text
stringlengths
3
252k
Малғұзар (өзб. Molguzar togʻlari) — Өзбекстандағы тау жотасы, Түркістан жотасының солтүстік-батыс сілемі. Жота шағын биіктігімен (максималды — 2621 м), сонымен қатар мәңгілік қардың болмауымен сипатталады. Малғұзар жотасының жалғасы Нұратау деп аталады. Нұратау жотасы Малғұзардан Темірлан қақпасы шатқалымен бөлінеді. ## Дереккөздер * Малғұзар. — Кирилл мен Мефодийдің Ұлы энциклопедиясының мақаласы.
«Мағжан. Мен жастарға сенемін!» – Алаш арысы Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы, ұлт үшін басын құрбандыққа шалған қайраткерлігі баяндалған төрті бөлімді тарихи драма.Телехикаяны 2022 жылы «Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген. 2022 жылдың 24-25 қазаны аралығында «Qazaqstan» телеарнасы эфирінде екі бөлімнен көрсетілді. Телехикаяда Мағжан Жұмабаев өмірінің 1915-1921 жылдар аралығындағы кезеңі қамтылған. Орынборға келуі, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқып жүрген шағы, Сәкен Сейфуллинмен достығы, Қызылжар мұғалімдер курсының оқытушысы Гүлсім Камаловаға ғашық болуы суреттеледі. Тарихи драмада ақынның замандастары Міржақып Дулатов пен Сәбит Мұқановтың бейнелері де бар. ## Түсірілім кезеңі Телехикаяның түсірілім жұмысы Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында өтті. Тарихи драма ақын Мағжан Жұмабаевтың Петропавлдағы ізі қалған жерлерде түсірілді. Бас продюсер Назгүл Қарабалина түсірілім барысы 25 күн уақыт алғанын айтқан. Әрине, сериалды өзіміздің Алматыда түсіру бізге оңай болар еді. Алайда, бұл Мағжан туралы болған соң оның туған жерінде түсіруді жөн көрдік. Локацияларды мұқият және ұзақ таңдадық. Петропавлда тарихи ғимараттар көп екен. Соған өте қуандық. Барлығы 56 локация болады. Көбісінде Мағжан Жұмабаев өзі болған, сабақ берген, тіпті, тұрған. — Бас продюсер Назгүл Қарабалинаның «МРТК» телеарнасына сұхбатынан — Бас продюсер Назгүл Қарабалинаның «МРТК» телеарнасына сұхбатынан Телесериалда Мағжан Жұмабаевтың жастық шағы көрініс табады. Тұңғыш жазылған өлеңдер жинағы, студенттік өмірі мен алғашқы махаббаты бейнеленген. Мағжанның рөлін актер Мейірғат Амангелді бейнелеген. Семейде түсірілімде жүрген ке­зім­де Мағжан Жұмабаев ту­ралы туынды түсірілейін деп жат­қанын естідім. Актерлерді іріктеу жұ­мысы Алматыда өтті. Басты рөлге үміт­кер көп болды. Ол кезде шашым қысқа әрі арық едім. Осы түріме қа­рап, «Бұл рөлге өте алмаймын-ау. Сыртқы бейнем сай келмей тұр ғой» деп ойладым. Дегенмен жарты сағат­та сөзін жаттап, уақыт тауып видео­сы­нама түсіріп, жібердім. Фильмнің қа­шан түсірілетінін сұрап едім, «Бір ай­дан кейін» деді. Алғашында аса мән бермегенмен, бірінші видео­сы­наманы жібергеннен кейін қы­зы­ғу­шылығым оянды. Кейін гастрольмен Қырғыз Республикасында жүргенім­де шақырды. Сөйтіп, тағы видеосы­на­ма жасады. Содан кейін грим жа­сап, видеобайқау ұйымдастырылды. Сол жерде рөлге бекітті. Бас-аяғы жиыр­ма күннің ішінде анықталды ғой. Одан кейін тағы жиырма күндей дайындыққа уақыт берілді. Әскери фильмге түсіп, қатты арықтап кеткен бо­ла­тынмын ол кезде. Осыны байқа­ған режиссер бірден «Салмақ қосуың керек» деп талап қойды. «Маған толу оңай, керісінше арықтау қиын» деп күл­ген едім. Айтқанымдай, бір апта­ның ішінде 7-8 келі салмақ қостым. Одан кейіп суреттерін қарап, режис­сер­мен ақылдасып, кеңес сұрадым. Сце­нарист Қанат Рамазаннан ақын туралы біраз мағлұмат алдым. — Актер Мейірғат Амангелдиннің «Түркістан» газетіне сұхбатынан — Актер Мейірғат Амангелдиннің «Түркістан» газетіне сұхбатынан Сериалда Мағжан мен Қызылжар мұғалімдер курсының оқытушысы Гүлсім Камалова арасындағы махаббат тақырыбы басты назарға алынады. – «Мағжан. Мен жастарға сенемін!» телехикаясындағы Гүлсімнің образы өмірде болған. Негізі Мағжан өлеңдерінің көпшілігін махаббат тақырыбында жазған лирик ақын. Махаббатты Мағжан басқалар секілді сырттан жазбай, ішіне кіріп жазады. Басқа ақындар махаббатты қол жетпейтін арман секілді бейнелесе, Мағжан қазақша айтқанда махаббаттың бөлме-бөлмелерін аралап кетеді. Мағжанды өзіне ғашық еткен Гүлсім башқұрт көпесі Бичуринның әйелі. Мағжанның лирикалық, махаббат тақырыбындағы өлеңдерінің 70-80 пайызы Гүлсімге арналған. Ашығын айтсақ Мағжанның өлеңдерінің ішінде көркемдік немесе стилистикалық жағынан сәл кемшін түсетін шығармалар бар. Бірақ бір қызығы ол өлеңдер Гүлсімге арналмаған. Тап осы Гүлсімге арналған өлеңдер шегіне жеткен, былайша айтқанда жүректің қылын қағып тұрған ең әдемі шығармалар. Бір сөзбен айтқанда екеуінің арасында керемет махаббат болған. Біз оны неге ашып көрсетпейміз? Мәселен Америка мен Ресейдің киноларында қызықты оқиғалар жоқ болса да, бар қылып өз жанынан қосады. Ал ақын өмірінде тарихи дайын материал тұр. Сондықтан біз Мағжан мен Гүлсімнің арасындағы махаббат оқиғасын басшылыққа алдық. Біреулер Мағжанның әйелі Зылиқаның оқиғасын неге қоспадыңдар?» десе, енді біреулер «Мағжанның әкесі 18 жасында атастырып қойған қызды неге алмадыңдар?» деп айтады. Бірақ ең алдымен бұл тарих болғанымен кино ретінде көркем дүние ғой. Көркем дүние жасау үшін ішіндегі материалда көркем болу керек. Осы тұрғыдан алған кезде Мағжан мен Гүлсімнің образы ең бірінші жастарға ұнайтынына сендік. Сондықтан да тапсырыс берушілерге «Қос ғашықтың арасындағы оқиғаны жазамын» деп бірден ескерттім. — Сценарист Қанат Рамазанның «el.kz» ақпарат агенттігіне сұхбатынан — Сценарист Қанат Рамазанның «el.kz» ақпарат агенттігіне сұхбатынан Телерадиокорпорацияның Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай тарихи тақырыпқа телехикая түсірудің өзіндік қиындығы барын айтады: – Тарихи бағыттағы сериалға қадам жасау оңай іс емесі түсінікті. Негізгі қиындықтарды атап өтсек, біріншіден, елімізде тарихи теле­сериалдарды түсіруге машықтанған ұжымдардың аздығы. Бұл ретте «Қазақстан» телерадио­кор­по­ра­циясы тек тапсырыс беруші емес. Тарихи тақырып ұсыну, актерлерді бекіту, сценарний мазмұны, тү­сірілім орындарын таңдау сияқты шығармашылық процестерді то­лық бақылайды. Телехикаялар өндірісіндегі тағы бір қиындық, сол кезеңдердің аурасын, күйін дәл суреттейтін ғимараттардың, жаб­дықтар мен киімдердің тапшы­лығы. Кейде барлығын қолдан жасап, қайта тұрғызуға тура келеді. Бұл жұмсалатын шығынды 2-3 есе көбейтеді. Аудитория тарапынан телехикаяны деректі фиьмдердегі сияқты дәлдікті, актерлердің айна-қатесіз ұқсастығын талап ету де бар. Кейде тарихи тұлғалардың өміріндегі көлеңкелі, нақты емес тұстарды айналып өтуге тура ке­леді, себебі әрбір тарихшының немесе ұрпақтарының әртүрлі оқи­ғаға өзіндік бағасы мен көз­қарасы бар. Телесериалға негізі шы­ғармашылық еркіндік тұрғы­сынан қарамасақ, алға баспай­тынымыз анық. Жалпы, отандық телевизиядағы тарихи сериал­дардың алғашқысы «Тар заман» болса, одан бергіде Корпорация «Орбұлақ шайқасы», «Сарай сы­ры», «Абай», «Әл-Фараби», «Ахмет. Ұлт ұстазы», «Тәшенев. Тайталас», «Дина. Күй құдірет», «Қаныш. Қазына», «Мұқағали. Бұл ғасырдан емеспін», «Мағжан. Мен жастарға сенемін», «Міржақып. Оян, қазақ!» сияқты бірнеше телехикая түсірді. Дені сәтті шықты деуге болады. Телесериалдарға тұлғаны таңдауда бірінші ұлтқа сіңірген еңбегі, тарихтағы орны ескеріледі. Сон­дай-ақ кейіпкер туралы дерек­тердің көптігі, яғни мәлімет қоры маңызды. Біздің негізгі мақсаты­мыз – өз тұлғаларымыздың тағдыр жолын, күрескерлігін көрсете отырып, бүгінгі жас буынға ұлт басынан өткерген қилы заман­дардан хабар беру, тарихты теле­эфир арқылы дәріптеу. — «Қазақстан РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбайдың «Айқын» газетіне сұхбатынан — «Қазақстан РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбайдың «Айқын» газетіне сұхбатынан ### Пікірлер
Мұхтар Сайынұлы Жайлыбаев (21 наурыз 1967 жыл) — «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ «Стоматология», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Медицина профилактикалық ісі», «Мейірбике ісі» және «Фармация» факультеттері деканының орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент. ## Туған жері Мұхтар Сайынұлы Жайлыбаев Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл селосында дүниеге келген. Әкесі Сайын Тұрдалыұлы Жайлыбаев Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қаракемер сегізжылдық мектебінің директоры, анасы Жайлыбаева Жанша Ербазиқызы сол елді мекенде фельдшерлік-акушерлік пунктінің қызметкері болған. 1984 жылы Н.К.Крупская атындағы Ойыл қазақ орта мектебін бітірді. 1984-1985 жылдар аралығында Ойыл совхозында «Арман-74» комсомол-жастар бригадасында жұмыс жасаған. ## Білімі 1985 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институты "Емдеу" факультетіне оқуға түсті, 1985-1987 жылдар аралығында Совет Армиясы қатарында Отан алдындағы борышын өтеді. 1993 жылы аталған оқы орнын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтағаннан кейін сол оқу орнында интернатурада білімін жалғастырды. ## Еңбек жолы 1994 жылдың ақпаннан 2007 жылға дейін «Қалыпты анатомия» кафедрасында ассистент болып жұмыс жасады.2002 жылдың желтоқсаннан 2005 жылдың желтоқсанына дейін Қалыпты анатомия кафедрасының аспиранты болды. 2005 жылдан 2007 жыл аралығында Емдеу факультеті деканының орынбасары қызметінде атқарды. 2008 жылдан бастап «М. Оспанов атындағы БҚМУ» «Топографиялық анатомия мен оперативтік хирургия» курсына жауапты доцент қызметін атқарып келеді. 2011 жылдан бастап «Стоматология», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Медицина профилактикалық ісі», «Мейірбике ісі» және «Фармация» факультеттерінің декан орынбасары қызметін атқарып келеді. 2011 жылы ҚР БҒМ білім және ғылым саласын бақылау комитетінің шешімімен доцент дәрежесін алды. ## Ғылыми еңбектері Мұхтар Сайынұлы Жайлыбаев 2007 жылы «Адам миы жартышары шүйде бөлігінің медиальды беті қатпарлары құрылымының жеке өзгергіштігі және олардың ангиоархитектоникасының кейбір ерекшеліктері» тақырыбында 14.00.02 адам анатомиясы мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғап, медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болды. Ол 65-тен астам ғылыми мақалалардың авторы. Сонымен қатар 4 оқу құралы: * «Қол буындарының клиникалық анатомиясының негізі», 2010-Ақтөбе 57 б., * «Адам миы жартышарларының жүлгелері мен қатпарларының құрылыс түрлері», 2011 - Ақтөбе  71 б., * «Жалпы медицина факультетінің хирург және акушер-гинеколог интерндерге арналған клиникалық анатомия және оперативтік хирургия пәні бойынша ситуациялық есептер», 2015-Ақтөбе  62 б., * «Орталық нерв жүйесі және оның өткізгіш жолдары», 2018-Ақтөбе 131 б. * 1 монография - «Адам миы жартышары шүйде бөлігінің медиальды беті қатпарлары құрылымының жеке өзгергіштігі», 2010-Ақтөбе 100 б.;, 2 автордың өнер табыс авторлық куәлігі: * «Белогі аз тамақтану жағдайында қан аздығын үлгілеу тәсілі» 23.07.2001; * «Магниттік-резонансты томограмма мәліметі бойынша ішкі мүшелердің өмірлік анатомиясын және топографиясын сипаттауға арналған құрылғы және оны қолдану тәсілі» 09.06.2023.; 5 авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер: * «Адам миы жартышарларының жүлгелері мен қатпарларының құрылыс түрлері» №2199- 19.12.2014 ж., * «Адам миы жартышары шүйде бөлігінің медиальды беті қатпарлары құрылымының жеке өзгергіштігі» №2200 19.12.2014 ж., * «Қол буындарының клиникалық анатомиясының негізі» №2311 07.11.2016 ж., * «Роль клинической анатомии в комплексной подготовке специалистов-косметологов (обзор литературы)» №1631 28.05.2018 ж., * «Особенности преподавания вопросов клинической анатомии и оперативной хирургии областей груди и грудной клетки в подготовке врачей  хирургического профиля (обзор литературы)» №2197  02.07.2018 ж. бар. ## Марапаттары 2010 жылы - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінен «Мінсіз адал еңбегі мен азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке зор үлесі үшін» алғысы; 2010 жылы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығынан «Сізге білім беру саласында сырттай бақылау жүйесін дамытуда қосқан үлесіңіз үшін» алғысы; 2014 жылы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды  дамыту Республикалық орталығы «Тестілік қорына мазмұндық және тестологиялық сараптама жүргізу іс-шарасына белсене қатысқаны үшін» алғысы; 2017 жылы - Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының «За содействие и активное участие в проведении хронометражного исследования нагрузки врачей амбулаторно-поликлинических организаций» алғысы; 2020 жылғы 25 қараша - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісі; 2022 жылы - И.К.Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының «За участие в Международной студенческой олимпиаде по нормальной и топографической анатомии» алғысы; 2023 жылы - «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ «Көп жылғы еңбегі және ғылым жүйесін дамытуға қосқан үлесі мен жеткен жетістіктері үшін» алғысы; 2024 жылы - Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының «Денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан ерен еңбегіңізбен елеулі істеріңіз үшін» алғысы. ## Отбасылық жағдайы Отбасылы. Әйелі, 1 ұлы бар. ## Дереккөздер
Марина Владимировна Халтурина (17 маусым 1974 жылы, Свердловск, Свердловск облысы) — Қазақстан құрамасында жұптық және жекелей коньки тебуде өнер көрсеткен қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы. Ол 1992 жылдан 2000 жылға дейін халықаралық деңгейде жұптық коньки тебуде, алдымен Андрей Крюковпен, содан кейін Валерий Артюховпен бірге өнер көрсетті. Крюковпен бірге ол 1998 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында 14-ші орынға ие болды. Артюховпен бірге ол Төрт құрлық чемпионатына және мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатына қатысты. Ол 2001 жылы жұптық коньки тебуден жекелей коньки тебуге оралды. Мансабы барысында оны Юрий Литвинов, Сергей Коровин және Роман Скорняков жаттықтырды. ## Жұптық мәнерлеп сырғанау ### Крюковпен Артюховпен ### Жекелей мәнерлеп сырғанау ## Дереккөздер
Эльмира Қайратқызы Букаева (7 қазан 1984 жыл, Гурьев, Гурьев облысы Қазақ КСР — Қоғам қайраткері, Ел жанашыры, психолог, энергопрактик, мұнайшы. ## Өмірбаяны Атырау қаласы, СТГ ( Средняя Техническся Гимназия)  - Орта Техникалық Гимназияны қызыл дипломмен аяқтаған. Атырау Мұнай және Газ университетін - Химиялық, Экологиялық Экспертиза бакалаврын қызыл дипломмен тәмәмдәді. Квантовая Психология, Ресей Harvard Medical School faculty of psychology, USA Эльмира үшін адам энергиясын зерттеудің негізін қалаған Израильдің философы және зерттеушісі Михаэль Лайтман, содан алғаш рет 2012 жылы білім алған. Философпен әңгімелесу арқылы Эльмираның ғылымға деген қызығушылығы арта түсіп, «әлемдегі ең ықпалды рухани ұстаз» Экхарт Толледен білім алуын жалғастырған. Алғашқылардың бірі болып сананың шындыққа әсерін ғылыми тұрғыдан зерттеген Джо Диспензаның өзіндік әдісін зерттеген. Нейрофизика мен нейробиология әлемін ашқан ол - бүгінгі таңда сол саланы терең зерттеп, жалғастыруда.  Мықты іргетас құрып алғаннан ол сандар ілімін оның негізін қалаушыларының бірі - Рами Блект пен Жанат Қожамжаровтан адамның энергиясын кешенді зерттеп, оның шынайы әлеуетін анықтауды үйренген. Бүгінгі таңда психология мен нейробиологияны, квантты физика мен энергия элемін қатар зерттеп, білікті дүниежүзілік мамандардан білім алуда. ## Марапаттары * Алтын Журек, Алтын Адам, «Намыс» ## Шығармашылығы * «Путеводитель Энергии и Успеха» ## Жеке өмірі Тұрмыста, екі баласы бар. ## Сілтемелер * @EllemiraEnergize
Айбек Жартыбаев (12 маусым 1990 жыл, Жаңаарқа ауданы, Ұлытау облысы) — Ел жанашыры, меценат, тәлімгер. ## Өмірбаяны 2008 жылы Жаңаарқа ауданындағы Оразалы Жұмабеков атындағы орта мектебін бітірген. 2013 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген. 2017 жылғы «Жыл идеясы» кубогының иегері 2018 жылғы «Атамекен» ҰКП үздік бизнес-тренері 2019 жылы IMG HOLDING негізін қалаушы 2020 жылғы «Восхождение» кітабының авторы 2021 жылы «Алтын кітап» кітабына енген 2022 жылы «Ел жанашыры» кітабына енген Әлемдік көшбасшылардан сабақ алған: Брайан Трейси, Лиор Сушард, Джон Кехо. Қазір өз білгенін үйретіп тәлімгерлікпен айналысып жүр ## Марапаттары * Бауыржан Момышұлы атындағы "Батыр шапағаты" төс белгісінің иегері ## Шығармашылығы * "Восхождение" кітап ## Жеке өмірі * Үйленген, екі баланың әкесі
Гүлназ Түзелқызы Ахаева (14 наурыз 1973, Алтынтөбе (Қазығұрт ауданы), Шымкент облысы) — ел жанашыры, меценат. ## Өмірбаяны * 1980-1990.Алтынтөбе Чкалов атындағы орта мектептің түлегі. * 1990 жылы Қарағанды облысы Теміртау қаласы ВТУЗ дың студенті.Экономика саласы. ## Марапаттары * 2022 жылы Қазақстан Тәуелсіздік меркесіне орай * Алтын Адам наминациясымен марапатталды. * 2023 жылы Экономика саласына қосқан үлесі үшін Аманат партиясынан алғыс хат. * 2023 жылы Қазақстанның ел бірлігінің нығайуына үлес қосқаны үшін Ел жанашыры орденімен марапатталды.
Сүзге-Тура (орыс. Сузга-Тура, Сузгун, Сузгун-Тура) — Түмен (Сібір) хандығының құрамындағы ортағасырлық қала. Ертіс өзенінің оң жақ жағалауында, Тобольск қаласының (Ресей Федерациясы, Түмен облысы) солтүстік шекарасынан 5 шақырым жерде орналасқан. ## Тарихы Қалашық атауы Көшім ханның сүйікті әйелі Сүзге ханыммен байланысты. Ел аузында сақталған аңыздарға қарағанда, сібір ханы сұлу әйеліне Ертістің бойынан терең жырамен қорғалған бекініс салдыртқан. Қалашық «Жалаңаш тау» (орыс. Лысая гора) төбесінің жоғарғы алаңын алып жатты. Бұл төбе, шамамен, 70 метр биіктіктегі өте биік беткейлері бар үлкен тасты қалдық. Оның шыңында екі қорғаныс сызығы бар қалашық орналасқан. Тұрғын үйлердің басым бөлігі жертөлелер болған. Сүзге-Тура қалашығын картограф, архитектор және тарихшы С.У. Ремезов өз жылнамасында атап өтті. Сібір жылнамаларындағы ақпаратқа сәйкес казак отряды қалашықты қоршауға алып, жаулап алды. 1882 жылы қалашықта өлкетанушы К.М. Голодников қазба жұмыстарын жүргізді. 1890 жылы И.Я. Словцов былай деп жазды: «Тобольск қаласынан 8 шақырым жерде, Алемасово ауылының жанында биік төбеде Сузгун қалашығы орналасқан». Сүзге-Тура М.С. Знаменскийдің картасында да (№ 1) бейнеленген. 1928 жылы Тобольск қаласындағы мұражайдың қызметшісі М.П. Колотилов тапқан бұйымдарды мұражайға табыс етті. 1948 жылы қалашық орнын В.Н. Чернецов зерттеген. Ол табылған бұйымдар мен заттарды XIII-XIV ғасырларға жатқызған. Қазба жұмыстары кезінде табылған заттардың бір бөлігі угор, қалған бөлігі түркі тайпаларының күнделікті тұрмысында пайдаланған. 1962 жылы мектеп оқушылары қалашыққа жақын жерден ондаған қола құймалар тапқан. Сүзге-Тура 1960-шы жылдардың аяғында Ертіс өзені арқылы өтетін теміржол көпірінің құрылысы кезінде толықтай жойылды. ## Әдебиет * Матвеев А.В., Татауров С.Ф. Сибирское ханство: военно-политические аспекты истории. Казань: Фэн АН РТ, 2012. 260 с. * Словцов И.Я. Материалы о распределении курганов и городищ в Тобольской губернии. Томск: Типолитография В. В. Михайлова, П. И. Макушина, 1890. 22 с. * Тюменское и Сибирское ханства / под ред. Д.Н. Маслюженко, А.Г. Ситдикова, Р.Р. Хайрутдинова. — Казань: Издательство Казанского университета, 2018. — 560 с. — ISBN 978-5-00130-021-2
Беклербек Бегіштің қалашығы (орыс. Большого князя Бегиша городок) - Түмен (Сібір) хандығының құрамындағы ортағасырлық қала. Қазіргі Ресей Федерациясы, Түмен облысының Вагай ауданында орналасқан. ## Тарихы Қалашықтың атауы Көшім ханның тұсында беклербек қызметін атқарған Бегіштің есімімен байланысты. XVII ғасырдың соңында С.У.Ремезов «Сібірдің хорографиялық кітабының» 82-ші парағында қазіргі Буданов көлінің орнында Бегишево көлін атап өткен. Ремезовтың жылнамасындағы ақпарат бойынша қалашықта Қазаннан әкелінген 2 зеңбірек орналасқан. 1734 жылы Г.Ф. Миллер күнделігінде мынадай жазу қалдырған: «...Игнатьево ауылының жанында, Ертіс өзенінің оң жағалауынан 2 шақырым жерде, Бегишев көлінде орналасқан көне татар бекінісінің қалдықтары...». Кейбір болжамдарға сәйкес қалашықтың айналасындағы гидрографиялық жағдай 1585-1700 жылдар аралығында өзгерген. Ертіс өзенінің бұрынғы арнасы жайылмалы көлге айналды. Қалашықтың қалдықтарын А.А. Адамов 1990-шы жылдары Бегишев көлінің түпкі террасасынан тапқан. ## Әдебиет * Матвеев А.В., Татауров С.Ф. Сибирское ханство: военно-политические аспекты истории. Казань: Фэн АН РТ, 2012. 260 с. * Тюменское и Сибирское ханства / под ред. Д. Н. Маслюженко, А. Г. Ситдикова, Р. Р. Хайрутдинова. — Казань: Издательство Казанского университета, 2018. — 560 с. — ISBN 978-5-00130-021-2
Вера Гирич (укр. Віра Гирич; 12 қыркүйек 1967 жыл, Киев, Украина КСР — 28 сәуір 2022 жыл Киев, Украина) — украиналық журналист және «Азаттық» радиосының продюсері. Ресейдің Украина аумағына басып кіруі кезінде Ресей әскерилерінің Украина астанасына зымырандық соққысы нәтижесінде қаза тапты. ## Өмірбаяны Вера Гирич 1967 жылы 12 қыркүйекте дүниеге келген. 2018 жылдың 1 ақпанынан бастап «Азаттық» радиосының Киев бюросында жұмыс істеді. Ауғанстаннан келген босқындарға көмектесіп, қоғамдық жұмыстармен айналысады. Гирич бұған дейін Украинадағы Израиль елшілігінде жұмыс істеген. Ол Қара теңізде орыс флотының қалдырған экологиялық іздерін зерттеді. 2022 жылы 28 сәуірде Гирич тұрған көпқабатты үйге ресейлік әскерилер зымыран атқылаған. Салдарынан 25 қабатты тұрғын үйдің бірінші және екінші қабаттары жартылай жанып, өрт шықты. Киев билігінің мәліметінше, 10 адам жараланған. Журналистің мәйіті 29 сәуір күні таңертең үйінділерді тазалау кезінде табылды. ## Дереккөздер
Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі (орыс. Чрезвычайный и полномочный посол Казахстана в России) — Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы ресми өкілі. Елшіні Қазақстан президенті тағайындайды. ## Елшілердің тізімі Төменде Қазақстанның Ресейдегі елшілерінің тізімі берілген: ## Тағы қараңыз * Қазақстан-Ресей қатынастары * Ресейдің Қазақстандағы елшілерінің тізімі * Қазақстан елшілерінің тізімі ## Дереккөздер
Мінсізбай Сайынұлы Жайлыбаев (25 мамыр 1961 жыл) - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ақшатау орта мектебінің қазақша және белбеу күресінен жаттықтырушысы, жоғары дәрежелі ұйымдастырушы, тәжірибелі педагог. ## Білімі және еңбек жолы 1982 жылы Ақтөбе педагогика институты Физика-математика факультетін бітіріп, Ойыл ауданы Қаракемер орталау мектебіне мұғалім болып қабылданды. 1988-2014 жылдары Ақшатау орта мектебінің директоры болып қызметін атқарды. 2012 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Денешынықтыру факультетін бітірді. 2014 жылдан бастап осы аталған мектепте жаттықтырушы болып балаларды күреске дайындайды. ## Шәкірттері мен олардың жетістіктері ● Жасақова Ардақ «Белбеу күресінен» 4 рет Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы. 2012 жылы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, 2012 жылы Әлем чемпионатының қола жүлдегері және Қазақстан Республикасының спорт шебері нормасын орындады; ● Ғалымжанова Гүлзира «Белбеу күресінен» (2017 ж) Қазақстан Республикасының чемпионатының қола жүлдегері; ● Кәкімжанова Диана «Белбеу күресінен» (2018 ж) Қазақстан Республикасының чемпионатының күміс жүлдегері; ● Мақсатова Толғанай «Белбеу күресінен» (2019 ж) Қазақстан Республикасының чемпионатының күміс жүлдегері және 2020 жылғы Р.Г.Валиев атындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы; ● Елубаева Ұлболсын «Белбеу күресінен» (2020 ж) Қазақстан Республикасының чемпионатының жеңізпазы және 2020 жылы Астана қаласында өткен «Белбеу күресінен» Р.Г.Валиев атындағы халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды. Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер нормасын орындады. ## Марапаттары ● 2019 жылы - «Ерен еңбегі» үшін медалі; ● 2019 жылы - «Самбо күресінің ардагері» медалі; ● 2021 жылы - «Самбо күресінің дамуына қосқан ерен еңбегі үшін» медалі; ● 2023 жылы - Қазақстан Республикасының «Құрметті спорт қызметкері» төс белгісі. ## Отбасылық жағдайы Отбасылы. Жолдасы Құрманалина Лариса Дәуітқызы, 4 баласы, 4 немересі және 4 жиені бар.
Қазақстандағы су тасқыны (2024) — 2024 жылы болған Қазақстандағы су тасқыны. Қазақстанның су басқан 10 облысында төтенше жағдай жарияланды. Елдегі су тасқыны көлемі жағынан соңғы 80 жылдағы ең ірі табиғи апат. Азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесінің қызметтері су тасқыны салдарын жою, су тасқынына қарсы іс-шараларды, апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. ## Хронология ### 27 наурыз Елдің бірнеше өңірінен тұрғындар төтенше жағдайлар министрлігіне су тасқынына байланысты хабарласа бастады. Статистика: ТЖМ және әкімдіктердің күшімен шамамен 60 мың текше метр еріген су сорылды, үш мыңнан астам қап төселді. Апаттық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың, ІІМ, тартылған ұйымдардың күштері мен құралдары: жеке құрамынан шамамен 2500 адам, 700-ге жуық бірлік техника, 290-нан астам бірлік су айдау және жүзу құралдары жұмылдырылды. Астана қаласы, Маңғыстау, Қызылорда облыстары ТЖД және әскери бөлімдерінен келген күштер мен құралдар Ақтөбе, Қостанай және Ақмола облыстарында су тасқынына қарсы жұмыстарға кірісті. Су басқан тұрғын үйлерден 94 адам, оның ішінде Ақтөбе облысында 83 адам және Қостанай облысында 11 адам алдын ала эвакуацияланды, олар туыстарына және жақын маңдағы қауіпсіз елді мекендерге орналастырылды. Эвакуация: Қостанай облысы Екідің, Қызыл Жұлдыз ауылдарының тұрғындарын эвакуациялау жүргізілуде. ### 28 наурыз Статистика: ТЖМ және ЖАО-ның күшімен 1,7 миллион. астам текше метр еріген су сорылды, 82 мыңнан астам қап және 20 183 тонна инертті материал төселді. Ауа температурасының күрт көтерілуі, жауын-шашынға байланысты Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан және Абай облыстарында су басу қаупі сақталады. Шығын: 297 жеке тұрғын үй су астында қалып отыр. 100-ден астам жол төсемі арқылы су жүріп, 18 жол төсемін су шаю фактілері тіркелді, оның ішінде 2 көпір қирады. Эвакуация: Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының су басқан елді мекендерінен 2 054 адам эвакуацияланды. Оның 960-ы Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының елді мекендерінің тұрғындары уақытша орналастыру пункттерінде қалды. Сонымен қатар әуе кемелерімен 321 адам эвакуацияланды. ### 29 наурыз Статистика: ТЖМ және әкімдіктердің күшімен 3,2 миллион м3 астам еріген су сорылды, 188 мыңнан астам қапшық және 37,9 тонна инертті материал төселді. Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Ұлытау және Абай облыстарында 5 447 адам құтқарылып, эвакуацияланды. Уақытша орналастыру пункттерінде 3 109 адам. Бұл ретте тартылған әуе кемелерімен 586 адам эвакуацияланды. Шығын: Қазіргі уақытта 683 жеке тұрғын үй және 75 саяжай үйі, 416 аула аумағы су астында қалып отыр. Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Абай және Ұлытау облыстарында көлік қатынасынсыз қалған 45 елді мекен бар. Төтенше жағдай: Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Абай, Ұлытау және Ақмола облыстарының әкімдіктері жергілікті ауқымдағы ТЖ режимдерін жариялады. Құтқарушылар құрамы: Апаттық-құтқару жұмыстарына 6000-нан астам адам, 2000-ға жуық бірлік техника, 603 бірлік су айдау құралдары және 57 бірлік жүзу құралдары, 10 әуе кемесі ТЖМ, ҚМ, ІІМ, ҰҚК, ҰҰ, жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Ақтөбе облысы: 21-28 наурыз аралығында облыс бойынша барлығы 729 996м3 су сорылды, 88 535 дана қапшықтар және 10 039 тонна инертті материалдар төселді. Облыс бойынша 244 үй су астында қалды. 2987 адам эвакуацияланды. Эвакуацияланғандар уақытша пункттер және туыстарының үйінде жіберілді. Сондай-ақ 129 бас ірі қара мал қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды. 1735 адам, 343 бірлік техника, 62 мотопомпа, 8 жүзу құралы жұмылдырылды. Қостанай облысы: Қостанай облысы Амангелді ауданының Амангелді ауылында еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілді. Абай, Палуан және Боданов көшелерінде орналасқан тұрғын үйлердің аулаларында 7482 м3 су бұрылды, су деңгейі 10-15 см-ге төмендеді. Қостанай облысы Амангелді ауданының Амангелді ауылынан 9 шақырым жерде орналасқан Шыңтас фазендасынан қайықты пайдаланып 5 адам құтқарылды. Сонымен қатар, өрт сөндіру сорғы станциясын, мотопомпаны пайдалана отырып, 10 мың текше метр су сорылды. ### 30 наурыз Статистика: ТЖМ және әкімдіктердің күшімен 3,5 миллион астам м3 еріген қар суы сорылды, 288 мыңнан астам қапшық және 44,7 тонна инертті материал төселді. Құтқарушылар құрамы: Апаттық-құтқару жұмыстарына 6000-нан астам адам, 2000-ға жуық бірлік техника, 644 бірлік су айдау құралдары және 61 бірлік жүзу құралдары, 12 әуе кемесі ТЖМ, ҚМ, ІІМ, ҰҚК, ҰҰ, жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Эвакуация: Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Ұлытау және Абай облыстарында 10 587 адам құтқарылып, эвакуацияланды. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Абай облыстарында уақытша орналастыру пункттерінде 5 497 адам орналастырылды. Бұл ретте тартылған әуе кемелерімен 747 адам эвакуацияланды. ### 1 сәуір Статистика: Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері ТЖМ және әкімдіктердің күшімен 4,6 миллион. астам м3 еріген қар суы сорылды, 370 мыңнан астам қапшық және 728 мың тонна инертті материал төселді. Құтқарушылар құрамы: Апаттық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ІІМ, ҚМ, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 8 458 адам, 2 124 техника, 808 су айдау құралы және 65 жүзу құралы, 12 әуе кемесі жұмылдырылды Эвакуация: Жұмылдырылған күштермен және құралдармен 13 659 адам құтқарылды және эвакуацияланды. Бұл ретте мемлекеттік авиацияның тартылған әуе кемелерімен 1655 адам эвакуацияланды. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Қостанай облыстарында уақытша орналастыру пункттерінде 6 034 адам бар. Шығын: 309 жеке тұрғын үй мен 759 аула аумағынан су шығарылды. Бұл ретте 1 257 жеке тұрғын үй мен 400 аула аумағы су астында қалып отыр. Су шайған 55 автожол, оның ішінде 1 көпір және 54 жол төсемі бақылауда. 49 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды. ### 2 cәуір Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай жарияланды. Статистика: 1 сәуірде еріген қар суының келуіне байланысты Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Тереңсай бөгетінің толып кету және Айке ауылының су басу қаупі туындады. Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері ТЖМ және әкімдіктердің күшімен 5,3 миллион м3 астам еріген су сорылды, 579 мыңнан астам қапшық және 782 мың тонна инертті материал төселді. Эвакуация: Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Жүргенов ауылында халықты алдын ала эвакуациялау жүргізілді, барлығы 461 адам. Су тасқыны басталғаннан бері азаматтық қорғау қызметтері 16 151 адамды құтқарып, эвакуациялады. 11 779 бас ауыл шаруашылығы жануары қауіпсіз жерлерге айдалды. Қазіргі уақытта Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында уақытша орналастыру пункттерінде 3 881 адам бар. Өткен аптада Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері су тасқыны қаупі бар аймақтардан эвакуацияланған 736 адамды қарады. 29 адамға, оның ішінде 2 балаға медициналық көмек көрсетілді. Шығын: 320 жеке тұрғын үй мен 940 аула аумағынан су бұрылды. Бұл ретте 1 374 жеке тұрғын үй мен 375 аула аумағы су астында қалып отыр. 62 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды. Құтқарушылар құрамы: Су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде ТЖМ, ҚМ, ҰҚК және ІІМ Ұлттық ұланның 20-дан астам әуе кемесі жұмылдырылды. Ұлытау, Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Ақмола және Абай облыстарында құтқару операциялары белсенді жүргізілуде. Әуе кемелерімен 1 757 адамэвакуацияланды, 30 тоннадан астам гуманитарлық жүк тасымалданды. Мониторинг: Қауіпті аймақтарды тиімді бақылау және анықтау үшін авиаторлар 27 аэровизуалды ұшуды жүзеге асырды. Басты мақсат осы қиын кезеңде мұқтаж жандарға қауіпсіздік пен көмек көрсету. Су шайған 59 автожол, оның ішінде 4 көпір және 55 жол төсемі, су шайған 93 автожол бақылауда. ### 3 сәуір Статистика: 3 сәуірдегі жағдай бойынша елдегі су тасқынына қатысты ахуал әлі де күрделі. 6 өңірде 1 364 жеке меншік тұрғын үйді су басқан. Автожолдардың 105 учаскесінде су жайылған. 78 жол учаскесінде бүлінген жерлерді және 4 көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 64 елді мекенге көлік қатынасы жоқ. Эвакуация: Соңғы тәулікте құтқарушылар 1 524 адамды эвакуациялады. Қарағанды облысының аумағында қар жамылғысы шамамен 34% құрайды. Барлығы 700-ге жуық адам және 118 бірлік техника жұмылдырылды. Қостанай облысы бойынша қар жамылғысы шамамен 71%. 75 тұрғын үй мен 38 аула аумағын су басқан. ### 4 сәуір Су тасқының алдын алу үшін мұз жару, ұсақтау процесстреі жалғасуда. Статистика: Су тасқыны басталғаннан бері Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында 1 043 жеке тұрғын үй және 298 аула аумағы су астында қалуда. 691 үй мен 1 042 аула аумағынан еріген қар суы сорылды. 18 945 адам құтқарылды және эвакуацияланды. 6,2 миллион. м3 еріген қар суы сорылды, 728 мың қап және 942 мың тонна инертті материал төселді. Су шайған 77 автожол, оның ішінде 4 көпір және 73 жол төсемі, су жүрген 114 автожол бақылауда. 63 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды. Ақтөбе облысы: Қардың тез еруіне байланысты Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Қарасай ауылында 1 жеке тұрғын үй мен 2 аула аумағын су басты, бұл ретте үй тұрғындары алдын ала эвакуацияланды. Қардың еруі мен «Тереңсай» бөгетінің суға толуы салдарынан Әйтеке би ауданының Айке ауылындағы 2 жеке тұрғын үйді су басты, ауылдан Жүргенев ауылына алдын ала 297 адам эвакуацияланды. Ойыл ауданының 5 елді мекеніндегі жеке үйлерді су басуына байланысты ҚР ҚМ әуе кемелерінде Ойыл ауылы мен Ақтөбе қаласына қосымша 85 адам эвакуацияланды, 6,2 тонна гуманитарлық жүк жеткізілді, сондай-ақ 2 тонна гуманитарлық жүк жерүсті жолымен тасымалданды. Батыс Қазақстан облысы: Өңірге Президент іс-сапармен барып, су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Президентке бүгінде 6 аудан мен Орал қаласын су басқанын баяндады. Қарғын су 552 тұрғын үйге, 427 саяжай теліміне зиян келтірген. Өңір басшысының айтуынша, су тасқынына қарсы шараларға 1911 адам, 332 техника, 101 мотопомпа, 1 тікұшақ жұмылдырылған. Құтқару жұмыстарына Алматы және Маңғыстау облыстарының құтқарушылары атсалысып жатыр. Қарғын су басқан аумақтардан 6505 тұрғын көшірілген, жедел-эвакуациялау пункттері құрылған. Зардап шеккендерге біржолғы материалдық көмек көрсету үшін жергілікті бюджет есебінен 63 миллион теңге қаржы бөлінді. Су айдау, нысандардың жан-жағын топырақпен қоршау және су жүретін құбырларды кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар мемлекет басшысы БҚО Қаратөбе аудан орталығындағы Қажым Жұмалиев атындағы мектеп-гимназия базасында орналасқан эвакуациялық пунктке барды. ### 5 сәуір Статистика: Су тасқыны Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында 596 жеке тұрғын үй және 334 аула аумағы су астында қалуда. 1 143 үй мен 1 013 аула аумағынан еріген қар суы сорылды. 19 459 адам, оның ішінде 8 460 бала құтқарылды және эвакуацияланды, 55 мың ауыл шаруашылығы жануары айдалды. Бұл ретте әуе кемелерімен 2 365 адам, оның ішінде 477 бала эвакуацияланды. Уақытша орналасу пункттерінде 4 037 адам, оның ішінде 1 712 бала бар. 6,6 миллион. м3 еріген қар суы сорылды, 785 мың қап және 946 мың тонна инертті материал төселді. Су шайған 88 автожол, оның ішінде 4 көпір және 84 жол төсемі, су жүрген 123 автожол бақылауда. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 74 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды. Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавл қаласы, Айыртау, Тайынша, Тимирязев, Есіл, Уәлиханов, М. Жұмабаев және Ғ. Мүсірепов атындағы аудандарда ашық аумақтан еріген қар суын бұру және халыққа көмек көрсету жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар егістіктерден еріген судың көп мөлшерде келуіне байланысты Тайынша ауданының Красная поляна ауылында 6 жеке тұрғын үйді су басып, тұрғындарды ішінара эвакуациялау жүргізілді. Ақмола облысы: егістіктерден Атбасар қаласының арық жүйесіне судың көп мөлшерде келуіне байланысты жеке тұрғын үйлердің 7 аула аумағы су астында қалды, еріген суды бұру және халыққа көмек көрсету жұмыстары жүргізілуде. Целиноград ауданы Талапкер ауылының бойымен өтетін жасанды каналдың бір бөлігінің шеті жырылып, жырылу қалпына келтірілді, 26 жеке тұрғын үйдің ашық учаскелері мен су басқан аула аумақтарынан еріген қар суын айдау жұмыстары жүргізілуде. Ақтөбе облысы: Мағаджан су қоймасы бұзылды. Бесқоспа, Қызылту ауылдары және Алға ауданының Табантал қыстағы ықтимал су басу аймағында. 215 адам, оның ішінде 96 бала Бесқоспа ауылының орта мектебіне және туыстарының үйлеріне эвакуацияланды, мал қауіпсіз жерге айдалды. Табантал өзенінде жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде, оған су қоймасынан су ағызылады. Батыс Қазақстан облысы: Бөрлі ауданында Қарашығанақ және Димитрово кенттерінен Жарсуа кентіндегі орта мектеп базасындағы эвакуациялау пунктіне мүмкіндігі шектеулі 25 адам алдын ала эвакуацияланды. Бұл елді мекендер Жайық өзенінің бойында орналасқан. Қостанай облысы: Қарасу өзенінде су деңгейінің көтерілу қаупіне және Қарасу ауданының Қарамырза ауылында су басу қаупіне байланысты Қарасу ауылында 108 адам алдын ала эвакуацияланды. Науырзым ауданының Буревестник ауылындағы егістіктерден еріген судың мол мөлшерде келуіне байланысты 7 жеке тұрғын үйдің аула аумағы су астында қалды, тұрғындар туыстарының үйлеріне орналастырылды. Павлодар облысы: Ертіс ауданының Ұзынсу ауылында 18 жеке тұрғын үйді су басқаны анықталды, үйдегі су толықтай сорылды. Ұзынсу ауылынан Ертіс ауылына медициналық көмекке мұқтаж 38 адам, оның ішінде 24 бала жүзу құралдарымен жеткізілді. Құтқарушылар құрамы: Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ҚМ, ІІМ, ҰҚК, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 9 мыңнан астам адам, 2,2 мың техника, 613 су айдау құралы және 96 жүзу құралы, 11 әуе кемесі жұмылдырылды. ### 6 сәуір Атырауда төтенше жағдай режимі жарияланады. Ақтөбеде құтқарушылар 2 және 4 метр тереңдіктен екі адамның денесін алып шықты. Қайғылы оқиғаның бірі қалада, бірі ауылда орын алған. Ақтөбе облысында баспаналарына залал келген тұрғындарға 369 мың теңге шамасында бір реттік төлем беріле бастады. Статистика: Су тасқыны Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 171 жеке тұрғын үй және 179 аула аумағы су астында қалуда. 1 451 үй мен 1 319 аула аумағынан еріген қар суы сорылды. 46 755 адам, оның ішінде 14 589 бала құтқарылды және эвакуацияланды, 60 мың ауыл шаруашылығы жануары айдалды. Бұл ретте әуе кемелерімен 2 602 адам, оның ішінде 759 бала эвакуацияланды. Уақытша орналасу пункттерінде 12 541 адам, оның ішінде 6 439 бала бар. 7 миллион. м3 еріген қар суы сорылды, 900 мың қап және 969 мың тонна инертті материал төселді. Су шайған 86 автожол, оның ішінде 4 көпір және 82 жол төсемі, су жүрген 114 автожол бақылауда. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 70 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды. Ақтөбе облысы: Облыс аумағында 1053 үйді су басты. Эвакуацияланған 1518 адам уақытша орналастыру пункттеріне орналастырылды, 5858 адам туыстарында. 10663 бас мал қауіпсіз жерлерге айдалды. Өткен тәулікте, тәуліктің түнгі уақытын қоса алғанда, қауіпті учаскелерде шамамен 100 дана қап және 100 тонна инертті материал төселді, 2630 м3 текше метр су сорылды. Атырау облысы: Атырау облысында Жем өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Жылыой ауданының Құлсары қаласында Жадырасын шағын аудан, Әуежай, Вахталық, №2,3,5 су астында қалды. Алдын ала 2500 жеке тұрғын үй мен 5 әлеуметтік нысанды су басу орын алды, 13 915 адам, оның ішінде 4 724 бала эвакуациялау пункттеріне эвакуацияланды, электрмен жабдықтау өшірілді. Қостанай облысы: 534 адам алдын ала эвакуацияланды және ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз жерге айдалды. ### 7 сәуір Статистика Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше республиканың 7 өңірінде 5711 бас мал өлді, оның ішінде 1137 ірі қара және 4051 ұсақ мал бар. Су тасқыны басталғалы бері 3702 жеке тұрғын үй, 562 аула аумағы, 1822 саяжай үйі және әртүрлі мақсаттағы 73 ғимарат, 155 автожолды су басты. 7,4 миллион м3 астам еріген қар суы сорылды, 969 мыңнан астам қапшық және 976 мың тонна инертті материал төселді. 72 284 адам эвакуацияланды, уақытша орналастыру пункттерінде 14 430 адам, оның ішінде 7 216 бала жеткізілді, 68 932 ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз қашықтыққа айдалды. 61 елді мекен көлік қатынасынсыз қалып отыр. Батыс Қазақстан облысы: Теректі ауданы Ұзынкөл ауылынан 7 шақырым жерде Ұзынкөл су қоймасындағы су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізілуде. Жайық, Шаған және Деркөл өзендерінде су деңгейінің көтерілуі сақталуда. Орал өзеніндегі Ириклин су қоймасынан су ағызу 2170 м3/сек құрайды. Росгидрометпен үнемі гидрологиялық мәліметтер алмасылады. Жазғы коттедждер су астында қалып отыр және Орал қаласының "Утюгный затон" саяжайын су басу қаупі бар. Жайық және Шаған өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуіне, су тасқыны қаупінің сақталуына және саяжай алаптарының су басуына байланысты 6, 7 сәуірде теле және радио хабарларын тарату жүйесі қармалды. Қостанай облысы: қардың көп еруіне және даладан еріген қар суының ағып келуіне байланысты Қарасу ауданы Қарамырза ауылына мониторинг жүргізілуде. Сондай-ақ Тобыл қаласы мен Алтынсарин ауылынан эвакуациялау жүргізілуде. Қостанай, Тобыл, тұрғын алаптары, СОО, демалыс базалары және т. б. аудандарындағы іргелес аумақтар су басуға бейім. Ақмола облысы: Целиноград ауданының Тасты ауылына мониторинг жүргізілуде, ауылдың сыртындағы жасанды траншеяны су басу қаупі бар. Солтүстік Қазақстан облысы: Тайынша қаласының мониторингі жүргізілуде, Шағалалы өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан елді мекенді су басу қаупі бар. Тайынша ауданының Красная Поляна ауылында егістіктерден еріген қар суы мөлшерінің ұлғаюына байланысты аула аумақтарын су басу қаупі бар. Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ғ. Мүсірепов ауданындағы Достық ауылында ауылды су басу қаупі бар. Сергеев су қоймасында жота арқылы су басу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Ұзынжар ауылында Есіл өзененің су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде 4 аула аумағын су басты. Атырау облысы: Ақтөбе облысы Ойыл ауданындағы Жем өзенінің деңгейінің жоғарылауына байланысты Құлсары қаласының 2 810 үйін су басты. Құлсары қаласының тұрғындарын эвакуациялау бойынша іс-шара барысында Төтенше жағдайлар департаменті 6 сәуірде Жылыой ауданында қала тұрғындарын хабардар ету үшін бес рет сиреналық-сөйлеу құрылғысын іске қосты. Сонымен қатар, қала тұрғындарын хабардар ету үшін сигналды-дауыс зорайтқыш құрылғылармен жабдықталған жеті бірлік полиция техникасы жұмылдырылды. Қарағанды облысы: Шет ауданының Ақшатау а/о-де "Таңатбай" бөгеті бөгенінің денесінде дренаж фактісі анықталды. Қарасай өзенінің арнасы бойындағы бөгеттен 14 км төмен орналасқан Жарылғап батыр ауылының 65 үйінен 66 адам, оның ішінде 28 бала эвакуацияланды. Құтқарушылар құрамы: Апаттық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, Қорғанысмині, ІІМ, ҰГ, ҰҚК және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардан 13620-дан астам адам және 1265 бірлік техника, 386 су айдау құралдары мен 83 жүзу құралдары және 7 әуе кемесі жұмылдырылды. ### 8 cәуір Зардап шеккен өңірлерге 126 мыңнан астам кг гуманитарлық көмек жеткізілді. Елде жергілікті ауқымдағы 29 төтенше жағдай болып жатыр. Статистика: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында 3 745 жеке тұрғын үй, 421 аула аумағы су астында қалуда. Бірлескен күштермен 7,7 млн. астам текше метр еріген қар суы сорылды, 993 мың қапшық және 982 мың тонна инертті материал төселді. 1 739 тұрғын үй мен 1 743 аула аумағынан су бұрылды. Су тасқыны басталғалы бері шамамен 76 мыңға жуық адам, оның ішінде 18 мыңнан астам бала құтқарылды. Тартылған әуе кемелерімен 2 811 адам, оның ішінде 865 бала құтқарылды. Уақытша орналасу пунктеріне 7 203 адам, оның ішінде 2 794 бала орналастырылды. 69 мыңнан астам ауыл шаруашылық жануар қауіпсіздік жерге айдалды. «Жедел желі» телефонына 1052 қоңырау түсті, психологтар зарджар шеккен адамдарға писхологиялық көмек көрсетуде. Су жүрген 146 автожол, су шайған 105 автожол, оның ішінде 4 көпір және 101 жол төсемі бақылауда. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 65 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды. Атырау облысы: Жем өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Жылыой ауданының Жадырасын, Аэропорт, Вахтовый, №2,3,5 шағын аудандары, Кұлсары қаласы нда алдын ала мәліметке сәйкес 2810 жеке тұрғын үй мен 5 әлеуметтік нысанды су басты. 28 551 адам, оның ішінде 6 7191 бала эвакуациялау пункттеріне эвакуацияланды, электр жарығы өшірілді. Атырау облысы: Еріген қар суы ағынының ұлғаюына және Есіл өзенінің арнасынан шығуына байланысты Жарқайың ауданы Пригородное ауылының Державинск, Есіл қалаларында 34 жеке тұрғын үй су астында қалды. 103 адам эвакуацияланды, оның ішінде 17 бала туыстарына орналастырылды. Қалған тұрғындар туыстары бойынша өздері эвакуацияланды. Тартылған күштер мен құралдармен жол төсемін ашу бойынша жұмыстар жүргізілді, Есіл өзеніне су бұру жалғасуда, үйіндіні нығайту, қапшықтарды төсеу және еріген суды айдау жұмыстары жүргізілуде. Солтүстік Қазақстан облысы: Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Новоишимское ауылында, Шал ақын ауданы Коноваловка және Қаратал ауылдарында, Есіл ауданының Бірлік ауылында су басу қауіп туындап, 10 жеке тұрғын үйді су басты. Алдын ала 70 адам эвакуацияланды, оның ішінде 31 бала туыстары мен эвакуациялау пункттеріне орналастырылды. Қауіпсіз жерге 40 ауыл шаруашылығы жануары айдалды. Ақтөбе облысы: Қарғалы су қоймасында еріген су ағынының ұлғаюына және Қарғалы өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ақтөбе қаласының Ақжар және Садовая тұрғын алаптары ауданында бау-бақша ұжымдарын су басу қаупі туындады. 143 адам, оның ішінде 25 бала эвакуацияланды. Құтқарушылар құрамы: Тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ҚМ, ІІМ, ҰҚК, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 16 375 адам, 1 651 бірлік техника, 377 су сору және 81 жүзу құралы, 15 әуе кемесі жұмылдырылды. ### 9 сәуір Зардап шеккен өңірлерге 134 000-ға жуық кг гуманитарлық көмек жеткізілді. Статистика: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 365 жеке тұрғын үй, 348 аула аумағы су астында қалуда. Бірлескен күштермен 8 млн. астам текше метр еріген қар суы сорылды, 1,2 млн. қапшық және 1 млн.тонна инертті материал төселді. 2 165 тұрғын үй мен 1 753 аула аумағынан су бұрылды. Су тасқыны басталғалы бері 86 мыңнан астам адамқұтқарылды және эвакуацияланды. Тартылған әуе кемелерімен 2 823 адам, оның ішінде 865 бала құтқарылды. Уақытша орналасу пунктеріне 8 472 адам орналастырылды. 81 мыңнан астам ауыл шаруашылық жануар қауіпсіздік жерге айдалды. Су жүрген 141 автожол, су шайған 99 автожол, оның ішінде 8 көпір және 91 жол төсемі бақылауда. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 65 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды. Ақтөбе облысы: Ойыл ауданында Ойыл өзенінде су деңгейінің төмендеуі байқалады. Жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда, халықты және инертті материалды, сондай-ақ азық-түлікті тасымалдау үшін понтон өткелі жұмыс істейді. Қарғалы су қоймасындағы еріген қар суы ағынының ұлғаюына және Қарғалы өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ақтөбе қаласының бау-бақша ұжымдарынан халықты эвакуациялау жұмыстары жалғасуда, 216 адам, оның ішінде 106 бала эвакуацияланды, олар эвакуациялау пункттеріне және туыстарының үйлеріне орналастырылды. Қарғалы өзенінің бойында қапшықтарды төсеу арқылы жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда. Атырау облысы: Жылыой ауданында Жем өзенінде су деңгейінің төмендеуі байқалады. Еріген қар суын бұру және халыққа көмек көрсету жұмыстары жалғасуда, 5 184 текше метр су сорылды, 43 000 дана қап, 200 тонна инертті материал төселді, су ағынын Каспий теңізіне қарай өткізу қабілетін арттыру үшін Жем өзенінің атырауын бұзды. Атырау қаласынан Құлсары қаласына тікұшақ техникасы арқылы гуманитарлық көмек жеткізілді. Жылыой ауданында барлығы 9 536 адам эвакуацияланды, оның 7000-ы «Теңіз» кен орнының аумағында, қалғандары эвакуациялау пункттерінде және туыстарының үйлеріне орналастырылды. Құлсары қаласында 2 810 тұрғын үй және әртүрлі мақсаттағы 5 ғимарат су астында қалып отыр, эвакуациялау пункттерінде 33 641 адам бар. Ақмола облысы: Қосшы, Жарқайың, Есіл, Целиноград, Шортанды, Ақкөл, Астарахан, Атбасар және Біржан сал аудандарындағы су басқан аумақтардан еріген қар суын бұру жұмыстары жалғасуда. Қардың қарқынды еруіне, Есіл және Қызыл су өзендерінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Есіл ауданының Знаменка, Ленин, Садовое ауылдарында 34 аула аумағы мен 14 жеке тұрғын үйді су басып, 142 адам эвакуацияланды. Ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз жерге алдын ала айдалды. Суды бұру және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде, өзен деңгейіне мониторинг жүргізілуде. Атбасар қаласындағы Жабай өзенінде су тасқыны мен су деңгейінің көтерілу қаупіне байланысты 77 адам, оның ішінде 21 бала эвакуацияланды. Мониторинг жалғасуда. Қостанай облысы: Меңдіқара ауданының Буденовка, Алешинка және Введенка елді мекендерінен алдын ала 118 адам, оның ішінде 43 бала эвакуацияланды. Тобыл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Қостанай қаласы мен Меңдіқара ауданында жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда. Жангелді ауданының Көкалат және Аралбай елді мекендеріне тікұшақ техникасы арқылы гуманитарлық көмек жеткізілді. Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавл, Есіл, Қызылжар, Жамбыл және Шал ақын аудандарындағы су басқан аумақтардан еріген қар суын бұру жұмыстары жалғасуда. Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Шал ақын ауданының Бірлік, Петровка, Городецкое, Коноваловка, Қаратал ауылдарында 98 адам, оның ішінде 22 бала алдын ала эвакуацияланды. Барлығы эвакуациялау пункттеріне және туыстарының үйлеріне орналастырылды. Ауыл шаруашылық жануарлары қауіпсіз жерге айдалады. Батыс Қазақстан облысы: Орал өзенінде жағалауды нығайту жұмыстары жалғасты, 5 250 дана қапшық төселді, бау-бақша қоғамдарынан 22 адам, оның ішінде 6 бала алдын ала эвакуацияланды. Құтқарушылар құрамы: Тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ҚМ, ІІМ, ҰҚК, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 23 мың адам, 2,5 мың бірлік техника, 448 су сору және 131 жүзу құралы, 5 әуе кемесі жұмылдырылды. ### 10 сәуір Статистика: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 444 жеке тұрғын үй, 336 аула аумағы су астында қалуда. Бірлескен күштермен 8,5 млн. астам текше метр еріген қар суы сорылды, 1,3 млн қапшық және 1,1 млн тонна инертті материал төселді. 2 750 тұрғын үй мен 1 816 аула аумағынан су бұрылды. Су тасқыны басталғалы бері 96 472 мың адам, оның ішінде 31 640 мың бала құтқарылды және эвакуацияланды. Тартылған әуе кемелерімен 2 823 адам, оның ішінде 865 бала құтқарылды. Уақытша орналасу пунктеріне 7 605 адам, оның ішінде 3 474 бала орналастырылды. 82 559 мың ауыл шаруашылық жануар қауіпсіздік жерге айдалды. «Жедел желі» телефонына 1 214 қоңырау түсті, психологтар зардап шеккен адамдарға писхологиялық көмек көрсетуде. Су жүрген 139 автожол, су шайған 105 автожол, оның ішінде 8 көпір және 97 жол төсемі бақылауда. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 69 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды. Атырау облысы: Жем өзенінде су деңгейінің төмендеуі байқалады. Еріген суды бұру және халыққа көмек көрсету жұмыстары жалғасуда, 212 256 текше метр айдалды, 212 911 дана қап, 189 034 тонна инертті материал төселді, су ағынын Каспий теңізіне қарай өткізу қабілетін арттыру үшін Жем өзенінің атырауын бұзды. Жылыой ауданында 1005 адам, оның ішінде 205 бала эвакуацияланды, 624 адам эвакуациялық пункттеріне, қалғандары туыстарының үйлеріне орналастырылды. Ақмола облысы: Қосшы, Жарқайың, Есіл, Целиноград, Шортанды, Ақкөл, Астарахан, Атбасар және Біржан сал аудандарындағы су басқан аумақтардан еріген қар суын бұру жұмыстары жалғасуда. Қызыл Су, Қалқұтан, Қайрақты, Жабай өзендерінде су деңгейінің көтерілуі мен төгілуіне байланысты Есіл ауданының Садовое ауылында, Астрахан ауданының Ескi Қалқұтан ауылында, Бұланды ауданының Вознесенка ауылында, Атбасар ауданының Атбасар қаласында, Сандықтау ауданының Максимовка ауылында, сондай-ақ Жарқайың ауданының Пригородное ауылында қардың қарқынды еруіне байланысты 20 аула аумағы мен 29 жеке тұрғын үй су астында қалды, 59 адам алдын ала эвакуацияланды, олар туыстарының үйлеріне орналастырылды. Өзендер деңгейіне мониторинг жүргізіледі. Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавл, Есіл, Қызылжар, Жамбыл және Шал ақын аудандарындағы су басқан аумақтардан еріген қар суын бұру жұмыстары жалғасуда. Есіл өзенінің су деңгейінің көтерілуіне байланысты Есіл ауданының Покровка, Николаевка, Петровка ауылдарында 56 жеке тұрғын үй су астында қалды, үйлердің тұрғындары туыстарының үйлеріне өздігінен эвакуацияланды. Еріген қар суының келуіне байланысты Айыртау ауданының Янко ауылында, Қызылжар ауданының Семей ауылында, Петропавл қаласының Заречный кентінде 6 жеке тұрғын үй су астында қалды, 66 адам алдын ала эвакуацияланды, еріген қар суын сору және бұру жұмыстары жүргізілуде. Батыс Қазақстан облысы: Орал өзенінде жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда, 10 мың дана қап төселді, бау-бақша қоғамдарынан алдын ала 3 адам эвакуацияланды. Құтқарушылар құрамы: Тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ҚМ, ІІМ, ҰҚК, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 24 295 адам, 2 655 бірлік техника, 469 су сору және 139 жүзу құралы, 10 әуе кемесі жұмылдырылды. ### 11 сәуір Статистика: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында 3 524 жеке тұрғын үй, 502 аула аумағы су астында қалуда. Бірлескен күштермен 8,8 млн. астам текше метр еріген қар суы сорылды, 1,4 млн. қапшық және 1,1 млн. тонна инертті материал төселді. 2 750 тұрғын үй мен 1 899 аула аумағынан су бұрылды. Су тасқыны басталғалы бері 97 852 адам, оның ішінде 32 856 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Тартылған әуе кемелерімен 2 823 адам, оның ішінде 865 бала құтқарылды. Уақытша орналасу пунктеріне 7 173 адам, оның ішінде 3 494 бала орналастырылды. 88 561 мың ауыл шаруашылық жануар қауіпсіздік жерге айдалды. «Жедел желі» телефонына 1 294 қоңырау түсті, психологтар зардап шеккен адамдарға писхологиялық көмек көрсетуде. Су жүрген 107 автожол, су шайған 112 автожол, оның ішінде 9 көпір және 103 жол төсемі бақылауда. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 68 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды. Ақмола облысы: Қосшы, Жарқайың, Есіл, Целиноград, Шортанды, Ақкөл, Астарахан, Атбасар және Біржан сал аудандарындағы су басқан аумақтардан еріген қар суын бұру жұмыстары жалғасуда. Қардың тез еруі және Жабай, Қалқұтан, Боқсық, Жолболды өзендерінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Сандықтау ауданының Максимовка ауылында, Атбасар ауданының Покровка ауылында, Жарқайың ауданының Державинск қаласында, Пригородное, Костычево ауылдарында, Астрахан ауданының Ескi Қалқұтан ауылында, Бұланды ауданының Журавлевка және Ивановка ауылдарында 100 аула аумағы мен 68 жеке тұрғын үй су астында қалды, 80 адам алдын ала эвакуацияланды, олар туыстарының үйлеріне орналастырылды,74 ауыл шаруашылық жануары қауіпсіз жерге айдалды. Бұланды ауданының Ивановка ауылында адамдар эвавкуациялануда. Өзендер деңгейіне мониторинг жүргізіледі. Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавл, Есіл, Қызылжар, Жамбыл және Шал ақын аудандарындағы су басқан аумақтардан еріген қар суын бұру жұмыстары жалғасуда. Қардың тез еруі және еріген қар суының келуіне байланысты Тимирязев ауданының Степное ауылында 2 жеке тұрғын үй мен 4 аула аумағы су астында қалды.14 адам, оның ішінде 6 бала эвакуацияланды, туыстарының үйлеріне орналастырылды. Шығыс Қазақстан облысы: Алтай ауданының Соловьево ауылында жауын-шашынның көп түсуіне және Березовка өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты 2 жеке тұрғын үй мен 24 аула аумағы су астында қалды. 31 адам эвакуациялау пунктіне эвакуацияланды. Суды бұру жұмыстары жүргізілуде. Құтқарушылар құрамы: Тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ҚМ, ІІМ, ҰҚК, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 24 225 адам, 2 881 бірлік техника, 482 су сору және 122 жүзу құралы, 15 әуе кемесі жұмылдырылды. ### 12 сәуір Статистика: 8 облыстағы су тасқынын жою үшін мемлекеттік материалдық резервтен арнайы және инженерлік техникалар, төсек-орын жабдықтары, далалық ас үйлер, наубайханалар, шатырлар броньнан шығарылды. Зардап шеккен өңірлерге 1 мың тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында 3 563 жеке тұрғын үй, 563 аула аумағы су астында қалуда. Бірлескен күштермен 9 млн. астам текше метр еріген қар суы сорылды, 1,6 млн. қапшық және 1,2 млн. тонна инертті материал төселді. 3 052 тұрғын үй мен 1 935 аула аумағынан су бұрылды. Су тасқыны басталғалы бері 99 869 адам, оның ішінде 36 591 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Тартылған әуе кемелерімен 2 960 адам, оның ішінде 935 бала құтқарылды. 9 343 адам үйлеріне оралды. Уақытша орналасу пунктеріне 6 586 адам, оның ішінде 3 197 бала орналастырылды. 98 106 ауыл шаруашылық жануар қауіпсіздік жерге айдалды. «Жедел желі» телефонына 1 350 қоңырау түсті, психологтар зардап шеккен адамдарға писхологиялық көмек көрсетуде. Су жүрген 107 автожол, су шайған 116 автожол, оның ішінде 9 көпір және 107 жол төсемі бақылауда қалуда. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 66 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды. Ақмола облысы: қардың тез еруі және Жабай, Боқсық, Жолболды, Қалқұтан өзендерінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Атбасар ауданының Атбасар қаласында, А.Құрманов, Шуйское, Борисовка, Тимашевка ауылдарында, Бұланды ауданының Журавлевка, Ивановка, Капитоновка ауылдарында, Астрахан ауданының Қалқұтан станциясы, Ескi Қалқұтан, Жаңатұрмыс ауылдарында 294 жеке тұрғын үй су астында қалды, 475 адам алдын ала эвакуацияланды, олар туыстарының үйлеріне орналастырылды, 756 үй жануары және құстары қауіпсіз жерге айдалды. Су бұру және сору жұмыстары жүргізілуде. Су басқан үйлерді есептеу және адамдарды эвакуациялау жұмыстары жалғастырылуда. Өзендер деңгейіне мониторинг жүргізіледі. Солтүстік Қазақстан облысы: Қызылжар ауданының Боголюбово ауылында жауын-шашынның көп түсуіне және Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты 18 жеке тұрғын үй мен 4 аула аумағы су астында қалды. 14 адам, оның ішінде 6 бала эвакуацияланды, олар туыстарына орналастырылды. Атырау облысы: Құлсары қаласынан эвакуацияланған азаматтарды азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік материалдық резервтен 264 тонна азық-түлік броньнан шығарылды. Құтқарушылар құрамы: Тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ҚМ, ІІМ, ҰҚК, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 34 272 адам, 3 790 бірлік техника, 762 су сору және 200 жүзу құралы, 17 әуе кемесі жұмылдырылды. ### 13 cәуір Статистика: Зардап шеккен өңірлерге 1,1 мың тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында 3 957 жеке тұрғын үй, 942 аула аумағы су астында қалуда. Бірлескен күштермен 9,1 млн. астам текше метр еріген қар суы сорылды, 1,7 млн. қапшық және 1,2 млн. тонна инертті материал төселді. 3 129 тұрғын үй мен 2 033 аула аумағынан су бұрылды. Су тасқыны басталғалы бері 102 328 адам, оның ішінде 37 537 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Тартылған әуе кемелерімен 3 246 адам, оның ішінде 1 068 бала құтқарылды. 10 120 адам үйлеріне оралды. Уақытша орналасу пунктеріне 6 757 адам, оның ішінде 3 148 бала орналастырылды. 102 156 ауыл шаруашылық жануар қауіпсіздік жерге айдалды. «Жедел желі» телефонына 1 532 қоңырау түсті, психологтар зардап шеккен адамдарға писхологиялық көмек көрсетуде. Су жүрген 98 автожол, су шайған 107 автожол, оның ішінде 9 көпір және 100 жол төсемі бақылауда қалуда. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 73 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды. Ақмола облысы: Боқсық, Қалқұтан, Есіл өзендерінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Бұланды ауданының Журавлевка ауылында, Астрахан ауданының Жаңатұрмыс, Қалқұтан, Ескi Қалқұтан, Ягодное ауылдарында 73 жеке тұрғын үй, Жақсы ауданының Қима және Алғабас ауылдарында, Атбасар ауданының Самара ауылында 8 аула аумағы су астында қалды. 136 адам алдын ала эвакуацияланды, олар эвакуациялау пункттері мен туыстарының үйлеріне орналастырылды. Су тасқынына қарсы іс-шаралар және халыққа көмек көрсету жұмыстары жалғастырылуда. Өзендер деңгейіне мониторинг жүргізіледі. Солтүстік Қазақстан облысы: Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне және қорғаныш үйіндісінің шайылуына байланысты Қызылжар ауданының Тепличное, Надёжка ауылдарында 61 жеке тұрғын үй су астында қалды. Сонымен қатар Бәйтерек, Бескөл, Кривозёрка елді мекендерінен тұрғындар алдын ала эвакуацияланды. Ақтөбе облысы: Торғай өзенінде су деңгейінің жоғарылауына байланысты әуе кемесімен Мамыр және Нұра елді мекендерінен Ырғыз ауылына тұрғындарды алдын ала эвакуациялау жүргізілді. Барлығы 233 адам, оның ішінде 131 бала эвакуацияланды. Мамыр ауылының айналасындағы құмнан жасалған қорғаныш үйіндісінің шайылуына байланысты 10 аула аумағы су астында қалды. Нұра, Мамыр, Жайсанбай және Тәуіп елді мекендерінде жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда. Құтқарушылар құрамы: Тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ҚМ, ІІМ, ҰҚК, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 34 272 адам, 3 790 бірлік техника, 762 су сору және 200 жүзу құралы, 17 әуе кемесі жұмылдырылды. ### 14 сәуір Статистика: Зардап шеккен өңірлерге 1 400 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 4 870 жеке тұрғын үй, 1 264 аула аумағы су астында қалуда. Бірлескен күштермен 9,3 млн. астам текше метр еріген қар суы сорылды, 1,9 млн. қапшық және 1,2 млн. тонна инертті материал төселді. 3 402 тұрғын үй мен 2 041 аула аумағынан су бұрылды. Су тасқыны басталғалы бері 107 119 адам, оның ішінде 38 457 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Тартылған әуе кемелерімен 3 458 адам, оның ішінде 1 138 бала құтқарылды. 11 674 адам үйлеріне оралды. Уақытша орналасу пунктеріне 7 414 адам, оның ішінде 3 173 бала орналастырылды. 103 146 ауыл шаруашылық жануар қауіпсіздік жерге айдалды. «Жедел желі» телефонына 1 618 қоңырау түсті, психологтар зардап шеккен адамдарға писхологиялық көмек көрсетуде. Су жүрген 103 автожол, су шайған 109 автожол, оның ішінде 9 көпір және 100 жол төсемі бақылауда қалуда. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 84 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды. Ақмола облысы: Жабай, Қалқұтан, Есіл өзендерінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Сандықтау ауданының Быстрымовка, Сандыктау, Каменка, Балкашино ауылдарында, Астрахан ауданының Еңбек, Қалқұтан, Ягодное ауылдарында, Атбасар ауданының Самара ауылында жеке тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады және су астында қалды. 242 адам алдын ала эвакуацияланды, олар эвакуациялау пункттері мен туыстарының үйлеріне орналастырылды. Су тасқынына қарсы іс-шаралар және халыққа көмек көрсету жұмыстары жалғастырылуда. Өзендер деңгейіне мониторинг жүргізіледі. Солтүстік Қазақстан облысы: Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Петропавл қаласының Подгора және Хромзауыт шағын аудандарында, Қызылжар ауданының Тепличное, Бескөл, Прибрежное ауылдарында 1 068 жеке тұрғын үй су астында қалды. 3 684 адам алдын ала эвакуацияланлды. Су тасқынын жою және эвакуациялау жұмыстары жалғастырылуда. Ақтөбе облысы: Торғай өзенінде су деңгейінің жоғарылауына байланысты әуе кемесімен Ырғыз ауданының Мамыр, Нұра және Белшер елді мекендерінен тұрғындарды алдын ала эвакуациялау жүргізілді. Барлығы 121 адам эвакуацияланды. Нұра, Мамыр, Жайсанбай және Тәуіп елді мекендерінде жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда. Құтқарушылар құрамы: Тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ҚМ, ІІМ, ҰҚК, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 35 339 адам, 3 450 бірлік техника, 744 су сору және 257 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды. ### 15 сәуір Статистика: Зардап шеккен өңірлерге 1 400 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 411 жеке тұрғын үй, 1 607 аула аумағы су астында қалуда. Бірлескен күштермен 9,5 млн. астам текше метр еріген қар суы сорылды, 2,2 млн. қапшық және 1,2 млн. тонна инертті материал төселді. 3 503 тұрғын үй мен 2 157 аула аумағынан су бұрылды. Су тасқыны басталғалы бері 111 194 адам, оның ішінде 39 222 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Тартылған әуе кемелерімен 3 575 адам, оның ішінде 1 157 бала құтқарылды. 11 950 адам үйлеріне оралды. Уақытша орналасу пунктеріне 6 814 адам, оның ішінде 2 995 бала орналастырылды. 106 551 ауыл шаруашылық жануар қауіпсіздік жерге айдалды. «Жедел желі» телефонына 1 716 қоңырау түсті, психологтар зардап шеккен адамдарға писхологиялық көмек көрсетуде. Су жүрген 103 автожол, су шайған 80 автожол, оның ішінде 9 көпір және 71 жол төсемі бақылауда қалуда. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 82 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды. Ақмола облысы: Есіл, Қоңыр өзендерінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Атбасар ауданының Самара ауылында, Жарқайың ауданының Пригородное, Құмсуат ауылдарында, Бұланды ауданының Новобратск, Никольск ауылдарында 101 жеке тұрғын үй мен 42 аула аумағы су астында қалды. 163 адам алдын ала эвакуацияланды, олар эвакуациялау пункттері мен туыстарының үйлеріне орналастырылды. Су тасқынына қарсы іс-шаралар және халыққа көмек көрсету, эвакуациялау жұмыстары жалғастырылуда. Өзендер деңгейіне мониторинг жүргізіледі. Солтүстік Қазақстан облысы: Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне және су басу қаупіне байланысты Петропавл қаласының Борки шағын ауданында, Хромзауыт шағын ауданы жанындағы Карьерная көшесінде, Қызылжар ауданының Соколовка, Большая малышка ауылдарында 85 жеке тұрғын үй су астында қалды. 1 003 адам алдын ала эвакуацияланды, олар эвакуациялау пункттері мен туыстарының үйлеріне орналастырылды. Ақтөбе облысы: Торғай өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ырғыз ауданының Нұра ауылында 10 жеке тұрғын үй су астында қалды. 655 адам Ырғыз ауылына алдын ала эвакуацияланды. Сонымен қатар тікұшақ Жайсанбай, Құйылыс ауылдарына 2100 кг азық-түлік және 1600 литр ЖЖМ жеткізілді. Барлығы 121 адам эвакуацияланды. Нұра, Мамыр, Жайсанбай және Тәуіп елді мекендерінде жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда. Құтқарушылар құрамы: Тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ҚМ, ІІМ, МКҚ, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 33 334 адам, 4 066 бірлік техника, 835 су сору және 275 жүзу құралы, 11 әуе кемесі жұмылдырылды. ### 16 сәуір Статистика: Бүгінгі күні 13 543 адам өз үйлеріне оралды. 7 014 адам, оның ішінде 3 144 бала эвакуациялау пункттерінде. Су тасқыны басталғалы бері барлығы 113 693 адам, оның ішінде 39 922 бала, оның ішінде тартылған әуе кемелерімен 3 649 адам, оның ішінде 1 168 бала құтқарылып, эвакуацияланды. 107 613 ауыл шаруашылық жануарлары қауіпсіз жерге айдалды. Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 570 тұрғын үй мен 2 195 аула аумағынан су бұрылды. 5 708 жеке тұрғын үй, 1 609 аула аумағы су астында қалуда. 9,7 млн. астам текше метр еріген қар суы сорылды, 2,4 млн. қапшық және 1,2 млн. тонна инертті материал төселді. Зардап шеккен өңірлерге 1 445 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Су жүрген 91 автожол, су шайған 64 автожол, оның ішінде 9 көпір және 55 жол төсемі бақылауда қалуда. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 74 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды. Ақмола облысы: Есіл, Жабай өзендерінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Жарқайың ауданының Гастелло ауылында, Жақсы ауданының Ишимское ауылында, Сандықтау ауданының Каменка ауылында 28 жеке тұрғын үй су астында қалды. 74 адам алдын ала өздігінен эвакуацияланды, олар туыстарының үйлеріне орналастырылды. Солтүстік Қазақстан облысы: Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне және су басу қаупіне байланысты Қызылжар ауданының Соколовка, Большая малышка, Кустовое, Вагулина, Красноярка ауылдарында 22 жеке тұрғын үй су астында қалды. 400-ге жуық адам алдын ала эвакуацияланды, олар эвакуациялау пункттері мен туыстарының үйлеріне орналастырылды. Жамбыл облысы: Жамбыл ауданының Жасөркен ауылында және Түркістан облысы Кентау қаласында жауын-шашынның көп түсуіне байланысты 6 жеке тұрғын үй мен 41 аула аумағы су астында қалды. Түркістан облысында су айдау жұмыстары толық көлемде аяқталды, 1025 текше метр су сорылды. Жамбыл облысында су айдау жұмыстары жалғасуда. Құтқарушылар құрамы: Бүгінгі таңда апатты-құтқару жұмыстарына ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ҰҚК, МКҚ, әкімдіктер мен ұйымдардан тәулік бойы 34 мыңнан астам адам, 4 мыңнан астам техника, 890 сорғы және 335 жүзу құралы, 19 әуе кемесі тартылды. ### 17 сәуір Статистика: Бүгінгі күні 16 мың адам өз үйлеріне оралды. 6 950 адам, оның ішінде 3 113 бала эвакуациялау пункттерінде. Жедел шаралардың арқасында ТЖ аймақтарынан тұрғындар мен үй жануарларын эвакуациялау алдын ала жүргізілді. Су тасқыны басталғалы бері барлығы 116 949 адам, оның ішінде 40 781 бала, оның ішінде тартылған әуе кемелерімен 3 878 адам, оның ішінде 1 501 бала құтқарылып, эвакуацияланды. 112 539 ауыл шаруашылық жануарлары қауіпсіз жерге айдалды. Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 709 тұрғын үй мен 2 475 аула аумағынан су бұрылды. 5 837 жеке тұрғын үй, 1 353 аула аумағы су астында қалуда. 9,8 млн. астам текше метр еріген қар суы сорылды, 2,9 млн. қапшық және 1,4 млн. тонна инертті материал төселді. Су жүрген 81 автожол, су шайған 69 автожол, оның ішінде 10 көпір және 59 жол төсемі бақылауда қалуда. 72 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды, оларға қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорлары құрылды. Солтүстік Қазақстан облысы: Есіл өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты Қызылжар ауданының Кустовое, Вагулина, Красноярка, Соколовка, Долматово ауылдарынан алдын ала эвакуациялау жұмыстары жалғасуда, 27 жеке тұрғын үй су астында қалды. Барлығы 2 465 адам эвакуацияланды, олар эвакуациялау пункттеріне және туыстарының үйлеріне орналастырылды. Сонымен қатар Петропавл қаласының Подгора шағын ауданында 211 жеке тұрғын үй мен бір ғимарат су астында қалды. Тұрғындар алдын ала эвакуацияланды. Есіл өзенінің деңгейіне мониторинг жалғасуда. Ақтөбе облысы: Ырғыз ауданының Құйлыс ауылынан әуе кемесі арқылы алдын ала Ырғыз ауылының уақытша орналастыру пунктіне 96 адам эвакуацияланды және 2 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Құйлыс ауылында Торғай өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары жалғасуда. Нұра ауылында 24 жеке тұрғын үй су астында қалды. Батыс Қазақстан облысы: Орал қаласының саяжай алаптарынан алдын ала 40 адам эвакуацияланды, олар туыстарының үйлеріне орналастырылды. Қаратөбе және Казталов аудандарының Қаратөбе және Жалпақтал елді мекендерінен Қалдығайты және Қараөзен өзендері арқылы жүзу құралдарының көмегімен 223 адам тасымалданды. Орал өзенінде қорғаныс бөгеттерін салу, нығайту және су деңгейін бақылау жұмыстары жалғасуда. Ақмола облысы: Жақсы ауданының Есіл ауылында 6 жеке тұрғын үй су астында қалды. Тұрғындар алдын ала эвакуацияланды. Қостанай облысы: Жангелдин ауданының Тәуіш ауылынан Торғай ауылына жүзу құралдары мен тікұшақ көмегімен тұрғындар тасымалданды, 2 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Түркістан облысы: таулы аудандарда жауын-шашынның мол түсуіне және таудың баурайындағы су ағынына байланысты Бәйдібек ауданының Ақбастау ауылында 17 аула аумағы су астында қалды. Қапшықтарды төсеу, арық жүйесін тазарту және суды бұру жұмыстары жүргізілді. Елді мекенге қауіп жоқ. Жамбыл облысы: жауын-шашынның көп түсуіне байланысты Жамбыл ауданының Жасөркен ауылында 30 аула аумағы мен ғимарат су астында қалды. Су басқан аумақтардан су толық көлемде сорылды, барлығы 7138 текше метр. Құтқарушылар құрамы: Тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ҚМ, ІІМ, ҰҚК, МКҚ, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 46 417 адам, 4 351 бірлік техника, 873 су сору және 308 жүзу құралы, 16 әуе кемесі жұмылдырылды. ### 18 сәуір Статистика: Жүргізілген су тасқынына қарсы іс-шаралардың арқасында 18 651 адам өз үйлеріне оралды. Жедел шаралардың арқасында ТЖ аймақтарынан тұрғындар мен жануарларды эвакуациялау алдын ала жүргізілді. Су тасқыны басталғалы бері барлығы 117 694 адам, оның ішінде 43 931 бала құтқарылып, эвакуацияланды. 113 852 ауыл шаруашылық жануары қауіпсіз жерге айдалды. 6 887 адам, оның ішінде 3 166 бала эвакуациялау пункттерінде. 4 216 тұрғын үй мен 2 698 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 10,1 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 3,2 млн қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді. Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 718 жеке тұрғын үй, 1 130 аула аумағы су астында қалуда. Су жүрген 61 автожол, су шайған 66 автожол, оның ішінде 10 көпір және 56 жол төсемі бақылауда қалуда. 60 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды, оларға қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорлары құрылды. Солтүстік Қазақстан облысы: қардың қарқынды еруіне байланысты Тимирязев ауданының Тимирязев ауылдарында, Қызылжар ауданының Соколовка, Барневка, Долматов ауылдарында, Петропавл қаласының Подгора, Кожевенный шағын аудандарында, Заречный кентінде 386 жеке тұрғын үй су астында қалды. Тұрғындар алдын ала эвакуацияланды. Тартылған күштермен және құралдармен су сору жұмыстары жүргізілуде. Қызылжар ауданының Вагулино, Кустовое, Красноярка ауылдарына қауіпті аймақтан 180 ауыл шаруашылығы жануары қауіпсіз жерге айдалды. «Петропавл-Жезқазған» республикалық маңызы бар автожолдар арқылы судың жүруіне байланысты 2000 адам тасымалданды. Медициналық қызметке үш науқасты тасымалдауға көмек көрсетілді. 62 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Есіл өзенінің деңгейіне мониторинг жалғасуда. Ақтөбе облысы: Ырғыз ауданында Кұйлыс және Нұра ауылдарынан Ырғыз ауылына әуе кемелерімен алдын ала 201 адам уақытша орналастыру пункттеріне эвакуацияланды, сондай-ақ Белшер ауылына 1 тонна гуманитарлық көмек және 0,2 тонна жанар-жағармай жеткізілді. Құйлыс ауылында Торғай өзенінде жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда. Батыс Қазақстан облысы: Орал қаласының саяжай алаптарынан алдын ала 22 адам эвакуацияланды, олар туыстарының үйлеріне орналастырылды. Қаратөбе және Казталов аудандарының Қаратөбе және Жалпақтал елді мекендерінен Қалдығайты, Қараөзен өзендері арқылы жүзу құралдарымен 236 адам жөнелтілді. Орал өзенінде қорғаныс бөгеттерін салу, нығайту және су деңгейін бақылау жұмыстары жалғасуда. Ақмола облысы: Жарқайың ауданының Львовское ауылында Есіл өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты 4 жеке тұрғын үй су астында қалды. 10 адам эвакуацияланды, олар туыстарының үйлеріне орналастырылды. Қостанай облысы: Жангелді ауданының Байтұрсынов ауылынан Торғай ауылына 2 тонна гуманитарлық көмек жеткізіліп, 6 тұрғын жөнелтілді. Құтқарушылар құрамы: Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға азаматтық қорғау қызметтерінен 44 156 адам, 4 611 техника, 860 су сору құралы, 332 жүзу құралы, 18 әуе кемесі жұмылдырылды, сондай-ақ волонтерлер де белсенді қатысуда. ### 19 сәуір Статистика: Жүргізілген су тасқынына қарсы іс-шаралардың арқасында 19 715 адам өз үйлеріне оралды. Жедел шаралармен ТЖ аймақтарынан тұрғындар мен жануарларды эвакуациялау алдын ала жүргізілді. Су тасқыны басталғалы бері барлығы 118 180 адам, оның ішінде 44 254 бала құтқарылып, эвакуацияланды. 113 852 ауыл шаруашылық жануары қауіпсіз жерге айдалды. 8 821 адам, оның ішінде 3 885 бала эвакуациялау пункттерінде. 4 370 тұрғын үй мен 2 737 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 10,5 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 3,4 млн қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді. Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 989 жеке тұрғын үй, 1 091 аула аумағы су астында қалуда. Зардап шеккен өңірлерге теміржол, автомобиль көліктерімен және әуе кемелерімен 4 529 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Су жүрген 60 автожол, су шайған 63 автожол, оның ішінде 10 көпір және 53 жол төсемі бақылауда қалуда. 44 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды, оларға қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорлары құрылды. Ақмола облысы: қардың қарқынды еруіне және Есіл өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты Есіл ауданының Двуречное ауылында 10 жеке тұрғын үй су астында қалды. 47 адам алдын ала эвакуацияланды, олар туыстарының үйлеріне орналастырылды. Ақтөбе облысы: Ырғыз ауданының Құйлыс ауылынан Ырғыз ауылына әуе кемелерімен алдын ала 25 адам уақытша орналастыру пунктіне эвакуацияланды. Белшер және Мамыр ауылдарына 500 литр жанар-жағармай және 2 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Құйлыс ауылында Торғай өзенінде жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда. Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавл қаласының Подгора шағын ауданында, Кожевенный кентінде 348 жеке тұрғын үйді, сондай-ақ 3031 саяжай құрылысы су астында қалды. Тұрғындар алдын ала эвакуацияланды. Есіл өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізілуде. ТЖД және ЖАО қызметтері Петропавл қаласының және облыс аудандарының эвакуациялық пункттерінде орналасқан тұрғындарға психологиялық көмек көрсетуде. Құтқарушылар құрамы: Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға азаматтық қорғау қызметтерінен 44 137 адам, 4 642 техника, 858 су сору құралы, 341 жүзу құралы, 12 әуе кемесі жұмылдырылды, сондай-ақ волонтерлер де белсенді қатысуда. ### 20 сәуір Статистика: 21 494 адам өз үйлеріне оралды. 8 786 адам, оның ішінде 3 814 бала эвакуациялау пункттерінде. Су тасқыны басталғалы бері барлығы 118 507 адам, оның ішінде 44 407 бала құтқарылып, эвакуацияланды. Еліміздің орталық және солтүстік өңірлерінде су тасқыны жағдайы тұрақталуына байланысты су тасқыны қауіпті өңірлерге жұмылдырылған ТЖМ күштері мен құралдарының бір бөлігі тұрақты орналасу орындарына оралуда. Ресей Федерациясы жағынан Жайық және Есіл өзендерінің арналарында судың көтерілу болжамына байланысты Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары ерекше бақылауда. 4 534 тұрғын үй мен 2 763 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 10,9 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 3,7 млн қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді. Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 862 жеке тұрғын үй, 1 065 аула аумағы су астында қалуда. Зардап шеккен өңірлерге теміржол, автомобиль көліктерімен және әуе кемелерімен 5 029 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Су жүрген 40 автожол, су шайған 61 автожол, оның ішінде 10 көпір және 51 жол төсемі бақылауда қалуда. 44 елді мекен көлік қатынасынсыз қалуда, оларға қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорлары құрылды. Құтқарушылар құрамы: Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға азаматтық қорғау қызметтерінен 31 942 адам, 4 593 техника, 797 су сору құралы, 325 жүзу құралы,14 әуе кемесі жұмылдырылды. ### 21 сәуір Статистика: Батыс Қазақстан және Атырау облыстарына Жайық өзені арқылы Ресей Федерациясы жағынан туындайтын су тасқынының екінші толқыны ерекше бақылауда қалуда. Өткен тәулікте Батыс Қазақстан облысында 81 523 қапшық және 2 770 тонна инертті материал төселді, бөгеттердің іргесін көтеру және нығайту жұмыстары жалғасуда. Атырау облысында 824 мың қапшық және 2 700 тонна инертті материал төселді, 4 424 км бөгет тұрғызылды, бөгеттердің іргесін нығайту жұмыстары жалғасуда. 22 734 адам өз үйлеріне оралды. 8 809 адам, оның ішінде 3 828 бала эвакуациялау пункттерінде. 4 536 тұрғын үй мен 2 767 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 11,2 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 4,6 млн қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді. Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында үйлер мен аумақтардан су сору жұмыстары жалғасуда. Құтқарушылар құрамы: Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 36 484 адам, 5 083 техника, 888 су сору құралы, 381 жүзу құралы, 16 әуе кемесі жұмылдырылды. ### 22 сәуір Батыс Қазақстан облысы: Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жалғасуда, азаматтарды құлақтандыру және телерадио арқылы хабарландыру әр 4 сағат сайын жалғасуда. Өңірлерден ТЖ министрлігінің қосымша күштері мен құралдары тартылуда. Келген күштер мен құралдар учаскелерге бөлініп, жұмысқа кірісті. Орал қаласының «Стеновик» бау-бақша қоғамынан 4 адам құтқарылып, 61 адам эвакуацияланды. Қалған тұрғындар бұған дейін алдын ала эвакуацияланған болатын. 1497 адам уақытша орналастыру пункттерінде, қалған тұрғындар туыстарының үйлеріне орналастырылды. Саяжай үйлерде қалып қойған тұрғындардың бар-жоғын тексеру мақсатында аралау жалғасуда. 23 085 адам өз үйлеріне оралды. 8 872 адам, оның ішінде 3 852 бала эвакуациялау пункттерінде. 4 554 тұрғын үй мен 2 767 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 11,4 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 5,3 млн қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді. Ақмола, Ақтөбе, Атырау және Солтүстік Қазақстан облысында 5 842 жеке тұрғын үй мен 1 061 аула аумағынан судың бағытын бұру және су сору жұмыстары жалғасуда. Су жүрген 32 автожол, су шайған 56 автожол, оның ішінде 9 көпір және 45 жол төсемі бақылауда қалуда. 32 елді мекен көлік қатынасынсыз қалуда, оларға қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорлары құрылды. Құтқарушылар құрамы: Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 33 852 адам, 4 973 техника, 874 су сору құралы, 389 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды. ### 23 сәуір Батыс Қазақстан облысы: Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі сақталуда. Жұмылдырылған күштер мен құралдар қапшықтарды төсеу, қорғау бөгеттерін салу және су басқан аумақтан су сору жұмыстарын жалғастыруда. Барлық кезек күттірмейтін шаралар қабылдануда. Атырау облысы: Жылыой ауданының Құлсары қаласында су басқан үйлер мен аумақтардан суды сору және судың бағытын бұру, Жайық өзені бойында жағалауды бекіту жұмыстары жалғастырылуда. Солтүстік Қазақстан облысы: су тасқыны жағдайы тұрақты күрделі. Су басқан үйлер мен аумақтардан суды сору жұмыстары, Есіл өзеніндегі судың деңгейіне мониторинг жалғасуда. Республика бойынша 26 785 адам өз үйлеріне оралды. 8 795 адам, оның ішінде 3 828 бала эвакуациялау пункттерінде. 4 708 тұрғын үй мен 2 774 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. ### 24 сәуір Орал қаласында Жайық өзенінің су деңгейі біртіндеп төмендеп жатқаны байқалады, су деңгейіне мониторинг жалғасуда. Қазіргі уақытта үйлерді су басу оқиғасы тіркелген жоқ. Саяжайда қалып қойған тұрғындардың бар-жоғын тексеру үшін аралау жұмысы жалғасуда. Құтқарушылар құрамы: Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 32 мыңнан астам адам, 4 мың техника, 773 су сору құралы, 294 жүзу құралы, 13 әуе кемесі жұмылдырылды. Жалпы статистика: Су астында қалып отыр: 4 948 жеке тұрғын үйлері, 1 054 аула аумақтары, 17 900 саяжай үйлері, 97 әр түрлі мақсаттағы бір ғимарат 119 095 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 344 мүмкіндігі шектеулі адам және 44 731 бала. Уақытша орналастыру пункттерінде 8 527 адам бар, оның 3 704-ы балалар. 78 630 адам туыстарын паналауда, 31 938 адам үйлеріне оралды. 134 163 бас ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз қашықтыққа айдалды. Ауыл шаруашылығы жануарларының қырылуы 8 119 басты құрады. 23 автокөлік жолын су алуы тіркелді. Бақылауда 55 автокөлік жолын су алуы бар, оның ішінде 9-ы көпір. Көлік қатынасы жоқ – 26 елді мекен. Әуе, т/ж және автомобиль көлігімен 5 532 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. ТЖМ мен әкімдіктердің күшімен 11 830 мың м3 астам еріген қар суы сорылып, 5 595 мыңнан астам қап пен 1 504 мың тонна инертті материал төселді. ### 25 сәуір Батыс Қазақстан облысы: Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Теректі аудандарында Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жалғасуда, су деңгейі біртіндеп төмендеп жатқаны байқалады. Қазіргі уақытта үйлерді су басу оқиғасы тіркелген жоқ. Саяжайда қалып қойған тұрғындардың бар-жоғын тексеру үшін аралау жұмысы жалғасуда. Атырау облысы: Жайық өзені бойындағы ықшам аудандарда және Еркінқала, Алмалы, Атырау, Дамбы, Қайыршақты ауылдық округтерінде және Береке ауылында бөгеттерді нығайту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Ұзындығы 229,6 км қорғаныс бөгеттерін нығайту жүргізілді. Қызылорда, Маңғыстау облыстарының төтенше жағдайлар департаменттерінің жеке құрамы және ТЖМ Қарағанды қаласы 52859 әскери бөлімінен құрылған жиынтық топтардың көмекке келген күштері мен құралдары су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу үшін Батыс Қазақстан облысынан Атырау облысына жіберілді. Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 5 987 тұрғын үй мен 2 584 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Республика бойынша 31 416 адам өз үйлеріне оралды. 8 560 адам, оның ішінде 3 717 бала эвакуациялау пункттерінде. 11,9 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 5,6 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді. Құтқарушылар құрамы: Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 31 мыңнан астам адам, 4 мың техника, 763 су сору құралы, 298 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды. ### 26 сәуір Батыс Қазақстан облысы: жағдай тұрақталды. Су басқан саяжай аумақтарына мониторинг жүргізу жалғасуда. Төтенше жағдайлар және полиция департаментінің қызметкерлері бірлесіп, су басқан аумақтарды патрульдеуде. Көмекке келген Ақтөбе, Түркістан облыстары төтенше жағдайлар департаменттерінің жеке құрамынан құрылған жиынтық топтардың күштері мен құралдары Жайық өзенінің бойында орналасқан елді мекендерде су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу үшін Батыс Қазақстан облысынан Атырау облысына жіберілді. Атырау облысы: Жайық өзенінің мониторингі жалғасуда, судың деңгейі көтерілгені байқалады. Су тасқынынан қорғау мақсатында Атырау қаласында бөгеттерді нығайту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда ұзындығы 240 км қорғаныс бөгеттерін нығайту жүргізілді. Бұған дейін көмекке келген күштер мен құралдар учаскелерге бөлініп, қажетті жұмыстарды атқаруда. Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 6 082 тұрғын үй мен 2 584 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Республика бойынша 35 122 адам өз үйлеріне оралды. 8 520 адам эвакуациялау пункттерінде. Құтқарушылар құрамы: Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 25 мыңнан астам адам, 3 мың техника, 634 су сору құралы, 268 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды. ### 27 сәуір Жалпы статистика: Су астында қалып отыр: 4 978 жеке тұрғын үйлер, 844 аула аумақтары, 17 900 саяжай үйлері, 97 әр түрлі мақсаттағы бір ғимарат 119 220 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 344 мүмкіндігі шектеулі адам және 44 776 бала. Уақытша орналастыру пункттерінде 6 909 адам бар, оның 2 835-і балалар. 75 566 адам туыстарын паналауда, 36 745 адам үйлеріне оралды. 134 678 бас ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз қашықтыққа айдалды. Ауыл шаруашылығы жануарларының қырылуы 8 311 басты құрады. Бақылауда 47 автокөлік жолын су алуы бар, оның ішінде 9-ы көпір. Көлік қатынасы жоқ – 17 елді мекен. Әуе, т/ж және автомобиль көлігімен 6 337,71 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. ТЖМ мен әкімдіктердің күшімен 12 354 мың м3 астам еріген қар суы сорылып, 6 050 мыңнан астам қап пен 1 520 мың тонна инертті материал төселді. Құтқарушылар құрамы: Апаттық-құтқару жұмыстарына 27 165 адам жұмылдырылған. ### 28 сәуір Төмендегілер су астында қалып отыр: 4 723 жеке тұрғын үйлер, 844 аула аумақтары, 43 көп қабатты тұрғын үйлер, 18 227 саяжай үйлері, 97 әр түрлі мақсаттағы бір ғимарат 119 220 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 344 мүмкіндігі шектеулі адам және 44 776 бала. Уақытша орналастыру пункттерінде 6 817 адам бар, оның 2 954-і балалар. 75 079 адам туыстарын паналауда, 37 324 адам үйлеріне оралды. 134 732 бас ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз қашықтыққа айдалды. Ауыл шаруашылығы жануарларының қырылуы 8 332 басты құрады. Бақылауда 45 автокөлік жолын су алуы бар, оның ішінде 9-ы көпір. Көлік қатынасы жоқ – 17 елді мекен. ### 29 сәуір Жалпы статистика: Төмендегілер су астында қалып отыр: 4 696 жеке тұрғын үйлер, 804 аула аумақтары, 43 көп қабатты тұрғын үйлер, 18 227 саяжай үйлері, 97 әр түрлі мақсаттағы бір ғимарат 119 238 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 344 мүмкіндігі шектеулі адам және 44 783 бала. Уақытша орналастыру пункттерінде 6 726 адам бар, оның 2 917-і балалар. 73 991 адам туыстарын паналауда, 38 521 адам үйлеріне оралды. 134 732 бас ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз қашықтыққа айдалды. Ауыл шаруашылығы жануарларының қырылуы 8 403 басты құрады. Көлік қатынасы жоқ – 17 елді мекен. Әуе, т/ж және автомобиль көлігімен 6 376,61 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. ### 30 сәуір Төмендегілер су астында қалып отыр: 4 023 жеке тұрғын үйлер, 804 аула аумақтары, 43 көп қабатты тұрғын үйлер, 18 227 саяжай үйлері, 97 әр түрлі мақсаттағы бір ғимарат 119 238 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 344 мүмкіндігі шектеулі адам және 44 783 бала. Уақытша орналастыру пункттерінде 6 552 адам бар, оның 2 843-і балалар. 73 334 адам туыстарын паналауда, 39 352 адам үйлеріне оралды. 134 732 бас ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз қашықтыққа айдалды. Ауыл шаруашылығы жануарларының қырылуы 8 403 басты құрады. Бақылауда 42 автокөлік жолын су алуы бар, оның ішінде 9-ы көпір. Көлік қатынасы жоқ – 14 елді мекен. ### 1 мамыр Республика бойынша 41 195 адам өз үйлеріне оралды. 6 377 адам эвакуациялау пункттерінде. Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 7 184 тұрғын үй мен 2 844 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Атырау облысы бақылауда. Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жалғастырылуда. Су тасқыны жағдайының мониторингі дронның көмегімен жүзеге асырылады. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 17 мыңнан астам  адам, 1 759 техника, 270 су сору құралы және 167 жүзу құралы, 7 әуе кемесі жұмылдырылды. ### 2 мамыр Cу астында қалып отыр: 3 554 жеке тұрғын үйлер, 794 аула аумақтары, 42 көп қабатты тұрғын үйлер, 18 227 саяжай үйлері, 97 әр түрлі мақсаттағы бір ғимарат 119 297 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 344 мүмкіндігі шектеулі адам және  44 803  бала. Уақытша орналастыру пункттерінде 6 338 адам бар, оның 2 637-і балалар. 69 944 адам туыстарын паналауда, 43 015  адам үйлеріне оралды. 136 692 бас ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз қашықтыққа айдалды. Ауыл шаруашылығы жануарларының қырылуы  8 642  басты құрады. 13 автокөлік жолын су алуы тіркелді: республикалық маңызы бар – 2, облыстық маңызы бар – 6, жергілікті маңызы бар – 5 Бақылауда 38 автокөлік жолын су алуы бар, оның ішінде 9-ы көпір. Көлік қатынасы жоқ – 11 елді мекен. Әуе, т/ж және автомобиль көлігімен 6 682,81  тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. ТЖМ мен әкімдіктердің күшімен 13 636   мың м3 астам еріген қар суы сорылып, 7 685  мыңнан астам қап пен 1 540 мың тонна инертті материал төселді. Апаттық-құтқару жұмыстарына 14 640 адам жұмылдырылған. ## Алғышарттары «Қазгидромет» су тасқыны бойынша алдын ала болжам жасады. Қазақстанның жазықтағы өзендерінде көктемгі су тасқыны ағынының күтілетін көлемі 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша гидрометеорологиялық бақылаулар мен өлшеулердің деректеріне сәйкес жасалды. Су тасқыны негізінен келесі себептерден туындаған: * қатты немесе ұзаққа созылған жауын-шашын, қар мен мұз кептелісінің тез еруі; * теңізден жағаға және өзендер сағасына қатты жел немесе толқынмен судың ағуы; * табиғи себептер бойынша да, адамның кінәсінен де дамбалар мен су қоймаларының серпінділігі. ## Салдары Cу тасқыны жағдайы сақталған өңірлердегі оқушылар қашықтықтан оқуға көшірілді. Президент су тасқынына қарсы уақытылы шара қабылдамағаны үшін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке қатаң сөгіс жариялады. Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақмола, Алматы, Павлодар және Абай облыстарының әкімдеріне қатаң сөгіс және қызметтік міндеттеріне толық сай келмеуіне байланысты ескерту берді. Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың жаңа үйлері қауіпсіз жерге салынатынын мәлімдеді. 17 сәуірде су тасқынын модельдеу және су қоймаларын толтыруды болжау жүйесінің прототипі әзірленді. Өзендердің бірнеше учаскелерінде пилоттық сынақтар жүргізілді. Жүйе су ағызу есептеулерін жүргізуге, сондай-ақ картада су басу аймақтарын көрсетуге мүмкіндік береді. ## Көмек ### Гуманитарлық көмек: Компаниялар * Kaspi.kz Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорымен бірлесіп 55 мың адам шамамен 80 миллион теңге жинады. Kaspi.kz өз кезегінде қаражатты 200 миллион теңгеге дейін ұлғайтты. 8 сәуірде компания тағы 500 миллион теңге аударғанын хабарлады. * «Қазақстан халқына» қоры су басқан ауылдарға үй салуға 5 млрд теңге бөледі. Қор су тасқынынан зардап шеккен ауылдық елді мекендерде 200 үй салуға болады деп есептейді. * Екінші деңгейдегі банктер зардап шеккендердің несиелерінің мерзімін 30 маусымға дейін ұзартып, айыппұл мен өсімпұл есептемейтінін хабарлады. * Алматы қаласының тұрғындары бір аптаның ішінде 10 тонна гуманитарлық көмек жинады. * Freedom зардап шеккендерге көмек ретінде 1 млрд теңге бөледі. * Шымкентте 130-дан астам волонтер қайырымдылыққа жұмылып 10 тонна зат тиеген жүк көліктері зардап шеккен аймақтарға жіберілді. * Jusan Bank су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек көрсету үшін 300 миллион теңге бөлді. * Halyk Bank және "Халық" қоры өз қаражатынан 1 млрд теңге бөлу туралы бірлескен шешім қабылдады. 10 сәуірде банк тағы 450 млн аударғанын мәлімдеді. * Қазақмыс пен KAZ Minerals су тасқынынан зардап шеккендерге 800 миллион теңге бөлді. * «Астана Моторс» компаниясы зардап шеккендерге 500 миллион теңге көмек берді. * Болат Өтемұратов қоры тасқыннан зардап шеккендерге 680 миллион теңге бөлді. * BI Group су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға 500 миллион теңге бөлді. * PTC Holding су тасқынынан зардап шеккендерге 150 миллион теңге бөлді. * Еуразиялық банк Қазақстандағы су тасқынымен қамтылған өңірге 200 миллион теңге жолдады. * «Теңізшевройл» 2 миллиард теңге қаражат бөледі. * «ҚазТрансОйл»-дың 5 мыңнан аса қызметкері 80 миллион теңге қаражат жинап берген. * «Қазақстандық коммуналдық жүйелер» мекемесі 300 миллион теңге бөлген. * Қазақстан Халық ассамблеясы жалпы сомасы 5 миллион теңгеге көмек көрсетті. * Алматыдағы Қырғыз диаспорасы: #БізБіргеміз акциясы аясында Алматыда жұмыс істейтін қырғыздардан қазақ ағайындарға 5 фура гуманитарлық көмек жөнелтілді. * «Самұрық-Қазына» қоры су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 15 млрд теңге бөлді. Қордың корпоративтік орталығы, «Қазмұнайгаз», «Қазатомөнеркәсіп», «Қазақстан темір жолы», QazaqGaz, KEGOC, «Қазақтелеком», «Эйр Астана», «Самұрық-Энерго» көмек көрсетті. * Kusto Group су тасқынынан зардап шеккендерге 400 млн теңге бөлді. * "Банк ЦентрКредит" АҚ тобы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 5,5 млрд теңге аударды. * Allur су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу үшін 3 млрд теңге бөледі ### Гуманитарлық көмек: Кәсіпкерлер * Вячеслав Ким, Михаил Ломтадзе – 20 млрд теңге * Ғалымжан Есенов – 6,7 млрд теңге аударатынын хабарлады. * Нұрлан Смағұлов – 6,1 млрд теңге * Тимур мен Динара Құлыбаевтар – 1 млрд теңге жіберді. * Бетперде киген жігіт – 450 млн теңге * Арман Тосқанбаев – 150 млн теңге * Ерлан Қожасбаев, Ораз Жандосов, Nan Yi – 100 млн теңге * Димаш Құдайберген – 15 млн теңге * Марғұлан Сейсембай – БҚО гуманитарлық көмек пен арнайы техникалар ### Еріктілер көмегі * Ақтөбе облысы: Өңірде облыстық волонтерлер штабы құрылды. Еріктілер заттар мен азық-түліктерді жинау пункттерінен эвакопункттерге тәулік бойы тасымалдауға көмектесті. Соңғы тәулікте 2000 адамға арналған ыстық тамақ ұйымдастырылды. * Ақмола облысы: Су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде волонтерлер су басқан аумақтардан тұрғындарды эвакуациялап, су бұру және құтқару қызметтерінің қызметкерлері үшін ыстық шай мен тамақ ұйымдастырды. * Батыс Қазақстан облысы: Аймақта 1000-нан астам волонтер жұмыс істейді. Олар ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп, Өскен, Новостройка ауылынан 500-ден астам тұрғынды эвакуациялауға көмек көрсетті. * Қостанай облысы: Волонтерлік қызмет пен көмек көрсетуді үйлестіру үшін волонтерлік штабтар құрылды. Штабтағы мобильді топтар үйлерден су шығарып, ыстық тамақ ұйымдастырып, гуманитарлық көмек тасымалдап, зардап шеккендерге медициналық және психологиялық қолдау көрсетті. Өңірде 1500-ге жуық волонтер көмек қолын созуда. * Абай облысы: Көктемгі су тасқыны салдарымен күреске 500-ден астам волонтер тартылды. Олар зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіп, эвакуациялауға атсалысып, азық-түлік пен қажетті заттарды жеткізумен айналысып жатыр. * Түркістан облысы: Ақтөбе облысына 30 тонна гуманитарлық көмек жіберілді. Гуманитарлық көмек қабылдау бойынша штабтар жұмыс істейді. 1000-ға жуық волонтер жұмылдырылды. Ақтөбе облысына екі көмек керуені жіберілді. 15 волонтер апаттық қалпына келтіру жұмыстарына қатысып, Ақтөбеде зардап шеккендерге көмек көрсетуде. * Астана: Тасқын қатты болған аймақтарға 14 газель гуманитарлық көмек, оның ішінде Қостанай облысына 8 газель жіберілді. Елордада көмек жинау және ұйымдастыру үшін 9 қойма жұмыс істейді, жалпы 30 волонтерлік ұйым және 200 волонтер жұмылдырылған. * Атырау облысы: Ақтөбе облысына азық-түлік, киім-кешек, гигиеналық құралдар мен тұрмыстық заттарды қоса алғанда 8 тонна гуманитарлық көмек жіберілді. * Шымкент: Су тасқынынан зардап шеккендерге 2 тоннадан астам көмек жиналды. Волонтерлер жергілікті халыққа көмек көрсету үшін, аймақтарға баруды жоспарлап отыр. * Павлодар облысы: «Күшіміз бірлікте» республикалық акциясы аясында 240 волонтер құтқарушылар мен өз бетінше көмек көрсетіп жүрген адамдарды ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, зейнеткерлер аулаларын қардан тазартты. * Маңғыстау облысы: «Біз біргеміз» акциясы аясында материалдық және гуманитарлық көмек жинау ұйымдастырылуда. Жақын арада 6 газель су тасқыны басқан өңірлерге жіберілетін болады. * Солтүстік Қазақстан облысы: Волонтерліктің фронт-кеңсесі және «Көмек жаныңда» волонтерлер қозғалысы ТЖД-мен бірлесіп халыққа нұсқаулар жүргізді. Су басу қаупі әлі де бар жерлердегі тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жасалып, ақпараттық материалдар таратылды. ## Халықаралық реакция Әзербайжан Қазақстандағы су тасқынына байланысты көңіл айтты. Ақтаулық Әзербайжан этномәдени бірлестігі елдегі су тасқынынан зардап шеккен атыраулықтарға 7 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Германия Ғылым және білім министрлігінің делегациясы Қазақстанға келіп, тасқынмен күрестегі тәжірибесімен бөлісуге ниетті. Одан бөлек, Қазақстанға неміс кәсіпкерлерлері де қол ұшын созып жатыр. Қаржылай көмектен бөлек олар Қазақстан құтқарушыларына сорғы техникасы мен тракторлар беріп, гуманитарлық жүкті жеткізу жағын ұйымдастыруға әзір екендерін айтады. Еуропа одағы су тасқыннан зардап шеккен қазақстандықтарға 200 мың еуро (95 млн теңге) бөлді. Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсетілетінін баяндады. 6 сәуірде 15 фура (300 тонна) гуманитарлық көмек Жамбыл облысына келіп жетті. Қырғызстан Қазақстанға бауырластық көмектің екінші легін жолдап отыр. Бұл 144 тонна сүт өнімдері: биоайран, қаймақ, сары май, ірімшік, құрғақ сүт. 18 сәуірде Қырғыз Республикасының Ішкі Істер Министрлігі Қазақстандық ІІМ өкілдеріне 50 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына дәрі-дәрмек, резеңке етік, дизельдік және электр генераторлары, үрлемелі қайықтар, шатырлар, матрацтар, азық-түлік, төсек-орын жабдықтары беріледі. Қытай шығыс жағалауындағы Ляньюньган портынан Атырауға гуманитарлық көмек жеткізілді. Өзбекстан Қазақстанға 15 көлік гуманитарлық көмек жіберді. Көмек құрамы: азық-түлік, балалар мен ересектерге арналған киім-кешек, матрацтар, көрпелер, жастықтар, гигиеналық құралдар, арнайы құрал-жабдықтары бар шатырлар, резеңке қайықтар жинақтары және басқа да қажетті заттар. Сербия су тасқынынан қираған баспана құрылысына 1 миллион еуро бөлді. Тәжікстан этномәдени орталығы жалпы құны 25 млн теңгеге 35 тонна азық түлік, төсек жабдықтары мен өзге де қажетті бұйым жиналып, бүгін елордадан Солтүстік Қазақстан облысына жіберді. Түркия Қазақстанға көмек қолын созуға дайын екенін мәлімдеді. Түркияның Ақтаудағы бас консулдығы Атырау қаласындағы түрік қауымдастығы зардап шеккендерді қолдау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады. Түрік компаниялары халықты эвакуациялауға, оны уақытша орналастыруға, сондай-ақ бөгеттер салуға қатысады. Ұлыбритания СІМ басшысының орынбасары Нусрат Гани көмек беруге дайын екенін айтты. ЮНИСЕФ балалары бар отбасылар арасында бөлу үшін Алматыдан Ақтөбеге 200 отбасылық санитарлық-гигиеналық жиынтықтар мен басқа да керек-жарақтарды жіберді. ## Қылмыс Ақтөбе облысында тасқын кезінде бұзылған бөгетке қатысты мердігердің үстінен іс қозғалды. Әйтеке би ауданының Талдысай ауылында орналасқан бұл нысан ағын судың екпініне шыдас бермеген. «СК Гранд каналы» ӨК мекемесіне қылмыстық кодекстің «салғырттық» бабы бойынша іс қозғалды. Алматыда, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Ұлытау облысында 1 млрд теңгеден астам ұрлық белгілері бойынша төрт іс қозғалды, бес адам күдікті. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Қазақстандағы су тасқыны - Жаңалықтар (қаз.) | inform.kz * Новости Паводки-2024 (орыс.) | zakon.kz
Қозы Көрпеш – Баян Сұлу — XIII-XIV ғасырлардан бастап жырланып, XIX ғасырдың ортасында қағазға түскен қазақ халқының лиро-эпостық жыры. Поэма Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже ақындардың орындауында ауызша таралған. 20-ға жуық нұсқасының ішінен ең белгілісі - Жанақтың нұсқасы. Алғаш ел арасынан жинап, хатқа түсіргендер: Г.Саблуков (1830), Ғ.Дербісалин (1834), А.Фролов (1841), Шоқан Уәлиханов (1856). Жырдың мазмұнын М.Путинцев орыс тіліне аударып бастырды (1856), кейін В.Радлов "Түркі тайпаларының халық әдебиеті үлгілері" жинағының 3-томына еңгізді (1870). ## Сюжеті Жыр Сарыбай мен Қарабайдың аң аулап жүріп құда болып, Қозы мен Баянды күні бұрын атастыруынан басталады. Сол кезде аң аулап жүріп, ұлды болғанын естіген Сарыбай, баласын көре алмай қаза табады. Атастырылып қойған Қозы мен Баян жүздерін көрмегенімен, бір-біріне ғашық болады. Уақыт өте келе сараң Қарабай қызын жетім ұлға бергісі келмей, бір кезде отарын жұттан құтқарған, жергілікті палуан Қодарға ұзатпақшы болады. Қос ғашықтың арасына тосқауыл болған Қодар айласын асырып, зұлымдықпен Қозының басын алады. Қайғыдан қабырғасы қайысқан Баян өш алу үшін қулыққа көшеді. Ол Қодарға өзіне құдықтан су алып берсе, күйеуге шығатынын айтады. Алданған Қодар Баянның шашынан ұстап, құдықтың түбіне түсе бергенде, айлакер қыз бұрымын кесіп тастайды: Қодар түпсіз тұңғиыққа құлап, қаза табады. Сөйтіп Қозының кегі қайтарылады. Батыр қыз ғашығының күмбезіне келіп, өзіне қанжар салып қол жұмсайды. ## Жырдың негізгі идеясы «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» поэмасының негізгі идеялық-мазмұны сол дәуірдегі жастардың сүйіп қосылуын арман еткен тілек-мүдделерді қамтиды. Әуелде поэманың идеялық бір сабағы жесір дауымен байланысты болғанға ұқсайды. «Жесір ерден кетсе де, елден кетпейді» деген пікірді де сабақтастырған. Кейін ол жақтары көмескіленіп, сүйіспеншілік мәселесі негізгі орын алып, оқиға тек сол тақырыптың айналасына ғана шоғырланып, басқа жайттар тек соны дәлелдеуге жарарлық дәрежеде қалған. Поэманы оқыған адамның мақсаттарына жете алмай, өмірден арманда өткен екі жасты аяйтыны да, олардың қосылуына көлденең тұрған Қарабай мен Қодарға қарғыс айтатындығы да сондықтан. Жырда айтыс, тұрмыс-салт жырлары: естірту, жоқтау, қоштасу, т.б. кеңінен қолданылады. Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже, т.б. ақындар әр кезде дастан оқиғасын өздерінше жырлаған. ## Зерттеулері мен аудармалары Жырда көптеген салт-дәстүр түрлері бар. Мысалға: Белқұда, Жар-жар, Ежеғабыл және т.б. Орал қаласына "Е.И.Пугачев бастаған көтеріліс" жайлы ақпарат жинауға келген А.С. Пушкин, жыр желісімен танысып, қызығушылық танытып, үзінділерін жазып алған.Бұл жырды С.Кастанье, Н.Абрамов, Г.Потанин, т.б. ғалымдар жоғары бағалаған. Н.Пантусов, Р.Әбдірахманов, Е.Баранов, т.б. зерттеушілер жырды орыс тіліне қара сөзбен тәржімалап, жариялады.Жазушы Г.Твертин (1889 – 1921) орыс тіліне тұңғыш рет өлеңмен аударып бастырды (1927 – 35). 1878, 1890, 1894 және 1905 ж. Қазан қаласында жеке кітап болып жарық көрді. Кеңестік дәуірде алғаш 1925 ж. Мәскеуде шықса, жырдың Жанақ нұсқасын 1936 ж. Мұхтар Әуезов Алматыда шығарды. Жырды Мәлік Ғабдуллин, Ысқақ Дүйсенбаев, Әуелбек Қоңыратбаев, т.б. ғалымдар салыстыра зерттеген. Дастанның басқа да түркі халықтарында тараған нұсқалары бар. ## Жырдың кейіпкерлері Қозы — бастапқы кейіпкер. Ол алдынан шыққан қиыншылықтарға қарамастан, өз сезіміне берік болып, шынайы махаббаттың бар екендігін дәлелдейді.Баян — ақылына көркі сай Баян сүйгеніне ешкімді ауыстырмайтын, өзінің антына берік, өз сезімі үшін күресе білетін жағымды кейіпкердің бірі.Қодар — Қозы мен Баянның арасына түскен жағымсыз образдың бірі. Махаббат оқиғасында әрқашанда екі ғашықтың арасына түсетін жағымсыз кейіпкер. Шын аты - Әбдіжаппар.Сарыбай — Қозының әкесі. Ол өте батыл, ақылды, қайсар адам.Қарабай — бүкіл зұлымдықтың иесі, ол жырдың өң бойында қара ниетті, сараң, ойлайтыны тек бас пайдасы, есіл-дерті тоқсан мың жылқысы.Өз туған қызын Қодарға өз пайдасы үшін береді. «Қарабай» деген есімі оны толық мінездеп, әрі бағалап тұр: қарау, пасық, арам жан деген мағыналарды береді. Қарабайдың мінез-құлқы, пиғылы, іс-әрекеті мұны толық дәлелдейді.Айбас — жырдағы өте ұнамды кейіпкердің бірі. Қозы Көрпеш ержеткенде Баян сұлудың бірінші рет барып көргені Қозының ағасы Айбас.Ай мен Таңсық — Қарабайдың асырынды қыздары. ## Қозы Көрпеш - Баян Сұлу трагедиясы Ғ.Мүсіреповтің халық жыры негізінде жазған 4 перделі, 7 суретті трагедиясы. Шығарма 1939 ж. сәуір айында жазылып біткен. Трагедия алғаш рет Қазақ академиялық драма театрында режиссер М.Г. Насоновтың сахналауымен 1940 ж. 29 сәуірде көрермен назарына ұсынылды. Спектакльге О.Жұмағұлов (Қозы Көрпеш), Ж.Жалмұхамедова (Баян), М.Шамова мен Р.Қойшыбаева, С.Қожамқұлов (Қарабай), Е.Өмірзақов пен Қ.Әділшінов (Жатық), Ш.Айманов пен Ә.Хасенов (Қодар), т.б. актерлер қатысты. Пьеса бірнеше рет орыс тілінде басылған, эстон тілінде кітап болып шыққан (1948, Таллин). "Қ. К. - Б. с." 1950 ж. Мәскеу драма театрында "Махаббат дастаны" деген атпен қойылды, сондай-ақ, КСРО Республикаларының театрларында бірнеше тілдерде сахналанды. Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" пьесасынан көрініс. Қозы - Т.Мейрамов, Баян - Б.Жанғалиева. Қазақ академиялық драма театры 1983 ж. ## Қозы Көрпеш - Баян сұлу күмбезі Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың ізі тек жырда ғана қалған жоқ, қос ғашықтың көзіндей болып келе жатқан мазар да бар. Бұл мазар Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Таңсық теміржол бекетінен 10 шақырымдай жерде, Аягөз өзенінің бойында орналасқан. Жалпы биіктігі – 12 метрге жуық. Мазар табаны төрт бұрышты таған түрінде болып келеді. Сырт жағынан ауданы 7,10x7,10 м, ішкі жағынан 3,38x3,38 м, жоғары қарай сүйірленіп, қүмбезделіп өрілген. Қабырғасы гранит қалақ тас пен сабан аралас балшықтан қаланған. Есігі күншығысқа қарап тұр. Ескерткіштің тұрғызылған уақыты туралы әртүрлі пікірлер бар. Бір зерттеушілер V-X ғасырда көтерілген десе, енді бірі X-XI ғасырда орнатылғандығы туралы айтады. Бұл кезеңдерде адам мүсіндері тастан ойып жасалынған және олар жоғары бағаланған. Қос мұңлық күмбезінің салынуы жайлы да түрлі деректер кездеседі. Соның бірі Жанақ ақынның жеткізуі бойынша, күмбезді Айбас 50 мың адаммен бірігіп салған. Ол үшін жақын жердегі таудан тастар әкелінген. Тау мен Аягөз өзенінің бойында көптеген тайпалардың мыңдаған кісілері атпен тізбектеле тұрып, бір қолдан бір қолға беріп жеткізіп тұрған. Олар үш көш жерден (90 километр) тас тасып, Аягөздің биік белесінен күмбез жасайды. Ол күмбез әлі тозған жоқ, оларды ұмыттырмай, артында белгі болып келеді (Жанақ).< Өлсе - дағы Қозыкем арманы жоқ, Сурет болып бітіпті Аягөзге. (Жанақ.) Өлсе - дағы Қозыкем арманы жоқ, Сурет болып бітіпті Аягөзге. (Жанақ.) Өлсе - дағы Қозыкем арманы жоқ, Сурет болып бітіпті Аягөзге. (Жанақ.) Өлсе - дағы Қозыкем арманы жоқ, Сурет болып бітіпті Аягөзге. (Жанақ.) Өлсе - дағы Қозыкем арманы жоқ, Сурет болып бітіпті Аягөзге. (Жанақ.) (Жанақ.) (Жанақ.) (Жанақ.) (Жанақ.) (Жанақ.) (Жанақ.) (Жанақ.) (Жанақ.) Халық аңызы бойынша, Қозы Көрпеш - Баян сұлу күмбезі қаланған тасты басқа бір таудан әкелген.Аягөз бойында тұрған бұл кешен мен оның ішіндегі мүсін тастар - исламнан көп бұрын жасалған өте ескі дәуірдің белгілері. Олар Түрік қағанаты кезінде (VI - VIII ғғ.) шыққан. Адамның суретін салған мүсін тасты халық сол кезден ерекше қадірлеген. Және бір ғажайып жері, олардың аты тек қана мүсін таста сақталып қоймай, жер аттарына да қойылып отырған. Оның зор дәлелі Баянның атымен аталатын сол жердегі «Баян жүрек» тауы, Аягөзге құятын екі өзеннің бірінің аты - Айтаңсық, бірінің аты - Айғыз. Бұлардың барлығы бір кездегі тарихта болған оқиғаны еске түсіріп, солардың халық ортасына көп тараған терең сырларын сақтап келген, әсіресе «Баян жүрек» тауы. Баян мен Қозы Көрпештің жиі қосылып сүйіскен жері деп білу керек.Ал қазақтың тұңғыш ғалымы Ш.Уәлихановтың зерттеулеріне сүйенсек, Аягөз өзені бойында төрт балбал тастар болған. Тастан жасалған бұл мүсіндер жырдағы кейіпкерлердің нақты бейнелерін кейіптейді. Оның үшеуі әйел адамдар: Баян және Баянның сіңлілері Ай мен Таңсық, ал ер адам – Қозы. Жырдағы ең жарқын түрде айтылатын әдемі сурет Қозы Көрпештің кешені мен оның ішінде тұрған осы төрт мүсін тас. Олар туралы жырда былай делінген: Суреті Аягөздің тасында тұр, Қабыры екеуінің қасында тұр, Суреті Аягөздің тасында тұр, Қабыры екеуінің қасында тұр, Суреті Аягөздің тасында тұр, Қабыры екеуінің қасында тұр, Суреті Аягөздің тасында тұр, Қабыры екеуінің қасында тұр, Суреті Аягөздің тасында тұр, Қабыры екеуінің қасында тұр, Сондай-ақ, ғалым ескерткіштің биіктігіне таң қалып, «тоғыз адам бірінің үстіне бірі мініп тұрған кезде, ең үстіндегісі ғана күмбезге қол жеткізе алады» деген пікір білдірген. Жырды зерттегенде, ғалымдардың да аса көңіл қойып, қызыға қарағаны, әсіресе, Көрпеш пен Баян сұлудың тарихи заманнан келе жатқан ұлы мұнарасы, сәулетті етіп жасаған биік кешені. Ескі қазақтар ондай құрылысты «дың», «діңгек» деп атаған. Мұндай ескерткіштер Қазақстанның көп жерінде осы күнге дейін сақталып келеді.Ескерткіш тек халық жадында, аңыз беттерінде емес, ақын жырларынан да өзіндік орнын алып жүр. Оған бірден бір дәлел – "Аяқтап болып махаббат дейтін сапарды,Қозы мен Баян моласы, міне, атанды.Қалауын қанша тапқаныменен, қара тас,Қайырымсыз ата Қарабайдайын қатал-ды" – деп басталатын М.Мақатаевтың «Махаббат моласы» өлеңі. ## Аналогтары мен өңдеулері Кейбір түркі халықтарының фольклорларында жырдың басқа нұсқалары кездеседі. Мысалы, башқұрттарда — «Кузы Курпеш мэнен Маян сылу», барабан татарларында — «Козы Корпеш», алтайлықтарда — «Козы Эркеш» деп аталады.Жыр желісі бойынша Ғабит Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесасы, 1954 жылы сол Мүсіреповтың сценарийі бойынша «Махаббат туралы поэма» фильмі түсірілді.1992 жылы танымал қазақ режиссері мен актері Асанәлі Әшімов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» кинофильмін түсірді. ## Қызықты мәліметтер * Әулие Валентин күні христиандық мейрам болғандықтан, «15 сәуір — Қозы Көрпеш — Баян Сұлу күні», ғашықтар күні болып белгіленді. Бұл идеяны көтерген Дархан Мыңбай деген ОҚО тұрғыны. Мереке 1999 жылдан бері атап өтіліп келеді. * Жырға сүйенсек Баянның сәлемдемелерін Қозыға жеткізер жолында Айбас барлығын әр жерде құлатып алған. Сол жерлер Баянның жіберген заттарымен аталған. Ал кейбір мекендерге Айбастың өзі атау беріп отырған. Мысалы: Жамшы (Тоқырауын), Қарқаралы, Домбыралы-Моншақты Баянауыл, Жауырбұғы және т.б. ## Сыртқы сілтемелер * Қозы Қозы Көрпеш - Баян сұлу жыры * Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күнінің тарихы ## Дереккөздер
Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы — Абай Құнанбайұлының өмірі мен ақындық жолына байланысты материалдар жинақталған мәдени мекеме. 1940 ж. 16-қазанда Абайдың 95 жылдық мерейтойына орай Семей қаласында ашылған. Алғашында қазіргі Абай көшесі, 83-үйде ұйымдастырылды. Ал 1944-67 жылдары қазіргі Комиссар көшесі 132-үйде орналасып, 1967 ж. музейдің экспонаттар қоры көбеюіне байланысты мемлекеттік архитектуралық ескерткіш болып саналатын Ленин көшесі 12-үйге көшірілді. Абай музейі-қорығындағы музей заттарының жалпы саны 22 232 бірлікті құрайды. Оның ішінде негізгі қор -12516 бірлік, ғылыми-қосалқы қор - 9716 бірлік. 11 дербес тақырыптық залдарға орналасқан. «Абай. Жыл мезгілдері», «Дала әуені», «Абайдың балалық шағы», «Ақынның қалыптасуы», «Абайдың шығармашылығы», «Абайдың ақындық мектебі», «Абайдың отбасы», «Қара сөздер», «Абай мұрасы», «Мультимедиялық зал», «Балалар бөлмесі» бөлімдерінде Абай өміріне байланысты архивтік материалдар, түрлі құжаттар, қазақ халқының тұрмыстық-этнографиялық өмірін бейнелейтін заттар, қол өнері мен бейнелеу өнерінің туындылары, сол кезеңде өмір сүрген ақындардың қолжазба мұралары, фотосуреттер, сирек кездесетін кітаптар т.б. орналыстырылған. Семейдің тарихи-өлкетану музейін ұйымдастыру кезінде Абайдың өз қолымен тапсырған қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін танытатын, салт-дәстүрін дәріптейтін жәдігерлер қойылған. Ақын алақанының табы қалған бұл жәдігерлер 1885 жылы Абай ауылына келген Н.Долгополов арқылы музейге тапсырылып, аса бағалы әрі ғылыми құңдылығы жоғары жәдігер ретінде қазақтың тұрмысын, мәдениетін насихаттауға зор үлес қосып келе жатқанын айырықша атап өтуге болады.Абай тапсырған заттар көшпелі халықтың тұрмысын, шаруа-кәсібін, мәдениетін, өнерін танытатын: ұлттық музыка аспаптары, ертоқым, ыдыс-аяқ, қару-жарақ, киіз үй жиһаздары, тоғызқұмалақ, ұста саймандары болып бөлінеді. Жәдігерлердің сан алуандығы Абайдың қазақ халқының этнографиясын жан-жақты танытуға ғылыми тұрғыдан қарап, заттарды жүйелі түрде жинақтағанын көрсетеді. ## Музей тарихы… Музей 1940-1944 жылдары Бекбай Байысовтың үйінде ашылып, 1944-1967 жылдары Әнияр Молдабаевтың үйіне қоныс аударады. Бұл екі үйдің де Абайға қатысы бар. Ақын 1875-1904 жылдары Семей қаласына келгенде осы үйлерге түсіп жүрген. 1967 жылы Абайдың 125 жылдық мерейтойы қарсаңында музей қаладағы сәулет ескерткіштерінің бірі саналатын, ұлы ақын өмір сүрген дәуір үлгісімен салынған көпес Роман Ершовтың үйіне көшірілді. Музей алғашқы ашылған жылдары «Абайдың мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражайы» деген атпен Оқу министрлігінің қарауында болады. Одан соң мәдени-ағарту мекемелері басқармасының қарамағына көшті. 1990 жылы «Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы» болып қайта ұйымдастырылды. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Абайдың-Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік музей-қорығы құрмына: Семейдегі Бас музей, Ахмет Риза мешіт-медресесі, «Алаш арыстары – М.Әуезов» музейі, Жидебайдағы Абайдың музей-үйі, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені, «Шәкәрім Саят қорасы» экспозициясы, Әуезовтің Бөрілідегі музей-үйі, Көкбай Жанатайұлының Тақырдағы мешіт-медресесі, Мақаншыдағы Әсет Найманбайұлының музейі, Құндыздыдағы Шәкір Әбенұлының музей-үйі, Абай ауданы Қарауыл ауылындағы Кәмен Оразалин музей-үйі, 6400 га Жидебай қорығы кіреді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурызында бекітілген № 119 бұйрығына сәйкес республикалық маңызы бар ескерткіш статусы берілген. ## Музей экспозициясы * . «Абай. жыл мезгілдері» - экспозициясы Абай Құнанбайұлының жыл мезгілдеріне арнап жазылған өлеңдері негізінде жасалған. Жылдың төрт мезгілін қазақ әдебиетінде алғаш суреттеген ақын ол – Абай. Залда Абай Құнанбайұлының өлкетану музейіне тапсырған заттары ерекше орын алады. * . «Дала әуені» - бұл бөлімде көрермендер назарына музей қорындағы екі ішекті домбыра, үш ішекті домбыра, қыл қобыз, сыбызғы, дауылпаз сияқты музыкалық аспаптары ұсынылады. * . «Ақынның балалық шағы» залында ақынның ата-тегі, шежіресімен танысуға болады. Шежіре Ш.Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» тарихи еңбегіне негізделеді. Бұған қоса әкесі Құнанбай, анасы Ұлжан, әжесі Зере туралы мағлұматтар алуға болады. * . «Ақынның қалыптасуы» залындағы архив деректері Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлының ел билеу жұмыстарымен таныстырады. Абай оқыған Ахмет Риза медресесіне арналады. * . Абай шығармашылығы» экспозициясында ақын шығармалары тақырыптар бойынша жүйеленіп көрсетілген. Хакім Абайдың философиялық тұжырымдамаларымен экспозицияның орталық стендінде көрсетілген қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі шығармалары таныстырады. * . «Абайдың ақындық мектебі» залы ұстаз-ақынның тікелей тәлім-тәрбиесінде болып, Абай дәстүрін жалғастырған ақын-шәкірттерімен таныстырады. Ш.Құдайбердіұлы және Шәкәрімнің мұрагері және шығармаларын насихаттаушы ақын, ұстаз, композитор А.Шәкәрімұлы мен «абайтану» ілімінің негізін қалаған ғалым, жазушы, М.Әуезов туралы мәліметтер берілген. * . «Абайдың отбасы» залы Абайдың отбасы мен ұрпақтарына арналған. Экспозициядан Абай Құнанбайұлының отбасына қатысты заттар – Әйгерімнің ертоқымы, Еркежанның көйлегі мен камзолы және қыз-келіншектердің зергерлік әшекей бұйымдары орналасқан. Ақын ұрпақтарының шежіресі мен ұрпақтары туралы материалдар жеке көрсетілген. * . «Қара сөздер» Абай Құнанбайұлының ғақлия сөздеріне арналған. Абайдың қара сөздері жалпы тақырып, мазмұн жағынан алғанда, оның ақындық мұрасымен тығыз байланысты. Қара сөздеріне арналған залда көрермендер ақынның өсиетімен танысып, бізге мұра етіп жазған сөздерінен Бата алады. * . «Абай мұрасы» залы хәкім Абай Құнанбайұлының қалдырған өшпес мол мұраларына арналады. Экспозицияда ақын шығармаларының насихатталуындағы кезеңдер көрсетілген. * . «Мультимедиялық зал» Абай Құнанбайұлының музыка саласындағы үлкен мұрасынан хабар береді. Мультимедиялық қондырғылармен жабдықталған залда көрермендер Абай Құнанбайұлының музыкалық шығармаларымен таныса алады. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Ресми сайты Мұрағатталған 18 қыркүйектің 2020 жылы. * Абайдың әдеби-мемориалдық музей-қорығы қалай құрылды? * Абай музейі - ел тарихындағы тұңғыш әдеби мұражай YouTube сайтында
Ерлан Асқарұлы Татимов - (1966 жыл 8 сәуір) Ақтөбе облыстық фтизиопульмонологиялық орталықтың бас дәрігері, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі. ## Туған жері Ерлан Асқарұлы Татимов 1966 жылы 8 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Бүржар совхозының Жамбыл учаскесінде көп балалы отбасында дүниеге келген. 1982 жылы С.Сейфуллин атындағы орта мектебін бітірді. ## Білімі ● 1985 жылы - Шымкент медицина училищесі; ● 1988 жылы - Ақтөбе мемлекеттік медицина институты, "Емдеу ісі" факультеті; ● 1994 жылы - интернатура; ● 1998 жылы - нейрохирургия бойынша клиникалық ординатура; ● 2012 жылы - "Дүние" Ақтөбе әлеуметтік-техникалық университеті, "Есеп және аудит" мамандығы. ## Еңбек жолы ● 1985 жылы - Оңтүстік Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станция дәрігерінің көмекшісі; ● 2001 жылы - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы орталық аудандық аурухананың бас дәрігері; ● 2003-2004 жылдары - Ақтөбе облыстық қан орталығының директоры; ● 2004-2011 жылдары - Ақтөбе қалалық №2 емхананың бас дәрігері; ● 2011-2012 жылдары - Ақтөбе облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары; ● 2012-2020 жылдары - Ақтөбе облысы туберкулёзға қарсы диспансердің бас дәрігері; ● 2020 жылдан бастап Ақтөбе облыстық фтизиопульмонологиялық орталықтың бас дәрігері. ## Ғылыми еңбектері Мынадай мақалалары бар: ● 2014 жылы - "Анализ госпитальной смертности в период 2011-2013 гг. по Актюбинскому областному противотуберкулёзному диспансеру"; ● 2015 жылы - "Современные подходы в организации противотуберкулёзной помощи населению Актюбинской области"; ● 2017 жылы - "О ходе выполнения программы интегрального контроля туберкулёза в Актюбинской области". ## Марапаттары ● "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" төс белгісі; ● "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл" мерейтолық медаль; ● "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл" мерейтолық медаль; ● "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 30 жыл" мерейтолық медаль; ● "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төс белгісі; ● "Шапағат" медалі; ● ҚР Президенті Н.Назарбаевтың алғыс хаты; ● ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың алғыс хаты; ● "Алтын Қыран" төс белгісі; ● "Үздік депутат" төс белгісі. ## Отбасылық жағдайы Отбасылы. Әйелі, 2 баласы, немересі бар.
Саңзар (өзб. Sangzor, Сангзор) — Өзбекстанның Жызақ облысындағы өзен, Заминсумен бірге аймақтағы ең ірі өзен болып саналады. Бастауы Құралаш десе (өзб. Guralashsoy, Гуралашсой), сағасы Қилы (өзб. Qili, Қили) деп аталады. XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басында өзен Жызақ және Жылан-өте деген атауларға ие болды. ## Жалпы сипаттамасы Саңзардың ұзындығы 198 км. Үлкен Кеңес энциклопедиясына сәйкес, суармалы желпуіштің іске қосылуына дейінгі су жинау алаңы 2530 км²; Өзбекстан ұлттық энциклопедиясының мәліметі бойынша су алабының таулы бөлігі 3220 км² құрайды. Осындай көлемдегі өзен үшін Саңзардың суы аз: судың орташа жылдық шығыны 4 м³/с (сағасынан 158 км — 2,12 м³/с). Су тасқыны наурыздан маусымға дейін (шілденің басына дейін) созылады, оның шыңы мамырда болады. Саңзардың сулары суаруға пайдаланылады. Ескітүйетартар арнасы арқылы Зарапшан өзенінен толтырылады. ## Құралаш Өзен Түркістан жотасының солтүстік беткейінде (Құралаш асуы аймағында) 3400 метр биіктіктен ағып жатқан бірнеше бұлақтардың қосылуынан бастау алады. Кішіжақ ауылындағы Жантіке өзеніне құяр алдында Құралаш деп аталады. Бастапқыда ағынының солтүстік-шығыс бағыты болған өзен оны тез солтүстік-батысқа қарай өзгертеді. Құралаштың жағасында кей жерлерде арша ормандары өседі. ## Орта ағысы Түркістан жотасы мен оның тармағы — Малғұзар жотасының арасынан өтетін Саңзар кең алқапты құрайды. Бұл жер телімінде өзен арнасы жартасты және көптеген шоңғалдар бар. Оның ені Сүттібұлақ елді мекенінің маңында 80 м, тереңдігі — 60 см. Бостан ауданында өзен солтүстікке бұрыла бастайды; одан әрі Балғалы және Қашқабұлақ елді мекендерінің маңында қайтадан шығысқа қарай еңістей бастайды. Ғаллаарал қаласынан төмен Саңзар Малғұзар жотасы мен Нұратау жотасын бөліп, Жызақ асуын құрайды. Өткелдің ең тар бөлігі Темірлан қақпасы шатқалы деп аталады. Өзен аңғарының бойында Орта Азия темір жолы мен Ұлы Өзбекстан тас жолы (М-39 тас жолы) салынды. Өткелден шығып, Жызақ қаласының аумағымен ағып өтеді. Суды пайдалануды реттеу үшін Жызақтан 9 шақырым жерде Саңзарға арна арқылы жалғасатын Жызақ суқоймасы салынды. ## Қилы Жызақтан Саңзар қайтадан солтүстікке бұрылады. Қаладан тысқары жерде өзен Қилы атанады. Жызақ шұратынан төменде өзен арнасы жиі құрғақ болады немесе өте аз мөлшерде ағынды суларды (суарудан қайтарылған) және жер асты суларын жинайды. Қилы өзенінің суы тұзды болып саналады. Балықты көлінің маңындағы өзеннің ені 14 м, тереңдігі 1,5 м, түбінің топырағы тұтқыр болып келеді. Кей жерлерде сайға құяды. Балықтытау тауларына жақын жерде Қилы Саркисов атындағы Оңтүстік Голодностеп арнасымен қиылысады. Алғабас елді мекені ауданында жалпы солтүстік-батыс бағытта беттеп, осы бағытта сағасына дейін ағады. Өзен Мырзашөл даласының батыс шетінде, Ақбұлақ коллекторының құйылысынан оңтүстікке қарай, ағынсыз Тұзқан көліне құяды. ## Саңзар салалары Өзенге 80-ге жуық сайлар мен бұлақтар құяды: Қожасай, Байқоңырсай, Көкжар, Аққорған, Таңатаптысай, Сутарықсай, Бақмазарсай, Наука және т.б. Олар Саңзарға жеке-жеке жете алмауы да мүмкін. ## Дереккөздер
Дәуімшар Құттықадамұлы (1770–1810) - Ресей отаршылдығына қарсы күресте қазақ жерінің тұтастығын сақтауда көрсеткен ерлігімен, табандылығымен танылған батыр. Кіші жүз, Адай руынан шыққан. Әкесі Құттықадам Тікенекұлы (1705–1798) қалмақтармен шайқасқа қатысқан. Орталық Үстіртте, Білеулі керуен сарайынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде жерленген. Дәуімшар батыр жөнінде нақты деректер аз. Х.Досмұхамедов өз еңбегінде оны Атағозы, Сүйінқара, Өтен, Нарынбай, Қүлбарақ, Жапарберді, Мыңбай, т.б. атақты батырлармен тең қояды. Халық арасында Дәуімшар батыр туралы Жемнің сол жақ жағалауында зерттеу жұмыстарын жүргізген экспедициялық отрядпен (кейбір мәліметтерде орыстар, енді бірінде ағылшындар) болған ұрыста қаза тапты деген аңыз бар. Шайқаста қаза тапқандардың барлығы, соның ішінде қарсыластарының басым күшінен сескеніп, шайқасқа қатысудан бас тартқаны үшін Дәуімшардың өз қолынан қаза тапқан. Құдабай батыр да сол жерге жерленіп, ол жер Дәуімшар қорымы аталып кеткен. Батырдың бейітіне қару мен ат бейнеленген құлпытас орнатылған. ## Дереккөздер
Евгений Константинович Малолетка (укр. Євген Костянтинович Малолєтка; 1 наурыз 1987 жыл, Бердянск, Запорожье облысы, Украина КСР) — 2022 жылдың наурызында Ресейдің Украинаға басып кіруі кезінде Мариупольді қоршау туралы фоторепортажымен танымал болған украиналық фотограф. ## Өмірбаяны Малолетка 1987 жылы Бердянск қаласында дүниеге келген, 2010 жылы Киев политехникалық институтын инженер мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы ол апта сайынғы пікірлермен танымал Evolution Media тобына кіретін Photolenta (PHL) фото ақпарат агенттігінде жұмыс істей бастады. 2012 жылы холдинг қайта құрылғаннан кейін Евгений УНИАН агенттігінде толық шаттық журналист болды. 2013-2014 жылдардағы Еуромайдан кезеңінде ол оқиғалардың жарқын фотосуреттерінің арқасында танымал болды және Associated Press, Al Jazeera, Der Spiegel және т.б. ірі фотоагенттіктермен штаттан тыс фототілші ретінде келісімшартқа отырып, өз бетінше жұмыс істеуге шешім қабылдады. 2013-2014 жылдары Малолетка Киевтегі президент Януковичтің биліктен кетуіне әкелген наразылық шерулерін жазды. 2020-2021 жылдары фотограф коронавирустық пандемия тақырыбымен жұмыс істеген. 2022 жылдың басында Малолетка Қазақстанда болды. Алайда Ресей басқыншылығына дайындық барысы туралы жаңалықтар аясында қаңтардың ортасында Харьковке оралып, Ассошиэйтед Пресс агенттігінің Донбасстағы тілшісі болып жұмыс істеді. Кейінірек Малолетка видеожурналист Мстислав Черновпен және продюсер Василис Степаненкомен бірге Мариупольге барып, қалада жұмыс істейтін халықаралық БАҚ-тың жалғыз өкілі болды. Команда қираған ғимараттарды, ауруханалардағы дәрігерлердің жұмысын және бейбіт тұрғындардың қазасын құжаттады. Ең үлкен резонанс 9 наурызда ресейлік оқ атудан кейін қираған перзентхана маңында түсірілген кадрлар болды. 20 күн бойы команда ресейлік қылмыстарды тіркеді, бірақ басқыншылар фотографтарды іздей бастағандықтан кетуге мәжбүр болды. Мариупольден кейін Евгений ыстық нүктелерде жұмысын жалғастырды: Харьков, Изюм, Херсон. Евгений Малолетка - 2022 жылдың наурызында Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруі кезінде Мариупольді қоршау туралы фоторепортажымен танымал болған украиналық фотожурналист. Халықаралық журналистер орталығының (ICFJ) 2022 жылғы Джеймс Найт халықаралық журналистика марапаттарының иегері. Сондай-ақ журналист және фотограф Мстислав Черновпен бірге олар Георгий Гонгадзе атындағы сыйлықтың лауреаттары атанды. ## Дереккөздер
Тарас Николаевич Чмут (укр. Тарас Миколайович Чмут; 13 қазан 1991 жыл, Коростышев, Житомир облысы, Украина) — украиндық әскери сарапшы, Әскери-теңіз күштері Теңіз корпусы резервінің сержанты, ерікті (волонтер), Ресей-Украина соғысына қатысушы. Украина әскери орталығының негізін қалаушы. «Вернись живым» қорының жетекшісі (2020 жылдан бастап). ## Өмірбаяны Тарас Чмут 1991 жылы 13 қазанда Житомир облысының Коростышев қаласында дүниеге келген. 16 жасында ол әскери тақырыптағы ең беделді отандық басылымдардың бірі - «Украина әскери порталының» негізін қалады. Ұлттық авиация университетінің аэронавигация институтына «Ұшу және навигациялық техника кешендері» мамандығы бойынша оқуға түсті. 2014 жылы Ресей-Украина соғысының басталуымен Тарас Чмут белсенді ерікті болып, "Украин әскери порталы" командасы құрған "Әскери көмек" жобасының үйлестірушісі болды. 2015 жылы Тарас Чмут ҰАУ магистратурасын бітіргеннен кейін Украина Қарулы Күштерінің қатарына қосылуға шешім қабылдады. Келесі 2,5 жыл бойы ол келісім-шарт бойынша 501-ші және 137-ші батальондардың құрамында Теңіз жаяу әскерлерінде қызмет етті. Қызметте жүргенде ол ерікті қызметін тоқтатпады, «Теңіз жаяу әскерінің күнделігін» жүргізді, онда ол батальонның ішкі мәселелерін қалың жұртшылыққа талқылады, Ұлыбритания мен Литвадан оқу курстарынан өтті. 2015 жылы және 2016 жылдың қазанынан 2017 жылдың маусымына дейін Широкино мен Павлополь түбіндегі ұрыстарға қатысты. 2017 жылы Чмут сержант шенімен Украина Қарулы Күштерінен зейнеткерлікке шықты және Милатра порталында жұмысын жалғастырды. Сонымен бірге ол «Вернись живым» қайырымдылық қорының жұмысына қосылды. Әуелі қордың талдау бөлімінің құрылтайшыларының бірі болды, кейін оны басқарды, 2020 жылғы 24 қарашадан бастап қордың өзін басқарды. 2022 жылы «Отан қорғаушы» медалімен марапатталды. Тарас Чмуттың қазіргі жұмыс күні негізінен әртүрлі кездесулерден тұрады. Бұл қордың әртүрлі бөлімшелерінің басшыларымен, НМУ, Украина Қарулы күштері, Бас барлау басқармасы және басқа да бөлімшелердің өкілдерімен байланыс, әртүрлі құжаттармен жұмыс істеу т.б. ## Дереккөздер
Эльмира Қайратқызы Букаева (7 қазан 1984 жыл, Гурьев, Гурьев облысы Қазақ КСР — Қоғам қайраткері, Ел жанашыры, психолог, энергопрактик, мұнайшы. ## Өмірбаяны Атырау қаласы, СТГ ( Средняя Техническся Гимназия)  - Орта Техникалық Гимназияны қызыл дипломмен аяқтаған. Атырау Мұнай және Газ университетін - Химиялық, Экологиялық Экспертиза бакалаврын қызыл дипломмен тәмәмдәді. Квантовая Психология, Ресей Harvard Medical School faculty of psychology, USA Эльмира үшін адам энергиясын зерттеудің негізін қалаған Израильдің философы және зерттеушісі Михаэль Лайтман, содан алғаш рет 2012 жылы білім алған. Философпен әңгімелесу арқылы Эльмираның ғылымға деген қызығушылығы арта түсіп, «әлемдегі ең ықпалды рухани ұстаз» Экхарт Толледен білім алуын жалғастырған. Алғашқылардың бірі болып сананың шындыққа әсерін ғылыми тұрғыдан зерттеген Джо Диспензаның өзіндік әдісін зерттеген. Нейрофизика мен нейробиология әлемін ашқан ол - бүгінгі таңда сол саланы терең зерттеп, жалғастыруда.  Мықты іргетас құрып алғаннан ол сандар ілімін оның негізін қалаушыларының бірі - Рами Блект пен Жанат Қожамжаровтан адамның энергиясын кешенді зерттеп, оның шынайы әлеуетін анықтауды үйренген. Бүгінгі таңда психология мен нейробиологияны, квантты физика мен энергия элемін қатар зерттеп, білікті дүниежүзілік мамандардан білім алуда. ## Марапаттары * Алтын Журек, Алтын Адам, «Намыс» ## Шығармашылығы * «Путеводитель Энергии и Успеха» ## Жеке өмірі Тұрмыста, екі баласы бар. ## Сілтемелер * @EllemiraEnergize
Рудный индустриялық университеті — Рудный қаласында орналасқан мемлекеттік жоғары оқу орны. ## Тарихы 1959 жылы 25 маусымда Рудный қаласында Соколов-Сарыбай КБК дерегінде Қазақ Мемлекеттік Металлургия институының (ҚазММИ) кешкі факультеті ашылды. 1962 жылғы 22 тамызда ҚазКСР ЖАОБ министірлігінің № 802 бұйрығымен кешкі факультет ҚазММИ индустриалдық факультеті болып қайта құрылды. 1964 жылғы 5 наурызда ҚазКСР ЖАОБМ № 175 бұйрығымен ҚазММИ индустриалдық факультеті Қазақ политехникалық институтының (ҚазПИТ) филиалы болып өзгерді. 1978 жылғы 1 қаңтарда КСР Министрлер Кеңесінің № 765 қаулысымен ҚазПТИ филиалы Қазақстандағы елу үшінші еркін жоғары оқу орны Рудный Индустриалдық Институты болды. ## Факультеттері Университетте 3 факультет (тау-кен металлургия факультеті, энергетика және ақпараттық жүйелер факультеті, экономика және құрылыс факультеті) және 7 кафедра бар. ## Дереккөздер
Албан әйелдерінің одағы (алб. Unioni i Grave Shqiptare) — 1943 жылы құрылып, 1992 жылы таратылған социалистік Албаниядағы маңызды бұқаралық ұйым болды. Сол кезеңдегі басқа бұқаралық ұйымдар мен бірлестіктер сияқты ол Демократиялық майданға қосылды. ## Тарихы Албан әйелдерінің одағы 1943 жылы Коммунистік партияның филиалы ретінде құрылды және Албанияның антифашист әйелдері (немесе антифашистік әйелдер одағы) деп аталды. Ол 1946 жылғы съезінде Албан әйелдерінің одағы деп өзгертілді. Оның міндеті ел әйелдерінің саяси-қоғамдық қызметін жұмылдыру, олардың идеологиялық дайындығын жүргізу, әйелдерді азат ету науқанын жүргізу болды. 1966 жылы Ходжа бастаған бұл науқан әйелдердің тең әлеуметтік және саяси құқықтарын қамтамасыз етуде айтарлықтай табысқа жетті. Акция аясында партияның әйелдер рөлі туралы бағытын түсіндіру үшін қалалардан әйелдер ауылдық аймақтарға жіберілді. 1980 жылдардың соңына қарай әйелдер жұмыс күшінің 47 пайызын және халық жиналысы депутаттарының шамамен 30 пайызын құрады. Әйелдер үкіметтің барлық деңгейлерінде жауапты қызметтерде болды және көптеген жұмыс орындарында бірдей жалақы алды. Кәсіподақты 1946 жылға дейін Ольга Плумби, 1946—1952 жылдары Некшмие Ходжа, 1952—1982 жылдары Вито Капо, 1990 жылы Албанияның Еңбек партиясы Орталық Комитетінің мүшесі Лумтурие Рекша басқарды. Албан әйелдерінің одағы 1992 жылы таратылды. ## Дереккөздер
Абыз Әтембекұлы (туған-өлген жылы белгісіз) — Адайдың Мұңал - Бәйімбет бөлімінен шыққан би, шешен. Әтембектің 9 баласының ішінен "Абыз би" атанған, есімі халық арасына кеңінен танымал Абыз Шегем Көбен би, Жары Назарұлы Шотан батыр, Табынай Айбас, Кенже Қонай батырлармен, Жаманадай Қарпық билермен замандас, сапарлас болған кісі. Абыз бидің кейінгі тікелей ұрпақтарының атадан балаға ұласқан тұқымды би болғандығына тарих куә. ## Шежіре Адай Батыр – Келімберді – Мұңал Батыр – Бәйімбет – Алдаберді – Райымберді – Текей – Әтембек – Абыз Абыздан: Есенжан би, Жылтыр-Дәрігер, Есқара, Жүсіп, Діңгіл. Есенжаннан: Төлеген, Бөлек, Мүшекөз, Шәмеке, Тоғызбай, Аманқұл, Қожамқұл, Жылқыайдар, Алдар би. Жылтырдан: Қамысбай, Қалдыбай, Шотыр, Бектұр, Шакірбай, Алдаберген, Қызыл Қисық Тиленші. Есқарадан: Досқара. Жүсіптен: Текей. Діңгіл: Молдабек, Еспенбет, Байәділ, Баймен, Жақсымбет, Досмамбет, Шотанбай. Ел ауызында мынадай аңыз бар: Әтембектің Абыз деген баласының тұқымы би болған: олар Әтембек би, одан Абыз би, одан Есенжан би, одан Алдар би, одан Тілеген би, одан Сәдуақас пен Қожа билер, Сәдуақастан Бәшен би. ## Сөздері Ет тәттілігін қойса, мен ұрлығымды қоямын деген екен қасқыр... Бәйімбет Абыз би: Тоқтының еті су, бойдақтың еті бу, құнан қойдың еті құрыш, дөнен қойдың еті бұрыш, қыс түспей үйтілген бесті қой, көкейімді тесті ғой деген екен. Жиналған көпшілік бір астың үстінде, - Ереке, қай малдың еті тәтірек? - деп сұраған екен. "Түйенің өркеш майына жон етін қуырғанда тәтті емес пе, жылқының жал-жаясы, қазы-қартасынан артық не бар, сиырдың тоқ ішегі, ешкінің бөтеке майы тәтті ғой" - депті, Есен Ермембет би. Мал баққан қазақта тамыздың он төрті болмай лақты соймаған. Дәмсіз болады деп. Жалпы қозыны соя берген, бірақ лақты тамыздың он төртінен кейін сойған. Қараша айында марқа, бұзау, құлын сойып, содан кейін, желтоқсанның басында еті дәмді кәрі қойды тауысқан. Қауыс, кәрі құртаңды тауыс деп, содан айтқан. Кәрі қойдың етінен кейін, жылқының етін жеген. Содан ақпан айында түйенің етін жеген. Науырыздың он бесінен кейін ет жемеген. Сонау мамырдың он төртіне дейін сүт, шұбат, қымыз ішкен. Ас қазанды жазған ғой. Екі ай ағарған ішсе асқазан қайтадан қалпына келеді екен. Мамырдың он төртінен бастап қайтадан қозы бағлан етін жей бастаған... ## Сілтемелер "Хан кегі" дастанында Светқали Нұржан ел басына келген ең бір шешуші кезеңдегі Абыз бидің әрекетін, оның елге басшы, ерге батагөй болғандығын былайша суреттейді. Сүйіндікқызы Бопай ханымның Орынбор генерал-губернаторы И.И. Неплюевке жазған талап-арызынан үзіндісі: Абызы Әтембектің төкпек қағып,Ерлерге берді бата – от боп қарып!.. Ер Шотан, Арғынбай мен Айбас, Қонай Белге ұрып бес қаруын кетті аттанып... ## Дереккөздер
Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы – Алматы қаласында орналасқан ғылыми мекеме. 1959 ж. Қ.И.Сәтбаевтың басшылығымен Қазақстанда балық ш-н дамыту мақсатында құрылған. Алғашқы кезде Атырау облысының Балықшы кентінде орналасты. 1963 ж. Балқаш қаласына, 1987 ж. Алматы қаласына көшірілді. Атырауда, Аралда, Балқашта, Өскеменде (Аблакетка кентінде) ин-ттың бөлімшелері ұйымдастырылды. Бастапқыда 1959–1997 ж. ин-т 179 жобаны іске асырды, 300-дей биол. негіздемелер жасады. ## Зерттеу жұмыстары ### Бірінші кезең Бастапқыда (1959 – 1964) негізінен Жайық өңірінде, Солтүстік Каспийде, Арал теңізінде, Алакөл, Балқаш көлдерінде, Бұқтырмада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. ### Eкінші кезең Зерттеу жұмыстарының екінші кезеңі (1965 – 1970) бірнеше облыстың (Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай) шағын көлдерін қамтыды. Республикада тоған және көл шаруашылықтарын ұйымдастыру биологиялық және экономикалық жағынан негізделе бастады. ### Үшінші кезең Зерттеу жұмыстарының үшінші кезеңінде (1970 – 1990) балық өнімділігін көтеруге байланысты жұмыстар қолға алынды. Тоғандарға балықтың жаңа түрлері жерсіндірілді. Тұқы және шөппен қоректенетін балық тұқымдарын зауыттық әдіспен өсіру жүзеге асырылды. Гидрологиясы мен гидрохимиясы өзгерген жағдайда су айдындарына жаңа балық тұқымдарын жіберу негізделді. Арал теңізіне тұзды суға төзімді камбала балығы жерсіндірілді. ## Сыртқы сілтемелер * http://www.kaznau.kz/web_kz/index.php?option=com_content&view=category&layout=blog&id=34&Itemid=41 Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы. * http://www.agun.kz/?id=726&lang=kz ## Дереккөздер
Конка (укр. Кінська) — Украинаның Запорожье облысындағы өзен. Каховка су қоймасына құяды (бұрын Днепрдің сол жақ саласы болған). ## Гидронимі Конка атауы "жылқы" есімінен пайда болды. XVIII ғасырда бұл өзен Ресей империясының Қырым хандығымен шекарасы болған. Қырым тұрғындары бұл су қоймасын өзен жағасында кезіп жүрген жабайы жылқылардың көптігіне байланысты "Жылқы суы" («Конку Илкысу») деп атады. Кейбір ғалымдар Конка өзені аңызға айналған Калке өзені деп болжайды. Дәл Калке өзенінде моңғол-татарлардан орыс жауынгерлері ең ауыр жеңіліс тапты (Калке өзеніндегі шайқас). Осы жеңілістен кейін Ресейдің көшпенділерге қарсы тұруға мүмкіндігі болмады. ## Сипаттама Ұзындығы 146 км, алабы 2580 км2. Азов қыратынан басталып, Каховка су қоймасына құяды. Орташа биіктігі - 105 м, Минималды биіктігі - 9 м, Максималды биіктігі - 297 м.Өзеннің еңісі 1,7 м/км. Жоғарғы және орта ағысындағы аңғары тар, төменде 3,5 км-ге дейін кеңейеді. Төменгі ағысындағы арна тереңдігі 6-7 м. тармақтар мен арналар құрайды. Қар мен жаңбырмен қоректенеді. Мұз жамылғысы тұрақсыз, желтоқсаннан наурыздың басына дейін.Өзен бойында орналасқан қалалары: Пологий, Орихов. Конка өзенінің жақын орналасқан шығанақтары балыққа өте бай. Көксерке, сазан, қаракөк, алабұға бар. Әсіресе, теңіз жағалауындағы таяз жерлерден түнде қол шамымен ұсталатын шаяндар көп. ## Салалары Оң жақта: Сухой конь, Жеребец, Берестовая, Комышеватая. Сол жақта: Ожерельная, Токмачка, Вербова, Балка Орехова. ## Дереккөздер
Дөң (ағылш. Dune), титрда Дөң: Бірінші бөлім (ағылш. Dune: Part One деп аталды) — 2021 жылғы режиссер Дени Вильнёвтің америкалық эпикалық ғылыми фантастика жанрындағы фильм. Бұл Фрэнк Герберттің 1965 жылғы аттас романының үлкен медиафраншизасының бөлігі болып табылатын жаңа фильмдер сериясының бірінші фильмі. Фильм бірқатар киножүлделерді (негізінен операторлық жұмыс, саундтрек және режиссура үшін) жеңіп алды, 10 Оскарға, соның ішінде «Үздік фильм» номинациясына ұсынылды және оның алтауын жеңіп алды. ## Сюжет Атақты Атрейдес үйінің мұрагері Пол отбасымен бірге Әлемдегі ең қауіпті планеталардың бірі — Арракиске саяхат жасайды. Мұнда құмнан, күн сәулесінен, алып құбыжықтардан және галактикааралық қақтығыстардың негізгі себебі — Меланж деп аталатын керемет құнды ресурстан басқа ештеңе жоқ. Билікті басып алу нәтижесінде Пол қашып, жасырынуға мәжбүр және бұл оның эпикалық саяхатының бастамасы болады. Арракистің дұшпандық әлемі оған көптеген қиын сынақтарды дайындады, бірақ олардың қорқынышына қарсы тұруға дайын адамдар ғана таңдалған болуға лайық. ## Рөлдерде ## Жүлделер ## Дереккөздер
Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қарамағында; ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру саласындағы ғылыми-зертеулер жұмыстарын жүргізетін ғылыми мекеме. 1948 ж. Алматы қаласында құрылған. 1978 ж. қарамағына Аймақтық конструкторлық бюро мен тәжірибелік зертеулер беріліп, «Қазақ ауыл шаруашылығын жарақтандыру» ғылыми-өндірістік бірлестігі болып құрылды. 2002 ж. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ауыл шаруашылығын механикаландыру ғылыми-өндірістік орталығының құрамындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын. Институт құрамында: * ауыл шаруашылығы дақылдарын егу және жинауды механикаландыру* қой шарушылығы процестерін механикаландыру* мал фермаларын жобалау* жемшөп дайындау және шабындықты механикаландыру* ауыл шаруашылығында электр қуатын пайдалану* ауыл шаруашылығы дақылдарын жинаудан кейінгі өңдеуді механикаландыру* табиғи қуат көздерін (жел, су, күн сәулесі) пайдалану* ауыл шаруашылығы нормативтерін жасау және машина-трактор станцияларын құруды ғылыми-зерттеулермен негіздеу* ауыл шаруашылығы машиналарын сынақтан өткізу зертханаларын және тәжірибелік машиналарды жобалап жасайтын цех* сынақтан өткен машиналарды шығаратын тәжірибелік зуыт бар (2008). 1950 жылдан аспирантура жұмыс істейді. Негізгі ғылыми бағыты – ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдіруде жаңа технологиялар мен техникалық құрал-жабдықтарды ұсынып, техниканың ғылыми-әдістемелік негіздерін жасау арқылы еңбек өнімділігін арттыру, өнім түсімділігін көбейту. Институтта топырақты жел эрозиясынан қорғау бағытындағы технологиялар жетілдіріліп, машиналар кешені жасалды, дәнді дақылдарды және жүгері дақылын жинау, шөпті желдеткіш арқылы тез кептіру, шөл және шөлейт аймақтардағы жайылымдардың құнарлылығын арттырудың машиналы технологиялары ұсынылды. Қой шаруашылығындағы өндірістік процестерді жабдықтау, технология процестерде электр қуатын кеңінен пайдалану жұмыстары табысты жүргізілді. Жер өңдеу механикасының теориялық негіздері жетілдірілді. Ірі қара мал, қой фермаларында қолдануға арналған, мал азықтарын ұсақтайтын, көп құрамды қоспа жем әзірлейтін азық цехтары, қаракөл өнімдерін өңдеудің қалдықсыз технологиялары мен түрлі құрал-жабдықтан тұратын машиналар кешені жасалды. Жаңа техниканы жасап, өндіріске енгізуде қол жеткізген табыстары үшін институт Қазақ КСР-інің «Алтын кітабына» жазылған (1976). Институт мамандары жасаған жаңа машиналар мен қондырғыларға 450-ден астам авторлық куәліктер, 25 Қазақстан Республикасы патенттері берілді. Институт ғалымдарының 30-ға тарта ғыл. басылымдары, 50-ден аса ұсыныстары, ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіруге арналған 20 ғыл. жинақтары жарық көрді. ## Дереккөздер
Бажаур қобди (Индраварма реликварий, 63 жыл) немесе кейде Авака жазуы деп те аталады, қазіргі Хайбер-Пахтунхвадағы, Пәкістандағы ежелгі Гандхарадағы Баджаур аймағындағы көне жәдігер болып табылады. Ол шамамен б.з. 5-6 жылдарға жатады. Ол скиф патшалар Апрак қатысуы, атап айтқанда, патша Индраварман, буддизм дәлелдейді. Қобди шисттен жасалған. Кхароштхиде жазылған жазу: Жазбаның аз белгілі Апрака әулетін түсіндіруде пайдасы зор болды. ## Тағы қараңыз * Сетия * Бимаран жәдігері * Канишка реликвариаты * Рухуна реликвариаты * Апрахаражас * Бажаур ## Дереккөздер ## Көздері * Баумс, Стефан. 2012. «Гандхаран ескерткіштерінің каталогы және қайта қаралған мәтіндері мен аудармалары». Ішінде: Дэвид Джонгевард, Элизабет Эррингтон, Ричард Саломон және Стефан Баумс, Гандхаран буддисттік ескерткіштері, б. 207–208, Сиэтл: Ерте буддисттік қолжазбалар жобасы (Гандхаран зерттеулері, 1-том). * Баумс, Стефан және Эндрю Гласс. 2002 – . Гандхари мәтіндерінің каталогы, №. CKI 242 * Salomon, Richard (1982). "The «Avaca» Inscription and the Origin of the Vikrama Era". Journal of the American Oriental Society 102 (1): 59–68. doi:10.2307/601111. ISSN 0003-0279. https://www.jstor.org/stable/601111.
Дарбази (груз. დარბაზი; парсы: darvāze‎ тілінен «қақпа») — Кіші Азия мен Оңтүстік Кавказдың дәстүрлі отандық сәулетінде кездесетін ерекше «қарлығаш күмбезі» типті шатыр құрылымы бар үйді сипаттау үшін қолданылатын Грузиялық термин. Орталық бөлік — пирамида іспеттес, бағандарға тірелген және кесілген бөренелер мен арқалықтардың сатылы қатарынан салынған, жоғарғы жағында терезе мен мұржа ретінде қызмет ететін орталық тесік бар. Ежелгі Рим сәулетшісі және механигі Витрувийдің (б.з.б. 1 ғасыр) De architectura кітабында дарбазидің көне прототипі Колхия тұрғын үйінің сипаттамасын көруге болады. Мұндай шамды шатырлар Арменияда харазашен немесе глхатун, Түркияда kirlangiç kubbe немесе kirlangiç ortu, Әзірбайжанда карадам деп аталады. Жергілікті нұсқалары бар дарбази үйін 20 ғасырда Грузияда салу жалғастырылды. Картли, Кахетия және Самцхе-Джавахети провинцияларында кең таралған. Бұл үйлер көбінесе жер асты түбінде жіңішке ойылған арқалықтар мен бағандармен, атап айтқанда, бодзи-ата деп аталатын үлкен ағаш тірекпен тіреледі, ол шатырдың салмағын көтереді. Дарбазидің пішіні Грузияның алғашқы христиандық сәулетіне әсер еткен болуы мүмкін, өйткені Италияда, Сирияда және басқа елдерде кең таралған ежелгі дөңгелек және сегіз қырлы христиан құрылымдары Грузияда ешқашан танымал болған емес. Дизайн ерекшеліктеріне байланысты дарбази үйі сейсмикалық апаттарға жақсы төзімді болған. Грузиядан басқа, дарбази үйі Армения мен Әзірбайжан, Тәжікстан, Түркияның солтүстік-шығысында, Феррейдан, Ауғанстан және Үндістанда кең таралған. Бұл үй түрі тіпті (ағаш, тас) ежелгі заманда, Кореядан Эгей жағалауына дейін кең таралған, бірақ Грузиядағыдай көп қырлы және көркем өңделген дарбази үйлері еш жерде кездеспеген. ## Иллюстрациялар * Грузияның шығысындағы Дарбази (қима) . Ұлы Совет энциклопедиясы . * Гвиргвини . Ұлы Совет энциклопедиясы . * Деда-Бодзи . Ұлы Совет энциклопедиясы . ## Дереккөздер
Жүнісов Талғат Тұрлыбекұлы — техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰИА академигі. 1963 жылы 3 шілде бұрынғы ҚазССР, Көкшетау облысы, Красноармейский ауданы, Қара-Ағаш ауылында дүниеге келген. 1985-1990 жж. Көкшетау ауылшаруашылық институтын үздік белгімен инженер-механик мамандығына оқып бітірген. 2002-2004 жж. «Фемида» заң академиясын заңгер мамандығына оқып бітірген. ## Еңбек жолы * Щучье қаласының индустриалды-педагогикалық техникумының студенті (1978-1982); * Көкшетау облысы Чкалов ауданы Абай ауылы жұмысшысы (1982); * Совет Одағының қарулы күштері қатарында қызмет ету (Семей ядролық сынақ полигоны, 1982-1984); * Целиноград ауыл шаруашылығы институтының дайындық бөлімінің тыңдаушысы (1984-1985); * Көкшетау ауылшаруашылық институтының студенті (1985-1990); * Целиноград ауыл шаруашылық институтының Көкшетау қаласындағы филиалының студенті, ассистенті (1985-1991); * Целиноград ауылшаруашылық институтының аспиранты (1992); * Өндірістік практика жетекшісі, ассистент, ЦАШИ Көкшетау филиалының аға оқытушысы (1992-1996); * Ш.Уалиханов атындағы Ауыл шаруашылығы институты директорының орынбасары, аға оқытушы, сырттай факультет деканы, Көкшетау мемлекеттік университетінің сырттай оқыту жөніндегі проректоры (1996-2001); * «Фемида» заң академиясының студенті (2002-2004); * Жоғары және орта кәсіптік білім департаменті мемлекеттік стандарттар және мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру басқармасының бас маманы, мониторинг және бақылау сараптамасы департаменті, аккредиттеу және аттестаттау басқармасының бас маманы, ҚР БҒМ әкімшілік департаменті ұйымдастыру және кадр жұмысы басқармасының бастығы (2001-2002); * ҚР БҒМ инновациялық технологияларды сырттай оқыту  проректоры, ғылыми - зерттеу қызметінің проректоры, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқу - әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры (2002-2008); * Рудный индустриялық институтының ректоры, ҚР БҒМ (2008-2012); * Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік академиясының вице-президенті (2012-2014); * Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры (2014-2016); * ҚР АШМ «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары (2017); * Ақмола облысы білім басқармасының басшысы (2017-2020); * Ш.Уалиханов атындағы «Көкшетау мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК ректорының кеңесшісі (01.2020-08.2020); * «Қазақстан агро-Инновациялық компаниясы» ЖШС Бас директорының орынбасары (2020-2021); * Ш.Уалиханов атындағы «Көкшетау университетінің» КЕАҚ «АӨК саласындағы Өңірлік даму» ҒЗИ директоры (2021-2022); * Ақмола облысы мәслихатының хатшысы (05.2022-01.2023); * ҚР ҰИА-ның толық мүшесі, академигі. ### Депутаттыққа сайлау- лауазымдары: * ҚР Парламенті Сенатының депутаты (25.01.2023); * Қостанай облыстық мәслихатының депутаты (2010-2012); * Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы (2021-2023); * Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Ақмола облысынан сайланған депутаты — Әлеуметтік және ғылым комитетінің мүшесі  (16.01.2023 бастап). ## Ғылыми еңбектері Жүнісов Талғат Тұрлыбекұлы жетекші баспа басылымдарында 2 монография, 5 авторлық өнертабыс, 120-дан астам басылымның авторы. ## Мемлекеттік марапаттамалары * «Құрмет» ордені; * Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің құрмет грамотасы; * «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін», «Ы. Алтынсарин», «Қазақстан Республикасында инженерлік істі дамытудағы сіңірген еңбегі үшін» берілген төсбелгілері; * Қазақстан Республикасы Президентінің алғысы, «Нұр ОТАН» ХДП Алғыс хаты; * «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл», «Астана 20 жыл»  төсбелгілері; * «Білім мен ғылымға еуропалық жүйенің дамуы мен интеграциясына қосқан үлесі үшін», Біріккен Еуропа халықаралық марапаты. ## Отбасы * Жолдасы — Жүнісова Мараш Сейпуллақызы (1966); * Балалары: Жүнісов Ербол Талғатұлы (1986), Ибраева Ботагөз Талғатқызы  (1992), Тұрлыбеков Мақсат Талғатұлы  (1997). ## Дереккөздер
Нарцисс аңғары (укр. Долина нарцисів) — Закарпатия облысы аумағындағы Киреши шатқалында (Украина) орналасқан Карпат биосфералық резерватының қорық массиві. 1992 жылдан бастап Карпат биосфералық резерватының құрамында ЮНЕСКО-ның биосфералық қорықтарының халықаралық желісіне кіреді. ## Сипаттама Нарцисс аңғары Закарпатиядағы (Украина) Хуст қаласынан 4 шақырым жерде Киреши аңғарында орналасқан. Мұнда қызыл кітапқа енген сирек кездесетін өсімдік - ангустифолия нарциссінің табиғи қопасының әлемдегі ең үлкен алабы бар. Онда жылына бір рет қана мамыр айының ортасынан аяғына дейін ерекше табиғат құбылысын – Нарцисс аңғарының гүлденуін көруге болады. Қорықтың ауданы 257 гектарды құрайды, мұнда өсімдіктердің 500-ден астам түрі өседі, оның 15-і Қызыл кітапқа енгізілген. Бірақ қорықтың басты көрікті жері - нарцис алқаптары, олардың жалпы ауданы шамамен 170 га. Егер көктем ерте келсе, онда нарцисс мамырдың басынан ортасына дейін гүлдейді, кеш болса, мамырдың ортасынан аяғына дейін гүлдейді. «Нарцисс аңғарындағы» тар жапырақты Нарцисс популяциясы үлкен ғылыми құндылыққа ие, Украинаның Қызыл кітабына енгізілген.Бұл гүлдердің шамамен 60 түрі бар, мыңдаған сәндік сорттары бар. Нарцистерді тыныштандыратын дәрі жасау үшін қолданады. Гүлдері Альцгеймер ауруына қарсы препараттар жасауда да қолданылады. ## Тарихы Нарцисс аңғарының пайда болуы Жердегі мұз дәуірімен байланысты. Ол кезде таулардан жердің үлкен қабаты өсімдіктермен бірге сырғанап, мұз ерігеннен кейін таулардан көп су ағып, бұл нарцисс ангустифолиясының климатқа бейімделуіне, гүлденуіне және таралуына ықпал етті. Уақыт өте келе қазіргі Мукачеводан Хустқа дейінгі жазық жерлерде емен ормандары пайда болып, онда нарцисс өсе бастады. Бұл жерлерде шаруашылық жұмыстары жүргізіле бастағаннан кейін нарцисс алқабының ауданы қысқарды. Аустрия-Венгрия тұсында Киреши аңғары орман шаруашылығына қараған және қорғалған. Мұнда науқастарды емдейтін көптеген дәрілік өсімдіктер болған.Аумағы Чехословакияның құрамына кіргенде, бұл жердің бір бөлігі Хуст тұрғындарына сатылды. Оларға қорық жерлеріне мал жаюға рұқсат етілді, тек 14 қазаннан бастап олар қайтадан егіншілікпен айналыса алды. Кеңес заманында алқапты егін егу үшін жырту керек еді, 50 га нарцисс жойылғаннан кейін жер жырту тоқтатылып нарцис өсетін аумақ Карпат биосфералық резерватының қорғалатын аймағына ауыстырылды. ## Гүл алқабына байланысты аңыздар Биосфералық қорықтарда өсетін нәзік гүлмен байланысты аңыздарды жергілікті тұрғындар еске алып, былай дейді: * Бірінші аңызда жергілікті Хустец өзенінде өзен құдайы Кефисс әйелі нимфа Лириоппен бірге өмір сүргені айтылады. Олардың Нарцисс атты ұлы болды. Нарцисс Хустец өзенінің суларында өзіне қарап, ғашық болғаны айтылады. Жүрегі мұңға шыдамай, алқапта мәңгілікке қалып, нарцистердің үлкен өрісіне айналды. * Тағы бір аңызда нарцистердің құмыраға салынған сәндік гүлдер екенін айтады, оны Хуст сарайының ханзадасының қызына кәмелеттік жасқа толғанда ауылдағы қарапайым құмырашы сыйға тартқан. Ғашықтар Киреши аңғарында жасырын кездескен. Бұл туралы ханзада біліп және ол ашуланып, құмыраны қамал тауынан аңғарға лақтырды - оның қирандыларынан таңғажайып гүлдер өскен. ## Нарцисс аңғары туралы ТОП 10 қызықты фактілер * Закарпатиядағы Нарцисс аңғары мұз дәуірінде пайда болды; * Бастапқыда Нарцисс алқабының ауданы үлкенірек болды. Алқапта шаруашылық белсенділік басталғаннан кейін нарцистердің гүлдену аймағы айтарлықтай қысқарды; * Гүлденетін нарцистердің аумағының азаюына байланысты бұл гүл Украинаның Қызыл кітабына енгізілді, ал Нарцисс алқабы Карпат биосфералық резерватының басқаруына берілді; * Нарцисс аңғары бірегей табиғи нысан болып табылады, оның аумағында өсімдіктердің 498 түрі, орхидеялардың 16 түрі, көбелектің 24 түрі және құстардың 104 түрі қорғалады; * Алқаптың жанында Нарцисс алқабының флорасы мен фаунасы туралы Нарцисс мұражайы бар; * Нарцисс аңғары - Шығыс Еуропадағы Нарцисс ангустифолиасының гүлдену аймағының ең үлкен аймағы; * Нарцисс аңғарының ауданы 256 га, ол теңіз деңгейінен 200 метр биіктікте орналасқан; * Нарцисс алқабына барудың ең қолайлы уақыты мамыр айының басында, нарцистердің жаппай гүлденуі байқалады; * Нарцистердің алқабын Хустец өзені ағып өтеді, көптеген шалғындар мен батпақтарды көруге болады. Мұнда ерекше микроклимат орнаған, ол қатты аяздың немесе қатты ыстықтың алқапқа енуіне жол бермейді. ## Дереккөздер
Қазақстан Халық банкі — Қазақстандағы ең ірі банктердің бірі. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған. Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Нақты 1923 жылдан бастап жинақ жүйесін дамытудың және көпшілікке таратудың жаңа белесі басталды. Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан кейін небәрі 4 жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335-ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды. Кейінгі жылдары олардың саны біршама ұлғайып отырды. Касса салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен колхозшыларды неғұрлым көбірек тарту мақсатында жинақ кассаларын тікелей зауыт-фабрикалардың өзінде, колхоз-совхоздарда, байланыс мекемелерінде және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарда ашу қолға алынды. Социалистік қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және қаржылық қатынастардың өзі әрбір кеңес азаматының Жинақ банкі салымшылары қатарына қосылуына ықпал етті. Халыққа қызмет көрсетудің орасан зор ауқымы жүйесі қаражат жинақтауға және банк ісінің қалыптасқан тарихи дәстүрлерін Қазақстан аумағында да бекітуге қолайлы жағдай туғызды. Жинақ кассалары сонымен қатар мемлекеттік заем облигацияларының, басқа да бағалы қағаздардың кепілі бойынша мерзімді несиелер берумен айналысты. Оларға қор операцияларын, басқа да бірқатар қаржылық және банктік операцияларды жүргізуге рұқсат етілді. Бұл кезеңдегі жинақ ісінде мемлекеттік кредит беру қалыптасып, біртіндеп дами бастады. Ол жылдары сегіз рет мемлекеттік заем шығарылды, оның үшеуі – натуралдық заем түрінде болды да, ал екеуі алтынмен есептелді. Натуралдық заемдар (астықпен, қантпен) мен алтынмен есептелетін заемдар реформа кезеңіне дейін шығарылды. 1960 жылдың аяғына қарай жинақ кассаларындағы салымшылар саны 1 770 мың адамға жетті, ал салым ақшаның көлемі 322,7 млн сомды құрады, салымның бір адамға шаққандағы орташа мөлшері 182 сом болды. Жинақ кассаларының саны 1950-1960 жылдар аралығында 1,8 есеге өсіп, 1960 жылдың аяғында 2805-ке жетті.Қазақстандағы жинақ ісі мен жинақ кассалары желісінің кеңінен қанат жаюы ең алдымен еліміздегі тың және тыңайған жерлердің игерілуі нәтижесінде халық шаруашылығының қарқынды дамуымен, еңбекшілердің материалдық тұрмыс жағдайының айтарлықтай жақсаруымен байланысты болды. Тек 1955 жылдың өзінде еліміз бойынша салымшылар шоттарының 44,1 пайызы, ал салымдар қалдығының 44 пайызы тың жерлерді игеру жаппай жүргізілген солтүстік өңірдегі Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының үлесіне тиді (М. Д. Жолдасбеков, «Незаменимые услуги», Алматы,1986 ж.). 60-жылдардың басында жинақ кассаларында тұрғындардан пәтер, коммуналдық және басқа қызметтер ақысын қабылдау операцияларын жүргізу қолға алынды. Сонымен бірге жинақ кассаларының құзырына зауыт-фабрикалардың, жергілікті кәсіподақ комитеттерінің, өзара көмек кассаларының және шаруашылық қызметпен айналыспайтын қоғамдық ұйымдардың ағымдағы шоттарын жүргізу берілді. Жинақ кассаларының жұмысшылар мен қызметкерлердің, сондай-ақ колхозшылардың жалақысынан ақша сомасын қатаң еріктілік қағидатын сақтай отырып, шоттар мен салымдарға қолма-қолсыз аудару операциялары көбірек қолданыла бастады. Жинақ жүйесінің одан әрі дамуы үшін ақша бірлігін күшейтудің маңызы зор болды. Алайда 1961 жылы жүргізілген реформа айналымдағы ақша массасын бақылау және ақша шығаруды шектеу шарасы ретінде ойластырылғанымен, көздеген мақсатқа қол жеткізілмеді, ол үшін бүкіл шаруашылық құрылымы қайта өзгертілуге тиіс еді, сондықтан аталған реформа ақша белгілерін ауыстырумен және сомның жаңа бағамын белгілеумен ғана шектелді. 1963 жылдан бастап жинақ кассалары Қаржы министрлігінің құрамынан шығарылып, Мемлекеттік банк қарамағына берілді, халық салымдарының қаржысы бұдан былай банктің кредит ресурсын толықтыруға жұмсалатын болды. 60-жылдардың аяғында жинақ ісінің нағыз даму шегіне жетіп, көркейген кезеңі болды: дәл сол жылдары халық шаруашылығына кредит беруге күрделі капитал қаражаты жіберілді, ал оның негізгі көзін тұрғындардың кассалардағы жинақ салымдары құрады. 1988 жылғы банктік реформа бойынша банк жүйесін екі деңгейге көшіру көзделді: орталық банк және арнаулы банктер. Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары КСРО Жинақ банкіне айналдырылып, халыққа және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін мемлекеттік арнаулы банк болып құрылды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендікке қол жеткізуімен жинақ ісінің дамуында үшінші қайта құру кезеңі басталды – дәл осы кезден бастап Қазақстан Халық Банкінің құрылымдық банкингке және функционалдық қайта бағдарлауға негізделген ісі қолға алынды. 1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан өзінің нарықтық экономика талаптарына жауап бере алатын банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында-ақ «Қазақ КСР-індегі банктер және банк қызметі туралы» деген заң қабылданды, мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның банк ісіндегі реформа жұмысының алғашқы қадамы болған еді.Мемлекеттік тәуелсіздігіміз ресми түрде жарияланған соң бір жылдан кейін, 1992 жылы, Қазақстан Республикасының Жинақ банкі құрылды, оның заңды түрдегі ресми құқық иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық Банкі болды. 1993 жылы Жинақ банкі Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарайтын дербес заңды құрылым - «Қазақстан Халық Банкі» болып ұйымдастырылды. Ал 1995 жылы Банк жабық тұрпаттағы Акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Қайта құру рәсімі банк басшылығын ауыстырумен, жұмыс стилін түпкілікті өзгертумен ұштастырылды. Жаңа басшылық банк жұмысына әмбебап қызмет көрсету қағидатын негіз етіп алды және бүгінгі күнге дейін банк қызметі түрлерін барынша кеңейтуді, банкингтегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың соңғы жетістіктерін пайдалануды барынша қолдап әрі дәйектілікпен іске асырып келеді. 1995 жылдың аяғында-ақ Қазақстан Халық Банкі республикадағы аса ірі операциялық банк болып танылды. Қазіргі уақытта Банк қаржы рыногындағы өзінің сол айқындамасынан ауытқымай, қол жеткізген жетістіктерін сақтап қалуға ұмтылып келеді. 1998 жылдың шілдесінде акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғамнан Үкіметтің қатысуы 100 пайызды құрайтын «Қазақстан Халық жинақ банкі» ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Сол жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, оның ішінде 1998 жылдың 6 шілдесінде шыққан № 644 «Қазақстан Акционерлік Халық жинақ банкін 1998-2001 жылдары кезең-кезеңмен жекешелендірудің негізгі бағыттары туралы» деген қаулысына сәйкес акционерлік қоғам капиталын ұлғайту бағытында жұмыс жүргізілді. 2001 жылдың қараша айында өткен сауда-саттық аукционында Қазақстан Үкіметі өзіне тиесілі 33,33%-ды құрайтын акцияларды бақылау пакетін және оған қоса бір акцияны сатты. Халық Банкінің бүгінгі тарихы – бұл оны жекешелендіру және құрылымдық қайта құру процесі ғана емес. Бұл жаңа банктік технологияларды үздіксіз ендіру, қызметтер спектрін кеңейту процесі, жинақ салымдары жүйесін жаңа талаптар бойынша толық сақтауға және жетілдіруге бағытталған ауқымды стратегия, филиалдық инфрақұрылымы дамыған «сатылас біріктірілген» банктік құрылымды жасау процесі. Бұл қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды ескере отырып Қазақстан Халық Банкінің басты міндеттерін – зейнетақы, жалақы төлеу, салықтық, коммуналдық және басқа да төлемдерді қабылдау, шағын және орта кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету міндеттерін шешуге бағдар жасау процесі. Банктің басшысы - Шаяхметова Умут Болатхановна (2019 жылдан бастап). 2022 жылдың наурыз айындағы жағдай бойынша банкте 712 лицензия бар. 22099 мың сот ісін жүргізу. Сондай-ақ оның Қазақстан Республикасы бойынша 24 филиалы бар ## Дереккөздер
Яблунецкий асуы (укр. Яблуницький (Яблунецький)) — Закарпатиядағы Прут пен Қара Тиса өзендерінің аңғарларын байланыстыратын асу. ## Сипаттама Асу Шығыс Карпатта, Закарпат және Ивано-Франковск облыстарының шекарасында, Яблунца ауылының маңынан өтеді. Биіктігі 921 м. Осы жерде монғол-татар әскерлері XIII ғасырда Еуропаға өткен, сондықтан асуды татар асуы деп те атайды. Мұндағы жерлер өте әдемі, табиғаты көркем. Қазір бұл аймақтың туристік орталығы, сондай-ақ, асу аумағында суретке түсуге арналған арнайы алаң бар. Асу үстінен Ясиня ауылы мен Близница тауының әдемі көрінісін тамашалауға болады. Бұл Галисия княздігі мен Венгрия арасындағы, кейінірек Польша мен Трансильвания арасындағы жолдағы асулардың бірі. Поляк-украин соғысы кезінде украин әскерлері Батыс Украина Халық Республикасынан Карпат Русіне дейін Яблуниц асуы арқылы өтті. Қазір асу арқылы Ивано-Франковск мен Надворнаны Рахов және Хустмен байланыстыратын елдегі ең биік H09 тас жолы бар. ## Дереккөздер
Горганий (укр. Ґорґани) — Ивано-Франковск және Закарпат облыстарында орналасқан украин Карпаттарының сыртқы белдеуіндегі тау жоталарының жүйесі. ## Горган тау жүйесі Олар солтүстік-батысқа қарай Мизунка және Река аңғарларынан оңтүстік-шығысқа қарай Прут аңғарына дейін 75 км созылып жатыр, ал ені батыстан шығысқа қарай 40 км. Шығыстан батысқа қарай тау жотасының шеті аласа таулы, сыртқы және ішкі Горгандарға бөлінеді, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай олар терең өзен аңғарларымен бөлінген үш үлкен бөліктен тұрады. Солтүстік Горган Мизунка және Лимницамен шектесіп Молодая тауы (1723 м), Грофа тауы (1748 м), Попадья тауы (1740 м) сияқты биік нүктелерді қамтиды;Орталық Горганий - Лимница мен Быстрица Надвирнянскаямен шектесетін және Быстрица Солотвинскаяның таяз аңғарымен екіге бөлінген тау жотасының ең биік бөлігі, Игровец таулары (1803 м), Үлкен Сывуля таулары (1836 м), Малая Сывуля тау лары (1818 м) кіреді;Оңтүстік Горган Быстрица Надвирнянская және Прут аңғарларымен шектелген, оған Братки,вск тауларының шыңдары (1788 м), Қара Клева таулары (1719 м), Довбушанка таулары (1754 м), Синяк таулары (1665 м) кіреді. ## Сипаттама Олардың барлығы дерлік тасты шөгінділермен жабылған, бұл жер горг деп аталады, массивтің атауы осыдан шыққан. Бұл өте қауіпті жабынды, тастар босап, тайғақ болады. Горганның бүкіл аумағының шамамен 11% -ын жартасты қабаттар алып жатыр.Горганға тік асимметриялық беткейлер мен өткір тау жоталары тән. Негізгі жоталарды Быстрица, Прут және Тереблы өзендерінің көлденең аңғарлары кесіп жатыр. Ол негізінен құмтастардан тұрады. Өзендерінде ағындар мен сарқырамалар бар. Терең аңғарларда тау өзендері ағындар мен сарқырамаларды құрайды. Еуропадағы ең таза өзен Лимница осы жерден бастау алады. Аршица жотасында шағын көлдер бар (Росохан) бар. Горгандардың арасында Украина Карпатындағы ең үлкен көл Сынавир орналасқан. Өте әдемі Горган сарқырамалары: Манявский, Бухтивецкий, Салатручиль және т.б.бар. ## Горган тау жүйесіндегі қорғалатын аймақтар Горган тау жүйесінің Карпаттағы әр түрлі аумақтары Карпат ұлттық паркін (массивтің оңтүстік-шығыс бөлігі), Горган қорығын (Довбушанка және Поленский тауларында 5 мың га) және Гроф ландшафттық қорығын қамтиды. Гроф қорығы Попадья, Малая Попадья, Паренки, Студенец және Грофа шыңдарын қоса алғанда, Лимница өзенінің және оның сол жақ салаларының бас жағында 2,5 мың гектардан сәл астам аумақты алып жатыр. Оның құрамына табиғаттың гидрологиялық ескерткіші – сирек кездесетін Мшана батпағы кіреді.Бұл қорғалатын табиғи аумақтардың ең құнды экожүйелері табиғи жолмен пайда болған және дамыған реликті, көп ғасырлық алғашқы ормандар болып табылады, ал Карпаттың қалған маңызды аумағындағы ормандар кесілгеннен кейін қалпына келтірілді. ## Флора және фаунасы Горган тау жотасында көп ғасырлық ежелгі ормандар, Қызыл кітапқа енген өсімдіктер, алуан түрлі жануарлар әлемін көруге болады.Еуропалық қарағай (10,1%), кәдімгі қарағай (1%) және тау қарағайы (6,2%) өсетін орман алқаптары ерекше құнды болып табылады. Олар алғашында тасты топырақтарда орналасты, ал кейінірек таулардың шыңдарына өсе алды.1450 метрге дейін шырша, самырсын, бук ормандары бар. Одан жоғары сирек кездесетін қарағай түрлері кездеседі. Мұнда жай ғана жидектер мен саңырауқұлақтардың түрлері бар. Горган фаунасында үлкен орман алқаптарда Карпаттың ірі сүтқоректілері - қызыл бұғылар кездеседі. Елік, күзен, орман мысығы, мұнда өздерінің «жабайы» өмір салтын жүргізеді. ## Дереккөздер
(887) Алинда Жерге жақындайтын астероидтардың ішінде Амурлар тобына жатады. Осы астероидты 1918 жылы 3 қаңтарда Макс Вольф Гейдельберг обсерваториясында ашты. Аустралиялық аборигендердің нанымдарында Алинда — бұл Айдағы адам. Сондай-ақ Алинда — бұл қазіргі Түркияда орналасқан көне қала орны. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Астероидтар тізімі (801—900)
Домалақ Ана Кесенесі — Қаратаудың күнгей бетінде, Балабөген өзенінің аңғарында. Халық арасында Домалақ ана атанған Нұрила Әли Сыланқызының зиратына тұрғызылған. Домалақ ана - есімі Нұрила 1378–1456 жылдары өмір сүрген. Түркістандағы Яссы қыстағында туған. Мақтым Ағзымның жалғыз ұлы ержүрек батыр Ақсақ Темірдің қарамағында әскер басқарған Әли Сланның қызы. Шешесінің есімі Нұрбике - Уәйіс ханның апасы еді. Домалақ ананың әкесі Әли Слан 1388 жылы Ақсақ Темір әскерінің құрамында Алтын Ордаға аттанарда әйелі Нұрбике мен Нұриланы (Домала ана), Түркістандағы әкесі Мақтым Ағзам қожаның үйінде қалдырады. Бірде Түркістан маңындағы Қарашық өзенінде суға түсіп жатқанда Нұрбикені жылан шағып өлтіреді. Әкесі әскерден келмеген, анасынан тірідей айырылған Нұрила бабасы Мақтым Ағзамның тәрбиесінде өседі. Мақтым Ағзам Қожа Ахмет Яссауидің қызы - Гауһар бибінің ұрпағы еді. Нұрила - араб сөзі, қазақша «Алланың нұры» деген ұғым береді. Парсы тілінен аударғанда «Дихнат мама», яғни Әулие ана мағынасын білдіреді. Кейіннен Дихнат деген сөз Домалақ деп ауыстырылған. Нұрила (Домалақ ана) - Бәйдібек бабамыздың үшінші әйелі. Тарихи жазбаларда Домалақ ананың адамгершілігі, әдептілігі, парасаттылығы мен шыншылдығы және аналық қасиетінің арқасында «Домалақ ана» аталуы жайлы көптеген деректер жазылған. Нұрила ана 1456 жылы мамырдың 28 жұлдызында қайтыс болған, сол жылы Домалақ ананың немересі Дулат Бұхарадан Абдулла Шері есімді шеберді алдыртып, ана басына төрт қанатты күмбезделген кесене-там тұрғызады. XI–XV ғасырлар аралығында Домалақ ана кесенесі бірнеше рет қайта жөндеуден өткен. Домалақ ана кесенесі жерден 12 метр биіктікте сегіз жапырақты етіп өріліп, негізгі бөлігінің үстіне күмбез орнатылған. Аңыз бойынша, Домалақ ана кесенесінде екі қасиетті тас бар, осы екі тастың арасынан тек жаны таза адам өте алады. XX ғасырда салынған кесене 6 бағаналы болған. 1906–1908 жылдары Ресейден қоныс аударып келген орыстардың тобыры күмбез-ескерткіштерді бұзып талқандап жібереді. 1908 жылдың жазында ақын Орынбай Тайманов (1867–1949) жаңа ескерткіш күмбез салдырады. 1942–1943 жылдары Шошқабұлақтың тұрғын орыстары, кәрістері тағы да бұзып тастайды. 1957 жылы тағы да жаңа күмбез салынады, бірақ ол көп сақталмаған. 1966 жылы Маңғыстаудан алып келінген ақ тастармен қайта қаланды. 1998 жылы Домалақ ана кесенесі жаңартылып, 2000 жылы айналасын көркейту-көгалдандыру жұмыстары аяқталды. Кесененің құрылысын жүргізуші және жобасын жасаушы сәулетшісі - Саин Назарбеков. Домалақ ана мұражайында түрлі көне қолжазбалар, қолдан жасалған көптеген заттар сақталған. Домалақ ана кесенесі - көпшілік тәу етер қасиетті орын. ## Дереккөздер
Төлегетай-Қылышты ата кешені – Қызылорда облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген орта ғасырлық ескерткіш. Қазақстанның жалпыұлттық сакралды нысандар тізімінде. ## Орналасқан жері Жаңақорған ауданы, Әбдіғаппар ауылынан оңтүстікке қарай 7-8 км жерде орналасқан. ## Кезеңі ХІ-ХІІ ғғ. ## Кесене сипаты Төлегетай бабаның бұрынғы кесенесі құлап, ұрпақтары 1992 жылы ақ қыштан өріп, темір қаңылтырлы кесене тұрғызған. Кесененің ауданы 6х6 м, биіктігі 4 м болған. Кешен танымал батырлар Төлегетай-Қылышты ата жерленген жерде 1992 жылы тұрғызылған. Авторы – сәулетші Б Ибраев.2005-2008 жылдары ұрпақтарының демеушілігімен 2 күмбезді, 4 мұнаралы, 8 сынтасты керемет кесене қайта тұрғызылды. Кешен күйдірілген кірпіштен қаланып, ішкі құрылысы мрамордан жасалған. Қазіргі жағдайы өте жақсы, зиярат етушілерге жағдай жасалынған, айналасы абаттандырылып, гүл егілген. Қорғау тақтасы орнатылған. ## Тарихи деректер мен аңыздар Төлегетай баба туралы ең алғаш қалам тербеген адам – кезінде Орта Азия халықтарына танымал, Қазан төңкерісінің алғашқы жылдарында Түркістан автономиясының бас министрі болған Мұхаметжан Тынышбаев. Төлегетай Сүйінішұлы (шамамен XV ғасырда өмір сүрген) тарихи тұлға. Найманның шөбересі (Найманнан – Белгібай, одан – Сүйініш, одан – Төлегетай). Төлегетай баба өз заманында қол бастаған батыр, елдің қамын жеп, бірлігін ойлаған қайраткер болған. Қазақ даласында жеке ұлыс болып қалыптасқан наймандарды Төлегетай батыр билеген. Кейіннен кіші ата ру атынан шыққан Қаракерей, Матай, Садыр, Төртуыл – Төлегетайдың немерелері.Үзінді деректерге сәйкес, Төлегетай баба – найманның ақсүйектер әулетінен шыққан. Наймандар жерді бөліп алғаннан кейін, Төлегетайдың үлесіне Сырдарияның сол жағалауындағы Өзкент қаласы тиеді. Бұл аймақтарда Төлегетай дана атанып, Қылышты батырмен танысады. Олардың достығы, құрметі мен бір-біріне деген сыйластығы ұрпақтарына үлгі боп қалды.Қылыштың әкесі – атақты қажы Камаладдин, ал анасы – Қырөзкент қаласының билеушісінің қызы. Қылышты жігіт болғанда, оған көктен аян беріледі – көктен қылыш пен жылқы түседі. Сол кезден бастап Қылышты жылқысы желден де жүйрік, ал қылышы күннің сәулесіндей өткір жеңілмейтін жауынгер атанды. ## Дереккөздер
Логой кратері — Беларусьтегі Логойск қаласының маңындағы метеорит кратері. Оның диаметрі 15 километр және жасы 42,3 ± 1,1 миллион жыл (эоцен) деп есептеледі. ## Сипаттама Минск облысында Логойск қаласынан 7 шақырым жерде жұмбақ қос кратер бар, оны ғылыми ортада Логоиск астроблемасы деп атайды. Астроблема – үлкен астероидтардың құлауы нәтижесінде пайда болған кратер. Бұл нысан сонау 1973 жылы жер бетіне ғарыштық зерттеулер кезінде табылған және оның ашылуын кездейсоқ деп атауға болады. Кратер кішірек өлшемі 12 км, үлкенірегі - 15 км, тереңдігі 500 м. Бірінші кратер аспан денесінің құлауынан, ал екіншісі - жарылыс толқынынан пайда болды. Ғалымдардың есептеулері бойынша, Логоиск астроблемасы 42 миллион жыл бұрын, қазіргі Беларусь аумағында әлі де көне мұхит болған кезде пайда болған. Мұндай өлшемдегі шұңқырдың пайда болуы үшін астероидтың өлшемі 600 метрге дейін, салмағы бір жарым миллиард тоннаға дейін болуы керек, ал планетамызға құлау жылдамдығы сағатына 60 мың/км жетуі керек еді. Жарылыстың күші Хиросимада қолданылған бірнеше мың атом бомбасына тең болды. Жарылыс толқыны мыңдаған шақырым айналасындағы барлық тіршілікті жойып жіберді. Ғалымдар он шақты ұңғымаларды бұрғылау және осы шұңқырдан алынған тау жыныстары мен пайдалы қазбаларды зерттеу арқылы кратердің жасын анықтады. Ішкі кратерде вендия дәуіріндегі тау жыныстары, ал сыртқы кратерде девон дәуіріндегі тау жыныстары бар. Миллиондаған жылдар бойы бұл аймақтан бірнеше мұздық өткеннен кейін кратер тегістелді, бірақ оның негізгі контурлары қалды, оның контурлары аэрофототүсірілім кезінде ғана көрінеді. Үлкен ғарыштық объектілер планетамызға құлаған кезде, олардың орасан зор әсер ету күші мен жоғары температурасы әсерінен жер қойнауында гауһар тастар жиі пайда болады. Көптеген зерттеулер жүргізгеннен кейін геологтар Логойск кратерінде гауһар тастарды тапты, тек олар шаң түрінде және ешқандай құндылығы жоқ болды. Бұл аймақтың құмынан да алтын табылған, бірақ аз мөлшерде, өнеркәсіптік өндіруге жарамсыз. Миллиондаған жылдар бұрын кратер суға толған және бұл жерде көл болуы мүмкін. Қазіргі уақытта Логойск кратерінің орталығында сәл батпақты ауданы бар, онда Кузевичи ауылы орналасқан. ## Дереккөздер
Хатуна Калмахелидзе (груз. ხათუნა კალმახელიძე; 11 ақпан 1979(19790211), Тбилиси) — Грузияның мемлекеттік қайраткері, саяси қайраткері және дипломаты. Грузияның жазалау, пробация және заңдық көмек министрі (2009 жылғы 21 желтоқсан —2012 жылғы 19 қыркүйек). ## Өмірбаяны 2005 жылы Нью-Йорктегі Хантер колледжінің саясаттану факультетін бітірді. 2007 жылы Джордж Вашингтон университетінің халықаралық қатынастар факультетін бітірген. 2004-2006 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымының миссиясында жұмыс істеді. 2006-2008 жж. Халықаралық сайлау жүйелері қорында (IFES) Саяси қаржы зерттеулерінде жұмыс істеді. 2008-2009 жылдары Грузияның Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеді. 2009-2012 жылдары Грузияның жазалау, пробация және заңдық көмек министрі болды. Қызметке кіріскеннен кейін Калмахелидзе елдің түрме жүйесінде реформалар жүргізіп, мемлекеттік түрмелердің 80%-ын еуропалық стандарттарға сәйкес келтірді. 2012 жылдың 19 қыркүйегінде ол Глдани түрмесінде тұтқындарды азаптау және зорлау жанжалынан туындаған наразылықтарға байланысты жұмыстан кетті. Хатуна Калмахелидзе грузин, орыс, ағылшын, неміс және француз тілдерінде сөйлейді. ## Сілтемелер * Хатуна Калмахелидзе  фейсбукта ## Дереккөздер
Қарақұм атырабы (түрікм. Garagum etraby) — Түрікменстанның Мары уәлаятындағы атырап. ## Тарихы 1978 жылы сәуірде Түрікмен КСР Мары облысы Қарақұм ауданы болып құрылған. Қарақұм атырабы 1991 жылы қайта құрылды. Мары уәлаятының солтүстік-шығыс бөлігінде, Қарақұм өзенінің қиылысында орналасқан. Ауданның ауыл шаруашылығындағы мамандандырылған салалары мақта шаруашылығы, астық және мал шаруашылығы болып келеді. Аудан аймақтағы ең ірі мақта және астық өндіретін шаруашылықтардың бірі болып саналады. 1 кент, 8 кеңес және 19 ауылдан тұрады. Аудан орталығы — Жақсы қаласы. Мұнда сүт зауыты, құрылыс, әлеуметтік мекемелер орналасқан. 1992 жылы Қарақұм ауданы Мары уәлаятының құрамына еніп, Қарақұм атырабы деп өзгертілді. ## Дереккөз * Дүниежүзілік тарих жобасы
Қазавиақұтқару — Қазақстанның Астана қаласында орналасқан әуе компаниясы. Ол Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациялық бөлімі ретінде әрекет етеді. ## Флот Қазавиақұтқару флоты келесі ұшақтардан тұрады (қазан 2018): Сонымен қатар, жеке тікұшақтар пайдаланылады: Mi-26, Ka-32, EC145, Mi8, Mi-171. ## Жазатайым және оқыс оқиғалар 2023 жылдың 23 ақпанында Қазақстанның Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Шапероне ауылының маңында Kazaviaspas Mi-8AMT тікұшағы апатқа ұшырады. Алты жолаушының төртеуі қаза тапты. ## Дереккөздер
Мируша — (алб. Mirusha/Mirushë; серб. Мируша/Miruša) — Косово Республикасының орталық бөлігінде, Метохия жазығының шығысында орналасқан аймақтық саябақ. ## Орналасқан жері Мируша саябағы - елдің орталық бөлігінде, Клина, Малисева және Ораховац муниципалитеттерінің аумағында орналасқан Косоводағы ең әдемі және қызықты табиғат орындарының бірі. Табиғи саябақ Мируша өзенінің екі жағындағы таулармен, каньонның бастауынан Ақ Дрин өзеніне дейін, Душ, Грапц және Ллапкев ауылдарынан және Души төбесінен шамамен 2 км қашықтықта орналасқан. Саябақтың батыс бөлігінде Клина – Гякова (М9.1) республикалық автожолы бар. Осы жолға параллель Пежа-Призрен темір жолы өтеді. Солтүстікке қарай шамамен 8 км жерде Приштина-Пежа ұлттық жолы орналасқан. Косово астанасынан қашықтығы Приштинадан – 65 км. жерде. ## Сипаттама Мируша аймақтық табиғи паркі 55 580 га аумақты алып жатыр. Биіктігі әдетте теңіз деңгейінен 300 м-ден 600 м-ге дейін ауытқиды. Парктің геологиялық құрылымына юра кезеңінің ультранегізді таужыныстары мен жанартау-шөгінді түзілімдері және төменгі және жоғарғы бордың карбонаттары кіреді. Мируша каньонының геологиялық құрылымы негізінен сағаға қарай төмендеу тенденциясы бар мезозой әктас жартастарынан тұрады. Бұл жыныстар солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай кеңейіп, оңтүстік-шығыста азаяды. Мируша каньонында ойпаттар, үңгірлер, жартастар, көлдер және т.б. жер бедерінің әртүрлі формалары кездеседі. Сарқырамалар мен көлдерден басқа, әртүрлі пішіндегі және өлшемдегі көптеген үңгірлер бар. Ең танымал үңгірлер - Үлкен шіркеу және Кіші шіркеу, оныншы көлдегі үңгір, екі каналға бөлінген тоғызыншы көлдегі үңгір (сол және оң), тоғызыншы көлдің артындағы үңгір, жан үңгірі және т. б. Мируша саябағында өзі аттас Мируша өзені ағып жатыр, саябақтың атауы осыдан шыққан. Өзінің гидрологиялық, геоморфологиялық және ландшафттық құндылығына байланысты өзен 1983 жылы МСОП 3 санатты аймағы ретінде қорғалды. Мируша өзенінің бастауы Црнолева-Планина тауларының батыс бөлігінде орналасқан. Ақ Дрин өзенінің сол жақ саласы, ұзындығы 37 км, теңіз деңгейінен орташа биіктігі 795-360 м. Мируша өзенінің орташа су шығыны 1,2 м³/с, өзендегі орташа су деңгейі 0,65 см. Бұл аймақта әртүрлі пішіндегі және көлемдегі 16 көл мен 12 сарқырама бар. Мируша саябағы аймағындағы климат Жерорта теңізі климатының жұмсақ континенттік әсерімен сипатталады. Ауаның жылдық орташа температурасы 11,2 °C. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 910 мм. Ең көп жауын-шашын жауатын айлар – желтоқсан (114 мм) және қараша (109 мм), ал ең аз айлар – шілде (51 мм) және маусым (54 мм). Салыстырмалы ылғалдылық 76%. Салыстырмалы ылғалдылық желтоқсанда, қарашада және қаңтарда жоғары, ал маусым мен шілдеде төмендейді. Ең жоғары және ең төменгі ылғалдылық деңгейлерінің арасындағы айырмашылық 19% құрайды. ## Флора және фаунасы Мируша аумағында мүктер мен талофиттер түрлерін қоспағанда, флораның 330 түрі анықталды. Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың 44 түрі анықталған. Мируши территориясының флорасының ерекшелігі 14 өсімдік бірлестігінің болуы, оның 5-і эндемик, ал эндемикалық түрлердің жалпы саны 21.Бұл түрлердің арасында стено-эндемиялық және Мирушиден басқа әлемнің ешбір жерінде әлі кездеспеген Aristolochia merxmuelleri бар.Бұл аймаққа тән қасиет: ақ тал, қызыл тал, қара албырт, емен, арша сияқты түрлерінің болуы. Фаунасында эндемикалық түрлерге жататын жануарлардың жеке түрлеріне өте бай. Мируши аймағында жануарлардың келесі түрлері бар: жабайы қабан, борсық, қоңыр қоян, кәдімгі тиін, қасқыр, жабайы мысық, қарағай сусары, ондатра, сары мойын тышқан, шығыс еуропалық кірпі, тісті тасбақа, ұзын мұрын жылан т.б. Мируша өзені де әртүрлі қосмекенділер мен балықтардың мекені. ## Дереккөздер
Сақар атырабы (түрікм. Sakar etraby) — Түрікменстанның Лебап уәлаятында бұрын болған атырабы. ## Тарихы 1938 жылы желтоқсанда Түрікмен КСР Сақар ауданы болып құрылған. 1939 жылы қарашада Сақар ауданы жаңадан құрылған Шаржоу облысына берілді. 1956 жылы Сақар ауданы таратылды (оның аумағы Куйбышев ауданына берілді), бірақ 1975 жылы қарашада Шаржоу облысының құрамында қалпына келтірілді. 1988 жылы тамызда Сақар ауданы қайтадан таратылды. 1992 жылы 14 желтоқсанда Сақар ауданы Лебап уәлаятының құрамына еніп, Сақар атырабы деп өзгертілді. 2017 жылдың 25 қарашасында Түрікменстан парламентінің қаулысымен Сақар атырабы жойылып, оның аумағы Саят атырабына берілді. ## Сілтеме * Дүниежүзілік тарих жобасы ## Дереккөздер
Алтын саһра атырабы (түрікм. Altyn sähra etraby) — Түрікменстанның Мары уәлаятында бұрын болған атырабы. ## Тарихы Жаңа даму бағыттары бойынша 2008 жылдың 18 сәуірінде құрылды. Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедовтың айтуынша, ауданды құру «ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім күтілетін игерілетін және жаңадан игерілетін жерлерді ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді». 2010 жылы ел президентінің қатысуымен атыраптың жаңа әкімшілік орталығы ашылды. 2016 жылы Алтын саһра атырабы жойылып, оның аумағы Оғызхан атырабына берілді. ## Дереккөздер
Мира Камилевна Джангарачева (30 наурыз 1952 жыл, Бішкек, Қырғыз КСР) — Қырғызстанның мемлекет және қоғам қайраткері, Жогорку Кенештің депутаты (1995-2000), Қырғызстан Премьер-министрінің әлеуметтік саясат жөніндегі орынбасары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (1998-1999). Бішкек қаласының Құрметті азаматы. ## Отбасы Анасы - Фатима Байгелдиева - соғыс ардагері, журналист. Әкесі – Жангарачев Кемел Сатарқұлұлы – Ұлы Отан соғысына қатысушы, кәсіподақ қызметкері. Мираның үш ағасы Болот, Исхак, Азиз және екі сіңілісі Розажәне Нурила болды. Жолдасы - Кличбек Бердібеков (Қырғыз Республикасы футбол федерациясының бұрынғы бас хатшысы). Қызы – Шайкенова Шәйір, Алматы қаласында тұрады. ## Білімі Қырғыз мемлекеттік университеті, тарих факультеті. Тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі (1969-1974, Бішкек). Мәскеу мемлекеттік университеті. Философия ғылымдарының кандидаты, доцент (1978-1981, Мәскеу). ## Өмірбаяны Мира Джангарачева 1952 жылы 30 наурызда Фрунзе (Бішкек) қаласында дүниеге келген. * 1974-1992 жылдары - Фрунзе политехникалық институтында оқытушы, кафедра меңгерушісі, декан; * 1992-1995 жылдары - Бішкек қаласының әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице-мэрі; * 1995-1996 жылдары - Жогорку Кенештің депутаты; * 1996-1997 жылдары - Қырғызстан премьер-министрінің әлеуметтік саясат жөніндегі орынбасары; * 1997-1998 жылдары - Қырғыз Республикасы Президенті Іс басқармасының әлеуметтік саясат бөлімінің меңгерушісі; * 1998-1999 жылдары - Қырғыз Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі; * 1999-2000 жылдары - Шу облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары; * 2000-2015 жж. – БҰҰДБ әлеуметтік мәселелер жөніндегі бағдарламасының менеджері. * 2019 жылдың 19 маусымында Ғапар Әйтиев атындағы бейнелеу өнері мұражайының директоры болып тағайындалды. * 2019 жылғы маусымда «Дос-Кредобанк» ААҚ акционерлерінің жалпы жиналысында ол Директорлар кеңесінің мүшесі болып бекітілді. ## Дереккөздер
Вайсензее (нем. Weissensee) — Аустриядағы көл, Гайлталь Альпі тау жотасындағы Каринтия федералдық жерінде орналасқан. ## Морфометрия * Ауданы - 6,5 км2 * Тереңдігі - 97 м. * Ені - 900 м. * Ұзындығы - 11,6 км. Вайсензее көлі Австрия Каринтиясында, Галиталер Альпінің етегінде, теңіз деңгейінен 930 м биіктікте орналасқан. 23 шақырымдық жағалаудың үштен бір бөлігі ғана салынды, жағалаудың қалған бөлігі ерекше қорғалатын аумақ болып жарияланып, мемлекет қорғауында. Ең тар жерінде көлді ұзындығы 120 метрлік көпір кесіп өтеді. ## Сипаттама Көл құрамындағы судың ерекше түсімен танымал. Оның ортасы көгілдір болып, жағаға жақындағанда сүттей ақ түске айналады. Бұл құбылыс су түбінің жағалау қабатындағы бор шөгінділерінен туындайды. Неміс тілінен аударғанда «Weiss» «ақ» дегенді білдіргендіктен ақ көл деп атайды. Вайсензее Аустриядағы ең таза тау көлі болып саналады. Көктемде және жазда жаңбыр мен тозаңның әсерінен су аздап бұлыңғыр болады. Желтоқсан айының ортасынан наурыздың ортасына дейін Вайсензее көлі 50 сантиметрлік мұз қабатымен жабылып, оның беті үлкен мұз айдынына айналады.Жазда көлдегі су 24°C дейін қызады. Су тазалығын сақтау үшін көлде моторлы қайықтарға, серуендеу пароходтарына тыйым салынған. Таза ауа, мөлдір су (көл ішуге жарамды) отбасылық демалыс орны үшін қолайлы. Мұнда жүзуге, сүңгуге, серфингке, қалақшамен сырғанау, шаңғымен сырғанау, аквалангпен жүзуге болады.Көлде форель мен көксеркеден бастап шортан мен сазанға дейін балықтың 22 түрі белгілі. Балық аулау маусымы 10 мамырдан 20 қазанға дейін. ## Вайсензее көлінің көрнекі жерлері Жаяу саяхаттауды ұнататындар үшін 930-2300 м биіктікте белгіленген маршруттар бар, олардың 140 шақырымы тау арқылы өтеді. Кәдімгі немесе тау велосипедімен жүруді ұнататындар осында жақсы демалуға болады. Тау велосипедтері үшін барлық қиындықтағы 80 км жақсы белгіленген жолдар бар. Орманда және көл жағасында ұзындығы 3-тен 9 км-ге дейін әртүрлі қиындық дәрежесіндегі 12 жүгіру жолы бар. Альпі шалғындары мен ормандарында табиғи сұлулық пен ғажайыптарды кқруге болады. Мұнда балалар ойын алаңдары мен бөлмелері, қуыршақ театры және сиқырлы трюктар, ертегіге саяхат, «Kinderkapitaen» кемесімен көлді аралау мүмкіндіктері бар. 200-ден астам түрлі іс-шаралар: көл мен шалғындағы мерекелер, концерттер, балалар мен отбасылық бағдарламалар, концерттер мен ән кештері, экскурсиялар бар. ## Дереккөздер
Қарашсыздық атырабы (түрікм. Garaşsyzlyk etraby) — Түрікменстанның Лебап уәлаятында бұрын болған атырабы. ## Тарихы 1937 жылы мамырда Түрікмен КСР Молотов ауданы болып құрылды. 1939 жылы қарашада Молотов ауданы жаңадан құрылған Шаржоу облысына берілді. 1957 жылы шілдеде Молотов ауданы Мәскеу ауданы болып өзгертілді. 1963 жылдың қаңтарында Мәскеу ауданы таратылды. 1992 жылы 19 ақпанда бұрынғы Мәскеу ауданының аумағында Лебап уәлаятының Бойұзын атырабы құрылды. 2001 жылдың 18 ақпанында Қарашсыздық атырабы деп өзгертілді. 2017 жылдың 25 қарашасында Түрікменстан парламентінің қаулысымен Қарашсыздық атырабы жойылып, оның аумағы Дәнеу атырабына берілді. ## Әдебиет * Кулиев О. Түрікменстанның әкімшілік-аумақтық құрылымы: (XIX ғ. басы - 1980 ж.) — Ашхабад: Ылым, 1980. — 319 б. ## Дереккөздер
«Құлагер» — ақын Ілияс Жансүгіровтің Ақан Серінің өміріне арнаған поэмасы. 1936 жылдың қараша айында "Социалистік Қазақстан" газетінің бірнеше шығарылымдарында жарияланды. ## Сюжеті Ақан Сері - XIX ғасырдағы қазақ елінің рухани мәдениетінің тарихынан елеулі орын алатын белгілі өнер қайраткері. Ең алдымен, поэмада Ақанға кең көлемдегі мінездеме беріледі, ұнамды тұлғасы анықтала бастайды. Ақан мен Батыраш айқасының нәтижесі поэма соңында аян болады. Зұлым Батыраш өзінің жендетін жұмсап, бәйгеден озып келе жатқан Ақанның Құлагерін өлтіреді де, өз дегеніне жетеді. Өзінің қастандығын мойындамай жалтарған, оның үстіне ат бәйгесін алмақ болып тырысқан Батырашқа сол жерде халық дүрсе қоя беріп, қарсы шығады.
«Жайнаған туың жығылмай...» - Абайдың 1892 жылы жазған өлеңі. Көлемі 16 тармақтан тұратын 1 шумақ. Інісі Оспан қайтыс болғанда шығарған топтамасына кіреді. Абай бұл шығармасында қазақ арасында ежелден келе жатқан дүние салған адамның байлық-бағын, батырлығын бірыңғай дәріптеу сарынына берілмей, қайтыс болған інісінің қадір-қасиетін тіпті де басқаша бейнелейді. Оспанды «ер жүрек едің, сол ерлігіңнен танбадың, жомарт едің, сол жомарттығын бұзылмады, ізгі едің, сол жан біткенді жақын тартқан жалын жүрегің суымаған қалпы, жайдары жүзің жабылмаған күйі өттің» деп, інісінің өнегелі өміріне қызықушылығын білдіреді. Осының бәрі бір адамның басына қонған аз бақыт емес, өмірді осылай кешіп өткен адамда арман болмаса керек деген сыңай танытады. Ең ақырында: Жан біткенге жалынбай,Жақсы өліпсің, япырмай! - деп бұрын қазақ жырында айтылмаған, тіршілік тілеуін тілеген дүйім жұрттың түсінігіне бүтіндей жат, соны тұжырым жасайды. Бұл Абай ғана айта алған жаңа байлам. Ақынның мағыналы өмірге деген өлім үстіндегі ризалығы. Сөз қадірін түсінетін адамға Оспанның барша асыл қасиеттерін қолға ұстатқандай етіп санап береді де, «сол жақсылығына дақ түсірмей өткен сенде арман жоқ, сен бұл фәнидегі бар міндетіңді атқарып кеткен адамсың» деген тұжырым южасайды. Өлең алғаш рет ақын шығармаларының 1933 жылғы жинағында жарияланады. Ешқандай өзгеріске ұшырамаған. Ағылшын, қарақалпақ, орыс, ұйғыр тілдеріне аударылған. ## Дереккөздер
Азамат Кеңесұлы (23 тамыз 1977 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Тасқұдық ауылы) — «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы АҚ Басқарма төрайымының орынбасары. ## Өмірбаяны 1977 жылы 7 мамырда Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Тасқұдық ауылында дүниеге келген. ### Қызмет жолы * 1998 – 2000 жж. № 12 гимназия география пәнінің мұғалімі; * 2000 – 2001 жж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің география-экология факультетінің оқытушысы; * 2001 – 2006 жж. «Рахат» телеарнасының редакторы; * 2006 – 2009 жж. «Рахат» телеарнасы Қазақ дирекциясы директорының орынбасары; * 2009 – 2010 жж. Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының тілшісі; * 2010 – 2011 жж. Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының арнайы тілшісі; * 2011 – 2011 жж. Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы қоғамдық-саяси бағдарламалар бөлімінің шеф-редакторы; * 2011 – 2011 жж. Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы Алматы бюросының жетекшісі; * 2011 – 2012 жж. Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы қоғамдық-саяси бағдарламалар бөлімінің жетекшісі; * 2012 – 2013 жж. Арнайы жобалар бөлімінің жетекшісі; * 2019 – 2020 жж. Диджитал департаментінің директоры; * 2020 – 2023 жж. «Abai TV» телеарнасының директоры; * 2023 жылдың шілде айынан Басқарма төрайымының орынбасары. ## Отбасы ## Дереккөздер
«Құлагер» — ақын Ілияс Жансүгіровтің Ақан Серінің өміріне арнаған поэмасы. 1936 жылдың қараша айында "Социалистік Қазақстан" газетінің бірнеше шығарылымдарында жарияланды. ## Сюжеті Ақан Сері - XIX ғасырдағы қазақ елінің рухани мәдениетінің тарихынан елеулі орын алатын белгілі өнер қайраткері. Ең алдымен, поэмада Ақанға кең көлемдегі мінездеме беріледі, ұнамды тұлғасы анықтала бастайды. Ақан мен Батыраш айқасының нәтижесі поэма соңында аян болады. Зұлым Батыраш өзінің жендетін жұмсап, бәйгеден озып келе жатқан Ақанның Құлагерін өлтіреді де, өз дегеніне жетеді. Өзінің қастандығын мойындамай жалтарған, оның үстіне ат бәйгесін алмақ болып тырысқан Батырашқа сол жерде халық дүрсе қоя беріп, қарсы шығады.
Қазақтеңізкөлікфлоты — Ақтау қаласында орналасқан қазақстандық мемлекеттік компания. Компанияның міндеті — ұлттық сауда флотын құру және дамыту. «Қазтеңізкөлікфлотына» екі еншілес кәсіпорны «Kazmortransflot Ltd.» және Маңғыстау облысының «Кеме жөндеу зауыты» ЖШС кіреді. Компанияның негізгі қызметі мұнай және құрғақ жүктерді тасымалдау және басқа да ілеспе қызметтер болып табылады. 2009 жылдың сәуірінде «Қазтеңізкөлікфлоты» Төменгі Новгородтағы ресейлік «Красное Сормово» кеме жасау зауытынан үш танкерге тапсырыс берді, олар 2009 жылдың қыркүйегі мен 2010 жылдың мамыры аралығында жеткізілді. ## Дереккөздер
«Қазгидрогеология» — Қазақстандағы жерасты суларын басқару, іздестіру-барлау және саланы цифрландыру жұмыстарымен айналысатын мемлекеттік компания. Жалғыз акционері — ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі. ## Тарихы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Су ресурстары және ирригация министрлігінің аясында Ұлттық гидрогеология қызметі құрылатынын айтып өтті. Үкіметтің 2024 жылғы 23 сәуірдегі №313 қаулысымен «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды. ## Дереккөздер
Бақытгүл Баймолда (15 қыркүйек 1974, Ұланбатыр — 5 қыркүйек 2022) — қазақ ақыны. ## Өмірбаяны Бақытгүл Баймолда (Гүл Зарқұмар) 1974 жылы 15 қыркүйекте Ұланбатыр қаласында дүниеге келді. Оқушы кезінен бастап өлең жаза бастады. 1983-1993 жылдары Баян Улгийдегі №1 қазақ орта мектебінде оқыды. 1993 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті филология факультетіне оқуға түсті. 1993 жылы "Алтын жебе" атты үлкен мүшәйрада бас жүлде алды. 1997 жылы Ақтан Бабиұлының 100 жылдығына арналған мүшәйрада тағы да бас жүлде алды. 2000 жылдардан бастан шығармашылықпен айналысты. Республикалық басылымдар "Қазақ әдебиеті", "Өркен газеті", "Жұлдыз" журналы, "Жалын" журналдарында топтама өлеңдері жарияланып тұрған. 2012 жылы көрнекті ақын Ғалым Жайлыбайдың қолдауымен "Жалын" баспасынан "Жүректегі жүзік" атты жыр жинағы жарық көрді. Гүл Зарқұмар өлеңдерді қазақ тілімен қатар моңғол тілінде де жазды. 2013 жылдан бастап республикалық әдеби-мәдени интернет порталдарда топтама өлеңдері үнемі жарияланып тұрды. Фейсбук әлеуметтік желісінде "Күміс жүген" атты топ ашып, Алтайдың теріскей бетіндегі қазақтардың тарихы,салт-дәстүрін,өнерін және әдебиетін атажұртта насихаттауға зор еңбегін сіңірді. ## Жасырынған мұң қалды ма жанымда?! «Жасырынған мұң қалды ма жанымда?!Қаламымнан тығылып...Толып кетті інжу-маржан,лағылға,Жүректегі шұғынық... —Дүниеден көрсем де көп қарсылық,Жанымды тек жаралап...Айта алмайтын сырларым да баршылық,Ол өзіме аманат!Махаббаттан көресінді көрдім ғой?!Арман құштым,зар құштым...Сүйіп тұрып сүйе алмайтын өрмін ғой!Жанарымда қалды ұшқын... ## Шығармашылығына баға Сонау 90- жылдары Бақытгүл Баймолда есімімен танылған қаршадай бала ақынның ересек поэзиясы тұған өлкеміздің аспанында ерте қалықтаған еді. Тұп тұнық бұлықсыған тұма жырлары талайды таңдай қақтырғаны есімде деп жазады Ақсұнқар Ақынбабақызы. Көрнекті ақын Сұраған Рахметұлы былай деп жазады: - Расында ол осы құдіретті назым ғұмырында мәңгі хаhи ақын күйімен қалды. Қазақтың белгілі ақыны Қасымхан Сейітханұлы Бегманов Гұлдің шығармашылығы жайында айтады: Оның әр өлеңінде, жазбасында туған жері Алтайға деген шексіз сағынышы жататын. Ол жаратылысынан ақын еді. Иә, анасынан ақын болып туған "сиректердің" сапында болатын. Біздегі ең жаман қасиет тірісінде бағалай алмауымыз. Гүл Зарқұмардың ерекшелігі оның өлеңдерінде жарқ-жұрқ еткен пафос, үлкен ұрандар, билікке жағыну атымен жоқ. Гүл өлеңдерінде махаббат, Алтайға-тұған жерге деген сағыныш және адамның рухани ішкі-қайшылықтары сипатталған. ## Жарияланған өлеңдерге сілтемелер * Ол жаратылысынан ақын еді * Бақытгүл Баймолдақызы. Жапырағы жаураған құба талдай * Көп екен ғой сыры өмір сүрудің * Гүл Зарқұмар: "Ақындар туралы ауада дақпырт бар..." * Іңкәрліктің маржанындай әр тамшы… * Алтай мені, мен Алтайды жоқтадым…(қолжетпейтін сілтеме) * Бақытгүл Баймолдақызы. Жылап аққан жылдарды көзімдегі... * Гүл Зарқұмар. Хатым бар менің Ғаламға... * Хат жазыңдар! * Гүл Зарқұмар.Тағдырымды тастап кетіп қалар ем... * «Атамекен антологиясы» жобасы: Гүл Зарқұмарқызының өлеңдері ## Дереккөздер
Сондец Бескиді — Батыс Бескидтердің шығыс бөлігі, Сыртқы Батыс Карпат шегінде тау жотасы. Ол Польша мен Словакия арасындағы шекаралас аймақта орналасқан. Польша жағында ол 670 км² аумақты алып жатыр.Шамамен 1918 жылға дейін ол Надпопрадки Бескиді деп аталды. Польша мен Чехословакия арасындағы шекараларды белгілегеннен кейін Польшада Сондец Бескиді, ал Чехословакияда – Любовнянска Врховина атауы қолданыла бастады. ## Шекаралары Сондец Бескидтің батысында Горцы тау жотасы және солтүстік-батыста Бескидтер қырқасын бөлетін Дунаец аңғары орналасқан. Солтүстік-батыс нүктесінде жота Каменица-Навойовск аңғарымен, Кшижувка, Мохначка асуларымен, Мушинка алқабының солтүстік бөлігімен, ал Тыличка асуы Төмен Бескид тауларымен шектеседі. Оңтүстік-батыс шекарасы Пенин тауларымен, Грайкарек аңғары, Бяала-Вода және Роздзела тау асуымен өтеді. Роздзеля асуынан бастап тау жотасының Словак жағында шекара Черговтің оңтүстік-шығыс тік жоталары Спишско- šarišské medzihorie түйіскенде, Роздзель және Великие Липки өзендерінің аңғары арқылы өтеді.Лелуховский тауларымен және Чергов тау жотасымен оңтүстік шекарасы алқапта Смеречек өзенін құрайды, ал кейінірек жота Топля өзенінің бассейнін кесіп өтеді. ## Сипаттама Сондец Бескиді екі тау жотасына бөлінеді: Явожина Крыницка (1114 м) және Радзёва (1262 м). Оларды Дунаец өзенінің бір саласы Попрад өзені кесіп өтеді.Сондец Бескидінде тау климаты басым, мұнда қыс суық жылдары қарашадан сәуірдің ортасына дейін, ал жылы жылдары желтоқсанның басынан наурыздың ортасына дейін созылады. Қар жамылғысының қалыңдығы 15 см-ден 1 метрге дейін жетеді. Сондец Бескидінде орналасқан екі көне қала бар: Старый және Новый Сонч. Жергілікті Камянна, Крыница, Тулич, Поврозник, Муштына, Жегестув, Верхомля Мала, Пивнична - Суха долина қысқы курорттары Польшадан тыс жерлерде де танымал. Сондец Бескидіндегі ең танымал шаңғы курорты - Крыница Здруй. Әсем жергілікті табиғат, қалың ормандар, тамаша экология, минералды бұлақтардың көптігі, бірегей микроклимат және дамыған шаңғы инфрақұрылымы аймақта заманауи белсенді қысқы демалыс орталықтарының одан әрі өсуіне тамаша жағдай жасайды. Өсімдік түрлері де алуан түрлі. Польшада сирек кездесетін өсімдіктердің ішінде сарытұңғиық, қалампыр, ара жеміс ырғай, сарғыш даршын, паннондық беде, ала түймедақ, ошаған, примула т.б. түрлері кездеседі. ## Дереккөздер
ІІ Кир немесе Ұлы Кир (көне парс. Kuruš (ku-u-ru-u-š); туған жылы белгісіз – б.з.б. 530) – Ахеменидтер әулетінен шыққан парсы патшасы (б.з.б. 559 – 530). Камбис I мен мүмкін, Мидия патшасы Иштувегудің (Астиаг) қызы Мандана ханшайымның ұлы. ## Кирдің шығу тегі Кир Персияның басты пасадгарлар тайпасынан шыққан Ахменид құрған Ахменидтер династиясының патшасы Камбис І–дің ұлы. Эламның оңтүстік–шығысындағы Аншан патшасы ретінде Набодин Кирді сайлады. Тура осылай Набонид пен Кир хроникасын жасаған вавилон абыздары әрекеттенді. Өзінің вавилондықтарға айтқан сөзінде Кир «Аншан патшалары» деп өзінің ата бабасын атады: Мұнысы Кирдің вавилон тексттерінде бұрыннан кездесетін эламдық Аншан ауданының патшасы саналуы Кирдің эламит екендігін болжауғы жол береді. Кирмен замандас өнер туындылары бұрынғы замандағы Персия патшалығының элам мемлекеттігі мен өнеріне деген әсерін көрсетеді. Алайда, Кирдің арийлік болғандығы дәлелденген. Оның Аншанмен байланысы толық түсініксіз, мұндағы жалғыз түсіндірме, мүмкін, Кирдің Элам орнын басқан шығыс мемлекеттен болуы, сондықтан ресми мерекелік жазуда ол аншан патшасы деп аталды. Ол да өзі осы вавилондықтар көздері алдында одан сайын көтере беретін ежелгі терминге бас сұқты. Оның үстіне кезінде Элам патшаларының қолында вавилонның болғандығы белгілі. Аншан патшасының титулына ие бола тұрып жаңа құрылған монархияның иесі ежелгі салт дәстүрлер мен өзге де оған тиесілі жағымды символикасының мұрагері саналды. Набонид хроникасында Мидияны жаулап алғаннан кейін Кирді Персия патшасы сайлады. ### Кирдің бабалары Кир парсылық жетекші кландар пасаргадтар тайпасы, аңызға айналған Ахемен негізін қалаған Ахеменидтер әулетінен шыққан Камбис I-нің ұлы. Набонидтің өзі Кирді Аншанның патшасы атақ берді, яғни Эламның оңтүстік-шығысындағы аймақтардың бірі, сондай-ақ Набонид пен Кирдің шежіресін жасаған Вавилон діни қызметкерлері де солай жасады. Вавилондықтарға жасаған өтінішіне сәйкес, Кир өзінің ата-бабаларына «Аншанның патшалары» деп атады: «Мен - Кир... Аншан қаласының патшасы, ұлы патша, Камбисдің ұлы, Аншан қаласының патшасы, ұлы патша, Кирдің немересі, Аншан қаласының патшасы, ұлы патша, Теисптің ұрпағы». Ежелгі заманнан бері Вавилон мәтіндерінде айтылған Элам аймағының Аншан патшасы Кирдің бұл мәлімдемесі оның эламдық болғаны туралы ойлауға негіз береді. Кирдың қазіргі заман өнері Парсы патшалығының ең ежелгі кезеңінде элам мемлекеттілігі мен өнерінің әсерін көрсетеді. Алайда, Кирның арийлік екендігі дәлелденген. Оның Аншанмен байланысы мүлдем анық емес, тек Кирның шығыс жағынан, Эламның орнына келген мемлекетінен келген, сондықтан, ресми салтанатты жазуында ол Аншанның патшасы деп аталады. Вавилондықтардың көз алдында оған бұрынғысынша құрмет көрсететін ежелгі қасиетті терминді пайдаланды, сонымен қатар Эламның патшаларына Вавилон тиесілі болғандықтан, батысқа жорық жоспарын өзімен әкелді. ### Кирдің балалық шағы мен жастық шағы Кирдің туған жылы белгісіз, бірақ ол б.з.д. 600-590 жылдар аралығында туылған деп есептеледі, б.з.д. 593 жылы болуы мүмкін.Балалық және жастық шағы туралы тек бір-біріне қайшы келетін аңыздар арқылы ғана белгілі. Грек тарихшысы Ксенофонт б.з.д. V ғасырында Ұлы Кирның өмірі туралы әртүрлі жолдармен айтылған деп жазады. Геродоттың айтуы бойынша, Кирдің анасы Мидия патшасы Астиагтың (Иштувегу) қызы Манданаға ұлды болады және ол әлемнің әміршісі болады деп болжаған. Бұған жол бермеу үшін Астиаг қызын мидиялыққа емес, парсыға тұрмысқа берді, бірақ немересі оның орнына патша болуынан қорқып, Парсыдан жүкті Мандананы шақырды және ол ұлы тапқан кезде, оны көзін жойды шешті. Ол осы тапсырманы оның қадірлі Гарпагына жүктеді. Өз кезегінде Гарпаг баланы Астиагтың құлдарының біріне, малшыға берді және жабайы аңдарға толы тауда қалдыруды бұйырды. Бірақ малшы баланы үйіне әкелгенде, әйелі тапқан бала дүниеге өлі болып келгенін білді. Әке-шешесі патшалық ұлды өздері тәрбиелеуге шешім қабылдады және өлген баланы таудағы аулық орынға қалдырып, оның Астиагтың немересің сәнді киімдерімен киіндірді. Бұдан кейін малшы Гарпагқа оның бұйрығын орындағанын хабарлады. Гарпаг, бұл шынымен де солай екендігіне көз жеткізу үшін адал адамдарды жіберіп, нәрестенің мәйітін тексеріп, оны жерге көміп тастады. Осылайша Кирдің балалық шағы патшалық құлдар арасында өтті. Бала он жасқа толғанда, балалармен ойнап жүргенде патша болып сайланды. Бірақ мидиялық ақсүйектің ұлы оған бағынудан бас тартты, ал Кир оны ұрып-соғып жазалады. Бұл баланың әкесі Астиагтың құлы патша шенеулігінің балаларын ұрып-соғады деп шағымданды. Кир Астыгқа жазалау үшін әкелді, ол бірден оның алдына немересі екендігіне күдіктенді, өйткені ол о да әулетінің ұқсастықтарын байқады. Шынында да, малшыны азаптау астында сұрақ қою арқылы Астиаг шындықты білді. Кейін ол Гарпагты қатал түрде жазалады: оны кешкі асқа шақырып, жасырын түрде өзінің ұлының етімен дәм татқызды. Сосын Астиаг оның немересінен әлі де қауіп төніп тұр ма деген сұрақпен қайтадан сиқыршыларға келді. Олар Кир балалармен ойын кезінде патша болып сайланғандықтан, алдын-ала айтылған сөздердің орындалғанын айтады, сондықтан оған қорқудың қажеті жоқ деп жауап берді. Кейін Астиаг тынышталып, немересін Парсыға ата-анасына жіберді. Бірақ Геродот өзінің нұсқасын жалғыз деп айтқан жоқ - ол тағы төртеуі бар екенін айтты. Оның нұсқасы тек жалғыз болмады, сонымен қатар түпнұсқа емес, ол рационализмге жол берді. Мысалы, Юстин мен ұқсас әңгімелерге сәйкес, жабайы аңдарға жем қылуға қалдырылғанда, Кирді емізген грекше Кино, мидийше Спако («ит» мидийше спако) деп аталатын оның иті малшының әйеліне айналды. Ктесий жазған тағы бір нұсқасы өте қызықты, ол бізге Николай Дамаск арқылы жетіп, өзіндік ерекшеліктің айқын белгілерін анықтайды, Ктезиядің құнды парақтарының бірі. Оның айтуынша, Кир Астугтың қызметшісіне дейін көтерілген кедей мардиандық қарақшы Атрадаттың ұлы болған (мардтар көшпелі парсы тайпасы болған). Вавилондық сиқыршылардың болашақта болатын ұлы істі болжауы Кирді Парсыға қашып, бүліктің басталуына себеп болды. Барлық грек жазушыларының пікірінше, Кирдың аты туған кезде оған берілмеді, кейін ол таққа отырған кезде алды. Атаудың этимологиясы белгісіз. Плутархтың айтуынша, оны Күннің құрметіне атады (парсы халықтық этенологиясы Kurash «Кир» зерд. hvare деп аталады), себебі Күн парсыша «Кир». Страбоның айтуынша, Кир патшаның аты Пасаргадқа жақын орналасқан Кир өзенінің құрметіне берілген. Парсылардың патшасы осы өзеннің атыналып, өзін Аградаттан Кирге өзгерткен сияқты. Юстин, бәлкім, есімнің мағынасын «бақташы» деген сөзге сілтеме жасай алады: «Ұл бала, бақташылардың арасында өмір сүріп, Кир атауын алды». ## Мидияға қарсы көтеріліс ### Кирдің парсы тайпаларының көсемі болуы Кир басшылығы 29 жылға созылды дейтін Геродотқа сенер болсақ, б.з.б 559 жылы Кир Персияның отырықшы тайпаларының арасында басты рөл атқарған пасадгар тайпасының көсемі болды. Олардан басқа союзға марфийлар мен маспийлар кірді. Олардың барлығы Мидия патшасының әсерінде болды. Ол кездегі Персия мемлекетінің орталығы интенсивті құрылыс жұмыстары Кирдің бастапқы басқару периодына сай келген, Персия мемлекетінің алғашқы астанасы болған Пасаргады қаласының айналасында орналасты. Парсының қалалары мен жазықтарында тұрақтаған киртилер, мардтар, сагартийлер және кейбір көшпенді тайпалар, сонымен қоса карманилер, панфиалилер, дерушилер отырықшы тайпаларын Кир кейінірек, Мидияны басып алғаннан кейін жүзеге асырды. Мовсес Хоренатсиде көрініс тапқан, армян ұлттық аңызына сәйкес Мидия патшалығын армян патшасы Тигран Кирмен одағы және оның көмегінің арқасында жеңді. Бұл хабардың тарихи дәні б.з.д. V ғасыры - IV ғасырдың бірінші жартысындағы грек тарихшысы Ксенофонттың «Киропедия» туындысында болған хабарымен салыстыру кезінде анықталды. Мұнда Кир және армян ханзадасы Тигран достар ретінде көрсетіледі, кейінірек Тигран армян әскерімен Кирдің жорықтарына қатысады. ### Мидияға қарсы көтерілістің басы Б.з.б 553 жылы Набонид жазуына сәйкес Кир мидиялық патша Астиагқа қарсы шықты. Геродот пен Ктесий перстер мен мидиялықтар соғыстарын нәтижесі көбіне Мидияда болған Астигам басқаруына наразы болған партияның болуымен және азғындаушылық болуымен шарттанды. Геродот бойынша, осы екі патшалықтың арасындағы соғыс себебі Астиаг қатты өкпелеткен атақты мидиялық Гарпагтың астыртын сөз байланыстыруы болды. Ол алдымен Астиагтың қатаң басқаруына наразы болған атақты мидиялықтарды жинап, кейіннен Кирді көтеріліс жасауына үлесін қосты. Мидияның құлауы, астыртын сөз байласу мен наразылықтан басқа тағы династиялық дағдарыспен қолданылды: барлығымызға жетімді деректер бойынша Астигатың ұлы – мұрагері болмады. Ктесий мұрагер деп оның жездесі Спитамуды айтады. Мидия еш күрессіз құлады: Ктесий тіпті Астиагтың жабуылы мен жеңісі туралы жазбады. Геродот, не дегенмен, оның кәрілер қару жарақтандыруына дейін жеткен өжеттігін жоғары бағалады. ### Бүлікшілердің жеңісі Грек және Вавилон тарихамаларында Кирдың Мидияға қарсы көтерілісі 3 жыл созылғандығын мәлімдейді. Сондай-ақ, б.з.д. 550 ж. Набонид шежіресінде айтылған: Осылайша, Астиаг пен Кир арасындағы соғыстың үш жылға созылғандығы және соғыс тек сөз байланысу арқылы ғана парсылардың пайдасына шешілгені көрінеді. Соңғы шайқастың қайда болғаны, Ктесийдің Пасадгардының етегінде болды дегені дұрыс, дұрыс еместігін біз біле алмаймыз. Ктесий бір аңызға шолу жасай осындай ойға жетті. Онда Пасадгады жеріне келген әр бір патша осы қаладағы әйелдердің қолына бір-бір алтын тиын ұстатуы тиіс, мысалы, бір шайқас кезінде көрсеткен көмегі үшін мәңгі рақым ету ретінде. Мысалы, бір әйелдер мен аналарымен ұялтылған парсылар табандырақ шайқаса бастады. Осындай әдет-ғұрып, шын мәнінде, болуы мүмкін, Ұлы Ескендір осыны орындаған. Бірақ ол басқада себебтерден шығуы мүмкін: әдет-ғұрыптары ұмытып кеткен көптеген халықтар үшін, әйгілі тарихи немесе мифологиялық кейіпкерлерге қатысты түсініктеме берді. ### Кир - Мидия патшасы Кир мидия астанасы Экбатананы жаулап алып, өзін-өзі Мидия патшасы титулын қабылдап, Парсы мен Мидия патшасы ретінде жарияланды. Кир қолға түскен Астиагты өлтірмей, тіпті Ктесийге сенер болсақ, оны Парканиядағы билеушінің өкілі сайлады және оның қызына үйленді. Астиагқа жақын жандардан ең көп азап шеккен мүмкін мұрагер Спитама ғана болды, ал өзге жағдайларға келсек, бұл көтеріліс бар жоғы әулет өзгерісі саналды. Мидия мен мидиялықтар Ахменидтер басшылығы кезінде ешқандай қуғын сүргінге ұшырамай, парсылармен қоса бір сатыда есептелді. Экбатана Персеполис, Пасаргады және Сузымен астана болып қала берді. Мұнда патша жазғы уақыттын өткізді. Мұның барлығы жергілікті халықтың Парсының Мидияның жалғасы ретінде қарауына ықпал етті. Кирдің Мидия жеріндегі басшылығы Астиагпен көкейкесті байланысымен шарттанды. Парсылар мидиялықтардан ассириялыққа дейін көтерілген басқару жүйесін алды. Мидияны жаулап алғаннан кейін Кир келесі 2 жыл аралығында бұрынғы Мидия державасын кірген елдерді жаулауға кірісті: Парфия, Армения, Грузия. Олар парсыларға ерікті түрде берілді. Сол жылдары парсылар Элам жерін жаулап алды. Мидия державасының жерлерін жаулап ала жүріп Кир оның халқының көтерілістерін басып отырды. Бірде-бір дерек көзі бұл туралы айтпаса да, керең деректер мысалы, Ксенофонтта көруге болады. ## ІІ Кир–нің Кіші Азиядағы табыстары ### Лидияны басып алуы Б.з.б 547 жылы Кир жағына ерікті түрде Киликия өтім, оған әскери күш берді. Бұл үшін Кир ешқашан оған страптарды жібермей, қажет болған жағдайда ақша төлем тұратын жергілікті басқарушыларды орындарында қалдырды. Осылай, Кир Лидия мемлекетінің – Таяу Шығыстың ең құдіретті елдерінің бірінің шекарасына қатты жақындап алды. Геродоттың сөздеріне сүйенсек, соғыс инициативасы Лидия патшасы Крезге тиесілі болды. Б.з.б 547 жылы лидиялықтар мидиялықтар қол астындағы және парсылардың жеңісінен кейін соған өткен Каппадокияға басып кірді. Сонда Кир де аттанды, жолдан өз әскерін өткен аумағындағы елдер қатарынан толықтыра өтті. Крезді өз ойынан қайтару үшін Иония мен Эолида қалаларына хатшылар жіберді. Бірақ кішіазиялық гректер күтім позициясын алуды жөн көрді. Галис өзенінің шығысындағы Птерия қаласында қанды шайқас орын алды, бірақ, оның ешқандай нәтижеге алып келмеді, еш жақ шайқасты бастауға батылы жетпеді. Крез өзінің астанасы Сардыға бет алды. Онда ол өзінің Мысыр, Спарта, Вавилон сияқты одақтастардың көмегімен жақсылап дайындалуға кірісті. Бірақ, Кир қарсыласының барлық қалаулары мен іс әрекетін біле тұра онысына жол бергісі келмей, артынан Сардыға бет алды. Сарды тұрғындары мұндай шабуылды еш болжай алмай, парсылардың әскерін тек қала қабырғасына келгенде ғана байқады. Крез өзінің әскерін алып шығып, Сарды алдына шықты. Кир өзінің мыңбасы, мидиялық Гарпагтың ақылын тыңдап, арбада тұрған түйелердің барлығын әскер басына садақшылармен бірге қойды. Лидиялық әскердегі аттар таныс емес иісті сезіп, түйелерді көре салып қашып кетті. Алайда Лидиялық шапқыншылар аттарынан ырғи түсіп, жаяу шайқасты, бірақ Кир әскерлерінің шабуылынан қайта Сардқыға қайтып, акропольде тығылуға мәжбүр болды. 14 күндік қамалдан кейін парсылар акропольді алды. Ал Крез тұтқынға түсті. Грек авторларының мақұлдауынша Кир Крезді аяп, өмірін сақтады. Геродоттың айтуынша, Сарды б.з.б. 547 жылдың қазан мен желтоқсан аралығында жауланды. Крез жеңілгеннен кейін иондықтар мен эолилықтар Сарды хатшыларын Кирге жіберді. Өз қалалуларында олар Кирмен бірге Крезбен жасаған шарт негізінде жаңа шарт құруды сұрады. Алайда Кир олардың кезінде мидиялықтарға қосылуынан бас тарқандығын айтып, өзінің қандай шарттарды қоятындығын айтты. Мұны білген кішіазия халықтары Спартаны көмекке шақырады, бірақ олар көмекке келмеді. Тек Милет қана өз еркімен парсыларға бағынды, ал Кир Лидия патшасымен жасалған шарттармен онымен де одақ құрды. ### Иония, Кария, Ликияны жаулау Кир шығыс елдерге кеткендігін қолданып қалмақшы болған, Кир кетер алдында Крез асылдарын сақтауға қалдырған лидиялық Пактий б.з.б. 546 жылы перстерге қарсы шықты. Алтын арқылы ол баскесерлерді жалдап, грек теңізалды тұрғандарын көтеріліске қөсылуға құптады. Онан соң ол Сардыға аттанып, акрополольді камалдады. Көтерілісшілерге қарсы Кирдік полк басшысы мидиялық Мазар шықты. Перстердің әскерінің келе жатқандығын білген Пактий алдымен Киму қаласына, сосын Митилену қаласына, соңынан, Хиос қаласында барып, жергілікті тұрғандармен ұсталынған еді. Лидия көтерілісін жаншыған Мазар Кіші Азияның грек қалаларын басып ала бастады. Ионияны жаулап алған Гарпаг жан жалдап карийларға, кавнилерге жіне ликийлықтарға барды. Карий халқы перстерге жеңіл берілді. Түбекте орналасқан Книд тұрғындары матриктен бөліп тұратын кішкентай арық қазып, өздерін арал деп жариялағысы келді, бірақ қатты гранитке кезігіп, жұмыстарын тоқтатты, кейіннен олар да берілді. Біраз уақыт бойы тек бір тайпа-песадийліктер қарсыластық көрсетті. Олар Лида атты тауды тұрақтап, Гарпагтың жолында біраз қиындық туғызды. Тек ликиялықтар мен кавнилықтар көпсанды перс әскеріне соңғы күштер қарсы тұрғандар болды. Ликиялықтар Ксанфқа қарай лақтырылды. Онда олар акропольге әйел, бала-шаға, құлдарды түгел жиып, оны отқа лақтырды, ал өздері шайқаста қайтыс болды. Өзінің адалдығы үшін Гарпаг Лидияны мұрагерлік қолданысқа алды. ## Вавилонды бағындыруы Б.з.б. 539 жылдың көктемінде персия әскері Вавилонға қарай бағыт алды. Бұл қиын заманда Набонид патшаны тастап, Кир жағына Гутиум аймағының әкімі Угбару өтеді. Геродот сөздері бойынша Гиндтан өткен кезде ақ киелі аттардың бірі суға батып кетеді. Кир ашуланып, өзенді жазалауды бұйырды. Жаз уақытында перс әскері 360 канал ашып, өзеннің суын ағызып тастады. Мүмкін Кирді Новуходоносордың гидравликалық құрылыстары ұстап қалды. Бір көзге ақымақтық көрінетін іс ойға қонымды идея деп саналуы да мүмкін. Тоғытқан жердің суын қайта таратып, оны өтімді ету. Кир өз жорығын тек осыдан соң ғана жалғастырды. Вавилон әскері Опис қаласының маңында лагерь құрды. Бірақ Кир қыркүйектің 20-ыншы жұлдызында күтпеген жерден Мидия қабырғасын батыстан айналып өтті. Набонидтің ұлы Валтарас бар күшті гарнизонды Кир жіберген Угбару корпусы айнала қоршады. Кирдің өзі Опис жанында тұрған Набонид әскеріне сырттай соққы берді. Бұл шайқаста вавилон әскері жеңіліске ұшырап, қашуға тура келді. Набонид қалған – құтқан адамдармен Вавилонға қайтып оралмақшы болды, бірақ қайтар жолды Угбару жауып, ол Борсиппеде тығылды. 10 қазанда ол қарсылықсыз Сиппарда үсталынды. 12 қазанда Угбару Вавилон жеруне басып кірді. Қала орталығында парсы әскерлеріне қарсы тұрмақшы болған Вальтасар мерт болды. Угбару, Гутиум көмекшісі, Вавилонға басып кірген әскерлерді басқарған адам лезде ұрлық пен азғындыққа қарсы шаралар қолданды. Вавилонның құлағанын және ұлы Вальтасардың қайтыс болғандығын естіп, Борсиппадан кетіп, ерікті түрде тұтқынға берілді. ## Дереккөздер
Әбілпейіз сұлтан (толық есімі Әбілпейіз баһадүр сұлтан, жазба деректерде Абдулфеиз, Абулфаиз, Абулфеис, туған жылы белгісіз — 1783) — сұлтан, найман тайпасының құрамындағы қаракерей руының билеушісі. Әбілмәмбет ханның ұлы. ## Өмірбаяны 1742 жылы әкесінің шешімімен жоңғар қонтайшысы Қалдан Сереннің ордасына аманат ретінде жіберілген. 1744 жылдың басында Жоңғариядан оралып, найман тайпасының құрамындағы қаракерей руының билеушісі атанды. Қол астындағы халықтың жерлері шығысында, алдымен, ойраттармен, кейін Цин империясымен шектесетін (Шыңғыстау тауы, Аягөз, Көкше, Шыңғыс, Шаған өзендері). 1757 жылы Абылай сұлтанмен бірге Цин империясымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, Пекинге өз елшілігін аттандырған. Өмірінің соңына дейін Шыңжаң билеушілерімен саяси және экономикалық байланыстарды сақтап келді. 1760-шы жылдардың бірінші жартысында қол астындағы рулардың Ресеймен саяси және экономикалық байланыстардың тұрақтылығын қолдаған. 1762 жылдың қаңтарында ресей императоры ІІІ Петрге хат жолдап, қазақтардың Орталық Азиядан келген және орыс көпестерімен арасындағы сауда-саттықты жүзеге асыратын тұрақты айырбас сауда пунктін ұйымдастыруды өтінген. Сұлтанның өтінішіне сәйкес 1764 жылдың жазында Семипалатинск бекінісінен 15 шақырым жерде (Ертістің сол жағалауы) айырбас ауласы ашылып, жергілікті халыққа ресей, ортаазиялық, қашғар көпестерімен сауда-саттық жүргізуге мүмкіндік берді. Берік әрі батыл мінезімен ерекшеленгенімен (цин шенеуліктерінің анықтамасы бойынша «қыңыр, тәкаппар»), Әбілпейіз сұлтан, сонымен бірге, прагматикалық, парасатты адам ретінде танымал болды. Осы қасиеттердің арқасында ол 40 жыл бойы иеліктеріндегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтап, қол астындағы Орта жүз қазақтарының көршілерімен сауда-экономикалық байланыстарын дамыта алды. Сұлтанды жеке білген әскери инженер әрі танымал семейлік өлкетанушы И.Г.Андреевтің тұжырымдамасы бойынша, Әбілпейіз сұлтан Орта жүздегі ең беделді, ең ақылға қонымды тұлға болған. Әбілпейіз сұлтан 1783 жылы өз иеліктерінде қайтыс болды. Бір жылдан кейін Бопы сұлтан әкесін Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесінде жерлеген. Әбілпейіз сұлтан ұлдарының бізге белгілері: Бопы, Жошы, Шыңғыс, Ағадай, Шамамет. ## Галерея ## Әдебиет * Андреев И.Г. Описание Средней орды киргиз-кайсаков / Составление, транскрипция скорописи XVIII в. и комментарии И.В. Ерофеевой. Алматы., 1998. * Аполлова Н.Г. Хозяйственное освоение Прииртышья в конце XVI - первой половине XIX вв. М.: Наука, 1976. * Бөкейхан Ә. Таңдамалы. Букейхан А. Избранное / Гл. ред. Р. Нургалиев. Алматы, 1995. * Ерофеева И.В. Эпистолярное наследие казахской правящей элиты 1675-1821 гг. Сборник исторических документов в 2-х томах/Автор проекта, введения, биографий ханов, научных комментариев; составитель и ответственный редактор И.В.Ерофеева. Алматы: АО "АБДИ Компани", 2014. - 696 с. + вкл. 44 с. — ISBN 978-9965-832-26-0. * Коншин Н.Я. Материалы для истории Степного края // Памятная книжка Семипалатинской области на 1900 г. Семипалатинск, 1900. Вып. 4. С. 1-76. * Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких орд и степей. Изд. 3-е / Сост. И.В. Ерофеева. Алматы, 2009. ## Тағы қараңыз * Әбілпейіз кесенесі
Едігер (жазба деректерде Едигер, Етегер, Ядкар, Жадигер, Йадигар, туған жылы белгісіз — 1563) — Тайбұға әулетінен шыққан Сібір (Ескер) жұртының 1552-1563 жылдардағы билеушісі. Мұхаммед (Махмет) Тайбұғаның немересі, Қасым мырзаның ұлы, Бек-Болаттың ағасы. ## Өмірбаяны Орыс жылнамалары бойынша Едігер әкесінің өлімінен кейін інісі Бек-Болатпен бірге билік құрған. Едігер туралы алғашқы жазба деректер XVI ғасырдың ортасынан бастап кездеседі. 1555 жылдың қаңтар айында Қашлықтан Мәскеуге елшілік аттандырған. Сібір елшілері Мәскеуге ноғай елшілерімен қатар жеткен. Елшілер ІV Иванды Қазан (1552) және Астраханды (1554) бағындыруымен құттықтап, жыл сайын төленетін алым-салықтың мөлшерін бекіткен (адам басынан 1 тиін және бұлғын терісі). Тайбұғалық мырза елшілерінің мәлімдеуінше, Сібірдегі ересек ер адамның («қара халықтың») саны 30 700 құраған. IV Иван Сібірді «қол астына алып», алым-салық жинауға келісімін берді. Шығыс дәстүрі бойынша елшілер тиін және бұлғын терілерін сыйға тартты. Патриарх (Никонов) жылнамасына сәйкес орыс патшасы Сібірге елші және даруға (салық жинаушы) Дмитрий Шепейцын-Куровты аттандырған. Тайбұғалықтардың сепаратисттік әрекеттері Сібір жерінің «шибан ханзадасының» шабуылына ұшырауына алып келді. Бұл ақпаратты Мәскеуге 1557 жылдың қарашасында қайтқан орыс елшісі жеткізген. «Шибан ханзадасының» шабуылын сылтауратып, Едігер 700 бұлғын терісін жинап үлгерген (алым-салықты Едігердің елшісі Баянда мырза апарған). IV Иван Баянда мырзаны түрмеге отырғызып, сібір билеушісіне татар мырзалары Дәулетқожа мен Сабан Резановтарды аттандырып, істі аяғына дейін жеткізуді талап етті. Едігер 1558 жылдың қыркүйегінде Мәскеуге 1169 бұлғын терісін жіберіп (1000 - алым-салық ретінде, 100 - даруғаға, 69 - тиін терісінің орнына), орыс патшасының бодандығын қабылдаған. Жаңа келісім бойынша төленетін алым-салықтың мөлшері 1000 бұлғын терісіне теңелген. Едігердің бұл қадамға баруы Үлкен Ноғай Ордасының билеушісі Исмаилдың IV Иванның қол астына өтуі түрткі болды. Едігердің орыс патшасының қол астына өтуі Шибан әулеті өкілдерінің наразылығын тудырды. 1555-1563 жылдары Мәскеуде Едігердің, Мұртаза хан мен оның үлкен ұлы Ахмет-Керейдің елшілері келіссөздер жүргізген. Тайбұғалықтар Исмаил бидің, ал шибандықтар Шейх-Мамай ұрпақтарының қолдауына ие болған. Орыс әскерінің көмегіне үміт артқан Едігердің жоспары іске аспады. Сібір жұрты Орыс патшалығынан алшақ орналасқан еді. 1636 жылы жарық көрген Савва Есиповтың жылнамасына сәйкес Көшім әскерінің жойқын соққысының нәтижесінде Едігер мен Бек-Болат тұтқынға түсіп, өлім жазасына кесілген. Сібір тағын Көшім иеленген. Алайда орыс патшасының ноғай биі Исмаилге жазған хатында (1563 жылдың 22 қыркүйегі) жаңа сібір билеушісі ретінде Мұртаза ханның үлкен ұлы Ахмет-Керей сұлтан аталып өтті. Едігер мен Бек-Болаттың өлімінен кейін Ескер (Сібір) жұртындағы тайбұғалық әулеттің билігі аяқталды. Сейтек 1585 немесе 1586 жылы Ескерді басып алып, қысқа мерзімге тайбұғалықтардың билігін орнатқан. ## Әдебиет * Матвеев А.В., Татауров С.Ф. Сибирское ханство: военно-политические аспекты истории. Казань: Фэн АН РТ, 2012. 260 с. * Полное собрание русских летописей. Т.13. Первая половина. Летописный сборник, именуемый Патриаршею или Никоновской летописью. СПб.: Типография Н.Ю.Скороходова, 1904. 303 с. * Посольские книги по связям России с Ногайской Ордой. 1551-1561 гг. Публикация текста / Сост. Д.А.Мустафина, В.В.Трепавлов. Казань: Татарское книжное издательство, 2006. 391 с. * Посольские книги по связям России с Ногайской Ордой. 1561-1566 гг. Публикация текста / [сост. Д. А. Мустафина ; авт.предисл. В. В. Трепавлов]. - Казань : Татар. кн. изд-во, 2018. - 231 с., илл. * Тюменское и Сибирское ханства / под ред. Д. Н. Маслюженко, А. Г. Ситдикова, Р. Р. Хайрутдинова. — Казань: Издательство Казанского университета, 2018. — 560 с. — ISBN 978-5-00130-021-2.
II Жәнібек хан (1598 - 1643) — Қазақ Ордасын 1628-1643 жж. билеген хан Есім ханның екінші ұлы. ## Өмірбаяны Жәнібек хан- Есім ханның екінші ұлы.Анасы Есім ханның сүйікті әйелі Ханша Айлин Ханым болды.Есім хан қайтыс болған соң, билік мұрагерлік жолмен оның үлкен ұлдарының бірі Жәнібектің қолына берілді. Алайда Жәнібек ханның жүргізген билігі туралы мәлімет жоқтың қасы. Бір анығы Жәнібек тағында берік отырмады. Үнемі ішкі феодалдық талас-тартыстар оны мазалап қоймады, оның үстіне ойраттардың (жоңғарлардың) шабуылдары көбейіп, Қазақ хандығы әлсіреді. Осының кесірінен халық наразы болып, сұлтандар арасында билік үшін талас басталды. Бұл таласты Жәнібектің туған інісі Жәңгір жеңіп, сұлтандарды тынышталдырып, халық қолдауына ие болды. Бірақ ағасын құрметтеп, билікті ресми түрде Жәнібектің атында қалдырды. Істеген ұлы істері болмай, інісінің көлеңкесінде қалып қойған Жәнібекті көпшілік мойындамады. ## Әдебиет
Алашахан — орта ғасыр қаласының орны. Қарағанды облысы Ұлытау аданынан 18 км жерде, Қаратал өзеннің солтүстік жағасында орналасқан. Ә.Х. Марғұлан ашып, тұңғыш сипаттамасын жасады, кейінірек С.Ж. Жолдасбаев, Ж.Е. Смайылов кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізді. Екі бөліктен тұратын қ-ның негізгі бөлігі төртбұрышты (90х92 м), айналасы ені 5-7 м, тереңдігі 1,5 м ормен және кезінде ені 4,5 м болған балшықтан соғылған қабырғамен қоршалған. Құлаған бұл қабырғаның сақталған биіктігі 3,5-4 м, ені іргесінде кейде 16 м-ге дейін жетеді, бұрыштарында мұнара орындары бар. Қақпа оңтүстігінен шығарылған. Негізгі бөліктің шығыс жағында жапсарлас жатқан төртбұрышты (65х70 м), үш жақтан айналдыра қазылған оры мен биіктігі 3 м-ден асқан жалы бар екінші кіші бөлік бар. Қаланың екі бөлігінде де құрылыс салынбаған, біркелкі тегіс келген алаңдардың мәдени қабаты жоқ. Қала тұрақты мекен-жай, қоныс қызметін атқармаған, тек ерекше жағдайларда пайдаланылатын арнаулы қамал ретінде болған. Алашахан ескерткіштерінің түрлі құрылымдық ерекшеліктерін ескере отырып, ғалымдар оны 15-17 ғ-ға жатқызады. ## Дереккөздер Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Қастауыш (Clavіceps purpurea) - қарабидайдың және көптеген астық тұқымдастардың паразиті. Осы өсімдіктердің масақтарында дәннің орнына бірнеше мицелийлердің тығыз өрімделуінен құралған, (плехтенхимадан тұратын) қарауытқан қызғылт түсті қастауыштың склероцийлері (мүйізшесі) пайда болады. Оның шет жағындағы гифаларының қабықшалары қалың түсі қара - қошқыл болып келеді. Орталық бөлігіндегі гифаларының қабықшалары керісінше жұқа және олардың ішінде артық қор заттары (май тамшылары және гликоген) жиналады. Склероцийлері топырақта қыстап шығады да, астық тұқымдастары (қарабидай) гүлдей бастаған кезде өседі. Олардың үстінде жіңішке ұзын сағақтың басында шорланып шоқпарланған стромалар пайда болады. Строманың бетінде, үстінде арнайы тесіктері бар бүртіктер (перитецийлер) қалыптасады. Перитецийлердің ішінде ұзынша лента тәрізді қалталар пайда болады, ал әрбір қалтада сегізден жіңішке аскаспоралар жетіледі. Пісіп жетілген аскаспоралар сыртқа шашылып қарабидайдың гүлдеп тұрған масағына түседі де өседі. Олардан гүл түйінінде мицелий пайда болады. Осы мицелийлерден конидийлер бөлініп шығады, ал оларды насекомдар (құрт-құмырсқалар) бір масақтан екінші масаққа тасиды. Саңырауқұлақтың мицелийі масақтың үстіне тәтті шырындар бөліп шығарады, сол себептенде оған насекомдар үйір келеді. Конидий өсе келе гүл түйініне өтіп мицелий түзеді. Мицелийлер күзге қарай қатайып жаңа склероцийға айналады. Склероцийдің үстінде өз тіршілігін тоқтатқан гүл түйінімен аналықтың мойны қалып қояды. Ал склероцийдің бойына артық қор заттарымен улы зат - эрготин жиналады . ## Дереккөздер
Тохтасын Джалилович Джалилов (өзб. Toʻxtasin Jalilov; 13 желтоқсан 1895 жыл, Әндіжан, Ресей империясы - 10 мамыр 1966 жыл, Ташкент, Өзбек КСР) — Өзбек музыканты және композиторы, өзбек музыкалық-драмалық театр өнерінің және өзбек ұлттық оркестрінің негізін салушы. Өзбек КСР халық әртісі (1937). ## Өмірбаяны Тохтасын Джалилов 1896 жылы 13 желтоқсанда Әндіжан қаласында дүниеге келді.Өнерге деген сүйіспеншілік жас кезінде басталды. Гиджак пен танбурды өз бетінше меңгеріп, ұлттық ән орындау техникасын мұқият зерттеп, вокалдық шеберлігін жетілдірді. 1918-1920 жж. Тохтасын Джалилов түрлі үгіт-насихат топтарының құрамында гиджакист ретінде өнер көрсетті.20-жылдардың басында X.Хамза жетекшілік ететін драма труппасында гиджакист болды. 1925-1927 жылдары өзбек этнографиялық концерттік ансамблінде музыкант болды.1925 жылы Өзбек әртістері тобының құрамында Парижге, 1927 жылы Мәскеуге, Ленинградқа, Қазанға, Уфаға, 1935 жылы Лондонға, 1937 жылы Өзбекстан әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне Мәскеуге сапар шегеді. 1926 жылы Т.Джалилов виртуоз гиджакист ретінде алғашқылардың бірі болып Өзбекстанның концерттік-этнографиялық труппасының халық аспаптар ансамбліне қабылданды.Халық әндері «Әзизім», «Гүлюз узра», «Найларам», әндер «Ёввоий чоргох», «Ёввоий ушшок», «Бебокча», аспаптық әуендер (күйлер) «Мирза Давлат», «Лайзон гул», «Кари Наво», «Сувори», «Сарбозча» және басқа да олардың орындауындағы шығармаларды ол өзінің театрлық шығармаларында пайдаланды. 1929-1934 жж. Әндіжандағы музыкалық театрда музыкант болды. 1934-1936 жж. М.Свердлов атындағы Ташкент музыкалық театрының музыкалық жетекшісі болды. 1937-1940 жж. филармонияның көркемдік жетекшісі. 1940 жылы Т.Джалилов жаңадан ұйымдастырылған Мукими атындағы өзбек мемлекеттік музыкалық драма және комедия театрының көркемдік жетекшісі болып тағайындалады.Ұжымның қалыптасуының алғашқы жылдарында С.Абдулланың "Тахир және Зухра", К.Яшеннің "Нұрхон" спектакльдерін ол музыкалық дәстүрлерге сүйеніп қана қоймай, оларды сахна жағдайына бейімдеп шығарады.Әскери-патриоттық тақырыптағы С.Абдолла мен Чустидің «Құрбан Умаров», С.Абдолланың «Орзу», «Истибдод», З.Фатхуллиннің «Ғұнчалар», Б.Рахмоновтың «Сұрмахон» музыкалық драмаларында, X.Гулямның «Фарғона хикаясы». Ж.Машрабийдің «Дала маликасы» шығармаларында өзіндік және дәстүрлі ырғақтық интонацияларымен үйлеседі. Т.Джалиловтың музыкалық драмалары, сондай — ақ оның әндері, хор «Фигонким», «Уйнасам», «Сигнал», «Доврук», «Ер экканники», «Пахта шараф-шонимиз», «Пиёламиз», «Гулистоним менинг», «Ул сарвиноз», «Азиз Ватан», «Зафар».«Фарход кахрамонлари», «Отлик аскар» шерулері, «Багишлов» романстары және басқа да шығармалар, оның орындаушылық шеберлігі ХХ ғасырдағы Өзбекстанның музыкалық мәдениетінің үздік беттерін құрады. ## Шығармалары * «Тахир мен Зухра» музыкалық драмасы (Вильгельм Сперлингпен бірлесіп жазған); * «Құрбан Умаров» музыкалық драмасы (Вильгельм Сперлингпен бірлесіп жазған); * «Тахир мен Зухра» операсы (Борис Бровцынмен, 1949, 2-шығарылым 1955, музыкалық драма негізінде). ## Марапаттары мен атақтары * Өзбек КСР халық әртісі (1937); * Екі Еңбек Қызыл Ту ордені (1937); * «Құрмет белгісі» ордені (23.12.1939) * Ленин ордені (18.03.1959) * «Буюк хизматлари учун» ордені (2002, қайтыс болғаннан кейін). ## Дереккөздер
Аюка хан, кейде Аюке хан (қалм. Аюши хан, орыс. Аюка хан, 1642 – 1724) – Еділ қалмақтарының төртінші бас тайшысы (1672-1698), тұңғыш қалмақ ханы (1699-1724). Моншақтың үлкен ұлы әрі мирасқоры, Шукур-Дайчиннің немересі. ## Өмірбаяны Болашақ қалмақ ханы балалық шағын Жоңғарияда өткізген. Туған кезіндегі есімі "Аюши" еді (ұзақ өмір буддасы Амитаюсаның қысқартылған аты), алайда орыс тарихына Аюка ретінде енді. 1654 жылы атасы Дайчинмен Еділдің бойына жетті. 1672 жылы әкесі Моншақтың өлімінен кейін туыстарының көмегімен Қалмақ ордасының бас тайшысы атанды. Аюка Еділ қалмақтарын біріктіріп, өз иеліктерінің аумағын біраз кеңейтті. Жоңғариядан көшіп келген бір топ торғауыттар Аюканың билігін мойындап, Қалмақ ұлысының санын арттырды. 1670 жылы қазақ жерiне басып кiрген. 1673 жылы ақпанда Ресей патшасының қол астына кiргендiгi жөнiнде ант бередi. Орыс әскеріне арқа сүйеп, түрік сұлтанына, Солтүстік Кавказ тұрғындарына, Қазақ, Түрікмен, Хиуа хандықтарына қарсы жорықтар жасады. Аюкенiң атты әскерi Қырым соғысында орыстар жағында болады. 1681 жылы орыс әкiмшiлiгi оған дуанбасы атағын бередi. 1682-1683 жылдары Аюкенiң әскерi Ресей үстемдiгiне қарсы көтерiлген башқұрт көтерiлiсшiлерiн қырғынға ұшыратады. 1696 жылы орыс әскерiмен бiрге Азау(Азов) қамалын алады. Сенiмдi қызметi үшiн Петр I оған алтын қылыш тарту еткен. 1690 жылы Далай лама қалмақ тайшысы Аюкаға хандық титул мен мөрді ұсынды. Еділдің төменгі ағысындағы билігін нығайту мақсатында ресей билігі Аюканының және оның одақтастары болған дербет тайшылары мен нойондарының әскерін Астрахан (1705-1706), Булавин (1707-1709) көтерілістерінде, Солтүстік соғыс (1700-1721) барысында кеңінен қолданды. Аюке таққа мұрагерi етiп ұлдарының кенжесi Серен Дондукты қалдырған. ## Галерея ## Әдебиет * Тепкеев В. Т. Аюка-хан и его время / Отв. ред. А.Н. Команджаев. Элиста: КалмНЦ РАН, 2018. – 359 с. * Аюка // Русский биографический словарь : в 25 томах. — СПб., 1900. — Т. 2: Алексинский — Бестужев-Рюмин. — С. 366—368. * К. Д. Э. Аюки // Энциклопедический лексикон: В 17 т. — СПб.: Тип. А. Плюшара, 1835. — Т. III: АРА—АФО. — С. 524—527. * Лари Илишкин, Знаменитые калмыки прошлого, Элиста, 2010, стр. 8 — 14 * Цюрюмов А. В. Калмыцкое ханство в составе России: проблемы политических взаимоотношений. — Элиста: Джангар, 2007. * Шовунов К. П. «Очерки военной истории калмыков (17-19 вв.)». * Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
Сейтек (орыс жазба деректерінде Сейдяк, Сейд-Ахмед, Сайд-Ахмад, шамамен 1563 - 1616) — Тайбұға әулетінен шыққан қолбасшы, 1580-ші жылдары Сібір тағына үміткер. Едігердің інісі Бекболаттың ұлы. ## Өмірбаяны Әкесінің өлімінен кейін (1563) Шибан әулетінің билік басына келуіне байланысты анасы Бұхараға қашуға мәжбүр болған. 1585 жылы қайтыс болған Ермактың жеке заттарын бөлісу барысында атаманның шекпенін иеленді. 1585 немесе 1586 жылы Ескер қаласын басып алып, қысқа мерзімге тайбұғалықтардың билігін орнатты. Алайда Көшім ханға, Мәскеу мемлекетіне қарсы ешқандай әскери қимылдар жүргізген жоқ. Әкесі Едігердің саясатын жалғастыра отырып, өзін орыс патшасының вассалы ретінде қарастырған. Сейтек басшылық еткен қысқа уақыт ішінде Ресей үкіметімен достық қарым-қатынас орантуға тырысқан. Сейтек орыс казактарына қарсы ұрыстарға қатысқан батыр болған. 1588 жылы «Қазақ Ордасының ханзадасы» Ораз-Мұхаммедпен бірге Тобольск острогында сібір қолбасшысы Даниил Чулковтың тұтқынына түсіп, күзетшілердің айдауымен Мәскеуге жеткізіледі. Орыс патшасы Борис Годунов оны Сібір хандығы және Қазақ Ордасы арасындағы қарым-қатынастарға пайдалану үшін жылы қарсы алады. Сейтекке жер үлесін бөліп беріп, «мұқтаждық көрмей тұрғылықты өмір сүруге» арналған бау-бақшасы, қора-мүлкі бар жеке қоныс береді. 1591 жылы 1590-1593 жылғы орыс-швед соғысына қатысқан. Қазіргі Ярославль облысында қайтыс болып, сонда жерленген. ## Әдебиет * Рябинина Е. А., Маслюженко Д. Н. Деятельность последнего сибирского князя Сейдяка Тайбугида в 80-е г. XVI в. // Древняя Русь. Вопросы медиевистики. — 2017. — № 3. — С. 116. — ISSN 2071-9574. * Тюменское и Сибирское ханства / под ред. Д. Н. Маслюженко, А. Г. Ситдикова, Р. Р. Хайрутдинова. — Казань: Издательство Казанского университета, 2018. — 560 с. — ISBN 978-5-00130-021-2. * Худяков Ю. С. Эпизод пленения Сейдяка и Карачи в Тобольске в 1588 году в истории взаимоотношения российских властей с сибирской татарской элитой (по материалам письменных и изобразительных источников) // Вестник Новосибирского государственного университета. Серия: История. Филология. — 2014. — № 3. — С. 234—242. — ISSN 1818-7919.
Талғар Сатыбайұлы Абилов - (12 тамыз 1977 жыл) - "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті" КеАҚ «Жалпы медицина» факультетінің деканы, медицина ғылымдарының кандидаты. ## Туған жері Талғар Сатыбайұлы Абилов Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Ноғайты елді мекенінде дүниеге келген. ## Білімі ● 1994 жылы Сағыз орта мектебін бітірген. ● 1994 – 2000 жж. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина Академиясы Мамандығы: Емдеу ісі Біліктілігі: дәрігер ● 2000 – 2001 жж. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина Академиясы, интернатура Мамандығы: Акушерия және гинекология Біліктілігі: дәрігер ## Еңбек жолы ● 2001 – 2008 жж. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы, ассистент, «Микробиология» кафедрасының доценті; ● 2003 – 2008 жж. Марат Оспанов атындағы БҚММА ректорының көмекшісі; ● 2008 – 2011 жж. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, «Емдеу ісі» және «Жалпы медицина» факультетінің деканының орынбасары; ● 2011 – 2017 жж. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, «Жалпы медицина» факултетінің деканы; ● 2017 – 2019 жж. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі Проректоры; ● 2019 ж. бастап - Марат Оспанов атындағы БҚМУ КеАҚ, «Жалпы медицина» факультетінің деканы. ## Біліктілігін арттыру ● 2013 ж. - «Медициналық білім берудегі PBL, CBL, TBL пайдалану арқылы дәлелді медицинаның кіріктірілуі (интеграциялануы)»; ● 2015 ж. - «Медициналық білім берудегі менеджмент және басқару»; ● 2017 ж. - «Leadership Development Program for State Healthcare Institutions», Назарбаев Университеті; ● 2017 ж. - «Medical University leadership & Management Training at Duke University School of Medicine»; ● 2017 ж. - «Денсаулық сақтау менеджменті»; ● 2017 ж. - «Медицинадағы жоғары оқу орнында бағалау мен сараптау»; ● 2018 ж. - «ИСО 31000:2009 халықаралық стандартының негізіндегі менеджмент жүйелеріндегі тәуекелдерді басқару». ## Ғылыми еңбектері 2006 жылы Астана қаласы Ұлттық биотехнология орталығында "Клиническая микробиология острого аппендицита и аппендикулярного перитонита" тақырыбындағы кандидаттық диссертацияны сәтті қорғағаннан соң, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау Комитетінің шешімімен медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми атағы берілді. Отандық және шетелдік басылымдардағы 40-тан астам ғылыми мақалалардың авторы, сонымен қатар «Шұғыл аппендицит пен аппендикулярлы перитониттің клиникалық микробиологиясы, патоморфологиясы, иммунологиясы» (Ақтөбе қаласы, 2008 жыл) монографиясы авторларының бірі. ## Марапаттары ● 2010 жылы - Медициналық білім беру саласындағы сіңірген еңбегі үшін ҚР Денсаулық сақтау және Әлеуметтік қорғау Министрлігінің Құрмет грамотасы; ● 2015 жылы - «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі. ## Отбасылық жағдайы Отбасылы. Әйелі, 3 баласы бар.
Әбілғазы Баһадүр Хан(1603 — 1664) — Хиуа ханы (1645—63), тарихшы-шежіреші. Әбілғазы Хорезм хандығының астанасы Үргеніште Жошы ұрпағынан тараған Арабмұхамед ханның отбасында туған. ## Өмірі Әкесі Арабмұхамед хан 1602 жылы Хорезм ханы болып жарияланған. Шешесі Мейірбану да Шыңғыс хан әулетінен шыққан, Арал теңізі маңындағы қазақ руларының ханы Жанғазы сұлтанның қызы. Әбілғазы әкесі салдырған Арысхан медресесінде оқып, ғұлама ғалымдардан дәріс алған. Медреседе халық ауыз әдебиетін, тарихты оқып зерттеді, әскери өнер, мемлекеттік басқару ісін меңгерді. 16 жасқа шыққанда әкесі оны үйлендіріп, Үргеніштің жарты бөлігін билеткен. Арабмұхамед ханның қартайған шағында балалары арасында билікке талас басталды. 17 жасынан бұл талас-тартысқа Әбілғазы да араласты. Оның аяғы ағайынды адамдар арасындағы қарулы қақтығысқа ұштасты. Сондай соғыстың бірінде 1621 жылы Әбілғазы ауыр жарақаттанып, Әмударияны жалғыз жүзіп өтіп, қашып құтылады. Маңғыстаудағы түрікмендерді, қазақ хандары Есім мен Тұрсынды паналайды. Әбілғазы Ташкентте Тұрсынхан сарайында 2 жыл тұрып, еліне қайтып келген соң, 1628 жылы ағаларының қолына түсіп, Иранға жер аударылды. 10 жылдай Исфахан қаласында айдауда болған. 1638 жылы Исфаханнан қашып шығып, түрікмен руларының арасында жасырынып жүрген. 1640—1641 жылы Жем өзені бойындағы Қалмақ ханы Хо-Өрліктің ордасында тұрған. Осы жерден Арал қазақтары көп сыйлық беріп, Әбілғазыны қалмақ ханынан сұрап алып, өздеріне хан көтерді. 1643 жылы Ілияс би бастаған Арал қазақтары Хиуа ханы Аспандиярға қарсы көтерілгенде Әбілғазы солармен бірге болған. Екі жыл бойы Хиуаға дамылсыз шабуыл жасап, ақыры қазақ, өзбек, қарақалпақтардың күшімен 1645 жылы Хиуаны алып, хан болып жарияланды. Хан тағына отырғаннан кейін де көп жылдар түрікмен тайпаларымен соғыс жүргізді, Хиуа хандығы жеріне баса-көктеп кірген қалмақтарға қарсы қиян-кескі ұрыс жүргізді, Бұхараға шабуыл жасады. Тек 1663 жылы ғана хандық билігін ұлы Ануш Мұхамедке беріп, бейбіт істермен айналысуға мүмкіндік алып, шығармашылық жұмысқа кірісті.Әбілғазы өз заманының білімді адамдарының бірі, зиялылардың ұстазы болды. * Ол өзі туралы:"Құдай тағала мырзалық қылып, маған біраз нәрселер берген. Мен, әсіресе, үш түрлі өнерді жете меңгердім. Біріншісі — әскери өнер, яғни әскерді басқару, оның тәртібі ; Eкіншісі — ақындық өнер, яғни түрлі өлең құрылысын сақтай отырып, түрік тілінде меснеуи, қасида, ғазел, рубаят тәрізді өлең шығара алу, араб, парсы, түрік сөздерінің мағынасын жетік білу; Үшіншісі — бұрын Сауд Арабиясы, Иран, Тұран, Моңғолияны билеген патшалардың өмірі мен мемлекеттік маңызды істерін, оларда болған ірілі-уақты оқиғаларды жатқа білу" деп жазды. ## Шежіре Әбілғазы жазған “Шежіре-и Тарахима” (“Түрікмен шежіресі”, 1661 жылы) және “Шежіре-и Түрк” (“Түрік шежіресі”, 1665 ) атты тарихи екі шығарма шығыстануда, оның ішінде түркітану мен қазақтануда кеңінен танымал болды. “Шежіре-и түрк” ғыл. ортаға 18 ғасырдың бас кезінде мәлім болды. Кітаптың қолжазбасын Ресейде тұтқында жүрген швед офицерлері Тобыл тауып, оны Бұхар ахунына орысша аудартқан. Көп өзгерістерге ұшырамай, қазіргі қазақ тіліне өте ұқсас таза көне түрік тілінде жазылған қолжазба алғаш рет француз (1726), орыс (1770, 1780) және неміс (1780) тілдерінде кітап болып шықты. 1825 жылы шежіренің араб әрпімен жазылған түпнұсқасы граф Н.И.Румянцевтің араласуымен Қазанда басылып шыққаннан кейін ғана ғыл. айналымға қосылды. Академик Х. Френ бұл басылымды ээ“шығыстану ғылымының даңқын шығаратын үлкен іс”ээ деп бағалады. 1854 жылы И.Н.Березин “Шығыс тарихшылары кітапханасының” 3- томына Г.С.Саблуков жасаған орысша аударманы кіргізді. Жоғарыдағы нұсқасы мен Даль коллекциясынан Азия музейіне түскен жаңа қолжазбаны пайдаланып, П.И.Демезон оның салыстырмалы нұсқасын екі кітап етіп бастырып шығарды (1871 — 1874). Бұл шығарма — Шыңғыс ханнан бұрынғы және одан кейінгі дәуірлерде Орта Азия, Қазақстан, Таяу Шығыс елдерінде болған оқиғалар мен сол тұстағы ел басқарған хандар жүргізген саясат туралы жылнама. Еңбекте қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс тіршілігі мен мәдениеті жайлы құнды деректер келтірілген. Әбілғазы ханның “Түрік шежіресі” — тарихи-деректік, әдеби және тілдік жағынан өзге шежіре еңбектерден шоқтығы биік тұратын шығарма. ## Дереккөздер
Гәнжә қалалық стадионы (әз. Gəncə şəhər stadionu) — Әзербайжандағы Гәнжә қаласының басты стадионы. Әзірбайжан премьер лигасында ойнайтын "Қапаз" футбол клубының үй аренасы. ## Тарихы 1960 жылдары салынған Гәнжә қалалық стадионы орталық қалалық стадион болып табылады және 26 120 көрерменге арналған. Стадион Әзербайжандағы атақты клубтардың бірі «Қапаз» ФК 1995, 1998, 1999 жылдары үш рет республика чемпионы атанған және 1994, 1997, 1998, 2000 жылдары төрт рет Әзірбайжан кубогын жеңіп алған клуб үшін үй аренасы болып табылады. ## Қайта құру Жарамсыз болып қалған стадионды бірнеше рет қайта қалпына келтіріп, жөндеуге әрекет жасалды, бірақ басталған жұмыс әр жолы аяқталмай қалды. 2011 жылдың қарашасында ӘФФҚ президенті Ровнаг Абдуллаев Гәнжә стадионын қайта құру жоспары дайындалып жатқанын, ол аяқталғаннан кейін 2012 жылы қажетті жұмыстар басталатынын мәлімдеді. 2013 жылы ӘФФҚ президенті Ровнаг Абдуллаевтың тапсырмасымен тағы бір әрекет жасалды. ӘФФҚ бас хатшысы Елхан Мамедовтың айтуынша, жөндеу жұмыстары 2013 жылдың тамыз айында басталуы керек еді, бірақ нақты қадамдар жасалмады. Ақырында, 2023 жылы стадион қайта жөндеуге жабылды. Қазіргі уақытта стадион толығымен бұзылып, құрылыс жұмыстары жоспарланды. ## Мекенжайы Стадион Гәнжә қаласы, Ататүрік даңғылы, AZ2012 мекенжайында орналасқан. ## Дереккөздер
Әскер түрлерінің бас маршалы (орыс. Главный маршал рода войск) — КСРО Қарулы Күштеріндегі әскери атақтар тобы: Артиллерия бас маршалы (әскер түрі), Авиация бас маршалы (күш түрі), Құрышты танк әскерлері бас маршалы (әскер түрі), Инженерлік әскерлер бас маршалы (арнайы жасақтар) және Байланыс әскерлері бас маршалы (арнайы жасақтар). Олар «әскер (күш) түрлері және арнайы жасақтар маршалы» («армия генералы» жалпыәскери атағы мен «флот адмиралы» әскери-теңіз шеніне тең) атағынан жоғары дәрежеде тұрды. Бұл әскери атақ бас әріппен жазыла ма, әлде кіші әріппен жазыла ма деген сұрақ ашық күйінде қалды, өйткені сол кездегі әскери заңнама орыс тілінің ережелеріне қайшы келді. ## Тарихы 1943 жылы 9 қазанда енгізілді. Бар болған барлық кезеңінде «Бас маршал» атағын 4 артиллерист, 7 ұшқыш және 2 танкист алды. Инженерлік және байланыс әскерлерінде бұл атақтар болды, бірақ ешқашан берілмеді. Ылғи «Бас маршал» атағы, тек 1983 жылы жалпыәскери «армия генералы» атағынан кейін Артиллерия бас маршалы атағын алған В.Ф. Толубконы қоспағанда, сол әскер түрі (күш түрі) және арнайы жасақтар маршалы атағын алған тұлғаларға берілді. 1984 жылы «Артиллерия бас маршалы» және «Авиация бас маршалы» атақтары ғана сақталды; қалғандары «КСРО Қарулы Күштері офицерлерінің әскери атақтары туралы» КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1984 жылғы 26 сәуірдегі № 89-XI Жарлығымен жеке әскери атақтардың тізімінен алынып тасталды. Бірақ қалған екі атақ 1984 жылдан кейін берілмеді (соңғы рет сол жылдың 31 қазанында А.И. Колдуновқа берілді). Ақырында 1993 жылы әскери атақтардың тізімінен шығарылды. Бұл атақтың соңғы иегері Авиация маршалы Б.П. Бугаев 2007 жылы 13 қаңтарда қайтыс болды. ## Қызметақы Бұрын қолданыстағы заңнамаға сәйкес запастағы немесе отставкадағы әскери қызметшілерге тағайындалған «әскер түрлерінің бас маршалы» және «авиация бас маршалы» әскери атағы үшін айлық жалақы 2019 жылы 27 000 рубльді құрады. Осындай жалақы «армия генералы» және «әскер түрлері мен арнайы жасақтар маршалы» әскери атақтары үшін де белгіленді. ## Айырым белгілері Әскер түрлерінің бас маршалдарының иық белгілерінде алқагүлдермен нақышталған диаметрі 40 мм жұлдыз және әскер түрінің танымбелгісі бейнеленген. 1945-1955 жылдары әскер түрлерінің маршалдары мен бас маршалдарының да жалпыгенералдық киімнен өзгеше киім үлгісі болды. Әскер түрлерінің (күштердің) және арнайы жасақтардың «қарапайым» маршалдарымен бірдей үлгідегі «Маршал жұлдызы» айырым белгісі болды (сәулелердің арасында гауһар тастарсыз). * 1974 жылға дейінгі әскер түрлерінің бас маршалдарындағы айырым белгілері * * * * * * ## Әскер түрлерінің (күш түрлерінің) және арнайы жасақтардың бас маршалдары тізімі ### Артиллерия бас маршалдары * Николай Николаевич Воронов (21 ақпан 1944) * Митрофан Иванович Неделин (8 мамыр 1959) * Сергей Сергеевич Варенцов (6 мамыр 1961, 13 наурыз 1963 атағынан айырылды) * Владимир Федорович Толубко (25 наурыз 1983) ### Авиация бас маршалдары * Александр Александрович Новиков (21 ақпан 1944, 11 мамыр 1946 атағынан айырылды, 1953 қайтарылды) * Александр Евгеньевич Голованов (19 тамыз 1944) * Павел Федорович Жигарев (11 наурыз 1955) * Константин Андреевич Вершинин (8 мамыр 1959) * Павел Степанович Кутахов (3 қараша 1972) * Борис Павлович Бугаев (28 қазан 1977) * Александр Иванович Колдунов (31 қазан 1984) ### Құрышты танк әскерлері бас маршалдары * Павел Алексеевич Ротмистров (28 сәуір 1962) * Амазасп Хачатурович Бабаджанян (29 сәуір 1975) ### Инженерлік әскер бас маршалдары берілмеді ### Байланыс әскерлері бас маршалдары берілмеді ## Тағы қараңыз * Әскер түрлерінің маршалы ## Дереккөздер
Шыңғы-Тура (сіб.-тат. Цыңқыс-тора; Чингидин; Чингий; Чимги-Тура; Цымге-Тура; Жанги-Тура) — Алтын Орда құрамындағы Түмен ұлысының, кейін «көшпелі өзбектер мемлекетінің», Ұлы Орданың, Сібір (Түмен) хандығының астанасы. Бүгінде Түмен қаласындағы «Патша қалашығы» (орыс. «Царево городище») атты археологиялық ескерткіш. ## Атауы Ғылымға белгілі құжаттарға сәйкес қала алғаш рет Каталон атласында 1375 жылы Singuj атауымен Түмен уәлаятының орталығы ретінде кездеседі. XVI ғасырдың ортасында құрастырылған карталарда қала Түмен деп аталады: Антони Видтың картасында (шамамен 1537 жыл) - TYMENWILKY, Августин Хиршфогельдің картасында (1546 жыл) - Tumen. Заманауи тарих ғылымында қала атауының пайда болуына қатысты төмендегідей болжамдар кездеседі: * түркі тілдерінде кездесетін шың/чинг/шинг - «жар», яғни "жарда орналасқан, нығайтылған қала"; * түркінің чинг/чынг - «ылғал»; * парсының чин - өзен, судың көзі; * фин-угордың тим/чим - «өзеннің сағасы»; * қимақтың шим (қыпшақтың цым) - «шым», яғни «шым қала» немесе «шым бекініс». ## Қаланың тарихы ### Гүлденуі 1224 жылы болашақ Алтын Орда, Жошы ұлысы құрылғаннан кейін, оның құрамында астанасы Шыңғы-Тұра қаласы болған Түмен ұлысы пайда болды. 1396-1406 жылдары Әмір Темірден жеңілгеннен кейін осында қашып келген әйгілі Тоқтамыс хан Түмен (Шыңғы-Тұра) ханы атанды. 1428 жылы Шыңғы-Тұра Әбілхайыр хандығының алғашқы астанасына айналды. Алайда 1446 жылы ханның ордасы Сығанаққа көшті. Әбілхайырдың өлімінен кейін ноғай мырзаларының қолдауына ие болған Ибақ хан Түмен хандығындағы билікті басып алды. 1469 жылы майдан даласында жеңіске жеткен Ибақ Көшпелі өзбектер мемлекетінен тәуелсіздік алды. 1480 жылы Алтын Ордаға қарсы күресу үшін ол Мәскеу Ұлы Кінәздігімен одақ құрып, 1481 жылы Ахмет ханды өлтірген. Осыдан кейін Ибақ өзін Ұлы Орданың ханы деп жариялады, ал оның астанасы етіп Шыңғы-Тұра қаласын жариялады. Қала 1481-1495 жылдары Ұлы Орданың астанасы болды (үзілістермен). Түмен археологы Наталья Петровна Матвеева Шыңғы-Тұра жайлы былай деп жазады: «Мұнда олар соғыс жариялап, бейбітшілік орнатты, шетелдік елшілерді қабылдады, сарай қастықтарын тоқыды. Мұнда Бұхара және Самарқанд елшілерінің керуендері келді, елшілік миссиялар келді, исламның уағызшы шейхтері – Шығыс жазуы мен әдебиетінің білгірлері келді. Үш, мүмкін төрт ғасыр ол Батыс Сібірдегі мұсылман мәдениетінің форпосттарының бірі болды.» Құлдырауы Ермактың жорығы кезінде қала тоналып, өртеніп кеткен деп есептеледі. Бірақ Шыңғы-Тұраның өртенгенін нақты айту мүмкін емес, өйткені археологиялық қазба жұмыстары жүргізілмеген. 1586 жылы Шыңғы-Тұра орнында Түмен қаласы құрылды. Ал ХХ ғасырда қалашықтың орнында «Тюмень ФК» стадионы салынды, қалашықтың мәдени қабаты құрылыс кезінде келмеске кетті. Түмен археологтары ерлі-зайыпты Н. П. мен А. В. Матвеевтердің айтуынша, Шыңғы-Тұра цитаделі қазіргі Коммуна мен Энгельс көшелерінің орнында болған. ## Дереккөздер
Көкектің ұясы (ағылш. One Flew Over the Cuckoo’s Nest, сөзбе-сөз — «Біреуі көкектің ұясынан ұшып өтті») — 1975 жылы Кен Кизи аттас психологиялық роман негізінде режиссер Милош Форман түсірген америкалық көркем фильм. Фильмде Джек Николсон психиатриялық аурухананың жаңа пациенті, ал Луиза Флетчер садист медбике рөлін сомдайды. Көмекші рөлдерде Уилл Сэмпсон, Дэнни Де Вито, Сидни Лэссик, Уильям Редфилд және Кристофер Ллойд пен Брэд Дурифтің кинодағы дебюттері. Фильмнің премьерасы 1975 жылы 19 қарашада Чикаго кинофестивалінде өтті. Фильм ең беделді бес номинация («Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік актер», «Үздік актриса» және «Үздік бейімделген сценарий») бойынша «Оскар» жүлдесін алған әлемдік кино тарихындағы екінші фильм болды, бұған дейін тек «Бір түні болған оқиға» (1934) ғана бұл жетістікке қол жеткізген болатын.Сол "үлкен бестікті" ол Алтын Глобуста да жеңіп алды (кино тарихында бірінші рет). Психиатриялық ауруханадағы драма оқиғасын баяндайтын фильм толығымен дерлік Орегон штатының ауруханасының психиатрия бөлімінде түсірілген. Көрермендер фильмді өте жылы қабылдады. Фильм АҚШ прокатында 100 миллион доллардан астам табыс тапты. Сыншылар режиссура мен актерлік шеберлікті жоғары бағалап, фильмді 1970 жылдардағы америкалық кинематографияның «жаңа толқынының» маңызды оқиғаларының бірі ретінде мойындады. 1993 жылы «Көкектің ұясы» Конгресс кітапханасы мәдени, тарихи және эстетикалық құндылығы бар фильм ретінде Американың Ұлттық фильмдер тізіліміне енгізді. ## Сюжет Патологиялық қылмыскер және бүлікші Рэндл Патрик Макмерфи оның психикалық ауруы бар-жоғын анықтау үшін колониядан психиатриялық клиникаға ауыстырылады. Клиникада ол бөлімді суық қанды және қатал тәртіпке құмар бас медбике Милдред Ратчед басқаратынын анықтайды. Макмерфи абсурдтық ережелерге бағынбай, шын жүректен көңіл көтеруге ниетті. Оның бүлікшіл табиғаты басқа науқастарды жұқтырады, бірақ медбике Рэтчед оны тоқтатуға бел буады. ## Рөлдерде ## Жүлделер ### Кейінгі тану * AFI-ның 100 жылдағы 100 үздік американдық фильмі: № 20 (1998 тізімі), № 33 (2007 тізімі) * AFI-ның 100 қаһармандар мен зұлымдар (2003): медбике Ратчед кино зұлымдарының тізімінде 5-ші орынға ие болды * AFI-ның 100 жылдағы ең шабыттандыратын 100 американдық фильмі (2006): № 17 * Ұлттық фильмдер тізілімі (1993) ## Дереккөздер
Құпия бақылау мұражайы (алб. Muzeu i Përgjimeve të Sigurimit të Shtetit), сондай-ақ Жапырақтар үйі (алб. Shtëpia me Gjethe) деген атпен белгілі — Албанияның Тирана қаласындағы тарихи мұражай. 2017 жылы 23 мамырда коммунистік дәуірде Сигуримидің штаб-пәтері болған ғимаратта ашылды. Мұражай «коммунистік режим кезінде тыңшылыққа ұшыраған, тұтқындалған, сотталған, сотталған және өлім жазасына кесілген жазықсыз адамдарға арналған». ## Тарихы Мұражай 1931 жылдан бастап ауласы бар екі қабатты виллада орналасқан және бастапқыда Албаниядағы алғашқы жеке акушерлік клиника ретінде қызмет еткен, неміс оккупациясы кезінде ғимаратты гестапо пайдаланған. Соғыстан кейін 1991 жылы коммунистік режим құлағанға дейін Сигуримидің ұстау штабы ретінде пайдаланылды. Құпия бақылау мұражайы 2017 жылдың 23 мамырында ашылды. Ғимарат қала орталығында орналасқан. Ғимарат «Жапырақтар үйі» деп аталады, себебі оның қасбетін жабатын таужыныс зауыты. Онда 31 бөлме бар. Мұражай Еуропа Кеңесінің 2020 жылғы Еуропалық жыл мұражайы сыйлығымен марапатталды. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ресми сайт (Ағылшынша) * Ресми сайт (Албанша)
Миллион долларлық ботам (ағылш. Million Dollar Baby) — Клинт Иствудтың фильмі. Боксер қыз туралы драма! ## Рөлдерде
Абылайкит ғибадатханасы (моңғ. Аблайн хийд, орыс. Аблакет, Аблайн-хит, Аблайкит, Аблайн-кит) — XVII ғасырдың орта кезінде (шамамен 1654-1657) ойрат тайшысы Абылайдың салдырған қамалы. Өскемен қаласынан оңтүстікке қарай 60 шақырым жерде, Сібе өзенінің жоғарғы ағысында, Қалба тауының етегінде орналасқан (қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы). ## Тарихы Ғибадатхана туралы тұңғыш деректерді 1654 жылы қытай билеушісімен келіссөз жүргізуге жіберілген орыс елшісі Ф.И.Байков қалдырған.Ғибадатхана 1660 жылы Абылайдың туған ағасы Цэцэнның, 1663-1665 жылдары билікке қол жеткізген Сэнгэнның, ал 1671 жылы Сэнгэнды өлтіріп, таққа отырған Қалдан-Бошоқтының шабуылдарына ұшыраған. ## Зерттеу жұмыстары ### XVIII ғасыр Ғибадатхана Н.-К. Витсеннің Амстердам қаласында 1692 жылы жарық көрген «Солтүстік және Шығыс Тартария» еңбегінде және 1687-1698 жылғы «Ұлы Тартария» картасында «Абылай бекінісі» (Ablaische Sterktens) атауымен кездеседі. Ресей Ғылым академиясында В.А.Шишковтың 1735 жылғы экспедициясы барысында жиналған ғибадатхана туралы сипаттамасы, ал Екатеринбург қаласының облыстық архивінде ғибадатхананың сұлбасы сақтаулы. Осында Петербургтегі Азиялық мұражайдың ашылуына бастау болған қолжазбалар табылды. Қазақ даласын «Азияның барлық жеріне қақпа» санаған І Петрдің ғибадатханаға деген қызығушылығы арта түсті. Осыған орай Ертіс даласына 1715-1716 жылдары И.Д.Бухгольцтың, 1720 жылы И.М.Лихаревтің экспедициялары жөнелтілді.Аблайнкит туралы қысқаша мәліметтер Ф.И.фон Страленберг (1730), Г.Ф.Миллер (1750), Гмелин (1751), П.С.Паллас (1786), Фальке (1824) сияқты танымал саяхаттанушылардың еңбектерінде кездеседі.XVIII ғасырдың 20-шы жылдары ғибадатханың айналасында мүсіндер, металдан жасалған кішігірім бұйымдар, тибет және моңғол қолжазбалары табылып, Петербургке жеткізілді. І Петрдің бұйрығы бойынша қолжазбалардың бір бөлігі шығыс тілдерінің мамандары ағайынды Мишель және Этьен Фурмондарға Парижге жіберілді. Еуропадағы шығыстанудың даму деңгейі төмен болғандықтан, қолжазбаларды аудару жұмыстары сәтсіз аяқталды. Кейіннен бұл жазбалардың моңғол-тибет тілінде жазылған, көбіне діни мағынада екені анықталды. Қолжазбалар мен кітаптардың кейбір нұсқалары Париж кітапханасы мен Санкт-Петребургтегі Шығыс елдерін зерттеу институтының кітапханасында сақтаулы. Жазбаларды тілші-ғалым Н. Невский толық зерттеп, жарыққа шығарды.Ф.И. фон Страленбергтің 1730 жылы жарияланған «Ресей және Ұлы Тартария» картасында ғибадатхананың нақты орны мен сипаттамасы бар. Картада Ертістің сол жағалауындағы бекініс Ablaket, ал айналасындағы аумақ «Абылай даласы» (Step Ablai) ретінде кездеседі. ### XIX ғасыр Кейін қазақ даласында ғылыми-зертеу жұмыстарын жүргізген Г. Спасский, С. Черников т.б. ғалымдар өз еңбектерінде Абылайкит ғибадатханасы туралы пікір айтқан. Қамал моңғол-тибет стилінде салынғанымен, онда жергілікті Дешті-Қыпшақ дәстүріндегі құрылыс үлгілері де қолданылған. Бұл белгілер қамалды салуға сырттан әкелінген шеберлермен бірге жергілікті халық ісмерлері де қатынасқанын көрсетеді. Абылайкит ғибадатханасы жан-жағы терең сай, жоталармен қоршалған, таудың етегіне тірей салынған. Биіктігі 3 м, қабырғасының қалыңдығы 1,5 м. Қамал қабырғасын бірыңғай граниттен қалап, қақпаларын оңтүстік жағынан шығарған. Қамал ішінде үш үйдің орны сақталған. Оның ең үлкені мінәжат ететін бұтхана, қалған екеуі кісі жиылатын үлкен зал мен асхана. Үстіңгі қабатта тұрақжайлар болған. Бұтхана қабырғалары әшекейленген. Онда адам суреттері, нақыш жазулар жазылып, түрлі мүсін-бейнелермен безендірілген. Көшпелілердің 17 ғасырдағы сәулет өнерінің үлгісі болып табылатын Абылайкит бұтханасы 1670 жылы қалмақтар арасындағы өзара бақталастық соғыстар кезінде құлатылған. ### XX ғасыр 1935 және 1937 жылдары ескерткішті археолог С.С.Черников зерттеген.1949 жылы ҚазКСР-і Министрлер Кеңесінің қаулысымен ғибадатхана мен оның аумағы республиканың қорғауына алынды.1980 жылы күзет тақтайшалары орнатылып, жаңа сұлба дайындалған.1990-1991 жылдары ғибидатхананы зертеу жұмыстарын Шығыс-Қазақстанның өлкелік мұражайының қызметкерлері жүргізген. Тұңғыш рет қамалдың топографиялық суреттері жасалып, толық сұлбасы дайындалып, видеофильм түсірілген. ### XXI ғасыр 2016 жылы Шығыс-Қазақстан облысының әкімі Д.К. Ахметовтың бастамасымен шығыс Қазақстандағы тарихи ескерткіштерді кешенді зерттеу бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. ## Галерея ## Әдебиет * Андрианов А.А. Материалы по археологии Усть-Каменогорского уезда // Труды Семипалатин-ского окружного музея. – Вып. 2. – Семипалатинск, 1929. * Байпаков K.M., Ерофеева И.В., Казизов Е.С., Ямпольская Н.В. Буддийский монастырь Аблай-хит. - Алматы: ТОО «Археологическая экспертиза, 2019. - 400 с., илл. * Гмелин И.Г. Семь палат и Аблай-кит: описание двух монастырей на верхнем Иртыше (отры-вок из «Путешествия по Сибири в 1733-1743 гг.». Геттинген, 1751) // Россия, Сибирь и Централь-ная Азия (взаимодействие народов и культур). – Барнаул, 1999. – С.132-136. * Никитин В. Краткое описание памятников древности Семипалатинской области. – Известия Императорской археологической комиссии. – Вып.1. – СПб., 1901. * Паллас П.С. Путешествие по разным местам Российского государства. – Ч.2. – Кн.2. – СПб., 1786. * Спасский Г.И. О древних развалинах в Сибири // Сибирский вестник. – Ч.3. – СПб, 1818. – С.52-107. * Яхонтова Н.С. Рукописное наследие ойратов в собрании Института восточных рукописей РАН // Проблемы изучения нематериального культурного наследия народов Казахстана и Цен-тральной Азии: топонимика, эпиграфика, искусство. Сборник материалов международной кон-ференции, г. Астана, 18-19 ноября 2014 г. – Алматы, 2014.
Домбауыл кесенесі - ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші. Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде, Қаракеңгір өзенінің сол жағасында. Астыңғы қабаты шаршы пішіндес, үстіне киіз үй тәріздес күмбез салынған. Астыңғы бөлігінің аумағы 8,9×7,9 м, қабырғасының қалыңдығы 2 м-дей, ішінің аумағы 4x4 м, есігі сопақшалау етіліп оңтүстік-шығыс жақтан шығарылған. Бұған жалпы биіктігі 1,2 м болатын төрт баспалдақ арқылы кірелі. Кешеннің еденіне тас аралас тапырық жайып, оның үстіне жалпақ тақта тастар төселген. Қабырғалары Зм-ге көтеріліп барып, көлденең бөренелермен жабылған. Бұлардың барлығы тас қалаудың қола дәуірінен бергі ежелгі дәстүрінен алынған. Осы дәстүрді кешеннің төбесін жабу кезінде де қолданған. Кешен ұзақ уақыт жақсы сақталып, бертін келе біршама қираған. Ескерткіштің дәл мерзімін анықтайтын дерек әзірге жоқ. Қазақстан жеріне тән сыртқы тұрқына қарап, ғалымдар оны ислам діні дендеп ене қоймаған кезеңге жатқызады (8-9 ғ-лар). Т.К. Басенов пікірі бойынша Домбауыл дыңы XVI-XVIII ғасырда салынған. Қазақ арасында мұндай киіз үйге ұқсата созып барып қүмбезделген тас қесенелерді "үйтас", "дың" деп те атаған, бұлар әр аймақтарда белгілі және көбірек тараған жері Орталық Қазақстан, әсіресе, Торғай өз-нің бойы. Қара Жыланды өз-нің бойындағы Қара-дың ескерткіші Домбауыл кешеніне өте ұқсас. Домбауыл кесенесі ғалымдардың пікірінше Орталық Қазақстандағы ең көне құрылыстардың бірі болғанымен есте қалады. Домбауыл ғұндар билеген кезде салынған болып есептеледі. Аңыз бойынша бұл кесене ұлы сазгер және жауынгер Домбауыл құрметіне салынған екен, ал өзінің болғаны тарих пен мифпен (ертегі-аңызбен) ұштасады. Кесене ғимараты биіктігі бес метрден асатын конус тәрізді (шошақ пішінді) төртбұрышты негізге қойылған, тас плиталарынан құрылған. ## Дереккөздер
Батыр (Баһадүр) хан (туған жылы белгісіз - 1680) – Есім ханмен бірігіп ел билеген қазақ ханы. Есім ханның ұлы Салқам Жәңгір хан өлгеннен кейін мемлекеттегі билікті өз қолына алған (1652-1680). ## Өмірбаяны Шыққан тегі: Жәнібек хан - Өсек сұлтан - Бөлекей сұлтан - Батыр (Баһадүр) хан. Кіші жүз ханы Әбілқайыр ханның арғы атасы Айшуақ сұлтанның ағасы. 1603 жылы күзде қарақалпақтар Түркістанда Əбдіғаппарды хан етіп жариялайды. Осы кезде Ташкент пен Сайрамнан Есім хан, Баһадүр хан, басқа да қазақ сұлтандары Əбдіғаппарға қарсы шығады. 13 күнге созылған шайқаста қазақ әскерлері жеңіліп, Түркістан, Сайрам, Ташкент, Ахсикент, Әндіжан қалалары Əбдіғаппардың қоластына өтеді. 1605 жылы көктемде Ташкент маңындағы Қарақамыс деген жерде Есім хан мен Баһадүр хан Əбдіғаппарды өлтіріп азат етілген аймақтарға өз биліктерін орнатады. 1616 – 1617 жылдары орыс құжаттарында оның есімі Батыр, Баатырь, Болатырь деп аталып, кейбір тұста Шығай ханның інісі, Абдолла ханның қол астында болған басқа Баһадүр сұлтанмен шатастырылған.1652 жылы Есім ханның мұрагері Салқам Жәңгір хан өлгеннен кейін Қазақ хандығындағы билікті өз қолына алған. ## Дереккөздер
Ибраһим хан (тат. İbrahim, Ибраһим, ابراهیم; туған жылы белгісіз - 1479, Қазан) — Қазан ханы (1467-1479), Махмұт ханның ұлы, Халил ханның інісі әрі мұрагері. Халил хан қайтыс болғаннан кейін таққа отырып, оның жесірі Нұрсұлтанға үйленді. ## Мәскеу мемлекетімен соғыс 1467 жылы III Иван күзде Ибраһим ханның ағасы ханзада Қасымды Қазан тағына үміткер етіп жіберіп, Қазан хандығына қарсы соғыс бастады. Бұл кандидатураны кейбір қазандықтар қолдады. Ибраһим 1467 жылы Еділ бойындағы өзен шайқасында көптеген Мәскеу әскерлерін талқандады. Бәлкім, орыстар мен Қазан татарлары арасындағы жалғыз ірі өзен шайқасы болды. Оппозициялық топты Ғабдолла Мүмин бек (عبدال مومن) басқарды. Жорық сәтсіз аяқталды, орыс әскері Еділден өтіп, татарлармен шайқасуға батылы бармады. Бұған жауап ретінде Ибраһим хан қыста жаудың шекаралас аймақтарына жазалаушы шабуыл жасап, Галич Мерскийдің маңын тонады. 1468 жылы III Иван Төменгі Новгород, Муром, Кострома, Галичке мықты гарнизондар жіберіп, Қазанды үлкен соғысқа итермелей, хандықтың жерінде бейбіт халыққа қарсы өте қатыгездіктермен қатар жүретін ұрыс қимылдарын бастады. Ибраһим екі бағытта әскерлер жіберді: Галич және Төменгі Новгород-Муром. Біріншіде, сәттілік қазандықтарға ықпал етті, тіпті, Кичменский қаласы және екі костромалық болыстар басып алынды. Екіншіде, Қожаберді мырза жасағын жеңіп, орыстар татарларды тоқтатып. Мәскеу Хлиновский - үшінші майданды ашты. Ушкуйліктер Вятка бойымен Камаға дейін қайықтармен түсіп, қазандықтардың тыл жағынан тонауға кірісті. Бұған жауап ретінде солтүстікке мықты жасақтар жіберілді, олар Нократ өлкесінің астанасы - Хлиновты басып алып, онда татар әкімшілігін құрды. ## Мұрасы Ибраһим хан 1479 жылы қайтыс болды. Оның екі әйелінен балалары болды: Фатима ханбикеден үш ұл - Әли, Құдайқұл мен Мелек Таһир және Нұрсұлтан ханбикеден (марқұм Халил ханның жесірі) екі ұл - Мұхамметәмин мен Ғабделлатиф. Сонымен қатар, оның бірнеше қыздары болды, олардың ішінен Гауһаршад есімді бір бике әйгілі болды. Ибраһим қайтыс болғаннан кейін оның жесірі Нұрсұлтан Қырым ханы Меңлі Герейге тұрмысқа шығып, Қазаннан Бақшасарайға кетті. Бұл оқиға Қазан мен Қырым арасында болған саяси, мәдени және экономикалық байланыстар туралы куәлік ете отырып, бұл байланыстардың нығаюына үлкен ықпал етті және кейінірек маңызды саяси оқиғалардың қайнар көзі болғандықтан маңызды салдарларға ие болды. Кішкентай ханзада Ғабделлатиф анасымен бірге Қырымға, өгей әкесінің сарайына барды. Ибраһим хан Қазан Кремлінде Қазан хандарының кесенесінде жерленген. ## Әйелдері мен балалары * Фатима Шаһ Сұлтан (فاتما شاه سلطان), балалары — Илһам, Мәлік Таһир, Құдайқұл (шоқынған соң Пётр Ибрагимович), 1487 жылы Қазанды басып алғаннан кейін, барлығы қамауға алынып, Вологда мен Белозероға айдалды; * Нұрсұлтан (نور سلطان), балалары — Мұхамметәмин, Ғабделлатиф, Гауһаршад ## Сілтеме Ибраһим (Қазан ханы) «Родоводе» сайтында. Ата-баба мен ұрпақ шежіресі.
Ораз-Мұхаммед сұлтан (орыс. Ураз-Магмет царевич, тат. Ураз-Мөхәммәт, 1573 – 1610) – қазақ сұлтаны, Қасым хандығының билеушісі, Тәуекел ханның немере інісі, Ондан сұлтанның ұлы, Шығай ханның немересі. Ораз Мұхаммед орыс жылнамаларында “қазақ ордасының ханзадасы” деп аталады. 1588 ж. Ораз Мұхаммед хан кеңесшісі (қарашысы) Қыдырғали Жалайыримен бірге Сібір хандығының астанасы Искерге (Қашлық) жергілікті билеуші Сейдахметке (Сейтек, Сейдақ) қонаққа барып, Сейтек ханмен бірге Ертіс бойында аңшылықта жүрген кезінде Тобыл воеводасы Данила Чулков жасағының қолына түсіп, Мәскеуге жөнелтілді. Федор Иванович патша оны жылы қабылдап, қызметке тартты. Ораз Мұхаммед патша сарайындағы салтанатты қабылдауларға, орыстардың шведтерге (1590), Қырым хандығына (1598) қарсы соғыстарына қатысты. 1594 жылдың соңында Тәуекел хан Мәскеуге аттандырған Құлмұхаммед елшілігі Ресеймен достық келісім жасау жөніндегі саяси ұсыныстармен қатар Ораз Мұхаммедті еліне қайтаруды өтінді. Тәуекел хан Ресеймен саяси келісімді бекіту мақсатымен Ораз Мұхаммедтің орнына өз балаларының біреуін аманатқа беруге міндеттенді. Бірақ бұл Тәуекелдің өліміне байланысты аяқсыз қалды. Орыс патшасы Борис Годунов 1600 ж. Ораз Мұхаммедті Ока өзенінің бойындағы Қасым (Касимово) хандығының ханы етіп тағайындады. 1605 – 13 ж. Ресейде болған бұлғақ жылдарында Ораз Мұхаммед Лжедмитрий ІІ жағына шығып, жалған патшаның сарайындағы атақты адамдардың бірі болды. Ораз Мұхаммедтің өзіне адал қызмет етпейтінін сезген Лжедмитрий ІІ оны Ока өзенінің жағасына аң аулауға ертіп барып, жалдамалыларына өлтіртті. ## Дереккөздер
Бопай ханым (шамамен 1690 – 31 мамыр 1780, Батыс Қазақстан облысы Елек өзені бойы) — Әбілқайыр ханның зайыбы, ел басқару ісіне араласқан асқан сұлу, өте ақылды, ержүрек қайраткер, аузы сөзі дуалы мәмілегер. ## Өмірбаяны Бопай Адай руынан - батыр Табынайдың үлкен ұлы Сүйіндіктің қызы. Бопай Кенесары көтерілісіне катысуды халық арасында жалықпай - талмай үндеумен жүрген, кейін өзінің 6 ұлыменбірге талай жорыққа қатысқан, 600 адамдық жасаққа қолбасшы болған әйгілі ержүрек анамыз (апамыз) Бопай. Бопай күйеуі Әбілқайырдың түпкі мақсаты Жайық казактарының, орыс бодандығындағы башқұрттар мен Еділ қалмақтарының шапқыншылықтарын тоқтату, жоңғарларды түпкілікті талқандау екендігін және бұл күрделі мәселелерді уақытша болса да, Ресей империясына бодан болу арқылы шешуге тырысқандығын терең ұғынған. Сондықтан да Әбілқайырдың осы бағыттағы саяси қадамдарына қолдау көрсеткен. Ол ханымның 1731 жылы 22 қарашада орыс патшайымы Анна Иоанновнаға, 1748 жылы 5 қазанда Елизавета Петровнаға, әр уақытта Орынбор әкімшілігінің басшыларына жазған хаттарынан айқын көрінеді. Күйеуінің қазасынан кейін де Бопай өзінің ұстанған бағытынан таймайды. Әбілқайыр саясатының өз жалғасын табуы баласы Нұралының әке орнын басуына байланысты екендігін терең ұғынған Бопай батыл әрі ойлап-пішілген қадамдар жасайды. Орта жүз бен Кіші жүздің беделді билері мен батырларының Нұралыны хан көтеруге келісімін алғаннан кейін ғана, Бопай патшайым Елизавета Петровнаға, келесі күні бригадалық генерал А.И. Тевкелев пен Орынбор губернаторы И. Неплюевке қисынды өтініш хаттар жолдайды. Осы хаттарды жеткізу үшін аталмыш екі жүздің 8 беделді биі Орынборға, одан кейін Санкт-Петербургке аттанады. Нұралыны “қырғыз-қайсақ ханы” етіп бекіту туралы Елизавета Петровнаның 1749 жылғы 2 мамырдағы жарлығы, онда Бопай ханымның хатына да сілтеме жасалуы, канцлер А.П. Бестужев-Рюминнің Бопайға арнайы хат жазып, патшайым атынан сыйлық жолдауы ханым саясатының жеңісі еді. Бопай Әбілқайыр әулетінің дәрежесі мен беделін көтеруге ұмтыла отырып, орынсыз қантөгістің болмауын, ел іргесінің сөгілмеуін қалады. Сол үшін де ол күйеуінің кегін алуға “аттандатпай”, Барақ сұлтанды жазалауды орыс әкімшілігі арқылы заңдастырып алуға тырысты. Қоғам дамуының негізгі көзі тыныштық өмір екендігін, тірлігін ат үстінде өткізген халықтың болашағы бұлдырлығын ұғынған ханым орыс әкімшілігін Елек өзені бойында қала салдыртуға да үгіттейді. Қазақ-жоңғар қатынастарына тигізген әсері, Қайып хан мен Нұралы ханды бітістіруге бағытталған әрекеттері Бопайдың ел бірлігін қамтамасыз етуге тырысқан мәмілегерлік ниетін аңғартады. Бопай орыс-қазақ қатынастарындағы және сол кездегі қазақ қоғамындағы шешімін таппай жүрген кейбір мәселелерді талқылау үшін Орынбор әкімшілігінің басшыларымен кездесіп, келіссөз жүргізгісі келеді. 1740 жылы Санкт-Петербургке ресми сапармен барып, Анна Иоановнаға жолығу ниеті де болған. Бопайдың зеректігі мен тапқырлығы жөнінде ағылшын суретшісі Дж. Кэстльдің, Әбілқайыр ордасында болған орыс шенеуніктерінің жазбаларында біршама деректер келтіріледі. Тарихи құжаттармен жақсы таныс А.И. Левшин 19 ғасырдың 30-жылдарында: деп жазды. Б. Елекке құятын Жосалы өз-нің жоғарғы жағындағы қорымда жерленген. ## Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Еркін Таңатқанұлы Мұхамеджанов (29 қараша 1978 жылы туған, Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Мереке кеңшары, Бестамақ бөлімшесі) — Қазақстан республикалық телерадиокорпорациясы АҚ «Abai tv» телеарнасы директоры. ## Қызмет жолы * 2000-2001 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Қостанай филиалының штаттан тыс корреспонденті; * 2001-2002 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Қостанай филиалының дикторы; * 2002-2003 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Қостанай филиалы жаңалықтар қызметінің шеф-редакторы; * 2003-2003 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Қостанай филиалының редактор-корреспонденті; * 2003-2005 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ «Астана» ТРО АСБД-ның Қостанай облысындағы меншікті тілшісі; * 2005-2006 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ «Астана» ТРО АСБД-ның сараптамашы-редакторы; * 2006-2006 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ «Астана» ТРО АСБД-ның Қостанай облысындағы меншікті тілшісі; * 2006-2010 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ АСБД жаңалықтар қызметінің шеф-редакторы; * 2010-2010 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ АСБД тілшілер бөлімінің тілшісі; * 2010-2010 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ АСБД тілшілер бөлімінің арнайы тілшісі; * 2010-2011 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ АСБД шығару бөлімінің шеф-редакторы; * 2011-2011 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ АСБД тілшілер бөлімінің тілшісі; * 2011-2012 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ АСБД шығару бөлімінің шеф-редакторы; * 2012-2012 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ «Апта.kz» бағдарламасының шеф-редакторы; * 2012-2015 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ «Апта.kz» бағдарламасының жетекшісі; * 2015-2017 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ «Қазақстан» ҰТА ақпараттық бағдарламалар дирекциясының директоры; * 2017-2018 жж. «Қазақстан» РТРК» Қостанай облыстық филиалының директоры; * 2018 - 2022 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ «Qazaqstan» ҰТА директоры; * 2022-2023 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрайымының орынбасары; * 2023 жылдың шілде айынан «Abai tv» телеарнасының директоры. ## Марапаты * БАҚ өкілдері арасындағы республикалық «Нұр Сұңқар» сыйлығының «Ерекше пікір» аталымында жеңімпаз (2015 ж.); * «Еңбек ардагері» төсбелгісі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (2018 ж.); * ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығы (2022 ж.). ## Дереккөздер
Дана Абибуллақызы (09 мамыр 1979 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы — «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы АҚ Басқарма төрайымының қаржылық және әкімшілік мәселелер жөніндегі орынбасары. ## Қызмет жолы * 1999-2001 жж. «Сенім» АЖЗҚ» ЖАҚ менеджері; * 2001 жылдың қаңтарынан — 2001 жылдың қыркүйегіне дейін Онтүстік Қазақстан облысының Тұрмыстық статистика туралы ақпарат-статистика орталығы үй шарушылығын статистикалық қамтамасыз ету бөлімінің 2-санаттағы маманы; * 2002 жылдың сәуірінен — 2002 жылдың қарашасына дейін - «Қазагрокапитал» холдингі «СӘТ» ЖШС бас бухгалтері; * 2002-2003 жж. «Қазагрокапитал» холдингі «Транс Спец Экспорт» ЖШС бас бухгалтері; * 2003-2006 жж. «Қазагрокапитал» холдингі «Интер Фуд Трейд» ЖШС бас бухгалтері; * 2006 жылдың шілдесінен — 2006 жылдың тамызына дейін «Қазақстан» РТРҚ» АҚ бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің жетекші маманы; * 2006-2008 жж. «Қазақстан» РТРҚ» АҚ бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің бас маманы; * 2008-2009 жж. «Қазақстан» РТРҚ» АҚ бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің бас бухгалтерінің орынбасары; * 2009-2014 жж. «Қазақстан» РТРҚ» АҚ бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің бас бухгалтері; * 2014-2019 жж. «Қазақстан» РТРҚ» АҚ Қаржылық қамтамасыз ету департаментінің қаржы директоры; * 2019 жылдың қыркүйегінен «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымының қаржылық және әкімшілік мәселелер жөніндегі орынбасары. ## Білімі * Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған. ## Дереккөздер
Болат Сүлейменұлы Мүрсәлім (01 қазан 1979 жылы туған, Абай облысы, Ақсуат ауданы, Қызыл Кесік) — «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы АҚ «Qazaqstan» телеарнасы директоры.Алаш қайраткерлері туралы бірнеше деректі фильмнің сценарий авторы. «Алашорда» және «Алаш автономиясының әскері» фотоальбомдарының құрастырушысы. ## Қызмет жолы * «Қазақстан – ZAMAN» газетінде (2001 ж.), «Парасат» журналында (2002 ж.), «Қазақ радиосында» (2004 ж.), «Қазақстан» (2002-2006 ж.ж.), КТК (2007 ж.) телеарналарында қызмет атқарған. * 2008-2009 жж. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Сценарлық алқа мүшесі; * 2009 жылдың қазанынан «31 арнаның» «Информбюро» бағдарламасының шығарушы редакторы, 2012 жылдың тамызынан «31 арнаның» Ақпараттық бағдарламалар директоры; * 2022 жылдың тамызынан «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Бас редакторы; * 2022 жылдың 26 қыркүйегінен «Qazaqstan» телеарнасының директоры; * 2023 жылдың шілдесінен «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Бас редакторы; * 2024 жылдың сәуірінен «Qazaqstan» Ұлттық арнасы директоры. ## Білімі * 2001 ж. Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған; * 2001-2004 жж. ҚР ҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аспирантурасында оқыды. ## Марапаты * «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі; * ҚР Ұлттық Ғылым академиясы тағайындаған «Алашорданың 100 жылдығы» естелік медалі; * «Қазақ хандығының 550 жылдығы» төсбелгісі.
Ермак, Жармақ (1532 — 6.8.1585) — Көшім хан билеген Сібір хандығына қарақшылық жорық жасаған казак-орыс атаманы. Қазан хандығы мен Астрахан хандығын Ресей империясы басып алғанда Мәскеудің шығысқа бағытталған басқыншылығын тоқтатуды бірінші ойлаған Сібір ханы Көшім болатын. Оның жасақтары Оралдан асып түсіп, Сібірге көз алартқан көпестер Строгоновтардың иеліктеріне талай рет жорықтар жасады. өзаққа созылған Ливон соғысынан шыға алмай титықтаған Иван Грозный Сібір хандығынан сескеніп, екі жақты шайқастан сақтанып, Строгоновтарға Сібірге жорық жасауға тыйым салады. Чусовая өзені бойындағы өз иеліктерін қорғау үшін Строгоновтар казактар арасынан қарулы топ ұстауға патшадан рұқсат алған еді. Олардың қол астына қызмет етуге Еділ жағасынан, өздерінің тонаушылығы мен қарақшылығы үшін патша отрядтарының ізіне түсуінен бас сауғалаған Ермак бастаған казактар келеді. Алғашқы қақтығыстардан кейін Ермак мылтықпен қаруланған казактардың Көшім хан әскерлері алдындағы артықшылығын сезіп қалады. Қолға түскендерден жауап алып, хандықтың астанасы Искер қаласы қорғаныссыз қалғанын, патша Ресей отрядтарына Сібірдің түкпіріне жорық жасауға тыйым салғандықтан, Көшімнің олардың Искерге шабуылын күтпейтінін біліп алады. Осыдан кейін Ермак Искерді тұтқиылдан басып алуға жанталасты. Сібірге жорық патшаның рұқсатынсыз, казактардың өз ұйғарымымен болған қимыл еді. Жорық дерегін Мәскеуден құпия ұстаған Строгоновтар жорық сәтті аяқталған жағдайда бай олжаға кенелуден үміттеніп, атамандарға қолдау көрсетті. Ал сәтсіздікке ұшыраса, бар кінәні казактарға аударуды көздеді. 1582 жылы 1 қыркүйекте 540 казак пен Строгоновтардың 50 қызметкер адамы отыз кемеге отырып, Сібір жорығына аттанды. Еділ, Жайық, Дон, Терек казактарынан, қашқын поляктар мен немістерден, т.б. тұратын Ермактың қарақшылары аса жақсы қаруланды. Атаманның өзіне көпестер арнайы мылтық сыйлады. Орыстың бір отряды хандықтың шегіне аяқ басты деген хабарды Көшім күні бұрын естиді, бірақ мән бермейді. Ол Ресей патшасының Сібірге тиіспеу жөніндегі уәдесіне сеніп, келген отряд ел шетінен кері қайтар деген үмітте еді. Хандығына өз әмірі жүріп тұрғасын, казактарға да патша жарлығы тыйым болады деп түсінсе керек. Сөйтіп, Ермак Искердің түбінен бір-ақ шығып, мемлекет пен астананы қорғап қалуға сібірліктер кеш қамданып, уақытын ұтқызып алды. Шешуші шайқас астанаға жақын жердегі Чуваш мүйісінде 1582 жылы 23 — 25 қазан күндері болды. Искер түбіне тоқтаған казактар алғашқы күні ұрысқа кіруге жүрексінді. “Көшім ханның қақпанына түсіп қалдық па?” деп үрейленген олар түнде қазақ кеңесін шақырып, ұрысқа кіріспестен, кері қайту жөнінде шешім қабылдайды. Алайда, Ермак өз адамдарын шабуылға шығуға көндіреді. Өйткені атаман өздігінен бастаған бұл бейбастақ жорығы үшін Ресейде өзін жаза күтіп тұрғанын, одан аман құтылудың жалғыз жолы Сібірді бағындырып, патшаның рақымын алу екенін түсінетін еді. Үш күндік шайқаста хантылар мен мансылар осалдық танытып, ұрысты тастап шықты. Көшім Искерді тастап кейін шегінуге мәжбүр болды. Ермактың 107 адамы өлді. Бұл жөнінде Николай Карамзин: “Сібір қорғанысшылары жаужүректілік пен табандылық көрсетті” деп жазды. Астанасынан айырылып, Көшім ханның туыстары мен Тәуекел ханның неме1585 жылы Көшім адамдары Ертістің жоғары тұсында жүрген Ермакқа Бағай өзені жағынан Искерге қарай бай керуен келе жатыр деген жалған хабар түсіреді. Бұл хабарға сеніп қалған Ермак жүз адаммен кемесін Ертістен Бағайға қарай бұрады. Керуен жолын тосып, өзен бойлай жүзген қарақшылар өздерін Көшім қолы торып жүргенін байқамайды. Тамыздың бесінде Ермактың қарақшылары кішкене аралға түнейді. Жаңбырлы түнде Сәтбек батыр бастаған Көшім сарбаздары күзетшілердің көзін жойып, қалжырап ұйқыға кеткен қарақшылар лагеріне шабуыл жасайды. Оянған Ермак қорғана алмасын біліп, бас сауғалап, өзен ағысына қойып кетеді де, суға батып өледі. ре інісі Ораз Мұхаммед (Ондак сұлтанның баласы) қолға түседі. ## Дереккөздер ## Әдебиет * Абдиров М., Хан Кучум: известный и неизвестный, А., 1996.
2024 жылғы көкек айына Қазақстан мұз сарайлары (хоккей стадиондары) тізім. ## Дереккөздер
Мары атырабы (түрікм. Mary etraby) — Түрікменстанның Мары уәлаятындағы атырап. Әкімшілік орталығы — Сапармұрат Түрікменбашы кенті. ## Тарихы 1925 жылы қаңтарда Түрікмен КСР Мерв округінің Мерв ауданы болып құрылды. 1926 жылы тамызда Мерв округі жойылып, Мерв ауданы Түрікмен КСР-іне тікелей бағынышты болды. 1937 жылы наурызда Мерв ауданы Мары ауданы болып өзгертілді. 1939 жылы қарашада Мары ауданы жаңадан құрылған Мары облысына берілді. 1957 жылы 12 желтоқсанда таратылған Уәкілбазар ауданы аумағының бір бөлігі Мары ауданына қосылды. 1963 жылы қаңтарда Мары облысы таратылып, Мары ауданы қайтадан Түрікмен КСР-не тікелей бағынышты болды. 1970 жылдың желтоқсанында аудан қайтадан қалпына келтірілген Мары облысының құрамына енді. 1992 жылы Мары ауданы Мары атырабы болып өзгертіліп, Мары уәлаятының құрамына енді. ## Танымал тумалары * Қыдыр Деряев (1905—1988) — Түрікмен КСР халық жазушысы. * Таңатар Әуезов (1911—1966) —— Түрікмен КСР халық әртісі. ## Сілтеме * Дүниежүзілік тарих жобасы ## Дереккөздер
Сақаршаға атырабы (түрікм. Sakarçäge etraby) — Түрікменстанның Мары уәлаятындағы атырап. ## Тарихы 1938 жылы желтоқсанда Түрікмен КСР Сақаршаға ауданы болып құрылды. 1939 жылы қарашада Сақаршаға ауданы жаңадан құрылған Мары облысына берілді. 1963 жылдың қаңтарында Сақаршаға ауданы таратылды, бірақ 1964 жылдың желтоқсанында Түрікмен КСР-нің тікелей бағынуымен қалпына келтірілді. 1970 жылдың желтоқсанында аудан қайтадан қалпына келтірілген Мары облысының құрамына енді. 1992 жылы Сақаршаға ауданы Мары уәлаятының құрамына еніп, Сакаршаға атырабы деп өзгертілді. 2022 жылдың 9 қарашасында жойылған Оғызхан атырабының Шаттық қаласы, Дәулетлі-Заман және Парахат кенттері, Алтын-Заман, Айхан, Дақхан, Көкхан, Күнхан, Мердана және Жұлдызхан кеңесшіліктері Сақаршаға атырабына қосылды. ## Сілтеме * Дүниежүзілік тарих жобасы ## Дереккөздер
Мұрғап атырабы (түрікм. Murgap etraby) — Түрікменстанның Мары уәлаятындағы атырап. ## Тарихы 1935 жылы ақпанда Түрікмен КСР Сталин ауданы болып құрылды. 1939 жылы қарашада Сталин ауданы жаңадан құрылған Мары облысына берілді. 1961 жылы қарашада Сталин ауданы Мұрғап ауданы болып өзгертілді. 1963 жылы қаңтарда Мары облысы таратылып, Мұрғап ауданы қайтадан Түрікмен КСР-не тікелей бағынышты болды. 1970 жылдың желтоқсанында аудан қайтадан қалпына келтірілген Мары облысының құрамына енді. 1992 жылы Мұрғап ауданы Мары уәлаятының құрамына еніп, Мұрғап атырабы деп өзгертілді. 2022 жылы 9 қарашада жойылған Оғызхан атырабының Теңізхан және Оғызхан кенттері, Теңізхан және Достық кеңесшіліктері Мұрғап атырабына қосылды. ## Сілтеме * Дүниежүзілік тарих жобасы ## Дереккөздер
2023 жылдың көкек айына Қазақстан олимпиадалық (50 метр) жүзу бассейндері тізімі. ## Дереккөздер
Жолөтен атырабы (түрікм. Ýolöten etraby) — Түрікменстанның Мары уәлаятындағы атырап. ## Тарихы 1926 жылы қаңтарда Түрікмен КСР Мерв округінің Жолөтен ауданы болып құрылды. 1926 жылы тамызда Мерв округі таратылып, Жолөтен ауданы Түрікмен КСР-іне тікелей бағынышты болды. 1939 жылы қарашада Жолөтен ауданы жаңадан құрылған Мары облысына берілді. 1963 жылы қаңтарда Мары облысы таратылып, Жолөтен ауданы қайтадан Түрікмен КСР-не тікелей бағынышты болды. 1970 жылдың желтоқсанында аудан қайтадан қалпына келтірілген Мары облысының құрамына енді. 1992 жылы Жолөтен ауданы Жолөтен атырабы деп өзгертіліп, Мары уәлаятының құрамына енді. ## Сілтеме * Дүниежүзілік тарих жобасы
Тақтабазар атырабы (түрікм. Tagtabazar etraby) — Түрікменстанның Мары уәлаятындағы атырап. ## Тарихы 1925 жылы қаңтарда Түрікмен КСР Мерв округінің Пенде ауданы болып құрылды. 1925 жылы ақпанда Пенде ауданы Тақтабазар ауданы болып өзгертілді. 1926 жылы тамызда Мерв округі таратылып, Тақтабазар ауданы Түрікмен КСР-іне тікелей бағынышты болды. 1939 жылы қарашада Тақтабазар ауданы жаңадан құрылған Мары облысына берілді. 1963 жылы қаңтарда Мары облысы таратылып, Тақтабазар ауданы қайтадан Түрікмен КСР-не тікелей бағынышты болды. 1970 жылдың желтоқсанында аудан қайтадан қалпына келтірілген Мары облысының құрамына енді. 1992 жылы Тақтабазар ауданы Мары уәлаятының құрамына еніп, Тақтабазар атырабы деп өзгертілді. 2022 жылдың 9 қарашасында Серхетабат атырабы Тақтабазар атырабына қосылды. ## Аудан экономикасы 1937 жылы таратылған Күшкі ауданы кіретін Тақтабазар ауданында 1968 жылға дейін түйе шаруашылығы дамыды. Бірақ Түрікменстанның оңтүстігінде түйе обасының эпизоотиясы басталғаннан кейін бұл жануардың саны екі ауданда: Күшкі және Тақтабазар аудандарында 500-700 бастан аспады. ## Сілтеме * Дүниежүзілік тарих жобасы ## Дереккөздер
Индира Есалықызы Тұрсынбай (2 желтоқсан, 1983 жылы туған, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Әбдіғаппар ауылы) — «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы АҚ «Balapan» телеарнасы директоры. ## Қызмет жолы * 2003-2005 жж. - «Almaty TV» телеарнасында журналист, жаңалық жүргізушісі, «Экология бекеті» телеарнасының редактор-жүргізушісі; * 2005-2006 жж. - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында редактор-сарапшы, «Business.kz» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі; * 2008-2009 жж. - «Астана» телеарнасында редактор-сарапшы, жаңалық жүргізушісі; * 2011-2014 жж. - «Еуразия» Бірінші арнасында тілші, жаңалық жүргізушісі; * 2015-2016 жж. - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында жаңалық жүргізушісі, экономика жаңалығының редактор-жүргізушісі; * 2017-2023 жж. - жеке продакшн компанияларда басшылық қызмет атқарды; * 2023 жылдың қаңтарынан - «Balapan» телеарнасының директоры. ## Білімі * Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. ## Дереккөздер
Серхетабат атырабы (түрікм. Serhetabat etraby) — Түрікменстандағы Мары уәлаятының бұрын болған атырабы. ## Тарихы 1930 жылы сәуірде Түрікмен КСР Күшкі ауданы болып құрылды. 1937 жылы маусымда Күшкі ауданы таратылды. 1977 жылы шілдеде Мары облысының құрамында Күшкі ауданы қалпына келтірілді. 1992 жылы Күшкі ауданы Мары уәлаятының құрамына еніп, алдымен Күшкі атырабы, содан соң Серхетабат атырабы деп өзгертілді. 2022 жылы 9 қарашада Серхетабат атырабы жойылып, оның аумағы Тақтабазар атырабына берілді. ## Аудан экономикасы 1937 жылы таратылған Күшкі ауданы кіретін Тақтабазар ауданында 1968 жылға дейін түйе шаруашылығы дамыды. Бірақ Түрікменстанның оңтүстігінде түйе обасының эпизоотиясы басталғаннан кейін бұл жануардың саны екі ауданда: Күшкі және Тақтабазар аудандарында 500-700 бастан аспады. ## Сілтеме * Дүниежүзілік тарих жобасы ## Дереккөздер
Айдын Дүйсенбайқызы (15 наурыз, 1991 жылы туған, Қарағанды облысы) — «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Басқарушы директоры. ## Еңбек жолы * 2012 - 2016 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Стратегиялық маркетинг департаменті Веб-ресурстар бөлімінің веб-сайт редакторы; * 2016 - 2019 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Стратегиялық маркетинг департаменті Интернет-редакциясының шеф-редакторы; * 2019 - 2021 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Диджитал департаменті Интернет редакциясының жетекшісі - «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Баспасөз хатшысы; * 2021-2023 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Диджитал департаментінің директоры; * 2023 жылдан «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарушы директоры. ## Білімі * 2012 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің журналистика кафедрасын бітірген; * 2021 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультетінің магистратурасын тәмамдаған. ## Дереккөздер
Оғызхан атырабы (түрікм. Oguzhan etraby) — Түрікменстандағы Мары уәлаятының бұрын болған атырабы. ## Тарихы 1988 жылы тамызда Түрікмен КСР Парахат ауданы болып құрылды. 1992 жылы Парахат ауданы Мары уәлаятының құрамына еніп, алдымен Ниязов атырабы, содан соң Оғызхан атырабы деп өзгертілді. 2022 жылы 9 қарашада Оғызхан атырабы жойылды. Бұл ретте Теңізхан, Оғызхан кенттері, Теңізхан, Достық кеңесшіліктері Мұрғап атырабына; ал, Шаттық қаласы, Дәулетлі-Заман, Парахат кенттері, Алтын-Заман, Айхан, Дақхан, Көкхан, Күнхан, Мердана, Жұлдызхан кеңесшіліктері Сақаршаға атырабына берілді. ## Сілтеме * Дүниежүзілік тарих жобасы ## Дереккөздер
Әкеге апарар жол — Жақында отағасынан айырылған отбасының тарихы мен шытырман оқиғаларына көрермендерді батыратын қызықты драма мен комедия. Түпнұсқа сюжетті және терең, кейіпкерге негізделген спектакльдерді көрсететін «Әкеге апарар жол» ерлік, махаббат және өзін-өзі анықтау тақырыптарын ашады. Бұл фильм ұмытылмас әсер қалдырады және көрермендерді өмірдің мәні мен өмірдегі өз жолдары туралы ойлауға шабыттандырады. Түсірілім жұмыстары наурыз айында Алматы облысынан басталып, Маңғыстау өңірінде аяқталған. ## Сюжет Қайырбек аға өте мейірімді жан еді. Бүкіл ауыл оны құрметтейтін. Өйткені ол бәріне көмектесті. Ол мектеп директоры болды. Спорт мектебін салып, көкпар үйірмесін, аяқ киім шығаратын цехтардың ашылуына тағыда күріш экспорттай бастады. Бірақ, өкінішке орай, ол бір жыл бұрын жол апатынан қайтыс болды. Қайырбек ағаның өмірден өткенінің бір жылдығына арнап дастархан жайған соң ұлы Дидар марқұм әкесін армандай бастайды. Түсіндегі әке жүрегін ұстап, ұлынан көмек сұрайды. Дидар не болғанын білгісі келеді, өйткені қайтыс болмай тұрып әкесі донор ретінде жүрегін қалдырып кеткен. Бұл арманы туралы білген Дидардың анасы ұлынан әкесінің жүрегінің жаңа иесін табуды сұрайды. Дидар ағасы мен әйелімен бірге жүректің жаңа иесіне барады. ## Пікірлер Рамазан Амантай, фильм продюсері: — Әкелердің қадірі және бұл тек қана әке туралы емес, жан-жақты айтар ойы көп фильм. Әке деген тамаша ұғымды, тамаша қасиетті есімді елдің есіне бір салып қояйық деп осы фильмді түсірдік. Әрі бүгін біздің тамаша мерекеміз – Ата заң күні. Дубайдағы қандастарымыз көріп, өзінің оң бағасын беріп жатыр. Соған қатты қуанып тұрмыз. Даут Шайхисламов, продюсер: — Бүгін Дубайда керемет көрініс болды, Рамазанға көп рахмет. Маңғыстауды көргеніме өте қуаныштымын. Өйткені, мен Жаңаөзеннен боламын. Алтын емел саябағы, өте керемет, Қазақстан өте керемет. Қазақ киносы дами берсін. Айдын Нығмет, көрермен: — Қазақ киносын көріп жақсы әсермен шықтық. Сценарийде өте терең мағына бар. Әкеге арналған, өзіміздің қазақи отбасылық құндылықтарға арналған. Қазақтың актерлері келіп осындай үлкен сыйлық тарту етіп жатыр. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ресми трейлер
1956 жылы құрылған Екібастұз политехникалық колледжі (1956-1972 жылдары — кешкі тау-кен-құрылыс техникумы, 1973-1999 жылдары — тау-кен техникумы, 1999 жылы білім бөлімінің «Екібастұз политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мәртебесін алды. Павлодар облысы бойынша колледжде екі (тау-кен экономикасы, көлік) және сырттай бөлімдері бар. 9 сынып базасында оқу мерзімі 3 жыл 6 ай, 11 сынып базасында 2 жыл 6 ай ғой. Оның 4 қабатты әкімшілік-оқу ғимараты бар, онда 37 оқу кабинеті мен зертханасы бар; оқу-өндірістік шеберханалары, оқу залы бар кітапхана; дене шынықтыру-сауықтыру кешені, компьютерлік сынып, тир, спорт залы, мұражай бар. 2003-2004 оқу жылында 504 оқушы оқиды. Оқу орны құрылған жылдар ішінде 8668 маман даярланды. Колледжде 59 оқытушы жұмыс істейді. Директор — Манибаев Арғын Бейбітұлы. 2022 жылдың қыркүйек айында Мәншүк Мәметова мен Естай Беркімбаев атындағы көшелерінің қиылысындағы Өңіраралық оқу орталығының жаңа ғимаратына көшті. ## Мамандықтар ### Тау-кен және шаруашылық бөлімі * Есеп және аудит (ЕА) * Қаржы (Қ) * Компьютерлік технологиялар және бағдарламалық қамтамасыз ету (КТБҚЕ) ### Көлік бөлімі * Теміржолдарды электрмен жабдықтау (салалар бойынша) (ТЭЖ) * Электр және электромеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу (ЭЭЖТПҚКЖ) ### Жол қозғалысын басқару бөлімі * Теміржолдар, теміржол құрылыстары және құрылысы (ТТҚҚ) * Теміржолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (ТЖҚПЖТҚК) * Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (AҚТҚКЖП) * Теміржол көлігіндегі автоматтандыру, телемеханика және қозғалысты басқару (TКАТҚБ) * Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты бақылау (TКТҰҚБ) ### Қазақ тіліндегі кафедра * Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық әдіспен өндіру (ПҚКОАӘӨ) * Тау-кен электромеханикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу (ТКЭЖТҚКЖ) * Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану (ҒҚСП) ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Ресми сайт
Нағи Қалтайұлы Бақытбеков (27 қазан 1987 жылы) Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек қыстағында туған) — «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ «Qazsport» телеарнасы директоры. ## Еңбек жолы * 2005 - 2006 жж. «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Қызылорда филиалының директоры, «Қазақстан КВН Одағы» Қызылорда КВН филиалының директоры; * 2006 - 2008 жж. «Қазақстан студенттерінің альянсы» республикалық қозғалысының жетекшісі; * 2008 - 2011 жж. «Қазақстан КВН Одағы» РМҰ атқарушы директоры; * 2011 - 2015 жж. «Астана Қаласының Көңілді тапқырлар театрлары» ГККП театры әкімшісі, продюсері; * 2015 - 2018 жж. «KAZFOOTBALL.KZ» ақпараттық футбол порталы директоры; * 2018 - 2020 жж. Қазақстан футбол федерациясының маркетинг және PR департаменті директоры; * 2020 жылдың 8-маусымынан «Qazsport» телеарнасы директоры. ## Марапаты * Ақпарат саласының үздігі төсбелгісі (2021 ж.). ## Дереккөздер
Леонид Виленович Кантер (укр. Леонід Віленовіч Кантер; 27 шілде 1981 жыл, Киев, Украина КСР - 4 маусым 2018 жыл Обирки, Чернигов облысы, Украина) — украиндық деректі фильм режиссері, продюсер, тележурналист және жазушы. Шығыс Украинадағы қарулы қақтығыс туралы бірнеше деректі фильмдердің авторы. ## Білімі 1998 жылы Киевтегі №145 жаратылыстану лицейін бітірген. 2002 жылы Иван Карпенко-Карый атындағы Киев ұлттық театр, кино және телевидение университетін («театр және кино актері, телебағдарлама жүргізушісі») бітірген. 2005 жылы KNUTKiT («Телевизиялық директор») екінші жоғары білімін алды. Кейін туған университетінде ұстаздық қызмет атқарды. ## Өмірбаяны Леонид Кантер 1981 жылы 27 шілдеде Киевте дүниеге келген. Әйелі Диана және үш баласы - қыздары Магдалена мен Патагония және ұлы Дариян бар.2003 жылы Кантер «Лизард филмс» киностудиясын құрып, 50-ге жуық қысқаметражды фильмдер, бірнеше толықметражды және деректі фильмдер түсірген. Студия фильмдерінде басты рөлдерді Леонид Куравлев, Лидия Федосеева-Шукшина, Владимир Жириновский, Дмитрий Дюжев сомдады.2004-2007 жылдары Кантер Карпенко-Карый атындағы Киев театр, кино және теледидар университетінде оқытушы болып жұмыс істеді. 2015 жылы Кантер режиссер Иван Ясныймен бірге Донецк әуежайының қорғаушылары туралы «Доброволец Божьей Четы» деректі фильмін түсірді. Фильм 13-ші Гданьск халықаралық деректі фильмдер фестивалінде Көрермендер сыйлығын алды. 2018 жылы Ясныймен бірне АТО аймағында қайтыс болған украиналық опера әншісі Василий Слипак туралы «Миф» толық метражды деректі фильмін түсірді. 2007 жылы Леонид Кантер Чернигов облысындағы «Обирок» шаруа қожалығына орналасып, сол жерде шығармашылық қонысын құрып, фестивальдар мен халықтық мерекелерді ұйымдастырды. Атап айтқанда, ол «ХЛЕБ своими руками» фестивалі мен „Mama Africa“ афроэтникалық фестивалінің негізін қалады. 2004 жылы оның шығармашылық жобаларының бірі «Мұхитқа отырғышпен» ойыны арқасында танымал болды. 2005 жылы Кантер достарымен бірге көше театрын құрып, бүкіл Украинада өнер көрсетті. Бірақ содан кейін біз әлемге шығуымыз керек деп шешіп, «Мұхитқа отырғышпен» идеясы осылай пайда болды. Идея қарапайым - кәдімгі ас үй отырғышын төрт мұхиттың жағасына апару. Ал ол үшін автостоппен жүру керек. Жеті үміткер болды. Экспедициялардың мақсаты өзідерін тану, басқа елдердің қызықты адамдарымен танысу және бүкіл әлемге Украина туралы айту болды. Төрт жыл ішінде Кантер және оның пікірлестері - қырықтан астам елге саяхат жасады. Жол бойы оларға «отырғыш» қозғалысына риза болған шетелдіктер қосылды. Отырғышпен бірге экспедиция мүшелері Украина туын орнатты.2014 жылы Кантер Павел Солодкомен бірлесе отырып, осы саяхаттарға арналған «Мұхитқа отырғышпен» кітабын шығарды. ## Леонид Кантердің фильмографиясы * 2001 — «Қалпақсыз адам», режиссер * 2002 — «Шырша», режиссер * 2003 — «Тұжырымдама», режиссер * 2003 — «Ашу», режиссер * 2006 — «Гималайдың арғы жағына отырғышпен» кинотрилогиясы Автор/продюсер: * «Корольдік жылқы», режиссері Сергей Лысенко * «Тибет Нелегал», режиссер Слава Попов * «The stool», режиссер Ярослав Андрущенко Көпметражды деректі фильмдер: * 2014 - «Соғыс өз есебінен» (реж. Леонид Кантер және Иван Ясный) * 2015 – «Құдайлық жұптың еріктілері» (режиссері Леонид Кантер және Иван Ясный). ## Дереккөздер
ДИАЛЕКТІЛІК КОНТИНУУМ – тілдің бір-біріне үзілмей жалғасқан аумақтық саралануының түрі, көршілес говорлар немесе диалектілердің өзара ерекшелігі өте аз мөлшерде болғанымен, олар бір-бірінен алшақ орналасқан сайын арасындағы айырмашылық та ұлғая береді. Соған сәйкес түрлі диалектілік құбылыстардың изоглостары да сәйкестенбейді, диалектілер арасындағы шекара да болмайды.Диалектілік континуум туыстас тілдердің таралу шекарасында тілдік континуумға ауысуы мүмкін, нәтижесінде ол идеомаларды бір-бірінен айырып көрсетуде айтарлықтай мәселелер туындайды. ## Дереккөздер
## Сарыханов Нұрмұрат ### Биографиясы және ерен еңбектері Сарыханов Нұрмұрат (1906 ж, қазіргі Түркменстан, ССР, Геок-тепе селосы,- 4. 5. 1944, Молд. ССР, Бендеры ауданы, Далекеу дер. ) – түрікмен жазушысы. Орта Азия коммунистік университетін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысып, майданда қаза тапты. Сарыханов шығармаларында советтік өмір шындығын суреттеді, түрікмендердің өмірі мен тұрмысындағы жаңа нышандарды көрсетті. «Жезде», «Бай ашуы», «Ақ үй», «Ең соңғы киіз үй», «Жарыққа ұмтылу» т.б. әңгімелеріндеескі әдет-ғұрып пен салт-сананы әшкерклксе, «Арман», «Махаббат», «Мерген» атты шығармаларында адамдардың тұрмысы мен санасындағы жаңалықтарды суреттеді. Сарыханов шығармалары КСРО халықтарының көптеген тілдеріне аударылды. 1961 ж оның «Әңгімелер» жинағы қазақ тілінде жеке кітап болып шықты. ## Дереккөздер ## Сарыханов Нұрмұрат ### Биографиясы және ерен еңбектері Сарыханов Нұрмұрат (1906 ж, қазіргі Түркменстан, ССР, Геок-тепе селосы,- 4. 5. 1944, Молд. ССР, Бендеры ауданы, Далекеу дер. ) – түрікмен жазушысы. Орта Азия коммунистік университетін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысып, майданда қаза тапты. Сарыханов шығармаларында советтік өмір шындығын суреттеді, түрікмендердің өмірі мен тұрмысындағы жаңа нышандарды көрсетті. «Жезде», «Бай ашуы», «Ақ үй», «Ең соңғы киіз үй», «Жарыққа ұмтылу» т.б. әңгімелеріндеескі әдет-ғұрып пен салт-сананы әшкерклксе, «Арман», «Махаббат», «Мерген» атты шығармаларында адамдардың тұрмысы мен санасындағы жаңалықтарды суреттеді. Сарыханов шығармалары КСРО халықтарының көптеген тілдеріне аударылды. 1961 ж оның «Әңгімелер» жинағы қазақ тілінде жеке кітап болып шықты. ## Дереккөздер