text
stringlengths 3
252k
|
---|
Абай ауылдық округі:
* Абай ауылдық округі — Ақмола облысы, Егіндікөл ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Абай ауылдық округі — Ақтөбе облысы, Хромтау ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Абай ауылдық округі — Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Абай ауылдық округі — Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Абай ауылдық округі — Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Абай ауылдық округі — Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Абай ауылдық округі — Павлодар облысы, Ертіс ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Абай ауылдық округі — Түркістан облысы, Келес ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Достық ауылдық округі — Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы әкімшілік бірлік. Орталығы - Бескетік ауылы.
* Абай ауылдық округі — Түркістан облысы, Жетісай ауданындағы әкімшілік бірлік. Орталығы - Халықтардостығы ауылы.
* Абай ауылдық округі — Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Айзада Рахымқызы Ешмаханова (19.10.1949 жылы туған, Қазалы қаласы) – педагог.
Қызылорда педагогикалық институтын (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) бітірген (1973). 1973 – 1997 ж. қазіргі Әйтеке би кентінде Ж.Жабаев атындағы 234-орта мектепте химия пәнінің мұғалімі, 1997 – 2003 ж. Б.Мергенбаев атындағы 226-гимназияда дәріс берген.
1980 – 1985 ж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланған.
Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі (1980),КСРО халық ағарту ісінің үздігі белгісімен марапатталған (1984). |
Нияз – Сарыарқаның орталық бөлігіндегі аласа тау сілемі.
## Географиялық орны
Қарағанды облысының Осакаров ауданы жерінде. Бірнеше таулардан (Жақсы Нияз, Жаман Нияз, т.б.) тізбектелген сілем оңтүстіктен солтүстікке қарай 55 км-ге созылған, енді жері 10 км-ге жетеді. Абсолюттік биіктігі 833 м.
## Жер бедері
Нияздың төбесі жайдақ, беткейлері жазық келетін сүйір қырқалар мен белестерден, жондардан тұратын денудациялық ұсақ шоқылық болып табылады. Баурайынан Есіл өзені және Шідерті өзенінің салалары бастау алады.
## Геологиялық құрылымы
Жоғарғы кембрий мен кембрийдің жыныстарынан түзілген. Олардың бетін төрттік жүйенің делювийлі-пролювийлі шөгінділері жапқан.
## Өсімдгі
Карбонатты қара топырағында тал, шілік аралас сұлыбас, селеу өседі
## Дереккөздер |
Мұхамедияр Жабағиев (1908, қазіргі Қармақшы ауданы Қызылтам ауылы – 2.7.1989, Қызылорда қаласы) –жырау.
Байұлы тайпасының Алтын руынан шыққан.
Жасынан ән-жырға құмар болған. Сыр бойы ақындарының өлең-жырларын, термелерін, кейіннен үлкен дастан, қиссаларды жатқа айтқан. Ол «Алтын балық», «Айша қыз», «Шаһизада», «Мағауия», «Әбу Шаһнама» атты қиссаларды жырлаған. Қаңлы Жүсіп, Кете Жүсіп, Даңмұрын,Сейітжан,Тоғжан ақындарды өзіне ұстаз санаған. «Жақсыбайға» атты поэмасы 1944 жылы жарыққа шықты. 1962 – 1963 ж. зерттеуші ғалымдар М.Жармұхамедов,М.Байділдаев,З.Қариева Жабағиевтің қисса-дастандарын жазып алып, таспаға түсірген. Кейіннен «Көроғлы», «Әзірет Әлі», қиссаларын, Кердері Әбубәкір, Балқы Базардың шығармаларын халық арасына кеңінен насихаттаған.
## Дереккөздер |
* Айсары ауылдық округі – Қостанай облысы Қостанай ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Айсары ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Генерал Асқаров (14.5. 1940, Созақ ауданы Шолаққорған ауылы – 21.5.1999) – белгілі күйші, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны бітірген (1963). Ол күйшілігімен қатар «Сен ғана», «Ақын қызға арнау ән», «Неге сүйдім бұлбұл құсты», «Сенің көзің», т.б. әндер шығарған. Күйлерді шебер орындаумен бірге өзі де бірқатар күйлер шығарған («Дала еркесі», «Ақ шабақ», «Сенім күйі»). 1987 ж. консерваторияның шақыруымен «Сүгір күйлері» класы бойынша студенттерге дәріс берген. Созақ ауданының құрметті азаматы.
## Сілтемелер |
Амандық Қуатұлы Төлешов (20 қаңтар 1958 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Еңбек ауылы) – техника ғылымының докторы (1999), профессор (2002), Қазақстан Республикасы Инженер академиясының академигі (2006), Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп ғылым академиясының мүшесі (2003), Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері.
## Өмірбаяны
Төлешов А.Қ. 1958 жылы 20 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында туған.
1984 жылы С. Киров атындағы ҚазМУ – інің (қазір – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) механика және қолданбалы математика факультетін үздік бітіріп, Алматы қаласыМеханика мамандығы бойынша аспирантураға түсті. 1989 жылы «Бірнеше тікелей токты сүйреу диірмендерінде сымның керілуіне қарсы тұрақтандыру жүйесін әзірлеу және зерттеу» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады (Мәскеу қ.). 1999 жылы екі мамандықтың түйіскен жерінде «Үйкеліс күштерін, буындардың серпімділігін және артық қосылыстарды есепке алатын жоғары класты механизмдердің динамикасы» тақырыбында «05.02.18– Механизмдер мен машиналар теориясы» тақырыбында және «01.02.06 – машиналардың, аспаптар мен аппаратуралардың динамикасы, беріктігі» докторлық диссертациясын қорғады.
## Лауазымдары:
* 1987-1996 жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (бұдан әрі – ҚазҰУ) механика кафедрасының жетекші инженері, аға оқытушысы және доценті болды.
* 1996-1999 жж ҚазҰУ-дың ғылыми жұмыстар жөніндегі проректорының орынбасары және ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
* 1997 жылдан ҚазҰУ-дың «Ғылыми-технологиялық паркі» мемлекеттік кәсіпорнының директоры және механика кафедрасының сырттай профессоры.
* 2002 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары аттестаттау комиссиясының шешімімен механика профессоры атағын алды.
* 2003 жылы Қазақстан Жоғары мектебінің Ғылым академиясының корреспондент мүшесі.
* 2005-2011 жж. Қазақстан Республикасы ҒЗИ Президиумының бас ғылыми хатшысы, ҚР ҰИА Президиумының вице-президенті.
* 2006 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі.
* 2010 жылы Халықаралық инженериалық академияның толық мүшесі болып сайланды.
* 2011 жылдан бастап М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің «Ғылым қоры» АҚ президенті, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ректоры және оқу ісі жөніндегі проректоры қызметтерін атқарды.
* 2016 жылдан 2023 жылға дейін «Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты» ШЖҚ РМК бас директоры қызметін атқарды.
* 2018 жылдан бастап Еуразия халықаралық ғылым академиясының (Мәскеу қ.) академигі болып сайланды.
* 2020 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды.
* Қазіргі уақытта «Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты» ШЖҚ РМК ғылыми кеңесшісі, ҒТБ жетекшісі, бас ғылыми қызметкері болып жұмыс атқарады.
1984 жылы ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1984–1997 жылдары Солтүстік Қазақстан облысында мектепте мұғалім, ҚазҰУ-да инжинер, аға ғылыми қызметкер, аға-оқытушы, доцент, проректордың орынбасары. 2001–2005 жылдары университеттің ғылыми-технология паркінің директоры болды. 2005 жылдан ҚазҰУ-да профессор.
«Аппараттар, құралдар және машиналардың беріктігі мен динамикасы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 140-тан астам ғылыми жарияланым мен 2 монографияның авторы. 2 авторлық куәлік пен 6 патенттің иегері.
## Дереккөздер |
Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қарамағында; ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру саласындағы ғылыми-зертеулер жұмыстарын жүргізетін ғылыми мекеме. 1948 ж. Алматы қаласында құрылған.
1978 ж. қарамағына Аймақтық конструкторлық бюро мен тәжірибелік зертеулер беріліп, «Қазақ ауыл шаруашылығын жарақтандыру» ғылыми-өндірістік бірлестігі болып құрылды. 2002 ж. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ауыл шаруашылығын механикаландыру ғылыми-өндірістік орталығының құрамындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын. Институт құрамында: * ауыл шаруашылығы дақылдарын егу және жинауды механикаландыру* қой шарушылығы процестерін механикаландыру* мал фермаларын жобалау* жемшөп дайындау және шабындықты механикаландыру* ауыл шаруашылығында электр қуатын пайдалану* ауыл шаруашылығы дақылдарын жинаудан кейінгі өңдеуді механикаландыру* табиғи қуат көздерін (жел, су, күн сәулесі) пайдалану* ауыл шаруашылығы нормативтерін жасау және машина-трактор станцияларын құруды ғылыми-зерттеулермен негіздеу* ауыл шаруашылығы машиналарын сынақтан өткізу зертханаларын және тәжірибелік машиналарды жобалап жасайтын цех* сынақтан өткен машиналарды шығаратын тәжірибелік зуыт бар (2008). 1950 жылдан аспирантура жұмыс істейді. Негізгі ғылыми бағыты – ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдіруде жаңа технологиялар мен техникалық құрал-жабдықтарды ұсынып, техниканың ғылыми-әдістемелік негіздерін жасау арқылы еңбек өнімділігін арттыру, өнім түсімділігін көбейту. Институтта топырақты жел эрозиясынан қорғау бағытындағы технологиялар жетілдіріліп, машиналар кешені жасалды, дәнді дақылдарды және жүгері дақылын жинау, шөпті желдеткіш арқылы тез кептіру, шөл және шөлейт аймақтардағы жайылымдардың құнарлылығын арттырудың машиналы технологиялары ұсынылды. Қой шаруашылығындағы өндірістік процестерді жабдықтау, технология процестерде электр қуатын кеңінен пайдалану жұмыстары табысты жүргізілді. Жер өңдеу механикасының теориялық негіздері жетілдірілді. Ірі қара мал, қой фермаларында қолдануға арналған, мал азықтарын ұсақтайтын, көп құрамды қоспа жем әзірлейтін азық цехтары, қаракөл өнімдерін өңдеудің қалдықсыз технологиялары мен түрлі құрал-жабдықтан тұратын машиналар кешені жасалды. Жаңа техниканы жасап, өндіріске енгізуде қол жеткізген табыстары үшін институт Қазақ КСР-інің «Алтын кітабына» жазылған (1976). Институт мамандары жасаған жаңа машиналар мен қондырғыларға 450-ден астам авторлық куәліктер, 25 Қазақстан Республикасы патенттері берілді. Институт ғалымдарының 30-ға тарта ғыл. басылымдары, 50-ден аса ұсыныстары, ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіруге арналған 20 ғыл. жинақтары жарық көрді.
## Дереккөздер |
Төребаев Орынбасар Наурызғалиұлы (10 Қаңтар 1939 жылы туған, Ақтөбе қаласы) – медицина ғылымының докторы (1991), профессор (1992).
## Қысқаша өмірбаяны:
1964 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. 1964–1984 жылдары осы оқу орнында аспирант, ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі, декан болды. 1997 жылдан облыстық Сот медицинасы ғылыми-практикалық орталығының төрағасы қызметін атқарады.
«Қан дақтары жасалуының ескілігін тексеру» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 110-нан астам ғылыми жарияланымның авторы. 2 өнертабыстың иегері.
## Дереккөздер: |
Нияз Тілеуліұлы (1741 – 1790) – Абылай ханның бас билерінің бірі.
Ұзын қыпшақтың алтыс тармағынан шыққан. Тапқырлығы мен әділдігіне риза болған Абылай Нияз би талантын жоғары бағалаған. Би өмірінің көпшілігін Қараөткелде, Көкшетау өңірінде өткізген. Зерттеушілер Ақмола (қазіргі Астана) қаласы атауының тарихын Нияз би қабірінің басына орнатылған ақ моламен байланыстырады. Ұзын қыпшақтар Торғай өзенінің алқабындағы қазіргі қоныстарына 18 ғасырдың ақырында Нияз және Кенжетай билердің нұсқауымен келіп мекендеген. Нияздан Айдаралы, Байдалы, Жақсылық, Айдарбек, Байғозы ұрпақтары тарайды. Әкесі Тілеулі батыр 92 баулы Қыпшақ жұртының құрама қолын басқарған Аңырақай, Қалмаққырған, Қалақұм тағы сондай атақты шайқастарда талай-талай ерлік көрсеткен Абылай ханның жеңімпаз батыры болыпты.Осындай ұлы батырлардың, билердің ортасынан тәлім алған Нияз ержете келе Есіл, Нұра жағаларын, Атбасар, Қараөткел атырабын мекен еткен елдерді басқарып, оларға әділ билік жүргізген. Елдікті, ерлікті, бірлікті, ынтымақты, адалдықты, адамдықты уағыздап келген. Нияз бидің тапқыр, шешендігі жөнінде мына бір аңыз ел есінде калыпты. Атақты Абылай ханның он екі биі болыпты. Бері шетінен "сен тұр, мен сөйлейін" дейтін нағыз дана, шешен екен. Талай айтыс, тартыста, билік, шешім кезінде әлгі билер бірінен-бірі асып түсіп отырған. Мұндайда бірін-бірі күндеу, қызғаныш та болады емес пе? Өзге он би:-"Нияз бен Кенжетай ханды қалжақтайды.Ал, Абылай болса оларды жақтайды" - дейді екен. Бұл мәтел айтыла келе елге жайылып кетеді, Абылайдың құлағына да шалынады. Абылай хан әлгі он биді сынап байқамақ болып, оларға былай депті:Жердің құты не?Елдің құты не?Ауылдың кұты не?Аймақтың құты не? -Билер бұл сұраққа дәл жауап бере алмапты. Сөйтіп отырғанда хан ордасына Нияз бен Кенжетай сәлем беріп кіріп келеді. Абылай хан енді бұл екеуін сынамақ болып:- Белдеріңді шешпей тұрып мына бір сұраққа жауап беріңдерші? - деп, әлгі төрт сұрақты қайталапты.Кенжетай би:- Ныке, сіздің жасыңыз үлкен ғой, алдымен сіз айтыңыз, сізден сөз қалса мен айтайын деп, әдеп көрсетіпті. Сонда Нияз би, алға бір қадам басыпты да:- О, о, Хан ием,Жердің құты - жаңбыр, Елдің құты - ер-азамат,Ауылдың құты - жаксы әйел,Аймақтың құты - әділ басшы -емес пе? Бұған кімнің таласы бар!? - деп, бүктелген жез қамшысын төсіне басыпты. Бұған риза болып масаттанған хан:- Жауабың жауап-ақ екен, төрге шық, қасыма кел, - деп, өзінің оң жағынан Нияз биге орын беріпті.Мұндай тапқыр шешен сөздер Нияз биде көп болған. Оның ілуде бірлі-жарымы бізге жетіп отыр.Зерттеуші Қуаныш Ахметов "Қазақ өдебиетіндегі" (7 каңтар 1998) бір мақаласында атақты сері ақын Иманжүсіптің:Абылай аспас қазақтың сары белі,Қуандық пен Сүйіндік жайлайды елі.Қырық мың жылқы су ішсе лайланбасАюлы мен Нияздын Қаракөлі -деген өлең жолдарын келтіре отырып, Нияз бидің қонысы Қараөткел екенін, оның қайтыс болғанда сонда жерленгенін, басына кесене, сағана тұрғызылғаны, оны кейін ел "Ақмола" деп атап кеткеніне былайша дәлел келтіріпті: "Қараөткелден Нұраға қарай жүргенде 18 шақырым жерде төбе басына салынған сол ақ бейіт Нияз бабамыздың кесенесі, Ақмола атауының осыдан шыққандығын дәлелдейтін нақты құжат Омбының мемлекеттік архивінде жатыр". Дәлел сенімді. Тек қана оны тағы да анықтай түсіп, толықтыру ләзім. Нияз тәрізді үлы да, баба билердің, батырлардың ел үшін, халық үшін атқарып кеткен игі істерін өшпестей етіп, тарих беттеріне түсіріп, мәңгі есте қалдыру алдағы міндетіміз.
## Дереккөздер |
Пионерское — Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы ауыл, Пионер ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Осакаровка кентінің солтүстік-шығысында 22 км-дей жерде.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1932 жылы қаланған. 1961 жылдан сүт өндіретін кеңшардың бөлімшесі болған. Пионерскоеда ЖШС, ауыл шаруашылығы техникасын жөндейтін механикалық зауыты жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
НИЯЗОВА Мүбина Ибраһимқызыэ [25.12.1895, Гурьев облысы (қазіргі Атырау облысы), Теңіз ауданы Ганюшкин а. – 1981, Алматы] – қазақ әйелдері арасынан шыққан алғашқы дәрігерлердің бірі, қоғам қайраткері. 1912 – 17 ж. Астрахандағы әйелдер гимназиясын, Саратов тіс дәрігерлерін даярлайтын мектебін бітірген. 1918 – 20 ж. Ордадағы Қазақтың 1-үлгілі атты әскер полкының дәрігері, 1921 ж. Бөкей губерниясының атқару коммитетіне мүше болып сайланды. 1928 ж. Қазақ АКСР Жоғ. сотының мүшесі болды. 1932 – 36 ж. Шымкент облысы және республикалық Денсаулық сақтау халкомының Ана мен баланы қорғау жөніндегі басқармасының меңгерушісі, 1937 ж. республикадағы мед. оқу орны – Алматы мед. уч-щесін ұйымдастыруға қатысып, оның алғашқы директоры болды. |
Ақтүйесай ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Ақтүйесай, Күзексай, Қондыбай ауылдары кіреді. Орталығы – Ақтүйесай ауылы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1631 адамды құрады.
## Дереккөздер |
* Александров ауылдық округі – Қостанай ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Александров ауылдық округі – Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы әкімшілік бірлік. |
НИЯЗОВ Мірахмет Жүсіпұлы (7.7.1891, Ішкі Орда, Андарлы мекені – 12.10. 1943, Алматы) – алғашқы қазақдәрігерлерінің бірі. Астрахан ерлер гимназиясын (1912) және Саратов университетінің медицина факультетін (1916) бітіргеннен кейін Ордада дәрігер болып қызмет атқарды. Осы жылдары Каспий өңірінде белең алған оба ауруын жоюға белсене ат салысты. 1920 – 1923 ж. Бөкей губерниясында денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі болды. 1929 – 1931 ж. Алматыдағы венерология диспансер дәрігері, 1932 – 1943 ж. Шымкент қорғасын з-тының медицина санатория бөлімінің бас дәрігері, Денсаулық сақтау халкомы жоспарлау бөлімінің бастығы, республикада оба ауруына қарсы күресу ст-ның дәрігері болған. |
Алқатерек ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Алқатерек ауылы кіреді. Орталығы – Алқатерек ауылы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 904 адамды құрайды.
## Дереккөздер |
* Амангелді ауылдық округі – Ақмола облысы Бұланды ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Амангелді ауылдық округі – Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Амангелді ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Амангелді ауылдық округі – Жетісу облысы Сарқан ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Амангелді ауылдық округі – Қостанай облысы Амангелді ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Амангелді ауылдық округі – Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Амангелді ауылдық округі – Павлодар облысы Ертіс ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Амангелді ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Амангелді ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Амангелді ауылдық округі – Ұлытау облысы Ұлытау ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Алабота ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Аққұдық, Золоторунное, Талдыкөл, Целинное ауылдары кіреді. Орталығы – Аққұдық ауылы. Округ құрамында болған Сүгірбай ауылы 2017 жылы таратылған.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1527 адамды құрайды.
## Дереккөздер |
Нияз сері Бекдәулетұлы (сәуір 1818, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Гүлтөбе қонысы – қараша 1893, Ресей, Түмен губерниясы Қосқарағай орманы) – ақын, сазгер.
* Біржан сал ұстаз тұтқан.
* Әкесі Бекдәулет егін егіп, құсбегілікпен айналысқан.
* Болашақ сері әуелі ауылдағы Қожаберген-Асқан, 1824 – 30 ж. Болатынай, 1830 – 34 ж. Қызылжар медреселерінде оқып, өз ортасында білімді адам саналған.
* Досы Сегіз серінің Ресей отаршыларына қарсы қақтығыстарында қолына қару алып, қайрат көрсеткен.
* Күрескер ақын Ресей үкіметі тарапынан қудалауға ұшырап, 1857 жылдан кейінгі өмірін Түмен губерниясында өткізді.
## Шығармашылығы
Нияз сері ел ішінде әнші, ақындығымен танылған. Оның жас кезінде шығарған
* “Аққұм”
* “Іңкәр” әндері халық арасына кең тараған.
* Атақты “Нияз” әнінде Сегіз серінің ерлік істері мен өнерін
* “Сегіз сері – Патшайым” атты көлемді дастанында оның махаббатын жырға қосады.
* Сазгердің “Нияз” әні “Қазақтың 200 әні”(1972) жинағына
* “Балқурай”
* “Гүлдерайым”
* “Жариям-айдай”
* “Жеңешем-ай”
* “Ой көк”әндері “Қазақ әндері антологиясының” бірінші кітабына (1991 ж.) енген.
## Дереккөздер |
Жақаев бюсті — монументтік өнер туындысы. Әйгілі күріш өсіруші, екі мәрте Социалистік еңбек ері Ы. Жақаевқа 1975 жылы Қызылорда қаласындағы Еңбек Даңқы аллеясына ескерткіш қойылған.
Бюст қоладан жасалып, қызыл гранитті тұғырға орнатылған. Тұғырдың көлемі 0,78х0,92 м, биіктігі – 3 м. Авторлары – мәскеулік мүсінші А.Пекарев, сәулетші А.Б. Борецкий.
1996 жылы қыркүйек айында ардагердің атымен аталатын көшеге Ы.Алтынсарин атындағы кинотеатр алдына көшірілді. |
Бекзат Әнесұлы Жақыпов (1974 жыл, Қызылорда қаласы) – қолөнер шебері, Қазақстан Суретшілер Одағының (2002), «Жастар» Суретшілер одағының мүшесі (1998).
Оның шығармашылық – зергерлік туындылары 1993 жылы облыстық қолөнер шеберлерінің көрмесіне (сырға, білезік, сақиналар), 1997 жылы Алматыда өткен Қазақстан Халықтарының дәстүрлі өнері мен кәсібінің көрмесіне (зергерлік бұйымдар), 1998 жылы «Жігер» көрмесіне, 1998 – 1999 ж. Астанада өткен «Шабыт» көрмесіне қатысқан. Жақыповтың зергерлік бұйымдары республикада,Оңтүстік Кореяда,Моңғолия, Германия, АҚШ, Канада елдеріндегі жеке коллекцияларда сақталуда.
## Дереккөздер |
Алматы ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Өрнек, Жарқайың, Мектеп ауылдары кіреді. Орталығы – Өрнек ауылы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 796 адамды құрайды.
## Дереккөздер |
Амандық ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Амандық, Аймақ, Жаңадәуір, Ильичёвка ауылдары кіреді. Орталығы – Амандық ауылы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1738 адамды құрайды.
## Дереккөздер |
Ақжан ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданындағы әкімшілік бірлік. 2003 жылға дейін Приозёрный ауылдық округі деп аталды.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Ақжан, Приозёрное ауылдары кіреді. Орталығы – Ақжан ауылы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 511 адамды құрайды.
## Дереккөздер |
* Андреев ауылдық округі – Абай облысы Бородулиха ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Андреев ауылдық округі – Ақмола облысы Шортанды ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Андреев ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Андреев ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданындағы әкімшілік бірлік. |
ЖАЛАҒАШ АУДАНДЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІ – ғылыми-мұрағаттық мәдени мекеме. 1999 жылдың 10 қарашасында ашылып, 2000 жылдың 4 қаңтарынан жұмыс істейді. Музей 1957 жылы салынған бұрынғы кинотеатр үйінде орналасқан. Мұнда ауданның тарихы, мәдениеті, өнері, ауыл шаруашылығы, т.б. туралы жәдігерлер қойылған. Музейде 2662 жәдігер сақталған. |
* Архангель ауылдық округі – Қостанай облысы Денисов ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Архангель ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Архангель ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы әкімшілік бірлік. |
* Арықбалық ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Арықбалық ауылдық округі – Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы әкімшілік бірлік. |
* Ақсуат ауылдық округі – Абай облысы Ақсуат ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Ақсуат ауылдық әкімдігі – Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Ақсуат ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Ақсуат ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Ақсуат ауылдық округі – Қызылорда облысы Қызылорда қалалық әкімдігі аумағындағы бірлік.
* Ақсуат ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Аралағаш ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Аралағаш, Амангелді, Рублёвка ауылдары кіреді. Орталығы – Аралағаш ауылы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1368 адамды құрайды.
## Дереккөздер |
Асанов ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Асаново, Малое Белое, Михайловка, Плоское, Толмачёвка ауылдары кіреді. Орталығы – Асаново ауылы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1944 адамды құрады.
## Дереккөздер |
«Жалбыр батыр» – хикая. Қарасөз араласқан өлеңмен жазылған. Қызылордалық Бекмұхамед Құрманбаев деген азамат 1955 жылы ел арасынан жазып алған. Хикаяда 19 ғасырда Сыр өңіріндеөмір сүрген Жалбыр батырдың ерлігі баяндалған. «Ақайдар қарияның аңыз-әңгімесі», «Бекберген қарттың әңгімесі», «Жалбырдың қызы Сүліктің әңгімесі», «Қара деген қарттың әңгімесі», «Сумұрын Жаппас Ораз жыраудың өлеңі», «Кеншімбай ақынның Жалбырдың ата¬тегін өлеңмен сипаттап айтқаны» атты бөлімдерден тұрады. Хикаяның қолжазбасы Әдебиет жәнеөнер институтының Қолжазбалар қорында сақтаулы.
## Дереккөздер |
Қарағайлы (2013 жылға дейін – Новая Николаевка) – Абай облысы Бесқарағай ауданындағы ауыл, Баскөл ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Бесқарағай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 20 км-дей жерде, Балапан жонында орналасқан.
## Тарихы
1961-97 жылдары сүт өндіретін “Баскөл” кеңшарының орталығы болған. Оның негізінде Новая Николаевкада ЖШС-тер құрылды.
## Дереккөздер |
Жалбыр Бөрібайұлы (шамамен 1830 – 1912) – батыр. Сыр елі мен жері үшін күрескен. Жалбыр жөнінде Қостанай, Торғай, Ақмешіт (Қызылорда) өңірінде әңгіме-жырлар, ел аузына аңыз болып тараған. Ораз, Кеншімбай Қабанұлы ақындар жырға қосқан.
## Дереккөздер |
“Апиын” соғыстары – Батыс Еуропа елдерінің Қытайға қарсы жүргізген соғыстары. Бірінші “апиын” соғысы 1840 – 42 жылдары болды. Соғысты Англия бастап, Қытайды тәуелді елге айналдыру мақсатын көздеді. 1840 жылы маусым айында басталған соғыстың сылтауы ағылшын отаршыларының контрабандалық жолмен сауда жүргізіп тұрған апиындарың1839 жылы Қытайдың үкімет комиссары Линь Цзэ-сюйдің жоюы болды. Ағылшын және Қытай әскери кемелерінің арасындағы қарулы қақтығыстар 1839 жылдың соңында-ақ басталып кеткен еді. 1842 жылы ағылшындар Сянган (Гонконг) аралын, Динхай, Нинбо, Сямынь, Шанхай, Чжэньцзян қалаларын басып алды және 1842 жылы тамызда Нанкинге таяп келді. Қытай халқы басқыншыларға қатты қарсылық көрсетті (Гуандуньдегі шаруалар қозғалысы). Алайда Цинь үкіметі елді қорғауды ұйымдастыруда қабілетсіздік танытып, халықтың қолдауын пайдалана алмады. 1842 жылы 29 тамызда Нанкин бітіміне қол қойылды.
Екінші “апиын” соғысына (1856 – 60 жылдары) Англиямен бірге Франция да қатысты. Қытайдағы азамат соғысын (Тайпиндер көтерілісі) пайдаланып, Англия 1856 жылы Гуанчжоу ауданында әскери қимылдарын бастады. 1857 жылдың басында оған Франция қосылды. 1858 жылы әскери қимылдар астаналық Ужили провинциясының аумағына ауысты. 1858 жылы мамырда ағылшын-француз армиясы Дагу портын басып алып, Тяньцзинь мен Пекинге қауіп төндірді. Қытай үкіметі Англия және Франциямен кіріптарлық шарт жасасуға мәжбүр болды. Бір жылдан кейін Қытайдан жаңа жеңілдіктер алу мақсатымен Англия мен Франция соғыс қимылдарын қайта бастады. 1860 жылы тамызда ағылшын-француз әскерлері Тяньцзиньді, қазанда Пекинді басып алды. Қытай үкіметіне жаңа кіріптарлық шарттар таңылды “Апиын” соғыстары Қытайдың жартылай отарға айналуындағы маңызды кезең болды.
## Сілтемелер
* Англия
* Франция
* Қытай
* Еуропа
* Тайпиндер көтерілісі
## Дереккөздер |
Сырға – сән үшін тағылатын зергерлік бұйым. Сырға тағу бүкіл дүние жүзі халықтарына тән әдет. Сырғаны көбіне әйелдер құлаққа тағады, кейбір елдерде мұрынға тағу да (Үндістан мен Африкада) кездеседі. Сырға неолит заманында сүйектен, мүйізден, қола дәуірінде металдан жасалған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2 ғасырдан бастап алтын, күмістен асыл тас орнатылып жасалған сырғаның өте сәнді түрлері шыға бастаған.Дәстүрлі қазақ ортада сырғаның шығыршық сырға, шарбақ сырға, ай сырға, сояу сырға, қоңырау сырға, иықты сырға, күмбезді сырға, төбе сырға, салпыншақ сырға, жалпақ сырға сияқты және тағы басқа түрлері болды.
## Ежелгі сырғалар
Сырғалар басында әйелдердің емес, ер адамдардың бұйымы болатын. Қазірдің өзінде 7 мың жыл бұрын табылған сырғалар еркектер таққан. Сырғаны Ежелгі Римде құлдар тағатын болған. Бай гректар (әйелдер) меруерті бар сырғаларды қуана таққан, себебі бұл олардың молшылықтарын көрсетіп тұрған.Мысырдағы молаларды зерттеген кезде, зергерлік бұйымдардан алтын сырғалар ең көп табылатын болған.
## Орта ғасыр
Орта ғасырдағы Еуропада сырға таққан ерлер не сәнді болған, не қуғынға ұшыраған. Мысалы, XIII католик шіркеуі денені өзгертуге тыйым салған болатын. Ол кезде шіркеудің ықпалы көп боатын. Сондықтан көбісі сырға тағуды қойды. Ал қарақшылар, ұрылар мен цыгандар сырғаны шешуге асықпады. Барлығының белгілі бір себептері болатын. Цыгандар ер балаға сырға тағатын егерде оның алдында бір бала мерт болса немесе ол үйіндегі жалғыз бала болса. Ұрылар сырғамен шіркеуден қорықпайтындықтарын дәлелдеп тұрған. Қарақшыларда сырға олар жаулап алған кеменің белгісі болатын.
## Қазіргі уақытта
Қазіргі заманда сырғалар түрі бойынша ерекшеленбейді және әйелдерге де, ерлерге де сырға киюге мүмкіндік береді. Сондай-ақ асыл тастары бар алтын сырғалар сән әлемінде өз орнын жоғалтпайды: цитрин қолданылған сырғалар, хризолит қолданылған сырғалар, гауһар тастар қолданылған сырғалар.
## Сырға түрлері
* Пішініне қарай: айшық, айсырға, жапырақ сырға, собық сырға, жұлдыз сырға және т.б. түрлері кездеседі.
* Материалына қарай: алтын сырға, күміс сырға, зер сырға, сонақ сырға, жез сырға.
* Әшекейлену технологиясына қарай: маржан сырға, меруерт сырға, лағыл сырға, қырықбуынды сырға, қозалы сырға, қоңырау сырға, күмбез сырға, сіркелі сырға, үзбелі сырға т.б.
## Дереккөздер |
Новенькое — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Байқоныс ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 46 км-дей жерде, Шаған өзенінің сол жағалауындағы дала белдемінде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1005 адам (467 ер адам және 538 әйел адам) болса, 2009 жылы 1341 адамды (664 ер адам және 677 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі 1967 жылы Орал асыл тұқымды құс репродукторын құруға байланысты қаланған. 1997 жылдан шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Тілеухан Нұралдаұлы Бияров (1949 жылы, Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Еңбек ауылында туған) – техника ғылымдарының докторы (1993 жылы), профессор (1995 жылы).
Уақ тайпасынан шыққан.
Қазақ Мемлекеттік Университетін (1972 жылы, қазіргі Қазақ Ұлттық Университеті) бітірген. 1972–73 жылдары Қазақ Ұлттық Университеті жанындағы ғылыми-зерттеу институтының инженері, 1973–76 жылдары аспирант, 1976–89 жылдары оқытушы, аға оқытушы, доцент. 1989 жылдан кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. «Основы динамики и вопросы устойчивости механизмов высоких классов и машин со многими степениями свободы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Бияров 180-ге жуық ғылыми мақаланың, 3 монографияның авторы.
## Шығармалары
1. "Исследование динамики нелинейного дроссельного привода", Алматы, 1996.2. "Основы динамики и вопросы устойчивости механизмов высоких классов и машин со многими степенями свободы", автореферат диссертации на соискание ученой степени д-ра техн. наук: 05.02.18 / Т. Бияров. - Алматы, 1993. - 45 с.3. "Устойчивость движения при постоянно действующих возмущениях", учеб. пособие / Т. Н.Бияров. - Алма-Ата : [б. и.], 1989. - 79 с. : граф. - 280 экз.4. "Қозғалыстың орнықтылық теориясы", жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы / Т. Бияров. - Алматы : Қазақ университетi, 1991. - 52 б. - Б. ц.5. "Элементар математика есептерiнiң жинағы", [Оқу құралы] / Т. Н. Бияров, М. М. Молдабеков.- Алматы: КIТАП, 1992.- 348 бет.
## Сілтемелер
1. "«Актуальные проблемы математики, информатики, механики и теории управления», посвященная 60-летию д.т.н., профессора, академика Национальной инженерной академии Биярова Т.Н. 19-20 қараша 2009 года, Алматы, Казахстан" мақала (Бияров туралы)2. "Өскемен" мақала (Бияров туралы)
## Дереккөздер |
Сырға салу – қыз ұзату, келін түсіру жоралғыларының бірі. Сырға cалу кезінде жігіт жағынан 4 – 5 адам келіп құда түсер ырымын жасап, қыздың құлағына сырға тағып, қызды алып кететін күнді белгілейді. Осы аралықта “той малы”, “сойыс”, “бала күту”, “әке күші”, “ана сүті” деген кәделерді орындау керектігі келісіледі. Бұл жолы жігіт жағы қыздың ата-анасына киіт кигізеді, қыз жағы – мал сойып, құрметтеп күтіп алып, шығарып салады, тағы басқа сый-сыяпаттар жасалады. Келісілген күні жігіт жағынан 4 – 5 адам келіп қызды алып кетеді. |
Антонов ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Антоновка, Ақан сері, Жұмысшы, Заря, Комаровка, Лавровка ауылдары және Уголки темір жол бекеті кіреді. Орталығы – Антоновка ауылы. Округ құрамында болған Тереңкөл ауылы 2014 жылы таратылған.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2872 адамды құрайды.
## Дереккөздер |
Бастау (2016 жылға дейін - Новоалександровка) — Ақмола облысы Атбасар ауданындағы ауыл, Бастау ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан ортылығы – Атбасар қаласының шығысында 35 км жерде, Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1870 жылы Байжігіт атты қазақ ауылының негізінде қаланған. 1930 жылдан “Красная заря” ұжымшарының орталығы болып келді. 1996 жылдан мұнда ЖШС-тер жұмыс істейді. Ауылдан 1,5 км жерден Астана – Қараталды т. ж. мен Алматы – Астана автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Жұмабай Біләлұлы (1940 жылы туған, Қытай, Тарбағатай аймағы, Дөрбілжін ауданы) – Қытай қазақтары арасынан шыққан жазушы. Шыңжаң университетін бітірген (1962). Қытайдағы 20 ғасырдың 60 – 70-жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зардабын тартып, 10 жыл айдауда болған. 1979 жылы ақталған. Шәуешек қаласында шығатын “Тарбағатай” журналында әдеби редактор, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған.
## Еңбектері
“Жондағы жорықтар”, “Дала торғайлары”, “Кіндіктестер”, “Кешкен күндер”, “Қоңыр таудың күңгірі”, “Ата дәулеті”, “Ақселеу” атты роман, әңгіме-повесть жинақтары жарық көрді.
## Наградалары
Екі мәрте Қытай мемлекеттік әдеби сыйлығының иегері (1982, 1990).
## Дереккөздер |
Жапар Түйебеков (15.4.1919, Шу ауданы, Төле би ауылы – 22.10.1999, Тараз қаласы) – қоғам қайраткері. «Теңдік» мектебінде, Алматы педагогика училищесінде оқыған.
1939 – 1946 ж. әскер қатарында болды. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. ҚазМУ-дің тарих факультетін, Алматы жоғары партия мектебін, КОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін бітірген.
1960 – 1970 ж. Меркі ауданы комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Көктерек (Мойынқұм) аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, атқару комитетінің төрағасы, Шу аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы,
1971 – 1982 ж. облыстық атқару комитетінің бірінші орынбасары болған.
## Сілтемелер |
Бәйтерек (Новоалексеевка) — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл, Бәйтерек ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Есік қаласынан солтүстік-батысқа қарай 17 км-дей жерде, Тереңқара және Бесағаш өзендері аралығында, Іле аңғарының құрғақ даласында орналасқан.
## Тарихы
Ауыл 1961-1997 жылдары көкөніс-сүт өндіретін “Талғар” кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде Новоалексеевкада және округке қарасты Алға, Қойшыбек ауылдарында ӨК және бірнеше шаруа қожалығы құрылды. Новоалексеевка арқылы республикалық дәрежедегі Алматы – Жаркент – Қорғас автомобиль магистралі өтеді.
## Дереккөздер |
Жаңа Ахмер — Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық әкімдігіне қарасты ауыл.
## Географиялық орны
Өскемен қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 7 км жерде, Ұлан өзенінің жағалауында орналасқан.
## Тарихы
1961-96 жылдары етті-сүтті мал өсіретін “Ярославль” кеңшарының бөлімшесі болған. Қазір оның негізінде ауылда ӨК жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Ергеш Асылбаев (1939 ж. т., Сарыағаш ауданы Дүрбісек ауылы). Ташкент мемлекеттік университетінің агрономия факультетін бітірген (1963). Еңбек жолын 1956 ж. Сарыағаш ауданындағы Ленин атындағы ұжымшарда шопан болып бастаған. 1964 – 89 ж. Сарыағаш ауданындағы Коммунизм ұжымшарының бас агрономы, Сарыағаш және Шардара аудандарының ауданы комсомол комитетінің І хатшысы, Шардара ауданындағы Бірлік кеңшарының меңгерушісі, Октябрьдің 50 жылдығы атындағы кеңшардың партия комитетінің хатшысы, Сарыағаш ауданының Ленин атындағы ұжымшарында бас агроном, ауданы халықтық бақылау комитетінің инспекторы, К.Маркс атындағы ұжымшардың Красин бөлімшесінің меңгерушісі, Ленин атындағы ұжымшардың бас агрономы, ұжымшар басқармасы төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. 1990 ж. Қазақ КСР Жоғ. Кеңесіне депутат болып сайланды. Дербісек ауылдық ардагерлер кеңесінің, ауылдық мүгедектер кеңесінің және әскери қызметшілер ісі жөніндегі комитетінің мүшесі.
Сіргелі тайпасының Батыр-Жайдақ руынан шыққан.
## Сілтемелер |
Барқытбел (2011 жылға дейін – Новоандреевка) — Абай облысы Үржар ауданындағы ауыл, Барқытбел ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үржар ауылынан солтүстік-батысқа қарай 19 км жерде, Үржар өзені бойында, Тарбағатай жотасының оңтүстік баурайындағы далалы өңірде орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 20 ғасырдың бас кезінде қаланған. 1957-1997 жылы сүт өндіретін “Октябрьдің 40 жылдығы” атындағы ұжымшардың орталығы болған. 1997 жылдан Новоандреевкада етті-сүтті ірі қара мал өсірумен айналысатын бірнеше шаруа қожалығы жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Мыңжасар Жалғасбаев (1.1.1944, Арал ауданы Шөмішкөл ауылы) – инженер.
## Өмірбаяны
* Павлодар индустриалды институтын бітірген (1968).
* 1969 – 1971 жылдары Қызылорда облысы өндірістік «Автотрест» басқармасына қарасты Автомобиль жөндеу шеберханасы директорының орынбасары, директоры.
* 1976 жылы жеңіл автокөліктерді жөндеу стансасының директоры
* 1980 жылдан Қызылорда облысы Камаз автоорталығының («Камаз автоорталығы» ЖШС) директоры.
## Еңбегі
Жалғасбаев Қызылорда облысы жеңіл және жүк автомобильдері саласының дамуына айрықша үлес қосты. Оның басшылығы бойынша «КАЗНИПИАТ» мекемесімен бірлесе отырып салынған Қызылорда қаласындағы «Камаз автоорталығының» жобасы бірқатар ТМД мемлекеттерінде пайдаланылған.
## Марапаттары
Жалғасбаев одақтық, республикалық дәрежедегі Құрмет грамоталарымен марапатталған.
## Дереккөздер |
Қазақстанда түсті металдар шикізатының ірі базасы қалыптасқан. Олардың ішінде жетекші орынды мырыш, қорғасын және мыс кендері алады. Бұл металдардың республикадағы қоры бойынша тиісінше әлемде бірінші, екінші және үшінші орын алады. Олар Қазақстан түсті металлургиясы базалық кәсіпорындарының (Жезқазған, Балқаш, Ертіс мыс, Шымкент, Риддер, Өскемен қорғасын мен мырыш, Павлодар алюминий қорыту зауыттары) шикізат көзі болып табылады. Қазақстан әлемдегі ірі мыс өндіруші елдердің бірі. Республика аумағында мыс кентасының порфирлі, мысты құмтас, колчеданды, скарндық мысты-цеолитті, мысты-никельді, т.б. кен орындарының көптеген түрлері белгілі. Мыс кентасының ірі кен орындарына Жезқазған, Қоңырат, Ақтоғай, Айдарлы, Жаман-Айбат, Бозшакөл, Көксай, Қасқырмыс, Нұрқазған (Самара), т.б. жатады. Жекелеген кен орындарының (Жезқазған мыс кен орны, Жаман Айбат мыс кен орны) мыс қоры 10 млн. тоннадан асады.
## Қорғасын мен мырыш
Қорғасын Мұрағатталған 25 қарашаның 2019 жылы. мен мырыштың 100-ден аса кен орындары анықталып, 58-і балансқа алынған. Олардың негізгі қоры Шығыс Қазақстанда (Кенді Алтай) және Орталық Қазақстанда шоғырланған, сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстанда да (Қаратау) кездеседі. Қазір қорғасын мен мырыштың 30-ға жуық кен орындары игерілуде. Алюминий шикізаты ретінде ең көп таралғаны – боксит. Қазақстанда бокситтің қоры көп. Анықталған 200 кен орны мен кен білінімдерінің (есепке алынғаны) 50-ден астамы платформалық типті. Олардың ішіндегі ірілері: Краснооктябрь, Белинское, Тауынсор, Шығыс Әйет, Көктал, Наурызым, Жоғарғы Әйет, Арқалық кен орындары. Бұлардың барлығы Торғай ойысында орналасып, Батыс Торғай, Шығыс Торғай (Амангелді) және Орталық Торғай бокситті аудандарын құрайды.
## Сирек металдар
Қазақстан сирек металдарға бай өлке. Молибден қоры жөнінен республика әлемде төртінші, Азия елдері арасында бірінші орын алады. Молибден кентастарының қоры 34 кен орны бойынша есепке алынған, олардың 26-сы баланстық. Ірілері: Көктіңкөлі, Оңтүстік, Шалқия, Жәнет, Батыстау, Жоғарғы Қайрақты, Қараоба, Ақшатау. Молибден кен орындары негізінен штокверктік (порфирлік) типті. Қазақстан КСРО-дағы жоғары сапалы тантал концентраты мен ниобийдің негізгі өндірушісі болды. Тантал бойынша өнеркәсіптік шикізат базасы төрт кен орында шоғырланды: Бәкен, Белогор, Юбилейное және Жоғарғы Баймырза. Кен орындарының барлығы Қалба жотасы нда орналасқан. Солтүстік Қазақстанда ірі Сырымбет пен Донецк қалайы кен орындарының ашылуы қалайы шикізат базасын айтарлықтай ұлғайтты. Оған дейін ілеспе қалайының 5 кен орны балансқа алынған болатын, негізгілері кешенді сирек металл кентасты Қалайы тапқан (жалпы қордың 70%-ға жуығы), Қараоба, Бәкен, Юбилейное және Ахметкин кен орындары.
Вольфрам қоры жөнінен Қазақстан әлемде бірінші орын алады. Вольфрам қорының 53%-дан астамы 16 кен орнында шоғырланған, оның 12-сі баланстық. Вольфрам кенінің басым типтері – кварц-желілі-грейзенді және штокверкті, оларға Қараоба, Ақшатау, Жоғарғы Қайрақты, Бұғыты, т.б. кен орындары жатады. Вольфрамға бай кентастар скарндық-грейзендік кен орындарында (Солтүстік Қатпар, Баян) немесе олардың мүжілген қатпарларында (Көктіңкөлі) кездеседі. Вольфрамның 16 кен орны есепке алынған. Оның 85%-на жуығы штокверк кендері (Шығыс Қайрақты, Бұғыты, Көктіңкөлі, Қараоба, т.б.), ондағы вольфрам триоксидінің мөлш. 0,12 – 0,19%. Негізгі қорлар 6 ірі және аса ірі: Жоғарғы Қайрақты, Бұғыты, Қараоба (штокверк), Солтүстік Қатпар, Көктіңкөлі, Баян, Ақсоран кен орындарында шоғырланған.
## Дереккөздер |
Новобаженово — Абай облысы Жаңасемей ауданындағы ауыл, Новобаженов ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Семей қаласынан шығысқа қарай 58 км-дей жерде, Ертіс өзенінің сол жағалауында орналасқан.
## Тарихы
Ауыл 1957-1996 жылдары сүт өндіретін “Жаңасемей” кеңшарының орталығы болған. Оның негізінде Новобаженовода ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
## Дереккөздер |
Тұшала (Grossularіa) – тасжарғандар тұқымдасына жататын көп жылдық бұтатектес өсімдік, жемісті дақыл. 50-ден аса түрі бар, Солтүстік Америкада 45 түрі кездеседі. Қазақстанда Тұшаланы қарлыған деп те атайды (1 түрі – тікенді қарлыған). Оның жабайы – алтайлық түрі Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарында кеңінен таралған. Биіктігі 0,5 – 2 м-дей. Қолайлы жағдайда 15 – 20 жылға дейін тіршілік ете алады. Тұшала өркендерінде қалыңдығы, пішіні және түсі әр түрлі, ұзындығы 4 – 18 мм болатын тікендері болады. Вегетац. кезеңі гүлдегенге дейін 20 – 25, ал гүлдеу кезеңінің ұзақтылығы 10 – 18 күнге созылады. Бүкіл вегетац. кезеңінде топырақты қопсытып, арамшөптерін жұлып отырады. Тұшала қара және қызыл қарақатқа қарағанда құрғақшылыққа төзімді, бірақ қатты суыққа (–35С аязға) төзімсіз. Вегетативті тәсілмен (көлденең және доға тәрізді сұлатпа сабақтары, жасыл және сүректелген қалемшелері арқылы) және ұрық арқылы көбейеді. Тұшаланы отырғызар алдында ық жер, ылғалы мол, құнарлы топырақ таңдап алынады. Отырғызардан бір жыл бұрын жерді 35 – 40 см тереңдікте жыртып, органикикалық және минералды тыңайтқыштар енгізеді. Бір жылдық көшеттерді отырғызу қолмен немесе мех. тәсілмен жүргізіледі. Отырғызғаннан кейін 2 – 3-жылы жеміс бере бастайды, толық жеміс салуы 6 – 7-жылдан басталады. Әр бұта 25 – 30 кг-ға дейін өнім береді. Жемісі – жидек, кейбір сорттары жемісінің салм. 60 г-ға дейін жетеді, шар немесе кең эллипс тәрізді. Жасыл, сары немесе қарақошқыл түсті. Жаңадан піскен жидектерінде қант (8 – 11%), органик. қышқылдар (1,2 – 1,7%), пектиндік заттар (0,88%), С витамині (30 – 60 мг%), А витамині (0,1 мг%), В витамині (0,04 мг%), темір тұздары, каротин, фосфор бар. Оларды жас және өңделген (тосап, шырын, шарап) күйінде пайдалануға болады. Қазақстанда тұшаланың Смена, Мысовский 17, Мысовский 37, Хаутон, т.б. сорттары өсіріледі.
## Дереккөздер |
Алтынбел (2013 жылға дейін – Новоберёзовка) — Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданындағы ауыл, Алтынбел ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы Үлкен Нарын ауылынан шығысқа қарай 32 км жерде, Нарын өзенінің сол жағасында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1902 жылы қаланған. Ауыл 1952-96 жылдары сүт өндіретін Ленин атындағы ұжымшардың орталығы болған. Оның негізінде 1997 жылы бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. Ауыл арқылы Үлкен Нарын – Рахман қайнары автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Толыш Асылбекова – Cоциалистік Еңбек Ері (8.6.1957), мақта өсіруші, ауыл шаруашылығы озаты. 1928 жылы Шымкент облысы (қазіргі Түркістан облысы), Мақтаарал ауданы, "Ленин жолы" колхозында туған.
## Еңбек жолы
* 1942-1959 жылдары - "Ленин жолы" колхозының колхозшысы.
* 1959 – 1973 жылдары Түркістан ауданының В.И.Чапаев атындағы колхозда ауылы шаруашылығы артелінде жұмысшы, мақта өсірушілер звеносының звено жетекшісі болды. Жыл сайын өзіне бекітілген мақта егісінен мол өнім алып отырды.
* 1952 жылы 32 ц, 1953 жылы 36 ц, 1956 жылы 51 ц. өнім жинады.
## Жетістігі
* 4-5-ші сайлауларда КСРО Жоғарғы Советінің депутаты болды.
* Ауыл шаруашылығы озаты
## Наградалары
* 2 мәрте Ленин ордені
* Cоциалистік Еңбек Ері (1957)
* Медальдар
## Дереккөздер |
Тұшпара – тағамның түрі. Оны қамырдың ішіне ет және балық салып әзірлейді де қайнап тұрған тұзды суға пісіріп май, сірке суын, қыша, қаймақ қосып, сондай-ақ сорпамен бірге де береді. Дайындау тәсілі: тұзды жылы суға жұмыртқа қосып иленген қамырды 30 минутқа жауып қояды. Содан кейін қамырды жұқа етіп жайып, дөңгелектеп кеседі де, кесілген қамырдың ішіне фарш салып шетін бүктейді. Қазір арнайы Тұшпара жасағыш та бар. Пісіргенге дейін оны ұн себілген тақтайға салып, салқындау жерге қоя тұру керек. Содан соң қайнап тұрған тұзды суға немесе сорпаға 6–8 минут пісіреді. Егер Тұшпара сорпаның бетіне қалқып шықса, дайын болғаны. Тұшпара жасау үшін қой немесе сиыр етін ет тартқыштан өткізіп, пияз, тұз, бұрыш салып, үстіне аздап суық су (сүт немесе кілегей) құйып, жақсылап араластырады. 1 стақан ұнға: 200 г қой немесе сиыр еті, 1 бас пияз, жарты стақан су, жарты шай қасық тұз керек. Бұрышты әркім қалауынша қосады. Балықтан жасалған фарш: балықтың жон етін ет тартқыштан өткізіп, пияз, тұз, бұрыш, сары май(немесе маргарин) салып үстіне су құйып жақсылап араластыру керек. 1 стақан ұнға 400 г балықтың жон еті, 1 бас пияз, 1 ас қасық сары май (немесе маргарин), жарты стақандай су, жарты шай қасық тұз қажет. Бұрышты әркім қалауынша қосады.
## Дереккөздер |
Тұшыбас – Сырдария сағасындағы көл.
## Географиялық орны
Қызылорда облысы Арал ауданы жерінде, Бөген ауылынан шығысқа қарай 2 км жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Ауданы 12,6 км2, ұзындығы 11,5 км, енді жері 2,9 км, ең терең жері 5,5 м. Жаздың ыстық айларында көл құрғап, шалшыққа айналады. Сырдария өзені қатты тасығанда көл деңгейі көтеріліп, аумағы ұлғаяды. Тұщыбасқа Ақлақ бөгеті (тоспасы) салынып біткеннен кейін суы тұрақты болады деп болжанып отыр.
## Жағалау сипаты
Құмайтты жағалауы жайпақ. Оңтүстігі батпақты. Көл бір-бірімен каналдар жалғасқан 3 бөліктен тұрады. Жағалауында қамыс өседі. Батыс жағалауы биік, бұйра құм, оңтүстік бөлігі жазықтау. Суында сазан, табан балық, қаракөз, жайын, ақмарқа, алабұға, қаяз, т.б. бар.
## Дереккөздер |
Тұшыбас – Сырдария сағасындағы көл.
## Географиялық орны
Қызылорда облысы Арал ауданы жерінде, Бөген ауылынан шығысқа қарай 2 км жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Ауданы 12,6 км2, ұзындығы 11,5 км, енді жері 2,9 км, ең терең жері 5,5 м. Жаздың ыстық айларында көл құрғап, шалшыққа айналады. Сырдария өзені қатты тасығанда көл деңгейі көтеріліп, аумағы ұлғаяды. Тұщыбасқа Ақлақ бөгеті (тоспасы) салынып біткеннен кейін суы тұрақты болады деп болжанып отыр.
## Жағалау сипаты
Құмайтты жағалауы жайпақ. Оңтүстігі батпақты. Көл бір-бірімен каналдар жалғасқан 3 бөліктен тұрады. Жағалауында қамыс өседі. Батыс жағалауы биік, бұйра құм, оңтүстік бөлігі жазықтау. Суында сазан, табан балық, қаракөз, жайын, ақмарқа, алабұға, қаяз, т.б. бар.
## Дереккөздер |
Төрекеев Бақыт Әскербекұлы (19 наурыз 1964 жылы туған, Ақтөбе қаласы) – медицина ғылымының докторы (2002).
## Қысқаша өмірбаяны:
1987 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын (қазіргі Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы) бітірген.1987–1993 жылдары осы оқу орнында аспирант, ассистент.1993–1996 жылдары Қызылорда қалалық ауруханасында дәрігер.1996–1999 жылдары Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында докторант.1999–2004 жылдары аға ғылыми қызметкер болды.2005 жылдан Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.
70-тен астам ғылыми жарияланымның авторы.
## Дереккөздер: |
Тұщықұдық — Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданындағы ауыл, Тұщықұдық ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шетпе ауылынан солтүстікке қарай 79 км жерде, Бозащы түбегінің оңтүстік-батысында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1973 жылы ауданда “Тұщықұдық” қаракөл қой кеңшарын құруға байланысты қаланған. 20 ғасырдың 90-жылдарының орта кезінде кеңшар негізінде шаруа қожалықтары құрылды. Ауыл маңында Ақтау – Қаламқас автомобиль жолы, мұнай құбыры, Еділ – Қаламқас су құбыры, жоғарғы кернеулі электр желілері өтеді.
## Тарихи ескерткіштер
Округ аумағында көптеген тарихи және мәдени ескерткіштер бар. Бұл өңірде Ермағанбет молда, Қойсары Сарғожаев емші, Айдар ишан, Ержан хазірет, Төлеу Қалипа, Иса, Досан, Сүйінқара батырлар, Абыл, Сәттіғұл ақындар өмір сүрген.
## Дереккөздер |
Тұяқ ақы – Қазақстанда 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басында жайылымдық жерді пайдаланғаны үшін алынған алым, рентаның бір түрі. Жайлауға, қоныстар мен шабындық жайылымдарға байланысты “қоныс ақы”, “шөп ауыз” деп те аталған. Тұяқ ақының мерзімі маусымдық болған, ал алым мөлшері келісуші жақтардың ықыласына қарай белгіленіп отырған (мыс., “әр түтіннен бір қой немесе бір қозы”).
## Дереккөздер |
Шақпақ Артықбаев (15.9. 1905 жылы, бұрынғы Сырдария облысы Қазалы уезі Шыбынды болысы, 2-ауданы – 1986 жылы, Алматы) – қайраткер, саяси қуғын-сүргін құрбаны. 1923 – 24 жылдары Ташкенттегі Орта Азия коммунистік университетінде, 1930 – 33 жылы Мәскеу тұтынушылар кооперациясы институтында оқыған. 1924 – 25 жылдары Алматы, Талдықорған уездік комсомол комитеттерінде жауапты жұмыста болды. 1926 – 28 жылы БЛКЖО Алматы губерниясы комитетінің хатшысы, 1928 – 29 жылдары Қазақ өлкелік пионерлер комитеті бюросының төрағасы, 1933 – 38 жылдары БЛКЖО Ақтөбе облысы комитетінің хатшысы, Ақтөбе облысы партия комитетінің және Қазақстан К(б)П ОК-нің бөлім меңгерушісі, Алматы облысы комитетінің 1-хатшысы, 1938 жылы сәуір – маусым айларында Қазақ КСР-і жеңіл өнеркәсіп халық комиссары қызметтерін атқарды. Саяси қуғын-сүргінге ұшырап, 8 жылға сотталды. 1947 жылы босатылды, 1954 жылы қарашада толық ақталды. 1948 – 58 жылдары Түркістан облысында, Алматы қаласында әр түрлі жауапты қызметтер атқарды. 1958 жылдан республикалық, ал 1962 жылдан одақтық дәрежедегі дербес зейнеткер.
## Дереккөздер |
Новоильиновка — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданындағы ауыл, Новоильин ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйет ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 33 км жерде, Тобыл өзенінің сол жағасында, дала белдемінде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1738 адам (844 ер адам және 894 әйел адам) болса, 2009 жылы 1470 адамды (731 ер адам және 739 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі 1901 жылы қаланған. 1961-1997 жылдары сүт өндіретін кеңшар орталығы болған. Оның негізінде Новоильинкада және округтегі 8 ауылда ӨК, ЖШС-тер жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Жаңақоныс (2009 жылға дейін – Новое) — Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігіне қарасты болған ауыл, бұрынғы Новый ауылдық округі орталығы. 2018 жылы таратылып, Ақтөбе қаласының Астана ауданындағы шағын ауданға айналды.
## Географиялық орны
Ақтөбе қаласынан батысқа қарай 3 км-дей жерде, Жіңішке өзенінің жағасында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1027 адам (501 ер адам және 526 әйел адам) болса, 2009 жылы 6486 адамды (3240 ер адам және 3246 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Ауыл 1976-1996 жылдары құс етін өндіретін Ақтөбе құс фабрикасының орталығы болып келді. Оның негізінде Жаңақоныста ЖШС құрылды.
## Дереккөздер |
Түйежапырақ (Rheum turkestanіcum) – тарандар тұқымдасы, рауғаш туысына жататын көп жылдық өсімдік.
Қазақстанның құмды жерлерінде, Арал өңірі мен Қызылқұмда кездеседі. Биіктігі 30 – 70 см. Тамыры ұзын, қара қоңыр қынапты, сабағы тік өседі. Сабақ түбіндегі жапырағы жатаған, өркен бойындағы жапырақтары ірі, ұзындығы 35 см, ені 50 см-дей, пішіні дөңгелек, үш жүйкелі. Гүлі ақ түсті, оның ұзындығы 3 – 4 мм-дей. Гүлшоғыры шашақ болып төгіліп тұратын – сыпыртқы. Сәуір – мамыр айында жемісі піседі. Жемісі – үш қырлы, қара қоңыр түсті, пішіні жүрек тәрізді. Түйежапырақтың тамырында іш жүргізетін антрогликозидтер, хризофен қышқылы, флавоноидтар, илік заттар бар. Дәрі жасау үшін рауғаштың сабағымен тамырын көктемде қазып алып пайдаланады. Асқазан, туберкулез, т.б. ауруларды емдеуде қолданылады. Жемісінен С витамині, дәнінен көмір сулар алынады. Жапырағын түйе, қой жақсы жейді. Республиканың құмды, құмды-далалық жазық жерлерінде өсетін рауғаштың 1 түрі – татар рауғашын (R. Tatarіcum) жергілікті тұрғындар Түйежапырақ деп атайды. Оның да тамыры мен тамыр қабығында илік заттар болады.
## Дереккөздер |
Түзеу колониясы – кәмелетке толып сотталғандардың жазасын өтейтін жер.Ол жалпы, қатаң, айрықша режимдегі колониялар және колония-қоныстар болып бөлінеді. Колония-қоныстарда абайсызда жасаған қылмыстары үшін 7 жылға дейінгі мерзімде сотталғандар және жазасын өтеу барысында өздерін жақсы жақтарынан көрсеткендері үшін қатаң режимдерден ауыстырылғандар жазасын өтейді. Жалпы режимдегі түзеу колониясы нда әдейі жасалған кішігірім немесе орта ауырлықтағы қылмыстар, алғаш рет ауыр қылмыс жасағандар және абайсызда жасаған қылмысы үшін 7 жылдан астам мерзімге сотталғандар жазасын өтейді. Қатаң режимдегі түзеу колониясы нда аса ауыр қылмыс жасағандар, қылмыстары қайталанған жағдайда сотталған адамдар және қылмыстары аса қауіпті жағдайда қайталанған әйелдер жазасын өтейді. Айрықша режимдегі түзеу колониясы нда қылмыстары аса қауіпті жағдайда қайталанған ер азаматтар, өмір бойы бас бостандығынан айрылғандар, сондай-ақ өлімге кесілу жазасы кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылып сотталғандар жазасын өтейді.
## Дереккөздер |
Түйетабан (Zygophyllum) – түйетабандар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның барлық өңіріндегі сор, сортаң топырақты далалы жерлерде, тастақты шоқы баурайында өсетін 30 түрі бар, оның 19-ы – эндемиктер. Биіктігі 5 – 20 кейде 50 – 80 см-ге жетеді. Сабағы бұтақтанған. Жапырақтары қос қауырсын пішіндес, етжеңді. Тостағанша жапырақшаларының саны – 4 – 5, ұзындығы 1,5 – 2 мм, күлтесі дөңгелек, ені 6 – 10 мм, ақ, сары не сарғыш түсті, гүлі бір-бірден, кейде екі-екіден жапырақ қолтығынан жетіледі. Қосжынысты, аталығының саны аналығынан екі есе көп, аталық жіпшелері қабыршақты, жатыны 3 – 5 ұялы, аналық аузы тұтас. Сәуір – шілде айларында гүлдеп, маусым – қыркүйекте жеміс салады. Жемісі – қорапша, оның бірнеше дәнегі болады. Қаратау түетабаны (Z. Karatavіcum) – өте сирек кездесетін эндемик ретінде қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
## Дереккөздер |
Төреқұл Нысанбек (28 Тамыз 1921 жылы туған, Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Алғабас ауылы) – филология ғылымының докторы (1984). Ысты руынан шыққан.
## Қысқаша өмірбаяны:
1960 Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Ұжымшарда бухгалтер, Түркістан облысы Арыс қаласында Халық соты, «Оңтүстік Қазақстан», қазіргі «Егемен Қазақстан» газеттерінде қызметкер болды. 1961 жылдан Қазақстан ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында, «Қазақ Совет энциклопедиясы» редакциясында қызметтер атқарды.
«Қазақтың қазіргі ауызша және дербес шығармашылығы (жанрлық құрамы және құрылымдық-функционалдық ерекшеліктері)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.
Нысанбек Төреқұлов жұрттың кең ауқымына оның еңбектері арқылы белгілі, маңызды үлеспен қазақ әдебиеттанудың дамуына болып табылдым. оның кітабы, мағына, нешінші переоценить қиын,, көп күшті қазақ халықтың және из Жабаева Жамбыла оның ашық түсті өкіл деген бір шығармашылық фольклор байқау тапсыр- үлкен ғалым қайсар жанқиярлық қызмет нәтиже болып табылған.
## Негізгі туындылар
* Қазақтың қанатты сөздері «Жазушы» . – 1960, 1970.
* Современный казахский фольклор. – «Мектеп». – 1982.
* Откешү. – «Қазақстан». – 1982.
* Қырық хикая. – «Жалын». – 1985.
* Жүз жасаған бәйтерек. – «Жалын». – 1989.
* Сырлы семсер (акад. М.Қаратаев 80 жаста). – «Жазушы». – 1990.
* Алатау асқарынан жыр асырған. – «Ғылым». – 1996.
* Қазақтың жүз шешені. – (1 кітап). «Алтын адам». – 1992.
* Қазақтың жүз би-шешені. (2 кітап). – «Жалын». – 1993.
* Қазақтың жүз би-шешені. (3 кітап). «Қазақстан». – 1995.
* Билер сөзі – ақылдың көзі. (4 кітап). «Қазақстан». –1996.
* Даланың дара ділмарлары екі кітап, 587 бет. – «Қазақстан», Алматы, 2001., переизд. – 2005.
* Ғұмарнамалық баян. – Кумбез. – 2006 |
Жаңаесіл (2018 ж. дейін — Новоишимка) — Ақмола облысы Целиноград ауданындағы ауыл, Жаңаесіл ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақмол ауылының солтүстік-батысында 30 км-дей жерде, Есіл өзенінің сол жағасында орналасқан. Жақын темір жол стансасы – Қосшоқы (15 км).
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1930 жылы қаланған. 1939 жылдан 1949 жылға дейін Ақмола ауданының орталығы, 1961 – 1996 жылдары Новоишимский астық кеңшарының және ауыл шаруашылығы техникумының орталығы болып келді. Новоишимкада шұжық жасайтын цех, наубайхана, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, т.б. жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Түбіт – ауыл шаруашылық малдары мен аңдардың жіңішкелігі 25 мкм-ге жетпейтін, жіңішкежүн талшықтары. Биязы жүнді қойлар мен түбітті ешкі тұқымдарының жүн жабындысы түгелдей түбіттен тұрады. Түбіттің басты қасиеттері – жылу сақтағыштығы, көп ылғал сіңіргіштігі, т.б. ескере отырып мата, тоқыма киімдер, кілем, аяқ киім, киіз, т.б. бұйымдар жасауға мүмкіндік береді. Технологиялық және тауарлық сапасы физикалық қасиетін (жіңішкелігі, ұзындығы, беріктігі, серпімділігі, түсі, жылтырлығы, т.б.) анықтайды. Түбіт көбіне ақ, қара, қоңыр түсті болады. Ақ түсті түбітті кез келген түске бояуға болатындықтан, жоғары бағаланады. Түбіттің басқа жүн талшықтарынан (аралық талшық, қылшық, өлі және құрғақ қылшықтар) басты морфол. айырмашылығы – құрамында бос, ауалы кеңістіктің, елеулі өзек қабатының болмауы. Осы ерекшелік түбіттен жіңішке де мықты жіп иірілуін, соған орай, сапалы да әдемі мата, киім-кешек тоқылуын қамтамасыз етеді. Асыл тұқымды биязы жүнді қой, түбітті ешкі шаруашылығында түбіт сапасы мен мөлшері негізгі селекц. белгілердің бірі болып табылады. Осы шаруашылықтардың эконмикалық тиімділігі де елеулі деңгейде түбіт өнімділігінің мөлшері мен сапасына байланысты. Соңғы уақытта әлемдік нарықта “Арнайы талшықтар” деген атпен танымал болып отырған жіңішкелігі 17 мкм-ге дейінгі меринос қой, түйе, альпака, лама және ешкі түбіттеріне деген сұраныс тұрақты түрде артып отыр. Жіңішкелігі 19 мкм 1 кг түбіт 21 мкм түбітпен салыстырғанда 2 есе, ал 17 мкм түбіт 19 мкм түбітпен салыстырғанда 2 есе қымбат. Әлемде ең қымбат түбіт – австралия мериностарының биязы жүні. Осыған орай ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі Мал шаруашылық және ветеринария ғылым-өндірістік орт-на қарасты Қой шаруашылық ғылыми-зерттеу инстуттының ғалымдары биязы жүнді қойларды өсіру, асылдандыру және ешкі шаруашылық бөлімдерінің ғалымдары арнайы ғылыми жұмыстардың әдістемеліктеріне сай қой, ешкі және өте жіңішке түбітті түз тағылары – жабайы арқар мен иір мүйізді жабайы ешкілерді түраралық будандастыруда пайдалана отырып, жіңішке түбітті мал топтарын шығару жұмыстарын іске асыруды қолға алды.
Арнайы жүргізілген зерттеулер қазақтың жергілікті қылшық жүнді ешкілерінің түбіті сапасы бойынша әлемдік нарық талаптарына сай, бірақ олардың өнімділігі өте төмен екендігін көрсетті. Осыған сәйкес, генотиптік және паратиптік (бағу-азықтандыру) жағдайларды ғыл. негізде жақсарта отырып, түбіт түсімі мен сапасын арттыру ешкі шаруашылық тиімділігін көтерудегі маңызды мәселе болып табылады. Жеңіл өнеркәсіпті бағалы түбітпен қамтамасыз етуде түйе шаруашылығының да орны ерекше. Қос өркешті түйелерден орта есеппен 10 – 12 кг, жіңішкелігі 16 – 20 мкм, дара өркешті түйелерден 3 – 5 кг жүн алынады. Сонымен бірге үй қояндары, басқа да мамық жүнді хайуанаттарды қолда ұстау арқылы да Т. өндіруге болады. Қоян Т-інің жіңішкелігі 15 – 20 мкм, ересек үй қоянынан жылына 700 г-нан астам түбіт алынады. Мамық жүнді аң түбітінің жіңішкелігі 25 – 30 мкм, түбіт оның қысқы түгінен алынады, жазғы жүнінде түбіт болмайды.
## Дереккөздер |
Түйетау – Жалпы Сырт қыратының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан тау жұрнағы. Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданы және Ресейдегі Саратов облысымен шекара тұсында. Абсолюттік биіктігі 168 м. Бор кезеңінің борлы тау жыныстарынан түзілген. Пішіні күмбез тәрізді. Беткейлерін Шежін өзенінің салалары тілімдеген. Баурайында бетеге, жусан өседі. Алабы – мал жайылымы.
## Дереккөздер |
Атаи Мәулана Шеих Құсайын – түркі ақыны. 15 ғ-да ежелгі Сайрамда өмір сүрген. Өз заманында оқымысты, терең білімді адам болған. Ол Самарқандта қызмет атқарған. Бізге ақынның «Диуан» аталатын өлеңдер жинағы (260 туынды) жеткен. Бұл жинақтың түпнұсқасы Санкт-Петербургтегі Шығыстану инcтитутында сақтаулы. Ақынның махаббатты, табиғатты, сұлулықты мадақтайтын ғазалдары өзбек тіліне аударылып, бірнеше мәрте жарық көрді. Ол өлеңдерінде жақсылық іс қылуға, адал жүріп, анық басуға шақырған. Көшпелі түркі халықтарының өмірін, салтын, поэзиясын өте жақсы білетіндігін шығармаларында танытып отырған. Ол шығармалары қазақ әдебиетіне тіл жағынан да, түр жағынан да жақын. Қазақ ауыз әдебиетіндегі «айтыс», «жар-жар» сияқты өлең үлгілерін өз шығармаларында жиі қолданған.
## Сілтемелер |
Түймебас (лат. Serratula) – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.
Қазақстанның барлық аймақтарындағы тау етегінде, тастақты беткейлерде, жазық жерлерде, сортаңды шабындықтар мен қияқөлең өскен батпақты жерлерде өсетін 16 түрі бар. Ішінде жиі кездесетіні – тәжілік түймебас (S. coronata). Оның биіктігі 35 – 150 см. Тамыры жуан, сүректенген, бірнеше бөлікке тарамданған. Сабақтары бұтақты, қауырсын жапырақтарының шеті тілімделген. Қошқыл күлгін түсті гүлінің шеткілерінде аналық гүлдері орналасады, қалған бөлігіндегі гүлдері – қосжынысты, себет гүлшоғырына топталған. Маусым – қыркүйек айларында гүлдеп, шілде – қыркүйекте жеміс салады.Жемісі – қоңыр түсті, тықыр дәнек, айдары бар. Тәжілік Түймебас – дәрілік, шірнелі өсімдік және одан бояу алынады. Жетісу (Жоңғар), Теріскей және Іле Алатауларында өсетін жоңғар түймебасы (S. dshungarіca) – өте сирек кездесетін эндемикті түр ретінде қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
## Дереккөздер |
Түйе шаруашылығы, түйе өсіру – мал шаруашылығының дәстүрлі салаларының бірі. Республикадағы барлық жайылымдық жердің 64%-дан астамын (116 млн. га) Түйе шаруашылығы арқылы барынша тиімді пайдалануға болатын, шөл және шөлейт алқаптардың алып жатуы осы саланы өркендетуге кең жол ашады. Қазақ халқы еті мен сүті әрі тағам, әрі шипалы дәру, жүні – киім, өзі сенімді көлік болған қасиетті жануарды төрт түліктің төресі санаған.
Елімізде Түйе шаруашылығы объективті және субъективті жағдайларға байланысты түрліше қарқында дамыды. Қазақстанда 1927 ж. 1,2 млн. бас түйе өсірілсе, күштеп жүргізілген ұжымдастыру саясатының салдарынан 1941 ж. түлік саны 104,6 мыңға дейін кеміді. Осыдан кейінгі 70 жылға жуық уақыт аралығында мал басы 105,0 – 154,0 мың аралығында болып, ең жоғ. көрсеткішке 1994 ж. қол жеткізілді (153,9 мың). 1980 – 95 ж. аралығында жыл сайын 5,0 – 9,0 мың т түйе еті, 4,5 – 5,0 мың т шұбат, 700 – 1000 т жүн өндіріліп келді.
Түйе түлігі негізінен жайылымда бағылып, күтімді, құнарлы азық пен құрылысы күрделі, жылы қора-жайды аса қажет етпейтіндіктен, басқа ауыл шаруашылық малдарымен салыстырғанда тиімді сала болып табылады. Салаға орынды жұмсалған қаржы 5 – 6 есеге дейін табыс әкелетіндігі ғылыми-өндірістік тәжірибелерде дәлелденген.
Түйе сүтінен дайындалатын шұбаттың дәмдік, сусындық, шипалық қасиеттері ертеден-ақ белгілі болған. Оның адам ағзасына сіңімділігі 98%-ды құрайды. Құрамындағы құрғақ заттың үлесі 14,5 – 15,5%-ға, май – 5,5 – 6,5%-ға, белок – 4,0 – 4,5%-ға, сүт қанты – 5,0 – 5,5%-ға, минералды заттар 0,6 – 0,8%-ға сәйкес келеді. Қос өркешті інгеннен тәулігіне майл. 5,5 – 7,0% болатын 4 – 6 л, маусымда 1200 л сүт сауылса, дара өркешті таза тұқымды аруана маясынан майл. 3,5 – 4,2% болатын 12 – 15 л, маусымда 3500 л сүт сауылады. Қос өркешті және дара өркешті түйелердің будандарынан бір маусымда майл. 4,0 – 4,5% болатын 3000 л сүт өндіріледі. Түйе сүті сиыр сүтіне қарағанда бактерицидтік қасиеті жоғары болғандықтан ұзақ мерзімге сақталады (30С ыстықта 24 сағатқа дейін ашымайды). Дәрігерлердің бақылауы шұбатты тұрақты пайдаланатын адамдардың туберкулезбен мүлдем ауырмайтындығын көрсетті. Сонымен бірге асқазан ауруларын да шұбатпен емдеудің жақсы нәтиже беретіндігі белгілі.
Түйе шаруашылығының тиімділігі ет өндіру жұмыстарын ұтымды ұйымдастыруға тікелей байланысты. Қоңды түйелер етінің құрамында 17 – 22%белок, 12% май ұлпалары болады. Тағамдық қасиеті және құнарлылығы бойынша түйе еті сиыр етімен деңгейлес.
Өзіндік құны арзан әрі сапалы түйе етін өндірудің басты жолы түйені жайып-семірту екендігі ғыл.-өндірістік тәжірибелердің нәтижесінде дәлелденді. Түйелер көктемгі және күзгі жайылымдарда тез қоңданады. Етті бағыттағы Т. ш-н ең алдымен шұбат өндіру ісімен ұштастырған жөн. Ет өндіретін Т. ш-тарында қазақтың қос өркешті түйесімен қатар, олардың інгендерін қалмақ және түрікмен түйе бурасымен шағылыстыру арқылы алынған будандарды барынша көптеп өсіру тиімді болып табылады. Будан буыршындар салмағы жергілікті түйе төлдерінен 80 – 120 кг-ға артық болады. Жайылымда семіртілген құнанша, дөненше буыршындардың сойыс шығымдылығы 51,7 – 52,5%-ға, ірі сақа түйелерде бұл көрсеткіш 55 – 58%-ға жетеді. Түйелердің салмағы жыл маусымына байланысты өзгеріп отыратындықтан, көктемде жайып семіртілген сақа буралар мен інгендерді маусым – шілде, ал жас буыршындарды қараша – желтоқсан айларында етке өткізген орынды.Асылдандыру жұмыстарында тұқым жақсартушы ретінде пайдалану мақсатында ірілігі мен ет өнімділігі бойынша қос өркешті Т-лер арасында, ТМД елдерінде ғана емес әлемде ерекше орын алатын қалмақ бактрианы қолданылуда. Тұқым мен типаралық жұптастырудан алынған 1 жасар тайлақтар, таза тұқымды тұстастарымен салыстырғанда, тірідей салмағы бойынша 15 – 20%-ға басым болады. Қазір елімізде қос өркешті қазақ түйелері 20 асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықта, оның ішінде Атырау обл-ның “Бірінші май” және “Жаңа таң” ААҚ-лары мен “Жарсуат” ӨК-нде, Батыс Қазақстан обл-ның “Хан ордасы” ЖШС-да, Қызылорда обл-ның “Құланды” ААҚ-да, Маңғыстау обл-ның “Таушық” ЖАҚ-да және Оңт. Қазақстан обл-ның “Қара құр” ӨК-нде, т.б. өсіріледі.
Түйеден алынатын бағалы өнімнің бірі – жүн. Ол технол. қасиеті бойынша тоқыма өнеркәсібі үшін құнды шикізат болып табылады. Түрікмен Республикасында және еліміздің оңт. облыстарында түйе жүні кілем тоқуға пайдаланылады. Түйе жүнінен дайындалған бұйымдар жеңіл, жылы, сонымен қатар берік, созылғыш келеді. Ел арасында белі ауырған адамдарға шудадан жалпақ белбеу тағу, сарысу жиналған дене мүшесіне ыстық суға батырылған шуда басу секілді халық медицинасы әдістері кең тараған. Ұзын талшықты түйе жүнінен тоқылған маталар көбіне көрпе жасауға пайдаланылады. Шудадан машина жасау өндірісінде бұрғылау қондырғыларының белдіктері (ременьдері) дайындалады. Ғарышкерлердің ішкі жеңіл киімдерінің бір тіні түйе жүнінен тоқылатыны да бұл шикізаттың жоғары қасиетін көрсетеді.
Т. ш-н келешекте ойдағыдай дамыту – түйе сауу, жүндеу, тоғыту секілді қол күшін көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыруды талап етеді. Алматы обл-ның Мыңбаев атынд. тәжірибе ш-нда түйені жықпай, арнайы қондырғыда жүндеу әдісі игеріліп, оннан аса шарушылықтарға енгізілді. Бұл жүндеу уақытын қысқартуға, еңбек өнімділігін арттыруға және ең бастысы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге қондырғыны түйе саууға, бонитировкалауға (малды асылдандыру мақсатында жан-жақты бағалау) пайдалануға болады.
Т. ш-н ойдағыдай дамытып, өнім өндіруді арттыру үшін малдың тұқымдық-өнімділік қасиеттерін үзбей жетілдіру, тауарлы шаруашылықтарда асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтардан алынған тұқым-жақсартушы бураларды кеңінен қолдану басты назарда болуы тиіс. Бұл сала бойынша еліміздің 26 тұқымдық мал ш-нда 9,0 мың басқа жуық түйе өсіріледі. Асыл тұқымды малдардың үлес салмағы бойынша (7%) түйе түлігі басқа а. ш. малдарынан (1,2 – 5,3%) 2 есеге жуық басым. Елімізде Т. ш. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында жақсы дамыған.
## Дереккөздер |
Новокаменка — Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы, Архангель ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Бескөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 994 адам (467 ер адам және 527 әйел адам) болса, 2009 жылы 982 адамды (491 ер адам және 491 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Түймедақ (лат. Matricaria) – астралылар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер.
Қазақстанда Алтайда, Жетісу(Жоңғар), Іле, Күнгей Алатауларының көбінесе ашық жерлерінде өсетін 2 түрі: дәрілік түймедағы (М. recutіta) және кәдімгі түймедағы (М. matrіcarіoіdes) бар. Олардың биіктігі 10 – 35 см. Сабағы бұтақты. Жапырақтары қауырсын тәрізді үш қайтара тілімделген, кезектесіп орналасқан. Гүлі ақ, гүлтозаңы сары түсті, себет гүлшоғырына топталып, дара гүлдері сабақтың ұшында жетіледі. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, маусым – қыркүйекте жемісі піседі. Жемісі – дәнек. Түймедағы гүлшоғырының құрамында эфир майы (0,5 – 0,12%), терпен, спирт, органикалық қышқылдар, дәрумендер, т.б. заттар бар. Түймедағы – дәрілік өсімдік, оны қабынғанға қарсы әсер ететін, тер шығаратын, ауырған жерді тыныштандыратын дәрі ретінде және клизма жасауға қолданылады. Іш өткенде, ішек түйнегенде ішеді. Сондай-ақ оның антисептик қасиеті де бар. Парфюмерияда, шарап өндірісінде пайдаланылады, гүлінен сары түсті бояу алынады.
## Дереккөздер |
Түйнек (лат. tuber) – өзгерген сабақ; өсімдіктің бір не бірнеше сабақ буыны аралығынан дамиды. Түйнектер жер беті және жер асты болып бөлінеді. Жер үсті түйнегі әдетте негізгі (мысалы, кольраби) немесе жанама бұтақтардан (эпифитті орхидеялар) өсіп жетіледі де олардың жасыл жапырақтары болады. Жер асты түйнегі жапырақтары редукцияға ұшыраған, ерте түсіп қалатын қабыршаққа айналған. Кейде түйнек гипокотиль жолымен (тұқымжарнақ астындағы иін – тамыр мойны мен тұқымжарнақ аралығындағы өскін сабағының бөлігі) дамиды (мыс., цикламен). Ұсақ түйнектер өсімдіктің жапырақ қолтығынан (фикария), көбінесе, гүлшоғырының айналасында (таран) немесе өнім бүршіктері ретінде (кейбір күрделі споралы өсімдіктердің жапырақтарында түзіліп, түскен кезде жаңа өсімдікке бастама беретін қосымша бүршіктер) түзіледі. Жер асты түйнектерінің жапырақтары редукцияға ұшыраған, олардың қолтықтарында бүршіктері болады. Мұндай бүршіктерді көзшелер деп атайды.
Түйнекте қоректік заттар қоры, көбінесе крахмал, т.б. көмірсулар мол жиналады. Түйнектің мен сүректің паренхималық клеткаларынан, кейде сабақ өзегінен өседі. Түйнек әдетте көбеюге, өсімдіктің қыстап шығуына қажет, Түйнекпен жаңа өсімдік дамиды. Түйнектің бір жылдық, көп жылдық түрлері бар. Көптеген өсімдіктердің түйнегі тағамға, малға жем ретінде пайдаланылады. Бұлар тамыржеміс (жер асты ет-женді органдарын пайдалану үшін өсірілетін өсімдіктер) деп аталады. Тамыржемісте қант, минералды тұздар, витаминдер, каротин болады.
## Дереккөздер |
Түйнекшөп (лат. Bunium) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер.
Қазақстанда Шу – Іле Алатауының, Қаратаудың, Батыс Тянь-Шаньнің тастақты беткейлерінде өсетін 3 түрі бар. Соның ішінде жиі кездесетіні – қынапты Т. (В. vagіnatum). Биіктігі 15 – 30 см, түйнегі шар тәрізді, диаметрі 2 см-дей, сабағы жолақты. Жапырақтары жұмыртқа немесе қауырсын тәрізді. Тостағанша жапырақшаларында тісшелері болмайды, күлте желектерінің ұзындығы 1,5 мм-дей, ақ не қызғылт түсті. Гүлдері қосжынысты, 15 – 20 гүлі топтанып, шатырша гүлшоғырын құрайды. Мамыр айында гүлдеп, маусымда жемісі піседі. Жемісі ұзынша-жұмыртқа тәрізді болады. Қынапты Түйнекшөп – эндемикті түр.
## Дереккөздер |
Майлан (2023 жылға дейін — Новомарковка) — Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы ауыл, Майлан ауылдық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ерейментау қаласынан батысқа қарай 55 км-дей жерде, Сілеті өзенінің сол жағасында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1908 жылы қаланған. 1976 – 1996 жылы етті мал өсіретін аудандық арнаулы шаруашылық бірлестігінің орталығы болып келді.
## Кәсіпорындары
Мал өсіретін және бордақылайтын “Новомарковское” ұжымдық кәсіпорны, кірпіш зауты, майжарма, шұжық цехтары жұмыс істейді. Ауыл арқылы Астана – Торғай – Ерейментау – Павлодар республикалық автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Түктібаев Оразгелді Беденұлы (3 Мамыр 1944 жылы туған, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жылға станциясы) – медицина ғылымының докторы (2002), профессор (2004). Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1984).
Сіргелі тайпасының Тутаңбалы руынан шыққан.
Калинин қаласындағы (1965, Ресей) медициналық институтты және Мәскеу қаласындағы Дәрігерлер білімін жетілдіру Орталық институтының аспирантурасын (1977) бітірген. 1965–1977 жылы Түркістан облысында телімдік емхананың, одан соң аудандық медицина бірлестіктің бас дәрігері, 1977–1984 жылы «Сарыағаш» бальнеологиялық және 1984 жылдан Алматы қалысындағы «Алатау» курорттарының директоры болды. Негізгі ғылыми жұмыстары курортология мәселелеріне арналған. 50-ден астам ғылыми жарияланым мен 3 монографияның авторы. «Құрмет» орденімен марапатталған.
## Дереккөздер: |
Түйеқұйрық(Caragana jubata) – бұршақ тұқымдасы, қараған туысына жататын тікенекті бұта. Қазақстанда биік таудың тасты шатқалдарында, батпақты жерлерде, арша орманы мен қылқан жапырақты орман ағаштарының көлеңкесінде өседі. Биіктігі 0,5 – 4 м. Сабағы қалың бұтақты, тікенді (оның ұзындығы 4 – 7 см). Күрделі қауырсын пішіндес жапырақтары 4 – 6 жұп жапырақшалардан тұрады. Гүлдері қос жынысты, бір-бірден орналасады. Тостағанша жапырақшалары қоңырау-түтікше тәрізді, күлтесі қызғылт, сирек ақ түсті. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жеміс салады. Жемісі – цилиндр тәрізді, сыртын түк жапқан бұршақ. Түйеқұйрық – әсемдік үшін өсіріледі және шірнелі өсімдік болып табылады.
## Дереккөздер |
Басмашы (түрікше басмақ — бас салу, тап беру) — басмашылар қозғалысына қатысқан жергілікті халық өкілін Кеңес өкіметі осылай атаған.
Патшалық Ресей және одан кейінгі кеңес үкіметінің жүргізген отарлау саясатына қарсы шығып өз ұлтының бостандығы үшін күрескен қазақ ұлтының жанашырларын отарлаушылар білімсіз қарашаға басмашы, халық жауы деп атап түсіндірген.
## Дереккөздер |
Новомихайловка — Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданындағы ауыл, Новомихайлов ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Мамлют қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 38 км жерде, Кішкене Жалтыр көлінің шығыс жағасында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1202 адам (584 ер адам және 618 әйел адам) болса, 2009 жылы 887 адамды (439 ер адам және 448 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесін 1895 жылы Қосағаш және Русское көлдері арасындағы қыратты жерге Ресейден келген шаруалар қалаған. 1929 жылдан кеңшар орталығы болды. 1997 жылдан Новомихайловкада ӨК жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Түлеу – жануарлардың даму кезіндегі жас ерекшеліктеріне, маусымдық өзгерістерге байланысты және тіршілігінде тұрақты түрде жүріп отыратын биологиялық процесс.
Түлеу кезінде жануарлар терісінің сыртқы эпидермис қабаты, терінің қосалқы түзілістері (кутикуланың, қабыршақтардың, қауырсындардың және түктердің) белгілі бір уақыт аралығында ауысып тұрады. Жануарлардың түлеуі олардың организмінің даму қабілетіне, жасына, гормондық жағдайына, сондай-ақ қоршаған ортаның әсеріне (мысалы, температура, т.б.) байланысты. Әрбір түлеу аралығын – түлеу кезеңі, ал сол кезеңдегі жануарлардың дамуына кеткен уақытты – түлеу жасы деп атайды.
Түлеу, әсіресе, денесі тығыз хитинді затпен қапталған омыртқасыз жануарларда, соның ішінде буынаяқтыларда (шаянтәрізділер, т.б.) айқын байқалады. Түлеп түскен қатты хитинді жабын қайта түзілгенше жануарлардың (әсіресе дернәсілдің) дене мөлшері қарқынды түрде өседі. Жәндіктердің көптеген түрлерінің дернәсілдерінің түлеу саны үнемі тұрақты болады. Мысалы, көбелектердің дернәсілінде (жұлдызқұртында) – 5, шыбындардың дернәсілінде – 3, ал біркүндіктер мен көктемдіктердің дернәсілінде – 25 – 30 рет қайталанады. Омыртқалылардың түлеуінде біраз ерекшеліктер байқалады. ыландар түлеген кезде сыртқы қабыршақтары басынан бастап, бірте-бірте денесінен тұтасымен, ішінен сыртына қарай сыдырылып түседі. Түлеу кезінде терінің сыртқы қабатындағы тіршілігін жойған клеткалар ауысады да, терінің түсі өзгеріп, жылу реттеу қабілетінде де өзгерістер байқалады. Тасбақалар түлемейді, олардың терісінің сыртындағы мүйізді сауыттар үнемі өсіп отырады. Құстардың түлеуі кезінде ескі қауырсындар түсіп, оның орнына жаңа қауырсындар шығады, салмағын азайтады. Олардың түлеуі көбінесе балапан басып шығарған соң байқалады, алдымен қораздары, кейбір түрлері жеке-жеке (торғайтәрізділер, тауықтәрізділер) түлейді. Ал қазтәрізділер үлкен топ құрып, қанат қауырсындарын бір мезгілде түлеп, ауыстырады. Бұл кезде олар ұша алмайды, сондықтан адам бармайтын жерлерде шоғырланып жасырынады. Құстардың кейбір тобында қауырсындары (бағыттаушы және қағатын) бір уақытта түседі, бұл кезде олар ұшу қабілетін біраз уақытқа жоғалтады (мысалы, үйректер – 20 – 35 күнге, аққулар – 1,5 айға). Құстардың жыл маусымдарына байланысты түлеуі кезінде қауырсындарының тығыздығы да өзгереді. Сүтқоректілердің түлеуі кезінде түктерін жыл маусымдарына қарай ауыстырып тұратындықтан түгінің түсі де, тығыздығы да өзгереді. Мысалы, ақбөкендер жазда сарғыш қызғылт, ал қыста ақшыл бозғылт түске енеді. Қысы суық, жазы ыстық болатын жерлерде тіршілік ететін жануарлар тез, ал тропиктік және жартылай суда тіршілік ететін жануарлар (ондатр, саз кәмшаты, калан) біртіндеп түлейді. Сүтқоректілердің көпшілігі жылына 2 рет (көктемде және күзде), мыс., тиін, түлкі, т.б.; көртышқандар 3 рет, кейбір түрлері (түлендер, суырлар, сарышұнақтар) 1 рет түлейді.
## Дереккөздер |
* Новоникольское – Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы ауыл.
* Новоникольское – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы, Новоникольский ауылдық округі құрамындағы ауыл.
* Новоникольское – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы, Светлопольский ауылдық округі құрамындағы ауыл. |
Әбдіқайыр Нұроллаұлы Бахтыбаев (1938 жылы туған, Тәжікстан Республикасы, Қорғантөбе қаласы) – ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы (1992), проффесор (1994), Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі. Тәжік мемлекеттік университетін бітірген (1961). 1961 – 1962 жылы Қорғантөбе қаласындағы мектепте мұғалім; 1962 – 1973 жылдары Тәжік мемлекеттік университетінде аға лаборант, ассистент, аға оқытушы, ассистент, физика факультеті деканының орынбасары; 1973 – 1993 жылдары Қазақ химия-технология институтында аға оқытушы, физика кафедрасының меңгерушісі; 1993 жылдан Халықар. қазақ-түрік университеті Шымкент бөлімшесінде проффесор, физика кафедрасының меңгерушісі, физика математика факультетінің деканы, оқу ісі жөніндегі проректор. 93 ғылыми еңбектің авторы, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісімен.
## Дереккөздер |
Ғақаш Зәкиұлы Бияшев (10 қазан 1906 жыл, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Қамысты ауылы – 20 қараша 1987 жыл, Алматы қаласы) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1947 жыл), профессор (1949 жыл), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1967 жыл), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1971 жыл).
* Орта Азия мемлекеттік университетін бітірген (1931 жылы).
* 1931–36 жылы Аққабақ тәжірибе станциясында ғылыми хатшы, Бүкілодақтық мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында (Ташкент қаласы) ғылыми қызметкер, аспирант
* 1936–50 жылы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары
* 1950–57 және 1961–65 жылдары Қазақ Мемлекеттік Унивеситетінде (қазіргі Қазақ ұлттық университеті|Қазақ Ұлттық Университеті) кафедра меңгерушісі
* 1957–61 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының вице-президенті
* 1965–78 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Ботаника институтының директоры
* 1978–87 жылы зертхана меңгерушісі қызметтерін атқарды.
* Негізгі ғылыми еңбектері өсімдіктер генетикасы мен селекциясына арналған. Бияшев қант қызылшасы мен қоза биологиясын зерттеп, оларды Қазақстанда өсіру жүйесін жасады.
* Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.
## Шығармалары
* «Культура сахарной свеклы в Казахской ССР»
* «Система земледелия в Казахстане»
* «Итоги ботанических исследований в Казахстане - 50-летию Октября»
* «Корреляция между весом корнеплодов и сахаристостью у дитетраплоидных сортолинейных гибридов сахарной свеклы. Сельскохозяйственная биотехнология»
## Сыртқы сілтемелер
1. "БИЯШЕВ ҒАҚАШ ЗӘКИҰЛЫ" Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.
## Дереккөздер |
Корнеевка — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы ауыл, Корнеев ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстікке қарай 38 км жерде, Үлкен Тораңғыл көлінің оңтүстік-шығыс жағасында, орманды дала белдемінде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 2829 адам (1410 ер адам және 1419 әйел адам) болса, 2009 жылы 2133 адамды (1038 ер адам және 1095 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі 1870 жылы қаланды. Ауыл шаруашылығынан ұжымдастыруға сәйкес ұжымшар мен өзімен аттас жаңа құрылған ауданның орталығы болды. 1961 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны кезінде мұнда ұжымшар негізінде құрылған “Корнеевский” астық кеңшарының орталығына айналды.1997 жылы оның негізінде 1 ЖШС, 10 шаруа қожалығы құрылды. Машина-трактор жөндеу шеберханасы, байланыс бөлімі, орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, аудандық аурухана, т.б. мекемелер бар.
## Дереккөздер |
Түктібаев каналы – Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы жасанды су арнасы. 1957 жылы салынған. Сырдария өзенінің сол жағалық аңғарында орналасқан.
## Гидрологиялық сипаты
Бастауын Басықара бөгенінен алады. Ұзындығы 88,7 км, су өткізгіштігі 100 м3/с, бойында 52 гидротехникалық құрылыстар бар. Канал 512-бекетке жеткенде үш тармаққа (Ішкі канал, Қараарық, 50 жылдық атындағы канал) бөлінеді. Қараарықтың ұзындығы 42 км, су өткізгіштігі 10 м3/с, 1970 жылы салынған, суаратын егіс аумағы 3500 га. 50 жылдық атындағы каналдың ұзындығы 15 км, су өткізгіштігі 6 м3/с, суаратын егісі 4000 га, 1970 жылы салынған. Каналдың жалпы атауы ішкі каналдың атымен аталған. Оның ұзындығы 17 км, су өткізгіштігі 11 м3/с, бойындағы гидротехникалық құрылыс саны 5, суаратын егіс аумағы 3800 га, 1971 жылы салынған.
## Дереккөздер |
Новопокровка — Абай облысы Бородулиха ауданындағы ауыл, Новопокров ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Бородулиха ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 33 км жерде, құрғақ дала белдемінде орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1908 жылы қаланған. 1980 жылға дейін Новопокровкада Семей қаласының тұрмыстық химиялық комбинатының бөлімшесі, гидрогеологиялық экспедиция, нан зауыты, т.б. мекемелер мен кәсіпорындар жұмыс істеген. 1981 жылы оған қосымша мұнда бұзау өсіруге бағытталған совхоз-техникум кеңшары құрылды. Бұл шаруашылықтар негізінде 1996 жылдан Новопокровкада АҚ, ӨК және бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Ауыл арқылы Семей – Рубцовск (Ресей) автомобиль магистралі өтеді.
## Дереккөздер |
Арыстанғалиев Алтыбай (15.5.1948 жылы, Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылы – 21.8. 2007 жылы, сонда) – еңбек ардагері. Мәскеу Қазіргі заман гуманиталық институтының Атырау бөлімшесін сырттай бітірген (2005 жылы). 1965 – 84 жылдары “Қызыл Ту” кеңшарында трактор жүргізуші, бригадир болды. 1984 – 97 жылдары осы шаруашылықта ферма меңгерушісі, 1997 – 2003 жылдары “Айбар” шаруа қожалығының төрағасы, 2003 – 06 жылдары “Жас қайрат” АҚ-ның президенті болған. 2007 жылдан Тайсойған ауылдық округінің әкімі болды. Ол қой тұқымын асылдандыру бағытында көп жұмыстар атқарған. Арыстанғалиев “Атыраулық” етті-майлы елтірілі қаракөл қой тұқымы авторларының бірі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (2005 жылы).
## Сілтемелер
* Атырау
* Тайсойған
* Қазақстан
## Дереккөздер |
Новосельское — Ақмола облысы Атбасар ауданындағы ауыл, Новосельское ауылдық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Атбасар қаласының солтүстігінде 33 км жерде, Жыланды өзенінің оң жағасында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1957 – 97 жылдары шошқа өсіретін “Новосельский” кеңшарының орталығы болған. Оның негізінде ЖШС құрылды.
## Дереккөздер |
Раушан Елемесова (1942 ж. туған, Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы Боралдай ауылы) — ғалым, экономика ғылымының докторы, профессор. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1969). 1972 – 1988 ж. Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы, доцент, сырттай оқыту бөлімінің деканы, 1988 – 1993 ж. Қазақстан ғылым академиясының Орталық Қазақстан бөлімінде меңгеруші болып қызмет етті. 2001 жылдан әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың экономика факультетінің деканы. 100-ге жуық ғылыми еңбегі бар.
## Дереккөздер |
Новорыбинка — Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы ауыл, Новорыбин ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақкөл қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 км, Шортанкөл көлінің шығыс жақ жағасында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесін 1887 жылы Ресей мен Украинадан келген шаруалар қалаған. Тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты 1954 жылы құрылған “Новорыбинский” астық кеңшарының орталығы болды. 1996 жылдан Новорыбинкада құрамында сүт, шұжық, макарон өнімдерін шығаратын цехтары, диірмен мен наубайханасы бар ЖШС жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Кеңес Нокин (2007 жылға дейін – Новостепановка) – Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігіне қарасты аумақта болған ауыл, бұрынғы Благодар ауылдық округі орталығы. 2018 жылы таратылып, Ақтөбе қаласының Алматы ауданындағы шағын ауданға айналды.
## Географиялық орны
Ақтөбе қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 15 км-дей жерде, Қарғалы өзенінің сол жағалауында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 2587 адам (1226 ер адам және 1361 әйел адам) болса, 2009 жылы 4092 адамды (1933 ер адам және 2159 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі 1956 жылы қаланған. 1997 жылға дейін “Қазмемагроөндірістің” Ақтөбе облысы тәжірибе стансасының орталығы болған. Оның негізінде Кеңес Нокин ауылында ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
## Дереккөздер |
Сарыбел (2011 жылға дейін – Новотимофеевка) — Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданындағы ауыл, Сарыбел ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Самар ауылынан шығысқа қарай 49 км жерде, Бұқтырма бөгенінің жағасында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1961-96 жылдары сүт өндіретін “Чистоярский” кеңшарының орталығы болған. Оның негізінде Новотимофеевкада (Сарыбел) ӨК және шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Ең жақын кемежай – Песчанка (17 км).
## Дереккөздер |
Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов (1953 жыл 18 тамыз Алматы облысы) - мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Білім және ғылым министрі (2012 жылдан бастап).
Әкесі - Жұмағұлов Тұрсын, марқұм, ҰОС ардагері. Анасы - Қасаболатова Кенжетай, зейнеткер, мәдениет саласыныңЕңбек сіңірген қызметкері.
## Білімі мен атақтары
* С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университінің механика және қолданбалы математика факультетін (1979)
* «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша; «Әділет» Жоғарғы заң мектебін (1999) заңгер мамандығы бойынша бітірген.
* Физика-математика ғылымдарының кандидаты (1989).
* Техника ғылымдарының докторы (1997). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Біртекті емес сұйықтықтардың математикалық үлгілері мен сүзілуі және олардың мұнай кен орындарына арналған компьютерлік технологиялардағы қосымшалары».
* Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры (1999 жылдан).
* Халықаралық инженерлік академияның (1996 жылдан), ҚР Ғылыми ақпараттық агенттігінің (1997), Нью-Йорк ғылым академиясының (1999 жылдан), Қырғыз Республикасының ҰҒА (2003 жылдан), Белорус инженерлік академиясыңың академигі (2003 жылдан). ҚР ҰҒА құрметті академигі (2003 жылдан).
## Еңбектері
* «Мұнай өндірудегі жаңа компьютерлік технологиялар» (тең авторлықта, Алматы қаласы, 1996)
* «Мұнай өндірудің гидродинамикасы» (Алматы қаласы, 2001)
* «Біркелкі емес сұйықтарды теңестіруге арналған теңестірілмейтін салалар әдісі» (Алматы қаласы, 2002)
* «Сұйықтығы және қатымдылығы жоғары мұнайлардың құбырлы көлігі» (Алматы қаласы, 2002)
* «Мұнай өндіру процесі барысындағы компьютерлік модельдеу» (Алматы қаласы, 2002)
* «Тһе fluid dynamics of oil production» (Милан қаласы, 2003)
* «Салмақ алмасу процесстерін ескере отырып мұнайды бөліп шығаруды модельдеу» (Алматы қаласы, 2004) монографияларының, сонымен қатар 400-ден астам ғылыми жұмыстардың және 450 астам мақалалар, қоғамдық-саяси тақырыпта жазылған очерктер авторы.
## Қосымша мәліметтер
* Қазақ, орыс және неміс тілдерін біледі.
* Республикалық саяси еңбек партиясының (1991 жылдан) «Отан» партиясының мүшесі (2002 жылдан).
## Қызмет жолы
* 1971 жылдың тамызынан қарашаға дейін - Талдықорған облысының Қапал орта мектебінің мұғалімі.
* 1971 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
* 1973 жылдан С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің дайындау бөлімінің тыңдаушысы
* 1974 жылдан - студенті
* 1979 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің комсомол комитетінің хатшы орынбасары, хатшысы, жетекші инженері, жетекші мұғалімі доценті, проректоры, партиялық комитет хатшысы.
* 1981 жылдан - ҚР ҰИА төралқасының бас ғылыми хатшысы вице-президенті.
* 1992 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің компьютерлік технологиялар кафедрасының меңгерушісі, «Жаңа компьютерлік технологиялар» зертханасының меңгерушісі.
* 1995 жылдан - ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президент м.а.
* 2000 жылдың қаңтарынан - президенті.
* 2000 жылдың ақпанынан - Халықаралық инженерлік академияның бірінші вице-президенті, Ислам елдері инженерлік академиялары федерациясының вице-президенті, ХИА президеттер кеңесінің мүшесі.
* 2001-2005 жылдары - ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі.
* 2002 жылдың ақпанынан қыркүйекке дейін - ҚР Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
* 2002 жылдың қыркүйегінен - ҚР Премьер-министр Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі.
* 2004 жылдан - «Отан» партиясының Орталық аппарат жетекшісінің орынбасары.
* 2005 жылдан - «Отан» партиясы төрағасының орынбасары.
* 2005 жылдың қыркүйегінен желтоқсанға дейін - ҚР Президенттігіне кандидат Н.Ә. Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының жетекшісі.
* 2008 жылдың сәуірінен - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттің ректоры.
* 2010 жылдың қыркүйегінен бері - ҚР білім және ғылым министрі.
* ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты - төрағасының орынбасары, ҚР Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП фракциясының жетекшісі (2007 жылдан).
## Қоғамдық қызметі
* ҚР Инженерлер одағы Атқарушы комитетінің (1993);
* Машина жасау, энергетика, құрылыс, көлік және коммуникацияларды дамыту мәселелері жөніндегі СҒТК (1993);
* Өндіріс, энергетика, Құрылыс, келік және коммуникацияларды дамыту проблемалары жөніндегі СҒТК (1998);
* ҚР Президенттігіне сайлауды бақылау жөніндегі Қоғамдық комитеттің (1998);
* Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия жұмысшы тобының (2001);
* Өндіріс проблемалары жөніндегі СҒТК (2001) төрағасы.
* Халықаралық студенттердің тәжірибелер өтумен алмасу ассоциациясының (ІАЕЗТЕ) Қазақстанның ұлттық комитетінің президенті (1996).
* ҚР Ғылыми, технологиялық ұйымдар ассоциациясының президенті.
* «Вестник НИА РК» журналының бас редакторы (1997).
* «Нефть и газ» журналының редакциялық алқа мүшесі (1998).
* ҚР Ғылым және техника жөніндегі жоғарғы консультациялық кеңесінің (1994);
* «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы жөніндегі комиссияның (1996);
* Халықтық бірлік және ұлттық тарих жылын өткізу туралы мемлекеттік комиссияның (1998);
* ҚР Қорғаныс кешенін дамыту мәселелері жөніндегі СҒТК (1998);
* Бірлік және ұрпақтар мирасқорлығы жылын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның (1999);
* ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңестің жұмыс комиссиясының (1999);
* Қазақстанда 3-ші мыңжылдықты салтанатты қарсы алу мерекесін дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның (1999);
* ҚР «Ғылым туралы» заң жобасын дайындау жөніндегі комиссияның (2000);
* Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссияның (2000);
* Халықаралық гранттар мемлекеттік комиссиясының (2000);
* ҚР Мемлекеттік сыйлықтар комиссиясының (2000);
* «ҚР салықтары туралы» заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының (2000);
* Жариялық мәселелері бойынша ұлттық комиссияның мүшесі (2005).
* Ислам елдері инженерлік академиялары федерациясының (FЕІІС) тұңғыш вице-президенті (2009 жылдан).
* Түрік әлемі математикалық қоғамының президенті (2009 жылдан).
* 15-тен аса ғылым докторлары мен кандидаттарын даярлаған; докторлық диссертацияларды қорғау бойынша Д14.6101 диссертациялық кеңесінің төрағасы.
* Республикалық саяси еңбек партиясының төрағасы (1997 жылдан).
* «Отан» партиясының саяси кеңес бюросының мүшесі (2002 жылдан).
* «Отан» партиясы төрағасының қызметін атқарушы (2005 жылдан). «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары (2007 жылдан).
## Марапаттары
* «Парасат» (2005) орденімен;
* «Үздік еңбегі үшін» (1981),
* «Қазақстанның мұнай өндірісіне 100 жыл» (1999),
* ХИА (2001),
* «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001),
* «Ұдмұрт Республикасының даңқты инженері» (2004),
* «Ұдмұрт бөлімшесіне 10 жыл» (2004) медальдарымен;
* В.Г. Шухов (1996),
* И.Н. Века (1997) атындағы естелік медальдармен,
* ХИА және Біріккен ұлттардың білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымының (2000) үлкен күміс медалімен,
* А.М. Подгорный атындағы күміс медальмен (Украина, 2001),
* «Ғылым мен техниканы дамытудағы жетістіктері үшін» алтын медальмен (2002),
* ХИА үлкен алтын медалімен (2005);
* «Комсомолдағы белсенді қызметі үшін» (1980),
* «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2002),
* «ҚР ғылымды дамытудағы жетістіктері үшін» (2003) белгілерімен;
* «Ғылыми байланыстарды дамытудағы ерекше жетістіктері үшін» (Каир қаласы, Мысыр, 1994) ерекше белгімен; *
* ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің (1978),
* КСРО Жоғары, орта және арнайы білім беру министрлігінің (1984) құрмет грамоталарымен марапатталған.
* ҚР Президентінің алғыс хатымен ескерілген (2001).
* Ресей инженерлік академиясының құрметті дипломының иегері (1998).\
* ҚР Мемлекеттік сыйлығының (1994),
* ХИА және Біріккен ұлттардың білім, ғылым және мәдениет мәселелері женіндегі ұйымының халықаралық сыйлықтарының лауреаты.
* ҚР Еңбек сіңірген қызметкері (1999).
* ҚР Құрметті инженері (2001).
* РФ Еңбек сіңірген инженері (2001).
* XX ғасырдың Атақты инженері (2000).
## Жеке қасиеттері
* Әскери атағы - подполковник.
## Жанұясы
* Үйленген. Жұбайы - Жұмағұлова Валентина Ивановна (1954 жылы туған), филология ғылымдарының докторы, Жоғары мектептің Халықаралық ғылым академиясының академигі, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының профессоры. Ұлы - Руслан (1975 жылы туған). Қызы - Алина (1982 жылы туған). Немересі - Айдана (2005 жылы туған).
## Дереккөздер |
Новоузенка, Ащылыайрық — Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы ауыл, Жаңаөзен ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ботақара кентінен оңтүстік-батысқа қарай 55 км жерде, Қарағанды қаласының батыс жақ іргесінде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесін 1907 жылы Саратов уезінің Узенка селосынан келген шаруалар қалады. 1960 жылдан Тимирязев атындағы жеміс-жидек және сүт өндіретін кеңшар орталығы болған. Соның негізінде 1996 жылдан ӨК жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Новохайрузовка — Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданындағы ауыл, Новохайрузов ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы Үлкен Нарын ауылының батысында 15 км жерде, тау алды бөктерінде, Бұқтырма бөгеніне таяу (5 км) жерде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Ауыл 1961-96 жылдары сүт өндіретін “Хайрузовский” кеңшарының орталығы болған. Кеңшар негізінде Новохайрузовкада 1997 жылы ӨК және бірнеше шаруа қожалығы құрылды.
## Дереккөздер |
Афанасьев ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Афанасьевка, Двойники, Рясинка, Садовка ауылдары кіреді. Орталығы – Афанасьевка ауылы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1159 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Атакент (1998 жылға дейін – Ильич) — Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы кент, темір жол бекеті, Атакент кенттік әкімдігі мен Мақтаарал ауылдық округінің орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Мырзакент кентінен солтүстік-батысқа қарай 18 км-дей жерде.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1924 жылы мақта өсіретін Мақтаарал совхоз-техникумы ұйымдастырылуына байланысты құрылып, 1932 жылы Ильич кентіне айналды. 1940-57 жылдары аудан орталығы болды. 1969 жылы кентте одақтық маңызы бар «Мақтаарал» тәжірибе стансасы құрылды. 1998 жылдан Атакент аталады. «Мақтаарал» мақта шаруашылығы негізінде 2 акционерлік қоғам, 3 өнеркәсіп, бірнеше шаруа қожалықтары құрылып, «ЮТЕКС» жаңа мақта тазарту зауыты, шитті мақта қалдығынан (улюк) медициналық мақсаттарға пайдаланатын мақта (вата) шығаратын фабрика іске қосылды.
## Инфрақұрылымы
Жалпы білім беретін 4 мектеп (№5 Мақтаарал мектеп-гимназия, №6 Қ. Сәтпаев атындағы ЖОМ, №7 В. Комаров атындағы ЖОМ, №8 О. Бапышев атындағы ЖОМ), 14-ші кәсіптік-техникалық мектеп, аурухана, «Халықтар достығы» сарайы, 2 мейманхана, спортзал, Алпамыс батыр атындағы футбол стадионы және т.б. мекемелер жұмыс істейді. Кент арқылы Ташкент – Жизақ, Шымкент – Жетісай автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
* Астрахан ауылдық округі – Ақмола облысы Астрахан ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Астрахан ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.