text
stringlengths
3
252k
Аютас ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Тарихы Аютас ауылдық округі 1997 жылы 12 ақпанда құрылды. Құрамына таратылған Марьев және Тереңсай ауылдық округтері еніп, орталығы Сергеев қаласында болды. 2001 жылы Ленин ауылы Ысқақ Ыбыраев ауылы болып өзгертілді. 2003 жылы Сергеев қаласы округ құрамынан шығарылып, Қаратал ауылы округ орталығы болып белгіленді. 2008 жылы Чапаев ауылы Мерген ауылы болып өзгертілді. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Қаратал, Ақанбарақ, Көктерек, Мерген, Ысқақ Ыбыраев ауылдары кіреді. Орталығы – Ысқақ Ыбыраев ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2681 адамды құрады. ## Дереккөздер
Бастомар ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы әкімшілік бірлік. 2019 жылы құрамына таратылған "Писарев ауылдық округінен" 3 елді мекен қосылды. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Бастомар, Веселовка, Екатериновка, Писаревка ауылдары кіреді. Орталығы – Бастомар ауылы. Писарев ауылдық округі құрамында болған Байшылық ауылы 2017 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1540 адамды құрайды. ## Дереккөздер
Василий Федорович Корниенко (9.2.1925 жылы туған., Петропавл қаласы - 1994) – актер, Қазақстанның халық артисі (1970; 1971 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген артисі.). Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1947 – 72 ж. Қазақстанның бірқатар облыстарында орыс драма театрларында (Семей, Өскемен, т.б.) қызмет етті. 1972 жылдан Қарағанды облысы орыс драма театрының актері. Орындаған таңдаулы рөлдері қатарында Белугин, Николай, Вожеватов, Несчастливцев, Бессудный (А.Н. Островский, “Белугиннің үйленуі”, “Кешіккен махаббат”, “Жасаусыз қалыңдық”, “Орман” және “Қарбалас орында”), Ақан (Ш.Мұртаза, “Қара маржан”), Қарабай (Ғ.Мүсірепов, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”), Ванюшин (С.А. Найденов, “Ванюшиннің балалары”), Егор Булычев (А.М. Горький, “Егор Булычев және басқалар”), Засыпкин (Д.Н. Мамин-Сибиряк, “Алтын шыңырау”), Бороздин (В.С. Розов, “Мәңгі тірілер”), Разметов (М.А. Шолохов, “Көтерілген тың”), т.б. бар. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдермен марапатталған. ## Дереккөздер
Белоградов ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Белоградовка ауылы кіреді. Орталығы – Белоградовка ауылы. Округ құрамында болған Ақсу ауылы 2019 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 442 адамды құрады. ## Дереккөздер
Новопавловка — Қостанай облысы Қарасу ауданындағы ауыл, Новопавлов ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қарасу ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 62 км жерде, Құсмұрын көлінің оңтүстік аңғарында, құрғақ дала белдемінде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы ауылдың тұрғындары 1691 адам (837 ер адам және 854 әйел адам) болса, 2009 жылы 1165 адамды (572 ер адам және 593 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты қаланған. 1954-96 жылдары астық өсіретін “Ключевой” кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде Новопавловкада 1997 жылы ЖШС құрылды. ## Дереккөздер
* Баянауыл ауылдық округі – Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы әкімшілік бірлік.
Пирамида (архитектурада) — пирамида үлгісіндегі алып құрылыс. Пирамида тұрғызу негізінен көне заманда етек алды. Оны ежелгі Мысыр перғауындарының қабіріне ескерткіш белгі (Гизадағы Хеопс Пирамидасы, т.б.) ретінде тұрғызатын болған. Кейбір Пирамидалар ғибадатхана, қазына қоймасы рөлін атқарып келді. Пирамидаға ұқсас құрылыстар (ғибадатхана тұғыры, космол. құрылыстар) Орталық және Оңтүстік Америка жерінде (б.з. 1-мыңжылдығы) де кездеседі. Ежелгі Рим мен Жаңа Еуропа өнерінде Пирамида үлгісі мемориалды құрылыстар тұрғызу ісінде қолданылды. ## Дереккөздер
Белов ауылдық округі — Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Белое, Коваль, Сливное, Чистое, Щучье ауылдары кіреді. Орталығы – Белое ауылы. Округ құрамында болған Прогресс, Студёное ауылдары 2018 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1305 адамды құрайды. ## Дереккөздер
Қазақстан алтын кені бар ежелгі өлкелердің бірі саналады. Ол алтынның нақтыланған қоры бойынша әлем елдерінің бірінші ондығына, ал өндірісі бойынша – үшінші ондығына кіреді. Оның баланстық қоры 196 кен орнында (126-сы түпкі жыныстарда, 47 кешенді, 23 кенқайраңдық) есептелген. Алтын өндірілетін ірі кен орындары: Солтүстік және Орталық Қазақстанда – Жолымбет алтын кені, Бестөбе алтын кені, Ақсу алтын кені, Ақбейіт алтын кені; Батыс Қазақстанда – Юбилейное; Шығыс Қазақстанда – Бақыршық алтын кені, Суздаль, т.б.; Оңтүстік Қазақстанда – Ақбақай алтын кені. Өнеркәсіптік игерілуге Көкшетау ауданындағы аса ірі Васильков кен орны даярланған. Қазақстанда негізгі алтын көздерінің бірі Кенді Алтайдағы колчедан-полиметалл кен орындары: Риддер-Сокол, Тишин, Малеев, Грехов. Алтын, сондай-ақ, мысты-порфирлі Бозшакөл, Самара, Ақтоғай мыс кені, Айдарлы, мыс-колчеданды Аралшың, Лиманды, колчедан-полиметалды Абыз, Майқайың, Миөзек, Құсмұрын, Ақбастау, скарндық мыс кентасты Саяқ тобының кен орындарында бар. Ондаған түпкі және кенқайраңдық алтын кен орындары консервацияланған (Бақыршық, Жітіқара, Жарқұлақ, Ақжал, Балажал, Олимпиялық, Кеңгір, Миялы, Құлынжон, т.б.) немесе жете барланбаған (Васильев, Орлов, Прогресс, Сувенир, Алтынсай, Бақтай, Далабай, Гагарин, Шоқпар, Кепкен, Восток V, Комаров І, Қаншыңғыс, т.б.). Қазақстанда күміс ертеден өндіріледі. Оны өндіру көлемі бойынша республика Азия елдері ішінде бірінші орын алады. Оны полиметалл кентасын кешенді өңдеу кезінде бөліп алады. Қазақстан аумағында 100-ден астам уран кен орны барланған. Аумақтық белгісі бойынша және геотектоник. көзқарас тұрғысынан кен орындары уран кені бар он өлке мен аудандарға бөлінеді. Олар: Солтүстік Қазақстан (50-ге жуық кен орны бар), Шу – Іле – Кіндіктас – Балқаш жағалауы (8) және Шу – Бетпақдала (6) өлкелері, Шу – Сарысу және Сырдария өлкелерін біріктіретін Қаратау мегаөлкесі (20), Жоңғар – Кетпен (6) және Каспий жағалауы (4) өлкелері, Ұлытау (3), Шыңғыс-Тарбағатай (1) және Мұғалжар – Арал жағалауы (2) аудандары. Бейметалл кен байлықтарының барланған және әлуеттік қоры мол. Республика аумағында бейкентасты шикізаттың 2000-нан аса барланған кен орындары бар, оның 1200-і құрылыс материалдарының кен орындары. Республикада шипалы балшықтың 30-дан астам кен орны тіркелген. Олардың көпшілігі Қазақстанның батысы мен солт-нде орналасқан. Қазақстанда минералды және термалдық жер асты суларының ірі қорлары бар. Минералды сулардың пайдаланылатын қоры 48 кен орны бойынша тәуілігіне 31,0 мың м3 мөлшерінде есепке алынған. Барланған кен орындарының ең көбі (18) Оңтүстік Қазақстанда, Батыс Қазақстанда – 9, Солтүстік Қазақстанда – 7, Орталық Қазақстанда – 10 және Шығыс Қазақстанда – 4. Барланған минералдық жер асты суы кен орындары негізінде санаторийлер, курорттар, профилакторийлер, емханалар жұмыс істейді, ал көптеген арасан бұлақтар мен өз бетінше атқылайтын ұңғымалардың суын жергілікті тұрғындар пайдаланады. Қазақстанның таулы-қатпарлы алқаптары мен платформалық аумақтарындағы артезиан алаптарының қойнауларында гидротермалдық судың мол қоры бар. Олар су бойынша 10,275 мың км3, ал жылу бойынша 680 млрд. Гкал шамасында, бұл 97,115 млрд. тонна шартты отынға тепе-тең. ## Дереккөздер
Атабаев Қамбарбек Махамбетұлы (25.8.1947 жылы туған, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Амангелді ауылы) – ғалым, тарих ғылымдарының докторы (2000 жылы), проффесор (2002 жылы). Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген (1971 жылы). 1971 – 74 жылдары орта мектепке тарих пәнінің оқытушысы, 1977 – 84 жылы Тараз университетінде оқытушы, 1984 – 93 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, 1998 жылдан ҚазҰУнің деректану және тарихнама кафедрасының меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері деректанудың қазақ тіліндегі ұғымдары мен терминдерін жасап, ұлттық төл деректеріміздің ерекшеліктерін анықтауға қомақты үлес қосты. Екі ғылыми монографияның, екі оқу құралының, жүзге тарта ғылыми - теориялық және проблемалық мақалалардың авторы. ## Шығармалар * Мерзімді басылым ХІХ ғасыр соңы мен XX ғасыр басындағы Қазақстан тарихының дерегі ретінде, Атабаев, 1993 жыл; * Деректанудың теориялық мәселелері, Атабаев, 1999 жыл; * Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі (ХІХ ғасыр соңы – XX ғасырдың басы), Атабаев, 2000 жыл; * Қазақстан тарихының деректанулық негіздері, Атабаев, 2002 жылы; * Ұлт және тарих, Атабаев, 2007 жылы. ## Сілтемелер * ҚазҰУ * Абай * Тараз ## Дереккөздер
Берёзов ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы әкімшілік бірлік. 2013 жылы құрамына қысқарған "Долматов ауылдық округінен" 1 елді мекен қосылған. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Большая Малышка, Барневка, Гончаровка, Долматово, Ташкентка ауылдары кіреді. Орталығы – Большая Малышка ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2072 адамды құрады. ## Дереккөздер
Новосёловка — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы ауыл, Новосел ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан шығысқа қарай 15 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1255 адам (633 ер адам және 622 әйел адам) болса, 2009 жылы 1085 адамды (561 ер адам және 524 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1954 жылы тың жерлерді игеруге байланысты қаланған. 1954-97 жылдары астық өндіретін “Парижская Коммуна” кеңшарының орталығы болған. Оның негізінде ЖШС-тер ұйымдастырылды. Ауыл жанынан Қостанай – Новоишим – Көкшетау автомобиль магистралі өтеді. ## Дереккөздер
* Бескөл ауылдық округі – Жетісу облысы Алакөл ауданындағы әкімшілік бірлік. * Бескөл ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы әкімшілік бірлік.
Өскенбаев Мұрат (1 қаңтар 1904, Қарақия дөңі, Қарақия ауданы, Маңғыстау облысы - 1 қаңтар 1982, Қарақия ауданы, Маңғыстау облысы) – күйші-композитор, домбырашы, сазгер, ақын. ## Өмірбаяны * 1904 жылы қазіргі Маңғыстау облысы Ералиев ауданында Қарақия дөңінде туды. 7 жасынан әкесі Өскенбайдан домбыра тартуды үйренген. Белгілі күйшілер Есбай, Абыл, Сәулебай, Тазбаланың күйлерін жетік меңгерген. * 1954 – 1960 жылдары Қазақ мемлекеттік филормониясында домбырашы болды. * 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің онкүндігіне қатысты. * 1960 – 1965 жылдары Қазақконцертте домбырашы-солист қызметін атқарды. * 1982 жылы Қарақия дөңінде қайтыс болды. ## Шығармашылығы * Өскенбаевтың репертуарына түрлі тақырыпта 300-ге жуық күй енген. Ол қазақ (Абыл, Есір, Құлшар, Құрманғазы күйлерін, т.б.), түрікмен Сахып Жамал,Есерлі, Кептер, Көрұғлы, Әуезім күйі, Ашыл баш, т.б.) күйлерімен қатар қарақалпақ, әзірбайжан, ноғай халықтарының музыкалық мұрасын меңгерген. Сондай-ақ көне түрік тайпаларының Алпыс тарау науайы атты күйлер топтамасынан: Қарт науайы, Бала науайы, Шәһр науайы, Тамшы науайы, Қақпалы науайы, Тел науайы аталатын үлгілерін, ежелгі халық саздарынан “ Ел айрылған” сияқты күйлерді шебер орындаған. * Өскенбаев – ондаған күйдің авторы. Олар Қоштасу, Халық сәлемі, Жеңіс, Кең жайлау, Қазақстан, Көктем, Ана даңқы, Өрлеу, Маңғыстау, т.б. Оның Оркестр, Күй, Домбыра, Республика тойына, Қара алтынды Маңғыстау, т.б. толғаулары бар. * Өскенбаев Қашаған, Өскенбай, Аралбай, Елбай ақындардың толғауларын халық арасына таратты. Өскенбаев репертуарындағы күйлердің бірқатары күй табақтарына жазылған, Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты қорында сақтаулы. ## Дереккөздер
Қалауша Әділханұлы Бегалиев (1927 жылы туған., Түркістан ауданы, Ұйық ауылы) – ғалым, заң ғылымдарының докторы (1979), проффесор Алматы мемлекеттік заң институтын бітірген (1949). 1949 – 1954 жылдары Ақмола облысындағы Қорғалжын ауданы прокуратурасында тергеуші, Ақмола қалалық прокурорының көмекшісі, Ақмола облыстық прокурорының жалпы қадағалау бойынша көмекшісі, орынбасары, облыстық прокуроры. 1954 – 1974 жылдары Ақмола облыстық прокурорының орынбасары, Республика прокурорының мамандар жөніндегі орынбасары, 1985 жылдан ҚазМУ-де кафедра меңгерушісі. 2 ғылым кандидатын даярлаған. 60 шақты еңбегі жарық көрген, оның алтауы монография. «Құрмет белгісі» орденінің, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері, Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесінің мақтау қағаздарымен марапатталған. 3-сыныпты әділет мемлекеттік кеңесшісі. ## Дереккөздер
Жер бағасы — капиталға айналған жер рентасы. Егер жердің адамзаттың мекені тұрғысынан қарасақ, жерге ешқандай баға жоқ. Жерсіз адам да, жан-жануар да, өсімдіктер де өмір сүре алмайды. Жерді жаратуға ешқандай да адам еңбегі шығындалмаған. Өздігінен адам еңбегінің нәтижесі бола алмайтындықтан жердің құны болмайды. Жеке меншік жағдайында жер тауар ретінде алып-сатылады, тауар айналысына енеді, яғни жер бағаланады. Жер бағасы, бір жағынан, рента мөлшерімен, екінші жағынан, қарыз процентімен белгіленеді. Жер бағасы рентаның көмегімен анықталады, ал жер рентасы жер иесінің оны пайдаланушыдан алатын табысының бір бөлігі, яғни арендалық төлемнің бөлігі. Егер жер учаскесі жыл сайын 10000 теңге рента келтіретін болса, ал банк салымнан 10% алатын болса онда жердің бағасы (10000100):10=100000 теңге болады, бұл жерге төлем шамасын жуықтап анықтау үшін пайдаланылатын әдіс Өндіріс факторы ретінде жер тауарлық сипат алады, ол сатылады және сатып алынады, оның нарықтағы бағасы оған сұранысқа тәуелді болады. Өндірістік құрал-жабдықтар нарығына түсуденбұрын жер экономикалық жағынан бағаланады — жер кадастрыарқылы (старттық баға). Жер кадастры деп жер туралы мәліметтердің жиынтығынатайды. Салыстырмалы цифрлар арқылы жер топырағының ауыл шаруашылық өндірісіне жарамдылық дәрежесі белгіленеді, жер сапасыжағынан бағаланады. Ірілеп бағалау жердің жарамдылық (пайдалылық) класын белгілеумен аяқталады, ал жан-жақты бағалаубонитеттік балдар (әдетте 100 балдық жүйе) арқылы жүргізіледі.Бонитеттік балды белгілеу үшін критерий ретінде негізгі ауылшаруашылық өнімдерінің көпжылдық түсімділігі (өнімділігі) қол-данылады. Жер еңбек процесіне жатпайды. Ол ауыл шаруашылығындаеңбек заты, бірақ өнімі емес. Сондықтан жерді бағалау үшін керекжағдайлар мынау: * жердің тұтыну қасиеттеріне баға беру; * жердің пайдалы қасиеттеріне баға беру. Бұдан басқа, жер учаскелеріне, жылжымайтын объект деп, оңашаланған су объектері, ормандар және басқа объектер жатқызылады. Жылжымайтын объект ретіндегі жер учаскесінің физикалықпараметрлерінен және сипаттамаларынан басқа құқықтық тәртібіболады. бұл оның сәйкестігіне (ұқсастығына) және бағаланған құнына өте мәнді әсер етеді. Жер учаскесін сипаттайтын құқықтықтәртіптің белгілері: жер учаскесі орналасқан шеңбердегі жердің категориясы, жер учаскесін пайдалану мақсаты, меншіктің формасы,сервитуттар. оған заттық құқықты шектеу. Жерді бағалаудың бірнеше әдістері бар. Салыстырмалы құнарлылықты дифференциялдық жер табысы қамтамасыз етеді. Бұлардың көлемі табиғат жасаған құнарлылықтың дәрежесімен ғана емес,жерді жетілдіру үшін жасалған қосымша капитал салымдары менеңбектен тәуелді болады. Бірақ жер сатылғанда, оның иесі жердіңқыртысын салып қоймайды, ол одан жылдар бойы табыс (рента)алу құқын сатады. Сондықтан, оның есебі бойынша, жер үшін алынатын сома, егер ол банкіде сақталғанда, оған процент формасындарентаға тең табыс әкелуге тиісті. {\displaystyle ~Jb={\frac {Rm}{Qpm}}\cdot 100\%} {\displaystyle ~Jb={\frac {Rm}{Qpm}}\cdot 100\%} {\displaystyle ~Jb={\frac {Rm}{Qpm}}\cdot 100\%} Мұндағы Jb - жердің бағасы, Rm - рента мөлшері және Qpm - Қарыз процентінің мөлшері. Ауыл шаруашылық жерлердің құны, әдетте, белгілі бірнеше шамаға көбейтілген ағымдағы ақшаға шағылған арендалық төлемтүрінде көрсетіледі немесе басқа сөзбен, осы рентаны "бірнеше жылға сатып алу" түрінде. Бірақ бұл көрініспен алғашқы танысу болыптабылады. Жерді бағалау жүйесі бірнеше элементтерден тұрады. Осыған жататындар: * жер учаскелерінің құқықтық тәртібі және сапалық сипаттамалары туралы кадастрлық тіркеу кітабының информациясы; * басқа көздерден түсетін жер учаскелерімен мәміле туралы информация, жер және басқа жылжымайтын мүліктер нарықтары туралы информация; * бағалау аймақтары мен жер учаскелері бойынша жердің кадастрлық бағалануы; * кадастрлық карталар және жер құнының регистрлері. Жерді бағалау жүйесі, осымен қатар, жерді бағалау және қайтабағалау бағытында қызмет ұйымдастыруды талап етеді.Қазақстан экономикасының реформалану жағдайында жер салыстырмалы бағаланады, өйткені көлеңкелі нарықтың болуы, жеручаскелерімен мәмілелер туралы, жерді пайдаланатынкәсіпорындарының шаруашылық қызметтерінің нәтижесі туралыақиқат мәліметтердін, жоқ болуы, жерді жақсарту шығындары ментиімділігінің парапар еместігі, халықаралық практика қабылдағанжерге баға беру принциптері мен әдістерін механикалық түрде қолдануға мүмкіндік бермейді. Неоклассикалық теория жердің құнын басқа өндіріс факторларынікіндей, түпкі өнімнің құнынан туынды етіп түсінеді. Мысалы,егер астықтың бағасы төмендесе, онда осыны өсіретін жерге де сұраныс төмендейді, ал сұраныс төмендегенде, арендалық төлем ставкасы да төмен болады. ## Тағы қараңыз Жер ## Сыртқы сілтемелер Жер төлемі және жер бағасы ## Пайдаланылған әдебиет
Ноғай (туған жылы белгісіз – 1300) – батыр, Алтын Орда әскерінің қолбасшысы. Жошы ханның немересі. XIII ғасырдың 60-жылдарынан бастап Прут, Днестр өзендері аралығындағы ұлыстарды билеген. Ол Бату ханмен бірге қол бастап, Алтын Орданың 5 ханы тұсында әскербасы болды. Ноғай 1252 – 69 жылы Батудың, кейіннен Беркенің Мысыр сұлтаны Бейбарыс сұлтанмен дипломатиялық байланыс орнатуына, Хулагуге қарсы одақ құруына ықпал етті. Алтын Берке өлгеннен кейін, Доннан Дунайға дейінгі ұлан-байтақ жер Ноғайдың бақылауында болды. Польша, Венгрия, Болгария, Сербияға және кейбір орыс князьдіктеріне жиі-жиі шабуыл жасады. 1288 – 91 жылдары орыс князьдері Мстислав пен Данилович Ноғайдың Польшаға жасаған жорығына қатысты. Ноғай хан аталмағанымен, Доннан Днепрге дейінгі аймақты билеп, Алтын Орданың Беркеден кейінгі хандары – Мөңке Темір, Туда Меңгу хан, Төле Бұқа ханға ықпалын жүргізді. Беделі артып тұрған Ноғайдан құтылу үшін Тоқта хан оған қарсы соғыс бастады. 1300 жылы Буг өзені жағасында әскері жеңіліп, Ноғай қарсыласының қолынан қаза тапты. Орыс жазбаларындағы деректерге қарағанда, осыдан кейін оның қол астындағы халықтың көпшілігі Каспий маңына қоныс аударған. ## Дереккөздер
Бесқұдық ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Бесқұдық, Алабие, Тамамбай, Черуновка ауылдары кіреді. Орталығы – Бесқұдық ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1278 адамды құрайды. ## Дереккөздер
Атақоныс — Түркістан облысы Жетісай ауданы, Жаңаауыл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жетісай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 18 км жерде, Өзбекстанмен шекаралас. ## Халқы ## Тарихы 1951 жылы ұйымдастырылған 22-Партсъезд атындағы мақта ұжымшарының орталығы болып келді. Ұжымшар негізінде бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, кітапхана, клуб, фельдшірлік-акушерлік пункт бар. Ол арқылы Ташкент – Жызақ темір жолы өтеді. ## Дереккөздер
Бидайық ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Бидайық, Жамбыл, Жұмысшы, Өндіріс ауылдары кіреді. Орталығы – Бидайық ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2079 адамды құрады. ## Дереккөздер
Қадыр Бияшұлы Бияшев (18 маусым 1939 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында туған) – қазақстандық ветеринариялық ғалым, Ветеринария ғылымдарының докторы, профессор. РФ Ветеринария ғылымы халықаралық академиясының академигі. Қазақ ұлттық аграрлық университетіінің профессоры. Қазақстан Білім беру ісінің Құрметті қызыметкері. ## Биография * 1939 жылы 18 маусымда Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында дүниеге келген. ## Білімі * 1967 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетіінің (бұрынғы Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын) бітірген. * 1971 жылы осы оқу орнының асперантурасын бітірген. ## Еңбек жолы * 1971 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетіінің (бұрынғы Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын) ның кіші қызыметкері, аға ғылыми қызыметкері; * 1974 – 1982 жылдары Осы оқу орнында доцент, профессор және кафедра меңгерушісі болды; * 2002 жылдан бастап Қазақ ұлттық аграрлық университетіінің «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасын басқарып келеді. ## Ғылыми шығармашылығы * Профессор К.Бияшевтың 300-ден аса ғылыми-әдістемелік жұмысы жарияланып, 2 авторлық куәлігі (КСРО), Қазақстан Республикасының интеллектуалдық меншігі, Қазақстан институтынан 36 патенті бар. Ол Ресей ғалымдарымен бірлесе жануарлар қанының 60 метаболитінен толық анализ алуға мүмкіндігі бар «Метабол» компьютерлік бағдарламасын дайындады. * Профессор Қадыр Бияшұлы – Қазақстан ветеринария саласы, оның ішінде экологиялық таза жоғары тиімді вакцина және қан сарысуын жасау биотехнологиясы, генді инженерия бойынша танылған ғалым. Ол жануарлардың денсаулығын аса қауіпті аурулардан қорғайтын 20-дан астам биологиялық препаратты дайындау, бақылау әдістемесі және нормативтік-техникалық құжаттамалар технологиясын әзірлеп және енгізді. Адамдар да шалдығуы мүмкін бұл аурудың алдын алу өте маңызды еді. Препараттар тізімі Кеңес Одағының Халық шаруашылығы жетістіктер көрмесінде койылды және «Құрмет» грамотасымен марапатталды, сондай-ақ Сан-Диего (АҚШ) қаласында өткен «Қазақстан-95» көрме-конференциясында ұсынылды. ## Әлем таныған ғалым * Қадыр Бияшұлы – Ресей ветеринарлық ғылымының Халықаралық академиясыньң мүшесі. Ол 14 доктор және 18 ғылым кандидатын дайындады. Оның басшылығымен ғылыми-зерттеу жобаларының орындалуы жүргізіледі. * 1990 жылы Лейпцик қаласында микробиология және эпидемиология институтында ғылыми өтіл мерзімінен өтті, ветеринарлық эпидемиология бойынша халықаралық ғылыми конференцияларға (Мюнхен 1991, Анкара 1995, Бейрут 1996, Барнаул (Ресей) 1996, Йемен 1997, Израиль 1999, Иордания 2000, Пекин-2003, Будапешт 2005) қатысты. ## Марапаттары * 1979 жылы КСРО ауыл шаруашылығы министрлігінің «Құрмет» Грамотасы; * 1985 жылы «КСРО Жоғарғы Мектебінің Үздігі» құрметті атағы; * 1999 жылы ҚР тұңғыш президенті – елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі қазақстан ветеринария саласындағы ғылыми еңбектері мен сіңірген еңбегі үшін ҚР жоғарғы мемлекеттік марапаты «Парасат ордені» мен марапатталды. * 2005 жылы «Қазақстан ғылымының дамуына сіңірген еңбегі үшін» құрметті төсбелгісі; * 2008 жылы ҚР Білім және Ғылым министрлігінің «Жоғарғы оқу орнының Үздік оқытушысы» мемлекеттік грантымен құрметті белгісімен марапатталды. * 2008 жылы «Қазақстан ғылымына сіңірген еңбегі үшін» медалі; * 2009 жылы «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Құрметті қызыметкері» құрметті атағымен марапатталды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * "Күрделі саланың қайраткері" мақала (Бияшев туралы) Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
Бугров ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Бугровое, Красноперовка, Новогеоргиевка, Сосновка ауылдары кіреді. Орталығы – Бугровое ауылы. Округ құрамында болған Николаевка ауылы 2019 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1106 адамды құрады. ## Дереккөздер
Еңкес (2008 жылға дейін – Карл Маркс) — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 4 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы 1957 жылы құрылған К.Маркс атындағы көкөніс-сүт кеңшарының құрамындағы "К. Маркс" ауылы болып келді. Ауылда 1965 жылы Мемлекеттік мал тұқымын асылдандыру станциясы құрылған. Кеңшар негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылған. ## Инфрақұрылымы Ауылда орта мектеп, кітапхана, дәрігерлік пункт, клуб, т.б. мекемелер жұмыс істейді. ## Дереккөздер
Атырауов Сәуір (1901 жылы, бұрынғы Гурьев уезі. Сарачинка кенті – 1938 жылы) – қайраткер, саяси қуғын-сүргін құрбаны. 1927 жылы Мәскеу қаласындағы Кәсіподақ қозғалысы мектебін бітірген. 1919 – 21 жылдары Сарачинка кентінде революция комитеттің төрағасы, 1921 – 24 жылы балық кәсіпшілігінде өндіріс комитетінің төрағасы, 1924 – 25 жылдары Гурьев уездік тамақ өнеркәсібі қызметкерлері кәсіподағы төрағасы, 1925 – 26 жылдары Қызылорда қаласындағы Қазақ тамақ өнеркәсібі қызметкерлері кәсіподағы орталық басқармасы төрағасы, 1926 – 27 жылдары Қазақ кәсіпшілер одақтарының кеңесі төралқасының мүшесі және мәдениет бөлімінің меңгерушісі болды. 1928 – 29 жылдары ауыл шауашылығы және орман жұмысшылары кәсіподағы Қазақ орталық басқармасының төрағасы, 1929 – 31 жылдары Орал округінің атқару комитетінің төрағасы, Қызылорда ауданың атқару комитетінің жауапты хатшысы, 1931 жылдың қыркүйек айынан 1932 жылдың қаңтарына дейін Қазақ АКСР жабдықтау халық комиссарының орынбасары, 1932 – 33 жылдары Оңтүстік Қазақстан облылысының атқару комитетінің төрағасы, 1933 жылдың мамыр – шілдесінде Қазақ АКСР еңбек халық комиссары, 1933 – 34 жылдары Гурьев қаласындағы Орал-Каспий балық тресті директорының орынбасары, 1934 – 36 жылдары Қатон-Қарағай ауданының атқару комитетінің төрағасы, 1936 – 37 жылдары Шығыс Қазақстан облысының Цурюпа аудандағы атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. 1937 жылы қазанда тұтқындалып, ату жазасына кесілді. 1959 жылы желтоқсанда ақталды. ## Сілтемелер * Гурьев * Сарачинка * Орал ## Дереккөздер
Ноғайты – Сағыз алабындағы өзен. ## Географиялық орны Атырау облысы Қызылқоға ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 65 км, су жинайтын алабының аумағы 931 км². ## Бастауы Өзен бастауын Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы Ноғайты аулының шығысынан алып, Сағыз темір жол стансасы тұсында Сағыз өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Аңғары кең, арнасы тік жарлы. Жер асты және жауын-шашын суымен толығады. Көктемде қар суымен оншақты күндей тасып, жазда қарасуларға бөлініп кетеді. Суы ащы. Алабы – мал жайылымы. ## Дереккөздер
Бегалы Күленұлы (1847, Сызған ауылы, Созақ ауданы – 1927) – қазақтың биі. Ұрпақтар жадында ел қамын ойлаған парасатты ақыл иесі, сөзге шешен, алғыр би ретінде қалған. «Бегалы би айтты» деген ғибратты өсиеттер мен ол туралы «Бегалы бидің қос бәйгесі» сынды аңыз-әңгімелер сақталған. Қоңырат тайпасы Саңғыл руынан шыққан. ## Бегалы Күленұлы туралы әңгімелер ### Ел бірлігі туралы әңгіме Қазақтың ілгеріде өткен атақты би-шешендері сияқты Бегалы би де ел қамын ойлаған ақылды да,сөзге шешен алғыр би боп өткен. Ол өз қарамағындағы әр атадан, әр рудан құралған елдердің, ауыл-аймақтың өзара бірлігін, ынтымағын, ұйымшылдығын сақтауға бар күш-жігерін жұмсаған. Ел арасында осы кезге дейін ұмытылмай айтылып жүрген "Бегалы бидін қос бәйгесі" деген аңыз-әңгіме бар. Бұл ас-бәйге былай өтіпті. Бегалы би қайтыс болған әкесі Күленге бір жыл өткен соң ас бермек болады да, өзінің бір әкеден туған Иманберді, Сабыр інілерін, сол өңірдегі Маңғытай, Саңғыл, Ысты, Ошақты, Жетімдер, Сүлгетай т.б. рулардың белгілі, игі жақсылары - ел басшыларын ақылдасуға шақырады. Осы жиында бір жағынан Иманберді, екінші жағынан Сабыр өздерінің байлығын, барлығын көрсетіп, атақ-абыройға ие болу үшін "асты мен беремін, бәйгені мен тігемін" деп талас туғызады. Сонда Бегалы би: - Ағайындар, алаауыздықты қояйық. "Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді", "Бөлінгенді бөрі жейді, айырылғанды аю жейді" деген, Бүйтіп әр қайсымыз әр жаққа бөле тартпайық. Ыдырап, бытырамайық, ынтымақтасып, бірлесейік. Асты да, бәйгені де қосып бірге өткізейік. Бүгін мен өткізіп, ертең Иманберді, арғы күні Сабыр өткізіп, елдің берекесін кетірмейік. Әр елдің өзінше тірлігі бар. Мал жайы, егіс орағы, қыс қамы болады. Олардың уақытысын алып абылып, сабылта бермейік. Жарайды, бұл асты мен өз атымнан жеке дара өткізбей-ақ қояйын. Өткізем десем "Керсен алдымда, кездік қолымда" билік өзімде, шүкір, құдіретім жетеді. Мен атақ, дақпыртқа да қызықпаймын. Қандай дайындық жасасақ та, не бөлсек те бірлесе көрейік. Кәне Иманберді, Сабыр әкел қолды. Бұл ас-бәйгенің аты: "Қос бәйге" болсын. - Ағайындар, алаауыздықты қояйық. "Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді", "Бөлінгенді бөрі жейді, айырылғанды аю жейді" деген, Бүйтіп әр қайсымыз әр жаққа бөле тартпайық. Ыдырап, бытырамайық, ынтымақтасып, бірлесейік. Асты да, бәйгені де қосып бірге өткізейік. Бүгін мен өткізіп, ертең Иманберді, арғы күні Сабыр өткізіп, елдің берекесін кетірмейік. Әр елдің өзінше тірлігі бар. Мал жайы, егіс орағы, қыс қамы болады. Олардың уақытысын алып абылып, сабылта бермейік. Жарайды, бұл асты мен өз атымнан жеке дара өткізбей-ақ қояйын. Өткізем десем "Керсен алдымда, кездік қолымда" билік өзімде, шүкір, құдіретім жетеді. Мен атақ, дақпыртқа да қызықпаймын. Қандай дайындық жасасақ та, не бөлсек те бірлесе көрейік. Кәне Иманберді, Сабыр әкел қолды. Бұл ас-бәйгенің аты: "Қос бәйге" болсын. Бегалы би осылай дегенде, оның жанында отырған Тәшімбет қажы ақ сақалын салалап: - Бәрекелді, Бәкең дұрыс айтады, өзгенің бірлігі үшін өзін де аяп отырған жоқ. Жөн сөз. "Қос бәйге" дегенін осында отырған бәріміз де құптаймыз! - деп көптің ойындағысын білдіріпті. Бегалы бидің сол ұсынысын оны кұптаған Тәшімбет қажының мына сөзін Бегалының бесік кертпе құдасы Жаманбай-Таздардың атақты биі Досбай қажы да, Қоңыр, Тазша елінің белгілі биі Көлбай да қуаттап бәрі пәтуаласыпты. Сөйтіп, осы мәміле бойынша Бегалы би айткан "Қос бәйге" сол жылдың тамыз айында "Кіндіктөбе" жотасында (бұрынғы "Қызыл ту" "Қаңбақты" ұжымшарының аралығында, қазіргі Түркістан ауданы Ибата ұжымшарының даласында) өтіпті. "Кіндік төбеде" өткен сол "Қос бәйгеден" қалған жұрнақ, Ихан, Ибатадан жіберілетін ат бәйге шартақтың орны осы күнге дейін бар. Ары өткен, бері өткендер "Бегалы бидін қос бәйге шартағы" деп еске алып өтеді, - дейді бізге бұл гәпті баян қылған Бегалы бидің Иманберді деген інісінің баласы Жұпарбек ақсақал. Айтушылардың сөздеріне қарағанда ол ас-бәйге тіптен ырғын боп өтсе керек. Бегалы би сонау Әулиеатадан Майкөт ақынға, Сыр бойындағы Қожатоғайда жатқан Майлықожаға, Арқа жағына ел аралап кеткен өзінің туысы Құлыншаққа, Түркістандағы Молда Мұсаға, Қаратаудың күнгей бетіндегі Жетімтауда жатқан Зұлпықарға, Бөген, Боралдай бойындағы қисашыл Нұралы ақынға арнайы ат жіберіп алдырады. Бегалы би өзінің қатарлас, замандастары Байзақ, Сапақ, Дүйсенбі, Оңдыбай датқаларды, Досбай, Көлбай, Бағдәулет т.б. би-болыстарды күн ілгері шақырып той-тамашаның қызығына кенелтеді. Сол думан-тойға алыстан ат арытып жеткен ақсақал ақын Майкөт өзінің ұзақтермесімен бастап кұттықтау айтыпты. Майлықожа болса, өзінің "Құлақ салғын халайық", "Жолдас болсаң жақсымен", "Ажал бір келмес болсайшы", "Жақсы адам қартайса", "Әр істі ақылдылар абайлайды" деген ел арасында айтып жүрген терме, толғауларын толғап шығады. Онан соң сол астың иесі боп жаршылық қызмет атқарып жүрген Құлыншақ ақын өтер астың мән-жайын, тәртіп ретін өлеңмен баян етеді де сөзінің аяқ жағын: - Тұлпардың тұлпар болмағы,Бәйгеден озып, жеткеннен,Атанның атан болмағы,"Шөк" дегенде шәкеннен.Өгіздің өгіз болмағы,"Өк" дегенде әкеннен.Диханның дихан болмағы,Бабын тауып еккеннен.Шаруаның жақсы болмағы,Қысы, жазы дамылсыз,Малына терін төккеннен.Ағайын араз болмағы.Бірін-бірі сөккеннен.Бидің де би болмағы,Әділ ғып дауды шешкеннен.Бекеңдей би табылмас,Халқының қамын ескерген, - Тұлпардың тұлпар болмағы,Бәйгеден озып, жеткеннен,Атанның атан болмағы,"Шөк" дегенде шәкеннен.Өгіздің өгіз болмағы,"Өк" дегенде әкеннен.Диханның дихан болмағы,Бабын тауып еккеннен.Шаруаның жақсы болмағы,Қысы, жазы дамылсыз,Малына терін төккеннен.Ағайын араз болмағы.Бірін-бірі сөккеннен.Бидің де би болмағы,Әділ ғып дауды шешкеннен.Бекеңдей би табылмас,Халқының қамын ескерген, - деген термемен тамамдайды. Тойпаздар қымызға қанып, тайдың етіне тойып алған соң кешке қарай ақын, жыршылар жатқан алты қанат ақ боз үйге қарай ағылады. Ондағысы ұзақ сонар қисса жыр тылдау еді. Айтқандай төрде өңкей би, болыс, датқалардың ортасында, Майкөт, Майлықожа жанында отырған қыссапаз Нысанбайдың Нұралысына жұрт назары ауады. Әр түстан: "Нұреке, қыссадан бастаңыз, "Сауда ишанды" айтыңыз, "Шәкір-Шәкіраттан" сыр шертіңіз десіп жатады. Құлыншақ ақын: - Сендер ақынды әрі тартта, бері тартқа салып көкпар қыла бермеңдер. Қайсы жырды бастайды, ақынның өзі білсін. Біз тек қана ықылас қойып тыңдауды білейік, - дейді де Нұралыға қарап:- Ал Нұреке, осы тойда барыңды қарыштап сілтеп қал! - деп қояды. Нұралы ұшатын қырандай қомданып қалды да: - Менде "Сауда Ишан" бар, "Жетім құбыл" бар, "Шәкір-Шәкірат" бар, "Төрт өнерпаз" бар, соның қайсысын айтсам екен? - деп, төрде құс жастықты шынтақтап отырған той иесі Бегалы биге қарайды. Би жастықты қойып, малдасын кұрып отырды да:- Мен сенің қиссаларыңның бәрін де тыңдап жүрмін ғой. Былтыр Көлбайдын үйінде "Жетім құбылыңды", оның алдында Бағдәулеттің тойында " Шәкір-Шәкіратыңды" таң атқанша тыңдадық. Қалғанын өзің біл, - деп, қалауды өзіне салады. Сол сол-ақ екен Нұралы домбырасын безектетіп күйлетіп алады да: - Биссміллә сөздің ұраны,Биссміллә деп бастаса,Әр істің жетер мұраты.Әр сабақтың басында,Бір биссміллә тұрады,Екі аят қып шығарған,Бұл сөзді шайыр Нұралы.Шоқай екен руы,Боралдай екен тұрағы, - Биссміллә сөздің ұраны,Биссміллә деп бастаса,Әр істің жетер мұраты.Әр сабақтың басында,Бір биссміллә тұрады,Екі аят қып шығарған,Бұл сөзді шайыр Нұралы.Шоқай екен руы,Боралдай екен тұрағы, - деп, "Сауда Ишан" қиссасын бастай береді. Ақын бұл кіріспесін біраз жерге жеткізіп тастайды да мынадай әлқисса айтады: - Бұл қиссаның уақиғасы, осы той иесі Биекеңнің аулы Созақ даласында. Шолақ қаласында өтіпті. Сондықтан да сөзді осы әңгімеден бастап отырмын,- деп, маңдай терін бір сүртіп алады да, арман қарай Болат, Жанат оқиғасын дамыта берген. Қисса таң бозарып атқанша таусылмаған. Жұртшылық ақынды сілтідей тынып тыңдаған. Таң атқан соң, ертеңгі астан кейін жамбы ату, мергеншілікке, палуандар күресіне кезек келген. Сол күні кешке қарай тойпаздар Молда Мұса мен Зұлпықар Балғабайұлын кеу-кеулеп айтыстырған. Боз бала кезінен бірге өскен, медреседе бірге шәкірт боп ер жеткен екі ақын ә дегенде бір-біріне батып сөз айта ал маған. Кейін табаны қыза келе екеуі өткір уытты әзіл-қалжыңға басқан. Айтыс аяғы намысқа тие бастаған соң ақсақалдар, аға ақындар "қой-қойлап" екеуін тоқтатқан. Ертеңіне ат бәйге басталған. Тай бәйге, құнан бәйге, дөнен бәйге жеке-жеке жіберіледі. Тай бәйгеден Жетімдер ауылының күрең тайы озып келеді. Құнан бәйгеден Маңғытай жұртының қара көк құнаны бірінші боп мәреге жетеді. Дөнен бәйгеден Бабаатада тұратын Сүлгетай Бағдәулет деген беделді кісінің қара қасқа дөнені озып шығады. Ал, бесті бәйгеден той иесінің шұбар айғыры мен Досбай қажының "Тарта шап" дейтін Қызыл аты үзеңгі қағыстыра қатар келеді. Міне, осылайша қызыққа-қызық ұласып, ел мәз-мейрам болған. (Бұл әңгімені Досбай бидің "Тарта шап" тұлпарына мініп бәйгеге шапқан ол кезде 12 жасар бала, қырқыншы жылдары бұрынғы Шаян ауданы "Досан" ұжымшарының басқарма төрағасы болған Ақтайлақұлы Махат қария айта беруші еді). Бегалы би айтыпты дейтін шешімді билік, шешен сөздер, мақал, нақылдар елуінші жылдарға дейін әсіресе Қаратаудың теріскей, күнгей бетіндегі елдер арасында жиі естілетін. Бүгінде көне шежіре қариялардың қатары азая бастаған шақта, ілуде біреу ғана айтып аңыздайтын көрінеді. ### Бегалы Күленұлы туралы әңгіме Бегалы би жаздың бір күнінде ересек жігіт боп қалған өзінің Мейірбек деген баласын және Иманберді інісінің үлкен ұлы Саттарханды ертіп, Ташкенттен ары өтіп кеткен оншақты үй Саңғыл туыстарының артынан іздеп барады. Ондағы мақсаты оларды елге көшіріп келу екен. Туысқандары қуана көрісіп, кезекпе-кезек шақырып қонақ етіп күтіпті. Би асықпай жүріп ағайындарының үй-тұрмысымен, тіршілік кәсібімен танысыпты. Елде жүргенде әрқайсысы қора-қора малға ие болып, айран, сүт, қымыз, қымыранға кәнігі, қып-қызыл нарттай боп жүрген ағайындары бұл жаққа келген соң егіншілікпен, там согумен айналысып, ыстық аптапқа күйіп, қап-қара боп, қолдары күс-күс, азып-тозып кеткен сыңайын байқапты. - Жағдайларың онша мәз емес екен, елге қайтыңдар, - депті. Ақсақал, ағайындары: - Биеке, үйреніп қалып едік. Бізді қозғамаңыз, - деп өтініпті.- Сол жолы, - дейді бізге осы әңгімені айтып берген Әбділда Багдәулетұлы, - Бегалы биді менде үйіме шақырып күтіп, сыйладым. Дастарқан үстінде ол кісі көп әңгіме айтты. Сондағы айтқандарынан есімде қалғандары мыналар:Есің барда еліңді тап,Туысыңның шотын шап.Барыңды сат, жүгіңді арт,Ертерек елге қайт. Есің барда еліңді тап,Туысыңның шотын шап.Барыңды сат, жүгіңді арт,Ертерек елге қайт. Әйелі семіз, өзі арық,Жұтаған ерден сақтасын.Жері сортаң, адамы қартаң,Азған елден сақтасын. Әйелі семіз, өзі арық,Жұтаған ерден сақтасын.Жері сортаң, адамы қартаң,Азған елден сақтасын. Адасқанның айыбы жок,Қайтып үйірін тапқан соң.Ашылғанның айыбы жоқ,Өзі біліп етегін жапқан соң. Адасқанның айыбы жок,Қайтып үйірін тапқан соң.Ашылғанның айыбы жоқ,Өзі біліп етегін жапқан соң. Ұл өсірдік ер жетті, жөніне кетті,Қыз өсірдік бой жетті, еріне кетті.Екі ортада қалған ата-ана,Төрінен көріне жетті. Ұл өсірдік ер жетті, жөніне кетті,Қыз өсірдік бой жетті, еріне кетті.Екі ортада қалған ата-ана,Төрінен көріне жетті. Айбары жоқ, айтарыңды қайтейін.Барары жоқ, қайтарыңды қайтейтін.Қауқары жоқ, қайратыңды қайтейін,Қаһары жоқ, айбатыңды қайтейін? Айбары жоқ, айтарыңды қайтейін.Барары жоқ, қайтарыңды қайтейтін.Қауқары жоқ, қайратыңды қайтейін,Қаһары жоқ, айбатыңды қайтейін? Келін балаң жаман болсаұлыңнан көр,Күйеу балаң жаман болсақызыңнан көр. Келін балаң жаман болсаұлыңнан көр,Күйеу балаң жаман болсақызыңнан көр. ұлыңнан көр, қызыңнан көр. Арқан бойы соқпақтың,Тұсау бойы төтелігі бар. Арқан бойы соқпақтың,Тұсау бойы төтелігі бар. Адамды арығында сыйлаБілгенді жөнімен қина. Адамды арығында сыйлаБілгенді жөнімен қина. Әке тілін алмаған ұлдан без,Шеше тілін алмаған қыздан без. Әке тілін алмаған ұлдан без,Шеше тілін алмаған қыздан без. Адал болса алғаның,Жан серігің емес пе?Сұлудан да сүйкімді,Жан көрігің емес пе? Адал болса алғаның,Жан серігің емес пе?Сұлудан да сүйкімді,Жан көрігің емес пе? ## Дереккөздер
НОҒАЛА (leucoma), ақ шел – көздің қасаң қабығының ақшыл-сарғылт болып қарауытуы. Бұл дерт қасаң қабықтың қабынуынан немесе жарақаттану салдарынан пайда болады. Қасаң қабықтың қарауыту қарқынына қарай Н. бірнеше түрге ажыратылады: бұлт тәрізді Н. – жарық түсіріп қарағанда болар-болмас байқалатын қарауыту; дақты Н. – қасаң қабықтың ортасында не шетінде көрінетін қарауыту; ақ Н. – қасаң қабықты жартылай немесе бүтіндей жабатын тығыз ақ шел. Қасаң қабықтағы Н. патолог. процестің нәтижесінде ақ жараға айналып, тесіледі де оған көздің нұрлы қабығы кіріп қысылады. Ол жер тыртықтанып біткен соң нұрлы қабықпен тұтасып, ақ шелге айналады. Егер Н. қарашық маңында болса, көздің көру қабілетін едәуір төмендетеді. Ал көзді түгелдей ақ басса, адам мүлдем көрмей қалады. Н. асқынған жағдайда көз қысымы (ішкі) көтеріліп, екінші реттік глаукома басталады. Осының салдарынан қасаң қабық жұқарып, созылады да стафилома (қасаң қабықтың шар тәрізді сұрғылт тартып томпайып ілгері шығуы) пайда болады. Емі: қасаң қабықты толықтай ақ басқан жағдайда кератопластик. операция (қасаң қабықты ауыстырып салу) жасалады. Соңғы жылдары қасаң қабықтың ақ дағын жасанды қабықпен (кератопротезбен) алмастыру жақсы нәтиже беруде.
Новотроицкое — Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы ауыл, Новотроицкий ауылдық округі орталығы. ## Георафиялық орны Аудан орталығы – Қарабалық кентінен солтүстік-батысқа қарай 39 км-дей жерде, орманды-дала белдемінде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы ауылдың тұрғындары 1499 адам (732 ер адам және 767 әйел адам) болса, 2009 жылы 978 адамды (480 ер адам және 498 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты қаланған. 1957–1996 жылдары астық өсіруге маманданған “Мағынай” кеңшарының орталығы болған. Кеңшар негізінде Новотроицкоеде ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істейді. ## Дереккөздер
Булаев қалалық әкімдігі – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Булаев қаласы, Медвежка ауылы кіреді. Орталығы – Булаев қаласы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 9086 адамды құрайды. ## Дереккөздер
Нармахан Бегалиев 1943 жылы 30 мамырда Түркістан облысының бұрынғы Арыс ауданында туған.Шымкент Педагогика институтының филология факультетін бітірген (1966). Сіргелі тайпасының Тутаңбалы руынан шыққан. ## Жұмыс баспалдағы 1966 — 1967 жылдары Бөген ауданында жергілікті радиохабарларын ұйымдастырушы, 1967—1974 жылдары Бөген аудандық және Арыс қалалық біріккен «Коммунизм таңы» және «Заря коммунизм» газеттерінің жауапты хатшысы, редактордың орынбасары, редакторы болып істеген. Өлеңдері 1961 жылдан жариялана бастады. ## Шығармалары * Шаттық күйі. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974; * Жиде жұпар шашқанда. Өлеңдер. А., «Жалын», 1978; * Жотадағы жол. Өлеңдер. А., «Жалын», 1981. ## Дереккөздер
Благовещен ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Благовещенка, Богдановка, Майбалық ауылдары кіреді. Орталығы – Благовещенка ауылы. Округ құрамында болған Талпын ауылы 2018 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 3669 адамды құрайды. ## Дереккөздер
Ноғайлы дәуірінің әдебиеті – Алтын Орданың ыдырау кезеңі мен Қазақ хандығы құрылғанға дейінгі әдебиет. Ноғайлы дәуірі 14 – 16 ғасырлар арасын қамтиды. Бұл кезеңдегі этнографиялық топтар сары, қара, маңғыт және Кавказ ноғайлары болып бірнеше тармаққа бөлінді. * Сары ноғайлар (татарлар) Алтын Орда құлаған соң Қазан, Қырым, Астрахан, Қасым хандықтарын құрды. * Қара ноғайлар (барабы татарлары) он сан ноғай хандығын орнатты. * Маңғыт ноғайлар Маңғыстау жерінде Кіші жүз қазақтарымен аралас-құралас тұрған. * Кавказ ноғайлары кіші және үлкен Ноғай ордасының құрамында болды. Ноғайлы дәуірінің әдебиеті, негізінен, екі түрлі арнада дамыды: бірі – фольклор, екіншісі – ауыз әдебиеті. Фольклор саласында көптеген ғұрып өлеңдері мен ертегілер, шығыс сюжеттері (“Мың бір түн”, “Тотынама”, “Калила мен Димна”, т.б.) кең тарады. Қаһармандық мазмұндағы классик. эпос үлгілері (“Қобыланды”, “Алпамыс”, “Ер Сайын”, т.б.) бұл кезеңде этн. сананың қозғаушы күші ретінде мазмұндық-құрылымдық жағынан жаңғырып, толықтырылып, қайтадан эпик. айналымға түсті. Сонымен қатар ноғайлы заманының тарихи оқиғаларын қамтыған эпостық жырлар да бой көрсетті. Олар бірде жеке батырлардың іс-әрекеттеріне негізделсе (“Ер Тарғын”, “Ер Қосай”, “Ер Көкше”), бірде ондаған жырлардан құралатын, генеол. жүйеге негізделген эпик. топтама үлгісіне құрылды (“Едіге”, “Орақ – Мамай”, “Қарасай – Қази”, “Аңшыбай батыр”, “Парпария”, “Құттықия”, “Едіге”, “Нұрадин”, “Мұсахан”, т.б.). “Қырымның қырық батыры” деп аталған бұл жырлар Қазақстанның батыс аймақтарында сақталған. Оның толық нұсқасы 1942 ж. Мұрын жыраудан жазылып алынса, кей үлгілерін (“Қарасай – Қази”, “Едіге”, “Орақ – Мамай”) 20 ғ-дың бас кезінде Нұртуған ақын жазбаша түрде қайта жаңғыртқан. Ноғайлы ұлысының кейін қазақ халқының этногенезін құраған көптеген түркі тайпаларын қамтығаны белгілі. Сондықтан ұлыс құрамындағы жеке ру-тайпа батырлары жыр үлгілерінде ноғайлы деген жалпы атау аясында көрінеді. Ноғайлы дәуіріндегі ауыз әдебиеті өкілдері қатарында Кетбұға, Сыпыра, Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалгез (Шалкиіз) жыраулар болды. Олардың шығармалары негізінен авторлық әдебиет көрінісі ретінде жыраулық поэзияға жол салды. Мұндай туындылар қазақ және ноғай әдебиетінде қатар сақталған, ортақ шығарма болып табылады. Олардың қатарында “Айсылдың ұлы Әмет батыр”, “Бозжігіт”, “Шора батыр”, “Әділ сұлтан” эпостық жырларын, “Тақырлауға қонған қаз, тырна” (Асан қайғы), “Алаң да алаң, алаң жұрт” (Қазтуған), “Би Темірге айтқаны”, “Шағырмақ бұлт жай тастар” (Шалгез), “Айнала бұлақ басы тең”, “Қоғалы көлдер қом сулар” (Доспамбет), “Ер Шобан” (Естерекұлы Ер Шобан), т.б. көптеген толғауларды атауға болады. Қазақ арасында ноғайлы жырлары, сондай-ақ ноғай әдебиетінде қазақ жырлары молынан сақталған. Ноғай әдебиетінің үлгісі ретінде жарық көрген “Біз – қазақпыз”, “Жорықта өлген жігіттің жыры”, “Асқар тау”, “Сары қыз”, “Алалай жыры”, “Ботагөз”, т.б. қазақ жырлары соның айғағы. Сонымен қатар оларда Асан қайғы Сәбитұлы, Шалкиіз Тіленшіұлы, Доспамбет Азауұлы, Қазтуған Сүйінішұлының қазақ әдебиетіне беймәлім шығармалары да баршылық. Осы тарихи кезеңде туған жазба әдебиет үлгілері де бар, бірақ олардың қай тарихи кезеңге жататындығы туралы түрлі пікірлер айтылып келеді. Кейбір зерттеушілер бұл кезеңді Дешті Қыпшақ немесе Алтын Орда дәуірінің әдебиеті деп те атайды. Бірақ мұндай дәуірлеудің әлі де анықтай түсетін тұстары жеткілікті. Біріншіден, “Дешті Қыпшақ” (11 – 16 ғ-лар) өте кең ұғым, ол этн. негіздегі мемл. бірлестіктен гөрі тарихи-геогр. ұғымға жақын. Екіншіден, Алтын Орда дәуірінде (1243 – 1503) өмір сүрген шайырлар Құтыб “Хұсрау – Шырын”, Хорезми “Мұхаббатнама”, Сайф Сараи “Гүлистан би-т-түрки”, Мұхаммед Салих “Шайбанинаме” сияқты жазба мұралар қалдырғанымен, олар ноғайлы дәуірінің этн. санасы мен эпик. дәстүрінен дараланып тұрады. Бұл жазба ескерткіштердің кейінгі ноғай әдебиетінде сақталмауы да көп нәрседен хабар береді. Н. д. ә. үлгілерін М.Османов, В.В. Радлов, А.Жәнібек, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Х.Сүйіншәлиев, Р.Бердібаев, М.Мағауин, А.Сикалиев, Ә.Дербісалин, т.б. ғалымдар зерттеді. ## Дереккөздер
Өстемір — Алматы облысы Талғар ауданы, Нұра ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Талғар қаласынан солтүстікке қарай 53 км жерде. ## Халқы ## Тарихы Ауыл 1995 жылға дейін «Мирное» деп аталған. 1967-1997 жылы Алматы өндірістік бірлестігіне қарасты етті құс өсіретін кеңшардың орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Өстемірде ӨК және бірнеше шаруа қожалығы құрылды. ## Дереккөздер
Ноқат (лат. Cicer) – бұршақ тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы таулардың қиыршық тасты беткейлері мен тастақты жерлерінде, тау өзендерінің аңғарларында өсетін 3 түрі бар. Олардың биіктігі 15 – 70 см. Жай қауырсынды жапырақтарының ұштарында мұртшалары не өскіндері болады, олардың сыртын безді талшықтар (қымыздық, лимон, алма қышқылдарын бөледі) жапқан. Дара гүлдері ақ, қызғылт не қызыл түсті болады. Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жеміс салады. Жемісі – бұршақ. Тұқымы қарақоңыр түсті, жұмыртқа тәрізді, екі бүйірінен бұдырлы келеді. Ноқаттың тұқымында белок, май, азотсыз экстрактты заттар, В витамині болады. Сондықтан ноқатты тағам ретінде пайдаланады, кондитерлік өнім алуда қолданады. Сондай-ақ ноқаттар – жақсы мал азығы. ## Дереккөздер
ЖАНАЕВ Ахат (1934 жылы туған, Сырдария ауданы) – жазушы. Қызылорда педагогика институтын (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) (1957), Алматы жоғары партия мектебін (1964) бітірген. Қазақ радиосының Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып 30 жылдай еңбек етті. Жанаев Қорқыт күйлерін қайта жаңғыртуда халыққа танымал болды. 1975 жылы қартқобызшы Смайыл Шәменұлынан (соқыр Нышан) жазып алған Қорқыт Атаның 12 күйі М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында сақтаулы. 1987 жылы қалалық кеңестің депутаты болып сайланды. Оның «Арысы едің Алаштың», «Өтелген парыз», «Беркінбай әулие: аңыз бен ақиқат», «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» атты кітаптары жарық көрген. Бірнеше медальмен марапатталған.
Бірлік ауылдық округі: * Бірлік ауылдық округі — Абай облысы Жарма ауданындағы әкімшілік бірлік. * Бірлік ауылдық округі — Ақмола облысы, Сандықтау ауданындағы әкімшілік бірлік. * Бірлік ауылдық округі — Алматы облысы, Балқаш ауданындағы әкімшілік бірлік. * Бірлік ауылдық округі — Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы әкімшілік бірлік. * Бірлік ауылдық округі — Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданындағы әкімшілік бірлік. * Бірлік ауылдық округі — Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданындағы әкімшілік бірлік. * Бірлік ауылдық округі — Жамбыл облысы, Шу ауданындағы әкімшілік бірлік. * Бірлік ауылдық округі — Жетісу облысы, Панфилов ауданындағы әкімшілік бірлік. * Бірлік ауылдық округі — Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы әкімшілік бірлік. * Бірлік ауылдық округі — Павлодар облысы, Баянауыл ауданындағы әкімшілік бірлік. * Бірлік ауылдық округі — Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов ауданындағы әкімшілік бірлік. * Бірлік ауылдық округі — Түркістан облысы, Келес ауданындағы әкімшілік бірлік. * Бірлік ауылдық округі — Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы әкімшілік бірлік.
Виноградов ауылдық округі — Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Виноградовка, Исаковка, Сумное ауылдары кіреді. Орталығы – Виноградовка ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1027 адамды құрады. ## Дереккөздер
Ноқта – ер-тұрман әбзелі. Сағалдырық, мұрындық, төбелік арқылы мал басын ырыққа көндіру үшін қолданылады. Ноқта қайыстан, жүннен (арқаннан) жасалады. Онда жүген сияқты сулық, ауыздық болмайды. Сулықтың орналасатын жері сүйірленіп келеді де оған ұзындығы 2 м-дей тізгін жалғастырылады. Мұрындығы мен төбелігі, сағалдырығы, тізгінге жалғасар тұстарына бекіткенде мықты болуы үшін темір шығыршық орнатылады. ## Дереккөздер
Ноғайбай би Дәулетбақұлы (1834, Жамбыл облысы, Қордай ауданы – 1910, Жамбыл облысы, Қордай ауданы) — Жетісу өңіріне белгілі шешен, би. Дулат тайпасы, Жаныс руының Қасқарау бұтағынан. Әкесі Дәулетбақ, арғы атасы Малдыбай Жетісудағы қазақ, қырғыз жұртына бірдей аттары әйгілі адамдар болған. Талас, Қордай өңірлеріндегі Қоқан ханына қарсы көтерілген қазақ руларын басқарған. Ресей үкіметі Ноғайбайдың беделін пайдалануды көздеп, бір жағынан оның Қоқанға қарсы соғыста көрсеткен еңбегін ескере отырып әскери шен (кейбір деректерде полковник) берген. Қордай ауданы Қарасу а-нда Ноғайбайдың күмбезі бар. ## Ноғайбай би туралы әңгімелер ### Ноғайбай би туралы әңгіме Қырғыз Бәйтеке батыр той істеп қазақ-қырғызды шақырады. Тойға шақырылған адамдардың барлығы тойхана алып келетін салт бар ғой. Байлар тойхана сыйын бір-бірінен асырам деп, бір тоғыздан кем алып келмейді. Үйірлеп айғыр, қоралап қой, тоғыздатып түйе әкеліп жатады. Бұл барлардың істейтіні. Ал, Ноғайбай сияқты жалғыз атты серілер не етеді? Ноғайбай мен Бәйтеке батыр құда екен. Ноғайбайда көп мал болмаған, тапқаны тамағына, жұтқаны жұмырына ғана болып, сәулетті ат-тонды асыра мініп, жақсы киініп жүретін. Нүкаң ойланып бір амал табады. Малдыбай, Қонысбай деген бай елдің түйелері Ырғайтының даласында жайылып жататын. Ноғайбай түлеп шайырға семірген өркештері баладай түйеден жігіттеріне отыз түйе айдатып, тойханаға алып барады. Бәйтеке батыр тойына келе жатқандардың алдынан даяшы қойған екен. Ол даяшылар көбінесе ақындар болады. Кімнің қанша сый әкелгенін кімнен кімнің асқанын, сол даяшы ақындар өлеңмен жариялап тұрады. Сонда Тоқтағұл: - Асып туған, Ноғайбай,Ноғайбай болмақ оңай ма-ай?Отыз түйе ап келді,Кешіктірмей дөп келді.Бай-манаптар мақтанған,Қайтіп бұған шақ келді. Масқара болды байларың,Ноғайбайға бақ келді.Қазақтан асқан Ноғайбай,Батырға, міне, бап келді.Төрт түлік малдың төресін,Келелеп бура сап келді. - Асып туған, Ноғайбай,Ноғайбай болмақ оңай ма-ай?Отыз түйе ап келді,Кешіктірмей дөп келді.Бай-манаптар мақтанған,Қайтіп бұған шақ келді. Масқара болды байларың,Ноғайбайға бақ келді.Қазақтан асқан Ноғайбай,Батырға, міне, бап келді.Төрт түлік малдың төресін,Келелеп бура сап келді. Қырғыздар отыз түйені сарайға қамап, "атқа қоқи, Ноғайбайдан асып тойхана алып келген қазақ-қырғыз жоқ" деп, шулап бозаға тойып жата береді. Ноғайбай жігіттерге айтып қойған, "таңға жақын қырғыздар ұйықтап жатқанда, сарайдың аузын ашып тастаңдар, түйелер өрісіне кете берсін" депті. Таң атқанда қырғыздар қоқилап шауып, "түйе жоқ", "түйе жоқ" десіп қалады. "Құдай ұрған Ноғайбай алдады" деп батыр Бәйтеке: - Ау, Ноғайбай түйелеріңе кете бер деп үйретіп қойғансың ба? - депті. Сонда Нұқаң:- Менің түйе, жылқым сендерге мәлім ғой, ағайыннан сұрап айдап келіп едім, қолыңа беріп, қораңа қамап берген түйеден айрыл деген мен бе? Жоқ, болмаса, сендердің малдарыңды бағып беретін мен малаймын ба? - депті. Уәжден жеңілген қырғыздар "бұл Ноғайбайды адам баласы жеңіп болмайды, ол біз тұрмақ шайтанды да жеңеді" депті. ### Ноғайбай би туралы әңгіме Ноғайбай бидің даңқы Сарыарқаға жайылады. Сонау арқадан ақын Шөже жолдағы елді аралап, Бетпақдаланы басып, Байқара, Жамбыл адырларынан асып жолшыбай кездескен елдерден сұрай-сұрай "Сұлутөрдегі" Ноғайбайдың аулына келеді. Өзі соқыр кісі екен. Бір жігіт жетелеп жүреді. Ноғайбай әдеті бойынша төбенің басында, көк майсада көп адамдармен отырғанда жол жүріп болдырып Шөже келіпті. Жұрт кезек-кезек сәлемдесіп қол беріп амандасады. Бірталай бай-мырзалардан кейін Ноқаң келіп Шөженін қолын алып еді, Шөже оның қолын жібермей қысып тұрып, әндете бастапты: Кейбіреу тілге жүйрік, бақ тимеген,Кейбіреудің бағы зор үндемеген.Қол бергеніңнен таныдымНоғайбайжан,Тізгіннен басқа ешбір дақ тимеген. Кейбіреу тілге жүйрік, бақ тимеген,Кейбіреудің бағы зор үндемеген.Қол бергеніңнен таныдымНоғайбайжан,Тізгіннен басқа ешбір дақ тимеген. Ноғайбайжан, Ноғайбайжан, Ноғайбайжан, Құдайым, бұл Шөженің көзін алған,Көзін алып көңіліне өлең салған.Арғы атаң арғымақтай Малдыбай би,Басындай Алатаудың бұлт шалған. Құдайым, бұл Шөженің көзін алған,Көзін алып көңіліне өлең салған.Арғы атаң арғымақтай Малдыбай би,Басындай Алатаудың бұлт шалған. Бар ма екен ер Ноғайбай сенде арман?Әселдей Байсейттің қызын алған.Келіні Құнанбайдың Арғын дегенАтағыңды есітіп саған барған. Бар ма екен ер Ноғайбай сенде арман?Әселдей Байсейттің қызын алған.Келіні Құнанбайдың Арғын дегенАтағыңды есітіп саған барған. Сен шықтың ҚасқарауданНоғайбай боп,Аруағың қалың орман тоғайдай боп.Қырық жылғы қырсыққандауға барсаң,Бір сөзіңмен бітеді оңай-дай боп.Атыңды бағып жүргенҚожан,Бақай,Жабысты етегіне шоқайна боп. Сен шықтың ҚасқарауданНоғайбай боп,Аруағың қалың орман тоғайдай боп.Қырық жылғы қырсыққандауға барсаң,Бір сөзіңмен бітеді оңай-дай боп.Атыңды бағып жүргенҚожан,Бақай,Жабысты етегіне шоқайна боп. Ноғайбай боп, Ноғайбай боп, Ноғайбай боп, дауға барсаң, дауға барсаң, дауға барсаң, Қожан,Бақай, Қожан,Бақай, Қожан,Бақай, Сонда жұрт шулап рас Шөжеке Ноқаң осы өзін қолын ұстап тұрған кісі, апырмай, әулие екен. Қайдан таныды депті. Ноғайбай Шөжені бір-екі ай жатқызып, өлеңін айтқызып, құлақ қойып ете ықыласпен сыйлапты. Ноқаң ақынды көп қаламайтын. Атақты Сүйінбайға: - Иә, қызыл иек, бергенді мақтап, бермегенді даттап, қайдан келдің? - дейді екен. Олай емес, Шөжеге ықыласы ауып, Әсел бәйбішеге киім тіккізіп таза киіндіріп жақсы күткізіп, ат, түйе беріп аттандырыпты. Сонда, Шөже кеткен соң, халық Нұқа-ау, ақынға қарсы едіңіз, бір соқырды мұнша қолдадыңыз ғой дегенде, Ноғайбай: - Ақын деп Шөжені айт, шешен деп Бөлтірікті айт, батыр деп Сыпатайды айт, - деген екен. ### Ноғайбай би туралы әңгіме Ноғайбай шешен ұлы Абаймен де кездескен деген сөз бар. Екеуі құда, жегжат боп өзара сыйласып жүрген. Абай болыс боп сайланар алдында ма, әлде содан кейін бе, бір жылдың жазында Алматыға, одан "Сұлутөрдегі" Ноғайбай аулына келіп кеткен дейді қариялар. Абайдың Алатау атырабында болуы жөнінде Кенен Әзірбаев ақын да өзінің "Аңыздар сыры" (1969) деген кітабында жазды. Этнограф зерттеуші Есім Байболов та айтып, жазып ("Жүлдыз № 9) келді. Кенен де, Есім де Абай мен Ноғайбайдың кездесіп сұхбаттасуын көне көз кариялардың айтуына сүйеніп жазған. Ол кезде Абай Жетісуға ояздық губернатордың жиын - мәслихатына келді ме, әлде Верныйда қызмет істеген баласы Әбдірахманға, әлде құда, жегжаттары Тәйті, Әпсемет сияқтылардың шақыруына немесе жеңгесі Ақмайға байланысты ма, әйтеуір Абайдың Жетісуда болуын ел осы күнге дейін аузынан тастамай аңыздайды. Біреулер Абай Жетісуда болмаған, документті дерек жоқ десе, енді біреулер. "Араласып жатқан қарға тамырлы қазақ емеспіз бе? Құнанбай кезінде Бөлтірік, Сапақ, Сары, Кебекбай билерді, Сұраншы батырды асқа, тойға, шақырғанда, Меккеге әжілікке ниет қылып сапар шегіп бара жатып Құнанбай Екейдегі Тәйті құдасынын үйіне қона жатып аттанғанда, Алатауға билік іспен Айдабол, Алшынбай, Тайкелтір билер, Шөже, Байкөкше ақындар келгенде, қызмет бабымен Әріп, Әбдірахман, Мағауия, Нұржан тағы көптеген кісілер болғанда, Абай неге келмесін?" Абайдың Жетісуға келгенде басында қар жатқан Алатауға таңырқай қарап: "Алатаудың басы күнге жақын, бірақ басында мәңгілік қар жатады. Сайында неше түрлі өсімдік, неше алуан жеміс шығады. Жақсылыққа алыс жер, алыс заман жоқ. Қайда болса да жетеді"... (М. Әуезов. Абайдың өмірбаяны, Қазақ өдебиетінің тарихы. 2-т. 1961. 350-6.), деген өз сөзі де жеткілікті емес пе?!" деседі. Рас-ау, шынында. Алпысыншы жылдары Кенен ақынның жыр жинақтарын жинасып баспаға әзірлеп жүргенде, ол кісі мына бір әңгімені айтқанды. Енді соған көңіл қояйық: - Абайдың Ақмай деген жеңгесі ме, әлде келіні ме, сонау Шыңғыстан келіп Ноғайбайға тиген екен. Ақмай әуелі Алматыда тұратын Мерқасымдағы апасының соңынан келеді. Мерқасым және Құнанбайдың жиені Әпсемет, тағы біреудер сөйлесіп оны Ноғайбайға қосады. Бірер жылдан соң Абай Жетісуға келіп Мерқасым, Әпсеметтің үйіне түскен дейді. Сәлемдесіп, танысқан соң, бір сөз иіні келгенде Мерқасымның балдызы Ақмайдың қалай Ноғайбайға қосылғанын сұрап қалады. Мерқасым өздері араласып кұда- жегжат боп жүрген Ноғайбайды мақтайды.- Жетісудағы елді жел диірмендей айналдырып тұрған ата-бабаларынан Дулаттың алдынғы қатарлы адамдары. Бұл Жетісудағы қала-далаға, қырғыз- қазаққа қадірлі адам. Бірақ орысша білмейді. Болмаса адамның кара тілді шешені. Аулы "Сүлутөрді" жайлаған. Шіркін, "Сүлутөр" десе дегендей жер- ау, мөлдір бұлақ, көк торғын құрақ, салқын сазды. Үлкенсаз, Кішісаз, Қарақия, Қасқажол. Ар жағында кырғыздар қыз алысып, қыз берісіп араласып кеткен ел ғой, - деп отырғанда, бір жігіт: - Ноғайбай мен Шөбден батыр осы Алматыда жүр, кеше губернатор кеңселерінің алдынан көрдім. Ыскақбай үйіне қонаққа алып бара жатқан, - деді. Мерқасым жігіттен: - Ұлыққа неге келгенін білдің бе? - деп сұрады.- Сырттан ұққаным, - деді жігіт - қырғыз Шолпанқұл манап Сібірге айдалатын болыпты. Бішкек уезінің бастығын ұрған дейді. Соны Шөбден, Ноғайбай екеуі "күнәсін кеш" деп губернатор мен жандаралға келіпті. Қадірін салып келген соң олар Шолпанкұлдың күнәсін кешіпті. Осыған байланысты Ысқақбай оларды қонаққа шақырыпты. Сарбас ақын, қырғыз Қалмырза ыршы қастарында дейді.- Рахмет жігітім, көп әңгіме айттың, - деп бәрі дуылдасып қалады. Абай үндемей тыңдап отырады. Ертеңіне Шөбден батыр рұқсат қағазды алып аулына жүріп кетеді. Ноғайбай каладағы жолдас-жора, жекжаттарымен амандасып қайтқалы қалады. Танертең Мерқасым Ноғайбай мен оған ере келген Әселге барып, Абайдың келіп, өз үйінде жатқанын айтады. Бастан-аяқ әңгіме нобайын түсінген Ноғайбай ең алдымен базардан бір ту бие сатып алдырды. Құнанбайдың бұрын да дабысын білетін ол Абай деген ақын да, ақылды баласы бар деп есітетін. Арғыннан Аңмайды алғалы тобықтының жағдайын толық білген Ноғайбай енді Абаймен дидарласуға бет қояды. Мерқасым Ноғайбайды Әселімен ертіп келіп, Абай отырған үйіне кіргізеді. Үйдегілер жапырылып амандасады. Абай да орнынан тұрып, Нұқаңмен құшақ жайып сәлемдеседі. Ноғайбай Абайдан үлкен, Құнанбаймен қатар кісі. Есен-амандықтан кейін Ноғайбай Абайға бұрылып: - Ия, Абай мырза, жол болсын, мынау Мерқасымнан сіздің осы үйде жатқаныңызды естіп, сәлемдесейін деп келдім. Алатау, Алматыға келген соң бізге қонақсыз ғой, қаладан біз де, сіз де қайтқанша, дәм-тұз тата тұрсын деп сойысқа бір ту бие ала келіп ем. Онан соң Абай шырағым, біздің ауылды көріп қайтыңыз. Мынау отырған Әсел бәйбішеден дәм татып Ақмай жеңгеңе жолығып қайтарсыз, - депті. Сонда Абай:- Рақмет Нұқа, дұрыс айттыңыз, Арқадан ауа жайылып бір асылымыз мұнда, сізбен отандасыпты, сөйтіп жесіріміз теңін де, жерін де тауыпты. Аталы жерден шыққан текті ару еді. Нұқа, Ақмай жеңгем туған жерін, өскен елін аңсап Арқаға барып қайтамын десе, шаужайынан қақпаңыз, - деп күліп қояды. Екеуінің аузын бағып отырған көпшілік дуу күліп, қошемет көрсетеді. Түрлі ас, тамақ, қымыз құйылып, салтанатпен Мерқасым екеуіне бар ықылас-пейіл білдіреді. Ноғайбай Абайды "Сұлутөрге" шақырады. Сонда Абай:- Нұқа, ауылыңыз қашықтау екен, Ақмайды Алматыға келтірсеңіз, көріп қайтайын, - деп еді, Ноғайбайдан бұрын Сарбас ақын дереу домбырасының құлағын бұрап-бұрап шырқап жібереді: Арғы атаң Өскенбай мен Құнанбайды,Тобықты "Ырғызбайлап" ұрандайды.Қазақта бірінші боп әжі барған,Өз әкең есіне алып, бір Құдайды.Меккеде тәңірге арнап үй салғызған,Туғызған кемеңгер кып бұл Абайды.Нұқаңды көрген шақта жесіріңіз.Айналып аққу қаздай шыға алмайды.Шал атын палуандай сөзі әрлі,Абайжан көңілің қалай, бұраңдайды?Бармаған шақырғанға зар болады,Құрметпен барған қонақ ұялмайды. Арғы атаң Өскенбай мен Құнанбайды,Тобықты "Ырғызбайлап" ұрандайды.Қазақта бірінші боп әжі барған,Өз әкең есіне алып, бір Құдайды.Меккеде тәңірге арнап үй салғызған,Туғызған кемеңгер кып бұл Абайды.Нұқаңды көрген шақта жесіріңіз.Айналып аққу қаздай шыға алмайды.Шал атын палуандай сөзі әрлі,Абайжан көңілің қалай, бұраңдайды?Бармаған шақырғанға зар болады,Құрметпен барған қонақ ұялмайды. Отырған көпшілік: - Пәле, Сарекең тура айтгы, - деп қалады. - Абай күліп Сарбасқа, - рахмет барайын, халық шақырған жерден неге қалайын, - дейді. Сұлутөрге бет алған қырық-елу адам Абай мен Ноғайбайды ортаға алып сырнайлатып, кернейлетіп сән-салтанатымен келеді. Жайлаудағы қалың ел таңырқап, кәрі-жас қарап турады. Абайды әуелі Әселге түсіреді. Тай сойылып, сары қымыз құйылып Әсел де Абайды аса зор ылтипатпен құрметтейді. Әсел ару да Абайдың кермиық келбетіне, киім киісіне, жүріс-тұрысына сөйлесіне қарап, оны Жетісу адамдарымен іштей салыстырады. Абай да Әселдің бөлекше әйел екенін байқап танып, Ноғайбайға Құдайдың лайықтап қосқанына сүйсінеді. Келесі күні Абайды Арғын апайға түсірді. Ауылы бөлек одан да түрлі қырғыз-қазақтың әдет-ғұрпын, тамашасын көрді. Жесірінің баласы Iлиястың бетінен сүйеді. Қыздарын алдына отырғызып, еркелетеді. Қысқасы Абайды Нұқаңның балалары, ағайын-інілері кезек- кезек таласып қонақ етеді. Сұлутөрдің көк жайлауында Абай бір-екі жеті жүріп, ас-тойларды көріп, елдің салтымен танысады. - Ноқа, жеріңіз де, еліңіз де тамаша! Байлық та, батырлық та, ақындық та халық арасында жоқ емес, бірақ жастар оқусыз екен. Байлық көзі оқу, білімде, олай болса балаларды оқыту, құнарлы жерге елді қоныстандыру керек. Сіздерде үлгі аларлық мүмкіншілік көп, Алматы мен Бішкек арасында отырсыздар. "Түбінде баянды еңбек - егін салған, жасынан оқу оқып, білім алған. Би болған, болыс болған өнер, емес, Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған" деп өлеңдете сөйлегенде, Ноғайбай басын изеп мақұлдапты. Абай Нұқаңнан қайтуға рұқсат сұрады. Арғын апай өзі де Алматыға шейін шығарып салмақ болады. Ноғайбай өзі де қалаға жүрмек болады. Әсел бәйбіше ішік жапты, екі жолдасына да ат-шапан берді. Еркебай аулына дейін Қасқараудың жақсымын деп жүрген адамдары Абайды құрметтеп шығарып салды. Жұлқынып тұрған үш қара арғымақ қара жолды бұрқыратып Ноғайбай мен Абайды, арғын апайды, Мерқасымды Әйелімен Алматыға карай қоңыраулатып ала жөнеледі. Қырғыз-қазақтардың Абайды көргендері "шіркін-ай туыс осы екен" десіп, таңдай қағып қала береді. Осы кездесудін ішінде болған Ноғайбайдын досы тоқсандағы Бұғыбай қарт және ұстаз ағаларым: Еркебай Базарұлы, Сарыбас Майкөтұлы, Сәрсебай Билібайұлы, Шөжіке Оспанұлы, Төкен Байғұттыұлы, Сәлім Түлкібайұлы тағы бірқатары осылай әнгіме етуші еді. Абай қалаға келген соң үш күннен кейін Шыңғыска қайтты. Разы болғандай, Ноғайбай сыйына көңлі толғандай түрі бар. Тағы да сәлем-сауқаттар беріп. Арғын апай да, Мерқасым да, оның әйелі де жік-жалар болып жатыр. Қаладағы арғындар келіп Құнанбайға сәлем де деп аманат айтты. Абай аттанарында Ноғайбайдың қолын алып тұрып: Алатау асқар бел екен,Үйсін атты ел екен,Етек, жеңі кең екен.Алма-жеміс көп екен.Сұлутөр құтты жер екен.Қойны толы кен екен.Қоңыр желі Қордайдыңдертке шипа ем екен.Елден елдің кемі жоқ -- Қасқараудың көлемі,Тобықтыдай кең екен.Ерден ердің кемі жок,Ноғайбай да ер екен,бақытты бопсыз Ақмайым,Келген жерің күт екен.Артық депте кетер ем -Ел намысы дер екен.Қош сау болғын ер, Ноқа,Кіре берсін берекең, Алатау асқар бел екен,Үйсін атты ел екен,Етек, жеңі кең екен.Алма-жеміс көп екен.Сұлутөр құтты жер екен.Қойны толы кен екен.Қоңыр желі Қордайдыңдертке шипа ем екен.Елден елдің кемі жоқ -- Қасқараудың көлемі,Тобықтыдай кең екен.Ерден ердің кемі жок,Ноғайбай да ер екен,бақытты бопсыз Ақмайым,Келген жерің күт екен.Артық депте кетер ем -Ел намысы дер екен.Қош сау болғын ер, Ноқа,Кіре берсін берекең, деп тақпақтай жөнеліпті. Сонда Ноғайбай да: - Рақмет, Абайжан. Ел бағына туған ер екенсің, ақылың дария көл екенсің. Әрі інім, әрі балам қатарсыз. Көпке бірдей күн болып туған ұл екенсің. Бір ауылға болысатын кісі емес, бүкіл ел қамын ойлайтын қамқор дана көрінесің. Орысша да, мұсылманша да білімің зор екен, мен де Жетісудағы елге атым бар, азды-көпті хатым бар адаммын. Бірақ арманым бар. Ол патшамен орыс тілінде еркін сөйлесе алмайтыным. Абайжан, сөге- жамандама, Ноғайбайдан сәлем де әкең Құнанбайға, арқадағы елге, - деді.- Өскенбайға ас беріп ат шабамын, деп, үш жүзге сауын айтканда менің ағам Мадияр деген он жолдасымен бұл Жетісудан озған Тортөбел жүйрікті алып барады. Сонда әкең Құнанбай бір саяткерін жіберіп "Алатаудан келген атты сынап кел" депті. Ол сыншы Тортөбелді көріп "Үйсіннің аты бір күн тынықса алдымен келеді" - депті. Сонда Құнанбай уағдалы күнге қаратпай бір-екі күн бұрын атты алысқа айдатып, бәйгені әділетсіздікпен өзі алады. Алыстан созылып барған Тортөбел ат екінші болып қалады. Онымен тұрмай "Үйсіндер атың озбады, Алатауға не деп барасыңдар" деп әжуалапты. Сонда Мадияр:Жарығы бірдей түсер күн мен айдың,Әбілез қызын алған Жамантайдың,Баласы шақырып ап зорлық қылды.Көзі соқыр деп қайтам Құнанбайдың,Үш жүзге әділ болған әз Төле би,Отеген тұқымы едім, Малдыбайдың.Тортөбелдің бәйгесі - ердің құны,Ақымызды жегізбес бір құдайым, - Жарығы бірдей түсер күн мен айдың,Әбілез қызын алған Жамантайдың,Баласы шақырып ап зорлық қылды.Көзі соқыр деп қайтам Құнанбайдың,Үш жүзге әділ болған әз Төле би,Отеген тұқымы едім, Малдыбайдың.Тортөбелдің бәйгесі - ердің құны,Ақымызды жегізбес бір құдайым, - депті. Мадиярдың сөзіне Құнанбай ыза болғанмен Алшынбай, Қаратай деген кісілер: - Қой, Құнанбай мырза, - деп Мадиярларды Өскенбайдың үйіне түсіріпті. Құндыз ішік, тай-тұяқ жамбы, көп малды Құнанбай бермей қалыпты. Сол Мадияр айтқандай, Абай шырағым, "Ат - құнына, нар - пұлына" деген, Ақмай келді, ақымыз түгелденді - деп, Нұқаң әзілдеп қалжың айтыпты. Абай да уәжді жауап қайтарып екеуі айқара құшақтасып қош айтысыпты. Бүкіл ел болып Абаймен қайыр қош десіп, жолға шығарып салыпты. ## Дереккөздер
* Возвышен ауылдық округі – Ғабит Мүсірепов ауданындағы әкімшілік бірлік. * Возвышен ауылдық округі – Мағжан Жұмабаев ауданындағы әкімшілік бірлік.
НОМАДТАР (грек. nomas – ру, бөліну, nomadas – көшіп-қонушы) – шаруашылық қызметі мен оған байланысты тұрмыс салтының ерекше үлгісінде өмір сүретін әлеуметтік топтың өкілдері. “Н.” термині шөлейт, қуаң аудандарды мекендейтін малшыларға, кейде өте ежелгі шаруашылық – мәдени типке жататын кезбе аңшылар мен терімшілерге байланысты қолданылды. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың соңы мен 1-мыңжылдықтың бас кезінде Еуразияның таулы-далалы өлкелерінде өндіргіш күштердің артуы және жаңа аймақтарды қоныстана бастауға байланысты далалы, шөлейт және шөлді жерлердегі тайпалардың бір бөлігі бақташылық мал ш-нан көшпелі мал ш-на ауысты. Б.з.б. 1-мыңжылдықта және б.з. алғашқы ғасырларында Н. Орт., Бат.Азия, Қара т. жағалауларын, сәл кейінірек Солт. Африканы мекендеді. Көшпелілікке өту мал басының өсуіне, қоныстанған аудандарды игеруге, тайпалар арасындағы байланыстардың дамуына жағдай жасады. Көшпелілікке неғұрлым бейімді жануарлар – қойлар, жылқылар, түйелер мен ешкілер болып шықты. Бірте-бірте арктик. аймақтарда көшпелі бұғы ш. қалыптасты. Көшпелілер мен жартылай көшпелілердің негізгі кәсібі – мал ш. басқа кәсіп түрлерімен – егіншілік, сауда, аңшылықпен қатар дамыды. Әр түрлі табиғи жағдайларға байланысты көшіп-қонудың әр алуан түрлері қалыптасты (қ. Көшпелілік). Барлық тарихи кезеңдерде малшы көшпелілер мен отырықшы егіншілердің арасында тығыз экон., саяси және мәдени байланыстар болды; қ. Дала өркениеті.
Вагулин ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы әкімшілік бірлік. 2013 жылы құрамына қысқарған "Долматов ауылдық округінен" 1 елді мекен қосылған. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Вагулино, Желяково, Красноярка, Красный Яр, Кустовое ауылдары кіреді. Орталығы – Вагулино ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1844 адамды құрады. ## Дереккөздер
Бұлақ ауылдық округі — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Бұлақ, Ақтас, Қарағай ауылдары кіреді. Орталығы – Бұлақ ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1131 адамды құрайды. ## Дереккөздер
Володар ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Саумалкөл, Айыртау, Баянтай, Галицино, Красногорка, Новоукраинка, Орловка ауылдары кіреді. Орталығы – Саумалкөл ауылы. Округ құрамында болған Қопа ауылы 2019 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 13 435 адамды құрайды. ## Дереккөздер
Волошин ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Волошинка, Ивано-Петровка, Лузинка ауылдары кіреді. Орталығы – Волошинка ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1263 адамды құрайды. ## Дереккөздер
Марат Кәрібайұлы Барманқұлов (13.2.1937, Алматы облысы Талғар қаласы – 9.5.2000, Алматы қаласы) – филология ғылымының докторы (1981), профессор (1982). Арғын тайпасының Айдерке руынан шыққан. ҚазМУ-ды (1959, қазіргі ҚазҰУ) және Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1964) бітірген. ҚазМУ-дың журналистика факультетінде ассистент, деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі, декан (1964–1986), 1986 жылдан кафедра меңгерушісі болған. 1980 ж. «Общность и специфика документальных жанров печати, телевидения и радиовещания» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Барманқұлов 300-ден аса ғылыми еңбектің, оның ішінде 22 монографияның авторы. ## Шығармалары * Мировые религии в тюркских государствах, А., 1995; * Тюркская вселенная, А., 1996; * Золотая баба. Евразийство во всем и всегда, А., 1998. ## Дереккөздер
## Биография Жұмажанова Төкен Қонысбайқызы (5.1.1944 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы) – ғалым, педагогика ғылымының докторы (1997), профессор (1998). ҚазПИ-ді (қазіргі Алматы мемлекет университеті) бітірген (1965). 1966 – 80 жылдары орта мектепте мұғалім, 1980 – 97 жылдары Семей педагогика институтында (қазіргі Семей мемлекеттік университеті) доцент, кафедра меңгерушісі, декан (1991 – 97) болған. 1998 жылдан Алматы мемлекеттік университетінде профессор. Негізгі ғылым-зертттеу еңбектері қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі мәселелеріне арналған. Жұмажанов – осы сала бойынша Қазақстандағы алғашқы ғылым докторы. ## Шығармалары * Әдебиеттен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері, А., 1995; * Әдеби жұмыстар арқылы оқушы жастардың адамгершілік эстетикалық талғамын қалыптастыру, Семей, 1998. ## Сілтеме ## Биография Жұмажанова Төкен Қонысбайқызы (5.1.1944 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы) – ғалым, педагогика ғылымының докторы (1997), профессор (1998). ҚазПИ-ді (қазіргі Алматы мемлекет университеті) бітірген (1965). 1966 – 80 жылдары орта мектепте мұғалім, 1980 – 97 жылдары Семей педагогика институтында (қазіргі Семей мемлекеттік университеті) доцент, кафедра меңгерушісі, декан (1991 – 97) болған. 1998 жылдан Алматы мемлекеттік университетінде профессор. Негізгі ғылым-зертттеу еңбектері қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі мәселелеріне арналған. Жұмажанов – осы сала бойынша Қазақстандағы алғашқы ғылым докторы. ## Шығармалары * Әдебиеттен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері, А., 1995; * Әдеби жұмыстар арқылы оқушы жастардың адамгершілік эстетикалық талғамын қалыптастыру, Семей, 1998. ## Сілтеме
Воскресенов ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Воскресеновка, Искра, Становое ауылдары кіреді. Орталығы – Воскресеновка ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1426 адамды құрайды. ## Дереккөздер
Власов ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Власовка, Безлесное, Сенное ауылдары кіреді. Орталығы – Власовка ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 977 адамды құрайды. ## Дереккөздер
Восход ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Восходское, Ақсай ауылдары кіреді. Орталығы –Восходское ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 609 адамды құрайды. ## Дереккөздер
Рүстем Ғақашұлы Бияшев (1938 жылы, Түркістан облысы, Шымкент қаласында туған) – техника ғылымының докторы (1986 жылы). Қазақ Мемлекеттік Университетті (1960 жылы, қазіргі Қазақ Ұлттық Университеті) бітірген. 1960–68 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Математика және механика институтының аға лаборанты, инженер, кіші ғылыми қызметкер, 1968–74 жылдары аға ғылыми қызметкер, 1974–94 жылдары Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының (Мәскеу қаласы) аға ғылыми қызметкері, 1994 жылы ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Информатика және басқару институты директорының орынбасары қызметтерін атқарады. Бияшев 100 ғылыми жарияланымның, 1 монографияның авторы. ## Шығармалары 1. "Сертификация средств вычислительной техники", Мәскеу, 1995. 1. "Парирование угроз безопасности корпоративных информационных ресурсов" - Айдарханов М.Б., Бияшев Р.Г., Горковенко Е.В., Сахариев Б.Б. и др.- Алматы: Гылым. - 2003. 2. "Применение модулярного шифрования в комплексе тестирования абитуриентов" - Бияшев Р.Г., Егай Р.В., Нысанбаев Р.К. // «50 лет модулярной арифметики». Юбилейная Межд. науч.-техн. конф. (В рамках V Межд. науч.-техн. конф. «Электроника и информатика – 2005»). Зеленоград, 23-25 қараша 2006 г: Сборник научных трудов.- М.: ОАО «Ангсрем», МИЭТ, 2006 - С. 587-597 3. "Алгоритмы шифрования сообщений и формирования электронной цифровой подписи с заданной криптостойкостью" - Бияшев Р.Г., Горковенко Е.В, Нысанбаева С.Е. // «50 лет модулярной арифметики». Юбилейная Межд. науч.-техн. конф. (В рамках V Межд. науч.-техн. конф. «Электроника и информатика – 2005»). Зеленоград, 23-25 қараша 2006 г: Сборник научных трудов.- М.: ОАО «Ангсрем», МИЭТ, 2006 - С. 576-586 4. "Влияние состава полиномиальных оснований непозиционной системы счисления на надежность шифрования" - Бияшев Р.Г., Нысанбаева С.Е. // Материалы VIII Международной научно-практической конференции «Информационная безопасность». Ч.2. – Таганрог: изд-во ТРТУ, 2006. - С. 66-69. 5. "Нетрадиционный подход к созданию криптосистем" - Бияшев Р.Г., Нысанбаева С.Е. // Информационные технологии и безопасность: Сборник научных трудов. - Украина, Киев, 2006.. - Вып. 9. - С. 20-27. 6. "Формирование электронной цифровой подписи с проверяющими функциями" - Бияшев Р.Г., Нысанбаева С.Е. // Комплексная защита информации: материалы XI Международной конференции (20-23 марта 2007 года, Новополоцк, Республика Беларусь). – Минск: Амалфея, 2007. – С. 51-54. 7. "«Keysgener» (программа для ЭВМ)" - Бияшев Р.Г., Арсланова С.З., Нысанбаев Р.К., Нысанбаева С.Е. // Свидетельство о государст­венной регистрации объекта интеллектуальной собствен­нос­ти. Запись в реестре Комитета по правам интеллектуальной собственности Министерства юстиции Республики Казахстан № 249 17 мамыр 2007 ж. 8. "«EDS2/CheckEds2» (программный комплекс для ЭВМ)" - Бияшев Р.Г., Арсланова С.З., Нысанбаев Р.К., Нысанбаева С.Е. // Свидетельство о государст­венной регистрации объекта интеллектуальной собствен­нос­ти. Запись в реестре Комитета по правам интеллектуальной собственности Министерства юстиции Республики Казахстан № ­­­006 15 қаңтар 2008 ж. ## Сілтемелер 1. "АЛГОРИТМЫШИФРОВАНИЯ СООБЩЕНИЙ И ФОРМИРОВАНИЯ ЭЛЕКТРОННОЙ ЦИФРОВОЙ ПОДПИСИ С ЗАДАННОЙ КРИПТОСТОЙКОСТЬЮ" Бияшевтің кітабы ## Дереккөздер
Бейне-Молла кесенесі - архитектуралық ескерткіш. Созақ ауданы, Тасты ауылынан 3 км жерде орналасқан. Негізгі қабырғасы шикі кірпіштен тұрғызылып, сырты күйдірілген кірпішпен бедерленген. Кесененің оңтүстік қабырғасының бір бөлігі және күмбез толығымен күйреген. Шаршы пішінде тұрғызылған қабырғаның ішкі бөлігі дөңгелек тәріздес. Кірпіштен қаланған еденнің қалдықтары сақталған. ## Сілтеме
Өсібай — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы ауыл, Нығмет Нұрмақов ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қарқаралы қаласының солтүстік-шығысында 98 км-дей жерде, Түндік өзенінің сол жағасында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1936 жылы қаланған. 1961 жылдан қой өсіретін кеңшардың орталығы болды. Кеңшар негізінде шаруа қожалықтары жұмыс істейді. ## Дереккөздер
* Дмитриев ауылдық округі – Абай облысы Бородулиха ауданындағы әкімшілік бірлік. * Дмитриев ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Григорьев ауылдық округі – Павлодар облысы Павлодар ауданындағы әкімшілік бірлік. * Григорьев ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Дзержинский ауылдық округі – Қарағанды облысы Абай ауданындағы әкімшілік бірлік. * Дзержинский ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданындағы әкімшілік бірлік.
Жекен Жұмаханов - 1913 жыл 5 желтоқсан Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы, Қарауылтөбе ауылы) - жазушы. ## Өмірбаяны * Жекен Жұмаханов- Семей педагогикалық техникумын бітірген. * 1935 жылы Алматыда жаңадан ашылған Қазақ коммунистік журналистер институтына түсіп, айрықша дипломмен бітірген. * «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің редакциясында ұзақ жылдар меншікті тілші, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған. * 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. ## Шығармашылығы Армия қатарынан 1946 жылы босап, қайтадан әдеби өмірге араласқан. Шығармаларына майдангерлер ерлігін арқау етті. ### Аудармалары * Гогольдің «Рим» деген әңгімесі * В.Орловтың «Батыл ой» деген кітабы * М.Садовянудың «Митра Кокорь» повесі * Морис Торездің «Халық ұлы» деген кітабын қазақшалады. * Әңгіме-повестері орыс тілінде кітап боп шықты. ### Өз кітаптары * Солдат жолы. Повесть. А., ҚМ КӨБ, 1958; * Әлия Молдағулқызы. А., ҚМКӘБ, 1959; * Әлия (Майдан дәптерінен). А., ҚМКӘБ, 1958; * Жазылмаған кітап. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1959; * Келін. Повесть А., ҚМКӘБ, 1960; * Қаракөз қарындасым. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1962; * Үш бәйтерек. Повестер. А., «Жазушы», 1965; * Екі жол. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1966; * Соқпақ соңы. Роман. А., «Жазушы», 1967; * Адам тау қопарады. Очерк. А., «Қазақстан», 1967; * Мен жұмысшымын. Повесть. А., «Жазушы», 1972; * Қаракөз қарындасым. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1979; * Шұбартау таңы. Повестер, әңгімелер. А., «Жазушы», 1975; * Махаббат пен мансап. Повесть. А., «Жалын», 1974; * Қиядағы қайың. Повөстер. А., «Жазушы». 1974; * Үш бәйтерек. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1989. ## Дереккөздер
Ахатов Амантай (15.10.1942 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Қарағандыкөл ауылы) – ғалым, ауыл шауашылық ғылыми кандидат (1983 жылы). Алматы малдәрігерлік-зоотехникалық институттын (Қазақ ұлттық агралық университеті) бітірген (1966 жылы). 1966 жылдан Қазақ қой шауашылығы ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға және жетекші ғылыми қызметкер. Ахатовтың негізгі ғылыми жұмыстары қылшық жүнді құйрықты қойларды селекциялық жолмен жетілдіруге, асылдандыру және жаңа тұқымдарын алуға арналған. Қылшық жүнді сарыарқа қойы авторларының бірі. Сарыарқа қылшықты қойы Орталық Қазақстанның шөл, шөлейт және құрғақ далалы аймақтарының қатал климатына бейімделген. Ахатов етті-майлы қой шауалықтары жөнінде 50-ден астам ғылыми еңбек жариялаған. ## Сілтемелер * Қазақстан * Көкпект * Қарағандыкөл ## Дереккөздер
* Докучаев ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданындағы әкімшілік бірлік.
Гусаков ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Гусаковка, Береславка, Қарсақ, Новосветловка ауылдары кіреді. Орталығы – Гусаковка ауылы. Округ құрамында болған Малосергеевка ауылы 2014 жылы, Қызыл Кордон ауылы 2015 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1806 адамды құрайды. ## Дереккөздер
Жұмақас (Жұмақыз) Ақтайлаққызы (шамамен 1616/19 – 1687) – Жоңғар хандығының билеушісі Батыр қонтайшының әйелі болған қазақ қызы. 1635 жылы күзде Батыр қонтайшы Қазақ хандығына шапқыншылық жасап, біраз адамды тұтқынға түсіреді. Батыр қонтайшы тұтқындардың ішінде ерекше көркімен көзге түскен Ақтайлақ бидің қызы Жұмақасты оның еркінсіз өзіне екінші әйел етіп алады. Жұмақастың жоңғарлар мен қазақ халқы арасындағы қарым-қатынасты реттеуде қосқан өзіндік үлесі оның балалары Сенге мен Қалдан Бошақтыны қазақ халқымен татуласуға тәрбиелеген ісінен көрінеді. Жұмақас туралы шығыстанушы А.М. Позднеев “К истории Зюнгарских калмыков” деген еңбегінде былай деп жазады: “Жұмақас (Юм-агас) қоян жылы (1687) көктемде қайтыс болды, сол жылдың қысын Бошақты хан Ертісте өткізіп, келесі 1688 жылы көктемде 30 мың қолмен Халхаға басып кіріп, Моңғолияға соғысын бастады”. Сенге мен Қалдан Бошақты – жоңғар-қалмақ тарихында елеулі орын алған белгілі әскери және мемлекет қайраткерлері. ## Сілтеме
Баспай (Башпай) Шолақұлы Бапин (1889, Шығыс Түркістан — 1953, Үрімжі) — Қытай қазақтары арасынан шыққан қайраткер, Шыңжаңдағы Тарбағатай аймағының алғашқы уәлиі (губернаторы). Қытай үкіметі алдындағы беделін пайдаланып, қазақтар жайлайтын Тарбағатай аймағының әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуы жолында игілікті істер атқарған. Көптеген мектептер ашып, электр стансасын, өндіріс орындарын, Еміл өзенінен көпір (“Баспай көпірі”) салдырған. Уәлилік жалақысын қолына алмай, әр түрлі қоғамдық ұйымдарға аудартып отырған. Отан соғысы кезінде КСРО-ға көмекке 500 атты ер-тұрманымен жіберген (1943). Қ.Жұмаділовтың “Соңғы көш” романының кейіпкері Жасыбайдың прототипі де осы Баспай. ## Марапаттары * ҚХР-ның 1-дәрежелі “Тәуелсіздік” ордені * ҚХР-ның “Азаттық” ордені. ## Дереккөздер
Адамның табиғатқа әсерінен жануарлар мен өсімдіктер қырғынға ұшырауда, соның салдарынан ағзаның көптеген түрлері жойылып кету шегіне жетті. Мәселен, 90-жылдардың ортасына дейін, 40жыл бойы бөкен Қазақстандағы негізгі кәсіптік жануар болды. 1991-1993 жылдар аралығында 800-900 мың бөкендер бар еді. 1998 жылы - 470мың, 2001 жылы - 80 мың, ал 2003 жылы бар болғаны 21 мың бөкенқалды. Үкімет каулыларымен бөкендердің барлық түрін аулауғатыйым салынды. Бөкен Қызыл кітапқа енгізілген жоқ, бірақ осал,тіпті қиын-қыстау қауіп төнген түр мәртебесінде тұр. Оның санынқалпына келтіруде едәуір каржы салынып, аң шаруашылығы менөзге ұйымдардың қарқынды күш жұмсауы қоса тапсырылды. Сөйтіп бөкен саны 30 мыңға жетті. Бірақ 2015 жылы бөкен ауруға ұшырап, 30 мыңнан бөкеннен 10 мың бөкен қалды. ## Адамның қырып-жою әрекетінің әсері Адамның қырып-жоя әсер етуінің тағы бір мысалы ретінде Арал теңізінің экологиялық опатын көрсетуге болады. Соның нәтижесінде теңіздің жартысынан астамы Әмудария және Сырдария өзендерінің ағысын бөліп жібергендіктен, тартылып кетті. Арал теңізіірі балық кәсіпшілігі орнынан шағын суқоймаға айналып қалды.Теңіздің сорлануының тез өсуі нәтижесінде тұздылығы 60% (промиллеге) дейін көтерілді, сөйтіп суармалы егістіктің ақаба суынанпестицидтер мен нитраттардың жинақталуынан теңіз суынан балықтардың 28 түрі жойылып кетті.Қазақстанда жыртқыш құстардың жағдайы шұғыл нашарлапкетті. Оның негізгі себептері мыналар: * ересек құстарды жаппай аулау, сондай-ақ сату үшін ұядан (ителгі,бидайық, лашын, ақ сұңқар; бүркіт, қарақұс тәрізді қырандардың) балапандарын алу; * қаскерлік; * жабайы тұяқтылардың санының кемуінен қоректік қордың азаюы (құмай, жұртшы, сақалтай); * Суқоймаларды шаруашылықтың игеруі, жағалаудағы ағаштарды шауып алу, балық қорының кемуі (балықшы тұйғын, аққұйрықты субүркіт); * электрберіліс жолында қорғаныш құрылғыларының болмауы, химиялық ластану (жыланжегіш қыран); * тоғайлы орманның құлдырауы (бақалтак қыран); * тіршілік орындарының бүлінуі; * тың даланы жырту; * ірі қараны қайталап жаю. Көкқұсты кейінгі жылдары сайрағыш құстарды торда ұстаушылар көбейіп кетті.Ұлттық костюмдер мен бойтұмарларды әшекейлеуге үкінің қауырсындары пайдаланылады.Аталған түрлер жойылу қаупінде болып шыққандықтан, Қызылкітапқа тіркелді. ## Алғашқы қадамдар Жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің алғашқы тізімін 1963 жылы Халықаралық табиғат және табиғат ресурстарын қорғау одағының (ХТҚО) арнайы комиссиясы құрастырды. Бұл комиссияға әлемдегі әр түрлі елдердің ғалымдары енді. Тізім жарияланып, «Деректердің Қызыл кітабы» («Red Date book») деген атау алды.Қазіргі кезде көптеген елдерде Қызыл кітап жарық көрді. Қазақстанда Қызыл кітап жасауға құлшынушылардың бірі белгілі ғалым - зоолог A. А. Слудский болды. Оның еңбектері Қазақстан жануарларәлемін қорғауға арналды. ## Басылымдары “Қазақстанның Қызыл кітабы” – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 ж. жарық көрді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші бөлімі 1981 ж. өсімдіктерге арналып шығарылды. ### Бірінші басылым “Қазақстанның Қызыл кітабының” бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі категория бойынша: А категориясы – жойылып кету қаупі төнген түрлер; Б категориясы – сирек кездесетін түрлер деп берілді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” жануарларға арналған бірінші басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі: * балықтың 4, * қосмекенділердің 1, * бауырымен жорғалаушылардың 8, * құстардың 43, * сүтқоректілердің 31 түрі тіркелді. 1991 ж. ### Екінші басылым “Қазақстанның Қызыл кітабының” толықтырылған екінші басылымы шықты. Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. Онда * балықтардың 16, * қосмекенділердің 3, * бауырымен жорғалаушылардың 10, * құстардың 58, * сүтқоректілердің 42 түрі мен түр тармақтары туралы мәліметтер берілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші басылымында алғаш рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі берілді, онда * жәндіктердің 96, * шаянтәрізділердің 1, * ұлулардың 6, * құрттардың 2 түрі туралы деректер тіркелген. 1996 ж. ### Үшінші басылым “Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы “Жануарлар”, оның бірінші бөлімі “Омыртқалылар” деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген.“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген жануарлар түрлері 5 категория бойынша: * 1-категория – жойылып бара жатқан; * 2-категория – саны жылдан-жылға күрт азайып бара жатқан; * 3-категория – сирек кездесетін; * 4- категория – ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген; * 5-категория – қалпына келтірілген түрлер деп берілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген омыртқалы жануарлар түрінің қандай отрядқа, қандай тұқымдасқа жататыны және әрбір жеке түрге қысқаша қазақша, ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге әрбір тіркелген түрдің суреті, Қазақстан аумағында таралуын көрсететін карта және сол жануардың түріне қатысты ақпарат көздері (кітаптар, мақалалар) көрсетілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” өсімдіктерге арналған бірінші басылымында өсімдіктердің 307 түрі тіркелген. Онда * жабықтұқымдылардың 288, * ашықтұқымдылардың 2, * қырыққұлақ тәрізділердің 3, * мүктердің 3, * саңырауқұлақтардың 10, * қыналардың – 1 түрі берілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді. ## Пайдаланылған cілтемелер
Городец ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Городецкое, Бағанаты, Жалтыр, Коноваловка ауылдары кіреді. Орталығы – Городецкое ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1148 адамды құрады. ## Дереккөздер
Баршынкент Сырлытам, Қызқала, Қышқала – ортағасырлық қала орны. Сырдарияның төменгі ағысы маңында, Қызылорданың оңтүстік-батысында 25 шақырымдай жерде. Қала орнына өткен ғасырда П.И. Лерх, В.А. Каллаур, 1946 жылы С.П. Толстов бастаған Хорезм археологиялық-этнография экспедициясына зерттеу жүргізген. Академия. Ә. Марғұлан Баршынкентті Алпамыс батыр жырындағы Гүлбаршынның есімімен байланыстырады. Баршынкент Шыңғыс хан шапқыншылығына дейін оғыздар мен қыпшақтардың арасындағы шекаралық аймақтағы үлкен маңызды стратегиясы бекініс және мәдени-сауда орталығы болған. Хорезм, Қыпшақ, Қимақ хандықтары әскерлеріне табанды қарсылық көрсеткен. Кейін ұзақ уақыт қаланы ала алмаған Жошы хан әскерлері қамалды қоршаған орға өзен суын бұрып, қаланы суға бастырып, берілуге мәжбүр еткен. Шапқыншылықтан қираған қала көп ұзамай қалпына келтіріліп, Жошы ұлысының Сыр бойындағы орталығына да айналады. Баршынкентте теңге соғатын сарай болғаны да белгілі. Осының бәрі оның Алтын Орда тұсында да ірі саяси, мәдени және білім ордасы болғандығын көрсетеді. 13 ғасырдың 2-жартысында Сыр бойында болған Жамал Қарши «Баршынкентте оғыздар мен қыпшақтар аралас тұрады» деп жазады. Баршынкент туралы мәліметтер орта ғасыр тарихшылары мен елшілердің қолжазбаларында көп кездеседі. Солардың бірі Джованни Плано Карпини: «Сыр бойының халқы мұсылман тілінде сөйлейді, салт-дәстүрлері де мұсылманша. Осы маңда қираған қамалдар мен қалалардың орындары өте көп. Жақын жерден өтетін өзеннің бойында тұрғаны – Жанкент, Баршын және Арнас. Олардан басқа да қалалар бар, бірақ біз олардың аттарын біле алмадық» деп жазады. Қаланың аты 15 ғасырдан бастап жазба деректерде кездеспейді. Оның күйреуіне не себеп болғаны әлі зерттелмеген. Баршынкент жайлы көптеген ғалымдардың (Д’ Оссонның, В. Бартольдтың, Марғұланның) еңбектерінен оқуға болады. ## Әдебиеттер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II томМаргулан А.Х., Из истории городов и строительного искусства средневекового Казахстана, А.-А., 1951.
Әулие Көлшік ата қылуеті - 12 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қожа Ахмет Иасауи кесенесінен оңтүстікке таман 1 км жерде қаланың ортағасырлық бөлігінің сыртында, ашық жерде орналасқан. Сопылардың діни рәсімдер өткізуіне арналған діни құрылыстар қатарына кіреді. Қазақстанның оңтүстігіндегі территорияларда қылуеттер салу 9 ғасырға жатады. Әулие Көлшік ата қылуеті – жер астындағы екі бөлмелі, ұзынша келген (10 м-ге жуық) тар дәліздің аузынан салынған үңгір есігі бар құрылыс. Шаршы шикі кірпіштен қаланған. Түпкірдегі мекен-жай шаршы, көлемі 2 м-ге жуық және биікт. 1,6 м, төбесі шатырлы күмбезбен көмкерілген. Оған іргелес диам. 2,5 м және биікт. 2 м-дей дөңгелек пішінді үй күмбезделіп жабылған. Дәлізі иіріле келген, негізгі мекен жайлар күйдірген кірпіштен қаланған, арқалық күмбезбен көмкерілген. Төбенің орта деңгейінен құдық тәріздес, диаметрі 1 м-дей дәліздің бүкіл еніне жарық түсетін ойық жасалған. Қылуетке кіретін есік қирап қалғандықтан, баспалдақтың сатылары анықталмады. Бүкіл құрылыстың ішкі құрылымы сыланбаған. 1985 жылы ескерткіш қалпына келтірілді. ## Сілтеме
Ноян, нойан (моңғ. ноён, тыв. ноян, қалм. нойон, бур. ноён, сах. -{нойон (тойон)}-, алеут. тойон, тлингит. тойон – мырза, бек) – ортағасырлық моңғол қоғамындағы ақсүйектер. Алғашқыда рубасылары ноян атанған. Шыңғыс хан империясы тұсында (13 – 14 ғ-лар) нояндар түменді (он мыңдық әскер), мыңдықты басқарды және аймақтарды биледі. Кейіннен әр түрлі дәрежедегі моңғол шонжарлары да ноян атанып, бұл атау түркі халықтарының әскери жүйесінде орнықты. ## Дереккөздер
Ділдабай Әнуарұлы Кемешев (25 қыркүйіек 1959 жылы туған, қазіргі Түркістан облысы Төле би ауданы Көксәйек ауылы) – суретші, өнертану ғылымдарының докторы (2001), педагогика ғылымдарының докторы (2001). Дулат тайпасының Жаныс руынан. * Әбілхан Қастеев атындағы Шымкент көркемсурет колледжін (1979), 1989 жылы Ташкент мемлекеттік педагогика институтын бітірген. Төле би ауданындағы Төле би атындағы орта мектепте сызу-сурет пәнінің мұғалімі * 1991–1998 жылдары Шымкент педагогикалық институтында (қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) Кескіндеме кафедрасының оқытушысы, Саз және өнер кафедрасының меңгерушісі (1995–1998) Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент бөлімшесінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі,Мәскеу қаласында ғылыми-тәжірибелік жұмыстан өткен (1998–1999). * 1998–2007 жылдары Шымкент Әлеуметтік педагогикалық университетінде проректор қызметтерін атқарған. * 2007 жылдан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ғылыми кеңестің мүшесі. Қазір Қ.А. Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер факультетінің Киім дизайны кафедрасының меңгерушісі. 2 оқулық, 15 әдістемелік құралдар, 57 ғылыми-зерттеу жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы. ## Дереккөздер
Нөкер – билеушілер (патша, хан, т.б.) мен жоғары лауазымды адамдарға қызмет еткен адамдар. Н. соғыс кезінде жауынгер, бейбіт кезде күзетші қызметін атқарған. Н. атқарған қызметі үшін баспана, киім және қару-жарақ, соғыстан түскен олжадан үлес алды, басыбайлы болды. Қазақ халқында Н. ұғымы 14 – 20 ғ-ларда “қызметші” мағынасында қолданылған. ## Дереккөздер
“НҰЗХАТ әл-МҰШТАҚ ФИ-ИХТИРАҚ әл-АФАҚ” (“Жиһанкездіктен торыққан адамның көңіл көтеруі”) – ортағасырлық тарихи-геогр. шығарма. Оны Сицилия королі Роджер ІІ-нің (1130 – 54) тапсыруы бойынша (кейде “Роджердің кітабы” деп те аталады) араб географы Әбу Абдаллаһ Мұхаммед әл-Идриси көмекшілерімен бірлесе отырып 1154 ж. жазған. Шығарма 7 климаттық белдеулерге бөлінген құрлық пен теңіздердің сипаттамасынан тұрады. Қазақ жерін мекендеген түргештер, оғыздар, қимақтар, қарлұқтар, қыпшақтар, т.б. түркі тайпаларының орналасуы, қамалдары, сауда қатынастары, тұрмыс-тіршілігі мен мәдениеті жайлы құнды мағлұматтар бар. 70 карта – “Сурат әл-ард” (“Жердің келбеті”) берілген. Шығарманың белгілі 6 нұсқасы Париж, Оксфорд, Стамбұл, Каир, София және Санкт-Петербург қ-ларындағы кітапханаларда сақтаулы.
Нұр (араб.: نور‎ – жарық сәуле) – 1) күн сәулесі; 2) Құдай ақиқаты мен ілімінің, шапағаты мен сипатының көрінісі. Құран Кәрімнің “Нұр” сүресіндегі “Алла көктер мен жердің нұры…” (24) – деген аятта нұр Алланың шексіз мейірім-шапағаты ретінде көрініс берген. Адамның жан дүниесінің, өмір сүру кеңістігінің, мекені мен мезгілінің нұрлануының басты шарты осы нұрдың бастау көзі Алланы барынша дәріптеп, көркем есімдерін еске алу делінген. І.А. Йасауидің “Мират-ул Қулуб” атты рисаласында үш түрлі нұр қарастырылып, сопылық дүниетаным категориялары ретінде ашылған: “Біріншісі – зат нұры; екіншісі – сипат нұры; үшіншісі хақ нұры (топырақ нұры немесе жарық дүние). Бұл жердегі зат нұры – Алла тағаланың нұры, сипат нұры – Хз. Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) пайғамбардың нұры, хақ нұры адамзаттың бұл дүниеде көрген нұры”. Зат және сипат нұрлары Құдайдың субстанциондық және сипаттық ақиқатын ашатын ұғымдар. Оларды таным жолындағы адам өзіндік рухани даму мақамдары ретінде игереді. Мәселен, шариаттағы иман – “иман-и бостан”, “тариқаттағы иман – “иман-и гүл”, хақиқат иман –“иман-и нұр”, мағрифат иман – “иман-и сыр” деп ажыратады. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде осы “иман-и нұр” категориясымен ар ілімін негіздеген ғұламалар, Хақты тану үшін “нұр-и иман” дәрежесі керек деп білген. “Бихамдиллах нур-и иман аштым мен-е” деген Иасауи, бұл иман дәрежесін – Тәңірдің құты, сыйы ретінде қабылдайды. Иман нұры арқылы нәпсі рух зынданынан құтылып, батин (көкірек) көзі ашылған адам кемелдікке жете алады деп білді. Нұр сәуле мотиві Ш.Құдайбердіұлының шығармаларында кеңінен қолданылған. “Жазған хаттың сырымен, Жарқыраған нұрымен, Тазарып жүрек кірінен, Қайғыдан басым болды азат”, “Нұрға байсың нұрыңнан зекет парыз, Мен кедеймін нұр сұрап қылдым арыз”, “Мен жомартпын жар нұрына”, “Нұрыңнан жарық жүрегім, Ғайыптан хабар білемін”, т.б. көптеген өлең жолдарында нұр жүректі тазартып, нұрландыратын Алла тағаланың мейірім шапағаты, адамның иман қазынасын байытып, таным көкжиегін кеңейтетін Нұр-Рахман сипаты ретінде көрінеді. Нұрдың бастау көзі Жаратушы болғандықтан, оған бар ықылас-пейілімен ғибадат жасап, тануға ұмтылу оның нұрына бөленудің басты шарты деп біледі. Қазақ ойшылдарының дүниетанымында нұр ұғымы исламның рухани танымдық дәстүрі ауқымында дамып, өзіндік сипат алды. ## Дереккөздер
Жиенбет— қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Орта жүз құрамындағы қоңырат тайпасына кіреді. Көтенші ұрпағы Қарақұдайбердінің кенже баласы Байқошқардан (бір деректерде Қошқарбайдан) тарайды. Борай руымен бауыр деп есептеледі. Жиенбеттен Тәңірберген, Көшей, Кенжеғұл, Әйбике аталары өрбіген. 19 ғ-дағы қазақ тарихшысы Сайдаққожа Жүсіпұлының дерегінде Жиенбет бір замандарда хазар, қыпшақ, ноғай ұлыстарының құрамында болған, көне алшын тайпасының бір бұтағы. Қазақ хандығы кезінде Кіші жүз рулары мен арғын, жалайыр, қыпшақ, қоңырат, найман, құрама тайпаларына қосылған. Жиенбет ноғай, башқұрт, гагауз халықтарының құрамында да кездеседі. Ұраны — Алатау, таңбасы — босаға. ## Тұлғалар * Сәкен Қордабайұлы Майғазиев ## Дереккөздер: “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Валентин Яковлевич Басин (28. 3.1923, Украина, Донецк облысы Артемов қ. – 5.11.2004, Алматы қ.) – заң ғылымдарының докторы (1964), профессор (1966), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1984). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан және Кеңес армиясы (1941–1946) қатарында болған. Алматы заң институтын бітірген (1949). Еңбек жолын Алматы заң мектебінде бухгалтер, оқу ісі меңгерушісінің міндетін атқарушы, оқытушы, аға оқытушы (1947–1955), ҚазМУ-да (1955–2004; қазіргі ҚазҰУ) доцент, проф., кафедра меңгерушісі, декан болып қызмет атқарды. 1964 ж. «Проблемы советского жилищного права» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған.Ғыл. жұмыстарында шаруашылықты жүргізудің құқықтық пішімдері мен келісімшарттық тәртіпті нығайту шараларын зерттеді.Қазақ КСР-і Азаматтық құқығының негізгі бөлімдерін жазуға қатысқан авторлардың бірі (1978, 1980). «Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Нур-и-Мұхаммед, Мұхаммедтің нұры – ислам дінінде ізгілік бастауы, жаратылыс негізі, Алла махаббатының нысаны, ақиқатының көрінісі. Ислам сенімінде он сегіз мың ғалам жаралмай тұрып, Алла тағала Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) нұрын, яғни Н. М-ті жаратқан, сол нұрдан бүкіл ғаламды, жанды-жансыз дүниені жаратқан деп біледі. “Нұр-наме” кітабында Алла өз ақиқаты мен құдіретін паш ету мақсатында Н. М-ті, оған деген шексіз махаббатынан жеті дарияны: ғы-лым, сабыр, ақыл, хикмет, фақырлық, мағрифат, кешірімділік дарияларын жаратып, сол дарияларға Н. М-ті шомдырып, жетпіс мың жыл сақтады дейді. Әбден кемеліне келген Н. М. Алланың бұйрығымен осы дариялардан шығып, тебіренгенде жүз жиырма төрт мың пайғамбарлардың рухы, Лаух, Қалам, Ғаршы, Күрсі пайда болып, алты күнде өз кезегімен жанды-жансыз дүние жаратылды деп жазылған. Ислам әдебиетінде Н. М. Адам атаның кемерінде, одан Хауа ананың құрсағында сақталып, одан Шиш пайғамбарға өтіп, осылайша пайғамбарлар арқылы жалғастықпен, Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбардың ата-анасы Абдулла мен Әминаға жетіп, пайғамбарға өткені жайлы көптеген аңыздар бар. ## Дереккөздер
Қажым Аманғалиұлы Басымов (6.12.1896, Орынбор облысы Бөрілі ауданы Сарыалжын ауылы – 1938, Алматы қаласы) – педагог-тілтанушы. Орынбор қаласындағы мұғалімдер даярлайтын татар медресесінде (1910–1916), Уфа медресесінде (1917–1918) оқыған. Орынбордағы педагогика училищені ұйымдастыруға қатысты. Қапал педагогикалық техникумында (1929–1936), Қостанай педагогика институтында (1930–1934) оқытушы, Ақтөбе мұғалімдер даярлау институтында кафедра меңгерушісі болды.Негізгі ғылыми еңбектері қазақ тілінің синтаксис, терминология, орфография, морфология, оқыту әдістемесіне арналған. ## Жетістіктері * Ғылыми-педагогикалық және әдістемелік мәселелерді зерттеудегі үлкен еңбегі үшін Басымовқа профессор атағы (1934) берілді. ## Шығармалары * Латын алфавитіне көшуге байланысты жаңа орфография, А., 1930; * Жаңа әріп пен жаңа емле және дыбыстарымыздың жіктері, А., 1932; * Орфография мен терминология мәселелерін парасатты шешу қажет, А., 1935; * Педучилищеде сырттан оқушы мұғалімдер үшін оқу программасы мен методикалық түсіндірулер, А., 1938. ## Сілтеме * http://irbis.pushkinlibrary.kz/cgi-bin/irbis64r_01/cgiirbis_64.exe?C21COM=S&I21DBN=KNKAZ&S21STN=1&S21REF=10&S21CNR=20&Z21ID=&S21FMT=fullwebr&S21ALL=%3C.%3EU=94(100)$%3C.%3E&P21DBN=KNKAZ&S21COLORTERMS=0(қолжетпейтін сілтеме) * http://irbis.pushkinlibrary.kz/cgi-bin/irbis64r_01/cgiirbis_64.exe?Z21ID=&I21DBN=KNKAZ_PRINT&P21DBN=KNKAZ&S21STN=1&S21REF=&S21FMT=fullw_print&C21COM=S&S21CNR=&S21P01=0&S21P02=0&S21LOG=1&S21P03=K=&S21STR=%D0%9C%D0%BE%D0%B4%D0%B5%D1%80%D0%BD%D0%B8%D0%B7%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F(қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер
Степан Дмитриевич Батищев–Тараслов (1.8.1911, Ресей, қазіргі Самара облысы Ставрополь ауданы Верхняя Белоозерка селосы – 26.3.1961, қазіргі Екатеринбург қаласы) – Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1958). Ленинград (1935, қазіргі Санкт-Петербург) тау-кен институтын бітірген. РКФСР геология трестің геологы, партия бастығы, жетекші-зерттеуші (1935–1942), Қазақстандағы Атасу геология-барлау экспедициясының бастығы, бас инженері, «Оралқараметаллбарлау» тресінің геология бөлімінің бастығы, Орал геология басқармасында бөлім меңгерушісі (1942–1961) қызметтерін атқарды. КСРО Мемлекеттік (1951) және Лениндік (1957) сыйлықтардың лауреаты. ## Ш ы ғ а р м а л а р ы * Геолого-эконимическая характеристика Аятского железорудного бассейна, А.-А., 1946; * Геология и полезные ископаемые северной части Тургайского прогиба. В кн.: Магнетитовые руды Кустанайской области, М., 1958 (соавт.). ## Сілтеме * http://ru.wikipedia.org/wiki/Батищев-Тарасов,_Степан_Дмитриевич * google ## Дереккөздер
Драгомиров ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Драгомировка, Иван-город, Любимовка, Обуховка ауылдары кіреді. Орталығы – Драгомировка ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1519 адамды құрайды. ## Дереккөздер
Сұлтан Сапиұлы Ахметжанов (1897 жыл, бұрынғы Ақмешіт қаласы – 1938 жыл) – қайраткер, саяси қуғын - сүргін құрбаны. 1918 жылы Ташкент қаласындағы өзбек-түрік мұғалімдер курсын бітірген. 1918–1921 жылдары Ақмешіттегі қазақ бастауыш мектебінің мұғалімі, күзет батальонының жауынгері, 1921–1922 жылдары Ташкент қаласында облыстық халық ағарту бөлімінде нұсқаушы, 1922–1928 жылдары Ақмешіт уездік халық ағарту бөлімінің, қаржы бөлімінің меңгерушісі, уездік атқару комитетінің төрағасы болды. 1928–1929 жылдары БК(б)П Қызылорда округі комитеті үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, 1929–1930 жылдары Гурьев округі комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1930–1933 жылдары Қазақ өлкелік комитетінің нұсқаушысы, Алматы облысы комитеті үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, 1933–1937 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы партия комитетінің 1-ші хатшысы, облысы комитеттің кеңес сауда бөлімінің меңгерушісі, 1937 жылдың тамызынан желтоқсанына дейін Қазақ КСР сауда халық комиссары қызметтерін атқарды. 1937 жылы желтоқсанда тұтқындалып, ату жазасына кесілген. 1957 жылы маусымда ақталды. ## Дереккөздер
Дубровин ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Дубровное, Михайловка, Новодубровное, Пчелино ауылдары кіреді. Орталығы – Дубровное ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1725 адамды құрайды. ## Дереккөздер
* Дружба ауылдық әкімдігі – Қостанай облысы Қамысты ауданындағы әкімшілік бірлік. * Дружба ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы әкімшілік бірлік.
Елец ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Елецкое, Айыртауское, Колесниковка, Междуозёрное ауылдары кіреді. Орталығы – Елецкое ауылы. Округ құрамында болған Кругловка ауылы 2015 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 722 адамды құрайды. ## Дереккөздер
* Железин ауылдық округі – Павлодар облысы Железин ауданындағы әкімшілік бірлік.
Жаңажол ауылдық округі: * Жаңажол ауылдық округі – Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы әкімшілік бірлік. * Жаңажол ауылдық округі – Жамбыл облысы Шу ауданындағы әкімшілік бірлік. * Жаңажол ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы әкімшілік бірлік. * Жаңажол ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы әкімшілік бірлік. * Жаңажол ауылдық округі – Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы әкімшілік бірлік. * Жаңажол ауылдық округі – Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы әкімшілік бірлік. * Жаңажол ауылдық округі – Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы әкімшілік бірлік. * Жаңажол ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Жетікөл ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы әкімшілік бірлік. * Жетікөл ауылдық округі – Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы әкімшілік бірлік.
Ақмола облысы: * Жамбыл ауылдық округі – Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы әкімшілік бірлік. Алматы облысы: * Жамбыл ауылдық округі – Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы әкімшілік бірлік. * Жамбыл ауылдық округі – Алматы облысы Райымбек ауданындағы әкімшілік бірлік. * Жамбыл ауылдық округі – Алматы облысы Қарасай ауданындағы әкімшілік бірлік. Ақтөбе облысы: * Жамбыл ауылдық округі – Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы әкімшілік бірлік. Атырау облысы: * Жамбыл ауылдық округі — Атырау облысы, Қызылқоға ауданындағы әкімшілік бірлік. Батыс Қазақстан облысы: * Жамбыл ауылдық округі — Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданындағы әкімшілік бірлік. Жамбыл облысы: * Жамбыл ауылдық округі – Жамбыл облысы, Жамбыл ауданындағы әкімшілік бірлік. * Жамбыл ауылдық округі – Жамбыл облысы Қордай ауданындағы әкімшілік бірлік. * Жамбыл ауылдық округі – Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы әкімшілік бірлік. * Жамбыл ауылдық округі – Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы әкімшілік бірлік. Қостанай облысы: * Жамбыл ауылдық округі – Қостанай облысы Қарасу ауданындағы әкімшілік бірлік. * Жамбыл ауылдық округі – Қостанай облысы Қостанай ауданындағы әкімшілік бірлік. Оңтүстік Қазақстан облысы: * Жамбыл ауылдық округі – Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы әкімшілік бірлік. * Жамбыл ауылдық округі – Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы әкімшілік бірлік. * Жамбыл ауылдық округі – Түркістан облысы Келес ауданындағы әкімшілік бірлік. Павлодар облысы: * Жамбыл ауылдық округі - Павлодар облысы Аққулы ауданындағы әкімшілік бірлік. Солтүстік Қазақстан облысы: * Жамбыл ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы әкімшілік бірлік. Шығыс Қазақстан облысы: * Жамбыл ауылдық округі – Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы әкімшілік бірлік.
Заградов ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Заградовка, Горное, Жамбыл, Славянка, Тонкошуровка ауылдары кіреді. Орталығы – Заградовка ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1892 адамды құрайды. ## Дереккөздер
* Заречный ауылдық округі – Ақмола облысы Есіл ауданындағы әкімшілік бірлік. * Заречный ауылдық округі – Алматы облысы Қонаев қалалық әкімдігіне қарасты әкімшілік бірлік. * Заречный ауылдық округі – Қарағанды облысы Нұра ауданындағы әкімшілік бірлік. * Заречный ауылдық округі – Қостанай облысы Қостанай ауданындағы әкімшілік бірлік. * Заречный ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы әкімшілік бірлік.
Баттақова Шәрбану (1952 жылы туған) – еңбек гигиенасы мен медицинасы саласындағы маман, медицина ғылыми докторы (2002). Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (1975, қазіргі [[Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы|[[Қарағанды]] мемлекеттік медицина академиясы]]) бітірген соң осы университетте аға лаборант (1978–1983), Қазақстан ғылым академиясының Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар институтында кіші, аға ғылыми қызметкер (1983–1990), 2002 жылдан лаборатория меңгерушісі болып жұмыс істейді. 2001 жылы «Нейрофизиологические механизмы формирования взаимоотношений центров спинного мозга при воздействии комплекса производственных факторов» деген тақырыпта докторантураның диссертациясын қорғады. Б. 120-дан астам ғылыми жарияланымның («Нейрофизиологические аспекты перестройки центров спинного мозга в условиях трудовой деятельности», 2000; «Клинико-функциональные изменения при сочетанной вибрационной болезни и вертоброгенной патологии», 2004) авторы. ## Дереккөздер
Жинақтылық облысы — функционал қатардың жинақталатын нүктелерінің жиыны, яғни (х) қатарының жинақталатын х айнымалысы мәндерінің жиыны. Дәрежелі қатардың Жинақтылық облысы қарапайым түрде болады. х аргументінің нақты мәндерінің Жинақтылық облысы не бір нүктеден, не белгілі бір интервалдан тұрады, не барлық х осімен сәйкес келеді. Егер х аргументінің комплекс мәндері де қарастырылса, онда дәрежелі қатардың Жинақтылық облысы не бір нүктеден, не белгілі бір дөңгелектің ішкі бөлігінен, не комплекс аргументінің барлық жазықтығынан тұрады. Кейбір қатарлардың Жинақтылық облысы күрделі болып келеді. ## Дереккөздер: Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Ерболат Заманбекұлы Батталханов (21.5.1950 ж.т., Алматы облысы Ұйғыр ауданы Үлкен Дихан а.) – пед. ғыл. докт. (2002). Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан. ҚазПИ-ді (1972, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген соң Қазақстан ғылым академиясының Тарих, археол. және этнол. ин-тында аға лаборант, одан кейін партия қызметінде (1980–87) жұмыс істеді; 2001 жылдан Алматы қ-ндағы №1 кәсіптік мектебінің директоры. «Формирование гуманистического мировоззрения учащейся молодежи как социально-педагогическая проблема» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Б. 4 монографияның авторы. ## Дереккөздер
Жұма мешіті (араб.: مسجد الجمعة‎) — қаланың ең басты мешіті. Қаланың күллі жамағаты осы мешітте жұма намазын оқиды. ## Жұма мешіттердің тізімі ### Бангладештағы жұма мешіттердің тізімі ### Индонезиядағы жұма мешіттердің тізімі ### Индонезиядағы жұма мешіттердің тізімі ### Кувейттегі жұма мешіттердің тізімі ### Қазақстандағы жұма мешіттердің тізімі ### Малайзиядағы жұма мешіттердің тізімі ### Нигериядағы жұма мешіттердің тізімі ### Ресейдегі жұма мешіттердің тізімі ### Түркиядағы жұма мешіттердің тізімі ### Франциядағы жұма мешіттердің тізімі
Жұмалық – дәстүрлі қазақ қоғамында жұма күні діндарларға көрсетілетін құрмет жоралғысы. Медреседе, ауыл мектебінде, т.б. оқып жүрген балалар жұма күні торсыққа қымыз құйып, орамалға ас түйіп әкеліп, ұстаздарына Жұмалық берген. ## Сілтеме
* Иванов ауылдық округі – Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы әкімшілік бірлік. * Иванов ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы әкімшілік бірлік.
Тайбағар уран-торий кен орны - Оңтүстік Маңғыстау ойысындағы Қарақия шоқысының оңтүстік-шығыс қанатындағы Мел кен орнынан 70 км жерде орналасқан. 1954 жылы ашылған. ## Геологиялық құрылымы Кендену процесі пермь кезеңінің майкоп топтамасын (Р3–3) құрайтын “балықты” свитасына тән. ## Жатыс сипаты Кен шоғыры оңтүстік-шығысқа қарай 18-20 км-ге созылып жатқан ойпаңға жинақталып, қалыңдығы 0,2-1,5 м болатын төрт қабаттан тұрады. Олар қалыңдығы 2-3 м, ал оңтүстік-шығыс бағытында 7-8 м-ге дейінгі кентассыз саз қабаттарымен өзара бөлінген. Кен денесі уран сіңген балық сүйектерінің қалдықтарынан және темір сульфидтері бар қоңырқай түсті саз қабаттарынан тұрады. Кенденудің орналасу тереңдігі 150-250 м. Кентаста уранның мөлшері 0,02-ден 0,08%-ға, Р2О5 2 – 9%, ал торийдің мөлшері 0,1-ден 0,3%-ға дейін жетеді. ## Дереккөздер
Жұманазар Үрімқұлұлы (1880, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Сулықұдық ауылы – 1958, сонда) – ақын. “Қисса күрең қасқа”, “Қарға мен Жұманазар”, “Сона мен инелік”, “Жұманазардың домбырамен айтысы”, т.б. шығармалары бар. Ол сонымен қатар Дәмегүл, Шәкей сал, Қаңлы, Кете Жүсіптермен айтысқан.Ақын шығармаларын 1920 жылы Ә.Диваев ұйымдастырған Сырдария экспедициясы жинаған. Жұманазар мұраcының басым көпшілігі Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында сақтаулы тұр. ## Сілтеме
ТАЙ БӘЙГЕ – тай жарысы. Шабандоздар 5–7 жаста болуы керек. Бәйгенің бұл түрі шілдехана, келін түсіру тойында жиі өткізілген. Мәре мен сөренің қашықтығы 500–2000 метр. Тай бәйгеден озғандарға жүлдеге лақ, қозы не ойыншықтар беріледі. Тай бәйге жас балаларды шабандоздыққа баулиды. ## Дереккөздер
Жиренқопа — Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы ауыл, Жиренқопа ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қобда ауылынан солтүстік-батысқа қарай 100 км жерде, Қобда өзенінің сол жағалауындағы бұта аралас әр түрлі астық тұқымдасты шөп өскен қызыл қоңыр топырақты дала белдемінде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1617 адам (826 ер адам және 791 әйел адам) болса, 2009 жылы 741 адамды (367 ер адам және 374 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1930 жылы осы маңда “Жиренқопа” қой шаруашылығын құруға байланысты қаланған. Оның негізінде 1997 жылдан өндірістік кооператив пен бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істеген. ## Инфрақұрылымы Жиренқопада орта мектеп, дәрігерлік-амбулаторлық пункт, клуб, т. б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Ильин ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ильинка, Амангелді, Александровка ауылдары кіреді. Орталығы – Ильинка ауылы. Округ құрамында болған Весёлое, Өндіріс ауылдары 2010 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1978 адамды құрайды. ## Дереккөздер
Имантау — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы ауыл, Имантау ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Саумалкөл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 47 км-дей жерде, Имантау көлінің шығысындағы Жыланды өзенінің сағасында, қарағайлы-қайыңды орман шоқылары арасындағы жазықта орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 3101 адам (1543 ер адам және 1558 әйел адам) болса, 2009 жылы 2459 адамды (1195 ер адам және 1264 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1848 жылы қаланды. 1930 жылы ауылшаруашылығын ұжымдастыруға байланысты өзімен аттас ұжымшар мен ауылдық кеңестің орталығына айналды. 1960 жылы ұжымшар негізінде құс фабрикасы (“Правда” газеті атынд.) мен Имантау астық кеңшары ұйымдастырылды. 1996 жылдан осы екеуінің негізінде бірнеше шаруа (фермер) қожалықтары құрылды. Имантауда құс фабрикасы, орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, аурухана, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Молодогвардейск ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы әкімшілік бірлік. 2019 жылы құрамына қысқарған "Золотонив ауылдық округінен" 1 елді мекен қосылды. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Золотая Нива, Молодогвардейское ауылдары кіреді. Орталығы – Молодогвардейское ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1521 адамды құрайды. ## Дереккөздер