text
stringlengths 3
252k
|
---|
Құрөзек — Іле алабындағы өзен. Алматы облысы, Жамбыл ауданы жерімен ағады.
## Сипаттамасы
Ұзындығы 15 шақырым. Шилі қыраттарынан бастау алып, Жайсан ауылы тұсында Ақсеңгір өзеніне құяды. Солтүстікке қарай ағады да, Қараөзек қыстағынан өткен соң солтүстік шығысқа бұрылады. Жол-жөнекей қыраттардан аққан сулармен толығады. Көбіне қорегі - жауын-шашын.
## Дереккөздер |
Сұраншы Ақынбекұлы — (1815–1864) Ұлы жүз Шапырашты руының Еміл-Есқожа бөлімінен шыққан батыр. Арғы атасы – Қарасай батыр. 1848–1860 жылдары Қоқан билеушілерінің Жетісуға басып кіруіне қарсы күресті. 1864–1865 жылдары Ресей әскері сапында Ұзынағаштан Сайрамға дейінгі қазақ ауылдарын азат етуге қаты "Сұраншы батыр" тарихи жыр. Қоқан хандығынын Жетісу қазақтарына жасаған зорлығына қарсы бас көтерген Сұраншы батырдың ерліктеріне арналған жырлар мен аңыз-әңгімелер топтамасы. Батырдың жорықтарына қатысқан атақты ақын Сүйінбай Аронұлы шығарған алғашқы "Сұраншы батыр" жыры Қырғызстанда тұрған Рысбек деген қарияның айтуынан жазылып алынды. Жыр нұсқасы толық болмағанына қарамастан Сұраншының Сайрам түбіндегі соғысы "Сайрам деген қаланың, жасы менен кәрісін жау қолынан босатқан" деген жыр жолдары арқылы нақышталып, батыр ерлігі тарихи оқиға ізімен баяндалады да, "Қарасайлап" ұран сап, жауға қарсы шауып, ерлікпен қаза табуымен аяқталады. Жамбылдың айтуынан естіген Тәпеке Жарықбасов айтқан "Сұраншы батырдың бала шағы" атты әңгімесінде батыр шыққан Шапырашты руының Сұраншыға дейінгі іпежіресі таратылып, Саурық батыр өлгеннен кейін, қырғыздың Орман манабы елді талап, күйзеліске ұшыратуы, оған қарсы Сұраншы батыр бастаған жігіттер аттанып, халық кегін қайтаруы сөз болады. "Сұраншы батыр туралы" деп аталатын Ыбырайым Бейсенбетұлы мен Рысбай Рүстембекұлы деген кісілердің Жамбылдың айтуынан естіген қара сөз түріндегі аңыз-әңгіме Сұраншы батырдың коқандықтарға қарсы азаттық жолындағы күресінен сыр шертеді. Осы жырлар мен аңыздардың барлығы жыр алыбы Жамбылдың атақты "Сұраншы батыр" поэмасына негіз болғаны бел Жамбылдың хатшысы болған кейде ақын Қалмақан Әбдіқадыр бұл поэманы жыр алыбының өз туынан жазып алған. Осы нұсқа 1938 жылдан бастап Жамбылдың барлық жинақтарында басылып келеді. "Сұраншы жырлары мен аңыз-әңгімелер және Жамбыл поэмасының жазба нұсқалары Орталық ғылыми кітапхана қорында және Әдебиет және өнер институтының қолжазба және мәтіні бөлімінде сақтаулы.
Ұлы Жүз қырғыз-қайсақтары туралы:
"Хотя до появления русских войск в этой части степи Большая орда и считалась под покровительством России с 1824 года, но китайцы не переставали посылать в Заилийский край свои отряды для сбора ничтожной дани до 1840 году, в который они потерпели горестное и плачевное поражение от здешних чапраштов при урочище Тирен-Узек. Отряд состоял из трех тысяч китайцев и собирая ясак, намеревался пробраться к ташкентскому аксакалу для переговоров. Еще до сих пор китайцы не могут забыть этого поражения и с глубоким негодованием отзываются о всяком кайсаке чапраштинского поколения"
- деп, Шоқан Уәлиханов, Қашқарға барғанда, сол 3 мын қытай жасағынын, қашып кұтылған қалдықтарымен кездесiп, әңгiмелескенi тұралы жазады. Сол 1840 жылы қытайлармен болған соғыста шапырашты әскерiн Қарасай батырдың Түркпенінен тарайтын шөбересi, Дәулет батырдын немерелерi Саурық пен Сұраншы батырлар басқарған.
1853 жылы Сұраншы батыр 300 жасақпен, қоқандықтардын 20 мың әскерiн, казiргi Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қопа станциясы маңында тас талқан етiп жеңгенін, сол оқиғаларға өзі қатысып, көзімен көрген Сүйінбай ұстазы мен үлкендерден естігенін айтқан, Жамбылдың жырларынан білеміз.
## Дереккөздер |
Нариман Төреғалиев (19 шілде 1964 жыл, Есенсай, Тайпақ ауданы) — Қазақстан мемлекеттік қайраткері, 2022 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімі. Қазақстан Парламенті Сенатының Батыс Қазақстан облысынан сайланған экс-депутаты (2017-2022).
## Білімі
Білімі жоғары. Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын, Каспий қоғамдық университетін бітірген. Инженер-экономист, заңгер. Экономика ғылымдарының магистрі.
## Еңбек жолы
* «ХVІІІ Партсъезд» атындағы ауылшаруашылығы бірлестігінің экономисті, бас экономисті (1990-1995);
* «Айтиево» өндірістік кешенінің жабдықтаушысы, экономисті, бас экономисті (1997-1999);
* «Ақжол» шаруа қожалығының басшысы (1999-2001);
* Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы (2001-2002);
* Жалпы үлгідегі интернат үйінің директоры, Орал қ. (2002-2003);
* Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары (2003-2005);
* Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті директорының орынбасары (2005-2008);
* Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры (2008-2010);
* Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы (2010-2012);
* Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі (2012-2015);
* Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (2015-2016);
* Орал қаласының әкімі (2016-2017);
* Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (2017-2022);
* Батыс Қазақстан облысы әкімі (2022 жылдан бастап).
## Марапаттары
«Құрмет» орденімен марапатталған (2016).
## Дереккөздер |
Тағай Жұмашұлы (1911 Манаш аулы Новобогат ауданы Гурьев облысы – 29 мамыр 1975 Қызыл балық (ауыл), Атырау ауылдық округі, Атырау облысы) — балық өндіру қызметкері.
## Өмірбаян
Тағай Жұмашұлы 1911 жылы Манаш ауылында, Исатай ауданы, Гурьев облысы қарапайым отбасында дүниеге келген. Руы Есенғұл Беріш, бөлімі Барақбай, Кіші жүз.
1920 жылы әкесі Жұмаш өмірден өткеннен кейін Тағай 1925 жылға дейін анасының тәрбиесін көріп, кішкентай кезінен өте білімді және еңбекқор болып өседі.
1925 жылдан 1930 жылға дейін өмірдің қиын тауқыметін жастайынан арқалаған 14 жастағы жас бала балықшы ағайындардың қасында жүріп, қайыққа мініп, кәсіп жасап, отбасын асыраған.
Өз еңбекқорлығының арқасында Тағай 1930 жылдан бастап «Қызыл балық» колхозына мүше болып қабылданып, қатардағы балықшы болып еңбек жолын бастайды.
1935 жылдан бастап балықшылардың звено жетекшісі болып жақсы қызмет атқарып, жыл сайынғы міндетті жоспарын үздіксіз орындап келген.
1940 жылы балық шаруашылығы саласының майталманы бола білген Тағай Жұмашұлы, «Қызыл балық» колхозы бойынша Большевиктердің Бүкілодақтық Коммунистік (ВКП(б)) партиясына үміткер болып тіркеліп, кейін 1941 жылы алғашқы партиялық ұйымдардың жалпы отырысының шешімімен осы партияның мүшесі болып қабылданады.
1956 жылы балықшы колхоздарын жаппай Жайық өзені бойындағы Дамба ауылдық Кеңесіне қарасты жерлерге қоныстандыру кезінде Тағай Жұмашұлы да қазіргі «Қызыл балық» ауылына қоныс аударады. Балықшылық кәсіппен бірге жастайынан ағаш шебері болған Тағай Жұмашұлы, өз шеберлігі мен еңбекқорлығының арқасында, шағын үйді жыл сайын жалғастыра салып, бала шағаның қамы үшін үлкен шатырлы үй тұрғызған. Бұдан Тағай Жұмашұлының сол кездегі жоқшылық заманда, жоқтан бар жасап, өз шеберлігінің арқасында үлкен мақсатқа қол жеткізгенін көруге болады. Еңбекқорлығы мен ауылына деген шын жанашырлығы соншалық, ауылдағы сол кездегі көптеген үйлердің салынуына қол ұшын созып, халқына және барша ағайынға көп еңбегі сіңген жан болатын.
## Отбасы
Әкесі Жұмаш, анасы Жамилә және екі інісі Қадим, Ығаш. Әкесі Жұмаш қарапайым балықшы болған.
Тағай Жұмашұлынан 11 ұрпақ тараған. Тұңғыш қызы Марқама 1936 жылы, қызы Сапура 1940 жылы, ұлы Нағим 1943 жылы, ұлы Фауеден 1946 жылы, қызы Ағила 1949 жылы, ұлы Ұзақбай 1956 жылы, қызы Балғаным 1959 жылы, қызы Бибігүл 1962 жылы, ұлы Ұзаққали 1964 жылы, қызы Рая 1966 жылы, қызы Райса 1969 жылы дүниеге келген. Ұрпақтарын кішкентай кездерінен адамның бар бақыты жақсы білім мен тату отбасында екендігіне үйретті. Қарапайым ауыл мектебінен білім алса да үлкен қызы Марқаманың Алматы қыздар педагогикалық институтына, ұлы Нағимның Алматы ауылшаруашылық институтына, ұлы Фауеденнің Алматы Политехникалық институтына оқуға түсуі отбасындағы терең білім мен тағылымды тәрбиесі екендігін білдіреді. Одан кейінгі ұл қыздары да сол кездегі Гурьев каласындағы жоғары және арнаулы оқу орындарында оқып, бүгінде қоғамның әр саласында абыройлы еңбек етуде. Қазақта «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген сөз бар. Бүгінде Тағай атадан тараған ұрпақтар Тәуелсіз еліміздің әр саласында еселі еңбек етуде.
## Марапаттары мен атақтары
1939 жылы Наркомның «Мақтау грамотасымен» марапатталған.
1963 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен балық өндіру мен балық өнімдерінің өндірісі бойынша мемлекеттік жоспарлар мен социалистік міндеттемелерді орындауда қол жеткізген табыстары үшін колхоздағы алғашқылардың бірі болып «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған.
Атырау облысы Атырау қаласы Атырау ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 6 сәуірдегі шешімімен Қызыл балық ауылында көшеге "Тағай Жұмашұлы көшесі" есімі берілді.
## Дереккөздер |
Андрей Евгеньевич Ульшин (18 сәуір 2000, Көкшетау) — қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы. "Қайрат" клубының ойыншысы. Қазақстанның бірнеше жастағы құрамасында ойнады. 2020 жылғы Қазақстан чемпионы.
## Сілтемелер
* https://www.footballdatabase.eu/en/player/details/337513 |
Төлеубек Әбдіқадыров (08.02.1940, Тәжікстан, Ленинабад облысы, Гиссар ауданы, Канака ауылы - 08.10.2009, Алматы) - мемлекет қайраткері.
1941 жылы әке-шешесінің отбасы Жамбыл облысының Сарысу ауданына көшіп келген. 1961 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика факультетін бітіріп, экономист-қаржыгер мамандығын алды. 1961-73 жылдары Жамбыл облысында қаржы мекемелерінде тексеруші-бақылаушы, Қаратау қаласында және Меркі ауданында қаржы бөлімінің меңгерушісі, Жамбыл облыстық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары; 1973-97 ж. Алматы қалалық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары; меңгерушісі, қалалық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары; 1990- 92 ж. егеменді Қазақстан Республикасының алғашқы қаржы министрі болып істеді. 1997 - 2001 жылдары Алматы облыстық қаржы басқармасының бастығы.
## Дереккөздер |
Қазақ ұлттық хореография академиясы — Астана қаласында орналасқан балет әртістерін дайындайтын жоғары оқу орны. Академия 2015 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған.
## Тарихы
«Қазақ ұлттық хореография академиясы» коммерциялық емес АҚ 2015 жылғы 11 наурыздағы № 126 ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылған. 2021 жылғы 30 маусымда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық хореография академиясы» ШЖҚ РМК болып өзгертілді.
Орталық Азиядағы алғашқы көп деңгейлі білім беру жүйесін қамтитын бірегей балет академиясын құру идеясы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тиесілі.
## Құрылымы
* Концертмейстерлік шеберлік және фортепиано бөлімі
* Өнер факультеті
* Хореография факультеті
* Кәсіптік білім берудің мектеп-колледжі
Кафедралар
* Педагогика кафедрасы
* Режиссура кафедрасы
* Өнертану және арт-менеджмент кафедрасы
## Дереккөздер |
Қосмүйіз ― қойдың, сиырдың, ешкінің екі мүйізін бейнелейтін ою-өрнек. Кейде "ырғақ" немесе "ілгек" деп аталады.
Үй жиһаздары мен тұрмыстық заттарды, киім-кешектерді, қару-жарақтарды безендіру үшін қолданылады. Қазіргі кезде "қосмүйіз" ою-өрнегін сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне, шетіне, қамзолдың алдыңғы жағына, етіктің қонышына салады.
## Дереккөздер |
Қос дөңгелек – мал таңбасына ұқсайтын ою-өрнек.
Қос дөңгелек өрнегімен негізінен киіз бұйымдарын, текеметтерді, сырмақтарды әшекелейді. Ежелгі көшпенділер дүниетанымында күнді тұспалдайтын дөңгелек таңбасында тылсым күш бар деп сенген, сондықтан тұрмыста қолданатын барлық бұйымдардың ортасына күннің тұспал бейнесін қолданған.
## Дереккөздер |
* Ақтас мешіті – Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Бесарық бекетінен оңтүстікке қарай 6 км жерде орналасқан.
* Ақтас мешіті – Шымкент қаласының Абай ауданында орналасқан. |
Д. Қонаев атындағы сквер — Алматы қаласындағы саябақ.
Саябақтың ортасында Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың ескерткіші қойылған. Екі жағынан фонтандары ағады.
Жақын маңайда Д.А.Қонаев музей-үйі және Алмалы метро бекеті бар. |
Әлия мен Мәншүк сквері — Алматы қаласындағы саябақ.
Алмалы метро бекетінің жанында орналасқан.
1997 жылы мұнда екі батыр қызға монумент қойылды.
## Сілтемелер
* Әлия мен Мәншүк саябағының ерекшелігі |
Тоғызтөбе - ою-өрнегі ең көне оюлардың бірі.
Бұл өрнек қимақтар мен қарлұқтардың қолөнерінде сақталған және кезінде "тоғызтөбе" ою-өрнегін Айша-бибі күмбезінің кірпіштерін өрнектеу үшін қолданған. Ал қазіргі кезде қазақ, қырғыз, түрікмен, қарақалпақ қолөнерінде кездеседі.
## Дереккөздер |
Төртқұлақ ― төрт тармағы зооморфты немесе өсімдік оюларынан құралған, ортасы крест бейнесін жасайтын ою-өрнек.
Ортасына крест төрт тармағына мүйіз элементі қондырылған, бұл өрнек ең көне оюларға жатады. Алғашқыда "төртқұлақ" ою-өрнегі Пазырық қорғанынан табылған. Төрт тармақтан дөңшелек, төрт бұрыш, төрт жапырақ құрайтын ою-өрнектер жасалады. Бұл оюлар кебежеге, жүкаяққа, аяққапқа, батырлар шапанының жауырынына, қалқанға, щалбардың тізе тұсына, дөдегенің ортасына немесе шет бұрыштарына салынады.
## Дереккөздер |
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті — ойын бизнесі және лотерея саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ведомствосы.
## Міндеттері
## Дереккөздер |
Арқармүйіз ― қойдың мүйізін бейнелейтін оюдың түрі.
Бұл элемент "қошқармүйізге" өте ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып келеді. Кілем, тұскиіз, сырмақ, кесте, киім-кешек пен үй жиһаздарында кездеседі.
## Дереккөздер |
Құстұмсық — құстың тұмсығын тұспалдаудан туған ою-өрнек түрі.
Бұл ою-өрнек тармақты мүйіздер мен сызықтардан құралады. Мұнда ою ортасындағы сызық ұшы құстың тұмсығына ұқсас етіп қиылады. Құстұмсық жүзік немесе топсалы жүзік сәлемдеме ретінде туыстар арасында дәнекер қызметін атқарған. Тұрмысқа шыққан қызынан орамалға түйілген құстұмсық жүзік келсе, ата-анасы қуанып, көршілерін шақырған. Құс бейнесі - халық түсінігінде азаттықтың белгісі. Жүзікке қарап ата-анасы қызының ұзатылған жерінің жақсы екенін біледі.
## Дереккөздер |
Ирек — кейде түзу сызықтардың сынықтары, кейде доғал сынықтардың ұштасуы арқылы жасалатын ою-өрнек.
Ондай сызықтар бірнеше қатар сызықтар түрінде қатарласа жүреді. "Ирек", "ирексу" өрнегінің жасалуы кейде бір иректің іші екінші ирекке қарсы келіп, "төртбұрыштар" мен "сағатбау", "саты" тәріздес өрнектер жүйесін түзейді. Бұл өрнек бешпеттің, қамзолдың, шапан мен тақияның жиегіне салынады. Зергерлік бұйымдарда: сақина, білезік, қапсырма, алқалардың жиегінде және ши, сырмақ, кебеже, жүкаяқ, табақ ернеулерінде, әдіп тігісте көбірек кездеседі. Ирек немесе толқын жолақтар ағын суды тұспалдайды.
## Дереккөздер |
Өркеш — түйенің қос өркешін бейнелейтін ою-өрнек.
Бұл ою-өрнек сырмаққа, текеметке, тұскиіздерге салынатын ою-өрнек композициясында көбірек кездесетін элемент. Қазақ оюында мал мен аңның қос мүйізін, түйенің қос өркешін, биенің қос емшегін бейнелеу тек симметриялық тепе-теңдік үшін ғана емес, сонымен қатар береке-бірліктің, көбеюдің символын білдіреді.
## Дереккөздер |
Алақұрт — тоқылған бұйымдардың, үй жиһаздарының шетіне салынатын ою-өрнек.
Алақұрт өрнегінің түстерінің алма кезек түсуіне қарай "қызылқұрт", "сары-алақұрт", "қарақұрт", "бунақ", "буынөрнек" деп аталады. Ол ақ пен қарадан, қызыл мен жасылдан, көк пен сарыдан бунақталып келетін ұзынша желі.
## Дереккөздер |
Түйетабан — түйенің басқан ізін долбарлайтын күрделі ою-өрнек.
Ол кейде "карта", "қарға", "қызылайыр" өрнектеріне ұқсайды. Қатар тұрған S тәрізді екі сызық қатарласып қосылмайды, түйенің табанына ұқсас екі жарты сопақша дөңгеленіп келеді. Түйетабан деп аталатын көп гүлді, үлпек басты тікені бар өсімдік, ол да түйенің табанына ұқсас — екі жарты, оны кей жерлерде "табақ" өрнегі деп атайды.
## Дереккөздер |
Тұмарша — үшбұрыш үлгілес болып келетін ою-өрнек.
Үш гүл, үш бұрыш тәрізді тұмарлар тіл-көзден сақтау үшін адамдарға ғана емес, үй жануарларына да бойтұмар ретінде тағылады. Кілем бұйымдарының жиегінде киіз, кілем, текеметтің орта тұсын көмкеруде кездеседі.
## Дереккөздер |
Қостұмарша, Сызықтұмарша — төбесінен түйістірілген екі тұмарша үшбұрыш өрнегі қосылып, геометриялық үшбұрыш жасайтын ою-өрнек.
Бұл өрнектін түрі "тұмарша" өрнегі секілді тіл-көзден сақтау ұғымын білдірмейді, тек әсемдік әшекей ретінде қолданылады. Әдетте кілем шетіндегі және ортасындағы оюларжың ортасына салынады. Кейде бұл өрнек "аралықгүл" деп аталады.
## Дереккөздер |
Бағанаөрнек — қора төбесінің арқалығын астына тіреп тұратын діңгек ағаш.
Бұл ою-өрнекті заттың, бұйымның ортасына келтіреді, оны негіз етіп, жан-жағын басқа өрнектермен бейнелейді. "Бағанаөрнек" асадалмен, кебежелердің аяқтарына, қырларына, айна қойғыштың шетіне, піспек саптардың жоғарғы жақ басына, адалбақанның бойында жиі ұшырайды және текеметтің орта тұсын көмкеруде кездеседі.
## Дереккөздер |
Қошқармүйіз — қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұратын ою-өрнек.
Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық пішіні аңғарылады. Текеметте, сырмақта, басқұрда, алашада, кілемде, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрінде кездеседі. Киізден жасалған бұйымдарда бұл ою түсті шүберектермен ойылып, құрақ, яғни аппликациялық өрнек түрінде де тігіледі.
## Дереккөздер |
Сыңарөкше — мүйіздің бір сыңары етіктің басына ұқсап, қайқиып, қайталанып, шексіздікке ұласа беретін ою-өрнек.
Бұл өрнек негізінен "қошқармүйіз" элементінен жасалады. "Сыңарөкше" оюының бірнеше түрі бар. Олар — "өкшегүл", "қосөкше", " сыңарөкше" — кілем, киіз, шымши, басқұрлар мен аяққапта кездеседі. Ал "қосөкше" оюларын кілемдер мен басқұрлардың ортасына түсіреді.
## Дереккөздер |
Гүл, жетігүл — өсімдік тектес ою-өрнектер.
Оларды кесте тоқуда, киім-кешектердің жағасына, қалтасының аузына салады. Өрнектің өсімдік тектес бөлігі гүлдермен, жапырақтармен бедерленген. Бұл өрнек қолөнердің барлық саласын қамтиды деуге болады.
## Дереккөздер |
Қосалқа — әшекейлі тізілген мойынға салатын моншаққа ұқсас болып келетін ою-өрнек.
Бұл қазақ оюларының ішіндегі ең көп тараған оюдың түрі болып келеді. Өте шебер келісім тауып құрастырылған "қосалқаә оюлары бір тұтас композиция өрнек жүйесін жасайды. Ою-өрнек алқаның, сырғаның, жүзіктің көзіне салынып, көбінесе зергерлік бұйымдарда пайдаланылады.
## Дереккөздер |
«Nur Media» ЖШС — Қазақстандағы ең ірі медиакомпаниялардың бірі. 2008 жылы 25 қарашада Нұр Отан партиясының бастамасымен құрылған. Компания құрамына «Astana» телеарнасы, «Aiqyn», «Литер», «Túrkistan» газеттері, «aikyn.kz», «liter.kz», «turkystan.kz», «azattyq-ruhy.kz» ақпарат агенттіктері, «NS» және «Orda FM» радиолары кіреді.
## Еншілес компаниялар
2009 жылы қаңтарда «Нұр-Медиа» холдингі «Айқын» және «Литер» газеттері кіретін «Литер Media» компаниясын сатып алды.
2013 жылы қазанда «Нұр-Медиа» холдингі «ҚазМұнайГаз» компаниясынан «Рауан Медиа Групп» акционерлік қоғамын сатып алды. Нәтижесінде холдинг құрамына «Астана» телеарнасы, NS және «Деловая волна» радиостанциялары, «Түркістан» газеттері кірді.
2013 жылы желтоқсанда «Дала мен қала» және «Страна и мир» партиялық газеттері жабылды.
## Бас директорлары
* Арманжан Байтасов (12.2008—12.2009)
* Қайсар Джанаханов (12.2009—12.2011)
* Ерлан Байжанов (12.2011—01.2014)
* Болат Берсебаев (01—09.2014)
* Жанай Омаров (09.2014—07.2018)
* Ләззат Танысбай (07.2018—04.2019)
* Әлия Буриева (04—07.2019)
* Болат Кальянбеков (07.2019—01.2022)
* Руслан Әлішев (02—04.2022)
* Бақтияр Мәкен (04.2022—)
## Дереккөздер |
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары (қыр. Дүйнөлүк көчмөндөр оюндары) — этникалық спорт түрлерінен өтетін халықаралық спорт жарыстары. Жарыстар Орталық Азияның тарихи көшпелі халықтарының халық ойындарына негізделген.
2016 жылы екінші Көшпенділер ойындарының ашылуында 1000 қомызшы бірігіп бір күй тартты. Бұл рекорд Гиннестің рекордтар кітабына енді.
## Тарихы
«Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының» бастамашысы Алмазбек Сәрсенұлы Атамбаев басқаратын Қырғыз Республикасы болды, ойындарды жоғары мемлекеттік деңгейде өткізуді қолдады.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары көшпелі халықтардың мәдени мұрасын, спорттық шеберлігін және дәстүрлі спорт түрлерін паш ететін, әртүрлі елдердің халықтары арасындағы мәдени байланыстар мен өзара түсіністікті нығайтуға көмектесетін алаңға айналды.
2012 жылы Бішкекте өткен түркітілдес елдердің саммитінде Қазақстан, Әзербайжан, Түркия және Қырғыз Республикасының президенттері Бішкек декларациясына қол қойды.
### Мақсаты мен міндеттері
* Қатысушы елдер арасындағы мәдени байланыстарды нығайту арқылы дүние жүзіндегі көшпелі халықтардың мәдениетін сақтау және жаңғырту.
* Әлемнің көшпелі халықтарының ұлттық спорт түрлерін сақтау және халықаралық деңгейге көтеру.
* Қызметі әлемде этникалық спортты дамытуға және насихаттауға арналған мекемелерді қолдау.
Ойындарды өткізудің қосымша мақсаты — ойындарды өткізетін елдің туристік әлеуетін арттыру.
## Бірінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары
Бірінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2014 жылғы 9—14 қыркүйекте Қырғызстанның Ыстықкөл облысының Шолпаната қаласында өтті. Оларға 19 елдің спортшылары қатысты: Әзербайжан, Аустрия, Ауғанстан, Беларусь, Бразилия, Германия, Қазақстан, Қырғызстан, Литва, Моңғолия, Ресей, АҚШ, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан, Франция, Швеция, Оңтүстік Корея.
Спортқа 771 адам қатысты. Оның 583-і спортшы болса, 188-і жаттықтырушы мен төреші.
Ат спортына 230 жылқы тартылды.
Мәдени бағдарламаға 1200 адам қатысты.
Телехабар 230 000 000 әлеуетті аудиториясы бар 40 елді қамтыды.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Ресей Федерациясы құрамасы сапында Башқұртстанның өкілдері (36 адам) қатысты. Олар спорттың 11 түрінен сынға түсті.
## Спорт түрлері
## Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2016
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2016 жылғы 3—8 қыркүйек аралығында Қырғызстанның Шолпаната қаласында өткен екінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. 2016 жылғы Ойындарға 80 елдің, оның ішінде дәстүрлі көшпенді емес елдердің спортшылары қатысты.
## Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2018
2018 жылы қыркүйекте Қырғызстанның Шолпаната қаласында Үшінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті. Ойынға 66 елден 1,5 мыңнан астам спортшы қатысып, дәстүрлі спорттың 37 түрі бойынша сынға түсті. Командалық бірінші орынды Қырғызстан құрамасы, екінші орынды Қазақстан, үшінші орынды Ресей құрамасы иеленді.
### Мәдени бағдарлама
Ойындар әртүрлі этномәдени бағдарламамен сүйемелденді. Осы мақсатта бірінші Көшпенділер ойындары аясында Қыршын трактінде киіз үй қалашығы орнатылып, жарыс бағдарламасына енбеген басқа ұлттық ойындардан көрсетілім қойылымдары, басқа да ойын-сауық шаралары ұйымдастырылды.
## Ойындардың өткен жылдары мен орны
## Шағын көшпенділер ойындары
Ел ішінде халықтық спортты белсенді дамыту үшін жыл сайын Қырғызстанның аймақтарында Кіші көшпенділер ойындары өткізілетін болды.
## Тағы қараңыз
* Орталық Азия ойындары
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ресми сайт
* Ресми сайт (2024) |
Ғаббас Жұматұлы Жұматов (20 қыркүйек 1918, Баянауыл ауылы, Баянауыл ауданы, Семей облысы — 14 маусым 2018, Алматы) — Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, Қазақ КСР мен Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысы жылдарында Брест бекінісін қорғауға қатысушылардың бірі.
## Өмірбаяны
### Отбасы
1918 жылы 20 қыркүйекте Павлодар облысы Баянауыл ауылында ауыл мұғалімі Жұмат Досқараевтың көп балалы (8 бала) отбасында дүниеге келген. Арғын тайпасының Сүйіндік руының Айдабол тармағынан шыққан.
Ғаббастың әкесі Жұмат Досқараев 50 жасында Ташкенттегі Орта Азия университетін бітіріп, жоғары білім дипломын алған. Кейін әкесі жоғары оқу орындарында ұстаздық қызметпен айналысты, Қазақ КСР Ғылым академиясының бөлім меңгерушісі, Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл білімі институтында қызмет етті.
Ғаббастың ең үлкен ағасы Әубәкір Жұматов Тимирязев атындағы ауыл шаруашылығы академиясын бітіріп, 1943-1959 жылдары Қазақ ауыл шаруашылығы институтының ректоры болды.
Ғаббастың тағы бір ағасы Жұматов Хамза Жұматұлы вирусолог-эпидемиолог, медицина ғылымының докторы (1954), профессор (1958), КСРО Медицина ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі (1961), КСРО Министрлер Кеңесі қарамағындағы Жоғары аттестациялық комиссияның (ЖАК) мүшесі (1961), Қазақ КСР ҒА академигі (1967).
Ғаббастың інісі Сапар Жұматов ММХҚИ бітірген, КСРО Сыртқы істер министрлігінде бірінші дәрежелі кеңесші болған. Ол ұзақ уақыт Франция мен Швейцарияда жұмыс істеді. ЮНЕСКО жанындағы халықаралық комиссияның мүшесі болды.
### Соғысқа дейінгі кезі
Ғаббас Павлодардағы толық емес орта мектепті бітіргеннен кейін Жұматовтар отбасы Алматыға көшіп, Ғаббас 1937 жылы Байланыс техникумын бітірді. Тапсырма бойынша Үлкен Михайловка ауылында (қазіргі Қарағанды қаласының маңы) радиостанцияда техник болып жұмыс істеді. Екі жыл жұмыс істеп, Тау-кен металлургия институтының (қазіргі ҚазҰТУ) геологиялық барлау факультетіне оқуға түседі. Бірінші семестрден кейін 1939 жылдың аяғында Жұматұлы Қызыл Әскер қатарына шақырылды.
Жұматов орта білімі бар әскерге шақырылғандардың өткір тапшылығына байланысты 6-атқыштар дивизиясының 204-гаубица артиллериялық полкінің 3-дивизиясының 2-артиллериялық батареясының байланыс бөлімінің командирі қызметіне тағайындалды. Бұл бөлімше Брест бекінісінің аймағында орналасқан еді.
### Соғыс
1941 жылы 22 маусымда кіші сержант Жұматовтың әскери қызметі аяқталып (ол кездегі жоғары оқу орындарынан шақырылғандар бір жарым жыл қызмет еткен), әскерден қайтпақшы болған. Германияның КСРО-ға шабуылының алғашқы сағаттарынан бастап Жұматов Брест бекінісін қорғауға қатысты. Бірнеше күн бекіністі қорғағаннан кейін 204-ші гаубицалық артиллериялық полктің штаб бастығы Иван Лукьянчиков шегінуді ұйымдастырып, Жұматовпен бірге қоршаудан Гомел аймағындағы майдан шебіне дейін әскери қызметкерлердің үлкен тобын шығара алды. Жаңадан құрылған артиллериялық бөлімшеде әскери борышын өтеуге міндетті жергілікті тұрғындардың арасынан Жұматов 76 мм зеңбірек батареясының басқарма взводының командирі болып тағайындалды. Біраз уақыттан кейін Жұматов Можайск бағытында Мәскеуді қорғауға қатысқан Бас командалық резервтің 573-зеңбірек артиллериялық полкіне қызметке ауыстырылды. Осы полк құрамында Жұматов 1941 жылы 7 қарашада Қызыл алаңда өткен әскерлер шеруіне қатысты.
Мәскеу үшін шайқасқа қатысқаны үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
1942 жылы желтоқсанда Жұматов Томбы қаласына көшірілген Днепропетровск артиллерия училищесіне оқуға жіберілді. 1943 жылдың жазында техникумды бітіргеннен кейін лейтенант Жұматов 5-гвардиялық Дон казактары Қызыл Тулы атты әскер корпусының 150-гвардиялық танкіге қарсы жойғыш полкінің атқыш взводының командирі болып тағайындалды.
Жұматов 5-корпустың құрамында Украина, Молдова, Румыния, Югославия, Мажарстандағы ұрыс қимылдарына қатысты. Будапешт маңында жараланған. Соғыс қимылдарының соңында аға лейтенант атағын алып, батарея командирі қызметіне тағайындалды. Жұматов 1946 жылы әскери қызметтен босатылды.
### Соғыстан кейінгі кезең
Әскери борышын өтегеннен кейін Жұматов Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі Қазақ ұлттық университеті) тарих факультетіне оқуға түсіп, оны үздік бітірді. Университетте марксизм-ленинизм кафедрасының аспиранты ретінде қалып, 1953 жылы оқытушылық қызметке кірісіп, соңында доцент, кейін профессор атағын қорғайды. Ол КОКП тарихын оқытуға маманданған. Университеттің ғылыми кеңесінің мүшесі болды.
Ғылыми қызметтің негізгі бағыты Қазақстандағы тарихи қайта құру мәселелері болды.
Жұматов Қазақ КСР КП ОК және КОКП Алматы облыстық комитетінің штаттан тыс оқытушысы ретінде бүкіл Қазақстанды дерлік аралап, дәріс оқыды.
1979 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы Жұматов Ғаббасқа «Қазақстан жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағын берді.
1984 жылдан Қазақ мемлекеттік университетінің Еңбек және Ұлы Отан соғысы ардагерлері қоғамын басқарды. Ол сондай-ақ Алматы қаласы Калинин ауданы (қазіргі Бостандық ауданы) Еңбек және Ұлы Отан соғысы ардагерлері қоғамы төралқасының мүшесі болды. Белсенді қоғамдық қызметі үшін әр жылдары Бүкілодақтық соғыс ардагерлері комитетінің Құрмет дипломдары және мақтау қағаздарымен марапатталған. 10 жылдан астам Алматы қалалық соғыс ардагерлері кеңесінің идеологиялық комиссиясын басқарды, Республиканың соғыс ардагерлері істері жөніндегі орталық кеңесінің мүшесі болды.
1960-1990 жылдар аралығында Жұматов Францияға, Болгарияға, Югославияға, Мажарстанға, Италияға және басқа да бірқатар елдерге Екінші дүниежүзілік соғыс туралы дәрістермен бірнеше рет барды. Франциядағы Қарсыласу қозғалысының бұрынғы мүшелерімен конференцияларға қатысты.
2018 жылы 14 маусымда жүз жылдық мерейтойына 3 ай жетпей Жұматов Ғаббас Алматы қаласында қайтыс болды. 15 маусымда әскери құрметпен Кеңсай зиратына жерленді.
Осылайша, 2018 жылдың 14 маусымына дейін Жұматов Ғаббас Брест қамалының ең соңғы тірі қорғаушысы болды.
### Отбасы
Әйелі — Мақашева Раиса Кәрімқызы. Медицина ғылымдарының докторы. профессор. 1991 жылы қайтыс болды.
Қызы — Гүлнар, медицина ғылымдарының докторы. Қызы Майра мен ұлы Жайнар — медицина ғылымдарының кандидаты.
## Дереккөздер |
Шағатай Жаңабек Баққондыұлы – жазушы Жазушылар Одағының, Журналистер Одағының мүшесі..
1961 жылдың 1 қаңтарында Жамбыл облысы, Талас ауданыың Үшарал ауылында дүниеге келген. 1991 жылы қазіргі әл-Фараби атындағыҚазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін сырттай бітірген.
Ауыл шаруашылығы саласында, кұрылыста жұмыс істеген. 1985 жылдан бастап "Жалын" баспасының аударма бөліміне редакторлық қызметке кабылданды. Мұнда ол Жоғары сынып оқушылары, жасөспірімдер мен жастарға арналған көптеген көркем және танымдық, шытырман оқиғалы, фантастикалық кітаптардың редакторы болды.
Өзі орыстың белгілі жазушысы Юрий Нагибиннің "Протопоп Авва¬кум" атты әңгімесін, С.Ивановтың бірқатар әңгімелерін қазақшаға тәржімалады. 1990 жылы "Қазақ әдебиеті" газетіне қызметке ауысып, одан кейінгі жылдарда "Халық конгресі" газеті, "Парасат" журналында әртүрлі қызметтер атқарды. "Түркістан" газеті бас редакторы болды.
1991 жылы "Көкөзек шақ" жинағы үшін М.Мақатаев сыйлығының иегері атанды. Сондай-ақ, 1990 жылы "Бірінші кластың баласы" атты хикаяты "Жалын" баспасының балалар мен жасөспірімдер және жастарға арналған дәстүрлі жабық бәйгесінде екінші жүлдеге ие болған. 2005 жылы "Жазушы" баспасынан "Ызғырық" атты жинағы жарық көрді.
## Дереккөздер |
Жүкешев Қанағат (Жүкешев Қанат Мұратбекұлы) – тарихшы, философ, әлеуметтанушы, лингвист. Философия ғылымдарының кандидаты (1997 ж.), қауымдастырылған профессор ҚазСТА (2017 ж.).
## Өмірбаяндық мәліметтер:
1946 жылы 27 желтоқсанда ауқатты жекеменшік иесі, жаз жайлауы Тарбағатай мен қыс қыстауы Майлы-Жәйірді мекендеген, Жүкеш немересі Мұратбек Қанапияұлы мен Жаметай Мәткәрімқызының отбасында, Барлық тауының асуында, көш үстінде дүниеге келген.
Қазақ. Орта жүз, Найман – Қаракерей – Байжігіттен тарайтын Арыс (Қарақұрсақ) руынан. Қалтай батырдың ұрпағы. Ата-бабалары: Арыс-Қарақұрсақ (қалмақтар қырып кеткен Арыс руының жұртында, төңкерілген қазан астынан табылған бала. Содан Қаракұрсак аталып кеткен.) – Қалтай – Ырсымбет – Найман – Жүкеш – Қанапия – Мұратбек – Қанағат.
Шешесінің тегі: Орта жүз, Найман – Қаракерей – Байжігіттен тарайтын Тоғас руынан. Ата-бабалары: Қызыл би, Мыңбай би – Сасан би – Темірбек – Бәжікен – Мәткәрім – Жаметай (Гүлжәмила).
1962 жылы Мұратбектің отбасы Кеңестер Одағына – Семей облысының Новопокров ауданына қоныс аударды.
1964-1967 жылдары Семей қаласында М.Әуезов атындағы педагогикалық училищеде оқыды.
1967-1969 жылдары Кеңес армиясында қызмет етті.
1969-1971 жылдары Абай атындағы Семей облыстық драма театрында актерлық қызмет атқарды.
## Педагогикалық-оқытушылық қызметі:
1972-1977 жылдары Н.К.Крупская атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетін сырттай бітіріп, тарих және қоғамтану мамандығын алып шықты.
1972-1995 ж.ж. Семей облысы мен Семей қаласының оқу орындарында мамандығы бойынша жұмыс істеді.
1996-2007 ж.ж. Алматыда Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында аға ғылыми қызметкер – жетекші ғылыми қызметкер міндеттерін атқарды.
2008 жылдан бері Қазақ спорт және туризм академиясының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында аға оқытушы, қауымдастырылған профессор сапасында философия пәнінен сабақ береді.
## Ғылыми-шығармашылық қызметі:
Қ.Жүкешев 200-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монографияның, 5 оқулықтың, 14 оқу-әдістемелік құралдарының авторы. Ғылыми жұмыстары негізінен төрт бағытта жүзеге асырылып келеді.
### Біріншісіне әлеуметтік-психологиялық бағыттағы зерттеулері жатады.
1997 жылы ҚР Білім беру министрлігі-Ғылым академиясының Философия институтында «Қазақстан қоғамы трансформациясы жағдайында ұлттық психологияның даму тенденциялары» тақырыбында 09.00.11 – «әлеуметтік философия» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.
Ұлттық психология мен менталитетті зерттеген еңбектерінде олардың ұқсастықтары мен нақты айырмаларын ажыратып берді.
1984 жылы қаңтарда «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған «Қалаға неге қырын қараймыз» атты сыни мақаласы Қ.Жүкешевтің Республикалық баспасөзде бірінші көрінуі болып табылады. Мақала «қазақ ауылда тұрып, мал бағумен айналысуы керек. Қалаға қоныстана бастаса, ұлт ретінде жойылып кетеді» деп есептейтін жазушы қауымды дүр сілкіндірді. Осы жыл бойы жазушы қауым автордың басына әңгіртаяқ ойнатумен айналысты.
### Екінші бағыт: Қ.Жүкешевтің орта мектепке арнап дайындаған оқулықтары мен ОӘК қамтиды.
Ол тәуелсіз Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріндегі 9-11 сыныптарға арналған екі жаңа пәннің – «Қоғамдық білім негіздері» мен «Құқықтанудың» негізін қалады. Аталған пәндердің білім құрамы мен мазмұнын анықтап, жүйелеп, білім беру стандарттары мен бағдарламаларын жасады. Авторлар ұжымын ұйымдастырды. Негізгі мектептің 9-сыныбына арналған «Қазақстан тарихын» жазуға белгілі академиктер Манаш Қабашұлы Қозыбаев пен Кеңес Нұрпейіс, «Адам. Қоғам. Құқық» оқулығын жазуға академик Ғ.Сапаргалиев пен әдіскер Г.Асанбекова тартылды. Оқулықтармен қоса, пәннің оқу-әдістемелік кешендері қатар дайындалды.
Ол өзі құрған авторлар ұжымымен бірге, 9-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Адам. Қоғам. Құқық» оқулықтары мен ОӘК дайындады.
### Үшінші бағыт - философия:
«Заманауи өркениеттер дамуының рухани негіздері» – 2007 жылы философия ғылымдарының докторы дәрежесін алуға Қ.Жүкешев дайындаған диссертация тақырыбы осылай аталды.
Қоғамды прогресс жолына түсіру амалдарын табу қиын емес. Бұл мәселе Батыс философиясында жеткілікті зерттелген. Диссертант еңбегінде қоғамның адамгершілік-моральдық бейнесіне баса зер салады. Платонның руханиятын, И.Канттың максималарын, Г.Спенсердің «адамша өмір сүру» қағидаларын бетке ұстай отырып, автор Қазақстан қоғамының рухани ахуалына дүниежүзілік тенденциялар астарында талдау жасады. Содан, қоғамды билеушілердің адамгершілік-моральдық абрисі өз деңгейінде болуы, соның нәтижесі ретінде, қоғамда қабылданған заңдылықтардың қатал сақталуы прогрес кепілі бола алады деген қорытынды шығарды.
Барлық процедуралардан өтіп, қорғауға шығатын күннің алдында қазақ филологтарының үлкен тобы жоғары инстанцияларға шағымданып, шу көтерді. Диссертацияда қазақ тілін мемлекеттік мәртебесіне лайықты қызметін атқаруға дайындау қажеттігі айтылған тарау болатын. Қазақ тілі кезінде экономикалық айналыстан шеттетіліп, стихиялы ағысқа жіберілген, ғылым тарапынан бақылаудан тыс қалған, соның салдарынан, синтаксистік құрылымы бұзылып, терминдері мен ұғымдары тұлғалық жағынан да, мағыналық жағынан да былыққан, қателерге малшынған күйге түскен болатын. Аграрлы қоғамның түкпірінде жойылуға бет алған тілді, бірден индустриялы қоғамда ресми ақпаратты жеткізуге жұмсауға болмайтын еді. Қазақ тілі заманауи өркениетті қоғамның қойнауларында болып жатқан құбылыстар мен үдерістерді жеткізуге дайын емес болатын.
Құбылыстың мәнін түсінбеген филолог атаулы, «қазақ тілінің байлығы кез келген ақпаратты жеткізуге жетеді, тек шенеуніктер ана тілінде сөйлеп, басқаға үлгі көрсетсін. Президент оларды қазақша сөйлеуге мәжбүрлесін» деген «қағиданың» соңынан түсіп алып, 30 жыл бойы дүйім жұртты құр дүрліктіріп келді.
Ол кезде формациялар ауысуы тудырып отырған тілдік проблемаларды тереңінен түсіне алатын маман филологтарды қойып, философтар арасынан да шыққан жоқ. Тіл проблемасы ғылымдар интеграциясында шешілуі керек, тілді индустриялы қоғамда әмбебап қолдануға дайындау қажет болатын. Мұндай ұсыныстарды қабылдай алмаған отандық филологтар, академик Ә.Қайдаровтың ұйымдастыруымен, диссертантқа қарсы шабуылға шықты. Тұжырымды конструктивті талқылауды кейін ысырып қойып, олар бірден Парламентке дейін барып, саяси шешім шығаруды – Қ.Жүкешевті отаннан қууді талап етті.
Диссертация қорғалмай қалды. ҚазСТА-ның баспасы "Заманауи өркениеттердің дамуының рухани негіздері" деген бұрынғы атауымен студенттер мен магистранттарға арналған оқу құралы ретінде басып шығарды (2024).
### Төртінші бағыт мемлекеттік тілді дамыту мәселелерін қамтиды.
Базалық мамандығы тарих, диссертациялық зерттеу бағыты философия бола тұра, Қ.Жүкешев, 2007 жылдан кейінгі кезеңде, ойластырып қойған жоспарларын кейін ысырып тастап, мемлекеттік тіл мәселесін зерттеуге ауысты. Оның өзіндік себептері болды.
Ы.Алтынсарин атындағы Білім беру академиясында оқулықтармен айналысып жүргенде, ол қазақ тілінің мейілінше мүшкіл күйінің куәсі болды: тіл контентінің тұрмыстық стильде ғана беріліп, аномалияға малшынған күйін көрді. Оқулықтар мен ОӘК, авторлық жазбалар да синтаксистік қателерге тұнып тұрды. Аударма үдерісі (оқулықтар екі тілде дайындалатын) қазақ тілі сөздіктерінің сапасы саналы адам төзгісіз күйде екендігін әшкерелеп берді. Қ.Жүкешевтің тілді түзеп алмай, ұлттың руханиятын алға бастыру мүмкін емес екендігіне көзі жетті. Ол мұндайға шыдап жүре беруге болмайды деген қорытындыға келді.
Формациялар ауысып, қоғам тарихи бетбұрыс жасап жатқан, өтпелі кезеңде тығырықтың себебін, тілді ғылыми амалдармен дамыту жолдарын көре алатын күш елде болмады (қазір де жоқ). Тілді индустриялы қоғамда әмбебап қолдануға дайындау қажеттігін түсінуге ешкімнің зердесі жетпеді. Отандық филологтар аграрлы қоғамда экономикалық айналыстан шеттетіліп, ауылда, тұрмыс шеңберінде қамалып қалған, синтаксистік жүйесі әбден бұзылған тілді бірден индустриялы қоғамда ресми ақпарат жүргізуге пайдалану мүмкін болмайтынын ескермеді. Кеңес кезінде қазақ тілін жою шараларына атсалысқан, оны айналыстан ығыстырып шығару амалдарын зерттеген, тапқан, жүзеге асырып келген қазақ филологтары, тәуелсіздіктен кейінгі кезеңде де, теріс бағыттарынан қайтқан жоқ. Кеңестік тілдерді жою саясатын айыптамады, одан біржола бас тартатындықтарын мәлімдемеді. Бұрынғыша, тілдің түпкілікті мүддесіне қайшы әрекеттерін жалғастыра берді.
Қазақ баласы ұлттық аурасы тұнып тұр деп саналатын, туған үйінен тіл біліп шықпайды. Балабақша сәбиге тіл үйрете алмайды. Мектеп арнайы бағдарламамен, оқулықпен, әдістеме қолданатын мұғалімнің күшімен, бағамен ынталандырып, регламенттеп оқытып бағдарламалық мәтінді меңгерте алмайды. Ауыл мектебін, сонан кейін, ЖОО-ны қазақша бітіріп, өндіріске келген маман бірден орысшаға ауысып кетеді. Сөздіктер қателерге тұнып тұр. Оқулықтың оңғаны болмады, қазір де жоқ. Қазақтілді филологияда мектеп оқулықтарын түзей алатын күш жоқ. Толыққанды қазақтілді орта жоқ. Қазақ тілінде заманауи азаматтың талғамына татитын, оның тілін үйренуге ұмтылысын жебейтін контент жоқ. Мұның салдары Қ.Жүкешевке іс жүзінде қазақтілді филология деген ғылым жоқ, филологияның атын жамылған паранаука бар деген қорытынды шығаруға итермелеген болатын.
Паранауканы жасап отырған псевдоғалымдармен кездесіп, өзекті тақырып талқылау мүмкін емес. Өйткені, олар озық лингвистикаларда қолданылатын ғылыми аппаратпен таныс емес. Олар әдеби тіл, оның критерийлері; тілдің стандартталуы; жалпыхалықтық тіл; тілдің семантикалық жүйесі; тілдің индустриялы қоғам өмірін репрезентациялау мүмкіндігі; тіл контентінің сапасы және оның тіл үйренуге мұқтаждық тудыру қабілеті; ареалды лингвистика, корпустық лингвистика, когнитивтік лингвистика, т.б. тақырыптарда талқылау жүргізуге дайын емес. Терминдердің мағынасын түсінбейді. Тіл стилистикасы сонау кеңестік оқулықтардың өзінде теріс түсіндіріліп келген болатын. Қазір де тіл стильдерінің ажыратылуы ғылымилықтан аулақ, үстірт тәпсірленген, мысалдармен, жаттығулармен тәптіштелмеген. Сондықтан, тіл қолдану кеңістігінде ешкім ресми стиль талаптарын сақтап сөйлей алмайды.
«Тіл философиясы» (2021 ж. 4 қарашада) республикалық онлайн-семинарда талқыланды. Оған қатысқан 38 дәрежеленген филологтар толық құрамымен, бір ауыздан кітапта келтірілген идеялар мен тұжырымдарға қарсы шықты. Жазбаша пікір бергендердің ешқайсысы конструктивті пікір айта алмады. Өйткені, олардың өздері ғылымнан аулақ, сөйлемін синтаксистік талаптар тұрғысынан дұрыс құрып, ойын жеткізе алмайтын адамдар болып шықты. Бір профессор 3 беттік ғылыми сараптамасында 48 қате жіберген еді. Тұтас салада ахуалдың осылай өрбіп отырғанын түсінетін ешкім жоқ. Бір ескерерлігі, автордың осы айыптауларына қарсы шығып, ғылымды, ғалымдық аттарын, намысын қорғауға шығатын ешкім тағы болмады.
Отандық филологтар қазіргі таңдағы қазақ тілін дамытудың бірден бір ғылыми, перспективалы жолын көрсетіп берген Президенттің нұсқауын орындамай отыр. Қ.-Ж. Тоқаев «тіл мәселесіне «ғылыми тұрғыдан келу,.. қазақ тіліне реформа жасау,.. тілімізді модернизациялау керектігін» ескерте келіп, бұл трендті жүзеге асыру үшін «еуропа елдерінің тәжірибелеріне сүйену керектігін» айтқан болатын.Алайда, содан бері бұл бағытта ешқандай жылжу болған жоқ. Мұны ел Президенті ұсынған бағыттарға қарсы ұйымдасқан ұжымдық саботаж ретінде бағалауға болады.
«Тіл философиясы» кітабында дүниежүзінің алдыңғы қатарлы лингвистикаларының тәжірибелеріне сүйене отырып, автор қазақ тілін индустриялы қоғамда әмбебап қолданылатын тіл ретінде дамытудың ғылыми жолдары ұсынады. Ол мынадай негізгі бағыттарды қамтиды:
* - қазақ тілін стандарттау үдерісінен өткізу;
* - стандарт арқылы тілді әдеби нормаға түсіру (әдеби нормаланған корпус, бірінші кезекте, жиі қолданылатын 12000 тілдік бірлікті қамтуы керек);
* - қазақ тілінде кең таралатын ресми ақпаратты осы корпусқа енген лексика негізінде құру;
* - ресми стилистиканы орнықтыру (бірінші кезекте, ғылыми, саяси-публицистикалық және педагогикалық әдебиеттерде);
* - тілдің индустриялы қоғам өмірін репрезентациялау мүмкіндігін арттыру;
* - тіл контентінің сапасын тіл үйренуге мұқтаждық тудыратын деңгейге көтеру;.. т.б.
«Тіл философиясы» рухы мен идеологиясы тұрғысынан Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының мемлекеттік тілді дамыту парадигмасының мазмұнымен толық үндестік табады.
## Жарияланған еңбектерінің іріктелген тізімі
* Жүкешев Қ.М. Ауылшылдықты асқындырып алмайық // Жұлдыз, 1988, № 9, 176-184 б.б.
* Жүкешев Қ.М. Әлеуметтiк-психологиялық адаптация: бейiмделу және образ шынайылығы // Уақыт және қаламгер, А.: Жазушы, 1990, 107-124 б.б.
* Жүкешев Қ.М. Ұлттық психологияның сипаты // ҚР Бiлiм министрлiгiнiң республикалық баспа кабинетi, 1993., 196 б.
* Жукешев Қ.М. Қазақстан қоғамының қазiргi жағдайында ұлттық психологияның даму тенденциялары. Диссертация философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесiн алу үшiн. 09.00.11 //ҚР ҒМ-ҒА Философия институты. Алматы, 1997.- 161 бет. № 4590.
* Қазақстан Республикасының жалпы бiлiм беретiн мектептерiнде қоғамдық бiлiм негiздерiн оқыту тұжырымдамасы. Жалпы бiлiм беретiн негiзгi мектепке арналған “Адам. Қоғам. Құқық” пәнiнiң бағдарламасы: /9-сынып/, Республикалық баспа кабинетi,- Алматы, 1997.- 56 б.
* Тұрлығлов Т.Т., Жүкешев Қ.М., Бекiшева Р.М., Налаева Р.Б. Қоғамдық бiлiм негiздерi // Қазақстан Республикасы орта бiлiм стандарты 1-кiтап. Қоғамдық-гуманитарлық пәндер.– Алматы, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ бiлiм академиясының Республикалық баспа кабинетi. 1998, – 330 б. (170-187 б.б.).
* Познание мира: Учебник для 4-класса общеобразовательной школы. К.Жунусова, А.Бирмагамбетов, К.Аймагамбетова, И.Нугуманов, К.Жукешев. – Алматы: Атамура, 1999, – 176 с.
* Жүкешев Қ және басқалар. Қоғамдық бiлiм негiздерiнен бағдарламалар жинағы /9-11 сыныптар/. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың бiлiм академиясының Республикалық баспа кабинетi, – Алматы. 2000, – 74 б.
* Жукешев К.М. и др. Программа. Введение в правоведение (программа в четырех вариантах), – Алматы: Республиканский издательский кабинет Казахской академии образования им. И.Алтынсарина, 2000, – 48 с.
* Жукешев К.М. Методическое пособие по курсу “История и культура малочисленных народов Казахстана”.– Алматы: Дайк-Пресс, 2001. – 58 с.
* Козыбаев М.К., Байпаков К.М., Нурпеис К., Мажитов С.Ф., Жукешев К. История // Республика Казахстан. Энциклопедический справочник. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2001. – 584 б. (39-110 б.б.).
* Жүкешев Қ., Лактионова О, Бейсебекова Г. “Адам. Қоғам. Құқық”. Дидактикалық материалдар. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 9-сыныбына арналған байқау құралы. – Алматы: “Мектеп” 2002. – 60 б.
* Жүкешев Қ. және басқалар. Қазақстан тарихы. Әдiстемелiк нұсқау: Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 9-сынып мұғалiмдерiне арналған байқау құралы. –Алматы: “Мектеп баспасы” ЖАҚ, 2002. – 116 б.
* Жүкешев Қ. Егемендiк пен тәуелсiздiк - бiр тарихи оқиғаның екi кезеңi // Саясат, № 6, 2002. – 44-45 б.б.
* Авторлар ұжымы. Педагогикалық-психологиялық терминдер сөздiгi. // Алматы, “Мектеп баспасы” ЖАҚ, 2002.
* Жүкешев Қ. Адам және қоғам. Жалпы білім беретін орта мектептің 11 сыныбына арналған оқулық. Алматы: “Глобус” баспа үйі, 2003, 2004.– 352 бет.
* Жукешев К.М. и др. Человек. Общество. Право: Учебник для 9 класса общеобразовательных школ // Жукешев К.М., Сапаргалиев Г.С., Асанбекова Г.С.– Алматы: Издательство “Мектеп”, 2005, 2009, 2013.– 256 с. (на казахском, русском языках).
* Человек. Общество. Право: Хрестоматия. Учебное пособие для 9 классов общеобразоваиельных школ // Сост.: К.М.Жукешев, Г.С.Асанбекова.– Алматы: Издательство “Мектеп”, 2005, 2009, 2013.– 240 с. (на казахском, русском языках).
* Жукешев К.М. и др. Человек. Общество. Право: Методическое руководство. Пособие для учителей 9 классов общеобразоваиельных школ // К.Жукешев Г.Асанбекова, Г.Бейсебекова.– Алматы: Издательство “Мектеп”, 2005, 2009, 2013.– 256 с. (На казахском, русском языках).
* Жукешев К.М. и др. Человек. Общество. Право: Дидактические материалы. Пособие для 9 классов общеобразоваиельных школ // К.Жукешев Г.Асанбекова, О.Лактионова.– Алматы: Издательство “Мектеп”, 2005, 2009, 2013.– 256 с. (На казахском, русском языках).
* Қазақстан тарихы (1914-2004 жж.): Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 9-сыныбына арналған оқулық // М.Қозыбаев, К.Нұрпейiс, Қ.Жүкешев.– Алматы: “Мектеп” баспасы, 2005, 2009, 2013.– 248 бет (қазақ, орыс, ұйғыр тілдерінде).
* История Казахстана: Хрестоматия. Учебное пособие для 9 классов общеобразоваиельных школ // Сост.: К.Нұрпейiс, И.Қозыбаев, К.Жукешев. – Алматы: Издательство “Мектеп”, 2005, 2009, 2013.– 176 с. (на казахском, русском, уйгурском языках).
* Жукешев К.М. и др. История Казахстана: Методическое руководство. Пособие для учителей 9 классов общеобразоваиельных школ // Т.Турлыгул, К.Жукешев К.Адамбосынов и др.– Алматы: Издательство “Мектеп”, 2005, 2009, 2013. (На казахском, русском, уйгурском языках).
* Жукешев К. Менталитет и национальная психология // Мысль, 2006, № 6. С. 17-21.
* Жукешев К. Система ценностей и развитие цивилизации // Мысль, 2006, № 7. С. 8-12.
* Основы обществознания: Учебник для 10 класса общеобразовательных школ / Нысанбаев А., Изотов М.З., Есим Г., Адамбосынов К.Ж., Жукешев К.М..– Алматы: Издательство “Мектеп”, 2006.– 320 с. (на казахском, русском языках).
* Основы обществознания: Хрестоматия. Учебное пособие для 10 классов общеобразоваиельных школ / Сост.: Нысанбаев А., Изотов М.З., Адамбосынов К.Ж., Жукешев К.М..– Алматы: Издательство “Мектеп”, 2006.– 180 с. (на казахском, русском языках).
* Ценности как субстанциональная причина развития цивилизации. // Евразийское сообщество, 2006, № 2. С. 107-115.
* Жүкешев Қ.М. Қоғам дамуы және адамның рухани әлемi // Әл Фараби ат. ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы, 2006, № 1(25). – 116-119 б.б.
* Нысанбаев А., Абишев К., Жукешев К., Изотов М., Кажимурат К., Сабит М., Татимов М. Основы обществознания: Учебник для 11 кл. общественно-гуманитарных направлений общеобразовательных школ. – А.: Издательство «Мектеп», 2007. – 272 с. (На казахском, русском языках).
* Нысанбаев А., Абишев К., Жукешев К., Изотов М., Кажимурат К., Сабит М., Татимов М. Основы обществознания: Хрестоматия. Учебное пособие для 11 кл. общественно-гуманитарных направлений общеобразовательных школ. – А.: Издательство «Мектеп», 2007. – 208 с. (На казахском, русском языках).
* Нысанбаев Ә., Жукешев К., Изотов М., Қажымұрат К., Сәбит М., Тәтімов М. Адам және қоғам: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныпқа арналған оқулық. – А.: «Мектеп» баспасы, 2007. – 288 бет.
* Жукешев Қ.М. Мемлекеттік тіл: қазіргі күйі және даму философиясы. – Алматы, 2008. – 240 б.
* Жукешев К.М. Правовое образование как средство воспитания менталитета // Философия права, № 1, 2009. С. 25-28.
* Жукешев К.М. Нужна новая парадигма // Наука и современность – 2010. Сборник материалов I Международной научно-практической конференции. В 3-х частях. Часть 2. – Новосибирск: Издательство «СИБПРИНТ», 2010. – 262 с. 213-218 б.б.
* Жукешев К. Образование в преддверии гражданского общества // Материалы международной научно-практической конференции «Инновационное развитие образования и науки: проблемы и перспективы посвященной 70-летию Иссык-кульского государственного университета». Вестник Иссык-кульского университета, № 26-2010. ІІ часть. Каракол, 2010. С. 193-197.
* Жукешев К.М. “Государственный язык: концептуальные идеи развития” // «Қазақ альманағы», № 3, 2009 г. 0,6 б.т.
* Жукешев К.М. Философия языка Монография Алматы: Издательский дом «Библиотека Олжаса», 2017. 25,7 п.л.
* Жүкешев Қ.М. Философия: Философиялық емес факультеттердің студенттеріне арналған оқулық. Алматы: ҚазСТА, 2017. 10 б.т.
* Жүкешев Қ.М. Саналы ұрпаққа – сапалы білім. Шолу мақала. Алматы, «Жұлдыз», 2017, № 9. 2 б.т.
* Жүкешев Қанағат. «Заманауи қазақ әдеби тілінің тұжырымдамасы». ADYRNA порталы. 24.08.2023. (https://adyrna.kz/post/167209).
* Жүкешев Қанағат. «Толғауы тоқұсан қызыл тіл: сұрақ күрделі, жауап ұзақ». Қазақ әдебиеті, 10. 07. 2023.(https://qazaqadebieti.kz/38691/tol-auy-to-san-yzyl-til-s-ra-k-rdeli-zhauap-za)
Ескерту: ғылыми еңбектер Википедияда жариялау үшін іріктеліп алынған. Тізімге 200-ден астам мерзімді басылымдарда, әлеуметтік желіде жариланған мақалалар мен посттар енген жоқ.
## Дереккөздер |
Қайрат Сатыбалдыұлы (16 мамыр 1970, Алматы ) - қазақстандық кәсіпкер және ірі компанияларда бірқатар мемлекеттік қызметтер мен лауазымдарды атқарған шенеунік, 2022 жылы сыбайлас жемқорлық жасады деген айыппен сотталған. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі.
## Дереккөздер |
Қойлыбай Дәулетханұлы Асанов (10 қазан 1964(19641010), Ақтау ауылы, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысы) — айтыскер ақын, жазушылар одағының мүшесі.
## Өмірбаяны
Арғын тайпасы Қуандық руының Сайдалы бөлімінен шыққан.
Қойлыбай Қарағандыда өткен 1986 жылғы Желтоқсан қозғалысына қатысушы. Сол жылдары студент жастарға үгіт жүргізуші һәм ұйымдастырушы ретінде ішкі істер органдарында бірнеше рет тергеуде болып, әкімшілік жазаға тартылған.
1987 жылы бірінші рет Павлодарда республикалық деңгейде айтысқа шықты.
1991 жылы Қарағанды Мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.
1993-1996 жылдары Қарағанды облыстық «Шипагер» газетінде бас редактор, облыстық «Замандас» жастар апталығы, «Орталық Қазақстан» газеттерінде тілші қызметін атқарды.
1994 жылдан Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
1998 жылдан бері Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті журналистика кафедрасында ұстаздық етіп келеді.
## Шығармашылығы мен марапаттары
Филология ғылымдарының докторы, профессор Қойлыбай Асанов «Жылымық жылдар жаңғырығы» (2004 ж.), «Е.А.Букетов - публицист» (2006 ж.), «Айтыс өнерінің публицистикалық сипаты» (2010 ж.), «Сөз өнері және журналистика» (2012 ж.) атты зерттеу еңбектерінің авторы.
2002 жылы "Е.А.Букетов публицистикасы" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2010 жылы "Айтыс өнерінің публицистикалық сипаты" тақырыбындағы докторлық диссертациясын сәтті қорғап шықты.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Қойлыбай Асанов — еңбек ардагері |
Қойлыбай Дәулетханұлы Асанов (10 қазан 1964(19641010), Ақтау ауылы, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысы) — айтыскер ақын, жазушылар одағының мүшесі.
## Өмірбаяны
Арғын тайпасы Қуандық руының Сайдалы бөлімінен шыққан.
Қойлыбай Қарағандыда өткен 1986 жылғы Желтоқсан қозғалысына қатысушы. Сол жылдары студент жастарға үгіт жүргізуші һәм ұйымдастырушы ретінде ішкі істер органдарында бірнеше рет тергеуде болып, әкімшілік жазаға тартылған.
1987 жылы бірінші рет Павлодарда республикалық деңгейде айтысқа шықты.
1991 жылы Қарағанды Мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.
1993-1996 жылдары Қарағанды облыстық «Шипагер» газетінде бас редактор, облыстық «Замандас» жастар апталығы, «Орталық Қазақстан» газеттерінде тілші қызметін атқарды.
1994 жылдан Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
1998 жылдан бері Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті журналистика кафедрасында ұстаздық етіп келеді.
## Шығармашылығы мен марапаттары
Филология ғылымдарының докторы, профессор Қойлыбай Асанов «Жылымық жылдар жаңғырығы» (2004 ж.), «Е.А.Букетов - публицист» (2006 ж.), «Айтыс өнерінің публицистикалық сипаты» (2010 ж.), «Сөз өнері және журналистика» (2012 ж.) атты зерттеу еңбектерінің авторы.
2002 жылы "Е.А.Букетов публицистикасы" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2010 жылы "Айтыс өнерінің публицистикалық сипаты" тақырыбындағы докторлық диссертациясын сәтті қорғап шықты.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Қойлыбай Асанов — еңбек ардагері |
Кеңес Хамитұлы Рақышев (14 шілде, 1979, Алматы, Қазақ КСР) - қазақстандық кәсіпкер , “Fincraft Resources” директорлар кеңесінің мүшесі, Қазкоммерцбанктың (2016-2016), БТА Банкінің директорлар кеңесінің төрағасы (2014 жылдан бастап).
## Дереккөздер |
Ғалымжан Шахмарданұлы Есенов (10 наурыз 1982, Алматы, Қазақ КСР) — қазақстандық кәсіпкер, АТФ Банк (2013-2020), Jusan Bank (2023-2024) директорлар кеңесінің төрағасы. Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қорының негізін қалаушы.
## Дереккөздер |
Нұрәлі Рахатұлы Әлиев (1 қаңтар 1985, Алматы, Қазақ КСР) - қазақстандық кәсіпкер, миллионер. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тұңғыш немересі және Дариға Назарбаеваның баласы. 2024 жылы Forbes журналы байлығын 220 млн $ бағалады.
## Дереккөздер |
Зүлфия Болатқызы Сүлейменова (25 ақпан 1990, Ақтөбе, Қазақ КСР ) - қазақстандық мемлекеттік қайраткер, Қазақстан Республикасының бұрынғы экология министрі (2023-2023). Философия докторы.
## Дереккөздер |
Бірінші Смайылов үкіметі - Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жетекшілігімен Қазақстан Үкіметінің 13-үкіметі болды. Ол премьер-министр Асқар Мамин басқарған бұрынғы үкіметті 2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шаралары салдарынан президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 5 қаңтарда отставкаға жібергеннен кейін құрылды. Үкімет құрамын президент 2022 жылдың 11 қаңтарында жариялады.Бұрынғы министрлер кабинетіндегі 21 министрдің сегізі ауысты. |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомствосы.
## Тарихы
Қазақстан Президентінің 2003 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес Үкіметтің 2004 жылдың 3 наурызындағы қаулысымен Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесімен күрес және есірткілердің айналымын бақылау жөніндегі комитеті құрылды.
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті таратылды.
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 735 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің жанынан Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылды.
## Міндеттері
## Дереккөздер |
Тарас Шевченко мұражайы мен мемориалдық кешені – Маңғыстау облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Қазақстанның жалпыұлттық сакралды нысандар тізіміне енгізілген.
## Орналасқан жері
Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Т.Г. Шевченко атындағы саябақ, Б. Маяұлы көшесі, 7.
## Ашылу кезеңі
1932 жыл.
## Тарихи деректер
Бұл – Маңғыстау аумағында ашылған алғашқы мұражай. Мұражайдың ғимараты 1853 жылы салынған, ол ертеректе коменданттың жазда демалатын ордасы болған. Мұражай кешенінің өзі Новопетровск бекінісінің бұрынғы бау-бақшасының аумағында орналасқан.
## Экспозициялары
Мұражай экспозицияларының негізгі бөлігі коменданттық жазғы үйдің залдарында тұр. Экспозиция он жылдың сегіз жылдан астамын украиндық танымал ақын, дарынды суретші Т.Г. Шевченконың Маңғыстау жерінде айдауда өткізген 1850-1857 жылдардағы өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беретін материалдардан тұрады. Мұражай-мемориалдық кешен тек украин халқына ғана емес, қазақ халқына да маңызды болып табылатын Тарас Шевченконың жеңілмейтін батыр образын сипаттайды.Т.Г. Шевченко қазақ жерінің сұлулығын жырлаған алғашқы еуропалық суретші болды.Сондай-ақ Т.Г. Шевченко Новопетровск бекінісінде бірінші ағашты отырғызғаны белгілі. Т. Шевченконың арқасында гарнизондық бақша жасыл саябаққа айналды деген әңгіме айтылады. Ақын Гурьевтен (қазіргі Атырау) өзі әкелген шыбықтан өсіп шыққан қызылталын отырғызды. Форт-Шевченко тұрғындары бір ғасырдан астам уақыт бұл қасиетті ағашты аялап күтті. Қазіргі уақытта да "Тарасовтың қызылталы" деген атпен танымал. Саяхатшылардың қызығушылығын туғызатын нысандардың бірі әлі күнге дейін "Шевченко құдығы" деген атпен белгілі екі құлама шатырдың астындағы көне қима болып табылады.2017 жылы Тарас Шевченко мұражайы – Украинадан тыс орналасқан ақын мұражайы өзінің 85 жылдығын атап өтті.
## Дереккөздер |
Дәния Мәдиқызы Еспаева (5 наурыз 1961, Мәртөк ауданы, Ақтөбе облысы, Қазақ КСР, КСРО) - қазақстандық мемлекеттік қайраткер, мәжілісмен. 2016 жылғы 24 наурыздан бастап «Ақ жол» партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI, VII, VIII шақырылымдарының депутаты. 2023 жылғы 26 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары.
## Дереккөздер |
Балайым Туғанбайқызы Кесебаева (23 сәуір 1966, Жамбыл, Шымкент облысы, Қазақ КСР, КСРО) - қазақстандық мемлекеттік қайраткер, Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары (2021-2023).
## Дереккөздер |
Раиса (Рапия) Кәрімқызы Мақашева (17 қараша 1920 — 13 желтоқсан 1991) — ғалым, дерматолог-венеролог, медицина ғылымының докторы (1968), профессор (1970). Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1966).
## Өмірбаяны
Қазақ медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. 1946 — 52 жылы Қазақстан Ұлттық Академиясының Өлкелік патология институтында кіші ғылыми қызметкер, 1952 жылдан Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университет) тері және венерология аурулар кафедрасының ассистенті, доценті, профессоры, меңгерушісі (1971 жылдан), 1978 — 81 ж. Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің Тері-венерология ғылыми-зерттеу институтының директоры. Негізгі ғылыми еңбектері дерматология және венерология мәселелеріне арналған. Мақашева ауру тудыратын саңырауқұлақ қоздырғыштарының ауру барысында да немесе сыртқы ортада да өте тұрақты болатынын анықтады. Осының нәтижесінде ауру тудыратын әр түрлі саңырауқұлақтарға қарсы зарарсыздандыру әдісін, сондай-ақ, темекіден болатын тері ауруларынан жазылу үшін жергілікті курорттық емдердің пайдасы мен зиянын дәлелдеп берді. 2-дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Гауһар Еркінқызы Берқалиева (лақап аты - Гога Ашкенази; 1 ақпан 1980, Тараз) — қазақ-орыс кәсіпкері және әлеуметші. Қазақстандағы мұнай-газ конгломератының «МұнайГаз Инжиниринг Групп» компаниясының негізін қалаушы және бас директоры. 2012 жылдан бастап Миландағы Vionnet сән үйінің жетекшісі, оның шығармашылық бағытын басқарған.
## Дереккөздер |
Асқат Қайзоллаұлы Дауылбаев (22 қараша 1962, Ақтөбе, Қазақ КСР) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры (2011-2016). 1-дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі.
## Дереккөздер |
Оно заңдылығы — сүтқоректілердің әр түрлі топтары Х хромосомасында бір ата-бабадан алған ДНҚ мен гендердің ортақ құрылымына ие екендігі туралы генетикалық заңдылық. Заңдылықты жапон биологы Сусуму Оно 1967 жылы ұсынған.
## Дереккөздер |
Жанат Қалдыбекұлы Элиманов (16 тамыз 1978 жыл, Қарағанды) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы.
## Білімі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті мен Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
## Еңбек жолы
2000 – 2009 жылдары - прокуратура органдарында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды;
2009 – 2012 жылдары - Әділет министрлігінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды;
2012 – 2014 жылдары - Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды;
2014 – 2017 жылдары - Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жедел-іздестіру қызметі департаментінің директоры;
2017 – 2019 жылдары - прокуратура органдарында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды;
2019 – 2020 жылдары - Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары;
2020 – 2021 жылдары - Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы;
2021 – 2024 жылдары - Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы;
2024 жылғы ақпаннан қыркүйекке дейін - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары.
2024 жылғы 16 қыркүйектен бастап - Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы.
## Марапаттары және атақтары
«Ерлігі үшін» медалімен және «Құрмет» орденімен наградталған.
2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 3-санаттағы жоғары біліктілік сыныбы берілді.
2024 жылы ҰҚК Төрағасының бұйрығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры болып танылды.
## Дереккөздер |
Павел Олегович Казанцев (22 наурыз 1960, Томск, РКФСР, КСРО) - қазақстандық мемлекеттік қайраткер, мәжілісмен, Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары (2021-2023). |
Тәуелсіз үміткер (өзін-өзі ұсынушы) — кез-келген саяси партияға қарамастан сайлауға қатысатын саяси қайраткер.
## Артықшылықтары
Саясаткердің тәуелсіз үміткер ретінде сайлауға түсуінің бірнеше себептері бар:
* Тәуелсіздер басқа үміткерлер-ірі саяси партиялардың өкілдері арасында центристік көзқарас таныта алады. Кейде, керісінше, олар кез-келген үлкен партияға қарағанда экстремалды көзқарасқа ие. Олардың идеологиясында саяси спектрдің екі жағындағы идеялар болуы мүмкін немесе байыпты саяси ойыншылар қолдамайтын мәселелерге негізделген өзіндік ерекше көзқарасы болуы мүмкін.
* Тәуелсіз саясаткер саяси партиямен байланысты болуы мүмкін, оның бұрынғы мүшесі болуы мүмкін, сол сенімдерді ұстануы мүмкін, бірақ өзіңізді осы күштің брендімен байланыстырмаңыз. Басқалары саяси партияға тиесілі болуы немесе оны қолдауы мүмкін, бірақ олар партияның ресми өкілі болмауы керек және осылайша оның саясатына бағынбауы керек деп санайды.
* Кейбір елдерде (мысалы, Кувейт) Саяси партиялар заңсыз және барлық үміткерлер тәуелсіз ретінде әрекет етеді.
Кейбір жағдайларда тәуелсіз саясаткерлер саяси партиялар болып табылмайтын «тәуелсіздердің» арнайы топтарына біріктіріледі. Басқа жағдайларда мұндай саясаткерлер саяси партияға біріктіріледі, оның атауында «тәуелсіз» сөзі жиі қолданылуы мүмкін.
## Тағы қараңыз
* Партиясыз
* Тәуелсіз сайлаушы
* Ауытқымалы дауыс
## Дереккөздер |
Бекет ата жер асты мешіті (Оғланды) – Маңғыстау облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Қазақстанның жалпыұлттық сакралды нысандар қатарында.
## Орналасқан жері
Қарақия ауданы, Сенек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 85 км жерде, Оғланды мекенінде.
## Кезеңі
XVIII ғасыр.
## Тарихи деректер, сипаты
Бекет ата (Бекет Мырзағұлұлы) (1750-1813) адай руының ішіндегі мұңал тегінен шыққан. Жас кезінен бастап ұшқыр ойымен, әскер өнерін жетік білуімен ерекшеленді. Құлшылық етуші ретінде Шопан ата қорымына келген жас жауынгердің түсінде аян беріледі. Шопан ата оған алдымен өзі оқуын, ал содан кейін басқаларға үйретуді бұйырады. Хиуада атақты диуана Бақыржан қажыдан көп жылдар бойы сабақ алғаннан кейін Бекет туған еліне оралады. Жас кезінде ол шебер қолбасшы және ержүрек жауынгер ретінде танымал болады. Туған жерінде бейбітшілік пен келісім орнатқысы келген Бекет дін жолына түседі. Диуана болып, төрт жартасты мешіт салады.Бірінші мешіт Құлсарыда – Ақ мешіт, екінші мешіт Бейнеу ауылынан алыс емес жерде борлы жартаста, үшіншісі – Байшатырда, Үстірт шоқысында, және төртіншісі жерасты мешіті Оғланды шатқалында көлемді жартаста ойып салынады. Барлық төрт мешіттің ішінде Оғландыдағы кешен діни және ғылыми орталық болып табылады. Сондай-ақ мұнда әулиенің өзінің моласы орналасқан. Диуана, дәруіш, сәулетші, дана, ұстаз Бекет ата туған жерін қорғаушы және даналар мен әділ жандардың жебеушісі болып саналады.
Оғландыдағы Бекет ата жер асты мешітінің қазақстандық діни сакралды нысандар арасында ерекше мәртебеге ие. Әлеуметке ықпалы жағынан бұл мешіт Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Иерусалимдегі Омар ата мешіті сияқты киелі орындармен қатар қоюға болады. Жолы қиын жерде орналасқан, әктасты жартасты түзілістерден ойылып жасалған мешіт құлшылық етушілер үшін ең қасиетті орындардың бірі болып саналады. Кешеннің құрамына құлпытас, тау шыңындағы ақ қабырғалы мешіт, яғни жер асты мешітінің өзі енеді.
## Дереккөздер |
## Қарасай петроглифтерінің ерекшеліктері
Қарасай петроглифтері Маңғыстау облысы, Жармыш ауылының оңтүстік-шығысында және ауылдан 5 шақырым жерде, Шығыс Қаратау шатқалдарының Қарасай атты сайға кірер жерінде (координаты 44°07'51.9"N 52°31'19.6"E) жартас бөліктерінде орналасқан.
Жартаста атты сарбаздардың сұлбалары, тауешкі және арқар суреттері бейнеленген. Көне суретшілер осы арқылы шайқасты және сол жерді мекендеген бұрынғы жануарларды бейнелеген.
Қарасай петроглифтерін бұған дейін археолог зерттеушілер мен ғалымдары толық зерттемеген. Осы кезге дейін жарық көрген петроглифтер бойынша ғылыми жұмыстарда кездеспейді. Оның ішінде КСРО кезеңінде басылып шыққан (мысалға, Медоев А. Г. Гравюры на скалах. Сары-Арка, Мангышлак ч. 1 Алма-Ата: «Жалын», 1979 г. 14-17 б.) және Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиеттерде де.
### Қарасай петроглифтерінің жасы
Қарасай петроглифтерінің салынған жасын тауешкілердің бейнесіне қарап қола дәуіріне жатқызуға болады. Себебі, қола дәуіріне аңшылық өнерін бейнелеу тән, яғни тауешкі сияқты аңдарды бейнелеу көрініс табады. Сонымен қатар, салт атты адамдардың бейнесін де кездестіруге болады. Алайда, Маңғыстаудың петроглифтері толықтай зерттелмегендіктен, тастағы суреттер одан кейінгі кезеңдерге де, соның ішінде этнографиялық кезеңге жатуы мүмкін. Ал оның примитивті стильде салынуы қола дәуірінде жатқызуға мүмкіндік береді. |
Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарих-өлкетану мұражайы – Павлодар облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген қала құрылысы және сәулет ескерткіші.
## Орналасқан жері
Павлодар қаласы, Астана көшесі, 149.
## Кезеңі, авторлары
Ғимарат сауда орны болып 1896 жылы салынған (сәулетші П. Батов), 1942 жылы ол жерде мұражай ашылды.
## Тарихи деректер, ғимарат сипаты
Ғимарат 1896 жылы сәулетші П. Батовтың жобасы бойынша бірінші гильдияның атақты көпесі әрі қаланың құрметті азаматы А.И. Деровтың ақшасына сауда орындарын ашу үшін арнайы салынды. Бұл – ұзындығы мен көлемі бойынша қаланың ең үлкен көпестік бөлігінің бірі саналатын ғимарат. Ғимаратты сібірлік модерннің немесе "орыстық емес стильдің" барлық қағидаларын ескере отырып, дөрекі түрде, өзіндік сырт көрінісі мен барельеф салынды. Терезелердің, балкондардың, есіктер мен жоғарғы жақтауларының жиектелуі ерекше назар аудартады. Қабырғалары шығыңқы және дөңгелек резетке түрінде әдемі жиектелген.Бұл стиль XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басында қарқынды түрде дамыған Батыс Сібірдің ағаш сәулет өнеріне тән. Бүгінде сауда үйінің ғимаратында Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарих-өлкетану мұражайы орналасқан. Мұражайдың негізі 1942 жылы қаланды. 1959 жылы оған саяхатшы, Орта Азия зерттеушісі, Павлодар облысының тумасы Г.Н. Потаниннің есімі беріледі. Мұражайдың негізін қалаушы суретші, өлкетанушы Д.П. Багаев болды.
## Мұражай қоры
Мұражай экспозициясы 9 залда көрсетіледі: табиғат; археология; этнография; ХV-ХІХ ғасырлардағы Ертіс маңы тарихының залы; XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы Ертіс маңы мәдениеті мен экономикасының даму тарихының залы; азаматтық соғыс пен революция залы; Ұлы Отан соғысы залы; Павлодар облысының тарихы мен қазіргі дамуы залы.
## Дереккөздер |
Естай Беркімбайұлы мазары – Павлодар облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген қала құрылысы және сәулет ескерткіші.
## Орналасқан жері
Ақтоғай ауданы, Мүткенов ауылынан оңтүстікке қарай 4 км жерде.
## Кезеңі, авторы
Мазар 1946 жылы тұрғызылған.
## Тарихи деректер
Естай Беркімбайұлы (1868-1946) – танымал композитор, Қазақ КСР Еңбегі сіңген өнер қайраткері (1939), әнші, төкпе ақын, Қазақстан Композиторлар кеңесі алғашқы мүшелерінің бірі (1939). Оның есімі алтын әріптермен қазақ музыка мәдениетінің тарихына жазылған. "Сандуғаш", "Юран", "Дүние-ай", "Жай қоңыр", "Наз қоңыр", "Майда қоңыр", "Еркем", т.б. өлеңдері бай интонациялық нақыштарымен ерекшеленеді.Бірақ музыкалық дарынының ең биік шыңы болып саналатыны – "Қорлан" деген туындысы. Осы әнмен мынандай бір әңгіме байланысты: жас кезінде Естай ақын он алты жасар Қорлан есімді сұлу қызды көріп, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айрылады. Қыз да өжет балаға ғашық болады. Олар бір-біріне ғашық болады, бірақ маңдайларына бірге болу жазбаған екен. Қорлан – өктем байдың қызына басқа біреу құда түседі, қыз әкесіне қарсылық көрсете алмайды. Естай сонда қызды алып қашып кетпекші болып шешеді. Бірақ бұл туралы қыздың ағайындары біліп қойып, олардың арманы орындалмай қалады. Қорлан мен Естай бір-бірінен мәңгілікке айрылады. Жігіттің қолында махаббаттарының куәсі болып Қорлан сыйға тартқан күміс сақина қалады. Естай ақын Қорланды өмір бойы сүйіп өтеді, сақинаны да жанынан бір елі тастамайды.
## Мазар сипаты
Халық композиторының моласында күмбезді кірпішті ескерткіш орнатылады. Ақ пен сары кірпіш түстерінің кереғарлығы аспанға ұмтылған қырлы күмбезді құрылыстың архитектоникасын күшейтеді. Кірпіштің нәзік қалануы ескерткіштің сәндік құрылымын ерекшелеп көрсетеді. Кесененің беттік қырында қуысында атақты ақынның барельефті суреті, сондай-ақ төменгі жағында эпитафия мен лираның, домбыраның суреті мен оюлы мотивтер орналасты.
## Дереккөздер |
Бекет ата жер асты мешіті (Ескі Бейнеу) – Маңғыстау облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Қазақстанның жалпыұлттық сакралды нысандар қатарында.
## Орналасқан жері
Бейнеу ауданы, Бейнеу бекетінен оңтүстік-батысқа қарай 17 км жерде орналасқан.
## Кезеңі
1771-1775 жылдар.
## Тарихи деректер, сипаты
Бұл мешіт – хиуалық диуаналардан көп жылдардан бері оқып үйреніп, туған жеріне қайтып келген әулие Бекет ата салған төрт жерасты мешіттерінің бірі.
Бекет ата Мырзағұлұлы XVIII ғасырдың екінші жартысында Атырау облысының қазіргі Құлсары қаласының маңайында өмір сүрген. Аңызға сүйенсек, жас кезінде оның түсінде аян беріледі. Түсінде әулие Шопан ата оған батасын беріп, алдымен өзі оқып, содан кейін басқаларға үйретуді бұйырады. Қырық жас шамасында ол диуана атанады, балаларды оқытып, түрлі аурулардан емдейді, адамдардың бойына дінге деген сенім ұялатты және суфизмдік философияны уағыздап жүрді. Бекет ата Батыс Қазақстандағы құрметті әулиелердің бірі болып саналады.
Жер асты мешіті жартасқа ойып салынған, үш бөлмеден тұрады. Мешіттің негізгі бөлмесі жсопарда дөңгелек болып келген. Төбесі жазық күмбез пішінінде. Жалпы сырт көрінісі қазақтың киіз үйіне ұқсайды.Мешітте шырақшылар қабылдайтын құлшылық етушілерге арналған заманауи инфрақұрылымдық нысандар салынған.
## Дереккөздер |
Сайлау учаскесі — сайлау және референдум кезеңінде дауыс беру және дауыстарды санау үшін құрылатын аумақтық бірлік.
Сайлау учаскелерінің аумағында учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс істейді және тиісті аумақта белсенді сайлау құқығы бар сайлаушылардың тізімдері жасалады.
## Сайлау учаскелерін құру
Қазақстанның сайлау заңнамасына сәйкес сайлау учаскелерін әкімдер құрады (жергілікті әкімшілердің басшылары сайлау комиссияларымен келісе отырып, 15 күн ішінде, ал басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде, сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейін жеті күн ішінде сайлау учаскелері, бір сайлау учаскесіне 3000-нан аспайтын сайлаушылар есебінен, ал сайлау учаскесінің шекаралары әкімшілік-аумақтық бірліктер ішіндегі әкімшілік-аумақтық бөліністің шекарасынан өтпеуі керек.
### Сайлау учаскелерін құрудың ерекше жағдайлары
Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасы сайлау учаскелерінің құрылуына да жол береді:
* Қазақстан Республикасына қарайтын әскери бөлімдерде — Қазақстанмен байланысты әскери бөлімдерде сайлау учаскелері құрылатын болады.
* Сайлау күні жүзетін кемелерде — кемелерде кеменің тіркелген портына немесе тұрғылықты жеріне байланысты сайлау учаскелері құрылады.
* жерлерде демалыс үйлерінде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерде — сайлау учаскелері құрылады.
* Азаматтар шалғай және жету қиын аудандарда тұратын жерлерде бұл аудандар үшін сайлау учаскелері құрылады. Шалғайдағы мал фермаларында Бұл жерлерде сайлау учаскелері құрылады.
* Ұстау изоляторларында және уақытша ұстау изоляторларында – Олардың орналасқан жеріне қарай ұстау изоляторларында және уақытша ұстау изоляторларында сайлау учаскелері құрылатын болады.
* Тиісті сайлау округтеріне кіретін сайлау учаскелері-олар кеменің тіркелген портының немесе тұрғылықты жерінің орналасқан жеріне қарай құрылады. Қазақстан Республикасының шет елдердегі өкілдіктерінің жанында – Қазақстанның шетелдегі өкілдіктерінің жанында сайлау учаскелері құрылады.
* Республиканың Сыртқы істер министрлігі орналасқан аумақта – Сыртқы істер министрлігімен байланысты аудандарда сайлау учаскелері құрылады.
Учаскелер сайлау аймағынан тыс жерде болуы мүмкін. Мысалы, оқитындардың дауыс беруі үшін.
## Сыртқы сілтемелер
* «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң
## Дереккөздер |
Қарасай және Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені – Солтүстік Қазақстан облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген киелі нысан ескерткіші. Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандар қатарында.
## Орналасқан жері
Айыртау ауданы, Қарасай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км жерде.
## Кезеңі
Жерленуі – XVII ғасыр, мемориалдық кешен – 1999 жыл. Сәулетшілері – Б. Ибраев және С. Ағытаев.
## Тарихи деректер
Ескерткіш нысан Қазақ хандығының тәуелсіздігі үшін күрескен атақты батырлар – Қарасай мен Ағынтайдың құрметіне салынған. Сәулет тұрғысынан кешен көне түркі дәстүрін жалғастырып және басты белдігі бойынша Меккеге қарай бағытталып салынған. Конус тәрізді мұнаралардың биіктігі 16 м. Мұнаралардың арасында барлық кешенді бірыңғай бейнеге біріктіретін, биіктігі 12 м болатын мешіт орналасқан. Барлық композициялық элементтер шеңбердің "ішіне сызылған" (қоршау құрылысының диаметрі 27 м). Жоба бойынша құрылыс өлшемі 19x13,5 м құрайды. Кесененің алдында құрбандық салтына арналған алаң салынған.Кешеннің жанында көптеген жауынгерлер жерленген. Граниттен салынған іргетас үстіндегі алаң бұрыштарында батырлардың жауынгерлік айбынының нышандары ретінде қола қаптамасы бар металдан жасалған кескіннің біріктірілген найзалары орнатылған. Мемориал ортасында, кесенелер арасында қос батырдың ерліктері қабырғаға қашап жазылған пинотека залы бар. Кесенеге кіру есігі металдан жасалған, олардың беттерінде Құран сүрелері ойылып жазылған.Ішкі көріністерін өңдеу барысында керамикалық кірпіш, Күрті және Қордай граниттері пайдаланған. Құлпытастар жылтыратылған қызыл Қордай граниттен орындалған.Әр құлпытастың жанында шырақ орналасқан, келушілер оны жағып, аруақтардан көмек берулерін сұрай алады. Кешен алдындағы алаң табиғи тас тақтатасымен төселген, осында демалыс үшін қойылған орындықтар, сонымен қатар шойын құймасы технологиясы бойынша орындалған тіреулеріндегі шырақтар бар. Кесенелер белсенді қажылық орны болып табылады. Адамдар аты аңызға айналған батырлар күш пен батылдық береді деп сенеді.
## Дереккөздер |
«Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медалі — Ішкі істер органдарындағы қызмет беделін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 шілдедегі №1157 Жарлығының негізінде белгіленген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының марапаты. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығымен жаңа мекемелік медалдар, оның ішінде «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі ерекшелік үшін» медалінің орнына «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі белгіленді.
## Медал жайлы ереже
Медальмен қызметінде оң сипатталған, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызметтік міндеттерін үлгілі орындаған ішкі істер органдарының қызметкерлері, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қорғауға белсене қатысып, өздерінің батылдығы мен адалдығын көрсеткені үшін басқа да тұлғалар марапатталады.
## Медалдің сипаттамасы
«Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медалi жезден жасалып, диаметрi 34 мм шеңбер пішініне ие. Медалдің алдыңғы жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген. Медалдың артқы жағында ортада «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» деген жазу бар. Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы келеді. Медалдың шеттері ернеумен жиектелген. Медал құлақша мен шығыршық арқылы ені 30 мм және биіктігі 50 мм жібек қатқыл таспамен тысталған алтыбұрышты тағанға бекітіледі. Таспаның ортасында ені 3 мм екі қызыл жолақ бар, олардың арасында ені 2 мм көк жолақ, ал қызыл жолақтардың жиектерінде ені 8 мм көк жолақтар бар. Таспаның шеттерінде ені 3 мм сары жолақтар бар. Таспаның ені 30 мм.
Медал киімге түйреуіш арқылы бекітіледі.
Медаль Өскемендегі Қазақстан теңге сарайында дайындалады.
## Дереккөздер
* Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 шілдедегі №1157 Жарлығы. |
Асхат Сергеевич Ниязов (мүмкін 1990 жыл, Омбы, РКФСР) — ресейлік және қазақстандық журналист.
Бастапқыда Хабар 24 мемлекеттік телеарнасындағы әкімдер жайлы баяндайтын «Әкімдер» (орыс. Акимы) бағдарламасы үшін белгілі болған Ниязов кейін тәуелсіз журналист болуға мәжбүр болды да, содан бері «Обожаю» (қаз. Ұнатамын) YouTube арнасында әкімдер мен жергілікті әкімшіліктегі жемқорлық жайлы видео жасап жүр.
## Өмірбаяны
Асхат Ниязов Омбыда дүниеге келген. Мектепті де, жоғарғы оқу орнындағы оқуын да осы жерде аяқтады.
### Мемлекеттік телевизиядағы мансабы
2013 жылы Омбыдан Астанаға көшті. Кейін мансабын Жетінші арнада бастады, бірақ бастапқыда журналист болмады. Бұдан кейін ол Хабар және Хабар 24 мемлекеттік телеарналарында жұмыс істеген.
2019 жылы телеарнасы жергілікті әкімшіліктің қалай жұмыс істеп жүргенін көрсететін бағдарлама жасау жоспарлары пайда болды. Оның жүргізушісі болып Ниязов таңдалды да, бағдарлама Акимы (қаз. Әкімдер) деп аталды. Ниязов сөзінше, бұл жобаның өмірі екі жарым жылға созылды да, Қаңтар оқиғасына қарай аяқталды.
### Обожаю арнасы
Мемлекеттік телеарналардан кетуге мәжбүр болған Ниязов кейін тәуелсіз арна ашамын деп шешті. Ол «Обожаю» (қаз. Ұнатамын) деп аталып кетті.
Обожаю ең белгілі сұхбаттарының бірі Даниал Ахметовке сұхбаты еді. Бастапқыда әкім қызметінде 9 жылдай болған Ахметов сұхбат беруден бас тартып жүрген, оны Ниязов үнемі «іздестіріп жүретін». 2023 жылғы маусымда сұхбат сонымен орын алды, алайда күн бойы Ниязовқа Ахметовті қолдаған әйелдер қысым көрсетіп жүрді, ақпаратын жоққа шығарып тұрды. Кейін белгілі болған ақпаратқа сүйенсек, бұл әйелдер Ахметов пен оның қызметкері Денис Рыпаковқа қатысы бар әйелдер болып шықты.
## Заңи мәселелері
2024 жылы Ниязов әлеуметтік желілерде биліктің Азаттық радиосының 36 тілшісіне аккредитация берімегеніне қарсы шыққан жазба жасады және осы үшін сотқа тартылды. Ниязов репост жасаған постты бастапқыда ProTenge Telegram арнасы жасаған еді. Сол жылғы 29 сәуірде іс тоқтады. Астана қаласы әкімшілік сотының судьясы істе «құқық бұзушылық құрамы жоқ» деген шешімге келді. Сотқа келген бастапқы арызды Мәдениет және спорт министрлігі жасағаны белгілі. Бұл арыз жайлы сөйлеген кезінде Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов Ниязовты жалған ақпарат таратты деп айыптады, арыздың сол себептен жасалғанын айтып кетті.
2024 жылғы 12 қыркүйекте Ниязов Алматы жайлы видео түсіріп жатқан кезінде Алматыда жүрді. Осы кезде оны жергілікті полиция ұстап әкетті де, Бостандық аудандық ішкі істер бөліміне жеткізді. Оны әкім Ерболат Досаевтан тағы бір сұхбат аламын деп «төбелесті» деген айыппен ұстап әкеткені белгілі. Көп ұзамай алматылық полиция оны босатты.
## Саяси көзқарасы
2024 жылғы сәуірде Ниязов Air Astana билеттерінің қымбаттығын сынға алды.
Ниязовтың Қазақстан президенті Тоқаев жайлы көзқарасы біркелкі бола бермейтін. Бір кезде ол оған Акимы бағдарламасын жасауға көмектескені үшін алғыс айтса, 2023 жылғы қыркүйекте Вадим Борейкоға берген сұхбатында президенттен уақыт өткелі «алыстағанын», оған қойған үмітін жоғалтып жатқанын айтты. Ол, мысалы, Тоқаевтың Айдарбек Сапаровты Ауыл шаруашылығы министрі ретінде тағайындағаны, Даниал Ахметовті әкім лауазымынан алып тастай алмағаны, еш баспасөз мәслихаттарын жасамай жүргені және басқа да істері үшін сынға алды. Оған қарамастан Ниязов Тоқаевтан сұхбат аламын деген ниетін бірнеше рет айтып та жүр. Оған қарамастан, ол өзінің тәуелсіз Обожаю бағдарламасында Тоқаевқа қарсы сөз айтып көрмеген. Бұл сұхбатта ол үкіметпен байланысы бар деген болжамды жоққа шығарды.
2023 жылғы қыркүйекте Ниязов Мәдениет және ақпарат министрлігін «жек көретінін» айтты.
«Қазақстандықтардың бәрі де қазақ тілін білу керек» деген ойға қарсы келмейді, оған түсіністікпен қарайды.
## Өз өмірі
Ниязов үйленген, әйелі — ұлты орыс журналист. 2024 жылғы мамырда некелері ресмиленбей тұрған, екеуінің Амели атты қызы бар. Қазақ тілін оқып жүр. Отаны деп Қазақстанды таниды, ата-аналары әлі Ресейде тұрады.
## Ескертпелер
## Дереккөздер |
Қарасай және Ағынтай батырлар ескерткіші – Солтүстік Қазақстан облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген монументтік өнер құрылысы ескерткіші.
## Орналасқан жері
Петропавл қаласы, Н. Погодин атындағы орыс драма театрының алдындағы алаң.
## Кезеңі, авторлары
1999 жыл, мүсінші – Б.С. Досжанов, сәулетшілері – Ю. Дворников, С. Фазылов.
## Тарихи деректер, сипаты
Ескерткіш белгілі қазақ батырлары Қарасай мен Ағынтайға арналған гранит тұғырындағы қола мүсін композициясы болып табылады.Мүсін тобы алдымен сазбен орындалды, содан кейін қоладан құйылды. Ескерткіш Театр алаңында орналасқан және қала тұрғындары мен қонақтары үшін өзіндік бағдар болып табылады. Ескерткіштің ресми ашылу рәсімі 1999 жылы 22 маусымда өткен.Батырлар – жоңғар соғысының қаһармандары. Мүсіндер иін тіресе орналасқан, батырлар бір қолдарында найза, ал екіншісінде қалқан ұстап тұр. Бұл көркем бейнелердің монолиттілігі аңызға айналған екі батырдың өмірдегі достығы мен ынтымақтастығын білдіреді. Батырлардың достығы мен өзара сыйластығы көп жағдайда халық арасында аты аңызға айналған сюжет болды, олардың қабірлері өлгеннен кейін де бір-біріне жақын орналасқан, қазір бірыңғай мемориалдық кешенге біріктірілген.Қарасай мен Ағынтай батырлардың жауынгерлік ерліктері туралы халық батырлардың күші, төзімділігі мен батылдығы туралы көптеген аңыздар мен хикаялар шығарды. Халық арасында әлі күнге дейін кез-келген жауды талқандай алатын Ағынтай батырдың күші туралы дақпырт әңгіме бар. Сол себепті халық оны "Ағынтай жұдырығы" деп атаған, ал Қарасай батыр қылышымен және жылдамдығымен танымал болған.
## Дереккөздер |
Амантай Акрамұлы Әубәкіров (27 ақпан 1963, Алматы) — қазақстандық әскери қайраткер, полиция генерал-майоры (2010). ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
## Өмірбаяны
Амантай Акрамұлы Әубәкіров 1963 жылы 27 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген.
1984 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін құқықтанушы-заңгер мамандығы бойынша бітірген.
## Еңбек жолы
Еңбек жолын 1980 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің тыңдаушысы болып бастаған.
1984-1991 жылдары — Алматы қалалық атқару комитеті ішкі істер басқармасының қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі, аға жедел уәкілі, аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі болды.
1991-1995 жылдары — Алматы қаласы Алатау аудандық ішкі істер басқармасының бөлім басшысы, бөлім басшысының орынбасары, қылмыстық милиция бөлімінің басшысы болды.
1995 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейін — Алматы қаласы Алатау аудандық ішкі істер басқармасы басшысының бірінші орынбасары болды.
1995 жылдың желтоқсанынан 1997 жылға дейін — Алматы қаласы бойынша БСА Бас басқармасының Медеу ауданы бойынша БСА бөлімінің басшысы болды.
1997-2000 жылдары — Алматы қаласы Бостандық аудандық ішкі істер басқармасының басшысы болды.
2000-2001 жылдары — Алматы қаласы Медеу аудандық ішкі істер басқармасының басшысы болды.
2001-2003 жылдары — Алматы қаласы Ішкі істер Бас басқармасы қылмыстық полиция басқармасы басшысының орынбасары болды.
2003-2007 жылдары — Алматы қаласы Ішкі істер департаменті Қылмыстық полиция басқармасының басшысы болды.
2007-2009 жылдары — Алматы қаласы Ішкі істер департаменті басшысының бірінші орынбасары болды.
2009 жылдың қыркүйегінен 2011 жылдың шілдесіне дейін — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары болды.
2011-2017 жылдары — Астана қаласы Ішкі істер департаментінің басшысы болды.
2017 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың 3 қарашасына дейін — Павлодар облысы Ішкі істер департаментінің басшысы болды.
2019 жылдың 4 қарашасынан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарады.
## Марапаттары мен атақтары
* 1 дәрежелі «Даңқ» ордені
* 2 дәрежелі «Даңқ» ордені
* 2 дәрежелі «Айбын» ордені
* «Ерлігі үшін» медалі
* «Әскери қарудан атудан» Қазақстан Республикасының спорт шебері
* Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері
* Қазақстан Республикасы, ТМД елдері және КСРО Ішкі істер министрлігінің мекемелік марапаттары.
## Отбасы
Үйленген, үш баласы, жеті немересі бар.
## Дереккөздер |
«Шекараны үздік күзеткені үшін» медалі — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мекемелік марапаты. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының рәміздері мен мекемелік марапаттарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 27 мамырдағы № 882 Жарлығының негізінде белгіленді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығымен медаль сипаттамасына өзгерістер енгізілді.
## Ережесі
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері, сондай-ақ азаматтар (оның ішінде шетелдіктер) мыналар үшін марапатталады:
* Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын бұзушыларды ұстау кезiнде диверсиялы-барлау топтарымен ұрыс iс-әрекеттерiнде көрсетiлген батылдық пен жанқиярлық;
* Қазақстан Республикасы шекарасының мызғымастығын қорғау кезінде шекара жасағының жауынгерлік іс-әрекетін шебер басқару;
* жоғары қырағылық пен белсенді іс-әрекеттер, нәтижесінде мемлекеттік шекараны бұзушылар ұсталды;
* шекара қызметін шебер ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын нығайтудағы үлгілі жұмысы;
* Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын нығайтуға үлес қосқаны;
* Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзетудегі қызметтін мінсіз орындауы;
* Шекара қызметінің құрамалары мен бөлімшелеріне олардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қорғау жөніндегі қызметтік және жауынгерлік қызметінде белсенді көмек көрсету.
## Белгінің сипаттамасы
### 2002-2011 жылдары
«Шекараны үздiк күзеткенi үшiн» естелiк медалi күмiс түстес, көне күмiс реңiмен көмескiленген диаметрi 32 мм металл шеңбер болып табылады. Медалдiң диаметрi бойынша екi жағында биiктiгі 1 мм және енi 0,5 мм шығыңқы ернеу бар.
Медалдiң бет жағында айшықты шаңырақ суретi аясында орта өсi бойынша тiгінен Қазақстан Республикасының елтаңбасы бар шекара бағанының суретi орналасқан. Қазақстан Республикасы елтаңбасының көлемi 3,2 х 3 мм, шекара бағаны 27 х 5 мм, шаңырақ суретiнiң диаметрi 24 мм. Медал ернеуi мен шаңырақ арасында оң және сол жақтарында бiрдей тең орналасқан екi бұтақтан тұратын таспамен оралған алқагүл түрiндегi ою орналасқан. Таспаның енi 2 мм.
Медалдiң арт жағында, оның жоғарғы бөлiгiнде төрт жолға «Шекараны үздiк күзеткенi үшiн» деген жазу жазылған. Әрiптердiң биiктiгі 2 мм. Жазу астында қалықтап ұшқан қыран бейнесi орналасқан. Оның қанаттарының аралығы 24 мм.
Барлық кескiндер мен жазулар шығыңқы.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жоғары жағы жiбек қатқыл таспасымен қапталған бесбұрышты тағанға бекiтiледi. Тағанның көлемi 28 х 18 мм, таспаның енi 24 мм. Тағанның төменгi бөлiгi ұлттық ою-өрнекпен безендiрiлген. Таспаның оң және сол жақ қапталын бойлай тiгiнен ұзына бойына көгiлдiр жиек, содан кейiн кезектесiп жасыл, сары, жасыл, сары, ортасында — аспанкөк жолақтар орналасқан. Көгілдір жиектің, жасыл және сары жолақтардың ені 1,5 мм, аспанкөк жолақтың ені 9 мм.
Тағанның сыртқы жағында марапатталушының киіміне қадауға арналған тиісті бекіткіш бар.
### 2011 жылдан бастап
«Шекараны үздiк күзеткенi үшiн» естелiк медалi күмiс түстес диаметрi 34 мм металл шеңбер болып табылады. Медалдiң диаметрi бойынша екi жағында биiктiгі 1 мм және енi 0,5 мм шығыңқы ернеу бар.
Медалдiң бет жағында диаметрi 24 мм айшықты шаңырақ суретi аясында орта өсi бойынша тiгінен өлшемі 3,2 х 3 мм Қазақстан Республикасының елтаңбасы бар 27 х 5 мм шекара бағанының суретi орналасқан. Медал ернеуi мен шаңырақ арасында оң және сол жақтарында бiрдей тең орналасқан екi бұтақтан тұратын таспамен оралған алқагүл түрiндегi ою орналасқан. Таспаның енi 2 мм. Медалдың бедері жылтыр келеді.
Медалдiң арт жағында, оның жоғарғы бөлiгiнде төрт жолға «Шекараны үздiк күзеткенi үшiн» деген жазу жазылған. Әрiптердiң биiктiгі 2 мм. Жазу астында қалықтап ұшқан қыран бейнесi орналасқан. Оның қанаттарының аралығы 24 мм.
Барлық кескiндер мен жазулар шығыңқы.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жоғары жағы жiбек қатқыл таспасымен қапталған көлемi 50 х 33 мм алтыбұрышты тағанға бекiтiледi. Тағанның төменгi бөлiгi ұлттық ою-өрнекпен безендiрiлген. Таспаның оң және сол жақ қапталын бойлай тiгiнен ұзына бойына көгiлдiр жиек, содан кейiн кезектесiп жасыл, сары, жасыл, сары, ортасында — аспанкөк жолақтар орналасқан. Көгілдір жиектің ені 1,8 мм, жасыл және сары жолақтардың ені 1,5 мм, аспанкөк жолақтың ені 17,4 мм.
Медал киімге қалқалы бекітпесі бар түйреуіш арқылы тағылады.
## Дереккөздер
* Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 27 мамырдағы №882 Жарлығы. |
Ежелгі Түркістан қалашығы – Түркістан облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген археология ескерткіші. Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандар тізбесі қатарында.
## Орналасқан жері
Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы, 70.
## Кезеңі
XV–ХІХ ғасырлар.
## Тарихи деректер
Ұлы Жібек жолында орналасқан қазақстандық көне қалалардың біріне жатады. Орта ғасырдағы қаланың белсенді экономикалық өмірі оның өңірдің саяси және мәдени орталығы ретінде қалыптасуына ықпал етті. Бүгінде қаланың тарихи орталығының қорғау аймағы 88,7 га құрайды. Қалашықтың цитаделі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен солтүстік-шығысқа қарай орналасқан.Цитадельден батысқа және оңтүстік-шығысқа қарай шахристан орналасқан. Жоспарда шахристан 350x670 мм өлшемді дұрыс емес төртбұрышты құрылыс болып табылады. Бүгінгі күні рабад қабырғаларының қалдықтары сақталған, олардың қалыңдығы 1,2-ден 1,4 м-ге дейін жетті.XVI–XVI11 ғасырларды қала Қазақ хандығының астанасы болды. Мұнда көптеген белгілі қазақ хандарының резиденциясы орналасқан.
## Зерттелуі
Түркістанды алғаш рет П.И. Рычков зерттеді. 1867 жылы Түркістан қалашығын орыс археологиялық қоғамының тапсырмасы бойынша П.И. Лерх зерттеді. Ол ежелгі Яссы қаласының қазіргі Түркістан жерінде орналасуын ғылыми негіздеді. Қаланың зерттелуіне В.В. Бартольд және А.И. Добромыслов қатысты. Алғашқы археологиялық қазбалар 1928 жылы М.Е. Массонның басшылығымен жүргізілді.
Қалаға байланысты көптеген аңыз-әңгімелер бар. Олардың бірі Түркістан қаласында қасиетті құдық тұр, одан суды тек күнәсіз адам ала алады. Бұрын қала тұрғындары алдында шын мәнінде таза адам немесе жалған атты адам тұрғанын осылай тексерген.Бүгін Түркістан, ғасырлар бұрын сияқты, Қазақстанның негізгі мәдени-туристік және қажылық орталықтарының бірі болып табылады.
## Дереккөздер |
Шағырай батыр Жәдікұлы (1750–1815) — қазақ батыры. Байұлы тайпасы, Шеркеш руынан шыққан. Шағырай Жәдікұлы Жайық өзенінің шығыс бетінде шамамен 1750 жылдары дүниеге келген. Ол Ұлы пір Бекет Мырзағұлұлымен замандас болған. Аңыздық деректерде оның қапсағай, шымыр денелі, түр-түсі айбарлы батыл адам болғаны айтылады. Жайық өзені үшін соғысқан батырлардың, билердің бірі, Шеркеш тайпасының ұраны болған - Шағырай батыр.
Есімі ұранға айналған, Шағырай батыр орта бойлы, шымыр денелі, еш нәрседен сескенбейтін, өте батыл және жөн-жосықты жақсы білетін парасатты адам болған.
## Оқиға
1805–1815 жылдар шамасында Шағырай батыр елін, өз әулеттерін бастап Жайық өзенінен Самар бетке (Еуропа жаққа) Бөкей хандығына өткізіпті. Өзі бұрыңғы атақонысына қайтып оралған көрінеді. Осы күнгі Тасқала аймағында өмір сүріп жатқан қазақтар орыс казактарынан көп зәбір көрген. Сол кездегі патша үкіметінің заңдары бойынша Жайық өзенінен өткен әрбір қазақтың бәрі түгелдей қаруларын қылыш, пышақ түгелі қамшы, таяғына дейін тапсыруға тиіс және де жанұясына, мал басына ақшалай төлем төлеуге міндетті болды. Жайықтан өткен әрбір рудан төрт немесе одан да көп адам орыс-казактарына аманатқа ұсталып, Орал казак әскерлерінің жерінде тұтқын ретінде жүрген. Мал жайылатын қоныстарын, жайлымдарын тартып алады. Одан қала берді малдарын өзен, көлге жуытпайды. Сол аймақтағы орыс билеушісінің зорлық-зомбылық әрекеттеріне шыдай алмаған адамдар Шағырай батырдан қорғауды сұрайды. Сонда Шағырай өз нөкерлерін ертіп алып, Тасқалаға аттанады. Аз адаммен Каменка станицасының атаманына барады. Келген бетте Тасқаладағы патша ағзамның жергілікті билеушісіне кірейін десе, қарауылдар кіргізбейді. Содан ызаланып шыққан Шағырай орыстың шіркеуіне басып кіріп, төбесіне шығады. Шыққан бетте мұнаралы күмбезін айбалтасымен оңды-солды шапқылайды, шіркеу төбесіндегі православ кресін шауып сындырған. Станица казактары Шағырайды құс мылтықпен атқылайды. Сауыты мықты болған ба, әлде атаның қасиеті бар ма, әйтеуір оқ атамызға дарымапты. Ақыры амалы құрыған казактар Шағырай батырды атаманға кіргізуге рұқсат етеді. Содан Шағырай батыр атаманнан елге істеген озбырлықтарын тоқтаруды талап еткен. Атаман Шағырайдың айбынынан ығып, тоқтатуға келісім берген.
## Жыры
Халық арасында танымал болған Ыбырай ахун Құлбайұлының "Алтын орда қонған жер" кітабында мынадай жолдары бар:
Ысық пенен шеркеште,
Қатарынан ерте өсті,
Ұл-қыздары ерке өсті.
Шеркештегі Шағырай,
Барса жаудың аты өшті.
## Дереккөздер |
Мұхтар Сұлтанбекұлы Сәбидолданов (23 маусым 1967, Зайсан, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР) — Қазақстан Республикасы ҰҚК қолбасшылығының өкілі, генерал-майор, Қазақстан Республикасы Шекара қызметі директорының орынбасары (2013 жылдан бастап).
## Өмірбаяны
1967 жылы 23 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында дүниеге келген.
1991 жылы М.В. Фрунзе атындағы Омбы жоғары жалпыәскери қолбасшылық училищесін, 2005 жылы — Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті бітірген.
Взвод командирі, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі басшысының орынбасары, автомобиль және құрышты танк қызметі басшысы, жасақ басшысының орынбасары, басқарма басшысының орынбасары, Аймақтық басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
2013 жылдың мамырынан бастап — Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары қызметін атқарады.
## Марапаттары
* «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011)
* Мерейтойлық медалдар
* Ұзақ қызметіне орай медалдар
* «Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесіне 20 жыл» мерекелік медалі (ТМД)
## Сілтеме
* Параграф (орыс.)
## Дереккөздер |
Бақытжан Ордабаев (12 қараша 1952 Шәуілдір, Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, елші. |
2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шаралары (немесе Қанды қаңтар, Қаңтар оқиғасы, Қаңтар трагедиясы) — сұйытылған газдың кенеттен қымбаттауына байланысты Қазақстанда басталған наразылық шаралары. 2 қаңтарда бастау алған бұл оқиғалар тәуелсіз Қазақстанның 30-жылдық тарихындағы ең қарқынды әрі қатал қақтығысқа айналды.
Алғашында Жаңаөзен қаласында басталған шеру артынан Қазақстанның басқа қалаларына да таралды. Халық Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Астана, Шымкент, Көкшетау, Орал және т. б. қалалардың көшелеріне шығып, экономикалық талаптармен қоса саяси өзгерістерді талап ете бастады. Бастапқыда бейбіт басталған наразылық шаралары артынан қарулы қақтығыстар мен тонаушылыққа ұласты (негізінен Алматы қаласында). 5 қаңтарда басталған тәртіпсіздіктер ресми деңгейде мемлекеттік төңкеріс деп аталды.
2022 жылдың 2 қаңтарында Жаңаөзен қаласының наразы тұрғындары сұйытылған табиғи газдың бағасын төмендетуді талап етіп, автокөлік жолын бөгеп тастады. Халық қала және облыс әкімдерінен бағаны тұрақтатуды және көгілдір отынның тапшылығын жоюды талап етті. Бұл талаптар орындалмағасын наразылық шаралары келесі күні де жалғасын тапты. 4 қаңтар күні Қазақстан үкіметі Маңғыстау облысындағы сұйытылған газдың бағасы литріне 50 теңгеге дейін төмендетілгенін мәлімдеді, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялап, заңсыздықты болдырмауды сұрады.
Жаңаөзенде бастау алған наразылық шараларын Қазақстанның басқа ірі қалаларының тұрғындары қолдап, көшеге шеруге шықты. Алматы қаласында шерушілер полиция көліктерін қиратып, олар өртке оранды. Жүздеген адам қамауға алынып, 4 қаңтар күні түнде ел аймағында Интернет байланысы өшірілді. Маңғыстау облысы мен Алматы қаласының аумағында төтенше жағдай енгізілді. 5 қаңтар күні таңертең Қазақстан үкіметінің отставкаға кеткені белгілі болды.
Елдегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты, 5 қаңтарда төтенше жағдай Қазақстанның барлық аумағында енгізілді. Шерушілер маңызды нысандарға шабуыл жасап, Алматы, Талдықорған қалаларындағы әкімдік ғимараттары, Алматы әуежайы наразы халықтың қолына өтті. Артынша Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) басшыларынан көмек сұрағанын мәлімдеді. 10 қаңтарда ҰҚК тәртіпсіздіктер кезінде басып алынған барлық әкімшілік нысандардың қайтарылғанын, елдегі жағдайдың тұрақталғанын мәлімдеді. 11 қаңтарға дейін тәртіпсіздікке қатысып, қамауға алынған адамдардың саны 10 мыңға жуықтады. Тонаушылық пен бұзақылықтың салдарынан кәсіпкерлерге келтірілген шығынның мөлшері 100 миллиард теңгеден асты. Оқиға бойынша жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.
## Алғышарттары
Тағы қараңыз: Жаңаөзен оқиғасы (1989 жыл) және Жаңаөзен оқиғасы (2011 жыл)
Мұнай мен газға бай Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласы бұрынғы кездері де наразы халық пен билік өкілдері арасындағы қақтығыстың алаңына айналған еді. 1989 жылы жергілікті халық пен Кавказдан қоныс аударғандар арасындағы кикілжіңнің арты қақтығысқа ұласты. Қақтығыс құқық қорғау органдарының араласуымен басылды. 2011 жылдың желтоқсанында ереуілге шыққан жаңаөзендік жұмысшылар мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында қақтығыс орын алды. Еңбек дауына байланысты жеті ай бойы ереуілдеген «Өзенмұнайгаз» мекемесінің бұрынғы қызметкерлеріне қарсы полиция қызметкерлері қару қолданылып, оқ атты. Бұның салдарынан ереуілшілердің тарапынан 15 адам қаза тапқан болатын (ресми дерекке сәйкес).
2022 жылдың 2 қаңтарында басталған наразылық шараларына қатысқан адамдардың басты талабы сұйытылған газдың бағасын төмендету болды. 1 қаңтардан бастап газдың сауда-саттығы толығымен тауар биржалары арқылы іске асырылатын жүйеге ауыстырылған болатын, және соның артынан отынның бұл түрі екі есе қымбаттады. Бұрын 60 теңге шамасында саудаланған сұйытылған газ, 2022 жылдан бастап тұтынушыларға 120 теңгеден сатыла бастады.
ҚР Энергетика министрлігінің пайымдауынша, облыста газ өндірумен айналысатын тек қана бір кәсіпорын — «Қазақ газ өңдеу зауыты» айналысады. Айына 14,5 мың тонна сұйытылған газ өндіретін бұл зауыттың тұтынушыларды газбен толық қамтамасыз етуге қауқары жетпейді, сондықтан сырттан қосымша газ көлемін сатып алу қажеттілігі туындаған. Оған қоса 1973 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бұл кәсіпорын жабдықтарының тозу деңгейі 90 % жеткен. Электронды сауда-саттыққа көшіп, газды нарықтық бағамен сата бастағаннан кейін бұл мәселені жаңа зауыт ашу арқылы шешу жоспарланған болатын.
Бұл оқиғалардан 2 жыл бұрын, 2020 жылдың қаңтарында жаңаөзендіктер сұйытылған газдың 55 теңгеден 65 теңгеге дейін қымбаттағанына наразылық танытып, жергілікті әкімдікке жиналған еді. Ол кезде газ бағасының өсуі Қазақстанның Кедендік одаққа кіруі және «Қазақ газ өңдеу зауытындағы» жөндеу жұмыстарымен байланыстырылды. Халық наразылық танытқаннан кейін қала басшылығы газдың бұрынғы бағамен сатылатынын мәлімдеген болатын.
2022 жылғы наразылық шаралары басталғаннан кейін сұйытылған газдың бағасы тек қана Жаңаөзенде емес, елдің барлық аймағында төмендетілетін болып шешілді. Бірақ бұл мәлімдемеден кейін шерушілер үйлеріне тарқауға асыққан жоқ, халықтың наразылығын тудырған тек қана бағаның қымбаттауы емес екені анық болды. Көшеге шыққан халық Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаевқа көңілдері толмайтынын білдірді. Наразы халықты шеруге шығуға итермелеген себептердің қатарында үкіметтегі жемқорлық, әлеуметтік және экономикалық теңсіздік (әсіресе ол COVID-19 пандемиясының кесірінен ушығып кеткен болатын), елдегі демократия деңгейінің төмендігі аталды. Шерушілер саяси ырықтандыруды (либерализация), әкімдерді сайлауды енгізуді (қазір оларды президент тағайындайды), мемлекетті 1991 жылдан бері басқарып келе жатқан адамдардың биліктен шеттетілуін талап етті.
## Наразылық шаралары өткен елді мекендер
### Ірі қалалар
### Басқа елді мекендер
## 5 қаңтарда басталған тәртіпсіздіктер
5 қаңтар күні Алматы қаласында жағдай шиеленісіп, тәртіпсіздіктер күшейді. Белгісіз адамдар әкім ғимараты мен Алматы әуежайын басып алды. Қала әкімдігі өртке оранды. Алматыдағы ондаған сауда орындары, дүкендер, банктер тоналғаны хабарланды. Келесі күні Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің жиынында бұл шабуылды «террористік топтар» ұйымдастырғанын айтты. Оның мәлімдемесіне сәйкес, елге саны 20 мыңға жететін «қаруланған әрі дайындықтан өткен жергілікті және шетелдік содырлар» шабуыл жасаған екен. Президент бұл адамдарға қарсы ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін жариялады.
Аты аталмаған бұзақы топтармен болған қақтығыстың салдарынан Алматы, Тараз, Шымкент, Қызылорда қалаларында әскерилер мен бейбіт тұрғындар қаза тапты. 7 қаңтарда Алматыдағы әкімдік ғимараты, президент резиденциясы және Республика алаңы бақылауға алынғаны белгілі болды. Сол күні жалпы Қазақстанның барлық аймағында конституциялық тәртіп қалпына келтірілгені белгілі болды, бірақ Тоқаев терроризме қарсы шаралар содырлар толық жойылғанша жүргізілетінін мәлімдеді.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың сөзіне сәйкес, 4 қаңтарда Қазақстанның көптеген қалаларында 500–4000 адам шамасында шерушілер тобы жиналған. Атырау, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Тараз қалаларындағы облыс әкімдіктерінің ғимараттарын және Семейдегі қала әкімдігін наразы адамдар басып алған. Басқа облыстарда әкімдік ғимараттарына шабуыл жасалған. Алматыда 7 қару-жарақ дүкені тоналып, наразылар қару-жарақ пен оқ-дәріні иемденген. Тұрғымбаевтың айтуынша, бұзақылар автокөліктер мен коммуналдық техниканы тартып алып, тәртіп сақшыларының көліктерін соққан, қызметкерлерге «Молотов коктейлдерін» лақтырған, оқ атқан. Полиция автокөліктері өртке оранып, өрт сөндіру көліктеріне шабуыл ұйымдастырылған. Жарақаттандарға көмек көрсетуге келген жедел жәрдем көліктеріне өтуге кедергі жасалған.
Қазақстан билігі 5 қаңтарға дейін болған наразылық шараларын «бейбіт митинг», одан кейін орын алған оқиғаларды «мемлекеттік төңкеріс» және «террорлық шабуыл» ретінде қарастыра бастады. Тоқаев «содырлар» елдің 11 аймағына шабуылдағанын, негізгі соққы Алматы қаласына жасалғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Ақорданы басып алуды жоспарлаған адамдар бұл мақсатынан Астанаға әскери ұшақтар келіп қонғаннан кейін айныған. Ресей президенті Владимир Путин де бұл көзқарасты қолдап, Қазақстанда «майдан технологиясы» қолданылғанын айтты.
«Мемлекеттік төңкерісті» нақты кім ұйымдастырғаны, билікті басып алғысы келгендер кімдер екені ресми түрде айтылған жоқ. Алматы мен бірқатар басқа өңірлердегі тәртіпсіздік басталған сәтте ҰҚК төрағасы қызметінен босатылған Кәрім Мәсімовтың «мемлекетке опасыздық жасады» деген айыппен қамауға алынғаны туралы 8 қаңтарда белгілі болды. Кейінірек Мәсімовқа «билікті басып алу» бабы бойынша да қылмыстық іс қозғалғаны мәлім болды. Онымен қоса ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары, «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Д.Ерғожин да ұсталды. Бұдан кейін ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш пен Қайрат Сатыбалдының (екеуі де Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інілері) ұсталғаны туралы ресми түрде расталмаған ақпарат тарады (кейін Самат Әбіш лауазымынан босатылды).
Жаңаөзен қаласында басталған бейбіт шерудің мыңдаған километр қашықтықта жатқан Алматыда орын алған қанды оқиғаларға қалай алып келгені жұмбақ болып қалды. Қазақстанның ең ірі қаласындағы қақтығыстар тек президентті ғана емес, бұрыннан мемлекетті сынап жүрген адамдарды да таң қалдырды. Бұл дағдарыс ел ішіндегі билік үшін талас-тартыспен тұспа-тұс келгендіктен, көше қақтығыстарына саяси элитаның өкілетті адамдары қатысқаны туралы қауесет тарады. Осы жағдайға Кремльдің қатысы болуы мүмкін деген пікірлер де айтылды. Елдегі дағдарыс жай ғана наразылық білдірген халық пен авторитарлық режимнің озбыр қауіпсіздік органдары арасындағы қақтығыс емес екені анық болды. Ресейлік сарапшы, «Ферғана» ақпараттық агенттігінің басшысы Даниил Кисловтың пікірінше, Қазақстанда Тоқаев пен Назарбаев жақтастарының арасында билік үшін кескілескен талас-тартыс орын алған. Кисловтың айтуынша, Алматыдағы тәртіпсіздіктерді Назарбаевтың мүдделестері өз орындарын сақтап қалу үшін әдейі ұйымдастырған.
*
*
*
*
## Тәртіпсіздіктердің салдары
ҚР Бас прокуратурасы мен Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес (2021 жылдың 15 қаңтары), елде тәртіпсіздіктер кезінде:
* 225 адам қаза тапқан, оның ішінде 19 полиция қызметкері мен әскери бар;
* Қаза тапқандардың 175-і медициналық ұйымдарға жеткізілгеннен кейін қайтыс болған;
* 265 адам ауруханаға жатқызылған, оның 67-і ауыр халде;
* 4553 адам жарақаттанған, оның ішінде 3393 құқық қорғау органдарының қызметкері.
ІІМ Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділовтың ақпараты бойынша (2022 жылдың 25 қаңтары):
* ғимараттарға шабуыл Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Өскемен, Ақтөбе, Атырау және Семей қалаларында орын алған;
* 1466 түрлі ғимараттар мен құрылыстарға шабуыл ұйымдастырылған, оның ішінде 71 мемлекеттік мекеме, 12 әкімдік ғимарат және 27 полиция нысаны бар;
* 1395 бизнес нысаны тонаушылыққа ұшыраған;
* 700 астам автокөлік қиратылған немесе бүлінген, оның көп бөлігі мемлекеттік органдарға тиесілі қызметтік көліктер, 116-сы бейбіт тұрғындарға тиесілі.
Прокуратура мәліметіне сәйкес (2022 жылдың 25 қаңтары):
* сотта 9257 әкімшілік іс қаралған;
* 4584 адамға сот ескерту жасаған;
* прокурорлардың ұсынысы бойынша 1149 адам қамаудан босатылған;
* 577 айыппұл ескертуге ауыстырылған;
* 393 әкімшілік іс құрамының болмауына байланысты қысқартылған;
* сот шешімімен әкімшілік қамауға 3314 адам алынған, оның 63-і қамауда отыр;
* тергеу-жедел топтардың өндірісінде 2044 қылмыстық іс бар, олар бойынша 898 күдікті қамауға алынған;
* қамауға алынғандардың 802-сі соттың рұқсатымен қамалған, 50-і үйқамаққа алынған, 21-і кепілге, 12-сі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен, 13-і әлі де қаралып жатыр.
### Алматыдағы тәртіпсіздіктер салдары
Алматы Полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, тәртіпсіздіктер кезінде қалада құқық қорғау органдарының 11 қызметкері және 149 тұрғын қаза тапқан. 249 адам қамауға алынып, 405 қылмыстық іс бойынша тергеу басталған. Ресми дерекке сәйкес, Алматыдағы мәйітханаларға 7 шабуыл жасалып, олардан 41 мәйіт ұрланған.
Алматыда бір мезетте 7 қару-жарақ дүкені тоналған. Жалпы саны 1347 қару ұрланған (оның ішінде 501 ойық, 807 тегіс ұңғылы, 39 газтравматикалық қару). Кейін таратылған ақпаратқа сәйкес, ұрланған қарудың саны 1564-ке жетті. 25 қаңтарға дейін терроризм қарсы операцияның барысында ұрланған қару-жарақтың 515 данасы қайтарылған (75 автомат, 133 тапанша, 2 пулемет, 47 винтовка, 103 тегіс ұңғылы қару, 100-ден астам граната және 9 мың патрон). Қару ұрлаған 98 адам және оларды заңсыз сақтаған 61 адам ұсталып, қамауға алынған.
Жалпы тоналған сауда нысандарының саны 1600-ден асады. 356 автокөлік бүлінген немесе жойылған, оның ішінде 163-і полицияға тиесілі автокөлік. Алматы қаласына келтірілген шығынның сомасы 112 миллиард теңгеге жетті. Орта және шағын бизнес өкілдері 42 миллиард теңгеге, ірі бизнес 25 миллиард теңгеге шығындалған.
*
*
*
*
### Қаза тапқандардың тізімі
Билік өкілдері ресми түрде қаңтар оқиғалары кезінде 225 адам қаза тапты деген ақпарат таратқанымен, олардың есімдері жарияланған жоқ. Қазақстандық белсенділер мемлекеттен бұл тізімді жариялауды талап етіп, петиция астында қол жинай бастады. Оған қоса qantar2022.org сайты ашылып, онда қаңтар оқиғалары кезінде зардап шеккен, ұсталған, жараланған және қаза тапқан адамдар туралы ақпарат жинала басталды. Қаңтардың соңында жарияланған Азаттық радиосының тізімінде қаза тапқан 184 адамның аты-жөні жазылған. Бұл ақпаратты жинаумен Бақытжан Төреғожина басқаратын «Ар. Рух. Хақ» қоры мен азаматтық белсенділер айналысқан.
## Наразылық басталғаннан кейін мемлекет қолға алған шаралар
Наразылық шаралары басталған алғашқы күндері шерушілермен Жаңаөзен әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ғалым Байжанов келіссөздер жүргізді (әкім Мақсат Ибағаров кезекті еңбек демалысына шығып кеткен болатын). 3 қаңтарда Асқар Маминның бастауымен өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыратын комиссия құрылғаны белгілі болды. Сол күні шерушілермен келіссөз жүргізуге облыс әкімі Нұрлан Ноғаев келді. Наразылық шаралары Қазақстанның басқа өңірлерінде де басталғаннан кейін, 4 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев «ел тұтастығы мен бірлігіне сызат түсіруді көздейтін деструктивті топтардың үндеуіне құлақ аспауға» шақырды.
5 қаңтар күні таңертең Қазақстан Республикасының Үкіметі отставкаға кетті, Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің басшылығын өз қолына алды. Маңғыстау облысы мен Алматы қаласында 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай енгізілді. Сол күні төтенше жағдай режимі бірінші Алматы облысында, содан кейін Астана қаласында, ақыр соңында елдің барлық аймағында енгізілгені белгілі болды. Қазақстан бойынша Интернет байланысы өшірілді, телефон байланысы нашарлады.
### ҰҚШҰ әскерлерінің Қазақстан аумағына енгізілуі
6 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Қауіпсіздік кеңесінің жиынын өткізіп, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) басшыларынан көмек сұрағанын мәлімдеді. Сол күні ҰҚШҰ төрағасы Армения премьер-министрі Никол Пашинян Қазақстанға әскер жіберетінін ресми түрде растады.
ҰҚШҰ бітімгерлік күштерінің негізгі миссиясы — Қазақстандағы стратегиялық нысандарды күзету деп жарияланды. 9 қаңтардан бастап Ресей, Армения, Беларусь, Қырғыстан және Тәжікстан әскерлері (2030 сарбаз, 250 техника) маңызды нысандарды күзету жұмысына кірісті. Байқоңыр ғарыш айлағы, Сарышаған полигоны, ғарышты бақылау станциялары мен басқа да маңызды әскери нысандарды ҰҚШҰ әскерлері бақылауға алды. 13 қаңтардан бастап бітімгерлік күштер күзетке алған нысандарын қазақстандық құқық қорғаушыларға тапсыра бастады, ҰҚШҰ әскерлерін елдеріне қайтаруға дайындық басталып кетті. 19 қаңтарда ҚР Қорғаныс министрлігі ел аумағында шет мемлекеттердің әскерилері қалмағанын мәлімдеді.
Қазақстандағы ҰҚШҰ әскерінің құрамы (2022 жылдың 10 қаңтары):
* Ресей, 1480 сарбаз:45-ші арнайы мақсаттағы дербес гвардиялық бригада;98-ші гвардиялық әуе-десант дивизиясы;31-ші десант-шабуылдаушы дербес гвардиялық бригада;
* 45-ші арнайы мақсаттағы дербес гвардиялық бригада;
* 98-ші гвардиялық әуе-десант дивизиясы;
* 31-ші десант-шабуылдаушы дербес гвардиялық бригада;
* Тәжікстан, 200 сарбаз:Қарулы күштердің бітімгерлік бөлімшесі;
* Қарулы күштердің бітімгерлік бөлімшесі;
* Қырғызстан, 150 сарбаз:25-ші арнайы мақсаттағы «Скорпион» бригадасы
* 25-ші арнайы мақсаттағы «Скорпион» бригадасы
* Беларусь, 100 сарбаз:103-ші гвардиялық әуе-десант дербес гвардиялық бригада;
* 103-ші гвардиялық әуе-десант дербес гвардиялық бригада;
* Армения, 100 сарбаз:Қарулы күштердің бітімгерлік бөлімшесі.
* Қарулы күштердің бітімгерлік бөлімшесі.
### Әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту шаралары
5 қаңтар күні өткен жиында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін бірқатар тапсырма берді:
* Мұнай өнімдерінің (бензин, дизель, сұйытылған газ) бағасына мемлекеттік реттеуді 180 күнге енгізу;
* Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бойынша мемлекеттік реттеуді енгізу;
* «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» Заңды әзірлеуге кірісу;
* Халық үшін 180 күнге коммуналдық тарифтерді көтеруге мораторий енгізу қажеттігін қарастыру;
* Халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтары үшін нарықтағы баспананы жалға алу құнын субсидиялау мәселесін қарастыру;
* Денсаулық сақтау және балалар мәселелерін шешу үшін «Қазақстан халқына» деп аталатын қоғамдық қор құру, оны мемлекеттік және жеке көздер арқылы қаржыландыру.
«Қазақстан халқына» қорының міндеттері:
* денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында мемлекеттік қолдау шараларынан тыс қосымша қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан халқына қайырымдылық көмек көрсету;
* төтенше жағдайлар кезінде және төтенше жағдай режимі енгізілгенде зардап шеккен халыққа көмек көрсету;
* халықтың әлеуметтік осал топтарынан мұқтаж балалар мен балалар үшін спорттық инфрақұрылымның дамуына және оның қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесу;
* Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары, арнайы органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің отбасыларын қолдау;
* қор қызметінің өзге басым бағыттары бойынша қайырымдылық көмек көрсету.
Қордың басшысы болып Болат Жәмішев тағайындалды. Оны қаржыландыру үшін жеке тұлғалардан, халықаралық қайырымдылық ұйымдардан, монополистердің міндетті аударымдарынан, ірі бизнес тарапынан түскен қаражат пайдаланылатын болды. 16—27 қаңтар аралығында қордың шотына 52 миллиард теңгеден астам түскен: Kaspi Bank-тің негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе 10 миллиард теңге, «Халық» қайырымдылық қоры 2 миллиард теңге, «Степногорск тау-кен химия комбинаты» 350 миллион теңге, KAZ Minerals Aktogay 6,2 миллиард теңге, KAZ Minerals Bolzshakol 6,2 миллиард теңге, Kazakhmys Smelting 5 миллиард теңге, «Востокцветмет» 3,1 миллиард теңге, «Сәби» жеке қайырымдылық қоры 1 миллиард теңге, «Астана-Моторс» компаниясы 550 миллион теңге, BI-Development 300 миллион теңге, «Сарыарқаавтопром» 250 миллион теңге, NAK Development 100 миллион теңге аударған.
### Кадрлық ауысымдар
5 қаңтарда ҚР Үкіметі отставкаға кеткеннен кейін бірқатар министрлікке жаңа басшылар тағайындалды.
* Әлихан Асханұлы Смайылов премьер-министр қызметіне тағайындалды. 2019 жылдан бері ол премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметін атқарып келген болатын.
* Бұрынғы ҚР Президенті Іс басқармасының Медицина орталығы басшысының орынбасары Ажар Ғиният денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды.
* Бұрынғы Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды.
* Бұрынғы «ҚазАқпарат» басқармасының төрағасы Асқар Қуанышұлы Омаров ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.
* Бұрын ҚР Тұңғыш Президенті кеңсесінің Ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Әлібек Қуантыров Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.
* Қайырбек Өскенбаев индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды.
* Бұрынғы «KAZENERGY» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры Болат Ақшолақов энергетика министрі қызметіне тағайындалды.
* Аида Балаева (бұрынғы ақпарат және қоғамдық даму министрі) мен Ержан Қазыхан (Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкіл) Президент Әкімшілігі басшысының орынбасарлары болып тағайындалды.
* Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылған Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы лауазымына тағайындалды.
* Бұрынғы Мәжіліс депутаты Қанат Мусин әділет министрі қызметіне тағайындалды.
* Айбек Дәдебаев ҚР Президенті Іс басқарушысы лауазымына тағайындалды.
* Қарлығаш Әбдіжаббарова Алматының жаңа бас санитария дәрігері болып тағайындалды.
* Бұған дейін Алматы қаласы бойынша ҰҚК бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған полковник Марат Ирменов ҰҚК-ның Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.
* Президенттің бұрынғы кеңесшісі Тимур Сүлейменов Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
* Бұрынғы энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Президент кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
* ҚР Президентінің Парламенттегі Өкілдігінің басшысы лауазымынан босатылған Бейбіт Исабаев Сенат депутаты болып тағайындалды.
* Сенат депутаты Сәуле Айтпаеваның өкілеттігі тоқтатылды.
* Бұрынғы ҚР Президентінің іс басқарушысы Ерлан Баттақов сауда және интеграция бірінші вице-министрі болып тағайындалды.
* Stopfake.kz жобасының жетекшісі болған Александр Данилов ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды.
* Бұрынғы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Абзал Әбдікәрімов ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды.
* Бұрынғы ҚР стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Жаслан Мәдиев цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды.
* Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев премьер-министр Әлихан Смайыловтың кеңесшісі болып тағайындалды.
* Бұрынғы ішкі істер министрінің орынбасары, ҚР Ұлттық ұланының бас қолбасшысы Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі қызметіне тағайындалды.
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, премьер-министр кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев (кейін ол қызметінен кетіп, президент кеңесшісі болып тағайындалды), сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, төтенше жағдай министрі Юрий Ильин, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов өз лауазымдарын сақтап қалды.
### Қаңтар оқиғалары үшін жауапкершілікке тарту
* ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов 5 қаңтарда қызметінен босатылып, кейін «мемлекетке опасыздық жасады» деген айыппен қамауға алынды. Кейінірек оған «билікті басып алу» бабы бойынша да қылмыстық іс қозғалғаны мәлім болды. Онымен қоса ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары А. Садықұлов пен Д. Ерғожин да ұсталды.
* 15 қаңтарда энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаевтың қызметінен босатылып, қамауға алынғаны белгілі болды. Онымен қоса электрондық сауда алаңдарының басшылары мен Маңғыстау облысындағы сұйытылған газдың бағасын негізсіз көтеруге қатысы бар тұлғалар ұсталған.
* 19 қаңтарда қызметінен босатылған бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың 20 ақпанда уақытша ұстау изоляторына қамалғаны туралы белгілі болды. «Командирлік қабілетін көрсете алмады» деп Тоқаев сынға алған Бектановқа ҚР Қылмыстық кодексінің 452-бабы бойынша («Биліктің әрекетсіздігі») айып тағылған.
### Төтенше жағдайды кезең-кезеңімен жою
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті 13 қаңтарда Астана, Шымкент қалаларының, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының аумақтарында терроризмге қарсы операцияның аяқталғаны және террористік қауіптіліктің шекті «қызыл» деңгейінің жойылғаны туралы жариялады. Террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі және терроризмге қарсы операция режимі Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында сақталады.
Төтенше жағдайдың күшін жою уақыты:
* 2022 жылғы 13 қаңтарда сағат 7:00-ден бастап Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында;
* 14 қаңтар сағат 18:00-ден бастап Шымкент қаласында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстарында;
* 15 қаңтар сағат 7:00-ден бастап Ақмола және Қостанай облыстарында;
* 16 қаңтар сағат 7:00-ден бастап Ақтөбе облысында.
* 19 қаңтар сағат 00:00-ден бастап Астана және Алматы қалаларында және Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында төтенше жағдайдың күші жойылды, яғни Қазақстанның барлық өңірі қалыпты өмірге оралып, шектеу шаралары тоқтатылды.
### ӨКМ Операторы қызметінің тоқтатылуы
2015 жылы құрылған «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері Операторы» (орыс. Оператор РОП) жинаған утилизациялық алымға елдегі автокөлік иелері жылдар бойы наразылық білдіріп, 2021 жылы әлеуметтік желілерде #НетУтильСбору қозғалысы пайда болды. Әлия Назарбаеваға қатысы болуы мүмкін бұл компания соңғы бес жылдың ішінде қазақстандықтардан 691,9 миллиард теңге қаражат жинаған. 2022 жылдың қаңтарындағы наразылық шараларынан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев уитилизациялық алымды жинаумен жеке компания айналыспауы керек деген мәлімдеме жасады.
Президенттің тапсырмасымен ҚР Үкіметі 2022 жылдың 18 қаңтарында «ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылдады. Оған сәйкес, «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің утилизациялық алымды жинау қызметі тоқтатылып, оның есебінен құрылған активтер мемлекетке берілетін болды. Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін (ӨКМ) әкімшілендіру функциялары «Жасыл даму» АҚ мемлекеттік ұйымына тапсырылды.
26 қаңтарда бұрынғы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы төрағасы Медет Құмарғалиев 2 ай мерзімге қамауға алынғаны белгілі болды. Сол күні Астана қаласында өз-өзіне қол жұмсаған «ӨКМ Операторы» ЖШС басқарушы директоры Руслан Шәмшиевтің мүрдесі табылды.
## Назарбаев пен оның отбасының тағдыры
Тағы қараңыз: Назарбаевтың жеке басына табыну
Ондаған жылдар бойы билікті өз қолында ұстаған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы оған жақын деп саналатын Қасым-Жомарт Тоқаевқа билік тізгінін тапсырған болатын, бірақ бұрынғы президент елдің саяси өміріне өз ықпалын сақтап қалды. 2022 жылдың қаңтарындағы оқиғалар кезінде Назарбаевтың жұрттың алдына шықпауы нағыз жұмбаққа айналды. Түрлі қауесеттерге сәйкес, ол Женева көлінің жағалауында, Қытайда немесе Дубайда бас сауғалауы мүмкін. «Назарбаев қайтыс болды» деген де күдік туды. Бірақ көбісінің болжамы бойынша, бұрынғы президент өз атымен аталған Қазақстанның астанасында қалған.
Назарбаевтың баспасөз хатшысы 28 желтоқсаннан бері көзден таса болған бұрынғы президенттің Астана қаласында екенін мәлімдеді. Кейін белгілі болғандай, Назарбаев ҚР Қауіпсіздік кеңесі төрағасы лауазымын Тоқаевқа тапсырған. Халық арасында түрлі қауесет тарағаннан кейін Елбасының хатшысы бұны ол өз еркімен істеді деп сендірді. Оған қоса бұрынғы президенттің маңызды одақтастары өз лауазымдарынан айырыла бастады, Үкімет отставкаға жіберілді. Назарбаевтың тұсында Үкіметті басқарған ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов «мемлекетке опасыздық жасады» деп қамауға алынып, Тоқаев тағайындаған адаммен ауыстырылды. Бұның барлығы Қазақстанда билік үшін астыртын күрес жүріп жатыр ма деген сұрақтың туындауына әкеп соқтырды. Кейбір бақылаушылардың пікірінше, Тоқаев халық арасында жаман атақты болған Назарбаевтан (шерушілер «Шал, кет!» деп ұрандаған болатын) өзін әрі ұстау үшін осы қадамдарға барған.
Наразылық шаралары басталғаннан кейін сөйлеген сөздерінде Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаевтың атын атап, тікелей сынамағанымен, Қазақстанда бұрынғы президенттің жеке басына табыну аяқталғанының белгілері байқалды. Талдықорғандағы тәртіпсіздіктер кезінде құлатылған Назарбаевтың ескерткіші орнына қойылған жоқ, шерушілер алып тастаған Алматыдағы Назарбаев даңғылындағы көше белгілері қайта ілінген жоқ. Осы жағдайда елдің бетке ұстар азаматтары өздерінің Тоқаевқа адал екенін білдіруге асықты. «Назарбаевтың дәуірі аяқталғаны анық», — деп мәлімдеді көп жылдар бойы бұрынғы президенттің кеңесшісі болған Ермұхамет Ертісбаев өзінің The Guardian-ға берген сұхбатында.
18 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеуін жариялады. Өз сөзінде ол елде орын алған тәртіпсіздер үшін «экстремистік топтар» мен «террористерді» кінәлады, бұл оқиғалар кезінде қаза тапқандарға көңіл айтты. Тоқаевты қолдауға шақырып, оның «шұғыл шешімдерінің арқасында ел іргесі сөгілген жоқ» деді. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған түрлі ақпаратқа жауап ретінде Назарбаев 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевқа билік тізгінін тапсырғанын еске салды, сол кезден бері зейнеткер екенін, қазір Қазақстан астанасында демалып жатқанын айтты.
19 қаңтарда белгілі болғандай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Қазақстан халықтары ассамблеясы», «Тұңғыш президент — Елбасы», «ҚР Қауіпсіздік кеңесі» туралы заңдарға арнайы түзету енгізуді қолдап, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесіне өмір бойы төраға болу құқығынан айыратын заң жобасын Сенатқа жолдаған. Енді бұл органдарға Қазақстан президенті төрағалық ететін болып шешілді.
2021 жылдың қарашасында «Нұр Отан»-ның төрағасы Назарбаев партияны ел президенті басқаруы тиіс деген мәлімдеме жасаған болатын. 2022 жылдың 28 қаңтарында өткен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XXI Съезінде Қасым-Жомарт Тоқаев бірауыздан партия төрағасы болып сайланды. Съезде сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы: «Тұңғыш Президенттің тарихи еңбегіне құрмет көрсетейік, оның жетістіктері мен қадір-қасиеттерін бірінші орынға қояйық, ал есептерді еліміздің болашақ басшыларына қалдырайық», — деді.
### Лауазымдарынан айырылған Назарбаев отбасының мүшелері
* Димаш Досанов (Әлия Назарбаеваның күйеуі) — «ҚазТрансОйл» бас директоры ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
* Қайрат Шәріпбаев (Дариға Назарбаеваның бейресми күйеуі) — «Қазақгаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
* Тимур Құлыбаев (Динара Нұрсұлтанқызы Құлыбаеваның күйеуі) — «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының төрағасы ретіндегі өкілеттігін доғарды.
* Самат Әбіш (Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі) — ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.
* Дариға Назарбаева — Мәжіліс депутаты болған Назарбаевтың қызы қаңтар айының басынан бері Парламентте көрінген жоқ. Ресми мәлімет бойынша, ол коронавирус індетіне шалдығып, өз үйінде демалған. Кейін Дариға Нұрсұлтанқызының қаңтар айының аяғына дейін жалақысы сақталмайтын демалыста болатыны белгілі болды. Айдың аяғында өткен «Нұр Отан»-ның кезектен тыс Съезінде ол партияның саяси кеңесінің құрамынан шығарылды. 25 ақпанда Дариға Назарбаева Мәжіліс депутаты өкілеттігін тоқтатқаны туралы үндеу жариялады.
* Берік Имашев — 25 қаңтарда Дариға Назарбаеваның құдасы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметінен босатылды.
## Оқиғалар хроникасы
### 2 қаңтар
* Жаңаөзенде наразы тұрғындар сұйытылған табиғи газдың бағасын төмендетуді талап етіп, автокөлік жолын бөгеп тастады.
* Маңғыстау өңіріндегі шерушілерге газ бағасы бұрынғы деңгейге түспейтіні айтылды.
### 3 қаңтар
* Астана қаласында полиция Жаңаөзендегі шерушілерге қолдау көрсетіп, көшеге шыққан бір топ адамды ұстады. Алматыдағы Республика және Астана алаңы жабылды.
* Премьер-министр Асқар Маминның бастауымен Маңғыстаудағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыратын комиссия құрылды.
* Шымкенттегі орталық алаңдардың күзеті күшейтілді.
* Жаңаөзенде наразылық шарасына жиналған адамдардың саны 3 мыңға жетті. Келіссөз жүргізуге келген облыс әкімі Ноғаевты шерушілер қуып жіберді.
* Ақтөбенің орталық алаңында жүзге жуық адам жиналды.
* Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев сұйытылған газ бағасының өсу себебінің халыққа дұрыс түсіндірілмегенін айтты. Бағаның бұрынғы қалпына қайтып келмейтіні тағы да қайталанды. Сұйытылған газдың бағасы 85—90 теңгеге дейін төмендетілетін болды.
### 4 қаңтар
* Жаңаөзен мен Ақтау қалаларының алаңдарында сұйытылған газ бағасын төмендетуді талап еткен жұрт тарқамай, шеруін жалғастырды.
* Жаңаөзенде бастау алған шерулерді қолдамақ болған алматылық белсенділер жауапқа тартылып, қамауға алынды.
* Теңіз мұнай кен орнының жүздеген жұмысшылары маңғыстаулықтарды қолдап, митингіге шықты.
* Алматы, Астана, Шымкент және Ақтөбе қалаларында ондаған адам қамауға алынды.
* Үкімет комиссиясы Маңғыстау облысындағы наразы халықпен келіссөз жүргізе бастағаны белгілі болды.
* Ақтөбелік шерушілер полиция шебін бұзып, облыстық әкімдікке қарай бет алды.
* Таразда көшеге шыққан наразы адамдар журналистермен қоса қамауға алынды. Сол күні облыс әкімдігінің ғимараты мен қала орталығындағы бір банктың ғимараты бүлінді, 10-нан аса полиция көлігінің қиратылғаны мәлім болды.
* Ақтауда премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов сұйытылған газдың бір литрі 50 теңге болатынын мәлімдеді, бірақ наразы халық одан кейін тарқамады.
* Алматыда 150 жуық адам қамауға алынды.
* «Нұр Отан» депутаты Берік Әбдіғалиұлы үкіметтің отставкасын талап етті.
* Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де «ел тұтастығы мен бірлігіне сызат түсіруді көздейтін деструктивті топтардың үндеуіне құлақ аспауға» шақырды.
* Атырауда 5 мыңнан астам тұрғын Исатай мен Махамбет орталық алаңына жиналып, олар жаңаөзендіктерге қолдау білдірді.
* Шымкентте бірнеше мың адам жиналып, жаңаөзендіктерге қолдау көрсетті.
* 4 қаңтардан 5-іне ауған түні полицияның арнайы жасақтары Астана қаласындағы шерушілердің кейбірін ұстап, қамауға алды.
### 5 қаңтар
* 5 қаңтар күні таңертең Қазақстан президенті Үкімет отставкасын қабылдағаны туралы белгілі болды.
* Қасым-Жомарт Тоқаев кадрлық өзгерістер жасады. Мұрат Нұртілеу ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары етіп тағайындалды. Ерлан Қарин мемлекеттік хатшы атанды (Қырымбек Көшербаевтың орнына). Премьер-министр міндетін уақытша Әлихан Смайылов атқаратын болды.
* Алматыдағы «Алтын Орда» базарының маңында қымбатшылыққа қарсы шеруге шыққан адамдарға арнайы жасақ наразыларға шулы граната қолданып, резеңке оқ атты.
* 5 қаңтардан бастап 19 қаңтарға дейін Маңғыстау облысы мен Алматы қаласында төтенше жағдай енгізілгені белгілі болды.
* Ішкі істер министрлігі Қазақстан бойынша «қоғамдық тәртіпті бұзған» 200-ден астам адамның ұсталғанын хабарлады.
* Төтенше жағдай Алматы облысында да жарияланды.
* Ақтөбеде әкімдік алдында жиналған наразы халық әкімдік ғимаратын басып алуға талпынды. Полиция шерушілерге қарсы көз жасаурататын газ қолданды.
* Алматыдағы «Сайран» автовокзалына жақын орналасқан «Нұр Отан» партиясының ғимараты өртке оранды.
* Сағат 16:00-де Астана қаласында төтенше жағдай жариялады. Коменданттық сағат 23:00—07:00 аралығында болатын болды.
* Қазақстан аумағында Интернет желісі өшіріліп, телефон байланысы нашарлап кетті.
* Бір топ адам Халықаралық Алматы әуежайын басып алғаны белгілі болды. Шерушілер Алматы қаласының әкімдігін басып алуға талаптанғаннан кейін оның ғимараты өртке оранды.
* Қасым-Жомарт Тоқаев осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаев басқарып келген Қауіпсіздік кеңесінің басшылығын өз қолына алды.
* Алматыда 120-дан астам автокөлік өртелгені белгілі болды. Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл сәтке дейін 120 дүкен мен сауда нысандары, 180 қоғамдық тамақтану орындары, 100-ге жуық шағын және орта бизнес кеңселері қиратылған.
* Қазақстанның барлық аймағында 5—19 қаңтар аралығында төтенше жағдай енгізілді.
### 6 қаңтар
* Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Қауіпсіздік кеңесінің жиынын өткізіп, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) басшыларынан көмек сұрағанын мәлімдеді.
* Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының төрағасы Армения премьер-министрі Никол Пашинян Қазақстанға әскер жіберетінін ресми түрде растады.
* Ақтөбедегі шерушілер жергілікті билікпен келіссөз барысында өздерін «террорист» деп атауға қарсы екенін мәлімдеді.
* 6 қаңтарға қараған түні Шымкентте бір топ адам әкімдікті басып алғысы келіп, атыс дауысы естілген. Сауда үйі, банкоматтар тоналған.
* Талдықорғанда әкімдік пен полиция басқармасы наразылық шарасына қатысқандардың қолына өтті, қалада тонаушылық басталды.
* Ақтау көшелеріне шыққан наразы халық тарамай, шетелдік әскерилердің келуіне қарсы екенін жариялады. Жаңаөзендік шерушілер де тарқаған жоқ.
* Алматыдағы Республика алаңында шерушілерге қарсы оқ атылғаны мәлім болды, бір адам қаза тапты. Арнайы операцияның нәтижесінде тәртіп сақшылары Алматы әуежайын қайтарды.
### 7 қаңтар
* 7 қаңтар күні таңертең Қасым-Жомарт Тоқаев лаңкестікке қарсы штабтың жиынын өткізді, оған президент әкімшілігінің, Қауіпсіздік кеңесінің және күш құрылымдарының басшылары қатысқан.
* Ақтөбе қаласындағы шерушілерге қарсы күш қолданылып, облыстық әкімдік маңындағы митинг таратылды. Жезқазғандағы наразы халық өз еркімен тарағаны мәлім болды.
* Тоқаев теледидар арқылы үндеуінде Алматыға шабуыл жасаған содырларға «ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін» айтты.
* Беларусь басшысы Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы Қазақстандағы жағдайды талқылағаны белгілі болды.
* Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекара жабылып, қазақстандықтарды көрші елге өткізу тоқтатылды.
### 8 қаңтар
* Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін «ескертусіз ату» бұйрығынан бас тартуға шақырды.
* Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің 6 қаңтар күні ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалғаны белгілі болды.
* Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай 28 желтоқсаннан бері жұрт алдына шықпаған бұрынғы президенттің Астана қаласында екенін мәлімдеді.
* Ақтауда шеруге шыққандардың басым бөлігінің үйлеріне тарап, Ынтымақ алаңы босағаны белгілі болды.
* АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға ҰҚШҰ әскерлерінің кіргізілгенін байланысты мәлімдеме жасады.
* Жаңаөзеннің орталық алаңына наразылық білдіруге шыққан жұрттың көпшілік тарап кетті. Бес күнге созылған наразылық шарасының барысында тәртіпсіздік орын алмаған, мүлкі тоналмаған.
* Еуропа одағының сыртқы саясат қызметінің басшысы Жозел Боррель Қазақстандағы жағдайға қатысты пікір айтып, ЕО мәселені бейбіт жолмен шешуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.
* Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні болатынын жариялады.
* 8 қаңтарға дейін Қазақстан бойынша тәртіпсіздікке қатысқан 4404 адам ұсталғаны белгілі болды.
### 9 қаңтар
* Ресми дереккөздерде жарияланған 164 адамның қаза тапқаны туралы ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды.
* Мемлекеттік телеарналарда Қырғыстаннан «ақша үшін митингіге қатысуға келген жұмыссыз» деп көрсетілген адам негізінде Алматыға концерт қоюға келген қырғыстандық музыкант Викрам Рузахунов екені белгілі болды.
* 9 қаңтарға дейін ел бойынша тәртіпсіздікке қатысып, қамауға алынған адамдардың саны 5 мыңнан асты.
* Президент Тоқаев тәріпсіздіктер кезінде қаза болған полиция қызметкерлері мен әскерилерді (жалпы 16 адам) мемлекеттік наградалармен марапаттады.
### 10 қаңтар
* 10 қаңтар — Жалпыұлттық аза тұту күні.
* Қазақстандық тәртіп сақшылары қамауға алған адамдардың саны 7939 жетті.
* Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың тыныс-тіршілігін қалыпқа келтіру жұмыстары басталғанын хабарлады.
* Алматы қаласының комендатурасы Сайын — Райымбек — Карьерная — Жандосов көшелерінің аумағы және Абай — Достық — Әл-Фараби — Желтоқсан көшелерінің аумағы қылмыскерлерден тазартылғанын мәлімдеді. Әуезов, Алатау және Медеу аудандарын тазарту жұмыстары жалғасын тапты.
* 10 қаңтарға дейін Қазақстан бойынша тәртіпсіздікке қатысқан 7939 адам ұсталғаны белгілі болды.
* Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің өкілі елдегі ахуалдың тұрақтанғанын және бақылауға алынғанын мәлімдеді. Алматы, Қызылорда, Талдықорған және Тараз қалаларындағы басып алынған барлық әкімшілік нысандар босатылғаны, аса маңызды стратегиялық нысандар мен қару және оқ-дәрілер сақталатын жерлердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілгені юелгілі болды.
* Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және Беларусь президенттері, Армения премьер-министрі, Қырғызстанның Президент әкімшілігінің басшысы және ҰҚШҰ бас хатшысы қатысқан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының онлайн-сессиясы басталды.
* Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа кеңесінің төрағасы Шарль Мишельмен келіссөз жүргізді.
### 11 қаңтар
* 11 қаңтарға дейін тәртіпсіздікке қатысқан 9900 адам ұсталғаны белгілі болды.
* «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметіне сәйкес, тәртіпсіздіктер кезінде бизнеске келтірілген шығынның жалпы сомасы 95,3 миллиард теңгені құраған.
* Алматы комендатурасы Әуезов, Алатау және Медеу аудандарының аумағы, «Өжет» ықшамауданы мен Алматы халықаралық әуежайына шекаралас аумақ қылмыскерлерден тазартылғанын мәлімдеді.
* Мәжіліс отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ сарбаздары екі күннен кейін елдеріне қайтарыла бастайтынын мәлімдеді.
## Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың реакциясы
### АҚШ
7 қаңтарда АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанда орын алған тәртіпсіздіктерден кейін елге ҰҚШҰ әскерлерінің енгізілуін құптамайтыны туралы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Қазақстан билігінің сырттан көмек сұрамай және бейбіт шерушілердің құқықтарын бұзбай елдегі тәртіпті сақтап қалуға мүмкіндігі болған.
25 қаңтарда АҚШ-ның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) жанындағы тұрақты өкілі Майкл Карпентер қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына көңіл айтты. Ол Қазақстан билігін тергеудің ашықтығын және қажетті заңды рәсімдердің сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ бейбіт наразылық білдірген адамдарды зорлық-зомбылық пен тонауға қатысушылардан ажыратуға, ұсталғандардың барлық санаттары үшін тиісті процесті қамтамасыз етуге шақырды.
### Еуропа одағы
19 қаңтар күні Еуропа парламентінде Қазақстанда орын алған наразылық шаралары талқыға салынды. Сөз сөйлеген еуродепутаттардың көбісі бұл оқиғаларға байланысты тәуелсіз халықаралық тергеу жүргізуді талап етті, Қазақстан билігі жариялаған тұжырымдарға сенбейтінін мәлімдеді. Бірқатар депутаттар адам құқықтарының бұзылуына қатысы бар қазақстандық шенеуніктерге қарсы санкция енгізуге шақырды. Еврокомиссар Стелла Кириакидес Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформалар өткізіп, елді демократияландыру керек деп мәлімдеді.
20 қаңтарда Еуропа парламенті қаңтар оқиғасына қатысты қарарды қабылдады. Оны 671 депутаттың 589-ы қолдап, 35-і қарсы шығып, 47-сі қалыс қалды. Қарарда 27 тармақтан тұратын мәлімдеме жасалған. Оның ішінде құқық қорғау ұйымдарын саяси себеппен қудаламау, адамдардың бейбіт жиналуына кедергі келтірмеу, жосықсыз ұстау мен азаптауды доғару, адам құқығына қарсы қылмыстарға жауаптыларға жеке санкция салу секілді талаптар бар. Тоқаев бұл қарардың «әділетсіз» екендігін, оған «жайбарақат» қарайтынын айтты, қаңтар оқиғаларына халықаралық тергеу жүргізуді қажет деп санамайтынын мәлімдеді.
### Ұлыбритания
Ұлыбританияның ЕҚЫҰ жанындағы тұрақты өкілі Нил Буш Қазақстанда орын алған оқиғаларға қатты алаңдайтынын жеткізіп, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Ол зорлық-зомбылық пен мүлікті жоюды айыптап, Қазақстандағы реформаларды, қауіпсіздік пен өркендеуді қамтамасыз ету шараларын қолдауға Ұлыбритания дайын екенін мәлімдеді.
### ЕҚЫҰ
5 қаңтар күні тәртіпсіздіктер басталғаннан кейін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Збигнев Рау Қазақстандағы жағдайға алаңдайтыны туралы мәлімдеме жасап, қақтығысты тоқтатып, келіссөздер өткізуге шақырды. 10 қаңтарда Збигнев Рау ҚР сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен телефон арқылы сөйлесіп, ЕҚЫҰ міндеттемелерін, оның ішінде адам құқықтарына байланысты міндеттемелерді сақтауды өтінді.
### Human Rights Watch
7 қаңтарда Human Rights Watch ұйымы Қазақстан билігін ескертусіз оқ атуға берілген бұйрықтан дереу бас тартуға шақырды. 26 қаңтарда жарияланған HRW мақаласына сәкес, 4—6 қаңтар аралығында Қазақстан қауіпсіздік күштері кем дегенде 4 жағдайда адамның өліміне әкелуі мүмкін күш қолданған. Мысалға, Алматыдағы президент резиденциясының маңында түсірілген бейнежазбалардан жарақаттанған 19 адам және қаза тапқан болуы мүмкін 10 адам анықталған. Осыған байланысты HRW Біріккен Ұлттар Ұйымынан, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан және Еуропа одағынан қаңтар оқиғаларына байланысты тәуелсіз және бәйтарап тергеу жүргізу мақсатында Қазақстан үкіметіне қысым жасауды талап етті.
## Сондай-ақ қараңыз
* Желтоқсан көтерілісі
* Жаңаөзен оқиғасы (1989 жыл)
* Жаңаөзен оқиғасы (2011 жыл)
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Қайыртайұлы М., Жаңқатов А. Қаңтар көтерілісі. Арнайы репортаж. Азаттық Радиосы, 20 қаңтар 2022 жыл.
* «Қасіретті қаңтар. Оқиға қалай өрбіді?» деректі фильмі. Хабар, 27 қаңтар 2022 жыл.
* Көпжасар Е. Атылған оқ, төгілген қан, қираған қала. Қаңтарда бүлік салған кімдер? 31 арна, 30 қаңтар 2022 жыл.
* Мазоренко Д., Қайсар А.. Наразылықтан дүрбелеңге дейін: Қазақстанның әділдік пен жақсы өмір үшін күресі. Vласть, 27 қаңтар 2022 жыл.
* Пивоваров А. Почему взорвался Казахстан?. Редакция, 7 қаңтар 2022 жыл. (орыс.)
* Пивоваров А. Бои в Казахстане и их последствия глазами обычного горожанина. Редакция, 13 қаңтар 2022 жыл. (орыс.)
* Казахстан: Зачистки — Погромы в Алматы / Репортаж с места событий. The Люди, 15 қаңтар 2022 жыл. (орыс.) |
Каинит (ежелгі грек тілінен. καινός — "жаңа") - минерал, магний мен калийдің қос тұзы KCl·MgSO4·3H2O. Түсі — сұр, сары, қызыл. Калий тыңайтқыштарын, металл магнийін алу үшін қолданылады. |
Тәуелсіз үміткер (өзін-өзі ұсынушы) — кез-келген саяси партияға қарамастан сайлауға қатысатын саяси қайраткер.
## Артықшылықтары
Саясаткердің тәуелсіз үміткер ретінде сайлауға түсуінің бірнеше себептері бар:
* Тәуелсіздер басқа үміткерлер-ірі саяси партиялардың өкілдері арасында центристік көзқарас таныта алады. Кейде, керісінше, олар кез-келген үлкен партияға қарағанда экстремалды көзқарасқа ие. Олардың идеологиясында саяси спектрдің екі жағындағы идеялар болуы мүмкін немесе байыпты саяси ойыншылар қолдамайтын мәселелерге негізделген өзіндік ерекше көзқарасы болуы мүмкін.
* Тәуелсіз саясаткер саяси партиямен байланысты болуы мүмкін, оның бұрынғы мүшесі болуы мүмкін, сол сенімдерді ұстануы мүмкін, бірақ өзіңізді осы күштің брендімен байланыстырмаңыз. Басқалары саяси партияға тиесілі болуы немесе оны қолдауы мүмкін, бірақ олар партияның ресми өкілі болмауы керек және осылайша оның саясатына бағынбауы керек деп санайды.
* Кейбір елдерде (мысалы, Кувейт) Саяси партиялар заңсыз және барлық үміткерлер тәуелсіз ретінде әрекет етеді.
Кейбір жағдайларда тәуелсіз саясаткерлер саяси партиялар болып табылмайтын «тәуелсіздердің» арнайы топтарына біріктіріледі. Басқа жағдайларда мұндай саясаткерлер саяси партияға біріктіріледі, оның атауында «тәуелсіз» сөзі жиі қолданылуы мүмкін.
## Тағы қараңыз
* Партиясыз
* Тәуелсіз сайлаушы
* Ауытқымалы дауыс
## Дереккөздер |
Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев (13 шілде 1977 жыл, Батыс Қазақстан облысы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, 2023 жылдан бастап «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы. 2016-2017 жылдары «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы, 2020-2022 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымдарын атқарған.
## Білімі
1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы Geneva Business School (Швейцария) MBA дәрежесін алды.
## Еңбек жолы
1998-1999 жж. – «Столичное обозрение» газетінің тілшісі;
1999-2000 жж. – Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің (ҚР Мемлекеттік стандарты) баспасөз хатшысы;
2000-2001 жж. – «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігі» ЖШС тілшісі;
2001-2007 – «Қазақтелеком» АҚ «Корпоративтік сату дирекциясы» Президентінің кеңесшісі, Атқарушы директоры, Бас директоры;
2007-2011 жж. – «TNS-Plus» ЖШС бас директоры ;
2011-2014 жж. – «Altyntau Resources» АҚ Басқарушы директоры;
2014-2016 жж. – «Қазмедиаорталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС стратегиялық және коммерциялық қызмет бойынша бас директорының орынбасары, бас директорының бірінші орынбасары;
07.2016-09.2016 жж. – «Орталық коммуникациялар қызметі» РМК директоры;
09.2016-02.2017 жж. – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасы;
2017-2019 жж. – «Smartway Systems» ЖШС Байқау кеңесінің Төрағасы;
2019-2020 жж. – «Рухани Жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма Төрағасы;
2020-2022 жж. – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі.
2022 жылдың наурыз айында «Ұлттық медиа қауымдастығы» ЗТБ Төрағасы болып сайланды;
2023 жылғы 13 қыркүйекте «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.
## Марапаттары
«Құрмет» ордені – 2021 ж.
## Дереккөздер |
«Тақтар таласы» телесериалының кейіпкерлері Джордж Мартиннің «Алау мен мұз жыры» романдар циклының сәйкес кейіпкерлеріне негізделген. Романда фэнтэзи әлемдегі әртүрлі кейіпкерлердің Темір Тақ үшін таластағы азаматтық соғысы сипатталады.
## Кейіпкерлерге шолу
= Маусымдағы басты кейіпкер = Маусымдағы қосалқы кейіпкер = Маусымдағы қонақты рөл = Сондай-ақ басты рөлде = Басқа актермен ойналған қосалқы рөл = Маусымда жоқ
### Басты кейіпкерлер
### Қосалқы кейіпкерлер
### Қонақтық құрам
## Сілтемелер
* "Тақтар ойыны" Киностан сайтында Мұрағатталған 5 тамыздың 2016 жылы.
* Making Game of Thrones Мұрағатталған 2 маусымның 2016 жылы., Сериалдың өндірілісі туралы ресми сайт (ағыл.)Дотраки тіліне арналған ресми сайтМұрағатталған 15 шілденің 2015 жылы. (ағыл.)
* Making Game of Thrones Мұрағатталған 2 маусымның 2016 жылы., Сериалдың өндірілісі туралы ресми сайт (ағыл.)
* Дотраки тіліне арналған ресми сайтМұрағатталған 15 шілденің 2015 жылы. (ағыл.) |
Қалақ батыр (XVII ғасыр) — қазақ батыры. Арғын - Қарауыл - Қылды руыннан шыққан. Қазіргі Ақмола облысы, Зеренді ауданының жерде туып өскен. Құсеп ауылда жерленген.
Қалақ батыр 17 ғасырдың басында өз отанның қорғайтын жоңғарға қарсы шайқаста өзін көрсеткен ержүрек жауынгер. Ол жоңғарға қарсы бірінші шайқасқа қатысқан. Жаудың көптілігіне қарамастан, Қалак батырдың келісілген әскериіс-әрекеттеріарқасында оның әскері жауға қарсы тұра алды. Осы шайқастан кейін Қалақ батырдың есімі бүкілқазақ даласына белгілі болды. Оның батылдығы туралы әңгімелер ауыздан ауызға тарап, жас ұрпақ Қалақ батырға ұқсағысы келді.
## Тарих
XVII ғасырдың 30-жылдарындағы бытыраңқы ойрат тайпалары біртұтас мемлекетке бірігіп, Жоңғар хандығының негізін қалады. Қазақстан мен Орта Азия турасында ойраттар ұстанған сыртқы саясаттың күшейуі қазақ-жоңғар қарым-қатынасын шиеленістіріп, жиі-жиі әскери қақтығыстарға әкеліп соқтырды. Жоңғарларға қарсы күресті Есім ханның ұлы Салқам Жәңгір хан (1629–1680) басқарды. 1635 жылы шайқастардың бірінде Жәңгір хан жеңіліс тауып, тұтқынға түседі. Бірнеше жыл тұтқында болған Жәңгір өзара бітімнен кейін босап, қазақ даласына оралды. Осыдан кейін Жәңгір жоңғарлармен бітіспес жауға айналады. Жауынгер қалмақтар ежелден қазақтарды өздерінің жаулары деп санаған. Олар ерте көктемде қазақтарға шабуыл жасауды әдетке айналдырған, олар әлі жайлауға шықпаған, бірікпеген. Бұл туралы білген Жәңгір хан алғашқы еруімен Қалақ батыр бастаған тоғыз жігитті жау еліне барлауға жібереді. Бірнеше күн жолда болғаннан кейін, жауынгерлер айсыз түнде қалмақтар лагеріне жетеді-олар жау қолбасшыларының бірін (мыңбасы) ұрлап кетеді. Қазіргі тілмен айтқанда, олар "тілді" алады. Ханның жеңіл қолымен жасалған бұл операциядан кейін топ "Қалақтың темір тоғызы" деп аталады.
Тұтқыннан жаудың дизайнын, оның жүру жолын білген хан Жәңгір және оның серіктері оны туған жеріне жақындағанда қарсы алып, көшпенділер үшін ерекше сраж тактикасын қолдануға шешім қабылдады.
Осылай болды: 1643 жылдың көктемінде жоңғар хунтайшы Ердени Батур үлкен әскермен Қазақ жерлеріне жорыққа шықты. Жәңгір хан жауынгерлерімен бірге Жоңғар Алатауының Орбұлақ өзенінің шатқалын терең қазып, қазақтардың негізгі күштері келгенге дейін буктурмада күтті. Жауынгерлердің жартысы жолда үйінді ұйымдастырды, ал қалғандары жартастарға тарады, осылайша жоңғарларға буктурма дайындады. Шатқалға ешнәрсе білмеген жоңғарлар кірген кезде, олар алдымен таспен лақтырылды, содан кейін пайда болған дүрбелеңді пайдаланып, оларды артқы жағынан мылтықпен ұрды. Бұл шайқаста қазақтар алғаш рет атыс қаруын (мылтық) қолданды. Мұндай оқиғаларды күткен жоңғарлар қарсылық көрсете алмады. Осы шайқас барысында жоңғарлар 10 мыңға жуық жауынгерінен айырылып, Самарқандтан келген Жалаңтөс батыр әскерлерінің шабуылымен 20 мың адамдық күшпен шегінуге мәжбүр болды.
## Қалақ батыр туралы естелік
Бүгінде оның қабірі Көкшетаудың солтүстігіндегі қалақ Тауында, Айғыржал жерінде орналасқан. Бұл қасиетті орын қазақтардың көптеген ұрпақтары үшін батырлық өткенді және өз мәдениеті мен дәстүрлерін қорғаудың маңыздылығын еске сала отырып, күш пен қарсылықтың символына айналды. Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Құсеп ауылында қалақ батырды жерлеу тек еске алу орнына ғана емес, сонымен бірге болашақ ұрпақты өз жерін одан әрі қорғауға және қорғауға шабыттандырып, өткенмен қасиетті байланыстың символына айналды.
## Дереккөздер |
Кәрім Нәсбекұлы Көкірекбаев (28 шілде 1957, Шу ауданы, Жамбыл облысы, Қазақ КСР) – қазақстандық мемлекеттік қайраткер, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары (2009-2013) және әкімі (2013-2018). Экономика ғылымдарының кандидаты және құрметті теміржолшы.
## Дереккөздер |
Партиялық ішкі сайлау (сонымен қатар «праймериз» ағылш. primaries, кт. — бастапқылар ← ағылш. primary elections — алдын ала сайлау, алдын ала дауыс беру) — саяси партиядан бірыңғай үміткерні сайлау, «жалпы праймериз» жағдайында — көптеген партиялардан бірыңғай үміткер. Содан кейін партиялық ішкі сайлаудың жеңімпазы негізгі сайлау кезінде басқа партиялардың үміткерлерімен бәсекелеседі. Партиялық ішкі сайлаудың мәні-бір партияның үміткерлері негізгі сайлауда бір-бірінен «дауыс алмауы» керек, өйткені олардың сайлаушылары әдетте жақын. Жеңілгендер кейде негізгі сайлауға қатысады, бірақ тәуелсіз үміткерлер ретінде өз партиясының қолдауынсыз.
Партиялық ішкі сайлау кез келген адам дауыс бере алатын кезде ашық, ал праймеризді өткізетін партия мүшелері ғана дауыс беруге құқылы болған кезде жабық болады. Сонымен қатар, көптеген аралық нұсқалар бар. Кейде сайлауда ең көп дауыс жинаған екі үміткер екінші турға қатысады.
Партиялық ішкі сайлау көбінесе АҚШ-та, сирек басқа мемлекеттерде өткізіледі.
## АҚШ
Тағы қараңыз: АҚШ-тағы президенттік праймериз
Ең алғаш партиялық ішкі сайлау 1842 жылы АҚШ-та өтті. 1901 жылы Флорида штаты тұңғыш праймериз өткізіп, сол жылы бұл ұғым заңды түрде қабылданды. Бұған дейін үміткерлер партиялардың кеңестері мен съездерінде іріктеліп алынған болатын. Көбінесе кулуарлық келіссөздер нәтижесінде. Алайда, Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін алдын — ала дауыс беру тәжірибесі қысқарды — А. Варенің бағалауы бойынша 1936 жылға қарай алдын ала дауыс беру тек тоғыз штатта өткізілді. Кейіннен алдын-ала дауыс беру көптеген штаттарда өткізіле бастады.
Дауыстарды санау кезінде әр түрлі дауыс беру жүйелері мен көп сатылы схемалар қолданылады. АҚШ-тың 11 штатында алдын ала дауыс беру емес, партиялық конференциялар немесе партиялық референдумдар — кокустар өткізіледі.
## Басқа елдер
Алдын ала дауыс беру Латын Америкасы мен Еуропаның кейбір елдерінде өткізіледі. Аргентина мен Уругвайда алдын ала дауыс беру барлық саяси партиялар үшін міндетті болып табылады[1]. Бұл ретте Аргентинада сайлаушылар алдын ала дауыс беруге қатысуға міндетті, әйтпесе оларға (2016 жылғы жағдай бойынша) айыппұл салынады. 2010 жылдары партиясыз қатысқан алдын ала дауыс беруді Ұлыбритания, Канада және Францияның кейбір саяси партиялары да өткізді.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* ПАРТИЯЛЫҚ ІШКІ САЙЛАУ |
Ақмола сөзі келесі мағыналарды білдіруі мүмкін:
* Ақмола — аққайрақ тастан жасалған ескерткіш белгілер.
* Ақмола — Қазақстан елордасы Астананың 1992—1998 жылдардағы атауы.
* Ақмола — Астана қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық Әуежайының 1992—1998 жылдардағы атауы.
* Ақмола — Астана қаласындағы Астана темір жол станциясының 1994—2001 жылдардағы атауы.
* Ақмола — Ақмола облысына арналған энциклопедиялық басылым.
* Ақмола — Степногорск қаласындағы футбол клубының бұрынғы атауы.
* Ақмола — Көкшетау қаласындағы футбол клубының бұрынғы атауы.
* Ақмола — Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы қыстау.
## Тағы қараңыз
* Ақмола облысы
* Ақмола губерниясы
* Ақмола уезі
* Ақмола бокситті ауданы
* Ақмола облысы (Ресей империясы) |
Ермағанбет Қабдулаұлы Бөлекпаев (2 қыркүйек 1975 жыл, Қарағанды облысы, Шет ауданы, Өспен ауылы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, 2022 жылғы 8 желтоқсаннан бастап Қарағанды облысының әкімі. 2020-2022 жылдары Қарағанды қаласының әкімі болған.
## Білімі
1996 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген.
## Еңбек жолы
Еңбек жолын 1996 жылы «Казкоммерцбанк» ААҚ Теміртау филиалында экономист қызметінен бастаған.
1998 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Индустрия, энергетика және сауда министрлігінде экспорттық бақылау және лицензиялау департаментінің бас маманы лауазымында жұмыс істеді.
2002 жылы осы ведомство бастығының орынбасары болды.
2006 жылы Павлодар облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
2006 жылдан 2008 жылға дейін Павлодар облысы Павлодар ауданының әкімі болды.
2008 жылдан 2009 жылға дейін Павлодар облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын басқарды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Нұр - Сұлтан қаласы бойынша аумақтық басқармасының бастығы-тәртіптік кеңес төрағасы лауазымын атқарды.
2013 жылдан 2018 жылға дейін Астанадағы Сарыарқа, Алматы және Есіл аудандарының әкімі болды.
2018 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды.
2018 жыл мен 2020 жыл аралығында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2020 жылдың қыркүйегінен бастап 2022 жылдың желтоқсанына дейін Қарағанды қаласының әкімі болып қызмет етті.
2022 жылғы 8 желтоқсаннан бастап Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды.
## Марапаттары
«Құрмет» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
## Дереккөздер |
С. Сейфуллин атындағы саябақ — Алматы қаласындағы саябақ. Ауданы 18 гектар құрайды.
Мұнда фонтан, скейт-дром, балалар ойнайтын алаңдар бар.
Саябақ Сейфуллин даңғылы бойында емес, бірақ оған өте жақын орналасқан. |
Мұсабек Тұрғынбекұлы Әлімбеков (4 қаңтар 1954, Жамбыл облысы, Меркен ауданы, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық және кеңестік мемлекетік қайраткері. Қазақстан Жоғарғы Сотының төрағасы (2009–2011) және жүргізушісі (2011). Аға әділет кеңесшісі.
## Дереккөздер |
Басқарма — Қазақстандағы республикалық маңызы бар қалалар (Астана, Алматы, Шымкент) мен облыс әкімдіктері құратын мемлекеттік мекеме. Олар жергілікті бюджеттен қаржыландырылып, облыс аумағында әкімдік өкілеттік берген жекелеген мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару функцияларын жүзеге асырады.
## Алматы қаласы
* Білім басқармасы
* Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
* Дін істері жөніндегі басқарма
* Еңбек инспекциясы басқармасы
* Жастар саясаты басқармасы
* Жер қатынастары басқармасы
* Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы
* Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы
* Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы
* Қала құрылысын бақылау басқармасы
* Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы
* Қалалық мобильділік басқармасы
* Қаржы басқармасы
* Қоғамдық даму басқармасы
* Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы
* Құрылыс басқармасы
* Мәдениет басқармасы
* Мемлекеттік активтер басқармасы
* Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы
* Спорт басқармасы
* Туризм басқармасы
* Цифрландыру басқармасы
* Экология және қоршаған орта басқармасы
* Экономика басқармасы
* Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы
## Астана қаласы
* Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы
* Білім басқармасы
* Дене шынықтыру және спорт басқармасы
* Дін істері жөніндегі басқарма
* Жастар саясаты мәселелері басқармасы
* Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс басқармасы
* Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы
* Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы
* Коммуналдық шаруашылық басқармасы
* Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы
* Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы
* Қаржы басқармасы
* Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
* Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы
* Құрылыс басқармасы
* Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы
* Мәдениет басқармасы
* Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы
* Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы
* Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы
* Ішкі саясат басқармасы
* Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы
* Энергетика басқармасы
## Шымкент қаласы
* Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы
* Білім басқармасы
* Дене шынықтыру және спорт басқармасы
* Денсаулық сақтау басқармасы
* Дін істері басқармасы
* Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
* Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы
* Жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы
* Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы
* Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы
* Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы
* Қаржы басқармасы
* Құрылыс басқармасы
* Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы
* Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы
* Мемлекеттік сатып алу басқармасы
* Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы
* Туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы
* Тұрғын үй басқармасы
* Цифрландыру басқармасы
* Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма
* Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы
* Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы
## Абай облысы
* Ауыл шаруашылығы басқармасы
* Бақылау басқармасы
* Білім басқармасы
* Ветеринария басқармасы
* Дене шынықтыру және спорт басқармасы
* Денсаулық сақтау басқармасы
* Дін істері басқармасы
* Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
* Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы
* Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасы
* Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы
* Қаржы басқармасы
* Құрылыс басқармасы
* Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы
* Мемлекеттік сатып алу басқармасы
* Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы
* Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
* Цифрлық технологиялар басқармасы
* Ішкі саясат басқармасы
* Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
* Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
## Ақмола облысы
* Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы
* Білім басқармасы
* Ветеринария басқармасы
* Дене шынықтыру және спорт басқармасы
* Денсаулық сақтау басқармасы
* Дін істері басқармасы
* Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма
* Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
* Жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасы
* Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
* Қаржы басқармасы
* Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы
* Мәдениет басқармасы
* Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы
* Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы
* Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы
* Туризм басқармасы
* Цифрландыру және архивтер басқармасы
* Ішкі саясат басқармасы
* Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
* Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
## Ақтөбе облысы
* Ауыл шаруашылығы басқармасы
* Білім басқармасы
* Ветеринария басқармасы
* Дене шынықтыру және спорт басқармасы
* Денсаулық сақтау басқармасы
* Дін істері басқармасы
* Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма
* Жастар саясаты мәселелері басқармасы
* Жер қатынастары басқармасы
* Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
* Жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы
* Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы
* Индустриялық-инновациялық даму басқармасы
* Кәсіпкерлік басқармасы
* Қаржы басқармасы
* Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы
* Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
* Мемлекеттік сатып алулар басқармасы
* Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы
* Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы
* Тілдерді дамыту басқармасы
* Цифрлық технологиялар басқармасы
* Ішкі саясат басқармасы
* Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
* Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
## Алматы облысы
* Ауыл шаруашылығы басқармасы
* Білім басқармасы
* Ветеринария басқармасы
* Дене шынықтыру және спорт басқармасы
* Денсаулық сақтау басқармасы
* Дін істері басқармасы
* Еңбек инспекциясы бойынша басқарма
* Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма
* Жер қатынастары басқармасы
* Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
* Жұмылдыру дайындығы басқармасы
* Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы
* Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы
* Қаржы басқармасы
* Құрылыс басқармасы
* Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
* Мемлекеттік сатып алу басқармасы
* Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы
* Сәулет және қала құрылысы басқармасы
* Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы
* Туризм басқармасы
* Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма
* Цифрлық технологиялар басқармасы
* Ішкі саясат басқармасы
* Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
* Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
## Атырау облысы
* Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы
* Балық шаруашылығы басқармасы
* Білім беру басқармасы
* Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
* Денсаулық сақтау басқармасы
* Дін істері басқармасы
* Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
* Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы
* Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы
* Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
* Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы
* Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы
* Мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы
* Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы
* Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы
* Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
* Цифрландыру және архивтер басқармасы
* Ішкі саясат басқармасы
* Экономика және қаржы басқармасы
* Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
## Батыс Қазақстан облысы
* Ауыл шаруашылығы басқармасы
* Білім басқармасы
* Ветеринария басқармасы
* Дене шынықтыру және спорт басқармасы
* Денсаулық сақтау басқармасы
* Дін істері басқармасы
* Еңбек инспекциясы бойынша басқарма
* Жер қатынастары басқармасы
* Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
* Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы
* Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы
* Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы
* Қаржы басқармасы
* Қоғамдық даму басқармасы
* Құрылыс басқармасы
* Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы
* Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы
* Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы
* Стратегия және экономикалық даму басқармасы
* Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
* Цифрлық технологиялар басқармасы
* Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
## Жамбыл облысы
* Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы
* Ауыл шаруашылығы басқармасы
* Білім басқармасы
* Ветеринария басқармасы
* Дене шынықтыру және спорт басқармасы
* Денсаулық сақтау басқармасы
* Дін істері басқармасы
* Еңбек инспекциясы басқармасы
* Жер қатынастары басқармасы
* Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
* Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы
* Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы
* Қаржы басқармасы
* Құрылыс басқармасы
* Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы
* Мемлекеттік сатып алу басқармасы
* Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы
* Сәулет және қала құрылысы басқармасы
* Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
* Цифрландыру және архивтер басқармасы
* Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы
* Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
## Жетісу облысы
* Ауыл шаруашылығы басқармасы
* Білім басқармасы
* Ветеринария басқармасы
* Дене шынықтыру және спорт басқармасы
* Денсаулық сақтау басқармасы
* Дін істері басқармасы
* Еңбек инспекциясы бойынша басқарма
* Жер қатынастары басқармасы
* Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
* Жұмылдыру дайындығы басқармасы
* Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы
* Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы
* Қаржы басқармасы
* Қоғамдық даму басқармасы
* Құрылыс басқармасы
* Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
* Мемлекеттік сатып алу басқармасы
* Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы
* Сәулет және қалақұрылыс басқармасы
* Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы
* Цифрлық технологиялар басқармасы
* Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы
* Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
## Қарағанды облысы
* Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы
* Ауыл шаруашылығы басқармасы
* Білім басқармасы
* Ветеринария басқармасы
* Дене шынықтыру және спорт басқармасы
* Денсаулық сақтау басқармасы
* Дін істері басқармасы
* Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма
* Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма
* Жер қатынастары басқармасы
* Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
* Жұмылдыру дайындығы басқармасы
* Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы
* Кәсіпкерлік басқармасы
* Қаржы басқармасы
* Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы
* Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
* Мемлекеттік сатып алу басқармасы
* Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы
* Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы
* Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
* Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма
* Ішкі саясат басқармасы
* Экономика басқармасы
* Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
## Қостанай облысы
* Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы
* Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы
* Білім басқармасы
* Ветеринария басқармасы
* Дене шынықтыру және спорт басқармасы
* Денсаулық сақтау басқармасы
* Дін істері жөніндегі басқарма
* Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма
* Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
* Жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы
* Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы
* Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы
* Қаржы басқармасы
* Қоғамдық даму басқармасы
* Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы
* Мәдениет басқармасы
* Мемлекеттік сатып алу басқармасы
* Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы
* Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
* Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы
* Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
## Қызылорда облысы
* Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы
* Бақылау жөніндегі басқарма
* Білім басқармасы
* Ветеринария басқармасы
* Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
* Денсаулық сақтау басқармасы
* Дін істері басқармасы
* Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
* Жұмылдыру дайындығы басқармасы
* Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы
* Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
* Қаржы басқармасы
* Қоғамдық даму басқармасы
* Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы
* Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
* Мемлекеттік сатып алу басқармасы
* Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
* Экономика және қаржы басқармасы
* Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
## Маңғыстау облысы
* Ауыл шаруашылығы басқармасы
* Балық шаруашылығы басқармасы
* Білім басқармасы
* Дене шынықтыру және спорт басқармасы
* Денсаулық сақтау басқармасы
* Дін істері басқармасы
* Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма
* Жер қатынастары басқармасы
* Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
* Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы
* Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы
* Индустриалдық-инновациялық даму басқармасы
* Кәсіпкерлік және сауда басқармасы
* Қаржы басқармасы
* Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы
* Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы
* Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы
* Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы
* Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
* Туризм басқармасы
* Цифрлық технологиялар басқармасы
* Ішкі саясат басқармасы
* Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы
* Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
## Павлодар облысы
* Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы
* Ауыл шаруашылығы басқармасы
* Білім басқармасы
* Ветеринария басқармасы
* Дене шынықтыру және спорт басқармасы
* Денсаулық сақтау басқармасы
* Дін істері басқармасы
* Еңбек басқармасы
* Жер қатынастары басқармасы
* Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы
* Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
* Жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау басқармасы
* Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы
* Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы
* Қаржы басқармасы
* Құрылыс басқармасы
* Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы
* Мемлекеттік сатып алу басқармасы
* Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы
* Сәулет және қала құрылысы басқармасы
* Цифрлық технологиялар басқармасы
* Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
* Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
## Солтүстік Қазақстан облысы
* Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы
* Білім басқармасы
* Ветеринария басқармасы
* Дене шынықтыру және спорт басқармасы
* Денсаулық сақтау басқармасы
* Дін істері басқармасы
* Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
* Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы
* Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы
* Қаржы басқармасы
* Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы
* Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы
* Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы
* Мемлекеттік сатып алу басқармасы
* Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы
* Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
* Цифрлық технологиялар басқармасы
* Ішкі саясат басқармасы
* Экономика басқармасы
* Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
## Түркістан облысы
* Ауыл шаруашылығы басқармасы
* Ветеринария басқармасы
* Бақылау жөніндегі басқарма
* Білім басқармасы
* Дене шынықтыру және спорт басқармасы
* Денсаулық сақтау басқармасы
* Дін істері басқармасы
* Жер қатынастары басқармасы
* Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
* Жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы
* Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы
* Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
* Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы
* Қоғамдық даму басқармасы
* Құрылыс басқармасы
* Мәдениет басқармасы
* Мемлекеттік сатып алу басқармасы
* Сәулет және қала құрылысы басқармасы
* Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
* Туризм басқармасы
* Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы
* Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы
* Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
## Ұлытау облысы
* Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы
* Ветеринария басқармасы
* Білім басқармасы
* Дене шынықтыру және спорт басқармасы
* Денсаулық сақтау басқармасы
* Дін істері басқармасы
* Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма
* Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
* Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы
* Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
* Қаржы басқармасы
* Қоғамдық даму басқармасы
* Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы
* Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы
* Мемлекеттік сатып алу басқармасы
* Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы
* Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
* Цифрлық технологиялар басқармасы
* Экономика басқармасы
* Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
## Шығыс Қазақстан облысы
* Ауыл шаруашылығы басқармасы
* Білім басқармасы
* Дене шынықтыру және спорт басқармасы
* Денсаулық сақтау басқармасы
* Дін істері басқармасы
* Жер қатынастары басқармасы
* Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
* Жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы
* Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасы
* Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы
* Қаржы басқармасы
* Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы
* Мәдениет басқармасы
* Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы
* Мемлекеттік сатып алу басқармасы
* Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы
* Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
* Цифрландыру және архивтер басқармасы
* Ішкі саясат басқармасы
* Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
* Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
## Бөлімдер
Бөлім — Қазақстандағы облыстық маңызы бар қалалар мен аудан әкімдіктері құратын мемлекеттік мекеме. Олар жергілікті бюджеттен қаржыландырылып, аудан (қала) аумағында әкімдік өкілеттік берген жекелеген мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару функцияларын жүзеге асырады.
Аудандық (қалалық) білім бөлімдері 2021 жылдан бастап облыстық білім басқармаларына бағынады.
Тізімдегі бөлімдердің көбі Қазақстанның әр жерінде басқа бөлімдермен біріктірілген:
* Ауыл шаруашылығы бөлімі
* Білім бөлімі
* Дене шынықтыру және спорт бөлімі
* Жер қатынастары бөлімі
* Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
* Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
* Кәсіпкерлік бөлімі
* Қаржы бөлімі
* Құрылыс бөлімі
* Мәдениет бөлімі
* Сәулет және қала құрылысы бөлімі
* Тұрғын үй инспекциясы бөлімі
* Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі
* Тілдерді дамыту бөлімі
* Ішкі саясат бөлімі
* Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
* Ветеринария бөлімі (тек Солтүстік Қазақстан облысы аумағында)
* Қоғамдық даму бөлімі (тек Қызылорда облысы аумағында)
* Мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі (Мемлекеттік сатып алу бөлімі)
* Өнеркәсіп бөлімі
* Туризм бөлімі
* Тұрғын үй қатынастары бөлімі
## Тағы қараңыз
* Әкім
* Қазақстан Республикасының Үкіметі
* Қазақстан комитеттері
## Дереккөздер |
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті — мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру деңгейлерінде, қосымша білім беру, балалар мен педагогтердің құқықтарын қорғау саласында, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау жөніндегі қызметіне қатысты іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ведомствосы.
## Тарихы
ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 16 қаңтардағы қаулысымен ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары аттестациялық комиссиясының қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды. ҚР Бiлiм және ғылым министрлігінiң Жоғары аттестациялау (аттестаттау) комитетi 2004 жылы Бiлiм және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетi, 2007 жылы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті, 2019 жылы Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті болып өзгертілді. 2022 жылы комитет ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне бөлінді.
## Міндеттері
* мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу
* білім беру жүйесінің сапасын сырттай бағалау, мемлекеттік бақылау жүргізу жолымен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында білім беру саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру
## Құрылымы
## Қарамағындағы мекемелер
* Облыстық және Алматы, Астана, Шымкент қалалық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері
* «Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы» ШЖҚ РМК
## Дереккөздер |
Өтепберген Әлімгерейұлы (1949–2024) ― қазақстандық публицист-жазушы, журналист, өлкетанушы, шежіреші.
1949 жылдың 26 мамырында Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Жиделі елді мекенінде дүниеге келген. 1972 жылы Абай атындағы қазақ педагогика институтының филология факультетін бітірген соң, еңбек жолын Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында мектеп мұғалімі болып бастады. 1973–1990 жылдар аралығында Атырау облыстық «Коммунистік еңбек» («Атырау») газетінде еңбек етті. Алматы жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін бітірген (1987).
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында (1999–2001) директор, Атырау облыстық телерадиокомпаниясында (1998–2008) бас редактор-төрағаның орынбасары, Атырау облыстық «Атырау» республикалық «Алтын Орда» газеттерінде (2008–2012) бас редактордың орынбасары қызметтерінде болды. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде (2000–2011), доцент (2007), Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының профессоры (2009), 2004 жылдан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Атырау филиалының жетекшісі.
Әдеби туындылары 1966 жылдан түрлі газет-журналдарда жарияланып келеді. «Мақаш әкім» (1991, 2000, 2005, 2010), «Сарайшық» (2000), «Құныскерей» (2002), «Еділ жайлаған қазақтар» (2012), «Алаш аңсаған азаттық» (2011), «Құрманғазы» (2013), «Жадымыздағы жұлдыздар» (2013), басқа да жиырмадан астам әдеби, ғылыми-танымдық, публицистикалық кітаптардың авторы. Оның сценариі бойынша (А. Баетовамен бірге) түсірілген «Тағдыр» атты деректі телефильм Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы халықаралық телефестивальде 2-орынға ие болған.
Махамбет, Асан Қайғы, Жиренше шешен, Бала Ораз, Мақаш әкім туралы зерттеулер жазған. «Егемен Қазақстан» газеті (1987) мен «Ара» журналы (1980, 1981) байқауларының жүлдегері. «Сарайшық», «Ақ Жайық ұлы», «Түлік төресі», «Ұзақ жол», «Тағдырмен тайталас», «Бәйтерек» атты кітаптары мен көлемді очерктері жарық көрді.
Қазақстан журналистер одағы мен Орталық табиғат қорғау қоғамы сыйлығының үш дүркін (1980, 1982, 1994), Атырау облысы әкімінің Т. Амандосов атындағы (2012), Республикалық «Алаш – Рух» (2009), сондай-ақ Махамбет атындағы (1996) сыйлықтардың иегері. Қазақстанның Құрметті журналисі (2009). БЛКЖО, Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитеттері, облыстық ұйымның, Республика Мәдениет және Ақпарат министрлігі, Атырау облысы әкімі мен облыстық Мәслихаттың Құрмет грамоталарын иеленген. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мерейтойлық медалімен және Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медальдарымен марапатталған. «Құрмет» орденінің иегері.
## Дереккөздер |
Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов (11 шілде 1968 жыл, Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Майское ауылы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, 2023 жылдың қыркүйегінен бастап Солтүстік Қазақстан облысының әкімі. Оған дейін бірнеше ай бойы Қостанай облысының атынан Сенат депутаты болған.
## Білімі
1992 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын «ғалым агроном» мамандығы бойынша, 2002 жылы – Челябі мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша, 2008 жылы – Қостанай инженерлік-экономикалық университетін «экономика бакалавры» мамандығы бойынша тамамдады. Экономика ғылымдарының кандидаты.
## Еңбек жолы
Еңбек жолын 1985 жылы Қостанай облысы Комсомол ауданы «Магнайский» совхозының № 1 бригадасының механизаторы болып бастады.
1992-1994 жылдары Торғай облысы Октябрьский ауданы Вильямс атындағы совхоздың бас агрономы.
1994-1996 жылдары – Қостанай облысы Қостанай ауданы «Московский» совхозының бас агрономы.
1996-1997 жылдары – Қостанай облысы Комсомольский ауданы «Боскольское» КК директоры.
1997-2002 жылдары – Қостанай облысы Таран ауданының әкімі.
2002-2008 жылдары – Қостанай облысы Қарабалық ауданының әкімі.
2008-2009 жылдары – Қостанай облысы Қостанай қаласының әкімі.
2009 жылдан 2011 жылға дейін - Қостанай қаласы «Содружество» ЖШС бас директорының орынбасары.
2011-2012 жылдары – Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі.
2012 жылдан 2014 жылға дейін – Қостанай қаласының әкімі.
2014 жылдан 2015 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2015 жылдан 2023 жылға дейін – Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары.
2023 жылғы қаңтардан бастап 2023 жылғы қыркүйекке дейін – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.
2023 жылғы 23 қыркүйектен бастап Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.
## Марапаттары
«Парасат» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медальмен, «Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Тыңға 50 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен, «Құрметті құрылысшы» төс белгісімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Саверн (фр. Saverne) — Франциядағы округ, Гранд-Эст аймағындағы округтердің бірі. Округ департаменті — Төменгі Рейн. Супрефектурасы — Саверн. 2006 жылы округтегі халық саны 91 771 адам құрады. Халық тығыздығы 91 адам/км². Округтің ауданы небәрі 1003 км².
## Кантондар
* Буксвиллер (центральное бюро — Буксвиллер)
* Ингвиллер (центральное бюро — Ингвиллер)
До 2015 года:
* Буксвиллер (центральное бюро — Буксвиллер)
* Дрюлинген (центральное бюро — Дрюлинген)
* Ла-Птит-Пьер (центральное бюро — Ла-Птит-Пьер)
* Мармутье (центральное бюро — Мармутье)
* Саверн (центральное бюро — Саверн)
* Сар-Юньон (центральное бюро — Сар-Юньон)
## Сілтемелер
* Национальный институт статистики — округ Саверн (фран.) |
Әлихан Асханұлы Смайылов (18 желтоқсан 1972 жыл, Алматы) — қазақстандық саясаткер, мемлекеттік қайраткер, 2024 жылғы 1 сәуірден Жоғары аудиторлық палата төрағасы. 11 қаңтар 2022 жылы орын алған Асқар Маминнің отставкасынан 2024 жылғы ақпанға дейін Қазақстан премьер-министрі және 2023 жылғы қаңтардан Самұрық-Қазына АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы.
## Өмірбаяны
Әлихан Смайылов 1972 жылы дүниеге келген. Қаңлы тайпасының Қара қаңлы Танта руының Сертек бөлімінен шыққан. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.
1993–1999 жылдары — «А-Инвест» инвестициялық–жекешелендіру қорының бас маманы; бөлім басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы; Қазақстан Республикасының Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары; бас сарапшы, экономика секторының меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған;
1999–2003 жылдары — Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің төрағасы;
2003–2006 жылдары — Қазақстан Республикасының сыртқы істер вице-министрі, «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы;
2006–2009 жылдары — Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі, «ҚазАгро» ҰХ президенті;
2009–2014 жылдары — Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің төрағасы;
2014–2015 жылдары — Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы;
2015–2018 жылдары — Қазақстан Республикасының Президентінің көмекшісі;
2018–2022 жылдары — Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
2022 жылдың 11 қаңтарынан — Қазақстан Республикасының Премьер-министрі.
## Марапаттары
* Ерен еңбегі үшін медалі
* Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі (2001)
* Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалі (2005)
* Астанаға 10 жыл медалі (2008)
* Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін II дәрежелі медалі (2015)
* «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» (29.05.2019ж)
* «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі (12.2019 ж.)
* «Парасат» ордені (2020)
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Үкімет құрамы
Үлгі:Асқар Маминның министрлер кабинеті |
Асайын Қуандықұлы Байханов (6 желтоқсан 1977 жыл, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, 2022 жылдан бастап Павлодар облысының әкімі.
## Білімі
2000 жылы Павлодар университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2005-2006 жылдары European Bank for Reconstruction and Development (EBRD) және «ProCredit Holding AG» неміс халықаралық банк холдингінің Корпоративтік квалификация арттыру Орталығында білімін жетілдірген. 2017 жылы М.В. Ломоносов ат. Мәскеу мемлекеттік университетінде «Стратегиялық менеджмент және кәсіпкерлік» бойынша МВА дәрежесін алды.
## Еңбек жолы
Еңбек жолын 2000 жылы банк секторында Еуропа қайта құру және даму банкінің (EBRD) офисі Қазақстанда жүзеге асырған Қазақстанның шағын бизнесі бағдарламасы бойынша бастаған. Асаин Байханов Екібастұз қаласындағы кредит сарапшысы ретінді тағылымдамадан бастап, EBRD Бағдарламасының Алматы қаласындағы бас офисінің жаңа банк продуктілерін енгізу бөлімінің басшысына дейін қызмет атқарды. Осы аралықта Еуропа қайта құру және даму банкінің Қазақстанда және шетелде ұйымдастырылған түрлі оқыту семинарлары мен көпдеңгейлі білім беру бағдарламаларынан өткен.
2003 жылдан 2007 жылға дейін «ProCredit Holding AG» неміс халықаралық банк холдингінде бірқатар басшылық лауазымдарында қызмет атқарған. Киев қаласындағы «ПроКредит Украина» ЖАО-ның атқарушы директоры болған. 2007 жылы А. Байханов Қазақстанға «Нұрбанк» АҚ Басқарма басшысы орынбасары қызметіне оралып, банктің филиалдық желісін кеңейту, аграрлы сала мен шағын және орта бизнесті несиелеу бағыттары бойынша жұмыс жасаған.
2009-2015 жылдар аралығында жеке секторға ауысып, ауылшаруашылығы саласында кәсіпкерлікпен айналысқан. Мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, Алматы және Алматы облысында логистика мен жүк тасымалы бойынша бірқатар нәтижелі бизнес-жобаларды іске асырған.
2015-2020 жылдар «КазАгро» Ұлттық басқарма холдингі» АҚ тобындағы «КазАгроӨнім» АҚ квазимемлекеттік компаниясының Басқарма басшысының орынбасары болды. Бұл аралықта ауылшаруышылығындағы түрлі мемлекеттік бағдарламаларды өзгерту және ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттау бойынша мақсатты индикаторларға қол жеткізу бойынша жұмыс топтарында жұмыс істеп, оларды басқарды.
2020 жылғы наурыздан бастап 2021 жылғы шілдеге дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары лауазымында еңбек етті. Ауыл шаруашылығы, ауылдық аймақтарды дамыту, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта мен су ресурстары, жер қатынастары, әлеуметтік қорғау және спорт мәселелеріне жетекшілік етті.
2021-2022 жылдары Павлодар қаласының әкімі қызметін атқарды.
2022 жылы 7 желтоқсанда Павлодар облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
## Дереккөздер |
Жанна Сәбитқызы Сартбаева (16 тамыз 1973 Алматы, Қазақ КСР) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, елші.
## Дереккөздер |
«Құрметтi шекарашы» төсбелгісі — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мекемелік марапаты. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының рәміздері мен мекемелік марапаттарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 27 мамырдағы № 882 Жарлығының негізінде белгіленді.
## Ережесі
* Шекара қызметінде күнтізбелік есепте 20 жылдан кем емес қызмет атқарған әскери қызметшілерге мемлекеттік шекараны қорғаудағы, жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеудегі, жауынгерлік әзірлікті нығайтудағы қызметі үшін;
* Қызмет өтіліне қарамастан, аға офицерлік құрамның әскери атағын шекара қызметінің офицерлеріне беру кезінде;
* Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзетуге және қорғауға ерекше жеке үлесi үшiн Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының басқа да әскери қызметшiлерi және тұлғалар марапатталады.
## Белгінің сипаттамасы
«Құрметі шекарашы» төсбелгісі ені 1 мм қырлы жиегімен көмкерілген, алтын түсті дөңес, көлемді қалқан пішінді келеді. Белгінің жоғарғы бөлігі ортасының оң және сол жағына симметриялы түрде 4 жапырақтан тұратын лавр бұтақтарымен безендірілген.
Белгінің алдыңғы жағы қою көк түсті эмальмен қапталған. Тік өсі бойымен қалқанға көк түсті, биіктігі 40 мм және ені 6 мм Қазақстан Республикасының шекаралық бағанасының суреті орналастырылған. Шекара бағанасы бейнесінің жоғарғы бөлігі алтын түсті. Бағана кескінінің жоғарғы ұшынан көк түске өту сызығына дейінгі қашықтық 6 мм. Шекара қызметінің танымбелгісі бағанаға жасыл түсті шеңбер түрінде және оның үстінде қою көк түсте бесбұрышты жұлдыз бейнеленген. Шеңбер мен жұлдыз ені 0,5 мм алтын жолақпен шектеседі. Жұлдыздың ортасында диаметрі 3 мм болатын алтын түсті күннің бейнесі орналасқан. Шеңбердің диаметрі 12 мм, жұлдыз сәулелерінің ұзындығы 6 мм, жұлдыздың жоғарғы сәулесінен белгінің жоғарғы ұшына дейінгі қашықтық 8 мм. Танымбелгінің астында қалықтаған бүркіт бейнеленген. Оның қанаттарының ұштары арасындағы максималды қашықтық — 16 мм. Белгінің астында қара көк түспен екі жолдан тұратын «Құрметі шекарашы» деген жазуы бар алтын түсті таспамен қапталған.
Таспаның ені 5 мм, әріп биіктігі 1,6 мм. Белгінің артқы жағында стильдендірілген түрде қиылысатын таспаның ұштары таспаның астындағы алдыңғы жағына қарай, оң және сол жақта әрқайсысы 2 мм болып келеді.
Белгінің артқы жағында оның реттік нөмірі мен оны марапатталушының киіміне бекітуге арналған сәйкес құрылғы бар. Белгі өлшемдері: биіктігі 40 мм, ені 23 мм.
## Сілтеме
* ҚР ҰҚК органдарының мекемелік марапаттары
* «УНИФОРМИУС» сайтындағы ҚР ҰҚК марапаттары |
Ұлттық атлас — елдің табиғаты мен ресурстары, халқы, тарихы, мәдениеті, экономикасы және экологиялық жағдайының жан-жақты сипаттамаларын қамтитын іргелі туынды атлас. Ұлттық атласты мемлекеттің картографиялық мекемелері құрастырады, ол ресми және нормативтік сипатқа ие. Атлас елдің экономикалық даму деңгейін, оның ғылыми білімі мен картографиялық өндіріс деңгейін көрсетеді - бір сөзбен айтқанда, бұл беделді ұлттық басылым, мемлекеттің визиттік карточкасы болып табылады. Атластар арнайы мәтіндермен, анықтамалық деректермен, көрсеткіштермен толықтырылады. Оны жақсылап рәсімдеуге және мүмкіндігінше ең жақсы түрде жариялауға тырысады, әдетте ұлттық атлас - үлкен көлемді немесе тіпті бірнеше томдық, үстел үстілік форматы болып келеді. Олар көбінесе мезгіл-мезгіл толықтырылып, жаңартылып жарияланып отырылады.
## Алғашқы ұлттық атлас
Алғашқы ұлттық атласы Финляндияның географиялық қоғамы, 1899 жылы Финляндияда, содан кейін Мысырда, Чехословакияда және басқа да бірқатар елдерде жарияланды. Бірақ атластық картографияның нақты өркендеуі Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде, яғни ондаған елдер өздерінің ұлттық атластарын құра бастаған кезге сәйкес келеді. Ұлттық атластарды құруда 1956 жылы Халықаралық географиялық одақта құрылған Ұлттық атластар комиссиясының қызметі үлкен рөл атқарды. Сол Ұлттық атластарды құру Комиссиясын бірнеше жыл басқарған, көрнекті кеңестік картограф К.А. Салищев ұлттық атластарды құру бойынша бірыңғай бағдарлама мен ұсыныс әзірледі. Сонымен қатар, бір жағынан, атластар мазмұнын біріктірудің мүмкіндіктері ескерілді, ал екінші жағынан - әр елдің ұлттық ерекшеліктерін көрсету қажеттілігін алдыңғы қатарға қойды.
## Ұлттық атластарды құру
Ұлттық атластарды құру - география мен картографияның ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан қомақты үлесі деп білеміз. Ұлттық атластарды құруға әр елдің үздік ғалымдары мен картографтары тартылды. Көптеген елдерде Ұлттық Атластардың арнайы институттары құрылды. Ол Институттар үнемі ғылыми деректерді, соңғы статистикалық материалдарды бір жерге шоғырландырып, ғарыштық мәліметтерді өңдеп, жинақтап, сақтаумен айналысты. Осындай ауқымды жұмыстардың негізінде, компьютерлік деректер базасын үнемі толықтырып, жекелеген карталарды және бүкіл атласы жаңартып отыратын болды. Іс жүзінде осындай институттар мемлекеттің геоақпараттық орталық болып табылады. Картографиялық тұрғыда дамыған елдер (АҚШ, Канада, КСРО, Германия, Австралия, Венгрия және тағы да басқалары) ұлттық атластан басқа мемлекеттердің, облыстардың, республикалардың, жерлердің және тағы да басқа күрделі өңірлік атластарды дайындады. Атластық картография саласында бірқатар жетістіктері бар Ресей өз ұлттық атласын құруды тек 1996 жылы ғана бастады. Ресейдің Ұлттық Атласы (РҰА) бірнеше томнан тұрады. Оның әр томы белгілі бір тақырыпқа арналған, мәселен жалпыгеографиялық, ресурстар, халық және экономика, экология, тарих және мәдениетті қамтиды. Мұнда атластың әр томы дара шығарма болып келген.Ресей Ұлттық Атласының карталары бес деңгейді қамтиды: 1) әлемдік - Ресей жаһандық проблемалар аясында;2) жалпыресейлік елдің картографиялануының негізгі деңгейі;3) аймақтық - Ресей Федерациясының жекелеген өңірлері мен Федерация субъектілері;4) жергілікті - қалалар, агломерациялар, индустриялық тораптар, табиғи, демографиялық, экономикалық жағынан қызықты аймақтар; 5) арнайы жекелеген нысандардың карталары, пландары мен сызбалары.Карталардың негізгі масштабтары 1:15 000 000, Ресейдің басқа карталары ұсақтау болып келген, яғни 1:20 000 000-нан 1:60 000 000-ға дейін, ал Федерация субъектілері мен аймақтары карталарының масштабтары - 1:1 000 000-нан 1:5 000 000 аралығында болып келеді. Ұлттық атластың дәстүрлі қағаз атластан басқа, электронды нұскасы және CD-ROM-да жасалынады, сонда компьютері бар тұлғалар үшін атлас қол жетімді болады. Ресейдің Ұлттық Атласын құру ең ірі ғылыми жоба болды және оны жүзеге асыру көптеген жылдарға созылды. Осы жылдар аралығында, барлық қажетті кеңістіктік ақпарат шоғырланатын және тұрақты түрде жаңартылып отыратын Ресейдің Ұлттық акпараттық-картографиялық орталығы да құрылды.Ресейдің ұлттық атласы төрт томнан тұрады:1-том – Аумақтың жалпы сипаттамасы2-том – Табиғат. Экология3-том – Халық. Экономика4-том – Тарих. Мәдениет
## Қазақстан Республикасының Ұлттық Атласы
Ресейдің ұлттық атласын жасауға оның Ұлттық ақпараттық-картография орталығы мұрындық болса, Қазақстанда картографиялық жұмыстарды уақыттың жасаудың бай әрі мол тәжірибесінің бар География институты аз уақыттың ішінде "Қазақстан Республикасының Ұлттық Атласы", "Маңғыстау облысының аймақтық Атласы" және салалық "Табиғи және техногендік қауіптер мен төтенше жағдайлар Атласын" дайындап жарыққа шығарды.Еліміздің мемлекеттілігін карта түрінде айқындайтын Ұлттық атластын жарық көруі тек егемендік алғаннан кейін ғана мүмкін болды. Қазақстанның ұлттық атласы – шоқтығы биік туындылар қатарына жатады, теңдессіз іргелі және қолданбалы маңызы бар, әлемдік қоғамдастықтың мемлекеттер жүйесіндегі еліміздің атаулы уақиғасы болып саналатындығы сөзсіз.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлттық Атлас тұтынушыларына арнаған сөзінде: "Сіздер қысқаша бейнеленген картографиялық нұсқадан жүзден астам халықтар өкілдерінің бейбітшілік және татулықта өмір сүріп жатқан еліміздің табиғаты, халқы, экономикасы және экологиясы туралы жан-жақты ақпараттар таба аласыздар" - деп атап өтуі жай емес. Шындығында, осы бір сөз, табиғаттану мен қоғамның түрлі салаларында еңбектеніп жүрген Қазақстан ғалымдары мен зерттеушілерінің көп жылдық еңбектерінің мән-мазмұнын айқындап тұр. География институты құрастырған 3 томнан тұратын "Қазақстан Республикасының Ұлттық Атласында" еліміздің табиғаты, халқы, экономикасы, саяси-әкімшілік құрылымы мен экологиялық жағдайы жан-жақты сипатталған. Ол карталар, диаграммалар, графиктер, ғарыштық түсірілімдер мен фотосуреттер сияқты картографиялық материалдарды түгелдей қамтыған заманауи картографиялық ақпарат. Бұл атластарда ұлттық (мемлекеттік), аймақтық және салалық деңгейде болмыс құбылыстарының кеңістіктік орналасуы, касиеттері, байланыстары мен уақыттық өзгерістері графикалык түрде бейнеленген.
1. Табиғи жағдайлары мен ресурстары(1 том - 117 карта)2. Әлеуметтік-экономикалық дамуы(2 том - 142 карта)3. Қоршаған ортасы және экологиясы(3 том - 125 карта)
## 1-том. Табиғи жағдайлары мен ресурстары
Бөлімдері:
1. Кіріспе (4 карта)2. Геофизикалық жағдайлары, тектоника, сейсмика (14 карта)3. Геологиялық құрылысы, минералдық ресурстары (5 карта)4. Гидрогеологиялық жағдайлары, жерасты суларының ресурстары (9 карта)5. Жер бедері (3 карта)6. Климат, агроклиматтық ресурстар (27 карта)7. Гидрологиялық жағдайлары мен жерүсті су ресурстары (17 карта)8. Мұзбасу, геокриология (2 карта)9. Топырақ жамылғысы (3 карта)10. Жануарлар дүниесі (9 карта)11. Өсімдіктері, орман қоры (7 карта)12. Ландшафтылар, физикалық-географиялық аудандау (17 карта)
## 2-том. Әлеуметтік-экономикалық дамуы
Бөлімдері:
1. Кіріспе бөлім (1 карта)2. Халқы (13 карта)3. Әлеуметтік сала (15 карта)4. Индустрия (15 карта)5. Ауыл шаруашылығы (33 карта)6. Көлік (7 карта)7. Туризм (3 карта)8. Тарих, археология (36 карта)9. Облыстардың экономикалық және әлеуметтік саласы (15 карта)10. Сыртқы экономикалық байланыстар (4 карта)
## 3-том. Қоршаған ортасы және экологиясы
Бөлімдері:
1. Кіріспе бөлім (1 карта)2. Табиғи ортаға жасалатын антропогендік әсердің факторлары (7 карта)3. Табиғи жүйелердің экологиялық жағдайы (35 карта)4. Қауіпті табиғи үдерістер және төтенше жағдайлар (20 карта)5. Шөлдену және жердің азып-тозуы э (13 карта)6. Адам экологиясы (11 карта)7. Аймақтардың экологиялық жағдайы (15 карта)8. Табиғатты қорғау (14 карта)9. Экологиялық қауіпсіздік (9 карта)
## Дереккөздер |
Тимур Маратұлы Қайырбеков (10 маусым 1969, Шонжы ауылы, Ұйғыр ауданы, Алматы облысы, Қазақ КСР) — Қазақстан Республикасы ҰҚК қолбасшылығының өкілі, генерал-майор, Қазақстан Республикасы Шекара қызметінің «Батыс» өңірлік басқармасының бастығы (2015 жылдан бастап).
## Өмірбаяны
1969 жылы 10 маусымда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында дүниеге келген.
1987 жылы Калининград жоғары әскери-теңіз училищесін бітірген.
1993 жылы ҚР ҰҚК Әскери институтының экстернат курсын, 2001 жылы — РФ Федералдық шекара қызметінің академиясын бітірген.
Шекара заставасы басшысының орынбасары, жеке бақылау-өткізу орынжайының басшысы, шекара жасағының командирі, штаб басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2015 жылдың шілдесінен бастап — Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің «Батыс» өңірлік басқармасының басшысы болып келеді.
## Марапаттары
* «Шекараны үздік күзеткені үшін» медалі
* «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалі
* Ұзақ қызметті үшін медалдар берілген
## Сілтеме
* ҚР ҰҚК Шекара қызметінің сайтындағы жеке парақшасы |
Дәурен Құнанбайұлы Бекжанов (18 шілде 1968, Омбы, РКФСР) — Қазақстан Республикасы ҰҚК қолбасшылығының өкілі, полковник, Қазақстан Республикасы Шекара қызметінің «Шығыс» өңірлік басқармасының басшысы (2014 жылдан бастап).
## Өмірбаяны
1968 жылы 18 шілдеде Омбы қаласында дүниеге келген.
1989 жылы Фрунзе атындағы Омбы жоғары жалпыәскери қолбасшылық училищесін, 2000 жылы — РФ Федералдық шекара қызметінің академиясын, 2018 жылы — Беларусь Республикасының Әскери академиясын бітірген.
Мотоатқыштар взводының командирі, шекаралық бақылау бөлімі басшысының орынбасары, басшысы, жеке бақылау-өткізу орынжайының басшысы, Өңірлік басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2014 жылдың наурызынан 2020 жылдың сәуіріне дейін – Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің «Шығыс» өңірлік басқармасының басшысы болды.
2020 жылдың сәуірінен бастап — Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары жұмысын атқарады.
## Марапаттары
* «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001)
* «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011)
* «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» медалі
* «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл» медалі (2015)
* «Шекараны үздік күзеткені үшін» медалі
* «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің шекарасын нығайтқаны үшін» медалі
* Ұзақ жылдардағы қызметі үшін берілген медалдар
## Сілтеме
* Параграф
## Дереккөздер |
Болат Қабдылхамитұлы Нұрғалиев (25 шілде 1951, Олжабай батыр ауылы, Ерейментау ауданы, Ақмола облысы, Көкшетау, Қазақ КСР, КСРО) - қазақстандық мемлекеттік қайраткер, елші. |
Қайрат Ермекұлы Умаров ( ; 1963 жылы 12 қаңтар, Ферғана, Өзбек КСР, КСРО ) - қазақ мемлекет қайраткері, дипломат. |
Василий Абрамович Каруцкий — КСРО ЧК -ОГПУ- НКВД- ның көрнекті қайраткері, 3-дәрежелі Мемлекеттік қауіпсіздік комиссары . |
Юрий Алексеевич Клочков (3 қараша 1938, Винница облысы, Украина КСР, КСРО - 6 қаңтар 2012, Белгород, Ресей ) - кеңестік партия және мемлекет қайраткері, Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағасы (1988-1990). |
Мадина Бинешқызы Жарбусынова (10.11.1954) – мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, 2-сыныпты Төтенше және Өкілетті Елші, филология ғылымдарының кандидаты. |
«Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісі — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мекемелік марапаты.
## Ережесі
«Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде кемінде 5 және 10 жыл жұмыс істеген мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер мінсіз қызметі, қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, елеулі еңбек сіңіргені, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қызмет нәтижелері мен бетбеделін жақсартуға қосқан үлесі үшін марапатталады.
## Сипаттамасы
«Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісі үш элементтен (негіз және екі бастырма) тұрады, жезден жасалып, сегізбұрышты стильдендірілген жұлдыз пішініне ие. Белгінің диаметрі 45 мм. Негіздің сәулелерінде, жұлдыздың ортасында сегіз қырлы бастырма бар. Көгілдір түсті, сегіз қырлы бастырманың аясында сәндік алтын өріммен жиектелген сақина орналасқан. Сақинаның ішінде қою көк түстің аясында «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ӘКІМШІЛІГІ» деген жазу жазылған. Сегіз қырлы бастырманың ішкі бұрыштарында сегіз түссіз қырлап мәнерленген фианит бекітілген.
Екінші бастырмасы — дөңгелек, оның ақ түсті аясында лавр жапырақтары гүлшоқтарымен жиектелуінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақорда» Резиденциясы ғимаратының бедерлі бейнесі орналасқан.
Арт жағында ортада «МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН» деген жазу жазылған.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл таспамен тысталған, ені 32 мм бір көк, екі көгілдір, екі қызыл, екі жасыл және төрт ақ жолақшасы бар биіктігі 50 мм жезден жасалған алтыбұрышты тағанға жалғанады.
Белгі киімге қалқалы бекітпесі бар түйреуіш арқылы тағылады.
## Дереккөздер
* «Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мекемелік марапаттары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 30 қыркүйектегі №155 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» |
Хасанпаша газ зауыты (түр. Hasanpaşa Gazhanesi, сонымен қатар Kadıköy Gazhanesi немесе Kurbağalıdere Gazhanesi ретінде белгілі, қазіргі Мұражай газ зауыты, Müze Gazhane) — Түркияның Ыстанбұл қаласындағы көмір газ зауыты. Ғимарат 1892 жылы салынып, 2021 жылы өнер және мәдениет орталығына және технология мұражайына айналды.
## Тарихы
Ғимарат Түркия, Ыстамбұл қаласындағы Кадыкёй ауданы, Хасанпаса, Курбагалыдере 125 мекенжайында орналасқан.
1892 жылы Осман империясы кезінде Ыстанбұлдың Анадолы бөлігінің көмір газы мен электр энергиясына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін салынған. Ол кезде Ыстанбұлдағы төрт газ зауытының бірі болды, қалғандары Долмабахче, Едикуле және Кузгунчукете болды. Ыстамбұлдың Анадолы жағын жарықтандыру 1860 жылдардан бері Кузгюнук газ зауытынан жеткізілген газ арқылы қамтамасыз етілген. Газ жеткіліксіз болғандықтан, жаңа газ зауыты жоспарланған. 1891 жылы 28 шілдеде Османлы Газ және Электрлік Жарықтандыру Біріккен Компаниясы Кадыкой, Ускюдар және Анадолы аймақтарын көмір газын пайдаланып жарықтандыру және жылытумен қамтамасыз ету үшін 50 жылдық концессияға ие болды. Келісімге Париждегі темір өндіруші Чарльз Жорж атынан инженер Анатолий Барсил мен Османлы мемлекетінің өкілі мэр Ридван Паша қол қойды. Сәулетші-мердігер Гуглиелмо Семприни газ зауытының құрылысын 1891 жылы 1 тамызда бастады. Газ зауыты 1892 жылы «Üsküdar-Kadıköy Gaz Şirket-i Tenviriyesi» компаниясының басқаруымен іске қосылды. Кадикойдағы Құрбағалыдере маңында орналасқан көмір алдымен сумен, содан кейін теміржол арқылы зауытқа тасымалданып, көмір газына өңделді. «Курбагалыдере газ зауыты» немесе «Кадыкөй газ зауыты» деп аталған газ зауыты кейінірек орналасқан жеріне байланысты «Хасанпаша газ зауыты» деп аталды.
Газ зауыттары Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін үздіксіз жұмыс істеді. Соғыс кезінде және одан кейін газ өндіру тоқтатылды. Көмір тапшылығы кезінде мұнда газдың үзілуіне жол бермеу үшін зәйтүн шұңқырлары жылытылды. Зауыт Республика дәуірінде де жұмысын жалғастырды. 1924 жылы қазанда республика құрылғаннан кейін бір жыл өткен соң түрік үкіметі Ускюдар-Кадыкёй газ компаниясымен концессияны тағы 50 жылға ұзартты. Келісімге үкімет атынан мэр Эмин мен компанияның басқарма мүшесі Ариф Хилмет қол қойды. Едикуле газ зауытын басқаратын компания 1926 жылы Үскүдар-Кадыкөй газ компаниясын сатып алды және «Istanbul Havagazı ve Elektrik Teşebbüsatı Sanaiye Türk Anonim Şirketi» ретінде жұмысын жалғастырды.
Газ зауыты 1993 жылы 13 маусымда табиғи газды енгізуден кейін газға сұраныстың төмендеуіне байланысты жұмысын тоқтатты.
## Қайта құру жобасы
Газ зауыттары жабылғаннан кейін оның жерін ИЕТТ қойма, гараж, қоқыс алаңы, қоқыс және көмір қоймасы ретінде пайдаланды. 1994 жылы құрылымның қалған бөліктерін бөлшектеу туралы шешім қабылданды. Тұрғындардың қарсылығы мен үкіметтік емес ұйымдардың қолдауы нәтижесінде бұзуға тосқауыл қойылды. Газ зауыты қорғалатын аумақ деп жарияланды.
«Gazhane Çevre Gönüllüleri» коммерциялық емес ұйымы 1996 жылы жұмысын бастап, 1998 жылы кооперативке айналды. Еріктілер газ зауытын мәдени орталыққа айналдыруды сұрады. 2009 жылға дейін бұл жерде сегіз фестиваль өткізілді. Тегін фестивальдер көрмелерден, музыкалық концерттерден, би және театр шоуларынан тұрды.
1998 және 2001 жылдар аралығында Ыстанбұл Техникалық Университетімен (ЫТУ) қалпына келтіру жобасы дайындалды. 2014 жылы Қорғау кеңесі жобаны мақұлдағаннан кейін Стамбул қалалық әкімшілігі сол жылдың 8 қаңтарында тендерге шақырулар берді. Жобаның жетекшілігі мен басшылығына ИТУ сәулет факультетінің Сәулет тарихы және қалпына келтіру бөлімі жауапты болды.
Жөндеу жұмыстары 2014 жылдың 7 наурызында басталып, 2021 жылы екі жылға кешіктіріліп аяқталды.
## Мұражай газ жұмыстары
Ғимарат Ыстанбұлдың жаңа мәдениет және өнер орталығы ретінде 2021 жылдың 9 шілдесінде «Газхана мұражайы» («Мұражай газ жұмыстары») атауымен ашылды. Бұл мультфильмдер көрмесі бөлімі бар ғылыми-техникалық мұражай. Мұражай {\displaystyle 30,000m^{2}} (320 000 шаршы фут) аумақты алып жатыр. Ол қалпына келтіру жобасының жетекшісі, профессор Афифе Батурдың атымен аталатын 10 000-ға жуық кітап қоры бар кітапханадан, біреуі 300 орындық, екіншісі 130 орындық екі театр залынан, асхана, мейрамхана және әлеуметтік аймақтардан тұрады.
## Галерея
*
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Сарымерген би Қосжанұлы (1877, Сенек маңында – 1933) — Байұлы тайпасы Адай руының Сүйіндік бөлімінен шыққан қазақ биі. Маңғыстау ойын қыстап, көктем шыға Шопан ата, Тышқан құм, Сеңгір құм, Бекет Ата, Оғыланды, Уәлі-Қатша арқылы Жем бойына дейін барып, кейбір жылдары Елек, Қобда өзендері бойын жайлап, салқын түссе қыстауына қайтады екен.
Ауыл көшті Елекке, Көже ашыттым шелекке,
– деп айтылатын өлең шумақтары сол заманда туса керек.
Қазақтың жүз биінің бірі - айтқан сөзі мірдің оғындай, сөз мергені атанған Сарымерген атамыз болған екен. Сол кезде жаманадай ағайындар қожа, медет руларының ауылдарымен көрші отырғандықтан, Сарымерген атамыз екі әйелі – Көрпеш пен Ақбибіні медет руынан алып, өз қыздарын қоныстас отырған қожаларға берген. Төсекте басы біріккен, төскейде малы араласқан екі ел сыйластықта болуға тырысқан екен.
## Өмірбаяны
Есімдері қата аталатын бұл ел ағалары қазақтың атақты 100 биінің бірінен саналатын Мәтжан бимен замандас. Қатар жүріп, иықтаса ел қамын ойлаған жандар. Замандас, қатар адамдардың әзіл-шыны аралас зілсіз қалжыңдары да қатар жүреді ғой. Мәтекең Сарымерген туралы жаман адайдың сарысынан сескенем, ол отырған жерде сөз бастау қиын десе, Нұрбергенді «нән ауыз» «үлкен ауыз» деп атап, ырысы артық, қиыннан қиыстырар сөзі артық,– деп есептесе керек. Әрі әрі болыс атанған Құдас бидің өзі үлкен жиында қатар отырған да сөзді Сарымергеннің бастауын қалайды екен. Ел арасында сөз қадірін білмес, әңгімелері жоғалған түйе, төбелескен баланың жағдайы төңірегінен аса алмайтын ағайындарға Сарымерген:
«Тыңдалмаған әңгіме, аңға салған құсымның, аңды көрмей далаға лағып ұшқаны, одан не қайыр. Лебізі жақсының сөзі, жатқан ауруға ем болар, жақсы ділмәр сөйлесе естіген жанға шәрбат суындай дем болар. Жай жорытқанда аттың бәрі ат, жүйрігі шапқанда сыналар»
– деген екен. Сарымерген атамыз оқу білімнің қадірін білген, ерте түсінген адам. Сондықтан да болар:
«Біздің халқымыз оқу - білімнен кенжелеу қалып, тауға шыға алмай жүр. Бізден басқа білімнің дәмін ерте татқандар биікке бізден бұрын шықты. Білім іздегенге табылады, қиындығы мен салмағының ауырлығы қорғасындай. Оқыған білімді жандарға қай жерде де орын табылады»
– деген екен.Сарымерген атамыз «байырғы қонысым» деп көзі тірісінде Шопан ата қауымынан өзіне арнап қима там салдырған. «Замана соққан жел, адамның басы алланың добы» демекші, өткен ғасырдағы жиырмасыншы жылдардың соңы, отызыншы жалдардың басындағы зауал-бай, құлактарды тәркілеу, ұжымдастыру халыққа ауыр тиді. Осы тұста Сарымерген атамыз қуғынға ұшырады. 1930 жылы елге келіп, тумаластарына:
«Мен кетпесем, сіздерге тыныштық болмас»
– деп түрікмен бетіне қоныс аудармақшы болады. Төңірекшіңнің ойындағы Көшпайбұлақ, Бірқарын суынан түнделетіп өтіп, суыт жүрген көш кіндік қаны тамған атамекеннен қашықтай береді. Оларды шығарып салған қимас туыс, жекжаттар да Шағала сордың маңына дейін бірге барады. «Бірге тумақ болса да, бірге жүрмек жоқ» екендігін дәлелдеп, көңілдері босап, көздеріне жас алған туыстар тобы елге қайтып, көзден таса болады. Көш соңында жалғыз қалған Сарыекең ғана қол орамалын көзіне жиі-жиі апара береді. Артында туған ел қалды, алды беймәлім дүние, ашық теңіз айдынында қалған ескексіз қайықтай ақжал замана толқындары қай жағаға шығарып тастары белгісіз алмағайып уақыт еді ғой ол кез. Ығыса-ығыса түрікмен жеріндегі Қазанжық деп аталатын елді мекенге табан тіреп, қоныстанады. Танымайтын ел, өзінің сыйлы ортасынан жырақтап кеткен азаматқа онша жайлы бола қоймайды. 1933 жылдың жаз айында елу алты жасында науқастанып, жаппа жолым үйде қайтыс болады. Ақша құймадағы Қарағайлы молаға жерленеді. Әйелінің жағдайы да беймәлім, ауруханада қайтыс болған оны ақ жуып, арулап көметіндей жағдай да болмайды. Басы көтерілмегендіктен қабірінің қай жерде екені белгісіз.
## Сүйіндіктің Жаманадай атануы
Қазақта «жер дауы, жесір дауы» қашан да жалғасын тауып отырған. Қыс Маңғыстауды қыстаған, жаз Арқаны жайлаған елдің 1000–1500 шақырымдық көшу бағытында дау-дамай жиі болғанымен, олардың басым көпшілігі мырза Досымұлы Құдас, жанғабыл Көбешұлы Нұрберген, қараменде Қосжанұлы Сарымерген сияқты ел ағаларының алдында шешіліп, ел бірлігі сақталып қалатын. Ағайындардың барлығы бірдей тек көшпелі ғұмыр кешпей, отырықшылыққа ден қойғандары да болыпты. Отырықшы туыстардың атына «жаман» сөзі қосақталып, Жаманадай (Сүйіндік) атанса керек. Отырықшылықтың арқасы болар, жаманадай ағайындар елдің айлап қала шығып, Бесқаладан, Арқадан тасыған астығын үй іргесі Жусанды, Шүкірәлі сияқты орпаларға егін егіп, өнім алып, жақыннан жинаған.
## Екі ауылдың дауы
Бірде қатар отырған екі ауыл арасында кездейсоқ кісі өлімі болады. Оқтаулы мылтықтың шүріппесі жазының ағашына тиіп, атылған оқтан көрші ауылдың бір адамы қайтыс болып, қатар отырған екі ауыл арасында дау туындайды. Қаралы әйел: «Біздің ауыл қатын болды, Сүйіндік батыр болды» деп жылауын тоқтатпаса керек. Содан екі ел анттасатын болады. Дәл осы тұста Сүйіндік ауылының үш биі де жол жүріп кетсе керек. Құдас Арқаға, Нұрберген Бозашыға, Сарымерген Шағадамға кеткен екен. Сапардан оралған Сарымерген осы анттасу рәсімінің үстінен түседі. Ел тыныштығының бұзылғанын сезген ол қамшының сабына ақ орамал байлап алып, шауып жеткен бетінде сөз бастап кетеді:
Бұл не деген дүрбелең, бұл не айқай? Екі ауыл ертеден-ақ аралас-құралас қатар көшіп, қатар қоныстас болды емес пе? Адам өлсе қойысқан, малы өлсе сойысқан, арын бірге арласып, жоғын бірге жоқтасқан ауыл емес пе едік? Су ішсек құдығымыз бір, мал жайылса өрісіміз бір ел емес пе едік? Мен ауылда жоқта теңдігіңді алып қалмақ болдыңдар ма? Тоқтат, мынау ақымақ істеріңді. Оясызды тезге келтіріп, оялыны жалпақ елге танытатын – ақыл. Ақылдының ажары жарқыраған көлге тең, Ақылсыздың ажары бұлт пенен буға тең, Ақылсызға айтқан сөз құмға сіңген суға тең, Ақылдыға айтқан сөз Алаш ұстар туға тең,
– деп қолындағы ақ туын жоғары көтерген екен.
Шыққан күннің шырқын бұлт бұзады, Жақсы адамның сұрқын кек бұзады,
– дейді тағы да. Айбынды ақыл, жүйелі сөздің арқасында қан төгілмей, ел амандығы, жұрт тыныштығы сақталып қалған екен. Екі ел арасы тынышталып, бітімге келеді.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.