text
stringlengths
3
252k
Шекер Ермағамбетова (1903, Жалағаш ауданы – 22.1. 1986, Алматы) – қоғам қайраткері. Кеңес партия мектебін (1932), Жоғарғы коммунистік ауыл шаруашылық мектебін бітірген. Еңбек жолын 1928 жылы Қызылордада инспектор болып бастаған. 1938 жылға дейін Шымкент (Оңтүстік Қазақстан) облысы партия комитетінде әйелдер бөлімінің меңгерушісі, Қазалы ауданы атқару комитетінің төрағасы, Жаңақорған ауданы партия комитетінің 1-хатшысы болып істеді. 1938 және 1955 жылы Қазақ КСР Жоғарғы кеңесіне депутат болып сайланып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес Төралқасы Төрағасының орынбасары (1938 – 1955) болды. 1955 – 1959 ж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасында марапаттау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Балақұлболды — қола дәуірінің орта және соңғы кезеңінен сақталған зираттар. Қарағанды облысы Қарқаралы тауының батысында орналасқан. 1969 жылы Ә. Х. Марғұлан басқарған Орталық Қазақстан археология экспедициясы 20-ға тарта объектіні қазған. Балақұлболды қорымында 200-ге жуық дөңгелек, төртбұрышты, шаршы қоршаулар бар. Қазылған қоршаулардың ортасында үлкен плиталардан құрастырылып, батыстан шығысқа қарай бір-бірімен жапсарлас жұптастырыла қойылған тас табыттар сақталған. Ондағы мүрделер тізелерін бүгіп, оң бүйіріне жатқызылған. Отырғызып жерлеу әдісі де қолданылған. Қатты тоналған қоршаулардан, негізінен, қыш үлгілері алынды. Балақұлболды-2 тобындағы 10-қоршаудан табылған адамның жамбас сүйегіне қадалып тұрған қоладан құйылған жебе ұшы — көне соғыс құралынан хабар берер дерек. Балақұлболды-3 тобындағы пішіні шаршылау (5,65 м, биікт. 1,1 м), тастан қаланған, ортасына тас ошақ, айнала биік сынтастар (менгирлер) орнатылған құрылыс — от жағып, діни ғұрыптар өткізетін арнаулы орын болған. ## Пайдаланылған әдебиет
Тұйғынбек Темірбеков (10.9. 1937 жылы туған, Түркістан облысы, Түркістан ауданы, Қандоз ауылы) – қоғам қайраткері. 1959 ж. Ташкенттегі Ортаазиялық политехникалық интитутын бітірген. 1959 – 1965 ж. Жамбыл суперфосфат зауатында аппаратшы, смена бастығы, технолог, цех бастығы, 1965 – 67 ж. облыстық комсомол комитетінің хатшысы, 1967 – 1970 ж. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде ауыр өнеркәсіп бөлімінде нұсқаушы, 1970 – 1975 ж. Жамбыл суперфосфат зауытының бас инженері, зауыт директоры, партия комитетінің 1-хатшысы, 1981 – 1983 ж. Жаңа Жамбыл фосфор зауатының директоры, 1983 – 1990 ж. облысы партия к-тінің хатшысы, 1990 – 1992 ж. Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласы атқару комитетінің төрағасы, 1992 жылдан облыстық кәсіпкерлер Одағы атқару комитетінің төрағасы. 1999 ж. «Отан» партиясының облыстық ұйымының атқарушы директорының орынбасары болып сайланды. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Ж. Нұралиев ## Дереккөздер
Раушан Қажықұмарқызы Достанова (1937 жылы туылғын, Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха қаласы) – биология ғылымының докторы (1997).Уақ тайпасынан шыққан. ҚазМУ-ды (1960, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1960–61 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Ботаника институтында аға лаборант, 1961–64 ж. аспирант, 1966–73 ж. кіші, 1973–94 ж. аға ғылыми қызметкер, 1994–95 ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Физиология институтында аға, жетекші ғылыми қызметкер (1995). Достанова 70 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 3 монографияның авторы. ## Дереккөздер
Теректісай, Теректі – Шу алабындағы өзен. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Шу ауданының аумағымен ағып өтеді. ## Бастауы Кіндіктас тауының батыс беткейінен басталып, Далақайнар ауылының солтүстік-шығысында 2,8 км жерде тартылып қалады. ## Гидрологиясы Ұзындығы 56 км. Су жиналатын алабының аумағы 651 км2. Аңғарының ені 500 – 800 м. Қар, жауын-шашын суымен толығады. Наурыз – сәуірде су деңгейі көтеріліп, кейде тасиды. Орташа жылдық су ағымы 0,17 м3/сек. ## Дереккөздер
Теріс – Аса өзенінің алабындағы өзен. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Жуалы ауданының жерімен ағады. Ұзындығы 51 км, су жиналатын алабы 485 км². ## Бастауы Бастауын Қаратау жотасының оңтүстік-шығыс баурайынан алып, оңтүстікке, оңтүстік-шығысқа қарай бұрала ағып, Теріс-Ащыбұлақ бөгеніне құяды. Бөгеннен өткен соң, Күркіреусу өзенімен қосылып, Аса өзені басталады. Өзеннің 20 км-ден астам екі саласы және оншақты ұсақ салалары бар. Қар, жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Аңғары жоғары ағысында 60-110 м, жазықта 300-450 м. Өзен егістікті суаруға пайдаланылады. Жағалауы шабындық.Теріс өзенінің бұрынғы атауы - Мыңбұлақ болған. Ол жөнінде 630 жылдар шамасында Қытай жиһангері Сюань-Цзяньнан жазған сапарнама баян етеді. ## Дереккөздер ## Cілтемелер * Топографиялық карта
‎ Теріс-Ащыбұлақ бөгені — Жамбыл облысы Жуалы ауданының жеріндегі бөген. Қаратаудан басталатын Теріс өзенінің арнасында 1963 жылы салынған. ## Гидрологиялық сипаты Ауданы — 24 км2, ұзындығы — 10–11 км, ені — 3–7 км, тереңдігі — 24–28 м, шарасы әбден толған кездегі су мөлшері — 158 млн. м3, жағасының ұзындығы — 40 км шамасында. Бөгенге 1430 км2 алқаптан су жиналады. Аудан шаруашылықтарының 29,2 мың га егістігі (1985) суарылады, төңірегіндегі шабындық пен жайылым суландырылады. Теріс өзені көктем шыға арнасынан асып, екі жағалауға еркін жайылып, жағалауды нәрлендіріп жататын өзен. Су қорының молдығын пайымдаған Кеңес өкіметінің мамандары бұл судың жүздеген га алқапты суландыруға мүмкіндігі барын Ұлы Отан соғысына дейін анықтап, 1930-жылдардың аяғына таман үкіметтің арнаулы қаулысын шығартқан. Тек 1948 жылы су қоймасының құрылысының құрылысы қызу қарқынмен қолға алынады. Өзен бойындағы тау жыныстары 10 жыл бойы динамитпен қопарылып, су жинақтайтын қазан шұңқыр әзірленді. Өзеннің алды тас қаланған темір бетонмен шегенделіп, аса үлкен бөгет салынды. Оның суымен облыстың Жуалы, Жамбыл және Байзақ аудандарының жүздеген гектар егіс алқабы суғарылады. ## Дереккөздер
Тоғайтал, Ойтал – Шу өзенінің алабындағы өзен. Меркі өзенінің оң тармағы. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Меркі ауданының жерімен ағып өтетін өзен. Ұзындығы 62 км, су жиналатын алабы 302 км2. Ойтал тау алды жазығына шыққаннан кейін Ойтал кентінен төменіректе (8 км) Меркі өзеніне қосылады. Қорағатыға құяр тұсында ‘’Тоғайтал’’ деп аталады. ## Бастауы Қырғыз Алатауының солтүстік беткейінен басталып, Тасөткел ауылы тұсында Қорағаты өзеніне оң жағынан құяды. ## Гидрологиясы Аңғары тар, ені 1,5 км. Арнасы шоңғалды. Қар, жаңбыр суымен толығады. Орташа жылдық су ағымы Ойтал ауылы тұсында 0,52 м2/с. Ауданның шаруашылықтары егін суаруға пайдаланады. ## Дереккөздер
Оқтау – қамыр жаятын жылтыр ағаш білікше. Ұзындығы 1 м, диаметрі 2,5 – 3 см шамасында. Жайылған қамыр қалыңдығы біркелкі болуы үшін оқтаудың сырты біртегіс қылып жасалады. Сондай-ақ жуылған матаны жаймалайтын және осы бітімдес әр түрлі мақсаттарға қолданылатын ағаштарды да кейде "оқтау" деп атай береді. ## Дереккөздер
Құт — қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы қасиетті ұғым. Құт сөзі ертедегі Орхон жазба ескерткіштерінде кездеседі (“Тәңірі жарылқауымен құтты қаған болдым”, Күлтегін жазуы). Көне түркі заманында Құт сөзі төмендегідей мағыналарды білдірді: 1) жан, өмірлік қуат, рух; 2) бақыт, жақсылық; 3) сәттілік, табыс, сыбаға; 4) ұлылық, дәреже; 5) ақиқатқа жету, нұрлану, шынайы бақыт пен шаттыққа кенелу. Осыған сәйкес адам мен жан-жануарлардың, өсімдіктердің жаралу, өсіп-өну заңдары ұқсастық негізінде, екінші жағынан, күллі жаратылыс тылсым рухтарға тәуелді, тағдырдың бастауы оның көзге көрінбейтін жанында, ал оның иесі, тірі жандарға қуат беретін тәңірлер, құдайлар, күллі мақұлық Құтқа мұқтаж, ол Көк тәңірден келеді, әсіресе, ел билеушілер Құт қонған адамдар болуы тиіс деген түсінік орын алды. Өйткені ел билеушілер арқылы бұл қасиет басқа қарапайым пенделерге тарайды деген сенім болды. Тәңіршілдікте күнәһарлық туралы ұғым терең дамымағандығына қарамастан, ерте замандардың өзінде түркілерде құттылық пен құтсыздық ұғымы жеке адамның этикалық заңдарды қатаң ұстануымен байланыстырылды. Әйтсе де, көне түркі кезеңінде, сол сияқты кейінгі, исламнан тыс қалған шамандық түсініктегі Алтай мен Сібірдегі түркі тілдес халықтарда Құт туралы түсініктер тұрпайы, ескі натурализм деңгейінде, анимализм (жануарлық), табиғатқа табынушылықпен ұштасқан қалпында қалып қойғаны аңғарылады. Құт көбінесе адам мен жан-жануарлардың тууы, жыныстық өсіп-өнуі, табиғи күш-қуат, жігер, сол сияқты материалдық байлық-молшылық тұрғысынан қаралды. Құт туралы түсініктердің түп-төркіні бұлыңғыр ырымдардың жиынтығы болып қала берді; көп жағдайда мұнан тұрпайы ырымшылдық, дуа (магия), тіпті затқа табыну (фетишизм) тарап жатты. Көне түркілік діни-мифологиялық синкреттік дүниетаным аясында пайда болған Құт ұғымы кейін түркі даласында мұсылмандық сопылық ілімдердің ықпалымен дамып, руханилана түсті, табиғи-нәпсілік деңгеймен шектелмей, өркениеттік өлшемдерге көтерілді. Құттың түп-төркіні Алладан келетін киелі нұр; қуат көзі, күллі ізгілік, береке Алладан, ал оны тарататын пайғамбарлар мен әулиелер, тақуалар деген түсінік қалыптасты. Әулиелердің батасы, шын ықыласымен сыйлаған заттары арқылы (шапаны, асатаяғы, ыдысы, т.б.) адамдарға құт-береке дариды, ал ол рухани сабақтастық бойынша пайғамбардан халифаларға, халифалардан сопы-пірлерге көшіп, ұдайы жалғасып отырады деген сопылық дүниетаным етек алды. Сонымен қатар ислам дініндегі Құт, бақыт ұғымдары тек фәни тіршіліктегі бақ-дәулетті тілеумен емес, о дүниеде де мәңгілік бақытқа жетуді ойлау керек деп үйретті. Жүсіп Баласағұнның “Құдадғу Біліг” (“Құтты Білік”) поэмасы (11 ғ.) түркілік Құт ұғымының мұсылмандық-сопылық ілімдер әсерімен өзгеріске ұшырағанының дәлелі. Мұнда Құт иманмен, ақыл-іліммен тығыз байланыста қаралды. Құттың күшін табиғи өсіп-өну, көбею, баю үшін ғана пайдалану емес, оның үлкен бір бөлігін — нәпсілік сипаттан таза рухани қуатқа айналдыру мақсаты алға тартылды. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымы мен әдет-ғұрпында Құтқа байланысты көне мифологиялық, тәңіршілдік және діни-сопылық ұғымдар біте-қайнасып, іштей астасып жатыр. Халықтық әдет-ғұрыптарда Құттың ықпалы мен көріністері сан қырлы сипатта көрініс тапқан. Мысалы, отбасының, мал-жанның өсіп-өнуі, абырой-беделдің жоғарылауы басқа қонған Құтпен байланыстырылды. Яғни, Құт “адамның басына қонатын Бақыт Құсы” деп саналды. Сонымен қатар ол тек атақты әулиелер, патшалар, т.б. ғана емес қарапайым адамдар арқылы да келетіндігі (“қойшының таяғымен, келіннің аяғымен”), не болмаса Қыдыр арқылы келу мүмкіндігі де теріске шығарылған жоқ (“Қыдырып Қыдыр-Ілияс осы елде жүр, Байларды қарастырып ескі құттан”). Әулеттің, шаңырақтың Құт-берекесін ұстап тұрған қарапайым адамдар (әйелдер, аналар), бүкіл халықтың, тайпаның, т.б. Құтына айналған тұлғалар болады деген сенім де бекіді. Құтты адамнан бата алу, отырған жеріне ырым етіп балаларын аунатып алу, сарқытын ішу, алақанына тәу ету, т.б. ырымдар қазақ халқына кең таралды. Бір кезде ата-бабаларға қонған Құт ұрпақтарына көшеді деген сенімнен аруақты сыйлау, ата-баба заңын, өсиетін қатаң ұстану, осыған орай тұқым тектілігіне мән беру туындады. Арғы бабалары арқылы шаңыраққа ұялаған Құт-берекенің арқасында кейінгі ұрпақ қиналмай бақытты, дәулетті өмір сүреді. Алайда түрлі астамшылықтар, қиянат жасау, нәпсіні тыймау, қанағат-ынсапты ұмыту, арамнан мал жинау, ұрлық ету, Құдайды, тәубені ұмыту, ғайбат сөйлеп, өсек-өтірік айту, елдің қасиетті адамдарын, ата-ананы қадірлемеу, әйелдердің ерін сыйламауы, еркектердің әйелді қорлауы, байлардың кедейлер мен жарлыларды, жетім-жесірлерді жәбірлеуі, т.б. мінез-құлық, іс-әрекеттер салдарынан бақ тайып, аруақ үркіп Құт басқа адамға, әулетке, елге ауып кетуі ықтимал деген түсінік орын алды. Дәстүрлі дүниетанымда Құттың кетуі тіл-көз тиюден, дуа-қарғыстан делінсе, ислам ойшылдары бұл құбылыстың себебін тереңнен іздеді: иманды, адал адамға қарғыс тимейді, оны Алланың өзі қорғайды деп түсіндірді. Құт ұғымына қарама-қарсы түсініктер апат, сор, жұт, аштық, жоқшылық, құлдық, қорлық, бейнет, т.б. індет-аурулардың көбеюі, мал басының кеміп, жердің құнарсыздануы (“Құсы ұшып көлінен, құты кетіп жерінен”, Шәңгерей), өзен-көлдердің сарқылуы қай нәрсенің де құлдырауын, кері кетуін білдірді. Қазақ халқының басынан бағы тайып, берекесі кеткен зар заманда, тіпті діннің өзі де құтсызданып, нәрсізденіп, нұры, рухы өшіп, яғни адамдарды, қоғамды өзгертетін күш-қуатынан, қасиетінен айрылғанын, сөйтіп сыртқы пішіні ғана қалып, сопылар, ғалымдар қауымы азғандығын халық ойшылдары ашып айтты (“Қайыр кетіп қазаннан, қуат кетіп азаннан”, Мұрат). 19 ғасырдың екінші жартысы мен 20 ғасырдың бас кезінде өмір сүрген қазақ ақын-жазушыларының шығармаларында “қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған” Құт заманды аңсау сарынымен қатар, тұтастай құт-сызданған қазақ қоғамы жан-жақты көрініс тапты. ## Дереккөздер
Тоғызкент — Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы ауыл, Тоғызкент ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталағы – Жаңатас қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 70 км жерде, Таластың тармағы, Аса өзенінің ең төменгі ағысындағы боз жусан, баялыш, күйреуік, т.б. сораң шөптер өскен белдемде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Ауыл 1997 жылға дейін "Түгіскен" деп аталып келді. Іргесі 1950 жылы асыл тұқымды қаракөл қойын өсіретін «Түгіскен» кеңшарының орталығы ретінде қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Тоғызкентте «Тоғызкент» АҚ және 20-дан астам шаруа қожалықтары құрылды. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, өнер мектебі, спорт мектебі, клуб, кітапхана, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, балабақша, т.б. мекемелер бар. Ауылдан шыққан белгілі тұлғалар: * жазушы Әбді Омарұлы Шынбатыров, т.б. ## Дереккөздер
Борис Николаевич Фешин(1947 ж.т.) – техника ғылымының докторы (2001), профессор (2003). Қарағанды политехникалық институтын (1971, қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) бітірген. Осы институтта ассистент, аға оқытушы, доцент (1971–2000); 2001 жылдан декан, профессор қызметін атқарады. 110-нан астам ғылыми жарияланымның авторы. ## Дереккөздер
Сиқымбаев Игілік (2.10. 1944 жылы туған, Түркістан облысы Түлкібас ауданы) – педагогика ғылымдарының докторы. (2001). Шымкент педагогика институтын (1969, қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) және аспирантурасын (1980) бітірген. Осы институтта аға оқытушы, деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі қызметтерін (1975–2001) атқарды. «Научно-педагогические основы использования свободного времени в профессиональной подготовке студентов» деген тақырыпта докторлық диссиретация қорғады. 60-тан астам ғылыми жарияланым, 1 монографияның авторы. ## Дереккөздер Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы
Қазақтың бірінші ерекше дивизионы – 1919 жылы 21 наурызда Оралда құрылған әскери бөлімше. Орал қаласы мен төңірегіндегі қазақ ауылдарындағы жастардан жасақталған. Қазақ жастарынан құралған алғашқы ұлттық әскери бөлімдердің бірі. 1919 жылы 27 наурызда әскери ант қабылдап, Орал қаласын қоршауға алған ақгвардияшылар мен Алашорданың Батыс бөлімшесі жасақтарына қарсы ұрыстарға белсене араласты. Әскери бөлімді құруда Ә.Әйтиев, Б.Қаратаев, С.Арғыншиев, Ғ.Әлібеков, т.б. үлкен рөл атқарды. Кейіннен Қазақтың бірінші ерекше дивизионы құрамын ұлғайтып, атты әскер бригадасына айналды. 1919 жылы күзде В.И. Чапаев басқарған дивизия құрамына енген. ## Дереккөздер
Орта Азия Кино және Телевидение техникалық университеті– жоғары техникалық оқу орны. Кино, телевидение және радио салаларына инженер, менеджер, оператор, т.б. мамандар даярлайды. Алғаш 1943 жыл Алматы кино техникумы болып ашылған. Ол кезде кино түсіру ісіне операторлар даярлады. Бүгінгі таңда бұл оқу орны радиотехника, электроника және телекоммуникация; операторлық өнер; кино және телевидение жүйесіндегі қауіпсіздік; видеожүйелердегі компьютерлік кескіндеме; аудио-видеотехниканың электрондық құрылғылары; аудио-видеодыбыстарды өңдеудің мультимедия технологиясы салалары бойынша оқытады. Универсиетте 600-ден астам оқытушы дәріс оқиды. Оның ішінде 28 ғылым докторы, 150-ден астам ғылым кандидаты бар. Студенттердің тәжірибелік сабақтары “Қазақфильм” киностудиясында өтеді. Екі оқу орындары арасындағы шартқа орай оқуын жалғастырғысы келетін студенттер Санкт-Петербург кино және телевидение университетінде оқуға мүмкіндік алады. Университеттің материалдық базасы технологиямен жабдықталған дәрісханалардан, компьютерлік бөлмелерден, салтанат сарайынан, тәжірибелік кинотеатрдан, спорт сарайынан тұрады. ## Дереккөздер
Оқтам – жарылыс жасау үшін дайындалған жарылғыш заттың белгілі жиынтық көлемі. Пішініне байланысты олар ‘’шоғырланған’’ (сфералық, кубтық, т.б.), созылған (цилиндрлік, жазық), жайпақ оқтам’’ болып бөлінеді. Шоғырланған оқтамдар камералық оқтамға, созылған оқтамдар ұңғымаларға және шпурларға орналастырылады. Жарылатын нысандарға (қойтастар) орналастырылған оқтамдар ‘’қапталған оқтам’’ деп аталады. ## Жарылыс әрекеті Жарылыс әрекетінің сипаты бойынша оқтам жарылыс әрекеті көрсеткішінің шамасына, яғни ойыңқы радиусының қысқа қарысу сызығына қатынасына байланысты ажыратылады. Лақтырыстық оқтамда жарылыс кезінде радиусы қысқа қарысу сызығына тең немесе үлкен болатын жарылыс ойыңқысы пайда болады. Қопсытулық оқтамда жарылыс кезінде жыныс лақтырылмайды немесе өте аз мөлшерде лақтырылады (жарылыс ойыңқысының радиусы қысқа қарысу сызығынан кіші). Камуфлетті оқтамда жарылыс кезіндегі әрекеттері ашық бетке көрінбейді, қысылу және ұнтақталу есебінен қатты ортада тек қуыс жасайды. ## Оқтам құрылымы Оқтам құрылымы бойынша тұтас және ыдыратынды болып бөлінеді. Тұтас оқтам жарылғыш заттың нығыздалып салынған оқшандарынан немесе ұсатылған тұтас массасынан тұрады. Ыдыратынды оқтамның жекелеген бөліктері аралық тығындамамен немесе ауалы, сулы, сулы-ауалы аралықтарға бөлінеді. КСРО-да ауалы аралықтарға бөлінген оқтам құрастырылып, олар бекемдігі нашар және орташа болатын тау жыныстарын қопсыту, лақтыру, шығару үшін өндіріске енгізілген. Оқтамның бұл әдісін қолдану тұтас оқтамға қарағанда жарылыс жұмысының пайдасын 1,3 – 1,5-ке өсіруге мүмкіндік береді. ## Дереккөздер
Құрманқұл Тоқтағұлов (24.9. 1950 ж. туған, Қордай ауданы) – қоғам қайраткері. Орынбор ауыл шаруашылық институтын (1973), Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтын (1993) бітірген. 1973 – 1981 ж. Красногор техникумында агроном, аудандық ауыл шаруашылық басқармасында, «Жаңатұрмыс» кеңшарында аға агроном, 1981 – 1995 ж. ауданы партия комитетінде, облысы партия комитетінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісі, Жуалы ауданы атқару комитеті төрағасының, әкімінің орынбасары, 1995 – 1996 ж. облыс ауыл шаруашылық департаментінің бастығы, 1996 – 1998 ж. облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 1998 жылдан облыс көші-қон және демография басқармасының бастығы. Ж. Нұралиев ## Дереккөздер
Саботаұлы Тоқберген (1793, Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы (қазіргі Сырдария ауданы) – 1865, Талас ауданы, Үшарал ауылы) – белгілі би, датқа. Жас кезінде Қоқан ханына қызмет етіп, датқа атанған. Бұқара қаласында Ұлбике ақынның Күдері қожамен айтысын ұйымдастырған. Кейіннен ханның зорлықтарына қарсы шыққан қазақтардың 1821 және 1848 ж. болған көтерілістерін ұйымдастырушылардың бірі болған. 1853 ж. орыс генералы Перовский Ақмешітті алғаннан кейін біржолата Ресейге қосылуды жақтаған. 1858 ж. Қоқан ханының зекетшісі Мырзабиді жасақтарымен қоса өлтіргеннен кейін қуғын-сүргіннен қашып, Арқа жақты паналаған. 1864 ж. генерал Черняев Әулиеата мен Шымкентті басып алғаннан кейін өз қоластындағы рулардың Сыр бойынан Талас өңіріне көшуін ұйымдастырған. Тараз қаласында Тоқберген атындағы көше бар. Ә. Садықбеков ## Дереккөздер
Орта Азия мен Қазақстандағы он алтыншы жылғы котерілістер – құжаттар жинағы. Редакциясын басқарған А.В. Пястковский. 1960 жылы Кеңес Соцолисттік Республика Одағы Ғылым Академиясы баспасында орыс тілінде жарық көрген. Бұл еңбек КСРО ҒА Тарих институтының, Қазақ КСР-і ҒА Тарих, археология және этнография институтының, Қырғыз Кеңес Соцолисттік Республика Одағы Ғылым Академиясы Тарих институтының, Түрікмен Кеңес Соцолисттік Республикасі Тарих, археология және этнография институтының, Өзбек КСР-і Тарих және археология институтының, КСРО Бас архив басқармасының қатысуымен шығарылған. ## Кітап бөлімдері Кітап 10 бөлімнен тұрады: 1) “Бұратаналарды майданның тыл жұмыстарына шақыру және патша әкімшілігінің қосымша жарлықтары”; 2) “Орта Азиядағы көтеріліс” (бүкіл Түркістан генерал-губернаторлығына қатысты шолу құжаттары); 3) “Самарқанд облысындағы көтеріліс” (Өзбекстан, Солтүстік Тәжікстан, Оңтүстік Қырғызстанның бір бөлігі); 4) “Ферғана облысындағы көтеріліс” (Өзбекстан және Оңтүстік Қырғызстан); 5) “Сырдария облысындағы көтеріліс” (Өзбекстан, Қазақстан, Қарақалпақстан, Солтүстік Қырғызстанның бір бөлігі); 6) “Жетісу облысындағы көтеріліс” (Қазақстан және Солтүстік Қырғызстан); 7) “Закаспий облысындағы көтеріліс” (Түрікменстан, Қазақстанның бір бөлігі); 8) “Ақмола, Семей және Орал облыстарындағы көтеріліс”; 9) “Торғай облысындағы көтеріліс”; 10) “Көтерілісті басып-жаншу. Патша өкіметінің қуғын-сүргіні. Буржуазияшыл-ұлтшыл элементтердің көтерілістегі рөлі. Жинақ соңында “Ескертпелер мен көрсеткіштер” деген қосымша терминолиялық сөздік берілген. ## Дереккөздер
Тоғылық Темір хан (1329 – 1362/63) – Шағатай ұрпағы, Моғолстанның 1347 – 1363 ж.ж. алғашқы ханы. ## Шығу тегі Шыңғыс хан – Шағатай – Мутүген – Есен Дува – Барақ хан – Дува – Инал – Қожа – Тоғылық Темір. ## Өмірбаяны 19 ғ. ортасында Шағатай қағанаты батыс және шығыс бөліктерге бөлінеді. Шығыс бөліктегі көшпелі және жартылай көшпелі түркі тілдес тайпалардың әмірлері мемлекеттің одан әрі ыдырауына жол бермеу үшін шағатайлық хан іздестіреді. Рөлі күшті дулат тайпасының әмірі Болатшы 16 жасар Тоғылық Темірді іздеп тауып, оны 1347 – 48 ж. хан етіп көтереді. Шығыс бөліктегі жаңадан құрылған мемлекет – Моғолстан деп аталады. Оның шекарасы Мұхаммед Хайдар Дулатидің айтуы бойынша: «шығыста – қалмақ жерлерімен, Барскүл, Еміл, Ертіспен, солтүстікте – Көкше теңізбен (Балқаш), батыста – Түркістанмен, Ташкентпен, оңтүстікте – Ферғана, Қашқар, Ақсу, Үалыш, Тұрпан уәлаяттарымен шектеседі...» Моғолстанға Оңтүстік-Шығыс Қазақстан (Жетісу) және Қырғызстанның басым бөлігі енген. Тоғылық Темір хан тұсында Алмалық қаласы астана болды. Тоғылық Темір хан 1360 жылға дейін Моғолстанның ішкі саяси істерімен айналысып, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді, салық жүйесін қалпына келтіреді, бүкіл Моғолстанды біріктіреді, ұлыстық жүйені сақтап, ұлысбегі лауазымын дулат тайпасының әмірлеріне қалдырады. Тоғылық Темір хан ислам дінінің таралуына кең қолдау көрсетеді, өзі 24 жасында Аршададин Мәуленнің ықпалымен мұсылмандықты қабылдайды. Ислам Тоғылық Темір хан тұсында Моғолстанда мемлекеттік дінге айналады. Дулатидің мәліметі бойынша, Моғолстанда бір күнде 160 мың адам мұсылмандықты қабылдаған. Сыртқы саясатта Тоғылық Темір хан Шағатай мемлекетін біріктіруге күш салды. Сол мақсатпен ол 1360 және 1361 жылдары екі рет Мәуереннаһрға жорықтар ұйымдастырады. 1361 жылғы көктемдегі екінші жорығы өте нәтижелі болып, Мәуераеннаһр Моғолстанға қосылады. Тоғылық Темір хан онда ұлы Ілияс Қожаны әкім етіп тағайындайды. 1362/1363 жылы 34 жасында Тоғылық Темір хан қайтыс болады. Ол Алмалық қаласында жерленеді. Ұлы Ілияс Қожа хан таққа отырады ## Дереккөздер
Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков (1962 жылы туған, Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы) – заң ғылымының докторы (2003), профессор (2004).Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген (1984). 1984–1995 ж. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, 1996 жылдан Қарағанды қаласындағы «Болашақ» институтының ректоры (2007 жылдан «Болашақ» университеті). 100-ден астам ғылыми мақаласы бар. Арғын тайпасы, Қаракесек руының Қояншытағай бұтағынан шыққан. ## Дереккөздер
Иван Александрович Фигуровский(24.8.1889, Ресей, Красноярск қаласы – 6.12.1982, Петропавл қаласы) – филология ғылымының докторы (1967), профессор (1967). * 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. * Иркутск университетін (1926) бітірген. * ҚазПИ-де ассистент (1930–32, қазіргі ҚазҰПУ), Астрахан педагогикалық институтында оқытушы (1932-36), Петропавл педагогикалық институтында профессор *(1975–82) болып қызмет атқарған. * Негізгі ғылыми еңбектері тіл білімі мәселелеріне арналған. ## Дереккөздер:
Мәнтай Сыздықов (15.7.1915 жыл, қазіргі Ақмола облысы Аршалы ауданы – 20.8.1975 жыл, Алматы) – актер, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артисті (1945). * 1938 жылы Мәскеудегі Мемлекеттік театр өнері институтының актерлер даярлайтын қазақ студиясын бітірген. * Сол жылдан өмірінің соңына дейін Қазақтың мемлекеттік академия драма театрының құрамында қызмет етті. * Алғашқы ойнаған ролі – Н.Ф. Погодиннің “Мылтықты адам” драмасындағы Захар Захарыч. * Бұдан кейін әр алуан рөлдерді орындап, өзінің өткір мінезді актер екенін байқатты. Негізгі ойнаған рөлдері: * Долгов (М.Әуезов * Л.С. Соболев, “Абай”) * Жантық, Есен (М.Әуезов * “Айман – Шолпан” мен “Еңлік – Кебек” * Алдаберген (Т.Ахтанов, “Сәуле”) * Панфилов (Әуезов пен Ә.Әбішев, “Намыс гвардиясы”) * Сәрсен (І.Мұхамеджанов, “Құдағи келіпті”), т.б. * 1942 жылдан киноға да түскен: * Нарымбет (“Абай әні”, 1945), т.б. * 1958 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Қазақтың мемлекеттік академия драма театры құрамында гастрольдік сапармен Бішкек, Қазан, Уфа және Нүкіс қалаларында өнер көрсеткен. * 1942 жылдан Алматы театр училищесінде және Қазақтың мемлекеттік академия драма театры студиясында педагогикалық қызметпен шұғылданды. * “Құрмет белгісі” орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Сәлім Хуснутдинұлы Душманов (1938 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы, қазіргі Бөрілі ауданы, Орал ауылы) – медицина ғылымының докторы (1992), профессор (1993).Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын (1966, қазіргі Батыс Қазақстан медицина академиясы) бітірген. Батыс Қазақстан облысы ауруханаларында хирург, Тайпақ ауданы орталық ауруханасының бас дәрігері (1968–81) болған. Орал педагогика институтында кафедра меңгерушісі, аға оқытушы (1981–92), 1992 жылдан Батыс Қазақстан медицина академиясында қызмет етеді. Негізгі ғылыми жұмыстары әлеуметтік гигиена, денсаулық сақтау ісін ұйымдастырып, басқару мәселелерін зерттеуге арналған. ## Дереккөздер
Сұлтан Сүйінішәлин (Хансұлтан) (1905, қазіргі Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы – 1941) – қайраткер, саяси қуғын-сүргін құрбаны. Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург) Бүкілодақтық коммунистік университетін (1932) бітірген. 1921 – 23 жылдары почташы, Шалқар қалалық милиция қызметкері, Ақтөбе партия-кеңес мектебінің тыңдаушысы, 1923-26 жылдары БЛКЖО Шалқар уездік комитеті саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі, хатшысы, 1926-27 жылдары БЛКЖО Қарсақпай уездік комитетінің хатшысы, 1928-29 жылдары Қостанай округтік комитетінде тарату бөлімінің меңгеруші, БК(б)П Қостанай округтік көшпелі партия мектебінің жетекшісі, үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі болды. 1929-1932 жылдары Ленинградта оқиды. 1932-33 жылдары БК(б)П "Прибалхашстрой" аудандық комитеті мәдениет және насихат бөлімінің меңгерушісі. 1933 жылдың сәуір-мамырында Алматы облысы комитетінің насихат секторының меңгерушісі, 1933-37 жылдары БК(б)П Риддер қалалық комитетінде мәдениет және насихат бөлімінің меңгерушісі, хатшысының орынбасары, 2-хатшы, Қазақстан К(б)П ОК-нің бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1937 жылдың желтоқсанынан 1938 жылдың маусымына дейін Қазақ КСР-і халық ағарту халық комиссары. 1938 жылы тұтқындалып, 1940 жылы сотталған. Жазасын КСРО ІІХК Сугурман колониясында өтеп жүргенде қайтыс болды. 1955 жылы қыркүйекте ақталған. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Беймәлім деректің бір тіні Мұрағатталған 18 мамырдың 2015 жылы.
Бұқар жырау Қалқаман батыр ұлы (1668—1781) — Қазақ хандығының ірі мемлекет қайраткері, қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы. Шыққан тегі Арғын арысының Сүйіндік тайпасының қаржас руынан шыққан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен. Бухарадағы, Қарнақтағы медреселерде оқыған. ## Өмірбаяны Бұқар Жырау қазақ халқының Жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білді. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салды. Өзінің саяси-әлеуметтік мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналды. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап қалатын көсем тұрғысында үлкен сенім артты. Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет етті. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасады. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлады: “Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай, Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай,Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай. Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам, Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай!”. Осы бір шумақ жырда халық пен ханның байланыс-бірлігін қиыннан қиыстыра білген. Жыраудың “Абылай ханның қасында”, “Ал, тілімді алмасаң”, “Ай, Абылай, Абылай”, “Қазақтың ханы Абылай”, “Ханға жауап айтпасам”, “Басыңа біткен күніңіз”, “Ай, Абылай, сен он бір жасыңда”, “Ал, айтамын, айтамын” атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталады. Ал, “Садыр, қайда барасың?”, “Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға” деген жырларында ол ел болашағы, татулық мәселелерін сөз етеді. Бұқар Жыраудың Абылай хан саясаты жөніндегі байламды пікірлері де орнықты, әділ. Ол қасындағы Қытай мен Ресей туралы да ұстамды бағыт ұстанады. Соның арқасында ата жауы Жоңғарлардың іштей іріп, азып-тозуы үшін ұтымды саясат қолдана отырып тарих сахнасынан кетуіне қолайлы жағдай жасағанын мақтанышпен жырлайды. Бұл орайда жырау Абылай ханды “әділдігі Наушаруандай, жомарттығы Хатымдайдай” деп бейнелейді. Тіпті, ханның әділдігі мен адамгершілік қасиеттерін де жоғары бағалай келіп, оның байлық-салтанатын “қырық мың атан тарта алмас” деп сипаттайды. Мұның бәрін жырау ханның жас кезеңдерімен тығыз байланыста алып қарастырады: “Қырық жасқа келгенде, Алтынды тонның жеңі едің. Қырық беске келгенде, Жақсы-жаман демедің. Елу жасқа келгенде, Үш жүздің баласының, атының басын бір кезеңге тіредің!”. Жырау жас мөлшерін сипаттағанда, бұрыннан келе жатқан дәстүрді ұстанып, оның күш-қайратқа байланысты екенін, әсіресе, жастықтың шыңы жиырма бесті шалқыта жырлайтыны бар. Алайда ол адамның жас кезеңдерін үнемі сол қалыпта сипаттай бермей, оның ақыл-парасат, толысу, кемелдену тұрғысынан да алып суреттейтінін де көреміз. Бұл орайда жырау жас сипаттамаларын Қожа Ахметше жырлайтынын аңғартады:“Отыз жасқа келгенде, Дүниедей кең едің. Отыз бес жасқа келгенде, Қара судың бетінде, Сығылып аққан сең едің. Қырық жасқа келгенде, Алтынды тонның жеңі едің… Елу бес жасқа келіпсің, Елу бес жасқа келгенде, Жақсы болсаң толарсың, Жаман болсаң, маужырап барып соларсың”… Бұқар Жырау Абылай ханның “бәйгелі жерде бақ болған” әйгілі батырларын “өзіңе тұғыр болған төрт тірек” деп лайықты бағалай отырып, олардың тарихи ерлік істерін қазақтың абырой-арына біткен ерлер деп асқақ жырлайды. ## Толғаулары Жыраудың “Он екі айда жаз келер”, “Абылай ханның қасында”, “Ханға жауап айтпасам” атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғайды. Бұл жырлардың үгіт-насихаттық, дидактикалық сипаты басым. Жыраудың табиғат пен адам өмірін астастыра суреттейтін жырлары да мол: “Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек”, “Әлемді түгел көрсе де”, т.б. Осының бәрі жыраудың кәнігі шеберлігі мен талғампаздығын танытады. Бұқар Жыраудың толғаулары, шын мәнінде, Абылай дәуірінің айнасы. Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан да қасынан бір елі қалдырмаған. Ақыл-ойға кемел “Көмекей әулие” Абылай ханның дұрыс шешім, парасатты пайым қабылдауына, қос бүйірдегі екі алып мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстауына, әскери дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеуге барынша ықпал жасайды. Заман келбеті, Отан тағдыры, болмыс шындығы, ел тұтқасын ұстаған асқан қолбасшы, біртуар баїадүр, үздік мәмілегер, зерделі мемлекет басшысы Абылай ханның жортуыл-жорық күндеріндегі іс-қимылдары, ұлтының ұлы мұраттар жолындағы ізгі, жалынды күресі — жырау мұраларында шынайы шыншылдықпен суреттеледі. Әсіресе, Бұқар Жырау толғауларында Ресей империясының отарлаушылық, басқыншылық саясаты, зұлымдық әрекеттері әшкереленеді. Мысалы, “Қилы заман” толғауындағы мына бір жайлар табандап жылжып келе жатқан қайшылығы мол заманды елестетеді: “Күнбатыстан бір дұшпан, Ақырында шығар сол тұстан. Өзі сары, көзі көк, Діндарының аты боп, Күншығысқа қарайды. Шашын алмай, тарайды, Құдайды білмес, діні жоқ, Жамандықта міні жоқ, Затсыз, тексіз бір кәпір, Аузы-басы жүн кәпір, Жемқорларға жем беріп,Азды көпке теңгеріп, Ел қамын айтқан жақсыны, Сөйлетпей ұрар ұртына. Бауыздамай ішер қаныңды, Өлтірмей алар жаныңды, Қағазға жазар малыңды. Есен алар пұлыңмен, Солдат алар ұлыңнан,Күндердің күні, Абылай, Жаяулап келер жұртыңа, Жағалы шекпен кигізіп, Балды май жағар мұртыңа, Есе тимес өзіңе, Есіктегі құлыңнан.” Қазақ қоғамының сәнінен, мәнінен айрылатынын, дінінің, тілінің, жерінің тозатынын, қабілетсіздер сұңғылаларды илеп билейтінін, дәрменсіздік жалайтынын, марқасқалар төбесінде бұлт үйірілетінін баяндаған. Бұл “Қилы заман” толғауының қалай туындағанын Мәшїүр Жүсіп Көпеев былайша түсіндіреді. Абылай хан бір салтанатты күнде ат үстінде Бұқардан сұраған: “Асан қайғының қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар дегені не тантық, суда жүрген шортан тауға біткен қарағайдың басына қайдан шығады. Миға қонбайтұғын сөз ғой” — деп. Сонда Бұқарекең қырын қарап тұрып, атының басын бұрып, қамшысын ерінің үстіне арта салып, көзіне жас алып; “Әй, хан! Бұл сөзді сен сұрамасаң керек еді, мен айтпасам керек!” деп, осы толғауды айтыпты. Отарлаудың небір қанқұйлы амал-айлаларын қапысыз ойластырған Ресей империясы сахарада қара шекпенділер мен келімсектерді түпкілікті қоныстандыру үшін, алдымен, тұс-тұстан қалалар мен бекіністер салды. Нулы, сулы, шүйгінді, орман-тоғайлы жерлерден қазақтарды қырға ығыстырды. Атамекенінен, ата кәсібінен ажырап, абдырай бастаған тағдыр тәлкегіне ұшыраған халқының күйін Бұқар Жырау былайша жоқтап зарлайды: “Өзің қонған Көкшетау, Кәпір қала салды, ойла! Жарқайың деген жерлерге, Шашылып шеті барды, ойла! Атбасар мен Қалқұтан,Балығы тәтті су еді. Өзен бойын шаңдып ап, Сүзекісін салды, ойла! Нұрада бар Ақмола, Есілде бар Қараөткел, Екі өткелдің аузынан, Қараөткелді салды, ойла! Баянауыл, Қызылтау, Оны да кәпір алды, ойла! ….Кетпейін десе жері тар, Кетейін десе алды-артын, Қарқаралы деген тауларға,Қарқарасын шанышты, ойла! Ұлытау, шеті Созақтан, Берекелі жерлерден, Көкорай шалғын көре алмай, Шұбырып қазақ кетті, ойла! Қоршап алған кәпір бар. Ұйлыққан қойдай қамалып, Бүйірден шаншу, қадалып, Сорлы қазақ қалды, ойла!”. Бұқар Жырау поэзиясының негізгі ерекшеліктерін, ішкі ағыс-толқындарын, күйлі-қуатты толғамдарын білімпаздықпен бажайлаған М. Әуезов: “Жырау… заман сыншысы, сөйлесе шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді. Өзі тұрған заманның белгілеріне қарап, келешек заман не айтатынын болжайды. Сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйлейді. Сыртқы түрі құбажондатқан толғау, салыстырған суреттермен ұқсатқан нобай, жағалатқан белгімен келеді… Не айтса да, көптің мұңы мен қамы, көптің жәйі туралы: не көпке арнаған ақыл, өсиет есебінде айтылады”, — дейді. Бұқар Жырау есілтіп-төгілтіп, алмастай жарқылдап, дария суындай құйылып отырады. Бұған: “Еліңнің қамын же — сана, Есіліп кеңес айт — сана” деген лебізі куә. Кейде сәуегей абыз ишаратпен, тәмсілмен сөйлейді. Оның қапияда шығарылған филос.-дидактикалық сипатқа бөленген құдіретті ой-толғаныстары, тапқыр билік-кесімдері толғау түрінде беріледі. Қиыннан қиыстырылған құрыштай тастүйін сөздер, қанатты кесек ойлар, пайымды терең байламдар белгілі бір нақысты мақалмен тақпақтата, түйдектете, толқындата айтуды қалайды. Бұқар Жырау дәуір, өмір, тұрмыс-тіршілік құбылыстарын және олардың себеп-салдарын түп-тамырынан қозғап қана қоймаған, білгір дана қиял қанатында самғап, келешек заманның кереметін де көре білген, көрегендікпен болжай таныған: “Әлемді түгел көрсе де, Алтын үйге кірсе де, Аспанда жұлдыз аралап, Ай нұрын ұстап мінсе де, — Қызыққа тоймас адамзат!” Ұлы ойшыл-философ сөзін де, пікірін де ойнатып, жайнатып, етек-жеңі жинақы, ықшам, жүзіктің көзінен өткендей сырлы да сұлу мінсіз түйдек әкелген. “Әлемді түгел көру”, “Аспанда жұлдыз аралап, ай нұрын ұстап міну” деген данышпандық толғамдары есіңді аларлықтай есті сөздер. Бұқар Жырау толғауларының сыртқы сымбаты мен ішкі қасиет-қуатында, көркем ойлау процесінде шиыршық атқан жалынды шешендіктің буы, асқақ қаїармандық рухтың лебі білінеді. Негізінде, толғаудың құрылысы күрделі ой ағымына, пікір еркіндігіне, ауызекі сөйлеу стиліне бағынады. Тармақтар 7 — 8 буынды, ұйқастары еркін. Тегінде, толғау муз. аспаптардың (қобыз яки домбыра) сүйемелдеуімен орандалады. Бұқар Жырау толғауларының поэзиялық сәулеті, ерекше қасиеті және оның сөз қолдану ерекшелігі де өзгеше. Қара суды теріс ағызған Абылай ханды “Ай, Абылай, сен бір он бір жасыңда”, “Күпшек санды күреңді” дейтін толғауларында: “Қара судың бетінде, Шайқалып аққан сең едің… Алтын тонның жеңі едің”, “Алтын тұғыр үстінде, Ақсұңқар құстай түледің…. Бақ үйіне түнедің”, деп “Айбалтасын алтынменен булатқан”, “Періштесін жұрт үстінен дулатқан”, “Жасыл көлге мәслихатқа келтіріп, Зәмзәм суын мыс табаққа толтырған. Қазығын қалайыдан қақтырып, тоқпағын сом алтыннан соқтырып, Нақыра күміш шаптырып…”, “Орындығын оймыштан, Ою нақыш салдырған, Сануылғын сары алтынға малдырған” деген поэзиялық сипаттаулары; ердің ері Бөгембай батырды “Қазақтың қамал қорғанына”, “Бұтақты мүйіз бұғысына” ұқсатуы, жыраулардың пірі өзін “Мен — Арғын деген арыспын, Аузы кере қарыспын. Сен — бұзау терісі шөншіксің, Мен — өгіз терісі талыспын” деген метафоралық салыстырулары яки өзінің образдық көркемдік бейнесін сомдауы келісті кесек, немесе: “Бірі етек, бірі жең болған”, “Найзасының ұшы алтын” тәрізді кестелі, келісті, көркем суретті сөйлемдер жырау поэзиясының муз. архитектоникасын, образдық-бейнелілік табиғатын анықтайды. Осылардың баршасы Бұқар Жыраудың жаратылысы, дүниені, ғаламды жан-жақты ұғып-түсінуден, танып-білуден, “тұрмыс қазанында қайнап піскен”, сөз-ұғымдарды, сөз-образдарды жаңғырта, көркейте түсер шығарымпаздық қабілетінен, филос. көзқарасынан туған деуге болады. Б. ж. поэзиясында ақындық даналықтан, тапқырлықтан нәр алған әсерлі, көркем теңеулер де кездеседі. Мыс., “Ұрғашының жақсысы, Абжыландай есіліп… Бозжорғадай бұлғаңы”; “Ормандай көп Орта жүз”; “Қорғасындай балқыған”; “Киігін қойдай қайырған”; “Құланы құлындай тулаған, түлкісі иттей шулаған”; “Буыршындай тіздесті”; “Ағып жатқан бұлақтай Жарға ойнаған лақтай”; “Ерттеп қойған құр аттай”; “От орындай тұяқтым… Саптыаяқтай еріндім, Сарымсақтай азулым… Кекілін қыздай тараған” және т.с.с. Бұлар ұлттық поэзия тілінің құлпыра түсуіне, сырты сұлу, іші ну оюлы, өрнекті сөздердің молая беруіне жойқын ықпал жасайтындығы даусыз. Бұқар Жырау толғауларының танымдық-эстетикалық мәні, сұлулық әлемі даралық-авторлық айқындаулардан да байқалады. Айталық: “сегіз қиыр шартарап”, “Төсі аршынды сұлу”, “құрсағы жуан боз бие” “алпыс басты ақ орда”, “еңсесі биік кең сарай”, “құбылып тұрған бәйшешек”, “ардақталған сұлулық”, “ойнай басқан аяқтым”, “қиғаш қамыс құлақтым” “Шұбар көсем сары аяқ”, “Қоспақ өркеш сары атан”, “Тостаған көзді торыны” және т.б. Сөз кестесі мен бунақталу тәртібінің әуенін, орайын, шырайын түрлендіріп келтіруде меруерттей мөлтілдеген фразеологиялық оралымдардың бір-бірімен әсем қиысып, табиғи құйылып отыруы — жырау поэзиясының басты ерекшелігі. Мыс., “өкпеңменен қабынба, өтіңменен жарылма”, “омыртқасы үзілген”, “Өлетұғын тай үшін, “Қалатұғын сай үшін”, “Тар құрсағын кеңіткен, Тас емшегін жібіткен”, “Назыменен күйдірген, Құлқыменен сүйдірген” “Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, Қайырусыз жалқы бақтырған, Қалыңсыз қатын құштырған”, “екі қара көзді алар”, “Ауыздағы сөзі алар, Бойыңдағы әлді алар, Бетіндегі нұрды алар, Бойыңдағы шарды алар, Аузыңдағы тісті алар, Қолыңдағы істі алар”, “Еңкейіп орақ орарға, Тоңқайып масақ терерге”, т.б. Бұқар Жырау ой-пікірін, лебізін құйқылжыта, тамылжыта жеткізуде бірінен бірінің артықшылығын, айырмашылығын көрсетуде қарама-қарсы құбылыстарды шендестіре суреттейді: “Айналасын жер тұтқан, Айды батпас демеңіз. Айнала ішсе таусылмас, Көл суалмас демеңіз”. Я болмаса: “Құландар ойнар қу тақыр, Қурай бітпес демеңіз. Қурай бітпес құба жон, Құлан жортпас демеңіз”. Бұқар Жырау шығармаларында замандар бойы мысқалдап жиналып, ақыл-ой таразысынан өткізілген өмір тәжірибесінің, ұлттық тарихи санасының даналық қорытындысы, адамгершіліктің ереже-қағидасы іспетті нақыл-ғибрат сөздер мол. Әсіресе, белгілі бір құбылыстарды, заттар мен нәрселерді тізбелеп, салыстырып айтатын “Қара құлаш жүйрік деп”, “Ежелгі дос жау болмас”, “Бағаналы орда, басты орда”, “Жар басына қонбаңыз”, “Көкте бұлт сөгілсе”, “Алыстан қызыл көрінсе”, “Биік тауға жарасар”, “Қорғанды шаїар қаласын”, “Жал, құйрығы қаба деп”, “Асқар таудың өлгені”, “Ақсаңнан биік тау болмас” секілді термелерінде неше алуан мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді келтіруге болады. Мыс., Бұқар Жырау шығармаларының тақырыптық аясы, шеңбері — Жақсылық пен Жамандық, Елдік пен Ерлік, Ізгілік пен Зұлымдық, Әділдік пен Әдептілік, Жастық пен Кәрілік, Татулық пен Араздық, Достық пен Дұшпандық, Адалдық пен Арамдық, Тектілік пен Азғындық, Тұтастық пен Бірлік. “Бұхарекең сөйлеген уақытында сөзі мұндай жүз есе, мың есе шығар. Бізге келіп жеткен тамыры ғана, — деп жазады жыраудың тұңғыш библиографы Мәшїүр Жүсіп Көпеев — бұл кісінің сөзін түгел жазамын деушіге Нұқтың өмірі, Айыптың сабыры, Аплатонның ақылы керек”. Бұқар Жырау шығармаларының текстологиясы әлі күнге ретке келтірілмеген. Ең қажетті таңдамалы сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер іріктеліп, сұрыпталып алынбаған, дұрыс, түзу, мұқият салыстырулар жүргізілмеген. Бұл — болашақтың ісі. Бұқар Жырау мұрасын жинауда, жариялауда және зерттеуде Мәшїүр Жүсіп Көпеев, Қ. Халид, Г.Н. Потанин, Ш.Уәлиханов, Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Қ.Мұқаметқанов, М.Мағауин, Р.Сыздықова секілді ұлт зиялылары еңбек сіңірді. Әдебиеттанушылар Бұқар Жырау толғауларының жазба әдебиетке тән сипат белгілерін атап айтқанда, әлеуметшілдік сарынын, азаматтық нысанасын, сондай-ақ, жыраудың даралық өзгешеліктерін талдаса (Әуезов), екіншілері өмірі мен шығарм-на үңіледі (Мұқанов, Жұмағалиев, Мұқаметқанов, Мағауин), соңғылары жыраудың тілі мен стилін қарастырады (Сыздықова). Сөз жоқ, Бұқартану ілімінің қалыптасуы мен дамуы тарихы бар. Болашақта ұлы жырау мұралары жаңаша көзқарас, дүниетаным тұрғысынан (ислам құндылықтарымен сабақтастығы, мораль философиясы, мемлекет мүддесі, поэтикасы) тексерілуге тиіс. ### Мирас толғаулар * «Бірінші толғау» * «Күллі әлемді жаратқан» * «Құбылып тұрған бәйшешек» * «Он сегіз мың ғаламды жаратқан» * «Керей, қайда барасың» * «Әлемді түгел көрсе де» * «Ай, заман-ай, заман-ай» * «Абылай ханның қасында» * «Айналасын жер тұтқан» * «Ай не болар күннен соң» ## Дереккөздер
Мұхтар Бәкенұлы Сыздықов (7 қаңтар 1958 жылы туған, Павлодар облысы Аққулы ауданы Қызылқоғам ауылы) – графикашы. ## Өмірбаяны * Алматы қаласындағы көркемсурет училищесін (1977) * Санкт-Петербург қаласындағы Көркемсурет академиясын (1983, профессор В.А. Ветрогонскийдің жетекшілігімен) бітірген. * 1983 жылдан Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметпен айналысады. ## Шығармашылығы * 1980 жылдан шығармалары көрмелерге (8 халықаралық, 7 бүкілодақтық, 22 республикалық) қатысып келеді. * 1995 жылы Москва қаласының Қырым Валындағы Сурет галереясы өз қорына Сыздықовтың графикалық триптихын (“Жас суретшінің өмір дүниесі”, 1987) * 1996 жылы ҚР-і Мемлекеттік өнер мұражайы 5 литографиясын қабылдап алды. * 1980 жылдардан иллюстрациялар жасап, кітаптарды (Б.Майтановтың “Абай. Тарих, тұлға, уақыт” атты кітабы, 2004) безендірді. Ол графикашы ретінде өз еңбектерінде жеке адамның образы арқылы халық мәдениеті мен дәстүрін ашып жеткізу және насихаттау ісіне ұмтылады. Графикалық еңбектері: * “Туған ел шежіресі” (1983, ҚР-і Мемлекеттік өнер мұражайы) * “Мұхтар Әуезов портреті” (ҚР-і Орталық мұражайы қорында) * “ҚР-і Президенті Н.Назарбаевтың зайыбымен портреті” (ҚР-і Президентінің жеке қоры) * “Шебер портреті” * “Ақын портреті” (Астана қаласындағы Президенттің “Ақорда” сарайы), т.б.; оның көптеген графикалық еңбектері шетелдік (АҚШ, Англия, Германия, Ресей, Түркия, Франция, Югославия) жеке қорларында сақтаулы. ## Дереккөздер
Қазақтың дәстүрлі қару-жарақ жасау өнері – қазақтың ұлттық қол өнерінің бір саласы. Бұл өнер саласында ғасырлар бойы көптеген технологиялық әдістер мен тәсілдер дамып, мол тәжірибе жинақталып, сапалы қару-жарақ заттарын жасауда қойылатын талаптарға сәйкес қажетті материалдар түрлері сұрыпталған. Қазақ шеберлерінің қару-жарақ жасауға қолданған материалдары – мал ш-нан алынатын өнімдер және Қазақстан аумағында өндірілетін шикізаттар мен табиғи материалдар болған. Олар – тері, сүйек, мүйіз, тарамыс, қара және түсті металдар – темір, шойын, болат, алтын, күміс, қорғасын, мыс және оның қорытпалары, асыл тастар. Жауынгерлік қару-жарақтарға қойылатын талаптарға байланысты бұл табиғи және өндіріс материалдары физикалық қасиеттері мен оларды өңдеу технологиясына сәйкес қарулардың бөліктерін жасауға пайдаланылды. Материалдың физикалық қасиеттерін жетік білу арқылы оларды өңдеудің көптеген тәсілдерін тауып, оларды жетік игеру қазақ қарушыларына әскери тәжірибе талаптарын толық қанағаттандыратын, жақсы деңгейде жасалған жауынгерлік қару-жарақ заттарын жасауға мүмкіндік берді. Дәстүрлі қару-жарақ жасау технологиясының негізгі үш кезеңі бар: 1) қару-жарақ бөліктерін дайындау; 2) дайын болған қару-жарақ бөліктерін өңдеу; 3) қару-жарақтың бөліктерін беріктеу; 4) қару-жарақты әшекейлеу. Бұл әр технологиялық кезеңнің өзіндік бірнеше әдіс-тәсілдері болды. Қару-жарақ бөліктерін дайындау әдістеріне соғу, құю, қалыптау сияқты технологиялық әдістер жатады. Құйылып, соғылып жасалған қару-жарақтың негізгі бөліктері суару, шыңдау, таптау, қайрау, егеу тәсілдерімен өңделді. Қарудың кейбір бөліктері берік болуы үшін әр түрлі материалдармен қынау, буу, орау, қаптау тәсілдерімен беріктеліп, дымқылдан, кебуден сақтау үшін сырлау, бояу, майға суару тәсілдері арқылы қорғау жабындарымен қапталады. Қару-жарақ заттары қолданылуына, оны қолданатын адамның әлеуметтік дәрежесіне, эстетикалық талғамына сәйкес әр түрлі әдістермен көркемделіп, әшекейленді. Қару-жарақты көркемдеудің негізгі әдістері: алтынмен, күміспен қақтау, булау (жалату) әдістері, баспалау тәсілі, сірке салу, қарала жүргізу, көгілдір тыныке жүргізу, асыл тастан көз салу. Кейде маржан, меруерттерден де көздер салынды. Теріден жасалған қару-жарақ заттары бедерлі ою-өрнекпен әшекейленді. Қару-жарақ, негізінен, ою-өрнек арқылы әшекейлендірілді. Дәстүрлі қару-жарақта қолданылатын ою-өрнектер бірнеше қызмет атқарды. Бірінші – магиялық қызметі, қарудың сес арттырып, иесін қарсыласының қаруынан қорғау. Екінші – коммуникациялық қызметі, жауынгердің әлеуметтік статусының айыру белгісі, жалпы этноайыру белгісі болу. Үшінші – эстетикалық қызметі, әсемдік қару-жараққа көркемдік сипат беру. Әскери қарулардың соғыс сипатының өзгеруіне байланысты дәстүрлі қару-жарақ қолданыстан шықты да, оған сұраныстың жоғалуымен бірге, қазақтың бұл дәстүрлі өнері дамымай қалды, оның бүгінге тек жұрнағы ғана жетіп отыр. ## Дереккөздер
Амангелді Дүйсекеев (1942 жылы туған, Қызылорда облысы, Қазалы қаласы) – медицина ғылымының докторы (1995), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2002).Алматы мемлекеттік медицина институтын (1959, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. Алматы қаласындағы №1 (1961–81) және №2 (1981–84) ауруханаларында дәрігер, бас дәрігер, Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының бастығы (1985–91), Республикалық балалар ауруханасының бас дәрігері (1991–92), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары (1992–97), 1997 жылдан Денсаулық сақтау департаментінің директоры, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы міндетін атқарады. ## Дереккөздер
Оразғали Кендайұлы Дүйсемәлиев (1930 жылы туған, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Морской ауылы) – техника ғылымының докторы (1989), профессор (1994).Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) политехникалық институтын (1954) бітірген. Жамбыл механика зауытытында мастер, цех бастығы (1954–56), Қазақстан Ғылым Академиясының Физика және техника институтында аға лаборант, кіші ғылыми қызметкер (1956–58), КСРО Ғылым Академиясының Металлургия институтында аспирант (1958–61), Қазақстан Ғылым Академиясының Ядролық физика институтында кіші, аға ғылыми қызметкер (1962–66), ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) доцент, декан, профессор (1966–90), Қазақ ұлттық техникалық университетінде кафедра меңгерушісі, профессор (1990–96) қызметтерін атқарады. Дүйсемәлиев 170 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 5 монография, 10 авторлық куәлік пен 4 мемлекеттік патенттің авторы. ## Дереккөздер
Гүлзипа (Күлзипа) Сыздықова (1 қаңтар 1914 жыл, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы – 30 қыркүйек 1985 жыл, Алматы) – актриса, әнші, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артисті (1966). ## Өмірбаяны * 1933 – 36 жылдары қазіргі Қазақтың мемлекеттік академия драма театрының студиясында оқыған. Оқып жүрген кезінен бастап осы театрдың спектакльдеріне де қатысты. * 1936 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысқан. * 1957 жылдан киноға түскен. ## Ойнаған рөлдері Алғашқы ойнаған рөлі – М.Әуезовтің “Түнгі сарын” драмасындағы Топай (1935). Бұдан кейін: Меңсұлу (Ш.Хұсайынов, “Алдар Көсе”), Сайра (І.Қуанышбаев пен Хұсайынов, “Шаншарлар”), Күнікей (Ғ.Мүсірепов, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”), Фатима (А.Қаһар, “Ауру тістер”; І.Мұхамеджанов, “Құдағи келіпті”), Жер-ана, Жаңыл (Ш.Т. Айтматов, “Ана – Жер-ана” мен “Аңсаған менің әнімсің”), т.б. тұлғаларды сомдады. Ол Шүкір (Мұхамеджанов, “Бөлтірік бөрік астында”), Ұмсынай, Халима (Ә.Тәжібаев, “Жалғыз ағаш орман емес” пен “Той боларда”), Балжан (Мүсірепов, “Сең қайтер едің”), Қарақатын (Ә.Нұрпейісов, “Қан мен тер”) рөлдерін ойнап, көрермендерге эпизодтық рөлдердің шебер орындаушысы ретінде танылды. ## Дереккөздер
Ахан Дүйсембаев (1939 жылы туған, Қарағанды қаласы) – экономика ғылымының докторы (1990), профессор (1993), Еуразия халықаралық экономика академиясының академигі (2000).ҚазМУ-ды бітірген (1964). Қарағанды қаласы көмір өнеркәсібі кәсіпорындарында экономист, аға экономист (1964–68) қызметтерін атқарған. Қарағанды мемлекеттік техника университетінде доцент, кафедра меңгерушісі, декан (1972–98), 1998 жылдан Көпсалалы гуманитарлық-техника университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, кафедра меңгерушісі. 230-дан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 8 монографияның авторы. ## Дереккөздер
Сұлтан Қылышарыстан (туған жылы белгісіз – 1107) – қолбасшы, салжұқ сұлтаны. Салжұқ мемлекетін құрған алғашқы түрік сұлтаны Сүлейменнің ұлы. 1092 жылы Анадолыға келіп, Изникті биледі. Бұл кезде Кіші Азияға кресшілер тарапынан шабуыл қаупі төнген еді. Кресшілер мұсылмандарды Анадолы жерінен қуып шығу үшін әр түрлі айла-шарғы қолданды.Сұлтан Қылышарыстан таққа отырысымен қауіпсіздік шараларын ойластырып, Измир бегі Жакамен одақтасуға ұмтылды. Малатия қаласын қоршауға алған кезде кресшілердің папа Пьер Лермит бастаған қолы Анадолыға шабуыл жасады. Олардың жолына Сұлтан Қылышарыстанның інісі – Дәуіт бек тосқауыл қойып, күйрете соққы берді. Осы кезде Пьер Лермит әскерлерімен қанаттаса шабуылдаған кресшілердің 100 мың әскеріне Сұлтан Қылышарыстан шағын жасағымен қарсы тұрды. Ауыр шайқаста екі жақ та қисапсыз шығынға ұшырады. Сұлтан кері шегініп, сарбаздарымен тау-тасты паналады. 1097 жылы 26 маусымда салжұқтар астанасы Изник қаласы уақытша христиандардың қолына өтеді. Көп ұзамай Сұлтан Қылышарыстан кресшілерге Амасия маңында тұтқиылдан шабуыл жасап, олардың негізгі тобын жойып жіберді. “Құдыс шаїарына бөгелмей жетіп, Анадолыны түріктерден тазартамыз” деп астамсып келген кресшілердің жоспары күл-талқан болды. Жорықты жалғастырған ол 1106 жылы Малатия, 1107 жылы Мұсыл қалаларын жаудан босатып, елдің шығыс шекарасын нығайтып үлгерді. Көзі тірісінде ержүрек қолбасшы, әділ патша, ел қамқоры атанған Сұлтан Қылышарыстан Хабур өзені бойындағы соғыста мерт болды. Сүйегі қазіргі Силван өңіріне жерленген. Сұлтан қазасынан кейін салжұқтар мемлекеті дағдарысқа ұшырады. ## Дереккөздер
Батырбаева Рахмет (1921, Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты Қызылжарма ауылы – 25.10.1992, Қызылорда қаласы) – ақын. Жасынан ән-жырға құмар болып, қисса-дастандастандарды жаттап өседі. Т.Ізтілеуовті пір тұтқан. 2-дүниежүзіндегі соғысқа қатысқан. Өлең жазумен 1950 жылдардан айналыса бастаған. Алғашқы өлеңдері «Сыр бойы» газетінде «Шұғыла» (1977), «Жайқоңыр» (1984) жинақтарында жарық көрген. Оның «Ажал құрсауында», «От кешу», «Үзілмеген үміт», «Достық баспалдақтары» атты ұсақ-жырлары бар. «Бұқарбай батыр» дастаны (1991) жарияланған. Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты Қызылжар ауылы Батырбаев есімімен аталады. ## Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Саид Баязитов (1929, Қызылорда облысы Сырдария ауданы-1981)- жазушы. Ұлты татар болғанмен, шығармаларын қазақ тілінде жазды. 1953 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтын бітірген. 1953 — 1957 жылдары орта мектепте қазақ тілі мен әдебиетінің мүғалімі, 1957 — 1961 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының Қызылордадағы облысаралық бөлімшесінің әдеби кеңесшісі, 1961 — 1963 жылдары Мәскеудегі Жоғары әдебиет курсының тыңдаушысы болған. ## Еңбегі * 1954 жылы Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан балаларға арналған «Күтпеген кездесу» деген алғашқы әңгімелер жинағы жарық көрді. * «Арал Робинзондары» (1956), * «Бала-қалам» (1959) әңгімелері, * 1960 жылы ересектерге арналған «Тюльпандар гүл шашқанда» әңгімелері, * «Хрусталь алқалар» (1965), * «Айдарлыдағы кездесу» (1967) атты повестері, * «Алтын кілт» әңгімелер жинағы (1976) шыққан. ## Дереккөздер
Сы Жабғу Сы Шегу хан (туған жылы белгісіз – 631) – Батыс Түрікқағандығы ның билеушісі (630 – 631). Ол 630 жылы Алтай өңіріне қашып кеткен бұрынғы билеуші Мохэдуді өлтіріп, өзін билеуші деп жариялаған. Қағандықтағы өзара қырқысты тоқтатуға күш салып, теле тайпасындағы бүлікті басуға әскер аттандырды. Бірақ оның жіберген әскері телелерден жеңіліс тапты. Қол астындағы аймақтардың билеушілеріне сенімсіздік танытып, Или атты жергілікті билеушіні өлтіртті. Бұл өз кезегінде Сы Жабғуға қарсыластардың көбеюіне әсер етті. Нушибилердің Муби Дагань атты билеушісі көп әскер жинап, Сы Жабғудың ордасына аттанып, оны тұтқынға алмақшы болды. Сы Жабғу Муби Даганьға қарсылық көрсете алмай, қаңлылардың иелігіне барып паналап, сол жақта қайтыс болды. Муби Дагань кезінде Сы Жабғудан қысым көріп, Харашар деген жерге қашып кеткен Нишуды шақыртып, оған қағандық билігін тапсырды. ## Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Баязитова Хадиша (1.1. 1938, қазіргі Түркістан облысы Шәуілдір ауданы – ұстаз, публицист-ақын, Қазақ КСР оқу ісінің үздігі (1980), «Күміс алқа» иегері (2003). Шымкент педагогикалық институтын бітірген (1957). Жаңақорған ауданы 51 орта мектеп мұғалімі (1962-69), 162 орта мектеп директоры (1969-82) , 125 орта мектеп директоры (1982-92) қызметтерін атқарған. 1993 жылдан ауданы мұсылман әйелдері қоғамының жетекшісі. Б. ширек ғасыр ішінде жергілікті оқу-ағарту ісінің дамуына, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласына зор үлес қосты. Ол басқарған мектептер облыстағы алдыңғы қатарлы мектептер санатынан орын алды. Облыстағы қоғамдық істерге де белсене араласып, елдегі оқу-ағарту, тәрбие ісі, әлеум. мәселелер жөнінде ұсыныс-пікірлерін бұқаралық ақпарат құралдарына жариялап отырды. Сыр өңірінің қоғамдық өміріне белсене араласқан әйел-аналардан жасақталған делегация құрамында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында екі мәрте болды. Баязитованың «Бақытымды босағамнан күтемін» жинағына (2006) әр жылдары республика облыс ауданы баспасөз беттерінде жарық көрген өлеңдері мен толғаныстары, естелік мақалалары топтастырылған. КСРО Оқу министрлінің Құрмет грамотасымен (1986), Қызылорда облысының Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1988), Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс-хатымен (16.12.2001) марапатталған. ## Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Бәйгеқұм — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, темір жол стансасы, Бәйгеқұм ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Шиелі ауылынан солтүстік-батысқа қарай 28 км жерде, Сырдария өзенінің оң жағалауында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2235 адам (1152 ер адам және 1083 әйел адам) болса, 2009 жылы 2652 адамды (1344 ер адам және 1308 әйел адам) құрады. ## Тарихы Ауыл 1978 – 96 жылы көкөніс-бақша өсіру бағытындағы өзімен аттас кеңшардың орталығы болған. Кеңшар негізінде Бәйгеқұмда ЖШС жұмыс істейді. Бәйгеқұм арқылы Шымкент – Қызылорда темір жолы өтеді. ## Ауыл суреттері * * * ## Дереккөздер
Парагульгов Халит Хадисович (1938 жылы туған, Чешенстан, При-городный ауданы Ахки-Юрт село) – геология-минералдық ғылым докторы (1995). 1965 жылы Қазақ политехникалық институтын ( қазіргі Қазақ ұлттық технкалық университеті) бітірген. 1965–1968 жылдары «Маңғышлақмұнайбарлау» тресінде аға геолог болды. 1969 жылдары жылдан Қазақстан Ғылым Академиясының Геология ғылымдар институтында аға инженер, кіші, аға, жетекші, бас ғылым қызметкер болып жұмыс істеді. ## Ғылыми жұмыстар «Эволюция и нефтегазоносность осадочных бассейнов Восточного Казахстана» тақырыбында доктор диссертация қорғады. 40-тан астам ғылыми жарияланымның авторы.. ## Дереккөздер
Болатхан Құлжанұлы Тайжан (8 наурыз 1941 жыл, Павлодар – 20 ақпан 2007, Алматы) – мемлекет қайраткері, дипломат, Төтенше және Өкілетті Елші. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (1966) және КСРО ҒА жанындағы Мәскеу халықаралық экономикалық қатынастар институтының аспирантурасын (1970) бітірген. ## Өмірбаяны 1970 – 74 жылдары Қазақ КСР-і ғылым академиясының экономика институтында кіші ғылыми қызметкер, 1974 – 75 жылдары Қазақ КСР-і Сыртқы істер министрінде бас хатшы, 1975 – 80 жылдары Йемен Араб Республикасындағы КСРО елшілігінде 2-хатшы, 1980 – 85 жылдары Қазақстан КП ОК-де, Қазақ КСР-і СІМ-нде жауапты қызметкер, 1985 – 89 жылдары Йемен Халық Демократиялық Республикасында бас консул, кеңесші, 1989 – 93 жылдары Қазақ КСР-і СІМ-нде жауапы қызметкер, ҚР сыртқы экономикалық қатынастар министрінің 1-орынбасары, 1993 – 99 жылдары Қазақстанның Египеттегі Төтенше және өкілетті елшісі және қосымша Марокко, Тунис,Алжир, Иордания,Сирия,Ливия елдеріндегі Төтенше және өкілетті елшісі, 1996 – 99 жылдары Ислам Конференциясы ұйымындағы ҚР-ның тұрақты өкілі, 1999 – 2001 жылдары Қазақстанның Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елшісі болды. 2003 – 05 жылдары “Нұр Отан” партиясы төрағасының кеңесшісі, 2005 жылдан өмірінің соңына дейін ұлттық-патриоттық “Ұлт тағдыры – ел тағдыры” қозғалысының төрағасы болды. Тайжан Қазақстанның сыртқы саясатын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды және зиялы қазақ азаматы ретінде елдегі қоғамдық қозғалыстарға белсене араласты. ## Дереккөздер
Табиғи Жамағат – 1927 жылы Үндістанда құрылған мұсылмандық миссионерлік қоғам. 1947 жылдан дүние жүзіне тарай бастады. Негізгі бағыты – діни дағуат, яғни дінге шақыру. Қозғалыс басты бес қағидаға негізделген. Ол бойынша ислам дініне шақыру – әрбір мұсылманның міндеті, олар табысы мен уақытын осыған арнауы қажет. Адамдарды күтіп отырмай, олардың арасына өздері барып, белсенді болуы керек. Басты мақсат – мұсылмандардың діни сенімін тереңдету, прозелитизм(басқа діндегілерді өз дініне шақыру) мұсылман еместерге өте сирек қолданылады. Мұсылмандық бірлікке шақыру іргелі мақсаттарының бірі; теологиялық тартыстарға тыйым салынған, сонымен қатар мүшелерінің саяси көзқарастары есепке алынбайды, өйткені бұл саяси емес діни ұйым болып табылады. Қоғамның негізін қалаушы Маулана Мухаммад Илиас Кандихлави (1885 – 1944) үндістандық сопылық Деобанд мектебінің идеологы болды. Ол діни сауаты шамалы мұсылман шаруаларды индуизм дініне тартуына қарсы Табиғи Жамағат қозғалысын құрады. Қозғалыс алғашында медреселерді көбейтіп, оның әсері кем болған соң діни дәрежесі жоқ кезбе миссионерлер (таблигтар) арқылы исламдық сананы жандандыру әдісіне көшті. Олар бірнеше кісіден тұратын жамағаттарға бірігіп, аздаған білім алып, “есіктен есікке” қағидасы негізінде бірнеше күннен, бірнеше айға дейін болатын іссапарларға жіберілді. Осындай терең білімі жоқ, бірақ өте ынталы мұсылмандарды ұйымдастырып, Мухаммад Илияс қозғалыстың Үндістанның солтүстік және оңтүстік өңірлеріне (Панджаб, Карачи, Бхопал) орнығуына басшылық етті. Саяси шиеленістерді болдырмау үшін, мұсылман еместерге арналған прозелитизмге тыйым салынды. Оның ұлы және мұрагері Мухаммад Йусуф (1917 – 1965) тұсында бұл ағым 1946 – 51 жылдары араб елдері және Түркияға, 1950 – 61 жылдары Батыс елдеріне (АҚШ, Еуропаға) және Жапонияға, 1956 жылдарға дейін Африка және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне тарады. Қозғалыс қазіргі таңда Батыс Қытай және Орталық Азия елдерінде белсенділік танытуда. Мухаммад Иусуф өлгеннен кейін белгісіз болып қалған Табиғи Жамағат 1970 – 80 жылдары қайта жанданды. Қазір жыл сайынғы Үндістан, Пәкстан, Бангладеште өткізілетін жиынға миллиондаған кісі жиналады. Батыс елдеріндегі әсіресе Ұлыбритания, Франция,Бельгия, Канадада мұсылман иммигранттары үшін ең негізгі діни құрылым Табиғи Жамағат болып табылады. Табиғи Жамағат құрылымы – орталықтанған және құпия ұйым, Билік басы Кандихлави әулетінен. Низамуддинде (Дихли) үлкен ғимаратта орталығы және баспасы бар, осы жерден діни әдебиет бүкіл әлемге таратылады. Басқа елдерде жұмыс жасайтын топтар осы орталықта арнайы дайындықтан өтеді. Әрбір елде Табиғи Жамағат басшысы бар, ол өз тарапынан басқа да өлкелерге миссионерлер жібереді, осылайша әрбір қала, ауыл, топтарға дейін қамтылады. Бұл топтардың өз ішінде рухани иерархиясы бар. Олар өз ісінде жоғары өсуі үшін уақыты мен табысының бір бөлігін осы миссионерлік іске жұмсауы қажет. Сонда ғана оларға қозғалыстың ішкі құрылымына кіруге рұқсат етіледі. Табиғи Жамағаттың кең таралу кезеңі уаххабшылық қозғалыспен өзара байланыстар орнатуымен сәйкес келеді. Бұл ұйымның миссионерлері сапар қаражатын өз қалтасынан жабу қажеттігіне қарамастан, алыс-елдердің жол қаражатын уаххабшылар тарапынан қамтамасыз етіледі. Олар барған жерлерінде уаххабшылар қаржыландырып отырған мешіттерге тоқтап, қызметтерін жүргізіп отырады. Ұйым мүшелері жылына 40-күн, айына 3-күн, жетінің екі күнінің жартысын және екі сағат ұйым жұмысына қатысуға міндетті. Сонымен қатар олар күнделікті бес мезгіл намазды жібермеуі тиіс. Жаңадан енген уағызшылардың қабілеттерін Табиғи Жамағаттың Райвиндтегі (Пәкістан) орталығында дайындықтан өткізеді. Діни әдебиет Мухаммад Закарина Кандхалави (1898 – 1982) жазған тоғыз кітаптан тұрады. Бұл кітаптар урду және ағылшын тілінде басылып кейін араб және француз тілдеріне аударылған. Бұл қозғалыс ханафи суннашылдыққа негізделген. Қазіргі Табиғи Жамағаттың саяси талпыныстары маңызды мәселе ретінде көтеріліп тұр. Бұл ұйым басында сопылық түрде болғанымен кейіннен сектаға жақындаған. Ол қомақты әлемдік күш болып саналады, өйткені өз ілімдеріне миллиондаған адамдарды тартып отыр. ## Сілтемелер * Пәкістан * Үндістан * Ислам ## Дереккөздер
Тарих-и шаһ Махмуд ибн Мырза Фазыл Чорас – қазақ даласындағы тарихи оқиғаларды баяндайтын шығарма. Еңбектің әуелгі аты белгісіз. Оны алғаш Зәки Уәлиди Тоған тауып, мұқабасындағы жазуға қарап шартты түрде “Тарих-и шаһ Махмуд ибн Мырза Фазыл Чорас” деп ат қойған. Арнаулы әдебиеттерде “Жылнама” деп те аталады. Жылнама шамамен 1673 – 76 жылдары аралығында Шығыс Түркістанда құрастырылған. Ол кіріспеден және 119 шағын тараудан тұрады. Шығарманың сипаты, мазмұны және құрастырылуы жағынан жергілікті әулеттер тарихын, Шағатай әулетінен шыққан Жүніс ханның билік құруынан бастап, Исмаил ханның (1670) таққа отыру жайын баяндайды. Еңбектің алғашқы бөлімі Мұхаммед Хайдар Дулаттың “Тарих-и Рашидиін” негізге алған. Автор 55 тараудан бастап өзінің көргендері мен туыстарының естеліктерін, оқиға куәгерлерінің әңгімелерін пайдаланған. Жылнамада 16 – 17 ғасырлардағы Орта Азия, Қазақстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан және Жоңғар хандығы жөнінде деректер мол. Оның парсы және ұйғыр тіліндегі нұсқалары табылып отыр. ## Сілтемелер * Сейітов * Тарих-и Рашиди * Мұхаммед Хайдар Дулат ## Дереккөздер
Зинол-Ғабден Қабиұлы Бисенғали (21 қаңтар 1950 жылы, Атырау облысы, Құрманғазы ауданынды туған) – әдебиеттанушы, филология ғылымының докторы (1997 жылы), профессор (1999 жылы). Қазақ Мемлекеттік Университетті бітірген (1972 жылы, қазіргі Қазақ Ұлттық Университеті). Сол жылдардан бері ҚазМУ-да доцент, профессор «XX ғасыр басындағы қазақ романы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ғылыми еңбектері негізінен әдебиет тарихын зерттеуге арналған. Бірнеше оқу құралдарының авторы. ## Шығармалары 1. «XX ғасыр басындағы қазақ прозасы», Алматы, 1989 жылы 2. «Қазақ романы», Алматы, 2003 жылы ## Сілтемелер 1. "Терең өзен ақырын ағады" мақала (Бисенғали туралы) 2. Бисенғали жұмыс істейтін Қазақ әдебиеті кафедрасы(қолжетпейтін сілтеме) 3. "Ғылымның биік шыңында" мақала (Бисенғали туралы)(қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер
Текес Артезиан алабы , Алматы облысының оңтүстік-шығысында орналасқан. Ауданы 1,8 мың км². Батыс бөлігі – Текес ойысы. Гидрокарбонатты сульфатты, кальцийлі-натрийлі тұщы су (минералдығы 0,15 – 0,9 г/л) жоғары плиоцен мен антропогеннің аллювий-пролювий текті шөгінділерінде жиылған. Барлау ұңғымаларының тереңдігі 24 – 230 м, су шығымы тәулігіне 430 – 1700 м3. Алаптың болжамды ғасырлық қоры 19 миллиард м3 мөлшерінде анықталған. Пайдаланылатын қоры тәулігіне 1,5 миллион м3, мұның ішінде толық барланғанының тәуліктік шығымы 170 мың м3. Теріскей Алатаудың мұздықтары суымен толысады. Алап суы елді мекендерді сумен қамтамасыз етуге, егін суаруға пайдаланылады. ## Сілтемелер * Гидрокарбонат * Алматы облысы * Көктоғай кенті ## Дереккөздер
Пальгов мұздығы – Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Есік өзені алабында. Мұздықты 1936 жылы өлкетанушы В.Горбунов ашып, оған белгілі кеңес гляциологы Н.Пальговтың есімі берілді. ## Аумағы, жер бедері Ұзындығы - 5,1 км, ашық жатқан жері - 4,1 км. Жалпы ауданы - 7,5 км2, оның ішінде мұзқар (фирн) алаңы - 5,1 км2, ашық тілі - 2,0 км2, борпылдақ жыныс жапқан бөлігі - 0,4 км2. Мұздық 3820 м биіктіктен басталып, 3500 м-де аяқталады. ## Дереккөздер
Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздық (1924 жылғы 17 тамызда Ақтөбе облысы Ойыл ауылында туған – 2020 жылғы 4 шілдеде Алматы қаласында қайтыс болған) – филология ғылымдарының докторы (1972), профессор (1989). Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1989), Сәтіғали Құтқожиннің қызы. ## Өмірбаяны ## Зерттеулер Сыздық Рәбиға "Абай қара сөздерінің негізгі морфологиялық ерекшеліктері" (1959) тақырыбында кандидаттық, Сыздық Рәбиға “Абай шығармаларының тілі” (1972) тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ әдеби тілінің тарихы, Абайдың поэтикалық тілі, қазақ тілінің поэтикасы, XV – XIX ғасырлардағы ақын-жыраулар тілі, ортағасырлық жазба ескерткіштер тілінің тарихы мен лексика-грамматикалық құрылымы, текстологиясы, тарихи лексика, лингвостилистика, тіл мәдениеті, орфография, жазу теориясы, ахметтану, лингводидактика салаларына арналған. ## Марапаттар “Қазақ әдеби тілінің тарихы” монографиясы үшін Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығы (1995), Абайдың шығармалық мұрасын зерттеген еңбектер топтамасы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығын (1996) алған. “Құрмет белгісі” (1971), “Парасат” (2004) ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. ## Шығармалары * Қазақ тілі орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш, А., 1959, 1996; * Сөздер сөйлейді, А., 1980, 1994, 2004; * Сөз сазы, А., 1983; * А.Байтұрсынов, А., 1990; * Қазақ әдеби тілінің тарихы, А., 1993, 2004; * Абайдың сөз өрнегі, А., 1995, 2004; * Сөз құдіреті, А., 1997; * Қазақ тілінің анықтағышы, Аст., 2000; * Тілдік норма және оның қалыптасуы, Аст., 2001; * Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі, А., 2004; * Қ.А. Иасауи “Хикметтерінің” тілі, А., 2004. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Рабиға Сыздық: Ғылымда жүрген қазақ әйелінің жүгі өте ауыр
Дәрібаев Шәймен (1857 жылы, қазіргі Жаңақорған ауданы Төменарық ауылы – 1933 жылы, сонда) – халық ақыны. Жасынан өлең шығарып, айтысқа түскен, сері болған. 1900 жылдан өмірінің соңына дейін Құлан ақынмен бірге жүрген. Оның 1891 жылы Ақбілекпен айтысы, «Белсенділерге», «Жылпос жігітке», «Өмір – дәурен», т.б. өлең-жырлары сақталған. Сонымен қатар шығыс халықтарының аңыз әңгімелері негізінде «Үш соқыр», «Сараң бай» және өз өмірі жайлы жазған «Жетім бала» атты дастандары жарық көрген. ## Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том
Дәрібаев Көшербай (1892 жылы, қазіргі Арал ауданы Дөңгелексор ауылы – 1964 жылы, Арал қаласы) – еңбек ардагері, Социалдық Еңбек Ері (1949 жылы). Әлімұлы тайпасының Шекті руының Жақайым бөлімінен шыққан Еңбек жолын Орынбор – Ташкент темір жол құрылысында бастаған. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Ұжымшарландыру кезінде егіс бригадирі, ферма меңгерушісі, 1943 – 56 жылы «Абай» ұжымшарында жылқы фермасының меңгерушісі болып еңбек еткен. ## Дереккөздер * Музалевский М. В. Герои Социалистического Труда. Биобиблиографический словарь. — М.: РИЦ «Кавалер», 2008. — Т. 2. — 200 с. * ДӘРІБАЕВ КӨШЕРБАЙ// Кызылординская областная универсальная научная библиотека имени Абдильды Тажибаева
Скосарев Иван Александрович (15.6.1956 ж.т.) – медицина ғылымдарының докторы (1998), профессор (2000). Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (1982, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) және аспирантурасын (1984) бітірген. Осы институтта аға лаборант, ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін (1982–1992) атқарды. 140-тан астам ғылыми жарияланымның, 2 монографияның авторы. ## Шығармалары * Дозированное плавание как один из методов оздоровления детей (1992); * Основы клинического обследования в педиатрии с некоторыми вопросами питания детей 1 года жизни (1999); * Психологические особенности при соматической патологии у детей (2001). ## Дереккөздер
Мәриямгүл Төлегенова (24.7.1952, Алматы – 24.07.2006, Алматы) – әнші (лирикалы-колоратуралық сопрано), ҚР-інің еңбек сіңірген қайраткері (2005). 1979 жылы қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Сол жылы Қазақтың мемлекеттік академия опера және балет театрының труппасына қабылданып, осы театрда қойылған опералық спектакльдерде Ольга (А.С. Даргомыжский, “Су перісі”), Марфа (Н.А. Римский-Корсаков, “Патша қалыңдығы”), Прилепа (П.И. Чайковский, “Қарғаның мәткесі”), Виолетта, Джильда, Оскар, Тибо (Дж. Верди, “Травиата”, “Риголетто”, “Бал-маскарад”, “Дон Карлос”), Белинда (Г.Перселл, “Дидона мен Эней”), Адель, Розалинда (И.Штраус, “Жарқанат”), Олимпия (Ж.Оффенбах, “Гофман ертегілері”), Микаэла (Ж.Бизе, “Кармен”), Дана (Е.Г. Брусиловский, “Ер Тарғын”), Гүлбаршын (Е.Рахмадиев, “Алпамыс”), т.б. партияларды орындады. Қазақстан мен Ресейдің жетекші оркестрлерімен гастрольдік сапармен көптеген елді мекендерде өнер көрсетті. Қазақстанда өткен Австрия мәдени күндері кезінде Вена симфония оркестрінің квартетімен В.А. Моцарт шығармалары бойынша орындалған концерттерге, сондай-ақ бірқатар қайырымдылық концерттерге, Мәскеу мэрінің шақыруымен “Ғасырлар тоғысындағы орыс романсы” фестиваліне тұрақты түрде қатысқан. Қазақ ұлттық консерваториясында педагогикалық қызметпен де айналысты. Б.Төлегенова атындағы Халықаралық әншілер байқауының үйлестіруші-директоры болды. ## Дереккөздер
Төлебиев Әбдуәли Төлегенұлы (12.9.1953 жылы туған, ІХР, Лаусечум қаласы) – суретші, кескіндемеші, педагог. 1975 жылы Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі Алматы мемлекеттік педагогикалық университеті) көркемсурет-графика факультетін бітірген. Қазақ КСР-і ғылым академиясының Тарих және археология институтында суретші-археолог (1975 – 76), Қазақ политехникалық институтындағы (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) сурет кафедрасының ассистенті (1976 – 80), қазіргі Қазақтың бас сәулет-құрылыс академиясындағы сәулет және сурет кафедрасында аға оқытушы, доцент (1980 – 2006) болды. 2007 жылдан дизайн факультетінің бейнелеу өнері секторын басқарады. 3 монографияның, 6 оқулықтың, 6 оқу-әдістемелік құралдардың, 40-тан астам ғылыми мақаланың авторы.Бүкілодақтық, республикалық және Бухарест қаласында өткен Халықаралық (1992, Румыния) көрмелерге қатысқан. ## Дереккөздер
Славин Лев Менделеевич(28.7.1922, Украина, Одесса қаласы – 3.9.1982, Алматы қаласы) – философия ғылымдарының докторы (1968), профессор (1971). ҚазПИ-ді (1944, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. ҚазҰПУ-да оқытушы,доцент, профессор(1944–1970), Қазақстан ғылым академиясының Философия және құқық институтында бөлім меңгерушісі (1970–1975), профессор (1975–1982) қызметтерін атқарған. ## Дереккөздер Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы
Пайдалы қазбалары. Орал, Сарыарқа, Алтай-Саян,Тянь-Шань, т.б. қатпарлықтарында калцедон және герцин интрузиялық тау жыныстарымен тектес көптеген металл кендері бар. Шөгінді тау жыныстармен қоса мұнай-газ, ірі көмір алаптары (Қарағанды, Екібастұз, Донбасс, Ертіс маңы, Кузбасс, Гондвана, т.б.), жанғыш тақтатас (Балтық маңы), мысты құмтастар мен тақтатастар (Жезқазған, Орал бөктері, Маңғыстау, Атбасар, т.б.) кендері жаралды. Одан басқа фосфорит (Қаратау, АҚШ), боксит (Орал, Салаир), шөгінді темір-марганец кентастары (Атасу, Жезді, Рейн алабы, Саян, т.б.), тұз кендері (Соликамск, Иран-Пәкстан, т.б.) де Пайдалы тау жыныстарымен қатарлас. Қоры мол, қолайлы жағдайларда орналасқан әр текті құрылыс тастары, цементтік шикізат, асыл, әшекей, қаптама тастар да көп кездеседі.. ## Дереккөздер
Людмила Николаевна Турпаян (Ванюкова-Турпаян) (19.5.1946 жылы туған, Петропавл қаласы) – актриса, ҚР-інің халық артисті (1998). 1965 жылы Солтүстік Қазақстан облысы орыс драма театрының студиясын бітірген соң Орал облысы орыс драма театрында актриса болды. 1968 жылдан Петропавл қаласындағы облытық орыс драма театры құрамында қызмет етеді. Турпаян өзінің шығармашылық өнер жолында 200-ден астам рөлдерде ойнаған. Ол осы заманғы орыс және шетел драматургиясынан Жанна (А.М. Галин, “Жанна”), Филумена Мартурано (Э. Де Филиппо, “Филумена Мартурано”), классикалық шығармалар бойынша қойылған спектакльдерде Надежда (А.М. Горький, “Соңғылар”), Аркадина (А.П. Чехов, “Шағала”), Гурмыжская (А.Н. Островский, “Орман”), Луиза (Ф.Шиллер, “Зұлымдық пен махаббат”), сондай-ақ “Орыс құпиясы” мюзиклінде Машенька секілді сан алуан сахналық бейнелерді шеберлікпен жасады. ## Дереккөздер
Смағұлов Шалтай (16.3. 1949 жылы туған, Алматы облысы,Балқаш ауданы,Құйған ауылы – 22.2.2003, Алматы қаласы) – физика-математика ғылымдарының докторы (1988), профессор (1990). Новосибирск мемлекеттік университетін (1972), КСРО ғылым академиясының Теория және қолданбалы механика институтының аспирантурасын (1978) бітірген. Ресейдің жоғары оқу орындарында (1972–1984) жұмыс істеді. ҚР Ұлттық ғылым академиясының Механика және математика ғылыми-зерттеу институтының директоры (1996–2001), ҚазҰУ-да декан (2001–2003) қызметтерін атқарды. 120 ғылыми жарияланымның, 8 монографияның авторы. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1994). ## Дереккөздер Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы
Қанапия Дәрібаев (27.12. 1931 жылы, қазіргі Сырдария ауданы С.Сейфуллин ауылы) – ақын. Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетін бітірген (1956 жылы). 1956 – 1958 жылы орта мектепте мұғалім, 1958 – 1963 жылы республикалық «Балдырған», «Мәдениет және тұрмыс» журналдарында әдеби қызметкер, 1963 – 1981 жылы Шиелі ауданындағы «Өскен өңір» газетінде редактордың орынбасары, 1981 – 1983 жылы «Ара» журналында бөлім меңгерушісі болды. «Светофор оттары» (1961 жылы), «Серт», «Шиелі өзен» (1976 жылы), «Сыр перзенті» (1981 жылы), «Көк күмбезі» (1986 жылы) жинақтары жарық көрген. Ақын 2006 жылы Алматы облысының Талғар ауданындағы Тұздыбастау ауылында қайтыс болды. ## Дереккөздер
Константин Андреевич Пальгов (9.5.1931, Алматы қаласы – 1990, сонда) – медицина ғылымының докторы (1968), профессор (1971). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері (1981). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1954, қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университетті) бітірген. Осы университетте кафедра меңгерушісі, клиника жұмыстар жөніндегі проректор (1975–1985) қызметтерін атқарған. ## Ғылыми жұмыстар 1967 жылы «Хирургическое лечение осложненных форм туберкулезного спондилита с применением костной и костно-мышечной пластики» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Пальгов сүйек-буын туберкулезін хирургиялық жолмен емдеу тәсілдерін тауып, тканьдарды сақтау жолын анықтады.. ## Марапаттар «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Смағұлов Шаймұрат (1936 жылы туған, Ресей, Омбы облысы Шарбақкөл ауданы) – экономика ғылымдарының докторы (1999), профeссор (2003). Омбы ауыл шаруышылық институтын (1959), Жоғары партия мектебін (1982) бітірген. ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1994–1995), «Седанко» АҚ өкілдігінің директоры (1995–1998), Еуразия гуманитарлық университетінің профессоры (1998–2002) 2002 жылдан Қазақстан – Ресей университетінің профессоры қызметін атқарады. 40 ғылыми жарияланымның, 4 монографияның авторы. ## Шығармалары * Техника и человек в условиях экономической реформы (1993); * Экономическая реформа и предпринимательство (1995); * Формы функционирования агропромышленной корпорации (1996). ## Дереккөздер
Садыр Қамал - «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» тұсындағы қайғылы оқиғалардан қалған тарихи орын. Жетісу, Талас жерін басып, Қаратау асуларынан асып, жойқын шабуылдап келе жатқан қалың жаудан хабар алған қазақ ауылдары үдере көтеріліп, Қос дария жағына шұбыра көшкенде Арыс, Боралдай бойын жайлаған Найманның Садыр руының батыры Жомарт жауды ауыл-әулетімен осында көктеу қонысында қарсы алыпты. Жау жасағына қаруланып қарсы тұрған батыр ауылы күші әлдеқайда басым жаудан қорғанып, Теректі бұлағын өрлеп, Үлкен тұра шыңына бекініпті. Батыр ауылы жау қоршауында қалып, түгелдей мерт болып, жаңа туған нәрестесімен бір жас келін тасада аман қалған екен. Садыр руының ауылы мерт болған орынды ел-жұрт Садыр қамалған жер деп атаған. Боралдай өзенінің Үшаша атты қосылысының жанында "Садырмүрде", "Садырсай", "Садыр қамалған" деген жерлер бар. "Садырмүрде"де Садыр руы адамдарының зираты. Аман қалған 40 мың үйден 15 мың шаңырағы шұбырып Әндіжан жеріне өтіп кетеді. ## Дереккөздер
Сайрам Содоси – Сайрам ауданының өзбек тілінде шығатын басылымы. 1932 жылдары шыққан «Пахта зарбдори» газетінің тұңғыш редакторы – Б.Мирзаев. Газет 1935 жылдан 1992 жылға дейін «Кзыл кишлак» аталып келді. 2001 жылдары редактордың орынбасары И.Әбдунәбиев «Ауданның үздік журналисі» атанды. ## Сілтемелер "Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"
Ағыбай Құсманұлы Смағұлов (1949 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы) – биология ғылымдарының докторы (1995), профессор (1996). ## Өмірбаяны * Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (1972, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) және аспирантурасын (1975) бітірген. * 1978 жылдан осы институтта ассистент, доцент, профессор, қазіргі кезде кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. Халықаралық еуразия экономикалық академиясының толық мүшесi (1998), биология ғылымдарының докторы (1994 жылы Санкт-Петербург қаласында қорғаған). * Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетi стандарттау, метрология және сертификаттау кафедрасының профессоры. ## Ғылыми жұмыстары * Көп жылдардан берi ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң көптеген түбiрлi ғылыми-зерттеу бағдарламаларына жетекшiлiк жасап келедi. Ондаған ғылыми-әдiстемелiк оқулықтар мен еңбектердiң авторы. * 1975-2004 жылдары iрi қараның еттi тұқымын қалыптастырумен айналысқан, белгiлi «әулиекөл» авторларының бiрi. * 1972-1997 жылдары қазақтың ақбас cиыры тұқымын қалыптастырумен айналысқан. * 40-тан астам ғылыми жарияланымның авторы. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Өзгенiкiне қызыққанша, өзiмiздiкiн дамытайық Мұрағатталған 31 желтоқсанның 2010 жылы.
Сайрам шыңы – Өгем жотасының ең биік жері (4299 м), Ақсу-Жабағылы қорығының оңтүстік-батысында, Қазақстан (Түркістан облысы) мен Өзбекстан шекарасында орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Негізінен тақтатас, құмтас, әктасты жыныстардан түзілген. Беткейлері тік құлама құзды. Аумақты мұздықтармен құрсалған. ## Дереккөздер
Түсіпхан Сағатбекұлы Сайханов (13 мамыр 1951, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы — 8 мамыр 2011, Алатау таулары) – палуан, еркін күрестен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2001). Халықаралық дәрежедегі төреші. 28-Олимпия ойындарының (2004, Афина, Грекия) күміс жүлдегері. Г. Лалиевтің жаттықтырушысы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2004).2011 жылы 8 мамырда жол апатынан қайтыс болды. ## Дереккөздер |
Мумин Закирұлы Саламов [1923 жылдары туған, Бостандық ауданы (қазіргі Өзбекстан Республикасы)] – соғыс ардагері. «Даңқ» орденінің толық иегері. 1942 жылдары наурыз айында армияға алынды. Калинин, 1-Балтық бойы және 1-Украинa майдандарында шайқасып, үш рет жараланды. ## Сілтемелер "Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"
Олег Сакиркин (23.1.1966 жылдары туған, Шымкент қаласы ) – жеңіл атлетикадан еңбек сіңірген спорт шебері. Алғашқы бапкері М.Гоннота. Үш мәрте қарғудан әлем кубогінің (1994, Лондон, Ұлыбритания) қола жүлдегері, әлем чемпионатының (1987 – 88, Венгрия) чемпионы. Еуропа кубогінің (1989, Гейтхед, Ұлыбритания) жеңімпазы. 10-Азия чемпионатының (1993, Манила, Филиппин) күміс жүлдегері. 12-Азия ойындарының (1994, Хиросима, Жапония) чемпионы. Ғ.Қосанов атындағы Халықаралық турнирдің (1994, 1996) жеңімпазы. ## Сілтемелер "Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"
Мінайдар Сәлімұлы Салин (1904 жылдары туған, Мендыгарин волості, Қостанай оязы — 6 қазан 1983) – Кеңестік партия және қоғам қайраткері 1952–1953 жылдары партия комитетінің бірінші хатшысы, 1930 жылдан КОКП мүшесі. Мәскеу қаласындағы партия және кеңес қызметкерлеріне арналған бір жылдық курсты бітірген. Ақмола облысында Ішкі істер халық комиссариты ауданы бөлімінің бастығы, 1939–1942 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК-нің үшінші хатшысы қызметтерін атқарды. 1944–1945 жылдары еңбекшілер депутаттары Түркістан облысы кеңесі атқару комитетінің төрағасы, 1945–1952 жылдары Батыс Қазақстан облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болды. ## Сілтемелер "Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"
Смағұлов Нұрлан Кемелбайұлы (1954 жылы туған) – медицина ғылымдарының докторы (1994), профессор (1997). Қарағанды мемлекеттік медицина институтытын (1974, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. Қазақстан ғылым академиясының Физиология және еңбек гигиенасы институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі, директордың орынбасары (1979–1996), Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында кафедра меңгерушісі (1996–2001) қызметін атқарды. 2002 жылдан профессор,200 ғылыми жарияланым мен 6 монографияның авторы. ## Шығармалары * Оценка и прогнозирование напряженности труда операторов (1993); * Трансформация и биодеградация ароматических углеводородов (1998); ## Дереккөздер
Рахым Балабиев (10.1.1936 жылы туған, Созақ ауданы, Сызған ауылы) – ақын. 1961 – 1978 жылы Кентаудағы жүк тасымалдау мекемесінің жүргізушісі, бас инженері, одан кейінгі жылдары Түлкібас автокөлік мекемесінің, Кентау жүк автомобиль көліктері мекемесінің директоры қызметтерін атқарды. «Жан сыры» (1992), «Төскейсаз» (1994), «Жүректерге жол іздеу» (1998), «Саңғылдар» (1999), «Жел қайық» (2001) өлең кітаптары жарық көрген. Жергілікті, респ. жыр мүшәйраларының жүлдегері. ## Дереккөздер
Әуесхан Салықбаев (20.5. 1929 жылдары туған, Арыс қаласы ) – еңбек ардагері. Социялистік Еңбек Ері (1966). Еңбек жолын 1944 жылдары Арыс стансасында жұмысшы болып бастады. 1950 жылдан бригадирі, бастығы болды. 1959 жылдары оның бастамасымен Арыс стансасында бірінші болып вагондарды құрастырудың диспетчерлік басқару ісі жүзеге асырылды. Тоғызыншы бесжылдықта Арыс стансасының қызметкерлері 17 рет Бүкілодақтық жарыста озып шығып ауыспалы Қызыл Туды жеңіп алды. 1979 – 93 жылдары Алматы теміржолының Шымкент бөлімшесін басқарды. 1993 жылы зейнет демалысына шықты. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Қазақстанның алтын кітабына есімі жазылды. Облыстың және Арыс қаласының құрметті азаматы. ## Сілтемелер "Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"
Баскүнжақ (орыс. Баскунчак) — Еділ алабындағы тұйық, тұзды көл. Ресейдің Астрахан облысында, Еділ өзенінен шығысқа қарай 50 км жерде орналасқан. Аумағы 106 км². Көлдің қазаншұңқыры Үлкен Богдо тауының солтүстігінде, теңіз деңгейінен 21 м төмен жатыр. Басқұншақ көлі Үлкен және Кіші Богдо таулары етегінен шығатын тұзды бұлақ суларымен және атмосфералық жауын-шашынмен толығады. Жазда суының булануынан көлдің бетінде жұқа тұз қабаты (5 — 6 см) пайда болып, ол бұрынырақ түзілген ұсақ кристалды, қатпарлы тұз қабаттарын толықтырады. Ал, одан төменіректе (0,5—12 м) жоғары сапалы ірі кристалды тұз қабаттары бар. Көлден 19 ғасырдың орта тұсынан бері тұз өндіріледі. ## Этимологиясы Көлдің атауы — түркі тілден шыққан, «күн, күнгей», «жарқын» деген мағыналарға жақын. Мөлшерлеп айтқанда оған жақын орналасқан Биік Боғдо қасиетті тауымен байланысты. ## Дереккөздер
Күмісбек Сапақов (1885, Қызылқұм ауданы – 1980, сонда) – Социалистік еңбек ері (12.7. 1949). 1931 – 42 жылдары Талапты ұжымшарында шопан. 1942 – 45 жылдары Қызыл Армия қатарында 2-дүниежүзілік соғысқа қатысты. 1946 – 59 жылдары Овцевод кеңшарында аға шопан болып істеді. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған. ## Сілтемелер "Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"
Санкентөбе – Қазақстандағы ежелгі қоныс орны (біздің заманымыздың 1 ғасыры). Арыс станциясынан 7 километр жерде. 1948 жылдары Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі ауылы Н. Бернштам) зерттеу жүргізген. Аумағы – 40х45 метр. Бұдан көптеген тұрмыстық құрал-жабдықтар табылған. ## Дереккөздер
Талғат Сайрамбаев (19.2.1937 жылдары туған, қазіргі Бәйдібек ауданы Сыпатаев ауылы ) – ғалым, филология ғылым докторы (1983), профессор (1985). Сіргелі тайпасының Батыр-Жайдақ руынан шыққан. * Шымкент педогогикалық институтын бітірген (1960). * Тіл білімі, қазақ тілі синтаксисі саласының маманы. * 1960 – 61 жылдары орта мектеп мұғалімі; * 1961 – 64 жылдары ауылы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының аспиранты;, * 1964 – 71 жылдары Қызылорда педогогикалық институтында қазақ тілі кафедрасының оқытушысы; * 1971 жылдан бастап доцент, әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-да кафедра меңгерушісі, дайындық факултетінің деканы, филология факултетінің профессор қызметінде. * 30 ғылым кандидатын, 2 ғылым докторын даярлаған. Жалпы жарық көрген еңбектерінің саны 200-ден асады. ## Дереккөздер
Бала Би Мазары, Тамабай – архитектуралық ескерткіш. 19 ғасыр аяғында тұрғызылған. Түркістан қаласының маңындағы ескі бейітте. Бір бөлмелі, шаршы жоспарлы мазар күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Бұрыштары шығыңқы түрде қаланған, кірпіш бедерімен айшықталған. Есік пен терезе қуыстары әшекейлі темір торлармен бекітілген. Құрылыстың сырты сыланбаған. Төбесі бедерленген күмбезбен жабылған. ## Сілтеме
Басқұншы — Жетісу облысы Панфилов ауданындағы ауыл, Басқұншы ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жаркент қаласының солтүстік-шығысында 32 км-дей жерде, Қытаймен шекараға жапсарлас жатқан Қорғас өзенінің оң жағалауында орналасқан. ## Халқы ## Климаты, топырағы мен өсімдігі Ауыл Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстігіндегі қоңыржай құрғақ агроклиматтық белдемде жатыр. Жері қызылқоңыр топырақты. Бұта аралас бетеге, көде, боз шөптері өседі. ## Инфрақұрылымы Басқұншыда бұрынғы “Красный Восток” ұжымшары негізінде шаруа қожалықтары құрылған. Орта мектеп, клуб, дәрігерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Мардан Баймырзаұлы Сапарбаев (17.12.1942, Сайрам ауданы Қарасу ауылы – 21.8.1996) – ғалым, педагогика ғылымдарының докторы , профессор Қазақстан Республикасы Педагогика ғылымдары академиясының академигі. Қазақ Мемлекеттік дене тәрбиесі институтын бітірген (1965). 1965 – 82 жылдары М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтында грек-рим күресінің жаттықтырушысы әрі аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, факультет деканы болды. 1982 – 89 жылдары Шымкент дене тәрбиесі техникумының директоры, ал 1989 жылдан Шымкент педагогикалық дене тәрбиесі институтының ректоры болған. 90 КСРО спорт шеберін, 48 Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген жаттықтырушысын тәрбиелеген. КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген жаттықтырушысы, күрес спортының жоғарғы санаттағы төрешісі, КСРО дене тәрбиесінің үздігі, Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Сайрам ауданының құрметті азаматы. Сапарбаев атында Сайрам ауданында мектеп, ал Шымкент қаласында институт бар. ## Дереккөздер ## Сілтемелер "Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"
Сардоба (парсы: су сақтағыш‎) – су құрылысы нысанының аты. Биіктігі 12 – 15 метр су сақтағыш кепе. Сардоба құдық үстінен немесе қапталынан үнді әдісімен иленген балшықтан құрылады. Сырт пішіні киіз үйге ұқсас, төбесі күмбез тәрізді. Шамамен 6 – 9 ғасырларда шөл далада (Орта Азияда, байырғы керуен жолының бойында, Мырзашөлде) салынған. Қыста қар, мұз жинап сақтап, жазда ауыз суға пайдалану үшін және ыстық күнде құдықтағы судың жылымауы үшін жасалған. Қазақстанның Оңтүстік Сардоба ойпатынан қазылған. ## Дереккөздер
Әбдіжапар Жұманұлы Сапарбаев (1954 жылдары туған, Сарыағаш ауданы Жылға ауылы ) – ғалым, экономика ғылым докторы (1995), профессор (1997). ҚазМУ-ді бітірген (1978). 1983 – 86 жылдары Украина ғылым академиясының аспирантурасында оқыды. 1989 – 98 жылдары Алматы технология институтында доцент, Маркетинг және коммерция кафедрасының меңгерушісі, 1998 жылдан проректоры. Еуразия және Халықаралық экономика академиясының академигі. ## Сілтемелер "Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"
Исраил Сапарбай (1941 жылы 15 мамырда Өзбекстан Самарқанд облысы Кушрабад ауданында туған) — қазақ ақыны, драматург,аудармашы, сазгер. "Платина Тарланы" тәуелсіз сыйлығының лауреаты. Парасат орденінің иегері (2012). ## Толығырақ * Исраил Сапарбай 1941 жылы 15 мамырда Өзбекстан Самарқанд облысы Кушрабад ауданында дүниеге келген. Қоңырат тайпасының Маңғытай руынан шықққан. * Шымкент педогогикалық институтының филология факультетін бітірген соң бірнеше жыл «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жұмыс істеген. * 1973—1975 жылдары Алматы Жоғары партия мектебін бітірді. * 1976—1983 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент облысаралық бөлімшесінде әдеби кеңесші қызметін атқарыл, 1983 жылы «Жалын» баспасына аға редакторлыққа ауысқан. * 1984 — 1985 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде поэзия бөлімінің меңгерушісі * 1985 — 1992 жылдары «Жазушы» баспасында поэзия бөлімінің меңгерушісі, одан соң «Қазақфильм» телестудиясы бас редакторының орынбасары * 1997 — 1998 жылдары Сыртқы істер министрлігінің ТМД елдері бойынша Департаментінің I хатшысы * 1998 — 1999 жылдары Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан елшіліғінде ІІ хатшы қызметтерін атқарды. Алғаш бір топ өлеңдері 1975 жылы « Көктем тынысы» ұжымдық жинағын-да жарық көрді. Республикалық «Жалын» бәйгесінің жүлдегері. 70-ке тарта әндер мен 150-ге тарта ән мәтіндерінің авторы. «Ауылдан келген ару», «Әмір-Темір», Абай-Тоғжан», «Сығай серенадасы», «Махаббат мейрамы» пьесалары театр сахнасында қойылып жүр. ## Шығармалары Аққу арман. А., «Жалын», 1976; Раушан ғұмыр», А., «Жалын», 1978; Бозқараған. А., «Жалын», 1980; Қызыл-жасыл дүние. А., «Жалын», 1984; Жүрегіме ұя салған қарлығаш. Өлеңдер. А., «Жалын», 1986; Қызыл жел. Өлеңдер. А., «Жалын», 1998; Ғашықтың тілі. Өлеңдер, А.; Бармақтай бақ. Өлеңдер. А., «Рауан»; Махаббат пен Ғадауат. Өлеңдер. А., «Атамұра»; Тар төсекте төсіңді. А., «Дала». ## Марапатттары * Түркі поэзиясы халықаралық фестивалінің лауреаты * Қазақстан жазушылар одағы сыйлығының лауреаты * I.Жансүгіров атындағы сыйлықтың және Ж.Жабаев атындағы халықаралық сыйлығының иегері * 2008 - "Астанаға 10 жыл" медалі * 2012 - Парасат ордені * Шымкент қаласының құрметті азаматы. ## Дереккөздер
Баймахан Балғынбаев (1939 жылы туған, Шардара ауданы) – дәрігер. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған. Алматы медицина институтын (1962) бітірген. Киров ауданының орталық ауруханасында дәрігер, бөлім бастығы, бас дәрігердің орынбасары, одан соң ширек ғасыр бас дәрігері болып қызмет атқарды. '«КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі»', «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалімен марапатталған. Мақтаарал ауданының құрметті азаматы.
Жас қазақ — 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін Ақмола (қазіргі Астана) қаласында құрылған қазақ жастарының ұйымы. Мүшелерінің саны 50 адамға дейін жеткен. Төрағасы — Сәкен Сейфуллин, мүшелері қатарында Б.Әділов, Бәкен Серікбаев, Б.Айбасов, А.Асылбеков, т.б. болды. “Жас қазақ” ұйымы социал-демократиялық бағытты ұстанды. Ресейдің федеративті республика болуын жақтады. Халық ағарту жұмыстарын жүргізуді, саяси істерге белсене араласуды алдына мақсат етіп қойды. “Айна” атты журнал шығаруды қолға алды. Ұйым мүшелері 1918 жылы көктемде Сейфуллиннің “Бақыт жолында” деген пьесасын сахнаға шығарды. Одан түскен қаражат Омбыда оқып жүрген қазақ балаларына берілді. Ақмола уездік қазақ комитеті құрамына “Жас қазақ” ұйымы өз мүшелерін енгізді. 1918 жылы 5 — 13 мамырда Омбы қаласында өткен жалпықазақ жастарының съезіне “Жас қазақ” ұйымы атынан Асылбеков пен C.Садуақасұлы қатысты. “Жас қазақ” ұйымы өлкеде кеңес өкіметінің орнауын қуаттады. ## Дереккөздер
Бөрібай Сариев (1940 жылдары туған, Сарыағаш ауданы) – ғалым, биология ғылым докторы ҚазМҰУ-ды бітірген (1966). 1969 жылға дейін аспирантурада оқыды. 1971 жылға дейін Семей педогогикалық институтының оқытушысы, 1979 ¬– 85 жылдары Қазақ ғылым-зерт. институтында бөлім меңгерушісі болған. 3 ғылым кандидатын даярлаған. 65 ғылым еңбегі бар. Сіргелі тайпасының Батыр-Жайдақ руынан шыққан. ## Сілтемелер "Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"
Жас қазақ — республикалық газет. Алғашқы саны 1991 жылы 22 наурызда жарық көрді. Еліміздің саяси, әлеуметтік және рухани өміріндегі өзекті мәселелерді қозғаған газет төрт жыл бойы шығып тұрды. 2001 жылы 11 тамызда “Жас қазақтың” жалғасы ретінде “Жас қазақ үні” газеті жарық көре бастады. ## Дереккөздер
Әбдуәлі Балғынбеков (1932 жылы туған, Арыс қаласы) – Социолисттік Еңбек Ері (17.10.1985). Қоңырат тайпасының Құлшығаш руынан шыққан. 1949 – 1952 жылдары Арыс-1 станциясында вагон депосының слесарі, 1952 – 1955 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болды. 1955 – 1957 жылдары поезд құрастырушының көмекшісі, 1957 жылдан Арыс-1 станциясында поезд құрастырушы болып қызмет атқарды. 2 мәрте Ленин, «Құрмет белгісі» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. ## Сілтеме * Мы гордимся Мұрағатталған 26 ақпанның 2017 жылы.
Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев (9 сәуір 1953, Талап, Жаңақорған ауданы — 10 маусым 2023, Көкшетау) — қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері, 2020–2022 жылдары Жамбыл облысының әкімі, 2019–2020 жылдары Қазақстан премьер-министрінің орынбасары. ## Өмірбаяны Әкесі - Нәлібаев Мәшбек Сапарбайұлы, бригадир. Анасы - Нәлібаева Бибіш. Қоңырат тайпасы Жаманбай руы Қараша бұтағынан шыққан. Алматы халық шаруашылығы институтының жоспарлау экономикалық факультетін бітірген (1977), экономист. Экономика ғылымдарының докторы (1999). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Өндірістік-шаруашылық жүйедегі инвестициялық үдерістерді басқару». ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті мүшесі (1996). «Аймақтың өтпелі кезеңдегі экономикасы» (1995), «Арнаулы экономикалық аймақтар. Құру тәжірибесі» (1996), «ҚР Кеден кодексі» (2003) кітаптарының, ҚР Кеден кодексінетүсініктеменің (2005) авторы. * 1969 жылдың тамыз айынан - Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы «Задария» кеңшарынының №3 бөлімшесінде жұмысшы, әрқилы қарапайым жұмыстарды атқарушы. * 1971 жылдың мамырынан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. * 1977 жылдың тамыз-қыркүйек айларында - Мемеңбек жинақ кассасының Қазақ республикалық басқармасында тексеруші. * 1977 жылдың қазан айынан - ҚазКСР Қаржы министрлігінің Мәдениетті және денсаулық сақтауды қаржыландыру басқармасында экономист, 1978 жылдың қазан айынан - аға экономист, * 1983 жылдың мамыр айынан -жетекші экономист, * 1985 жылдың шілде айынан - бас экономист, * 1986 жылдың наурыз айынан - бөлім бастығының орынбасары. * 1988 жылдан - ҚазКСР Халыққа білім беру министрлігі жоспарлау-қаржы басқармасының бастығы. * 1990 жылдан - ҚР Білім министрінің орынбасары. * 1994 жылдан - ҚР Президенті және ҚР Министрлер кабинеті Аппаратының қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Бесарык Министрлер кабинетінің Істер басқармасы қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі. * 1995 жылдың наурыз айынан - ҚР Министрлер кабинеті Аппаратының жетекшісі. * 1995 жылдың қыркүйек айынан - Қызылорда облысының әкімі. * 1999 жылдан - Түркістан облысының әкімі. * 2002 жылдан - ҚР Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы. * 2004 жылдан - қаржы вице-министрі - ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің төрағасы. * 2006 жылдан - ҚР Премьер-министр кеңсесі жетекшісінің орынбасары - ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкіметтің өкілі. * 2007 жылдан - ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. * 2009 жылдан 2014 жыл қарашасына дейін - Шығыс Қазақстан облысының әкімі. * 2011 жылдан - Қазақстан премьер-министрінің орынбасары. * 2015 жылдың 11 қыркүйегінен - Ақтөбе облысының әкімі. * 2019 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалды. * 2019 жылғы 20 тамызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды. * Ол 2023 жылы 10 маусымда таңертең 70 жасында қайтыс болды. * Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және еліміздің басқа да көрнекті қайраткерлері көңіл айтты. * Қазақстанның көрнекті мемлекет және саяси қайраткерімен қоштасу Алматыда 11 маусым күні сағат 10:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді. ## Марапаттары * «Құрмет» (1999) ордені * «Парасат» (2007) ордені ## Отбасы Үйленген. Жұбайы - Сапарбаева Қалдығайша Зейноллақызы (1955 ж.т.). Қызы - Сапарбаева Ақбота Бердібекқызы (1978 ж.т.); ұлдары - Сапарбаев БауыржанБердібекұлы (1983-2002), Сапарбаев Жансұлтан Бердібекұлы (1991 ж.т.). ## Дереккөздер Үлгі:Асқар Маминның министрлер кабинеті
Ерген Сартаев (1947 жылы туған, Қазығұрт ауданы, Тесіктөбе ауылы) – ауыл шаруашылығы маманы. Сіргелі тайпасының Батыр-Жайдақ руынан шыққан. * Алматы ауыл шаруашылық институтын бітірген (1967). * Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында ғылым қызметкер. 1979 жылдан мал азығын дайындау жөнінде шет ел мамандарымен тұрақты ғылым мақсаттағы кездесулерге қатынасып келеді. * Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері (1987). ## Дереккөздер
Жасқайрат — Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы ауыл, Ойыл ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Миялы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 20 км жерде, Тайсойған құмынан ағып өтетін Ойыл өзенінің жайылмасы бойындағы ұсақ көлдердің солтүстік жағасында, шөлейт белдемде орналасқан. Тұрғындары аудан орталығымен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Тарихы Іргесі 1930 жылдардың бас кезінде ауыл шаруашылығын ұйымдастыруға байланысты қаланған. 1963 жылы ұсақ ұжымшарлар негізінде құрылған “Қызылту” қаракөл қой кеңшарының орталығына айналды. Оның негізінде 1998 жылдан “Жасқайрат” акционерлік қоғамы, 4 шаруа қожалықтары жұмыс істейді. ## Халқы 1989 жылы елді мекенде 1722 адам тұрған. 1999 жылы тұрғындар саны 1937 адам (979 ер адам және 958 әйел адам) болса, 2009 жылы 2135 адамды (1119 ер адам және 1016 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 2137 адамды (1131 ер адам және 1006 әйел адам) құрады. ## Әлеуметтік және мәдени нысандары * Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп — 1928 жылы Жасқайрат ауылының Орлыкөл елді мекенінде төрт сыныптық болып ашылған. 1933 жылы Орлыкөл орта мектебі салынып, төртжылдық мектеп болып құрылған. 1952 жылы Жасқайрат орталығында үш мектеп біріктіріліп, Орлыкөл жеті жылдық мектебі болып құрылды. 1959 жылы жаңа он екі бөлмелі мектеп салынды. 1959-1960 оқу жылы орта мектеп болып құрылды. Мектепте қазіргі Жангелдин, Комсомол, Тасшағыл, Қарабау елді мекендерінің балалары жинақталып оқытылған. 1977 жылы 8 маусымда Қазақ ССР Министрлер Советінің №292 қаулысы бойынша мектепке «Даңқ» орденінің толық кавалері Шүкір Таңатарұлы Еркіновтың есімі берілді. 1980 жылы жаңа типті 2 қатарлы мектеп салынып берілді. * «Өрімтал» бөбекжай-балабақшасы * Дәрігерлік амбулатория * «Шалқыма» мәдениет үйі ## Елді мекендегі көшелер * Базарбай Стамғазиев көшесі * Бағытжан Қасаев көшесі * Досымбай Кеңесов көшесі * Қамиса Қарасартова көшесі * Мырзақұл Сартов көшесі * Сәуірбай Қалекенов көшесі * Сисенғали Құлтаев көшесі * Тәуелсіздік көшесі * Тілеген Қайырбаев көшесі * Халел Досмұхамедов көшесі * Шүкір Еркінов көшесі * Ығылман Шөреков көшесі ## Ауыл көріністері ## Дереккөздер
Абдулла Сапарбаев (21.5. 1949 жылдары туған, Қазығұрт ауданы Көктөбе ауылы ) – ғалым, химия ғылым докторы (1997), профессор (1997). Еңбек жолын Шыршық трансформатор завотында слесарь болып бастаған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1972). 1972 – 93 жылдары Қазақ көкөніс шаруашылық ғылым-зерт. институтында қызмет атқарды. 1993 – 97 жылдары ин-т директорының орынбасары. 1994 – 97 жылдары Алматы қаласының «Көгалдандыру» акционерлік қоғамының «Гүлдер участогінде» ашық және жылыжай алаңының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының топырақтану институтында жетекші ғылым қызметкер. 1998 жылдан Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орт-ның егіншілік, агрохимия, су, орман шаруашылық және агроэкология бөлімінде акад.-хатшы. 100-ден аса ғылыми еңбектері бар. Докторлық диссертация қорғайтын мамандандырылған кеңестің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары аттестация комитетінің «Ауыл шаруашылығы мен ветеринария» саласындағы кеңесінің сарапшы мүшесі, ғылым-хатшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық аграрлық орт-ның «Жаршы» және «Вестник» ғылым-теориялық журналдарының редакция алқасының мүшесі. ## Сілтемелер "Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"
ВЕРДЕН ШАРТЫ — Франктер мемлекетінің үшке бөлінуі жөніндегі келісім. 843 ж. император Ұлы Карлдың үш немересі (Лотарь,Людовик, Карл) Верден (Verdun) қ-нда империяны бөлісу жөнінде өзара шарт жасасты. Лотарь өзіне император атағын сақтай отырып,Италияға және Рейн мен Рона өзендеріне дейінгі жерлерге ие болды. Людовик Рейннің шығыс жағалауындағы жерлерге билік жүргізіп,Шығыс Франк корольдігін құрды.Карл Рейн өз-нің батыс жағына қожалық етіп, Батыс Франк корольдігінің негізін қалады. Франктер империясының В. ш. бойынша бөлінуі БатысЕуропадағы 3 ірі халықтың (француз, неміс,итальян) табиғи шекараларына сәйкес келгендіктен, қазіргі Германия,Франция,Италия мемлекеттерінің негізі қаланды. ## Дереккөздер
Тебегенов Сұлтанбек (1956 жылы туылғае, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Мырзабай ахун ауылы) – ғалым, тех. ғыл. докт., проф. Жамбыл гидромелиорац.-құрылыс ин-тын бітірген (1980). 1980–2003 ж. Қызылорда пед. ин-тында (Қорқыт ата атынд. Қызылорда мемл. ун-ті) оқытушы, кафедра меңгерушісі, ф-т деканы қызметтерін атқарған. 2003 жылдан «Қызылорда су шаруашылығы» мемл. кәсіпорнының директоры. Ғыл. еңбектері Арал-Сырдария аймағы су қорларын болжау әдістері және өзен алаптарындағы геоэкология. жүйелерін ескеріп, су қорларын тиімді пайдалану іс-шараларына арналған. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Ерғали Сарманов (4.5.1956 жылдары туған, Түлкібас ауданы Машат ауылы ) – ұстаз. Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты (1999 – 2004). Шымкент педогогикалық институтын (1977), Ванновка гидромелиоративтік техникумын бітірген (1984). 1977 – 80 жылдары Сайрам ауданы 29 орта мектебінің мұғалімі, 1980 жылдары «Қайнарбұлақ» ұжымшарының комсомол комитетінің хатшысы, 1982 – 85 жылдары облыстық комсомол комитетінің нұсқаушысы, сектор меңгерушісі, Сайрам ауданында 1985 – 89 жылдары ғ18, 1990 – 94 жылдары ғ19 орта мектептерінің директоры, 1994 жылдары Қайнарбұлақ ауылының әкімі, 1994 – 99 жылдары Сайрам ауданы Білім беру бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. ## Сілтемелер "Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"
Тұздыкөл шипалы балшығы ,Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында, Қарқаралы қаласының солтүстік-шығысында 45 км жерде. Көлдің ұзындығы 1 км, ені 250 м шамасында. Күкірті сутек иісі бар сұрғылт балшық тұздың қалың қабаты астына тұнған. Лайы адам денесіне жақсы жабысады, оңай жуылады. Емдік мақсатта ерте кезден бері қолданылуда. Тұздыкөл балшығы ревматизмдік полиартритті, полиневритті, невралгияны, түрлі қабыну процестерін, т.б. емдеуге қолданылады. ## Сілтемелер * Ревматизм * Қарағанды облысы * Қарқаралы қаласы ## Дереккөздер
Юрий Николаевич Пак (1942 жылы туған) – техника ғылымының докторы (1989), профессор (1991). * 1967 ж. Томск политехникалық институтын бітірген. * 1967–1972 ж. Қарағанды базалық изотоп лабораториясында инженер, аға инженер, жетекші конструктор * 1975–1994 ж.қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде аға ғылым қызметкер, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі болған. * 1994 ж. сол университетте оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор қызметін атқарады.. ## Ғылыми еңбектер 200-ден астам ғылыми жарияланым мен 5 монографияның авторы. ## Дереккөздер
Жаппар Балқыбеков (15 шілде 1939 – 6 наурыз 1999, Қазығұрт ауданы, Қызыл дала ауылы) — белгілі шопан, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1975), Мемлекеттік сыйлық лауреаты. Еңбек жолын 1954 жылы көмекші шопан болып бастады. 1960 жылдан өмірінің соңына дейін «Күйік» кеңшарында шопан болып еңбек етті. 1970 жылы қарамағындағы әр жүз саулықтан 170, 1977 жылы 175-тен қозы алған. ## Дереккөздер
Балтакөл — Түркістан облысы Отырар ауданындағы ауыл, Балтакөл ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Шәуілдір ауылынан солтүстік-батысқа қарай 100 км-дей жерде, Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы 1964 жылдан қаракөл қойын өсіретін «Балтакөл» кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде Балтакөлде және округке қарасты Көлқұдық ауылында шаруа қожалықтары құрылды. ## Инфрақұрылымы Балтакөлде орта мектеп, кітапхана, балабақша, емхана, т.б. мекемелер бар.. ## Дереккөздер
Төленов Маккам (28 Тамыз 1933 жылы туған, Түркістан облысы Төле би ауданы Георгиевка (қазіргі Көксаяқ) ауылы) – медицина ғылымының докторы (1980), профессор (1991). ## Қысқаша өмірбаяны: 1955 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық мединалық университеті) бітірген. 1955–1957 жылдары ауруханада дәрігер. 1957–1959 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтында ординатор. 1959–1976 жылдары Хирургия институтында ғылыми қызметкер.1976–1981 жылдары КСРО Медициналық ғылымдар академиясында бөлім меңгерушісі.1981–1996 жылдары Қазақ кардиология ғылыми-зерттеу институтында директордың орынбасары.1996 жылдан бөлім меңгерушісі қызметін атқарады. 150-ден астам ғылыми жарияланым мен 1 монографияның авторы. ## Дереккөздер:
Тоқтас, Тоқташ – Шу алабындағы өзен. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Меркі, Шу аудандары жерімен ағады. ## Бастауы Қырғыз Алатауының мұздықтарынан бастау алады. Қырғызстанда Шоққайыңды, Қарабалта деп аталады. Төменде Тасөткел бөгеніне құяды. ## Гидрологиясы Өзеннің жалпы ұзындығы 115 км, Қазақстан аумығындағы ұзындығы 32 км, су жиналатын алабының аумағы 660 км2. Жоғарғы және орталық арнасы тік жарқабақты, терең шатқалдардан тұрады. Тау алды жазығына (Шу аңғарына) шыққаннан кейін аңғары кеңейеді. Қар, мұздық, жер асты суларымен толығады. Желтоқсан – ақпан айларында суы қатады. Өзен жағалауы шабындық. Суы аудан шаруашылықтарының егістігіне пайдаланылады. ## Дереккөздер
Нұрғали Сарыбеков (1934, Түркістан облысы Түлкібас ауданы Жыланды ауылы) – ғалым, ұстаз, педагогика ғылымының докторы (1994), профессор (1996), Халықаралық акмеология академиясының академигі 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің география факультетін бітірген. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. * 1956 – 62 жылы мектеп мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі; * 1963 – 66 жылы аспирант; * 1966 – 68 жылы Жамбыл гидромелиорологиялық техникумының оқытушысы; * 1968 жылы Жамбыл педагогика институтында кафедра меңгерушісі, декан болған. * 9 ғылым кандидатын дайындап шығарған. 360 ғылыми мақалалары, 6 монографиясы жарық көрген. ## Дереккөздер
Қаныбек Қасымханұлы Сарыбаев (13.03.1938, Түркістан облысы Түркістан ауданы Күш-Ата ауылы - 2002) — ақын. ## Өмірбаяны Қаныбек Сарыбаев 1938 жылы 13 наурызда Түркістан қаласында дүниеге келген. 1956 жылы кешкі мектепті бітірді. Еңбекке ерте араласты. Кентау, Арыс, Түркістан қалаларындағы аудандық, қалалық газеттер редакцияларында аудармашы, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарды.Өндірістен қол үзбей оқып, 1963 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін тамамдады. Өлеңдері он бес жаснан бастап баспасөзде жарияланып келеді. 1986 жылдан КСРО және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. 1958 жылдан қашан тарап кеткенше КОКП қатарында болған.Ащысай руднигі комсомол комитетінің хатшысы, Фариш аудандық (Өзбекстан) партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы болғаны бар.Екі дүркін: 1967 жылы драмадан, 1987 жылы поэзиядан Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің лауреаты атанды. В.И. Лениннің 100 жылдығына орай «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Отырар ауданының және Түркістан қаласының Құрметті азаматы.Он алты жыл Отырар ауданында автоклубты және ақындар мектебін басқарды. Сарыбаев Қаныбек 2002 жылдың 12 қазанында өмірден озды. ## Шәкірттері Тәушен әбуованы, Жәкен Омаровты, Бекарыс Шойбековты, Айгүл Асаеованы, Маржан Есжанованы, Мақсат Айтжановты айтыс әлеміне алып келген - осы Қаныбек Сарыбаев. Өзі де – белгілі айтыскер ақын.Үйлі-баранды: төрт ұл, төрт қыздың әкесі, немерелерінің атасы. ## Шығармашылығы Оның «Тұңғыш кітап», «Отырар оттары», «Сезімдер сарайынан репортаж», деген кітаптары мен «Қазақия», «Меккеге тете мекенім» жыр жинақтары бар. Туркияның Анкара қаласында «Отан » деп аталатын тағы бір кітабы жарық көрген. ## Сілтемелер "Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"
Тоғай – шөл және шөлейт аймақтардың жайылма сулы өзен алаптарында өсетін орман. Орталық Азияның Сырдария мен Әмудария, Мургаб, Зерафшан, Вахш, Шу-Іле т.б. өзендер бойында, аралдарда кездеседі. Тоғайдың топырағы хлорлы-сульфатты, тұзды болады. Су жайылған кезде (жылына екі рет) тұнба топырақпен жаңарып отырады. Тоғайда негізінен жиде, тал, шырғанақ, терек, шаған сияқты ағаш түрлері, бұта, аласа бұта түрлері, шөптесін өсімдіктерден эриантус, қамыс, құрақ, қоға, мия, т.б. өседі. Шу-Іле өзендер алабындағы тоғайларда қайың, тал, долана, терек, тамыратпалы ағаштар кездеседі. Тоғай ландшафтары кейде грунт суына жақын төм. жайылма үстіндегі террасаларға да тарайды. Жайылмаларды шаруашылыққа және өзен суларын егістікке пайдаланудан көптеген өзендердің алаптарында тоғайлар азайған. Тоғайларды жабайы шошқа, тоғай бұғысы, шиебөрілер, қамыс мысықтары, т.б. жабайы аңдар мен құстар мекендейді. Tоғай ағашы құрылыс материалы және отын ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер