text
stringlengths 3
252k
|
---|
Әл-Фараби кітапханасы — Орта Азиядағы жоғары оқу орындары арасындағы ең үлкен кітап қорына ие мекеме. Бүгінгі таңда кітапхана қоры 2 миллионнан аса кітапқа жеткен. Ғылым ордасының алғашқы іргетасын елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы қалаған екен. Оның ашылу салтанаты 2013 жылдың наурыз айында өткен болатын. Кітапханамызда концерттер, көрмелер, бітірушілерді дипломмен табыстау, құттықтау би кештері т.б. ғылыми және қоғамдық маңызы бар жиналыстар өткізіліп тұрады.
Кітапханада студенттерге барлық жағдай жасалған. Мұнда абонемент және жылы оқу залдарымен қатар, конференция залдары, элекетронды бөлім жұмыс істейді. Жабдықтардың барлығы заманауи талаптарға сай келеді. Мұнда келген студент компьютер арқылы іздеген кітабының бар жоқтығын бірнеше минутта ғана тексеріп алуына болады. Іздеген кітап қолжетімді болып шығады. Өйкені, бұл — ҚазҰУ кітапханасы.
## Сілтеме
http://massaget.kz |
Мансұр Кантуреев Тасыбайұлы (9 қыркүйек 1970 жыл) - ассоциациялық профессор.
## Өмірбаяны
Білімі: Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институты – 1990-1995 жж.;
Мамандығы: гидромелиорация
Аспирантура: Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институты – 1995-1999 ж ж.;
Докторантура: Санкт-Петербург мемлекеттік политехникалық университеті, «Техология және материалдар экономикасы мен менеджменті» кафедрасы – 2003-2006 жж.
Ғылыми дәрежесі: Экономика ғылымдарының кандидаты (мамандық 08.00.05 – халық шаруашылығының экономикасы және басқару, ҚазАӨКЭжҰ ҒЗИ) – 1999 ж. Диссертация тақырыбы: "Оңтүстік Қазақстан облысы мақта шаруашылығының қызметін ұйымдастыру – экономикалық механизмін жетілдіру»
Экономика ғылымдарының докторы (мамандық 08.00.05 – халық шаруашылығының экономикасы және басқару ҚазҰАУ, Алматы қ.) - 2009 ж.
Диссертация тақырыбы: «Қазақстан агроөнеркәсіптік өндірісінің тиміділігін арттыру жолдары»
Ғылыми атағы: Ассоциациялық профессор
Біліктілігін арттыру:Семинар «Қазіргі замаңғы ЖОО басқару стратегиясы» - ҚР БҒМ, Халықаралық бизнес академиясы - 2012ж.;
Семинар: «Жоғары білімдегі заманауи басшы» - ҚР БҒМ, Қазақстандық Жоғары оқұ орындарындағы Ассоциациясы, Халықаралық көшбасшылар институты – 2015ж.;
2007, 2008 жж. ҚазҰАУ, Алматы қ. ТЕМПУС семинар-тренингке және Ташкент қ. 2014ж. ЭРАСМУС+ бағдарламасына қатысты.
Elsevier: ScienceDirect, Scopus, Thomson Reuters компанияларының семинар нәтижесінде сертификатталды.
## М.Х.Дулати атындағы ТарМУ еңбек өтілі:
Ғылыми-зерттеу секторының жетекші инженері – 1995ж.;
ҒЗЖ декан орынбасары – 1996ж.,
ОЖЖ декан орынбасары – 1998ж;
«Қаржы» кафедрасының меңгерушісі – сәуір 2000 ж.;
«Маркетинг» кафедрасының меңгерушісі – қыркүйек 2000 ж.;
ЭҚФ декан м.а. – 2002 ж.;
Докторантурада оқу жылдары - 2003-2006 жж.
ҒЗЖ проректор орынбасары – 2007 ж.;
Студенттік және әлеуметтік сұрақтар бойынша проректор орынбасары – 2008 ж.
## І. Жансүгіров атындағы ЖМУ еңбек өтілі:
ҚЭФ деканы – 2008 ж.; «Экономика» кафедрының профессоры, Ғылыми жұмыстар,инновациялық-технология және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор
## Ғылыми бағыты:
АӨК мәселелерінің дамуы, оның инфрақұрылым модернизациясы, стратегиялық даму моделі, ӘОК экспортты-бағдарлауға бағыттау, ғылым интеграциясы және АӨК (ҒЗТҚЖ), АӨК-гі инвестициялар, мемлекеттік басқару, Ғылыми еңбектерінің саны 64, оның ішінде 4 оқу құралы, 1 монография.
## Қосымша ақпарат:
«ҚР білім берудегі үздік қызметкері»
«НұрОтан» партиясының мүшесі;
Алматы облысы ҚХА ғылыми-эксперт тобының жетекші орынбасары
## Сілтемелер
* Мансұр Кантуреев Тасыбайұлының өмірбаяны Мұрағатталған 8 наурыздың 2016 жылы. |
Напеет Кучак (арм. Նահապետ Քուչակ; нақты туған және қайтыс болған күні белгісіз, болжам бойынша 1592 жылдары қайтыс болған) — XVI ғасырдағы армян ақыны. Ең алғашқы армян ақындарының бірі.
## Өмірбаяны
Ақынның өмірбаяны туралы нақты әрі толық мәліметтер осы күнге дейін табылған жоқ. XV—XVI ғасырларда шетелде Ванаға жақын Хараконис ауылында дүниеге келген. Халық арасында бірден үлкен атаққа ие болған.
Айрендер жазған. Әндер, өлең шумақтарын махаббат жайлы жазған, сонымен қатар философиялық тақырыптарға да жазған. Бірақта, оған тек 10 шығарма жатады. ХІХ ғасырдың аяқ жағына қарай армяндықтардың қасында Кучак дұрыс жазылмаған анаонимді айрендер пайда болған. Берілген жорық М.Абегянның жалғандығын 1920 жылдың өзінде әшкерелеп тастаған болатын. Бұл жағдайға қарамастан оның атынан көптеген қате айрендер шыққан.
Айрендер бұл армян тақпақтарының ежелгі нұсқасы. Олардың көп бөлігі махаббатқа арналған. Ақын айрен жазған кезде халықтың қиналып, көмекке зәру, мұқтаж болғандары жайлы айтады. Көбіне мұны философиялық тұрғыдан қарастырып, адамның тағдырына жазғаны деп есептейді. Бұл демократиялық және гуманистикалық поэзия, жан-жақты арастырылған антифеодалды ортағасырлық догматизмға шақыру еді. |
Бәйдібек — Жамбыл облысының Шу ауданындағы ауыл, Дулат ауылдық округінің орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Төле би ауылынан солтүстікке қарай 18 км-дей жерде, Шу өзенінің аңғарында орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Бірлікүстем — Жамбыл облысы Шу ауданындағы ауыл, Бірлікүстем ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Төле би ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 11 км-дей жерде, Шу өзені аңғарының шалғынды сұр топырағында бетеге, жусан, селеу, күйреуік өсетін, сексеуіл шоқтары кездесетін қуаң агроклиматтық белдемде жатыр.
## Халқы
## Сипаттамасы
Ауылда “Бірлікүстем” өндірістік кооперативі және бірнеше шаруа (фермер) қожалықтары жұмыс істейді. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Еркін Шажаұлы Дүсіпов - заң ғылымдарының докторы, профессор.
## Өмірбаяны
1985 жылы С.М. Киров ат. ҚазМУ-дың «Құқықтану» мамандығына оқуға түскен. Университет қабырғасында жүріп, болашақ оқытушының, ғалым-заңгердің бойында қандай қасиеттер болуы тиіс болса, соның бәрін меңгеруге тырысты. Зеректігімен қатарластарынан оқ бойы озық болған білімгерді университет оқытушылары сол оқу орнының азаматтық құқық кафедрасына жас маман етіп қалдырды. Оның бойындағы жауапкершілік, ұқыптылық, ізденгіштік қасиеттері айналасы екі жылдың ішінде заң факультеті деканының орынбасары лауазымына жеткізді. Оқытушылық қызметін ғылыммен ұштастыруды ойлаған Еркін Шажаұлы заң саласының қыр-сырын терең меңгеріп, шешуі қиын тұсын зерделеуге тырысты. Елімізде цивилистика құқық саласында танымал заңгер, з.ғ.д., проф. Юрий Григорьевич Басиннан тәлім алып, ҚазҰУ-ға жұмысқа қалдырылғандықтан ғылымдағы негізгі бағытын сол кісінің әсерімен қалыптастыра басталады. 2002 жылы «Жерге жеке меншік құқығының негіздері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған . ҚазМУ-дың қабырғасында жүріп тәжірибе жинақтаған жас ғалым 2002-2008 жылдар аралығында М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың заң факультетінде кафедра меңгерушісі, заң факультетінің деканы қызметтерін атқарды. Өз саласы бойынша бірқатар ғылыми мақалалар жазып, жариялады. Оның ғылыми мақалалары өзектілігімен, түйінді мәселенің шешу жолын көрсетумен, жаңашылдығымен ерекшеленіп отырды.
Тәуелсіз еліміздің білімі мен ғылымын дамытуға барынша өз үлесін қосуды алдына мақсат етіп қойды. Негізгі ғылыми зерттеулер заң ғылымдарының азаматтық, кәсіпкерлік, аграрлық және жер салаларына байланысты қалыптасып отыр. Докторлық диссертациялық зерттеуінде алғашқы болып еліміздің ауылшаруашылық жерлерін жекешелендірудің құқықтық негіздерін зерделеп, оның қажеттілігін дәлелдей білді. Диссертациялық жұмыс мемлекеттік тілде орындалған алғашқы жұмыстардың бірі болды. Негізгі мақсат – ауыл шаруашылық мақсаттарына арналған жерлердің заңнамалық базасын қалыптастырып, жер ресурстарын құқықтық қорғау тетіктерін тұжырымдау еді. Бүгінде негізгі ұсыныстары ҚР-ның Жер кодексінің нормаларында көрініс тауып, елімізде дамыған елдер секілді жоғары және қажетті деңгейде жер нарығы қалыптасып отыр.
Ғылыми жұмыстарының келесі бағыты – елімізді дамыған аграрлық аймаққа айналдыру мақсатындағы жұмыстар құрайды. Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық кәсіпкерлігін құқықтық қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты зерделеніп, экономиканың қарқынды дамуына қажетті құқықтық ұсыныстар әзірленді. Негізгі ұсыныстар – аграрлық банк құру, агролизингті қалыптастыру. Ол ұсыныстар да бүгінде өз шешімін табуда. Елімізде Аграрлық кодекс қабылдау туралы көзқарастар қалыптасып, тіпті ол Заңның жобалары да жасалып отыр.
Осындай ой жемісі оның есімінің алғаш рет елімізде жарық көрген Қазақ ұлттық энциклопедиясында құқықтану бөлімінің ғылыми кеңесшілері қатарында тұруына себеп болды. 2002 жылы ҚР-ның Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің тапсырмасымен қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми сөздіктерінің авторлар ұжымының қатарында белсенді еңбек жасаған болса, 2014 жылы ҚР-ның Мәдениет және спорт министрлігі тапсырмасымен қазақша-орысша терминологиялық сөздіктің авторлар ұжымында болды
2008 жылы І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-ға ауысып, жалпы, экономикалық және өндірістік сұрақтар жөніндегі проректор лауазымын және мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасында профессоры қызметтерін атқарады. 2009 жылы ҚазҰУ-да «Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық кәсіпкерлігін құқықтық қамтамасыз ету мәселесі» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғап, заң ғылымдарының докторы атанды.
Білгір де білікті ұстаздың, ер азаматтың еңбегі елеусіз қалған жоқ. Ол 2005 жылы «ҚР Конституциясына 10 жыл» медалімен, «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Оқулықтар жазудағы тыңғылықты еңбегі үшін А. Байтұрсынов атындағы қола медальмен марапатталған. Қырғызстан Республикасындағы Ош мемлекеттік университеті жанындағы арнайы докторлық және кандидаттық диссертация қорғау жөніндегі ғылыми кеңестің мүшесі.
ҚР Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық бағытын, партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға атсалысып, елдің қоғамдық саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды. «Нұр Отан» партиясының қызметіне белсенді қатысқаны үшін партияның ең жоғары «Ерен еңбегі» медалімен марапатталған.
2012 жылы Еліміздегі сайлау науқанына белсенді қатысқаны үшін Елбасы тарапынан Алғыс хатпен марапатталды. Алматы облысы өңірінің дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін Алматы облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.
2009 жылдан бері «Нұр Отан» Партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасының орынбасары қызметін атқарады. Талдықорған қаласы бойынша ҚР-ның Парламентінің Мәжілісіне және жергілікті мәслихаттарға депутаттар сайлау жөнінде №7 сайлау округінің төрағасы. Алматы облысы Әділет департаментінің адвокаттық және нотариус қызметтерімен айналысу үшін үміткерлерді анықтау аттестациялық комиссиясының мүшесі.
Ғылымдағы еңбектері үшін 2014 жылы «Ресейдің атақты ғалымдары» энциклопедиясына енгізілді.Екі докторанттың ғылыми жетекшісі.
2014 жылы АҚШ-тың Калифорния штатындағы дүниежүзіне белгілі Беркли университетінде кәсіби тағылымдамадан өтті.
2014 жылғы Білім және ғылым министрлігінің «Үздік оқытушы» грантының иегері.
2015 жылы Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін "Ы.Алтынсарин" төсбелгісімен марапатталды.
Еркін Шажаұлы адал жар, ардақты әке. Тынған Жақсылыққызымен жұбы жарасып, ұл мен қыз тәрбиелеп, бұл күнде 2 немере сүйіп отыр.
## Сілтемелер
* Еркін Дүсіпов Шажаұлының өмірбаяны Мұрағатталған 8 наурыздың 2016 жылы. |
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті (ҚарТУ) – Қазақстандағы жоғары білікті мамандарды дайындайтын жетекші жоғары оқу орындарының бірі.
1953 жылы құрылған, алғашында Қарағанды тау-кен институты, 1958 жылы Қарағанды политехникалық институты болды. 1996 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне айналды. Оқу процесі 12 факультетивте 57 мамандық бойынша жүргізіледі, оның 30-ы мемлекеттік тілде.
Университеттің ең маңызды ғылыми жұмыс – әрекеті 16 мамандық бойынша магистратура, 14 мамандық бойынша аспирантура, 4 мамандық бойынша доктарантура арқылы жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық мамандар даярлау болып табылады.
Университет Қазақстан өнеркәсібі үшін мамандарды жоғары сапада даярлағаны үшін өнеркәсіпке көмек беруқоғамдастығы атынан Алтын белгімен (Франция, Париж қ., 2003 ж.) және іскерлік тәжірибесінінің жоғары сапалығы үшін халықаралық қор атынан Алтын белгімен (Швейцария, Женева қ., 2005 ж.) марапатталды.
2003 жылы ҚарМТУ СМЖ-н жасау және енгізуге кірісті және де ҚР жоғары оқу орындарының арасынан бірінші рет 32 дамыған елдерде танымал IQ NET (халықаралық куәландыру желісі) және «Русский регистр» куәландырулар жүйесінің ИСО 9001:2000 халықаралық стандарты талаптарының сапа менеджменті жүйесіне сайлығы негізінде куәландыратын тыңдаудан табысты етті.
ҚарМТУ ішінде дәрісханалар, арнаулы жұмыс бөлмелері мен зертханалар, INTERNET жүйесіне қосылған 45 компьютер сыныптары бар, қазіргі заманға сай бағдарламалар, құрылғылармен қамтамасыз етілген ақпараттық есептеу орталығы жалпы көлемі 72,2 мың шаршы метрді құрайтын 7 оқу ғимаратында орын тепкен. Жақсы жабдықталған жатақханасы мен асханасы бар. ҚарМТУ-да 1,6 млн. дана кітапқоры бар. Республикадағы ең үлкен кітапханалардың біріне ие.
Университеттің әскери кафедрасы – Қарағандағы 4 әскери мамандық бойынша запастағы офицерлер дайындайтын бірден-бір кафедра. Түлектер офицер атағын алғаннан кейін ҰҚК, ІІМ органдарында, кеден қызметі бөлімшелерінде, төтенше жағдайлар жөніндегі министірлікте және т.б.жерлерде жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Университеттің спорт кешені Қарағанды қаласындағы ең үлкен кешендердің бірі. 7 арнаулы залдар мен шағын стадиондардан құралған. Қарқаралы қаласындағы ұлттық паркте оқытушылар, қызметкерлер және студенттер үшін демалыс орындары, сонымен бірге тау-кен, геология, экология және геофизика мамандықтарын үйренуші студенттердің тәжірибе базасы орналасқан.
ҚарМТУ жоғары мектеп халықаралық ғылым академиясының ұжымдық мүшесі (ХҒА, ЖМ) автоматтандырылған анализ саласында инженер-аналитиктер халықаралық Ассоциациясының NAF EMS Ұлыбритания), Геотехниқалық ассоциация мүшесі болып саналады. ҚарМТУ Қазақстан жоғары оқу орындарының Ассоциациясын Орта Азия, Орал мен Сібірдің техникалық оқу орындарының ұйымдастырушысы болып табылады. Оның құрамына 15 техникалық жоғары оқу орындары кіреді.
Қазақстандағы ANSYS (АҚШ) және CADFEM(Германия) автоматтандырылған анализқұралын өңдейтін мамандандырылған фирмалардың ресми өкілі болып табылады.
Университет базасында ҚР Инженерлік Академиясының Қарағандыдағы бөлімі, ҚР жаратылыстану ғылымының Академиясы, Халықаралық информатизациялау академиясының Орталық Қазақстандағы бөлімі, Қазақстан дәнекерлеушілері Ассоциациялары құрылған.
ҚарМТУ келесі білім беру Құрылымынқұрайды:
Жоғарғы оқу орнына дейінгі – «Байт» балалардың компьютерлік мектебі, техникалық лицей, ақпараттық технология мен бизнес колледжі; орта мектепті, лицейді, колледжі, гимназияны бітірушілер үшін дайындық факультеті; 11 сынып оқушыларына арналған бастауыш инженерлер мектебі және дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебі бар.
Жоғары оқу орнында дайындық жұмыстары 9 басты факультеттерде (тау-кен, электромеханика, геоэкологиялық, машина жасау, инженерлік-құрылыс, ақпараттық технология, кәсіпкерлік және басқару, экономика және менеджмент, жол-көлік) жүргізіледі.
Жоғары оқу орнынан кейін актуальды білім беру және біліктілікті көтеру факультеттерінде жоғары білімді мамандарды даярлау және қайта даярлаудықамтиды.
## Дереккөздер |
Алекпер Тагиев (әз. Ələkbər TağıyevƏləkbər Tağıyev; 1924, Гәнжә — 1981, Баку) — әзербайжан композиторы, атақты әзербайжан әндерінің авторы.
## Өмірбаяны
1924 жылы Гянджеде көпбалалы, азқамтылған отбасыда дүниеге келген. 14 жасының өзінде жағдайының өте төмен болуына байланысты оған сот істерінде хатышылық қызмет атқаруға тура келген. осы жастайынан атқарған еңбектерінің нәтижесінде Ортакеңестік заңгерлік сырттай оқыту универстиетіне түсті. Гейчайда тергеуші болып қызмет атқарды. баку қаласындағы тергеу істері бойынша басқарушы болғанға дейін, прокуратура істерінде 30 жыл бойы қызмет атқарды.
## Шығармашылығы
Алекперді жастайынан айналасындағы жандар оның бойындағы музыкалық қасиетінің ерекше екендігін байқаған. Бірақ жас бала тағдырынң жазуымен заңгерлік істерге жастайынан кірісіп кетті. Бірақ, кәсіби түрде музыкалық білім алмауы, оның 1958 жылы өзінің алғашқы «Гоншу гызы» әнін жазуына және оның Зейнаб Ханларованың орындауында әзербайжан мемлекеттік телеарнасына шығуына кедергі келтірмеді.Акиф Бакиханов деген музыкант Алекпер Тагиевтің композитырлық шеберлігімен белгілі болуына үлкен көмек қолын созған болатын. Алекпер Тагиев шамамен 2000 өлең жазған, олардың көп бөлігі оларды тыңдауға тыйым салған ұлының қолында. Ал 200- ден астамы жарыққа шығып, халықтың құлағында жүр. Оның туындыларының ішінде атақты болып кеткендері мыналар: «Арзу гызым» , «Сене гурбан», «Истейирем герям сяни», «Сян Мушвигин йанында», «Сян гялмяз олдун». Оның әндері әзербайжандағы атақты әншілердің орындауында болды. Ол әншілер: Рашид Бейбутов, Шовкет Алекперова, Сара Гадимова, Рубаба Мурадова, Зейнаб Ханларова, Ислам Рзаев, Флора Керимова, Ниса Гасымова, Мамедбагир Багирзаде, Фаик Агаев. Музыкалық білімінің болмауына байланысты, қанша жерден атақты болса да, Алекпер Тагиев Әзербайжан композиторлары Союзының қатарына ілікпеді.
## Примечания |
Төртқалқан жуантамыр, төртқалқан риндера (лат. Rindera tetraspis) – айлауыктар тұқымдасына жататын жуантамыр түрі.
Қазақстанда таралған алты түрдің ішіндегі ең танымалы және көп тарағаны.Республиканың барлық территориясында далалы және шөлді зоналарда кездеседі,тек тауларда,орманды дала және оңтүстік шөлде кездеспейді.Далаға,тасты беткейге,тау қорымдарына тән өсімдік.Шөптесін көпжылдық,шашақбасты бірнеше жапырақтары бар және тік,биіктігі 40 сантиметр сабақты.Түбіндегі жапырағы көкшіл сұр-жасылдау,ұзын сағақты және созыңқы,кейде жиегі бұйраланып кетеді,сабақ бойындағылары отырыңқы,үшкір.Гүлшоғыры қалқан тәрізді сыпыртқы,осы тұқымдасқа тән бұйраланған.Гүлдеу мерзімінде бұйралары қалың,жеміс беру кезеңінде ұзарып кетеді.Тостағанша ақ түсті қою түкке малынған,түбіне дейін таспа тәрізді 5 бөлікке бөлінген.Күлтесінің биіктігі 1.5 сантиметрге дейін тостағаншадан екі еседей ұзындау,кең түтікті,бес ұшталған тік жапырақшалы.Аталықтары бесеу,қысқа,түйіні төртжапырақты,гүл тәжінен азғана асыңқырап тұрған жіп тәрізді бағаналы.Гүлдің түсі сұрғыш-сия түсті немесе күлгіндеу.Гүлдеу мерзімі сәуір-мамыр.Ерте жеміс береді.Жемістері үлкен тегіс жаңғақтардың жиегі толқынданған.Пісіп жетілген соң олар төгіледі де желмен жеңіл таралады.Тамырының жер беті бөлігі және тұқымының құрамында айтарлықтай көп емес улы заттар бар.Тәжікстанда өсімдік жараны емдеуге қолданылады,басқа жерлерде жапырағын салат ретінде жейді.
## Дереккөздер |
Бөлтірік (1993 жылға дейін — Андреевка) — Жамбыл облысы Шу ауданындағы ауыл, Дулат ауылдық округі құрамында.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Төле би ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 11 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Медициналық факультетте бакалавриат, магистратура, резидентура, докторантура - білім берудің барлық деңгейдегі медициналық кадрларды дайындау бағдарламалары халықаралық стандарттарға сай және соңғы ғылыми жетістіктерге негізделіп жүзеге асады. Сонымен қатар, денсаулық сақтау және оны жақсарту мақсатында жаңа бағдарламалар дайындау, оны жүзеге асыру және ары қарай дамытумен айналысатын шағын және орта бизнес өкілдері, түрлі бағыттағы мамандар мен ұйымдарға қосымша кәсіби білім беру де қарастырылған.
Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары (ҚДСМ) мектебі - ҚазҰУ-дағы он бесінші факультет. Медициналық бағытты дамытуда Азиядағы және әлемдегі жетекші жоғары оқу орындары болып саналатын әрі Оңтүстік Кореядағы үздік үштікке кіретін Сеул университеті мен Иёнсе университеті ҚазҰУ-дың бас серіктестері. Әлем бойынша Оңтүстік Корея денсаулық сақтау саласында алдыңғы қатарда болғандықтан ҚДСМ-нің білім беру бағдарламалары осы елдің тәжірибесіне сүйеніп жасалып отыр.
Университеттер арасында жасалған халықаралық келісім негізінде корей ғалымдары медициналық кадрлар дайындау бағдарламасына белсенді атсалыспақ. 2015 жылдың желтоқсан айында ректор Ғ.Мұтановтың басшылығымен ҚазҰУ делегациясы Оңтүстік Кореяға жасаған сапарында Корей университеттерінің президенттері ниеттерін растаған болатын. Шетелдік ғалымдар денсаулық сақтау саласында инновациялық және заманауи технологияларды пайдалану және медициналық басқару жүйесіне байланысты дәрістер оқып, шеберлік сыныптарын өткізетін болады. Қазақстандық оқытушылар мен студенттер шетелдік медициналық кафедралар мен лабораториялар негізінде біліктіліктерін арттыруға, ғылыми тағылымдама мен тәжірибеден өтуге мүмкіндік алады. Халықаралық әріптестік негізінде ҚазҰУ Оңтүстік Корея университеттерінде магистратура және докторантура болашақ мамандарын оқытуды және қоғамдық денсаулық сақтаудың, медицина дамуының өзекті мәселелеріне байланысты бірлескен ғылыми зерттеу жобаларын жасауды бастап кетті.
ҚазҰУ мен корей университеттері арасындағы әріптестік Қазақстанда әлемдік жоғары стандарттарға негізделген медицина қызметкерлерін дайындаудың жаңа бағытын айқындады.Ол клиникалық және академиялық ұйымдардың бірлесіп жұмыс жасау нәтижесінде үздік халықаралық тәжірибені іске асыру арқылы ең жоғары әлемдік стандарттарға қол жеткізуге бағытталған. Қазіргі таңда ҚазҰУ негізінде медициналық- биологиялық кластері құрылуда және биомедицина саласында сұранысқа ие мамандықтар оқытылуда.
ҚазҰУ Оңтүстік Кореялық Иёнсе университетінің «Кангнам Северанс» клиникасымен бірлесе отырып университеттің диагностикалық орталығын премиум сатысына көтеру мақсатында жұмыстар атқаруда. Жоғарыда аталған шетелдік клиникада ҚазҰУ-дың 18 маманы арнайы бағдарламамен білім алды. Диагностикалық орталық Siemens, General Electric, Samsung сияқты жетекші өндірушілердің соңғы медициналық жабдықтарымен жабдықталған. «Кангнам Северанс» клиникасы жетекші мамандарының қатысуымен телемедицина технологиясын пайдалану арқылы науқастарға қашықтықтан кеңес беру мен диагноз анықтау жүйесі енгізілген. Алдағы уақытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 500 орынға шақталған медициналық клиника ашу да университет жоспарында бар екен.
## Сілтеме
http://massaget.kz |
Далақайнар — Жамбыл облысының Шу ауданындағы ауыл, Далақайнар ауылдық округінің орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Төле би ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 29 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Таугүл , сверция (лат. Swertia) – көкгүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
## Түрлері
* Swertia connata – бітіңкі таугүл
* Swertia marginata – жиекті таугүл
* Swertia obtusa – мұкыл таугүл
## Дереккөздер |
Даналық әліппесі- (груз. სიბრძნის კარავი) -1982 жылғы, грузиялық телефильм, комедия, Грузия-фильмі киностудиясында КСРО Гостелерадио тапсырысы бойынша түсірілген. Фильм 1982 жылы КСРО – да шықты.
Фильмді Отар Коберидзе түсірді. Басты рөлдерде Элгуджа Бурдули, Лия Элиава, Зураб Лаперадзе, Лаура Рекхвиашвили және Иване Сакварелидзе.
## Мазмұны
Фильмге «Қиял даналығы» кітабынан төрт нақыл алынды. Бұл кітапты Сулха́н-Са́ба Орбелиа́ни жазды.
•Қожа мен күзетші
•Соқыр мен көретін
•Біздің қажетті нан
•Көмбе
## Рөлдерде:
•Элгуджа Бурдули
•Лия Элиава
•Зураб Лаперадзе
•Лаура Рекхвиашвили
•Иване Сакварелидзе
## Түсіру тобы:
•Автор: Ираклий Гоциридзе
•Режисер: Отар Коберидзе
•Оператор: Джимшер Кристесашвили
•Композитор: Джансуг Какидзе
## Техникалық мағұлмат:
•КСРО, 1982 жыл
•Грузия фильмі, КСРО Гостелерадио
•Комедия,63 мин
•Біртума тіл: Грузия тілі
## Басқа атаулар:
* Біртума атауы: სიბრძნის კარავი
* Грузия атауы латын жазуында: Sibrdznis karavi
* Орысша атауы: Азбука мудрости
* Ағылшын атауы: The ABC of Wisdom
## Дереккөздер |
* Бобров ауылдық округі — Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы Жаңабет ауылдық округінің бұрынғы атауы.
* Бобров ауылдық округі — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Қызылбояу (лат. Galium) – рияндар тұқымдасына жататын бір, екі не көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
## Түрлері
* Galium odoratum – иісті қызылбояу немесе иісті бояушөп (Asperula odorata)
* Galium aparine – жабысқақ қызылбояу
* Galium songaricum – жоңғар қызылбояуы
* Galium tianschanium – тянь-шань қызылбояуы
* Galium turkestanicum – түркістан қызылбояуы
## Дереккөздер |
Елді мекендер:
* Байқоныс – Ақмола облысы Степногорск қалалық әкімдігіне қарасты ауыл.
* Байқоныс – Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы ауыл.
* Байқоныс – Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы ауыл.
* Байқоныс – Түркістан облысы Жетісай ауданындағы ауыл. |
Еспе — Жамбыл облысының Шу ауданы, Шоқпар ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Төле би ауылының солтүстік-шығысында 45 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
* Бостандық ауданы — Алматы қаласындағы аудан.
* Бостандық ауданы — Өзбекстанның Ташкент облысындағы аудан. |
Жайсаң — Жамбыл облысының Шу ауданындағы ауыл, Алға ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Төле би ауылынан оңтүстікке қарай 12 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Күнбағыс пістесі — біржылдық күнбағыс дәні (Helianthus annuus). Ең алдымен күнбағыс майын шығару үшін қолданылады және содан тағам пісіруге, техникалық мұқтаждықта қолданылады. Күнбағыс майын сутектендіру арқылы саломасты алады. Майды сонымен қатар лак және бояу жасау өндірісінде қолданадыБіржылдық күнбағысты іс жүзінде барлық әлем өсіреді. Әлемдегі күнбағыс дәнін шығарудағы ірі өндірушілер: Украина, Ресей және Аргентина мемлекеттерінде. Украинадағы күнбағыс өндірушілердің көлемі 2013 жылы 11,05 млн тоннаны құраған, ал Ресейде 10,53 млн тонна.
## Құрамы
100 грамм мөлшерінде қуырылмаған пістелер 130 % пайызға адамның тәулікке керекті витамин E қамтамасыз етеді. Е витаминіне күнбағыс ерекше бай, 70 % пайызға B5 витаминіне, 40 % B6 витаминіне,35 % — B3 витаминіне ,39 % — ақуызға, 44 % — жасұныққа, 115 % —фосфорға ,113 % —селенге,92 % —мысқа,35 % —мырышқа,32 % — магнийге,24 % —калииге,21 % — темірге қамтамасыз етіп отырады. Бұл тағам улкен 580 ккал, себебі жартысына дерлік құнарлы заттар майлардан тұрады.Қуырылған пістелер немесе дәндер бойында пайдалы заттар піспегенге қарағанда әлдеқайда аз. Дәннің түсі, хош иісі және жегенен кейінгі дәмі тікелей қуырылуына және тұз қосылуына байланысты.
### Әзірлеу
Күнбағысқа уақытылы күтіммен қараса өз түсімін қыркүйек айларында бере бастайды. Ол уақытта максимальды жақсы ауа райы болады. Сонда пістені сапалы әлі күйгеліктікке түспей міселе астында қалмай тез жинап ала аласыз. Егін жинау шамамен біржарым айды алады.Егістіктен алынған күнбағарды токқа жеткізеді де арнайы орындарға қояды. Ол жерлерде тек екі жақта орналасқан қабырғалы қоймалар болады және қабырғалар дұрыс ауа айналымын жүзеге асырып отырады. Токтарда барлық өнім лабараториядан өтеді, яғни ылғалдылығын, сортын, қышқылдық санына анализ жасайды. Ылғалдылығы төмен болған сайын пістелер жақсы тазарған және өз дәмін ұзаққа сақтай алады деп саналады.Қоймаларда қуыруды күткенде пістелерді қатар бойынша барлық аумаққа орналастырады. Әр қатарда ауа өтә процессі қарастырылған. Жоғарытехнологиялық конвенционды пештер пістелерді барлық жағынан ыстық ауамен өңдеуден өткізеді. Дайын өнім автоматталған қапталуға өткізеді, ол жерде пістелер қаптамаларға бөлініп салынады.
### Қолданылуы
Әдетте тағамға улкен күнбағыс дәндері қолданылады. Пістелерді қауыздан айыру керек («щёлкать», «грызть»): онда пісте ауызға салынып бөлініп, түкіріліп тасталынады, ал желінетіні ауызда қалады, шайналып, жұтылады. Көп елдерде пістелерді «стадион тағамы» деп қабылдап, стадионға кірерде жанкүйерлерге сатылады, олар матчтың барысында пісте шағып отырады. Шамадан тыс шекілдеуікті шағу тіс эмалінің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.Аз таралғаны пістені немесе дәнді салаттарға қосуға болады. Ұнтақталған дәндер Шығыс тағамдарының халва, козинак негізі ретінде жүреді.
### Өсімдік майы
Шекілдеуікті тазарті үшін арнайы дәнтазалағыш машиналар қолданылады.Сарымай заводтарында тазартылған дәннен күнбақыс майын сығып алады.Күнбағыстың қалған шроты жануарға тағам ретінде қалады.Натуральді майлар көп қанықпаған май қышқылдарына бай (шамамен 68 % линол қышқылынан тұрады)
### Сілтемелер
* Sunflower seed | Russian Federation, Ukraine | Production Quantity | 2013.
* Nutrition Facts and Analysis for Seeds, sunflower seed kernels, dry roasted, without salt Мұрағатталған 20 ақпанның 2017 жылы.
* Show Foods
* "%20Здоровое%20Питание,%20Диеты%20и%20всё%20для%20Похудения Семечки: вред и польза " Здоровое Питание, Диеты и всё для Похудения(қолжетпейтін сілтеме) |
Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі - Алматы облысындағы орта буын мамандар даярлайтын жетекші оқу орындарының бірі. Өзінің жарты ғасырға жуық тарихында оқу орны 20 мыңға жуық мамандар даярлап шығарды. Білімгерлерге 164 оқытушы дәріс оқиды. Олардың арасында ғылым кандидаттары мен танымал спорт шеберлері бар.
## Мекеме тарихы
* 1966 жылы - Бүгінгі Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі Қазақстан Коммунистік Партиясы Орталық Комитеті мен Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1966 жылғы 4 наурыздағы № 151 Қаулысымен құрылған.
Бұл Қаулыға қол қойған – қазақ елінің біртуар перзенттері, көрнекті партия және мемлекет қайраткерлері Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев және Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы Масімхан Бейсебаев. Осы қаулының негізінде 1966 жылдың 4 мамырында Қазақ ССР Жоғарғы және орта білім беру министрлігінің № 344 бұйрығымен педагогикалық училище өз жұмысын бастап, алғашқы түлектерін оқуға қабылдап, оларға 14 оқытушы дәріс берген.Училищенің бірінші директоры болып Помагалов Владимир Дмитриевич, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып Букаев Жұмахан Нүсіпұлы тағайындалған.
* 1968 жылы - Училищені «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша алғашқы 119 түлек бітіріп шыққан.
* 1970 жылы - «Музыкалық білім беру» мамандығы,
* 1979 жылы - «Дене тәрбиесі» мамандығы, «Тұрмыстық қол еңбегі» мамандығы,
* 1993 жылы - «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы,
* 1998 жылы - «Мемлекеттік тілде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы,
* 2002 жылы - «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы ашылып, училище өзінің білім беру қызметінің аясын кеңейте түсті.
* 1997-2000 жылдары - училище облыстағы ұйғыр мектептеріне бастауыш сынып мұғалімдерін даярлады.
* 1993 жылы - Қазақстан Республикасының Білім министрлігі Алқасының 5 маусымдағы № 6, Алматы облысы Әкімінің 23 маусымдағы № 6-557 шешімдерімен педагогикалық училище педагогикалық колледж болып қайта құрылса,
* 2009 жылы - Бүгінгі күн талабына сай Алматы облысы Әкімінің 2009 жылғы 7 мамырдағы № 86 Қаулысымен «Есік педагогикалық колледжі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі» болып қайта құрылды.
* 2009 жылы - Колледжде: 01111000 - "Негізгі орта білім беру", 0101000 - "Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру", 0108000 - "Музыкалық білім беру", 0510000 - "Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану" (сала бойынша), 0512000 - "Аударма ісі", 0511000 - "Туризм" (сала бойынша), 0507000 - "Қонақ үй шаруашылығында қызмет көрсетуді ұйымдастыру", 1304000 - "Есептеу техникалары мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламамен қамтамасыз ету", 0518000 - "Есеп және аудит" сияқты мамандық түрлері ашылды.
## Білім беру жүйесінің нәтижелері
Кәсіптік білім беру қызметімен айналысатын оқу орындарындағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі және басты саласы – оқу үрдісі. Бұл мектеп түлегі студент атанған алғашқы күннен бастап, қолына диплом алып, қоғам өміріне араласқанға дейінгі үш-төрт жылдың көлемінде бүкіл педагогтар ұжымының үйлескен ақыл-ой еңбегі мен кәсіптік тәжірибесінің нәтижесінде атқарылатын сан салалы, күрделі де ауқымды процесс. Негізгі міндет – оқу орны беретін мамандық түрлері бойынша білім бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету: оқу үрдісін жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, білім стандарты талаптары деңгейіндегі теориялық білімі мен практикалық машығы қалыптасқан орта буын мамандар даярлап шығаруды іске асыру.Оқу-тәрбие жұмысының басқа салалары сияқты оқу үрдісі де мемлекеттік жалпыға міндетті білім Стандарттары мен Қазақстан Республикасы Өкіметінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтік-құқықтық құжаттарының негізінде, оқу орнының перспективалық және бір оқу жылына жасалып, бекітілген оқу-тәрбие жұмысының жоспарларына сәйкес жүргізіледі.Жоспарланған жұмыстар: оқытушылардың апталық сағат жүктемесін жобалау, күнтізбелік-тақырыптық, блоктік-модельдік, үйірме секция, клуб жұмыстарының жоспарын жасау, ағымдағы және аралық аттестациялар мен қорытынды мемлекеттік емтихандардың материалдарын дайындау (емтихан билеттері, диктант, мазмұндама мәтіндері, тестік тапсырмалар т.б.), курстық жұмыстар мен диплом жобаларының тақырыптарын белгілеп, жазу, қорғау жұмыстарының ұйымдастырылуы мен орындалуын қадағалау, студенттердің шығармашылық ізденіс жұмыстарына жетекшілік ету, мемлекеттік біліктілік комиссияларының құрамында білім сапасы мен оқу бітіруші түлектердің кәсіптік дайындық деңгейін бағалау жұмыстарына ат салысу, Білім Министрлігінің, облыстық білім басқармасы мен білім саласы бойынша бақылау департаментінің, статстика мекемелерінің, басқа да құзыретті орындардың шұғыл тапсырмалары бойынша мәліметтер, ақпараттар дайындау т. б. - негізгі құрылымдық бөлімшелер болып табылатын кафедралардың қызметі арқылы жүзеге асырылады. Колледжде 11 кафедра жұмыс істейді.Оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісінің жай-күйін, оқытушылардың кәсіби даярлық деңгейі мен шығармашылық мүмкіндіктерін, оқушылардың білім сапасын анықтап, жекелеген салалар мен құрылымдар бойынша орын алған кемшіліктерді жоюға бағытталған іс-шаралар кешенін белгілеуде, оқу семестрлерінің қорытындысын шығарып, жаңа міндеттер қабылдауда колледжішілік бақылаулардың, олардың нәтижелері қаралатын педагогикалық кеңестердің рөлі ерекше.Осындай кешенді іс-шаралардың нәтижесінде оқу семестрін тек күндізгі бөлімде 1622 білімгердің 230-ы үздік, 828-і «жақсы және өте жақсы» деген бағаға аяқтап шықты.Соңғы жылдарда жаңа мамандық түрлерінің ашылуына байланысты жұмысқа жас мамандар көптеп қабылданып, оқытушылар ұжымы сандық жағынан ғана емес, сапалық жағынан да айтарлықтай өзгеріске ұшырауда. Соған қарамастан ағымдағы оқу жылының бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша үлгерім 96,1 %, сапа 61,6 %-ды құрады. Бұл осының алдындағы жылдармен салыстырғанда біршама төмен нәтиже.Оқу орнының білім беру қызметінде бір де бір сәт күн тәртібінен түсірмейтін мәселесі – оқу үлгерімі мен білім сапасы, бітіруші түлектердің кәсіптік даярлығының барынша жоғары деңгейіне қол жеткізу. Бұл ауқымды міндетті орындау оқу-әдістемелік жұмыстардың тұтастай бір кешені арқылы жүзеге асуға тиіс. Атап айтқанда, педагогтар ұжымының кәсіптік деңгейіне, оның әр мүшесінің шығармашылық мүмкіндіктері мен сабақ беру ерекшеліктеріне, сабақта қолданатын әдіс-тәсілдеріне сараптама жүргізу, оларды циклдар мен мамандықтар бойынша топтастырып, жүйелі түрде сапалық жағынан жетілдіріп отыру; білім берудің қазіргі заманғы әдіс-тәсілдері мен технологияларын зерделеп оқып үйрену, тиімді жаңа әдіс- тәсілдерді байқаудан (опровациядан) өткізіп, кезең-кезеңімен оқу үрдісіне енгізу – білім сапасын көтеріп, педогогтік қызметтің қан тамырына нәр беріп, қоректендіріп отыратын дәстүрлі шаралар болып табылады және бұл сан-салалы жұмыс оларды бір мазмұнға тоғыстырып, тұтас қарауға мүмкіндік беретін әдістемелік проблеманың аясында жүйелі жүргізілгенде өз жемісін беретіні сөзсіз.Инновация, яғни, жаңалық атаулы – адам санасын, әсіресе жастардың танып-білуге, үйренуге деген табиғи әуестігі мен құштарлығын оятып, қызықтыра тартып отыратын ерекше құбылыс болғандықтан, білім саласындағы жаңалықтар дұрыс зерделеніп, оқу үрдісіне дұрыс ұйымдастырылып енгізілген жағдайда, оқытушылардың да, білім алушылардың да ынтасы мен құлшынысын тудырып, белсенділігін арттырады. Нәтижесінде білім сапасы көтеріледі. Өз жетістіктерін көрсетіп, тәжірибе бөлісуге, мақалаларын, сабақ үлгілерін әдістемелік басылым беттерінде жариялап, оқу құралдарын жазуға, түрлі ғылыми жобаларға мен пән олимпиадаларына, сайыстарға т. б. қатысуға тілек білдірушілердің саны артады. Осы орайда, оқу орнында «Білімгерлерді өз бетімен орындайтын жұмыстарға бағыттау арқылы білім сапасын көтеру», «Оқушылардың шығармашылық жұмыстарға деген қызығушылығын арттыру арқылы білім сапасын көтеру», «Оқу үрдісіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу – сапалы білім беру кепілі», «Дамыта оқыту технологиялары: сын тұрғысынан ойлау стратегияларын сабақта қолдану жолдары» т.б. мақсаты анық жалпыколледждік әдістемелік проблемалардың оқытушылардың қызу қолдауына ие болып, олардың кәсіптік шеберлігін шыңдау және өз бетімен іздену жұмыстарында ерекше серпіліс тудырғанын атап айтуға болады.
## Колледжді басқарған директорлар тізімі
## Дереккөздер |
Алтынды — елді мекен атаулары.
* Алтынды – Ақмола облысы Бұланды ауданындағы ауыл.
* Алтынды – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы ауыл. |
Рави (хинди रावी, -пандж. ਰਾਵੀ, урду راوی) — Үндістандағы және Пәкістандағы өзен. Рави (ежелгі атауы Иравати әлде Парушни), Ведыда айтылғандай Чинаб Жеті су өзендерінің бірі. Ұзындығы - 720 км және ол Пенджабтың атын берген өзендерінің бірі болып табылады.
Рави Гималайда ағады, солтүстік-батыс бағытта Химачал-Прадеш үнді штатынды ағады. Чамба қаласына жақындаған сон оңтүстік-батыс бағытта ағады және Пәкістаның жеріне отпей тұрып, бірнеше шақырымнан сон Үнді-Пәкістан шекарасын қалыптастырады. Рави ағыстын төмен жагынна барып,Чинабқа кұйылады. Лахор Равидағы ең үлкен қала.
Рави суың қолдана отырып, екі ел Indus Waters Treatyкелісімге отырды. Үндістанын бетінде бірнешет бөгет соғылған, сол себептен Равидың астынғы жағында кейбір кезде су болмайды. Ранджит-Сагар бөгеті су қоймасын құрайды.
## Сілтемелер
* Рави туралы мәлімет Pakistan Waterways Мұрағатталған 4 қарашаның 2008 жылы. осы сайтта (ағылш.) |
Аққала — қыс мезгілінде қардан қаланатын пана.
Елді мекендер:
* Аққала – Абай облысы Ақсуат ауданындағы ауыл.
* Аққала – Атырау облысы Индер ауданындағы ауыл.
* Аққала – Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты ауыл.
* Аққала – Түркістан облысы Сайрам ауданындағы ауыл.
* Аққала – Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданындағы ауыл. |
Есбол ауылдық округі — Атырау облысы Индер ауданындағы әкімшілік бірлік. 2007 жылға дейін Кулагино ауылдық округі деп аталған. Округ аумағы - 200 472 га. Тұрғын үй саны - 967.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Есбол, Ынтымақ ауылдары кіреді. Орталығы – Есбол ауылы. Елеусін ауылы 2007 жылдан бастап Есбол ауылының құрамына енгізілген.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 4426 адамды құрайды. 2022 жылғы ақпарат бойынша округтегі халық саны 5127 адамды құрайды. Оның ішінде қазақтар - 5044, орыстар - 60, татарлар - 4, басқалары - 19.
## Дереккөздер |
## Елді мекендер
* Жарсуат — Ақмола облысы, Астрахан ауданындағы ауыл.
* Жарсуат — Атырау облысы, Индер ауданындағы ауыл.
* Жарсуат — Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданындағы ауыл.
## Көл
* Жарсуат (көл)
## Басқа мағыналар
* Жарсуат орамы (Астана)
* Жарсуат жер асты су көзі
## Тағы қараңыз
* Жарсуат ауылдық округі
## Елді мекендер
* Жарсуат — Ақмола облысы, Астрахан ауданындағы ауыл.
* Жарсуат — Атырау облысы, Индер ауданындағы ауыл.
* Жарсуат — Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданындағы ауыл.
## Көл
* Жарсуат (көл)
## Басқа мағыналар
* Жарсуат орамы (Астана)
* Жарсуат жер асты су көзі
## Тағы қараңыз
* Жарсуат ауылдық округі |
Топырақбас (лат. Prunella) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын шөп ретінде өсімдіктер туысы.
## Түрлері
* Prunella albanica Pénzes –
* Prunella cretensis Gand. –
* Prunella grandiflora (L.) Scholler –
* Prunella hyssopifolia L. –
* Prunella laciniata (L.) L –
* Prunella orientalis Bornm. –
* Prunella prunelliformis (Maxim.) Makino –
* Prunella vulgaris L. – кәдімгі топырақбас
* Prunella × bicolor Beck (P. grandiflora × P. laciniata) –
* Prunella × codinae Sennen (P. hyssopifolia × P. laciniata) –
* Prunella × gentianifolia Pau (P. hyssopifolia × P. vulgaris) –
* Prunella × intermedia Link (P. laciniata × P. vulgaris) –
* Prunella × surrecta Dumort. (P. grandiflora × P. vulgaris) –
## Дереккөздер |
Жарсуат ауылдық округі — Атырау облысы Индер ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Жарсуат, Ақтан, Кетебай, Құрылыс, Қызылжар ауылдары кіреді. Орталығы – Жарсуат ауылы.
## Тарихы
Жарсуат ауылдық округі 1920 жылы Ақтөбе, Отаркөл, Сарышығанақ, Индер тауының шығыс жағындағы тұрғындарды біріктіріп, Ақтөбеде алғашқы кеңес құрылған. 1925 жылы Томарөткел (Өтеген төбе) жеріне көшіп келген, 1931 жылы Жарсуат деп аталып, екінші ауылға орналасқан, Жарсуаттың іргесі қаланған. 1942 жылы су тасқынынан үйлер құлап, қазіргі Жарсуат ауылы орнына көшірілген. Ауылдық кеңеске 1951 жылдары бұрынғы Қызылжар ауылдық кеңесі, 1954 жылы Қазбек, Құрылыс ауылдық кеңестері қосылған.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2696 адамды құрайды.
## Дереккөздер |
Еңбекші — Жамбыл облысының Шу ауданы, Ескішу ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Төле би ауылының оңтүстік-шығысында 23 км-дей жерде, Шу өзенінің оң жағалық аңғарында орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қаратау томағашөбі (лат. Scutellarіa karatavіca) – ерінгүлділер тұқымдасы, томағашөп туысына жататын көп жылдық өсімдік.
## Ботаникалық сипаты
* Биіктігі 10 – 30 см.
* Тамырсабағы жіңішке, жан-жағына тарамдала жайылған.
* Сабағы жайылып өседі, сыртын қалың түк жапқан.
* Жапырағының ұзындығы 0,8 – 2 см, ені 0,6 – 2 см. Жапырақ тақтасы жұмыртқа пішіндес, түп жағы (сағаққа бекінген жері) жүрек тәрізді кеңейген, қалың түкті, бозғылт-жасыл түсті. Сағағы қысқа, оның ұзындығы 7 мм, өркенге қарама-қарсы орналасады.
* Гүлдері түкті, бір-бірімен өте тығыз орналасқан. Жеке гүлінің ұзындығы 1,5 см, күлтесі сары, астыңғы ерін құрайтын күлтелері ірілеу. Күлтесінің түбі бір-бірімен бірігіп түтікшеге айналған.
* Тұқымынан көбейеді. Маусымда гүлдеп маусымның аяғы, шілдеде жемістері піседі.
* Жемісі – құрғақ жаңғақша. Қаратау томағашөбі – өте сирек кездесетіндіктен эндемик өсімдік.
## Өсетін орны мен таралуы
Қаратау жотасының (Батыс Тянь-Шаньда), әсіресе, Берікқара тауының беткейлерінде ғана өсетін сиреп бара жатқан түр. Жылдан жылға таралу аймағының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
## Дереккөздер |
Самар теңізі (ағылш. Samar) — Филиппин архипелагында орналасқан үлкен теңіз. Бұлтеңіз бірнеше аралдармен шектелген. Шығыста Самар, оңтүстікте Лейте, батыста Масбате және солтүстікте Лусон аралдарымен шектелген. Самар теңізі Тынық мұхиттың теңізімен деп есептеледі. |
Еңбек — Жамбыл облысының Шу ауданындағы ауыл, Қорағаты ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Төле би ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жалқұйрық (лат. Chaiturus marrubiastrum) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын шөптесін өсімдіктер туысы мен түрі.
## Дереккөздер |
Шамиль Рифатұлы Аляутдинов – Ресей Федерациясының діни қоғам қайраткері, ағартушы теолог ғалым, Ресей Еуропалық бөлігі діни басқармасы Төрағасының дін істері жөніндегі орынбасары, Мәскеу Мемориалды мешітінің имамы. Дін тақырыбында жазылған көптеген кітаптардың авторы. Соның ішінде Құран мағыналарының орыс тіліндегі аудармасының, отбасы мен ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас мәселелеріне арналған кітаптардың авторы . Шамиль Аляутдинов танымал umma.ru және ummagazine.com интернет жобаларының авторы және жетекшісі. Соңғы уақытта тұлға дамуына арналған "Триллионер" атты жоба аясында семинарлар мен тренингтер өткізуде.
## Өмірбаяны
Шамил Рифатұлы Аляутдинов 1974 жылы Мәскеу қаласында татар отбасында дүниеге келген. Өзінен кейінгі туған інісі Эльдар Рифатұлы Аляутдинов Мәскеу Бас мешітінің имамы.
Әл-Асхар университетінде оқиды.
1991 жылдан бастап Ресейдің Еуропалық бөлігінің Мұсылмандар Діни басқармасында қызмет етеді.
1997 жылдан бері Мәскеу Мемориалды мешітінің бас имамы қызметін атқарып келеді.
2002 жылы муфтидің діни мәселелер бойынша орынбасары қызметіне тағайындалды.
20-дан астам кітаптың авторы, оның бірнешесі ағылшын тілдеріне аударылды. Ең танымал еңбегі Құран мағыналарын түсіндіруге арналған тәпсір. Ш. Аляутдинов мұсылмандарды тек мешітте ғана емес, өмірінің барлық көрінісінде Ислам құндылықтарын ұстануға шақырады. Адам өз санасын жаттықтырып, алға дамып отыруы қажет деген идеяны насихаттайды.
## Еңбектері
* «Путь к вере и совершенству»,
* «Ответы на ваши вопросы об Исламе»,
* «От темы к теме»,
* «Реальность»,
* «Ислам 624»,
* «Он и она»,
* «Он и она 2»,
* «Он и она 3»,
* «Разные мнения… Почему?»,
* «Крик души или кризис духа»,
* «Пост и закят»,
* «Мусульманская молитвенная практика»,
* «Мусульманское право 1—2»,
* «Мир души»,
* «Потусторонние миры»,
* «Все увидят Ад»,
* «Жизнь на Марсе, или Тут вам не здесь»,
* «Священный Коран. Смыслы» (4 том),
* «Дети и Ислам», «Мужчины и Ислам»,
* «Зачем мне Ислам»,
* «Женщина и Ислам»,
* «Подарок сыну. Формулы счастья. Для детей от 5 до 60»,
* «Подарок дочери. Формулы счастья. Для детей от 5 до 60»
* «Триллионер слушает»
## Қазақстанға сапары
2011 жылдың күзінде Шамиль Аляутдинов көптеген сұраулар бойынша Алматы қаласына келуді жоспарлаған еді. Аталған сапар имамның кітаптарын таныстыру мақсатында қазақстандық оқырмандар тарапынан ұйымдастырылды. Сапардың өзі Қазақстан мұсылмандары діни бақармасымен келісілген болатын. Дегенмен келуіне екі апта қалған кезде Қазақстан Республикасының Дін істері жөніндегі агенттігі бұл сапарға рұқсатын бермеді. Агенттік басшысы Лама Шариф мырза аталған шешімнің себебі имамның дін саласындағы кітаптары заң талаптарына сәйкес сараптамадан өтуі тиіс, сондықтан "уағыз өткізу қазір орынсыз" деп хабарлады. Сараптаманы өткізу уақыты 30 күн .
Осы жағдайға байланысты umma.ru сайты оқырмандардар арасында сауалнама өткізді. Төрт күн ішінде Шамиль Аляутдиновтың Қазақстанға келуін қолдап бір мың адам дауыс берді .
2012 жылдың 18-19 маусым күндері Шамиль Аляутдинов Алматы қаласында өзінің "Триллионет слушает" деп аталатын жаңа кітабының таныстырылымын жасады. Кездесу барысында қатысушыларға арналған семинар өткізілді.
Бойкот жариялануы
2022 жылы Украинадағы соғысқа байланысты Шамиль Аляутдиновтың видео пікірі жарияланды. Қазақстандық оқырмандары пікірі екіге бөлінді, бойкот жасады. Жағдайды ушықтырып алмау үшін 2022 ж желтоқсанда Қазақстанға келуден бас тартты.
https://abai.kz/post/160555
## Тағы қараңыз
* «Umma.ru»,
* «Ummagazine»,
## Сыртқы сілтемелер
* Umma.ru сайты Мұрағатталған 19 маусымның 2012 жылы.
* Ummagazine сайты
* Интервью с Шамилем Аляутдиновым в Алматы, Казахстан, 18 маусым 2012 ж(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер
<references> |
Қызыл талды тұқымдасы (лат. Cornaceae) — қос жарнақтылардың қызыл талды тәрізділер (лат. Cornales) сабының тұқымдасы. Тұқымдасты 2 сапты құрайтын 115 биологиялық түр кұрайды.
## Биологиялық сипаттамасы
Гүл формуласы: {\displaystyle \ast K_{4}\;C_{4}\;A_{4}\;G_{({\overline {4}})}}
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Cornaceae на http://delta-intkey.com Мұрағатталған 10 наурыздың 2007 жылы. |
Иісті көкемарал (лат. Ziziphora clinopodioides) – ерінгүлділер тұқымдасының көкемарал туысына жататын бір түрі.
## Биологиялық сипаттамасы
Көп жылдық шала бұта, биіктігі 8-50 см, жуан тамырлы, тік сабақты. Жапырағының ұзындығы 0,6-2,5 см, ені 0,3-1,2 см, түкті не түксіз. Гүлі сабақ ұшына топтасқан, түсі жасыл не күлгін, қос ерінді, жоғарғы ерні тұтас, төменгісі 3 айырымды, тостағаншасы цилиндр тәрізді, ұзындығы 5-7 мм. Күлтесінің ұзындығы 10-12 мм, 2 аталығы аналық мойынымен бірге күлтеден шығып тұрады. Маусым-шілдеде гүлдейді.
## Таралуы мен өсу аймағы
Көкемарал Моңғолия, Батыс Қытайда, Шығыс Сібір мен Батыс Сібірде, Қазақстанда Көкшетауда, Алтай тауларында, Жоңғар Алатауында, Кетпен жотасында, Теріскей Алатауында, Қырғыз Алатауында көбіне тау беткейлерінде өседі.
## Қолданылуы
Көкемаралдан иіс су өнеркәсібінде пайдаланатын эфир майы алынады. Гүлінен ара бал жинайды.
## Дереккөздер |
Құрма:
* Құрма (лат. Phoenix dactylifera) - пальмалар тұқымдасының Пальма туысының биологиялық түрі.
* Құрма - Эбен тұқымдасына жататын ағаш және бұта туысы. |
Кетебай:
Елді мекендер:
* Кетебай – Атырау облысы Индер ауданындағы ауыл.
* Кетебай – Түркістан облысы Жетісай ауданындағы ауыл.
Тұлғалар:
* Кетебай батыр
* Кетебай Қиынов
Басқа мағыналар:
* Кетебай күмбезі |
Араб елінің бөлігінде орналасқан.Ол 1967 жылы ашылған. Бұл перзентхана, Қызыл Жарты Ай кеңсесінің,Басма және Виктория Аугуст құрған, соның ішінде Палестинаның мекемелердің емдеу жүйесінің бөлігі болып табылады.Сол жерде 300-ге жуық төсек бар. Ол ортопедия, ашық жүрекке хирургия, педиатрия және дерматология маманданған. |
Қабылданған ережелерге сәйкес, аңғарлар атаулары өздеріне жақын орналасқан геологиялық құрылымдар-кратерлер немесе таулар құрметіне қойылған.
## Тағы қараңыз
* Айдағы кратерлердің тізімі
## Сілтемелер
* Халықаралық астрономиялық бірлестік анықтамасы
* Ай бедері атауларының номенклатуралық реті Мұрағатталған 12 желтоқсанның 2014 жылы. |
Мариин аурухана - Санкт-Петербург көне ауруханаларының бірі, мыңға жуық пациенттер үшін сыйымдылығы бар көп салалы аурухана болып табылады.
Орталық ғимараты мекен-жайы бойынша орналасқан: Санкт-Петербург, Құю, т.б., 56, аурухана ғимараты көшенің жарты бөлігін алып жатқан. |
Көктоғай ұғымы келесі атауларды білдіреді:
## Қазақстан
### Әкімшілік бірлік
* Көктоғай ауылдық округі — Атырау облысының Индер ауданындағы әкімшілік бірлік.
### Елді мекен
* Көктоғай — Ақтөбе облысы, Алға ауданындағы ауыл.
* Көктоғай — Атырау облысы, Индер ауданындағы ауыл.
## Қытай
### Әкімшілік бірлік
* Көктоғай ауданы — ҚХР, Алтай аймағындағы әкімшілік бірлік.
### Елді мекен
* Көктоғай — Көктоғай ауданындағы кент.
## Басқа мағыналар
* Көктоғай көтерілісі
## Тағы қараңыз
* Көптоғай |
Жиенбет — Жамбыл облысының Шу ауданы, Қорағаты ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Төле би ауылының солтүстік-батысында 9 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Көкжиек (2018 жылға дейін — Зверохозяйство) — Жамбыл облысы Шу ауданы, Төле би ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Төле би ауылының оңтүстігінде 1 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 168 адам (89 ер адам және 79 әйел адам) болса, 2009 жылы 287 адамды (142 ер адам және 145 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Құлақшын — Жамбыл облысының Шу ауданы, Шоқпар ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Төле би ауылының шығысында 84 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Құмөзек — Жамбыл облысы Шу ауданы, Тасөткел ауылдық округі құрамындағы темір жол айрығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Төле би ауылының оңтүстік-батысында 19 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Сауытбек (1992 жылға дейін — Жаңатұрмыс) — Жамбыл облысының Шу ауданы, Алға ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Төле би ауылының оңтүстік-батысында 10 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Саву теңізі — Тынық мұхиттың араларалық теңізі. Малай архипелагының Флорес, Сумба және Тимор аралдарының арасында орналасқан. Алаңы 35 мың км², орташа тереңдігі 1683 м, ең терең жері 3475 м. Тамызда су бетінің температурасы 26 °С, ақпанда 28 °С, түбінде 3 °С. Судың тұздылығы 34 ‰. Теңіздің ортасында Саву шұнғымасы орналасқан (тереңдігі 3000 м-ден астам).Су бетінде ағыстар көбінесе батысты болып жүр. Тамызда ағыстардың жылдамдылығы 50 см/сек. Судың түбінде терригенді тұнбалар бар. Судың көтерілуі бұрыс жартытәулікті. Олардың мөлшері 2 м. |
Фахардо:
* Фахардо — Пуэрто-Риконың муниципалитеті әрі қаласы.
* Педро Фахардо (1602—1647) — гранд, V маркиз де лос Велес, коннетабль.
* Франсиско дель Кастильо-и-Фахардо (1642—1716) — испан әскери қолбасшысы, генерал. |
Лимон нарқайсары (лат. Aloysia citrodora) – нарқайсарлар тұқымдасына жататын көп жылдық бұта тәрәздә өсімдіктер түрі.
Жапырақтары қысқа қарсы түсіп қалатын бұта. Жас өркендері эфир майының орнына жұмсалады, парфюмерияда қолданылады. Лимон нарқайсары көбінесе кесінділеп көбейтіледі.
## Дереккөздер |
Ауылдық округ — Қазақстандағы үшінші деңгейлі ауылшаруашылық жеріндегі ең кіші әкімшілік бірлік.
## Ауылдық округтердің облыстар бойынша саны
### Атаулар статистикасы
2022 жыл бойынша ӘАНК (КАТО) тізіміне сәйкес Қазақстандағы ең кең таралған ауылдық округ атаулары.
Жалғасы:
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* [1] Мұрағатталған 26 ақпанның 2014 жылы. |
Шырайгүл , петуния (лат. Petunia) – алқалар тұқымдасына жататын көп не бір жылдық шөптесін немесе бұта тәрәздә аспалы өсімдіктер туысы. Өсімдігің петуния (порт. petúnia) атауы Бразилияның тупи-гуарани тіліндегі «petun», яғни «темекі, шылым» тіркесінен шыққан. Оңтүстік Американың тропикалық аймақтарынан тарқаған шырайгүлдің табиғи түрлері Бразилия, Боливия, Аргентина және Уругвайда өседі. 35 түрі белгілі. Биіктігі 20—30 см, кейде 60—70 см келеді. Бұл өсімдіктер жылу және жарық сүйгіш өсімдіктер. Оларды балкондарда, террасаларда, горшоктарда, жол жағалауында өсіруге пайдаланады. Шырайгүл күтім талғамайды және ұзақ гүлдеп тұрады. Сондықтан Оңтүстік Америкалық шырайгүл қала гүлзарларына сән беріп тұрады. Қазақстанда үлкен, түрлі-түсті әдемі гүлшанағы бар шырайгүлді қала көшелерін, саябақтарды, үйдің ауласы мен қылтималарды безендіру мақсатында отырғызады. Будан шырайгүлі қар түскенге дейiн гүлдейдi.
## Түрлері
* Petunia altiplana Ando & Hashimoto –
* Petunia axillaris (Lam.) Britton –
* Petunia bajeensis T.Ando & Hashim. –
* Petunia bonjardinensis Ando & Hashimoto –
* Petunia exserta J.R.Stehm. in Napaea –
* Petunia guarapuavensis T.Ando & Hashim. –
* Petunia ×hybrida hort. ex Vilm. – Будан шырайгүлі
* Petunia inflata R.E.Fr. –
* Petunia integrifolia (Hook.) Schinz & Thell. –
* Petunia interior T.Ando & Hashim. –
* Petunia littoralis L.B.Sm. & Downs –
* Petunia occidentalis R.E.Fr. –
* Petunia patagonica Millán –
* Petunia reitzii L.B.Sm. & Downs –
* Petunia riograndensis T.Ando & Hashim. –
* Petunia saxicola L.B.Sm. & Downs –
* Petunia scheideana L.B.Sm. & Downs –
## Дереккөздер |
Негізгі ұғым:
* Қабанбай батыр — батыр, талантты қолбасшы.
Елді мекендер:
* Қабанбай — Абай облысы Мақаншы ауданындағы ауыл.
* Қабанбай — Абай облысы Үржар ауданындағы ауыл.
* Қабанбай — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл.
* Қабанбай — Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы ауыл.
* Қабанбай — Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы ауыл. |
Қызылжар — Түркістан облысы Ордабасы ауданы, Төрткөл ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Темірлан ауылынан солтүстік-батысқа қарай 60 км, округ орталығы – Төрткөлден солтүстікке қарай 5 км жерде, Арыс–Түркістан каналының жағасында.
## Климаты
Ауыл климаты қоңыржай континенттік. Қары аз, қысы жұмсақ. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы -5—7°С, жаз айлары 26— 28°С. Қыс айларындағы төменгі температура -30°С, жаз айларында 48°С. Қыстағы желдің басым бөлігі (45%) солтүстік-шығысқа, жазда солтүстікке (45%) келеді.
Ауыл тұсынан Қаратау жотасынан (солтүстік-шығыстан) әйгілі Арыстанды-Қарабас желі тұрады. Ол Арыстанды өзенінен бойлай оңтүстік-батысқа қарай бағытталған. Желдің күші 30—35 метр/секундқа дейін жетеді және кемінде 6—8 күн бойы қатарынан соғады. Қыста ауа температурасын тез төмендетіп жібереді (-22°С-қа дейін). Ал жазда соққан бұл жел аңызақты келеді. Нәтижесінде қуаңшылық болып, шаруашылыққа үлкен зиян келтіреді.
## Халқы
## Тарихы
Ауыл 1997 жылға дейін Қ.Спатаев атындағы кеңшардың бөлімшесі болып келді. Оның негізінде Қызылжарда жүгері, мақта, күнбағыс өсірумен және мал шаруашылығыменмен (қой, сиыр, т.б.) айналысатын 100 шақты шаруа қожалықтары құрылды.
## Шаруашылығы
Қазіргі таңда ауыл халқы көкөінс өнімдері (пияз, кортоп, қызанақ, қауын - қарбыз т.б),мал астықтары ( жүгері, жоңышқа) егіледі. Егістікке Арыс - Түркістан каналының суы пайдаланылады.Мал шаруашылығы ішінде ірі қара жəне қой өсіру қолға алынған.
## Әлеуметтік-мəдениет саласы
Ауылда алғаш мектеп 1967 жылы 8-жылдық боп ашылған. Кейін 1984 жылы орта білім беру мекемесіне айналды. Қазір оқу орнында 482 оқушы білім алады. Сондай-ақ ауылда клуб, клуб жанындағы ауыл кітапханасы жəне ауыл маңынан ашылған спортзал жұмыс жасайды. Спортзалда Бокс үйірмесі ұйымдастырылған. Ауыл орталығында орналасқан дəрігерлік емхана халыққа қызмет көрсетеді.
## Дереккөздер |
Қызылжар (2001 жылға дейін - Фабричное) — Түркістан облысы, Сайрам ауданындағы таратылған ауыл, Жаңаталап ауылдық округі құрамында болған. 2014 жылы Шымкент қаласының құрамына енген. Қазіргі уақытта Шымкент қаласының Абай ауданындағы тұрғын үй массиві.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсукент ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 40 км-дей жерде, Бадам өзенінің бойында орналасқан.
## Халқы
Тұрғыны 2788 адам (2009).
## Тарихы
1934 жылы "Жаңатұрмыс", 1950 жылы "Қызыл Октябрь" ұжымшарының, 1961 жылы жеміс-жидек кеңшарының бөлімшесі болды. Оның негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылған.
## Инфрақұрылымы
Қызылжарда орта мектеп, клуб, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
## Дереккөздер |
Жатаған нарқайсар , жайылған вербена (лат. Verbena supina) – нарқайсарлар тұқымдасына жататын көп жылдық нарқайсар түрі.
Жайылған вербена — тоғанның, арықтың, бұлақтын жағаларында шабындықта өсетін арамшөп. Барлық мүшелерінде вербеналин дейтін улы заты болғандықтан мүны көк күйінде ешбір мал жемейді. Шабылған вербена кепкен сайын оның құрамындағы уы кемиді де, шөбін жеген мал уланбайды.
## Дереккөздер |
Арамсарбас , Волош аскөгі, фенхель (лат. Foeniculum) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын балдырған гүлдес, гүлшоғыры шатырша болып келетін шөптесін өсімдік. Бұдан эфир майы алынады. Мұны кейде фенхель (қара) деп те атайды.
Фенхель — жемісі аспаздықта қолданылатын өсімдік. Жемісі жағымды хош иісімен, тәттілеу дәмімен адамның тәбетін ашады және ас қорытуды жақсартады. Фенхель жапырақтарын дәм беру үшін көжелерге, соустарға және салаттарға қосады. Ұнталған жемісін қуырылған етке себеді. Жемісінен өсімдік майын алады, оларды кондитер өнімдерін және ликер дайындауда пайдаланады.
## Түрлері
* Foeniculum capense –
* Foeniculum divaricatum –
* Foeniculum dulce –
* Foeniculum giganteum –
* Foeniculum graecum –
* Foeniculum kraussianum –
* Foeniculum luteum –
* Foeniculum multiradiatum –
* Foeniculum peucedanoides –
* Foeniculum piperitum –
* Foeniculum rigidum –
* Foeniculum salsum –
* Foeniculum scoparium –
* Foeniculum subinodorum –
* Foeniculum tortuosum –
* Foeniculum webbii –
* Foeniculum virescens –
* Foeniculum vulgare – кәдімгі арамсарбас
## Дереккөздер |
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді.
2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз "Халықаралық Наурыз күні" болып аталып келеді. Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде "Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын" мәлімдеді. Ал ЮНЕСКО болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді.
Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап).Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік секілді халықтардың арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, ал Орталық Азия елдерінде және Әзербайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.
## Шолу
Иран күнтізбесінің бірінші күні наурыздың теңелу нүктесіне, көктемнің бірінші күніне, шамамен 21 наурызға сәйкес келеді. Біздің заманымыздың XI ғасырында күнтізбелік жылдың басын, яғни Наурыз мейрамын көктемгі күн мен түннің теңесуіне бекіту үшін Иран күнтізбесі өзгертілді. Осыған сәйкес, ирандық астроном Туси берген Наурыздың анықтамасы: «Ресми Жаңа жылдың бірінші күні әрқашан күн түске дейін тоқтыға кірген күн болды». Наурыз - Фарвардин айының бірінші күні, Иран күн күнтізбесінің бірінші айы, Иранда және бұрын Ауғанстанда қолданылған ресми күнтізбе болып табылады.
Наурыз иран күнтізбесі жаңа жылды тойлау үшін біздің дәуіріміздің XI ғасырында жасалған реформадан бері тойланса, 2010 жылдың ақпаныда БҰҰ Бас Ассамблеясының 64/253 қарарын қабылдау арқылы Біріккен Ұлттар Ұйымы «Халықаралық Наурыз күнін» ресми түрде мойындады.
### Этимологиясы
Наурыз сөзі парсы тіліндегі نو now – «жаңа» деген мағынаны білдіреді – және روز ruz – «күн» деген сөздердің бірігуінен жасалған. Шығыс диалектілері [nawˈɾoːz] (дари және классикалық парсы тілдеріндегідей, алайда тәжік тілінде бұл navrūz [жазылған наврӯз]), батыс диалектілері [nowˈɾuːz] және Tehranis [noːːːz] айтылуымен айтылуы парсы диалектілері арасында өзгереді. Ағылшын тілінде новруз сөзінің әртүрлі емле нұсқалары бар, соның ішінде norooz, novruz, Novruz, Navruz, Nauruz және newroz.
### Уақыттың дәлдігі
Наурыздың уақыты көктемгі күн мен түннің теңелуіне негізделген. Иранда бұл дәл астрономиялық бақылауларға негізделген хижри күнтізбесі алгоритмдік күнтізбесіндегі жаңа жыл күні, сонымен қатар оны еуропалық аналогы Григориан күнтізбесіне қарағанда дәлірек ететін күрделі интеркалация жүйесі қолданылады.
Әрбір 2820 жылдық үлкен циклде 365 күннен тұратын 2137 қалыпты жыл және 366 күннен тұратын 683 кібісе жыл бар, үлкен үлкен циклдегі орташа жыл ұзақтығы 365,24219852. Бұл орташа тәулігіне небәрі 0,00000026 (2,6×10−7) – секундтың 1/50 бөлігінен сәл артық – Ньюкомбтың орташа тропикалық жылдағы 365,24219878 күндік мәнінен қысқа, бірақ көктемгі күн мен түннің теңелуінің ағымдағы орташа жылынан айтарлықтай ерекшеленеді. 365,242362 күн, яғни көктемгі күн мен түннің теңесуіне келетін жаңа жыл цикл бойына жарты тәулікке жылжиды. Дереккөз түсіндіргендей, 2820 жылдық цикл қате және іс жүзінде ешқашан пайдаланылмаған.
## Тарихы
Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, хорезмдіктер “наусарджи”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаан сара”, соғдылықтар “наусарыз”, армяндар “навасарди”, чуваштар “норис ояхе” деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол. Мысалы, парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже “сумалак” ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – “күн символын” салады; үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б.) ұйымдастырады.
Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен. Кембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауына арнайы міндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырап қиналғандарға жылу жинап берген. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуар, алтыбақан, тең көтеру, т.б.) ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады.
Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңдерінде (1920 – 25) шығыс халықтары бұл мерекені атап өткенімен, 1926 жылы ол “діни мейрам”, “ескілік сарқыншағы” деп танылып тоқтатылды, бірақ Қазақстанның бар аумақтарында жасырын түрде сақталып қалды. 1988 жылдан Алматы қаласында, республиканың көптеген аудандарында Наурыз жалпыхалықтық мейрам ретінде қайта тойлана бастады.
## Қазақ салты
Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен («Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан», т.б.), ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын.
Наурыздан кейінгі 2-ші күні жұрт жаппай көктемгі егіске кірісетін. Малшы қауым да төл алуға қатысты іс-қарекетімен айналысатын. Наурызды кейінге қалдыра тұратын ауылдардың өзінде де мейрамнан кейінгі 2-ші күні жаппай егіске кірісетін.
Наурыздың 22 күні Наурыз мейрамы (жаңа жыл) екенін қазақ баласының көбі біледі. Наурыз туралы көптен бері, жыл сайын газеттерде жазылып келеді. Бұл мейрам бүкіл ұлтқа ортақ. Тегінде Наурыз ұлт мейрамы болғандағының үстіне оның тарихи маңызының тереңдігі бар. Ызғарлы қыстың кетіп, жан иесі өмір қуатын туғызған жыл, жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын. ˝Қыс бойы өлімнің есігін күзетіп, үңгірде жатқан кәрі құйрық, мертік-шортықтар да қыбырлап дүниеде бар екендіктерін білгізе бастайтын, аурулар сауығамын деп, аттар тойынамын деп, жалаңаштар киімсіз де күн көремін˝ дегендей жұрттың бәріне үміт, әркім де жылы шырай сезіне бастап, ˝бәріміз де табиғаттың бергеніне ортақпыз˝ дегендей сағынышты көрісулері, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алатын. ˝Бүгінгі күні Самарқанның көк тасы да жібіпті˝, - десіп Наурыз күні пейілін кеңітпеген адамды тастан да қатты қылып шығарғысы келіп, аңыз қылысатын.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер |
Егістік күнзе (лат. Coriandrum sativum) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық шөп тектес өсімдік.
## Сипаты
* Биіктігі 30-70 см-ге жуық.
* Сабағы жұмыр, түзу әрі жоғарғы жағында жайыла өседі. Төменгі жағындағы жұмыртқа тәрізді сүйір жапырақтарының сағақтары ұзын, екі-үш бөлімді, сабақтың жоғарғы жағындағы жапырақтары отырмалы, құстың қауырсыны секілді бірнеше жіңішке, ұзын бөлімдерге бөлінген.
* Гүлдері майда, ақ немесе ашық қызыл түсті, гүл жапырақшалары бесеу, қолшатыр тәрізденіп шоғырланып тұрады.
* Шілде айынан тамыз айына дейін гүлдейді, жемісі тамыз-қыркүйек айларында піседі. Жемісі піспей тұрғанда өсімдіктен қандаланың иісіне ұқсас жағымсыз иіс шығады. Жемісі піскеннен кейін хош иіс аңқиды.
* Егістік кориандр мәдени өсімдік ретінде егіледі. Кей жерлерде жабайыланып кеткендері де кездеседі.
## Емдік қасиеті
* Дәрілік мақсат үшін жемісін жинап алады.
* Құрамы: эфир майлары, оның ішінде линелол, терпендер және майлар, белоктар, алкалоидтар.
* Өсімдіктің жемісінен жасалған дәрілердің өт айдайтын, қақырық түсіретін, микробтарды жоятын, денедегі ауырған жерлерді тыныштандыратын, тамаққа тәбетті арттыратын және геморрой ауруы үшін шипалық қасиеттері бар.
## Тағы қараңыз
* Дәрілік өсімдіктер
## Дереккөздер |
Қарғатұяқ (лат. Falcaria) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп не екі жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
## Түрлері
* Falcaria vulgaris – Кәдімгі қарғатұяқ
* Falcaria sioides – Өзеншіл қарғатұяқ
## Дереккөздер |
Филипп Исаевич Голощёкин (шын аты — Шая Ицикович; 9 наурыз 1876, Невель – 18 қазан 1941, Куйбышев) — большевик революционер, кеңестік саясаткер, Қазақстан өлкелік партия комитетінің 1-ші хатшысы (1925–1933), 1932-1933 жылдардағы нәтижесінде 3,1 миллион адам қаза тапқан қазақ ашаршылығын тудырған Қазақ АКСР-дағы ұжымдастыруы үшін есте қалды.
1903 жылдан КОКП мүшесі. Санкт-Петербург, Кронштадт, Сестрорецк, Мәскеуде, сондай-ақ Франция, Германияда большевиктер партиясына араласты. Бірнеше рет ұсталып, айдауда болды. Қазан төңкерісін дайындау және өткізу кезінде Петроград революциясы соғыс коммитетінің мүшесі болып, ішкі және сыртқы байланыс бөлімін басқарды. Тақтан тайдырылған император II Николайдың өзін және отбасын ату жазасын орындауға белсене қатысты. Азамат соғысы жылдарында Пермь, Екатеринбург губерниясы коммиттерінің және Урал облысы коммитетінің хатшысы, Урал облысы әскери комиссары, 3-армия саяси бөлімінің бастығы, БОАК және РКФСР ХКК-нің Түркістан істері жөніндегі комиссиясының мүшесі болды. 1922 – 25 жылдары Кострома губерниясы атқару коммитеті мен РК(б)П Самара губерниясы коммитетінің төрағасы, 1925 – 33 жылдары БК(б)П Қазақстан өлкелік коммитетінің 1-хатшысы болып істеді. Голощёкин Қазақстанға келісімен “қазақ ауылы үшін Кіші Қазан” ұранын көтерді. Осы ұран аясында ұжымдастыру саясатын жүзеге асыруда ірі қателіктер жіберді. Мұның салдары ауыр болды. Жедел ұжымдастыру, отырықшыландыру, тіпті урбанизациялау саясаты жаппай ашаршылыққа әкелді. 3 млн. қазақ қырылды, көп бөлігі Қытайға, Ресейге, Түрікменстанға, Өзбекстанға, Қырғызстанға, Иранға, т.б. өңірлерге босып кетті. Ұлтаралық қатынастар нашарлады, бұрыннан пайдаланылып келген араб әліпбиі өзгертіліп, латын алфавиті енгізілді. 1926 жылдан бастап ішкі Ресейден орыстарды Қазақстанға көшіру күшейді. Ірі бай және жартылай феодалдардың малын тәлкілеу науқаны жүргізіліп, астана Қызылордадан Алматыға ауыстырылды. 1928 ж. Алматы қаласында Қазақ педагогикалық институты ашылды, одан бұрын Қызылорда қаласында қазақ драма театры бірінші маусымын бастады. 1931 жылы Ақмола – Қарағанды, Түрксіб темір жолы іске қосылды. Алматы, Орал ет комбинаттары, Алматы, Талдықорған, Меркі қант зауыттары жұмыс істей бастады. Қазақ зиялыларын жаппай жазалау саясаты күшейді. А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ж.Аймауытов, М.Жұмабай, т.б. саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Голощёкин ұлттық пиғылдағы С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Н.Нұрмақов, т.б. қайраткерлермен күресіп, өз дегеніне жетті. Қазақ қызметкерлерін жұмысқа алу төмендеді. Қазақ халқы арасында орталық билікке, оның өкіліне деген наразылық күшейді. Осыған байланысты Голощёкин орнынан алынып, партия басшылығына Л.Мирзоян жіберілді. Қазақстаннан кеткен Голощёкин 1933 – 37 жылдары КСРО ХКК жанындағы бас арбитр болып істеді. 1938 жылы "халық жауы" ретінде изоляторда тұтқындалып, 1941 жылы бір топ әскерилермен бірге Куйбышев қаласында атылды. Кейіннен 1961 жылы ақталды.
## Дереккөздер
↑ INFO.SAMARA.RU | ПРЕДСЕДАТЕЛЬ САМАРСКОГО ГУБИСПОЛКОМА ФИЛИПП ИСАЕВИЧ ГОЛОЩЕКИН |
Көкбас сөйлемі мынадай мағыналарға жатуға мүмкін:
* Көкбас – балық;
* Көкбас – өсімдік. |
Бәйтерек (2011 жылға дейін — Рисполе) — Жамбыл облысының Қордай ауданы, Ауқатты ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Қордай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 33 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Алға — Жамбыл облысының Қордай ауданындағы ауыл, Алға ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Қордай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 22 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Арал (2011 жылға дейін — Славное) — Жамбыл облысының Қордай ауданы, Степной ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Қордай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 17 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Бел — Жамбыл облысының Қордай ауданы, Отар ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол айрығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Қордай ауылынан солтүстікке қарай 112 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Беріктас — Жамбыл облысының Қордай ауданы, Қақпатас ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Қордай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 37 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ақтан Ақайұлы (шамамен 1770, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Арықбалық ауылына қарасты Түлкіқашқан қонысы – 1854, Ақтөбе облысы) — халық батыры. Әлімұлы тайпасының Қаракесек бөлімінен. Жанқожа батырдың үзеңгілес серігі, оның Хиуа, Қоқан бекіністеріне жасаған жорықтарына қатысқан. 1842 жылдың қазан айында Хиуа хандығының Сыр бойы қазақтарынан ұшыр, зекет жинауға қойылған наибы Бабажан сарттың көне Жанкент шаһарының маңындағы бекінісі Бесқаланы аларда ерлік көрсеткен. Ақтан батыр бастаған қазақ сарбаздары қамалды қоршауға алып, Бабажанды қолға түсіріп, Жанқожа батырдың үкімімен жазалаған. Ақтан батырдың бейіті Ақтөбе облысы Берсүгір бекетінің батысына қарай 30–35 км қашықтықтағы Тебенсай деген жерде. Бұрынғы Арықбалық елді мекеніне Ақтан есімі берілген.
## Дереккөздер |
Ақтан, Ақтаң — Атырау облысы Индер ауданы, Жарсуат ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Индербор кентінен оңтүстік-батысқа қарай 37 км-дей жерде, Жайық өзенінің оң жағалауында шөл белдемінде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 106 адам (56 ер адам және 50 әйел адам) болса, 2009 жылы 56 адамды (29 ер адам және 27 әйел адам) құрады.
2021 жылғы санақ бойынша 26 адамды (14 ер адам және 12 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ақтан сөзі бірнеше мағына білдіреді:
## География
* Ақтан — Қызылорда облысындағы құдық.
* Ақтан — Атырау облысы Индер ауданындағы ауыл.
* Ақтан батыр — Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы ауыл.
* Ақтан батыр — Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауыл.
## Тұлғалар
* Ақтан батыр — XVIII ғасырда өмір сүрген қазақ батыры.
* Ақтан Керейұлы — XIX ғасырда өмір сүрген қазақ ақыны.
* Ақтан Бабиұлы — Моңғолияда дүниеге келген қазақ жазушысы.
* Ақтан Төлеубайұлы Төлеубаев — қоғам қайраткері.
* Ақтан Сандыбаев — қазақ мұнайшысы. |
Орманоты (лат. Sanicula) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп не екі жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
## Түрлері
* Sanicula europaea – Еуропа орманоты
## Дереккөздер |
Бұқар ұғымы келесі мағыналарды білдіреді:
## Елді мекен
* Бұқар — Атырау облысы, Қызылқоға ауданындағы ауыл.
## Мал шаруашылығы
* Бұқар — жылқының өңделген терісі.
## Тағы қараңыз
* Бұқар жырау (айрық) |
Қылтанақ дәлен (лат. Botsc) – шатыршагүлділер тұқымдасының дәлен туысына жататын көп жылдық өсімдік.
## Ботаникалық сипаты
* Биіктігі 50 см.
* Сабағы қарапайым, жалаң.
* Жапырағы жіңішке, ашық жасыл түсті, төменгі жапырақтары ұзын жіңішке сағақты. Жапырақ тақтасы үшбұрышты жалпақ, ұзындығы 10-20 см, терең ойық жиекті.
* Шатыршагүлі жалғыз немесе 2-3, ұзын гүлсағағы болады, оған 3-10 гүлі топтасады, оның 4-еуі ғана жемістенеді.
* Жемісі ұзынша келген ұршық тәрізді, ұзындығы 20 мм-дей, ұзын жеміс сағағы болады. Тұқымынан көбейеді. Маусым-шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді.
## Өсетін жері мен таралу аймағы
Алтайдың Үбі (Оба) жотасында, Кавказда және Ресейдің Қиыр Шығыс мен Жапонияда кездеседі. Аралас және қылқан жапырақты ормандарда, көлеңкелі шатқалдарда, бұталардың арасында өседі.Таралу аймағы азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
## Дереккөздер |
Бұқар жырау — қазақтың ұлы жырауы.
## География
* Бұқар жырау ауданы — Қарағанды облысы құрамындағы әкімшілік бірлік.
* Бұқар жырау ауылдық округі — Бұқар жырау ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Басқа мағыналар
* Бұқар жырау даңғылы
* Бұқар жырау бульвары |
Елтай ауылдық округі — Атырау облысы Индер ауданындағы әкімшілік бірлік. 2007 жылға дейін Горы ауылдық округі деп аталған.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Елтай, Аққала ауылдары кіреді. Әкімшілік орталығы – Елтай ауылы. Жырақұдық, Қарой ауылдары 2007 жылдан бастап Елтай ауылының құрамына енгізілген.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 3186 адамды құрайды.
## Әкімдері
* Ербол Дүйшім 1999-2020
* Олжас Хасанов 2020-2023
* Дулатбай Сариев 2023-
## Дереккөздер |
Сайсабақ , прангос (лат. Prangos) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
## Түрлері
* Prangos equisetoides – қырықбуын тәрізді сайсабақ
* Prangos lachnantha – түктігүлді сайсабақ
* Prangos odontalgica – тісдәрі сайсабақ
* Prangos pabularia – мал азық сайсабақ
## Дереккөздер |
Тікенді шағыртікен, тікенді татыршөп (лат. Onopordum acanthium) – астралылар тұқымдасының шағыртікен туысына жататын екі жылдық шөптесін өсімдік.
## Географиялық таралымы
Ресейдің еуропалық бөлігінде, Орта Азия елдерінде, Кавказда таралған. Қазақстанда Маңғышлақ, Жамбыл, Алматы, Талдықорған, Семей, Шымкент облыстарында тараған. Қоқыс арасында, тыңайған және игерілген жерлерде, құмда өседі.
## Сипаты
Шілде және Тамыз айларында гүлдейді. Биіктігі 30-200 см. Сабағы түзу, түкті, жапырағы қауырсын не қалақ тәрізді, жиектері тікенді келегн. Гүлі қызыл күлгін, ақшыл күлгін, қызғылт күлгін түстес болып келген. Гүлшоғыры қорапша тәрізді. Жемісі дәнек. Құрамында илік заттар өте көп. Дәрілік, шірнелі өсісдік. Сол себепті де, мал азығы болып ауыл шаруашылығында қолданылады.
## Дереккөздер
* Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Тікенді татыршөп |
Көккекіре (лат. Centaurea cyanus) – астралылар тұқымдасының гүлкекіре туысына жататын арам шөп. Зембілге жиналған гүлдерінің шетіндегілері үлкендеу, көгілдір түсті (өте сирек болса да ақ және қызғылт түстілері де кездеседі) келеді. Көккекіренің біржылдығы да, екіжылдығы да, болады. Биіктігі-30-60 см. Бұтақты болып өседі.
Бұл республикамыздың Орал, Ақтөбе, Қостанай, Семей және Шығыс Қазақстан облыстарында кең таралған. Қай жерде кездессе де шашыранды және сирек өседі.Дәрі мақсатында бүкіл жер үстіндегі бөлігі мен гүлдері пайдаланылады.
## Химиялық құрамы
Көккекіре гүлдерінде - бояулы заттар, цианин глюкозиттері, ащы глюкозидтер, ценаурин, немесе кницин, цикорин глюкозиді, минералды тұздар болады.
*
*
*
*
*
## Қолданылуы
Көккекіре гүлдерін несеп жүргізетін, қызба ауруларыен сырқаттанғандардығ қызуын төмен түсіретін дәрі ретінде оның гүл желектерінен тұнба жасап ішеді. Несеп-жыныс органдарының қабынып ауруларына көккекіре желегін ырғай тамырына, жүгері қауызына, қайың бүрлеріне, ошаған шөбіне қосып пайдаланады. С.С. Сахобиддиновтың деректері бойынша (1948) кекіре жапырақтарынан жасалған тұнбаны безгек ауруына қарсы ішеді, ал тамырдан жасалған препаратын шеменге қарсы пайдаланады.
## Дереккөздер |
Маралтамыр, Шайжапырақ немесе Укекіре (лат. Rhaponticum) – астралылар тұқымдасына жататын көпжылдық көген тамырлы өсімдіктер тегі. Қазақстанның альпілік, субальпілік шалғындарында, сор, сортаң жерлерде, құрғақ өзен арнасында, тастақты өзен жағалауларында өсетін 5 түрі бар.
Бұлардың биіктігі 6 — 100, кейде 180 см-дей болады. Сабағы бұтақтанбаған, жіңішке қырлы болып келген, жоғарғы жағы бірнеше жерден бунақталып жуандаған. Жапырақтары бүтін жиекті, кезектесіп орналасқан, кейде қауырсын тәрізді тілімделген. Гүлі қос жынысты, қан қызыл күлгін, сирек сары түсті. Гүлшоғыры — себет, жеке-жеке сабақ ұшында орналасқан. Жанама тамырлары арқылы тез көбейетін арамшөп. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, тамыз айында жеміс салады. Жемісі – тұқымша. Укекіре – улы өсімдік (гүлдеген кезде), онымен жылқы қатты уланады.
## Түрлері
Өсімдіктердің кең таралған жерлері - Солтүстік Африка, Азия, және Еуропа.
Жылтырақ шайжапырақ (R. nіtіdum) — республика флорасындағы эндемик түрдің бірі; Маралшөп тамыры (R. carthamoіdes) — дәрілік, тағамдық және мал азықтық өсімдікөлі Қаратау шайжапырағы (R. karatavіcum) — өте сирек кездесетін, жойылып бара жатқан түрлер болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
Түрлері
* Rhaponticum acaule (L.) DC.
* Rhaponticum aulieatense Iljin*
* Rhaponticum australe (Gaudich.)
* Rhaponticum berardioides (Batt.) Dobignard
* Rhaponticum canariense DC.
* Rhaponticum carthamoides (Willd.) Iljin* - Маралшөп тамыры
* Rhaponticum centauroides (L.) O.Bolòs
* Rhaponticum coniferum (L.) Greuter
* Rhaponticum cossonianum (Ball) Greuter
* Rhaponticum exaltatum (Willk.) Greuter
* Rhaponticum heleniifolium Godr. & Gren.
* Rhaponticum hierroi (Eren.) Kangay
* Rhaponticum insigne (Boiss.) Wagenitz
* Rhaponticum integrifolium C.Winkl.*
* Rhapontikum karatavicum Iljin* - Қаратау шайжапырағы
* Rhaponticum longifolium (Hoffmanns. & Link) Dittrich
* Rhaponticum lyratum C.Winkl. ex Iljin*
* Rhaponticum namanganicum Iljin*
* Rhaponticum nanum Lipsky*
* Rhaponticum nitidum Fisch.* - Жылтырақ шайжапырақ
* Rhaponticum orientale (Serg.) Peshkova
* Rhaponticum pulchrum Fisch. & C.A.Mey.
* Rhaponticum repens - Жатаған укекіре
* Rhaponticum scariosum Lam.
* Rhaponticum serratuloides (Georgi) Bobrov
## Дереккөздер |
Ақтоғай ауылдық округі:
* Ақтоғай ауылдық округі – Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Ақтоғай ауылдық округі – Атырау облысы Махамбет ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Ақтоғай ауылдық округі – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Ақтоғай ауылдық округі – Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Тіктікен (лат. Crupina) – астралылар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда кәдімгі тіктікен (C. vulgaris) деген 1 түрі бар
## Түрлері
* Crupina crupinastrum (Moris) Vis. –
* Crupina intermedia (Mutel) Walp. –
* Crupina pseudocrupina (Mutel) Walp. –
* Crupina strum (Moris) Vis. –
* Crupina vulgaris Pers. ex Cass. – кәдімгі тіктікен
## Дереккөздер |
Қазақ гүлкекіресі (лат. Centaurea kasakorum) – астралылар тұқымдасына жататын, Қазақстанда өсетін бір жылдық шөптесін гүлкекіре түрі.
## Дереккөздер |
* Махамбет ауылдық округі – Атырау облысы Махамбет ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Махамбет ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Индербор кенттік әкімдігі — Атырау облысы Индер ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Индербор кенті.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша кенттегі халық саны 15664 адамды құрайды.
## Дереккөздер |
Еңбек — Жамбыл облысының Қордай ауданы, Қарасай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Қордай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 78 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Бұлар батыр ауылы — Жамбыл облысының Қордай ауданы, Сортөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Қордай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 41 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жамбыл — Жамбыл облысының Қордай ауданындағы ауыл, Жамбыл ауылдық округінің орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Қордай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 12 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Керу — Жамбыл облысының Қордай ауданы, Қаракемер ауылдық округінің құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Қордай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 80 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Көкадыр — Жамбыл облысының Қордай ауданы, Алға ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Қордай ауылынан солтүстікке қарай 32 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Шұбаршөп , соссюрея (лат. Saussurea) – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. 300 түрі белгілі.
## Түрлері
* Saussurea involucrata – Қатпарлы шұбаршөп
* Saussurea latifolia – жалпақжапырақты шұбаршөп
## Дереккөздер |
Көксағыз бақбағы (лат. Taraxacum kok-saghyz) – астралылар тұқымдасы, бақбақ туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстандағы каучук өсімдігі.
## Дереккөздер |
Көксағыз бақбағы (лат. Taraxacum kok-saghyz) – астралылар тұқымдасы, бақбақ туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстандағы каучук өсімдігі.
## Дереккөздер |
Астана — Қазақстанның елордасы Астана қаласында орналасқан, «Қазақстан темір жолы» АҚ-на тиесілі темір жол станциясы.
## Маршрут
* Петропавл — Шу темір жолы
* Оңтүстік Сібір темір жолы (ru)
## Тарихы
Ақмолаға алғаш пойыз 1929 жылғы 8 қараша күні келген. 1931 жылы Ақмола теміржол стансасы іске қосылды. Мұнда екіқабатты, 380 адамды сыйдыра алатын, ауданы 1318,8 м² вокзал салынды.
1961 жылы сыйымдылығы үлкенірек сапаржай салынған. Бұл Қазақстандағы ең үлкен вокзал еді. 1962 жылы станса атауы Целиноград стансасы деп өзгертілді. 1990 жылы жартылай реконструкция жүргізілді.
2001 жылдан бастап Астана стансасы деп атауы өзгерді. 2004 жылы вокзалда ірі реконструкция өтті.
2017 жылы Нұрлы жол вокзалы ашылғанда, бұл стансаның атауы Астана-1 деп қойылған. Ал 2019 жылғы сәуірден бастап Нұр-Сұлтан-1 деп атала бастайды.
## Вокзал айналасындағы нысандар
* Сапаржай
* Magnum Express (Супермаркет)
* «Даулет» сауда үйі
* «Жастар» театры
* Астана аграрлық университеті
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Астана станциясы арқылы жүретін поездар кестесі |
Сарыандыз (лат. Ligularia) – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда ылғалы мол шалғындарда, батпақты жерлерде, өзендер мен жылғалардың жағалауында, альпі және субальпілік тау белдеулерінің тасты беткейлерінде, егістіктерде арамшөп ретінде өсетін 16 түрі бар. Олардың арасында биікт. 10 см-ден 1,5 м-ге дейін жететін түрлері де кездеседі. Жапырақтары жүрек, бүйрек, ұзынша жұмыртқа тәрізді немесе жиегі ойықша тілімденген (сирек бүтін жиекті) болады. Бес тісті күлтесінің кеңіген бөлігі қоңырау тәрізді не түтікті-қоңыраулы, тозаңқаптарының түп жағы үшкірленіп келеді. Сары түсті гүлдері қос жынысты, себет гүлшоғырына топталған. Себеттері гетерогамды, гүлтабаны тегіс, сырты жалаңаш келеді. Мамыр — тамыз айларында гүлдеп, маусым — қыркүйекте жеміс салады. Тұқымшалары ұзынша немесе цилиндр тәрізді, оның ақ кейде күрең түсті ұзын айдаршасы болады. Сарыандыздың 3 түрі: Карелин Сарыандызы (L. Karelіnіana), Шишкин Сарыандызы (L. Schіschkіnі) және Павлов Сарыандызы (L. Pavlovіі) — эндемиктер. Соңғысы өте сирек кездесетін (Қаратауда ғана) өсімдік ретінде Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
## Дереккөздер |
Тереңкөл ауылдық округі (2008 жылға дейін – Қашыр ауылдық округі) — Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Тереңкөл, Ынталы, Юбилейное ауылдары кіреді. Орталығы – Тереңкөл ауылы.
## Дереккөздер |
Ақжайық ауылдық округі:
* Ақжайық ауылдық округі – Атырау облысы Махамбет ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Ақжайық ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Бұқар — Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Қызылқоға ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2019 жылға дейін Индер ауданының Жарсуат ауылдық округіне қараған.
## Географиялық орны
Аудан орталығынан 110 шақырым, Қызылқоға ауылдық округінің орталығы Қарабау ауылынан 12 шақырым жерде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 230 адам (113 ер адам және 117 әйел адам) болса, 2009 жылы 118 адамды (69 ер адам және 49 әйел адам) құрады.2017 жылы 14 үйде 60-тай адам қалды.
## Дереккөздер |
Әулиеағаш ауылдық округі – Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы әкімшілік бірлік. 2023 жылға дейін Воскресенка ауылдық округі деп аталды.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Аққайың, Әулиеағаш ауылдары кіреді. Орталығы – Әулиеағаш ауылы. 2013 жылы округ құрамына таратылған Берёзов ауылдық округінен Берёзовка (2023 жылдан – Аққайың), Маймасор, Кіші Березняк ауылдары қосылып, 2015 жылы Маймасор ауылы, 2017 жылы Кіші Березняк ауылы таратылды.
## Дереккөздер |
Түйесіңір (лат. Atraphaxis) – тарандар тұқымдасына жататын көп жылдық бұта тәрәздә өсімдіктер туысы.
## Түрлері
* Atraphaxis karataviensis – Қаратау түйесіңірі
* Atraphaxis muschketowii – Мушкетов түйесіңірі
* Atraphaxis pungens – Тікенді түйесіңір
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.