text
stringlengths
3
252k
Сарыбұлақ — Жетісу облысы Қаратал ауданы, Елтай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Үштөбе қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 19 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Алмалы — Жетісу облысы Қаратал ауданындағы ауыл, Бәйшегір ауылдық округі орталығы. 1977 жылы іргесі қаланған ауылға сол жылдары 11 га аумаққа алма бағы егіліп, мол өнім алынып отырған. Ауыл атауы осыдан алынған. 1990 жылдары "Жәлменді би" деп аталды. 25.10.2011 жылы аудандық ономастика кеңесінің №2 ұйғарымымен Алмалы ауылы болып қайта бекітілген. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Үштөбе қаласынан солтүстік-батысқа қарай 127 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қайнар — Жетісу облысы Қаратал ауданы, Ескелді ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Үштөбе қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 9 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Кіші Төбе — Жетісу облысы Қаратал ауданы, Бастөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Үштөбе қаласынан солтүстік-батысқа қарай 10 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ойсаз (2017 жылға дейін — Опытное) — Жетісу облысы Қаратал ауданы, Үштөбе қалалық әкімдігі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Үштөбе қаласының оңтүстік-батысқа іргесінде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ардолайты — Алматы облысы Ұйғыр ауданы, Дардамты ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Шонжы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 42 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ават — Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы ауыл, Ават ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Шонжы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 21 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Көкдала (2007 жылға дейін — Достижение) — Жетісу облысы Қаратал ауданы, Ескелді ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Үштөбе қаласынан шығысқа қарай 11 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Дардамты ауылдық округі — Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ардолайты, Дардамты, Добын, Сұңқар ауылдары кіреді. Орталығы – Дардамты ауылы. ## Дереккөздер
Сұңқар — Алматы облысы Ұйғыр ауданы, Дардамты ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Шонжы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 56 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Дардамты — Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы ауыл, Дардамты ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Шонжы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 48 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қызылбалық ауылдық округі — Жетісу облысы Қаратал ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Көпбірлік, Қарақұм ауылдары кіреді. Орталығы – Көпбірлік ауылы. ## Дереккөздер
Добын — Алматы облысы Ұйғыр ауданы, Дардамты ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Шонжы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ақсу ауылдық округі — Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Долайты, Кіші Ақсу, Үлкен Ақсу ауылдары кіреді. Орталығы - Үлкен Ақсу ауылы. ## Дереккөздер
Кіші Ақсу — Алматы облысы Ұйғыр ауданы, Ақсу ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Шонжы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 21 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Кепебұлақ (2007 жылға дейін — Бөдеті) — Алматы облысы Ұйғыр ауданы, Кетпен ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Шонжы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 77 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Долайты — Алматы облысы Ұйғыр ауданы, Ақсу ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Шонжы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 21 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қарақұм — Жетісу облысы Қаратал ауданы, Қызылбалық ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Үштөбе қаласынан солтүстік-батысқа қарай 157 км-дей жерде. Балқаш көлінің солтүстік жағасында орналасқан балықшылар ауылы. Тастауыт жердің құмы қара қоңыр тартқандықтан ауыл осылайша аталса керек. 60-жылдары мұнда «Алғазы балық» артелі, бертінде «Алғазы заводы», қазіргі таңда «Алғазы балық» компаниясы (ЖШС) орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Кетпен ауылдық округі — Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Кетпен, Кепебұлақ ауылдары кіреді. Орталығы – Кетпен ауылы. ## Дереккөздер
Кіші Диқан ауылдық округі — Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Кіші Диқан, Үлкен Диқан ауылдары кіреді. Орталығы - Кіші Диқан ауылы. ## Дереккөздер
Рахат — Алматы облысы Ұйғыр ауданы, Қырғызсай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Шонжы ауылынан солтүстікке қарай 22 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қырғызсай ауылдық округі — Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Қырғызсай, Рахат ауылдары кіреді. Орталығы - Қырғызсай ауылы. ## Дереккөздер
Бахар ауылдық округі — Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Бахар, Шырын ауылдары кіреді. Орталығы – Бахар ауылы. ## Дереккөздер
Еңбек — Жетісу облысы Талдықорған қалалық әкімдігіне қарасты Өтенай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Облыс орталығы – Талдықорған қаласынан батысқа қарай 8 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Тегермен ауылдық округі — Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Тегермен, Ұзынтам ауылдары кіреді. Орталығы - Тегермен ауылы. ## Дереккөздер
Мойнақ (2006 жылға дейін – Заречный) — Жетісу облысы Талдықорған қалалық әкімдігіне қарасты Өтенай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Облыс орталығы – Талдықорған қаласынан батысқа қарай 17 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Еркін — Жетісу облысы Талдықорған қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Еркін ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Облыс орталығы – Талдықорған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 5 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Пригородное — Жетісу облысы Талдықорған қалалық әкімдігіне қарасты Өтенай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Облыс орталығы – Талдықорған қаласынан оңтүстікке қарай 3 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қалжат ауылдық округі — Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына кіретін жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы - Қалжат ауылы. ## Дереккөздер
Талдықорған қалалық әкімдігі — Жетісу облысындағы әкімшілік бірлік. ## Географиялық орны Оңтүстігі мен шығысында Ескелді ауданымен шектессе, солтүстігінде Қаратал ауданымен шектеседі. ## Әкімшілік құрамы Қарамағындағы 7 елді мекен Еркін және Өтенай ауылдық округтеріне біріктірілген. Орталығы - Талдықорған қаласы. ## Дереккөздер
Ынтымақ — Жетісу облысы Талдықорған қалалық әкімдігіне қарасты Өтенай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Облыс орталығы – Талдықорған қаласынан батысқа қарай 7 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Еркін ауылдық округі — Жетісу облысы Талдықорған қалалық әкімдігіне қарасты әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Еркін, №3-бөлімше ауылдары кіреді. Орталығы – Еркін ауылы. Округ құрамында болған 5-бөлімше, ЗВТ учаскесі ауылдары 2009 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Заречный ауылдық округі — Алматы облысы Қонаев қалалық әкімдігіне қарасты таратылған әкімшілік бірлік. 2023 жылы елді мекендері Жетіген ауылының құрамына енгізілді. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Арна, Заречное ауылдары кірді. Орталығы – Заречное ауылы болды. ## Дереккөздер
Бір өркешті түйе, аруана, дромедар (лат. Camelus dromedarius) – сірітабандылар отрядының түйелер тұқымдасына жатады. Денесінің ұзындығы 3 – 3,5 м-дей, биіктігі 2 – 2,5 м. Жон арқасында бір ғана өркеші болады, жүні қысқа және ашық қоңырқай түсті. Салм. 450 – 650 кг. Алдыңғы аяқтарының табаны тұтасып кеткен. Құйрығы біршама ұзын. Мойны иіліп келген, көздері үлкен, қабақтары қалың, құлақтары шағын. Танау тесігі саңылау пішінді. Үстіңгі ерні екі айырланып келген. Б. ө. т. құрғақшылыққа, ыстыққа өте төзімді жануар, бірақ қатты суыққа шыдамсыз. Жақсы жүгіреді. Сондықтан араб елдерінде Б. ө. т-ні дәстүрлі түйе жарыстарына қосады. Оларды шудасы, сүті, дәмді еті үшін өсіреді әрі шөл дала үшін теңдесі жоқ көлік ретінде пайдаланады. Терісінен түрлі бұйымдар жасалады. Б. ө. т-ні кейде сыңар өркешті түйе деп те атайды. ## Тағы қараңыз * Аруана ## Дереккөздер
Қонаев қалалық әкімдігі — Алматы облысындағы әкімшілік бірлік. ## Географиялық орны Оңтүстігінде Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарымен және Алатау қаласымен, солтүстігінде Жетісу облысының Кербұлақ ауданымен, батысында Іле ауданымен шектеседі. ## Тарихы Алматы облысы мәслихатының 1998 жылғы 14 мамырдағы N 5-170 шешімі және Алматы облыстық әкiмiнің 1998 жылғы 17 сәуірдегі N 20-157 шешімімен: * Облыстық мәнi бар Қапшағай қаласына жалпы ауданы 331113 га жер учаскелерi, соның iшiнде Iле ауданының жерiнен 16566 га, Талғар ауданынан 178610 га, Еңбекшiқазақ ауданынан 131157 га және Кербұлақ ауданынан 4780 га жер берілді * Талғар ауданындағы Шеңгелдi ауылдық округінің Шеңгелдi, Ақөзек, Сарыбұлақ, Кербұлақ, Қосқұдық елдi мекендерi, Тасқұм, Құлантөбе, Бөктер разъездерi және Iле ауданындағы Жетiген ауылдық округінің Арна ауылы Қапшағай қаласының әкiмшiлiк бағыныстылығына берілді. Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 411 бірлескен қаулысы және Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 9-54 шешімімен Заречный ауылдық округі және Арна, Заречный ауылдары Іле ауданы Жетіген ауылдық округінің құрамына енгізіле отырып, таратылды. ## Әкімшілік бөлінісі Әкімдікке қарасты 9 елді мекен Шеңгелді ауылдық округіне біріктірілген. Орталығы - Қонаев қаласы. ## Халқы ## Дереккөздер
Арна — Алматы облысы Қонаев қалалық әкімдігіне қарасты Заречное ауылдық округі құрамында болған ауыл. 2023 жылы таратылып, Жетіген ауылының құрамына енгізілді. ## Географиялық орны Қонаев қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Бірсуат ауылдық округі — Ақмола облысы Аршалы ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Байдалы, Бірсуат ауылдары кіреді. Орталығы - Бірсуат ауылы. Округ құрамында болған Шалғай ауылы 2009 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Бұлақсай ауылдық округі — Ақмола облысы Аршалы ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ақжар, Бұлақсай, Қостомар ауылдары кіреді. Орталығы - Бұлақсай ауылы. ## Тарихы Округ құрамында болған Ақжар ауылы 2001 жылы таратылды. 2007 жылы Нововладимировка ауылдық округі Бұлақсай ауылдық округі деп өзгертілді. ## Дереккөздер
Константинов ауылдық округі — Ақмола облысы Аршалы ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Белоярка, Константиновка, Шортанды ауылдары кіреді. Орталығы – Константиновка ауылы. Округ құрамында болған Сейтен ауылы 2004 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Елтоқ ауылдық округі — Ақмола облысы Аршалы ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Елтоқ, Қойкелдi ауылдары, №42-темір жол айрығы кіреді. Орталығы - Елтоқ ауылы. ## Тарихы 2000 жылы Волгодонов ауылдық округінен Вячеслав ауылдық округі бөлініп шықты. 2013 жылы Береке ауылы таратылды. 2023 жылы Волгодонов ауылдық округі Елтоқ ауылдық округі болып өзгертілді. ## Дереккөздер
Түрген ауылдық округі — Ақмола облысы Аршалы ауданындағы әкімшілік бірлік. 2007 жылға дейін Красноозёрный ауылдық округі деп аталды. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Красное Озеро, Родники, Түрген ауылдары кіреді. Орталығы - Түрген ауылы. ## Дереккөздер
Жібек жолы ауылдық округі — Ақмола облысы Аршалы ауданындағы әкімшілік бірлік. 2007 жылға дейін Александров ауылдық округі деп аталды. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Жалтыркөл, Жібек жолы ауылдары, №41 және №102-ші темір жол айрықтары кіреді. Орталығы - Жібек жолы ауылы. ## Дереккөздер
Медине, Мәдине (араб.: المدينة المنورة‎ — мәдинәт ән-нәби-пайғамбар қаласы) — мұсылмандардың қасиетті қаласы. Сауд Арабиясындағы Иасриб қаласы 622 ж. Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) көшіп барғаннан кейін Медине деп аталды. Қаланы ансарлар аталған (қолдаушылар) аус және хазраж тайпалары мекендеген. Олар Меккеден қоныс аударған мұсылмандарға көмек көрсетіп, Мұхаммедтің (ғ.с) пайғамбарлығын мойындап, алғашқылардың бірі болып ислам дінін қабылдады. Мұнда алғашқы мешіт салынды, Құран Кәрім аяттарының біршамасы осында түсірілді. Мединеде алғашқы жұма намазы оқылып, жалпы мұсылмандарға парыз етілді, исламдағы дәрет алу, намаз, ораза, азан, тағыда басқа парыз болған әдет-ғұрыптардың орындалу дәстүрі бекіді. Медине қаласында мұсылмандар қауымы (үмбет) нығайып, қалыптасты. Оның бір көрінісі мединелік кезеңде мұсылмандар Бадр шайқасында жеңіске жетті. Сондай-ақ 625 ж. меккеліктер Медине қаласына жақын келіп, Ухуд тауының түбінде шайқасты. Мұсылмандар үлкен шығынға ұшырағанымен, меккеліктер жеңіліп, кері шегінді. Келесі жылы болған Мединеге шабуыл да қоныс орнының шебінде тойтарылды. Мединеде Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) жерленген. Мұнда қажылық парызын орындаған мұсылмандар зиярат етеді. Медине алғашқыда тас қорғанмен қоршалған, төрт қақпасы бар бекіністі қала болды. 632 — 656 ж. Араб халифатының астанасы, 10 ғасырдан Мысырда билік құрған әулеттерге тәуелді, ал түріктер Мысырды жаулап алғаннан кейін (1517) және 1919 жылға дейін Осман империясының құрамында болды. 1919 — 1924 ж. Хиджаз корольдігінің, 1924 жылдан Сауд Арабиясының құрамына кірді. Қала орталығындағы Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) үйінің орнына 656 ж. үлкен мешіт салынған (бірнеше рет қайта салынды, қазіргі нұсқасы 1853 — 1854 жылдары тұрғызылған). ## Дереккөздер
Михайлов ауылдық округі — Ақмола облысы Аршалы ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Михайловка, Николаевка, Ольгинка ауылдары кіреді. Орталығы - Михайловка ауылы. ## Дереккөздер
Түрген ауылдық округі — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Таутүрген, Түрген ауылдары кіреді. Орталығы – Түрген ауылы. ## Дереккөздер
Сарыоба ауылдық округі — Ақмола облысы Аршалы ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Сарыоба ауылы, Сарыоба темір жол бекеті кіреді. Орталығы - Сарыоба темір жол бекеті. Округ құрамында болған Владимировка ауылы 2009 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Қызылжар ауылдық округі — Ақмола облысы Астрахан ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Акимовка, Жаңатұрмыс, Оксановка ауылдары кіреді. Орталығы - Жаңатұрмыс ауылы. ## Дереккөздер
Николаев ауылдық округі — Ақмола облысы Астрахан ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Жамбыл, Өрнек, Петровка ауылдары кіреді. Орталығы – Петровка ауылы. ## Дереккөздер
Константинов ауылдық округі — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы әкімшілік бірлік. 2018 жылы құрамына Төменгі бұрлық ауылдық округінен 1 елді мекен қосылды. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Константиновка, Ақанбұрлық, Ақшоқы, Красново, Құсбек, Матвеевка ауылдары кіреді.Орталығы – Константиновка ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2677 адамды құрайды. ## Дереккөздер
Қалқұтан ауылдық округі — Ақмола облысы Астрахан ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Бірлік, Қалқұтан ауылдары кіреді. Орталығы – Қалқұтан ауылы. Округ құрамында болған №90 темір жол айрығы 2009 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Каменка ауылдық округі – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Каменка, Тройницкое ауылдары кіреді. Орталығы – Каменка ауылы. ## Дереккөздер
Каменка ауылдық әкімдігі — Ақмола облысы Астрахан ауданындағы әкімшілік бірлік. 2013 жылға дейін Каменка ауылдық округі деп аталған. ## Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Каменка ауылы. ## Дереккөздер
Ұзынкөл ауылдық округі — Ақмола облысы Астрахан ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Алғабас, Бұлақты, Ұзынкөл ауылдары кіреді. Орталығы – Ұзынкөл ауылы. ## Тарихы 2009 жылы Қайнар ауылдық округі құрамында болған Луговое, Қаратүбек ауылдарымен бірге таратылып, орталығы Қайнар ауылы Ұзынкөл ауылдық округіне берілді. 2014 жылы Қайнар ауылы таратылды. ## Дереккөздер
Лохливен қамалы (ағылш. Lochleven Castle) — Перт-энд-Кинросс облысындағы Кинросс қаласына жақын Лох-Ливен көліндегі Кастл аралда орналасқан қираған қамал. ## Тарихы Кейбір деректерге сүйенсек, қамал 1300 жылы Шотландия тәуелсіздігі үшін алғашқы соғыс кезінде салынды. XIV ғасырдың екінші жартысында Дуглас графы бұл қамалдың иегері атанып, 300 жылдай қамал осы рудың қолында болды. 1567—1568 ж. қамалда Шотландия патшайымы Мария Стюарт қамауда болған. 1675 жылы қамалды архитектор Уильям Брюс сатып алыды. Осы уақыттан бастап қамал тұрғын үй ретінде пайдаланылмады. ## Тағы қараңыз * Шотландия қамалдарының тізімі
Острогор ауылдық округі — Ақмола облысы Астрахан ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Жаңа Қалқұтан, Қаракөл ауылдары кіреді. Орталығы – Жаңа Қалқұтан ауылы. ## Дереккөздер
Новочеркасск ауылдық округі — Ақмола облысы Астрахан ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Новочеркасское, Өндіріс, Приишимка ауылдары кіреді. Орталығы – Новочеркасское ауылы. ## Дереккөздер
Гауһартас — 1975 жылы "Қазақфильм" студиясы түсірген көркем фильм. Бүкілодақтық тұсаукесері 1977 жылы Мәскеуде өтті. Сценариі Дулат Исабековтың әңгімесінің желісімен жазылды. Режиссері — Шәріп Бейсембаев. ## Сюжеті Қарапайым шаруа шаңырағына бойжеткен Салтанат келін болып түседі. Шаруаның үлкен ұлы, белді шопан Тастанның жары атанған Салтанат жүрегі мейірімге толы жан. Салтанат келін болғалы бері, ол шаңыраққа мейірім мен жылулық сәулесі төгіледі. Салтанаттың жібек мінезіне ата-енесі де дән риза болады. Қайыркен де жеңгесіне еркелеп, онымен жақсы дос болады. Тек мінезі ауыр Тастан ғана Салтанатқа қатаң қарайды. Ер-азаматының мейіріміне бөлене алмаған Салтанат ауыр дертке шалдығады. ## Қызық фактілер * «Гауһартас» және «Салтанаттың әні» атты әндерді әнші Сажида Ахметова орындаған. * Фильмнің режиссері — Шәріп Бейсембаев Салтанат келіннің бейнесін сомдайтын актриса іздеу мақсатында үлкен кинобайқау ұйымдастырады. Іріктеуге бағын сынау мақсатымен оныншы сынып оқушысы Жанна Қуанышева келеді. Сол шақта жас актриса Болат Мансұровтың «Махаббат туралы өсиет» фильміне түсіп үлгерген. Кинобайқаудан өткен ол бірден басты рөлге бекітіледі. Алайда, Жанна Қуанышева басты бұл рөлге келіспеген. Себебі, мектеп бітіру сынақтарын тапсырып, жоғары оқу орнына түсу емтиханына дайындалу керек болатын. Бірақ, балғын қызға фильм режиссерлерінің ассистенттері қайта-қайта хабарласып, өтініш айтады. Өтінішті табан астына қалдырмаған Жанна Қуанышева қазақ келінінің бейнсін тамаша сомдап береді. * Режиссер басты кейіпкер Тастан бейнесін сомдайтын актерді ұзақ іздейді. Іріктеуге келген актерлердің ешбірі режиссер көңілінен шықпаған. Күндердің күнінде түсіру алаңына Әнуар Боранбаев келеді де, іздегенін тапқандай болған Шәріп Бейсембаев бірден Әнуар Боранбаевқа киноға түсу туралы ұсынысын айтып, басты рөлге бекітеді. ## Рөлдерде * Салтанат — Жанна Қуанышева * Тастан — Әнуар Боранбаев * Қайыркен — Сапарғали Жәкішев * Тастанның анасы — Әмина Өмірзақова * Тастанның әкесі — Кәукен Кенжетаев * Әскербек — Досхан Жолжақсынов * Раушан — Гүлзия Белбаева * Айша — Лидия Ашрапова * Қауен — Кененбай Қожабеков * Парторг — Бәйтен Омаров ## Дереккөздер
«Менің атым Қожа» — 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы түсірген балалар фильмі. Режиссері — Абдолла Қарсақбаев. Сценариі Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" повесінің желісімен жазылды. ## Сюжеті Фильмге өткен ғасырдың елуінші жылдарындағы қазақ ауылының өмірі арқау болған. Басты кейіпкері Қожа ақылды, сонымен бірге бұзық, әкесіз өскен бала. Фильм барысында ол көп нәрсеге ұрынады. Ғашық та болады, төбелеседі де, бұзықтық та жасайды, сабақтан да қуылады, жиналыста тәртібі де қаралады, мектептен қуылуға шақ қалады. Ол тәртіпсіздіктерге кейде саналы түрде, кейде білместікпен барады. Дегенмен ол оншалық ессіз бала емес. Сондықтан болар, осы күнге дейін жұртшылықтың сүйікті кейіпкері саналады. Фильмде қазақы ауылдағы аналық, әжелік мейірімді, пионерлер өмірін, сол заманғы қоғамдық тәртіпті сезіне аласыз. ## Басқа да фактілер Совет идеологиясы дінге қарсы болған болса да, кейбір эпизодтарда цензураны жіберіп қойған. Фильмде бас кейіпкердің әжесінің аузынан бірнеше рет «Алла» сөзі шығып, Мұхамед пайғамбардың есімі аталады. Бір диалогта ол тіпті немересіне «Қайдағы жоқ шатпағыңды тастап, «Бісміллә» деп айтшы» деп жалынады. Қожаның рөлін ойнаған Нұрлан Санжар (киноға түскен кезде – Нұрлан Сегізбаев)— қала баласы. Ол киноға түсу мектепке бармаудың жақсы сылтауы болғанын мойындайды. "Анама бірінші сыныптан бастап «оқығым келмейді» дейтінмін. Ол мені Ленин даңғылынан 33-мектепке дейін таяқпен қуып апаратын" дейді ол. Абдолла Қарсақбаевтың келіні Майра былай деп еске алады: Фильм Үшқоңыр, Талғар, Түргенде және Үлкен Алматы көлінің маңында түсірілген. Көпшілік көріністерінде Қаскелең қаласының Абай атындағы мектебінің оқушылары түскен. "Лениншіл жас" газетінің 1964 жылдың 26 наурызындағы санында Абдолла Қарсақбаевтың фильмнің қалай түсірілгені жайында мақаласы шықты. Онда ол былай деп есіне алады: "Балалардың мұқтаждықтарын ескеріп отырдық. Әр 15 минут сайын үзіліс жасап, балаларды демалдырып, ойнатып отырдық. Мен де олармен қосылып ойын ойнайтын едім". Бір қызығы, Абдолла Қарсақбаев алғаш рет фильмге музыка жазуға опера және театр балетінің дирижері, 12-ші мектеп-интернатта бірге оқыған досы Нұрғиса Тілендиевті шақырды. Ол фильмнің музыкасын, соның ішінде кейін халық арасына кеңінен тараған "Саржайлау" өлеңін жазды. 2008 жылы режиссер Еркін Рақышевтің бастамасымен "Менің де атым Қожа" фильмі түсірілді. Рөлдерде: Қалықұлов Жанұзақ, Тоғызова Жеңіскүл, Рысханым Аухадиева, Ұлтуар Мырзалиева, Жұмабек Сыдықов, Меруерт Қасымбек, Медет Рысбек, Арайлым Шакерова. ## Рөлдерде * Нұрлан Сегізбаев — Қожа Қадыров * Гүлнар Құрабаева — Жанар * Бикен Римова — Миллат * Марат Көкенов — Сұлтан * Е. Құрмашев — Жантас * Юсуф Шамузов — Дәулет * Кененбай Қожабеков — Рахманов, мұғалім * Қалкен Әділшінов — Ахметов, мектеп директоры * Зағи Құрманбаева — Қожаның әжесі * Раиса Мұхамедиярова — Хадиша Майқанова, Қожаның сынып жетекшісі * Мәкіл Құланбаев — Қаратай * Бәйділда Қалтаев — Сайбек * Ахат Толыбаев — Жұмағұл, қойшы * Әтейбек Жолымбетов — эпизод * Рахметолда Сәлменов — колхозшы * К. Жүнісова — эпизод * Н. Дәулетқалиева — эпизод * Б. Өткелов — эпизод * Т. Тұрсынмұратов — эпизод * Б. Әділшінов — эпизод ## Ескерткіш 2022 жылдың 1 маусымында Астана қаласында «Менің атым Қожа» фильмінің басты кейіпкеріне арналған ескерткіш ашылды. Ескерткіш фильмдегі бас кейіпкердің айна алдында жасырын кездесу өткізетін эпизодты бейнелеген. Ескерткіш қоладан, ал тұғыр граниттен жасалған. Ескерткіштің биіктігі – 183 см. Композиция авторы – мүсінші Азамат Талапхан, идеясы авторы – Мұрат Қожамқұлов. ## Дереккөздер
Мариновка ауылдық округi — Ақмола облысы Атбасар ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Адыр, Бейіс хазірет, Мариновка ауылдары кіреді. Орталығы - Мариновка ауылы. ## Тарихы 2000 жылы Новоалександровка ауылдық округінен Адыр ауылдық округі бөлініп шықты. 2009 жылы Мариновка ауылдық округінің құрамына таратылған Адыр ауылдық округінің Адыр станциясы енді. ## Дереккөздер
Бастау ауылдық округi — Ақмола облысы Атбасар ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы - Бастау ауылы. ## Тарихы 2000 жылы Новоалександровка ауылдық округінен Адыр ауылдық округі бөлініп шықты. 2016 жылы Новоалександровка ауылдық округі Бастау ауылдық округі болып өзгертілді. ## Дереккөздер
Ақан Құрманов ауылдық округi — Ақмола облысы Атбасар ауданындағы әкімшілік бірлік. 2015 жылға дейін Октябрь ауылдық округі деп аталған. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ақан Құрманов, Қаракөл, Қосбармақ ауылдары кіреді. Орталығы - Ақан Құрманов ауылы. Округ құрамында болған Николаевка ауылы 2009 жылы таратылған. ## Дереккөздер
* Ярослав ауылдық округі — Ақмола облысы Атбасар ауданындағы әкімшілік бірлік.
Камышенка ауылдық округі — Ақмола облысы Астрахан ауданында болған әкімшілік бірлік. 2009 жылы таратылып, Первомай ауылдық округіне қосылды. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Камышенка ауылы кірді. Орталығы – Камышенка ауылы болды. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 908 адамды құрады. ## Дереккөздер
"Қайрат" — Динамо (Киев) — 1986 жылғы Футболдан КСРО чемпионатының 1986 жылғы маусымындағы 22-тур матчы. 3 қыркүйек күні Алматыдағы Орталық стадионда өтті. "Қайрат" футболшылары 2:1 есебімен жеңіске жетті. ## Матч Матчың фавориті "Динамо" болды. Себебі, құрамында содан үш ай бұрын ғана Мексикада өткен әлем чемпионатында жарқыраған футболшылар жеткілікті еді: Демьяненко, Рац, Яковенко, Блохин, Беланов, Михайличенко, Баль және жаттықтырушысы Лобановский. Сондай-ақ бұл футболшылар сол жылы Кубок иелері кубогында топ жарған-ды. Оның үстіне "Динамо" турнир кестесінде "Қайраттан" анағұрлым жоғары тұрған болатын. "Қайрат" өзінің кәдуілгі оптималды құрамымен алаңға шықты. Ойын алаң иелерінің күтпеген шабуылымен басталды. Пехлеваниди мен Волгин өзара пас алмасып, киевтіктердің айып алаңына жетіп келді. Нәтижесінде Пехлеваниди әлі де бой қыздырып жүрген Чанов қорғаған қақпаны дәл көздеп, есеп ашты. Бұл — 10-шы секунд болатын. Динамолықтар өз-өзіне келем дегенше қайраттықтар бірнеше рет қорғанысты бұзып өтті. Жылдам гол есеңгіретіп тастаған қонақтар бірінші таймда оншалықты ойнай алмады. 20-минутта алғашқы голдың соавторы атанған Волгин Салимовқа пас тастады. Салимовты Горилый шалып құлатты да, төреші пенальти белгіледі. Яровенко есепті еселеді — 2:0. Динамолықтар тек бірінші таймның соңғы минуттарында ғана есеп айырмасын қысқартты. Олег Кузнецовтың айып добынан соққан голы матчтағы соңғы гол еді. Екінші таймда Лобановский алаңға Белановты шығарғанымен, есеп өзгермеді. Бұл күні киевтіктер аздап басымдау болғанымен өз мүмкіндіктерін толық ашып көрсете алмады. Керісінше алматылықтар бірнеше рет қауіпті шабуыл жасады, бірақ пайдалана алған жоқ. Екінші тайм осылайша алма-кезек шабуылдармен өтті. Матч соңына қарай қонақтардың жүйкесі сыр бере бастады. 82, 87 минуттарда Горилый екі рет тәртіп бұзды, екеуінде де сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Ал, "Қайрат" футболшылары өздерінің тарихындағы ең жақсы матчтарының бірін өткізді. ## Протокол ## Матчтан кейінгі турнир кестесі ## Фактілер * Пехлеванидидің 10-секундта соққан голы КСРО чемпионаты тарихындағы ең жылдам гол боп тарихта қалды. * Олег Кузнецов "Динамо" клубының КСРО чемпионаттарындағы 2100-ші голын соқты. ## Сілтемелер * "Қайрат" Алматы - "Динамо" Киев, 1987(қолжетпейтін сілтеме) * Александр Костенконың естелігі(қолжетпейтін сілтеме) * Ойынның протоколы
Фотерингей қамалы (ағылш. Fotheringhay Castle) — Англиядағы Нортгемптоншир облысындағы Андл қаласынан солтүстікке қарай 6 шақырым жерде орналасқан қамал. Бұл қамалда 1452 жылы король Ричард III туған болатын. ## Тарихы Мотт және бейли жүйесімен салынған нормандық сарай алғаш рет өзеннің солтүстік жағалауында Нан Симон де Санлис Нортгемптон графы шамамен 1100 жылы тұрғызды. Қамалдың ішкі ауласы дуал мен шұңқырлармен қорғалған. 1212 жылға дейін қамал Хантингдон графы Дәуітке тиесілі болды, бірақ сосын король Иоаннмен тәркіленген болатын. XIII ғасырдың бас кезінде сарайдың иегері Уильям Маршал, 1-й Пембрук графы болды. Ақырында оның иелігі Честер графы Ранульфке берілді. Келесі Честер графы Шотландиялық Джоан қайтыс болғаннан кейін, қамалды Генрих ІІІ-нің анасы иемденіп алынды. Генрих ІІІ уақыт өте ұлы ханзада Эдуардқа берді. Екінші барондық соғыс кезінде Фотерингей және Честер қамалы Дерби графы Роберт Феррерске берілген болатын. Ол 1264-тен 1265-ке дейінгі аралықта бұл қамалдардың билеушісі болды. ## Шотландия патшайымы Марияның соты мен өлім жазасы Мария өзінің 18 жылдық қамауын Шеффилд қамалында өткізіп, өмірінің соңғы күндерін опасыздығы үшін айыпталған жерде Фотерингей қамалында күзетшілердің қарауында болды. Марияға үкімді жазаның қарсаңында оқыды және соңғы түні сарайдың шіркеуінде дұға оқыды. Оны үлкен залда 1587 жылдың 8 ақпанында өлім жазасына кесті. ## Жаңа уақыт Маңыздылығы мен көлеміне қарамастан елизаветалық дәуірдің екінші жартысында құлдырай бастады. 1627 жылы көп кешікпей ағылшын тағына Марияның немересі Карл I Стюарт келген соң Фотерингей қирап, төңірегі тазартылды. ## Қазіргі уақытта Бүгінде қамалды қайтадан қалпына келтіру жоспарлануда, өйткені бұл «ұлттық мағыналы» объект болып есептеледі. Қазір қамалдың орнында жер жұмыстары мен фундаменттың қалдықтарынан басқа түкте жоқ. Фотерингей келушілерге күндізгі уақытта ашық. Осы жерден Нан өзенінің аңғары әдемі көрінеді. ## Өнерде ескертілу * Британдық топтың (Fairport Convention) өлеңінде («Fotheringay»). What We Did On Our Holidays (1969) альбомның құрамына кіреді. * Fairport Conventionнен кеткен соң Сэнди Деннидің құрған Fotheringay тобында.
Құрманбаева Зағи (1.6. 1903, Қарасай ауданы - 14.7.1975, Алматы қаласы) — актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1945). Өнер жолын көркемөнерпаздар үйірмесінен бастады. 1932 ж. Қазақ драма театрының (Алматы) құрамына қабылданды. Осы театр сахнасында алғашқы ойнаған рөлі — І. Жансүгіровтің "Кегіндегі" Үндемес. Ол — қазақ сахнасында негізінен аналар бейнесінің галереясын жасаған, өткір мінезді, тұрмыстық жанрдағы актер. Негізгі рөлдері: * Ділда, Аналық, Зере (М.Әуезовтің "Түнгі сарыны", "Қара қыпшақ Қобыланды" және "Абайында" (соңғысы инсценировка бойынша), * Дәмелі, Күнікей (Ғ.Мүсіреповтің "Ақан сері— Ақтоқтысы" мен "Қозы Көрпеш-Баян сұлуында"), * Рабиға (Ә.Әбішевтің "Бір семьясында"), т.б. 1957 жылдан киноға түскен. Қазақ драма театрында 1959 жылға дейін қызмет етті. ## Дереккөздер
Шұңқыркөл ауылдық округі — Ақмола облысы Атбасар ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Новомариновка, Сочинское ауылдары кіреді. Орталығы - Сочинское ауылы. ## Тарихы 2000 жылы Шұңқыркөл ауылдық округінен Новомаринов, Сочи ауылдық округінен Сепе ауылдық округтері бөлініп шықты. Сол жылы Сочи ауылдық округінің Тереңсай, Көкпекті ауылдары, 2005 жылы Шұңқыркөл ауылдық округінің Қайрақты ауылы таратылды. 2009 жылы округ құрамына таратылған Новомаринов ауылдық округінің Новомариновка ауылы еніп, ауылдық округтің жаңа орталығы болып белгіленді. 2016 жылы Шұңқыркөл ауылы таратылды. 2019 жылы Шұңқыркөл ауылдық округінің құрамына Сочинское ауылы енгізіліп, ауылдық округтің жаңа орталығы болып белгіленді. ## Дереккөздер
Покров ауылдық округі — Ақмола облысы Атбасар ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Покровка, Садовое ауылы кіреді. Орталығы - Покровка ауылы. ## Тарихы 2000 жылы Покров ауылдық округінен Полтавка, Борисов ауылдық округінен Садовый ауылдық округі бөлініп шықты. 2005 жылы Садовый ауылдық округінің құрамында болған Пригородное, Смирновка ауылдары таратылды. 2009 жылы округ құрамына таратылған Садовый ауылдық округінің Садовое ауылы енді. ## Дереккөздер
Новосельское ауылдық әкімдігі — Ақмола облысы Атбасар ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы - Новосельское ауылы. ## Тарихы 2005 жылы округ құрамында болған Людмиловка ауылы, 2009 жылы Пролетарка ауылы таратылды. 2013 жылы Новосел ауылдық округі ауылдық әкімдік болып қайта құрылды. ## Дереккөздер
Полтава ауылдық округі — Ақмола облысы Атбасар ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Полтавка, Титовка ауылы кіреді. Орталығы - Полтавка ауылы. ## Тарихы 2000 жылы Покров ауылдық округінен бөлініп шықты. ## Дереккөздер
Сепе ауылдық округі — Ақмола облысы Атбасар ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Есенкелді, Сепе ауылдары кіреді. Орталығы - Сепе ауылы. ## Тарихы 2000 жылы Сочи ауылдық округінен Сепе ауылдық округі бөлініп шықты. Сол жылы Южный ауылдық округінің Ақсу, Күбігүл, Ладыженское АҚП ауылдары таратылды. 2001 жылы Южный ауылдық округі Тілекей, кейін 2003 жылы Есенкелді ауылдық округі болып өзгертілді. 2013 жылы Сепе және Есенкелді ауылдық округтері ауылдық әкімдік болып қайта құрылды. 2019 жылы Сепе және Есенкелді ауылдарынан Сепе ауылдық округі құрылып, орталығы болып Сепе ауылы белгіленді. ## Дереккөздер
Межит Диқанбаев (1910-1983) — Мұхтар Әуезовтың жиені, немере ағасы Самарханның Зура деген қызының баласы. Жас кезінен бастап Әуез ауылында өскен. Өнерге, білімге құштар, зиялы да іскер адам болған. Ол Абай мен Әуез ауылы тәркіге түсіп, жер аударылып, аштыққа ұшырап, ажал тырнағына ілінгенде көп қайрат көрсетіп, қол ұшын берген. Әсіресе, нағашысы Әуез ұрпақтарына ерекше жәрдемдескен. Межиттің қамқорлығының нәтижесінде Разақтың үй іші азып-тозып кетуден аман қапды. Мұғамила Әуезова: «Разақ ағаның қарындасынан туған Межит Диханбаев ағамыз қатынасып жүретін. Көпшілік туыстар оның атын атамай Жиен дейтін. Кейін ол да сотталып, «жазасын» өтеп қайтты. Оның сондағы бар кінәсі — бір жиында отырып шырқаған әні сол кездегі жүйеге қарсы бағытталған деп танылып, соған бола айдауға жүріп кетеді. Ауыл-елде кәмпеске басталып, дүние алма-кезек ауысып жатқанда ауылдағы туыстар бала-шағаларын сол уақыттың өзінде қаладағы ағайындарына паналатуға жіберіп жататын. Межит ағамыз сондай келістердің бірінде Разақ ағатайымның балаларын жетектеп әкелді» деп жазады. Межиттің мұндай жақсылығы туралы Г. Омарханова, В.Н. Әуезова, Ұ. Әзиев өз естелігінде ерекше ілтипатпен атап өтеді. Мұғамила Мұхтарқызына да сондай қамқорлық жасаған. Бердіқожадан бергі Мұхтардың ата шежіресін хатқа түсіріп, нақты дәлелмен жүйелеп жазған «Мен білетін өмірбаян» атты қолжазбасының түпнұсқасы «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының қолжазба қорында сақтаулы. Оның қысқартылған нұсқасы «Әуезов туралы естеліктер» (1997) атты жинақта жарияланды. Бұл Әуезовтің туған ортасы туралы барынша анық та қанық бағалы дерек кезінің бірі болып табылады. Өкінішке орай, қолжазба аяқталмай қалған. ## Дереккөздер
Тельман ауылдық округі — Ақмола облысы Атбасар ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Поповка, Тельман ауылдары кіреді. Орталығы - Тельман ауылы. ## Тарихы 2005 жылы Қаражар ауылдық кругі құрамында болған Үлкен Мойнақ ауылы таратылды. 2009 жылы Тельман ауылдық округінің құрамына таратылған Қаражар ауылдық округінің Қаражар ауылы енді. 2013 жылы №87-темір жол айрығы, 2016 жылы Қаражар, Сәдубек ауылдары таратылды. ## Дереккөздер
Делгати қамалы (ағылш. Delgatie Castle) — Шотландияның Абердиншир облысындағы Таррифф қаласына жақын жерде орналасқан шотландық қамал. Бекініс Хэй кланының тұрақты, атадан балаға беріліп келетін жер. Делгати — қамалдың орнында болған кішігірім қорған 1030 жылдан бері әйгілі. Қазіргі уақытқа дейін жеткен қамалдың бөліктері 1570 және 1579 жылдар аралығында салынған. Қосымша кеңейтулер мен шіркеулер 1743 жылы жасалды. Қамал келушілерге жыл бойы ашық, тек рождестволық мейрамдардан басқа. Ашылу уақыты 10.00 — 17.00. ## Тағы қараңыз * Шотландия қамалдарының тізімі ## Сілтеме * Welcome to Delgatie Castle: A 4 Star Visitor Attraction. Мұрағатталған 5 тамыздың 2017 жылы. www.delgatiecastle.com. 2017 жылы 20 шілдеде тексерілді.
Менің атым Қожа: * Менің атым Қожа — Бердібек Соқпақбаевтың 1957 жылы жазған балаларға арналған повесі. * Менің атым Қожа — Повесть бойынша 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы түсірген балалар фильмі. ## Тағы қараңыз * Менің де атым Қожа
Новосел ауылдық округі — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Новосёловка, Мұқыр, Привольное ауылдары кіреді. Орталығы – Новосёловка ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2241 адамды құрады. ## Дереккөздер
Первомай ауылдық округі — Ақмола облысы Астрахан ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Камышенка, Лозовое, Первомайка ауылдары кіреді. Орталығы – Первомайка ауылы. ## Тарихы 2009 жылы округ құрамына таратылған Камышенка ауылдық округінің Камышенка ауылы енді. ## Дереккөздер
Урюпин ауылдық округі — Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Амангелді, Малоалександровка, Мереке, Талқара, Урюпинка ауылдары кіреді. Орталығы - Урюпинка ауылы. Округ құрамында болған Бегачевка ауылы 2001 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Наумов ауылдық округі — Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Кемеркөл, Наумовка, Өрнек ауылдары кіреді. Орталығы - Наумовка ауылы. Округ құрамында болған Филипповка ауылы 2013 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Азат ауылдық әкімдігі — Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы - Азат ауылы. ## Дереккөздер
Борисовка ауылдық әкімдігі — Ақмола облысы Атбасар ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы - Борисовка ауылы. ## Тарихы 2000 жылы Борисов ауылдық округінен Садовый ауылдық округі бөлініп шықты. 2013 жылы Борисовка ауылдық округі ауылдық әкімдік болып қайта құрылды. ## Дереккөздер
Еңбек ауылдық округі — Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Еңбек, Рамадан, Табиғат ауылдары кіреді. Орталығы - Еңбек ауылы. ## Тарихы Округ құрамында болған Еңбек ауылы және №32 темір жол айрығы 2001 жылы таратылды. 2005 жылы Трудовой ауылдық округі Еңбек ауылдық округі болып өзгертілді. ## Дереккөздер
Ақкөл қалалық әкімдігі — Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ақкөл орман шаруашылығы, Ерназар, Радовка ауылдары кіреді. Орталығы - Ақкөл қаласы. ## Дереккөздер
* Кеңес ауылдық округі – Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы әкімшілік бірлік. * Кеңес ауылдық округі – Жамбыл облысы Меркі ауданындағы әкімшілік бірлік. * Кеңес ауылдық округі – Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы әкімшілік бірлік. * Кеңес ауылдық округі – Жамбыл облысы Талас ауданындағы әкімшілік бірлік. * Кеңес ауылдық округі – Павлодар облысы Павлодар ауданындағы әкімшілік бірлік.
№87-темір жол айрығы — Ақмола облысы Атбасар ауданы, Тельман ауылдық округі құрамындағы болған темір жол айрығы, 2013 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Атбасар қаласының шығысында 12 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жалғызқарағай ауылдық округі — Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы әкімшілік бірлік. 2007 жылға дейін Приозёрный ауылдық округі деп аталды. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Жалғызқарағай, Қайнар, Тастыадыр ауылдары кіреді. Орталығы - Жалғызқарағай ауылы. ## Дереккөздер
Кеңес ауылдық округі — Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Айдарлы, Домбыралы, Кеңес, Кіші Барап ауылдары кіреді. Орталығы - Кеңес ауылы. ## Дереккөздер
Макеев ауылдық округі — Ақмола облысы Атбасар ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Макеевка, Шуйское ауылдары кіреді. Орталығы – Шуйское ауылы. Округ құрамында болған Третьяковка ауылы 2019 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Қарасай ауылдық округі — Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Қарасай, Қына, Сазды бұлақ ауылдары кіреді. Орталығы - Қына ауылы. ## Тарихы Минск ауылдық округінің құрамында болған Көмей, Әжібай және Искра ауылдық округінің құрамында болған Подстанция ауылдары 2001 жылы таратылды. 2009 жылы Минск ауылдық округі Хлебоприёмное, Сілеті ауылдарымен бірге таратылып, орталығы болған Минское (Сазды бұлақ) ауылы Искра (Қарасай) ауылдық округіне берілді. 2009 жылы Искра ауылдық округі Қарасай ауылдық округі болып өзгертілді. ## Дереккөздер
Новорыбин ауылдық округі — Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Қараөзек, Құрылыс, Новорыбинка ауылдары кіреді. Орталығы - Новорыбинка ауылы. ## Дереккөздер
Сергеев ауылдық округi — Ақмола облысы Атбасар ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ащыкөл, Самарка, Сергеевка ауылдары кіреді. Орталығы - Сергеевка ауылы. Округ құрамында болған Ерікті ауылы 2000 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Атамекен ауылдық округі (2008 жылға дейін – Климовка ауылдық округі) — Ақмола облысы Бурабай ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Атамекен, Жаңажол, Жарқайың, Жасыл, Қаражар, Шиелі ауылдары кіреді. Орталығы - Атамекен ауылы. ## Дереккөздер
Абылайхан ауылдық округі — Ақмола облысы Бурабай ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ақылбай, Қарабауыр, Қызылағаш, Озёрное ауылдары кіреді. Орталығы - Қызылағаш ауылы. Округ құрамында болған Мезгілсор ауылы 2011 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Стерлинг қамалы (ағылш. Stirling Castle) — Шотландияның Стерлинг облысындағы Стерлинг қаласында, Сарай дөңінің шыңында орналасқан орта ғасырлық шотландық қамал. Стерлинг қамалы тарихи жағынан да, архитектура жағынан да Шотландиядағы ең ірі және ең маңызды қамалдарының бірі. Қамал Рождество мен Сыйлықтар күнінен басқа күндері ашық. Қамал үш жағынан қорғаныс жағдайын жасайтын тік жартастармен қоршалған. Қамалдың негізгі ғимараттарының көпшілігі XV және XVI ғасырларда салынған. XIV ғасырдың бірнеше ғимараттары ғана сақталған, ал сыртқы бекінісі XVIII ғасырға жатады. Стерлинг қамалында шотландияның бірнеше королдері мен королевалары сайланған, 1543 жылы Мария Стюартта осында сайланды. Бекініс Шотландияның тәуелсіздігі үшін соғысты қосқанда аз дегенде 8 рет қоршауда болды. Соңғы рет қамалды 1746 жылы ханзада Чарлз басып алмақшы болды. ## Тағы қараңыз * Шотландия қамалдарының тізімі
* Қарасай ауылдық округі – Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы әкімшілік бірлік. * Қарасай ауылдық округі – Жамбыл облысы Қордай ауданындағы әкімшілік бірлік.
Кенесары ауылдық округі — Ақмола облысы Бурабай ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Баянбай, Брусиловка, Кенесары ауылдары кіреді. Орталығы - Кенесары ауылы. Округ құрамында болған №17, №19 темір жол айрықтары 2013 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Қатаркөл ауылдық округі — Ақмола облысы Бурабай ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Вишнёвое, Ключевое, Қатаркөл, Сосновка ауылдары кіреді. Орталығы – Қатаркөл ауылы. ## Дереккөздер
Ақшатау болысы (1878 жылдың 1 қаңтарына дейін Керней болысы) — Семей облысы Қарқаралы уезіндегі қазақ болысы. ## Тарихы 1869 жылы Кәрсөн-Керней болысының Керней және Кәрсөн болыстары деп екіге бөлу кезінде пайда болды.. 1923 жылдың қазан айында ЦИК КазАССРының 1923 жылдың 5 шілдесіндегі қаулысы бойынша Нұра, Тоқырауын, Шұлым болыстарымен Кедей болысына біріктірілді. ## Халқы Керней руы — Қазақ халқының Орта жүзінің Арғын тайпасының Қаракесек бұтағынан тарайтын ру. Қаракесек — Ақша — Бошан — Машай — Бораншы — Тілеулі — Керней. Кернейден 4 ата тарйды: Балапан, Шаң, Дау (Балта, Түйте), Самырза. Халқы Қаракесек руына кіретін Керней руынан құралды. 1884 жылдағы Керней бөлімшелерілері бойынша киіз үй саны: * Шаң 350 * Балапан 226 * Балта 300 * Түйте 350 * Барлығы 1226 ## Шежіресі ## Территория Территориясы Қарқаралы уезінің оңтүстігінде, ал қазіргі Шет ауданының оңтүстінде орналасқан. ## Әкімшілік бөлінісі 8 Әкімшілік ауылдарға бөлінді: ## Құрылтай * 2005 жылы тамыз айында Шет ауданы Ақжал кентінде 170 киіз үй тігілген құрылтай өтті. Ақжал кенті маңында Алматы-Екатеринбург жолының бойында Кернейге ескерткіш белгі қойылды. * 2015 жылы 8 тамыз айында Шет ауданы Ақжал кентінде құрылтай өтті. * 2025 жылы тамыз айының басына Шет ауданы Ақжал кентінде құрылтай жоспарлануда. ## Қоғамдық қайырымдылық қоры «Көкбөрі Керней баба» қоғамдық қайырымдылық қоры 05.11.2003 жылы құрылған. Басшысы Төрехан Майбас ## Өлең Көкбөрі Керней бабаСөзі мен әнін жазған: Оралтай Сүлейменов ## Тұлғалар ## Дереккөздер ## Әдебиет * Керней шежіресі, Төрехан Майбас, Қарағанды, Болашақ-Баспа 2005, 360 б., Тираж 1000, ISBN 9965-528-85-3 * Қазкен Қалиұлы Томпиевтің «Еуразиялық түркі шежіре аңыздары». — Алматы, 2012 * https://ru.calameo.com/books/001798844f0c0d4bd34c5 ## Сыртқы сілтемелер * http://baq.kz/regional_media/post/463 * http://alashainasy.kz/shezhire/bes-meyram-emes-bes-boshan-60642/ * http://www.abai.kz/post/view?id=2479 * http://inovainvest.ru/delenie-argynov-311.html Мұрағатталған 24 наурыздың 2020 жылы. * http://news.ivest.kz/47226466-pohod-na-turkestan * https://qamba.info/site/book/online/rta-zhuz-rw-taipalary-twraly-angyzdar/content/content_1.xhtml/ Мұрағатталған 13 тамыздың 2018 жылы.
Ақшатау болысы (1878 жылдың 1 қаңтарына дейін Керней болысы) — Семей облысы Қарқаралы уезіндегі қазақ болысы. ## Тарихы 1869 жылы Кәрсөн-Керней болысының Керней және Кәрсөн болыстары деп екіге бөлу кезінде пайда болды.. 1923 жылдың қазан айында ЦИК КазАССРының 1923 жылдың 5 шілдесіндегі қаулысы бойынша Нұра, Тоқырауын, Шұлым болыстарымен Кедей болысына біріктірілді. ## Халқы Керней руы — Қазақ халқының Орта жүзінің Арғын тайпасының Қаракесек бұтағынан тарайтын ру. Қаракесек — Ақша — Бошан — Машай — Бораншы — Тілеулі — Керней. Кернейден 4 ата тарйды: Балапан, Шаң, Дау (Балта, Түйте), Самырза. Халқы Қаракесек руына кіретін Керней руынан құралды. 1884 жылдағы Керней бөлімшелерілері бойынша киіз үй саны: * Шаң 350 * Балапан 226 * Балта 300 * Түйте 350 * Барлығы 1226 ## Шежіресі ## Территория Территориясы Қарқаралы уезінің оңтүстігінде, ал қазіргі Шет ауданының оңтүстінде орналасқан. ## Әкімшілік бөлінісі 8 Әкімшілік ауылдарға бөлінді: ## Құрылтай * 2005 жылы тамыз айында Шет ауданы Ақжал кентінде 170 киіз үй тігілген құрылтай өтті. Ақжал кенті маңында Алматы-Екатеринбург жолының бойында Кернейге ескерткіш белгі қойылды. * 2015 жылы 8 тамыз айында Шет ауданы Ақжал кентінде құрылтай өтті. * 2025 жылы тамыз айының басына Шет ауданы Ақжал кентінде құрылтай жоспарлануда. ## Қоғамдық қайырымдылық қоры «Көкбөрі Керней баба» қоғамдық қайырымдылық қоры 05.11.2003 жылы құрылған. Басшысы Төрехан Майбас ## Өлең Көкбөрі Керней бабаСөзі мен әнін жазған: Оралтай Сүлейменов ## Тұлғалар ## Дереккөздер ## Әдебиет * Керней шежіресі, Төрехан Майбас, Қарағанды, Болашақ-Баспа 2005, 360 б., Тираж 1000, ISBN 9965-528-85-3 * Қазкен Қалиұлы Томпиевтің «Еуразиялық түркі шежіре аңыздары». — Алматы, 2012 * https://ru.calameo.com/books/001798844f0c0d4bd34c5 ## Сыртқы сілтемелер * http://baq.kz/regional_media/post/463 * http://alashainasy.kz/shezhire/bes-meyram-emes-bes-boshan-60642/ * http://www.abai.kz/post/view?id=2479 * http://inovainvest.ru/delenie-argynov-311.html Мұрағатталған 24 наурыздың 2020 жылы. * http://news.ivest.kz/47226466-pohod-na-turkestan * https://qamba.info/site/book/online/rta-zhuz-rw-taipalary-twraly-angyzdar/content/content_1.xhtml/ Мұрағатталған 13 тамыздың 2018 жылы.
Златополье ауылдық округі — Ақмола облысы Бурабай ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Златополье, Лесной Хутор, Новоандреевка, Обалы, Савинка, Сотниковка, Түлкілі ауылдары кіреді. Орталығы – Златополье ауылы. ## Дереккөздер