазақтың ойшыл-ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының аты берілген. ## Университет тарихы Шәкәрім университеті 1995 жылы педагогикалық, зоотехникалық-мал дәрігерлік, технологиялық университтерін біріктіру нәтижесінде құрылды. Бүгінгі таңда университет жоғарыда аталған бойынша ұзақ және бай тарихын дәріптеуде. Семей педагогикалық институты еліміздің ең көне білім ордаларының бірі болып есептеледі. Іргетасы 1934 жылы қаланған. Ал Семейлік зоотехникалық институты 1952 жылы ашылса, Семей технологиялық институтының тарихы 1963 жылдан бастау алады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 13 қарашадағы және Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің 1995 жылғы 1 ақпандағы № 304 бұйрығымен үш жоғары оқу орнының (педагогикалық, зоотехникалық-мал дәрігерлік және технологиялық) бірігуі негізінде Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті құрылған. 1999 жылғы 22 тамыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1436 қаулысымен Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті деп атауын өзгертті. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 14 ақпандағы № 129 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 ақпандағы қаулысы негізінде ЖОО құрамына бұрынғы Мемлекеттік қаржы институты кірді. 2004 жылдың ақпан айында Семей мемлекеттік педагогикалық институты жеке ЖОО ретінде бөлінген еді. Алайда 2013 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті мен Семей мемлекеттік педагогикалық институты біріктіріліп, Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті болып құрылды. Шәкәрім Университеті кең сұранысқа ие әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық, ауыл шаруашылық ғылымдары, бизнес және құқық бойынша көп деңгейлі мамандарды дайындайды. Мамандықтар салаларында қырықтан артық бакалавриат, бірнеше жоғары арнайы білім беру, отызға жуық магистратура мамандықтары, бес мамандықтардар бойынша докторанттарды дайындайды. Университет Ресей, Германия, Беларусь Республикасы, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Қытай, Венгрия, Түркия, Польша, Словения, Балтық жағалауы, Украина, Қырғызстан елдерінің жоғарғы оқу орындарымен тығыз байланыста. Академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында Университет оқытушылары мен студенттер АҚШ-та, Венгрия, Польша, Түркия, Чехия, Оңтүстік Корея елдерінде білім алуда. Университеттің белсенді студенттері өз шығармашылық қабілеттерін “Конгресс”, “Парасат”, дебат клубтарында, “Enactus”,Қазақстан студенттер альянсында, сән студиясында және басқа да жастар ұйымдарында жүзеге асыра алады. ## Факультеттер * Филология факультеті * Ветеринария және агроменеджмент факультеті * Жаратылыстану-математика факультеті * Инженерлік-технологиялық факультеті * Гуманитарлық-экономика факультеті ## Дереккөздер
Ұлытау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 17 қарашадағы № 73/01 қаулысымен бекітілген. ## Жаңаарқа ауданы ## Ұлытау ауданы ## Жезқазған қаласы ## Сәтбаев қаласы ## Дереккөздер
Узур Данияр улуу Джузупбеков (12 сәуір 1996, Бішкек) — қырғызстандық боксшы, 2019 жылғы Азия чемпионы, 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. 2020 жылғы Олимпиадаға қатысты. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Эмин Бекторе (қырымтат. Emin Bektöre, түр. Emin Bektöre; 1906–1995 ж. 15 сәуір ) — түрік және румын фольклоршысы және қырым-татар этнографы, Түркия мен Румыниядағы қырым-татар ұлттық қозғалысының белсендісі. ## Өмірбаяны 1906 жылы Добрич қаласында (қазіргі Добруджа облысы, Болгария) туған. 1913–1940 жылдар аралығында қала Румынияның қол астында болды және «Базарджик» атауын алды. Бекторе білімін Румынияда, Базарджик және Бухарест қалаларында алған. Түрлі румын және болгар халық ансамбльдерінде би мен ән айтуды үйренді. Ол Қырым татарларының бірнеше халық ансамбльдерін ұйымдастырды, олар үшін қырым татар тілінде бірқатар әндер мен пьесалар жазды: Шахин Гирай Хан, Атилла, Бора, Кирим, Кок-коз Баяр. 1930 жылы Констанцада Мюстеджиб Улькюсал ұйымдастырған топқа қосылды, сонымен қатар түрік тілінде Қырым татар диаспорасының «Эмель» тарихи-философиялық журналының негізін қалаушылардың бірі болды. 1940 жылы Бекторе Түркияға кетіп, Эскишехир қаласына орналасып, қырым татарларының халық мәдениетін зерттеу және насихаттау бойынша түрлі жұмыстар атқарды. Онда ол бәріне фольклорды үйретуді жалғастырды. Ол Түркияда этнографияның дамуы мен халық өнерін зерттеуде пионер болды, Бекторе қызметінің арқасында Эскишехирдегі және осы аттас ауылдағы мектептерде Қырым татарларының музыкасы мен биі міндетті пән ретінде оқытыла бастады. 1960 жылдары Бекторе Түркияда М.Улькюсалмен және Қырым татарларының ұлттық қозғалысының басқа да қайраткерлерімен кездесті: 1960 жылы Түркияда «Эмель» журналын шығаруды қайта бастаған Джафер Сейдамет Кырымер және Эдиге Қырымалмен. ## Дереккөздер
Биметалл естелік шақаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңгенің 10 жылдығына арналған 4 шақалы топтамасы шығарылған 2003 жылдан бастап шығара бастады. Шақалар екі нұсқада шығарылады: * атаулы құны 100 теңге болатын қымбат емес металдардан (нибрасс және нейзилбер) UNC сапасында; * атаулы құны 100 және 500 теңгелік 925 сынамды күмістен және proof сапасында танталдан жасалған. Барлық биметаллдық шақалар Қазақстан теңге сарайында соғылған. Шақалардың шығарылымы «Оқиғалар», «Теңгеге 10 жыл», «Ғарыш» және «Республика игілігі» жергілікті бағдарламалары аясында жүзеге асырылады. Биметалл шақалар Қазақстанда заңды төлем құралы болып табылады, бірақ күміс шақалардың нарықтық құны олардың атаулы құнынан әлдеқайда жоғары болғандықтан және олар төлем құралы ретінде пайдаланылмағандықтан, тек бағалы емес металдардан жасалған шақалар ғана нақты айналыста болады. ## Статистикасы 2018 жылдың мамыр айындағы жағдай бойынша 17 естелік биметалдық шақа шығарылды. ## Бағалы емес металдан жасалған шақалар Биметалл 100 теңгелік шақалар нейзилберден (орталық бөлігі) және нейзилберден (сақина) соғылады. Бет жағы: белгіленген бағасы, ұлттық ою-өрнек, сегіз қырлы гүлөрнек, Ұлттық банктің қаз. аббревиатурасы ҚҰБ, теңге белгісі. Қыры бұжыр, жұлдызшалармен бөлінген, қаз. ЖҮЗ ТЕҢГЕ және орыс. СТО ТЕНГЕ деген жазуымен белгіленген бағасы жазылған. Салмағы: 6,45 г. Диаметрі: 24,5 мм. Жуандығы: 1,90 мм. Әрбір шақаның таралымы — 100 000 дана. ### «Теңгеге 10 жыл» топтамасы Топтаманың шақалары 2003 жылы шығарылды. Дәл осы оқиғаға атаулы құны 1000 теңгелік екі күміс шақа арналды. Арт жағы: бірінші шығарылымдағы теңгелік шақаларда жануарлар бейнелері, қаз. ТЕҢГЕГЕ 10 ЖЫЛ жазуы, мемлекет атауы қаз. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ және шақаның шығарылған жылы. ### «Оқиға» топтамасы Оқиғалар топтамасында БҰҰ-ның 60 жылдығына арналған бір ғана биметалдық шақа шығарылды. Сондай-ақ, топтама аясында 1995 жылдан бастап 20 және 50 теңгелік нейзилбер шақалар шығарылады. ## Күміс пен тантал шақалар ### «Ғарыш» топтамасы Белгіленген бағасы 500 теңге болатын топтамадағы шақалар 2006-2015 жылдары шығарылды. Ұқсас әрленіммен белгіленген бағасы 50 теңгелік мыс-никель шақалары шығарылды. Бет жағы: Ғарыштың стильдендірілген бейнесі аясындағы «Күн құдайы», мемлекеттің атауы қаз. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ және ағылш. REPUBLIC OF KAZAKHSTAN, атаулы құны, теңге сарайы, металдардың салмағы мен сынамасы. Қыры бұжыр. ### «Республика игілігі» топтамасы Осы топтама аясында белгіленген бағасы 500 теңгелік күміс шақалар да шығарылады. ### «Сиқырлы нышандар» топтамасы Осы топтама аясында белгіленген бағасы 100 теңгелік күміс шақалар да шығарылады. ### «TILASHAR» топтамасы Осы топтама аясында белгіленген бағасы 500 және 100 теңгелік шақалар шығарылады. ## Тағы қараңыз * Қазақстанның естелік шақалары * Қазақстанның бағалы емес металдардан жасалған естелік шақалары * Қазақстанның алтыннан жасалған естелік шақалары * Қазақстанның күмістен жасалған естелік шақалары ## Дереккөздер
Қорсанау комплексі (ағылш. inferiority complex, "өздік қорсанау" деп те аталады) — жиі кездесетін психологиялық комплекстердің бірі болып, адамда шынайы немесе қияли түрдегі жетіспеушілік, не кемшілік сезімі. Бұл сезімдер физикалық кемістіктен туындайды, немесе біз өзімізді өзгелерге қарағанда ақылсызырақ, әлсізірек, қабілетсізірек ... сезінген жағдайларда пайда болады. Басқа жағдайда өзін қорсанау сезімі таза ойдан шығарылған кемшіліктерден туындауы мүмкін. Психологияда қорсанау комплексі – бұл дәйекті жеткіліксіздік сезімі болып, көбінесе біреу қандай да бір жағынан басқалардан кем, немесе төмен деген сезімге күпті болады. Альфред Адлер өзінің "Өмірдің сен үшін мәні" (What Life Should Mean to You) атты еңбегінде, қорсанау сезімі бала кезіндегі тәрбиеден (мысалы, аға-інімен, қарындас, әпке-сіңлісімен үнемі жағымсыз салыстыру жасаудан), физикалық және психикалық мәселелерден, немесе төмен әлеуметтік жағдайдағы тұрмыс тәжірибесінен (мысалы, баланың құрбыластары жағынан жағымсыз мәмлеге ұшырауы) арқылы туындауы мүмкін. Қорсанау комплексі бар адам өзінен жоғары дегендермен басартық, тіпті шектен шыққан бәсекелесуі мүмкін, мінездік тұрақсыздық айқын болады, жағымпаздану мен өшігу эмоциясы негізсіз және жүйесіз болады. Мысалы, қазіргі орташа бой биіктігіне жетпей өзін қор көретін адам ("Наполеон комплексі" деп те аталады) өзінің басқаларға қалай көрінетініне тым алаңдауы, артық бас қатыруы мүмкін. Өздерін ұзын етіп көрсету үшін арнайы аяқ киім киюі мүмкін, немесе өздерінен де қысқа адамдармен бірге жүруді ұнатуы мүмкін. Егер бұл қорсанау сезімі шектен шығып кетсе, ол неврозға айналады. Бұл комплекс сондай-ақ адамның нақты, немесе ойдан шығарылған кемшіліктерінің орнын толтыру үшін назар аудартуға тырысып, шамадан тыс бәсекеге түсуі, тіпті агрессияға дейінгі қылықтар (behavior) көрсетуі, басқалардың алдындағы өзінің көрінісіне тым мән беруін туғызуы мүмкін. ## Дереккөздер
* Болат Құрманбекұлы Жандарбеков — режиссер, жазушы, сценарийші, драматург * Құрманбек Жандарбеков — әнші, актер, режиссер, педагог, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі (1936)
Жабай би Қараұлы (XVIII ғасыр) — Тоқсан бидің әкесі. Керей руынан шыққан. Омбы өңірінен шыққан аузы дуалы би. Баласы Тоқсан бидің тұлға ретінде танылуына атасы Қара би көп ықпал етті. ## Жабай би туралы әңгіме Қара қылды қақ жарған, Қара бидің баласы Жабай шешен билік айтып жүрген шағында, ауылында 55 жасқа келген Бірән дегеннің қатыны өледі де, үш баласы жетім қалады. Кедейге бұдан ауыр қайғы жоқ, Жабай шешен Бірәнге көңіл айтып біраз отырған соң: "Қайғырма, бір айдан кейін қатын аласың" - деп айтқан екен: Көшкен елге қошқар кездесер, Қатыны өлгенге қалың сор кездесер. Бай болатын жігітке, Жақсы қатын, жүйрік ат кездесер. Кедей болатын жігітке, Жалқау қатын, ажалды мал кездесер. Басы өспейтін жігітке, Бедеу қатын кездесер. Биік дөннің үстіне шықпа, Қайғы кіріп, ісің кетер. Өгізді өрге салма, күші кетер. Биік таудың басына шықпа, Үйің қасына келер. Қайғы елу би, болыс пен, Хан, төренің де басына келер. Бірән қатын алған соң, Жабай биге тағы барыпты. "Қайырлы ұзағынан болсын" - деп, Жабай былай айтыпты: Бала – үйдің базары, Қыз – үйдің жасауы. Жаңа түскен келіншек, Жақсы болса мереке, Жаман болса келеке, Атты айында мақта, Қатынды жылында мақта, Ол – үйретпеген бір үйдің асауы. ## Дереккөздер
Дәулет Герей (қырымтат. Devlet Geray; 13 қараша 1631 қай.) — Қырым хандығының нұреддині (1608-1610) және қалғайы (1610-1623, 1628-1631), Шақай Мүбарак Герей нұреддиннің ұлы, Қырым ханы I Дәулет Герейдің немересі, Қырым ханы Жәнібек Герейдің інісі. ## Өмірбаяны 1584-1588 жылдары нұреддин болған ханзада Шақай Мүбарак Герей (Дәулеттің әкесі) 1588 жылы Қырымнан кетуге мәжбүр болып, Шеркесстанда тұрып, 1593 жылы қайтыс болды. Дәулет Герейдің анасы Бесленей руынан шыққан шеркес мырзаның қызы Дүрбике еді. 1608 жылы Османлы сұлтаны I Ахмет жаңа Қырым ханы етіп I Дәулет Герейдің кенже ұлы І Селәмет Герейді (1608–1610) тағайындады. І Селәмет Герей ағайынды Мехмет Герей мен Шаһин Герейді қалғай және нұреддин етіп тағайындады. Жәнібек Герей мен Дәулет Герей ханзадалар шешелерімен бірге Шеркесстаннан Қырымға оралды. Селәмет Дүрбикке үйленіп, оның екі ұлын асырап алды. 1608 жылы ағайынды Мехмет пен Шаһин Герей I Селәмет Герей ханға қарсы қастандық ұйымдастырып, осы қастандықтың бетін ашты. Мехмет пен Шаһин Герейлер өздерінің лауазымдарынан айырылып, Қырымнан Кавказға қашады. І Селәмет Герей жаңа қалғай етіп Жәнібек Герейді, ал інісі Дәулет Герейді нұреддин етіп тағайындайды. 1610 жылы І Селәмет Герей қайтыс болғаннан кейін Жәнібек Герей мен Мехмет Герей бос қалған Қырым тағына үміткер болды. Алдымен Мехмет Герей Бақшасарайды басып алып, өзін жаңа хан деп жариялады. Жәнібек пен Дәулет Герей түрік пашасының қорғауымен астанадан Кефеге қашады. Қарсыластар Жәнібек Герей мен Мехмет Герей Ыстанбұлдағы сұлтан сарайына елшілік жіберіп, олардың хан тағына бекітуін сұрады. I Ахмет сұлтан Жәнібек Герейді жаңа Қырым ханы етіп тағайындап, оған көмектесу үшін Кефеге түрік әскерін жіберді. Сол 1610 жылы түрік әскерінің қолдауымен Жәнібек қарсыласы Мехмет Герейді жеңіп, Бақшасарайды басып алып, хан тағына көтерілді. Жәнібек Герей қалғай қызметін інісі Дәулет Герейге берді. 1617 жылы тамызда Османлы үкіметінің өтінішімен Жәнібек Герей хан бауыры Дәулет Герейді Қырымда қалдырып, 10 мыңдық қырым татар әскерімен Синопқа жетіп, иран-түрік соғысына қатысады. 1617 жылы қыркүйекте қалғай-сұлтан Дәулет Герей сұлтанның бұйрығымен оңтүстік поляк иеліктеріне жойқын жорық жасады. Қырымдықтар Канев пен Ақ Шіркеу төңірегін қиратып, ноғайлар Львов маңына жорыққа шықты. 1618 жылдың жазында Дәулет Герей оңтүстік поляк иеліктеріне қарсы жаңа Қырым жорығын басқарды. Қырым татарларының әскері Каменец маңындағы поляк тұрағына шабуыл жасады, бірақ тойтарыс алды. Есесіне татарлар мен ноғайлардың жекелеген жасақтары Винница, Бар, Тарнополь, Синявец, Дубно және Львов төңірегін ойсыратты. 1620 жылы Жәнібек Герей хан Поляк-Литва мемлекетіне қарсы жаңа жорыққа Дәулет Герей мен Қантемір мырза бастаған әскерді аттандырды. Қырымдықтар мен ноғайлар Подолия мен Брацлавщинаны ойрандады. Бұл жорық Молдовадағы Цецора түбіндегі шайқаста ұлы тәжді гетман Станислав Жолкевскийдің қолбасшылығымен поляк әскерінің жеңілуімен аяқталды. Қырым татарлары бай олжа мен асыл тұтқындарды алып кетті, кейін олар үлкен төлемге босатылды. Келесі 1621 жылы қалғай Дәулет Герей Жәнібек Герейдің оңтүстік поляк иеліктеріне жасаған ұлы жорығына қатысты. Қырым әскері түрік әскерімен бірігіп, Хотын түбіндегі поляк-казак әскерімен шайқасқа қатысты. Хотын шайқасы қаза тапқандар және жараланғандармен ауыр шығынға ұшыраған түрік-қырым әскерінің жеңілуімен аяқталды. 1623 жылдың көктемінде жаңа түрік сұлтаны I Мұстафа (1622-1623) Жәнібек Герейді биліктен шеттетіп, жаңа Қырым ханы етіп III Мехмет Герейді тағайындады. Бұрынғы хан Жәнібек Герей қалғай Дәулет Гереймен бірге түрік иелігіне кетті. 1624 жылдың көктемінде Османлы сұлтаны IV Мұрат (1623-1640) хан III Мехмет Герейдің биліктен айырылғандығын және хан тағының Жәнібек Герейге қайтарылғанын хабарлады. Жәнібек пен оның інісі Дәулет Герей түрік әскерлерімен бірге Кефеге жетті. Алайда III Мехмет Герей мен қалғай Шаһин Герей қырым татар күшін жинап, сұлтанның бұйрығын орындаудан бас тартты. Қарасубазар түбіндегі шайқаста қырымдықтар түрік әскерін талқандап, Кефе бекінісін басып алды. Жәнібек пен Дәулет Герейлер түрік әскерлерінің қалғандарымен бірге кемемен Варнаға қашты. 1628 жылы маусымда түрік үкіметі Жәнібек Герейді екінші рет Қырымның жаңа ханы деп жариялады. 21 маусымда Жәнібек Герей және бұрынғы қалғай Дәулет Герей қалың түрік әскерімен Кефеге жетті, оны III Мехмет Герей хан мен қалғай Шаһин Герей қоршады. Қырым татарларының мырзалары өз әскерлерімен III Мехметке опасыздық жасап, Жәнібектің жағына өтті. Түрік-татар әскерін бастаған Жәнібек Герей Кефеден аттанып, Бақшасарайды басып алып, хан тағына екінші рет отырды. Дәулет Герей екінші рет қалғай болып тағайындалды. Қырым ақсүйектерінің қолдауынан айырылған Мехмет пен Шаһин Герей Запорожьеге қашады. Запорожье казактары Қырым хандығындағы билікті қайтару жолындағы күресте оларға әскери көмек көрсетуге уәде берді. Қалғай Дәулет Герей 1628 жылдың күзі мен 1629 жылдың көктемінде Запорожье казактары мен ноғайларды бастап келген Мехмет пен Шаһин Герейлердің Қырым хандығына қарсы екі әскери жорығына тойтарыс беруге қатысты. 1629 жылдың күзінде қалғай Дәулет Герей Польша-Литва мемлекетінің оңтүстік иеліктеріне үлкен шабуыл жасады. Қантемір мырза қолбасшылығындағы Бұжақ ордасымен біріккен Дәулет Герей алдымен Молдавияға беттеп, ол жерден кенеттен Подолия мен Галисияға басып кіреді. Қырымдықтар мен ноғайлар жақын маңдағы қалалар мен ауылдарды ойрандап, жергілікті халықты қырып, тұтқындай бастады. Ұлы тәж сақшысы Стефан Хмелецкий поляк хоругтар және реестрлі гетман Григорий Чорный казак полктерімен тонау және тұтқындарды ұстау үшін шашырап кеткен жекелеген қырымдық және ноғай жасақтарын жойды. Бурштин түбіндегі шайқаста поляктар мен украин казактары Қантемір ұлының жетекшілігіндегі негізгі жеті мың адамдық қырым татарларының «тобын» толығымен талқандады. Жеңімпаздар қырымдықтардың көпшілігін өлтіріп, он мың тұтқынды босатты. Бұл сәтсіз жорықта қырым татарлары мен ноғайлары қаза тауып, тұтқынға алынған он бес мыңға дейін адамынан айырылды. Қаза болғандардың арасында Қантемірдің ұлы болды, ал ханзада Ислам Герей тұтқынға түсті. 1630 жылы қаңтарда Қырым татарлары өздерімен бірге бір тұтқынды да әкелмей, Қырымға оралды. 1631 жылы қарашада қалғай Дәулет Герей ұрпақ қалдырмай қайтыс болды. Жаңа қалғай болып Қырым ханы І Селәмет Герейдің (1608-1610) ұлы бұрынғы нұреддин Азамат Герей (1631-1632) тағайындалды. ## Әдебиет * Новосельский А. А. Борьба Московского государства с татарами в 17 веке. — М.—Л.: Издательство Академии наук СССР, 1948. * Гайворонский Олекса. Повелители двух материков. — Т. 2. — Киев—Бахчисарай, 2009. — ISBN 9789662260038
Сарайшық ауданы — Астана қаласындағы әкімшілік бірлік. 2024 жылы құрылған. Жер аумағы – 6 953 га. ## Тарихы Жаңа аудан 2024 жылғы 23 мамырдағы бірлескен Астана қаласы әкімдігінің қаулысы мен мәслихатының шешімімен құрылды. 19 маусымда аудан атауы Сарайшық болып бекітілді. ## Шекарасы Есіл өзенінен Арқар көпірі бойымен Сарайшық көшесімен Р. Қошқарбаев даңғылы бағытында жұп сандар жағымен магистральдық теміржолға дейін, магистральдық темір жол бойымен шығыс бағытта қала шекарасына дейін, қаланың шығыс шекарасымен оңтүстік бағытта Есіл өзеніне дейін, Есіл өзенімен Сарайшық көшесінің бойымен батыс бағытта Арқар көпіріне дейін. ## Әкімдері ## Дереккөздер
Киікбай би Айтуғанұлы — XVIII ғасырдың 2-жартысы мен XIX ғасырдың 1-жартысында қазіргі Батыс Қазақстан аумағында билік құрған атақты би, шешен. ## Киікбайдың Тоқсан биге айтқаны "Уа, Тоқсанжан, Тоқсанжан, Бұл бір кезім тоқталған. Қара арғымақ қажып тұр, Саз кешкендей қапталдан. Жақсыларым келіпсің, Салмағы ауыр батпаннан. Үй жағалап жау келді, Сұр жебесін оқтанған. Қара өзек шақтың көжесі, Қарында емес қуықта, Бір биенің торсығы ілулі әне – уықта. Келер – қонақ шығар жан, Алыста емес жуықта", ‐ дегенде: Сөзін аяқтатпай Тоқсан: О, Киеке, неге қысыла сөйледіңіз, біз сырғалаң боз емес, сырлас дос едік қой - десе керек. Киікбай: "Таудан үлкен талабым бар, Талғап ішер шалабым бар, Қолымнан асырап өсірген, Тары – деген тамағым бар". ## Киікбайдың Тоқсанға берген батасы Кедейлік пен кәрілік, Адамның жөнін басқалар. Уа, Тоқсанжан, Тоқсанжан, Бұл бір күнім тоқталған. Үй артына жау келді, Сұр жебесін оқталған, Жалғыз жігіт би болмас, Жалғаз ағаш үй болмас. Шын жүйрікте күй болмас, Қас жақсының белгісі, Жауға түссе күйзелмес. Ардақты атаң қара би, Үш жүзге мәлім дара би. Жабай әкең тағы би, Күміс көрмей, жез таңдай, Қаусырап жүрген жағы би. Сабырында үш жүздің, Аруағы қонып атаңнын, Сен болғайсың сана би, - деп толғапты да, сәл бөгеліп барып: Жолбарысша шабынба, Бұрқылдама бураша, Айғырша арқырама, Текеше бақылдама. Айтқан сөзің құрғандай қақпан болсын, Суықтығың оқпандай болсын. Қанды ауызға түскеннің қанын шығар, Әділетсіздің жанын шығар. Күле сөйлеп күңіренбе, Сөзің заяға кетер. Зейінділікпен айтқан сөзің, Зерделінің санасына жетер. Уа, Тоқсанжан, Тоқсанжан, Осыны бір есіңе ал. Үш жүздің дауы бар, Саған деген жауы бар. Уа, Тоқсанжан, Тоқсанжан, Мынау тұрған біздің үй. Айтамын саған жай мен күй, Өзім кәрі, бала жас, Дәулет біткен болар мас. Қайтарыңда келе кет, Атаңа сауға бере кет, - деп батасын беріпті. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті — еңбек қатынастары, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, халықты жұмыспен қамту саласындағы функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ведомствосы. ## Міндеттері * өз құзыреті шегінде еңбек қатынастары, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; * Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнамасының сақталуына өз құзыреті шегіндегі мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру. ## Аумақтық бөлімшелері * Комитеттің Алматы, Астана, Шымкент қалалары мен облыстар бойынша департаменттері ## Дереккөздер
Балуанияз (1818, Маңғыстау түбегі — 1856, сонда) — Адай руынан шыққан батыр. 1856 жылы жазда Хиуа әскерлерінің бірнеше адамы қаза табады. Балуанияз батыр серіктерімен бірге қанды шайқас өткен Қараған Босаға деген жерде жерленген. Балуанияздың ерлігі, оның сенімді серігі — Құла аты жөнінде Қалнияз ақын “Балуанияз батыр” дастанында жырлаған. 1992 жылы батырдың бейітіне ескерткіш күмбез орнатылды (авторы К. Демесінұлы) шапқыншылығына Балуанияз қазақтың шағын жасағын (60 шақты адамы бар) бастап қарсы шығады. Осы соғыста Балуанияз, інісі Балтеке бар. ## Дереккөздер
Қажымұқан ауылдық әкімдігі – Ақмола облысы Целиноград ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы — Қажымұқан ауылы. ## Тарихы 2024 жылы Талапкер ауылдық округінен жеке әкімшілік бірлік ретінде бөлініп шықты. ## Дереккөздер
Зехра Сайерс (25 қыркүйек 1953 жылы туған) — түрік–британдық құрылымдық биолог. 2018 жылдың ақпан-қараша айлары Сабанжы университетінің уақытша президенті қызметін атқарған және Таяу Шығыстағы эксперименттік ғылым мен қолданбаларға арналған синхротрон-жарық (SESAME) ғылыми-консультативтік комитетінің тең төрағасы болған. Сайерс 2019 жылы Ғылым дипломатиясы үшін AAAS сыйлығын алған бес ғалым тобының мүшесі болды. Зехраның Түркия мен Ұлыбритания азаматтығы бар. ## Ерте өмірі және білімі Сайерс 1953 жылы Түркияда дүниеге келген. Ыстанбұлдағы Богазичи университетінде физиканы оқыды. Аспирантурада оқу үшін Сайерс Ұлыбританияға көшті. 1978 жылы ол Лондондағы King's College GKT медициналық білім мектебінде жүргізген зерттеулері үшін Лондон университетінен докторлық дәрежесін алды. Сайерс Уппсала ашық университетінде және Уолленберг зертханасында постдокторлық зерттеуші болып жұмыс істеді. 1986 жылы ол еуропалық молекулалық биология зертханасының Гамбург бөлімшесіне тағайындалған бірінші әйел қызметкер ғалым болды, онда ол жасуша қаңқасындағы ақуыздар мен хроматинді зерттеу үшін синхротрондық сәулеленуді пайдаланды. Германияда жұмыс істей жүріп, 1996 жылы Гамбург университетінде диссертация қорғады. ## Зерттеулері және мансабы 1998 жылы Сайерс Түркияға оралып, Сабанжы университетінің негізін қалаушы факультетіне Ахмет Эвиннің серіктесі ретінде қосылды. Түрік өнеркәсіптік және қаржылық конгломерат Hacı Ömer Sabancı Holding A.Ş–пен құрылған Сабанжы университеті Сайерс оқытушы ретінде қызмет еткен алғашқы және жалғыз университет болды: ол 2010 жылы Қорды дамыту бағдарламасының директоры және 2018 жылдың ақпанынан қарашасына дейін уақытша президент болды. Оның зерттеулері рекомбинантты ақуыз өндірісін қарастырды және хроматин талшықтары мен жіп тәрізді ақуыздардың құрылымын қарастырды. Ол макромолекулалардағы құрылым мен функция арасындағы байланысты анықтауға тырысады. Сабанжы университетінде Сайерс бакалавриат бойынша оқытумен айналысты, пәнаралық, гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану пәндерін оқытуға арналған оқу бағдарламасын әзірледі. Зехра Сайерс 2022 жылы құрметті профессор атанды. Сайерс 2000 жылдан бастап Таяу Шығыстағы эксперименттік ғылым мен қолданбаларға арналған синхротрон-жарық (SESAME) жобасына қатысты. Жарық көзін 2017 жылы иорданиялық Абдулла II ашты. Оның пайымдауынша, синхротрондық жарық көздері әртүрлі ғылымдар мен ұлттардың ғалымдарын біріктірудің тиімді әдісі болып табылады. Ғылыми-консультативтік комитеттің тең төрағасы қызметін атқарған уақытында 100-ден астам жас ғалымдар синхротрондық сәулеленуді қолдануды үйренді. Зехра Сайерс 2002–2018 жылдар аралығында SESAME ғылыми-консультативтік комитетінің тең төрағасы қызметін атқарды. Сайерс түрік мемлекеті қолдаған Түрік жеделдету орталығы жобасының кеңесшісі болып жұмыс істеді. Элиезер Рабиновичимен бірге ол 2013 жылы TED x CERN -де SESAME бөлігі болып табылатын халықаралық ынтымақтастық туралы айтты. ## Таңдаулы басылымдары * Өзтүрік Левент; Язджи Мұстафа Атилла; Юджель Джемал; Торун Айфер; Чекич Джемал; Багджи Ахмед; Озкан Хакан; Браун Ханс-Йоахим; Сайерс Зехра; Чакмак Исмаил (2006). «Тұқымның дамуы мен бидайдың өнуі кезінде мырыштың концентрациясы және локализациясы». Physiologia Plantarum. * Сайерс Зехра; Кох Мишель Х. Дж.; Уитберн Сюзан Б.; Мик Кит М.; Эллиотт Джеральд Ф.; Хармсен Арнольд (1982). «Синхротронды рентгендік дифракция әдісімен қасаң қабықтың стромасын зерттеу». Journal of Molecular Biology. * Мик Кит М.; Эллиотт, Джеральд Ф.; Сейерс Зехра; Уитберн Сюзан Б.; Кох Мишель Х. Дж. (1981). «Қасаң қабық стромасындағы коллаген фибриллаларының рентгендік дифракциясының меридиандық көрінісін түсіндіру». Молекулалық биология журналы. ## Марапат пен құрмет * 2017 жылы SESAME ғылыми бағдарламасын құруға қосқан үлесін үшін EuroScience Rammal Award сыйлығымен марапатталды; * 2019 жылы Сайерс SESAME-ге қосқан үлестері үшін марапатты алған бес ғалымнан тұратын топтың құрамында Ғылым дипломатиясы үшін AAAS сыйлығын жеңіп алған бірлескен түрік және британ азаматтығының алғашқы адамы болды; * 2019 жылы BBC 100 әйелдің бірі ретінде аталды. ## Дереккөздер
Талапкер ауылдық әкімдігі – Ақмола облысы Целиноград ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы — Талапкер ауылы. ## Тарихы 2000 жылы бұрынғы Көктал ауылдық округінің Астана қаласына қосылмаған ауылдарынан құрылды. 2001 жылы Талапкер ауылдық округіне таратылған Шұбар ауылдық округі қосылды. 2007 жылы Қоянды ауылдық округі бөлініп шықты. 2019 жылы округтің Қызылсуат ауылы жаңадан құрылған Қызылсуат ауылдық округіне берілді. 2024 жылы Қажымұқан, Ыбырай Алтынсарин ауылдары дербес әкімшілік бірлік ретінде бөлініп шығып, Талапкер ауылдық округі ауылдық әкімдік болып қайта құрылды. ## Дереккөздер
Қаражар ауылдық әкімдігі – Ақмола облысы Целиноград ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы — Қаражар ауылы. ## Тарихы 2024 жылы Қараөткел ауылдық округінен жеке әкімшілік бірлік ретінде бөлініп шықты. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті — халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ведомствосы. ## Тарихы 2007 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрамында Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті болып құрылды. 2014 жылы Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті мен Көші-қон комитеті бірігіп, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті болып өзгертіліп, 2017 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілді. 2022 жылы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті, 2024 жылы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті болып өзгертілді. ## Міндеттері * Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жөніндегі, арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру * Еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және міндетті әлеуметтік сақтандыру, ақталған азаматтарды, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды, Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды, балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау саласындағы өз құзыреті шегіндегі мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асыру ## Құрылымы Комитеттің 6 басқармаcы бар (2023 жылға): * Персоналды басқару қызметі * Медициналық әлеуметтік сараптама басқармасы * Әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша басқармасы * Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру басқармасы * Еңбек жағдайларын бақылау және еңбекті қорғау басқармасы * Еңбек заңнамасын бақылау басқармасы ## Қарамағындағы мекемелер * Облыстар және Алматы, Астана, Шымкент қалалары бойынша департаменттер ## Дереккөздер
Ыбырай Алтынсарин ауылдық әкімдігі – Ақмола облысы Целиноград ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы — Ыбырай Алтынсарин ауылы. ## Тарихы 2024 жылы Талапкер ауылдық округінен жеке әкімшілік бірлік ретінде бөлініп шықты. ## Дереккөздер
Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қарашадағы № 257 қаулысымен бекітілген. ## Алтай ауданы ## Глубокое ауданы ## Зайсан ауданы ## Катонқарағай ауданы ## Күршім ауданы ## Марқакөл ауданы ## Самар ауданы ## Тарбағатай ауданы ## Ұлан ауданы ## Үлкен Нарын ауданы ## Шемонаиха ауданы ## Өскемен қаласы ## Риддер қаласы ## Дереккөздер
Есек Есенқұлұлы (Есекей-Есек мерген) (туған-өлген жылы белгісіз) – Кіші жүз батыры. Руы – Адай. 18-ғасырда Адай, Байұлы руларын бастап, Сауран маңынан Арал теңізінің солтүстік батысына қоныс аударады. Ембі, Темір, Ойыл өзендерінің бойын жайлаған қалмақтарға қарсы халық күресін басқарушылардың бірі болды. Есекей халық күресін басқарған шақ Жоңғар шапқыншылығынан туған 18 ғасырдың 1-жартысындағы «Ақтабан шұбырындының...» кезі еді. Қалмақтардың қысымынан қазақтар Орта Азия хандықтарын айналып Ембі, Елек бойына бет түзеген болатын. Есекей бастаған рулар Жем өзені бойына қоныстанды. Ел қамын ойлаған батырдың ісі кейінгі ұрпаққа аңызға айналған. Солтүстік Үстіртте Есекей атында топонимдер мен гидронимдер («Есек жал – биік», «Есет құдығы», «Жемнің құяр саласындағы арал», т.б.) көп сақталған. ## Дереккөздер
Дәуімшар Құттықадамұлы (1770–1810) - Ресей отаршылдығына қарсы күресте қазақ жерінің тұтастығын сақтауда көрсеткен ерлігімен, табандылығымен танылған батыр. Кіші жүз, Адай руынан шыққан. Әкесі Құттықадам Тікенекұлы (1705–1798) қалмақтармен шайқасқа қатысқан. Орталық Үстіртте, Білеулі керуен сарайынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде жерленген. Дәуімшар батыр жөнінде нақты деректер аз. Х.Досмұхамедов өз еңбегінде оны Атағозы, Сүйінқара, Өтен, Нарынбай, Қүлбарақ, Жапарберді, Мыңбай, т.б. атақты батырлармен тең қояды. Халық арасында Дәуімшар батыр туралы Жемнің сол жақ жағалауында зерттеу жұмыстарын жүргізген экспедициялық отрядпен (кейбір мәліметтерде орыстар, енді бірінде ағылшындар) болған ұрыста қаза тапты деген аңыз бар. Шайқаста қаза тапқандардың барлығы, соның ішінде қарсыластарының басым күшінен сескеніп, шайқасқа қатысудан бас тартқаны үшін Дәуімшардың өз қолынан қаза тапқан. Құдабай батыр да сол жерге жерленіп, ол жер Дәуімшар қорымы аталып кеткен. Батырдың бейітіне қару мен ат бейнеленген құлпытас орнатылған. ## Дереккөздер
Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 319 қаулысымен бекітілген. Тізімге Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 1486 қаулысымен өзгерістер енгізілген. ## Дереккөздер
Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 508-2075 қаулысымен бекітілген. Тізім Астана қаласы әкімдігінің 27.12.2022 № 508-3859 қаулысымен қолданыста. ## Дереккөздер
Кобби Боатенг Мейну (ағылш. Kobbie Boateng Mainoo; 19 сәуір 2005, Стокпорт, Манчестер) — англиялық футболшы, Англия Ұлттық футбол құрамасы мен "Манчестер Юнайтед" клубының қорғаушысы. 2024 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері. ## Жетістіктері ### Командалық «Манчестер Юнайтед» * Англия кубогы: 2023/24 * Жастар арасындағы Аеглия кубогы: 2021/22 Англия * Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 2024 ### Жеке * Англия чемпионатында үздік жас ойыншы: 2022/23 * Англия чемпионатының үздік голы: ақпан 2024 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Қазақстан Республикасының Президенттік Резиденциясы — Алматы қаласында орналасқан мемлекет басшысының резиденциясы. Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері қатарынан алынып тасталды. ## Тарихы 1979 жылы Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаевтың бұйрығымен В.И.Ленин атындағы мұражайдың филиалы салу туралы шешім қабылданды. Құрылыс жобасын Қонаевтың өзі бекітті. Құрылыс 1983 жылы басталды. 1986 жылы желтоқсанда Қонаев бірінші хатшы қызметінен алынып тасталды. Сонда Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының ұсынысымен мұражай құрылысы тоқтатылды. Ол кезде нысан 90%-ға құрылып болған еді.1993 жылы құрылыс қайта басталды, бірақ ғимараттың мақсаты өзгерді: ол Қазақстан Президентінің резиденциясы ретінде аяқталды. Құрылыс 1995 жылы аяқталды. 1997 жылы Қазақстан астанасы Ақмолаға (қазіргі Астана) көшірілгеннен кейін ғимарат президенттік резиденция мәртебесін сақтап қалды. ### Өрттелуі мен салдары 2022 жылдың 5 қаңтарында үкіметке қарсы наразылық кезінде нарызы халық Резиденция ғимаратын басып алды. Олар ғимараттың бірінші қабатына көлікті кіргізіп, оны өртеп жіберді. Өрт пен жарылыс ғимаратты түбегейлі қиратып, екінші қабаттың тірек құрылымын зақымдады. Ғимаратқа келтірілген зақымдарды зерттеумен Қазақстандық көпсалалы қайта құру және даму институтының мамандары айналысты. Олардың пікірінше, ғимаратты қалпына келтіруге болатын еді. 2022 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы резиденция толық қалпына келтірілетінін жариялады. Алайда, 2 наурыз күні Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың резиденцияны бұзу және осы жерде саябақ салу туралы шешімі туралы хабарлады. ## Сәулет өнері Бас сәулетші Қ.Монтақаев; сәулетшілер: С.Баймағамбетов, Қ.Нұрмамбетов, О.Цой. Жобалаушы Т.Ш.Алпысбаев. Ғимарат монументалды құрылым ретінде жобаланған. Резиденцияның мұндай құрылымдық-кеңістіктік шешімі қасбеттің архитектурасымен жұмыс істеу еркіндігін және ішкі көп деңгейлі жоспарлау құрылымының икемділігін қамтамасыз етті. Ғимараттың архитектуралық семантикасында басты рөл ақ Каррара мәрмәрінің үлкен қара көк витраждармен үйлесіміне арналды, бұл резиденцияға салтанатты және ресми көрініс берді. Ғимараттың ішкі беті қазақ ою-өрнектерімен безендірілген. Қабылдау залының дөңгелек күмбезі Қарғалы диадемасына негізделе отырып бедерлі суреттермен көмкерілген. Резиденцияның батыс бөлігінде заманауи өнер туындыларымен безендірілген саябақ салынды . ## Ескерткіш мәртебесі 2000 жылғы 16 қазанда Резиденцияның сәулет кешені Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілді. 2022 жылғы қаңтарда Алматыда болған наразылықтар кезінде келтірілген залалдан кейін резиденция Қазақстан Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы 2022 жылғы 27 сәуірдегі бұйрығымен Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізімінен алынып тасталды. Жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң бұйрық қолданысқа енгізілді. ## Тағы қараңыз * Ақорда ## Дереккөздер
Әлихан Әсетұлы Әсетов (26 қыркүйек 1996, Өскемен) —— қазақстандық хоккейші, шеткі шабуылдаушы. Қазіргі уақытта Астананың «Барыс» ҚХЛ клубының ойыншысы. ## Өмірбаяны Әлихан хоккейді туған жері Өскеменде, жергілікті «Торпедо» мектебінде бастады. 2012/2013 жылғы маусымда ол жасөспірімдер құрамасы сапында Ресей чемпионаты деңгейінде, Сібір-Қиыр Шығыс аймағында дебют жасады, сондай-ақ «Қазмырыш-Торпедо-2» ересектер командасында Қазақстан чемпионаты деңгейінде бір матч өткізіп, осылайша кәсіби деңгейде дебют жасайды. 2013 жылдан бастап Әлихан астаналық «Барыс» жүйесінде өнер көрсетіп келеді. Алғашында ЖХЛ чемпионаты деңгейінде «Қар барыстары» командасында тұрақты ойнады, кейін Қазақстан чемпионаты деңгейінде өнер көрсететін «Номад» командасына және 2015 жылдың 10 қазанында «Барыстың» өз алаңында жаңасібірдің «Сібір» командасына қарсы ойынына қатысып, ҚХЛ-да дебют жасады. 2016/2017 маусымында Номад құрамында Әсетов Қазақстан чемпионы атанды. 2018 жылдан бастап Әлихан Әсетов «Барыстың» негізгі ойыншысы атанды, тек мезгіл-мезгіл фарм-клубына күшейту үшін шақырылады. 23/24 маусымының басынан бері ол ҚХЛ титулдық серіктесі Фонбеттің Қазақстандағы амбассадоры болды. ## Құрамада Әлихан кіші жастан бастап, Қазақстанның негізгі құрамасына қосылғанға дейін дамудың барлық таптарынан өтті. 2017 жылы Алматыда өткен өз алаңындағы Универсиадада ұлттық құрамамен бірге жарыста күміс жүлдегер атанды. 2021 жылы алғаш рет 2021 жылдың 21 мамыры мен 6 маусымы аралығында Латвияда өткен әлем чемпионатына қатысып, осы турнирде Қазақстан құрамасының капитаны болды. 2023 жылы әлем чемпионатының ашылу матчында оның оң қолы сынып, жарыстағы өнерін мерзімінен бұрын аяқтады. ## Жетістіктері * 2013 жылғы U-18 әлем чемпионы (1 дивизион В тобы) * 2014 жылғы U-18 әлем чемпионатының қола жүлдегері (1 дивизион А тобы) * 2015 жылғы U-20 әлем чемпионы (1 дивизион В тобы) * 2016 жылғы U-20 әлем чемпионатының қола жүлдегері (1 дивизион А тобы) * 2017 жылғы Қазақстан чемпионы * 2017 жылғы Универсиаданың күміс жүлдегері * 2018 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері (1 дивизион А тобы) * 2019 жылғы әлем чемпионы (1 дивизион А тобы) ## Дереккөздер
Сырдария ауданы — 1928-1997 жылдары болған Қызылорда округі, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарындағы әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы — Тасбөгет кенті. ## Тарихы Аудан 1928 жылы Қазақ АКСР Қызылорда округінің құрамында Қызылорда ауданы деген атпен құрылды. Орталығы Қызылорда қаласы болды. 1930 жылы аудан Қазақ АКСР-нің тікелей қарамағына өтті. 1932 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының, 1938 жылы Қызылорда облысының құрамына енді. Кейін Қызылорда ауданының атауы Сырдария ауданы болып өзгертілді. 1958 жылы 28 қаңтарда Сырдария ауданының орталығы Қызылорда қаласынан Тасбөгет кентіне көшірілді. 1963 жылы 2 қаңтарда Тереңөзек ауданы таратылып, аумағының бір бөлігі Сырдария ауданына қосылды. Аудан орталығы Тасбөгеттен Тереңөзек кентіне көшірілді. 1966 жылы Тереңөзек ауданы Сырдария ауданынан бөлініп, аудан орталығы қайта Тасбөгет кентіне көшірілді. 1986 жылы ауданда Тасбөгет кенті мен 11 ауылдық кеңес болған: Айдарлы, Ақжарма, Жамбыл, Жетікөл, Интернационал, Киров, Қызылжарма, Ленин, Октябрь, Первомай және Тартоғай. 1997 жылы 17 маусымда Сырдария ауданы таратылды. Таратылған ауданның Айдарлы, Бесарық, Қоғалыкөл ауылдық округтерінің және Ленин ауылдық округі Амангелдi ауылының аумағы Тереңөзек ауданына, Сұлутөбе, Тартоғай ауылдық округтерінің аумағы Шиелі ауданына қосылды. Қалған аумақ Қызылорда қаласының қарамағына өтті. Сол жылы 10 қыркүйекте Тереңөзек ауданы Сырдария ауданы болып қайта аталды. ## Халқы ## Дереккөздер
Макс Мата (ағылш. Max Andrew Mata; 10 шілде 2002 жыл, Окленд) — жаңа зеландиялық футболшы, шабуылшы. ## Жетістіктері ### Командалық Жаңа Зеландия * ОФК Ұлттар кубогы жеңімпазы: 2024 ## Дереккөздер ## Cілтемелер * Профилі
Футболдан Қазақстан Кубогы 2024 — турнирдің 32-ші маусымы. 32 команда қатысады. ## Топтық турнир ### A тобы ### B тобы ### C тобы ### D тобы ### Е тобы ### F тобы ### Плей-офф ## 1/8 финал ## 1/4 финал ## 1/2 финал ## Финал
Қазақстан лига кубогы (бейрасми атауы 1XBet League Cup) — 2024 жылдан бастап Қазақстанда ұйымдастырыла бастаған футбол турнирі. ## Тарихы Алғашқы турнир 2024 жылы өтті. ## Сипаттамасы Турнирге негізінен премьер лигада ойнайтын клубтар қатысады және төменгі лигада ойнайтын кей клубтарға да рұқсат етіледі. Турнир топтық кезеңнен бастау алады. ## Жүлдегерлер ## Дереккөздер ## Сілтемелер * https://qfl.kz/league/league-cup/
Қазақстан лига кубогы 2024 — турнирдің бірінші маусымы. 16 команда қатысты. ## Топтық турнир ### А тобы О — ойындар, Ж — жеңістер, Т — тең түскен ойындар, Ұ — ұтылыстар, Голдар — соғылған және жіберілген голдар, ± — голдардың айырмашылығы, Ұ — ұпайлар ### В тобы О — ойындар, Ж — жеңістер, Т — тең түскен ойындар, Ұ — ұтылыстар, Голдар — соғылған және жіберілген голдар, ± — голдардың айырмашылығы, Ұ — ұпайлар ### С тобы О — ойындар, Ж — жеңістер, Т — тең түскен ойындар, Ұ — ұтылыстар, Голдар — соғылған және жіберілген голдар, ± — голдардың айырмашылығы, Ұ — ұпайлар ### Д тобы О — ойындар, Ж — жеңістер, Т — тең түскен ойындар, Ұ — ұтылыстар, Голдар — соғылған және жіберілген голдар, ± — голдардың айырмашылығы, Ұ — ұпайлар ## Жартылай финал ## Финал
Футболдан Қазақстан Кубогының финалы 2024 — турнирдің 32-ші маусымының финалдық ойыны. "Ақтөбе" мен "Атырау" клубтары өзара кездесті. ## Матч ### Детальдар ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Шолу
Бәймембет Маяұлы (туған жылы белгісіз – 1870) – би, ел басшысы. Әкесі Маяның жолын ұстанып жастайынан билікке араласқан. 1844 жылы енгізілген қыр қазақтарын басқарудың жаңа ережесі бойынша Адай елінің Жоғарғы дистансасының басшысы (1867). Патша үкіметі берген атағы зауряд хорунжий. Маяұлының қолдауымен Сарытасқа орыс балықшылары келіп орнығып батаға салып, оның жұмысына қазақ кедейлері жалданды. Айырбас саудасы өрістеді. Сөйтіп, далаға біртіндеп өркениет келе бастады. Маяұлы орыс патшалығының күшін, оған Хиуа хандығының қарсы тұра алмайтынын, сол себепті ханның қазаққа қамқор болып жарытпайтынын жақсы білді. Ресей патшалығының отаршылдық саясатына қарсы тұрудың қазақ халқы үшін “пайдасыздығын” уағыздаған. Хиуа хандығына тәуелді болғаннан гөрі орыс елінің қол астына кірген тиімді деп есептеген. Орысқа қарсыласпау, бейбіт қарым-қатынаста болу саясатын ұстанды. Осы көзқарасы үшін Ғафур Қалбыұлының бастауымен езгіге қарсы көтерілген жерлестерімен араздасқан. 1870 жылы 15 наурызда көтерілісті басу үшін аттанған Маңғыстау приставы подполковник Рукиннің әскери жасағына Бәймембет жолбасшы болады. 25 наурызда Үшаұыз деген жерде көтерілісшілермен болған ұрыста Бәймембет қазаға ұшырайды. Елді Хиуа ханының үгітіне еріп орысқа қарсы шықпауға үндеді. 1870 жылы ояз бастығы Рукин жасағының құрамынан табылғанда оның мақсаты үкімет пен көтерілісшілерді бейбітшілікпен келісімге келтіру еді. Бірақ ол мақсатына жете алмады. Қарбалас қақтығыста қаза болды. Бәймембет есімін Қалнияз Шопықұлы (1816–1902), Қашаған Күржұманұлы (1841–1929), Өмір Қараұлы (1859–1922), т.б. ақындар жырға қосты. Мая ауылы Бәймембет би Маяұлының рухына арнап 1871 жылы Каспий жағасында Сартас жерінде ас берген. ## Дереккөздер
2024 жылғы Демократиялық партия ұлттық съезі — америкалық Демократиялық партия делегаттарының сол жылы сайлануға баратын үміткерлерін және бағдарламасын таңдау рәсімі. Съез барысында Камала Харристің президенттікке және Тим Уолзтың вице-президенттікке үміткерліктері ресмиленді. Съез 19–22 тамыз күндері Иллинойс штатының Чикаго қаласында өтті. Делегаттар 1–5 тамыз аралығында жалғасқан онлайн және телефон арқылы дауыс беру арқылы Харристі президенттікке ұсынды. Харрис АҚШ-тағы ірі саяси партияның президенттігіне кандидаты болған алғашқы қара нәсілді әйел және Оңтүстік Азиядан шыққан алғашқы адам және Батыс Америка Құрама Штаттарынан шыққан Демократиялық партияның президенттікке тұңғыш кандидаты болып шықты. Бұған дейін, 12 наурызда, қазіргі президент Джо Байден праймериз кезінде дауыстың көпшілігін алып, болжамды үміткер болды. Дауыс беру күндеріндегі қайшылықтар нәтижесінде Демократиялық Ұлттық комитет 20 маусымда онлайн түрде мерзімінен бұрын дауыс беруге мәжбүр болды. 27 маусымдағы пікірсайыстағы сәтсіз нәтижесінен және 21 шілдедегі кандидатурасынан бас тартуы туралы шешімінен кейін Байден Харристі қолдады. Басқа да партияластардан қолдау көрген Харрис келесі күні жаңа болжамды кандидат болу үшін жеткілікті партия делегаттарының қолдауына ие болды. Әдеттен тыс болған бұл Байден–Харрис ауысуын The New York Times «қазіргі заманда» болған сайлауалды науқандардың барлығынан ерекше деді. ## Алғышарттары Съез өтетін жер таңдау барысында 2024 жылғы 11 сәуірде Демократиялық Ұлттық комитет Атланта, Чикаго мен Нью-Йорк арасынан Чикаго қаласын таңдағанын жариялады. Республикашылар басқаратын Джорджия штатының ұсынылған жерде Республикалық партияның тікелей сөзі бар екендігінен және мэрдің әлі де салыстырмалы түрде тәжірибесіз екендігінен көпшілік Атлантаға қарсы болды. Чикагоның пайдасына тиген себептердің бірі Иллинойс штатының губернаторы Джей Би Прицкердің шараны қайырымдылық және, қажет болған жағдайда, өз қаражаты арқылы қаржыландыруға уәде бергені болды. Чикагоны 1931 жылдан бері демократтар басқарып жүр және көк штаттар бекінісі саналатын оның Иллинойс штаты 2020 жылғы президенттік сайлау кезінде Мичиган, Миннесота және Висконсиннің Орта Батыс штаттарына да әсер етті. Чикаго АҚШ тарихында осындай іс-шараларды ең көп өткізген қалалардың бірі болды, қала ішінде екі ірі партияның 26 ​​түрлі ұлттық съездің орын алғаны белгілі. Бәсекелес 2024 жылғы Республикалық Ұлттық съез шамамен бір ай бұрын Висконсин ауытқымалы штатындағы Милуокиде өтті. 2024 жылғы 27 маусымда CNN Атланта, Джорджия қаласында президент Джо Байден мен Дональд Трамп арасындағы 2024 жылғы президенттік сайлау науқанының бірінші телепікірталасын өткізді. 2022 жылғы аралық сайлаудан бері сауалнамаларда өзін нашар көрсетіп жүрген және сол теледебатта сәтсіз болған Байденге президенттігіне кандидатурасын тоқтатсын деген қысым күшейді. Науқан донорлары қаржы бөлуден бас тартты, Конгресстің отыздан астам демократ мүшелері Байденнен бас тартты да, аса ықпалды Нэнси Пелоси «сахна артында» шешімнің жылдам қабылдануына өз септігін тигізді. Жексенбіде, 2024 жылғы 21 шілдеде Байден Делавэрдегі үйінен әлеуметтік желіде қайта сайлануға бармайтынын және сайлауалды науқанын тоқтатқанын хабарлады. Байден сондай-ақ өзінің вице-президенті Камала Харристің Демократиялық партия атынан президенттікке баруын қолдады. 2024 жылғы 1 тамызда басталған партия съезі делегаттарының виртуалды ерте дауыс беру нәтижесінде Харрис пен Тим Уолз 2024 жылғы 2 тамызда өздерінің кандидатуралары үшін қажетті көпшілік дауысқа ие болған еді. Сол кезде делегаттардың 99 пайызы Харристің президенттікке кандидаттығына дауыс беретінін жариялаған еді. 2024 жылғы 6 тамызда партия төрағасы Джейми Харрисон мен Демократиялық Ұлттық Конгресс комитетінің төрағасы Миньон Мур партия съезі 4,567 делегаттың (99%) Харриске дауыс бергенін және Харристің осылайша Демократиялық партияның президенттігіне ресми кандидаты болғанын жариялады. ## Наразылық және қауіпсіздік шаралары 2024 жылы болғалы съез бен 1968 жылы өткен Демократиялық ұлттық съез арасында болмақ болған ұқсастықтар көп еді. Осы себептен наразылық шығады дегенді күткен ұйымдастырушылар Чикагода күшейтілген қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру талқылады. 1968 жылы Линдон Б. Джонсон Джо Байдендей қайта сайланудан бас тартты және кандидат ретінде праймеризге қатыспаған Камала Харристей Хуберт Хамфри таңдалмақ болған еді. Сол кезде халық, әсіресе жастар, Вьетнам соғысына қарсы наразылық көрсетсе, 2024 жылы бұл наразылықтар Газа секторындағы соғысқа қарсы болған. Оған қоса екі жылы да «саяси зорлық-зомбылық» орын алды; 1968 жылы партия съезі алдында Мартин Лютер Кинг пен Роберт Кеннедиге қарсы қастандық жасалса, 2024 жылы Дональд Трампқа қастандық жасалды. Басқа пікірлер Чикаго полиция департаментінің демонстранттармен әрекет ету тактикасының түбегейлі өзгергенін және жалпы Газа соғысының Вьетнам соғысы сияқты халықты, демократтарды бір-бірінен аса бөлмейтінін айтты. Партия съезі барысында Палестина құқықтары мен Газадағы соғыс сияқты түрлі мәселелер бойынша бірнеше шерулер тіркелді. Алғашқы наразылық шаралары жексенбі күні ашылу алдында орын алды және оларға бірнеше мың адам қатысқан. Наразылық шаралары, оған қоса, заңды түрде аборт жасай алу құқығын және ЛГБТ құқықтарын кеңейтуге шақырды. March on DNC 24 атты жоспарланған наразылық шаралары дүйсенбі күні түске жақын Union Park-та басталып, Юнайтед-сентр айналасындағы кептеліске әкелді. Кептеліс ұзаққа созылмай, төрт-алты демонстрант қамауға алынды. Наразылық шеру, ең алдымен, Палестина құқықтары үшін, сонымен қатар Black Lives Matter сияқты себептерден басталған көрінеді. ## Жоспары Өткізілетін орын ретінде 1996 жылы Демократиялық партияның ұлттық съезі өткен Чикагодағы Юнайтед-сентр таңдалды. Сонымен қатар, съездің Демократиялық Ұлттық комитеттің штаб-пәтері болған МакКормик Плейс конгресс орталығында да өтетіні белгілі. Оқиға барлық негізгі теледидар желілерінде, кабельдік жаңалықтар бағдарламаларында, өзге қызметтерде және DNC 2024 уэб-сайтында көрсетілді. Бұл жолы Демократиялық партияның съезіне қатысуға барлығы 4,521 делегат шақырылды. Ұсыну үшін кандидатқа кемінде 1,886 дауыс қажет (сайлауда белгілі бір президенттік кандидатты сайлауға міндеттелген делегаттардың ішінен). Камала Харрис тамыз айының басында виртуалды дауыс беруде 4567 делегат дауысын немесе 99 пайыз дауыс жинаған болатын. Жеке күндер тақырыптарға сәйкес жоспарланды. Іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес бұл тақырыптар: * Дүйсенбі, 19 тамыз: Халық үшін (For the People). Ашылу күні Чикаго мэрі Брэндон Джонсон қатысушыларды қарсы алды. Сөз сөйлеушілер арасында Хиллари Клинтон, Джилл Байден мен прайм-таймда алауды Харриске беруі тиіс президент Джо Байден болды. * Сейсенбі, 20 тамыз: Америка болашағына батыл қарау (A Bold Vision for America's Future). Иллинойс штатының губернаторы Джей Би Прицкердің құттықтауы екінші күнге жоспарланған болатын. Харристің күйеуі Даг Эмхофф, сонымен қатар Мишель мен Барак Обама сөз сөйледі. * Сәрсенбі, 21 тамыз: Бостандықтарымыз үшін шайқас (A Fight for Our Freedoms). Билл Клинтон, Нэнси Пелоси мен Пит Буттиджич сөз сөйледі де, вице-президенттікке кандидат Тим ​​Уолз өз кандидатурасын ресми түрде қабылдады. * Бейсенбі, 22 тамыз: Болашағымыз үшін (For Our Future). Камала Харрис соңғы күні президенттікке кандидатурасын қабылдады. ## Партия бағдарламасы Партиялық съезге әзірленген тоқсан екі беттік партия бағдарламасы Джо Байден қайта сайланудан бас тартқанына дейін құрастырылған еді. Ол ең алдымен экономиканы өсіру, әлеуметтік әділет пен отбасын жоспарлау құқығын қорғау сияқты ішкі саясат мақсаттарына назар аударды. Жобада Байденнің экономикалық және саяси жетістіктері атап өтілді. Израильге қарсы қару эмбаргосы және Газа соғысында атысты тоқтату туралы үндеу назардан тыс қалды. Израиль саясаты демократтардың партияішілік келіспеушіліктің негізгі себептерінің бірі болды. ## Ескертпелер ## Дереккөздер
Мая би Әнетұлы (шамамен 1750 жылы туған – өлген жылы белгісіз) — Адай еліне әйгілі би болған, баласы Бәймембетпен екеуі де тарихта аттары қалған адамдар. Жас кезінде Әнет әкесі сынап би боларын болжағандай, Мая би атанып, елді басқарған адам. Оның ғұмырнамасы айқын емес, дей тұрғанмен аты тарихқа белгілі адам. Оны сол кездегі Хиуа билеушілері де, орыс чиновниктері де танып мойындаған. Ол ел билеуге араласқан, патша үкіметінің чиновниктерімен де, Хиуа ханымен де үнемі байланыста болған адам. Өз туысы Қырымқұлдың Қалбысымен қатар ел билеген, Қалбы сынды өз баласы Бәймембетті де билікке, ел басқаруға ерте баулыған адам ретінде көрінеді. Мүрдесі Кетік пен Таушық арасындағы ұлы жол бойында, өз атымен аталатын қауымда. ## Шежіре Адай Батыр – Келімберді – Мұңал Батыр – Бәйімбет – Алдаберді – Райымберді – Текей – Әнет – Мая ## Оқиға 1834 жылы Қызылтаста 500 адам әскер ұстайтындай Ново-Александровск қамалы салынып бітті. Хиуа хандығы іргесіне тықыр таянғандығын бірден сезді. Ол жаңа қамалдан онша қашық емес «Ешкіқырған» құдығының басында отырған Мая Әнетұлы биді шақырып алып, орыстардың қамал салып жатқанын неге хабарламадың, 300 адамдық отрядты неге қырып жібермедің деп айыптап, 11 күн бойы сыртқа шығармай қояды. Карелин артынан армян саудагері Турпаев пен Бәймембет би Маяұлыны хабар біліп келуге жібереді. Хиуалықтар ол екеуін де ұстап алып, ханға апарады. Аллақұл хан Баймәмбетті аманатқа алып, Маяны 900 діллә айып төлеуге еліне жібереді. Қазақтар хан қаһарынан 60 түйе, 1000 сом, 1000 жылқы, 180 өре киіз айып төлеп әзер құтылады... Мая ауылы Бәймембет би Маяұлының рухына арнап 1871 жылы Каспий жағасында Сартас жерінде ас берген. ## Дереккөздер
Шотан Назарұлы (1705–1786) — қазақ батыры. Тегі — Кіші жүз Адай руынан шыққан. Шотанның анасы Мақпалжан - Қаратоқай Беріш руынан, атақты Есболай бидің қарындасы. Жоңғар шапқыншылығы кезінде Түркістан қаласының маңында болған ұрыстарда ерекше көзге түсті. 1739–1742 жылдар аралығы Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Хангелді, Өтеген батырлармен бірге Ұлы жүз жерін Серен Дондук пен Септеннің 35 мыңдық жасағының шабуылынан қорғау ұрыстарына қатысып, қазақ қолының бір бөлігіне басшылық етті. 1739–1740 жылы қыста жоңғарлардың қазақтарды Бетпақтың суығына ұстап қырмақ болған әрекетін іске асыртпай, табандылықпен шайқасты. Шотанның есімі 1750 жылдан кейінгі деректерде аталмайды, соған қарағанда кіші қалмақ ордасымен болған шайқастардың бірінде қаза тапқан болуы керек. Шотан батыр есімі түрікмендермен болған шайқастарда да көп кездеседі. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына байланысты Маңғыстау ауданының қарашаңырағы болып есептелетін Тұщықұдық жерінде халықтың ұмытылмас тұлғаларының қатарындағы, жоңғарлармен шайқаста қазақ жерін қасықтай қаны қалғанша қорғаған халық батыры Шотан Назарұлына және Ұлы Отан соғысында бастан-аяқ болып, елге аман оралып, халық шаруашылығын қалпына келтіруде қажырлы еңбек еткен Иса Жанәділұлы, Қалмырза Жұмалыұлы, Шаңытбай Ибаұлына көше аттары беріліп, дүбірлі той өткізілмекші. Халық өзінің ерен тұлғаларын қаншама тауқымет тартса да, ес­терінен шығарған жоқ. Жұртымыз талай рет небір басқыншылықты басынан өткізіп, шаңырағы ортасына түсіп, құрып кетуге айналды. Сол бір кездерде: «Жаным – арымның садағасы, арым – халқымның са­да­ғасы» деп елін сүйген, жанын шү­берекке түйген, небір жүрек жұт­қан батырлар, қазақ елінің қай жерлерін­де де атқа қонып ерлік істері мен даң­қын паш етті. Біздің бүгінгі әңгімеміз­дің арқауы – жоңғарлармен жан алып, жан беріскен сұрапыл жылдарда жасақтың бас сардары болған Шотан Назарұлы. Шотан 1705 жылы Әзіреттің Ала­тауының Қазығұртқа қараған беткейін жайлаған Адай ауылының белгілі биі және батыры Назардың шаңырағында дүниеге келген. Шотанның әкесі Назар – 1684 жыл­дардың шамасында туған, әрі би, әрі батыр, халқының алдында үлкен беделге ие болған тұлға. Адай тайпасында Қыдыр көрген үш Назар бар деп атайды. Олардың бірі – осы Жары Назар, Ескелді Саназар, Жаңай Қожаназар делінеді. Жары Назар Әйтеке бидің жиені және айырылмас досы болған. 1722 жылдың көктемінде Әбілқайырдың өткізген жиынында туған жерді уақытша жауға қалдырып, елді аман алып қалуды, ол үшін қыс түсіп, мұз қатқасын Сырдан өтіп, малды түгелдей өткізіп, жаз шыға қозғалу мәселесін бірінші Назар ұсыныпты. Әскер ісімен айналысуға табын Бөкенбай мен Көкінің Есеті бөлінген. Әбілқайыр өзінің сөзінде белді бекем буатын мезгілдің келгенін, сондықтан да Еділ мен Жайықтың арасына сұғынып торғауыт пен башқұртты ығыстыруды нысана етпесе болмайтынын айтып, шешім қабылдайды. Мінеки, Әбілқайыр осылай өзіне қарасты халықты жұрт аударуға тас-түйін даяр етіп қояды. Айтқандайын 1723 жылдың ерте көктемінде Сыбан-Раптан жүз мыңның үстінде мұздай қаруланған әскерін қазақ еліне төгіп жібереді. Әбілқайыр қалмақ қолымен Қара­таудың Сұғындық асуында кездеседі. Осы соғыста Шотан өзінің ерекше ерлігімен көзге түскен болатын. Соғысты алыстан бақылап тұрған Әбілқайыр астында жүйткіген шұбар аты бар, өте жылдам қимылдайтын бір жігіттің қалмақтың ұйыққан ортасына қойып кетіп, жайратып шығып жүргенін көріп және артындағы бес жүздей нөкерінің одан екі елі қалмай жауға үлкен шығын келтіріп, жапырып бара жатқанына қуанып, қасындағылардан сұрағанда, қасында тұрған Мырзатай: «Ол Назар ағаның баласы Шотан ғой, үлкен ұрысқа бірінші кіруі», – дейді. Сонда Әбілқайыр: «Бірінші соғысып тұрғаны мынадай болса, бұдан кейінгі соғыстарда аман болса қалмақтарға жіберген Алланың жаналғышы десейші», – деп басын шайқап, күліп ризалығын білдіреді. Сол соғыста Бөкенбайдың ту сыртынан есік пен төрдей жерден келіп найза ұрғалы жатқан еңгезердей қалмақты байқап қалған Шотан шалт қимылмен қолындағы найзаны одан бұрын сілтеп, найза кеңірдектен шаншылып, өкіріп арт жағындағы құлап бара жатқан қалмақты енді аңғарған Бөкенбай найзасын суырып алып жатқан Шотанды көргенде өзін ажалдан арашалаған жасқа риза болады. Сол жерде шатқалға қамап, он мыңдай қалмақты біреуін қалдырмай қырған Әбілқайыр қолының ішінде асқан ерлік көрсеткен Шотанды табын Бөкенбайдың ұсынысымен он екі ата Байұлының «Бас сардары» етіп бекітіпті. Сол жерде Әбілқайыр Шотанға «Жұлдызың жарқырай берсін, Шотаным», – деп батасын беріпті. Он екі ата Байұлының Шотан басқарған қолы Жем бойын жағалай қоныстанып отырған Лекбай тайшының әскерін талқандап, бес жүз үймен отырған ауылын шауып, үлкен олжа түсіреді. «Қалмақ қырған» деген атау бұл жерде қалған. Сонымен қатар Шотан Ақтабан шұбырынды кезінде башқұрттар иеленіп ал­ған Ырғыз, Елек, Ор, Қарғалы, Қара­бұтақ жерлерін дұшпанның қарсылық­тарына қарамастан қайтарып алды. Әбілқайыр бастаған қалың қол 1728 жылдың көктемінде Сарысудың оңтүстік батысындағы Бұланты өзе­нінің жазығында қалмақтың үлкен қолымен кездеседі. Сол кезде қалмақ жағынан шыққан батыр: «Осында Саңырық бар ма, батыр болса менімен жекпе-жекке шықсын, егер қорықса ең мықтысын жіберсін», – деп айқайды салып ортаға шыға келіпті. Атын атап шақырғасын жекпе-жекке шықпай қалуға болмайтынын білетін Ұлы жүздің бас сардары Саңырық атынан түсіп, айылын қайта тартып жатқанда Әбілқайыр келіп: «Саңырық атыңды атай берсін, ол жоңғар қолының бас сардары емес қой, сіздің орныңыз басқа ғой, басқа жас нояндардың бірі шығар», – деп еді, Саңырық: «Көптен бері жекпе-жекке шықпап едім, Құдай бергенін қайтып алмаса желкесін үзіп келейін», – деп атына міне бергені сол еді, қалың қол шу ете түсті. Әбілқайыр да, Саңырық та жекпе-жекке шақырған қалмаққа қарай оқша ұшып бара жатқан адам ба, үлкен шұбар жолбарыс па айырып жатуға болмайтын біреудің жылдамдықпен барып өте шыққанда қалмақтың атынан қалай құлағаны байқалмай қалыпты. Қайта оралған бетінде жығылған қалмақтың басын Саңырықтың алдына әкеліп тастап, өзі ортаға кіріп, көрінбей кетіпті. Жаңағы адамның кім екенін Әбілқайыр ғана танып қалыпты. Ол дулығасының астынан ақ жібек орамалмен бетін тұмшалап алған Шотан еді. Таңғалып тұрған Саңырыққа қарап Әбілқайыр: «Сәке, кешірім өтінемін, сіздің сыбағаңызды рұқсатсыз пайдаланып кеткен біздің бір жас сарбазымыз», – дегенде, Саңырық: «Ойпырмай, өзі адам ба, мен көмекке келген пірлердің бірі шығар деп едім», – деп күледі.Шотан бұл соғыста да он екі ата Байұлы жасақтарын бастап, қалмақ қолын бөліп, қоршап алып қырып тастайды. Бұланты соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін барлық әскерді сапқа тұрғызып, алдына Саңырық шығып, Шотанға: «Өркенің өссін, інім, жаудан сағың сынбасын, даңқың арта берсін», – деп күмістелген ер-тоқымды күрең арғымақты және алтын балдақты алмас қылышты сыйға тартыпты. 1730 жылғы соғыста да Шотан ерекше көзге түседі. Қалмақтар тау шатқалында бекініп алып, қазақ қолы жазық далада, күннің астына қалған жерде Шотанның ақылымен жауды жеңіп шығады. 1754 жылдың басында Абылай үш жүздің біріккен құрылтайын шақырады. Абылай сөзінде жоңғар үшін, қала берді, қазақ үшін ең қауіпті жау өзін жарым дүниенің әміршісі деп есептейтін Қытай мемлекеті екенін ашық айтады. Сол кезде қазақ елінің кейбір жерлерін жоңғарлар иемденіп отыр­ған болатын. Кеңестің белгілеуі бойынша қазақ қолы мамыр айының ортасында Аягөз өзеніне – Ақшәуліге жиналуға сөз байласады. Бұл соғыста бес мың қолды бастап Ералы сұлтан мен Шотан келеді. Абылай әскербасыларымен жиын өткізіп, жауға үш бағытта аттана­тын болады. Хан жасағын қосып Абылайдың өзі жүреді. Соғыс басталғанда Абылай мен Ералы сұлтан азғантай нөкерлерімен биіктеу жерге шығып, соғыстың барысын бақылай бастайды. Шотан бастаған топтың жоңғарды қынаша жайпауы назарды бірден аударды. Абылай Шотанға садақтан атылып жатқан жебелер мен мылтық оқтарының біреуі дарымай, сілтеніп жатқан шоқпар мен айбалтаның біреуі тимей жатқанына таңғалғаны сондай: «Мына Шотан батыр құдіреттің өзі екен ғой, тусаң ту», – депті. Шотанның оққағарының бар екендігіне, қасиетті батыр екендігіне Абылайдың көзі жетіпті.Шотанның қолы қалмақтарды тұ­тастай қоршауға алғанда қалмақтар ақ жалау көтеріп, бас сауғасын сұрап­ты. Шотан Абылайға қараған екен, Абылай: «Жауды жеңген сіз, билік жеңген адамдікі, сондықтан ше­шімді өздеріңіз алыңыздар», – дейді. «Егер олай десеңіздер, қал­мақ­тардан бұдан былай қазаққа қол көтермейміз деген антын алып, қару-жарақтарын алып, өздеріне екі адамға бір ат-көліктен беріп, елдеріне қайтарамыз және елін көшіріп, жоңғар қақпасынан әрі кететін болады» депті. Шотанның керемет ерлігіне және оның қанқұмар еместігіне, үлкен ақылдылығына Абылай іштей разы болады. Адайлардың негізгі тайпалары 1740–1741 жылдардың шамасында Доңызтау, Желтау, Қарақұм, Аспантай-Матай, Сам құмдарын қыстап Маңғыстауға қарай бағыт алған. Өткен тарихи деректерді азды-көпті айтып кеткен ақындар Абыл, Нұрым, Ақтан, Қалнияз, Мұрат, Аралбай, Сәттіғұл, Сүгірлерден, Айтқұл, Шамығұлдардан қалған әңгімелер бар. Кәрі Маңғыстау – талай аузы дуалы билерінің кесімді адал биліктеріне, түмен-түмен қол ер­тіп, терлігін терге шірітіп, елін қорға­ған ерлердің ерліктеріне, малы­ның көптігінен көшкенде жұртына желідегі елу құлынды бие, қырық боталы түйені ұмытып тастап кетіп жүрген байлардың байлықтарына, таңды-таңға ұластырып жырлаған жыршыларға, олардың әр қилы тағдырларына куә болған өлке. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұ­ламаның кезінде Маңғыстауға Адай елін бастап келген батырлардың басында да Шотан тұр. Осы елдің Маңғыстау жеріне алғаш қоныстануын ақын Түмен Балтабасұлы «Маңғыстау» атты дастанында былай деп жырлапты: Маңғыстау – үш қиянның өткен жері, .:Жерленбей жеті жұрттың кеткен жері. Елеспен есі кеткен иесіз жерді,Халқымыз Адай мекен еткен жері.Суы сүт, шөбі шүйгін, бал татиды деп,Төлдейтін төрт түліктің өскен жері.Бөлініп босқан елден қоныс қарап,Ел болып ірге қоныс тепкен жері.Ер Шотан шұбар атты ұстап мініп,Аға деп Әжібайға бата айтқызып,Той жасап Адай туын тіккен жері…Немесе кейбір жазбаларда:Жолдасы Есболай мен Есек мерген,Өңшең батыр қайыспас көпті көрген.Еліне қоныс іздеп шыққаннан соң,Би Әжібай Шотанға бата берген, – депті. Мұрат Мөңкеұлының, Қалнияз Шопықұлының кейбір айтқандарына қарағанда да елді бастап келіп, қондырған батырлардың алдында Шотан айтылады. Немесе жергілікті азаматтардан жасақ құрып, Сағызда отырған қалмақтармен, түрік­мен­дермен, Хиуаның сарттарымен соғысып, жерді иеленген Шотан деп әңгімеленеді. Ең бірінші Маңғыстаудың ойына жер қарап келген Шотан екендігін Мұрат Мөңкеұлының мына бір жыр шумақтарынан тағы да көруге болады: Есболай, Кете, Әжібай қарай келген,Қасына батыр жары Шотан ерген.Әжібай Арқа жағын қыстап қалып,Керелді Есболай бай иеленген. Осындай тарихи жазбаларға сүйенсек, Адай тайпасын Маңғыстауға бастап келген Шотан, Есболай, Есек мерген, Атағозы, Өмір, Лабақ, Ақпан батырлар екеніне күмән тумайды.Сөйтіп, Керелге Есболай бірінші болып орналасса керек. Көшке жол бастап Өрмелі арқылы құлатқан Қосай Есенқұлұлы Есек батыр делінеді.Өңшең алып тұлғалы, арыс­тан жүректі батырларын, олардың ішіндегі жолбарыс тұқымдас шұбар мінген, екі көзінен от шашып тұрған, ұзын бойлы, екі иығына екі кісі ер салып мінгендей, бесқаруы бойында, ешқандай жаудан сескенбейтін, жүрек жұтқан Шотанды түрікменнің әйгілі батыры, алдын болжап отыратын қасиет иесі Ерсары анадай жерден көрісімен-ақ өзінің отбасын алып, желкенді қайықпен Әзірбайжанға көшіп кетіпті деген аңыздың артында шындық жатқан сияқты. Маңғыстауға Адай тайпасының алдыңғы легі күзге салым уақытта келсе керек. Оған Түмен Балтабасұлының мына бір жыр шумағы дәлел болатын сияқты: Келгенде алпыс үйден аз келіпті, Ішінде Ақпан деген таз келіпті. Есболай бірге келген екі үй екен, Қалғаны қыс өткен соң жаз келіпті. Алғашқы кездерде қазақтардың келіп қоныстануын жақтырмаған түрікмен ағайындардың ішіндегі пейілі тарлары Хиуа хандығына қазақ босқындары келіп рұқсатсыз жер-суымызды басып алып, иеленіп жатыр деп хабар жеткізіпті. Осыған байланысты Хиуа ханы келіп, қоныстанып жатқан ауылдарды шұғыл көшіруге, егерде қарсылық жасаса түгелдей қырып тастауға тапсырма беріп, Бектұрлы деген батырын бес жүз адамдық жасақпен жібереді. Азғантай жасағымен жауды күтіп алған Шотан жекпе-жекте Бектұрлы батырын өлтіріп, қалғандары жеңіліп, еліне қашыпты. Одан кейін Маңғыстауды жайлап отырған түрікмен Аннасейіттің ауылын Еділ-Жайық арасындағы тор­ғауыттар тұтқиылдан келіп шабуыл жасап, көптеген адамдарын тұтқын етіп, дүние-мүлік малдарын олжалап кеткен жерінен Шотан жасағын шұғыл ұйымдастырып, жауды талқандап, тұт­қын болып бара жатқан түрікмен аға­йындарын, мал-мүліктерді және қал­мақтардың көптеген малдарын олжалаған. Одан кейін де Хиуа ханы Нәдір­шахтың салған салығын төлеуден бас тартып, сол үшін Хиуа ханына қа­райтын түрікмендердің басшылары Оғылша, Сейітқұтылықтармен соғы­сып, оларды жекпе-жекте өлтіріп, жасақтарына тимей Нәдіршахқа са­лық төлеудің қажеті жоқ екенін түсіндіріп, таратып жіберген. Міне, осы кезден бастап біршама уа­қытқа дейінгі Маңғыстаудағы түрік­мендер мен қазақтар арасында ты­ныштық орнаған. Соңынан он екі ата Байұлынан үш мыңға тарта жасақ ұйымдастырып, Жем, Сағыз, Жайық бойындағы торғауыттарға қарсы соғыс ашып, оларды Еділ бойына толықтай ығыстырып барып, елін қоныстандырғаны жазба деректерде сақталған. Шотанның құба қал­мақ­тармен соңғы соғысы 1771 жылы болды. Онда Еділ қалмақтары толықтай жойылды. Қазақ тарихын зерттеуші, ғалым, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің зерттеуінде былай деп көрсетіледі: «Қалмақтардың басым бөлігін құрайтын торғауыттар Еділдің сол жағасын, яғни шығыс бетін қоныстанатын. Дүрбіттер мен Хоша­уыттар оң жағада жатқан. Бүкіл қал­мақ жұрты түп көтеріле көшетін 1771 жылдың бесінші қаңтарында қатты аяз болып, Еділдің мұзы жарылады, мұз үстіне қызыл су жүреді, сөйтіп, сол жақ қабақтағы 11 198 шаңырақ Еділ­ден өте алмай, салқар көштен бөлі­ніп, біржола Ресей шегінде қалады. Еділ дариядан өтіп үлгерген, үйі­мен, үйелменімен, мыңғырған малымен жоңғарға бет қойған қалың елдің нақты саны 30 999 шаңырақ екен. Шамамен 170–180 мың адам. Қарулы әскер де аз емес – 40 мың қол. Бір ғана кілтипан – қалмақ көші қазақ қоныстары арқылы өтуге тиіс еді». Осындай үлкен қозғалыс қазақтың көптеген ауылдарын тапап өтеді. Нұралы хан бастап, шұғыл түрде үлкен жасақ ұйымдастырып, бас сардар Шотанның бастауымен алғашқы ұрыс Жем бойында болыпты. Нұралы хан қалмақтардан кейін қайтуды талап еткен. Қалмақтардың басшысы Үбашы бітім сұрап, зиян тигізбей өтіп кетулеріне рұқсат сұраған, бі­рақ қазақтар жағы келіспеген. Ол кезде кешегі Ақтабан шұбырынды уақытындағы қалмақтардың тарапынан аяусыз қырғынды көрген адам­дардың көбінің көзі тірі болатын. Олар қалмақ көрсе қандары қарайып тұратын. Міне, осындай бұрыннан өшіккен қазақ қолы алға басқан сайын қалмақтарға ауыр соққыны үсті-үстіне берумен болды. Өкшелей тықсырып, кейде қос қанаттан кезек соғып, жауды үлкен қырғынға ұшыратады. Осылай күнде қасқыр тиген қой отары сияқтанумен маусым айының аяқ шенінде Балқашқа жақындап, Мо­йынты өзеніне келгенде Абылай хан бастаған әскер жетіп, қалмақтың қалың көші қоршауға түседі. Сол соғыста қалмақтар тұтасқа жуық қырылады. Жоңғарға 15–20 мың адам ғана қансырап зорға жетеді. Олар да алдарынан жарылқайтын жағдай таба алмады. Қытай басшылары оларды да бөлшектеп құл етіп жойып жіберді. Шотан жүрек жұтқан батырлы­ғымен қатар, елге ақыл айтып, жөн сіл­тейтін ел ағасы болды десек те қателеспейміз. Ол барлық соғыста да қолына түскен тұтқындарды өлтір­меген, соғыспалық, дос-жаран, туыс болалық деп елдеріне қайтарып отыр­ған. Ағайындар арасында туындайтын түсінісбестіктер мен даулы жағдайлардың талайын әділетті түрде билік айтып, татуластырып жіберген. 1750 жылдардың орта шенінде Маң­ғыстауда тұтастай қуаңшылық болып, ел жаппай қоныс іздеп, көшуге ыстық түсіп кетіп және жөнді қоныс болмай өте қатты қиналып қалыпты. Мал апарайын десе, су жоқ. Сол кезде Шотан қасына ерткен азғантай нөкерімен далаға түнеп, таңертең ерте бір жолдасын атына мінгізіп, сол қонған жерін шаптырып, өзі құлағын жерге төсеп, тың тыңдап, әлденеше жерге келіп, осы жағдайды қайталапты. Содан кейін тап осы жерден құдық қазылады деп бір жерді белгілепті. Өзі отауын көшіріп алып келіп, құдықты қазуға кірісіп кетеді. Шотан құдықтан қазған топырағын он метр тереңдікке барғанша сыртқа өзі лақтырып тұрыпты. Он метрден әрі қарай Шотанның қазып шығарған топырағын он жігіт шығыр салып, зорға үлгеріп төгіп тұрыпты деген әңгіме ел аузында күні бүгінге дейін сақталған. Сөйтіп, құдықшылар бір жылда қазатын тереңдігі 75 метр құдықты бір айда қазып бітіріп, сол маңдағы елдің малы су ішіп, қонысы бар жерге жайылып, күзге жетіпті. Қазірде Шотан шымырауы деген бар. Күні кешеге дейін отар-отар мал суарып, қалың ел жайлап отырды. Жекешелендіруден кейін мал басы күрт азайып, қырдың үстіндегі шымырауларға баратын мал болмай, құлазып қалды. Мал басы тағы да өсіп келеді, болашақта Шотанның шымырауынан малдарымызды суарып, жаз жайлауға қайтадан шығарамыз деген үміт бар. Шотанның әкесі Назар Жарыұлы 1684 жылы туып, 1771 жылы өлген. Қазіргі Құлсары кентінен көп қашық емес жердегі Бақашы деп аталатын қорымда жерленген. Шотан 1786 жылдың қыркүйек айында орталық Үстіртте жасы жетіп, өз ажалынан қай­тыс болған. Сисем ата қорымда жерленген. Шотан батыр туралы жазылған «Бас сардар» атты еңбек баспаға берілгеннен кейін, Маңғыстау облысынан әдейі делегацияны бастап Бекбол Қартбаев Балқаштың айналасындағы жоңғармен соғыс болған белгілі жер­лерді аралады. Карағанды облы­сының Жаңаарқа ауданындағы Шотанның атымен аталған елді мекенге, Шотан­ның атымен аталған көлге барып ондағы жасы үлкен қарт адамдармен әңгімелесіп, Шотанның Абылай ханның қарауында қол басқарған батыр екендігін анықтаған. Сол жердің ең жасы үлкені, 90 жастағы Әукен деген қария 1940 жылдардың екінші жартысына дейін тау сілемдерінде қырылған адамдардың қу сүйектері топырақтың астынан шығып, шашылып жатқанын және сол жердің «Шотан қырған» деп аталатындығын әңгімелеп берген. «Шотанның шайқасқан жерлерін бұрын дүниеден өткен ақсақалдардан естіген едім», – деп өзі бастап жүріп көрсетіпті. Бекбол Қартбаев бастаған бір топ маңғыстаулықтар Шотанның шай­қас­қан жерлері мен күні бүгінге де­йін оның атымен аталып отырған елді мекенді, көлді суретке түсіріп әкелді. Бұл материалдар «Жұлдыз» журналының 2006 жылғы № 1 санында жарияланды. Тұлғаларды еске алып, оларға көше атақтарын бергізуде үлкен еңбек еткен ауыл әкімі Аманқос Қодаров пен ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Жұмақалиевқа көптің айтар алғысы зор. Дайындаған Искендер Карбаев - Шогы ұрпағы ## Дереккөздер
Тәнеке батыр мазары – Жетісу облысындағы қала құрылысы және сәулет түріне жататын жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші. ## Географиялық орны Жетісу облысы, Ақсу ауданы жерінде, Арасан-Қапал жолы бойында орналасқан. ## Тарихи деректер Ескерткіш - елде әулие саналатын, қазақ халықының аты шыққан ұлы - Тәнеке батырдың мазары. Тәнеке батыр Жетісудағы ұлт-азаттық қозғалыстың қаһарманы ретінде танымал. Батырдың мазары туралы алғашқы жазулар 1898-1899 жылдардағы Н.Н. Пантусовтың есебінде кездеседі. Аман қалған ескі фотосуреттерде Тәнеке батырды жерлеген жердің үстінде қабір төбешігі бар екендігі көрінеді. Қорымның жоғарғы алдыңғы бет жағы бесікке ұқсас затпен жабылған, ал артқы үстіңгі жағында жаңа айдың белгісі орнатылған. Қазір ескі мазардың құйылған кірпіштен қаланған бір ғана қабырғасы қалған. 1992 жылы Тәнеке батырдың ұрпақтары қара мәрмәрден жасалған қабірүсті тақтайша орнатты.Мазарға жақын жерде мұздай таза су бұлағы бар, оны "Тәнеке бұлағы" деп атайды. ## Дереккөздер
Қазақстан лига кубогының финалы 2024 — турнирдің бірінші маусымының финалдық ойыны. ## Матч ### Детальдар ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Амангелді Иманов ескерткіші – Алматы қаласындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қатарындағы монументтік өнер құрылысы түріне жататын ескерткіш. ## Орналасқан жері Алматы қаласы, М. Мәметова және М. Мақатаев көшелерінің қиылысындағы саябақ. ## Орнатылған кезеңі және авторы Ескерткіш 1947 жылы орнатылған. Сәулетші – Т.Қ. Бәсенов, мүсінші – Х.Н. Асқар-Сарыджа. ## Тарихи дерек және ескерткіш сипаты Ескерткіш Алматыдағы ең алғашқы монументалды ескерткіштердің бірі болды. 1916 жылы Ортаазиялық ұлт-азаттық қозғалыстың батыры Амангелді Иманов салт атта отырған кейпінде бейнеленген. Ескерткіште мүсінші Х.Н. Асқар-Сарыджа жобасының негізінде ХVII-XVIII ғғ. батыс европалық және орыс бейнелеу дәстүріне тән "винт тәріздес құрылым" принципі қолданылған. Бұл нысандағы маңыздысы – А. Имановтың бет-әлпеті оның суреттердегі түріне айнымай ұқсауында.Бучарда техникасы мен оюлы безендіру қолданылған сұр граниттен жасалған тұғыр үстінде алып қола мүсін орнатылған. Ескерткіштің биіктігі 6,3 м. Жалпы композицияны төрт құмырадағы кішігірім гүлбақтар аяқтап тұрады. ## Дереккөздер
Нұрлан Қаршығаұлы Жақыпов (31 наурыз 1978, Қазақ КСР, КСРО) — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының Басқарма төрағасы. ## Білімі 2001 жылы РФ Сыртқы істер министрлігі Мәскеу халықаралық қатынастар мемлекеттік институтының Халықаралық экономикалық қатынастар факультетін бітірген. Экономика бакалавры, экономика магистрі. Ғылыми дәрежесі: экономика ғылымдарының кандидаты. ## Еңбек жолы * Еуразиялық өнеркәсіптік ассоциацияның (ENRC) қаржы сарапшысы (2001-2003); * Chambishi Metals PLC бизнес менеджері (Замбия, Китве қ.) (2003-2004); * Research, Investment and Development Ltd жобалық менеджері (2004-2007); * Credit Suisse биржада сатылымдағы компания акцияларының құны жөніндегі сарапшысы (2007-2009); * «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен Компаниясы» АҚ Басқарма мүшесі, басқарушы директор (2009-2011); * «RBS (Kazakhstan)» Еншілес банкі» АҚ Астанадағы өкілдігінің басшысы, инвестициялық банкинг департаментінің директоры (2011-2012); * UBS AG Almaty Representative Office Астана қаласындағы өкілдігінің басшысы, инвестициялық банкинг департаментінің атқарушы директоры (2012-2016); * «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ» Басқарма мүшесі - Даму және инвестициялар бойынша басқарушы директоры (2016-2017); * «Астана» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы (2017-2019); * Rothschild & Co Қазақстандағы өкілі (2019-2020); * «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd. Басқарма төрағасы (2020-04.2023); * «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасы (04.2023 бастап) ## Марапаттары * «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі (01.11.2023); * «Теңгеге 30 жыл» медалі (02.11.2023) ## Дереккөздер
Junior Eurovision ән байқауы 2024 (ағылш. Junior Eurovision Song Contest 2024, ис. Festival de la Canción de Eurovisión Junior 2024) — жыл сайын өткізілетін Junior Eurovision ән байқауының өткізілуі жоспарланған 22-шығарылымы. Junior Eurovision ән байқауының 2024 жылғы шығарылымын ұйымдастырушы Еуропалық хабар тарату одағы (ЕХТО) және Radiotelevisión Española (RTVE) телекомпаниясы болады. Байқау 2024 жылғы 16 қарашада Испанияның Мадрид қаласында орналасқан «Caja Mágica» стадионында өтеді. Бұл Junior Eurovision ән байқауының Испанияда алғаш рет өткізілгені және «Eurovision 1969» ән байқауынан кейінгі Испанияда жалпы Eurovision іс-шарасының алғаш рет өткізілгені болады. ## Қатысушы елдер Телерадио хабарын таратушы өз елінің өкілі болып, Junior Eurovision ән байқауына қатысуға үміткер болуға жарамды болуы үшін ол Еуропалық хабар тарату одағының (ЕХТО) белсенді мүшесі болуы керек. 2024 жылғы 3 қыркүйек күні ЕХТО 2024 жылғы байқауға 17 ел қатысатынын жариялады. Кипр алты жыл үзілістен кейін жарысқа қайта оралады, ал Сан-Марино бастапқыда қатыспайтынын растағанына қарамастан, сегіз жылдан кейін оралады. Сонымен қатар, Ұлыбритания өткен жылғы байқауға қатысқанымен, 2024 жылғы байқауға қатыспауға шешім қабылдады. ### Қатыспайтынын растаған елдер ### ЕХТО мүшелері Еуропалық хабар тарату одағының (ЕХТО) белсенді мүшесі болып табылатын Андорра, Аустрия, Әзербайжан, Бельгия, Грекия, Дания, Исландия, Израиль, Латвия, Литва, Люксембург, Норвегия, Румыния, Сербия, Словакия, Словения, Уэльс, Ұлыбритания, Финляндия, Хорватия, Шотландия, Швеция, Швейцария байқауға қатыспайтынын растады. ### ЕХТО мүшелері емес Еуропалық хабар тарату одағының (ЕХТО) ассоциаланған мүшелері Аустралия мен Қазақстан байқауға қатыспайтынын растады. ## Тағы қараңыз * Eurovision ән байқауы 2024 ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * junioreurovision.tv Junior Eurovision ән байқауы 2024 — ресми сайты
2024/205 жылғы еурокубоктарға Қазақстаннан төрт команда қатысты. Ел чемпионы атанған "Ордабасы" Чемпиондар лигасына қатысса, кубок иегері "Тобыл" Еуропа лигасында бақ сынады. Ал екінші-үшінші орын алған "Ақтөбе" мен "Астана" Конференция лигасында ойнады. ## Чемпиондар лигасы ### 1 раунд ## Еуропа лигасы ### 1 раунд ## Конференция лигасы ### 1 раунд ### 2 раунд ### 3 раунд ### Плей-офф ### Жалпы топтық турнир