text
stringlengths
3
252k
Зайырбек Ахметов(9.5. 1930 ж. т., Түркістан ауданы Балтакүл ауылы) – Шымкент ауыл шаруашылық техникумын, Ташкент ауылы шаруашылық институтын (1954) бітірген. Еңбек жолын 1958 ж. Қызыл-абад машина-трактор стансасында аға агроном, бас агроном болып бастаған. 1959 – 90 ж. Ильич ауданы Красная звезда кеңшарында партия бюросының хатшысы, «ІІІ Интернационал» ұжымшарының бастығы, ауданы ауылы ш. басқармасының бастығы болды. Жетісай ауданы ауылы шаруашылық бірлестігінің бастығы, ауданы атқару к-тінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды. 1963 ж. 451-Тельман сайлау округінен Өзбек КСР-нің Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Еңбек Қызыл Ту (1972), «Құрмет белгісі» (1957) ордендерімен марапатталған. ## Сілтемелер
* Новосельское ауылдық әкімдігі – Ақмола облысы Атбасар ауданындағы әкімшілік бірлік. * Новосел ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданындағы Үлкен Қараой ауылдық округінің бұрынғы атауы. * Новосел ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы әкімшілік бірлік.
Тағайна — Түркістан облысы Төле би ауданы, Бірінші Мамыр ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Леңгір қаласынан оңтүстікке қарай 7 км-дей жерде, Бадам өзенінің аңғарында, тауалдының сайлы-жыралы жерінде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Ауыл 1961–96 жылы көкөніс, сүт өндіретін “Первомайский” кеңшарының бөлімше орталығы болған. Бөлімше негізінде 1997 жылы Тайғанада шаруа қожалықтары құрылды. ## Дереккөздер
Жесір — күйеуі қайтыс болған, ерсіз әйел. Жесірдің екі түрі бар. Оның бірі — тұрмысқа шыққаннан кейін ері өліп, күйеусіз қалған әйел. Екіншісі — құда түсіп, атастырып үкі таққаннан кейін, болашақ күйеуі өліп, өз үйінде оң жақта отырғанда жесір қалған адам. Қазақ халқының дәстүрлі қоғамындағы жесір дауының көпшілігі осы оң жақта отырып, жесір қалғандардың өз қалауымен басқа жігітке тұрмысқа шығып кетуінен туындаған. Бала-шағалы болып жесір қалған әйел сол әулеттің не рудың жесірі болып саналған. Күйеуінің туған-туыстары жесір әйелге және оның балаларына әрқашан қамқорлық жасап отырған. Немесе жесір қалған әйел өз қалауы бойынша қайтыс болған күйеуінің жақын бауырларының біріне әмеңгерлік жолмен тұрмысқа шыққан. Жесір әйел рұқсатсыз басқа бір ауылға көшіп кетпеген немесе басқа жаққа тұрмысқа шықпаған. Оның балалары өз туыстарынан бөлінбей өскен. ## Ерге қатысты Әйелі қайтқан ерді жесір демейді. Бопай, тұл, үйсынық деп атайды. ## Дереккөздер: Қазақ ұлттық энциклопедиясы
* Новоникольский ауылдық округі – Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы Ақсораң ауылдық округінің бұрынғы атауы. * Новоникольский ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы әкімшілік бірлік.
Үрпаш Жәнияқызы Шалболова (21.11.1960, Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би ауылы) – экономика ғылымдарының докторы (2004). Саратов политехникалық институтын бітірген (1983). Байқоңыр ғарыш айлағындағы әскери бөлімшеде экономист (1983–1984). Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институты (қазіргі Тараз мемлекеттік университеті) Қызылорда бөлімшесінде оқытушы (1984–1988), Мәскеу қаласындағы ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер (1992–1993). 1993 жылдан Қызылорда педагогика институтында (қазіргі Қызылорда мемлекеттік университеті) аға оқытушы, әдіскер, кафедра меңгерушісі, декан, доцент, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор қызметтерін атқарады. «Развитие рынка углеводородного сырья в Республике Казахстан: теория, практика, приоритеты» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 80-нен астам ғылыми жарияланымның авторы. ## Дереккөздер
Әкімшілдік-әміршілдік жүйе – елдің экономикасын басқару тәсілі. Мұнда әкімшілдік, әміршілдік әдістерге басты рөл жүктеледі және билік басқарудың орталық органдарына, төрешілдік аппаратқа шоғырландырылады. Әкімшілдік-әміршілдік жүйеге бір орталықтан директивалық жоспарлау тән. Кәсіпорындар өздеріне басқарудың жоғары сатыларынан берілген жоспарлы тапсырмаларға сәйкес әрекет етеді. Әкімшілдік-әміршілдік жүйе тоталитарлық режимдерге сүйеніп, басқарудың демократикалық қағидатына қайшы келеді, еркін нарықтың, бәсекенің, кәсіпкерліктің дамуына бөгет жасайды. ## Дереккөздер
Театр фестивалі, театр байқауы, олимпиада – театр өнерінің жетістіктерін көпшілік алдында көрсетіп, сарапқа салу. Жалпы фестивальдардың тарихы Ежелгі Грекиядағы олимпиадалық ойындардан және орта ғасырдағы трубадурлар мен миннезингерлер жарысынан басталады. Еуропада 18 ғасырдың аяғында (Швейцарияда) кең өріс алып, алғашында сән-салтанатты шерулер, содан кейін белгілі бір оқиғаға байланысты өткізілетін көпшілік сауығы түрінде бой көрсетті. Олардың арасында 1882 жылдан бастап жыл сайын Байрейтте (Бавария) Р.Вагнер операларына байланысты өткізілетін Байрейт фестивалі және 1886 жылдан жүйелі түрде Страдфорд-он-Эйвонда (Ұлыбритания) ұйымдастырылып тұратын Шекспир спектакльдері фестивалі (1964 жылы Ресейден Г.М. Козинцев, Н.П. Охлопков, ал Қазақстаннан Ш.Айманов, т.б. қатысты) белгілі. Шетелдерде театр өнері бойынша “Прага көктемі” (1946), Авиньон фестивалі (1947 жылы ЖЫЛЫВилар ұйымдастырған; Франция), Эдинбург театр және музыкалық фестивалі (мысалы, 1947 – 1990 жылы аралығында дүние жүзінің әр түрлі елдерінен келген театрлар қойған 9000 спектакль көрсетілді), “Флоренция мамыры” (1951) деген атпен Театр фестивалі өткізіліп тұрады. 1952 жылы Қытайда алғаш рет дәстүрлі муз. драма фестивалі ұйымдастырылып, кейінгі жылдары (1956, 1964) ол бірнеше мәрте қайталанды. Алғашқы кезде ТМД елдерінде негізінен таңдаулы пьесалар бойынша көптеген байқаулар өткізіліп отырды; ал 1930 жылы Мәскеуде КСРО халықтары өнері мен театрларының Бүкілодақтық олимпиадасы болып, оған 16 театр труппасы қатысты. 1930 – 1940 жылдар аралығында тек театр өнеріне арналған фестивальдар өткізіле бастады. Олардың қатарында Мәскеуде өткізілген Халықаралық Театр фестивалі (1933 – 1937), балалар мен қуыршақ театрлары (1935, 1940) бойынша Театр фестивалі және Бүкілодақтық колхоз-совхоз театрларының байқауы, т.б. бар. 1936 – 1960 жылы Әдебиет пен өнер онкүндігін өткізу дәстүрге айналды. Бірқатар Бүкілодақтық фестивальдар белгілі бір тақырып аясындағы тарихи атаулы күндерге, т.б. арналды. Осындай тарихи күндерге байланысты өткізілген Театр фестиваліна Қазақстандағы театрлар да қатысты. Алматы қаласында 1957 – 1958 жылы “Театр көктемі” деген атпен облыстық театрлар байқауы болып, Атырау, Семей және Шымкент (қазіргі Оңтүстік Қазақстан) облысы қазақ драма театрлары жүлдегер атанды. 1970 жылдан жас актерлер байқауы өткізіліп келеді. 1973 жылы Шираз қаласында (Иранда) өткен 2-Халықаралық Театр фестиваліна Қазақтың мемлекеттік академиясының драма театрының труппасы қатысып, Ш.Айтматовтың “Ана – Жер-ана” спектаклін (режиссер Мәмбетов) көрсетті. 1973 жылы чех пен румын драматургиясы бойынша өткізілген Театр фестивалі кезінде Ян Соловичтің “Түлен түрткен тіленші” спектаклін (аударып қойған режылы М.Байсеркенов) қоюмен Жамбыл облысы қазақ драма театры ерекше көзге түсті. 1988 жылы Алматы қаласында “Наурыз – 88” деген атпен Қазақстан және Орта Азия республикалары театрының 1-аймақтық Театр фестивалі өткізіліп, оған қазақ, өзбек, қырғыз, тәжік, түрікмен театрларымен қатар Мәскеуден Моссовет атындағы академиялық театр, Болгарияның “София – 99” және үндінің “Кіші халық театры” (Калькутта) ұжымдары қатысты. Осыдан кейін Қазақстанда сахна өнеріне байланысты Театр фестивалідары жүйелі түрде өткізу дәстүрі қалыптасты. ## Сілтемелер ## Дереккөздер
Тайдула Бегім, Тайтұғлы, Тайдуалы (туған жылы белгісіз – 1360) – Жошы ұлысының ықпалды қайраткері. Өзбек ханның әйелі, Жәнібек пен Тыныбек хандардың анасы. Еділ бойы мен Қырымда билік жұргізген бектің қызы. Өзбек ханның бәйбішесі Баялун қайтыс болғаннан кейін оның орнына таққа отырды. Тақ мұрагері әрі өз баласы Тыныбекке қастандық ұйымдастырып, екінші баласы Жәнібектің таққа отыруына қолдау көрсетті. Жәнібек билік еткен кезінде Алтын Орданың ішкі және сыртқы саясатына қызу араласты. Христиан дініне қамқорлық танытты. Оны Жәнібектен қысым көрген орыс князьдері пана тұтты. Рим папасы XҚҚ Бенедикт Тайдула бегімді “Солтүстік Татарияның патшайымы” деп атаған. 1349 жылы Венеция дожы Андреа Дандоло (1343 – 54) хат жолдап, оны “көрнекті мемлекет билеушісі, татарлардың патшайымы” деп танитынын білдірген. Тайдула бегім есімі араб, түркі тілдеріндегі деректерде, орыс жылнамаларында жиі кездеседі. 1334 жылы Жошы ұлысына келген араб саяхатшысы ибн Баттута Тайдула бегімнің қабылдауында болған. 14 ғасырдың 40 – 50-жылдары Еділ өзенінің батыс жағындағы Үкек, Сарықамыс, Бездеж, Гүлістан секілді қалалар Тайдула бегімнің Моғұлбүкі, Құтлыбүкі және Орысбүкі деген бауырлары мен туыстарының иелігінде болды. Тайдула бегімнің өзі де Тула қаласына иелік етті. 1359 жылы Тайдула бегімнің бауыры Құтлыбүкіні (Мамайдың әкесі) Қырымның билеушісі етті. 1360 жылы оның қолдауымен Наурызбек Мұхаммед таққа отырды. Шибан ұрпағы Хызыр билікті тартып алған соң Тайдула бегімен бірге оның бауырлары мен туыстарын да өлтіртті. ## Дереккөздер
Айман Мағзұмқызы Шалдыбаева (1949, Алматы) – химия ғылымдарының докторы (1996). ҚазМУ-ды (1971, қазіргі ҚазҰУ) және КСРО ғылым академиясының Электрхимия институтының аспирантурасын (1974) бітірген. 1975 жылдан ҚазҰУ-да инженер, аға ғылым қызметкер, оқытушы, доцент қызметтерін атқарады. Ғылыми еңбектері кешенді қосылыстардың химиясы мен электрхимиясы мәселелеріне арналған. 90-нан астам ғылыми жарияланымның авторы. ## Дереккөздер
* Октябрь ауылдық округі – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Бартоғай ауылдық округінің бұрынғы атауы. * Октябрь ауылдық округі – Қостанай облысы Қарасу ауданындағы әкімшілік бірлік. * Октябрь ауылдық округі – Қостанай облысы Қостанай ауданындағы әкімшілік бірлік. * Октябрь ауылдық округі – Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы әкімшілік бірлік. * Октябрь ауылдық округі – Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданындағы әкімшілік бірлік.
Юбилейный ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Белоградовка, Крещенка, Куприяновка, Құртай, Тельманово, Ұзынжар ауылдары кіреді. Орталығы – Крещенка ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1707 адамды құрады. ## Дереккөздер
Бәкір Ахметұлы (15.6.1927, Қызылбұлақ ауылы Қазығұрт ауданы – 12.1998, Шымкент қ.) – партия, кеңес қызметкері. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Дулат тайпасының Жаныс руынан.1944 ж. Ташкент ауылы шаруашылық институтын бітірген (1945). Ғалым-агроном. Еңбек жолын Қазығұрт ауданы ауылы шаруашылық бөлімінде агроном болып бастаған. Созақ аупарткомының бірінші хатшысы, облыстық астық дайындау басқармасының бастығы қызметтерін атқарып, республикалық дәрежеде дербес зейнеткерлікке шыққан. «Октябрь революциясы», 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Созақ, Қазығұрт аудандарының құрметті азаматы. ## Сілтемелер
Дәрмағанбетұлы Шәкізат (1931 жылы туған, Арал ауданы Қаратерең ауылы) – журналист. ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) журналистика факультетінтін (1956 жылы), Алматы жоғары партия мектебін (1965 жылы) бітірген. 1956 жылы Қазалы ауданы «Социалистік жол» газетінде жауапты хатшы, 1958 жылы осы газеттің редакторының орынбасары, 1959 жылы Қармақшы ауданы «Қызыл Ту» газетінде редактор, 1960 жылы «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінде, 1961 жылы осы газеттің Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілшісі қызметтерінде болды. 1965 – 75 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, кейін Арал ауданы «Толқын», 1976 – 78 жылы Торғай облысы «Торғай таңы» 1978 – 92 жылы Қызылорда облысы «Ленин жолы» газетінде, 1999 – 2003 жылы облыс ұстаздарының «Сыр мектебі» газеттерінде жауапты хатшы қызметтерін атқарған. 2004 жылдан Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыс бөлімінің төрағасы. Дәрмағанбетұлының әр жылдарда «Керегеміз кең, тереземіз тең», «Еңбек бақыты», «Менің замандастарым», «Қос қайың», 2003 жылы «Өмір толқындары» атты кітаптары жарық көрген. Қазақстан Журналистер одағының екі мәрте лауреаты. ## Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том
* Озёрный ауылдық округі – Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы әкімшілік бірлік. * Озёрный ауылдық округі – Қостанай облысы Қостанай ауданындағы әкімшілік бірлік. * Озёрный ауылдық округі – Павлодар облысы Железин ауданындағы Майлы ауылдық округінің бұрынғы атауы. * Озёрный ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы әкімшілік бірлік.
Болат Уахитұлы Шалекенов (1955, Өзбекстан, Нүкіс қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1993), профессор (1995). Қазақстан Республикасы Медицина ғылым академиясының корр. мүшесі. \ Алматы мемлекеттік медицина институтын (1978, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. Алматы облысы ауруханасында дәрігер (1978–1979), бітірген оқу орнында стажер-зерттеуші, аспирант, ассистент (1979–1986), Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында ассистент (1986–1991), Урология ғылыми орталық директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары (1991–1996) болған. 1996 жылдан бөлім жетекшісі қызметін атқарады. Ғылыми еңбектері урология мәселелеріне арналған. 60-тан астам ғылыми жарияланым мен 2 монографияның авторы. ## Дереккөздер
Петерфельд ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Петерфельд, Боровское, Затон, Измайловка, Кондратовка, Кривоозёрка, Аялдау стансасы 2603 км ауылдары кіреді. Орталығы – Петерфельд ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2965 адамды құрады. ## Дереккөздер
Керегетас – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жеріндегі тау. Жыланды, Ақсай, Қаршығалы өзендерінің аралығында. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 20 км-ге созылып жатыр, ені 12 км. Абсолюттік биіктігі 991 м. ## Жер бедері Беткейлері сай, жыралармен тілімденген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Таудың шығыс етегінде қорымтастың мол үйіндісі бар. ## Геологиялық құрылымы Силур жүйесінің жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, сұлыбас, бұталар өседі. Жайылымдық және шабындық жерлер мен қыстаулар бар. ## Дереккөздер
* Первомай ауылдық округі – Ақмола облысы Астрахан ауданындағы әкімшілік бірлік. * Первомай ауылдық округі – Алматы облысы Қарасай ауданындағы әкімшілік бірлік. * Первомай ауылдық округі – Қостанай облысы Меңдіқара ауданындағы әкімшілік бірлік. * Первомай ауылдық округі – Қостанай облысы Фёдоров ауданындағы әкімшілік бірлік. * Первомай ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы әкімшілік бірлік.
Ақболат Ахметов (30.12. 1946 ж. т., Түркістан ауданы Бөген ауылы) – ғалым, техника ғылымдарының докторы (1996), профессор (1998), ҚР Инженер академиясының академиягы (2000). Қазақ химия-технологиялық институтын бітірген (1968). 1968 – 1975 ж. Шымкент, Көкшетау, Түркістан қаларында цех шебері, бас технолог 1975 – 1980 ж. Қазақ химия-технология институтының инженер-құрылыс факультеті деканының орынбасары, 1983 – 1994 ж. құрылыс материалдары және конструкциялар технологиясы кафедрасының меңгерушісі, 2001 жылдан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік ун-тінің механика-құрылыс факультетінің деканы. Ол 105 ғылым еңбектің, оның ішінде 4 монографияның авторы. ҚР Білім министрлігінің мақтау грамотасымен марапатталған. ## Дереккөздер
* Петров ауылдық округі – Ақмола облысы Шортанды ауданындағы әкімшілік бірлік. * Петров ауылдық округі – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы әкімшілік бірлік. * Петров ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы әкімшілік бірлік.
Дәрмағанбетов Шәкірат (1928 жылы туған, Арал ауданы Қаратерең ауылы) – журналист. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі (1960 жылы). Қызылорда педогогикалық институтының тарих факультетін бітірген (1950 жылы), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1979 жылы). 1950 – 57 жылы Шөмішкөл, Октябрь, Қаратерең мектептерінің директоры, 1957 – 60 жылы партия ұйымының хатшысы, Арал ауданы партия комитет|комитетінің нұсқаушысы қызметтерін атқарған. 1960 – 65 жылы Арал ауданы «Социалистік Арал» газетінің бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, Қазалы ауданы «Ленин туы» газеті редакторының орынбасары, 1965 – 91 жылы облыстық «Ленин жолы» («Сыр бойы») газетінің меншікті тілшісі болған. «Еңбек ардагері», (1985 жылы), тағы да басқа бірнеше медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
* Покров ауылдық округі – Ақмола облысы Атбасар ауданындағы әкімшілік бірлік * Покров ауылдық округі – Қостанай облысы Денисов ауданындағы әкімшілік бірлік. * Покров ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы әкімшілік бірлік.
ТАЙЖАҚЫ – құлынның терісінен тігілген қаптал тон. Қазақ, қырғыз, қарақалпақ, саха, т.б. түркі халықтарының ежелгі киімі. Қазақта шымқай қара, торы құлын терісінен тігілген. Тайжақының етек жағына құлынның пұшпағын ұзынынан құрап жалғайды, артқы бойының ортасына құлынның жалын келтіріп тігеді, қайырма жағалы, сырма астарлы болады. ## Сілтемелер "Қазақ Энциклопедиясы", 8 том
Полтава ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Полтавка, Борки, Лесные Поляны ауылдары кіреді. Орталығы – Полтавка ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 964 адамды құрайды. ## Дереккөздер
Тайкелтір Айдаболұлы (туған-өлген жылы белгісіз) – би, шешен, ақын. 18 ғасырда Баянауыл өңірінде өмір сүрген. Әкесі Айдабол биге еріп жер аралап, ел көрген. Бала кезінде үйсін Төле биден бата алған. Әділдігімен, тапқырлығымен, елдің құнын екі ауыз сөзбен қайыратын шешендігімен аты аңызға айналған. Арғын – Сүйіндіктің бас биі болып тұрған кезінде ел тыныштығы мен ынтымағын сақтау саясатын жүргізген. Тайкелтір есімімен байланысты “ Төле бидің сынынан өтуі”, “Қыз – жігіт дауы”, “Бота дауы”, “Тайкелтірдің қаракесек Алшынбай биді жұбатуы”, “Тайкелтірдің төреге көңіл айтуы” сынды шешендік сөз өнерінің қасиетін ашатын тарихи-тағылымды әңгімелері, Тайкелтір би айтыпты деген адамгершілік пен парасаттылықты уағыздайтын ұлағатты сөздер ел аузында сақталған. ## Сілтемелер "Қазақ Энциклопедиясы", 8 том
Керегетас – Қарағанды облысы Шет ауданы жеріндегі тау. Ақжал кентінен батысқа қарай 18 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Батыстан шығысқа қарай 20 км-ге созылған, ені 5 км. Абсолюттік биіктігі 888 м. Беткейлері тегістеу келген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Солтүстік беткейінде қорымтастың мол үйіндісі бар. Өзендер мен жылғаларға (Ащыөзек) және бұлақтарға (Ноғайқазған, Мұқтар, Тастықұдық, т.б.) бай. ## Геологиялық құрылымы Девон жүйесінің ортаңғы және төменгі бөлігінің жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Шала дамыған қоңыр топырақ жамылғысында жусан, боз, бетеге, бұталар өседі. Жазғы жайылымдық пен мал қыстатуға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Уахит Хамзаұлы Шалекенов (12.5.1924, Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Бөрлі ауылы - 18.11.2020) – тарих ғылымдарының докторы (1967), профессор (1972). Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылым академиясының академигі (1991). Қазақстан Республикасының (1984) және Өзбекстан Республикасының (1984) еңбек сіңірген ғылым қайраткері. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан, отставкадағы полковник. Қарақалпақ мемлекеттік педагогика институтын (1948, қазіргі Нөкіс мемлекеттік университеті) бітірген. Қарақалпақ облыстық партия комитетінде дәріскер (1948–195]), КСРО ғылым академиясының Этнография институтында аспирант (1950–1953), Өзбекстан ғылым академиясының Қарақалпақ бөлімшесінде сектор меңгерушісі (1953–1970), Шымкент мемлекеттік мәдениет институтында кафедра меңгерушісі (1970–1972) болған. 1973 жылдан ҚазҰУ-да декан, кафедра меңгерушісі болды. 700-ден астам ғылыми жарияланым, 30 монография, оқу құралдарының авторы. «Қызыл Жұлдыз», 1- және 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған. ## Дереккөздер
Полудин ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Полудино, Ганькино ауылдары және Ганькино темір жол бекеті кіреді. Орталығы – Полудино ауылы. Округ құрамында болған Скворцовка ауылы 2019 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1908 адамды құрайды. ## Дереккөздер
* Преснов ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әбубәкір Ахметше (18.8. 1948 ж. т., Сарыағаш ауданы Жылға ауылы) – ауылы шаруашылық ғылым докторы (1990), профессор (1997). Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтын бітірген (1970). Еңбек жолын Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылым-зерттеу институтында лаборант болып бастаған. 1971 – 98 ж. кіші ғылым қызметкер, аспирант, аға ғылым қызметкер, лаборатория меңгерушісі, директордың ғылым жұмыстар жөніндегі орынбасары болды. 1999 жылдан бас ғыл. қызметкер. Ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізу барысында қаракөл қойының селекциясы мен одан алынатын өнімді өңдеу технологиясына теор. тұрғыдан елеулі жаңалықтар енгізді. 55 ғылым еңбектің авторы. ## Сілтемелер
Жергілікті мемлекеттік басқару — Қазақстан Республикасының “Жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңында (23.01.2001) және басқа да заң актілерінде белгіленген құзірет шегінде жергілікті өкілді және атқарушы органдардың тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатын жүзеге асыратын және сол аймақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызметі. Жергілікті атқарушы органның құрамына (әкімшілік) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзіреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган кіреді. Жергілікті өкілді органға (мәслихат) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғындары сайлайтын, халық еркін білдіретін және ҚР заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асуын бақылайтын сайланбалы орган жатады. ## Тағы қараңыз * Әкім * Мәслихат ## Сыртқы сілтемелер * «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы(қолжетпейтін сілтеме) * Жергілікті мемлекеттік басқару мәселелері(қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер
‎‎ Тайкеткен бөгені — Атырау облысы Жылыой ауданында Жем өзенінің тармағы – Тайкеткеннің арнасына салынған. ## Гидрологиялық сипаты Жалпы ұзындығы 12 км, тереңдігі 16 м. Суының көлемі 123 млн. м³. Орташа жылдық су ағымы 1,9 м³/с, ең көп су ағымы (4,11 м³/с) көктемде болады. ## Дереккөздер
* Пригородный ауылдық округі – Ақмола облысы Жарқайың ауданындағы әкімшілік бірлік. * Пригородный ауылдық округі – Ақмола облысы Шортанды ауданындағы әкімшілік бірлік. * Пригородный ауылдық әкімдігі – Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы әкімшілік бірлік. * Пригородный ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданындағы әкімшілік бірлік. * Пригородный ауылдық округі – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық әкімдігі аумағында болған бірлік.
Балауыз шам — мақтадан ширатылған өзегі бар май шам, шырақ. Оны балауыз, парафиннен құйып жасайды. Сән үшін құяр алдында Балауыз шамға бояу қосып, түрлі-түсті етіп жасауға да болады. Оны құятын қалыпты әр түрлі пішінге келтіре әшекейлеп, өрнектейді. Балауыз шам орнықты болуы үшін ағаш, мүйіз, сүйек, металл, тас тәрізді заттардан арнаулы тұғыр қолданылады. Балауыз шамды стол үстіне, үйдің қабырғасындағы шамдалға ілуге не үй төбесіне бекітілген ілмешекке асып қояды. Шамдалдың бір не бірнеше көзді ұяшығы болады. ## Дереккөздер
Пресноредуть ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Пресноредуть, Нұрымбет, Макарьевка, Ястребинка ауылдары кіреді. Орталығы – Пресноредуть ауылы. Округ құрамында болған Песчанка, Семиозёрка ауылдары 2013 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 741 адамды құрайды. ## Дереккөздер
Тайқоңыр – Ертіс алабындағы көл. ## Географиялық орны Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы Разумовка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 16 км жерде, теңіз деңгейінен 87 м биіктікте орналасқан. ## Гидрографикасы Ауданы 14,9 км 2. Су жиналатын алабының аумағы 117 км 2, ұзындығы 6,5 км, ең енді жері 3,7 км, жағалық сызығының ұзындығы 20,2 км. Жағалауы жайпақ, кейбір жерлері жыралармен тілімделген. Көл жауын-шашын, жер асты суымен толысады. Суы тұзды. Алабы – жайылым. ## Дереккөздер
Экономикалық бостандықтың конституциялық кепілдіктері – Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген еркін экономикалық қызметтің болуы мен дамуын қамтамасыз ететін заңи қағидалар, тәсілдер мен құралдар кешені. ҚР Конституциясына сәйкес әркімнің кәсіпкерлік қызмет және заңда тыйым салынбаған басқа да экон. Қызмет үшін өзінің қабілет-қарымы мен мүлкін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополиялауға және жосықсыз бәсекеге бағытталған экон. Қызметке жол берілмейді. Жеке меншік құқығы заңмен қорғалады. Әркім меншігінде мүліктің болуына, оны жеке дара да, басқа тұлғалармен бірлесіп те иеленуге, пайдалануға, билеуіне құқылы. Жеке адамның мүлкін соттың шешімінсіз ешкім де айыра алмайды. Тек алдын ала және тең бағамен орны толтырылған жағдайда ғана мемлекеттің мұқтаждары үшін мүліктен мәжбүрлеп айыруға болады. Мұралану құқығына мемлекет кепілдік береді. Азаматтар және олардың бірлестіктері жерді меншіктенуге құқылы. Жерді және басқа табиғат ресурстарын меншіктенушілер олардың осы меншіктенуі қоршаған ортаға зиян келтірмейтін болса және өзге тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтын болса, оларды иеленуіне, пайдалануына және оларға өкім жүргізуіне болады. Жерді пайдалану шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының Жер кодексі негізінде айқындалады. Қазақстанда адамның және азаматтың құқықтары мен бостандығын, соның ішінде экон. Құқықтары мен бостандығын да мемл. Қорғауға конституциямен кепілдік берілген. Әркім өзінің құқықтары мен бостандықтарын заңда тыйым салынбаған барлық тәсілдермен қорғауға құқылы. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар сот арқылы қорғалады. Мемл. Билік органдары мен жергілікті өзін өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктер мен лауазымды адамдардың шешімдері мен әрекеті (әрекетсіздігі) жөнінде сотқа шағынуға болады. ҚР-ның халықар. Шарттарына сәйкес әркімнің құқықты қорғаудың мемлекет ішіндегі барлық құралдары сарқылған жағдайда адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі мемлекетаралық органдарға жүгінуге құқығы бар. Әркім мемл. Билік органдары немесе олардың лауазымды тұлғалары заңсыз әрекетпен (әрекетсіздікпен) келтірген зиянның өтемін алуға құқылы. ## Дереккөздер
Рүстем Жанаев (2.5.1944 жыл, Қазалы ауданы Дихан ауылы - 2008) – ақын. * ҚазПИ-дің (ҚазҰПУ) филология факультетін бітірген (1967). * Еңбек жолын мектепте мұғалім болудан бастады. * 1980 – 1992 жылдары ауыл шаруашылық кәсіподағында * [1992 жылдан аудан әкімінің орынбасары * 1994 – 2004 жылдары Әйтеке би кентінде кәсіптік-техникалық мектептің директоры болды. ## Шығармашылығы * Алғашқы жинағы «Мәуелі махаббат» деген атпен 1974 жылы жарық көрген. Жанаевтың * «Бақыт босағасы» (1977), * «Мезгіл мақамдары» (1982), * «Бір өзіңе» (1999), * «Сағынып кеттім мен сені» (2004), * «Жанайқай» атты жыр жинақтары және проза кітаптары бар. * Сонымен қатар «Жанқожа батыр» пьесасын жазған. * «Шапағат» медалінің иегері. ## Дереккөздер
ЖАНАЗАР Досқанаұлы (1818, бұрынғы Ақмешіт уезі, Шиелі болысы – ө.ж.б.) – белгілі батыр. Қыпшақтың шашты атасына жатады. Сыр бойы қазақтарының Қоқан басқыншыларына қарсы күресіне белсене қатысқан. Қыпшақ жасағының жүзбасы болып,Жөлек,Жаңақорған, Созақ бекіністерін азат етуге қатысқан. Жаназар аз уақыт Кенесары қозғалысының құрамында болған. Иман батыр бастаған қыпшақ қолына қосылып, көтерілісшілермен біргеӘулиеатаға дейін ілесіп барған. Ағасы Бекназар Кенесарының қасында қалып, 1847 жылы Кекіліктауда болған айқаста қаза тапқан.Сыр бойын патшалық Ресей отарлай бастаған кезде қоқандықтар жағына шығып, орыстарға қарсы қүрескен.
Үлкен Қараой ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданындағы әкімшілік бірлік. 2021 жылға дейін Новосел ауылдық округі деп аталған. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Баймырза, Горьковское ауылдары кіреді. Орталығы – Горьковское ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1412 адамды құрады. ## Дереккөздер
Приишим ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Повозочное, Бірлік, Меней, Ортакөл ауылдары кіреді. Орталығы – Повозочное ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1376 адамды құрады. ## Дереккөздер
Виссарион Андреевич Шамардин (28.10.1941, Алматы қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1982), профессор (1994). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1964, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. Қазақ эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға ғылым қызметкер, зертхана меңгерушісі (1964–1987), Орта Азия обаға қарсы ғылыми-зерттеу институтында зертхана меңгерушісі (1987–1992) болған. 1992 жылдан Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде декан қызметін атқарады. 160-тан астам ғылыми жарияланым мен 2 монографияның авторы. 18 өнертабыстың иегері. ## Дереккөздер
“Жиырма үш жоқтау” — жинақ. 1926 ж. Мәскеудегі Шығыс халықтарының кіндік баспасында алаштың ардақты ұлдары Ахмет Байтұрсынұлы мен Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан жинап құрастырған жинаққа 23 жоқтау енген. Жинақ Шәңгерей Бөкеевтің заман жайлы ащы зарға толы “Сыршы” деген жоқтау өлеңімен ашылған. Мамай батырды шешесі Қараүлектің, Қаз дауысты Қазыбек биді Мәнкенің, Нарманбет ақынның әкесі Орманбетті жоқтап айтқан жоқтауларында, Кеңгірбай биге, Кенесарыға, Наурызбайға, 1916 жылғы Торғай өңірінде болған ұлт-азаттық көтерілісін басқарып, хан сайланған Әбдіғаппарға арналған көлемді жоқтау өлеңдерінде, т.б. қазақ тілі мен тарихына, мәдениетіне байланысты қүнды материалдар бар. Жинақта Абайдың баласы Әбдірахманды жоқтаған өлеңдері де жарияланған. Бұл жинақ еш түзету, өзгеріс енгізілмей, 1993 ж. “Мың бір мақал” деген жинақпен біріктіріліп қайта басылып шықты. ## Дереккөздер: Қазақ ұлттық энциклопедиясы
ТАЙҚОҢЫР ЕЛШІЛІГІ, * Тәуке хан Ресеймен келіссөз жүргізу үшін 1694 жылы жіберген. Елшілікті Тәуке ханның ең сенімді адамы Тайқоңыр бастап барған. Тайқоңыр елшілігі қазан айында Тобыл қаласына келіп, патша өкіметінің сондағы билік орнына Тәуке ханның Петр Қ-ге жолдаған хатын тапсырды. Бұл хатта Тәуке хан Ресеймен бейбіт қарым-қатынас орнатуды қалайтындығын танытқан және 1693 жылы жіберген елші Келдей мырзаны тұтқыннан босатуды талап еткен. Патша өкіметі бұл талап-тілектерді қабыл алып, Келдейді тұтқыннан босатты және Тайқоңыр елшілігіне жауап ретінде Тәуке ханға Скибин мен Трошин елшілігін аттандырды. * 1715 жылы Әбілқайыр хан башқұрт-қазақ дауларын шешу мақсатында аттандырған. Әбілқайыр ханның 1715 жылғы башқұрттар жеріне жасаған әскери жорығы мен башқұрттардың жақын жердегі Кіші жүз ауылдарына басып кіруі қазақ билеушілерінің Қазан губерниясы мен Батыс Сібірдегі орыс шекаралық өкімет орындарымен саяси қарым-қатынастарын шиеленістірді. Осыған байланысты күзде башқұрт-қазақ дауларын тыю және олардың тұтқындар алмасуы туралы мәселені шешу мүдделерін көздеп, Әбілқайырдың елшісі Тайқоңыр батыр Қазанға барып, онда жергілікті губ. П.С. Салтыковпен келіссөз жүргізді. Бірақ бұл келіссөз нәтижелі бола қоймады. Қазақ-башқұрт қатынастарының реттелуіне патша өкіметі мүдделілік танытпады. ## Сілтемелер * Казахско-русские отношения в XVҚ – XVҚҚҚ веках. Сб. документов и материалов, А.-А., 1961. * Қазақстан тарихы, 3-т., А., 2002. * "Қазақ Энциклопедиясы", 8 том
ЖАҢАЙ батыр Ережепұлы (1828/30, бұрынғы Қазалы уезі – 1884/85, сонда) – би, батыр. 1849 – 1850 ж. ауылынан малын айдап кеткен хиуалықтардың артынан барып, жылқыларды қайтарып алғаннан кейін батыр атағы шыққан. 1850 жылдары ел билігіне араласа бастайды. 1868 жылы құрылғанЗаңғар болыстығының бас биі болып сайланды. 1870 – 1875 жылдардағы Қазалы уезіне байланысты құжаттарда және генерал Гродековтың кітабында Жанай есімі жиі кездеседі.
Тораңғылсай, Құрөзек – Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы өзен. ## Бастауы Қарашоқы ауылынан басталып, Қурайлы ауылының оңтүстігінде 44 км жерде тартылып қалады. ## Гидрологиясы Ұзындығы 92 км. Қар, жаңбыр суымен арнасы толығады. Жазда суы тартылып қалады. Айналасында сораң шөп өседі. ## Дереккөздер
Жиырма сегіз гвардияшы Панфиловшылар — Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуді ерлікпен қорғаған қазақстандық жауынгерлер. Мәскеу генерал-майоры И.В.Панфилов басқарған Қазақ КСР Алматы және Қырғыз КСР Фрунзе қалаларында жасақталған 316-атқыштар дивизиясының (кейінірек 8-гвардиялық) әскери қызметшілері. ## Екінші дүниежүзілік соғыста 1941 жылы 15 қарашада Германия әскерлері 51 дивизиямен Мәскеуге екінші “негізгі шешуші шабуылды” бастады. Батыс майдан жауынгерлері ауыр ұрыстар жүргізді. Осы майданға кіретін 16-армияның құрамында Алматыда жасақталған генерал-майор И.В. Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы (кейіннен 8-гвардиялық-панфиловшылар дивизиясы) Мәскеу түбіндегі Волоколам тас жолын қорғады. 16-қарашада жау Волоколам бағытында ұрысқа шығып, Дубосеково разъезіндегі 1075-атқыштар полкі 4-ротасының 2-взводы тұрған бекініс шебіне шабуыл жасады. Ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков басқарған взвод жауынгерлері — барлығы 28 адам мылтықпен, жанармай құйылған шөлмектермен, гранаталармен қаруланып, жаудың 20 танкісімен 4 сағатқа созылған ұрыс жүргізді. Жаудың 14 танкісі қиратылып, панфиловшылар арасынан да бірнеше адам қаза тапты. Жау ұрысқа тағы 30 танк шығарды. Қазақстандық жауынгерлер соғыс тарихында сирек кездесетін ерлік жасап, жаудың болат құрсанған машиналарына төтеп берді. 28 панфиловшылардың 23-і қазаға ұшырады, бірақ жау танкілері олардың шебінен өте алмады. ## Марапаттаулар КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1942 ж. 21 шілдедегі Жарлығымен бұл жауынгерлердің барлығына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олар: Николай Яковлевич Ананьев, Григорий Михеевич Безродных, Николай Никонорович Белашев, Бондаренко Яков Александрович, Васильев Илларион Романович, Иван Евстафьевич Добробабин, Петр Данилович Дутов, Петр Кузьмич Емцов, Нарсұтбай Есеболатов, Дмитрий Митрофанович Калейников, Василий Георгиевич Клочков, Абрам Иванович Крючков, Григорий Ефимович Конкин, Қожабергенов Әлиасқар, Әлікбай Қосаев, Николай Гордеевич Максимов, Гавриил Степанович Митин, Митченко Никита Андреевич, Иван Васильевич Москаленко, Иван Моисеевич Натаров, Григорий Алексеевич Петренко, Мұсабек Сеңгірбаев, Дмитрий Фомич Тимофеев, Николай Игнатьевич Трофимов, Иван Демидович Шадрин, Иван Алексеевич Шепетков, Григорий Мелентьевич Шемякин, Дүйшөнкул Шопоков. ## Ескерткіштер Батырлардың есімімен аталатын мектеп, ауыл, аудан, көше, парктер бар. Алматы қаласындағы 28 панфиловшы-гвардияшылар паркінде, Мәскеу түбіндегі Дубосеково разъезінде және батырлардың туған жерінде ескерткіштер орнатылып, мемориалдық мұражай ашылған. ## Дереккөздер: Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Тебенсай – Шалқар алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Шалқар ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 135 км, су жиналатын алабы 3790 км². ## Бастауы Мұғалжардың оңтүстік-шығыс беткейіндегі (Жұмырсай ауылы тұсында) бұлақтардан басталып, Қопасор көліне құяды. ## Гидрологиясы Қар суымен толығады. Көктемде ағыны молайып, жазда иірімдерге бөлінеді. Жылдық орташа су ағымы 0,60 м³/с. Мал суаруға, жайылмасы шабындыққа пайдаланылады. ## Дереккөздер
Прибрежный ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Прибрежное, Тепличное, Шаховское ауылдары кіреді. Орталығы – Прибрежное ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2696 адамды құрады. ## Дереккөздер
Қылышты Ата Кесенесі – орта ғасыр ескерткіші. Жаңақорған ауданы орталығынан 30 км жерде, Қыркеңсе елді мекеніне 7 – 8 км жерде орналасқан. Қылышты Ата аруақты адам болған, ХІ – ХІІ ғасырларда өмір сүрген. Бұрынғы кесенесі құлап қалғандықтан ұрпақтары 1992 жылы ақ қыштан өріп, темір қаңылтыр күмбезді кесене тұрғызды. Кесененің ауданы 6 х 6 м, биіктігі 4 м. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы III том 12 тарау
ТОРҒАЙ ДАТҚА Торғай Қуатбайұлы (1782 – 1851) – би, жеті ру шатысынан,Сырдария өзені бойындағы қыпшақ тайпасының бошай руын билеген. Өмірбаяны жайлы мәлімет аз. Дегенмен оның Қоқан хандығының билігі тұсында Сыр өңіріндегі қазақтар арасында беделді қайраткер болғаны жайлы жергілікті ақындардың өлеңдерінде мәліметтер көп. Торғай Қуатбайұлының бейіті Сұлутөбе ст. маңындағы Сарышығанақ деген жерде. Торғай Қуатбайұлы көрнекті қайраткер Мұстафа Шоқайдың атасы. Өз дәуірінің көзі ашық, қуатты азаматы болған. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Қайып Зиядаұлы Әлжанов (1937 жылы туған, Қарағанды қаласы) – физика-математикалық ғылыми докторы (1998), профессор (2000). Арғын тайпасының Қуандық руының Қареке бөлімінен шыққан. Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтын (1960, қазіргі Қарағанды мемлекеттік университеті) бітірген. 1973–2005 жылы осы университте аға оқытушы, доцент, дайындық бөлімінің меңгерушісі, факультет деканы, кафедра меңгерушісі, профессор қызметтерін атқарды. Әлжанов 100-ден аса ғылыми еңбектің, 1 монографияның авторы. ## Сыртқы сілтемелер * [1] ## Дереккөздер
Рассвет ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Рассвет, Водопроводное, Красная Горка, Семипалатное ауылдары кіреді. Орталығы – Рассвет ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1924 адамды құрады. ## Дереккөздер
ЖАНӘЛИЕВ Сейітмағамбет (1896 жылы туған, қазіргі Арал ауданыКөлқара ауылы) – еңбек ардагері, Социалисттік Еңбек Ері (1949). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1929 жылы «Құмсай» артеліне мүше болып кіріп, жылқы баққан. 1948 жылы әр 53 биеден 53 құлын алған.
ЖАНӘДІЛОВ Орынбай (1933, Арал ауданы – 1977, Қызылорда қаласы) – теміржолшы, КСРО-ның құрметті теміржолшысы. Ташкент темір жолы институтын бітірген (1956). 1956 – 1961 ж. Жамбыл депосы, Жамбыл темір жол бөлімшесінде қызметте болды. 1961 – 1977 ж.Қазалы вагон депосы, Шымкент кәсіподақ саласында жауапты қызметте, Қызылорда темір жол бөлімшесін басқарды. Жанәділов бірнеше рет Қызылорда кеңесінің депутаты, болып сайланды. Бірнеше мемлекеттік ордендер мен медальдардың иегері. Облыста темір жол саласының өркендеуіне үлкенүлес қосқан.
Әкімшілдік-әміршілдік экономика, өндіріс құрал-жабдығына қоғамдық меншікке, орталықтандырылған жоспарлауға және қоғам өмірінің барлық аясын директивалық басқаруға негізделеді. Басты белгісі – іс жүзінде барлық экономикалық ресурстарға (жерге, жер қойнауына, кәсіпорындарға, қаржыға, т.б.) мемлекеттік меншіктің үстемдігі. Тиісінше халық шаруашылығы бірыңғай “фабрика” болып табылады, ал орталық жоспарлаушы органдар кім үшін, қалай өндіру мәселелерін шешеді, яғни нарықтық жүйедегідей сұраныс емес, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ұсынысы айқындаушы фактор болып табылады. Мұндай шарттар монополия мен бюрократияны сөзсіз тудырады, мұның өзі дамуға деген ынтаны төмендетеді. Алайда Әкімшілдік-әміршілдік экономиканың оң жақтары да бар. Ол: әлеуметтік аяның дамуы, білім алуға, медицина қызмет көрсетуге еркін қол жеткізу мүмкіндігінің болуы. Әкімшілдік-әміршілдік экономика елдеріне бұрынғы социалдық елдер, қазіргі КХДР жатады. Әкімшілдік-әміршілдік экономиканың ұйытқысы – КСРО экономикасы болды. Ол 20 ғасырдың 30-жылдарында қалыптасты. Оның құрылуының алдында Қазан төңкерісінен кейінгі екі кезең бастан көшірілді: соғыс коммунизмі (1917 – 20 жылдары) және жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) (1921 – 28 жылдары). Соғыс коммунизмі үшін тәркілеу, реквизициялау, азық-түлік салғырты және нарықтық саудаға тыйым салу жүйесі тән болды. ЖЭС кезеңінде КСРО-да 5 тірек болды, олар: социалдық тірек (мұнда жерге мемлекеттік меншік, ұлт меншігіне алынған өнеркәсіп орындары мен банкілер, темір жол және су көлігі қамтылды); ұсақ тауар тірегі (мұнда орташалар деп аталған көптеген ауқатты шаруалар қамтылды, олар “егіншіліктің орталық тұлғасы” деп есептелді); жеке меншіктік-капиталдық тірек (деревнядағы шаруа-құлақтардың, өнеркәсіптің көлемі бойынша ұсақ және орташа қожалықтарды, жеке меншікті саудагерлерді, жекеше кәсіпкерлерді қамтыды); концессиялар, жаугерлік, үлескерлікпен қатысатын аралас мемлекеттік-жекеше кәсіпорындар нысанындағы мемлекеттік капиталистік тіректер; патриархтық тірек (өнімді өзіндік және ішкі шаруашылық мақсатта тұтыну үшін өндіретін, сирек жағдайда нарыққа жүгінетін шаруаларды қамтыды). ЖЭС жылдары қатаң азық-түлік салғыртын алмастырған азық-түлік салығы өндірілген өнімнің бір бөлігін нарықта өткізу үшін қалдырды. Көп ұзамай көп тіректі шаруашылық өмір сүруін тоқтатты, нарықтық элементтер толық ығыстырылды. 1929 жылы кеңестік экономика тарихына “ұлы бетбұрыс жылы” ретінде енді. Партия және мемлекет органдары ұжымшарлар құру жолымен ауыл-селоларды “жаппай” ұжымдастыруды қолға алды. Алайда бұл орайда шаруашылықтарының тауарлылығы жоғары құлақтар мен ауқатты шаруалар “тап ретінде жойылды”. Соның салдарынан ауыл шаруашылығының құрылымында ұжымшарлар – ұжымдық шаруашылықтар, мемлекеттік сипаттағы кеңшарлар; мемлекеттік меншік болып табылатын МТС-тер – машина-трактор станциялары (кеңшарлар сияқты олар да шаруашылық есепте болды) басымдық алды. Кеңшарлар өздерінің өнімін мемлекеттік дайындау қорларына өткізуден табыс алды. Дайындау жоспарын орындаған кезде олардың жоспардан тыс өнімді ұжымшар базарында сұраныс пен ұсынысқа қарай қалыптасқан бағамен сатуға құқығы болды. МТС-тер жерді жоспардан тыс өңдеген кезде заттай қосымша ақы алуға құқылы болды, сондай-ақ өнімін базарда еркін бағамен сатты. Осы жылдары жүзеге асырылған елді қарқынды түрде индустрияландыру үдерісі оның экономикасының құрылымын айтарлықтай өзгертті. Біріншіден, бүкіл халық шауашлығы шеңберінде тұтыну заттарын өндірумен салыстырғанда өндіріс құрал-жабдығын өндірудің үлесі артты. Екіншіден, осы бағытта өнеркәсіп шеңберіндегі ара қатынас өзгерді. Пайдалануға берілген жаңа өнеркәсіп орындары негізінен мемлекеттік бюджет есебінен салынды және мемлекеттік меншік болды. Сондықтан индустрияландыру үдерісі мемлекеттік меншікті айтарлықтай молайтты, ол социалистік меншік деп аталды. КСРО өнеркәсібінің негізгі қорларында мемлекеттік кәсіпорындардың үлесі 90%-ға жуықтады. Мұның өзі Әкімшілдік-әміршілдік экономиканың іргетасын қалады. Бұл жүйеде мемлекеттік директивалық жоспарлау маңызды рөл атқарды. Соғыс, қирау, аштық, басқа да бұқаралық қасірет туғызған төтенше жағдайда Әкімшілдік-әміршілдік экономиканы қолдану толық ақталды, өйткені ол материалдық, қаржылық және адами ресурстарды қоғам үшін өмірлік маңызды міндеттерді тез шешуге жұмылдыруға мүмкіндік береді. ## Сілтемелер * Бюджет * Меншік * Партия ## Дереккөздер
Тайлақ – бір жастан асып, екі жасқа толмаған түйе. Жынысына қарай еркек Тайлақ, ұрғашы Тайлақ деп аталады. Түйе жыл сайын боталамайтындықтан тайлақты інгенді жергілікті ел сауын малы ретінде ұстайды. Тайлақты көбіне жұмысқа пайдаланбайды, бірақ қолға, мініске, жегуге үйретеді. Тайлақтың ұлпа жүні өте қымбат бағаланады. ## Сілтемелер "Қазақ Энциклопедиясы", 8 том
Серікбол Қыпшақбаев (1962 – 2003) – спортшы, спорт шебері. 1981 – 83 жылы Ауғанстан елінде интернационалдық борышын өтеген. Қызылорда политехникумын және Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетін бітірген. Қызылордалық «Қайсар жас» футбол командасының аға бапкері және капитаны болды. «Мелиоратор», «Қайсар» футбол командаларының құрамында 117 ойынға қатысқан. 1993 жылы Ақтау қаласының «Мұнайшы» командасының қақпасына соққан 100 доптың авторы. Жылына екі рет Қыпшақбаев атындағы футбол турнирі өткізілуде. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы III том 12 тарау 92.46.5.245 21:28, 2011 ж. маусымның 19 (ALMT)
* Рощин ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы әкімшілік бірлік. * Рощин ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы әкімшілік бірлік.
Жартас – Абай облысы Аягөз ауданындағы Шар және Ащысу өзендері аралығындағы тау. ## Жер бедері Ең биік жері – Қосымбет тауы (699 м). Шар және Ащысу өзендерінің орта ағысы тұсында солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзындығы 25-30 км-ге созылып жатыр. ## Геологиялық құрылымы Пермьнің сазды тақтатас, конгломерат, құмтас жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Топырағы бозғылт, қызғылт қоңыр, сортаң. Өзен аңғарымен жылға, сай-жыраларда қараған, тобылғы өседі. ## Дереккөздер
Төлебаев Рақымбай (1910, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Қызылтас а. – 8.8.1982, Алматы) – қайраткер. ФЗО мектебін, Алматыдағы екі жылдық Марксизм-ленинизм ун-тін (1938), СОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1947) бітірген. 1928 – 1936 ж. Риддер (Лениногорск) қ-ндағы қорғасын з-нда жұмысшы, з-т парткомы хатшысының орын¬басары, Риддер қ-лық парткомының нұсқаушысы болған. 1938 – 1940 қазіргі Түркістан облысы парткомының 3, 2-хатшысы, 1940 – 1945 ж. Қызылорда облысы парткомының 1-хатшысы болған. 1947 – 1950 ж. Талдықорған облысының Қапал ауданында кеңшар директоры, 1950 – 1958 ж. және 1958 – 1959 ж. Алматы облысы, Қаскелең ауданында мектеп директоры. 1959 – 1961 ж. Шығыс Қазақстан облысы Бұқтырма ауданында кеңшар директоры, 1961 – 1963 ж. Өскемен қ-нда Кондитер з-ты директорының орынбасары, 1963 – 1971 ж. Шығыс Қазақстан облысы мемл. мекеме қызметкерлері кәсіподағы к-тінің төрағасы қызметтерін атқарды. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Жартас – Сарытаудың оңтүстік-батыс сілеміндегі тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Семізбұғы ауылының солтүстік-батысында 12 – 13 км жерде орналасқан. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 4 – 5 км-ге созылған, ені 2 – 3 км. Ең биік жері 800 м. ## Геологиялық құрылымы, жер бедері Девон жыныстарынан түзілген. Беткейлері тік, сай-жыра, аңғарлармен қатты тілімденген. Жартастың оңтүстік-шығыс бөлігінде түп жыныстарының жер бетіне шығуы байқалады. ## Өсімдігі Қызғылт қоңыр, сортаң топырағында әр түрлі дала өсімдіктері өседі. ## Дереккөздер
ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ– мұнай-газ кәсіпорны. 1995 ж. 22 тамызда «Құмкөл-Лукойл» ЖАҚ ретінде құрылды. Ол 2000 ж. 27 маусымнан «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» ЖАҚ деген атпен қайта құрылды. Кәсіпорын, негізінен, мұнай мен газды барлау, игеру, өндіру, тасымалдау, сыртқа шығару және өткізу жұмысымен айналысады. 2000 ж. 1,2 млн. т, 2001 ж. 1,5 млн. т, 2002 ж. 2,1 млн. т, мұнай өндірді. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Сағалбай Жанбаев (1904, Омбы облысы, Алабота болысы, 4 а. – 18.5.1972, Алматы) –партия, кеңес қайраткері. Петропавл педагогика техникумын (1948), БК (б)П ОК жанындағы жоғары партия мектебін бітірген. 1928 – 1938 ж.Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Көкшетау,Ақмола облыстарында комсомол, партия органдарында басшы қызметтерде болған, 1939 – 1945 ж. Ақмола облысы парткомының 3, 2 хатшы, 1948 – 1954 ж. Ақмола, Қызылорда облысы парткомдарының 1 хатшысы, 1954 – 1958 ж. Семей қалалық аткомының төрағасы, облыс атком төрағасының орынбасары, 1958 – 1963 ж. Қазақстан КП ОК парткомиссиясының мүшесі болды, республика еңбек резервтері комитетінде жауапты қызметтер атқарды. КСРО және ҚазКСР Жоғарғы кеңестеріне бірнеше дүркін депутат болып сайланды. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. «Өмір өткелі», «Кенді алқап» атты кітаптары жарық көрген.
Рощин ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Рощинское, Димитровка, Комсомольское, Краматоровка, Макашевка, Октябрьское, Сарыбай ауылдары кіреді. Орталығы – Рощинское ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1590 адамды құрады. ## Дереккөздер
ЖАНҒАБЫЛ Төлегенұлы (шамамен 1805 – ө. ж. б) – батыр, би, Жаппас руының Қаракөз тармағынан. 35 жасынан билікке араласқан. Қоқан, Хиуа басқыншыларына қарсы күрескен. 1840 жылы Орынбор шекара комиссиясымен қарым-қатынас орнатқан. Райым бекінісін салуға көмектескен. 1844 жылы зауряд-хорунжий атағын алған. 1846 жылы ғ46 дистанцияның бастығына тағайындалып, ел басқарған. Ағасы Алтыбай Көбековтың ауылын шапқан соң Кенесары Қасымұлына қарсы шыққан. 1844 жылы жаппастықтардан зекет жинауға келген 100 адамдық Наурызбай батыр жасағынатүн ішінде тұтқиылдан шабуыл жасап, 95 адамын өлтірген. Осы қырғыннан Наурызбай қашып құтылып, жас батыр Байтабын қаза тапқан. Бұл жөнінде және Жанғабыл жайында халық ақыны Н.Ахметбековтің «Жасауыл қырғыны», О.Шипиннің «Жеті батырдың оқиғасы», Нысанбай жыраудың «Кенесары – Наурызбай» дастанында айтылған.
Мүтәліп Қыраубаев (1921, Жаңақорған ауданы Төменарық ауылы – 23.12.1987) – айтыскер ақын. 1942 ж. Қызылорда педагогика институтында оқып жүріп, майданға аттанған. 1943 ж. ұжымшар шаруашылығының әр-түрлі саласында бригадир, директордың орынбасары, ұжымшар төрағасы, инженер-технолог қызметтерін атқарған. Ол 1979 ж. облыстық ақындар айтысында бірінші, 1980 ж. республика айтыста үшінші орын алған. «Шаһнама», «Кеншімбай мен Ақсұлу», «Мансұр мен Дәме қыз» айтыстарын, «Сұрмерген», Нартай, Тұрмағамбет, т.б. ақындардың көптеген жыр-дастандарын жатқа айтып, жыршылық-жыраулық дәстүрді дамытқан. Қыраубаевтың «Өмір туралы», «Балаларға», «Сақтанғанның майданнан хаты», т.б. туындылары «Жыр шашу» (1982), «Өсиет» (1989) кітаптарында жарияланған. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы III том 12 тарау
Жартас – Нұра алабындағы өзен.. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 39 км. ## Бастауы Бастауын Қарағаш тауының оңтүстік-батыс беткейінен алып, Шерубайнұра өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Арнасының ені 15 – 30 м. Жауын-шашын суларымен толығады. Суы қараша айының басында қатып, сәуірдің ортасында ериді. Шаруашылық мақсаттарына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Тебіссор, Тебізсор – Өлкейек алабындағы ағынсыз көл. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылынан солтүстікке қарай 95 км жерде. ## Гидрографикасы Ауданы 11,0 км2, ұзындығы 5,7 км, енді жері 2,8 км, жағалауының ұзындығы 14,6 км. Көл теңіз деңгейінен 152,1 м биіктікте жатыр. Су жиналатын алабының аумағы 448 км2. ## Жағалау сипаты Жағалауы жайпақ. Көлге Қарасай өзеншесі құяды. Қар суымен толығады. Күзде көпшілік жері сорға айналады. Алабы көктемде жайылым ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Тайлақ Бекежанұлы (XVIII ғасырда өмір сүрген) - қазақ батыры, қолбасшы. ## Өмірбаяны Тайлақ - шекті Бекежан батыр Айбекұлының бәйбішесі Салихадан туған үш ұлдың бірі. Кіші жүздің жетіру тайпасының Жағалбайлы руынан шыққан. Әбілқайыр ханмен үзеңгілес құрдас әрі ақылшы-кеңесшісі болған. 1726 жылы Ордабасы жиынында Кіші жүз жасақтарының қолбасшысы болып сайланды. Тайлақ жиені, Ұлы жүздің батыры ошақты Саңырықпен бірге жоңғарларға қарсы күресте ерлігімен көзге түскен. Бұланты – Білеуті шайқасында, Аңырақай шайқасында Кіші жүз жасағын басқарған. Қожаберген жыраудың “Елім-ай” дастанында Тайлақ есімі де аталады. Көрнекті түркітанушы ғалымдар В.В. Бартольд, И.Кастанье, Ш.Уәлиханов, Ә.Диваев, М.Тынышбаев еңбектерінде де Тайлақ есімі жиі кездеседі. Тайлақ жайында жазушылар Қ.Есенберлиннің “Жанталас” (1973), Ә.Кекілбаевтың “Үркер” (1981), “Елең-алаң” (1984), Ә.Әлімжановтың “Жаушы” (1974), С.Сматаевтың “Елім-ай” (1978, 1980) атты кітаптарында суреттелген. Жазушы М.Есламғалиұлы халықтың шежіре деректері мен тарихи жырлардағы мәліметтерге сүйеніп, 1729-30 жылдардағы жоңғарлармен өткен шайқастарда Кіші жүздің қолын басқарған осы Тайлақ батыр деп жорамалдайды. Тайлақ және оның ағалары Байрақ, Қайрақ туралы мағлұматтар "Қыз Жібек" дастанының Сегізсері нұсқасында, "Елім-ай" және Ж.Жабаевтің "Саурық батыр" жырында ішінара кездеседі. Соңғы жырда Тайлақтың шапырашты Саурықпен тізе қосып, қалмақтармен соғысып жүргені айтылады. Көрнекті жазушы Ә.Кекілбаев «Үркер», «Елеңалаң» романдарында негізінен керейт Тайлақты сюжет арқауы етіп, шешті Тайлақ туралы бір оқиға үстінде ғана әңгіме етіп өтеді. Сырым ауданы Шідерті елді мекені маңындағы Тайлақ атанған ауыл бар. Оның іргесіндегі қорым да солай аталады. Қорымның атауы жөнінде әр түрлі пікірлер бар. Бір шежіре жүлгесі бойынша, онда шеркештің, ал енді екіншісі бойынша, байбақтының батыры жерленген. Тағы бір дәлелден беген ауызекі деректе — қорымдағы ескерткіші жоқ үлкен обада Бекежанның, оның аяқ жағындағы үш обада балалары Байрақ, Қайрақ және Тайлақтың мүрделері жерленген делінеді. ## Дереккөздер
Төлегетай баба (шамамен XV ғасыр) — қазақ батыры, тарихи тұлға, ел бастаған би, көш бастаған көсем. ## Тарихи деректер Деректер бойынша, Төлегетай баба – тарихи тұлға, Алтын Орданың билерінің бірі, найманның ақсүйектер әулетінен шыққан, Ақсопы әмірдің шөбересі Найман хандығының билеушісі Күшілік ханның ұрпағы. Наймандар жерді бөліп алғаннан кейін, Төлегетайдың үлесіне Сырдарияның сол жағалауындағы Өзкент қаласы тиеді. Бұл аймақтарда Төлегетай дана атанып, Қылышты батырмен танысады. Олардың достығы, құрметі мен бір-біріне деген сыйластығы ұрпақтарына үлгі боп қалды. Олардың кесенеслері (Төлегетай-Қылышты ата кешені) Жаңақорған ауданы, Әбдіғаппар ауылынан оңтүстікке қарай 7-8 км жерде орналасқан.Аңыз бойынша, Төлегетай баба тек атақты жауынгер ғана емес, сонымен бірге күшті көріпкелдігімен де танылды. Әсіресе, оның жерасты суларының орналасуын дұрыс таба білу қабілеті ерекше аталады. Қуаң шөлді ландшафтты аймақтардағы сулармен мұндай сакралды байланыстың өзіндік ерекшелігі болды. Оның адамдардың бірлігі, әділеттілік пен біреумен бөлісу қабілеті туралы рухани өсиеттері әлі күнге дейін халық арасында айтылады.Найманнан – Белгібай, одан Сүйініш. Бұл күнде "Төрт Төлегетай" атанып жүрген Найманның төрт тайпасы: Қаракерей, Матай, Садыр, Төртуыл – Төлегетай бабаның немерелері. ## Дереккөздер
Рузаев ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Рузаевка, Берёзовка, Золотоноша, Сарыадыр, Сивковка, Чернобаевка ауылдары кіреді. Орталығы – Рузаевка ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 5993 адамды құрады. ## Дереккөздер
Дариялықтақыр – Сырдария өзенінің оң жағалық аңғарындағы (көне арнасында жатқан) тегіс жазық. ## Географиялық орны Қызылорда облысының Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандары жерінде. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 230 км-ге созылған, ендірек жері 50 км. Теңіз деңгейінен 110–145 м биіктікте жатыр. Жазық жерлерінде құдықтар (Доңыз, Табаққабыл, Қатын, т.б.) және қоныстар (Жайсаң, Қаракемер, т.б.) көптеген. Жер қыртысы бор шөгінділерінен түзілген. Оның үстін ысырынды құмдауыт балшық жапқан. ## Өсімдігі Тақырдың сор, сортаң топырағында бұйырғын, тасбұйырғын, күйреуік, жусан басым өскен. Оңтүстік-шығысындағы құмды алқабында және құрғақ арналарда жыңғыл, жүзгін, сексеуіл шоғырлары кездеседі. Қараөзек өзені сағасында тоғай, орталығының жазық бөлігінде сексеуіл өседі. ## Дереккөздер
Пірмағамбет Лаубаев (1892, Қармақшы ауданы Ақжар ауылы – 07.04.1930, Қараүңгір қыстағы) – Қарақұм көтерісшілерінің басшысы. Алшын тайпасының Шөмекей руының Бозғұл аймағынан шыққан. Атақты Қашқынбай батырдың ұрпағы. 1930 жылы ірі байларды тәркілеуге қарсы шыққан адамдардың бірі. Алғашқы Қарақұм шайқасында қаза тапты. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы III том 12 тарау
Қарақозы Әбдәлиев (1908, Төле би ауданы – 22.10.1943) – Кеңес Одағының Батыры (1.11. 1943), гвардия лейтенанты. Ұлы жүздің Сіргелі руынан шыққан. Сіргелі тайпасының Тутаңбалы руынан шыққан. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде 126-горловтық дивизияның 690-атқыштар полкінің құрамында ұрысқа қатысқан. Мелитополь қаласы үшін болған ұрыста Әбдәлиев өз взводымен дұшпан бекінісіне шабуыл жасап, 17 үйді жаудан босатты, фашистердің оқ жаудырып тұрған 23 ұясын, 60-тан астам гитлершілді жойды. Көше бойындағы жекпе-жек шайқаста сол қолынан жараланғанына қарамастан, Әбдәлиев қаптап келе жатқан жау танкілеріне пулеметтен оқ жаудырды, тұтанғыш гранаталар лақтырып, олардың бірнешеуін істен шығарды. 20-дай автоматшыны өлтірді. Осы ұрыста Әбдәлиев қол созым жерден жау танкісіне гранат лақтырып, қаһармандықпен қаза тапты. ## Дереккөздер
ТӨЛЕП БАҒЫ – Сырдария өз-нің сол жақ жағалауы мен Қуаңдария аралығында орналасқан жасыл желек. Жаңақала қорғанынан 6 км төмен Өтетілеу қолтығы, Маметек арығының тұсында орналасқан. Оны 19 ғ-дың басында медресе балаларына қамқор болған Төлеп деген молда еккен. Райым бекінісінің салынуына орай Төлеп молда Қуаңдарияның батыс жағалауына көшіп кеткен. Өлерінде балаларына мұра етіп қалдырған бақ күтімсіз қалып, тек 1857 ж. орыс әскерлері қоныстанып, баққа талдың бірнеше түрі, тобылғы, тұт ағашы, жиде, жүзім, т.б. көптеген ағаштар өсірілген. Бүгінде оның орнын құм басқан. Бақ жөнінде А.Макшевтің, Майердің қолжазбалары мен Н.Ановтың еңбектерінде айтылған. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Оңалбай Аяшев (25 қараша 1950 жылы, Сарыағаш ауданы Сарыағаш) – педагогикалық ғылым докторы, профессор (1991). Халықаралықпед. ғылымдары «Еуразия» эконом., Ресей педагогикалық және әлеуметтік ғылымдар академияларының толық мүшесі. Шымкент пед. ин-тын бітірген (1971). Мәскеуде 1983 ж. аспирантураны, 1991 ж. докторантураны бітірген. «Сырдария» университетінің президенті болып қызмет атқарған. 2004 ж. ҚР Парламентінің Мәжілісіне депутат болып сайланды. 2003 ж. Түркістан облысының «Үздік ғалымы», Мақтаарал ауданының құрметті азаматы. Аяшев 1 ғылым докторын, 8 ғылым кандидатын даярлаған, 14 монографияның, 95 ғыл. мақаланың авторы. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. ## Дереккөздер
ТӨЛЕК АТА КЕСЕНЕСІ – орта ғасыр ескерткіші. Жаңақорған ауданы орт-нан 30 км жерде, Қырөзгент пен Қылауыз Ата арасында, Қылышты Ата кесенесімен бір жерде орналасқан. Төлек Ата 11 – 12 ғ-ларда өмір сүрген. Төлек атадан төрт ата Найман тарайды. Ол кісі Қылышты атаға өкіл бала болып тәрбиесін алған. Қылышты ата өзінің қызын беріп, күйеу бала еткен. 1992 ж. Қылышты ата ұрпағы Есқожа Ысқақұлының ұйымдастыруымен екі ата басына кесене орнатылып, ас берілді. Қазір ата басына жұртшылық зиярат жасайды. Төлек Ата к-нің ауданы 6х6 м, биікт. 4 м. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Семиполь ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Семиполка, Балуан, Өзтоған, Ступинка ауылдары кіреді. Орталығы – Семиполка ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1769 адамды құрады. ## Дереккөздер
Рашит Саттарұлы Кәренов (1944 жылы туған) – * 1992 экономика ғылымының докторы, профессор (1993). * 1967 Қарағанды политехникалық институтын, (қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) бітірген соң осы институтта * 1970-90 аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, * 1991–94 ҚР ҰҒА Жер қойнауын кешенді игеру Қарағанды ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі. * 1994–2001 және 2002 жылдан Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. Кәренов 1200 ғылыми және әдеби жарияланымның, оның ішінде 23 монографияның авторы. ## Дереккөздер
Жарыпшыққан, Жанкелді – Ойыл алабындағы өзен. ## Географиялық орны Атырау облысы Қызылқоға ауданы жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 244 км. ## Бастауы Бастауын Қамыстыкөл аулының тұсындағы Ойыл өзенінен алып, Миялы аулынанан төмен 7 км жерде Ойылдан тармақталып шығып Тайсойған құмын кесіп өтіп, Бөлекаяқ көліне құяды. ## Гидрологиясы Арнасы ауысып отырады, орта ағысында бірнеше тармаққа бөлінеді. Суы кермектеу келеді. Жағасында Қарабау ауылы орналасқан. Көктемде қар ерігенде суы көтеріледі, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Өзенді Қызылқоға ауданының шаруашылықтары пайдаланады. ## Дереккөздер
* Смирнов ауылдық округі – Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы әкімшілік бірлік. * Смирнов ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы әкімшілік бірлік.
Салқынкөл ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Салқынкөл, Тақты ауылдары кіреді. Орталығы – Салқынкөл ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 597 адамды құрады. ## Дереккөздер
Кащеев Виталий Александрович (1953 жылы туған, Ресей, Тверь қаласы) * 1994 - биология ғылымының докторы, * 1997 - профессоры. * 1976 - Харьков мемлекеттік университетін бітірген. * 1976–77 - Кировоград облысы Знаменка ауданында, * 1977–78 - Харьков қаласында мектеп мұғалімі, * 1978–89 - Қазақстан ғылым академиясының Зоология институтында лаборант, кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі (1989–95) қызметтерін атқарды. Кащеев 73 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы. ## Дереккөздер
Даңмұрын Кенжебекұлы (1870 жыл, Жалағаш ауданы Аққошқар ауылы – 1923 жыл, Жалағаш ауданы Аламесек (қазіргі Есет батыр ауылы) ауылы) – ақын. Жасында мұсылманша оқып, хат таныған. Егіншілікті кәсіп етіп, арық қаздырып, елдің отырықшылыққа бет бұруына ықпал жасаған. «Даңмұрын арығы» деп аталатын арық қазір де бар. Даңмұрын толғау, терме, арнау өлеңдер мен дастандар шығарған. Олардың негізгі тақырыбы – адамгершілік, әділдік, ел тағдыры. Даңмұрын ақындар айтыстарына да қатысқан. Оның Қаңлы Жүсіппен айтысы «Айтыс» кітабының екінші томына (1965) енген. ## Дереккөздер
Жұмыскер — Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігіне бағынышты Жұмыскер ауылдық округі орталығы болған ауыл, 2018 жылы таратылған. 1980 жылдан 2000 жылдарға дейін кент болған. ## Географиясы Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай, Жайық өзенінің оң жағалауында, Балықшы кентіне қарсы жағада орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 4702 адам (2263 ер адам және 2439 әйел адам) болса, 2009 жылы 9498 адамды (4732 ер адам және 4766 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1970 жылы “Каспий” көкөніс кеңшарын құруға байланысты қаланды. 1980 жылы кентке айналды. 1996 жылы кеңшар таратылғаннан кейін мұнда шаруа (фермер) қожалықтары құрылды. ## Инфрақұрылымы Жұмыскерде байланыс бөлімі, өзен айлағы, 2 орта мектеп, клуб, кітапхана, 2 аурухана бар. Атырау қаласымен автомобиль және өзен жолы арқылы қатынасады. ## Ауыл суреттері * * ## Дереккөздер
Ақжарқын ауылдық округі (2009 жылға дейін – Совхозный ауылдық округі) – Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ақжарқын, Ащыкөл ауылдары кіреді. Орталығы – Ақжарқын ауылы. Округ құрамында болған Бауырқамыс ауылы 2008 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1285 адамды құрайды. ## Дереккөздер
Бақыт Кәрібаева (2.11.1943 жылы туған, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы) – ақын, филолология ғылымдарының докторы (1994), профессор (1994). ## Өмірбаяны * ҚазМУ-ды (1965, қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) және аспирантурасын (1973) бітірген. * (1965-66) Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ынталы орта мектебінде мұғалім, * (1967–70) Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтында кітапханашы, (қазіргі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті), аға оқытушы, доцент, * (1975) профессор қызметтерін атқарды. ## Еңбектері Кәрібаева бірнеше ғылыми-зерттеулер мен кітаптардың * «Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы», Астана, 1988; * «Қара өлең мен лирика», Астана, 2001; * «Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналары», Астана, 2001). ## Дереккөздер
Светлопольский ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Знаменское, Байсал, Метлишино, Новоникольское ауылдары кіреді. Орталығы – Знаменское ауылы. Округ құрамында болған Янцено ауылы 2019 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1624 адамды құрады. ## Дереккөздер
Соколов ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Соколовка ауылы кіреді. Орталығы – Соколовка ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2749 адамды құрады. ## Дереккөздер
Төлепова Шәмшат (1930, Қармақшы ауданы Т. Көмекбаев а. – 17.7.2002, сонда) – термеші, жырау. Қазақстанның еңб. сің. мәдениет қызметкері (1990). 12 жасынан ән мен жыр, терме айтып жыраулық дарыны мен өнерге бейімділігі ерте байқалған. 1948 жылдан Н.Бекежанов басқарған эстрад. өнер тобында жұмыс істеп, ұстазы Р. Жиенбаевтан жыраулық өнердің қыр-сырын толық меңгерген Төлепова 1976 ж. жыраулардың облысы слетінде алғашқы жүлдесін алды. 1986 ж. Қармақшы ауданы мәдениет үйі жанынан «Жиенбай жырау» мектебін ашып, Сыр бойы мақамының кең таралуына үлкен ықпал жасады. 1987 ж. Алматыда өткен Бүкілодақтық халықтар шығарм. фестивалінің лауреаты болды. Сол жылы ғыл.-теор. конференцияда Т-ның дауысын жапондық мамандар «алтын» дискіге жазып алған. 1997 ж. Алматыда болған «Лорд» конференциясында ән салып, еуроп. саз өнері мамандарының құрметіне ие болды. 1999 ж. ауданы комиссия қорытындысымен «Ғасырдың өнер шебері» атағын алды. Т. белгілі Сыр сүлейлері: Базар, Оңғар, Омар, Тұрмағамбет, Нартай, т.б. жырау-ақындардың дәстүрін жалғастырушы. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Төленді Кәрімов (26.12.1939 жылы туған, Атырау облысы Теңіз ауданы) – фармаколог, медицина ғылымының докторы (1988). * 1969 Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Батыс Қазақстан медицина академиясы) бітірген соң осы институтта аспирант (1970 жылдан), ассистент, доцент болып қызмет атқарды. Кәрімовтің негізгі ғылыми-зерттеулері фармакология және тағам гигиенасы на арналған. ## Дереккөздер
Раушан Байдалықызы Кәрімова (3.9.1953 жылы туған, Түркістан облысы Түркістан қаласы) – психология ғылымының докторы (2002), профессор (2006). * (1976) Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. *(1994–2004) ҚазПИ-де аға оқытушы, * (2004) кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарады. :«Особенности нарушений психического развития дошкольников с церебрально-органической патологией и основы их комплексной коррекции» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Кәрімованың 70 ғылыми жарияланымы, оның ішінде 2 монографиясы, 7 оқу-әдістемелік құралы жарық көрген. ## Дереккөздер
Төлешов Сейділда (1906, қазіргі Шиелі ауданы – 1955, Алматы) – жазушы, фельетоншы. Төлешовтің журналистік қызметі 1931 жылдан басталды. Ауданы газеттің редакторы, кейін «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінде, екі жыл Қазақстан Компартиясы Орт. к-тінің органы «Коммунист» журналының редакторы қызметтерін атқарған. Ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызметпен айналысқан. ҚазМУ-да (ҚазҰУ) арнаулы курстар мен семинарлар жүргізді. Ол фельетондарын бүркеншік атпен (С.Шынаров) жариялап тұрған. Сонымен қатар әдеби сын саласында да еңбек етті. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
* Степной ауылдық округі — Абай облысы Бородулиха ауданындағы әкімшілік бірлік. * Степной ауылдық округі – Ақтөбе облысы Қарғалы ауданындағы әкімшілік бірлік. * Степной ауылдық округі — Жамбыл облысы Қордай ауданындағы әкімшілік бірлік. * Степной ауылдық округі — Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы әкімшілік бірлік. * Степной ауылдық округі — Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданындағы Құртай ауылдық округінің бұрынғы атауы.
Тайманов (1992 жылға дейін – Төменгі Боралдай) — Түркістан облысы Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Шаян ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 48 км жерде, Боралдай өзенінің жағалауында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Ауыл 1996 жылға дейін Төменгі Боралдай деп аталып келген. 1978-96 жылдары асыл тұқымды шошқа өсіретін “Боралдай” кеңшарының бөлімшесі болған. Кеңшар негізінде Таймановта шаруа қожалықтары құрылды. ## Дереккөздер
Станов ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Афонькино, Новоукраинка, Орёл ауылдары кіреді. Орталығы – Афонькино ауылы. Округ құрамында болған Пробуждение, 2574 км ауылдары 2014 жылы, Орлёнок аялдамасы 2017 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 939 адамды құрайды. ## Дереккөздер
Спасов ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Спасовка, Сарман, Тауағаш ауылдары кіреді. Орталығы – Спасовка ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 984 адамды құрайды. ## Дереккөздер
Төребаев Шахизат Хамитұлы (20.9.1948 ж.т., Жалағаш ауданы, «Таң» а.) – қайраткер. Қазақ политехн. ин-тының (ҚазҰТУ) «Автоматика және есептеу техникасы» ф-тін (1971), Алматы мемл. ун-тінің (ҚазҰУ) заң ф-тін (1998) бітірген. Жетіру тайпасы Керейіт руынан шыққан. 1971 – 1976 ж. Қызылорда политехникумының оқытушысы, ЛКЖО облысы к-тінің, 1976 –1986 ж. облысы партия к-тінде жауапты қызметтер атқарды. 1987 – 1995 ж. Қызылорда қ-лық халық депутаттары кеңесі аткомы төрағасының орынбасары, 1992 – 1995 ж. Қызылорда қ. әкімінің орынбасары, 1-орынбасары болды. 1995 – 1999 ж. Парламент Мәжілісінің депутаты, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, 2001 – 2004 ж. Қармақшы ауданының әкімі, 2004 жылдан облысы орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасының бастығы. Көптеген медальдармен марапатталған. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы