text
stringlengths 3
252k
|
---|
Тоқылдақ аспабы – дәстүрлі, ұрмалы және жаңғырықты, қазақ аспабы. Ол басқа аспаптар сияқты, 19 ғасыр шамамен қолданылуын бастады және қазір де жасалып, қолданылуда.
## Құрылысы және қолданылуы
Тоқылдақ көбіне ағаштан және көркемдеуіш қазақ оюларымен безендіріліп жасалады. Оның беті тегіс әрі жалпақ, пішіні көлемді тіктөртбұрышқа, ромбқа, шаршыға ұқсас түрлері кездеседі. Оның ұшын сүйрелете жасайды және оның ернеуі неғұрлым жұқа болса, дауыстың әсерлілігі де арта түседі деген ұғым бар. Аспаптың ішіне немесе сыртына ілулі тұрған - металл, дөңгелек шарлар арқылы дыбыс одан әрі әсемірек шығарылады. Шарларды құралдың ішіне енгізу үшін арнайы саңылаулар ойып алынады. Осы аспапқа жақсы дауыс беру үшін оны тек жай қолмен емес, арнайы ағаш балғасымен немесе тоқылдаққа ілінген допшасымен ұру қажет.
### Шертпешілер мен жасалыну тарихы
Осы аспап көмегімен Нұрғиса Тілендиев, Дина сияқты шертпешілердің кейбір әуендері орындалған. Жалпы, Музыкалық аспап жасау шеберлері Оразғазы Бейсембаев пен Абузар Аухадиев көне аспаптардың біраз түрлерін жаңартып жасап шығарды. Шеберлер Қ.Қасымов, А.Ермеков, Э.И.Романенко, О.Бейсенбаев, А.Ауқадиев, т.б. музыкалық аспаптардың алғашқы үлгілерін жасады, яғни олар тоқылдақтың біраз дамуына және түрленуіне үлес қосқан деп айтуға болады. |
Кенжәлі, Кенжалы — Ақтөбе облысы Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол стансасы. 2021 жылға дейін Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылдық округі құрамында болған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шұбарқұдық кентінен оңтүстік-батысқа қарай 29 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 146 адам (74 ер адам және 72 әйел адам) болса, 2009 жылы 175 адамды (95 ер адам және 80 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» — Қазақстандағы мұнай өнеркәсібін дамыту үшін Қарашығанақ жобасын жүзеге асыру бойынша біріккен компаниялар консорциумы.
Қазақстандық ұлттық компания акцияларының бір бөлігін беруден кейін акциялар келесі түрде бөлінеді:
* «Royal Dutch Shell plc» (Нидерланды, Ұлыбритания) — 29,25 %;
* «Eni» (Италия) — 29,25 %;
* «Шеврон» (АҚШ) — 18 %;
* «Лукойл» (Ресей) — 13,5 %;
* «ҚазМұнайГаз» (Қазақстан) — 10 %.
«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» әлемдегі ірі мұнайгазконденсат кен орындарының бірі болып табылады.КПО (1997 жылғы қарашада) Қазақстан Үкіметімен халықаралық консорциумда серіктестер қол қойған Ақырғы Өнім Бөлісу Келісіміне (АӨБК) сәйкес жұмыс істейді. Келісім шарттарына сәйкес ҚПО Қарашығанақ жобасын 2038 жылға дейін басқарады. 1997 жылы қол қойылған АӨБК шарттарына сәйкес оның қатысушыларына жаңа салықтар мен алымдар салынбаған.
ҚПО - Қарашығанақ-Атырау мұнай құбырының иесі.2007 жылы «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» компаниясы Қазақстанда 5,7 млн. тонна мұнайды (9%) және 14,2 млрд. текше метр газды (47%) өндірді (Қазақстандағы өндірілген газдың және мұнайдың жалпы көлемінен пайызбен көрсетілген).
## Болған оқиғалар
* 1997 жылы «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы барлық дерлік өндірістік жаңа нысандарды қалпына келтіруді мақсатына алды.
* 2008 жылы 9 қазанда КПО қауіпсіздік үшін «DuPont Safety Award» халықаралық марапатын алған алғашқы қазақстандық компания болды.
* 2009 жылы OHSAS 18001 сертификатын алды.
* 2009 жылдың 11 желтоқсанында «British Gas Group plc» мен итальяндық «En»i Қазақстанға елдің батысында Қарашығанақ мұнай-газ саласындағы «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» компанияның 10% сату туралы келіссөздер жүргізеді. Мәміленің бағасы 1 миллиард долларға бағаланған. СК «Финам» эксперті - Александр Еремин мәміле құнын $ 300-500 млн-ға бағалап, бағаның тым асыра сілтеп жібергенін атап өтті.
## Дереккөздер |
Тассай — Ақтөбе облысы Хромтау ауданы, Абай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Хромтау қаласынан солтүстік-батысқа қарай 9 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 114 адам (63 ер адам және 51 әйел адам) болса, 2009 жылы 80 адамды (41 ер адам және 39 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ақжар ауылдық округі — Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Ақжар, Жазық ауылдары кіреді. Орталығы – Ақжар ауылы.
## Тарихы
1997 жылы Мағаджан ауылдық округі (орталығы Табантал а.) таратылып, Новороссийск ауылдық округіне (орталығы Новороссийское а.) қосылды. 1999 жылы Новороссийск ауылдық округі мен Новороссийское ауылы Ақжар ауылдық округі және Ақжар ауылы болып өзгертілді. 2000 жылы Ақжар ауылдық округінен Табантал ауылдық округі қайта бөлініп шықты.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2403 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Аққұдық (1999 ж. дейін — Кредиковка) — Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы ауыл, Аққұдық ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Хромтаудан солтүстік-шығысқа қарай 33 км жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 644 адам (331 ер адам және 313 әйел адам) болса, 2009 жылы 476 адамды (235 ер адам және 241 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Жазық — Ақтөбе облысы Хромтау ауданы, Ақжар ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Хромтаудан батысқа қарай 26 км жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 333 адам (174 ер адам және 159 әйел адам) болса, 2009 жылы 306 адамды (153 ер адам және 153 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Алтықарасу ауылдық округі – Ақтөбе облысы Темір ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Алтықарасу, Еңбекші, Сарытоғай ауылдары кіреді. Орталығы – Алтықарасу ауылы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1584 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Қараоба – Теріскен құмының солтүстік-батысындағы тау.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Оймауыт ауылының оңтүстік-шығысында 25 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 165 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 3 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км.
## Жер бедері
Солтүстігінде Шырқала қырқасы, батысында Ақкөл тақыры, оңтүстігінде Шайтаншағыл, Шілікқараоба, Қарашбай, шығысында Шет Аққұдық, Шатай, Орта Аққұдық, Құмқұдық қыстаулары орналасқан.
## Өсімдігі
Сортаң топырақ жамылғысында жусан, жантақ, өлеңшөп, т.б. бұталар өседі.
## Дереккөздер |
Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы — балалар мен жасөспірімдерге ақпараттық қызмет көрсететін мемлекеттік мекеме. Кітапхананың мақсаты- кітап оқуды жас ұрпақтың қызғылықта да тиімді демалыс уақытына айналдыру, балалардың, жасөспірімдердің, жастардың рухани дамуына жағдай жасау.
Кітапхана Қостанай қаласының сәулет ескерткіші болып саналатын көпес Вороновтың үйінде орналасқан.
## Кітапхана ғимаратының тарихы:
Көпес Вороновтың үйі XX ғасырдың басында салынған. Үймен бірге барлық шаруашылық құрылыстары, соның ішінде ат қора да Вороновқа тиесілі болды. Кірпішпен асқан шеберлікпен қалануы, өңдеу жұмыстары, кірпіштермен әсем өрнектелген беткі бейнесі, жертөленің тереңдігі мен беріктігі таң қалдырмай қоймайды. Үй жертөлесінің қабырғасының қалыңдығы жарты метрден астам. Жергілікті қазына іздеушілердің пікірінше осы үй құпияға толы. Кеңес Үкіметі орнағаннан кейін ғимараттарға түрлі мемлекеттік мекемелер орналасты. Соғыстан кейінгі жылдары бұнда ауыл шаруашылық басқармасы, асхана және мейрамхана тресі, Л.Толстой атындағы облыстық кітапхана болған. 1979 жылы осы ғимаратта облыстық жасөспірімдер кітапханасы, ал 1992 жылы — Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы орналасты.
## Кітапхана тарихы
Кітапхана тарихы Облыстық балалар кітапханасы болған жылдар 1958 жылдан бастау алады. Кітапхананың алғашқы директоры Свистунова М. Д. болды. Алғашында кітапхана қалалық балаларр кітапханасында орналасып, қорды жабдықтап, өңдеумен айналысты. 1959 жылы кітапханаға жас көрермен кинотеатрының бір бөлмесі бөлінді. 1960 кітапхана көпес Лоренцтің үйіне көшірілді. Жөндеу жұмысы жүргізіліп, жыл өткен сайын кітапхана кеңейіп, өз кітап қорын арттыра берді. 1964 жылы кітапханаға Аркадий Петрович Гайдардың есімі берілді.1978 жылы Қостанайда 10 бірлік штатпен Облыстық жасөспірімдер кітапханасы ашылды. Кітапхана көрме залының жертөлесіне орналасып, қорды жабдықтаумен айналысты, оқырмандарға қызмет көрсете қойған жоқ. 1979 жылы жасөспірімдер кітапханасына Повстанческая (қазіргі Қасымқанов) көшесіндегі ғимарат берілді. 1980 жылдың қаңтарында кітапхана оқырмандарға есігін айқара ашты. 1984 жылы кітапхана өңделіп, алғашқы бейнесін қайта тапты. 1991 жылы жасөспірімдер кітапханасына ұлы қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсарин есімі берілді. 1992 жылдың тамызында А. П. Гайдар атындағы облыстық балалар кітапханасы мен Ы.Алтынсарин атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы болып бірікті.
1999 жылы кітапхана «Қиял әлемі» бағдарламасын жүзеге асыруға «Фонд Сорос Казахстан» грантына ие болды. 2000 жылы «Ежик» (аббревиатура: Е-ежеквартальный, Ж-журнал, И –интересной, К – компании) балалар шығармашылығының журналы жарық көрді. Осы жылы кітапхана сайты ашылды. 2002 жылы АҚШ Мемлекеттік Департаментінің шақыруымен кітапхана директоры Теплякова Н.М. Америкаға барып келді.
2009 жылы кітапхана ғимаратына күрделі жөндеу жасалып, ғимараттың екінші бөлігі дұрысталды, оған кітапхананың бірнеше бөлімі орналастырылды. 2010 жылғы жөндеу нәтижесінде кітапхана өз алаңын кеңейтіп, оқырмандарға жұмыс істеуге жаңа орындар бөлінді: виртуалды- анықтама қызметі, топаралық қарым қатынас бөлмесі, дәріс залы; кітапхана ауласы өзгертіліп, жайлы патио пайда болды. Кең аула іс- шараларды таза ауада өткізуге мүмкіндік береді. Кітапхана жаңа жабдықтармен жабдықталды (тиімді сөрелер, өрт қауіпсіздік жүйесі), компьютер саны көбейді.
## Кітапхана бөлімдері
* 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі
* 7-11 сынып оқушылары мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімі
* Өнер секторы
* Анықтама-библиографиялық бөлім
* Ғылыми-әдістемелік бөлім
* Әдебиетпен жабдықтау, өңдеу және сақтау бөлімі
* Кітап беру пункті
## Кітапхана қоры
Кітапхана қоры 2018 жылдың 1 қантарына 160585 дананы құрады. Жыл сайын кітапхана қорына орташа есеппен 3568 дана түседі. Кітапхананың негізгі қоры қазақ, орыс тілдеріндегі көркем әдебиет. Қазақ тіліндегі қор 28093 дананы құрайды.
## Жобалар, іс-шаралар, жетістіктер
Балалар кітапханалары құылғаннан күннен бастап қала өміріне қызу араласты. 1959 жылдан бастап кітапхана жыл сайын Балалар мен Жасөспірімдер кітабы апталығын өткізіп келеді. 1989 жылы Балалар кітабы апталығына балалар ақыны Валентин Берестов келді. Жасөспірімдер кітапханасында ленинградтық жазушы Суслов В.Н, молдаван ақын Шибру Т. Г.,өзбек ақыны Бутаев Ш қонақта болды.Әр түрлі уақыт аралығында кітапханада түрлі бағыттағы клубтар жұмыс істеді. Дж. Р. Толкиен шығармаларының табынушылары «Орден Толкиенистов» клубында бас қосып, театрлық қойылымдар қойып, әдеби шығармашылықпен айналысты. «Заң және сен» клубының жұмысы жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталды. Тағы бір орден «Феникс ордені» өз қатарына Дж. Роллинг шығармашылығына табынушыларды жинады. Бүгінгі күні кітапханада «Ата — аналар» клубы, «Шығармашылық аймағы» әдеби студиясы, «Шебер қолдар» сәндік -қолданбалы өнер үйірмесі жұмыс істеуде.Жыл сайын Балалар кітабы апталығы, Жасөспірімдер кітабы апталығы, Халықаралық балалар кітабы апталығы жүргізіліп тұрады.
* 2010 жыл
«Оқырман Қостанай» фестивалі
* 2011жыл
* «Заманауи, технологиялы, тиімді:сәулет пен кітапханалық кеңістік» республикалық конференциясы
* Облыстық «Қостанай облысының үздік оқырманы»
* 2012 жыл
* Жастар кітабы фестивалі
* "Жазушымен жақынырақ танысайық" әдеби саяхат
* «Кітаппен өткен ұйқысыз түн немесе кітапханадағы ымырт» акциясы
* 2014
* "Сөз кұдіреті" байқауы
## Кітапхана директорлары
* Свистунова М. Д.
* Казакова Л. И.
* Литвинова Л. А.
* Голубятникова Л. В.
* Кизимова О. В.
* Теплякова Н. М.
## Тақырып бойнша сілтеме
* Кітапхана ресми сайты Мұрағатталған 20 мамырдың 2012 жылы. |
Тасөткел ауылдық округі — Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Тасөткел, Ақбұлақ, Ақтасты ауылдары кіреді. Орталығы – Тасөткел ауылы. Округ құрамында болған Үйтас ауылы 2012 жылы таратылған.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 756 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Елді мекендер:
* Тассай – Абай облысы Көкпекті ауданындағы ауыл
* Тассай – Ақтөбе облысы Хромтау ауданы, Абай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
* Тассай – Ақтөбе облысы Хромтау ауданы, Тассай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
* Тассай – Түркістан облысы Сайрам ауданындағы ауыл. |
Аққұдық ауылдық округі — Ақтөбе облысы Мәртөк ауданына қарасты әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Вознесеновка, Достық, Жаңажол, Қарабұлақ, Первомайка ауылдары кіреді. Орталығы – Вознесеновка ауылы.
## Тарихы
1997 жылы Құмшоқат ауылдық округі (орталығы Веренка а.) таратылып, Первомай ауылдық округіне (орталығы Вознесеновка а.) қосылды. Кейін Первомай ауылдық округі Аққұдық ауылдық округі болып өзгертілді. 2009 жылы Рыбаковка ауылы Жаңажол, 2011 жылы Степь ауылы Қарабұлақ, 2016 жылы Веренка ауылы Достық ауылы болып өзгертілді.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1515 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Аққұдық ауылдық округі — Ақтөбе облысы Хромтау ауданына қарасты әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Аққұдық ауылы кіреді. Орталығы – Аққұдық ауылы.
## Тарихы
1999 жылы Көктөбе ауылдық округінің Көктау, Қарабаз ауылдары Кредиков ауылдық округіне берілді. Сол жылы Кредиков ауылдық округі Аққұдық ауылдық округі болып өзгертілді. 2006 жылы Аққұдық ауылдық округінен Көктау ауылдық округі бөлініп шығып, құрамына Көктау, Көшенсай, Қарабаз ауылдары берілді. 2012 жылы округ құрамында болған Қарасу ауылы, 2019 жылы Қатынадыр ауылы таратылды.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 508 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Ақтасты — Ақтөбе облысы Хромтау ауданы, Тасөткел ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Хромтаудан шығысқа қарай 95 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 255 адам (133 ер адам және 122 әйел адам) болса, 2009 жылы 145 адамды (69 ер адам және 76 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қопа ауылдық округі — Ақтөбе облысы Хромтау ауданына қарасты әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Қопа, Тамды ауылдары кіреді. Орталығы – Қопа ауылы. Округ құрамында болған Амангелді ауылы 2012 жылы таратылған.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 756 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Бақай — Ақтөбе облысы Хромтау ауданы, Табантал ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Хромтау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 31 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 305 адам (161 ер адам және 144 әйел адам) болса, 2009 жылы 117 адамды (63 ер адам және 54 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Табантал — Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы ауыл, Табантал ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Хромтау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 45 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 784 адам (395 ер адам және 389 әйел адам) болса, 2009 жылы 502 адамды (251 ер адам және 251 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Көптоғай — Ақтөбе облысы Хромтау ауданы, Табантал ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Хромтау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 56 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 253 адам (141 ер адам және 112 әйел адам) болса, 2009 жылы 91 адамды (51 ер адам және 40 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Жайлаусай — Ақтөбе облысы Хромтау ауданы, Табантал ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Хромтау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 47 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 165 адам (96 ер адам және 69 әйел адам) болса, 2009 жылы 107 адамды (65 ер адам және 42 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Дербісалы (Деріпсалы) батыр Айдаболұлы (1707-1794 ) -- Арғын тайпасының Қаракесек руының Сарым бұтағынан шыққан жоңғарлармен шайқасқан қазақ батыры.
## Естелік
Батыр құрметіне Қарағанды облысы Шет ауданында өзі жерленген Деріпсал ауылына аты берілген. Ал балалары мен немерелерінің атымен Құттыбай, Қармыс, Шопа елді мекендері аталған. 2007 жылы батырдың туғанының үш жүз жыл толуына ас беріліп, кітап шығарылды. Ол кісінің қылышы әлі күнге дейін сақталған және ұрпақтарының қолында. Батыр атымен Шет ауданы орталығы Ақсу-Аюлыда бір көшенің аты берілген және сол көшеде 2018 жылы жазда Ескерткіш бюст қойылды.
## Ауыз әдебиетте
* ...Жекпе-жекте жауына дес бермеген,
* Дебем-ай, жолбарыс ең сескенбеген...
Пірі жолбарыс болған. Ұрпақтарына әруақ болып қонып отырған. Соңғы рет аруағы Төлеуқызы Бағияға қонған және емші, көріпкел болуына септігін тигізген.
## Семьясы
Ұрпақтары Қарқаралы уезінің Нұра болысында, кейіннен Шет ауданында.
Балалары:
* Марқабай:
* Еркебай:
* Серкебай:
* Қараш:
* Есен:
* Қармыс:
* Қыдырәлі: Жолбарыс, Иман
* Мүсірәлі: Нысанбай, Несіпбек, Өмірбек, Нұрбек
## Әдебиеттер
* Шет ауданы : [Мәтін] энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011- 32-34 б.
* Айдаболұлы Дербісалы батыр: тарихи танымдық оқу құралы. Қарағанды, 2013.- 230 б.
## Сілтемелер
* Аты аңызға айналған Дербісалы батыр Мұрағатталған 15 қарашаның 2017 жылы.
* Дербісалы Айдаболұлы (1707-1794жж.) Мұрағатталған 15 қарашаның 2017 жылы. |
Табантал ауылдық округі — Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Табантал, Жайлаусай, Көптоғай ауылдары кіреді. Орталығы – Табантал ауылы.
## Тарихы
1997 жылы Мағаджан ауылдық округі (орталығы Табантал а.) таратылып, Новороссийск ауылдық округіне (орталығы Новороссийское а.) қосылды. 1999 жылы Новороссийск ауылдық округі мен Новороссийское ауылы Ақжар ауылдық округі және Ақжар ауылы болып өзгертілді. 2000 жылы Ақжар ауылдық округінен Табантал ауылдық округі болып қайта бөлініп шықты. 2019 жылы округ құрамында болған Бақай ауылы таратылды.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 817 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Табантал – Жайық алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысының Алға, Хромтау аудандары жерімен ағады.
## Бастауы
Табантал ауылының шығысындағы қыраттан басталып, Бестамақ ауылы тұсында Елек өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 56 км, су жинайтын алқабы 1840 км2. Арнасы тік жарлы, жайылмасы жайпақ (0.5 км). Қар суымен қоректенеді. Басты саласы - Тамды өзені. Жылдық орташа су шығыны 3,7 м3/сек. Негізінен мал шаруашылығында пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Талдыбұлақ — Ақтөбе облысы Хромтау ауданы, Бөгетсай ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Хромтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 47 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 216 адам (113 ер адам және 103 әйел адам) болса, 2009 жылы 63 адамды (35 ер адам және 28 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Шіліктісай — Ақтөбе облысы Хромтау ауданы, Бөгетсай ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Хромтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 57 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 130 адам (67 ер адам және 63 әйел адам) болса, 2009 жылы 59 адамды (29 ер адам және 30 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Бөгетсай ауылдық округі — Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Бөгетсай, Қарлау ауылдары кіреді. Орталығы – Бөгетсай ауылы. Округ құрамында болған Талдыбұлақ, Шіліктісай ауылдары 2019 жылы таратылған.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1590 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Батыржан Жақсыбайұлы Жүкембаев (1991 жылы 5 сәуір Шу, Жамбыл облысы, Қазақ КСР, СССР) - 66,7 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Қазақстанның кәсіби боксшысы IBO ұйымының нұсқасы бойынша әлем чемпионы.
## Өмірбаяны
Батыржан 1991 жылы 5 сәуірде Қазақстандағы Жамбыл облысының Шу қаласында дүниеге келген. Бокспен кәсіби түрде Алматыда шұғылдана бастады. Батыр - жастар арасында Қазақстан чемпионы, студенттер арасындағы Қазақстан чемпионы, Қазақстан, Украина, Финляндиядағы халықаралық турнирлердің жеңімпазы. 2019 жылдың қазан айына қарай Джукембаев кәсіби рингте 16 жекпе-жек өткізді және оның 13-і нокаутпен аяқталды.
## Кәсіби мансап
Батырдың мансабы 24 жасында кәсіби боксқа көшуімен басталды. Оның промоутері - бұрынғы ресейлік Артур Бетербиевпен бірге жұмыс істеген Анна Рева болды. Батыр Жукембаев 2015 жылы 19 қыркүйекте Монреальдағы кездесуінде Мексикандық Ноэль Мехия Ринконмен жүлдеге таласқан. Бірінші турда жеңіске жеткеннен кейін, Джукембаев тізелеріне құлап, крест байламын қағып алу себебінен кездесу жарамсыз деп танылды. Ресейде орналасқан Қазан қаласында болған операциядан кейін Батыр үш ай бойы гипске оратылған аяқпен жүрді. Боксшы өзін көп күттірмей, екінші дебютын 2016 жылдың 12 наурызында Монреальда қайта өткізбекші болды, бірақ, өкінішке орай, осы жолы оның қарсыласы канадалық Ради Эрнандез жарақат алу себебінен рингке жарамсыз деп танылды.
Джукембаевтың нағыз кәсіби бокстағы дебюті ақыры Монреальда тек 2016 жылы 13 мамырда ғана өтті. Ол бірінші раундта Польшалық Камилл Джозеф Вибранецті құлатып, өз жеңіс тізбегін бастады. Батыр қатар нокаут орнату арқылы тағы 5 жеңіске жетіп, 16 қарашада Мексикалық Хуан Мануэль Маресті ұтты.
2017 жылдың 28 қаңтарында Қазақтандық былғары қолғап шебері Мексикалық Дэвид Ранчельді тізе бүктіртіп, IBO (Халықаралық бокс ұйымы) чемпионының бос орынына Мексикадан Косме Риверамен күресуге құқылы болды. Кездесу 6 сәуірде Монреальдағы Метрополис залында өтті. Батыржан қарсыласын 7-ші турда техникалық нокаутпен құлатып, алғаш рет кәсіпқойлар арасында чемпион атағына ие болды. 2017 жылы 27 қазанда Монреаль қаласында Мексикалық Хосе Эмилио Перейге қарсы өткен тағы да бір кездесуде Қазақстандық боксшы 64 секундтта бауырға қарсы соққымен қарсыласын нокауттап, уақытынан ерте ойынды аяқтады.
## Қызықты деректер
2017 жылдың қаңтарында Батыр Джукембаев Канадалық «12 раунд» журналының номинациясында 2016 жылдың ең перспективті боксшысы деп танылды. Журналда «25 жастағы Қазақстандық талантты боксшы жеті жеңісті жекпе-жегінің алтауын нокаутпен аяқтады, біз оның 2017 жылы рингке өнер көрсетуін асыға күтеміз», - деп жазылған болатын.
## Сілтемелер
* Рева қазақстандық боксшы Батыр Джүкембаевпен жұмысы туралы(қолжетпейтін сілтеме)
* боксшы Батыр Джүкембаев Мексикандықты нокаутқа шығарды және жеңімпаз атанды|(қолжетпейтін сілтеме)
* қалай қарсыласын 64-ші секундта жеңді(қолжетпейтін сілтеме)
* Жукембаев: «Үлкен шайқастар үшін көп нәрсе қалды деп үміттенемін»(қолжетпейтін сілтеме)
* боксшы Батыр Жукембаев 2016 жылдың үздік проспектісін атады(қолжетпейтін сілтеме) |
Дөң — Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы ауыл, Дөң ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Хромтау қаласынан шығысқа қарай 4 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 2214 адам (1177 ер адам және 1037 әйел адам) болса, 2009 жылы 2529 адамды (1288 ер адам және 1241 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Дөң ауылдық округі — Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Дөң, Оңғар ауылдары кіреді. Орталығы – Дөң ауылы.
## Тарихы
Ауылдық округ Облыстық мәслихаттың жиырма төртiншi сессиясы мен облыс әкiмiнiң 1999 жылғы 21 cәуірдегі N 8 шешімімен құрылды. Округ құрамына Хромтау қаласының бөлігінен құрылған Дөң ауылы мен Абай ауылдық округінің Сусановка, Қызылжар ауылдары енді. Кейін Сусановка ауылы Оңғар ауылы болып өзгертіліп, Қызылжар ауылы таратылды.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2916 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Амангелді — Ақтөбе облысы Хромтау ауданы, Қопа ауылдық округі құрамындағы ауыл, 2012 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Хромтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 56 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 105 адам (60 ер адам және 45 әйел адам) болса, 2009 жылы 30 адамды (17 ер адам және 13 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Донской ауылдық округі — Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Андықожа батыр, Тасшалқар ауылдары кіреді. Орталығы – Андықожа батыр ауылы.
## Дереккөздер |
Қатынадыр — Ақтөбе облысы Хромтау ауданы, Аққұдық ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Хромтаудан солтүстік-шығысқа қарай 26 км жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 644 адам (331 ер адам және 313 әйел адам) болса, 2009 жылы 476 адамды (235 ер адам және 241 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Еңбекшіқазақ — Ақтөбе облысының Хромтау ауданы, Қызылсу ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2012 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Хромтау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 38 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 92 адам (50 ер адам және 42 әйел адам) болса, 2009 жылы 18 адамды (10 ер адам және 8 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Мәрзия Жұмашқызы Жақсығарина (1 сәуір 1961 жыл, Шаңды ауылы, Мәртөк ауданы, Ақтөбе облысы) қазақ суретшісі, графигі, экслибристі, гравёрі, қоғам қайраткері, культурология кандидаты (2002), Қазақстанның суретшілер одағының мүшесі(1998).
## Отбасысы
Мәрзия Жақсығарина 1 сәуір 1961 жылы Ақтөбе облысы, Мәрдөк ауданының Шаңда ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келді. Әкесі Жұмаш Беркімбетұлы Жақсығарин 1977 және 1980 жылдардың соц.жарысының жеңімпазы, Еңбек Қызыл Ту Орденін алған(1973), "Құрмет Белгісі"Орденінің(1981) иегері. Анасы Жансұлу Бүркіталина Елғондықызы сол кезедгі байдың қызы болған, «Ана даңқы» орденімен марапатталған. 7 баланы: 5 ұл, 2 қызды баққан.
## Оқуы
Жас Жақсығарина Шаңды ауылындағы 8 жылдық мектепті бітірген. Оқуын Жаңа-Михайловск орта мектебінде жалғастырған. Алайда 1977 жылы «Коммунизмге жол» плакатын көріп, асығыс құжаттарын алып, училищеге көшіп кетті. Алғаш өнер туралы білімін Ануар Өтеген-Танадан алған, ал өнер тарихы туралы Петр Калиниченкодан алған. Оқуында үлкен жетістіктерге тез жете бастады. 1979 жылы Кавказды жеке өнер көрмесін ұйымдастырған.Училищені үздікке бітірген Мәрзия Мәскеу қаласына тұруға көшіп кетті. Сол жерде ол Лихачев атындағы Мәскеу зауытында суретші-безендіруші болып жұмыс жасады.1988 жылы Жақсығарина Алматыдағы Абай атындағы университетте графикалық өнер оқуын жалғастырды. Университте өнер тарихын белгілі, атақты Людмила Зальцман берген. 1933 жылы Алматыда оқуын аяқтап, өнер-графика мұғалімінің квалификациясын алған.
## Жұмысы
1994 жылы Мәрзия Жұбанов атындағы университетте өнер кафедрасының мұғалімі ретінде жұмыс жасады. 2002 жылы Санкт-Петербургте диссертация қорғап, культурология кандидаты атанды. 2004 жылы Жұбанов атындағы университетте «Дизайн» кафедрасының доценті атанды.2007-2013 жылдары қазақ-орыс халықаралық университетінде жұмыс жасады. Ал осы жұмысы үшін оған 2011 жылы профессор міндетін берді.
## Шығармашылық карьерасының бастауы
Мәрзия эклибриспен 1994 жылдан бері айналысады. Жақсығарина атақты шетелдік қайраткерлерге арнаған 260 эклибрисінің авторы. Негізгі сериялары: «Қазақ елі» (1995—1996), «Ювелирные украшения Казахстана» (1997), «Абай — 150 жыл» (1995), «Ұлы жеңіске 50 жыл»(1995), «Мұхтар Әуезов — 100 жыл» (1997), «Құдайберген Жұбанов — 100 жыл» (1999), «Экзюпериана» (1994—2013), «Пушкиниана» (1998), «Архитектура» (1998) және т.б.
## Танылуы
1998 жылы Жақсығарина Қазақстанның суретшілер Одағының мүшесі атанды. Сол жылы Мәрзияның жасалған жұмыстары үшін оған Ақтөбенің құрметті азаматы атағын берді. Халықаралық көрме ұйымдастырғаны үшін, қазақ мәдениеті мен рухын мадақтағаны үшін және ғылым, мәдениет салаларындағы үлкен жетістіктері үшін 2001 жылы «Еңбегі үшін» атағын иеленді. 2003 жылы Ақтөбе адамы атанды.Суретші Жақсығаринаның туындыларын тек жерлерстер ғана бағалаған жоқ, оны шетелдіктерде жақсы бағалады. 2003 жылы «Заманауи эклибрис суретшілері» әлемдік энциклопедиясының 2-ші томына енгізілді. Сонымен қатар, оның атақты туындыларын Польшада шығырған.
## Қоғамдық қызметі
Жақсығарина көп жылдан бері қазақ тарихы мен мәдениетін мадақтаған және әлі де мадақтауда.1998 жылы ол көрме өткізді және ол жерде өзінің 140 эклибрисін Оренбургтің 255 жылдығына сыйлаған. 2003 жылы сәуірде К.Жұбанов атындағы инженер-техникалық университетіне 50 эклибрисін сыйға тартқан.2003 жылы Ануар Өтеген-Тана мен Мәрзия Жақсығаринаның бастауы бойынша Уил ауданының орталығында өнер музейі ашылды. Олар музейдін ашылуына 600 шақты туындыны берді. Оның ішінді белгелі Ресей және қазақ тұлғаларының шығармалары болды.1998 жылы Ақтөбенің 130 жылдығына байланысты «20 ғасырдың польшалық суретшілері» көрмесін өткізді. Көрмеде 100 польшалық суретшінің 900-ге жуық эклибристері көрсетілді. 1999 жылы Құдайберген Жұбановтың 100 жылдығына арналған көрменің жетекшісі болды. Көрмеде 25 елден келген 124 суретшінің 357 туындылары көрсетілді.
## Ғылыми қызметі
Жақсығарина өнер мен графикаға қатысты 50 шақты ғылыми мақаланың авторы. Эклибрис коммуникация және коллекция үшін жинақталған. Көптеген шығармалар Қазақстанның тәуелсізідігіне байланысты салынған.Соынмен қатар, Мәрзия Жақсығарина Ануар Өтеген-Тананың, Исатай Нұрышұлы Исабаевтың, Евгений Матвеевия Ситориннің, Орынғали Алтынбайұлы Хайруллиннің, Сергей Васильевич Кукурузаның, Әбілхан Қастеевтің, Әубәкір Исмаиловтың, Орал Таңсықбаевтың, Таймас Ниязбекұлы Телеушевтің, Алексей Иванович Верещагиннің, Борис Андреевич Ткаченконың, Александр Леонтьевич Лежниннің әлемге танылуына ықпал жасады.
## Сілтемелер
https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D0%BA%D1%81%D1%8B%D0%B3%D0%B0%D1%80%D0%B8%D0%BD%D0%B0,_%D0%9C%D0%B0%D1%80%D0%B7%D0%B8%D1%8F_%D0%96%D1%83%D0%BC%D0%B0%D1%88%D0%B5%D0%B2%D0%BD%D0%B0 |
Қызылсу — Ақтөбе облысы Хромтау ауданы, Қызылсу ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Хромтау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 25 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 691 адам (363 ер адам және 328 әйел адам) болса, 2009 жылы 489 адамды (253 ер адам және 236 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Сарысай — Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы ауыл, Қызылсу ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Хромтау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 16 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 769 адам (363 ер адам және 406 әйел адам) болса, 2009 жылы 437 адамды (228 ер адам және 209 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Тассай ауылдық округі — Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Тассай, Көкпекті ауылдары кіреді. Орталығы – Тассай ауылы.
## Тарихы
1999 жылы Новотроицк ауылдық округі мен Троицкое ауылы Тассай ауылдық округі және Тассай ауылы болып өзгертілді. 2005 жылы Тассай ауылдық округінен Некілтау ауылдық округі бөлініп шығып, құрамына Некілтау ауылы берілді. 2007 жылы Степное ауылы Көкпекті ауылы болып өзгертілді.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 754 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Көктау — Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы ауыл, Көктау ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Хромтау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 52 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 864 адам (413 ер адам және 451 әйел адам) болса, 2009 жылы 1013 адамды (487 ер адам және 526 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Тассай (1999 ж. дейін — Троицкое) — Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы ауыл, Тассай ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Хромтау қаласынан солтүстік-батысқа қарай 36 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1106 адам (544 ер адам және 562 әйел адам) болса, 2009 жылы 534 адамды (255 ер адам және 279 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қопа ауылдық округі — Ақтөбе облысы Байғанин ауданына қарасты әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Ебейті, Айырық, Көптоғай, Қопа ауылдары кіреді. Орталығы – Ебейті ауылы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1351 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Көшенсай — Ақтөбе облысының Хромтау ауданы, Көктау ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2006-жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Хромтау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 83 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 141 адам (72 ер адам және 69 әйел адам) болса, 2009 жылы тұрғылықты тұрғындары болмады.
## Дереккөздер |
Қарабаз — Ақтөбе облысының Хромтау ауданы, Көктау ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019-жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Хромтау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 49 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 182 адам (80 ер адам және 102 әйел адам) болса, 2009 жылы 78 адамды (36 ер адам және 42 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Көктау ауылдық округі — Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Көктау ауылы кіреді. Орталығы – Көктау ауылы.
## Тарихы
Ауылдық округ Ақтөбе облысы әкімдігінің 2006 жылғы 21 маусымдағы N 200 қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2006 жылғы 21 маусымдағы № 272 бірлескен шешімімен Аққұдық ауылдық округінің бір бөлігінен құрылды. 2012 жылы округ құрамында болған Көшенсай ауылы, 2019 жылы Қарабаз ауылы таратылды.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1091 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Көктау ауылдық округі – Қостанай облысы Арқалық қалалық әкімдігіне қарасты әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Көктау ауылы кіреді. Орталығы – Көктау ауылы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 272 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Көктерек — Ақтөбе облысы Хромтау ауданы, Көктөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Хромтау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 58 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 218 адам (103 ер адам және 115 әйел адам) болса, 2009 жылы 113 адамды (61 ер адам және 52 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Көктөбе ауылдық округі — Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Майтөбе, Көктерек ауылдары кіреді. Орталығы – Майтөбе ауылы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 539 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Қарасу — Ақтөбе облысы Хромтау ауданы, Аққұдық ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2012 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Хромтаудан солтүстік-шығысқа қарай 46 км жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 98 адам (54 ер адам және 44 әйел адам) болса, 2009 жылы 1 адам ғана тұрды.
## Дереккөздер |
Құдықсай ауылдық округі — Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Құдықсай, Ойсылқара ауылдары кіреді. Орталығы – Құдықсай ауылы. Округ құрамында болған Кеңой ауылы 2007 жылы таратылған.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 500 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Майтөбе — Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы ауыл, Көктөбе ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Хромтау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 54 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 614 адам (305 ер адам және 309 әйел адам) болса, 2009 жылы 426 адамды (212 ер адам және 214 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ойсылқара — Ақтөбе облысы Хромтау ауданы, Құдықсай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Хромтаудан оңтүстік-шығысқа қарай 31 км жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 519 адам (259 ер адам және 260 әйел адам) болса, 2009 жылы 109 адамды (61 ер адам және 48 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Көкпекті (2007 ж. дейін — Степное) — Ақтөбе облысының Хромтау ауданы, Тассай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Хромтау қаласынан солтүстік-батысқа қарай 23 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 339 адам (176 ер адам және 163 әйел адам) болса, 2009 жылы 220 адамды (111 ер адам және 109 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Айтымбай Молдабеков (1924 жылдың 15 мамыры, Ақмола (қазір Астана), ҚазКСР - 2001 жылғы 21 қыркүйек, Алматы, Қазақстан) - советтік және қазақ суретші-суретші, монументалист, театр суретшісі, оқытушы, КСРО Суретшілер одағының мүшесі, Ұлы Отан соғысының ардагері (1941-1945).
## Балалық шағы
Айтымбай Ақмола қаласында 1924 жылы 15 мамырда жұмысшы Дүйсенбаев (Жиенбаев) Молдабектің отбасында дүниеге келді. 1928 жылы Петропавлқаласында балалар үйіне алынды (кейіннен балалар үйі Явленка ауылына көшірілді). Ерте жастан бастап Айтымбай бейнелеу өнеріне қызығушылық танытты. 1934 жылы Айтымбайдың ағасы Өсербек(Осербек) балалар үйінен алып кетті. 1937 жылы Айтымбай ағасымен бірге Алматыға көшіп келді, осында 1943 жылдың ақпан айында әскерге шақырылды. Ол Алматыдағы әскерлер полкінде қызмет етіп, кейін соғысқа аттанды. Айтымбай Молдабеков 4-ші Украин фронтында, кейіннен екінші Украин фронтында шайқасты. 11-гвардиялық кавалерия дивизиясының 37-ші Дон казак полкінде взвод командирінің көмекшісі болды. 1944 жылдың 13 ақпанында Корсун-Шевченко операциясы кезінде оң бөксе мен тізеден ауыр жарақат алды. Айтымбай ем алуға алдымен Харьков, содан кейін Бакуге жіберілді. Соғысты аға сержант дәрежесі бойынша аяқтады, І және ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
### Өнер училищесі, алғашқы көрмелер
Соғыс аяқталғаннан кейін Молдапбеков Нарынкөлде инкассатор болып жұмыс істеді.Ағасының кеңесі бойынша Қазақ құқықтану институтының комиссиясына құжаттарды тапсырған, бірақ ол өнер училищеге оқушыларды қабылдау туралы афишаларды көріп, сонда түсуге шешім қабылдады. Училищеге түсу үшін міндетті сызбалар мен эскиздер Айтымбайда болған жоқ, бірақ Молдабековтың қабілеті кескіндеме профессоры Черкасскиймен кездесуден соң жеткілікті екеніне сендірді. Айтымбай Молдабеков Н.В.Гоголь атындағы училищені екі сала бойынша бітірді: көркем-педагогика(1950) және театр-декоративті(1952) салалары.1950 жылы театр және сәндік бөлімнің екінші курс студенті Гареева Тайира Салиховнаға үйленді. Олар 50 жыл бірге өмір сүрді, шығармашылық ортада екі баланы тәрбиелеп, Ирка мен Әділет Молдабековтер - суретшілер болуына өз ықпалын тигізді.1950 жылдан бастап Айтымбай көрмелерге қатыса бастады. «Кеңестік Қазақстанның 30 жылдығы» атты Республикалық көркем көрмеге қатысты.
Театрдағы жұмысы
1952 жылы Молдабеков Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында жұмыс істей бастады. Ол алғашқы кәсіби театр режиссерлерінің бірі болды. Бастапқыда ол әшекейлеу бөлімінің бастығы, содан кейін бас суретші болған. Иолдабеков 20-дан астам көріністердің декорациясын дайындаған. Оларға «Шурале» Яруллин Ф. (1956), «Кащей бессмертный» Римского-Корсаков Н. А. (1957), «Камбар және Назым» Великанов В. (1959), «Флория Тоска» Пуччини Дж., «Травиата» Верди Дж., «Виндзорские кумушки» Николаи О., «Фауст» Гуно Ш., «Дон Паскуале» Доницетти Г. және т.б. жатады.Айтымбай 1957 жылдың соңында Ұлы Қазан Социалисттік Революцияның 40 жылдығына орай ұйымдастырылған Республикалық Көркемөнер көрмесіне қатысты.
1960-1975 жылдар арсындағы өнер туындылары
Айтымбай Молдабеков 1960 жылдан 1975 жылға дейінгі кезеңде әскери-патриоттық такқырыпта(«Годы боевые», «Товарищ», «В тылу», «1942 год», «Земля», «Родина», «Весна 1945 года», «Поверженные знамена»), тарихи-револициялық тақырыпта (К. Кузнецовпен бірге «Вагон смерти. Рождение С. Сейфуллина»), еңбек және демалыс тақырыбында («Коллеги», «Портрет Бекхожина»), отбасы, бақыт, махаббат және бейбітшілік тақырыптарында («Портрет Художницы Гадеевой», «Теплый день», «Новый дом», «Портрет сына», «Портрет дочери») сурет салды. Молдабеков өзінің суреттерінде түс әсеріне, адам сезімдеріне әсер етуге жетуге тырысқан. Суретші түс байытуда көп жұмыс істеді. Контентке көп көңіл бөліді, бірақ түс масштабының белсенділігі суреттердің эмоционалдық сәті болды. Лирикалық, жеңіл нотадағы «1945 жылғы көктем» (1970) картинасында үлкен кенеп көңіл-күйі анықталады. Бұл суретте кейіпкердің бейнесі көктемгі табиғатпен салыстырылды.Молдабеков шығарған туындылар әрдайым тар ұлттық өнердің шекарасынан асты. Оның кейіпкерлері халықаралық және олардың идеяларыбарлық адамдарға тән. «Аттестат Зрелости» (1974) картинасында суретшінің өткен жылдардағы жинақтаған ішкі сезімдері толығымен көрінді. «Аттестат Зрелости» - суретшінің келер ұрпақ туралы көзқарасы. «Біз әрдайым қатарда болдық», - деп Молдабеков өз жұмысын құрбыларының сезімін өзінше білдіру ретінде түсіндіріп, еске алды. «Біз не үшін күресетінімізді түсіндік. Менің ұрпағым енді қатарда»(1974 жыл, мерейтойлық көрменің алдындағы сұхбат).
### Алған марапаттары
* 1-дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені
* 2- дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені
* «Жауынгерлік үшін» медалі
* «Еңбегі үшін» медалі
* «Тың жерлерді игеру үшін» медалі
* Мерейтойлық медальдар: «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 20 жыл », «1941-1945 жылдардағы соғысқа 25 жыл», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы жеңіске ХХХ жыл», «1941-1945 жылдардағы соғысқа»,«КСРО Қарулы Күштерінің елу жылдығы», «КСРО Қарулы Күштерінің алпыс жылдығы».
### Әдебиеттер
* Каталог «Осенняя республиканская выставка произведений художников Казахстана». Алма-Ата, 1965 г. — 20 с.
* Каталог «VII Предсъездовская выставка произведений художников Казахстана», сост. Кучина М. Н. Алма-Ата, Союз художников КазССР, 1967 г. — 70 с.
* Каталог республиканской художественной выставки «Советский Казахстан», сост. Вандровская Е. Б., Целлинская М. Н., Алма-Ата, 1967 г. — 38 с.
* Хлопова Л. М. «Алма-Атинское художественное училище». Алматы, 1997 г. — 62 с.
* Каталог «Республиканская юбилейная художественная выставка», сост. Калинина А. Алма-Ата, 1967 г. — 78 с.
* Каталог выставки «Изобразительное искусство Казахстана», сост. Ли К. Алма-Ата, 1971 г. — 48 с.
* «Живопись Казахской ССР» ред. Петрова С. Москва, изд. «Советский художник», 1970 г. — 64 с.
* Каталог «Выставка произведений художников Казахстана, посвященная 25-летию Победы советского народа в Великой Отечественной Войне», сост. Амиров Р. А. Алма-Ата, 1970 г. — 26 с.
* «Каталог выставки, посвященная XXIV съезду КПСС и XIII съезду Компартии Казахстана», сост. Марченко Л. Алма-Ата, 1971 г. — 54 с.
* Каталог выставки «Изобразительное искусство Казахстана», сост. Ли К. Алма-Ата, 1971 г — 48 с.
* Каталог всесоюзной художественной выставки «Всегда начеку», посвященной шестидесятилетию Великой Октябрьской социалистической революции и шестидесятилетию советской милиции, сост. Кузина В., Кетов А. Москва, изд. «Советский художник», 1977 г — 76 с.
* Каталог всесоюзной художественной выставки «60 героических лет», сост. Бабурина Н., Елкова В., Кузина В., Прокофьева Н., Романова Л. Москва, изд. «Советский художник», 1978 г. — 68 с.
* Каталог республиканской художественная выставки «Всегда начеку», посвященная шестидесятилетию Великой Октябрьской социалистической революции и шестидесятилетию советской милиции. Издание Союза Художников Казахстана. Алма-Ата, 1977 г. — 28 с.
* Каталог репродукций «Художники Советского Казахстана», сост. Кумарова С. Б. Москва, изд. «Советский художник», 1980 г.
### Сілтемелер
* «Айтымбай Молдабеков. Каталог 1974»
* «Айтымбай Молдабеков». Автор: Р. Амиров. Министерство Культуры Казахской ССР
* Марапаттау қағазы. Молдабеков Айтымбай |
Некілтау ауылдық әкімдігі — Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Некілтау ауылы кіреді. Орталығы – Некілтау ауылы.
## Тарихы
Ауылдық округ Ақтөбе облыстық мәслихатының 2005 жылғы 4 тамыздағы N 178 шешімі және Ақтөбе облыстық әкімиятының 2005 жылғы 4 тамыздағы N 293 қаулысымен Тассай ауылдық округінің бір бөлігінен құрылды.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 932 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Алматы граммофондық жазу студиясы - Қазақстан өнер шеберлері орындаған ұлттық, классик. музыка шығармалардың озық үлгілерін магнитофон таспасына жазу, бұрын жазылып алынғандарын қайта қалпына келтіру, музыка мен әдебиет саласынан антология жасау жұмысымен айналысатын мәдени мекемесі.
Студия Р. Абдуллиннің орындауында «Қор болды жаным», «Көзімнің қарасы», «Абай» операсынан ақынның әні мен ариясын, Е. Серкебаевтың, М. Мұсабаевтың орындауында «Айттым сәлем, Қаламқас», Қ.Байбосыновтың орындауында «Қараңғы түнде тау қалғып», А. Сембиннің орындауында «Жарқ етпес қара көңлім не қылса да» әндерін күйтабаққа жазып шығарды. Құрманғазы атындағы академиялық ұлт-аспаптар оркестрінің орындауында А. Жұбановтың «Абай» сюитасы, Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы драма театрында қойылған «Абай» спектаклі, Ғ. Мүсірепов атыңд. жастар мен балалар театрының «Жас Абай» пьесасынан үзінділер күйтабаққа жазылған.
## Дереккөздер |
Қарашоқат — Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Кішіқұм ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шалқар қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 102 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 267 адам (138 ер адам және 129 әйел адам) болса, 2009 жылы 114 адамды (59 ер адам және 55 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Марат Төлегенұлы Жыланбаев (19 тамыз 1963 жыл, Қарқаралы ауданы) — қазақстандық ультрамарафоншы, суретші, оппозиционер, жүгіруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері. «Гиннесс рекордтар кітабында» жеті түрлі рекорд иесі, тіркелмеген оппозициялық Алға, Қазақстан партиясының төрағасы.
Жалпы 160 мың километрден астам жүгірген Жыланбаев, 2016 жылдың мәліметінше, — адамзат тарихындағы Азияның, Африканың, Аустралияның және Американың ең үлкен шөлдерін жүгіріп өткен бірінші және жалғыз спортшы.
2023 жылдың мамырында Жыланбаев "тыйым салынған ұйымның жұмысына араласты", "экстремистік ұйымды қаржыландырды" деген айыппен қамауға алынды, қараша айында 7 жылға сотталды. Азаттық радиосы және бірнеше құқық қорғаушылары оны «саяси тұтқын» қылып таныды. Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Жыланбаевтың босатылғанын талап етті.
## Өмірбаяны
Марат Жыланбаев Қарқаралы ауданындағы Фрунзе совхозында дүниеге келген. Арғын тайпасы Қаракесек руы Шор бұтағынан шыққан. Әкесі — Жыланбаев Төлеген Нығманұлы. Анасы — Жыланбаева Қаден.
Ата-аналарынан 7 жасында айырылғасын 1- мен 8-сынып аралығында Қарағанды облысының балалар үйi мен интернаттарда оқыған және тәрбие алған, училище, кейін дене шынықтыру техникумында білім алды. Комсомол берген мұғалім мамандығынан бас тартқан Жыланбаев еңбек жолын сылақшы болып бастады, сонымен қатар сурет салып, оны шетелде сатты.
Жыланбаев Қазақстан-ресей университеті Гуманитарлық институтының экономика факультетін бітірген (2005), экономист.
### Спорттық мансабы
19 жасында Қарағандағы алғашқы марафонына қатысып, 21 шақырым қашықтықты бағындырды. Өзінің Қарақұм шөлі арқылы марафонын Түрікменстанның Кушка қаласында бастады. Сегіз жылдан соң, 20 күн уақытта 1,200 шақырымды жүгіріп өтіп, Қарақұм шөлін бағындырды.
1993 жылы ол әлемдегі ең үлкен шөл, Сахараны 24 күнде жүгіріп өтті, онымен бірге бақылап жатқан адамдар болды. 1995 жылға қарай ол күніне 85 шақырым қашықтық жүгіріп жүретін, бұл оның денсаулығына үлкен жүк болды. Үкіметтен еш көмек ала алмаған Жыланбаев амнезиямен ауырып қалады, Мәскеуге қалай жеткенін ұмытып қалды, 17 жыл бойы уақытқа жүгіруді тоқтатуға мәжбүр болды.
2019 жылдың шілдесінде орын алған Ақтөбедегі жартымарафонға қонақ ретінде шақырылды, қала әкімі Ілияс Испановпен бірге 10 километр жүгірді, Ақтөбе медалімен наградталды.
1986 жылдан Жыланбаев — суретші-безендіруші және 1988 жылы өзі дайындық методикасын ойлап тапқан. 1990 жылдан «Мобиль» кооперативінде жұмыс істеген және 1991 жылы КСРО Еңбек сiңiрген бапкері Фёдор Склокинде жаттыға бастаған. 1992 жылдың қыркүйек айында Эльбрусқа мiну бойынша халықаралық жүгіру жарысында 2-орын алды және сол жылдың қазан айында Красноярская сотка халықаралық супермарафонында 1-орын алды.
1992 жылы 7 күн–7 марафон халықаралық супермарафонында 2-орын алса, келесі жылы шілде айында Канаданың Нанисивик аралындағы жүгіру жарысында да 2-орын алды. 1994 жылдың шілдесінде Өлі жазығы супермарафонында да 2-орын алды.
1996 жылдан бері Марат Жыланбаев — жеке кәсіпкер. Кәсіподақ комитетінің төрағасы. Жеңіл атлетика федерациясының президенті (Екібастұз), «Екібастұздың болашағы үшін» атты қоғамдық бірлестіктің президенті. Халықаралық кластағы спорт шебері (1994).
Жыланбаев 12 жасынан жеңіл атлетикамен, велосипед, шаңғы спортымен айналысқан. 1990 жылдан өте алыс қашықтықтарға жүгіруді (марафондық жүгіріс) бастап, сол жылы Барнауыл қаласында (Алтай өлкесі, Ресей) 85 км қашықтықты 6 сағат 43 минут 23 секундта жүгіріп өтті. Рекордтар кітабына енуі 23 күнде 23 марафондық жүгірісімен (күніне 42 км 195 м) басталды. Кейін 15 күнде 30 марафондық, жарты жылда 75 марафондық және бір жылда 226 марафондық жүгіріспен жалғастырды. Еуропаның ең биік шыңы, Эльбрусқа (5642 м) марафондық жүгіріспен 7 күнде (30 тамыз–5 қыркүйек 1991) жүгіріп шықты. 20 күнде (2–22 сәуір, 1992) Қарақұм шөлін (1200 км), 24 күн ішінде (1993), Сахараны (Солтүстік Африка, 1700 км) жүгіріп өтті. Сол жылы Аустралиядағы Үлкен Виктория шөлін кесіп өтті. 1994 жылы Мохаве шөліне (Невада, АҚШ) жорық жасап, оны сәтті аяқтады. 1992 және 1993 жылдары еліміздің таңдаулы 10 спортшыларының қатарына енді.
Әлемдік рекордтары
### Саяси мансабы
1999 жылы Жыланбаев Екібастұз қалалық мәслихаты 2-шақырылымының депутаты болып сайланғанда саяси мансабын бастады. 2003 жылы Жыланбаев Екібастұз қалалық мәслихатының 3-шақырылымына сайланды, оған салмағы алты грамм алтын төсбелгі берілді. Мәслихаттағы депутаттығын 2007 жылы аяқтады.
Марат Жыланбаев 2023 жылғы кезектен тыс парламент сайлауындағы дауыс санау процесінің әділ өтуіне күмән келтірді, бірақ сонда да депутаттықтан үміткер ретінде тіркелді. "Ерте үгіт-насихатын бастады" деген айыппен оны кандидаттар қатарынан алып тастады. Сайлауалды бағдарламасында ол Қаңтар оқиғасы, бірінші президент Назарбаев пен оның отбасы жайлы тергеу ұйымдастырылуын талап еткен еді.
2023 жылдың 27 шілдесінде "Алға, Қазақстан" партиясы Әділет министрлігіне 17-рет тіркеуге құжат тапсырды. 2022 жылы ол "бастамашыл топтың тізімі заң талабына сай келмейді" деген уәж айтты да, тіркеуден бас тартты.
### Сотталуы
2023 жылдың мамыр айында Жыланбаев "тыйым салынған ұйымның жұмысына араласты", "экстремистік ұйымды қаржыландырды" деген айыппен қамауға алынды. Сол жылдың шілдесінде ол адвокаты Мейіржан Досақаревқа денсаулығының нашарлағанын, қамауда антисанитария көргенін айтты. Департаменттің айтуынша Жыланбаевтың "жағдайы қанағаттарлық, денсаулығына шағым жоқ". Эльвира Бекзадина айтуынша беріліп жатқан тағам сапасының нашар болғаны сонша, Жыланбаевтың тістері түсіп жатыр, бөлмесі маса, шыбын шіркейге толы, лас.
Азаттық радиосы мәліметінше дүние жүзінің 39 елінде демократия белсенділері мен құқық қорғаушылар, адвокаттар мен журналистерді біріктіретін World Liberty Congress үкіметтік емес ұйымы бұл жағдай жайлы "Марат Жыланбаев жөн-жосықсыз ұсталды" деп айтқан. Құқық қорғаушылар қауымдастығы және Азаттық радиосының өзі оны «саяси тұтқын» деп таныды.
Марат Жыланбаевтың соты 30 қазанда басталды. Жақында «белгісіз» куәгерлердің өтінішімен Марат Жыланбаевтың соты жабық отырысқа ауыстырылды. Бұған адвокаты, белсендінің өзі және оның жақтастары қарсылық білдірді. ҚАЖД хабарлауынша тіркелмеген партия жетекшісі ашық сот талап етіп, 1 қазан күні аузын тігіп тастады және "сол күні мекеме басшылығымен профилактикалық әңгіме жүргізілгеннен кейін сотталушы Марат Жыланбаев тігісін алып тастады.". Жыланбаев соттың жабық өткізіліп жатқанын "заңға, конституцияға қайшы" деді. Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Жыланбаевтың босатылғанын талап етті, ұйымның Орталық Азия жөніндегі зерттеушісі Мира Ритман «ол босатылуы тиіс» деген.
29 қараша күні Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Қылмыстық кодекстің 258-бабы 2-бөлігі бойынша сот тыйым салған экстремистік ұйымды қаржыландырғаны, сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 405-бабы 2-бөлігі бойынша оның қызметіне қатысқаны үшін Жыланбаевқа қатысты үкім шығарды, ол жерде оның 7 жылғы сотталғаны жарияланған болды. Сот мәліметінше, Жыланбаев "Қазақстанның демократиялық таңдауы" экстремистік ұйымының жақтаушысы болды, ҚДТ басшысы мен оның шетелдік штабынан Қазақстан Конституциялық құрылымын күштеп өзгерту мақсатын көздейтін тапсырмалар мен нұсқаулар алған. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
## Марапаттары
* Ақтөбе медалі (2019).
## Жеке өмірі
Марат Жыланбаев үйленген. Жұбайы — Жыланбаева Ақмарал Айтбайқызы (1974 жылы туған), кәсіпкер. Ұлы — Рүстем (1988 жылы туған); қыздары — Айдана (1994 жылы туған), Азия (1998 жылы туған), Анелья (2003 жылы туған).[дереккөзі?]Діни көзқарасы — атеизм.
## Дереккөздер |
Шоқысу — Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Кішіқұм ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шалқар қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 121 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 258 адам (130 ер адам және 128 әйел адам) болса, 2009 жылы 319 адамды (155 ер адам және 164 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Шағыр — Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Кішіқұм ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шалқар қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 90 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 77 адам (44 ер адам және 33 әйел адам) болса, 2009 жылы 53 адамды (29 ер адам және 24 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Шілікті — Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы ауыл, Кішіқұм ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шалқар қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 85 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1511 адам (831 ер адам және 680 әйел адам) болса, 2009 жылы 1492 адамды (779 ер адам және 713 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Юинта (ағылш. Uinta Mountains) — АҚШ-тың Юта штатының солтүстік-шығысында және Вайоминг штатының оңтүстігінде орналасқан тау жотасы. Сеңгір таулардың бөлігі, сондай-ақ құрлықтық штаттарындағы ең жоғары жота, шығыстан батысқа қарай бағытта жүреді. Солт-Лейк-Сити қаласынан шығысқа қарай шамамен 160 км-де орналасқан. Жотаның жоғары нүктесі Кингс-Пик тауы болып табылады, оның биіктігі 4123 м құрайды.
Жотаның оңтүстік және шығыс баурайы көбінесе Колорадо өзенінің бассейнінде үстінде. Мұнда Блэк-Форк және Дучесне өзендері ағады, олар Грин-Ривер өзенінің салалары. Грин-Ривер, Колорадо ірі өзенінің үлкен сағасын жасайды, Юинта жотасының шығыс шетін айналып өтеді. Батыс жотасының баурайында Бэр және Вебер өзендері бастау алады, олар өз суларын Үлкен Тұзды көлге құяды. Жотаның оңтүстік жағында Прово өзені басталып, ол Юта көліне құяды, ол Үлкен Тұзды көлмен Джордан өзені арқылы жалғанады. Жотаның ауданында көптеген шағын көлдер орналасқан. Юинта тау жоталарының басым бөлігі кем дегенде жылына 1000 мм жауын-шашын алады. Ең жоғары шыңдары, шілде айының соңынан қыркүйектің басына дейін кезеңді қоспағанда жылдың көп бөлігін қармен жауып жатады.
Барлық жотасы Уосатч-Каче (солтүстік және батыс) және Ашлей (оңтүстік және шығыс) ұлттық ормандары аумағы шегінде орналасқан. Жотаның ауданындағы ормандарда мұндай ағаш түрлері: кең-қылқан жапырақты иірілген қарағай, субальпілік майқарағай, Энгельмана шыршасы, псевдотсуга және американдық көктерек өседі.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Таулар Юниттің. Ақпараттық жүйе географиялық атаулардың (АҚШ), АҚШ-тың Геологиялық қызметі. Басты дереккөзінен мұрағатталған 5 желтоқсан 2012.Үлгі:Cite gnis
* Peakware.com Мұрағатталған 27 қыркүйектің 2016 жылы. |
Аққайтым — Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы ауыл, Жаңақоныс ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шалқар қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 43 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 721 адам (366 ер адам және 355 әйел адам) болса, 2009 жылы 620 адамды (324 ер адам және 296 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қызылсу ауылдық округі — Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Сарысай, Қызылсу ауылдары кіреді. Орталығы – Сарысай ауылы.
## Тарихы
1997 жылы Сарысай ауылдық округі (орталығы Сарысай а.) таратылып, Қызылсу ауылдық округіне (орталығы Қызылсу а.) қосылды. Кейін округ орталығы Сарысай ауылына көшірілді. 2012 жылы округ құрамында болған Еңбекшіқазақ ауылы таратылды.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 944 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Жадыра Есенқызы Таспамбетова (30.03.1953, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Иіркөл ауылдық округі, Ақтоған ауылы - 2010) - механизатор, Социалистік Еңбек Ері (1982).
## Өмірбаяны
Еңбек жолын «Қызылту» ұжымшарында трактор, комбайн айдаудан бастады. Егіс басында байқаусызда комбайн бункерінің шнегіне аяғы ілініп, мүгедек болып қалды. Ауруханадан шыққан соң протез салынған аяғымен қайтадан трактор руліне отырды.
1978 жылдан бастап жүгері звеносын басқарды. Өздері жер айдайды, тегістейді, егеді, жинайды. Ол тағы жүгері комбайнын жүргізді. Жолдасы өмір бақи бульдозерист болып жұмыс істеді. Ж.Таспамбетова құрған жүгері звеносында 13 адам бар еді. Бұл құрған жүгері звеносы 150 га жерге югославиялық «ВИР-156» сортты жүгері егумен айналысты.
Жадыра Таспамбетова «Қызылту» және «Телікөл» кеңшарларында еңбек еткен жылдары үнемі алғы шепте болды.
Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды.
Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты болды. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. 2001 жылы Астана қаласында Тәуелсіздіктің 10 жылдығы мерекесіне қатысып, Президентіміз Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы» медалімен наградталды. 2007 жылы «Астананың 10 жылдығы» мерекесіне қатысып, «Астана-10» медалімен наградталды. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін оған «Шиелі ауданының құрметті азаматы» атағы берілді. 2009 жылы «Қызылорда облысына - 70 жыл» медалімен марапатталды.
Ол туралы М. Күлімбетов «Жүрегінің жолдамасы» атты кітабын жазды, белгілі ақын Х.Ерғалиев «Қыз-қисса» дастанын жазса, ақындар Д.Байдрахманұлы мен Қ.Уәлішер де поэмаларын Жадыра Таспамбетоваға арнады.
Жадыраның жазған күнделігі бойынша Мұрат Күлімбетовтың редакторлық етуімен «Жүрегімнің жолдамасы» кітабы жарыққа шықты.
## Сыртық сілтемелер
* ТАСПАМБЕТОВА ЖАДЫРА
* 67 ТАСПАМБЕТОВА ЖАДЫРА |
Өтелмеген парыз — 1983 жылы Төлен Әбдіковтың "Ер Сейіт пен қыз Бәтес" прозасының желісімен түсірілген "Қазақфильм" туындысы. Режиссер Серік Жармұхаммедовтың фильмі. Сценариін жазған: Сымағұл Елубаев.
## Мазмұны
Жалғызы Сұлтан көлік оқиғасынан қайтыс болғаннан кейін кіндігін жалғастыратын ұрпағы қалмаған Қожабек қария өмірден баз кешіп, жан күйзелісіне ұшырайды. Алайда қаладан келген өсек-аян Сұлтанның некесіз бір ұлы барын жеткізеді. Жалғызының бойына бала кезден адамгершілік, адалдық сынды қағидаларды сіңіріп өсірген ақсақал үшін бұл жаңалық төбесінен жай түскендей болды. Шаңырақтың отын тұтатар немере бар екенін және ұлының өнегесіздік танытып балалы әйелді тастап кеткенін ойлаған ол не қуанарын, не Сұлтанға лағынет айтарын білмей, мәселенің ақ-қарасын ажырату үшін қалаға баруды ұйғарады.
Алып шахарда Қожабек қарияны өзі білмеген тосын әңгімелер күтіп тұрған еді. Нұрлан ақсақалды бір кезде Сұлтанның сүйіктісі болған қыз — Саяның үйіне ертіп барады. Немересі бар екенін білген ақсақал сол сәбидің алдында Сұлтанның өтей алмай кеткен парызын өз мойнына алмақ болады, бірақ Саяның анасы ақсақалды немересіне жолатпайды. Солайша ақсақалдың әрекеті сәтсіз аяқталады.
## Рөлдерде
Әнуар Молдабеков — ҚожабекДосхан Жолжақсынов — НұрланӘсия Мұратбаева — БануЖамбыл Құдайбергенов — СұлтанГүлнара Досматова — СаяМеруерт Өтекешова — Саяның анасыНағима Есқалиева — РаушанКүләй Мұратәлиева — Айша
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Тамашалау Мұрағатталған 30 қаңтардың 2018 жылы. |
Жадыра Есенқызы Таспамбетова (30.03.1953, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Иіркөл ауылдық округі, Ақтоған ауылы - 2010) - механизатор, Социалистік Еңбек Ері (1982).
## Өмірбаяны
Еңбек жолын «Қызылту» ұжымшарында трактор, комбайн айдаудан бастады. Егіс басында байқаусызда комбайн бункерінің шнегіне аяғы ілініп, мүгедек болып қалды. Ауруханадан шыққан соң протез салынған аяғымен қайтадан трактор руліне отырды.
1978 жылдан бастап жүгері звеносын басқарды. Өздері жер айдайды, тегістейді, егеді, жинайды. Ол тағы жүгері комбайнын жүргізді. Жолдасы өмір бақи бульдозерист болып жұмыс істеді. Ж.Таспамбетова құрған жүгері звеносында 13 адам бар еді. Бұл құрған жүгері звеносы 150 га жерге югославиялық «ВИР-156» сортты жүгері егумен айналысты.
Жадыра Таспамбетова «Қызылту» және «Телікөл» кеңшарларында еңбек еткен жылдары үнемі алғы шепте болды.
Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды.
Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты болды. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. 2001 жылы Астана қаласында Тәуелсіздіктің 10 жылдығы мерекесіне қатысып, Президентіміз Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы» медалімен наградталды. 2007 жылы «Астананың 10 жылдығы» мерекесіне қатысып, «Астана-10» медалімен наградталды. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін оған «Шиелі ауданының құрметті азаматы» атағы берілді. 2009 жылы «Қызылорда облысына - 70 жыл» медалімен марапатталды.
Ол туралы М. Күлімбетов «Жүрегінің жолдамасы» атты кітабын жазды, белгілі ақын Х.Ерғалиев «Қыз-қисса» дастанын жазса, ақындар Д.Байдрахманұлы мен Қ.Уәлішер де поэмаларын Жадыра Таспамбетоваға арнады.
Жадыраның жазған күнделігі бойынша Мұрат Күлімбетовтың редакторлық етуімен «Жүрегімнің жолдамасы» кітабы жарыққа шықты.
## Сыртық сілтемелер
* ТАСПАМБЕТОВА ЖАДЫРА
* 67 ТАСПАМБЕТОВА ЖАДЫРА |
Әбеулов Мұқатай- 1917 жылы Семей қаласы Шұбартау ауданы Сарықамыс ауылында дүниеге келген. 1941 жылдан майданда болған. 152- гвардиялық танкіге қарсы шабуылдаушы артиллериялық полктың қару көздеушісі (4-гвардиялық кавалериялық корпус, 2-ші Украин майданы) гвардия қатарындағы жауынгер Әбеулов Венгрияны азат ету ұрысында ерекше көзге түсті. 1944 жылы 6- қазанынан 6- желтоқсаны аралығында тіке көздеу қарумен жаудың 6 танкісін, 4 броньдық транспорттерін және көптеген басқа да техникасын жойды. 1944 жылдың 16-желтоқсанында Мохора (Будапешт қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым) елді мекенінде жау танкілерін шабуылдау кезінде қаза тапты. Қайтыс болғаннан кейін 1945 жылы 28 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Батыр ұрыс болған жерде жерленген. Батырдың Отанында бюст орнатылған.
## Дереккөздер |
Асқар Тоқмағамбетов (19 қыркүйек 1905 жыл, Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы (қазіргі Сырдария ауданы), бұрынғы 18-партия съезді атындағы кеңшар – 21 тамыз 1983, Қызылорда қ.) — қазақтың ақыны, жазушысы.
## Өмірі
Дулат тайпасының Сиқым руының Қарақойлы бөлімінен шыққан. 1932 жылы Мәскеу полиграфия институтын бітірген. "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") (1927-30), "Ленин жолы" (Қызылорда, 1933—34), "Қазақ әдебиеті" (1934-35), "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") (1937-1944) газеттерінде, "Ара" журналында қызмет істеді. Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент (1935—37), Қызылорда (1944-52, 1957-62) облысаралық бөлімшелерінің жауапты хатшысы болды.
1925 жылы "Ленин суретіне" атты өлеңі тұңғыш рет "Еңбекші қазақ" (казіргі "Егемен Қазақстан") газетінде жарияланды. Алғашқы өлеңдер жинағы 1928 жылы "Еңбек жыры" деген атпен жарық көрді.
Таңдамалы шығармаларының жинақтары бірнеше рет (1932, 1933, 1945, 1953, 1957, 1962, 1965, 1975 жылдары) жарық көрді. Тоқтағамбетов ақындық жолының алғашқы кезеңінде (1925-1930) отаншылдық тақырыбына арналған шығармалар жазды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жауынгерлердің майдандағы ерліктерін, халықтар достастығы, соғыстан кейінгі жылдарда бейбіт өмір тынысын өз шығармаларына арқау етті. Тоқтағамбетов қазақ әдебиетіне елеулі үлес қосқан. Оның поэмаларын тақырыбы, түрі жағынан төрт топқа бөлуге болады: кеңшар, ауыл өмірі; елге еңбегі сіңген тарихи адамдарға арналған шығармалары; Отан қорғау, ерлік; халықтар достығы тақырыптары.
1-дәрежелі Отан соғысы, 3 рет Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған.
## Шығармашылығы
Ақын лирикасының бір саласы 1930-1940 жылдары жазылған "Біздің Сәуле", "Қош аман бол", "Бәтиманың хаты", "Күт мені", "Сүйген жарға", т.б. әнге арналған өлеңдері.
Тоқмағамбетов проза жанрында да жемісті еңбек етті. Ы.Жақаев өмірін бейнелейтін "Қыран тұғырдан ұшады", Қазан төңкерісі қарсаңындағы ауыл өмірін суреттейтін "Ақмоншақ" (О.Бодықовпен бірге) повестерін жазды. Қаратау мен Сыр өңірі қазақтары тұрмысынан жазылған "Әке мен бала" романын кейін кайта толықтырып, "Қарбаласта" (1975) деген атпен жариялады. Тоқтағамбетов — 19 ғасырда өмір сүрген қазақ ақындары туралы "Жыр күмбезі" (1975) атты тарихи романның авторы. "Күлкі-сықақ" 1929 жылдары басылды. Тоқтағамбетов "Әзірет Сұлтан", "Семафор ашық", "Екі заң" атты драмалық шығармалар, "Бәріміз де сондай болсақ" киносценариін де жазды. С. Айнидің "Құлдар" романын қазақшаға аударды (1953).
Ақынның алғашқы сатиралық өлеңдер жинағы "Күлкі-сықақ" 1929 жылдары басылды. Әнге лайықты өлеңдері де көп. Қазақ поэзиясында поэма жанрын өркендетуде үлесі көп. «Жыр күмбезі» атты тарихи романы Базар жырау, Кете Жүсіп, Шораяқтың Омары секілді жырау ақындардың өміріне арналған.
## Сілтемелер
* Мағжанға тағзым. Жас Алаш №67. Мағжан айтқан әңгiмелерден есiңiзде не қалды? Жұмабай Шаяхметов – Сталиннiң оң қолы болмақ, Сәбит Мұқанов – Голощекиннiң сол қолы болмақ, Асқар Тоқмағамбетов – Мәйкевский (Маяковский дегенi – С.Т.) болмақ көрiнедi дейтiн. Сәбит Мұқановтың түрiн бiр көрсем деушi едi. Неге олай дейтiнiн iштей ұғатынбыз Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
* Асқар Тоқмағамбетов — iKitap.kz Мұрағатталған 24 мамырдың 2015 жылы.
## Дереккөздер |
Махат Лейла Болатқызы - қазіргі қазақстандық суретші, қоғам қайраткері, галерист. 1970 жылдың 1 мамырында Балқашта туылған. Алматы театр-бейнелеу институтында, И.Е. Репин атындағы Ленинград Мемлекеттік Бейнелеу, Мүсіндеу, Архитектура Академиялық Институтында, Берлиндегі мұражай академиясында, Берлиннің Еркін университетінде білім алған. 2007 жылдан ҚР Суретшілер Одағының мүшесі . Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің “Бейнелеу және мүсіндеу” кафедрасының доценті. Бейнелеу өнері аумағындағы философия докторы. Құланшы Заманауи Өнер орталығының кураторлар кеңесінің меңгерушісі. |
Шаңырақ — 1987 жылы түсірілген "Қазақфильм" киностудиясының туындысы. Сценариін жазған — Кәрім Танбаев. Режиссері — Б. Бейсекова.
## Мазмұны
Ерлан анасымен ғана тұратын бойдақ жігіт. Әкесі өмірден өтіп кеткен. Үйлену үшін кездесіп жүрген қызы Майраға сөз салады. Майра көнгенімен, Ерланмен кектесіп жүрген Майраның нағашысы көнбей, қалыңмал сұрайды. Соңында үлкендердің ақылымен Майраны алып қашады. Бірақ келінді ауладан кіргізе бергенде нағашысы милициямен келіп, "зорлап алып қашты" деген сылтаумен қамап тастайды. Енді оған Майра да көмектеспейді, нағашысының көңілін қимай, нағашысының қолымен жазылған "зорлап алып қашты" деген арызға еріксіз қол қойып жібереді де, Ерлан жазықсыз сотталып кетеді.
Қамауда жүріп орыс қызы Иринамен танысады да, араларында сезім пайда болады. Жаза мерзімін өтеп ауылына келсе, анасы өмірден өтіп кеткен екен. Шаңырақты жаңарту мақсатымен, әкесінен қалған ескі үйді бұзады да, жаңа үй салуға кірісіп, уақытша киіз үйде тұра бастайды. Осы кезде Майра мұны үйіне іздеп келеді, араларындағы баяғы сезімді қайта жаңғыртпақ болғанымен, одан біржола көңілі қалған Ерлан ыңғай бермейді.
Кейін Иринаға үйленіп, оны киіз үйге келін қып түсіреді. Ерланнан мәңгіге айрылғанын сезген Майра өзін жарға тастап, құрбан еткен жерінен кино аяқталады.
## Рөлдерде
* Қамбар Уәлиев — Ерлан
* Нұргүл Малаева — Майра
* Надежда Евдокимова — Ирина
* Нұржұман Ықтымбаев — Ыдырыс
* А. Алексанян - Попандопуло
* Қасым Жәкібаев
* Гүлзия Белбаева
* Уайс Сұлтанғазин
## Басқа да фактілер
* Фильм "Свема" компаниясының пленкасына түсірілген. |
Сарыдүлек — Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Кішіқұм ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шалқар қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 128 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 67 адам (32 ер адам және 35 әйел адам) болса, 2009 жылы 85 адамды (46 ер адам және 39 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Алабас — Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Бершүгір ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шалқар қаласынан солтүстік-батысқа қарай 108 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 197 адам (104 ер адам және 93 әйел адам) болса, 2009 жылы 264 адамды (129 ер адам және 135 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Сарысай — Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Бершүгір ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шалқар қаласынан солтүстік-батысқа қарай 107 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрақты тұрғындары болмады, 2009 жылы тұрғындар саны 405 адамды (210 ер адам және 195 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қарабұлақ — Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Бершүгір ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шалқар қаласынан солтүстік-батысқа қарай 110 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрақты тұрғындары болмады, 2009 жылы тұрғындар саны 60 адамды (27 ер адам және 33 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ақеспе — Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Кішіқұм ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шалқар қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 108 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 96 адам (50 ер адам және 46 әйел адам) болса, 2009 жылы 43 адамды (23 ер адам және 20 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Алақозы — Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Есет Көтібарұлы ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2023 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шалқар кентінен оңтүстікке қарай 70 км жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 254 адам (131 ер адам және 123 әйел адам) болса, 2009 жылы 101 адамды (46 ер адам және 55 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Біршоғыр, Бершүгір — Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы ауыл, Бершүгір ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шалқар қаласынан солтүстік-батысқа қарай 105 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1491 адам (734 ер адам және 747 әйел адам) болса, 2009 жылы 1370 адамды (679 ер адам және 691 әйел адам) құрады.
## Ауыл суреттері
*
*
## Дереккөздер |
Кәмшат Байғазықызы Дөненбаева (1943 жылы 15 қыркүйек Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ленин совхозы - 2017 жылы 9 қараша Қостанай) — ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосқан атақты механизатор, тың игеруші, еңбек ардагері, қоғам қайраткері. Социалистік Еңбек Ері (1975). КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері (1976). Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы.
## Толығырақ
* Руы — Уақ.
* Камшат Байғазықызы 1943 жылы 15 қыркүйекте Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ленин совхозында дүниеге келген.
* Еңбек жолын Ұзынкөл элеваторында жұмыс істеуден бастаған.
* 1961 жылдан Қостанай облысы, Боровский ауданы "Харьковский" совхозында механизатор болып еңбек еткен. Қостанай облысының Меңдіқара ауданындағы "Каменьск-Уральский" кеңшарында механизаторлар дайындайтын курсты, Қостанай ауыл шаруашылык техникумын сырттай оқып бітірген.
* 1972 жылы қайырмасыз соқамен жер жыртуда әйел механизаторлар арасында өткізілген облыстық жарыста бірінші орынға, республикалық жарыста үшінші орынға, 1973 жылы Ростов облысындағы Зерноградта бүкілодақтық жарыста жүлделі орынға ие болған.
* 1973 жылы 26579 га, 1974 жылы 38158 га, 1975 жылы 37199 га жер жыртып, жылдық міндеттемелерін асыра орындаған.
* Қазақ қыздарының ауыл шаруашылық техникаларын меңгеруіне үлгі өнеге болды.
* Камшат Дөненбаеваға Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің Құрмет дипломы жөне "Москвич" автомашинасы берілді.
* СОКП XXV съезінің делегаты, IX сайланған КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты (1974).
* 1990-1993 жылдары осы кеңшарда қауіпсіздік техникасының инженері
* 1993 жылдан шаруа қожалығын басқарады.
* 1980-1985 жылдары КСРО Жоғарығы Кеңесінің Ұлттар Кеңесі төрағасының орынбасары болды.
* 2017 жылы 9 қарашада Қостанайда дүниеден озды.
## Марапаттары
* КСРО
* 1975 - Социалистік Еңбек Ері алтын жұлдызымен жоғарғы "Ленин" Орденімен марапатталған.
* 1976 - КСРОның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
* КСРОның екі мәрте жоғарғы "Ленин" ордені, "Құрмет Белгісі" ордендерімен марапатталған.
* КСРОның "Еңбек ардагері" (2 мәрте), "Тың жерлерді игергені үшін" және т.б көптеген медалдармен құрмет грамоталарымен марапатталған.
* Қазақстан
* 2001 - "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі
* 2008 - "Астанаға 10 жыл" медалі
* 2011 - "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі
* 2016 - "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі
* ҚР "Еңбек ардагері" медалі
* Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы саласының үздігі (атағы);
* Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы
* Қостанай облысының Құрметті азаматы
## Дереккөздер |
Есет Көтібарұлы ауылдық округі — Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы — Байқадам ауылы. Округ құрамында болған Алақозы ауылы 2023 жылы таратылған.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 910 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Есетата — Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Айшуақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шалқар кентінен оңтүстік-батысқа қарай 84 км жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 417 адам (219 ер адам және 198 әйел адам) болса, 2009 жылы 309 адамды (166 ер адам және 143 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Айшуақ ауылдық округі — Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Бегімбет, Есетата ауылдары кіреді. Орталығы - Бегімбет ауылы. Округ құрамында болған Қосқақ ауылы 2007 жылы таратылған.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2012 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Бегімбет — Ақтөбе облысының Шалқар ауданындағы ауыл, Айшуақ ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шалқар қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 90 км жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 2418 адам (1204 ер адам және 1214 әйел адам) болса, 2009 жылы 1703 адамды (862 ер адам және 841 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қаратал — Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Тоғыз ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019-жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шалқар қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 44 км жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 29 адам (15 ер адам және 14 әйел адам) болса, 2009 жылы 30 адамды (14 ер адам және 16 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Бозой — Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы ауыл, Бозой ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шалқар қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 187 км жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 2530 адам (1259 ер адам және 1271 әйел адам) болса, 2009 жылы 2349 адамды (1220 ер адам және 1129 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Кеңдала — Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Тоғыз ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шалқар қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 36 км жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 89 адам (40 ер адам және 49 әйел адам) болса, 2009 жылы 120 адамды (64 ер адам және 56 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Үшқурай — Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Тоғыз ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019-жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шалқар қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 49 адам (25 ер адам және 24 әйел адам) болса, 2009 жылы 47 адамды (25 ер адам және 22 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Жылан — Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Тоғыз ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шалқар қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 52 км жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 248 адам (105 ер адам және 143 әйел адам) болса, 2009 жылы 305 адамды (146 ер адам және 159 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Көпмола — Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Тоғыз ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шалқар қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 27 км жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 219 адам (116 ер адам және 103 әйел адам) болса, 2009 жылы 183 адамды (98 ер адам және 85 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Тоғыз ауылдық округі — Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Тоғыз, Жылан, Кеңдала, Көпмола, Тасбұлақ ауылдары кіреді. Орталығы - Тоғыз ауылы. Округ құрамында болған Қаратал, Қопатай, Үшқурай ауылдары 2019 жылы таратылған.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1461 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Қопатай — Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Тоғыз ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019-жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шалқар қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 17 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 51 адам (26 ер адам және 25 әйел адам) болса, 2009 жылы 60 адамды (31 ер адам және 29 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Талдықұм — Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Шалқар ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шалқар қаласынан солтүстікке қарай 43 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 361 адам (197 ер адам және 164 әйел адам) болса, 2009 жылы 224 адамды (119 ер адам және 105 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Тоғыз — Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы ауыл, Тоғыз ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шалқар қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 73 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 672 адам (328 ер адам және 344 әйел адам) болса, 2009 жылы 609 адамды (292 ер адам және 317 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Шалқар ауылдық округі — Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Жылтыр, Талдықұм ауылдары кіреді. Орталығы - Жылтыр ауылы. Округ құрамында болған Көктымақты ауылы 2007 жылы таратылған.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 922 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Шетырғыз — Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Шетырғыз ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2013 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шалқар қаласынан солтүстікке қарай 98 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 117 адам (61 ер адам және 56 әйел адам) болса, 2009 жылы 69 адамды (41 ер адам және 28 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қаратоғай — Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы ауыл, Шетырғыз ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шалқар қаласынан солтүстікке қарай 97 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 536 адам (271 ер адам және 265 әйел адам) болса, 2009 жылы 443 адамды (216 ер адам және 227 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы аты Алматы театр және кино институты) — театр және кино мамандарын даярлайтын мемлекеттік жоғары оқу орны.
1978 жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының актерлік факультетінің (консерваторияға 1953 жылы Алматы көркемсурет училищесінен келіп қосылған актерлік бөлім) негізінде Алматы театр және көркемсурет институты болып ашылған.
Институт театр, кино, көркемсурет және хореография бөлімдері бойынша он бір салада маман даярлайды. Оқу мерзімі 4 жыл. Күндізгі және ақылы сырттай бөлімдер жұмыс істейді. Құрамында 6 факультет, 23 кафедра бар. Оқу 12 мамандық және 39 арнаулы мамандық бойынша жүргізіледі. 1062 студент оқиды. 322 оқытушы сабақ береді. Олардың арасында 16 халық артисі мен халық суретшісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының 24 лауреаты, 34 халықаралық және республикалық байқаулар мен фестивальдардың лауреаттары, 23 ғылым докторы, 52 ғылым кандидаты, 30-дан астам ҚР-ның білім беру ісінің үздігі бар.
1987 жылы институтқа Т.Жүргенов есімі берілді .
2014 жылдың 26 - қыркүйегінде Елбасы өкімімен Бибігүл Нұрғалиқызы Нүсіпжанова, Т.Қ.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды.
## Ректорлар
* 1975—1985 — Г. А. Джанысбаева
* 1987—1989 — Аман Құлбаев
* 1989—1991 — Әшірбек Сығай
* 1991—1994 — Есмұхан Обаев
* 1994—2000 —У. Ш. Ибрагимов
* 2000—2008 — Тілеуғали Қышқашбаев
* 2008—2014 — Арыстанбек Мұхамедиұлы
* 2014—2018 — Бибігүл Нүсіпжанова
* 2018—2019 — Асхат Маемиров
* 2019—2021 — Ақан Әбдуәлі
* 18 маусым 2021 — 14 ақпан 2022 — Шәріпбек Әмірбеков (м.а.)
* 14 ақпан 2022 жыл — қазіргі уақыт — Азамат Сатыбалды
## Дереккөздер |
Қаңбақты — Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Бозой ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шалқар қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 151 км жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 360 адам (191 ер адам және 169 әйел адам) болса, 2009 жылы 173 адамды (92 ер адам және 81 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) — Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Университет 180 сала бойынша мамандар дайындайды. QS World University Rankings Results 2023 жылы былтырғы жылмен салыстырғанда 80 орынға құлдырап 230-шы орынға жайғасты.
2012 жылғы әлемдік үздік 390-шы университет. Сонымен қатар, 72 ірі компания жетекшілері мен кадр бөлімі мамандары арасында жүргізген сауалнама негізінде жасалған «Рейтинг.kz» зерттеу орталығы жүргізген зерттеудің қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 41,7 пайыз жинап, 5-орында тұр .
2022 жылы QS World University Rankings Results бойынша 150-ші орын алды.
2023 жылы 80 орынға құлдырап 230-шы орынға жайғасты.
## Тарихы
Қазақ ұлттық университеті өзінің негізін 1934 жылы 15 қаңтарда қалағаннан бастап Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау – көзі болды..
1937 жылы қыркүйекте төрт жылдық оқу жүйесіне негізделген тұңғыш гуманитарлық шет тілдері факультеті ашылды. Бір жылдан кейін 120 студенті және құрамында орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және француз тілі тәрізді үш кафедра бар филология факультеті (оқу мерзімі 5 жылдық) ашылды. Кейіннен шет тілдері факультеті де осы құрылымға қосылды. Университетте соғыс қарсаңы және соғыстан соңғы жылдары 23 кафедрасы бар үш жаратылыстану (биология, физика-математика, химия) және екі гуманитарлық (филология мен журналистика факультеті) факультет жұмыс істеді. Университет 1942 жылы 257 физик, химик, математик, биолог, журналист, филолог, сондай-ақ Батыс Еуропа тілдерінің мамандарын даярлап шығарды.
1954 – 1955 оқу жылы университетте 3778 студент оқыды, 386 оқытушы – профессор еңбек етті. 1970 жылы университет құрамында 16 мамандық бойынша жас кадрлар дайындайтын 10 факультет, 65 кафедра болды. 1980 жылы 89 кафедрада 869 оқытушы, оның ішінде 79 профессор мен 540 доцент, ғылым кандидаттары қызмет атқарды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанға КСРО-ның Еуропалық бөлігінен: Мәскеу, Ленинград, Киев, Минск және т.б. ғылыми орталықтардан ірі ғылыми ұжымдар мен лабораториялар көшірілді. Бұл жылдары университетте КСРО Ғылым Академиясы (КСРО ҒА) академиктері И.Мещанинов, Н.Акулов, кореспондент–мүшелер В.Догель, А.Думанский, профессорлар А.Михлин, М.Розенберг, Н.Пакуль сияқты көптеген ғалымдар еңбек ете бастады.
1930-1940 жылдары университеттің қалыптасуы кезінде М.О.Әуезов, Т.Т.Тәжібаев, М. Т. Козловский, К.П.Парсы, Б.А.Домбровский, Е.Б.Бекмаханов, С.Я.Болатов, С.А.Нейстат, Е.Ысмайылов сияқты сол кездегі маңызды ғалымдардың педагогикалық қызметі ҚазМУ-мен байланысты болды. С. Хусаинова және басқа да танымал ғалымдар мен қоғам қайраткерлері осы оқу орнында студенттерге сабақ берді.
1941 жылы Қазақ коммунистік журналистика институтының базасында филология факультетінің журналистика бөлімі құрылды. Соғыстың қиын жылдарынан кейін жаңа факультеттер ашыла бастады. 1948 жылы тарихи, геологиялық-географиялық, содан кейін экономикалық факультеттер ашылды. 1955 жылы заң институтының базасында заң факультеті ашылды, ал физика-математика факультетінен 2 Факультет-физика және математика құрылды.
1963 жылы ҚазМУ экономика факультетінің базасында "Нархоз" университеті деп аталатын "Алматы халық шаруашылығы институты"(АИНХ) құрылды.
1968 жылы университетте журналистика және философиялық-экономикалық факультеттер ұйымдастырылды.
1971 жылы университет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
1991 жылы жоғары оқу орнына Әл-Фараби есімі берілді. 1993 жылғы 9 қаңтарда ЖОО-ға мемлекеттік ұлттық жоғары оқу орны мәртебесі берілді. 1999 жылдан бастап университет "ҚАЗҰУ хабаршысы" атты журнал шығарады.
2009 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті "Таймс" университеттерінің беделді рейтингі бойынша әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарының тізіміне енді. Қатысушылардың жалпы санынан 600 үздік жоғары оқу орындарының тізіміне кірді, олардың 16000-нан. Университетте рейтингке енген кезде жақын және алыс шет елдерден 20 мыңнан астам студент оқыды.
2014 жылы "Эксперт РА" агенттігі ЖОО-ға түлектерді даярлаудың "жоғары деңгейі" дегенді білдіретін "С" рейтингтік сыныбын берді.
КазҰУ-дың қабырғасында Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Ермұхан Бекмаханұлы, Әлкей Марғұлан, Д. Сокольский тәрізді аса көрнекті ғылым мен мәдениет қайраткерлері дәріс оқыды.
### 30-жылдар
1933 жылдың 20 қазанында КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік университетін құру жөнінде арнайы қаулы қабылдады. 1934 жылдың 15 қаңтарында университеттің ресми ашылу салтанаты өтіп, 19 қаңтарда бұрынғы Верней гимназиясының ғимаратында биология және физика-математика факультетінде 54 студент оқытыла бастады.
Оқудан бос уақытта студенттер қала тұрғындары арасында саяси және мәдени жұмыстар жүргізді. 1935 жылы университет студенттерді егістік жинауға қатыстыру туралы «Қазақстан» колхозымен келісімге отырды. Олар колхозда ағарту жұмыстарын жүзеге асырды: сауатсыздықты жою мақсатында газет пен әдебиеттерді бұқара арасында дауыстап оқып, қабырға газеттерін шығарды. Кейіннен студенттер колхоз жұмысына жыл сайын қатысып отыратын болды.Университет жастары қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде қатысып отырды.
Соның ішінде студенттердің Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің сайлау кампаниясына белсенділік танытып, қатысқандарын ерекше атап өтуге болады. Үгіт жұмыстарын жүргізген ұжымның құрамына 139 студент қатысты. Олар 4 аумақта қызмет етті. Көркемөнерпаздар үйірмесінің қатысушылары тұрғындарға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырды.1937 жылы халықтық Бүкілодақтық санағын жүргізу үшін арнайы дайындалған 130 студент бөлінді.
Кезекті санақта университет 3 аумақта қызмет етті. Сондай-ақ Алматы қаласының тұрғындары арасында сауатсыздықты жою жұмыстарын кеңінен насихаттады.1939 жылы республиканың мәдени өмірінде маңызды оқиға болды. Университеттің биология, химия, физика, математика факультеттерінің ең алғаш түлектері дайындалып шығарылды. 87 жоғары білікті маман КСРО ғылым академиясының Қазақ бөлімшесіне, ғылыми және педагогикалық жұмыстары бойынша республиканың түкпір-түкпіріндегі жоғары оқу орындары мен мектептеріне жіберілді.Осылайша, ҚазМУ құрылғаннан кейін көп ұзамай қазақ жастарының арасында үздік дәстүрлер қалыптаса бастады.
### Бүгінгі жағдайы
Қазіргі кезде университет 37 мамандық бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Университетте екі мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 1000-нан астам ғылым докторы мен кандидаты, 100 академик пен елу философия докторы бар.
Университетте білім беру ісі Болон реформасына сәйкес жүргізіледі, оқытудың кредиттік жүйесі толық күшіне енген, оқу үдерісінің жапсырмасыз ашықтығы, білім алушылардың академиялық ілкімділігі, «бакалавр – магистр – PhD» түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамтамасыз етілген. Университеттің жаңа даму кезеңінде әл–Фараби атындағы ҚазҰУ–дың жаңа Академиялық саясаты іске асырылды, білім тексерудің қуатты корпоративтік Интранет жүйесі жолға қойылды.
## Халықаралық қызмет
Жыл сайын ҚазҰУ-дың 2000-нан астам студенті шетелдік ғылым және білім беру мекемелерінде тілдік тағылымдамадан, сондай-ақ ғылыми тағылымдамадан өтеді. Университет жыл сайын университеттің 600-ден астам оқытушылары мен әкімшілік қызметкерлері үшін халықаралық конференцияларға, шетелдік жоғары оқу орындары мен ұйымдардың ТМД, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Таяу Шығыс елдеріне шақырулары бойынша кездесулер ұйымдастырады.
ҚазҰУ Қазақстанның шетелдегі оң имиджін арттыруға белсенді ықпал етеді. Орталықтар, кафедралар университеттің белсенді қолдауымен шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында құрылады. Сондай-ақ, қазақ тілі курстары ұйымдастырылды, онда студенттер қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, өнерімен, өмірімен танысады, олардың арасында Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеті (Ресей) мен Адам Мицкевич университеті (Польша) бар.
ҚазҰУ. Әл-Фараби халықаралық серіктестермен бірлесе отырып, диалог алаңы бар "Ұрпақтар арқылы өтетін Жасыл көпір" сияқты бірқатар ірі халықаралық ғылыми және білім беру жобаларын жүзеге асырады. "Ұрпақтар арқылы жасыл көпір" платформасы Қазақстан Президентінің "ХХІ ғасырдағы орнықты дамудың жаһандық энергетикалық экологиялық стратегиясы" және "Жасыл" идеяларын іске асыру үшін құрылған көпір". ҚазҰУ Орталық Азия жоғары оқу орындары арасында бірінші болып RIO + 20 конференциясында платформа ұсынды: БҰҰ-ның RIO-20 орнықты даму жөніндегі декларациясына қосылды, RIO + 20 конференциясының секциясын басқарды.
2014 жылғы қаңтарда ҚазҰУ. Әл-Фарабиге БҰҰ-ның Тұрақты даму саласындағы жаһандық Академиялық ықпал ету орталығын (БҰҰ-ның Академиялық ықпалы) басқару тапсырылды. ЮНЕСКО-ның Орнықты даму жөніндегі Орталық Азия өңірлік орталығы ЮНЕСКО ұсынған UNITWIN бағдарламасына сәйкес ҚазҰУ базасында құрылды.
"Еуразиялық әртүрлілік және университеттердің орнықты дамудағы рөлі" III Азия университеттерінің форумы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде, сондай-ақ 2014 жылы Астана мен Алматыда өткен VII Астана экономикалық форумы аясында университеттің орнықты даму жөніндегі іс-шараларын ілгерілету шеңберінде өтті. ҚазҰУ "Тұрақты адам дамуының жаңа парадигмасы" тақырыбында халықаралық конференция өткізу үшін негізгі ұйым ретінде таңдалды. G — Global-дүниежүзілік өнер және ғылым академиясымен (WAAS) және Дүниежүзілік университеттер консорциумымен (WUC) бірлесіп, жетекші халықаралық ұйымдар өкілдерінің, әлемге әйгілі ғалымдардың, көрнекті қоғам қайраткерлерінің қатысуымен" Жаһандық диалог форматы".
## Ғылым және инновация
ҚазҰУ құрамында университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын ҚазҰУ ғылым және инновациялық қызмет департаменті ашылды. Ғылым және инновациялық қызмет департаменті университетте жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ), сондай-ақ жоғары білікті кадрларды даярлауды жүзеге асырады және үйлестіреді. Департамент факультеттерді, ғылыми-зерттеу институттарын (ҒЗИ), ғылыми орталықтарды (ҒО), технопаркті және т.б. қоса алғанда, университеттің барлық ғылыми-зерттеу бөлімшелерін біріктіретін бірыңғай ғылыми құрылым болып табылады. Департамент ғылыми және инновациялық қызметті Университеттің даму стратегиясы, ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің шешімдері негізінде айқындайды. әл - Фараби және ғылыми-техникалық кеңес. Департамент қызметінің мақсаты ҚазҰУ-дың ғылыми және зияткерлік әлеуетін барынша толық пайдалануға жәрдемдесу болып табылады. әл-Фараби, ҒЗТКЖ нәтижелерінің тиімділігін және оқыту сапасын арттыру, инновациялық қызметті ұйымдастыру, білім беру бағдарламаларын іске асыру және ғалымдар мен мамандардың халықаралық ынтымақтастығын нығайту үшін ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндірістік қызметті кешенді дамыту.
## Университетте жұмыс істейді
* Болон процесі бойынша студенттер бюросы
* "Сұңқар" студенттік кәсіподағы / "Сұңқар"
* Ғылыми кітапхана
* ҚазҰУ жанындағы бейіндік мектеп. әл-Фараби
* ҚазҰУ колледжі. әл-Фараби
* ҚазҰУ тарих мұражайы. әл-Фараби
* ҚазҰУ мұрағаты. әл-Фараби
* Биология мұражайы
* Археология және этнология мұражайы
* Палеолит мұражайы
* "ҚазГУ Град" КВН командасы
* "Бақыт" би ансамблі
* ҚазҰУ студенттік драма театры. әл-Фараби"БІЗ"
* ҚазҰУ Хабаршысы
* "Қазақ университеті" газеті, халықаралық бюллетень (екі тілде)
* ҚазҰУ Студенттер сенаты
* "Парасат" қызметкерлер кәсіподағы
* Түлектер қауымдастығы
* Әскери кафедра
* Біліктілікті арттыру институты
* Жұмыс берушілер Кеңесі
* Қалалық деңгейде тіркелген "Эйдос" театр клубы
* "Қазақ университеті"баспасы
* ҚазҰУ пікірсайыс клубы
* ҚазҰУ зияткерлік клубы
* "Саясаттанушы" студенттік пікірталас клубы
* Халықаралық қатынастар факультеті жанындағы "Талейран" дипломатиялық клубы
* Кіші әл-Фараби Академиясы
* Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы жанындағы әлеуметтік зерттеулер және инжиниринг орталығы
* Саясаттану кітапханасы. Т.Т.Мұстафин саясаттану және саяси технологиялар кафедрасында
## Институттары
* Мемлекет және құқық институты
* Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты (ЭТФ ҒЗИ)
* Жаңа химиялық технологиялар және материалдар ғылыми-зерттеу институты (ҒҒТМ ҒЗИ)
* Зерттеу және талдаудың физика-химиялық әдістері орталығы (ЦФХМА)
* Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты (ПББ ҒЗИ)
* Біліктілікті арттыру институты (БАИ)
* Конфуций Институты
* Ғылыми-технологиялық парк (Технопарк)
* Ашық типтегі ұлттық нанотехнологиялық зертхана (NNLOT)
## Университет қалашығы
90 га университет кешені шығысында Есентай (Весновка) өзені, батысында Ботаникалық бақ, солтүстігінде Тимирязев көшесінен оңтүстігінде Әл-Фараби даңғылына дейін орналасқан. Кешеннің құрылысы 1971 жылы басталды. Жобаны "Гипровуз" жоғары оқу орындарын жобалау институтының авторлық ұжымы әзірледі (сәулетшілер В.П.Бондаренко-жетекші, В.М.Егоров, Ю.С.Зимин, инженер Л.П.Самарцев).
Бастапқыда 2 кезектегі құрылысты жүзеге асыру жоспарланған болатын: бірінші кезек (1986 жылға дейін) гуманитарлық және жаратылыстану факультеттерінің оқу корпустарын, ректорат және ғылыми-зерттеу ғимараттарын, акт залын, жатақханаларды, спорт кешенін, емхананы, шаруашылық құрылыстарды салуды көздеді; екінші кезек (1995 жылға дейін жүзеге асырылуы жоспарланған) нақты ғылымдардың оқу корпустары, ғылыми-зерттеу институттарының, зертханалар мен кітапханалардың 2,5 млн томдық корпустары, жатақханалар және т.б.
Университет кешенінің жоспарында 4 функционалды аймақ бөлінеді — оқу-өндірістік, спорттық, тұрғын үй және шаруашылық. Бұл аймақтарды байланыстыратын негізгі өзек-эспланад. Ректораттың биік ғимараты (биіктігі 75 м) басым позицияны алады, бұл бүкіл кешеннің архитектуралық және композициялық маңыздылығын көрсетеді.
2004 жылғы жағдай бойынша университеттің Студенттер қалашығында 10 оқу ғимараты, 17 жатақхана, студенттер сарайы болды. У.Жолдасбекова, спорт кешені, "Қазақ университеті" баспасы, газет, "Сана" телерадиостудиясы.
2005 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев мақұлдаған университеттің даму жоспарына сәйкес ғылыми кітапхана ғимаратынан университет кешені құрылысының екінші кезеңі басталды.
## Университет құрылымы
Қазақ ұлттық университетінің 17 факультеті бар:
## Университет басшылары
* 1934—1940 — Олихов Фёдор Трофимұлы
* 1940—1947 — Лукьянец Иван Куприянұлы
* 1948—1953 — Төлеген Тәжібайұлы Тәжібаев
* 1953—1955 — Асқар Закарұлы Закарин
* 1955—1961 — Темірбай Байбосынұлы Дарқанбаев
* 1961—1970 — Асқар Закарұлы Закарин
* 1970—1986 — Өмірбек Арысланұлы Жолдасбеков
* 1986—1988 — Еділ Ерғожаұлы Ерғожин
* 1988—1991 — Мейірхан Мүбәрәкұлы Әбділдин
* 1991—2001 — Көпжасар Нәрібайұлы Нәрібаев
* 2001—2008 — Төлеген Әбдісағиұлы Қожамқұлов
* 2008—2010 — Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов
* 2010 – 2021 — Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов
* 2021 – жылдан бастап Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев
## Атақты түлектер
* Зейнолла Қабдолов
* Әбіш Кекілбаев
* Мұхтар Мағауин
* Дулат Исабеков
* Қадыр Мырза Әлі
* Тұманбай Молдағалиев
* Тұрсын Жұртбай
* Жүрсін Ерман
* Нұрлан Оразалин
* Олжас Сүлейменов
* Әзілхан Нұршайықов
* Рахман Алшанов
* Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбекова
* Өмірзақ Айтбайұлы Айтбаев
* Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов
* Мырзатай Жолдасбеков
* Игорь Иванович Рогов
* Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов
* Қайрат Мәми
* Тауман Төреханов
## Серіктес университеттер
* Hankuk University of Foreign Studies, Корея Республикасы
* Pusan University of Foreign Studies, Корея Республикасы
* Soongsil University, Корея Республикасы
* Ching Yun University, Тайвань
## Тағы қараңыз
* әл-Фараби
* QS Әлем Университеттері Ранкингі
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* mkm.kz Мұрағатталған 20 ақпанның 2013 жылы.
* ҚазҰУ электронды кітапханасы Мұрағатталған 17 желтоқсанның 2008 жылы.
* ҚазҰУ-дың ресми сайты Мұрағатталған 16 маусымның 2011 жылы. |
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ) — Қазақстан Республикасының ең алғашқы Жоғарғы оқу орны.
## Тарихы
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ) – 1928 жылы 1 қыркүйекте қазақ мемлекеттік университеті атты бірінші қазақ жоғары оқу орны ашылады..
Онда бір ғана педагогика факультеті болады, ол үш бөлімнен тұрды: физика-математика; жаратылыстану; лингвистика-педагогика. Үш факультетті жаңадан қалыптастыру жоспарланды: педагогика, ауыл шаруашылығы, медицина. Олар өз қызметін 1932-33 оқу жылында бастауға міндетті еді. Халыққа білім беруді қарқынды дамыту үшін қайта ашылған ЖОО жеке педагогикалық институт ретінде жетілдіру қажет болды.
Сондықтан 1930 жылы университет қазақ мемлекеттік педагогикалық институты (ҚазПИ) болып аталды, ал 1935 жылы оған ұлы Абайдың есімі берілді. ҚазПИ бұрынғы Верный әйелдер гимназиясының бір қабатты ғимаратында орналасқан. Оқуға түсушілерге арнайы 5 айлық курстар жұмыс істей бастады, сонымен қатар педагогика техникум, педогогикалық училище және жұмысшыларға арналған факультет ашылды.
Жоғарыда көрсетілген оқу орындарына көбінесе жетім балалар үйінің тәрбиеленушілері, жалшылардың және орта шаруалар мен қызметкерлердің балаларының шектеулі саны қабылданатын болған. Республиканың халық ағарту ісінің оқу орындарын аймақтық бөлу 1928 жылы өтті. Институтқа қабылдау екі бөліктен тұрды: қыркүйек және қазан айларында. Нәтижесінде 124 адам қабылданды, оның 28-і әйел адам. Студенттер құрамы көпұлтты болды. Олардың ішінде қазақтар саны 76, орыстар саны 42, басқа ұлттар өкілдерінің саны 6 болды. 75%-ға жуық студенттер шәкіртақымен қамтамасыз етілді.
Мұқтаж болғандарға жатақханадан орын берілді. Студенттердің төмен деңгейдегі дайындығына байланысты оларға жалпы ғылыми пәндер бойынша атап айтатын болсақ, орыс тілі, қазақ тілі, математика, физикадан косымша сабақтар өткізілетін болған. 1 курста 9 оқытушы сабақ берген, оның үшеуі профессор, бесеуі доцент, біреуі ассистент. Институт халық арасында ғылыми-ағарту жұмыстарын жүргізген. ҚазПИ жанында 190 тындаушысы бар жексенбілік институт қалыптасқан. Оқытушылар еңбекшілерге дәрістер оқып, ғылыми баяндамалар жасады, институттың жанында сауатсыздықты жою мақсатымен мектеп ашылды. Қала тұрғындары арасында тақырыптық кештер, пікірталастар, конференциялар және басқа да мәдени-ағарту іс-шаралары жиі өткізілетін болған.
Кәсіби мамандандырылған ғылыми-педагогикалық кадрларды жинақтау ҚазПИ-дің сол уақыттағы маңызды мәселесінің бірі болды. Бұл мәселе екі жолмен шешілді: мамандардың жартысы орталық ЖОО шақырылды, ал қалғандары жергілікті кадрлардан дайындалды. Институттың қалыптасуы мен дамуына туыс республикалардың көптеген оқу орындары, атап айтсақ, Мәскеу мен Ленинградтың ЖОО үлкен үлесін қосты. Олар өз кітапханалары және кабинеттерге арналған құралдарымен бөлісті. Сол жылдары ҚазПИ-ге жұмыс істеуге атақты ғалымдар, мысалы: әдебиеттанушы Н.Фатов, математик Б.Кругляк, физик В. Литвинов, биолог С.Логинов, эмбриолог А.Захваткин және т.б. келген. Институтта қазақ халқының көрнекті өкілдері Ораз Жандосов, Сәкен Сейфуллин, Баймен Алманов, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмүхамедов, Ілияс Қабылов, Темірбек Жүргенов және т.б. жұмыс істеді.
Соғыс жылдарына дейінгі уақыт ЖОО үшін қызметтің қалыптасуы мен дамуындағы ең маңызды кезең болды. Институт қабырғасында дайындалған мұғалімдер санынын өсуі байқалды, қадрларды дайындау сапасы жақсартылды, студент жастарды тәрбиелеу мен оқыту дэстүрі қалыптастырылды. Институт ғылыми ой орталығының бірі болып табылды. Бұл жерде қазақстан тарихының дамуы мен қазақ тілі және әдебиетінің мәселелері қарастырылды, жаратылыстану ғылымдары саласында алғашқы зерттеу жұмыстары басталды.
Институт үшін Ұлы Отан соғысы жылдары қиын жылдар болды. Соғыс жылдарының қиындығына қарамастан студенттер қайсарлықпен білім алды. Көптеген оқу пәндері бойынша ғылыми және әдістемелік оқытудың деңгейі көтерілді, оған себеп соғысқа байланысты Алматыға көшірілген КСРО-ның әртүрлі қалаларынан шақыртылған ғалымдар еді. Олардың кұрамында ақадемиктер И.Мещанинов, В.Чернышев, В.Фесенко, профессорлар А.Глаголов, М.Рубинштейн, И.Палунск, Р.Фридман және т.б. болды. Соғыс жылдары енбектегі ерліктері үшін институттын онға жуық оқытушылары, қызметкерлері, студенттері Отанның жоғары жүлдесі Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды: Мәлік Ғабдуллин, Лесбек Жолдасов, Қанаш Камзин, Рахымжан Тоқтаев, Ахмедияр Хұсайнов, Саду Шакирим.
Соғыс жылдарынан кейін Абай атындағы ҚазПИ-дің қызметінің барлық салалары сапалы өзгерістерге ұшырады, ол Қазақстанның экономика және мәдениетінің дамуы жаңа кезенінің белгілі мақсаттарына байланысты. Осыған сәйкес оқу-тәрбие қызметінің әдістері мен тұлғалары, ғылыми мәселелер және институттың құрылымы белгіленді. Профессор-оқытушылар құрамының мақсаты, тандаған мамандықтары бойынша терең ғылыми білімді меңгеру, кәсіби қасиетті және мұғалімдік мамандыққа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Мектептегі кәсіби мұғалімдерге сұраныстың өсуіне байланысты институтқа студенттерді қабылдау кеңейтілді. Егер соғыстан кейінгі 1946 жылы 1 курстың күндізгі бөліміне 362 студент қабылданса, ал 1956 жылы оның саны 567-ге өсті. Мәселені шешу үшін университет мамандарды дайындауды халықаралық стандарттарға сәйкестендірді.
Жоғары оқу орны 1993/94 оқу жылынан бастап кадрларды дайындау үшін көп деңгейлі жүйеге, сондай-ак, екі кезеңдік білім берудің "4+2" моделі бойынша өтеді. 1 кезең бакалаврлық атаққа иелік ету үшін 4 жыл дайындық, 2 кезең болашақта аспирантураға түсу мақсатымен магистр атағына ие болу 2 жыл дайындықты қажет етеді. Сонымен қатар мамандарды дайындау құрылымы қайта қаралады. Соңғы жылдары "Банк ісі", "Салық салу", "Маркетинг және сауда", "Шығыстану", "Араб тілі", "Мүсін", "Информатика және ағылшын тілі", "Биология психология", "Халықаралық туризм", "Халықаралық кұқық", "Психология" сияқты жаңа мамандықтар ашылды. Факультеттер мен кафедралар да құрылымдық өзгерістерге ұшырады.
Екі факультет құрылды: халықаралық қатынастар және қаржы-экономика. Оқу процесін қамтамасыз ету үшін жаңа мамандықтар бойынша қажетті кафедралар құрылды. Университет дамуының қысқаша тарихы: 1928 жылы 1 қыркүйек Алматы қаласында қазақ мемлекеттік университеті жұмыс істей бастады. 1930 жылы қазақ мемлекеттік университеті қазақ мемлекеттік педагогикалық институты (ҚазПИ) болып өзгертілді.
1935 жылы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына ұлы қазақ ағартушысы Абайдың есімі берілді. 1990 жылы Абай атындағы қазақ мемлекеттік педагогикалық институты Абай атындағы қазақ мемлекеттік педагогикалық университеті болып өзгертілді.1992 жылы 24 қарашасында ҚР Министрлер Кабинетінің Қаулысымен Абай атындағы ҚазМПУ Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті болып өзгертілді. 1993 жылы екі кезеңдік білім беру "4+2" моделі бойынша кадрларды дайындау үшін университет көп денгейлі жүйеге өтті.1996 жылы "ТАСИС" бағыты бойынша оқу және ғылым қызметінің халықаралық аудитін Қазақстанда сәтті жүзеге асырғандардың бірі Абай атындағы АлМУ. 1998 жылы орнатылған кесте бойынша Абай атындағы АлМУ қызметі мемлекеттік аттестациялаудан сәтті өтті.
2000 жылы тамыз айында КР Үкіметінің Қаулысымен Абай атындағы АлМУ "Абай атындағы Алматы университеті" ЖАҚ болып өзгертілді. 2001 жылы мемлекеттік аккредитациядан, 2003 жылы мемлекеттік аттестациядан сәтті өтті. 2003 жылы желтоқсан айында ҚР Үкіметінің Қаулысымен ЖАҚ "Абай атындағы Алматы университеті" Білім және ғылым министірлігінің шаруашылықты жүргізу құқығы бойынша "Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті" Республикадағы мемлекеттік кәсіпорны болып өзгертілді.
2005 жылы МС ИСО 9001:2000 сапа саласындағы халықаралық стандарттарға университеттің сапа менеджмент жүйесінің сәйкестігін (СМЖ) сыртқы сертификациялық аудит анықтайды, оған IQNet халықаралық Сертификат және "Русский Регистр" Сертификаты (тіркеу номірі RU05.334.026) 2005 жылы 10 қарашада дәлел болады. 2006 жылы ҚР БҒМ өткізген оқытудың несие жүйесі бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ эксперимент базасы болып табылады. Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ) Қазақстандағы ең ірі жоғары оқу орындарының бірі. Жоғары оқу орнында үздік білім беру жүйесі қалыптасты және жүзеге асты.
## Ректорлар тізімі
Университет ашылғалы бірнеше ректор болды, олар:
* Санжар Жапарұлы Аспандияров (медицина)
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры1928-1931 жж.
* Алманов Баймен Алманович
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры1931 - 1934 жж.(қуғын-сүргін құрбаны)
* Сакаев Ш
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1934 - 1935 жж.(қуғын-сүргін құрбаны)
* Бекжанов Шаихислам
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры1935 - 1937 жж.
* Толыбеков Серғали Еспембетұлы
(экономика)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1937 -1941 жж.1946 - 1950 жж.1963 - 1974 жж.
* Әділгереев Халел Мұхамеджанұлы
(тарих)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1941 - 1942 жж.
* Ахмеди Ысқақұлы Ысқақов
(қазақ филологиясы)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1942 - 1946 жж.
* Закарин Асқар
(математика)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1950 - 1953 жж.
* Мәлік Ғабдуллин
(қазақ филологиясы)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1953 - 1963 жж
* Жүнісбек Жұмабеков
(тарих)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1974 - 1980 жж.
* Қасымов Құлжабай Әбдіхалықұлы
(математика)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1980 - 1987 жж.
* Тоқмұхамед Сәлменұлы Садықов (тарих)
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1987 - 2008 жж.
## Проректорлар
* Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірінші проректоры Ермағанбетов Мүбарак Ермағанбетұлы
* Oқу ісі жөніндегі проректоры Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызы
* Ғылыми ісі жөніндегі проректоры Косов Владимир Николаевич
* Халықаралық байланыс ісі жөніндегі проректоры Медеуова Дана Темиртайқызы
* Тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ішпекбаев Жанатбек Ешенқожаұлы
* Экономика және өндіріс мәселелері бойынша проректоры Кулжабаев Бауржан Джамалбекович
* Аппарат жетекшісі Сманов Бақтияр Өрісбайұлы
## Факультеттері
Қазіргі таңда университет құрамындағы 8 факультет, 1 институт және әскери кафедра бойынша білім беріледі:
* Математика, физика және информатика факультеті
* Педагогика және психология факультеті
* Филология факультеті
* Жаратылыстану және география факультеті
* Өнер факультеті
* Тарих және құқық факультеті
* Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті
* Foundation факультеті
* Сорбонна-Қазақстан институты
* Әскери кафедра
## Университет кафедралары
* Мемлекеттік тіл кафедрасы
* Философия және ғылымдар әдіснамасы кафедрасы
* Педагогика кафедрасы
* Ұлттық тәрбие кафедрасы
* Академик С.Т. Садыков атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы
* Шет тілдер кафедрасы
* Әскери кафедрасы
Мамандарды дайындау 60 кафедрада 54 мамандық бойынша жүргізіледі.
Университетте күндізгі, кешкі, сырттай және қашықтан оқыту формалары бойынша 25 мыннан астам студенттер білім алуда. Сонымен қатар жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті бар (1,5 мың тындаушы). ҚазҰПУ Ұлы Еуропалық университеттер одағына косылды (Magna Charta Universitatum). Magna Charta косылу Келісімшарттың қатысушысы ғылым және білім беру саласындағы халықаралық стандарттарға жауап беретін унивеситеттердің және әлемнің алдыңғы қатарлы білім беру және ғылыми орталықтарының қатарына кіретіндігін білдіреді.
## Кітапхана
Университеттің ғылыми кітапханасы 1928 жылы ашылады. Кітапхана құрылған кезде оның қорында 40 000-ға жуық кітап болады. Оның негізін Верный гимназияның кітапханасы мен жеке коллекциядағы кітаптардан құралған. Алғаш рет кітапханада 1-ақ кітапханашы қызмет істейді. Кітапхана қазіргі таңда Республика бойынша жоғары оқу орындарының ірі ғылыми кітапханаларының біріне айналды. Дәл қазіргі таңда кітапхана - 1-категорияға ие. Кітапхана қорында 2 520 722 дана кітап бар, ал оған тағы басқа басылымдарды қоссақ, әлдеқалай арта түседі. Кітап қоры - әр түрлі ғылым салаларының әдебиеттеріне бай. Кітапхана қорында ХYIII –XX ғасырларда түрлі білім саласы бойынша жарық көрген сирек кітаптар да кездеседі. Алматы және Алматы облысының жоғарғы және орта оқу орындарының кітапханалары үшін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасы 1997 жылғы 31 қантардың ҚР білім және ғылым Министрінің №33 бұйрығы бойынша оқу-әдістемелік орталығы болып саналады. Кітапхана - Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының Ассоциация мүшесі болып саналады.
Материалдық-техникалық база. Кітапханада 56 компьютер бар. Оның барлығы қазіргі заманға сай лиценцияланған Windows XP операциялық жүйемен, офистік және вирусқа қарсы бағдарламамен қамтамасыз етілген. Офистік техникасының жалпы саны: 9 принтер, 4 сканер, 2 ксерокс. 56 компьютердің – 45-і студенттердің өз бетімен жұмыс істеуіне арналған. Қосымша электрондық ресурс залы бар. Барлық компьютерлер Интернет жүйесіне қосылған және қосымша 2 локалдық жүйесі бар. Бірінші жүйесі - кітапхана бөлімдерінің автоматтандырылған жұмыс орындарын біріктіреді, ал екіншісі - электронды ресурс залы үшін қосылған. Қазіргі таңда кітапхана автоматтандырылған «РАБИС-АБАЙ» бағдарламасы бойынша жұмыс істелінеді. Оқырмандарға қызмет көрсету тиімділігін арттыру мақсатында жаңа «ИРБИС» жобасы пайдаланады.
Күнделікті қызмет. Кітапханада оқырмандарға қызмет көрсету үшін үш абонемент, 12 оқу залы ашылған. Кітапхана бөлімшесінің оқу залында диссертация және авторефераттар қоры бар. Олармен университеттің аспиранттары, бітіруші студенттері, ізденушілері пайдаланылады. Электрондық зал ашылғанына байланысты оқырмандар электрондық баспаларды осы залда пайдаланады және де басқа оқулықтар мен оқу құралдарын осы залдан табуға болады. Кітапханада «Юрист» электрондық-құқық жүйесі бар, онда зандар, қаулылар, министрдің бұйрықтары, ережелері және тағы басқа да заңдар бар. Бұл залда оқырмандарға ерекше жағдай жасалынған. Жаңа «ИРБИС» бағдарламасы бойынша оқырманға қызмет көрсету бөлімі «кітап беру» модулімен жүзеге асырады. Кітапхана университет кафедраларымен тығыз байланыста бола отырып, тапсырыс алып, үнемі ізденісте жүреді. Әсіресе, анықтамалық-библиографиялық бөлімнің еңбектері көрініп-ақ тұрады. Олар оқу залына түскен жаңа әдебиеттерге көрме ұйымдастырады, оқырмандарға жолдама береді, әдебиеттер тізімін жаңартып отырады. Тіпті, студенттерге анықтама-библиографиялық сабақ өткізеді, және де дипломдық жұмыстың орындалуына анықтама-библиографиялық және ақпараттық басшылық жасайды. Кітапхана қызметкерлері университеттің оқу және ғылыми процесін қамтамасыз етуге қатысып қана қоймай, студенттер арасында мәдени-көпшілік жұмыстар жүргізеді. Атап айтқанда, конференциялар ұйымдастырады, факультеттермен біріге отырып ақын-жазушылар мен кездесулер ұйымдастырып, көрмелер қояды.
Бөлімшелердің құрылысы Кітапханада 7 бөлім бар:
* 1.Қызмет көрсету бөлімі
* Барлық факультеттерге арналған жалпы абонемент
* 1-ші курс студенттеріне арналған абонемент
* 1) физика-математика факультетінің оқу залы
* 2) география-экология факультетінің оқу залы
* 3) заң факультетінің оқу залы
* 4) тарих факультетінің оқу залы
* 5) психология-педагогика және филология факультеттерінің оқу залдары
* 6) көркем-сурет факультетінің оқу залы
* 7) қаржы-экономика факультетінің оқу залы
* 8) халықаралық қатынас факультетінің оқу залы
* 9) қазақ филология факультетінің оқу залы
* 10)электрондық ресурс залы
* 11) жатақханада 2 оқу залы
2)Әдебиеттерді жинақтау бөлімі 3) Әдебиеттерді ғылыми өңдеу және каталогизациялау бөлімі 4) Кітап қорын сақтау бөлімі 5) Анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық бөлімі 6) Кітапхана процесінің автоматтандыру және компьютерлендіру бөлімі 7) Жаратылыстану-география факультетіндегі филиал
Электрондық каталог Кітапханада электронды каталогта 15 мың жазбалар құрайды –кітапхана бөлімінің www.Kaznpu.kz сайте орналасқан. 1997 жылдан бастап әдебиеттер ұсынылған
## Сыртқы сілтеме
http://www.kaznpu.kz/kz/?lnk=jhj
## Дереккөздер |
Бозой ауылдық округі — Алматы облысы Жамбыл ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына кіретін жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы - Бозой ауылы.
## Дереккөздер |
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ) – Қазақстандағы жоғары оқу орындарының бірі.
1941 жылы құрылған Алматы шет тілдері институты 1993 жылдан Абылай хан атындағы Қазақ мемлекетік әлем тілдері университеті, 1998 жылы Қазақ мемлекеттік халықараралық қатынастар және әлем тілдері университеті болып өзгерді. 2001 жылдан қазіргі атымен аталады.
## Университет туралы
Университет жоғары оқу орындары мен мектептер үшін шет тілдер оқытушылары мен мұғалімдерін және халықараралық қатынастар саласының мамандарын даярлайды. Дүние жүзінің 17 тілінде дәріс жүргізіледі. Құрамында (күндізгі және сырттай, кешкі, қашықтан оқыту бөлімдерінде) 23 түрлі мамандық иесін даярлайтын 7 факультет бар. Сондай-ақ лингвистикалық колледж, халықаралық туризм менеджментінің колледж-лицейі, білім беру орталықтары, мұғалімдер біліктілігін көтеру институты, төрт ғылыми-зерттеу орталығы және ғылыми-зерттеу институты, диссертациялық кеңестер, магистратура, аспирантура жұмыс істейді. Оқу процесіне және ғылыми-зерттеу жұмыстарына 40 кафедра ұжымы, 500-ден астам оқытушылар құрамы қатысады, оның ішінде ҚР Ұлттық ғылым академиясының 3 академигі, 48 ғылыми докторы, профессор, 200-ге жуық ғылыми кандидат бар. Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде АҚШ, Франция, Германия, Ұлыбритания, Испания, Бельгия, Жапония, Корея, Түркия, Қытай, т.б. елдер елшіліктерімен тікелей байланыс орнатылған, шет елдердің 16 университетімен және білім беру орталықтарымен студенттер мен оқытушылар алмасып, жыл сайын тағылымдама өткізу ісі жолға қойылған. Білім берудің жаңа технологиясын енгізуге байланысты 30-дан астам электронды оқулықтар дайындалып, оқу ісіне пайдаланылуда. Интернет-класс пен бірнеше электронды оқу залдары ашылды, 3 компьютерлік класс, 3 оқу-ғылыми лабораториясы бар.
Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ 14 беделді Халықаралық ассоциациялардың: Университеттердің Халықаралық ассоциациясы (ЮНЕСКО), Eurasia-Pacific United ассоциациясы, Туризм бойынша үш Халықаралық ассоциацияның (ATLAS, AMFORTH, EURHODIP), франкофондық университеттердің Халықаралық ассоциациялары (AUF), Жоғары мектеп ғылымдары халықаралық академиясы, Халықаралық қатынастар мектептері (МГИМО) ОӘБ ассоциациясы, ММЛУ ассоциациясы, Еуропалық тілдік кеңесінің (ELC) ассоциациясы, ШЫҰ-ына мүше елдердің гуманитарлық университеттері консорциумының, ЕврАзЭС-ке мүше елдердің лингвистикалық университеттері консорциумының, Бельгия EUPRERA (The European Public Relations Education and Research Association) ассоциациясының, The European Association for International Education (EAITE) ассоциациясының мүшесі болып табылады.
Университеттің алты мамандығы AQAS білім беру бағдарламалары Халықаралық Агенттігі білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау жөніндегі халықаралық аккредитациясынан өтті. Халықаралық аккредитация мекеменің сипаты мен ерекшелігін, ол ұсынатын арнайы білімдердің көлемін анықтайды, университеттің дәстүрлері мен құндылықтарын бейнелейді, оның артықшылықтарын белгілейді. ҚазХҚ және ӘТУ үшін аккредитация өзін-өзі реттеу, білім беру сапасын жақсарту, жалпы халыққа түсінікті болу, халықаралық стандарттардың барлық талаптарына сәйкестік құралы болып табылады.
## Факультеттер
Келесідей факультеттер бойынша оқыту жүргізіледі:
* Менеджмент және халықаралық байланыстар факультеті
* Халықаралық қатынастар факультеті
* Аударма факультеті
* Шығыстану факультеті
* Педагогика факультеті
* Роман-герман филологиясы факультеті
* Үздіксіз және қашықтықтан білім алу факультеті
## Ректорлар
Жоғарғы оқу орнының ректоры болып әр кезеңде бұл адамдар жұмыс атқарған:
* 1941 Меликов Ханаахмед Караевич
* 1941 — 1942 Балакаев Маулен Балакаевич
* 1942 — 1943 Сулейменов Бекежан Сулейменович
* 1943 — 1947 Фисенко Варвара Федоровна
* 1947 — 1951 Кузнецов Алексей Иванович
* 1951 — 1956 Пахмурный Павел Михайлович
* 1956 — 1962 Искаков Тулеш Искакович
* 1962 — 1967 Ибраева Ажар Хакимовна
* 1967 — 1976 Жандильдин Нурымбек Жандильдинович
* 1977 — 1978 Аханов Какен Аханович
* 1979 — 1987 Амиров Ракыш Сатович
* 1987 — 1992 Ирмуханов Беймбет Бабиктеевич
* 1992 — 1999 Ахметов Адиль Курманжанович
* 1999 — қазіргі уақытта Құнанбаева Сәлима Сағиқызы
## Пайдаланған әдебиетттер
Университет сайты |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.